Мәліметтер базасын басқару теориясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

8

9

10

11

Аңдатпа

Бұл дипломдық жобада «Nash Pub» кафесінің ақпарат жүйесі желідегі

автоматты жұмыс істеуі қамтылды. Кафе қызметкерлері автоматтандырылған

бағдарламаның негізгі және қосымша бөліктерін пайдалана отырып, өз

жұмыстарын күнделікті орындау мүмкіншіліктері бар. Ақпараттық жүйеде

деректер қорының архитектуралық құрылымы және дерекқорының қауіпсіздігі,

қызметкерлер қолдану аумағаның ойтайлы жылдам жұмыс істеу мәселелері

қарастырылған.

Өміртіршілік

қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінде жобаның

қолданылатын кафе аумағының жарықтандыру, желдету сияқты түрлі

мәселелері шешімін тапты.

Экономикалық бөлімде, жобаның экономикалық тиімділігін дәлелдеп

бизнес -жоспарын жасалды.

Аннотация

В этой дипломной работе охвачена автоматическая работа

информационной системы кафе "Nash Pub" в сети. Работники кафе имеют

возможность ежедневно исполнять свои обязанности, используя основные и

дополнительные части автоматизированной программы. В информационной

системе рассмотрены архитектурная структура информационного архива, его

безопасность и проблемы его быстрого и удобного использования

сотрудниками в их сфере. .

В разделе об обеспечении безопасности жизни нашли решения такие

проблемы, как освещение и вентиляция площади кафе, участвовавшего в

данном проекте.

В экономическом разделе доказана экономическая выгода данного

проекта и разработан бизнес - план.

Annotation

This thesis enfolds the automatic work of informational system of the cafe

"Nash Pub" in the network. Workers of the cafe have the opportunities daily to fulfill

their duties using the main and additional parts of an automatic program. In the

informational system the architectural structure of the informational achieve, its

security and the problems of its fast and convenient usage by the workers, in their

sphere, are considered.

In the column about providing the life security such problems, as lighting and

ventilation of the cafe, which took part in this project, are solved.

In economic column the economic benefits of the given project is proved and

business-plan is developed.

12

Мазмұны

Кіріспе

8

1 Автоматтандырылған

ақпараттық жүйе (ААЖ)


9

1. 1 Негізгі

1. 2 Жұмыс

түсініктер 9

оқу жоспарын өңдейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйенің

сипаттамасы

9

1. 3 ААЖ-ге

қойылатын жалпы талаптар 10

2. Мәліметтер

базасы(МБ) . Мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) 12

2. 1 Мәліметтер

базасы туралы жалпы ақпарат 12

2. 1. 1 Мәліметтер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттар

2. 1. 2 Мәліметтер базасын пайдаланушылар мен олардың деңгейлері

13

13

2. 1. 3 Мәліметтер

базасы әкімшілігінің функциялары14

2. 1. 4 Мәліметтер

базасы администраторының байланыстары

15

2. 2 Мәліметтер

базасын басқару теориясы

16

3. Мәліметтер

қорын жобалау және оны іске асыру 18

3. 1 MySQL мәліметтер базасы

18

3. 2 ER

- диаграмма құру

18

3. 3 Реляциялық

модельді құру

19

3. 4 MySQL-де

мәліметтер базасын құру мен мәліметтер базасын толтыру

20

3. 5 МҚ

диаграммасы 24

4 Физикалық

жобалау 26

4. 1 Delphi

программалау ортасы 26

4. 1. 1 Delphi

туралы жалпы түсінік26

4. 2 Delphi

программалау ортасында мәліметтерге қатынаудың негізгі

құрауыштары 27

4. 3 TADOtable құрауышының қасиеттері

33

4. 4 TADOTable құрауыштарының әдістері5 Қосымша интерфейсін және оның

функционалдығын сипаттау

35

5 Қосымша интерфейсін және оның функционалдығын сипаттау

37

6 Технико - экономикалық негізделуі

41

8

6. 1 Жұмысты сипаттау және қажеттілігін негіздеу

6. 2 Нарықты саралау және орнын анықтау

6. 3 Бағдарламаның SWOT-анализі 41

41

41

6. 4 Маркетинг-микс элементі

42

6. 5 Бағдарламалық қамтаманың өңделуінің еңбек өнімділігінің есептелуі

42

6. 5. 2 Еңбекақыға жұмсалатын шығындар

6. 5. 3 Қосымша шығындар статьясы

44

45

6. 5. 4 Өзіндік құн нәтижесінің кестесі мен диаграммасы

47

6. 6 Бағдарламаның бағасына есептеу

49

6. 6. 3 Бағдарламалық өнімді иемденудегі кәсіпорындардың бірмезгілдегі шығындарын есептеу

49

6. 6. 4 Қолдану саласындағы жылдық шығындарды есептеу Ақпараттық өнімді енгізуден алынған

үнемдеу мөлшері мен табысты есептеу

6. 7 Ақшалай құралдардың қозғалысы

6. 8 Экономикалық тиімділікті есептеу

50

52

52

6. 8. 1 Таза ағымдағы құндылықты есептеу (Nеt present value, NPV)

52

6. 8. 2 Пайда индексін есептеу (Profitability index, PI)

53

6. 8. 3 Табыстың ішкі нормасын есептеу (Internal rate of return, IRR)

53

6. 8. 4 Өтімділік периодын есептеу (Payback period, PBP)

54

Қорытынды

65

Әдебиеттер тізімі

66

Қосымша А

Қосымша Ә

67

80

9

Кіріспе

Ақпараттық технологиялардың дамуы мен кең қолданылуы әлемдік

бірлестіктің даму үрдісінде маңызды роль атқарады. Қазіргі заманғы

технологияларды ақпаратты өңдеу үшін пайдалану бәсекеге қабілеттілікті

арттырады, әлемдік жүйеге ықпалдауды кеңейтуге әсерін тигізеді, басқару

процессінің тиімділігі мен сапасын арттыруға маңыздылығы көп.

Дипломдық жобаның өзектілігі: офис-тіркеушісінің жұмысын жеңілдетіп,

жұмыс уақытын үнемдететін магистратура мамандықтарына оқу жоспарын

өңдейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру болып табылады.

Бұл дипломдық жобаның мақсаты: «Тұран»

университетінің

магистратура, докторантура және халықаралық бірлестік департаментіне оқу

кестесін құруға көмекші және ақпаратты автоматты түрде өңдейтін ақпараттық

жүйе құру болып табылады. Ол модель кафедрадан берілген әр мамандық

бойынша жұмыс оқу жоспарын негізгі ақпараттық ағым талдауына негізделген

форма түрінде құралып, нәтижесінде магистранттардың сабақтарының оқу

кестесін құруға көмектесетін инфлологиялық модель шығады. Ол ақпаратқа

оперативті және қолжетімді, жұмыс оқу жоспарында өзгеріс болған жағдайда,

білім берудің кредиттік жүйесіне сәйкес мәліметтер базасына өзгерістер

енгізуге ыңғайлы болуы тиіс. Ал мәліметтер базасында университет, факультет,

кафедра, мамандық, оқытушылар, аудитория және пән (кредиттер саны,

дәрістер мен семинарлар) жайында

мағлұматттар сақталады.

Мультимедиялыық ақпаратты стандартты құжаттарды формаландыру HTML

(HyperText MarkUp Language) мен РНР тілдері негізінде жазылады.

Алдыға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын тапсырмалар:

- пәндік аумақтың талдауы;

- мағлұмат жинау мен оны талдау;

- бағдарламаларға шолу;

- мәліметтер базасының құрылымын жобалау;

- ақпараттық жүйенің құрылымын жобалау;

- ақпараттық жүйенің кодталынуы;

- ақпараттық жүйе жұмысын тестілеу, нәтижелерін талдау;

- автоматтандырылған ақпараттық жүйе түсінігі, кіріспе.

8

1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ)

1. 1 Негізгі түсініктер

Автоматизация - өзін реттейтін техникалық мүмкіндік, экономика-

математикалық әдістер мен бақылау жүйесі, энергияны жіберу мен қолдануда,

қабылдау процесстерінде, өзгертуде, мәліметтерді немесе ақпараттарды,

адамдардың көмегісіз-ақ орындалатын операциялардың күрделілігін кемітетін

ғылыми-техникалық прогресстің бағыттарының бірі.

Қосымша датчиктерді (сенсорлар), енгізу құрылғыларын, басқару

құрылғыларын (бақылаушылар), шығару құрылғыларын,

электронды

техниканы және есептеу әдістерін, кейде адамның ойлау мен жүйке жүйелерін

көшіріп алатын функцияларды қолдануды талап етеді. Автоматты терминмен

қатар, автоматтандырылған термині де жиі қолданады және онда процесс

барысында адамның қатысуын керек етеді.

Автоматтандырылады:

- өндірістік процесстер;

- жобалау;

- ұйымдастыру, жоспарлау мен басқару;

- ғылыми ізденістер;

- бизнес-процестер.

Автоматизациялаудың мақсаты - еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің

сапасын жақсарту, басқаруды ықшамдау, өндірістен адамдардың денсаулығына

зиян еңбек-жұмыстарын жою. Автоматизация тапсырманы шешуді

комплекстік, жүйелік шешу жолдарын таңдайды, сондықтан да автоматизация

алдында тұрған мәселелерді көбіне жүйелік деп атайды.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) адамды және ақпаратты

өңдеу процесі кезінде қатысады, техникалық мүмкіндіктер, яғни басты роль

копьютерге назар аударылады. Қазіргі кезде «АЖ» терминінің талдауы кезінде

автоматизациялау жүйесі ұғымы да міндетті енгізіледі.

Автоматтандырылған АЖ, басқару процесін ұйымдастыру кезінде кең

қолданыс тапқан, оның түрлі модификациясы бар және талдануы мүмкін,

мысалы, ақпаратты қолдану мен қолданыс ортасына байланысты мінездемесіне

қарай.

Автоматтандырылған АЖ. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе

адамның қатысуынсыз-ақ ақпаратты өңдеуге арналған бүкіл операцияларды

орындай алады.

1. 2 Жұмыс оқу жоспарын өңдейтін автоматтандырылған ақпараттық

жүйенің сипаттамасы

Жұмыс оқу жоспарын өңдейтін ақпараттық жүйе келесі қасиеттерге ие:

− икемділік - офис-тіркеушінің қалаған уақытында іске асыра алу

9

мүмкіндігі;

− модульдылық - бір-біріне тәуелсіз оқу курс-модульдерінен оқу

жоспарын құрып алу мүмкіндігі;

− қамту - түрлі ақпарат көздеріне бір уақытта үндеу жасай алу

мүмкіндігі (кафедраларға, мамандықтарға, факультеттерге, аудиторияларға,

оқытушыларға және т. б. ) ;

− үнемділік - оқу кестесін құруға уақыттың үнемділігі және уақытты

тиімді қолданылуы, ыңғайлы дайын формаларға мәліметтерді енгізу мүмкіндігі;

− технологиялық - білім беру процессінде ақпараттық және

телекоммуникациялық технологияларды қолдану адамды постиндустриялды

ақпараттық кеңістікке жылжытуға мүмкіндік береді.

1. 3 ААЖ-ге қойылатын жалпы талаптар

ААЖ-ға қойылатын жалпы талаптар:

- жүйелілігі;

- икемділігі;

- тұрақтылығы;

- тиімділігі.

Жүйелілік. ААЖ жұмыс орнының функционалды арналуымен

анықталатын құрылымы бар жүйе деп қарастырғаны жөн.

Икемділік. Элементттердің стандартталуы мен құрылудың модульдігінің

арқасында жүйе мүмкін болатын қайта құруларға икемді болу керек.

Тұрақтылық. Ішкі мен сыртқы қоздыратын факторлардың әсеріне

қарамастан жүйе негізгі функцияларды орындауы керек.

Эффективтілік. ААЖ-ны жүйенің құрылуы мен қолдануына кеткен

шығындарына апаратын жоғарыда келтірілген қағидалардың жүзеге асырылу

деңшейінің интегралды көрсеткіші де қарастырғаны жөн.

ААЖ бұл әрдайым арнаулы сипатты жүйе. Нақты бір маманға әкімші,

экономист, инженер, конструктор, жобалаушы, сәулетші, дизайнер, дәрігер,

ұйымдастырушы, зерттеуші, кітапханашы, мұражай қызметкері және т. б.

арналған техникалық құралдар мен программалық қамтамасыз етудің

жиынтығы.

ААЖ-ны ендіру компьютер ұйытқы болатын ақпаратты өңдеудің

машиналық құралдар мен адам арасындағы функциялар мен жүктеменің дұрыс

бөліп тарату жағдайында қалаған эффектті беруі мүмкін.

ААЖ бұл тек еңбектің өнімділігін мен басқарудың эффективтілігін

жоғарлатуының құралы ғана емес, сонымен қатар мамандардың қоғамдық

қолайшылығының құралы.

ААЖ жеке (дербес) , топтық, коллективті болуы мүмкін. Топтық пен

коллективті ААЖ-на қатысты олардың ДК-дің жүйе ретінде эфефективті

функционалдау мақсатында мамандарға әкімшілдеудің нақты функцияларын

анықтау қажет. ААЖ адам машиналық жүйе ретінде ашық, икемді, үнемі даму

мен жетілдірілуіне бейімдіболу қажет.

10

Мұндай жүйеде келесі қамтамасыз етілу керек:

- мамандардың ақпаратты өңдеу машина құралдарына максималды

жақындығы;

- диалогты тәртіпте жұмыс жасау;

- эргономика талаптарына сәйкестілік;

- компьютердің жоғары икемділігі;

- ескілік процестердің максималды автоматтандырылуы;

- жекелік жағдайда мамандардың өнерпаздық белсенділігін арттыратын,

ал кейін жүйенің дамуына әкелетін мамандардың еңбек жағдайларына

моральды түрде қанағат болуы;

- мамандардың өзін-өзі оқыту мүмкіндігі.

11

2 Мәліметтер базасы(МБ) . Мәліметтер базасын басқару жүйелері

(МББЖ)

2. 1 Мәліметтер базасы туралы жалпы ақпарат

Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы аумаққа қатысты

мәлімететтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы

прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған

мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық

құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде

түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты

әлемнің бөлігі түсініледі.

Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған

ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі

қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып

жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз

құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар

тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен

қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де

орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер

базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та

сақталатындығын айта аламыз.

Егер, мысалы, оқу процессін алатын болсақ, бұл анықтаманы оңай

түсіндіруге болады, мұнда оқылатын пәндер, олардың неше кредиттен

тұратындығы, сол пәндерге қатысты сабақ беретін оқытушылар, ол пән таңдау

пәндер қатарына жатады ма және т. б. көптеген мәліметтер сақталады. Бұл

базаға оқу процессіне қатысты көптеген қызметкерлер кіре алады. Бірақ

олардың ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе

алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі әдістер мен жабдықтар

бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана

жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы мәліметтердің нақты

қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде қызметкерлер

пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде мәліметтерді енгізу мен

редактрлеуді жүргізетін ақпарат қалыптасады.

Мәліметтер базасы түсінігімен мәліметтер базасын басқару жүйесі

түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базаның құрылымын құру, оны

мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау

үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуалдау

деп берілген критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді,

оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе

байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.

Әлемде көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері бар. Олардың әр

түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр

12

түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындығына қарамастан МББЖ-нің көбі

ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені

қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін МББЖ-нің барлық

классына жалпылауға мүмкіндік береді.

2. 1. 1 Мәліметтер базасының кең түрде қолданылуының алғы

шарттары

МБ-ның айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары оның

кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына келесілер

жатады:

- нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады.

Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді

қалыптастыруды талап етеді;

- әртүрлі

пайдаланушылардың

ақпараттық

қажеттіліктері

өзара

қиылысады, ал бұл бір мәліметтер базасын қолдануды және әртүрлі

пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;

- ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары және қажетті

мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде универсалды және жалпы

болып

табылады.

Мәліметтерді

басқару

үшін

мамандандырылған

программалық жабдықтарды құру - бұл функциялардың орындалу деңгейінің

өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына

әкеледі;

- техникалық және программалық қамтымасыз етудің дамуының қазіргі

заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен практикасы

тиімді МБ-н құруға мүмкіндік береді.

2. 1. 2 Мәліметтер базасын пайдаланушылар мен олардың деңгейлері

Мәліметтер базасымен оның құру мен функционалдау процесінде әр

түрлі категориядағы пайдаланушылар бірге іс-әрекет жасайды.

Пайдаланушылардың негізгі категориясы болып түпкілікті

пайдаланушылар, яғни, олардың қажеттіліктері үшін мәліметтер базасы

құрылатын пайдаланушылар табылады. Құрылушы мәліметтер базасының

ерекшеліктеріне байланысты оның түпкілікті пайдаланушылар әр түрлі бола

алады. Бұл мәліметтер базасына мезгіл өткен сайын көңіл аударатын кездейсоқ

пайдаланушылар болуы мүмкін немесе тұрақты, яғни, әрдайым пайдаланатын

пайдаланушылар болуы мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылар бір-бірінен

есептеуіш техниканы меңгеру дәрежесімен де ерекшеленуі мүмкін. Түпкілікті

пайдаланушылардан есептеуіш техника мен тіл жабдықтары саласында арнайы

білім талап етілмеуі керек.

Мәліметтер базасын функционалдау мәліметтер базасын құруды,

функционалдауды және дамытуды қамтымасыз етуші мамандардың

қатысуынсыз мүмкін емес. Мамандардың мұндай тобы мәліметтер базасының

13

администраторлары (МБА) деп аталады. Мамандардың бұл тобы мәліметтер

базасының құраушы бөлігі болып есептелінеді.

2. 1. 3 Мәліметтер базасы әкімшілігінің функциялары

Мәліметтер базасының администраторларының тобының құрамында

олардың атқаратын функцияларына байланысты әртүрлі топшаларды бөліп

көрсетуге болады. Әкімшілік топтың құрамының саны, олардың атқаратын

қызметі мәліметтер базасының масштабына, онда сақталатын ақпараттың

спецификасына, мәліметтер базасының түріне, қолданыстағы бағдарламалық

жабдықтар ерекшеліктеріне және кейбір басқа факторларға белгілі-бір

дәрежеде тәуелді болады.

Мәліметтер базасының әкімшілігінің құрамында жүйелік аналитиктер,

мәліметтер базасына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды

жобалаушылар, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесстерінің

жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программистер, операторлар,

техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек. Егер әңгіме

коммерциялық мәліметтер базасы жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды

рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды.

Мәліметтер базасының администраторлары жан-жақты функциялардың

үлкен шеңберін орындайды. Әрі қарай олардың кейбіреуін қарастырып өтуге

болады. Бұл функциялардың негізгілері келесідей:

1) пәндік облыс талдауы: пәндік облысты жазбаша суреттеу,

толықтылықты шектеуді табу, ақпарат статусын анықтау, пайдаланушылар

қажеттіліктерін анықтау, пайдаланушылар статусын анықтау, "мәліметтер -

пайдаланушы" сәйкестігін анықтау, мәліметтерді өңдеудің уақыттық - көлемдік

мінездемесін анықтау.

2) мәліметтер базасының құрылымын жобалау: мәліметтер базасының

файлдарының құрамы мен құрылымын анықтау, олардың арасындағы

байланыстарды анықтау, мәліметтерді тәртіптеу әдістері мен ақпаратқа енуі

әдістерін таңдау, мәліметтер базасы мен мәліметтерді жазбаша суреттеу

тілдерінің құрылымын жазбаша суреттеу.

3) мәліметтер базасы мен МБ-н өңдеу шараларының құрылымын жазбаша

суреттеу кезінде толықтылықты шектеуді беру: пәндік аумаққа жататын

толықтылықты шектеуді беру, мәліметтер базасының құрылымымен

шақырылған толықтылықты шектеуді анықтау, мәліметтерді енгізу мен

түзетулерде МБ-ң толықтылығын қамтамасыз ететін шараларды құру, көп

пайдаланушылар режимінде пайдаланушылардың параллельді жұмысында

толықтылықты шектеуді қамтамасыз ету.

4) мәліметтер базасын алғашқы жүктеу мен жүргізу: мәліметтер базасын

алғашқы жүктеу мен жүргізу технологиясын жасау, енгізу формаларын

жобалау, мәліметтерді дайындау, енгізу және енгізуді бақылау.

5) мәліметтерді қорғау:

14

-

жүйеге пароль арқылы кіруді қамтымасыз ету: пайдаланушыларды

тіркеу, парольдарды тағайындау және өзгерту.

-

Нақты мәліметтерді қорғауды қамтымасыз ету: пайдаланушылар

топтарының және жеке пайдаланушылардың ену құқықтарын анықтау, жеке

пайдаланушылар үшін мәліметтерге жасалатын рұқсат етілген операцияларды

анықтау, мәліметтерді қорғаудың программалық

жабдықтарын таңдау/құру.

-

технологиялық

-

-

мәліметтерді қорғау жабдықтарын тестілеу.

ақпаратқа енудің қарастырылмаған жолдарын анықтау/тіркеу.

-

мәліметтерді қорғауды бұзудың пайда болған жағдайларын

зерттеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйені енгізу
Ломбард деректер базасы
Деректер базасын басқару жүйесінің теориясы
Банктердің активі мен пассивінің несиелік тәуекеліннің мәліметтер базасын құру ( ұйымдастыру )
Мәліметтер базасын құру алгоритімі
Білім базасының архитектурасы
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Мәліметтер базасының теориясы
Мәліметтер базасының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz