Бұлттық есептеудің қауіпсіздігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:   

10

11

12

13

Аңдатпа

Бұл дипломдық жобада «Trust company» ЖШС үшін бұлттық технологияны

қолданып корпоративтік желі құру қарастырылады. Жобаның басты мақсаты -

қолданушыға жылдам қызмет көрсетілетін және ең минималды күш -жігермен

басқарылып, провайдермен қажетті әрекеттесетін, әр жердегі желілік қол

жетімділікті көрсету моделін ұйымдастыру.

Бұлттық есептеу жүйесін ұйымдастыру барысында қажетті бағдарламаларды

таңдап, баптамаларын тиімді етіп орнату қарастырылады.

Жобада техника - экономикалық есептеулер жүргізіледі, оның ішінде бизнес

жоспар құрылып, оны жүзеге асыру барысында кететін шығындар мен тіршілік

қауіпсіздігі мәселелері қарастырылады.

Аннотация

В данном дипломном проекте рассматривается разработка корпоративной сети

с применением облачной технологии для ТОО «Trust company». Цель данного

проекта - организация модели сетевой доступности, управляющиеся с

минимальным усилием, и работающая с провайдером.

При организации облачного вычисления выбрана необходимая программа, а

так же рассмотрены эффективные установления настроек.

В проекте рассмотрены вопросы экономического вычисления, в частности

составление бизнес планов, затраты в процессе реализации данного проекта, и

затрагиваются вопросы безопасности жизнедеятельности и охраны труда.

Annotation

In this thesis project will be considered the development of the corporate network

using cloud technology for LLP «Trust company». The purpose of this project - to

organize availability model of network, which managed with minimal effort, and

working with the provider.

When organizing cloud computing selected program, as well as consider establishing

effective settings.

The project addressed issues of economic calculation, in particular drawing up

business plans, the costs in the course of this project, and addresses the issues of life

safety and health.

14

Мазмұны

Кіріспе . . . 8

1

«Бұлт» компьютер индустриясының жаңа бағыты . . . 10

1. 1 «Бұлт» (cloud) терминінің шығу тарихы Ошибка! Закладка не определена. 10

1. 2 Cloud computing . . . Ошибка! Закладка не определена. 1

1. 3 «Бұлттық есептеулердің» артықшылықтары Ошибка! Закладка не определен

1. 4 «Бұлттық есептеулердің» кемшіліктері Ошибка! Закладка не определена. 6

1. 5 Бұлттарды классификациялаудың түрлері Ошибка! Закладка не определена.

1. 6 «Бұлттар» мақсатына қарай жіктелуіОшибка! Закладка не определена. 8

1. 7 Бұлттық есептеулердің тұтынушыларға қызмет көрсету моделі Ошибка! Закл

1. 8 Бұлттық технологияның қауіпсіздігі Ошибка! Закладка не определена. 23

2 Желіні жүзеге асыру . . . 26

2. 1 «Trust company» ЖШС жайлы жалпы сипаттама Ошибка! Закладка не опред

2. 2 Graphical Network Simulator симуляторының сипаттамасы Ошибка! Закладка

2. 3 VMDC технологиялық модулінің артықшылықтары . . . 30

2. 4 Иерархиялық желі жобасының эталондық моделі . . . 31

2. 5 Негізгі қабат (Core Layer) . . . 3 Ошибка! Закладка не определена.

2. 6 Агрегациялау (біріктіру) . . . 34

2. 7 Layer-дің қызметі . . . Ошибка! Закладка не определена. 5

2. 8 Модульдік блоктар . . . Ошибка! Закладка не определена. 35

2. 8. 1 Pod . . . 36

2. 8. 2 Integrated Compute Stack (ICS) . . . 38

2. 8. 3 Flexpod-NetApp компаниясымен біріккен шешім . . . 38

2. 8. 4 Vblock платформасының кескіні . . . 40

2. 9 Оркестрация қызметі . . . Ошибка! Закладка не определена. 46

3 VMDC жобалаудың талаптары . . . 48

3. 1 VMDC физикалық топологиясы . . . 48

3. 2 Cisco Nexus 1010 құрылғысы . . . 49

3. 3 VMDC 2. 1 Pod көмегімен резервтеуді есептеу . . . 51

3. 4 Икемді модель иесі . . . 52

3. 5 Әрбір Multicast жалға алушыға қолдау көрсету . . . 55

3. 6 IS-4U-SYS5 сервері . . . 58

3. 7 АdvantiX IS-3U-GEMINI екі процессорлы сервері . . . 59

3. 8 AdvantiX IPC-SFF шағын столдық жұмыстық станциясы . . . 60

4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 62

4. 1 Шу мендірілдің әсері . . . 62

4. 2 Жұмыс орнындағы шу көздері . . . 63

4. 3 Шу деңгейін төмендету есептемелері . . . 64

4. 4 Шу деңгейін есептеу . . . 66

5 Бизнес- жоспар . . . 71

5. 1 Жобаның мақсаты мен міндеттері . . . 71

5. 2 Бағдарламамен қамтамасыз етудегі еңбек сыйымдылығын есептеу . . . 72

5. 3 Бағдарламалық қамсыздандыру шығынының есебі . . . 74

15

5. 4 Бағдарлама өнімін сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар есебі . . . 79

5. 5 Ақпараттық жүйе енгізуден үнем мен табыс мөлшерінің есебі . . . 80

5. 6 Салыстырмалы экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу . . . 80

5. 7 Ақшалай құралдардың қозғалысы . . . 81

5. 8 Экономикалық тиімділікті есептеу . . . 82

5. 8. 1 Таза ағымдағы құндылықты есептеу (Nеt present value, NPV) . . . 82

5. 8. 2 Пайда индексін есептеу (Profitability index, PI) . . . 82

5. 8. 3 Табыстың ішкі нормасын есептеу (Internal rate of return, IRR) . . . 82

5. 8. 4 Өтімділік периодын есептеу (Payback period, PBP) . . . 83

Қорытынды . . . 84

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 85

А қосымшасы . . . 86

Б қосымшасы . . . 92

Кіріспе

Қазіргі заманғы IT-технологиялар елеулі бәсекелі артықшылықтар

жасауға қабілетті екендігі бүгінгі күні құпия емес. Оны қалай динамикалық

және икемді, ал ресурстарды басқаруға ыңғайлы ететіндей қарастыру қажет.

Бұл тұрғыда IT-технологиялардың қарқынды дамуы толастаған емес. Соның

ішінде ақпараттық технологиялар жүйелерінің дамуындағы бетбұрыстардың

аса елеулісі, бұл "бұлтты есептеулерге" ауысу болып табылады. Бұлтты

платформалардың ыңғайлығы мен икемділігімен қатар ақпараттық

технологияларды қызмет ретінде қолданудың артықшылықтары аталған

бағыттың соңғы жылдары дамуына айтарлықтай әсер етті, соған қарамастан,

оның даму мүмкіндіктері әлі сарқыла қойған жоқ.

Бұлттық есептеулер - IT болашағы жөнінде ойлануға итермелейтін және

оның жүйесін қызмет ретінде қабылдауға ықпал ететін, соңғы жылдары аса

қызу талқыланып жүрген тақырыптардың бірі. Бүгінгі күні кез келген

компанияның IT-инфрақұрылымының "бұлтқа" ауысуын дайындап, платформа

құру мүмкіндігін беретін виртуалдандыру үрдісін "бұлтты есептеулердің"

қарқынды дамып келе жатқан технологияларына жатқызуға болады. Көптеген

компаниялар өз мәлімет орталықтарын "жекелеген бұлттарға" айналдыра

отырып, осы технологияны қазірден қолданып жатқандығын атап өтуіміз

қажет. Мәселен, Gartner талдау компаниясының мәліметтері бойынша "2012

жылы Fortune 1000 тізіміндегі кәсіпорындардың 80 %-ы "бұлттық

16

есептеулердің" нақты бір қызметтерін қолданды. Басылым пікірінше,

тұрмысымызға электр желілері қалай енген болса, "бұлтты есептеулер" де

біздің өмірімізде бекем орын алмақ.

Елімізде бұлтты-сервистер пайда болып, оны электронды құжат

айналымы бағытында қолдана бастадық. Өткен жылдың жазынан бастап

«Қазақтелеком» АҚ Microsoft Hosted Exchange және Microsoft Hosted SharePoint

бұлтты сервистері қолжетімді болды. Сондай-ақ, MyCloud жобасының бірнеше

сервистері бар. Дата орталықтардың бірі ретінде «Қазақтелеком» АҚ мен

Hewlett -Packard компаниясының бірлескен жобасы болып саналатын ТМД -

дағы ірі инновациялық қызмет көрсететін мәліметтер өңдеу орталығын айта

аламыз. Мәліметтер өңдеу орталығы тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдаланудан

өтуде. Оның базасында хостинг қызметі, сондай-ақ бұлттық есептеу, бұлттық

жүйенің мәліметтерін сақтау, мәліметтерді өңдеу виртуалды резервтік

орталығы, бизнес үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, интерактивтік қары м-

қатынас жасау және ақпарат алмасу жүйесі, бұлттық серверлік платформа

тұжырымдамасы негізінде жасалынған сервистер ұсынылады.

Бұл дипломдық жұмыста бұлттық есептеулерді GNS3 желілік графикалық

симулятор көмегімен жүзеге асыруды қарастырамыз. Бұлттық есептеудің

негізгі мақсаты-қолданушыға жылдам көрсетілетін және ең минималды күш-

жігермен басқарылып, провайдермен қажетті әрекеттесетін,

конфигурацияланатын есептеу ресурстарының жалпы пулына (мысалға

серверлер, бағдарламалар, желілер, қауіпсіздік жүйесі және қамтамасыз ету

қызметі) ыңғайлы және әр жердегі желілік қол жетімділікті көрсету моделін

ұйымдастыру.

Осы негізде “Trust Company” ЖШС кәсіпорнының барлық

қызметкерлеріне негізгі орталықтандырылған мәлімет қорына ыңғайлы және

сенімді, қауіпсіздігі өте жоғары желілік орта қамтамасыз етіледі.

1 «Бұлт» компьютер индустриясының жаңа бағыты

1. 1 «Бұлт» (cloud) терминінің шығу тарихы

«Бұлт» (cloud) сөзі 1990 жылдары Интернет сөзінің баламасы ретінде

қолданылған. Ол кезде ғаламтор өзіне тән ерекше, ортақ қолданыста болмаған,

ішкі элементтеріне сәйкес өзі де құпия ұғым болатын. «ORGs for Scalable,

Robust, Privacy-Friendly Client Cloud Computing» мақаласында «бұлттық

есептеуге» келесідей анықтама берілген: «Бұл ерекше жағдай, ақпарат арқашан

Интернет желісінде сақталып, тек белгілі уақытқа ғана қолданушы тұсына

беріледі - мысалы, дербес компьютеріне, планшеттерге, ноутбуктарға, қалта

компьютерлеріне және тағы да басқа құрылғаларға». «Бұлттық есептеулер»

идеясын алғаш рет 1960 жылы, есептеу техникасының маманы, өзінің жасанды

17

интеллект теориясы бойынша әйгілі болған Джон Мак-Карти ұсынған болатын.

Ол болашақта есептеулер коммуналдық қызметпен ақылы түрде ұсынылатын

болатындығын болжап кеткен. 1993 жылы «бұлт» термині алғаш рет

коммерциялық мақсатта үлкен ірі желілерді сипаттау мақсатында қолданылды.

Ол өзіне жылдамдығы аса жоғары бір мезетте трафик арқылы қызметтің

барлық түрін (бейне, дауыс және мәліметтер) жібере алатын, желіде өзара

байланысқа түсетін каналдар жиынтығын білдіруші еді. Ол желілерде жіберуші

мен қабылдаушы арасында мәлеметтерді жіберуді жеңілдететін бір мезеттік

виртуалды байланыс пайда болды. Оны анығырақ 1. 1- суреттен көре аласыздар.

Сурет 1. 1 - «Бұлт» термині жайлы жалпы түсінік

XXI ғасырдың басында «бұлттық есептеулер» термині жаңадан шыққан

SaaS (бағдарламалық қамтама қызмет ретінде) бағытта келісімді түрде қолдана

бастады. Алғаш қолданушы ретінде Amazon интернет-дүкені көзге түсті.

Осылайша өзінің дата-орталықтарын Open Source-қа аудару жолымен сол

кездегі дотком дағдарысынан тез арада құтылды. Кәсіпорынның 90%

серверлері Red Hat Linux басқару жүйесінде Stronghold веб-сервер

бағдарламсымен және Apache-дің жинақы нұсқасымен жұмыс істесе, ал темірін

Intel мен HR чипсет негізіндегі серверлер моделімен ауыстырылды. 2002 жылы

Amazon-ның веб-сервері жарық көрді. Оны бес жыл өткен соң «бұлт» деп атап

кетті. Яғни, алыстатылған серверлерге кез-келген ғаламтор бар жерден браузер

көмегімен қол жеткізе алатын сервистер жиынтығы.

2007 жылы осыған ұқсас жобаға (Academic Cluster Computing Initiative)

сол кездің алып компаниялары Google, IBM және америкалық бірнеше

университеттер қатысуымен өтті. Олар үшін 1600 серверден тұратын және

18

оларға сәйкес оларды басқаруға оңай, әрі алыстан қол жеткізу мүмкіндігін

қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалық қамтамамен жабдықтады. Осыған

қоса «бұлт» атты жарысқа алып компаниялардың бірі - Yahoo кірісті. 2008

жылы «Google Docs » атты браузер арқылы офистік құжаттармен жұмыс істеуге

мүмкіндік беретін интертен-қызметімен компьютерлік индустрияның «бұлт»

бөліміне өз үлесін қосты.

1. 2 Cloud computing

Бұлттық есептеулерді (cloud computing) қарапайым сөзбен былай

түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір бағдарламаны іске

қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер интернеттегі шалғай

серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы

тұтынушының компьютерінде стандартты веб-браузердің терезесіне

шығарылып көрсетіледі.

Сloud computing-ді жүзеге асыратын серверлерді «есептегіш бұлттар» деп

атайды. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі бағдарламалармен

жұмыс істеудегі басты айырмашылығы - тұтынушы өз компьютерінің

ресурстарын емес, өзіне интернет-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты

серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы тұтынушы өз

дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, ал бірақ сол

дереккөздер орналасқан операциялық жүйеге, бағдарламалар базасына,

есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.

1. 2 - суретте көрсетілгендей бұл жүйе үлкен есептеулерді қатар жүргізіп,

әр түрлі құрылғыларға бір уақытта қызмет ете алады. Әрі қызмет көрсету үшін

қажетті құрылғыларды таңдаудың да әр түрлі нұсқалары бар.

Қолданушы мәліметтерін сақтау компанияға тәуелді болуы негізгі

кемшіліктерінің бірі болып табылады[1] .

19

Сурет 1. 2 - Cloud computing технологиясның жалпы кескіні

Бұлттық есептеулер негізгі 5 сипаттамаға ие болуы қажет:

1) талап бойынша өз өзіне қызмет көрсету;

2) кеңжолақты желілік ену;

3) ресурстар пулы;

4) кеңейту не қайта құру мүмкіндіктері жоғары;

5) өлшенген қызмет көрсету.

Бұлттық есептеудің негізгі сипаттамалары:

1) масштабтылығы;

2) икемділігі;

3) ресурстар;

4) өзіне өзі қызмет көрсету;

5) әртүрлі қолданушылардың тобы, түрлі ұйымдарға қызмет көрсету

үшін ресурстарды максималды пайдалану есебінде шығындарды азайту тәсілі.

20

1. 3 «Бұлттық есептеулердің» артықшылықтары

Бұлттық есептеулер алдағы 3 жылдықта даму деңгейінің шарқына жетеді

деген жорамалдар бар. Бұл жорамалдардың айтылатындай себептері бар. Сол

артықшыларды тізіп көрсетсек:

- Қолданушылар үшін қымбат емес компьютерлер. Қолданушыларға

веб-интерфейс бағдарламаларын қолдану үшін жады үлкен көлемді және

дискті қымбат компьютерларды алу қажет болмайды. Сонымен қатар, бүкіл

информация және бағдарламалар «бұлтта» қалатындықтан СD және DVD-

лердің қажеттілігі жоқ. Қолданушылар дағдылы үлкен компьютерлар мен

ноутбуктерден шағын әрі ыңғайлы нетбуктарға көше алады.

- Қолданушылар компьютерларының өнімділігі ұлғайған. Бағдарлама

мен қызметтердің көпшілігі алыстатылған желі Интернетте болғандықтан,

қолданушылар компьютері тезірек қосылып, жылдам жұмыс атқарады. Бұған

келтіретін мысалдардың бірі антивирустық шешім Panda Cloud Antivirus-ты

айтып өтсек болады. Бұл бағдарлама алыстатылған қуатты серверлерде

вирустарды сканерлеп, сол арқылы қолданушы компьютеріне түсетін

ауыртпалықты 2 есе төмендетеді.

1. 3-суреттен аталып көрсетілетін

артықшылықтарды көре аласыздар.

Сурет 1. 3 - Бұлттық технологияның артықшылықтары

21

- Шығынның азаюы мен IT инфраструктураның тиімділігінің артуы.

Орташа компаниялардың дағдылы серверлері 10-15%-ға артық мөлшерде

қуатты қажет етеді. Белгілі бір уақыт аралығында қосымша есептеуші

ресурстарға мұқтаждық бар, ал басқаларда бұл қымбат тұратын ресурстар

тұрып қалып жатады. «Бұлтта» есептеуіш ресурстардың (мысалы, Amazon EC2)

қажетті санын қолданып, компания өзінің құрылғылар мен қызметке кететін

шығынын 50 %-ға дейін азайта алды. Әрдайым өзгеріп отыратын экономикалық

ортада өндірістің икемділігі бірнеше есеге өседі. Ал егер үлкен компаниялар өз

мәліметтерінің шалғай орналасқандығын уайымдатын болса, өз «бұлтын»

жасатып, виртуализация инфраструктурасының барлық пайдаларын қолданса

болады.

- Қызметке

байланысты туындайтын мәселелер азаяды. Cloud

Computing-тің енгізілуімен физикалық серверлер азайып жатқандықтан, оларға

қызмет ету жеңіл әрі тез. Бағдарламалық қамтамаға келетін болсақ, соңғы

бағдарламалар «бұлтта» орналасады, жаңартылады, реттеледі.

- Бағдарламалық қамтамаға кететін шығын азаяды. Әрбір желілік

қолданушыға қажетті бағдарламалық пакетті сатып алудың орнына

компаниялар қажетті бағдарламаны «бұлтта» сатып алады. Бұл

бағдарламаларды жұмысқа қажетті қолданушылар ғана қолданады. Сонымен

қатар, Интернет арқылы алуға болатын бағдарламалар бағасы дербес

компьютер бағдарламалары аналогтарынан арзанырақ болады. Егер

бағдарламалар ұзақ қолданылмайтын болса, сағаттық төлеммен жалға алуға

болады.

- Бағдарламалардың әр кез жаңартылуы. Кез келген уақытта қолданушы

алыстатылған бағдарламаны қосқанда ол бұл бағдарламаның соңғы нұсқасы

екендігіне сенімді болуына болады.

- Қолжетімді есептік қуаттың өсуі. Қолданушыға қолжетімді «бұлттық»

компьютерлердің есептік қуаты дербес компьютерлермен салыстырғанда тек

«бұлттың» өлшемімен ерекшеленеді. Яғни, алыстатылған серверлердің жалпы

санымен. Қолданушылар өте қиын тапсырмаларды қажетті жадының үлкен

санын орнату арқылы шешуіне болады. Басқаша айтқанда, қолданушылар

қалауынша жеңіл әрі арзан тәсілмен суперкомпьютермен ешқандай артық

нәрсесіз қолдана алады.

- Мәлімет сақтау қорының шексіздігі. Cloud Computing-те операциялық

жүйелердің ешқандай рөлі жоқ. Unix қолданушылары Microsoft Windows

қолданушыларының немесе керісінше құжаттарымен еркін алмаса алады.

Бағдарламалар мен виртуалды компьютерлерге қолжетімділік веб-браузерлер

мен басқа қолжетімді құралдармен жүзеге асады.

- Қолданушы топтарының біріккен жұмысының қарапайымдылығы.

«Бұлттағы» құжаттармен жұмыс жасағанда бір-біріне нұсқаларды жіберудің

немесе қайта өзгертудің қажеттілігі жоқ. Енді қолданушылар құжаттың соңғы

нұсқасы және бір адам арқылы енгізілген кез келген өзгерістердің қолдарында

барлығына сенімді бола алады.

22

- Құжат форматтарының жақсартылған үйлесімі. Егер қолданушы

«бұлттық» бағдарламаның бір бағдарламасымен құжат жасап, өзгерткен болса,

формат пен нұсқа сәйкес келмеушілігі мұнда жоқ. Мысалы, Word 2007 -де

құжат қабылдап, локальды компьютерде Word 2003 немесе OpenOffice-та аша

алмайтын болса, «бұлттық» бағдарламада ондай келеңсіздіктер жоқ.

Үйлесімділіктің жақсы мысалы ретінде офистік пакет Google Docs-ты айтуға

болады. Google Docs кез келген компьютер мен веб-браузердің көмегімен

құжаттармен, презентациялар мен таблицалармен жұмыс істей алады.

- Әрқашан соңғы және жаңа версия. «Бұлтта» әрқашан бағдарламалар

мен құжаттардың соңғы нұсқасы болады.

- Әр

түрлі құрылғылардан қолжетімділік. Cloud Computing

қоданушылары құжаттар мен бағдарламаларға әлдеқайда кең ауқымды

таңдаулармен қол жеткізе алады. Енді дербес компьютер, ноутбук, Интернет-

планшет, смартфон нетбук арасынан қолданушы өз қажетін таңдай алады. 1. 4-

суретте көрсетілгендей «бұлтты» технологияның негізгі артықшылығы әр түрлі

құрылғылардан қолжетімділік.

Сурет 1. 4 - Негізгі артықшылығы

- Табиғатпен достық, оның ресурстарын экономды қолдана аламыз. Cloud

Computing тек қана электр қуатын ғана емес, есептеу техникаларын,

серверлармен орын алатын физикалық кеңістікті, табиғат ресурстарын

үнемдейді. Мәліметті өңдеу орталықтарын салқын климатта сақтай аламыз.

23

Қолданушылар ауыр, ресурсты компьютерлар мен ноутбуктарды ықшам

нетбуктарға ауыстыра алады.

- Құрылғының жоғалу мен ұрлану қаупіне мәліметтердің орнықтылығы.

Егер мәліметтер «бұлтта» орналасатын болса олардың көшірмесі автоматты

түрде әр континентте орналасқан әр түрлі серверлерге жіберіледі. Дербес

компьютерлердің жоғалуы мен сынуынан құнды мәліметтер жоғалып кетпейді,

оны басқа құрылғының көмегімен кез келген уақытта ала алады. Осы орайда

кейбір қарсылықтар туындауы мүмкін. Резервті көшірмені басқа

компьютерлерге немесе DVD дисктермен немесе флэш-жинақтаушыға сақтау

мәліметті қауіпсіздендіреді деуі мүмкін. Дегенмен, соңғы сәтте екі нәрсені

ұмытпау керек. Біріншіден, резервті көшірмені әрқашан жаңартып, қалыпты

орындап отыру керек. Екіншіден, аталынған методтар физикалық қауіпсіздікті

қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, өрт, ұрлық және т. б.

1. 4 «Бұлттық есептеулердің» кемшіліктері

Дегенмен, әр нәрсенің оң мен терісі бар болғаны секілді, негізгі

кемшіліктерін көрсетейік:

-

Интернетпен әрқашан байланыста болу керек. Cloud Computing

әрқашан Интернетпен байланыс болуын талап етеді. Кейбір «бұлт»

бағдарламалары желілік компьютерлерге басылып, Интернетке қол жетімді

болмаған кезде жұмыс істей алады. Қалған жағдайларда Интернет қолжетімсіз

болса, жұмыс та, бағдарлама да, құжат та жоқ. Бұл бәлкім Cloud Computing-ке

қарсы үлкен аргумент. Бірақ мойындаңыз, қазіргі заманда адамдар Интернет

желісі арқылы ұсынылатын қызметсіз жұмыс істей алмайды. Сол сияқты,

мобильді телефон сияқты төлем карталарынсыз және де басқаларсыз істі бітіру

қиын. Қазір адамдардың көпшілігінде электронды почтасыз іс бітуі қиын.

Сондықтан қазіргі таңда жаңа әлемнің жетілуін есептеп, Интернет әр жерде

қолжетімді болатындығын ескерсек болады.

-

Баяу Интернетпен жұмыс істеу нашар. Көптеген

«бұлттық»

бағдарламалар үлкен өткізгіштік қасиетімен Интернет-қосылысты талап етеді.

Егер сіз 56К модемінің «бақытты» иесі болсаңыз, сізге тек аяушылық

танытамыз. Қазір Интернет үшін талшықсыз магистралдар өте аз кездеседі,

қолжетімділіктің жылдамдығы арта түсуде, ал бағасы төмендеуде.

- Локальды желіге қарағанда бағдарламалар баяу жұмыс істеуі мүмкін.

Кейбір информацияның қомақты бөлігі жіберілу керек бағдарламалар локальды

компьютерде тезірек жұмыс істеу себебі тек қана Интернеттің жылдамдығы

емес, алыстатылған серверлердің жұмысбастылығынан немесе қолданушы мен

бұлт арасындағы мәселеден болуы мүмкін.

- Барлық бағдарламалар мен олардың қасиеттері алыстан қолжетімді

емес. Егер бағдарламаларды локальды қолдануға және «бұлттық» аналогын

салыстырсақ, соңғысы функционалдық жағынан артта. Мысалға Google Docs-

тың кестелері Microsoft Excel-ға қарағанда мүмкіншіліктері аз.

24

-

Мәліметтердің қауіпсіздігіне қауіп төнуі мүмкін. Бұл жердегі кілт сөз

«мүмкін». Бұл ең бірінші «бұлттық» қызмет ұсынған өндіріске байланысты.

Егер біреу сіздің мәліметтеріңізді сенімді шифрлайтын болса, және әрдайым

резервті көшірмелерін жасап отыратын болса, рынгта мұндай қызмет

түрлерінің жұмыс жасап жатқанына бір жыл емес, қауіп-қатердің сіздің

бағдарламаңызға төнуі мүмкін емес. Криптография мен компьютерлік

қауіпсіздіктің маманы атақты маман Брюс Шнайер айтқандай, барлық мәселе

тек сенімде.

1. 5

-

суретте көрсетілгендей кемшіліктер IT-инфаструктураның

болашағын ескерер болсақ, әлі де талай өзгертіліп, жетілдірілетініне сенімдіміз.

Егер сіздің «бұлттағы» мәліметтеріңіз жоғалатын болса, олар мәңгіге

жоғалады. Бұл факт. Бірақ локальды компьютерге қарағанда, «бұлтта»

мәліметтерді жоғалту әлдеқайда қиынырақ.

Артықшылықтардың саны кемшіліктерге қарағанда артық болғанымен, әр

нақты жағдайда олар маңызды рөл атқарады, немесе ешқандай мағынасы жоқ.

Оны әркім өзі таңдайды[2] .

Сурет 1. 5 - Бұлттық технологияның негізгі кемшіліктері

1. 5


Бұлттардың жіктелу түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлттық есептеулердің қорғау әдістері
БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНЫП WEB ҚОСЫМШАЛАРДЫ ҚҰРУ ПӘНІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Бұлтты қызметтерді көрсетумен айналысатын компаниялар
Медицинадағы бұлтты есептеу
Бизнеске арналған бұлттық технологиялар
Банк клиенттерінің әртүрлі төлемдерді орындауы үшін тіркелудің автоматты жүйесін жасау
Интернет заттар желісі үшін LoRa стандартын талдау және зерттеу
Бұлтты деректерді сақтау
Бұлтты деректерді сақтаудың артықшылықтары
Бұлтты есептеулер технологиясының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz