Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы


Тараз қаласы ескерткіштерінің тарихы /Х-ХҮ ғғ. /
Кіріспе . . .
І тарау. Қазақ сәулет өнерінің қалыптасу, даму кезеңдері . . .
ІІ тарау. Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы . . .
2. 1. Қарахан (Әулиеата) кесенесі . . .
2. 2. Тектұрмас және Дәуітбек мазары . . .
2. 3. Айша бибі кесенесі . . .
2. 4. Бабаджа қатын мазары . . .
2. 5. Ертедегі Тараз қаласындағы монша . . .
ІІІ тарау. Тарихи архитектуралық ескерткіштерді қорғау мәселесі.
3. 1. Көне ғимараттардың қазіргі жағдайы . . .
3. 2. Архитектуралық ескерткіштерді туристік аймаққа айналдыру . . .
Қорытынды . . .
Архитектуралық ескерткіштерді көріп танысу ережелері . . .
Хронологиялық таблица . . .
Сілтемелер . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Талас, Тараз, Әулие-ата, Мирзоян, Жамбыл, Тараз . . . Қазақстан территориясындағы ежелгі қаланың аты осылайша сан рет өзгерді әр бір қаланың өзіндік тарихы болатын сияқты Тараз қаласының екі мың жылдық тарихы бар. Тұран өлкесіндегі Тараз қаласы да әлемдегі ұлы қалалар тағдырымен тағдырлас, өзіндік қайталанбас ғұмырды бастан кешіріп келеді. Бірде гүл жайнап толықсыған әсем ару қала көркімен де, тарихи тағдырымен де әлемге танымал болса, бірде жермен жексен болып, естіген, көрген пенделердің жағасын ұстатып та жатты.
Тақырыптың өзектілігі. Сол заманның асыл мұрасы ретінде Тараз даласындағы тарихи архитектуралық ескерткіштердің құндылығы ешқашан жойылмақ емес. Менің диплом жұмысымның тақырыбы осы туған даламның асыл мұрасы тарихи архитектуралық ескерткіштерге арналады. Яғни, Айша бибі, Қарахан, Дәуітбек тәрізді кесенелер мен Жүсіп қожа моншасының тарихта құндылығы өте жоғары деп бағалай отыра олар туралы әлі де көптеген зерттеулер жүргізуді қажет етеді деп сенеміз. Себебі бабалар аманатын ұрпақтан-ұрпаққа мұқалтпай қайта жаңғыртып, жарқыратып жеткізу қазіргі заманның талабы болып отыр.
Тарихнамасы . Көне Тараз өз тағдырының тарихи ізін әлем тарихының беттерінде қалдырды. Араб, прсы, қытай, грек және еуропалық тілдердегі азды-көпті аса құнды дерек-мағлұматтар осының айғағы. Тақырыптың тарихнамасы өте құнды деректер мен зерттеулерге толы. Академик Әлкей Марғұлан, шығыстанушы В. В. Бартольд, А. Н. Бернштам тәрізді зерттеуші-тарихшылар Тараз қаласының пайда болуы және ондағы түркі замандарынан қалған тарихи архитектуралық ескерткіштерге ерекше мән беріп зерттеді.
Сол сияқты, Басенов Т., Денике П. Р., Ердаулетов С. Р., Меңдіқұлов М. қазақ архитектуралық ескерткіштеріне аса жоғары баға беріп, Айша бибі, Қарахан, Дәуітбек, Шомансұр тәрізді кесенелерде зерттеулер жүргізді. Тараз қаласы және ондағы тарихи ескерткіштер туралы мәліметтерді Байпақовтың, Нұржановтың еңбектерінен кездестіруге болады. Қазіргі тараздық ғалым тарих ғылымдарының докторы, профессор К. Рысбайдың Тараз тарихына және ондағы тарихи архитектуралық ескерткіштерге арнап жазылағн кешенді зерттеулері мен бірнеше еңбектері бар.
Мақсаттары мен міндеттері.
• Халқымыздың асыл мұрасы тарихи архитектуралық ескерткіштерді
кешенді зерттеу.
• Архитектуралық ескерткіштерді ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу.
• Тарихи архитектуралық ескерткіштерді қорғау мәселесін жандандыру.
• Өлке тарихына аса мән беріп, ұлтжандылық тәрбиені уағыздау.
І тарау. Қазақ сәулет өнерінің қалыптасу, даму кезеңдері.
«Архитектура»сөзі грек тілінен «architechon» мастер-стройтель деген мағынаны береді .
Адамзат қоғамының даму тарихында әлемдік мәдениеттің, цивилизацияның өркендеу этаптарында архитектуралық ескерткіштер зор мәнге ие. Архитектуралық - бұл құрылыс өнері, шығармашылық түрі, шын мәніндегі сұлулық заңымен жасалатьын құрылым. Ежелгі Римдік теоритик Витрувийдің триадтында «төзімділік» «қажеттілік», «әдемілік» сәулет өнерінінің, сәулетшіліктің ерекше бір қасиеті деп таныған.
Барлық ғимараттар ғимараттар ғимараттар архитектуралық қасиетіне қарай оларды 3 топқа жатқызады: функционалдық (удобство, пользо) констуктивтік (прочность, экономичность) , эстетикалық (красота) /1/.
Функционалдық маңызы ол тұрғын үй, өндірістік ғимараттар болсын, оның сыйымдылығына, орналасуына, бөлімдері мен өлшеулеріне қарай архитектуралық құрылыс типіне жатады. Ғимарат түрлері белгілі бір қажеттілікке байланысты бірден қалыптаспай оның діни, саяси талаптарына, сонымен бірге халық дәстүріне байланысты қалыптасады. Ғимараттардың эстетикалық қымбаттылығы оның сыртқы және ішкі кескінінің көріністері- мен сипатталады. Ғимараттың көркемдік кейіпі оның барлық архитектуралық композиторларының бірігуі, яғни, сыртқы және ішкі көлемі, силует, тепе-теңдігі және жалпы ғимараттарға тән композициялары, ол-карниздері, балкондары, декорлық элементтерді жинақтап, қатыстыруын айтамыз.
Силуэт-адамның не заттың өз көлеңкесіне ұқсас етіп, бір түспен істелген бейнесі.
Декор-архитектурада декорация - сәндеу әдісі элементтері жиынтығы жүйесінің аты.
Архитектураның дамуы көркемділік өнер туындысының эстетикалық құндылықтарымен тығыз байланысты. Архитектура дәуір бейнесін бейнелейді. Оған әлеуметтік факторлар да өз әсерін тигізді, қоғамның құрылымы және саяси билеуші идеология басты әсер етушілер болып табылады. Барлық уақытта және барлық елде әсемдік пен архитектураның көркемдік стиліне көп көңіл бөлген /2/.
Констукция көп жағдайда пайдаланылатын құрылыс материалының технологиясы мен оның өзгеруімен, дамуымен байланысты болады. Классикалық кезеңде ежелгі грек архитектуралары монументтік констукция тұрғысындағы ғимараттар салынып, оларға мрамор блоктары пайдаланылыды. Императорлық дәуірде ежелгі римдік архитектураның да монументтік ғимараттарды күйдірілген кірпіштен өріп бетондарды пайдаланып, композицияның кеңейіп, дамуына мүмкіндік берді /3/.
Мұның барлығы адам іс-әрекетінің алғашқы қадамын көрсетіп, оның белгілі түрде жаратылыстағы паналарды пайдалануы кейбір мәселерді шеудегі тәжірбиесін көрсетеді. Мұнымен бірге қазіргі Қазақстан территориясындағы жасаған ертедегі аңшы тайпалардың тұрмыс ерекшелігін бейнелеп, олардың идеология түрлерінің, көркем өнерінің ең алғаш қалыптасуын жарыққа шығарады /4/. Адам санасы мен іс-әрекетіндегі бұл алға басушылық бұдан гөрі үлкен аттауға әзірліктің басы алғашқы күрделі қадамы еді, ол аңшылық шаруашылығынан мал бағуға ауысқанда, ортағасыр дәуірінде тастарды өңдеу техникасы өзінің даму дәрежесіне жетті, металл дүниесін игерген кезде, қайта өрлеу дәуірінде кірпішке қайта оралып, жылтырақ глазурь тастармен безендіру, өндірістің жаңа түріне ауысуы жаңа шгаруашылықты өрбітіп мәдени жағдайларды байыту, адамның білім өрісін кеңейтті, құрылыстың алуан түрлі формаларының пайда болуына, сол арқылы техниканың дамуына және өркендеуіне ұйытқы болды.
Бұл дәстүрлі техника тек ХХ ғ. ғана индустриялды техника мен темір бетон конструкциясымен араласты.
Осылайша функционалдық, конструктивтік және эстетикалық архитектуралық ерекшеліктері тарихи процестердің барысында өзгеріп, архитектуралық стильде жаңарды. Бүкіл әлемдік архитектураның даму процесі тұйық стилистік жасанды өнер болуы мүмкін емес. «Стиль» сөзінің түсіндірмесі өте қиын. Стиль деп өзіндік басты белгісі бар және архитектурада белгілі бірр уақыты мен орналасқан орнын анықтайтын, ең басты оның функционалдық, констуктивтік және көркемдік мәнін соның ішінде композициялық шеберлігі мен фасадтары мен интерьтерін айтады. Сонымен стиль белгілі бір уақытта немесе бағыт өнеріндегі яки жеке туындыдағы бейнелеу тәсілдерінің идеялық және көркемдлік сабақтастығының бірлігі болып табылады.
Тарих бізге әрдайым дамушы, өзгеруші архитектуралық процестердегі жаңа мен ескі арасындағы күресті, жалпы көркемдік стильдің өзгеруін ұлттық ерекшеліктеріне қарай әр елде өзгеріс үрдісінің күшейіп жүріп жатқанын көрсетеді. Дегенмен, әр кезеңнің өз тұрақты стилін анықтайтын белгілері бар .
Архитектураның ең басты сипаты болып оның өзіне техниканы, өнерді, және инженер-техникалық білімді қырынан, ал екінші жағынан-творчестволы-шығармашылық негізді, сондай-ақ негізгі геометриялық формаларын жинақтайтын ұлы өнер.
Архитектуралық құрылыс бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып, архитектураның ең жоғарғы шығармашылық формасы сәулет өнері, сәулетшілікті жасайды.
Архитектуралық ескерткіштер бейнелеу өнерінің түрлерін рельфтер-бедер суреттер, статуялар, мозайкалар, фрескалар басты көркемдік құндылықтарымен ерекшеленді
Композициялық құрылыс - күрделі шығармашылық сәулетшіліктің нәтижесі /5/.
Далалық ауызша тарихнамасымен ғажайып өмір салты - көшпелі қалпымен-ақ әлемдік руханият көшіне именбей кірген халқымыздың ежелгі ой-арманын, мақсат-мұратын бедерлеген сәулет өнерінің тарихы да тым тереңде жатыр. Халқымыздың негізінен өмір салтынан көшпелілік тән болса да, сәулет өнері оның ықпалында қалып қоймай уақыт талабына сай жауап беріп жатты. Енді осы ойымызға кезеңдер көзімен үңіліп көрейікші.
Қазақстандағы архитектура мен құрылыс техникасының өрлеуі, кейінгі қола заманының өзінен-ақ (б. з. б 2000ж соңы-1000ж. басы) байқалады. Оның айшықты белгілері Арал төіңірегіндегі шикі кірпіштен өрілген Тегіскен кесенесінен, Сарыарқадағы Ақсу-Аюлы, Беғазы-Дәндібай тақта бейіт тастарынан көрінеді. Бұл ретте діни нанымдары басым сәулет өнерінің үздік үлгілері Жетісуда, Сырдария Аралда және басқа өңірлерде кең қанат жая бастады. Әсіресе Сырдария атрабындағы ежелгі ескерткіштер оның ішінде әлемдік архитектурадағы ең көне күмбезді құрылыс ретінде Баланды кесенесі (б. з. б 4-2ғғ. ) ерекше көзге түседі. Қазақстаннның оңтүстігінде қала салу өнерінің басталуыда осы кезеңге жатады /6/.
Ежелгі түріктер заманында (6-9ғғ. ) діни атрибуттары мол құрылыстар - қорпаты және күмбезді жабындылары быр шикі кірпіштен қаланған ескерткіштер (Домбауыл мазары) тұрпаттас тақта тастан қаланған кесенелер салу жаппай сипат алды. Олар сәулет өнері тарихында қазақ кесенелерінің бастау көздері болып қалады /7/.
Монғолға дейінгі кезеңде-ақ қазақ өнерінің құрылысы мен архитектурасы жаңа сатыға көтерілген еді. Бұл дәуір бір жағынан қала орталықтарын сәулеттендіру қалыптаса бастаса, екінші жағынан монументттік сәулет өнері ескерткіштері - керуен сарайлары, кесенелер, мешіттер далалық өңірлерде пайда бола бастады. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстандағы Айша бибі, Бабажа қатын кесенелерін, Арал өңірінде Бегім ана, Сараман Қожа мұнаралары құрлыстарын, Маңғыстаудағы жартасқа салынған Шақпақ ата мешітін ерекше бөліп айтуға болады. Бұл кезеңде ортағасырлық сәулет өнерінің композициялық жоспарлау қағидалары қалыптасты.
Қазақстанның ортағасырлық архитектурасына далалық аймақта (Дәшті Қыпшақта) тараған күмбезді құрылыстар - Алаша хан, Жошы хан, Аяққамыр кесенелері, сондай-ақ шатыр тұрпаттас ескерткіштер - Көк кесене, Абат Байтақ кесенелері тән. Ақсақ Темір билеген қазақ сәулет өнеріне елеулі ықпал жасаған шығыс архитектурасының бірегей туындысы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кешенін дүниеге әкелді /7/.
Кейінгі ортағасыр дәуірінде (ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлар басы) мемориалдық сәулет өнерінде үлкен бетбұрыс болды Әсіресе, осы кезеңде киіз үйге ұқсайтын кесенелер салу жаппай өріс алған болатын. Ислам дінінің енуіне байланысты көшпелі ортада мешіт салу өріс алды. Сөйтіп, ХҮІІІ ғасырға қарай халқымыздыңи сәулет өнерінде, атап айтқанда, діни жоралғылық үрдістен кесене салу ісі өрістеді.
Азаматтық сәулет өнері (оның дәстүрлі нысандары) революцияға дейінгі Қазақстанда біршама баяу дамыды, ол негізінен көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық мұқтаждарына бағындырылды. Қазақтардың қыстауларында тұрғын үй және шаруашылық құрылыстарын салу ХІХ ғасырда жаппай өріс алып, олар көбнесе әсемдігімен көз тартты. Сондай-ақ тастан қаланған немесе балшықтан соғылған киіз үй тәрізді шошала құрылыстың көне түріне жатады. Қазақтың дәстүрлі тұрғын үйінің негізгі түрі құрылымдық жағынан қарапайым, қашап өнделген тастардан, шикі сабан кірпіштен қаланған, иленген саз балшықтан, шымнан соғылған төбесі жайпақ бір, кейде екі бөлмелі тікбұрышты үйлер болды. Кейбір құрылыстарға күйдірілген кірпіштер пайдаланылған. Мысалы, Орталық Қазақстандағы Кеделбай мен Шалдыбай ауылындағы үйлерді айтуға болады. Сондай-ақ құрылым бітімі қоржынға ұқсас болғандықтан қоржын үй аталған, үш бөлмелі тұрғын үй салуда дамыды. Сонымен қатар шаруашылық құрлыстармен жапсарластыра салынған көп бөлмелі тұрғын үйлерде болған. ХІХ ғасырдың екнінші жартысынында арнайы архитектуралық айшықтар мен декорды пайдаланған (кірпішті өрнектеп қалау, өрнекті белдеулер) тұрғын үйлер біртіндеп пайда болды. Торғай облысының Үрпек шатқалындағы тұрғын үйлерді айтуға болады.
ХҮІІІ- ХХ ғасырлар басындағы қазақтың дәстүрлі архитектурасында еліміздің оңтүстік аймағының өзіндік бет-бейнесі бар. Бұл өңір құрлыстары бірегейлігімен ерекшелінетінін бөле жарып айту ләзім. Халық арасында кең тараған осынау ескеркіштер шоғыры қазақ халқының мемориалдық діни жоралғылық архитектурасының жетістіктерін көрсетеді.
Бұл тұрғыдан алғанда екі мыңнан астам ескерткіші бар Маңғыстаудағы Шопан атаның үлкен қорымын атап өуге болады. Бұл кешеннің басты ескерткіші, аңыздарға сүйенсек, түркістандық шайық, Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті, Шопан ата мазары болып табылады. Маңғыстауда Хорезмге баратын көне керуен жолы үстіндегі бұл қорымды тек қзақ халқы ғана емес, сондай-ақ түркімен, қарақалпақ халқы да кие тұрады.
Кешеннің діни жоралғылар өткізетін орталығы жартас- жер асты мешіті болып табылады. Олар әктастан шабылған бірнеше қызмет бөлмелермден (намаз оқуға, демалуға арналған) тұрады. Мешіттің батыс және солтүстік-батыс аймағын ортағасырлық ескерткіштер алып жатыр. Оладың ішінде қойтастар, ежелгі қоршау шарбақтар, сандықтастар өте көп. Қазақтардың кейінгі кезеңге жататын ескерткіштері шоғырланған қорымның шығыс жақ бөлігінде архитектуралық композицияның шешімі және безендірілуі жағынан сан алуан монументтік ескерткіштер -кесенелер, сынтастар мен құмтастар пайдаланған.
Қазақтардың діни-жоралғылық архитектурасында қызмет атқару жағынан алғанда неғұрлым күрделі де маңыздысы -Қазақстанның оңтүстігінде бастапқы орта ғасырда-ақ пайда болған мешіттер жоғарыда айтылған жартас мешіттердің өзінше бір типі Шығыс Каспий өңірінде оғыз-қыпшақ кезеңінде (ХІ-ХІІІ ғасырлар) пайда болған. Олардың ішінде тұтас жартас ішінен қашап жасалған Шақпақ ата мешіті бірегей ескерткіш болып табылда.
Қазақстандағы ортағасырлық мешіттердің негізгі бөлігі, әсіресе, қала орталығында неғұрлым кең сипатта өрістеген. Олардың құрылысы көбіне мемлекеттік, ортағасырландырылған сипатта болды. Бұған Түркістан қаласындапғы мешіт кешенінің, алтынордалық Бельжамендегі жұма жатқызуға болады.
Алайда, Қазақстанның негізгі аумағында мешіттер салу ХҮІІІ ғасыр соңында ғана кең тараған. Бұл кезде ислам діні идеология ретінде көшпелілер ортасына тереңдей ене бастаған еді. ХІХ ғасыр ортасында далалық аймақта әдетте діни-жоралғылық тұрғын үй кешендері мен мешіттердің жаны бір типі қалыптасты. Бұл ойымызға Доңызтау ауданындағы қазақтың табын руының сүлікті кешені мысал бола алады. Алты күмбезден тұратын сондай-ақ оған қоса көптеген қызмет, тұрғын үй, шаруашылық құрылыстары бар, құрылымы күрделі осынау ескерткіш жотадан кең сайға түсетін жайпақ беткейге орналасқан. Ғимарат ішінара шикі кірпіштер араластыра жан-жағы тегістелген кесектердерден қалданған.
Мешіттің күмбезі шикі кірпіштен өрілген. Мешіт кешеніне таяу жерде тұрғын үйлердің бірлі-жарымды қабырғалары, сондай-ақ шағын 3 бейіт сақталған.
ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында мешіттердің біршама өзге түрлері пайда бола бастады. Әдетте бұлар жоспар бойынша
тікбұрышты, едәір шығыңқы мұнарасы және михраб бөлмесі бар ғимарат болып келеді. Ескерткіш құрылымы мен сипатынан көрші аймақтардың архитектурасының белгілі бір әсері байқалады. Солтүстік Арал өңіріндегі Дүйсенбі ақынның мешіті осы тұрпаттығы ескерткіштердің үлгісі.
Жалпы алғанда қазақ сәулетшілерінің шығармашылық ізденістері сан алуан кесенелер салу дәстүрлері айқын көрінер еді. Оларды монументтік ескерткіш кесенелер, сағана тамдар, «төртқұлақ» шарбақ және кішкентай нысандағы мемориалдық архитектура деп білуге болады.
Ескеркіш түрлі материалдардан - иеленген сазбалшықтан, сабан, күйділген кірпіштен, тегістеліп кесіп алынған тас кесектерден, тастардан, ағаштан жасалған. Күйдірілмеген сазбалшықтан және дөрекі өндірілген тастан жасалған кесекелер көне заманың еншісінде. Олардың көпшілігі елімізде кең тараған «үйтамға» жатады. Бұлар сырттай қарағанда киіз үйге ұқсас «үйтамдардың» архитектурасы кірер есігіне түрліше дәліздер, порталдар жасау арқылы күрделендіріп отырады.
Қазақ даласында ХІХ ғасырда кесенелер салу ерекше жағдайда әрі барлық жерлерде дамыған, бұл кезде мұндай қызмет түрі халық өнерінің беделді де дербес саласына түпкілікті айналған еді. Там кесенелерді және т. б. да қабір үстіндегі кесенелерді салу жөніндегі маманды «тамшы» деп атайтын кез де осы тұс.
Арал - Каспий аралығындғы ауданның (Маңғыстау түбегі, Үстірт жотасы, Ембі өзенінің аңғары) сәулет өнері өз ерекшелігі мен есте қалады. Мұнда ХҮІІІ-ХХ ғасырлар басында тас қашап құрылыс салу архитектурасының өзіндік бағыты қалыптасты. Дулыға тәрізді күмбездері бар тақтатас кесенелер салынды. Сондай-ақ сәулет өнерінің аса көрнекті үлгілері -Омар мен Тура.
Нұрберген Қалышұлы, Шойынбай, Боран, Жұбан кесенелері ерекше көзге түседі. Олардың өзіне тән ерекшелігі мынада: ескерткіш 3 қабат қабырғалардан жақсылап қашалған, бір- біріне мұқият жақындастырып өрілген тақтатастар мен кесектерден тұрады. Ішкі жағы конструкцияны жеңілдету үшін кесектен өрілген. Қас беті қуыстармен, қалақшалармен, бірегей шығыңқы бөліктермен көмкерілген, әрі ашық түске боялып, жазық бедерлі және сұлбалық оймышпен өте бай әсемделген /9/.
ІІ тарау. Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы және
қорғау мәселесі.
Қазіргі Қазақстан территориясындағы құрылыс ісінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Бұл өнер Қазақстанның таулары мен жазықтарын ертедегі адам бірте-бірте игеріп, бұлар алғашқы қоғамның өндіргіш күштерін дамыту үшін негіз болған заманда туған болатын. Бұл адам жетілуінің ұзақ жолын басынан өткерген адамзат мәдениетінің іргесі жасалып құрылыс техникасының негізі қаланған бір ұзақ дәуір еді.
Ертедегі материалдық өндірістің бізге келіп жеткен ескерткіштерінің көрсетуі бойынша алғашқы адам ұзақ уақыт бойы орныға алмай өзіне азды-көпті қолайлы тұрақ таба алмаған. Өйткені ол тіршілік ету қиыншылығымен жаншылып келген еді.
Мұнымен бірге феодалдық үстем таптың салт сана қажетін өтейтін ірі монументалдық құрылыстар шыға бастады.
Құрылыс ісінің өнер дәрежесіне жетіп оның өркендей бастауы қола дәуірінің соңғы кезінен басталады бұл кезде құрылыс ісінің негізі мен принциптері жасалып құрылыс тәсілдері қалыптасады. Өзінің маңызын кейінгі ұзақ дәуірлер ішінде де жоймаған балшықтан, ағаштан, тастан жасалған конструкциялар құрылды.
Қола дәуіріндегі құрылыс техникасының табыстарына ең алдымен кеңістік көлем мекемелерін шешкендікті қосуға болады, одан кейінгі күрделі табыс-төбе тіркеулерін ойлап шығару бүрме төбе негізіне сүйелген баспалдақты шатыр төбе идеясын табу.
Қалыптасқан конструкциялар мен модельдерді қайталап қолдану жаңа мүмкіндіктерді еске ала отырып оларды жетілдіру құрылыс дағдыларын жасауға негіз болды осының негізінде онша жетіспеген боса да композицияның дұрыс геометриялық формасы қалыптасады жеке бөліктерді дұрыс орналастыру жағы игерілді соның негізінде құрылыс өнерінің ең басты принциптері ритм мен симметриялы заңдары жасалды.
Тұрғын үй архитектурасын өркендетуде ағашпен қамыстың ролі орасан зор. Алайда Қазақстанның әр түрлі аудандарындағы табиғат пен климат жағдайларына қарап тайпалардың кәсіп түріне қарай құрылыс ісі әр түрлі дамып өркендеді. Байтақ кең дала түз арасында қоғам дамуы біркелкі болмады қоғамның бір бөлігі неғұлым прогрессивті дамыды ал екінші бөлігі кенже қалды /10/.
Қаралып отырған дәуірдегі құрылыс ісінің бір ерекшелігі Орталық және Оңтүстік- Шығыс Қазақстанда тас құрылыстар көп өркендесе осы кезде Сырдария, Талас алаптарында балшықты құрылыстар белең алып, Жетісуда балшықтан, ағаштан, тастан жасалған аралас конструкциялар дамиды /11/.
Алғашқы қолдан жасалған құрылыстар шыққан кезден бастап, бергі басқа әлеуметтік экономикалық жағдайларда туған бекініс қабырғалар құрылғанға дейінгі Қазақстандағы құрылыс ісінің қысқаша тарихы осылай еді.
Революцияға дейінгі Қазақстандағы құрылыс ісі мен архитектурасының даму тарихында және техника мен мәдениеттің осы саласында ұлттық дәстүрдің қалыптасуында ҮІІ-ХІІ ғасыр басты орын алады.
Тарихи себептердің салдарынан бұрынғы кезде тоқтап қалған қала құрылысының өсе бастауы, кейіннен қалыптасып дәстүрлі ұлттық тәсіл болып қалған архитектурадағы формалардың орнығуы осы дәуірмен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz