Motoshop ЖШС ақпараттық жүйесін автоматтандыру


8
![]()
9
![]()
10
![]()
Аңдатпа
Жобаның мақсаты «Motoshop» ЖШС ақпараттық жүйесін
автоматтандыру болып келеді.
Дипломдық жоба PHP, CSS, HTML және JavaScript тілдерін қолдана
отырып құрылған, ал деректер қоры MуSQL Server негізінде жүргізілген.
«Тіршілік қауіпсіздігі» бөлімінде еңбек жағдайларына, жұмыс орнына
талдау жасалынған. Инженердің жұмыс орнындағы жасанды жарықтандыру
бойынша есептеулер жүргізілген.
Ал техника-экономикалық негізделуі бөлімінде барлық баптар бойынша
жобаны жүзеге асырудағы шығындар анықталған және жобаның өзіндік құны
мен зияткерлік еңбектің бағасы есептелген.
Аннотация
Целью проекта является - автоматизация информационных систем
компании TOO «Motoshop».
Дипломный проект разработан с использованием языков PHP, CSS,
HTML и JavaScript, а база данных проведена на основании MуSQL Server.
В главе «Безопасности жизнедеятельности» анализируются трудовые
условия и рабочее место. На основании полученных данных сделан расчет по
искусственному освещению.
В главе «Технико-экономического обоснования проекта» по всем статьям
определены расходы по осуществлению проекта, себестоимость и цена на
реализацию.
Annotations
This thesis aims to project is - automation of information system of the
company LPP «Motoshop».
The diploma project is developed using language PHP, CSS, HTML and
JavaScript, and the database is made on the basis MуSQL Server.
In connection with life's dangers were analyzed elections fire safety and the
establishment of secure systems.
In the economic part of the costs have been calculated on the design of the
system, and work to make. It also describes the benefits of working with the
completion of the economic side.
11
Мазмұны
Кіріспе . . . 13
1 Автоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) арналуы мен құрылымы, интернеттің рөлі 14
1. 1 АЖО құрылымы . . . 15
1. 2 АЖО-ға қойылатын жалпы талаптар . . . 16
1. 3 АЖО-ды жобалау сатылары . . . 17
1. 4 Интернет ұғымы . . . 17
1. 5 Интернет жетістігі . . . 18
1. 6 Интернеттің негізгі принциптері . . . 19
1. 7 Қазақстан интернеті . . . 20
1. 8 DNS server ұғымы . . . 21
2 Web қосымша құру құралдары . . . 25
2. 1 Интернеттегі бағдарламалау тілдері . . . 27
2. 2 РНР бағдарламалау тілі . . . 28
2. 2. 1 РНР тілінің артықшылықтары . . . 31
2. 3 HTML бағдарламалау тілі . . . 32
2. 4 JavaScrpit бағдарламалау тілі . . . 34
2. 5 CSS бағдарламалау тілі . . . 36
2. 6 MySQL дерек қоры . . . 38
3 Web - қосымша құруда жобалау және оны іске асыру . . . 41
3. 1 Web - қосымша құру кезеңдері . . . 41
3. 2 Жобаны іске асыру мерзімі . . . 41
3. 3 Реляционды қатынастарды құрастыру . . . 42
3. 4 Бағдарлама скриншоттары . . . 42
4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 50
4. 1 Программалық өнімді жасау кезінде зиянды, потенциалдық қауіпті факторларды талдау. 50
4. 2 Кондиционерлеу жүйесін есептеу . . . 52
4. 3 Табиғи жарықты есептеу . . . 56
4. 4 Тіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша қорытынды . . . 59
5 Техникалық экономикалық негізделуі . . . 60
5. 1 Бизнес жоспар . . . 60
5. 2 Бағдарламалық қамтаманың өңделуінің еңбек өнімділігінің есептелуі . . . 62
5. 3 Бағдарламаның бағасын есептеу . . . 69
5. 4 Бағдарлама өнімін сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар есебі . . . 70
5. 5 Игеру саласындағы жылдық бір жолғы шығындар есебі . . . 71
5. 6 Ақпараттық жүйе енгізуден үнем мен табыс мөлшерінің есебі . . . 72
5. 7 Ақшалай құралдардың қозғалысы . . . 73
5. 8 Экономикалық тиімділікті есептеу . . . 74
Қорытынды . . . 78
Әдебиеттер тізімі . . . 79
Қосымша А . . . 80
12
Кіріспе
Бұл дипломдық жұмыста “Motoshop” компаниясының
администраторлары және жұмысшылары үшін құрылған дерекқор негізінде
клиенттік бағдарлама жасалынды. Бұл бағдарламалық шешім компания
администрторлары жұмысына көмек көрсету үшін арналған.
Бүгінгі таңда автокөліктер Қазақстан Республикасының өндірістік
инфрақұрылымының маңызды бөлшегі болып табылады. Қазақстанның
географиялық орналасуы (теңізге шығу мүмкіндігі болмауы, су кемелері
жүретін өзендер болмауы), территориясының кеңдігі, өндірістің шикізаттық
құрылымы, автокөлік саласының маңыздылығын арттыра түседі.
Веб технологиясы бәріне жетімді технология болғаннан кейін, жер
бетінде Интернет пайдаланушылар саны күрт өсті. Бұл, өз алдына, жаңа
ресурстарға сұранысты көбейтті. Аз уақыт ішінде Веб-серфингті сүюшілер
арасында аудио, видео және анимация ең әйгілі ресурстарға айналды.
Сондықтан, бұл жұмысты жасау үшін веб технологиялары қолданылды.
Дерекқор құру үшін алдымен осы саланы талдау қажет. Одан кейін жұмыс
процесіндегі деректерді сақтайтын логикалық байланысқан кестелер құрылып,
олардың негізінде жүйенің ақпараттық моделі алынады. Жүйенің ақпараттық
модель MySQL-жүйесінде деректер базасы жасалады. Клиенттік бағдарламаны
жасау PHP( ағылш. PHP: Hypertext Preprocessor - «PHP: еренмәтінді алдын - ала
үдірістегіш») тілі арқылы іске асырылады.
Бағдарлама жасау нәтижесінде, компания администраторларының
деректермен жұмыс жасаудың тиімділігі, жылдамдығы және ыңғайлылығы
артады.
13
1 Автоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) арналуы мен
құрылымы, интернеттің рөлі
Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) немесе шетел
терминологиясында «жұмыс станса» (work-station) бұл анықталған
функцияларды автоматтандыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған
белгілі бір мамандықтағы қолданушы маманның орны. Мұндай құралдар, керек
жағдайда басқа қосалқы электронды құрылғылармен, атап айтқанда, дискілік
жинақтауыштармен, басу құрылғылармен, оптикалық оқитын құрылғылармен
немесе штрих кодасын оқитын, графика құрылғыларымен, басқа АЖО-мен
және басқа жергілікті есептеу желілерімен т. б. түйіндесетін құрылғылармен
толықтырылатын әдетте дербес компьютер болып табылады.
Таралған АЖ концепциясына сәйкес олардың ішінде ақпарат көлемінің
төменнен жоғары қарай берілуі АЖ дың ұйымдық иерархияда жоғарыдағы
деңгейлердегі оның қаншалықты кажеттілігіне байланысты болады. Бұл жерде
ақпаратты өңдеу нәтижелерінің басым бөлігі және бастапқы деректер
деңгейлердің жергілікті дерекқорларда (ДБ) сақталған жөн. Осы таралған
басқару идеясын жүзеге асыруда әрбір АЖ деңгейі үшін мамандардың
автоматтандырылған жұмыс орындарын құруды талап етті.
АЖО-ның негізгі арналуы деп жұмыс орындарындағы ақпараттың
орталықтандырылмаған өңдеуді, «өзінің» сәйкес келетін дерекқорларын
қолданумен қатар жергілікті АЖО-мен ДК желілеріне, ал кейде қуатты ЭЕМ-
лар бар ауқымды есептеу тораптарына ену мүмкіндігімен қолдануды атауға
болады.
АЖО-да шешілетін мәселелерді шартты түрде ақпараттық және
есептеуіш деп бөлуге болады.
Ақпараттық мәселелерге ақпаратты кодалау, классификациялау (жіктеу),
жинау, құрылымдық ұйымдастыру, түзету, сақтау жатады. Ақпараттық
мәселелер жиі түрде арифметикалық пен мәтіндік сипаттағы және
байланыстағы қарапайым есептеу мен логикалық процедуралардан тұрады.
Ақпараттық мәселелер әдетте күрделі болып табылады және мамандардың
жұмыс уақытының көп бөлігін алады.
Есептеу мәселелер формальдандырылатын және жартылай
формальдандырылатын болады. Формальдандырылатын мәселелер формальды
алгоритм негізінде шешіледі және екі топқа бөлінеді: тура есептеу мәселелер
мен математикалық модельдер негізіндегі мәселелер. Тура есептеу мәселелер
қарапайым алгоритмдер көмегімен шешіледі. Одан күрделі мәселелерді шешу
үшін әртүрлі математикалық модельдерді қолдану талап етіледі. Соңғы кезде
жартылай формальданатын мәселелерді шешуге арналған сематикалық деп
аталатын амалдарды жетілдіруге аса назар аударылады. Мұндай мәселелер жиі
14
түрде экономикалық объектілерді оперативті басқару барысында, әсіресе толық
емес ақпарат жағдайында шешімді қабылдау кезінде туады.
1. 1 АЖО құрылымы
АЖО бұл ұйымдастыру, функционалды және қамтамасыз ету
бөліктерінен тұратын кешенді жүйе.
Ұйымдастыру бөлігі АЖО қолданушылардың функцияларын бөліп
таратуға арналған ұйымдастыру құрлымынан, сонымен қатар мамандарды
даярлау, дамыту мен әкімшілдеу тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Әкімшілдеуге жұмысты жоспарлау, тіркеу, бақылау, сараптау, реттеу, АЖО
қолданушыларының құқықтарын мен міндеттерін құжатты түрде рәсімдеуді
жатқызады.
АЖО-дың функционалды бөлігі бұл оперативті және перспективалық
жоспарлау мәселелердің шешімін, техника-экономикалық көрсеткіштердің
тіркеуін мен сараптауын камтамасыз ететін экономика-математикалық тәсілдер
кешені. Кешен құрылымы АЖО ның анықталған функцияларын жүзеге
асыратын жүйенің біршама дербес ішжүйеден тұрытыны болжамдалады.
Ішжүйелердің ерекшеленуі жұмыс орынның функционалды
специализациясы мен ұйымдық құрылымдық есеппен функцоналды ұйымдық
белгісі бойынша жүргізіледі.
АЖО-ның қамтамасыз ету бөлігі:
− функционалды ішжүйелердің ақпараттық қамтамасыз етуі (АҚЕту) ;
− техникалық құралдар кешені (ТҚК) ;
− ішжүйелер функцияларын жүзеге асырудың программалық құралдары.
АҚЕту АЖО бұл құжаттардың, ақпарат массивтерінің (ДҚ) және
кодалаудың стандартталған және бәрыңғай формалар жиынтығы.
АЖО-да қолданылатын ақпарат тиянақтылық, оның арналуы және
қозғалу бағыты бойынша жіктеледі. Тұрақтылық бойынша ақпарат шартты
тұрақты және айнымалы тұрақты, арналуы бойынша нормативті-анықтамалық,
жоспарлау, есептемелік, сараптамалық және оперативті-өндірістік (директивті-
оперативті және оперативті) деп бөлінеді. Қозғалу бағыты бойынша ақпарат
кіріс, шығыс және аралық деп бөлінеді.
АЖО-ның техникалық құралдар кешеніне (ТҚК) ақпратты жинау,
жеткізу, өңдеу және сақтау процестердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін
құрылғылар жиынтығы кіреді.
Біртекті операцияларды орындайтын құрылғылар техникалық
құралдардың функционалды топтарын құрайды. Ішжүйелердің функцияларды
жүзеге асырудың программалық құралдарына біріншіден адам-машина АЖО
жүйесінде қатынасудың программалық тір құралдарына арнап, «жұмыс
ортасын» қалыптастыратын операциялық жүйелерді жатқызуға болады. АЖО
прогораммалық тіл құралдары келесімен қамтамасыз етеді:
15
− АЖО-ның функционалды мәселелерін шешу;
− АЖО қолданушылар жағынан мәселелердің шешімін ыңғайлы және
түсінікті басқару - мәселелер интерфейстері.
1. 2 АЖО-ға қойылатын жалпы талаптар
АЖО-ға қойылатын жалпы талаптар келесідей:
− жүйелілік;
− икемділік;
− тұрақтылық;
− эффективтілік (тиімділік) .
Жүйелілік. АЖО жұмыс орынның функционалды арналуымен
анықталатын құрылымы бар жүйе деп қарастырғаны жөн.
Икемділік. Элементттердің стандартталуы мен құрылудың модульдігінің
арқасында жүйе мүмкін болатын қайта құруларға икемді болу керек.
Тұрақтылық. Ішкі мен сыртқы қоздыратын факторлардың әсеріне
қарамастан жүйе негізгі функцияларды орындауы керек.
Эффективтілік. АЖО-ды жүйенің құрылуы мен қолдануына кеткен
шығындарына апаратын жоғарыда келтірілген қағидалардың жүзеге асырылу
деңшейінің интегралды көрсеткіші де қарастырғаны жөн.
АЖО бұл әрдайым арнаулы сипатты жүйе. Нақты бір маманға әкімші,
экономист, инженер, конструктор, жобалаушы, сәулетші, дизайнер, дәрігер,
ұйымдастырушы, зерттеуші, кітапханашы, мұражай қызметкері және т. б.
арналған техникалық құралдар мен программалық қамтамасыз етудің
жиынтығы.
АЖО-ды ендіру компьютер ұйытқы болатын ақпаратты өңдеудің
машиналық құралдар мен адам арасындағы функциялар мен жүктеменің дұрыс
бөліп тарату жағдайында қалаған эффектті беруі мүмкін.
АЖО бұл тек еңбектің өнімділігін мен басқарудың эффективтілігін
жоғарлатуының құралы ғана емес, сонымен қатар мамандардың қоғамдық
қолайшылығының құралы.
АЖО жеке (дербес) , топтық, коллективті болуы мүмкін. Топтық пен
коллективті АЖО-ғақатысты олардың ДК-дің жүйе ретінде эфефективті
функционалдау мақсатында мамандарға (коллективке) әкімшілдеудің нақты
функцияларын анықтау қажет. АЖО адам машиналық жүйе ретінде ашық,
икемді, үнемі даму мен жетілдірілуіне бейімдіболу қажет.
Мұндай жүйеде келесі қамтамасыз етілу керек:
- мамандардың ақпаратты өңдеу машина құралдарына максималды
жақындығы;
− диалогты тәртіпте жұмыс жасау;
− эргономика талаптарына сәйкестілік;
− компьютердің жоғары икемділігі;
16
− ескілік процестердің максималды автоматтандырылуы;
− жекелік жағдайда мамандардың творчестволық белсенділігін
арттыратын, ал кейін жүйенің дамуына әкелетін мамандардың еңбек
жағдайларына моральды түрде қанағат болуы;
− мамандардың өзін-өзі оқыту мүмкіндігі.
1. 3 АЖО-ды жобалау сатылары
АЖО-ды дұрыс ұйымдастыру, құрастыру және енгізу мақсатында оның
жобалау процесін келесі сатыларға жіктейді:
− Бар басқару жүйесін зерттеу мен сараптама жасау;
− АЖО құруының техникалық тапсырманы құрастыру;
− АЖО-ды техникалық жобалау;
− АЖО-ды жұмыстық жобалау.
1. 4 Интернет ұғымы
Интернет (оқылуы интэрнэт ; ағылш. Internet - International Network) -
компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі
болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық
кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат
алуға болады[1] .
Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес,
Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Егер бұл терминді енгізген
ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде
жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.
Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин
мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру
ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды.
Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.
Интернет - кез-келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат
алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын
өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы
жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай
торапты кейде хост деп атайды. Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын
ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл
ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша
тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің
бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс
17
істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ
хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-
ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге
қабілетті болады.
Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),
адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды
почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса
да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен
- мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру.
Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға
болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді,
бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету
және әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-
әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат
қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары
бойынша
электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай
қаражатты электронды аудару) және EDI (Electonic Funds Data Interchange -
мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз
етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару.
Қазіргі уақытта кез-келген информациялық технологияның жаппай
техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі.
Компьютерлік
телекоммуникацияны
пайдалану
-
алыстағы
компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс
істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электрондық почта өте
қолайлы және аса қымбат емес.
1. 5 Интернет жетістігі
Интернет технологисы жылдам өзгеріп отырады. Интернетпен жұмыс
істеу оңайлағандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен
қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім келген нәрсе туралы,
информация таба аламын ба?" - деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа
телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен
информация алады.
Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз,
оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін
сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.
Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары
парақ (Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі сізді қызықтыратын
мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез
табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз
жетпей жүрген затынызды да табуға болады.
18
Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына
$8600 төлесе, қазір олар оны Интернеттен өте аз бағаға ала алады.
Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау
үшін Интернетке сай келетін демографиялық мәләметтерді пайдаланады.
Ғалымдар өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады. Интернет
көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді.
Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын
бақылап отыра алады. Колледж оқытушылары өз шаңырақтарымен
электрондық почта арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу
ақысын үнемдейді. Студенттер компьютерде курстық жұмыстарын жасайды.
Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын және
басқа да қажетті материялдарды алуға болады.
Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те
туристік және басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар
шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт
кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала -алады.
Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы
компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі
көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және
грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті
мәліметті каталогтардан көре алады.
Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау
облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен
алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп
отырады.
Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға
жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде
ұсынады. Осылайша инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді, ал өнеркәсіптер капитал
табады. Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама
жасау, өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т. б. жұмыстарды Web-те
жасайды. Мұнда информация барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда
қағазды және транспорт шығынын әлдеқайда үнемдеуге болады.
Дін. Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар web-те өздері туралы айтып,
басқа адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.
1. 6 Интернеттің негізгі принциптері
Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен
құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді
біріктіруге IP (Интернет Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін
маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі
физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық
19
мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де байланыса
алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар
(бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың IP-
адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және
бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес
кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін.
IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет
пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет
құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал
мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі. [2]
IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап
тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік
желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым
пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын
жариялайды. Бұл құжаттарда көптеген сұрақтардың техникалық
спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.
Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері:
- бүкіләлемдік тор;
- веб-форумдар;
- блогтар;
- вики-проекттер;
- интернет-дүкен;
- электронды почта;
- жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet) ;
- файл-алмасу желілері;
- интернет-радио;
- интернет-теледидар;
- IP-телефония;
- мессенджерлер;
- FTP-серверлер;
- IRC (веб-чаттар) ;
- іздеу жүйелері;
- интернет-жарнама;
- өшірілген терминал;
- төлеу жүйелері.
1. 7 Қазақстан интернеті
1998 жылы наурыз айының басында Республика телекоммуникациялық
компанияларының басқаруымен телекомуникация ассоцияциясы деген жаңа
ұйым пайда болды .
20
Коммерциялық емес құрылымның шығу мақсаты - кәсіпорынның
іскерлігін байланыстыру, желілер
телекоммуникациясының дамуын,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz