Smart жарнама агенттігінің мобилді веб сайтын құру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   
1

2

АҢДАТПА

3

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың мақсаты "Smart" жарнама
агенттігінің мобилді веб сайтын құру. Қазіргі таңда елімізде смартфондарға
сұраныс көбейіп келеді, смартфондар өндірісінде жылдан-жылға сандық та
сапалық даму байқалады. Интернетке көп жұртшылық смартфон арқылы
қосылатыны баршамызға аян. Дегенмен, көптеген веб сайттардың мобилді
нұсқасы жоқ, сонысымен қолдануға ыңғайсыз. Осы дипломдық жұмыс
қолданушылардың жұмысын жеңілдету мақсатында мобилді веб сайт құруға
арналған.
Дайындалған мобилді веб сайт негізінде қолданушылар
қажеттіліктеріне сай өздеріне кез келген ыңғайлы жер мен уақытта өз
смартфондарынан сайтқа қосылып, сайттан керекті ақпарат алып, қызмерттер
бағасымен, түрімен таныса алады. Сонымен қатар мобилді сайттарда онлайн
сатып алу, тапсырыс беру сияқты операцияларды орындауға болады.
Бағдармалық жабдықтауды дайындауда HTML, CSS Mysql и PHP
программалық тілдері қолданылды.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыста `Smart" мобилді веб сайтын
қолдану ережелері де ұсынылған.

4

АННОТАЦИЯ

Целю данной дипломной работы является разработка мобильного веб
сайта рекламного агенства "Smart". В настоящее время нашей стране
увеличивается спрос на смартфоны, в производстве смартфонов год за годом
очевиден рост и в качестве и в количестве. Большинство людей
подключаются в интернет через смартфоны. Но не у всех веб сайтов есть
мобильная версия, тем и неудобны для использования. Данная дипломная
работа посвящена для создания мобильного веб сайта с целью облегчения
работы пользователей.
Разработанный мобильный веб сайт предоставляет возможность
пользователям подключаться на сайт в любом удобном месте и время через
свои смартфоны и получить необходимую информацию, и могут
ознокомиться видами услуг и их ценам. А также в мобильных веб сайтах
можно совершать операции как купить, заказать онлайн.
Для разработки программного обеспечения использованы язык
программы HTML, CSS Mysql и PHP.
В дипломной работе даны правила и указания по применению данного
интернет магазина " Smart ".

5

ANNOTATION

The given degree work is a development mobile web site of the company
"Smart". At present our country internet shops are growing year for year obviously
and as and in amount. But now it is not enough to use the last technology, this
degree work is created for the reason creation make internet shop.
Designed internet shop gives a chance to client to buy goods which they
need without walking out their building. Presented degree work gives a chance
consumer to choose goods on taste straight on put.
For software development are used language of the program HTML, CSS
Mysql and PHP.
In degree functioning are given rules and instructions on using given internet
shop " Smart ".

6

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 Web технологияның қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1 Интернет туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.2 Сайт туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.3 Веб−сайттың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
1.4 Клент−сервер технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2 Сайт жасау құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 HTML тілінің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
2.2 PHP тілінің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
2.3 MySQL дерек қоры негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
2.4 CSS бағдарламалау тілінің ерекшелітері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36
2.5 JavaScript тілінің негізідері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3 "Smart" жарнама агенттігінің мобильді веб сайтын жасау ... ... ... ... .. 40
3.1 Мәселенің қойлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
3.2 "Smart" мобилді веб сайтының құрылымы мен мазмұны ... ... ... . 40
3.3 Бағдарламалық жабдықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
3.4 "Smart" мобилді веб сайтын қолданушыларға нұсқаулық ... ... ... 46
4 Өмір тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
4.1 Еңбек шартының анализы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 52
4.2 Есептеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 54
4.3 Тіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... 62
5 Технико-экономикалық негізделуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 64
5.1 Жоба сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
5.2 Бағдарламаның өңделуінің еңбек өнімділігінің есептелуі ... ... . 67
5.3 Бағдарламалық қамтаманы өңдеуге кеткен шығынны ... ... ... ... .. 68
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 84
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 85
Қосышасы А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..85

7

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған заманда
интернет өмірдің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Интернет (ағылш.
Internet -- International Network) -- компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік
желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру
мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке
адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі
кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес,
Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Сонымен қатар интернет
кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру
мүмкіндігі, желілер жүйесі, байланыс араларын өзара біріктіретін,
тораптардың жиынтығы.
Интернет технологисы жылдам өзгеріп отырады. Интернетпен жұмыс
істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай
мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім келген
нәрсе туралы, информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды. Сол
себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында
Web-тен информация алады.
Айта кетерлік жағдай - бүгінгі күні смартфондар мен планшеттердің
дамып келе жатқан уақыты. Әрбір қолданушы интернетке бұрынғыдай
дербес компьютерге қарағанда қолындағы смартфоннан көбірек қосылады.
Осыған орай, қолданушыларға қолайлылық мақсатында веб сайттардың
мобилді нұсқасын жасау елімізде белең алып отыр. Мобилді веб сайтқа
смартфоннан немесе планшеттен қосылудың көптеген артықшылақтары бар.
Қолданушы өзінің қажеттілігіне қол жеткізуі үшін, ыңғайлы жиһазда
отырып, интернет-беттерді смартфон арқылы аша алады және де қажетті
ақпаратты немесе операцияны орындай алады. Қолданушының алдында
мағлұматтар түрлерiнiң, сонымен қатар әр түрлi қызмет көрсетулердің тiзiмi
бар. Мобилді веб сайт, көпшiлiк адамдардың пiкiрi бойынша - бұл өті
ыңғайлы сайт нұсқасыларының бiрi. Және бұл шынымен ыңғайлы
болғандықтан ол дамып келеді. Әр ұйым үшiн сайттың дамуы- бұл үлкен
артықшылық, себебі қысқа мерзiм ішінде базасы үлкееді, компанияның
тұтынушылар саны артады, сонымен қатар бұл тиiмдi болғандықтан уақыт
үнемделеді.

8

1 Web технологияның қазіргі жағдайы

1.1 Интернет туралы түсінік

Интернет (бас әрiппен жазылса)−кез келген компьютердi жер шарында
орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған
басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүние жүзiлiк Желi. Оны
дүниедегi ең үлкен ауқымды (глобальный) желi деп атайды. Осылай телефон
арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бiр−бiрiмен ТСРIР хаттама
(протокол) ережелерiмен мәлiмет алмасады, оларды бiр нұсқада, яғни бiр
тiлде сөйлейдi деп айтса да болады. Дүние жүзiлiк Халықаралық телефон
желiсi сияқты оны ешкiм басқармайды, ол ешкiмнiң жеке меншiгi емес. Мiне,
осы Интернет желiсi көмегiмен электрондық почта арқылы хабар алып
(берiп), басқа компьютерлердегi ақпаратты көрiп, қашықтан
телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк
бар.TCPIP - Интернет желiсiне қосылған компьютерлер арасында ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететiн мәлiметтердi бiр жүйеге келтiру ережелерi
немесе оларды құрастыру хаттамасы.IP (Интернет Protocol) − мәлiметтердi
оны алушының адресi көрсетiлген шағын тақырыптары бар бiрнеше
бөлiктерге немесе дестелерге бөлетiн желi аралық хаттама.TCP (Transmisson
Control Protocol) − мәлiметтi жөнелту iсiн баскаратын хаттама, ол желiдегi
ақпарат дестелерiн дұрыс жеткiзу үшiн жауапты болып саналады.Интернет
жүйесiн пайдалана отырып, үйден шықпай ақ, көптеген елдердi, қалаларды
аралап музейлердi, кiтапханаларды көрiп, дүниежүзiлiк мәдени және ғылыми
жетiстiктермен танысып, оларға өркениеттi елдiң азаматы ретiнде өз
үлесiңiздi қосып, өзiңiздi дүниенiң бiр кiшкене бөлiгi ретiнде сезiну
мүмкiндiгiне ие боласыз.Интернет (кiшi әрiппен жазылса) − TCPIP
хаттамалары негiзiнде желi аралық байланысу технологиясы.
Интернет желiсiнiң құрылымы−әрбiр тұтынушы компьютерi кәдiмгi
телефон арналарымен түйiндi машиналармен байланысады. Ал түйiндi
немесе негiзгi машиналар бiр−бiрiмен қуатты оптикалық талшықты немесе
спутниктi арналармен жалғасады. Түйiндi машиналар кез келген жай
компьютерлер арасында байланыс орнату үшiн қажет, олар: тәулiк бойынша
үзiлiссiз жұмыс iстеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда
жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын
мәлiмет жинақтауыш компьютермен жылдам iстейтiн оптикалық түрдегi
байланыстыру iсiн қамтамасыз етедi.Ақпаратты сервер - дегенiмiз қалың
көпшiлiкке арналған, әрбiр тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар
түрлерi жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаналықтар, мерзiмдi
баспасөз (газет−журналдар), жарнамалар, т.с.с. мәлiметтер сақталады.Желiге
қосылған әрбiр компютерге қайталанбайтын айрықша өзiндiк адрес
(IP−адрес) берiледi, адрес компьютердiң типiмен (IBM,Macintoch),
операциялық жүйенiң түрiмен (MS DOS, Windows 98, Windows NT)
байланыста болмайды, демек жiберiлген ақпарат тура адрес көрсетiлген
9

компьютерге келiп түседi. Түйiндi машина мәлiметтердi тасымалдау кезiнде
хабарды жiберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа
жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос
аралықтарын тиiмдi түрде пайдаланады. Бұл мүмкiндiк Интернеттi қазiргi
кездегi ең жылдам, әрi арзан, әрi сенiмдi байланыс жабдығына айналдырды
деуге болады.Ал ендi түйiндi машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған,
Интернетте адрестi кiм тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс
қалай қамтамасыз етiледi, компьютер телефонмен қалай қосылады деген
мәселелерге келсек, бұның бәрiн iстейтiн арнайы қоғам - Интернет
провайдерi деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет
Провайдерi болып қызмет атқаратын Интернет трейнинг орталығы Nursat,
S&G Communications, Parasang, қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.с.с.
мекемелер жұмыс iстейдi.
Интернет−те қызмет көрсету провайдерi - ISP (Интернет Service
Provider), Интернет−пен қарапайым тұтынушылардың тiкелей қатынас
құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
World Wide Web құрылымы−WWW дүнежүзiлiк тармақталған
желiсi−бұл Интернет−тiң ең кең таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсiп
жатқан қызмет түрi. World Wide Web−Интернет−тегi барлық құжаттар және
мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәлiметтердi
пайдалану жолында оларды оқып көру үшiн Micrasoft Интернет Explorer,
Netscape Navigator cияқты програмалық жабдықтар қолданылады. Олар
Интернет−тен керектi құжаттарды iздеп табуға, қарауға, жазып алуға
мүмкiндiк бередi. Гипермәтiн (байланысқан мәтiндер) мүмкiндiгi Web
мәлiметтернiң бiрiнен бiрiне көшудi жеңiлдетедi. Файлардың HTML−ің
(hipertext markup language) форматын iске қосатын гипермәтiн мүмкiндiгi
Web парақтарының бiр бетiнен екiншi бетiне сiлтеу бойынша көшудi жеңiл
жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейне жазбалар, дыбыстар,
үшөлшемдi (кеңiстiктегi) нақты бейнелер т.с.с. орналасады. Осындай
сiлтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web−тiң негiзгi
құралымын құрайды. Web жүйесiне қосылғаннан кейiн әрбiр адам WWW
желiсiндегi кез келген мәлiметтi басқалармен бiрдей пайдалану құқығына ие
болады, бұдан соң басқа компьютермен байланасу үшiн немесе қосымша
артықшылық, шектеулер үшiн ақы төлеудiң қажетi жоқ.
World Wide Web (WWW немесе Web) Интернет мәлiметтерiн жеңiл
көруге болатын графикалық интерфейс мүмкiндiгiн бередi. Ондағы
мәлiметтер мен олардың бiр−бiрiмен байланысын ақпараттық өрмек деп
айтса да болады.Web−тiң әр бетiнiң басқа парақтармен байланысын
көрсететiн сiлтеме белгiлерi бар, оны бiр−бiрiмен байланысқан парақтардан
тұратын өте үлкен кiтапхана деуге болады. Бiр тораптық компьютерде
орналасқан мәлiметтер Web кiтабы секiлдi, ал оның беттерi кiтап парақтарын
көзге елестетедi. Бұл беттердегi мәлiметтер дүниенiң кез келген бұрышында
орналаса бередi. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлiк
компьютерлердегi ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда
қашықтағы−қымбат, жақындағы−арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек
10

мәлiметтiң көлемiне немесе сiздiң байланысып отырған уақытыныздың
ұзақтығына байланысты. Web мәлiметтерiн қарау адресi көрсетiлген белгiлi
бiр тораптық (түйiндi) компьютерден басталады. Түйiндi компьютердегi
мәлiметтiң бiрiншi бетi кiтаптың сырты немесе мазмұны тәрiздi, әрбiр беттiң
URL (Universal Resource Locator) форматында берiлген қайталанбайтын
өзiндiк адресi болады. Ол беттердегi мәлiметтi оқу көру жабдықтарың деп
аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.
URL−адрестерi−Бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресiн
жазудың арнайы формасы. Ол−желiнiң қай серверiнде орналасса да, керектi
мәлiметтi айнытпай қатесiз табуды қамтамасыз ететiн сөз тiркесi URL
адрестерiнiң жазылуынан мысал келтiрейiк.
http: www.soccer.rudinamorusindex.html
мұндағы:
a)http протокол, яғни хаттама;
б)www.soccer.ru−адрестiң домендiк бөлiгi, оның iшiнде:
в)www−компьютердiң (сервердiң) аты;
г)soccer.ru−доменнiң аты;
к)dinamorus−сервердегi каталог аты;
т)index.html−Web−парақтары файлының аты;
Домен−бiр компьютермен басқарылатын немесе бiр желiлiк жұмыс
машинасының (желi торабының) басшылық етуiмен iстейтiн информациялық
желi қорлары (ресурстары) тобы.

1.2 Сайт туралы түсінік

Веб−сайт түсінігі− Веб−сайт немесе жәй сайт (ағыл. Website,
web−өрмекшінің торы және site− орын)−бір немесе жинақталған
веб−парақтары интернеттеHTTPHTTPS хаттамалары арқылы мүмкіншілік
алады. Сайттың парақтары жалпы түпкі мекен−жайларды, сонымен қатар
қарапайым тақырыпты, логикалық құрлымды, рәсімдеуді және авторлауды
бірктіреді, жинақталған барлық жалпы мүмкіндік алған сайттар жалпы
әлемдік торды құрайды. Сайттың мағынасы− кез келген өзгелерге желі
арқылы 1−2 гб мәліметті бере алуы үшін және өзі телеканал болуы үшін,
жалпы жергілікті желі арқылы мемлекет тұрғындарын біртұтас күшке
біріктіру.Сайттың мағынасы ертеректегі түсінікте физикалық желі
түйіні−хостпен сервермен шатасырлған, бірақ интернеттің өсуімен,
серверлер технологиясының жақсаруымен бір компьютерде көптеген
сайттармен домендерді орналастыруға болатын болды.
Веб−сайт тарихы− Әлемдегі бірінші сайт 1991 жылы 6−тамызда пайда
болды, оны жасаған Тим Бернерс−Ли. Сайтта World Wide Web− тың жаңа
технологиясы, HTTP мәліметтерді тасымалдау хаттамасының негізі, URI
жүйелік адресациясы және HTML гипертексттік белгілеу тілі баяндалған.
Сонымен қатар сайтта серверлермен браузердің жұмыс істеу және орнату
ережелері де баяндалған. Сайт әлемдегі алғашқы интернет−каталог болды,
сонымен кейінірек Тим Бернерс−Ли оған басқа сайттардың да сілтемелік
11

тізімін орналастырды. Бернерс−Ли дің алғашқы сайтының жұмыс істеуіне
қажетті барлық құралдар ертеректе дайындалған−1990 жылдың соңында
алғашқы гипертексттік браузер WorldWideWeb веб редактор функциясымен
пайда болды, деркқордағы алғашқы сервер NeXTcube және алғашқы веб
парағы болды.
Тим Бернерс−Ли, гипертекст негізінен желіде мәліметтер алмалмасуды
атқаруы мүмкін деп есептеді, және оған өмірдегі өз ойларын жүзеге
асырудың сәті түседі. Тағы 1980 жылы Тим Бернерс−Ли кездейсоқ
қауымдастықтың мәліметтерін сақтауға қолданылатын гипертексттік
бағдарламалық қамтама Enquire - ні жасаған. Содан соң Женеведегі Ядролық
зерттеулердің Европалық орталығында жұмыс істеді, ол қызметтестеріне
гипертексттік документтерді жәрялау туралы, өзімен гиперсілтелер арқылы
байланысуды ұсыныс етеді. Бернерс−Ли Гипермәтіндік рұқсаттың ішкі
іздеулермен құжаттарға, сонымен қатар интернеттің жаңа қорларына
мүмкіндігін Демонстрациялап (көпшілікке паш ету) өтті. Нәтижесінде 1991
жылы мамырда Женева (CERN) де WWW стандартты бекітілді.Тим
Бернерс−Ли HTTP, URIURL и HTML веб технологияларының негізін
салушы атасы болып табылады. Бүгінгі күнде, интернет желісінде өзінің
қызмет сферасында, саудалық немесе саудалық емес қызметтермен
шұғылданатынын ұсынғанда кез−келген компанияға сайт жасау
керек.Интернет күніне 24 сағат жұмыс істейді, осы уақыт ағымында сіздің
бизнесіңізбен өзіңіздің тікелей қатысуыңызсыз мыңдаған потенциалды
клиенттер танысуы мүмкін.Сайт−бұл сіздің интернеттегі өкілдік түріңіз, сізге
клиенттердің және серіктестердің базасын кеңейтуге, online да сатуды
басқаруға, сіздің компанияңыздың танымалдығын жоғарылауға мүмкіндік
береді.

Веб−сайт функциялары
− Жарнамалау фирманың өзіндік бейнесін жасап және оны
қолдап,жарнамалық акциялар өткізіледі.


Хабарландыру жалпы фирма тралы жан−жақты мәліметтер

беріп,оның қызмет көрсету бағасы мен әріптестерге жеткізу қызметі жалпыға
бірдей хабарланады.
− Сату каталогда бағалармен көрсетілген товарларға тапсырыс беруді
құжаттаумен ақша төлеудің мүмкіндіктерін береді.Зерттеу− киенттердің
тауарлар жәйлі сұрақтарына қатысты ақпараттарды жинайды.
− Құрлымдау Фирманың құрлымын кемелдендіріп,әріптестердің
фирманың дерекқорларына қатынас орнатуына анағұрлым көп мүмкіндік
береді.

1.3 Веб−сайттың түрлері

Визиткалы сайт−қарапайым

сайт болып таблады.Ол html

құралдарысыз қолданушылармен интерактивті байланысты береді.Сайт
фиманың дизайнына бүкілдей сәйкеседі.
12

Фирма сайтты тек потенциальды клиентерге жарнамалық ақпараттарды
беру ұшын қолданады.Сайттың негізгі беттері:Негізгі бет−Сіздің фирма
туралы қысқа да нұсқа ақпараттардан тұрады.Компания туралы− фирманың
жетістіктерімен, клиентермен жұмысы және мұның сізге берер пайдасын
көрсетеді.Өнім− Фотолармен берілген товарлар туралы қысқаша
ақпараттардан тұрады.Контакты− Әдетте негізгі контакты ақпарат әрбір
бетте қайталанады.ол сіздің компания туралы толық ақпараттан тұрады.
Жарнамалық сайттар−бұл түрдегі сайт товарлармен қызмет өтеуді
көрсету ұшын қлданлады.ол жайнаған дизайнға толы болады.бүл түрдегі
сайт төмендегідей қосымша беттерден құрам табады:Товарлар каталогі− ол
визиткалы сайт товарларға қатысты жан−жақты ақпараттар берумен
ерекшеленеді.әрі көрсетілген қасиеті бойнша іздеу функциясы бар.
Қайдан,қалай сатып аласыз− сату нүктелері,қойма, офис меңгерушілер
туралы ақпараттар бар.Бағалар− жалпы товарладың бағалар тізімін береді.
Қолдау−компаниямен байланыс орнатудың мұмкіндіктері көрсетіледі.
Ақпараттық сайттар−Ақпараттық сайттар− қажетті ақпараттарды
жинаумен ерекшеленеді.
Жаңалықтар− назар аударуға тұрарлық жаңалықтармен мәліметтер
береді.
Тақырыптар каталогы− сайттағы мақалалрмен материялдардың негізгі
тақырыпымен беріледі.қолданушы кілттік сөздермен іздеуді орындайды.
Сілтеме және форум− таныс қолданушыларға арналған ақпараттардан
құрам табады.
Интернет−магазин (дүкен)−Бүл түрдегі сайт товар сатумен қызмет
көрсетудің тиімді түрі болып табылады.сатып алушылар ұшын мұның ең

негізгі ерекшелігі таварға үйінде отырып−ақ тез әрі
арзан

қолжеткізетіндігінде.

1.4 Клент−сервер технологиясы

Ереже бойынша ақпараттық жүйенің құрамына кіретін компьютерлер
және бағдарламалар тең құқықтық болып табылмайды. Желідегі бір
компьютер процессорлар, файлдық жүйе, почталық қызмет, басу(печати)
қызметі, мәліметтер базасы сияқты ақпараттық−есептеу ресурстарды
орналастырады. Кез - келген ресурсты басқаратын компьютерді сол
ресурстың сервері, ал онымен қолданғысы келген компьютерді клиент деп
аталуы қабылданған. Нақты сервер өзінің ие болған ресурс түрімен
сипатталады. Яғни, егер ресурс мәліметтер базасы болса, онда
тағайындалуы− мәліметтер базасын өңдеуге байланысты клиенттердің
сұраныстарына қызмет көрсету болып табылатын, мәліметтер базасының
сервері туралы айтылады; егер ресурс − файлдық жүйе болса, онда файлдық
сервер немесе файл−сервер туралы айтылады және т.с.с.Бұл принцип
үрдістердің өзара әсерлесуіне де таралады. Егер олардың біреуі басқаларға
сәйкесінше қызметтер жинағын беру арқылы кейбір функцияларды
атқаратын болса, мұндай үрдіс сервер ретінде қарастырылады. Осы
13

қызметтерді

пайдаланатын үрдістерді клиенттер деп атау

қабылданған.Бүгінгі таңда "клиент−сервер" технологиясын кең қолданыс
алуда, алайда өзінен−өзі ол әмбебап рецепттерді ұсынбайды. Ол тек қазіргі
заманғы таратылған ақпараттық жүйенің қалай ұйымдастырылу керек
екенінің жалпы көрінісін береді. Оның үстіне бұл технологияның нақты
бағдарламалық өнімдерде және де бағдарламалық қамтаманың түрлерінде
жүзеге асуы әлдеқайда ажыратылады. "Клиент−сервер" технологиясының
негізгі принциптерінің бірі әртүрлі табиғаты бар стандарттық
бағдарламаның қосымшаның (приложения) функцияларын үш топқа бөлуге
негізделген. Бірінші топ − бұл мәліметтерді енгізу және көрсету функциясы.
Екінші топ берілген пәндік облысқа сипатталған(характерные) тек қана
қолданбалы функцияларды біріктіреді. Үшінші топқа мәліметтерді сақтау
және басқару (мәліметтер базасын, файлдық жүйелерді және т.б.)
функциялары жатады. Осыған сәйкес кез келген бағдарламада қосымшада
(приложения) келесі логикалық компоненттер таңдалады:
− бірінші топтың қызметтерін жүзеге асыратын көрсету компоненті
(presentation);


екінші топтың қызметтерін қолдайтын қолданбалы компонент

(business application);
− үшінші топтың қызметтерін қолдайтын ақпараттық ресурстарға
қатынау компоненті (resource acces) немесе ресурстар менеджері (Resource
manager).
"Клиент−сервер" технологиясының шеңберінде бағдарламаларды
қосымшаларды (приложения) жүзеге асыруының айырмашылығы үш
фактормен анықталады. Біріншіден, барлық үш топтың қызметтерін жүзеге
асыру үшін қандай механизмдер қолданатындығымен. Үшіншіден, жүйеде
компьютерлер арасында логикалық компоненттер қалай
таратылғандығымен.Әрқайсысы келесі сәйкес келетін модельдерде жүзеге
асатын үш жақын келулер(подход) ерекшеленеді(выделяются):
− қашықтықтағы мәліметтерге қатынау моделі (Remote Date Access −
RDA);
− мәлеметтер базасы серверінің моделі (DateBase Server − DBS);


приложений(қолданба, қосымша) серверінің моделі (Application

Server − AS).
RDA − моделінде көрсетім компонент және қолданбалы компонент
кодтары бірлескен және компьютер−клиентте орындалады. Соңғысы
мәліметтерді енгізу және көрсету функцияларымен бірге таза қолданбалы
функцияларды да қолдайды. Ақпараттық ресурстарға қатынау, ереже
бойынша арнайы тілдің операторларымен (SQL тілі, егер мысалы мәліметтер
базасы туралы айтылатын болса) немесе арнайы кітапхананың функцияларын
шақыруымен қамтамасыз етіледі (егер сәйкес келетін API болса).
Ақпараттық ресурстарға сұраныстар қашықтықтағы компьютерге торап
бойынша жіберіледі (мысалы, міліметтер базасы серверіне). Соңғысы
сұраныстарды өңдейді және орындайды және клиентке мәліметтер блогын

14

қайтарады (сурет 1.4.1 ). "клиент−сервер" архитектурасы туралы айтқанда,
көбінесе осы модель туралы айтады.

Сурет 1.4.1 Қашықтықтағы мәліметтерге қатынау моделі.

DBS−моделі (сурет 1.4.2 ) компьютер−клиентте орындалатын үрдіс
көрсетім функцияларымен шектеледі, ал қолданбалы функциялар
компиляциялянатын резиденттік процедуралар немесе мәліметтер базасының
процедуралары деп аталатын сақталатын процедураларда жүзеге асырылған
(stored procedure) деген жорамалда құрылады. Олар тікелей мәліметтер
базасында сақталады және мәліметтер базасының компьютер−серверінде
орындалады (мұнда мәліметтерге қатынауды басқаратын компонент, яғни
МББЖ қызмет етеді). Сақталатын процедуралардың механизмі - DBS−
моделінің ерекше сипаттамасы− әзірше тек қана МББЖ− де, онда да бәрінде
емес бар болғандықтан ақпараттық ресурстың түсінігі мәліметтер базасына
дейін тарылған.

Сурет 1.4.2 Мәліметтер базасы серверінің моделі

Тәжірибеде егер мәліметтер базасының бүтіндігін қолдауды
(поддержка) және кейбір қарапайым қолданбалы функцияларды сақталатын
процедуралармен (DBS−модель) қолдайтын болса аралас модельдер жиі
қолданылады, ал әлдеқайда күрделі функциялар компьютер−клиентте
орындалатын (RDA−модель) қолданбалы бағдарламада тікелей жүзеге
асырылады. Бірақ бірден екі моделідің элементтерін қамтитын мұндай
шешімдер олардың арақатынасы туралы біздің представлений (елестету,
көрсетім) прнципиально (принципшіл) өзгерте алмайды.
AS - моделінде (сурет 1.4.3) компьютер−клиентте орындалатын үрдіс
мәліметтерді енгізу және көрсетуге жауап береді (яғни, бірінші топтың
қызметтерін жүзеге асырады). Қолданбалы функциялар қашықтықтағы

15

компьютерде қызмет ететін үрдістер тобымен (қолданба серверлері)
орындалады. Қолданбалы есептерді (задач) шешу үшін қажетті ақпараттық
ресурстарға қатынау RDA−моделіндегідей әдіс бойынша қамтамасыз етіледі.
Қолданбалы компоненнттерден әртүрлі түрдегі ресурстарға қатынау бар−
мәліметтер базасы, индекстелген файлдар, кезектер және т.б. Ереже
бойынша, серверы приложений ресурс менеджері қызмет ететін компьютерде
орындалады, бірақ басқа компьютерлерде де орындалуы мүмкін.

Сурет 1.4.3 серверы приложений моделі

Бұл екі модельдің фундаментальное айырмашылығы неде? RDA және
DBS− модельдері функцияларды бөлудің екізвенолық сұлбасына тіреледі
(опираются). RDA− моделінде қолданбалы функциялар бағдарлама−клиентке
приданы (берілген), DBS−моделінде олардың орындалуы үшін
жауапкершілікті МББЖ ядросы алады. Бірінші жағдайда қолданбалы
компонент көрсетім компонентімен сливается, екінші жағдайда - ақпараттық
ресурстарға қатынау компонентіне интегрируется. Керісінше, AS−моделінде
функцияларды бөлудің үшзвенолық классикалық сұлбасы жүзеге асырылған,
мұнда қолданбалы компонент қолданбалы бағдарламаның маңызды элементі
ретінде белгіленген, оны анықтау үшін көпмақсатты (многозадачная)
операциялық жүйенің әмбебап механизмдері қолданылады және екі басқа
компоненттері бар интерфейстер стандартталған. Бұл ерекшеліктен AS -
модельдер тәжірибелік қызмет үшін маңызы үлкен өздерінің артықшылығын
көрсетеді

16

2 Сайт жасау құралдары

2.1 HTML тілінің негіздері

Егер сiз сiзге арналған немесе сiз туралы мәлiмет сақтайтын Web бет
құрғыңыз келсе, сiз HTML (Hypertext Markup Language− гипертекстiк
белгiлеу тiлi) тiлiн үйренуіңiз керек. HTML - бұл беттiң құрылымын суреттеу
тiлi. Ол сiзге қарапайым мәтiн алып, оны абзац, тақырып, тiзiм және басқа да
құрылымы бойынша форматтауға мүмкiндiк бередi. Онымен қоса, HTML
сiздiң оқырмандарыңыз бiр құжаттан екiншi құжатқа оңай аттап өте алулары
үшiн, сiзге байланысты беттерге сiлтемелер құруға мүмiндiк бередi. HTML
SGML− ға негiзделген (standart Genere Lized Markup Language− жалпы
белгiлеу стандартты тiлi). Нақтырақ айтсақ, HTML бґл SGML құжатты
типiнiң анықтауышы, немесе SGML қағидасының өзiндiк қосымшасы. Сiз
HTML құжаттарын ақпараттық жүктеменi сақтайтын форматалмаған текстiң
iшiндегi HTML тэгi (tags) арқылы құрасыз. HTML тэгтерi−бұл "азырақ" ()
белгiсiнен басталып, "көбiрек"()белгiсiмен аяқталатын символдар тiзбегi.
Web браузерлер HTML−ды синтаксистiк тексерген кезде үш қағидаға
сүйенедi:
− Пробел және басқа да "көрiнбейтiн символдарға" назар аудармайды.
− Форматтау тэгтерi кiшi немесе үлкен (бас) әрiптерiмен жазылуы
мүмкiн.
− Форматтау тэгтерiнiң көпшiлiгi сыңарларымен бiрге жазылады.
Кейбiр ерекше тэгтердi ескермесек, HTML форматтау тегтерiнiң
барлығын да сыңар тегтерi бар. Ашатын тег берiлген эффектi активтендiрсе,
жабатын тег оны өшiредi. Тег сыңарларын көбiнесе контейнер деп те
атайды. Себебi, олар қосып − өшiретiн эффект мәтiнде сол екi тэгтiң
арасында ғана пайда болады. Мысалы, мәтiнiң қатары толық әрiпен жазылуы
керектiгiн көрсететiн болсақ, былай жазамыз:
В Бұл қатар толық қарiппен жазылады. В.
Жабатын тегтiң iшiнде орналасқан мәтiн керi қисық сызық
символымен шамаланады. Бұл қағидаға бағынбайтын тэгтер ВASE (негiзгi
мәлiмет), ВR (қатар соңы), НR (горизанталь сызық) және IMG (бейне).
Бұл тегтер жалғыз қолданылады.

HTML - ге тiкелей қатысы болмаса да,
HTML құжаттарының
өте

маңызды бөлiгi болып URL адрестерi есептеледi. Ол әр−түрлi тэгтерде кең
көлемде қолданылады. Негiзi ,URL World Wide Neb−тiге құжаттың адресi
болып есептеледi. URL− дың құрылымы жер шарының кез−келген белiгiнде
орналасқан бiрге жұмыс iстейтiн. Web - сервердiң кез−келген типiндегi
кез−келген құжаттардың ықшамды идентификациялау тәсiлi мүмкiндiгiн
бередi. Ақпараттар серверiнiң хаттамасын ескермесек, URL−дың жалпы
формуласы келесi:
Хаттама: Сервер_аты: портфайл−аты

17

HTML−құжатын белгiлеу үшiн бiз HTML ж„не HTML тэгтерiн
қолданамыз. Бұл тегтер өзiнде HTML - дың барлық тэгтерiн және құжаттың
ақпараттық құрамын қамтиды. HTML құжаттардың бiрiншi қатарында, ал

HTML тэгi құжаттың
соңғы қатарында орналасуы керек. Бґл тегтер

олардың арасында орналасқан барлық символдардың HTML−коды екенiн
бiлдiредi. Құжаттың тақырыбы HTML тегiнен кейiн жазылып, HEAD
тегiмен аяқталады. Сiз ақпарат тақырыбына көп мөлшерде символдар енгiзе
алсаңыз да, оның құрамында екi заттың болуы мiндеттi: құжат аты және
оның URL−ы.
Сiз құжаттыңызға ат берген кезде, оны TITLE және TITLE
тэгтерiнiң арасына орналастыра аласыз. Құжат аты Интернет Explarer 3
тақырыб қатарында және журнал (History) және избранные страницы
(Faourites) тiзiмдерiнде пайда болады. Сiз құжат атына сол құжатты толық
түсiндiретiндей етiп таңдауыңыз керек. Бiрақ ол 40 символдан аспауы керек.
Сiз BASE HREF= "базовый_URL" тегiнде URL негiздiк адресiн
көрсетесiз. Ол құжаттың абсолют URL−iне теңестiрiледi. Сiз құжат
тақырыбын жазып болған соң оның денесiн құруды бастайсыз. HTML
құжатының денесi ақпаратты сақтайтын толық мәтiнде және мәтiндi
форматтауға арналған барлық HTML тегтерiн қамтиды. Құжат денесi
тақырыбтан соң басталып, BODY және BODY тэгтерiмен шектеледi.
Құжат денесi келесi түрде көрiнiс табады:
HTML
HEAD
TITLE бґл жерде құжат аты орналасады TITLE
BASE HREF= негiздiк_URL
HEAD
BODY
BODY
HTML
Жаңа абзац бастау және оны аяқтау үшiн Р және Р тэгтерi
қолданылады. HTML спецификациясын байланысты Р ALIGN атрибутын
қолдайды. Ол абзацтың iшiнде мәтiндi туырлауға мүмкiндiк бередi. Абзацтар
бас қатармен бөлiнедi. Бас қатар тастамай жаңа абзацты бастау үшiн
ВR(қатар соңы) тэгiқ олданлыда. Мысалы:
TITLE өлең жолдары TITLE
Р
You can tell it,s Spring with all of the rain we,re getting.
It makes me to recite the rhyme.
! -- Вы можете сказать, что уже весна, поскольку идет такой сильный
дождь. Поэтому я хочу процитировать стихи−−
Р
Р
Rain, rain Br
Go away Br
Come again Br
18

Another day Br
HTML - тақырыб стилiнiң алты түрiн қолдайды. Мәтiндi қандай да бiр
стильде азу үшiн оны Hn және Hn тэгтерiнiң арасына орналастыру
керек. Олар былай жазылады.
H1 Heading style 1 H1
H2 Heading style 2 H2
H3 Heading style 3 H3
H4 Heading style 4 H4
H5 Heading style 5 H5
H6 Heading style 6 H6
HTML төрт физикалық стильдi қолдайды. Физикалық стиль− бұл

курсив немесе толықтық сияқты
қарiптiң атрибуттары. Олар келесi де

көрсетiлген.
HTML тiлiнiң физикалық стилi

Стиль
Толық шрифт
Курсив
Астын сызу
Машинопись (фиксталген ен)
тег
B...B
I...I
UU
TT...TT

HTML логикалық стиль олар ерекшеленгенген мәтiннiң мағынасын
анықтайды. Олардың қарiп атрибуттарына қатысы жоқ болғандықтан, олар
әр браузерде әр−түрлi көрiнiс табуы мүмкiн. Логикалық стильдер келесi
кестеде көрсетiлген.
HTML логикалық стилi
HTML тiзiмдерi сiздiң құжатыңыздағы ақпараттарды қызықты етiп
көрсетуге мүмкiндiк бередi. Олар келесi кестеде көрсетiлген.
HTML тiзiмдерi кестесi

Тип
Нөмiрленген
Таңбаланған
Баяндау тiзiмi
тiзiмi тегi
OL...OL
UL... UL
DL...DL
элемент тегi
LI...LI
LI...LI

DD...DDДТ...DT

Меню
MENU...MENU
LI...LI

Директория
DIR...DIR LI...LI

Келесi HTML кодында тiзiмге мысал келтiрiлген:
html
H2 Unordered Lists - маркированный список Н2
ULBulleted LIST items LI
LI! -- элементы маркированного списка−−LI
LILIST items are indented LI
LI! -- элементы имеют отступ−− LI
UL
H2Ordered LISTS− нумерованный список H2
OL
LINumbered List items LI
19

LI−−элементы нумерованного списка−−LI
LIList items are intented LI
LIэлементы имеют отступ LI
ОL
Н2Dicsrihtion Lists−список списанной Н2
DL
DТFirst tern DT
DD derscribtion of pist tern DD
DD ! -- Описания первого термина−−DD
DТSegond term DТ
DТ! -- Второй термин−−DТ
DDDescribtion of second term −DD
DD− описание второго термина−−DD
DL
html
HTML сiзге арнайы символдарды қолдану мүмкiндiгiн бередi.
Көбiрек (), азырај () және тырнақша (")символдары HTML−дың
форматты тегтерiнде қолданылатындықтан, оларды экранға шығару үшiн
белiгiлi бiр тiзiмде орналастыру керек. Ол тiзiмдерде амперсант белгiсi (&)
қолданылады.
Оны да экранға шығару үшiн белгiлi бiр тiзiмде орналастыру керек.
Арнайы символдардың тiзiмi келесi кестеде көрсетiлген.
Резервтелген HTML символдары үшiн арнайы символдар тiзiмi

Тiзiмi
<
>
&
&guot;
көрiнiс

&
"
мәнi
азырақ
көбiрек
амперсант
Тырнақша

Осы HTML символдарын қолдану арқылы бiз қарапайым Web беттi
құра аламыз. Web беттi көркемiрек ету үшiн HTML - дың басқа да көптеген
тэгтерiн үйрену қажет. Оларды қолдану арқылы бiз Web−бетке графика және
кестенi кiрiстiре аламыз.
Web параққа кестені және графиканы қосу.
Web парақты көркемiрек ету үшiн оған графиканы және кестенi енгiзу
керек. Мәтіндiк бiркелкiлiктi бұзатын графикалық элементтер әр−түрлi
болуы мүмкiн. Web графикасы қарапайым сызықтан күрделi суретке дейiнгi
диапазонды қамтиды. Графиканы қолданудық негiзгi себебi - сiздiң Web
торабыңыздың қолданушыларына ақпаратты қызықтырақ әрi түсiнiктiрек
етiп көрсету.
Горизанталь сызық− графиканың ең оңай элементi. Оны Web бетке
кiрiстiру үшiн HR (Нorizontal Rule, горизанталь сызық) тегi қолданылады.
Оған мысал келесi кодта көрсетiлген:
HTML
H2демонстрация горизантальной линии H2
Р
20

Здесь HTML−текст, а ниже линия
Р
HR
Р
I для книги Интернет Explorer 3 в подленнике I
HTML
Компьютерлiк графиканы сајтайтын бiрнеше форматтар бар. Бiрақ
WorldWideWeb−те сiз тек ғана екi форматты қолданасыз. Олар: GIF және
JPEG. GIF форматы (Graphics Interchange Format−графикалық мәлiмметтердi
алмасу форматы) алғашында кескiнi бар файлдарды сақтау үшiн стандарт
ретiнде СompuServe торабының қолданушыларына арнап құрастырылады.
Қазiргi кездегi оның стандартты CIF 89a. CIF форматында сақталатын
графика 256 түспен шектеледi. Сол үшiн бұл форматта толық түстi суреттi
сақталмай ақ қайған жөн. CIF−ты белгi, эмблема және басқа да қолдан
жасалған бейнелерге қолданған дұрыс. CIF стандартты Web бет авторлары
үшiн маңызды келесi эффектердi қолдайды:
− Кезектi көрсетiлiм (Interlacing). Бұл, көршi болмаған бейнелердiң
бiрге сақталатындығын бiлдiредi. Браузер бұл бейненi оқуына байланысты,
екiншi көрiнiстiң шетi бейнелене бередi. Бұл екiншi бейне толық шықпай ақ,
оның не туралы екенiн түсiнуге мүмкiндiк бередi.
− Тұнықтылық (Transparency) Тұнық CIF бейнесiнде түстердiң бiрi
тұнық етiп белгiленедi. Бұл құжат фонының одан өте алуына мүмкiндiк
бередi. Сол үшiн тұнық CIF−тер өте кең таралған. Ондай кесiндердi құру
үшiн жаңа програмалар да құрастырылуда. Мысалы, Photo CIF деп аталатын
PhotoShop−тың модулi тұнық беттi де, кезектi CIF−тi де құруға мүмкiндiк
бередi.
− Анимация. Анимацияланған CIF анимация құру үшiн бiр файлда
сақталған суреттердiң ретiмен жасалалады.
CIF 89а−ны толық қолдайтын браузер анимация жасау үшiн суреттерде
кезегiмен шығару керек екендiгiн бiлетiн болады. Бұл программалар
сондай−ақ анимация басталғанға дейiнгi уақытты және оның қайталану ретiн
орнатуға мүмкiндiк бередi.


JPEG. JPEG (Joint Photographis Experts Group)−кескiн бойынша

бiрiккен эксперттер тобы ) толық түстi кескiндi қолдап, оларды сығулы
күйде сақтауға мүмкiндiк беретiн форматтар жиынтығы. Кең таралған
браузерлер JPEG форматының кескiндерiн көрсете алады, бiрақ бұрын ол
үшiн арнай программалар қолданылған. Жақында шыққан прогрессивтi
JPEG (р−JPEG) форматы, кескiнге кезектiлiк эффектiн бередi. Бiрақ JPEG−де
тұнықтылық мүмкiн емес. Себебi берiлген бейнелердiң бiраз өзгеруiне түрткi
болады. JPEG−форматы толық түстi суреттер үшiн таңдалынатын формат
болса да, ол түстердiң жылдам ауысатын кескiндерiне жарамайды.
Оның себебi түстердiң тез ауысуы компрессияға байланысты пайда
болатын математикалық манипуляцияға төзе алмайды. Ол үшiн ол суреттердi
GIF форматында сақталан жөн. Бейнелер HTML құжатының iшiнде
бейнеленсе де, сiз оларды бөлек файлдарда сақтауыңыз керек. Бейненi Web
21

бетке кiрiстiру үшiн IMG тегiн пайдаланасыз. Оның ең қарапайым көрiнiсi
келесi: IMG SRC= URL. Мұндағы URL− графикалық бейненi сақтайтын
файлдың адресi. SRC атрибуты мiндеттi болып, ал бейнесi бар файлдың
URL−ын көрсетедi. Файлда әр−түрлi жерлерде орналасқандықтан, сiз
алыстағы серверден де, жақын жердегi серверден де оны кiрiстiре аласыз.
IMG тегiнiң атрибуттары келесi:
IMG тегiнiң атрибуттары Атрибут анықтамасы
ALIGN= орналасу мәтiнiң бейнеге байланысты орналасуы (төбесiнде
(TOP), ортасында (MIDDLE) немесе астында (BOTTOM) болуы мүмкін).
ALT= мәтiн бейненiң орнына көрсетiлуi керек мәтiн .
ISMAP Карт−бейне құру үшiн қолданылады WIDTH= енi
Бұл бейненi пиксель бойынша екiге теқестiрiледi.
MEIGMT= биiктiк Бұл бейненi пиксель бойынша биіктігіне
теңестіреді.
ALING атрибутын мысал келесi кодтакелтiрiлген:
HTMLHEAD TITLE IMG - tag TITLE MEAD
img src= int.git algin= ТОР выравнивание наверх
MRimg src= int.git align= MIDDLE выравнивание по центру
HRimg src=int.gifalign=BOTTOM выравнивание вниз (по
умалчанию)
HTML
Сiздiң қарапайым шертуерге көркем альтернатива құру үшiн пернелер
эффектiн құру арқылы, графикалық бейнелерге гиперсiлтемелер құруыңыз
мүмкiн. Бiрақ мәтiндi A НREF="URL" және А тэгтерiнiң арасына
орналастырудың орнына сiз олардың арасына IMG тегiн орнатасыз.
Осыған мысал:
HTML
A HREF=http:portal.nienschanz.ru:80 0wwwrusgeneralprofile.html
IMG SRC="nienl.gif"A
HR
Отсюда вы можете посетить страницу с профайлом фирмы Ниеншанц.
P
http:portal.nienschanz.ru.800www rusgeneralprofile.html
HTML
HTML Web беттi көрмiрек етiп құру үшін кесте құру мүмкіндігін
береді. Кестені құруды бастау үшін TABLE тэгі қолданылады. Оны
аяқтайтын тэг TABLE. Олардың арасында кесте құру үшін керекті
тегтердің барлығы орналасады.TABLE тэгі BORDER−n түріндегі рамка
атрибутына ие болуы мүмкін. Ол ені n−пиксель рамка құрады.TR және
TR тэгтері кесте бағандарын құту үшін қажетті барлық тегтерді
қамтиды.TR тэгі ALIGN және VALIGN атрибуттарына ие болуы
мүмкін.ALIGN ұяшықтағы мәліметтің орналасуын реттейді. Ол LEFT (сол
жақ бойынша туырлау), RIGHT(оң жақ бойынша туырлау) және
CENTER(ортасына туырлау). мәндеріне ие болуы мүмкін.VALIGN
ұяшықтағы мәліметтің вертикаль орналасуын реттейді. ОлTOP(жоғарғы жақ
22

бойынша туырлау), ВОТТОМ(төменгі жақ бойынша) және MIDDLE(ортасы
бойынша) мәндерін қабылдауы мүмкін. Сіз кестені сызып болған соң, оны
толтыруға кірісесіз. Егер ұяшық кестенің мәліметін сақтаса, сіз оны TD
және TD тэгтерімен көрсетесіз. TD және TD тэгтерінің аралығында
орналасқан ұяшықта жазылады. Тақырып жазу үшін сіз TH және TH
тэгтерін қолданасыз.

2.2 PHP тілінің негіздері

РНР тарихы 1995 жылы тәуелсіз Расмус Лердорф (Rasmus Lerdorf) атты
программист−келісуші оның онлайндық резюмесін оқыған сайтқа кіруші
адамдар санын есептеуге арналған PerlCGI сценариін жазуынан басталады.
Оның сцнариін екі есепті шешуге бағытталған: келушінің деректерін тіркеу
және web−бетіне келушілердің санын шығару. WWW дамуы әзір тек
басталғанда мұндай есептерді шешу үшін арнайы құралдар болған жоқ, сонда
авторды халық сұрақтармен жауып тастады. Лердорф Personal Home Page
(РНР) немесе Hypertext Processor (гипермәтінді үрдіс) атты өзінің аспабын
тегін тарата бастады.
РНР−дің сәтті жарыққа шығуы Лердорфты РНР кеңейтілуін жобалауға
итермеледі. Кеңейтілудің бірі HTML формасында енгізілген мәліметтерді
символдық айнымалыларға түрлендіреді, ол оларды басқа да жүйелерге
экспорттауға мүмкіндік береді. Берілген мақсатқа қол жеткізу үшін Лердорф
келешектегі жобаларда Perl−дан C−ге өтуге шешім қабылдады. РНР - дегі
аспаптар жиынын кеңейтілуі РНР 2.0 - нің тууына себепші болды, немесе
2.0, или PHP−FI (Personal Home Page -- Form Interpretator). 2.0 нұсқасын
дамытуда бүкіл дүниежүзінің программисттері ат салысқан.
РНР−дің жаңа нұсқасы танымал атаққа ие болды, және жақын арада
негізгі жобалаушылар командасы құрылды. Олар программалық кодты
HTML−ге ендірудің түпнұсқалық концепсиясын сақтай отырып, лексикалық
анализ механизмін қайта жазды, осыдан келе РНР 3.0 жарыққа шықты. 3.0
нұсқасының шығуына жуыр 1997 жылы 50 000 астам қолданушы РНР−дің
өздерінің web−беттерін жақсатуға қолданылған еді.
1997 жылы PHP−дің қысқартылуы Personal Home page деген
мағынаны емес, РНР Hypertext Processor ұғымын білдіруі керектігі
шешілді.
MySQL - дерекқордың көп ағымды ықшам сервері. MySQL үлкен
жылдамдық, тұрақтылық және қодланыста жеңлдігімен сиптталады.
MySQL кіші және орта қосышаларды ең ықтимал шешуі болып
табылады. Сервердің бастапқы мәтіні платформалардың көбісінде
компиляцияланады.
РНР тілінің негіздері − Кодта барлық командалар үтірлі нүктемен (;)
аяқталуы тиіс. Сіз үтірлі нүктемен аяқтай отырып бірнеше команданы бір
жолда орналоастыра аласыз. Бірақ программа кодының анықтылығы үшін
оны істеу қажет емес. Сонымен қатар РНР−де басқарушы элементтер

23

(шартты операторлар, циклдер және т.б.) бар, олардан кейін үтірлі нүкте
қоюдың қажеті жоқ.
Программа кодына түсініктемелер енгізуге болады, олар HTML
браузеріндегідей РНР−интерпретатормен сияқты қабылданбайды.
Түсініктемелерді қолдану программистке сол мезетте не ойластырғанын еске
түсіруге көмектеседі. Біржолдық түсініктеме екі тік слэш белгісімен ()
немесе решетка белгісімен (#), ал көпжолды ашылатын және жабылатын
жақшалармен (*және*) жүзеге асырылады.
Айнымалылар − РНР−де айнымалылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрі салаларына қарқынды түрде енуі және мобильді қосымшаларды қолдану
Электрондық бизнес құрылымы
Компанияның веб - сайты
Корпоративтік сайттың құрылымы
Мейрамхана интернет жарнама құралдары
Журналистік шығармашылықтағы интерактивтілік қырлары
Сауда Интернет жүйелері
Кандидаттарды іріктеу процесі
Жергілікті бейне жарнамасы
«Креатив» мерекелерді ұйымдастыру агенттігінің сайтын жобалау
Пәндер