Негізгі педагогикалық технологиялардың сипаттамалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс.

1. 1. Білім үрдісіндегі “технология” ұғымы . . .

1. 2. Білім беру саласындағы педагогикалық технологиялар . . .

ІІ - тарау. Тарих сабағындағы қолданылатын оқыту технологиялары.

2. 1. Тарихты оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды

қолдану . . .

2. 2. Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінде тарих сабағында

инновациялық әдістерді қолдану жолдары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Диплом жұмысының көкейкестілігі:

Жұмыстың мақсаты:

Жұмыстың міндеті

Жұмыстың әдістері: Бұл жұмысты жазуда Қазақстандық педагогика ғылымындағы, әсіресе оның дидактика саласындағы, сондай-ақ білім мазмұнын іріктеу ұстанымдары; оқытудың ұйымдастыру формалары; оқытудың әдіс - тәсілдері; дүниежүзілік халық ағарту саласында өзгерістер мен жаңа бағыттар ескерілді; мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері, алдыңғы қатарлы озат мұғалімдердің тәжірибелері осы жұмысқа арқау болды. (6)

Тың тақырып бойынша жазылып отырғандықтан бұл дипломдық жұмыстың тарихи әдістемелік сипаты бар, яғни мұнда оқыту теориясы мен әдістемесі мәселелерімен қатар,

Мектептерде пәндерді оқыту тәжірибесінде, сондай-ақ мерзімді педагогикалық баспасөзде ақпараттық технологияны пайдалану, интерактивті әдістер сияқты оқытуды ұйымдастыру мен әдістерінде де жаңашылдық кездеседі. Оқу-әдістемелік мекемелердің, жоғары оқу орындарының кафедраларының, халыққа білім беру саласының облыстық, қалалық, аудандық мекемелері мен облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру институттарының, ондағы мектептердің қатысуымен жүзеге асырылды.

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық іздену жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-тарауда Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдістегі педагогикалық технологияның ұғымы.

ІІ- тарауда Оңтүстік Қазақстан мектептеріндегі жаңа технологияларды пайдалану жолдары

І - тарау.

  1. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс.

Әлемдік білім беру жүйесіндегі технологиялық үрдіс. Әлемдік мәдениеттегі технологиялық көзқарастарға тоқталып кетейік. «Технология» ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т. б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Технология дегеніміз не? - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамамызды беруге тырысамыз. Нәтижеде, дәл казіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ. (7)

Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық

объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.

«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден түрады: «техне»- өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы

ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.

Білім беру үрдісіндегі «технология» ұғымы

АҚШ пен Батыс Европада XX- ғасырдын екінші жартысынан бастап оқу процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50 жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет

кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. (8) Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да «оқытудың технологиясы» деген термин пайда болды.

60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде көптегсн еддерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т. б. ) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымсн айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан «оқыту технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік «тәрбиенің технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» ұғымдарына да тән. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін ұғымы қолданылады, оны дәстүр бойынша «білім беру технологиясы»

деп аударып жүрміз. Осы ұғым ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесіңде және т. б. ) қолданылатын кез келген технологияны сараптай алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге (дисциплина) қатысты қолданса дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектеп оқу үрдісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.

Сондықтан, бұдан әрі қарай «білім беру технологиясы» ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына - оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Сондықтан, оларды жеке қарастырған кезде түрлік ерекшелігін атап көрсетуге тиіспіз.

Бұл оқу үрдісінің «педагогикалык үрдіс» деп аталуына байланысты. Әлемдік терминологияның бірегейленуіне байланысты «білім беру технологиясы» үғымына тоқталуға тиіспіз. (9)

Технологияның әдістемесі сырт көзге оқу үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдерде карама-кайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» үғымы «білім беру технологиясы» үғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады: не үшін, неге және қалай окыту керек? Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі. Соңдықтан, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына ғана жауап береді.

Схема түрінде бұл жағдай төмендегіше сипаттауға болады:

Бір қарағанда, технологиялық әдіс жеке әдістемелер ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологиялық амалдардың мақсаттық ұстанымдары қалыптасқан.

В. Ф. Шаталов, В. К. Дьяченко көптеген қиындықтарға жолықты. Себебі, жаңа жағдайда жүйені жұмыс жасатуда алынған сипаттамалар жеткіліксіз болып отырды. В. Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесі.

Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктері белгілі. (10)

Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардын бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т. б. жатады. (11)

Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-тәсілдермен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде, сындарлы бірізділіпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы жетістіктерді көрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі. Мұны іс-тәжірибесіңде жүзеге асыру жұмыс принциптерінің арақатынасын талқылауға келтіріліп отыр.

Біздіңше В. Ф. Шаталовтын басты еңбегі - оқу ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Жасыратыны жоқ, «Оқыту әдісі дегеніміз оқытушының іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекетінің бірлігі» деген формулада келтірілген оқушылардың танымдық іс- әрекетіне назар аударылуына қарамастан, мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген белсенділікті В. Ф. Шаталов оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң

және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда совет психологиясында тұжырымдалған жалпы идеяларды (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина және басқалар) шынайы түрде жүзеге асырып және оларды әдістемелік жағынан «нақыштай» білді.

В. Ф. Шаталовтың оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа материалды игеру алдымен мүғалімнің көмегімен түсіндіруін тыңдау түрінде өтіледі. Сонан соң мұғалім үлестірген тірек сигналды парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған «тірек сигналдарымен» қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) творчестволық жұмыс орындау және т. б. (12)

В. Ф. Шаталовтың тірек сигналды парақтары өзінің мәні жөнінен П. Я. Гальпериннің оперативті әрекет схемаларына, оқытылатын ұғымдар мен белгілері және олар белгілі бір жүйе бойынша акыл-ой әрекетін сатылы түрде қалыптастыру теориясына сай карточкаларға жазылған жұмысқа жақын. Глобальді, іріленген тақырыптар идеясының өзі «меңгерудің негізгі бірліктері» түрінде жүзеге асырылады (П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин және басқалар) .

Мұғалімнің сұрауы да сол сияқты В. Ф. Шаталов оқушыларынан белсенді әрекеттін жаңа формаларын талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу материалын - оның жоспары мен негізгі бірліктерінің бірізділігін белсенді түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып отыратын меңгерілген материалды жәймен магнитофонға ауызша айту (бір сабақта 20 оқушыға дейін) ; бұл

жазылғандарды кезектесіп тындау және бағалау - міне осының бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындықтың кажеттігін тудырды.

Оқушылардың оқу материалындағы білімдердің глобальді, іріленген бірліктерін орындауы (басында мұғалімнін ізінше) және олардың жүйелері мен «байланыстарын» бөліп алу әрі оларды белсенді түрде жазбаша жаңғырту жөнінен оқуға деген белсеңді іс-әрекеті қолма-қол көрініп отырады. Сондай-ақ мұғалімнін күнделікті сабақ сұрау жүйесімен т. б. үнемі ұйымдастырылып жүйесі асырылатын оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалау да айқын көрінеді. (13)

Оларды дауыстап оқығанда қиындықтар туа берсін, практикалық жұмыс кезінде кейбіреулері ойдағыдай болмай-ақ койсын - мейлі. Білімді жинақтау процесі, істің ішкі мәнін терең толғау процесі және жүйелі еңбекке белсене араласу жүріп жатады. Бұған қоса бұл арада қаншама бала ауызша жауап береді. Сынып алдында қате жауап беруден оқушы қысылатындай өзінің білімсіздігін жұрт алдында жайып көрсету кімге жағымды? Ал мұнда мүғаліммен бетпе-бет отырып жәймен сабақ айтсын немесе одан да оңайы - магнитофонға жазсын. Нашар оқушы өзінің магнитофонға жазғанын мүғалімнің ешкімге тыңдатпайтынын және жауабымда қандай қателіктер жібергенін ешкімнің естімейтінін жақсы біледі. Бұл өте қарапайым әдістемелік тәсіл өзіне деген сенімділігін қалыптастыруды қажет ететіндерге қаншама рухани күш береді.

Тарихи оқиғаларды, табиғаттағы түрлі өзара байланыстарды неғұрлым терең ұсынып түсінуге және әдеби шығармалардың құрылымын логикалык түрде талдауға, үйретеді.

Жаңа әдістеменің жетекші принциптерінің бірі жариялык принципі. Оқушылардың магнитофонға жазғандарын ашық тындау - сонын кішігірім элементі. (14)

Бір мезгілде бірнеше операцияны орындау: әңгіменің жоспарын есте сақтау, әңгімені өзі айту және өзара байланысты тірек сигналдарының арасындағы абзацтарды толтыруға тиісті материалды ойша қорыту қажеттігі жойылады. Профессор В. В. Давыдовтьң зерттеулері көрсеткендей, бір мезгілде бірнеше ой операцияларын орындау қатты шаршауға немесе бұл операциялардың әрқайсысының ойдағыдай орындалмауына әкеліп соқтырады.

Жаңа терминдермен, есімдермен, даталармен жұмыс істеу жеңілдейді, бұл өз кезегінде күтпеген эффектіге жеткізеді: оқушының сөз сөйлеуіндегі орынсыз қыстырма сөздер іс жүзінде толығымен жойылады. Өзі-ақ айтып тұрғандай бұрын бұл сөздер бір ғана қажеттілік үшін - жаңа сөздер мен тілдік құрылымдар ойлап табуға қажет уақыт өту үшін пайдаланылатын еді.

Тірек плакаттарын пайдаланып ауызша сабақ айту кезіндегі оқушылардың ынта-ықыласы әдеттегіден жоғары, яғни 88-деп 92%-ке дейін (бақылаудағы кластарда 56-60%) болады. Мұндай жағдайда басқа бір конструкцияны қабылдау өте қиын. Бұл арада түрлі салыстырулардың, бір жағынан оқушыны шаршата түсетін, екінші жағынан ынта-ықыласты әлсірете түсетін ішкі қарама-қайшылықтардың болатыны даусыз. (15)

Оқулықпен жұмыс істеу. Осының бәрі тұтас алғанда материалды түгелдей есте сақтап қалуға қолайлы жағдай тудырады және әр түрлі зерттеулер көрсеткеніндей оқушының сабаққа дайындалу уақыты, егер әңгіме тек теориялық материал туралы болса, 20 минуттан аспайды, ал бұдан да қолайлы жағдайда 10-15 минутпен шектеледі. Сонымен қатар, тірек сигналдары бар көлемді блокты конструкцияларды есте сақтап қалуды мнемоника тәсілдерін қолдана отырып, прозадан, поэзиялық шығармалар-' дан үзінділерді немесе спектакль қоярдағы дайындык кезіңдегі диалогтарды

жаттағандағыдай іске асыру керек. Ал енді «Технология» ұғымына тоқталайық. Технология үғымы тар мағынада - бір нақты объектінің технологиясы ретінде, және кең мағынада - ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, онда тікелей дидактиканы карастырамыз:

1. Дәстүрлі дидактика - әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теориясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін окытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты мақсаты ретінде қояды

2. Әдетте, дидактиканың пәні - білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактиканың пәнін былай сипаттауға болады: бұл - оқытудың мақсаттары, мазмұны, зандылықтары, әдістері және принциптері.

Міндеттері:

а) оқыту үрдісін суреттеп түсіндіре отырып оны іске асыру жолдарын көрсету;

б) оқыту үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін, жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.

Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудын технологиясын - қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту іс - әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы. Сонымен, технологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістерден туындамайды, оқу үрдісінің дербес бағыты болып табылады. Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, олардың арасындағы білім беруде неғұрлым жоғары жетістіктерге жету үшін қарым - қатынасты, бүкіл оқыту үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, баға-лауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары; материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру тиімділігін арттыратын білім беру үрдісінің принциптерін айқындау және тиімді. (16)

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттары мен қасиеттері. Технология оқу процесімен - оқытушы мен оқушының іс - әрекеттерімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері жөне түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан, педагогикалық технологияның құрылымына:

концептуалдық негізі;

  • оқытудың мазмұндық бөлігі
  • оқытудың мақсаттары: жалпы және нақты;
  • оқу материалының мазмұны;
  • процессуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:
  • оқу үрдісін ұйымдастыру;
  • оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары;
  • оқытушынын жұмысының әдістері мен формалары;
  • оқушылардын оқу материалын игеруін басқарудағы оқытушының іс- әрекеті;
  • оқу үрдісін диагностикалау жатады.

Технологияныц анықтаушы критерийлері:

Концептуалдылық. Әрбір педагогикалық технология оқу мақсаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет. (17)

Жүйелілік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастык логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс. Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін

жобалау, әрбір этапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс-тәсілдердің көп варианттылығы.

Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нөтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет. Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бұл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъектілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.

Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктеме берілген: Оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын

анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б. Т. Лихачев) ;

Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В. П. Беспалько) ;

Оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі (В. М. Монахов) ;

Педагогикалық мақсатқа жету үшін колданылатын барлық тұлғалык, инструменталдық және әдіснамалық кұралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М. В. Кларин) .

Педагогикалық технология-оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (Ш. Т. Таубаева, Б. Т. Барсай) ;

-Педагогикалық технология- бұл жобалау және берілген технологияны тәжірибеде педагогикалық заңдылықтарды, мақсаттарды, мазмұнын, формасын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын қолдану, сонымен қатар кейінгі жаңғырту. (В. И. Андреев)

Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар, бұл:

«Педагогикалық технологиялар-бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдама мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды. » (М. М. Жанпейісова) (18)

Педагогикалық технологияларға қызығушылық туғаннан 1979ж. АҚШ да педагогикалық коммуникация мен технология Ассоциациясында ресми түрде төмендегідей қабылданды:

«Педагогикалық технология-комплексті, интегративті процесс. Соның ішінде адамдарды, идеяларды, ұйым іс-әрекетінің құралы мен әдіс-тәсілін мәселенің анализі мен шешімін басқару, білімді меңгерудегі барлық аспектілердің орамды болуын іске асырады. » «Педагогикалық технология» ұғымы оқыту мен тәрбиелеу саласында кең қолданылады. Педагогикалық технологияның пайда болуының екі жолы бар. Алғашқысы технологияның теорияда шығуы (В. П. Беспалько, В. В. Давыдов, В. К. Дьяченко, Л. В. Занков, П. Я. Гальперин, Н. В. Кузьмина және т. б. )

Кейінгісі технологияның тәжірибеде шығуы (Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, Б. Ф. Шаталов және т. б. )

Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз. (С. Сполдинг, 1969. ) Сонымен педагогикалық технология- оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология- педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, төмендегідей технология ұстанымдарына сүйенеді:

а) технологиялық құрылымдық және азаматтық тұтастығы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері
Заманауи білім беру технологияларының негізгі сипаттамалары
Ынтымақтастық педагогикасы
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Қолданбалы мультимедиялық бағдарлама
Білім беруді ақпараттандыру қоғам дамуының факторы ретінде
Педагогикалық ресурстарды тиімді қолдану мәселелері үшін қолданылатын ақпараттық технологиялар
Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және міндеттері
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Мектептің оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz