Малдардың аусыл ауруынан сақтау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Малдардың аусыл ауруынан сақтау

Мазмұны


1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2. Табиғат жағдайы 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
1.2.1.Ауа райы 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2.2.Жер бедері 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.3.Топырағы 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.4.Өсімдік қоры мен жайылымы 5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...

2. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .14
2.1. Аусылдың қазіргі кездегі індеттік жағдайы, онымен күрес
шаралары 14
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
2.1.1.Нозологиялық балау 19
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
2.1.2.Вакцина профилактика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 22
2.1.3.Сауықтыру шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2. Әдебиетке шолуды қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
26
3. Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. Материалдар, қолданылған әдістемелер. ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.2. Зерттеу нәтижелері 27
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
3.2.1.Аусылдың Оңтүстік Қазақстан облысындағы, оның ішінде Отырар
аудандық аумақтық басқармасындағы індеттің 27
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
3.2.2.Аусылға қарсы иммундеу нәтижелері 29
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
3.3. Зерттеудің экономикалық тиімділігі 33
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

4. Қорытынды 36
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..

5. Ұсыныс 39
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..

6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 40
... ... ... ... ... ... ... ... .. .

7. Еңбекті қорғау 41
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...

Нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар.
Дипломдық жұмыста келесі анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар
берілген.

, ±- Үлкен кіші.
Тн-Тонна.
%.-Пайыз
БСО- бүкіл әлемдік сауда ұйымы.

СМ-сантиметр.
ММ-миллиметр.
КГ -килограмм
Км-километр.
Автовакс (А, О АЗИЯ-1)-вакцина түрлері
ТМД-тәуелді мемлекеттер достастығы.
ҒЗВИ-малдарігерлік ғылыми зерттеу институты.
ВИЭВ-бүкілодақтық экспериментальді малдәрігерлік институты.
ЖШС-жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Вита-СТ-жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Диспансаризация-дегеніміз жалпы жұқпалы, немесе жұқпалы емес
ауруларды болдырмауға бағытталған шараларды немесе індетті дер
кезінде анықтап, емдеу, алдын алу шараларын іске асыру.

1. КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Республика тұрғындарын азық-түлікпен жеткілікті
мөлшерде қамтамасыз ету үшін - ауыл шаруашылығы саласы алдындағы маңызды
міндеттердің бірі. Осы мақсатта соңғы жылдары мал басын аман алып қалу
мақсатында, мал-дәрігерлік дауалау жұмыстары, нарықтық экономикалық
қатынастарға сай тың шаралар қолға алынып жатыр. Карантиндік инфекциялар
қатарына жататын аса жұғымтал инфекциялық аурулар құс тұмауы, аусыл қазіргі
кезде дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде кең таралып, көптеген
экономикалық шығындарға соқтырып отыр. Халықаралық індетке карсы бюро
мәліметтеріне сілтеме жасаған Е.И.Қасымовтың дәріс материалдарына (2006)
қарағанда аусыл ауруы оңтүстік-шығыс Азия, Африка, Оңтүстік Америка
мемлекеттерінде ғана емес, бүгінгі күні экономикалық және әлеуметтік
түрғыда бұл індет ТМД мемлекеттерінде, оның ішінде Қазақстанда өзекті
мәселе болып отыр.
Ғылыми және мемлекеттің статистикалық деректеріне карағанда Қазақстанда
соңғы жылдары аусыл сиыр малы арасында індет түрінде байқалып, мал
шаруашылығын көптеген экономи-калық шығындарға шалдықтырып отыр.
(Тұрсынқұлов Ш.Ж., Сытник И.И., 2006).
Ресми статистикалық есептерге қарағанда Қазақстанда аусылдың індет
ошақтары көптеген облыстарда анықталып, 13 сиыр малы өлімге шалдығып,
аусылдың себебінен 3 сиыр арнайы жойылған. Әйтсе де, бұл дерек толық емес.
Мысалы мен жұмыс істеген Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауддандық
аумақтық басқармасында 16-дан аса сиыр малы індеттің себебінен еріксіз
сойылды. Сондықтан аусылға карсы күрес шараларын барлық ауылдық округтерде
ұйымдастыру өзекті мәселе.
Дипломдық жүмыстың мақсаты. Жұмыстың мақсаты - әр түрлі малдардың
ұрпақтарының өсіп-жетілуі, бордақылық және еттілік қасиет-теріне жұқпалы
зияны көп Қазақстанда көп таралған аусыл ауруынан сақтау болып табылады.
Қазақстан, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша соңғы жылдардағы
аусыл ауруының індеттік жағдайын талдап, Қара төбе ауылдық округінде
дауалау шараларын ұйымдастыру жұмыстарын қолға алуды жолға қою болып
табылады.
Осы мақсатта төмендегідей зерттеулер жоспарланды:
1. Аусылдың Оңтүстік Қазақстан облысында, оның ішінде Отырар аудандық
аумақтық басқармасындағы соңғы жылдардағы індеттік жағдайын анықтап,
талдау жүргізу.
2. Соңғы жылдары аусылға қарсы қолданылған вакциналардың нәтижелеріне
талдау жүргізіп, олардың практикалық тұрғыда тиімділіктерін анықтау.

3. Аусылға қарсы қолданылған “Афтовакс” (“О”, “А”, ‘Азия-1”)
штамдарынан даярланған инактивтелген вакцинаны түрлі мал топтарында сынау.
Аннотация-Оңтүстік қазақстан облысы бойынша аусылдан соңғы жылдардағы
ветеринариялық есептері бойынша (форма вет №1) аусылға қарсы Автовакс-
О, А, Азия -1 штамдарынан даярланған үш валентті инактивтелген
вакцинамен жылына екі рет, біріншісі вакцинация, екіншісі ревакцинация
аусылға қарсы қолданнғаннан кеиін ересек мал арасында классикалық
ауруға тән реакциалар байқалмаған және бұл індетке қарсы ЖШС ВИТА
-СТ ұсынған АВТОВАКС вакциналарымен имундеу арқылы аусылды
дауалауға болатыны көрсетілген. Аусылға қарсы құрсау шаралары
толықтырылып жазылған.

1.2 Табиғат жағдайы

Оңтүстік өлкесі астық пен мақтаға, кенге ғана емес, малға да бай өлке.
Ауыл шаруашылығын жекешелендіру кезінде төрт түлік малдардың басы күрт
төмендеп кетті. Отырар ауданының шаруа шаруашылықтарының арқасында малды
жекеменшікке қоғамдастыру арқылы бағалы малдарды сақтап қалдық.
Ордабасы ауданы аймағы климаты жағынан да, жайылым жем -шөбі жағынан да
жылқы өсіруге ең қолайлы аймақ, ауаның жылдық орташа температурасы +18,5
градус, ауаның айлық орташа температурасы қыс кезінде (қаңтар-ақпан) – 3-
100. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150-213 миллиметрге дейін. Жайылымдарында
негізінен жусан-раң өседі. Құрғақ массаның шығымдылығы гектарына 4,5-5,0
центнер. Жайылым көлемі 160,0 мың гектарға жуық.
Аймақтың өсімдігі мен топырағы алуан түрлі. Өсімдігі негізінен жусан,
бұйырғын, жүзгін, еркек шөптер, тағы басқала,суармалы жоңышқа, жабайы
жоңышқа..

1.2.1 Ауа райы

Температура. Отырар аудандық басқармасында жер пайдалануы ыстық және
құрғақ жазымен, ызғырық желді болады. Қысы суық – қар жауғанымен, тез еріп,
жата бермейді, ылғалдың өте аздығымен сипатталады. Қысы жылы, аяқсыз.
Орташа ауаның жылдық температурасы +20,50С. Жазы ұзақ және өте ыстық,
шілде-тамыз айларының температурасы +30,50С, ал кейбір күндері ыстықтың
күндізгі температурасы +43 +450С-қа дейін жетсе, түнде сырдария теңізінің
аймағында +3 +100С-ға дейін күрт төмендейді.
Қыстың ең суық кезеңі қаңтардың үшінші он күндігі мен ақпанның басында
болады және ол кезеңнің орта температурасы -4,70С мөлшерінде. Басқа уақытта
қыс жұмсақтау, тіпті кей күндері ауа температурасының +20-
тан 100С-ға дейін күрт жылынуы да байқалады, соңынан ауа райы суық боранға
ұласады. Аязсыз кезеңнің орташа ұзақтығы 170 күннен 190 күнге дейін ауытқып
тұрады.
Наурыз айының 22-нен бастап ауа райының суықтықтан жылылыққа тұрақты
алмасу кезеңі басталады. Оның ұзақтығы 180-230 күн аралығында болады.
Ылғалдылығы. Өсімдік әлемінің дамуына зор әсер ететін факторлардың бірі
түсетін ылғал мөлшері. Ылғал жылдың жылы мезгілінде түседі. Ең құрғақ ай –
тамыз айы, осы мезгілде шөптер құрғап, жайылым тозады, тек таулы аймақтарда
ғана шөп мол, жайылым малға қолайлы күнде ылғал түсуіне байланысты шөптер
жанданып, күздік өсіп-көбею кезеңі қайталанады. Жерге ылғал негізінен
жаңбыр және қар ерте көктемгі және күздегі тұман-шық күйінде түседі. Қар
тегіс жауғанымен оның қалыңдығы 10 см аспай ылғалы аз болады.
Жел. Өсімдік әлеміне желдің де тигізер әсері мол. Біріншіден жел ерте
көктем-жаз айларында өсімдік әлеміне қажетті ылғалды жердің құнарлы
бөлігінен кептіріп жіберсе, екіншіден шөптің өсіп-жетілуіне кері әсерін
тигізеді.
Отырар аудандық аумақтық басқарма территориясындағы желдің негізгі
бағыты: Арыстанды Қарабас желі Солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа тұрады.
Кей жылдары қысы қатал болып келеді, ол жылдары қысқа мал азықтары
дайындалып, қосымша жем шөп беріледі.

1.2.2 Жер бедері

Табиғаттың топырағы мен өсімдік әлемін қалыптастыратын – жер бедері.
Шаруашылықтың жер пайдалануының басым бөлігі: тегіс, сай-салалы, жаз
жайлауы Отырар аудандық басқармасы біртегіс, ұланғайыр жазық дала
болып келеді.
Аталған түрлі-түрлі жер бедерін құрайтын жердің табиғи құрамдық
бөлшектері алуан-алуын топырақ түрінің қалыптасуына негіз болады. Жер
жағдайы негізінде ордабасы ауданында ұсақ және ірі қара, жылқы малына
қолайлы.

1.2.3. Топырағы

Жазықтықта негізгі үш топырақ аймағы бар, олар: қара топырақты аймақ,
қызыл қоңыр топырақты аймақ және қоңыр, сұр қоңыр топырақты аймақ. Шөлейт
аймақта боз қызыл қоңыр топырақ басым. Мұнда климат неғұрлым қуаң болған
жағдайда жусан боз-бетегелі және боз-жусан-бетегелі өсімдіктер сирек өседі.

Сұр қоңыр топырақтың саздақ жерлерінде жусан және боялыш өсімдігі мол.
Қаратаудың қара қоңыр топырақтары бұта және шөп өскен қалың жыныс астында
пайда болады. Таудың боз топырағы Солтүстік Қаратаудың бөктерлерінде (теңіз
деңгейінен 400-800 м) жусанды-ранды болады. Отырардың шұрайлы жазық
далалары бөген су қоймалары,- атымен бар әлемге мәлім болған жер.

1.2.4. Өсімдік қоры мен жайылымы

Өсімдігі. Шаруашылықтың жер қоры табиғи - ауа райының онша да қолайсыз
емес агроклиматтық белдікте орналасқан. Сондықтан өсімдік әлемі негізінен
суармалы, таулы және шөлді жерде өскендіктен табиғи құбылыстарға шыдамды
өсімдіктер түрлерінен құралған.
Олар: сұр топырақта жусанның әр түрі (ақбас жусан, қоңырбас жусан, құм
және астрахань жусаны т.с.с.) мен сортаң топырақта күйреуік бұйырғын,
тасбұйырғын түрлері көп кездеседі. Шөптесін өсімдіктерден: еркек боз,
селеу басым болса, өмірі қысқа эфемерлерден (қазақта, өлі шөп деп атау
алған): мортық, торғайот, қоңырбас түрлері мен сақ қалың қамыс, жыңғыл,
еркек шөп т.б.

Өмір тіршілігінің басты кезеңдері: көктеп шығуы, шанақтануы, гүлденуі,
жеміс салуы қысқа болып, күн онша ысымай тұрған уақытта өседі. Көп жылдық
бұршақ тұқымдас шөптерге жоңышқа, эспарцет, беде, түйе жоңышқа жатады.
Оңтүстік Қазақстанда бұл аталған екпе шөптердің ішінде негізінде жоңышқа
өсіріледі. Жоңышқаның биіктігі 80-100 см, кейде 1,5 м жетеді, сабақтары 10-
20 буыннан тұрады.
Ауа райы мен топырақ жағдайына қарай жоңышқа республика жерінде үш үлкен
табиғи аймақта өсіріледі. Облыс аймағында негізінде; көк гүлді, қызыл қоңыр
топырақты құрғақ дала және шөлейтті жерлерде сарыбас жоңышқа және будан
жоңышқа өсіріледі.

Отырар аудандық аумақтық басқармасы ветеринарлық бөлімінің
2005 -2007 жылғы атқарылған малдәрігерлік жұмыстарына түсініктеме

Ветеринарлық қадағалау бөлімі ауданымыздағы 11 ауыл округтеріне, аудан
териториясында орналасқан қосалқы шаруашылықтарға кооперативтерге, шаруа
қожалықтарына, жеке меншік малдарына және малдәрігерлік қызметтеріне
қадағалау жұмыстарын жүргізді.
Малдәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыру және мал ауруларының алдын алу,
оларды емдеу, тексеру мақсатында аумақтық баскарманың 15 мемлекеттік
ветеринарлық инспекторлары Эпизоотиялық тазалылықты қамтамасыз ету 018
бағдарламасы негізінде малдарігерлік биопрепараттарды қолдануға байланысты
мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Республикалық бюджет есебінен
қаржыландырылатын аса жұқпалы мал ауруларының алдын алу мақсатында егу,
аллергиялық тексеру, малдың қан сынамасын алу аудандық ветеринарлық
лабораториясына жеткізіп беру қызметтеріне қадағалау жұмыстарын жүргізіп,
аудан көлеміндегі лицензиялы жеке тұлғалар мен Мал Жан Самал
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды лицензиялы тұлғалар 2005 жылғы
мал басына қарай жасалынған алдын алу іс шара жоспарлары бойынша
малдәрігерлік жұмыстар атқарды.
Бұл іс шараларда 2005 жылы 250 000 уақ малды, 28 000 мүйізді ірі
қараға, 7000 жылқы, 1600 бас түйе, 6000 бас ит мысық жұқпалы мал
ауруларының алдын алу мақсатында қанша малға, қай мерзімде, қандай ауруға,
малдардың түрлеріне байланысты емдеу керектігі көрсетіліп 2005 жылғы жоспар
толығымен орындалды.
Атап айтқанда мүйізді ірі қара құтыру ауруына 10000 бас егу керек болса
10000 басқа егіліп жоспардың 100 пайызын, бруцеллезге шт-82 вакцинасымен
5000 бас 4-5 айлық бұзау емдеу керек болса 5000 басы егіліп жоспардың 100
пайызын, қашарлар 4000 басқа егу керек болса 4000 басы егіліп жоспардың 100
пайызын. Сібір жарасына 28000 мүйізді ірі қара егу керек болса 28000 басқа
егіліп жоспардың 100 пайызы, қой ешкілердің жоспар бойынша 250000 бас егу
керек болса 250000 басы егіліп жоспардың 100 пайызға орындалды. Түйені 1600
басқа егу керек болса 1600 басқа егіліп, жылқының 7000 бас егу керек болса
7000 басқа егіліп жоспар 100 пайызға орындалды. Қой ешкілерді бруцеллезге
қарсы Рев-1 вакцинасмен 3-5 айлық қозы 60000 басқа егу керек болса 60000
басы егіліп, жоспар 100 пайызға орындалып, саулық қойларды егу 120000 басқа
жоспарланса 120000 басқа егіліп жоспар 100 пайызға, ешкілерге 20000, басқа
жоспарланса, 20000 басқа егіліп, жоспар 100 пайызға, 3-5 айлық лақтарға
20000 жоспарланса, 20000 басқа егіліп, жоспар 100 пайызға қошқарлар 3000
басқа егу жоспарланса 3000 басқа егіліп жоспар 100 пайызға орындалды.
Туберкулезге аллергиялық тексеру бойынша 52000 бас мүйізді ірі қара,
1500 бас түйе аллергиялық тексеруден өтіп, туберкулез ауруына оң белгі
берген малдар анықталмады. Мал ауруларын балау жұмыстары бойынша 41349 бас
мүйізді ірі қара, 227926 бас қой, ешкі, түйенің 1221 басы, жылқының 907
бас, 1001 бас ит бруцеллезге тексеруден өтіп, 390 бас уақ малдан, 5 мүйізді
ірі қара оң белгі беріліп, ережеге сәйкес сойылды. Сонымен қатар
хламидиозды іш тастауға 800 бас қой ешкі мен инфекциялық эпидимитке 3005
бас қой ешкілер тексеруден өтіп оң нәтиже бергені анықталмады. Отырар
аудандық ветеринариялық лабораториясы бактериологиялық бөлімі жыл бойына
521, қан сары суын тексеру бөлімі жыл бойына 1258545, вирусологиялық бөлімі
жыл бойына 446, паразитологиялық бөлімі 58 тексеру жұмыстарын жүргізіп,
толық қуатымен жұмыстар атқаруда. Орталық базардағы сатылатын, үй маңында
сойылатын ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдеріне ветеринарлық
сараптау бөлімі 1064 рет мүйізді ірі қара, 410 рет жылқы, 93 рет түйе, 7278
рет уақ малдардың еттеріне лабораториялық сараптаулар жүргізіліп 12 кг сиыр
еті, 239 кг уақ малдардың еттері жарамсыз деп табылып, заласыздандыруға
жіберілді. Лаборатория арнайы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
2005 жылы Эпизоотиялық тазалылықты қамтамасыз ету 018 бағдарламасы
шегінде лицензиялы жеке және заңды тұлғалы мал дәрігерлерімен келісім
шартқа отырған барлығы 20090000 теңге толығымен игеріліп, келісім шартқа
отырған кәсіпкер мал дәрігерлеріне аударылып берілді.
Эпизоотиялық жағдайларды бақылау мақсатында атқаруға тиісті іс
шаралардың мерзімінде орындалуын, емдеу кезінде мал және мал өнімдерінің
сапалылығын бақылау, анықтау мақсатында орталық малдәрігерлік лаборатория,
аудандық малдәрігерлік лаборатория бөлімі сараптаулар жүргізіп, әрбір елді
мекенде лажсыздан арнайы сойылған малдарды малдәрігерлік сараптаудан
өткізіп, қолдануға рұқсаттар беріп отырады. Жыл бойында 5 бас мүйізді ірі
қара, 33 бас уақ малы лажсыздан сойылып, арнайы ветеринарлық санитарлық
сараптама лабораториясының зерттеу қорытындысы нәтижесінде қолдануға рұқсат
берілді.
Малдан адамға жұғатын аса жұқпалы мал ауруларының, атап айтқанда сібір
жарасы, аусыл, құтыру, бруцеллез, туберкулез ауруларының алдын алу
мақсатында жергілікті санитарлық эпидемиологиялық стансасымен тығыз
байланыста. Ауырған адамның малдан жұққанына күдікті ретінде санитарлық
ұсыныстар аудандық аумақтық басқарма малдәрігерлік қадағалау бөліміне
тіркеліп, жергілікті мал дәрігерлік инспекторларына арнайы нұсқаулар беру
арқылы үй малдарынан ауру ошақтарын анықтау қатаң міндеттеледі. 2005 жыл
бойына 50 адам бруцеллез ауруымен, 62 адам туберкулез ауруымен, 6 адам
экинококкоз ауруымен ауруханада жатқан.

Эпизоотиялық эпидемиологиялық зерттеудің нәтижесінде;

Қазақстан Республикасының 10 шілде 2002 жылғы Ветеринария туралы
заңының 27 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы
министірлігі малдәрігерлік комитетінің Малдар арасындағы бруцеллез
ауруының алдын алу және жою шаралары туралы 03.02.1999 жылғы №11-157
нұсқамасы негізінде, аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының
№224 6 қыркүйек 2004 жылғы ұсынысына орай Қожатоғай ауыл әкімшілігі аумағы
ауыл шаруашылығы малдар арасындағы бруцеллез ауруына қауіпті аумақ деп
анықталып, шектеу белгілеу туралы аудан әкімінің №646 10.09.2004 жылғы және
бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының №222 1 қыркүйек 2004 жылғы
ұсынысына орай Маяқұм, Шілік ауыл әкімшіліктері аумағы ауыл шаруашылығы
малдар арасындағы бруцеллез ауруына қауіпті аумақ деп анықталып, аудан
әкімінің №646 10.09.2004 жылғы шешімімен шектеу шешіміне байланысты
сауықтыру барысында Маяқұм ауыл округіндс уақ мал барлығы 20490 бірінші рет
21657 бас екінші рет тексеріліп 66 бас уақ малдан бруцеллез ауруына оң
нәтиже берді. Қожатоғай ауыл округінде уақ мал барлығы 14384 бас бірінші
рет, 43448 бас екінші рет тексеріліп 95 бас уақ малдан бруцеллез ауруына оң
нәтиже берді. Шілік ауыл округінде уақ мал барлығы 14181 бас бірінші рет,
30745 бас екінші рет тексеріліп 93 бас уақ малдан бруцеллез ауруына оң
нәтиже беріп, ауру анықталған малдар ережеге сәйкес сойылды. Сонымен қатар
Маяқұм ауыл округі бойынша 69 қора жайлардың 27500 шаршы метрі 2%
каустикалық содамен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Дезинфекция
жұмыстарының сапасын анықтау мақсатында 4 қора жайдан 6 сынама алынып,
қорытындысы сапалы болып шықты.
Қожатоғай ауыл округінде 72 қора жайлардың 37700 шаршы метрі 2%
каустикалық содамен дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Дезинфекция
жүмыстарының сапасын анықтау мақсатында 5 қора жайдан 8 сынама алынып,
қорытындысы сапалы болып шықты.
Шілік ауыл округі бойынша ауру мал анықталған қора жайларда көлемі
32600 шаршы метр каустикалық содамен, барлығы 69 қора жайлар дезинфекция
жұмыстары жүргізілді. Дезинфекция жұмыстарының сапасын анықтау мақсатында 5
қора жайдан 8 сынама алынып, қортындысы сапалы болып шықты.
2005 жылғы Эпизоотиялық ошақ тазалықты қамтамасыз ету 018
бағдарламасы бойынша Отырар ауданы Маяқұм, Қожатоғай, Шілік ауыл
әкімшіліктерінде уақ малдар арасында бруцеллез ауруларының арасында шектеу
шаралары атқарылды. Қазақстан Республикасының 10 шілде 2002 жылғы
Ветеринария туралы заңының 27 бабы 1-тармағына, Қазақстан Републикасы
ауылшаруашылығы министрлігінің №632 05.11.2004 жылғы бұйрығымен бекітілген
Жануарлар мен адамға ортақ жүкпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы
және олармен күресу бойынша ветеринарлык - санитарнялык және санитариялық-
эпидемиологиялық ережесінің негізінде, аудандық бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторының №165. 6.қазан 2005 жылғы үсынысына орай
Қаракоңыр, Балтакол ауыл әкімшілііктері аумағында ауыл шаруашылыгы малдар
арасындағы бруцеллез ауруына қауіпті аумак деп аиықындалып, шектеу белт
іленді.
Құтыру малдарға, адамға негізінде каңғыбас иттер мен мысықтардың
жорытқан аңдардан жұғатынын және алдын алудың бір жолы осы қаңғыбас иттер
мен мысыктарды атып жою болғандыктан биылғы жылғы бұл жүмыстарға ешқандай
каржы болінген жоқ.
Ветеринариялық заңдылыкты қадагалау мақсатында жеке және заңды 127
түлғаға нүсқамалар беріліп аталған кемшіліктер орнына келтіріліп, 23305
тсңге айыппұлдар салынды.

Жұқпалы емес аурулар жөнінде

Аудан көлемінде мал шығындары нсгізінде жұқпалы емес ауруларының
салдарынан болуда. Азық өлшеміндс түрлі макро-микро элементтердің,
витаминдердің аз мөлшерде болуы, кора жағдайларының зоотехникалык,
малдәрігерлік-зоогигиениалық талаптарға сай болмауы, бір жакты азық
өлшемінің ғана берілуі салдарынан малдардың тыныс алуы, ас қорыту, ішкі
органдарының бұзылуына елеулі дәрежеде ықпал етуде. 2005 жыл көлемінде
аудан бойынша ас қорьпу ауруларымен кой ешкілердің 8768 басы, ірі караның
1952 басы, жылкының 262 басы, түйенің 227 басы ауырып, одан қой ешкінің
2334 басы, мүйізді ірі караның 124 басы, жылкының 21 басы, түйенің 19 басы
өлім жітімге ұшыраған. Сондай-ак тыныс, өкпе ауруларының кой, ешкінің 7800
басы, ірі қаранын 1761 басы, жылқының 303 басы, түйенің 111 басы ауырып
одан кой ешкінің 2212 басы, ірі қарадан 163 басы, жылқыдан 88 басы, түйенің
28 басы, өлім жітімге ұшыраған. Жалпы жыл бойындя 5171 бас мүйізді ірі
кара, 25123 бас кой, ешкі, 414 бас түйе, 798 бяс жылқы ауырып одан 327 бас
мүйізді ірі қара, 6733 бас кой ешкі, 118 бас жылқы түйенің 49 басы өлім
жітімге үшырады. Ылажсыздан 5 бас мүйізді ірі кара, 33 уақ мал сойылған.
Паразитологиялық аурулар жөнінде
Соңғы жылдары аудан көлемінде түрлі паразитологиялык аурулар малдар
арасында көптеп шығуда. Атап айтқанда таспа құрт, бауыр құрт аурулары
коптеп кездсуде.
Бұл аурулардың шығуына жайылым жағдайлардың қолайсыз болуынан, ағын
арықтарының тұрып қалуы жайылымдарды ауыстырмай малдарды біржақты бағу, су
ішетін құдықтардың немесе таза сулармен суғармау салдарынан болуда. Сол
сиякты шілденің ыстықтарында кенелердің көбеюуі, адамдар арасында безгек
ауруымен ауырып қалу қаупін туғызуда.
Ауыл жылына байлангысты бұқаралық ақпарат құралдарына Құтыру ауруы,
Бруцеллез жұқпалы індет, Сібір жарасы, Малға да төлқұжат толтырылатын
болады Аусыл қоздырғышы,таралу жолдары, алдын алу сақатану, Ветеринарлық
іс шараларға кететін шыгындар,экономикалық әсері, Мал есебіне мән беру,
Құс түмауынан сақтанайық, Күл ауру қоздырғышы, таралу жолдары,алдын
алу,сақтану, Базардағы мал және мал өнімдерінің ветеринарлык санитарлық
сараптау жолдарын түсіндіру туралы мал індеттерін кеңінен насихаттау
мақалалары шықты.

Ұсыныстар

1. Әр ауыл әкімшіліктерінде құшқаналар убойный пункг салдыру.
2. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру сырғалау, таңбалау
мақсатындағы мемлекеттік ветеринариялық инспскторларының жұмыстарына
ауыл әкімдері ықпал ету, комек көрсету.
3. Аудандық бюджетен қайтарыммен бірдейлендіру
сырғалау, таңбалау жұмыстарына қаржы бөлу.

4. Дезинфекция, дезинсекция жұмыстарын жүргізу үшін бір ДУК
автокөлігін алуға жағдай жасау.
5. Ауыл әкімшіліктерінде кәсіпкер малдәрігерлік лиценцияттардың
санын көбейту малдәрігерлік мамандарды жүмысқа тарту, бәсекелестікке жол
ашу.
6. Аудан көлемінде қанғыбас игтер мсн мысықтар аулайтын, атып
жоятын бригада құру, қаражат бөлу.

Бәйдібек аудандық аумақтық басқармасы ветеринарлық бөлімінің
2006 жылы атқарылған малдәрігерлік жұмыстарына түсініктеме

Ветеринарлық бөлімі ауданымыздағы II ауыл округтеріне, аудан
териториясында орналасқан қосалқы шаруашылықтарға, кооперативтерге, шаруа
қожалықтарына, жеке меншік малдарына малдәрігерлігі туралы заңының
сақталуына қадағалау жұмыстарын жүргізді.
Малдәргерлік жұмыстарды ұйымдастыру және мал ауруларының алдын алу,
оларды емдеу, тексеру мақсатында аумақгық басқарманың 15 мемлекеттік
ветеринарлық инспекторлары "Эпизоотиялық тазалықты қамтамасыз ету 018"
бағдарламасы негізінде малдәрігерлік биопрепараттарды қолдануға байланысты,
мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Республикалық бюджет есебінен
қаржыландырылатын аса жұқпалы мал ауруларының алдын алу мақсатында егу,
аллергиялық тексеру, малдың қан сынамасын алу аудандық ветеринарлық
лабораториясына жеткізіп беру қызметтеріне қадағалау жұмыстарын жүргізіп,
аудан көлеміндегі лицензиялы жеке тұлғалар мен "Мал Жан Самал"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңды лицензиялы тұлғалар 2006 жылғы
мал басына қарай жасалынған алдын алу іс шара жоспарлары бойынша
малдәрігерлік жұмыстар атқарды.
Бұл іс шараларда 2006 жылы 280000 уақ малды, 30000 мүйізді ірі қараға,
7000 жылқы, 1700 бас түйе, 9000 бас ит мысық жұқпалы мал ауруларының алдын
алу мақсатында қанша малға, қай мерзімде, қандай ауруға, малдардың
түрлеріне байланысты емдеу керектігі көрсетіліп, 2006 жылғы жоспар
толығымен орындалды.
Атап айтқанда мүйізді ірі қара құтыру ауруына 7000 бас егу керек болса,
7000 басқа егілігіп жоспардың 100 пайызын, 37000 бас уақ малды егу керек
болса 37000 басқа егіліп жоспардың 100 пайызын, жылқының 4000 басы егілу
керек болса 4000 басы егіліп жоспардың 100 пайызын, түйенің 800 басы егу
керек болса 800 басқа егіліп жоспардың 100 пайызын, иттерді 9900 басқа егу
керек болса 9900 басқа егіліп жоспардың 100 пайызын, малды бруцеллезге шт-
82 вакцинасымен 8000 бас 4-5 айлық бұзау емдеу керек болса 8000 басы егіліп
жоспардың 100 пайызын, қашарлар 6000 басқа егу керек болса 6000 басы егіліп
жоспардың 100 пайызын. Қой ешкілерді бруцеллезге қарсы Рев-1 вакцинасымен 3-
5 айлық қозы 60000 басқа егу керек болса 60000 басы егіліп, жоспар 100
пайызға орындалып, саулық қойларды егу 140000 басқа жоспарланса 140000
басқа егіліп жоспар 100 пайызға, Ешкілерге 15000 басқа жоспарланса, 15000
басқа егіліп, жоспар 100 пайызға, 3-5 айлық лақгарға 20000 жоспарланса,
20000 басқа егіліп, жоспар 100 пайызға, қошқарлар 1500 басқа егу
жоспарланса 1500 басқа егіліп жоспар 100 пайызға орындалды. Лептоспироз
ауруына қарсы 40000 бас мүйізді ірі қараға егу керек болса жоспардағы 40000
басқа егіліп жоспар аудандық ішкі істер бөліміне, аудандық денсаулық сақтау
бөлімдеріне ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар ҚР зардапты құс тұмауьның алдын алу және жою жөніндегі
іс-қимылды мен стратегиясын дайындау жөніндегі хаттамасын іске асыру
мақсатында Отырар ауданда атқаратын іс шаралар 21.01.2006 жылы аудан әкімі
бекітіп, бұл іс шараларда зардапты құс тұмауы шыға қалған жағдайда жедел іс
қимыл шаралары нақтыланып берілген.
5.04.2006 жылы Отырар ауыл округі Арыс ауылында жоғары зардапты құс
тұмауының шығуын анықтау, таратпау және жою жөнінде арнайы семинар кеңес
өтті. Оған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, облыстық төтенше жағдайлар
жөніндегі департаментінің Отырар ауданының өкілі, аумақгық орман және
аңшылық шаруашылығы басқармасы, аумақтық басқарманың ветеринариялық бөлімі,
аудандық СЭҚБ-ның өкілдері, ауыл әкімдері, аудандық ветеринариялық полиция
мамандары, аудандық өрт сөндіру бөлімі жалпы семинар кеңеске 175 адам
қатысты. Семинар кеңес оқу жаттығу жиынында өткендіктен мамандар арнайы
киімдер киіп, залалсыздандыру жәнс жедел зерттеу жұмыстарымен шұғылданып,
өздерінің төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда әзірліктерін көрсетті.

Аудан бойынша, ауылшаруашылық жануарларын инвентаризациялау мен
бірдейлендіру жұмыстары бойынша 2006 жылы 75200 басқа сырғалар мен 5000
паспортар алынды. Инвентаризация бойынша ірі қара малдарға 31571 басты
кұраса, нақты сығаланғаны 28341 басы, 293994 басынан 291114 басы
сырғаланды. Жылқының 9078 басты құраса 8976 басы және түйенің 1922 басынан
1892 басы жыл бойына паспортау рәсімделді.

Эпизоотиялық эпидемиологиялық ахуал

Мал ауруларын балау жұмыстары бойынша 29234 басы бірінші рет, 5663 басы
екінші рет МІҚ, 180182 басы бірінші рет, 388 басы екінші рет қой-ешкі,
түйенің 1507 басы, жылқының 1945 бас, 1039 бас ит бруцеллезге тексеруден
өтіп, 22 бас уақ мал бруцеллез ауруына қолайлы шаруашылықтар Отырар және
Қожатоғай, Темір, Талапты ауыл округтерінде бруцеллез ауруы тіркеліп және
11 мүйізді ірі қара оң белгі беріліп, ережеге сәйкес сойылды. Сонымен қатар
хламидиозды іш тастауға 1700 бас қой ешкі мен инфекциялық эпидимитке 1510
бас қой ешкілер тексеруден өтіп оң нәтиже бергені анықталды.
Бруцеллез ауруына шектеу белгіленген Балтакөл, Қарақоңыр ауыл
округінде 62400 бас уақ мал тексеру жоспарланып, 42466 бас уақ мал бірінші
рет, 19934 бас уақ мал екінші рет тексеруден өтіп, 714 бас уақ малдар
бруцеллез ауруына оң нәтиже берді.
Қазақстан Республикасы үкіметінің №407 қаулысына сәйкес бруцеллез
ауруына оң белгі берген 714 бас уақ мал ережеге сәйкес жойылып өртелді,
67,2 мың шаршы метр 289 қора жайларға дезинфекция жұмыстары жасалынды.
Басқа көздерден қаржыландырылған, атап айтатын болсақ Сібір жарасына
қарсы МІҚ 29600 доза, 263600доза уақ малдарға, жылқыларға 9000 доза,
түйеге 2000 доза дәрілер алынып, шошқаға 100 доза, Сібір жарасы ауруына
қарсы 29600 бас мүйізді ірі қара, 263600 бас уақ мал, 9000 бас жылқы, 2000
бас түйе, шошқаға 100 басқа егуден өтті.

2006 жылы Эпизоотиялық тазалықты қамтамасыз ету 018 бағдарламасы
шегінде лицензиялы жеке және заңды тұғалы малдәрігерлерімен
келісім шартқа отырған барлығы 20589617 теңге толығымен игеріліп,
келісім шартқа отырған кәсіпкер малдәрігерлеріне аударылып берілді.
Эпизоотиялық жағдайларды бақылау максатында атқаруга тиісті іс I
иіараларлыи мерпмпіде орынлалуын, смдсу ксзіндс мал жэне мал 1
опім.ісрінііі сииа.Іы.ІыІ ыи Оакм.Іау, аиыкіау максагында орталык I малдлрһ
"рлік лабораіорим, аудандык Іиалдірігсрлік лаборотория бөлімі I
сараптаулар жүргізіп, арбір елді мекенде ылажсыздан арнайы сойылган I
малдарды ІУІалдәрігерЛ,ік сараптаудан өткізіп, қолдануга рұксаттар беріп I
отырады.
Жыл бойында 10 бас мүйізді ірі кара, 28 бас уақ малы ылажсыздан
сойылыпып, арнайы ветеринарлық санитарлық сараптама лабораториясының
зерттеу қорытындысы нәтижесінде колдануға ұрұқсат берілді.
І Малдан адамға жұғатын аса жүкпалы мал ауруларының,
атап айтқанда сібір жарасы, аусыл, құтыру, бруцеллез, туберкуллез
ауруларын алдын алу максатында жергілікті санитарлық эпидемиологиялық
стансасымсымен тығыз байланыста. Ауырған адамның малдан жұққанына күдікті
ретінде санитарлык үсыныстар аудандык 1 аумақтық басқарма малдәрігерлік
инспекци бөліміне тіркеліп, I жергілікті малдәрігерлік инспекторларына
арнайы нұскаулар беру аркылы үй малдарымен ауру ошақтарын аныктау катаң
міндеттелді. 2006 жыл бойына І4 адам бруцеллез ауруымен, 56 адам
туберкуллезбен аурып, 8 адам эхинококкоз ауруымен ауруханада жатқан.
Зерттеу және талдау барысында ауырған адамдардың жеке қожалығындағы 285
мүйізді ірі қара,1200 бас уақ мал ,1 бас жылқы,2І бас түйесі бруцеллез
ауруына тексеріліп 13,уак мал, 2 бас ірі қара лабороториялык зерттеудін
нәтижесінде бруцеллез ауруына оң нәтиже берді.
Эпизоотиялықлық эпидемиологиялық зерттеудің нәтижесіндс және ҚР АШМ
№ 632 5.11.200,4 жылғы Жануарлар мен адамға ортақ жұкпалы
аурулардың профилактикасы және олармен күресу бойынша
ветеринариялық санитариялық және санитариялық
эпидемиологиялық ережесіиің негізінде, "Ветеринария туралы"заңының, 10 бабы
сәйкес аүдан әкімінің № 257 02.10.2006 жылы Отырар Талапты

2. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

2.1. Аусылдың қазіргі кездегі індеттік жағдайы, онымен
күрес шаралары

Аусыл (Арһtае еріzооtісае, ящур) - жұп түяқты жануарлар мен дала
аңдарының жіті, контагиозды түрде өршитін індеті. Бұл аурумен ірі қара,
ұсақ мал, шошқа, киік, қодас, буйвол, антилопа және тағы басқалар ауырады.
Аусыл ауруы қызбамен, ауыз қуысының кілегейлі қабықтары, ауыздан сілекей
ағу, желін үрпісінің, танау куысының, тұяқ арасының миокард, бұлшық еттің
везикуляры, автозды-эррозиялық жарақаттануымен ерекшеленетін аса жұғымтал
вирустық ауру (Е.И.Қасымов, 2006).
Т.С.Сайдулдиннің Ветеринариялық індеттану (1999) оқулығындағы
деректерге карағанда аусылдың қоздырушысы ДНҚ-лы вирус, пикарновирус
тұқымдастығынан, антигендік қасиеті бойынша 7 серологиялық типке бөлінген:
О (13), А (32), С (5), Sat-1 (7), Sat-2 (3), Sat-3 (4), Аsіа-1 (2).
Ш.Б.Мырзабекова М 91. Ветеринариялық вирусология. Алматы, Білім баспасы.
2004. оқулығында жоғарыда көрсетілгендей бұл қоздырушы РНҚ-лы бар
вирустарға тобына, пикорнавирустар тұқымдастықтың, автовирус туыстығына
жатады. 1898 жылы бұл вирусты Леффлер мен Фрош ашқан. Ауру қоздырушысы 75 %-
ды спирт ерітіндісіне, эфирге, хлорофорумға, лизолға, фенолға төзімді.
Хлор, әк, креолин, крезол, сулема ерітінділерінде бірнеше сағаттан кейін
инактивтеледі. Жайылымдарда аусыл жарақат-тарынан үзіліп түскен афт
(күлдіреуіктер) қабырғаларында вирус келесі жайылымға дейін сақталады.
Жазғы уақытта ағын суда белсенділігін 6-12 күнге дейін жоймайды. Суық суда
- 103, кепкен қанда - 168, сұйық қида - 40, малдың терісінде - 50, киімде -
100, мал қораларында - 70 күнге дейін сақталады 68°С - 30 мин., 70°С - 15
мин., 80-100°С - бірнеше секундта инактивтелінеді. Тұздалған және
кептірілген мал өнімдерінде 50 күнге дейін сақталады. 2%-ды формальдегид,
күйдіргіш натрий ерітінділері 10-30 минут аралығында залал-сыздандырады.
Яғни сыртқы ортада аусылдың вирусы төзімді. В.Н.Сюрин, т.б. (1991)
деректерінде аусыл вирусының О (13), А (32), С (5) типтері Еуропа
мемлекеттерінде, Sat-1 (7), Sat-2 (3), Sat-3 (4) Африка мемлекеттерінде, ал
Аsia-1 (2) түрі тек Азия мемлекеттерінде кездесетіні айтылған.
Е.И.Қасымовтың практикумында бұл індетке қарсы күрес шаралары дүние
жүзі мемлекеттерінде 2 жүйеде жүргізілетіні: біріншісі - кардинальды түрде
індет ошағын жою (мал фермаларында қатаң ветеринариялық-санитариялық
тәртіптерді орындау, індет ошағы анықталған жағайда, ондағы барлық малды
сойып, жою, вакцина қолданбау), екіншісі - індет ошағын сауықтыру (емдеу,
ветсан. шараларды қолдану, т.б.), індеттер төнген аймақтағы малды иммундеу,
барлық жұптұяқты жануарларды жыл сайын арнайы вакциналармен егу қажеттілігі
айтылған.

Сурет 1. Аусылда патологиялық материалды зерттеу схемасы

Жоғарыдағы тәсілдердің бірін таңдап алу індеттік жағдайға, мемлекеттің
географиялық орналасуына, мал өсіру технологиясының деңгейіне, мемлекеттің
экономикалық дамуына байланысты делінген (Е.И.Қасымов, 2005).
1921жылы француз зерттеушілері аусылдың екі түрін байқаған: тип О -
оіsе және А - аllіmеntе олар бір-бірінен зардапты қасиеттерімен, уыттылық
дәрежесімен және өздерінің иммундық биологиялық ерекшілік-терімен
ажыратылады. Бір түрімен ауырған ауруда екінші түрінде иммунитет пайда
болмайды және үшінші түрі – С пайда болған.
Бұл аусылдың екі жақтылығының іс жүзіндегі маңыздылығы бар:
1. Вирустың арнайы түрін қолданғанда өзінің таралуына қарай қарсы
эпизоотиялық әрекеттер жасалынады.
2. Аусылға қарсы арнайы поливалентті биопрепарат түрінен гомологиялық
тиімді вакцина, сывортка дайындалады. Аусылдан жазылған малдарда тез
иммунитет пайда болады ол ірі қара малдарда 1-2 жылға, шошқаларда 10-11
айға созылады.
Қазақтың ҒЗВИ В.И.Киндяков шығарған концентратты вакцинасының ВИЭВ-
шығарған вакцинасынан айырмашылығы құрамында антиген көп және малдарға
дозасы аз көлемде салынады. Қырғыздың ҒЗВИ-шығарған лапинизированды вакци-
насы С. П. Иванов қояндарға салу
Аусылға қарсы күрес шаралары Қазақстанда соңғы жылдары мал басын сақтап
қалу мақсатында екінші жүйе бойынша жүргізілді. Соңғы автордың деректеріне
қарағанда бұл індет соңғы 2-3 жыл бойы Қазақстанда кездескен жоқ, бірақ
сиыр малы міндетті түрде “Вита-СТ” ЖСШ даярлаған аусылға қарсы “О”, “А”,
“Азия-1” штамдарынан даярланған инактивтелген “Афтовакс” вакцина-сымен
жылына 2 рет иммунделеді.
Аусылға қарсы күресте індетті дәл анықтап, оны басқа аурулардан
ажыратудың орны үлкен. Аусылға балау қойғанда, диагностикалық әдістерді
жүйелі түрде қолдану қажет. Осы мақсатта аусылды балауға індеттанулық,
клиникалық, лабораториялық әдістер кең қолданылады (Т.С.Сайдулдин,
1999).Бұл аурудың қоздырғыштары жұққаннан бастап, 12-сағат ішінде
болмаса 14-21 күн аралығында белгілі болады, ол әрине ағзаның
мекемділігіне және қоздырғыштың үрдістігінің қуаттылығының бір бастан
екінші бір малға өтуіне байланысты, ірі қара малдарға қарағанда
инкубацйялық кезкең шошқада тез өтеді.
Сауын сиырдың тұяқ ашасының жаралануы ұзаққа 2-3аптағак созылады,
аяқтары ақсап желіндері желінсау ауруларына ұшырайды.

Көптеген шет ел ғалымдары Барбани және басқалар (1963) байқап
зерттегенде асқазан асты бездері аусыл ауруымен ауруынан кейін
дегенерациялық өзгерістерге ұшырайтынын келтіреді.
Ірі қарамалдарда аусыл ауруының қатерлі түрде өтуінің көптеген
себептерәін келтіреді, бұндай жағдайда Г. Ф. Бондаренко, В, С,
Зарубинский, Г, И, Липатов, К, И, Плотников В, А, Щубин және
басқа да авторлар жазады.
В. А. Шубин (1961) аусыл ауруының қатерлі түрде өтетінін жазады,
және оның басқа ағзаларға жүрек еттеріне бүйрекке, нерв жүйелеріне, ет
фацияларының қызметтеріне әсеғрін тигізетінін дәлелдеген.
Ірі қара малдарда аусылмен ауырған малдың ұлпа иммуниттері 6-7айға,
ал гумаралды иммунитет 18-айға дейін созылатынын О. Вальдман, К.
Траутвейн келтіреді.
Қатерлі өтетін аусыл ауруының қоздырғыштары өте сирек кездеседі,
және де шектеулі ауиақтарға ғана тарайды. Эпизоотиялық жағдайларға
байланысты А. Скоморохов және М. Рево қатерлі аусыл ауруымен
ауырған малдардан байқағаны бұлардың арасында байланыстың болмайтынын
анықтаған. 1961 жылдары Орынбор облысында малдың тегіс түгелдей сүт
зауытынан әкелінетін залалсыздандырылмаған сүттің сарысуындағы аусыл
қоздырғышы вирус арқылы таралғаны белгілі болған. Осы кезде аусыл
вирустарының қоздырғыштарының таралуының екі заңды түрі анықталған.
Біріншісі, сүттің сарысуын пайдаланған мал, сүт зауытынан арнайы
тасымалданған көлікпен әкелінген сүт сарысуын пайдаланған шаруашылықтардағы
малдар тегісімен ауырған. Екіншісінде, сүт сарысуын бірінші пайдаланған
бұзаулар мен торайлар ауырған, сонан кейін басұа малдарға жұғып, қалғандары
ауырған.
Қазіргі темір жол тораптары теңіз транспорттары дамыған кезде
шет елдермен қарым -қатынас дамып шекарадан еркін өтіп, тауар
айналымы, сатып алу адамдар араласып жатқан шақта аусыл
қоздырғышы вирус өте тез тарайды және өте қысқа мерзімде тарап
жұғады. Бұндай жағдайда малдәрігерлерімен басқада мамандар заң
талабын қатаң сақтаулары қажет.Көптеген жағдайларда малдардың аусыл
ауруымен ауыруын түрлі жолдармен болатынын малдарға пассивті
егу жұмыстарын жүргізген кездерде оспа лимфасымен аусыл вирустарының
таралғаны тіркеліп анықталған.1908жылы Мюллер мен Розенау
күлге қарсы егіген малдардың аусыл ауруымен ауырғанын байқаған.

Ал Роуз болатын болса почтамен келетін хаттарменде аусыл
ауруының таралатынын мәлімдеп, аусыл ошағынан келген хаттарды
жойдырған. Мал-шаруашылықтарымен айналысатын Ирландия мемлекетіде
осыны пайдаланып, 1967жылы аусыл ауруы жүріп жатқан
шаруашылықтардан келген хаттарды құттықтау қағаздарды түгелімен
жойған.
Н. В. Лихачев, П. М. Базылев В. Н. Сюрин 1955ж кептірілген
аусыл қоздырғыштары үй температурасында бірнеше жыл сақталатынын
және жұқпалы қасиетін сақтайтынынанықтаған. Теңіз суында үйреншікті
қалыпқа еніп, бірнеше ай сақталатынын Лефлер ГДР-институтында
дәлелдеген.
Ф. Г. Гутира және Маректер 1937 ж чума вакцинасының
сарысуымен егіген шошқалардың арасынан аусыл ауруының шыққанын
тілге тиек етеді.
И. Бернар мен Жирар электронды микраскоппен аусыл вирусының
қоздырғыш бөлшектерінің 17-20ммк арасында болатынын, ал совет одағы
кезінде Г. Красников (УНИИЭВ) В. Узюмов (ВНИЯИ) электронды
микроскоппен аусыл қоздырғыштарын зерттеп көлемдерін анықтаған.
В. Узюмовтың келтірген мәліметтерінде электронды микроскоптармен
вирустың бөлшкектерінің көлемі 200-240А болып, олардың формасы 5-
6 бұрышты болып келеді делінген. Осыған орай Бриза және
Трауптманның1966икосаэдралық аусыл қоздырғышы вирустарының
формасы20-қырлыболады делінген, негіздеуге болады.
Қоздырғыш вирустың төзімділігі. Жұқпалы аусыл қоздырғышының
еңбір РН-та сақталатын қасиеті 7,0-9,0 болады.Ал қышқылды
ортада 10,0 -де сілтілі ортада 6,0. Осы орталарда ол тез
жұқпалылық қасиетін жоғалтады. Афтоз вирустары вирус лимфалары
басқа жұқпалы вирустарға қарағанда төзімдірек, ал еттегі
қоздырғыштар көп сақталады. Сонымен қатар бездерде сүйек
кеміріктерінде де ұзақ сақталады. Кокса мен Коттарал 1961 ж
тұздалған етте жұқпалы ауру қоздырғышын 194күн сақталғанын
Гальюнс және Коттарал1964буын сұйығындақалыпты РН-7,6-
8,8температурасы 4°С-да 14-күн сақталады.
Е. Вишневский 1963жылы аусыл қоздырғышының 10-12С° жылылықта
ал минус 10-12°С 24сағат ет құрамында сақталған.
Аусыл қоздырғыштары жоғарғы температураға өте төзімді, ал
төменгі температурада А. Л. Скоморохов консервациалап сақтаған.
Орта азияда суда РН-7,2-7,4 болған жағдайда жұқпалылығын қазан
айынан маусым айына дейін 4-20 күн сақталатынын зерттеушілер
өз деректерінде келтіреді. Ал киім-кешекте 100-күнге дейін
сақталады Хуссель 1960
Айта кететін бір жәйт барлық ауру қоздырғыш штамдар сыртқы
ортаның әсеріне бірдей әсер етпейді. Көптеген РНК-ірі және
майда қоздырғыштар май ертінділеріне төзімді эфир, хлороформ,
ал кейбіреулері пикорна вирустардың энтеревирустардан
айырмашылықтары трипсинге және қышқыл ортаға төзімсіз. Кейбір
карбол қышқылының төмегн пайызды ертіндісі 0,5-1,0 % аусыл
қоздырғышының қызметін тоқтатып, бұзылуын 3-5 айға дейін сақтап
қалады. М. В. Рево.
Сілті ертінділеріне аусыл ауруының қоздырғышы төзімсіз
болғандықтан оларға каустикалық сода едкий натр ертінділерін
пайдалану тиімді. А. А.Поляков аусыл ошағын зарарсыздындыруға
2,0%ащы калий, 30%-күл сілті, 10%-калций сода күйдіріндісі
ертінділерімен жасауды ұсынады.
Вирустардың инвазиялық жұқпалылық қасиетіне мынадай түсініктеме
беруге болады, вирус қоздырғышының бөлшектері кейбірмал ағзаларында
дамуға және жұқпалы ауру шақыруға қаблетті. Вирустың
жұқпалылық қасиетінің уыттылығы оның өміршеңдігін көрсетеді.
Иесінің клеткаларына вирус қоздырғышы кіретін жағдайлар жасалып
олар көбнесе көбеюге, шет жакққа вирус бөлшектерінің клеткадан
шығуға мүмкіншілігінің бар айтй кету керек. Көптеген авторлар
аусылдың вирус қоздырғыш штамдарының түрлерін олардың
зардаптылығымен салыстырады.
Осыған орай аусыл ауруының қоздырғышының зардаптылығы басқада
вирустар сияқтыолардың жұқпалылығына жән олардың негізгі жалғамасы
болып табылады.Бұның соңғысына дәлел ретінде РНК-ның клеткасының
функциялық қасиеттері басқа керекті бағытқа бұрып, клеткаларды
өзіне қарсы жұмылдырып, процесстерге қарсы жол ашады.
Имунобиологиялық вирустың қасиеттері жұқпалы ауруды тез
қабылдайтын мал ағзаларында спецификалық иммунитеттің пайда
болуына жауапты. Мұндай жағдайларды өте қаблетті тәсілдермен
зерттейді, бір-бірінен штамдардың айырмашылығымен ұқсастығын
ажыратады.
Аусыл ауруының қоздырғыштарын анықтағанда көбінесе РНК-ны
пайдаланады көптеген зерттеулердің нәтижесінде осы уақытқа дейін
аусыл қоздырғышының иммунобиологиялық қасиетіне қарай жеті- типке
бөледі және көптеген варианттары бар.
Прибрант Англия институтының көптеген зерттеу жүргізііне
қарай аусыл қоздырғыштарын типтерін, варианттарын анықтайтын
дүние жүзілік лабароторияға жатады.
Табиғатта вирустың сақталу заңдылықтары. Басқа
вирустар,биологиялық басқа аусыл қоздырғыштарының түрі эволюция
кезінде өмір сүрген ортаның өзгеру жағдайына байланысты
тіршілікке бейімделуі заңды.
В. Киндяков, С. Филиппович аусыл қоздырғышы вирустарға
қарағанда харектеристика бергенде олардың араласып жатқанын
О-типі штамының имунобиологиялық қасиеті басымырақ екенін ,
және де А вирустың бөлшектерінің кей-кезде бұлардың да
қасиеттері басымырақ екенін, АО-вирус бөлшектерінің табиғатта
басым болып келетінін Панамерикандық орталық өз есептерінде
көрсетіп отыр.Вирус структурасындағы бөлшектерінің өзгергіштігі
репродукция процесінде
әрдәйім болып отырады, және бұлар РНК-дағы жіпшелердегі
қатардың жансақтық бұзылуынан болады делінген.
Кей кездерде мутация пайда болады, лар бастапқы вирус
бөлшектерінен өзгешелеу және әлжуаздау болып табиғатта көп
сақтала бермейді.

2.1.1. Нозологиялық балау

Алдын ала балаудың әдістері. Ш. Мырзабекова Ветеринарлық вирусолгия
оқулығында нозологиялық балауды үш топқа бөледі. 1- эпизоотологиялық, 2-
клиникалық, 3-патологиялық, зертханалық балау.
1. Эпизоотологиялық балау- аусылда эпизотологиясының ерекшелігі
қоздырушысының биологиялық қасиеттеріне байланысты. Эпизоотоло-гиялық балау
аусылда өте маңызды. Бұл ауру өте жұқпалы контагиозды жұғымтал түрде өтеді,
ал инкубациялық кезеңі қысқа болады, індеттің экологиясы вирустың мал
организмінде ұзақ уақыт болуымен байланысты. Аусыл вирусының ең көп
тарағаны А, О, С, түрлері. Қазақстан Республикасында аусыл
эпизоотологиясында киіктердің ролі өте үлкен, себебі олар таза аудандарға
ауған кезде індетті біраз жерлерге апарып жұқтырады.
2. Клиникалық аусылда- клиникалық белгілер пайда болады; ауыз, тіл
кілегейлі қабықтарында афталар жаралып, орындарында қызыл эрозия қалады.
Бұл аурға тән клиникалық белгілер жұп тұяқтылардың ішінде, әсіресе сиырда
айқын байқалады. Аурудың бастапқы кезеңінде малдың дене кызуы қалыпты
мөлшерден тыс көтеріліп (вирустың қан арқылы бүкіл денеге таралуына
байланысты), азыққа тәбеті төмендейді. Аурудың келесі кезеңінде үлкенді-
кішілі күлдіреуіктер ауыз қуысында, тұяқтың көбесінде, желінінде, үрпіде
пайда болады. Күлдіреуіктердің пайда болуымен малдың темпера-турасы түседі.
Соңынан күлдіреуіктер мөлдір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың аусыл ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Иттің құтырық ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Мал шикізат өнімдері
Аусыл ауруы
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Жылқы жануарын тасымалдау сәті
Шекарадағы және кедендік пунктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалауды ұйымдастыру
Ботулизм
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Кәсіби жануарлардың сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау
Пәндер