Қарапайым скифтердің қорғандары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Скифтердің материалдық және рухани мәдениет ескерткіштері
Алматы 2009
М А З М Ұ Н Ы
2. Скиф тайпаларының қалалары мен
қорғандарының материалдық және рухани мәдениеттері
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Скифтер тайпаларының мәдениеттері осы күнге дейін өзінің толық шешімін тапқан жоқ. Әлі де болса скифтердің қалыптасуы мен пайда болуы жөнінде біркелкі ортақ пікір айтылмады. Зерттеушілердің бір бөлігі скифтердің отанын кіндік Азиядан іздеу керектігін айтады.
Солтүстік Қара теңіз жағалауына Скифтер кейін келіп сол жерде мемлекетін орнатқан. Олардың таралу аймағы осы өңірден бастап Орталық Азияға дейінгі аралықты алып жатса керек. Ерте заманнан бастап ақ скифтер өздерін Сколоттар деп атаса, ежелгі гректер оларға Скифтер деген атау берсе, ежелгі парсылар скифтерді Сақтар деп атаған. Скиф тайпаларының бірнеше ғасыр бойы өмір сүруі өзімен көршілес елдерге қауіп төндіріп отырды және салық салды. Скифтер жауынгер халық ретінде белгілі болды.
Дүние жүзіне олардың өшпес із қалдырған мәдениеті скифтік аң стилі мен Акинак қаруының өмірге келуі болды. Скиф қоғамы өз арасында көшпелілер, егіншілер, жер жыртушылар болып бөлінді. Сондықтан да зерттеушілердің назарында олардың қоғамдық өмірі мен тұрмыс тіршілігіндегі орын алған бірталай мәселелер ой толғандырып жүр.
Скифтердің қалалары мен басқа көшпелі скифтердің арасындағы байланыс мәселелері және әр өңірлерде мекен етуші тайпалардың бір-бірімен байланысы мен алшақтығы төңірегінде бірқатар сұрақтар жауабын ала алмай отыр. Бұл жағдай болашақ зерттеулердің арқасында шешімін табады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты Скифия жеріндегі скиф тайпаларының ескерткіштерінің ерекшеліктерін көрсету, және скифтердің Еуразия материгінде мекен еткен тайпалар арасында алатын орны мен маңызын көрсету. Сол скифтік ескерткіштердің пайда болу және қалыптасу туралы зерттеушілердің ой-пікірлерін саралап өту.
Ал міндеттері болып:
- Бұрынғы және жаңа материалдарды жинақтап, зерттелу деңгейін анықтау.
- Скифтік қала материалдары бойынша тұрғын үй, жер кепелердің, сарай-ғимараттардың формасына, түріне, архитектурасына, құрылымына назар аудару.
- Қазба барысында табылған материалдарды сипаттап, оларды қалар мен қорғандарға бөліп көрсету.
- Материалдық және рухани мәдениеті бойынша мәліметтер беру.
- Скифтердің орналасу территориясын, хронологиялық өмір сүрген уақыт аралығын көрсетіп беру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл скиф тайпаларының ескертіштерін зерттеу және қазу жұмыстары XVIII ғ. аяқ жағынан бастау алады. Осы ғасырдан бастап Ресей мемлекетінде патшалық тарапының ескерткіштер есепке алынып оларда зерттеу жұмыстары жүргізіле бастаған.
XIX ғ. орта шеніне дейін зерттеу объектісі болған скифтік ескерткіштер немқұрайлы, жүйесіз, есепсіз тонаушылық жағдайда қазба жүргізу нәтижесінде іске асты. Тек Ресейдің озық ойлы ғалымдарының өз уақытында осындай жағдайларға жол бермей өздері тарапынан зерттеуге құлшыныс білдіруі қазіргі ұрпақтарға сол тайпалардың мәдениет үлгілерінің бізге жетуіне өз үлестерін қосты.
XVIII-XIX ғғ. скиф мәселесімен айналысқан және қазу жұмыстарын жргізген ғалымдар арасында А. П. Мельгуновтың, П. С. Палластың, В. Ф. Зуевтың, П. М. Леонтьевтің, Н. И. Забелиннің, Н. И. Веселовскийдің атқарған рөлдері зор. XX ғ. бастап Кавказ, Украина, Ресей жеріндегі скиф дәуірінің ескерткіштерін жүйеге келтіріп, көлемді қазбалар жүргізу нәтижесінде еңбек сіңрген ғалымдар М. И. Артамонов, Н. И. Веселовский, Б. Н. Граков П. И. Хицунов, А. И. Тереношкин, М. П. Грязновтар болды. Нәтижесінде белгілі Чертомлық, Күл-Оба, Солоха, Келермесс, Пять братьев, Мелитополь, Тли, Толстая могила қорғандары және скифтік қалалар ашылды.
Зерттеудің географиялық ауқымы: Солтүстік Қара теңіз жағалауынан бастап Ресейлік Тува Республикасына дейінгі алып жатқан территориялардағы белгілі скифтік ескерткіштер кірген.
Деректік негізі: Жұмыстың деректік негізіне көшпенді отырықшы, егінші, жер жыртушы скиф тайпаларының Солтүстік Қара теңіз жағалауы бойы, Кавказ, Украина, Азов бойы, Шығыс Еуропаның далалық және орманды алқаптары, Сібір бойы ескерткіштері енді. Солардың ішінде Елизоветовское, Неаполь Скифский, Каменское қалашықтары, Келермес, Күл-Оба, Солоха, Чертомлық, Мелитополь және т. б. қорған ескерткіштерінің материалдары қамтылды.
Зерттеу жұмысының нысаны: Жұмыстың нысаны болып табылатын ескерткіштер қатарына тек қоныстар ғана емес, сонымен қатар жерлеу орындары, қорғандар және сол ескерткіштерден табылған археологиялық материалдар саналады.
Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі: Скиф мәдениетінің үлгілері болып табылатын қорғандар, қоныстар, қала орындары, өнері мен рухани ескерткіштері ғылыми теориялық мәселелерді шешуде негізгі қызмет атқарады. Скифтер мәселесі төңірегінде туындап отыратын келелі сұрақтарға ауқымды, толыққанды жауап алуға осындай тайпалық мемлекеттің қоғамдық саяси өміріне назар аудару өзінің жемісін береді.
Олардың шаруашылығы мен әскери ісіне, жерлеу дәстүріне көңіл бөлу арқылы біз бұл мәдениет үлгілерін басқа мәдениеттермен салыстырғанда теориялық ойлар қалыптастыруға және мұндай ескерткіштерді зерттеудің методологиялық негізін қалауға көмектеседі.
Зерттеудің хронологиялық ауқымы: Жұмысқа қамтылған ескерткіштер б. з. д. VIII-VII ғасырдан бастап б. з. II-III ғасыр аралығын алып жатыр.
Ғылыми практикалық құндылығы: Еуразия континентіндегі скиф мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу және олардың этникалық құрамы мен пайда болу және шығу тегі мәселесі ерте темір дәуірі тайпаларын зерттеуде өзінің көлемді үлесін қосады.
Скифтік аң стилі мәдениетінің осындай алқапқа таралуы үлкен бір процесс болып табылады. Тек бір ғана тайпалық бірлестіктің тарихи отаны мен орналасу және таралу региондарын анықтау арқылы солармен көршілес отырған тайпалармен арақатынасы және қаншалықты байланысқа түскендігін аңғаруға болады.
Скифтердің материалдық және рухани мәдениеттерін зерттеу арқылы біз өзіміздің арғы тарихымызға көз салып сол халықтармен қандас болғандығымызға дәлелге көзіміз жетеді. Ерте темір дәуірінің скиф кезеңінің материалдары Қазақстан тарихын, археологиясын жоғарғы оқу орындарында дәріс оқытуда практикалық маңызы зор. Сондай ақ археология мамандығымен дайындалып жүрген мамандарға осы кезеңін ерекшеліктерімен сипаты жөнінде тереңдетілген білім беріледі. Ғылыми тұжырым жасауда, ойлы пікір айтуда өз үлесін қосары сөзсіз.
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысының құрылымы 2 тараудан және тараушалардан, кіріспеден, қорытындыдан, қысқартылған сөздерден, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1. САҚ ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен мәселелері және орналасу жағдайы
1. 1 Скиф тайпаларының ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен мәселелері
Скифтер - жазба деректеріне сүйенсек Солтүстік Қара теңіз бойында б. з. д. VIII-VII ғ. ғ. пайда болған. Бұл тайпалық бірлестік Оңтүстік Сібір жерлерінен келген шығыстағы көршілес тайпалары ығыстырған ирантілдес халықтар болып саналады.
Геродоттың сипаттамасында Скифия мен скифтік тайпалар және олардың көршілері туралы деректер кездеседі.
Осыған сүйене отырып тарих атасы Геродот Европалық Скифия жән Азиаттық Скифия деп бөліп, салар жайында мәлімет береді.
Геродот скифтерге скифтер-көшпенділерді, патша скифтерін, скифтер-егіншілерді және скифтер-жер қазушыларды жатқызады.
Скифтердің орналасқан жері Солтүстік Қара теңіз жағалауы бойынан бастау алып Монғолия мен Солтүстік Қытай территорияларына дейін созылған.
Скифтер ежелгі гректермен тығыз байланыста болған. Өздерінің негізгі мекен еткен жеріне киммерийліктерді талқандағаннан кейін ғана орналасқан.
Сонымен қатар Скифтерге Кавказ, Украина, Қырым жерлері де енген еді. Осындай үлкен конференциялық бірлестігі өздерінің мәдениеттері жөніндегі деректі қорғандар, қалалар ескерткіштері ретінде қалдырған.
Жерлеу ғұрыптарында олардың алып жатқан территорияларынан табылған дүние жүзіне әйгілі болған қорғандар, қалалар, қоныстар табылған
Солтүстік Қара теңіз жағалауының скифтері мемлекет құрып, бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, тарихта жеңілмейтін халық ретінде енген. Скифтер мен Киммериийліктер Шығыс Европадағы болып алдыңғы Азия халықтарымен байланыста түскен халықтар.
Скифтану ғылымындағы ең алғаш рет ашылған және белгілі болған 1763 жылы Новороссийскі губерниясының губернаторы А. П. Мельгуновтың бұйрығымен Литой қорғанын (Мельгунов қорғаны) қазудан бастау алады. Қорғанды зерттеу барысында оның скиф патшасына тиесілі болғандығы анықталды. Ескерткіш б. з. д. VII ғ. аяғы мен VI ғ. бас кезеңіне жатады.
П. С. Паллас Екатерина II патшайымның тапсырмасымен Ресейдің көптеген облыстарын аралып, материялдар жинаған еді. Ол 1794 ж. Буг өзені бойында болып Ольвия қаласының орнын нақты анықтап берді.
Кейін бұл қалаға сапармен П. И. Сумароков барып, ол да Ольвия қаласының орнын дәл табады. әсірсе оның Керчтің көне дүниелері жайындағы материялдары. Ол мынадай қорытындыға келеді зерттеу барысында-Керчь бұл ежелгі Пантикапей Боспор мемлекетінің мың жылдық астанасы. Бұдан басқа зерттеуші Керчьтен 4 шақырым жердегі Алтын-Оба қорғаны туралы да мәлімет берген.
1771-1772 жж. В. Ф. Зуев Санкт-Петербор ғылым академиясының бұйрығымен Буг және Днепр бойындағы жерлерді зерттеуге бұйрық алған еді. Сол саяхатында ол ең алғаш рет Чертомлыц қорғанын ерекше атап өткен еді.
1830 жж. Керчь қаласының маңындағы жерден Д. Карейша мен А. Б. Ашик археологтар Алтын-Оба қорғанын ашып, зерттеген.
1832ж. Д. Карейша осы қорғандағы жұмысты бастап, оның астынан мазар тәріздес тас қабір тапқан. Бірақ ескерткіш тоналған болып шықты. 1853 ж. А. Е. Люценко қорғанды қайта зерттеп қосымша ештеңе анықтай алмаған.
1831 ж. П. Дюбрюкс, И. А. Стемпковский атты зерттеушілер ғалымдар Керчь қаласынан шығысқа қарай орналасқан Күл-Оба қорғанының қабірін ашып зерттеген және қазба жұмыстарды жүргізген.
Сонымен қатар 1852-1854 жж. В. Г. Терещенко 1855-1856 жж. аяқ қазба жұмыстарын ескерткіште А. Е. Люценко жүргізді. Ол Никополь қаласынан батыс жаққа қарайғы жерден орын алған.
1846 ж. Киевтің жанынан перепиятиха қорғаны қазылды.
Төменгі Дон өзенінің Азов теңізіне құяр жерінде Елизаветовское қалашығы орналасқан. Ескерткішті 1854 ж. П. М. Льеонтьев ашып алғашқы қазба жұмыстарын жүргізген кейін бұл қалада зерттеу жұмыстарын А. А. Миллер, Т. Н. Книпович, В. П. Шилов, И. Б. Брашинский, Я. Б. Даманский, К. К. Марченкалар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеушілердің пікірінше Елизаветовское қалашығының негізін алғаш рет жергілікті скифтерге дейінгі халытар қалаған, ал б. з. д. V-IV ғғ. Боспорлық гректермен отарланған дегенді айтады. Қалашық орны б. з. д. VI ғ. ортасында пайда болған.
1862-1863 жж. Никополь қаласының маңынан Н. И. Забелин Чертомлыц (Чертомлык) қорғанын ашып, онда қазба жұмыстарын жүргізген еді кейін бұл ескерткіште қайта қазба жалғастыру жұмыстарын Н. И. Лиселовский, А. И. Тереножкин есімді археологтар жүргізді.
XIX ғ. А. З. Уваров скифтердің астанасы болған Неаполь Скифский қала орнын ашып, қазба жұмыстарына басшылық етті. Қалашық Симферополь қаласының маңайында орналасқан.
1859 ж. Ресейде Археологиялық комиссия құрылып оған бірталай есекрткіштерді қазу мен қорғау жинау туралы міндеттемелер жүктелген. 1862 ж. комиссия Чертомлыц қорғанын қазуға оның иесінен рұқсат алып кіріскен еді.
1862 ж. Чертомлыц қорғанын қазу басталып оған, И. Е. Забелин /1/ атты археолог басшылық еткен. Қорған қабірі тоналған болса да біраз белгілі көптеген алтын, құнды заттар шықты.
1870 ж. Лубна мен Ромни қаласының арасында ағып өтетін Сула өзенінің орта ағысында орналасқан Посулье қорғандары қазылған. Ескерткішті зерттеуге үлес қосқан ғалымдар арасында Д. Я. Самоквасов, Н. Е. Бранденбург, В. В. Хвойка, И. А. Линниченко, Н. Е. Макаренко, С. А. Мазаракий, Ф. И. Каменский, Н. Авеннариус, И. Я. Плискач бар. Барлығы Посулье некропольдерінен 400-ден аса қорған қазылған. Қорғандардың басым көпшілігі тоналған және қиратылған екен. Ескерткіштердегі бір ерекшелік жерлеу орнының еденіне әк, қызыл бояу және күл шашқан. Қорғандар б. з. д. VI-IV ғғ. жатады.
1898 ж. Кубань жерінде Уль ауылының жанынан Уль қорғандары ашылып, онда қазба жұмыстарын Н. И. Веселовский жүргізген. Бұл ескерткіштің ерекшелігі жерленген адамға 400-ден аса жылқы құбандыққа шалынып бірге жерленген. 1908-1909 жж. қорғанда қазба жұмыстарын М. И. Артамонов жалғастырған /2/. Уль ауылының қорғандары б. з. д. VI ғ. мерзім делінеді.
1903 ж. тау технигі Д. Г. Шульц археологиялық комиссияның ашық қағазын алып Закавказьедегі (Адыгей жерінде) Келермес қорғанын ашып қазба жұмыстарын жүргізді. Ал 1904 жылы ол жерде қазба және зерттеу жұмыстарын Н. И. Веселовский жүргізді. Қорған ертескиф кезеңіне жатқызылған.
1912 ж. Н. И. Веселовскийдің жүргізген археологиялық жұмыстары нәтижесінде Салоха скиф дәуірі қорғаны ашылды. Н. И. Веселовскийдің ашқан жаңалықтарының ішінде атақты Майкоп, Келермесс, Елезаветинский және т. б. Қорған 2 жыл қатарымен қазылды. Қорғанның бірінші қабірі тоналған болып шыққан. 1913 ж. қазылған 2-ші қабірден скиф патшасының тоналмаған мәйіті шықты. Қабір байлыққа тола ашылған. Солардың ішінде әйгілі болған алтыннан жасалған скифтер бейнесі бар тарақты айтуға болады. Қорған б. з. д. IV ғ. орта кензеңімен мерзімделген.
Украина жерінде 1871 ж. скиф тайпаларының “Пять братьев” қорымының 2 үлкен және 4 кішкентай қорғандарын П. И. Хицунов қазып, зерттеген еді. Үлкен қорғанның астыннан тастан жасалған қабірді зерттеуші ашпай, тоналған екен деп қалдырған.
1954 ж. осы ескерткіште Елизаветенский жанында (Р-на-Дону) орналасқан жерінде В. П. Шилов /3/ басқарған археологиялық экспедициясы жұмыс жүргізіп қорғанда жалғастыру жұмыстары жүргізілді.
1959 ж. П. И Хицунов қазған үлкен қорғанда қазба жұмыстары жанданып, қабірдіңтоналғандығы анықталды. Қабірде беделді жауынгер жерленген екен 2- қабір . Қорған б. з. д. IV ғ. соңғы ширегіне жатады.
1954 ж. Мелитопаль қаласының төңірегінен Мелитопаль қорғанында А. И. Тереножкин қазба және зерттеу жұмыстарын жүргізген. Скифтік қорған болып шықса да бірқатар әшекей заттар шыққан.
1950жж. Б. Н. Граков /4/ Скифиялық төменгі Днепр өзені бойында орналасқан Каменское қалашығында орналасқан қазба жұмыстарын жүргізді. Қаладан метталургия өндірісінің орындары, қолөнер кәсібі орындары ашылды. Қалашық б. з. д. IV ғ. жатады.
1940-1950 жж. М. П. Грязнов /5/ скиф дәуіріне жататын Пазырық қорғанын ашып, қазған еді. Ескерткіштердің бір ерекшелігі олардың үлкен тау бөктеріне мұздық қорған деген атау алған қабірлерде жерленуі. Қорғандар Таулы Алтай жерінде орналасқан.
1960 жж. Грузия жеріндегі ( Оңтүстік Осетия) Тли селосының маңынан Тли қорған қорымы ашылып зерттелді. Ескерткіште қазба жұмыстарын археолог Б. В. Техов /6/ жүргізді. Қорым қала дәуірінен бастап ерте темір аралығын алып жатыр. Қорғандардағы қабірлерде скиф адамдары көп жағдайда бүгілген қалпында жерленген болып келген. Зерттеуші Тли қорымын б. з. д. VII-VI ғғ. жатқызады.
1924 ж. Ставрополь қорғаны ашылып қазылған. 1953 ж. Т. М. Минаева /7/ қорғандарының бірін қазған. Қорған тоналған. Ескерткіш б. з. д. VII ғ. жатқызылған.
1973-1974 жж. Үлкен Ставрополь қорғанында қазба жұмыстарын В. Г. Ветренко бастады. Қорғаннан тоналған скиф патшасының қабірі шықты, ол тас жәшікте жатқызылған (табытта) .
Херсона жеріндегі Толстая могила қорғанын 1971 ж. Б. Н. Мозолевский /8/қазып, аяқтаған. Ескерткіш скиф патшасына жақын беделді адамның қабірі болып шыққан. Қорғанның басқа қорғандардан ерекшелігі осы жерде жанұйялық адамдар бірге жерленген. Қорған б. з. д. IV ғ. үшінші ширегіне сәйкес келеді.
1969-1970 жж. Балка селосының маңындағы Гайманова Могила қорғанында В. И. Бидзиль басқарған экспедиция қазба жұмыстарын жүргізді экспедиция құрамында А. И. Тереножкин, Б. Н. Мозалевский, Э. В. Яковенко болған. Қорғанда 50-ден астам скифтік жерлеу орындары табылған.
1961 ж. М. П. Грязнов /9/ Тува жерінде алғаш рет өзі барып Аржан қорғанын өз көзімен көріп, анықтаған. Қорған тастардың үйіндісінен қаланып, үстінен бұлақ ағып тұрған.
1971-1974 жж. Аржан қорғанында қазба жұмыстарының экспедициясының басшысы М. Х. Маннай- оол, ал ғылыми кеңесшісі және қазбаның басшысы етіп М. П. Грязнов тағайындалған. Қорған астында 70-камера орны болған. Соның 13-де ғана жерлеу орындары табылған. 1-ші камерада патша, патшайым және оның алты көмекшісі мен алты жылқы жерленген. Қорған б. з. д. VIII-VII ғғ. жатады. Патша қорғаны тоналған болып шықты.
1974 ж. А. И. Кубышев басқарған Херсон экспедициясы Каховка қаласының жанындағы Красный Подол селосынан №2 скиф қорғанын қазуға қатысты. Қорған қатарындағы скифтердің қабірі болып табылған.
1973 ж. Орджоникидзе қаласының маңынан Страшная могила тобынан А. И. Тереножкин үш скиф жерлеу орнын қазған. Ол жерлеу орындары №4 қорғанда орналасқан. Қабір коллективті жерлеу орны болып табылған. Жерлеу орны шамамен б. з. д. IV ғ. жатады.
Тувадағы Аржан патша қорғанының ашылуы скиф мәдениетінің шығуы өнерінің және скифтердің өздерінің пайда болуының жалпы мәселесі шешілген деген пікір айтады бірқатар зерттеушілер. Олардың отанын Солтүстік Қара теңізден, алдыңғы Азиядан емес Азияның орталығынан іздеу керек.
Алдыңғы Азия мен Кавказдағы скиф мәдениеті менскифтер скифтануда ерекше орынға ие. Ауқымды жұмыстарды осы сала бойынша Е. И. Крупнова, В. П. Виноградов, В. И. Марковин, Р. М. Мончаевтың Солтүсттік Кавказ бойынша зерттеу жұмыстарын атап өткен жөн. Қымбат мәліметтер Б. В. Теховтың Оңтүстік Осетия мен М. М. Трапшаның Абхазиядағы жұмыстарынан алынды. Олар Кавказда скиф мәдениеті ғана емес, скифтердің осы өңірлерде болғандығын көрсете білген.
Скифтердің материялдық мәдениеттерін зерттеу бойынша П. Д. Раудың садақ ұштары туралы, Б. З. Рабиновичтің жебелер туралы, В. Гинтерстің қылыштар, А. П. Манцевичтің әскери белбеулер туралы қажырлы еңбектерін атап өту керек. К. Ф. Смернов пен А. И. Малюкова савроматтар мен сарматтардың қару-жарақтары мәселесі бойынша еңбектері жарық көрді.
В. Г. Петронконың Скифияның әшекей заттардың зерттеуге арналған шығармасы бар.
П. Д. Либеров пен В. И. Цалкин Скифия халқының мал және жер шаруашылығы төңірегіндегі ауқымды еңбектері жарыққа шықты.
Б. А. Шрамко скифтердің металл өңдеу кәсібіне және құрал- жабдықтарына арнаған туындылары жарық көрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz