Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Физикалық география және геоэкология кафедрасы

Бітіру ЖҰМЫСы

Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың Әдістемесі

1.1 Географияны оқыту әдістемесіндегі ғылыми көзқарас бойынша жасалынған
негізгі әдістердің тобы.

1.2 Өзіндік және сарамандық жұмыстарды өткізу әдістері
1.3 Сабақты өткізу барысындағы әдістер мен олардың түрлері
2. Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытудағы жалпы әдістемелік
нұсқаулар
2.1 Географиялық түсініктер мен заңдылықтардың дамуы және түзілуі
2.2 Оқыту барысында қолданылатын құралдар мен оларды тиімді пайдалану
2.3 Оқушылардың білімін тексеру тәсілдері
2.4 Сабақтан тыс жұмыстар. Географиялық үйірме
2.5 Жеке тақырыптарды оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулар
III. Африка материгі бойынша сабақ жоспарлары.
3.1Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытудәң мақсаттары мен
міндеттері
3.2 Сабақтың түрлері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Құрлықтар мен мұхиттар географиясы
пәнін оқытудың әдістемесі.
Дипломдық жұмыс беттен, кестеден, картадан, суреттен және
қосымшалардан тұрады.
Кіріспе, 3 тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Жұмыстың мақсаты: 7-сыныпқа арналған құрлықтар мен мұхиттар
географиясы пәнін мектеп оқушыларына заманауи әдістемелік нұсқауларды
пайдалана отырып, қажетті білім берудің оңтайлы жолдарын қарастыру.
Негізгі сөздер: Құрлықтар мен мұхиттар географиясы, әдістеме, Еуразия,
Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия, Антарктида, Тынық
мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит, сарамандық жұмыс
және т.б.

Кіріспе
Географияны оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының бір саласы. Оның
зерттейтін негізгі пәні болып, болашақ ұрпақтарды кейбір ғалымдардың
(геология, эканомика, демография және т.б.) элементтермен байланысты
физикалық және эканомикалық географияның негіздерін оқыту қоғамдық процесі
саналады.
География пәнінің мұғалімі, оқу пәнінің білім мен біліктіліктерімен
жұмыс істей білу керек. Бұл өз жұмысын бағалауға, білімін дамытуға,
шығармашылық ізденуге және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеуге
қажет. Педагогика саласындағы зерттеу жұмыстарымен қазіргі уақытта тек,
ғылыми қызыметкерлер ғана емес, сонымен қатар мектептегі шығармашылық жұмыс
істеп жүрген мұғалімдер де айналысады. Көптеген мұғалімдер қауымы,
оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы өзекті мәселелер туралы жұмыстар
жүргізіуде.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясы – географияның мектепте оқытылатын
курстарының ішіндегі ең қызықты бөлімдерінің бірі. Бұл пәннің оқушыларға
танымдылық қабілеттіліктерін беретін мүмкіндіктері орасан зор. Бұл пәннің
маңызы қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелерді танып-білуде одан әрі өсе
түсуде. Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытатын мұғалімнен жан-
жақты және терең білімділікті, әрдайым ізденісті, тыңғылықты дайындық пен
әдіскерлік шеберлікті талап етеді. Бірақ, қазіргі уақытта пәнді оқытуға
арналған сағаттардың мөлшерінің қысқартылуы оқушылардың аталмыш саланы
толық қанды игеруге, оқып білуіне кедергі келтіріп, берілген оқу
материалдарын толық үйретуде мұғалімнің мүмкіндіктерін шектейді.
Осы дипломдық жұмыста, құрлықтар мен мұхиттар географиясының
құрылымдық ерекшеліктері, географиялық түсініктердің қалыптасуының тиімді
жолдары, өткізілетін сабақтардың түрлері мен оларды ұйымдастырудың
әдістері, сабақтан тыс жұмыстардың түрлері, кейбір жеке тақырыптарды
үйретудегі әдістемелік нұсқаулар келтіріліп отыр. Осы пәнді оқытуда
туындайтын барлық мәселелерді бір бітіру жұмысына сидыру мүмкін
болмайтындықтан, мектептер мен оқушылардың білім деңгейін ескере отырып,
әрбір мұғалім шығармашылық түрде әр тақырыпты өз білімі деңгейінде
қарастыруы қажет.

1. Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістері мен тәсілдері

1.1 Географияны оқыту әдістемесіндегі ғылыми көзқарас бойынша
жасалынған, негізгі әдістердің тобы

Зерттеудің теориялық әдісі, зерттелетін құбылыстар заңдылықтарының
тұжырымдалуына, анықталуына, жалпы қортындыны шығаруына бағытталған.
Географияның оқыту әдістемесі жүйелік- құрылымдық жағынан қарастырылды.
Оның ерекшелігі- зерттелетін объектісі бір-бірімен байланысты
элементтерден тұратын тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осыған байланысты
географияның оқыту процесін зерттеу барысында мұғалім мен оқушының, мақсат
пен маңыздың, оқу құралдар мен әдістердің, оқушыны тәрбиелеу мен білімді
қабылдау және дамыту арасындағы байланыстарды анықтауға басты көңіл бөледі.
Жүйелік – құрлыстық көзқарас сабақтың мақсатын, маңызын анықтаумен,
оқыту барысында қолданылатын әдістеме мен құралдарын сұрыптау, сонымен
қатар сабақтың мақсатын негізге алып оған нәтижелік баға берумен
ерекшеленеді.
Әдістемелік зерттеуде типолпгиялық тәсіл басыңқы болып келеді. Ол
тәсіл арқылы әр бір топтардың негізгі ерекшеліктері анықталады және
зерттеліп отырған объекті мен құбылыстар топтастырылады. Бұл тәсіл, сондай-
ақ, әдістемелік ғылымның барлық мәселелерін зерттеуде қолданылады.
Болашақта математикалық зерттеу әдістері кеңінен дамиды. Олардың мәні
тек есеп жүргізумен ғана шектелмейді. Бұл әдістің негізгі функциясы-
педагогикалық құбылыстардың заңдылықтары мен бір-бірімен күрделі
байланыстарын анықтау және түсіндіру.
Теориялық зерттеу әдістердің құрылымына тарихи әдістер кіреді. Бұл
әдістің ерекшелігі- барлық зерттелетін құбылыстардың уақыт бойынша дамуы
мен өзгеруін қарастыру. Осы әдіс арқылы географияны оқыту әдістемесінде
қазіргі проблеманы қарастыруда тарихи әдістемелік зерттеулердің мәліметтері
пайдаланылады. Ал салыстырмалы зерттеу әдістер шетелдер тәжірибесін
зерттегенде қолданылады.
Зерттеудің эмпирикалық әдісі. Мектеп тәжірибесін зерттейтін әдістер
практикадағы бір заттарды тіркеу және көрсету мақсатында қолданылады. Бұл
әдіс бағдарламалар мен оқулықтарды жаңартуда, мұғалімдерге ғылыми-
әдістемелік көмек көрсетуде, тәжірибелерді зерттеу мен насихаттауда, оны
тартуда үлкен роль атқарады. Мектеп тәжірибесін зерттеуде бірнеше әдіс
түрлері бар: оқыту прцесін бағалау, мұғалімдер мен оқушылар арасында
сауалнама жүргізу, мектеп құжаттарын зерттеу, әңгімелесу, жазбаша тексеру
жұмыстарын жүргізу [2].
География сабағының мұғалімі зерттеу жұмысында нақты қойылған мәселе
бойынша өзінің немесе бірнеше мектеп тәжірибелерін зерттеумен шектелуі
мүмкін. Бұл мәселе географияны оқыту әдістемесінен курстық және бітіру
жұмысын жазатын студенттерге де қатысты.
Педагогикалық эксперименттің бірінші түрі- экспериментальдық және
бақылау сыныптарын бөліп алу. Бұл кезде бір сыныпта (экспериментальдық)
жаңа оқулық материалы немесе оны оқытатын жаңа тәсіл енгізіледі, ал басқа
сыныпта (бақылау) оқу процесі өзгермейді. Бірақ, экспериментальдық және
бақылау сыныптарындағы оқушылардың дайындық және үлгерім деңгейлері бірдей
болуы керек.
Қазіргі уақыттағы әдістемелік ғылымның дамуында эксперимент кеңінен
пайдаланылады. Эксперимент алынған нәтиженің және оның ғылыми-практикалық
маңызын жоғары деңгейге көтереді.
Теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері негізінен бірге
қолданылады. Оның себебі- кез келген талдау деректерге сүйенумен басқа
мектептердің тәжірибелерін зерттеу және экспериментті жүргізудің теориялық
әдістерін қолданумен байланысады. Барлық зерттеу әдістері анализ, синтез,
индукция, дедукция, талдау, салыстыру сияқты логикалық операциялар арқылы
жүреді. Зерттеу әдістерін таңдап алу және оларды тиімді пайдалану, таңдап
алған тақырып бойынша әдебиеттерді (оқу психологиялық-педагогикалық,
географиялық) жақсы меңгеруін көрсетеді [3].

1.2 Өзіндік және сарамандық жұмыстарды өткізу әдістері

Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудағы өзіндік және сармандық
жұмыстарды өткізудің әдістемелік жүйесі оқышулардың өзін-өзі әлемдік
құбылыстарды танып-білуіне, сабақ барысында тәрбиелік міндеттерді
орындауына жетелейді. Бұл пәнді көптеген жылдар бойы оқыту тәжірибесінде
өзінің тиімділігін көрсете білген келесідей негізгі әдістер мен сабақ
өткізу формалары жасалынған: ауызша жауап беру әдісі (түсінік айту,
түсіндіру, дәріс), оқытудың көрнекілік тәсілдері (табиғи құбылыстарды
тікелей бақылау, көрнекілік құралдармен, яғни суреттер, плакаттар, карталар
және т.б.), сарамандық жұмыс өткізу тәсілдері (тақырыптық карталарды
салыстыру, статистикалық мәліметтерді талдау, географиялық әдебиет
көздерімен, хрестоматиялармен жұмыс жасау, география пәнінің дәптерімен
жұмыс жасау).
Таңдап алынған сабақ ұйымдастыру түрі (дәстүрлі және дәстүрлі емес,
экскурсия, факультативті сабақтар) мен сабақты өткізу түріне (оқытудың
фронтальді түрі, топтастыра және жекелей оқыту) сәйкес, сабақ берудің ең
тиімді әдістері таңдап алынады [1].
Сабақтың ұйымдастырылуының түрлері біртекті және бір стандартты
болмағаны жөн. Көп жылдар бойы қалыптасқан стандарттан тыс ауқымында да
өткізілуі қажет. Қазіргі заманға сәйкес сабақтың басты құрамдас бөліктеріне
келесі педагогикалық міндеттер орындалуы қажет:
- Өзара түсінушілкке бағытталған мұғалім мен оқушылардың арасында
қалыпты да тиімді атмосфера қалыптасуы керек;
- Оқушылар өздігінен ой-өрісін дамытуға ұмтылуы керек;
- Оқушылардың аталмыш пәнге деген шығармашылық қызығушылығын ойын
элементтерін ендіре отырып ояту керек;
- Әрбір тақырыпты өткен кезде, сол тақырыпқа сай балаларға тәрбиелік
маңыздылыққа ие болар әдістерді пайдалану керек.
Осы міндеттерге байланысты, сабақтың өткізілуінің сан алуан түрлері
қолданылады. Мысалы, саяхат сабағы. Оқушылар картадағы кез-келген
географиялық нысан арқылы саяхат жасай отырып, ол нысанның табиғи
жағдайларын ескере отырып, өздеріне тиімді қозғалыс түрін (жаяу, атпен,
қайықпен, кемемен, ұшақпен және т.б.) және саяхаттың ұзақтығын (бір күндік,
апталық, бір айлық және т.б.) таңдап алады. Сонымен қатар, өздерін қажетті
құрал-жабдықтарды (шатыр, арқан, аспалы рюкзак) алып, күнделік толтырады,
есеп береді, карта сызбаларын сызады. Бұл оқушыларды келешекте өз бетінше
кез-келген жұмысты жасап кетуіне бейімдейді.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын өткізу кезінде сынақ сабақтарын
жарыс, викторина, конкурс түрінде өткізуге болады. Ол негізінен, кез-келген
үлкен тараудың, тақырыптың соңында бақылау сабағы ретінде ұйымдастырылғаны
жөн. Сол тараудың соңындағы өз біліміңді тексер! деген сұрақтарды,
тапсырмаларды пайдаланылады. Егер сыныпты топтарға бөліп өткізсе, соңында
топтың жинаған ұпайлары бойынша бағалап, олардың білім деңгейі тексеріледі.

Дәстүрлі емес сабақ өткізудің өте жиі қолданылатын түрі конференция
сабақтарын ұйымдастыру. Осындай сабақтарды өткізудің тақырыптары пәнаралық
байланыстар арқылы анықталады. Мысалы, тарих пәнімен байланыстыра отырып,
құрлықтар мен мұхиттардың ашылу және зерттелу тарихы, экономикамен
байланыстыра отырып, мемлекеттердің саяси жағдайы, халықтары, биологиямен
байланыстыра отырып, құрлықтар мен мұхиттардың табиғат зоналары,
биогеографиясы және сол сияқты тағы басқалары. Бұл конференция сабақтарына
оқушылар дайындалу барысында ғылыми-танымдық әдебиеттермен, мерзімді
баспалармен танысып, олардың шығармашылық және ізденушілік іс-әрекеттерін
белсенді түрде арттырады [4].

1.3 Сабақты өткізу барысындағы әдістер мен олардың түрлері

VII кластың құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқуда оқушылар
алдыңғы жылы, яғни VI сыныпта оқыған білімін одан әрі нығайта түседі.
Жаймен мұғалім оқушылардың өткен тақырыптарын есіне түсіре отырып жаңа
тақырыптарды сол материалдармен толықтырады. Құрлықтар мен мұхиттардың
табиғат ерекшеліктеріне сипаттама бергеннен кейін мұғалім балалардан сұрақ
қоя отырып және сол тақырыпқа байланысты кездесетін терминдер мен жаңа
сөздерді түсіндіріп беру керек.
Картамен жұмыс жасаған кезде өткен курста алған білімдерін пайдалана
отырып географиялық объектілерге сипаттама беріп қана қоймай, соны дамыту
қажет. Сонымен қатар басқа пәндерден алған білімдерінде барынша жүйелі
түрде пайдалану керек. Мысалы, өсімдіктану пәнінен оқушылар өсімдіктер
анатомиясы мен физиологиясы, маңызды мәдени өсімдіктер, басты өсімдіктер
тобымен таныса отырып, бұл алған білімдерін құрлықтардың өсімдіктерін оқу
кезінде қолдана алады. Ал тарих пәнінен оқушылар өткен курстарда танысқан
ежелгі мемлекеттер: Египет, Месопатамия, Индия, Қытай, Ежелгі Грекия,
Ежелгі Римді біле отырып, осы курста да одан әрі ол алған білімді дамыта
түседі. Оқушылар XV- XVI ғасырларда болған географиялық ашылулар мен
отаршылдық жүйенің ерекшеліктері мен Еуропа, Араб Халифаты, Византия, Осман
Империясы, Қытай, Үндістан тәрізді феодалдық мемлекеттермен танысатын
болады [5].
Осы материалды оқытуда сол ел туралы жалпы географиялық мағлұмат
беріледі. Бұнымен қоса сол елдің қазіргі таңдағы халқының саны және саяси
картадан аталған елдің тарихын, өткенімен, сонда болған соғыстар,
шаруашылығы мен халқының мәдениеті және де тарихи терминдермен де танысатын
болады.
География пәнін оқу барысында да алгебра мен математиканы жақсы
білуді талап етеді. Жетінші сынып оқитын бала өз жасында барынша миымен
жұмыс жасай білуі және жан-жақты ойлай білуге үйрету керек.
VII сынып құрлықтар мен мұхиттар географиясынан білім беруде тек қана
кітаппен ғана жұмыс жасамай, картамен де жұмыс жасаған әлде қайда тиімді.
Оқушылар картамен жұмыс жасау барысында шартты белгілер мен танысуы керек.
Сонымен қатар картадағы кез-келген географиялық аймақ пен географиялық
объектіге сипаттама бере білуі керек.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытуда қабырғалық карталар: жарты
шарлардың физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы, дүние жүзінің
тематикалық физикалық картасы-климаттық және өсімдіктер картасы, құрлықтар
мен олардың бөліктерінің физикалық картасы қолданылуы керек. Жеке жұмыс
жасау үшін географиялық атлас, кітаптағы шағын карталар мен текстік
картасхемалар және кескін карталар қолданылады.
Білім берудегі тағы бір әдіс мұғалім керекті материалды оқулықтан
ғана алып қоймай, хрестоматия тәрізді кітаптардан да алуы керек. Бұнымен
қоса балалардың қызығушылығын арттыру үшін хрестоматиямен бірге балалар
энциклопениясы, саяхатшылар мен олардың жазған очерктері қолданылады.
Мысалы, Д.Линвингстон Оңтүстік Африкаға саяхат, В.Юнкер Африкаға
саяхат, В.Воронина Африкаға маймылдар үшін [7].
Көптеген саяхатшылардың өмірі туралы мағлұматтар мен материалдар
қазіргі таңда Вокруг света, Наука и жизнь, кішкентай балалар үшін
Глобус және географиялық календар Земля и люди тәрізді журналдардан
табуға болады.
Мұғалім сабақ барысында да оқушылармен әңгіме құра білу керек. Ол
көбіне карта мен оқу көрнекілік құралдарын түсіндіру барысында болады.
Мұғалім тек қана картамен жұмыс кезінде ғана емес, құрлықтар мен мұхиттарды
салыстыра отырып, олардың ерекшеліктерін басқа пәндердің ақпараттарымен де
толықтыра айтып беруі тиіс.
Мұғалімдер оқушыларымен әңгіме құрып қана қоймай, тақырыпты барынша
оқушыларға қызықты етіп түсіндіре білуі керек. Түсіндіру барысында алдымен
айтылғалы отырған объектіге не территорияға картада немесе кітапта жазылмай
кеткен жайттарға жалпы сипаттама беру керек. Оқушылардың көз алдына
айтылған жайтты елестету үшін алдымен сипаттамалық әңгіме және көрнекілік
құрал ретінде пайдаланатын хрестоматиялық оқу түрінде де түсіндіру керек.
Барлық жағдайда карта білім көзі ретінде қолданылады, ал қалған жағдайда
әңгімелесу әдісі пайдаланады. Карта бойынша әңгіме айту арқылы мұғалім бір
уақытта екі нәрсені ұтады: біріншіден, балаларды түсіндіріп жатқан
тақырыпқа қызығушылығын арттырады, ал екіншіден тақырыптық физикалық
өздігінен оқиды.
Сабақ соңында практикалық жұмыстар жүргізіледі, мысылы, диаграмма және
әртүрлі обылыстар мен географиялық объектілер таблицасын толтыру тәрізді.
Практикалық жұмысты орындау үшін география пәнінен дәптер қажет. Мұнда
оқушылар өздерінің әртүрлі схемаларын (мысалы, материк рельфінің кескіні),
пландарды жазу, айтуға және есте сақтауға қиын географиялық атауларды жазу,
құрлықтарға сипаттама беру жоспарын жазады.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясы курсынан оқыту әдістері өзгеріп
отырады [6].

2. Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытудағы жалпы әдістемелік
нұсқаулар

2.1 Географиялық түсініктер мен заңдылықтардың дамуы және түзілуі
Адам ғарыш кеңістігіне шығу арқылы жер табиғатының бар көрінісін және
оның алуан түрлілігін алғаш байқаған. Бұл мұхиттардың көгілдір айдынын,
шыңдарын, қар басқан тау тізбектерін, жасыл орман алқаптарын, сарғыш
тартқан шөлдерді, яғни өзінің тамаша планетасын көреді.
Осы оқулықтан оқушылыр тұтас алғанда біздің планетаның табиғатын, оның
құрлықтар мен мұхиттарын, халықтар мен елдерін оқитын болады. Оқушылар ең
биік тау жүйелері мен кең байтақ жазықтардың қайда жатқанын, қайсы бір
жерлердегі климаттың неліктен ылғалды және құрғақ болатынын, әлемдегі ұлан
байтақ шөлдер мен аумақты орман алқаптарының пайда болу себептерін; табиғат
комплекстері деген не екенін, олардың орналасу заңдылықтары қандай
болатынын, адамдардың шаруашылық әрекетіндегі табиғат байлықтарын қалай
пайдаланатынын білетін болады. Оқушылар дүние жүзілік мұхит туралы
білімдерін кеңейтіп, оның құрлықтың табиғат ерекшеліктерін қалыптастырудағы
және жер беті халқының шаруашылығындағы ролімен танысады. Олар жекелеген
құрлықтар мен мұхиттарды оқи отырып, оларды кімнің және қашан ашқанын,
кімдердің зерттегенін, олардың табиғатындағы ерекшеліктерді, мұндай
ерекшкліктердің себептерін; әр бір құрлықта қандай халықтар тұратыны, онда
қандай құрлықтар орналасқанын, олардың қоғамдық-саяси құрлысында қандай
айырмашылықтар бар екенін білетін болады. Оқушылардың жер қабықтары
жөніндегі білімдері де толыға түседі. Оқулық олардың ішіндегі ең күрделісі-
адамзат тіршілік ететін географиялық қабық туралы, оның даму заңдылықтары
(заңдылықтар-бұл бүкіл жер бетінде әрекет ететін тәуелділіктер) туралы
баяндайды. Оқушылар осымен бірге әр түрлі географиялық карталармен,
суреттермен, кестелермен және басқа да әдебиеттермен жұмыс істеуді үйренеді
[1].
Табиғат пен адам өзара тығыз байланысты. Халықтың шаруашылық әрекетінің
ықпалымен жер шарының ең шалғайдағы түкпірлерінде, оның үстінде құрлықтарда
ғана емес, теңіздер мен мұхиттарда өзгерістер болып тұрады. Мұндай
өзгерістер көп жағдайда табиғатқа нұқсан келтіріп, оның байлықтарын
кемітеді. Демік адамдардың тіршілік жағдайларына, олардың денсаулығы мен
шаруашылық әрекетіне қолайсыз әсерін тигізеді. Сондықтан жер бетінде өтіп
жататын барлық процестерді біліп түсінудің зор маңызы бар. Өзіміз тіршілік
етіп отырған планетаның тағдыры үшін әр қайсымыздың жауапты екенімізді есте
ұстай отырып, адамның табиғат тіршілігіне араласуының салдарын алдын ала
болжай білу үшін де географиялық білім қажет болады.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқу барысында оқушы қандай білім
алады.
Біріншіден, бұнда әр құрлықтың физико- географиялық ерекшеліктері:
олардың географиялық орны, кескіні, жер бедері мен рельефінің құрлысындағы
ерекшеліктері, климаты, гидрографиясы, олардың минералды ресурстары,
олардың зонаға бөлінуін көрсетеді. Оқушылар сабақ барысында айтылып жатқан
құрлықтың табиғаты басқа құрлықтардан қалайша ерекшеленетінін, қандай
себептер арқылы оның табиғат ерекшеліктері ескерілгендігін, климатындағы
элементтерде қандай байланыстар мен қарым-қатынастар бар екендігін, сол
құрлықтың тұрғындары сол табиғат ресурстарын қалай пайдаланатындығын
көрсетеді.
Екіншіден, оқушылар сол құрлыққа тән төмендегідей географиялық
ерекшеліктер мен танысатын болады: территориясында кездесетін табиғат
зоналарымен, жалпы бөлінген физико-географиялық аймақтармен. Сонымен қатар
оқушылыр әр аймақтың табиғатының физико-геграфиялық ерекшеліктері туралы да
білу тиіс.
Үшіншіден, оқушылар сонымен қатар сол құрлықтың тарихы мен зерттелуін,
сол құрлықты зерттеген зерттеушілер жайында ақпараттарды ала алады.
Төртіншіден, оқушылар сол құрлықтың физико-географиялық объектілері
(теңіздер, бұғаздар, шығанақтар, аралдар мен архипилагтар, таулар мен
жазықтар, өзендер мен көлдер және т.б.) туралы білім алуы да қажет. Сонымен
қатар, оқушылар сол құрлықтың номенклатурасын білуі қажет. Олар тағы да
географиялық картадан объектіні тауып, сол объектінің атын есте сақтауы
тиіс, және де сол объектіге тән ерекшеліктерін білген де жөн. Мысалы,
Африкадағы Ніл өзені басқа өзендерден қандай жалпы ерекшеліктерімен
өзгешеленетінін білу керек.
Бесіншіден, оқушылар құрлықтардың халықтар мен саяси картасынан оңай
білім алады. Олар сол құрлықтың халқының саны, ұлттық және нәсілдік құрамы,
ұлттардың сол жерде таралуын, физико-географиялық аймақтарға тән халық
шаруашылығы туралы біле алады. Саяси картадан мемлекеттер және олардың
астанасын таба білу қажет.
Алтыншыдан, соңында оқушылар мынандай қортынды жасау тиіс: жер бедерінің
біркелкі еместігі, таулар мен жазықтардың пайда болуы, құрлық бедерінің
дамуы мен құрлық көрінісінің өзгеруі. Жердің климаты мен климат түзуші
факторлар туралы, климаттың топырақ түзуге әсері, өсімдіктер дүниесі мен
жан-жануарлар дүниесі, табиғат зоналары мен биіктік белдеуі, климаты және
географиялық белдеу, адам іс-әрекеті нәтижесінде климат пен қоғамның
өзгерісі жайында білуі тиіс.
Жетіншіден, оқушылар картаграфиялық білім алады. Олар тематикалық,
картаграфиялық карта, соның ішінде топырақ және табиғат зоналары картасын
тани отырып, ондағы өзгерістерді байқайды. Сонымен қатар олар мынандай
картаграфиялық біліктілікті игеруі тиіс: градустық тор және масштаб арқылы
картада географиялық координаталар мен арақашықтықты анықтай алуы тиіс [8].

Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәні, олардағы нақты табиғат
мысалдарына негізделе отырып, өз құрамына жалпы гелогия, физикалық
географияның әр түрлі салаларының (геоморфология, климатология, т.б.),
елтанудың жүйелік түсініктерін кешенді түрде қамтиды (1-сызба) [1].

1-сызба. Материктер мен мұхиттар географиясы пәнін оқып білудің жүйесі
(В.А.Коринский және т.б. бойынша)
Географиялық түсініктердің қалыптасуының тиянақталған бірнеше
әдістемелік кезеңдері белгілі.
Бірінші кезең – сабақ барысында жаңа түсініктермен таныстыру, олардың
басты ерекшеліктерін ашып көрсету. Бұл кезеңде оқушылардың негізгі көңілі
жаңа түсінікті игеруіне және оларды келесі сабақтарда пайдалануына
аударылады. Мысалы, Атмосфера және климаттар тақырыбы бойынша оқушылар
Пассаттар дегеніміз, тропиктерден экваторға қарай соғатын тұрақты желдер
екендігін біледі. Ал пассаттардың климатқа әсері құрлықтардың жекелей
климаттарын өткен кезде қарастырылады. Бұл кезеңде оқушыларға кеңінен
қолданылатын түсіндірмелі-көрнекіліктік әдіс пайдаланылады.
Екінші кезең – географиялық түсініктердің кеңейтілуі және тереңдете
оқытылуы. Оқушылар климаттық белдеулермен, ондағы климаттың типтерімен
танысады. Осы кезеңде оқушылар мұғалімнің ұсынуымен климаттық белдеулерге
төмендегі жоспар бойынша сипаттама береді:
1. Климаттық белдеудің орналасу орны.
2. Қаңтар және шілде айларының орташа температуралары.
3. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері және олардың маусымдар бойынша
таралуы.
Бұл кезеңде оқушылар әрбір құрлықтың климаттық белдеулерін сипаттау
барысында, оларға пассаттардың әсерін анықтап, әрбір құрлықтың климатының
ерекшелігіне байланысты өзара жұмыс жасайды. Бұл жұмыстар репродуктивтік
әдістер арқылы іске асырылады.
Үшінші кезеңде оқушыларға белгілі географиялық түсініктер басқа
түсініктермен тығыз байланыста қарастырылады. Мысалы, пассаттардың сипаты
мен түзілу орнына байланысты олардың әсер етуінің сан-алуан екендігі
анықталады. Оқушылар осы түсініктердің растығын климаттық карталар арқылы
нақтылап, көздерін жеткізеді. Бұл кезеңде оқушыларға кітаптағы тексттерден
бөлек, жеке тапсырмалар беріледі.
Географиялық түсініктер географиялық нысандар мен құбылыстардың жалпы
сыртқы сипатын ғана береді. Олардың жекелеген сипаттары мен оларға тән
күрделі байланыстарды түсіну үшін, оқушыларға жалпы географиялық
заңдылықтарды үйрету аса қажет. Бұл үрдіс оқу бағдарламасы барысында
жоспарға сай іске асырылады.
Жалпы географиялық заңдылықтардың жүйесі жекелеген материктердің және
мұхиттардың мысалында қарастырылады (1 кесте) [1].
1-кесте. Жалпы географиялық заңдылықтар
Географиял-ық Географиялық Табиғи айналымҚайталануы География-
қабықшаның қабықшаның лық белдемдер
компонент- тұтастылығы
Тері
Атмосфера Ауа массаларының Ауа массалары-Климаттың Климаттың жер
географиялық ның қозғалысы және ауа шары бойынша
ендіктерге райының таралуы
байланыстылы- қайталануы, (жылулық және
ғы, жер бедері мен климаттың климаттық
басқа да климат уақытқа белдеулер)
түзуші факторлардың байланысты анықталады
сипаттары өзгеруі
Гидросфера Табиғат Әлемдік мұхит Әлемдік мұхитҚұрлықтар мен
компоненттерінің суларының пен жер беті мұхиттардың
мұхит суларының қозғалысы. суларының жылулық
қозғалысы мен Табиғаттағы сурежимінің режимінде,
қасиеттеріне әсері.айналымы. қайталанып қоректенуін-де
Өзендер мен отыруы. , мұз
көлдердің ағысының, жамылғысы-ның
қоректенуінің және тығыздығын-да
режимдерінің жер байқалады.
бедеріне, климатқа
және биосфераға
тәуелділігі.
Литосфера Жер бедері мен Жер қыртысын Жер бедері Ірі жер бедері
литосфера құрайтын тау пішіндері менпішіндеріне
құрылысының ішкі жыныстары- жер қыртысы байланысты
және сыртқы ның айналымы. дамуының белдемдік
күштердің өзара қайталанып заңдылықтар-ды
байланысына отыруы. ң бұзылуы
тәуелділігі.
Биосфера Табиғат Биологиялық Өсімдіктер Топырақ және
компоненттерінің айналымдар мен өсімдік,
(оның ішінде адам жануарлар- сондай-ақ
да бар) дың өмір жануарлар
топырақ-өсімдік сүруінің дүниесінің
жамылғысының және қайталанып белдемдер
жануарлар әлеміне отыруы. бойынша
белдемдер бойынша таралуынан
таралуына әсері. байқалады.

2.2 Оқыту барысында қолданылатын құралдар мен олардың тиімді пайдалану

Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқытуға арналған құралдарға
оқулық, тақырыптық карталар, глобус, хрестоматия, атлас, тағы да басқа
әртүрлі көрнекілік құралдар жатқызылады.
Олардың ішіндегі ең маңыздысы – оқулық. Ол оқушы үшін тек қана білім көзі
ғана емес, сонымен қатар, оның ғылыми-танымдық ой-өрісін қалыптастыратын
басты құрал болып саналады. Сол себептен, мұғалімнің басты міндеттерінің
бірі – оқушыларды оқулықпен жеке өздігіне жұмыс істей білуге үйрету.
Оқулықтың негізін текстті мәліметтер құрайды. Олар қосымша әртүрлі
тақырыптық карталармен, суреттермен, слайдтармен, диаграммалармен
толықтырылған. Олар тек оқушылардың өтілген тақырыптарды игеруін оңайлатып
қана қоймай, нақты табиғи құбылыстарды шынайы түрінде қабылдауына да
септігін тигізеді. Сонымен қатар, оқулықта сұрақтар мен тапсырмалар жүйесі
де берілген.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәнін оқушылар терең игеруі үшін
оқулықпен жұмыс істеу әдісін үйренуі керек. Оқулықтың мәтінімен жұмыс істеу
үш бағытта жүргізіледі:
1) Мәтіндегі негізігі құрамдас бөліктерді бөліп көрсетуі, нәтижесінде оқу
материалдары әрі қарай оңай игеріле бастайды;
2) Мәтіннің құрамдас бөліктері аралығындағы өзара байланыстарды ашу және
сол арқылы оның мазмұнының тұтастығын ұғыну;
3) Мәтінді салыстыру негізінде олардың себептік-салдарлық байланыстарын
анықтап, сай қорытындылар жасауға дағдылану9.
Оқулықтағы мәтіннің әрбір құрамдас бөлігінің өз мазмұны болады, сөйтіп
олар тұтас бір жүйені құрайды. Мысалы, Атмосфера және климаттар тақырыбы
төмендегі бөліктерден тұрады:
- Атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызы. Климаттық карталар.
- Атмосфералық қысым мен ауа температурасының таралуы.
- Басым желдер мен ауа массалары. Жауын-шашынның таралуы.
- Жердің климаттық белдеулері. Климат құраушы факторлар.
Оқушылардың оқу-танымдық шеберліктерін арттыру үшін қосымша мәтіндер
жүйесі қолданылады. Мұғалімнің көмегімен оқулық мәтіні ішінен негізгі
мәтінді бөліп алу, олардың басқа тақырыптармен байланысын түсіндіру,
олардың түзілуі мен өзгеруінің себептерін анықтау оқушыларға ойларының
тиянақталып, нақты қорытындылар жасауына себеп болады. Мысалы, Оңтүстік
Америка құрлығының оңтүстігіндегі саванналар (льяностар) мен
солтүстігіндегі саванналар (кампостар) ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
анықтау арқылы, ондағы топырақ-өсімдік жамылғларының климаттық факторларға
тәуелділігі анықталады.
Оқу материалдарымен жұмыс істеу барысында мәтінге сәйкес картограммалар
мен диаграммалар бірдей пайдаланылады. Мысалы, әрбір құрлықтың климатын
оқыған кезде, климаттық карталар мен климатограммаларға талдау жасалынады.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқыту барысында қолданылатын ерекше оқу
құралдарының бірі – географиялық карталар. Олардың ішіндегі ең қажеттілері
мен маңыздылары оқулықта келтіріледі. Сонымен қатар, 7 сыныптарға арналған
Материктер мен мұхиттар географиясы атласын және қабырға карталарын,
сондай-ақ кескін карталарды жиі пайдаланған дұрыс. Карта географиялық білім
алудағы ең басты құрал. Сол себепті, мұғалімнің алдына қойылған басты
міндеттердің бірі – оқушыларға картамен жұмыс істей білуге, нысандардың
қайда, қалай, орналасқандықтарын түсіндіруге баулы10.
Әрбір тақырыптың соңында кескін карталармен жұмыс істеу тапсырмасы
арнайы белгімен көрсетіліп отырады.

3. Оқушылардың білімін тексеру тәсілдері

Оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеріп отыру – білім беру
жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Оқытудың тиімділігі оқулықтың мазмұны мен
оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыра білуге байланысты. Оқушылардың өздігінен
дамуын қамтамасыз ететін ең басты тәсіл – олардың білімдерін тексеру.
Әдетте, оқушылардың білімдерін тексеру сабақ барысында көп уақыт алады да,
жаңа сабақты өтуге аз уақыт қалады. Дегенмен, оқушылардың білімін тексеру
арқылы олардың сабақ кезіндегі белсенділігі мен қызығушылығын оятуға
болады. Сол себептен, олардың білімін тексеру үшін ең тиімді, уақыт
талабына сай тәсілддерді қолдану қажет. Білімді тексеру ағымдық және
қорытындылық түрде өткізіледі. Ағымдағы немесе мезеттік тексеріс қысқа
уақытқа есептелінген және қойылған мақсаттарға байланысты сабақтың кез-
келген бөлігінде өткізіле береді.
Қазіргі уақыттағы талаптарға сәйкес, тексеру жұмыстарының мазмұны
негізінен білім берудің ғылыми және қолданбалы түрлеріне ыңғайластырылған.
Сондықтан, құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәні бойынша, тексеру
жұмыстары жалпы географиялық түсініктер мен заңдылықтарды, олардың арасында
орын алатын байланыстарды, олардың нақтылы табиғи-территориялық кешендерде
көрінуін, тәжірибеде картографиялық икемділіктерін оқып-білуге арналған.
Материктер мен мұхиттар географиясын оқытудың мақсаттарына сай, жалпы
жертанулық ұстанымдарға байланысты, оқушылардың төмендегі кешендік
білімдерін тексеру қажет:
1. Табиғаттың әрбір компоненттері бойынша. Литосфералық плиталар
теориясы, геосинклинальдар мен платформалар туралы түсінік, Жер
шарының бедерінің ірі формалары және олардың орналасуы. Әлемдік
мұхит сулары мен олардың қасиеттеріқұрлықтардың табиғатына әсері:
- Ішкі сулардың түрлері, олардың таралуының заңдылықтары;
- Климаттық белдеулердің орналасу заңдылықтары, ауа-райының
элементтерінің таралуы;
- Топырақ-өсімдік жамылғысы және олардың таралу заңдылықтары.
2. Табиғи-территориялық кешендер бойынша. Құрлыөтар мен мұхиттар
географиясы оқулықтарының елтанушылық бағыттылығына сәйкес,
елтанушылық сипаттағы білімдерін тексеру қажет:
- құрлықтардың басты табиғи қасиеттері, географиялық орналасу орны,
жағалаулық теңіздері мен мұхиттары;
- әрбір табиғи компоненттердің ерекшеліктері және олардың құрлықтар
бойынша таралуының заңдылықтары;
- материктерде ірі аймақтар мен мемлекеттердің құрылуы және орналасу
заңдылықтары1.
Құрлықтар мен мұхиттар географиясы пәні бойынша оқушылардың білімін
бағалау үшін, әрбір білім компоненттерін (ауызша жауап, жазбаша жауап)
толықтай бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдердің кешені қажет.
Әр тақырыптың соңында берілетін тапсырмалар мен сұрақтар оқушылардың
тақырыпты игергендігін тексеруге арналған.
Аталмыш пән бойынша оқушылардың білімін тексеру төмендегі тәсілдер
арқылы жүзеге асады:
1. Қалыптасқан дәстүрлі сұрақтар мен тапсырмалар. Бұл сұрақтар мен
тапсырмалар тексеріс кезінде көп уақыт алатындығына қарамастан,
олардың тілінің, сөйлеу мәнерінің, ой-өрісінің дамуын арттырады.
Мысалы, Ауа массаларының негізгі түрлерін ата деген сұрақ.
2. Кешенді сұрақтар мен тапсырмалар. Олар оқушыларға бір тапсырманың
негізінде бағыт-бағдар беретін бірнеше сұрақтардан жинақталады. Бұл
сұрақтар оқушылардың жауаптарының нақтылануына, кең ауқымда
ойлануына ұйытқы болады.
3. Тест сұрақтар. Соңғы жылдары кең қолданылып жүрген тест сұрақтары
бірнеше сұрақтар кешенінен тұрады. Олар оқушылардың тез арада және
қысқаша жауап беруін талап етеді.
Оқушылардың білімін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
қарапайым жеңіл, орташа күрделі, күрделі қиын болып бөлінеді. Сол себепті
сұрақтарды пайдаланған кезде, оқушылардың деңгейіне байланысты қою
керек10.

4. Сабақтан тыс жұмыстар. Географиялық үйірме

География пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізу оқу-тәрбиелік
жұмыстың ажырамас бөлігі болып есептелінеді. География пәні бойынша
сыныптан тыс жұмыстарға төмендегі іс-шаралар жатады:
- Факультативтік сабақтар мен география апталығын ұйымдастыру;
- Ғылыми-көпшілік әдебиеттер және мерзімдік басылымдардың мәліметтері
негізінде хабарламалар дайындау;
- География пәні бойынша үйірмелер ұйымдастыру;
- Қабырға газеттері мен т.б. көрнекілік құралдарды (макеттер,
буклеттер) дайындау;
- Бейне және ғылыми-танымдық фильмдерді оқу бағдарламасына сәйкес
көрсету;
- Географиялық викториналар мен конференцияларды, ойындар мен
жарыстарды өткізу, олимпиадалар мен ойша саяхаттарды ұйымдастыру;
- Туристік, экологиялық және іздестіру саяхаттарын ұйымдастыру;
- Компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, сызбаларды жасап
шығару.
География пәні бойынша факультативті сабақтар оқушылардың өздері
таңдап, қызығушылық білдіріп жүрген тақырыптары бойынша тереңдете отырып,
әртүрлі әдістерді үйрету арқылы жүзеге асады. Оқушылардың білімдерін
тереңдету, толықтыру мақсатымен, төмендегі бағыттар бойынша факультативтік
сабақтар өткізуге болады:
1) Картография және топография курсы. Бұл курс топографтардың,
геодезистер мен картографтардың жұмыс істеу әдістері туралы мәлімет
береді. Оқушылар топографиялық құралдармен, қондырғылармен, олардың
жұмыс істеу тәсілдерімен, карта жасаудың ең қарапайым әдістерімен
танысып, географиялық карталармен жұмыс жасау туралы білімдерін
молайтады.
2) Геология курсы. Оқушылар жинаққа тау жыныстарын жинастырып,
олардың түрлерін анықтайды. Жергілікті жердің геологиялық тарихымен
танысып, пайдалы қазба байлықтарының таралуы мен түзілу
заңдылықтарын біліп, олардың шаруашылықтық маңызын анықтайды.
3) Әлемдік мұхиттың экологиясы курсы. Бұл курста Әлемдік мұхиттың
минералдық, биологиялық, энергетикалық ресурстары қарастырылады.
Олардың шаруашылықтық маңызы анықталып, табиғат байлықтарын
пайдаланудың тиімді жолдары іздестіріледі. Сонымен қатар, әлемдік
мұхитты шаруашылықтық мақсаттарға пайдалану барысында туындайтын
экологиялық мәселелер қарастырылып, экологиялық тәрбие беріледі.
Факультативтік сабақтар мектептердің оқу бағдарламасына сәйкес, кемінде
аптасына 1 сағат көлемінде өткізілуі қажет. Факультатитвік топ 15 адамнан
аспағаны жөн.
География пәнінен сыныптан тыс жұмыстың маңызды бір түрі – географиялық
үйірме. Үйірме тұрақты 15-20 оқушыдан тұрғаны жөн. Географиялық үйірменің
жұмысын төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырады:
-географиялық ашылулар тарихы;
-әлем халықтарының салт-дәстүрлері;
-қызықты география;
-құрлықтарда сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен
жануарлар;
-туристік өлкетану;
-табиғатты қорғау және экология;
-топонимика;
-метеорология және т.б.
Бір уақытта жоғарыда айтылып кеткен сыныптан тыс жұмыстардың барлығын
бірден өткізу мүмкін болмағандықтан, мұғалім оқушылардың білім деңгейі мен
жас ерекшеліктеріне, мектептің мүмкіндіктері мен оқушылардың
қызығушылықтарына байланысты бұл жұмыстардың ішіндегі өзіне тиімдісін
таңдап алады1.

2-кесте. Тақырыптық күнтізбелік жоспардың жобасы
Сабақтар Тақырыптар
Кіріспе (3 сағат)
1 сабақ Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады
2 сабақ Материктер мұхиттардың зерттелу кезеңдері
3 сабақ Материктер мен мұхиттардың карталары
І бөлім. Жер шарының табиғатының басты ерекшеліктері (8 сағат)
1 тақырып. Литосфера және бедер (2 сағат)
Жер қыртысының құрылысы
4 сабақ Жердің бедерлері
5 сабақ 2 тақырып. Атмосфера және климаттар (3 сағат)
Ауа температурасы мен атмосфералық қысымның таралуы
6 сабақ Ауа массалары және басым желдер. Жауын-шашынның таралуы
7 сабақ Жердің климаттық белдеулері. Климат түзуші факторлар.
8 сабақ 3 тақырып. Әлемдік мұхит (2 сағат)
Әлемдік мұхит сулары. Беттік ағыстар.
9 сабақ Мұхиттағы тіршілік
10 сабақ І бөлім бойынша қайталау сабағы
11 сабақ
ІІ бөлім. Материктер мен мұхиттар табиғатының алуан түрлілігі
(54 сағат)
4 тақырып. Географиялық қабықшаның заңдылықтары. (2 сағат)
Табиғат кешені
Географиялық белдемділік
12 сабақ 5 тақырып. Солтүстік жарты шар материктері (1 сағат)
13 сабақ Солтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен
айырмашылықтары
14 сабақ 6 тақырып. Еуразия (16 сағат)
Географиялық орналасу орны. Зерттелу және қоныстану тарихы
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
15 сабақ Жер бедері мен пайдалы қазбалары
16 сабақ Климаты
17-18 сабақ Ішкі сулары
19-20 сабақ Табиғат зоналары
21 сабақ Мемлекеттері мен халықтары
22-23 сабақ Солтүстік және Батыс Еуропа мемлекеттері
24 сабақ Шығыс Еуропа мемлекеттері
25 сабақ Оңтүстік-Батыс Азия мемлекеттері
26 сабақ Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері
27 сабақ Орталық және Шығыс Азия мемлекеттері
28 сабақ Еуразия бойынша қайталау сабағы
29 сабақ 7 тақырып. Солтүстік Америка (8 сағат)
30 сабақ Географиялық орналасу орны. Зерттелу және ашылу тарихы
Жер бедері мен пайдалы қазбалары
31 сабақ Климаты
32 сабақ Ішкі сулары
33 сабақ Табиғат зоналары
34 сабақ Мемлекеттері мен халықтары. АҚШ
35 сабақ Канада. Орталық Америка мемлекетттері
36 сабақ Солтүстік жарты шар материктері бойынша қайталау сабағы
37 сабақ 8 тақырып. Оңтүстік жарты шар материктері (1 сағат)
38 сабақ Оңтүстік жарты шар материктерінің табиғатының ерекшеліктері мен
жалпы сипаттамасы
39 сабақ 9 тақырып. Оңтүстік Америка (7 сағат)
Материк жағалауындағы мұхиттар. Зерттелу тарихы
Жер бедері мен пайдалы қазбалары
40 сабақ Климаты
41 сабақ Өзендері мен көлдері
42 сабақ Табиғат зоналары
43 сабақ Халықтары мен мемлекеттері
44-45 сабақ 10 тақырып. Африка (10 сағат)
46 сабақ Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Жер бедері мен пайдалы қазбалары
47 сабақ Климаты
48 сабақ Өзендері мен көлдері
49-50 сабақ Табиғат зоналары
51 сабақ Халықтары мен мемлекеттері. Солтүстік Африка мемлекеттері
52-53 сабақ Батыс, Шығыс және Оңтүстік Африка мемлекеттері
54 сабақ Оңтүстік Америка және Африка материктері бойынша қайталау сабағы
55 сабақ 11 тақырып. Австралия және Мұхиттық аралдар. Тынық мұхиты (6
56 сабақ сағат)
Географиялық орналасу орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Климаты. Өзендері мен көлдері
Табиғат зоналары
57 сабақ Австралия Одағы
58 сабақ Тынық мұхиты
59 сабақ Мұхиттық аралдар
60 сабақ 12 тақырып. Антарктида (3 сағат)
61 сабақ Географиялық орналасу орны. Ашылу және зерттелу тарихы.
62 сабақ Табиғаты
Оңтүстік жарты шар материктері бойынша қайталау сабағы
63 сабақ ІІІ бөлім. Жер біздің ортақ үйіміз. (3сағат)
64 сабақ 13 тақырып. Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс (1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру
География
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа тәрбиелеу әдістері
Ұсақ масштабты карталардың математикалық негізі
Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
География курсы бойынша пайдаланылатын оқу-құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасау
Географиялық карта
Африка құрлығын оқыту
Пәндер