Кәсіптік оқытудың әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

бет
Аннотация
4
Кіріспе
5
1 Кәсіптік оқытудың әдістемесі
7
1.1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны
7
1.2 Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары
8
1.3 Кәсіптік оқыту әдістері
11
2 Жобалау объектісін таңдау және негіздеу
20

2.1 Шығармашылық негіздерді талдау
20

2.2 Жобалау объектісіне қойылатын талаптар
23

2.3 Үлгілер модификацияларың құру
24

2.4 Материалдар таңдауын негіздеу
28

2.4.1 Материалдардың мінездемесі
30

2.4.2 Конфекциялық карта
31

3 Құрал-жабдықтарды және өңдеу әдістерін таңдау
32
3.1 Өңдеу әдістері
32
3.2 Құрал-жабдықтарды таңдау
33
Қорытынды
36
Қолдалынған әдебиеттер тізімі
37
Косымшалар
39

АННОТАЦИЯ

Темой дипломной работы является: Кәсіптік білім беру ерекшелігі
және салтанатты киім жинағын өңдеу технологиясы . Работа состоит из
пояснительной записки и графической части. В пояснительной записке
рассматриваются вопросы методики преподавания профессионального обучения,
выбор и обоснование проектируемого объекта, а также технология изготовления
и режимов обработки изделия, анализ творческих источников, соответствие
изделия и материалов предъявляемым требованиям, а также список
использованной литературы. Пояснительная записка выполнена в объеме
страниц, содержит необходимые рисунки, таблицы, схемы. Графическая часть
представлена на 3 листах ватмана, формат А-1.

АННОТАЦИЯ

Диплом жұмысының тақырыбы Кәсіптік білім беру ерекшелігі және
салтанатты киім жинағын өңдеу технологиясы болып табылады. Жұмыс түсінік
жазу мен графикалық сызбалардан құрастырылған. Түсінік жазуында кәсіптік
оқытудың әдістемесі, жобалау объектісін таңдау және негіздеу және құрал-
жабдықтарды мен өңдеу әдістерін таңдау. Сонымен бірге түсінік жазбада
шығармашылық негіздердің талдауы, жобаланған бұйымның, материалдардың
қойылатын талаптарға сәйкестілігі, бұйымды дайындау технологиясы және өңдеу
режимдері қарастырылған. Қолданылған әдебиет тізімі келтірілген. Түсінік
жазбаның көлемі бетте, және оның ішінде керекті суреттер, кестелер,
сызбалар жасалған. Графикалық бөлім А1 форматты 3 ватманында орындалған.

Annotation

The Subject of the degree work is Кәсіптік білім беру ерекшелігі
және салтанатты киім жинағын өңдеу технологиясы. Degree work consists of
explanatory note and graphic part. The Explanatory note consists of three
sections, in which are considered questions of the methods of the teaching
the professional education, choice and motivation of the designed object,
as well as feature to technologies of the fabrication and mode of the
processing the designed product, happens to the analysis of the creative
sources, correspondence to of the product and material presented to
requirements, as well as list of the used literature.
The Explanatory note is executed in volume of the pages, contains
the necessary drawings, tables, schemes. The Graphic part was submitted for
3 sheets poster, format A-1.

КІРІСПЕ

Казіргі кездегі Қазақстан мен ТМД елдерінің экономикалық
жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы
мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей. Саяси -
әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестік басты
орынға шықты. Қалыптасқан жағдайда халықты әлеуметтік қорғау институттары
нарықтық қатынастар саласында болып жатқан өзгерістердің даму қарқынына
ілесе алмай, еңбекке жарамды белгілі бір әлеуметтік топ қарғаусыз қалады.
Бұл адамдар үшін басты қарғаныс қызметі, әрі кепілі – ол
елдегі кәсіптік білім беру жүйесін дұрыс жолға қою болып табылады. Білім
беру қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті
жалпы немесе кәсіптік білім бере аламыз. Тек қана нарық талабына лайық
сұранысқа ие жоғары білікті дәрежеде дайындалған кәсіптік мектеп, колледж
не жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын
толықтырып, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады[2].
Сөйтіп, қоғамда болып жатқан экономикалык өзгерістер
талабын бұрынғы білім беру жүйесі қанағаттандыра алмайды. Өндіргіш
күштердің даму қарғынына ілесу үшін білім беру жүйесі мына екі зандылыққа
сүйенуі керек: өндіргіш күштердің даму деңгейіне білім беру жүйесінің
сәйкестігі, өндіріс қатынастар жағдайына білім беру жүйесінің сәйкестігі.
Бұл сәйкестік алдынғы қатарда болса ғана нәтиже бермек.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Новиковтың пікіріне сүйенсек,
жеке тұлғаға жалпы және кәсіби білім беру ісінің даму қарқыны өндірістің
даму деңгейінен асып түсуі керек - деген дамыта білім беру ісін басты
принцип етіп ұстауымыз керек[4]. Осы жерде жалпы бастауыш және орта
кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшылар мен мамандар даярлауда
тиісті білім мазмұнымен қамтамасыз етуде рөлі қандай деген сұрақ туындайды.
Жалпы Қазақстан мен ТМД елдерінде еңбек ресурстары сапасы туралы мәселе
бастауыш және орта кәсіптік білім мекемелері түсініктерінің дайындық деген
мәселемен ұштасып жатыр.
Атап айтқанда, мұнда тек белгілі бір теориялық білім,
кәсіби биік және практикалық дағдыны қалыптастыру ғана емес, әңгіме жеке
тұлғаның бойында тиісті кәсіби шеберлік пен жалпы адамзаттық құндылықтарды
еңбек барысында үйренумен қатар, сонымен бірге жана техника мен
технологияларды өндіріске тиімді ендіре білу, қажет болған жағдайда нарық
пен бәсекелестік талап етіп отырған кәсіп саласы мен мамандықты қысқа
мерзімде игере білу қабілеттілігі де басым болуы тиіс.
Кәсіптік білім орындарын бітіруші түлектердің дайындық
сапасына
қойылатын талаптарды мына екі топқа бөлуге болады: олардың білімі,
біліктілігі және дағдысын арттыру деңгейі. Казіргі педагогика ғылымы
теориялық мәліметтерді практикалық тұрғыда іске асыра білу қабілеттілігіне
баса назар аударуда. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелері жаңа
кәсіби қызмет түріне бейімдеуді қалыптастыруы қажет. Түлектердің ойында
дара тұлғаға лайық кәсіби шеберлік пен әлеуметтік мәні бар қасиеттерді
дамытуды басты назарда ұстау қажет.
Кәсіптік білім беру мен ішкі еңбек нарығы сұраныс арасында
алшақтық орын алып отыр. Казіргі заманға кезек күттірмейтын басты міндет-
кәсіптік білім беруді ізгілендіру мәселесі. Практикалық педагогиканың да
алдында тұрған қиын міндет – жеке тұлғаны кәсіби мораль негізінде
тәрбиелеу. Оны кәсіби біліктілікпен қатар жүретін қасиет, өлшем десек те
қателеспейміз. Бұл мәселені шешу жаңа типтегі кәсіби оқу тәрбие
мекемелерінің үлесіне тиюі керек, олар жоғары кәсіптік білім беретін
мектептер, және кәсіптік лицейлер мен колледждер.
Сонымен, казіргі кездегі кәсіби педагогиканың басты
міндеті – осы оқу орындарына арналған білім мазмұнын жаңарту болып отыр.
Осы мәселелерді сапалы әрі түпкілікті шешу үшін кәсіптік білім мазмұнына
философиялық және әдістемелік теориялық ғылыми негіздеме әзірлеу қажеттігі
туындайды. Осы жолдың бірі – кәсіптік білім мекемелері мен оқу орындарын
басқару жүйесі тек әкімшілік емес, оның білім мазмұнына толық жауап беретін
сол саладағы ғылыми-теориялық әзірлігі бар, түпкі мақсатты болжай білетін,
соған бар күш-жігерді ұтымда жұмылдыра алатын іскер басшы болу тиіс.
Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі Білім беруді
дамыту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы Президенттінің Қазақстан
халқына Жолдауының мақсаты мен міндеттерін және 12 жылдық Жалпы орта білім
беруге өткен кезенде Үзіліссіз білім беру жүйесінің әрбір деңгейіне
қойылатын талаптарды ескере отырып әзірленетін келешек жаңа типті оқулық
әдебиеттердің ақпаратының мазмұны, құрамы мен құрылымы, көлемі мен формасы
бойынша заман талабы мен базалық ғылымдар жетістігіне және жалпы орта білім
берудің ұлтық стандартына сәйкес жаңаша құрылып, жазылуы тиіс[5].
Казіргі нарықтық заман шығармашылықпен жобалау және
жоспарлай білуді, жаңа технологияны қысқа мерзімде игеруді және жауапты
шешімдерді жылдам қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты заман талабына
сай білімгерлер бір емес, бірнеше мамандықты игеруіне тура келеді, ал оған
дайындық жоғары оқу орында басталуы керек.

1 КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны

Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғарғы білім
беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың
басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы
мына төмендегідей:
- Бастауыш кәсіптік білім;
- Орта кәсіптік білім;
- Жоғары кәсіптік білім;
- Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім;
- Қосымша кәсіптік білім[6].
Бастауыш кәсіптік білім – кәсіптік мектептер мен лицейлерде
негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп
саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды.
Орта кәсіптік білім – колледждер мен училищелерде отра білім
базасында кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізінде беріледі. Жалпы орта
білімі, не бастауыш кәсіптік білім бар азаматтар өз кәсіп салалары бойынша
орта кәсіптік білімі қысқа мерзім ішінде, жеделдетілген бағдарламалар
арқылы алуына болады.
Жоғары кәсіптік білімді келесі оқу орындары жүзеге асырады –
университеттер, академиялар, институттар және оларға теңестірілген
консерваториялар, жоғары мектеп пен жоғары училищелер.
Казіргі кездегі кәсіби педагогиканың басты міндеті – осы оқу
орындарына арналған білім мазмұнын жаңарту болып отыр. Осы мәселелерді
сапалы әрі түпкілікті шешу үшін кәсіптік білім мазмұнына философиялық және
әдістемелік –теориялық ғылыми негіздеме әзірлеу қажеттігі туындайды. Оның
келесі жолдары бар:
- адамзаттың дамуы мен оның өмір сүру кеңістігінің қызметінің ажырамас
бір бөлігі кісібі ізгілікті философияның қалыптасуы мен байланыста
болуы қажет;
- жеке тұлғалардың адамгершіліктік қасиеттері оның кәсіби шеберлік
деңгейінің басты көрсеткіші, негізгі алғышарты болып табылуы тиіс;
- қазіргі кәсіптік оқу орындарындағы кәсіби білім берудің, оқытудың
түпкі мақсаты моральдық ұстанымы жоғары кәсіпкерлерді тәрбиелеу болып
отыр;
- үшінші мыңжылдыққа қадам басқан жаңа қоғамның мамандары мен
кәсіпкерлерін қалыптастыратын негізгі тұлға –педагог кадрларды
дайындауды, қайта әзірлеуді қажет етеді.
Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны Кәсіптік оқыту
әдістемесі пәнінің негізгі бір бөлімі болып саналады. Оның негізгі мақсаты
- өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйыдастыру
әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру. Теория сабағын өту
барысында мынадай аңықтамаларға түсінік беріп кеткен дұрыс:
- кәсіптік педагогика немесе адам баласына кәсіптік білім беру жолдары;
- кәсіптік мектептерде ұйымдастырылатын оқу-тәрбие үрдісі;
- оқу үрдісіндегі теориялық және өндірістік оқытудың түрлері.
Мұндағы жалпы білім беретін, жалпы техникалық және арнайы пәндердің
оқытылуы туралы мәліметтерді беру[7].
Сабақ барысында оқушылармен пікірталас арқылы оқу үрдісі, оқу
үрдісінің негізгі компоненттері, мұғалімнң басқару рөлі, оқушылардың оқу
іс-әрекетіндегі негізгі әдіс –тәсілдері, оқудың мақсаты, оның функциялары,
өндірістік оқытудың мазмұны және т.б. мәліметтерді қорытындылау дұрыс.
Сабақты қорытындылай келе оқушыларға өндірістік оқыту үрдісіне сипаттама
бере отырып, мынандай түсініктерді жаздыруға болады: кәсіп, мамандық,
біліктілік, дағды, іскерлік.

1.2 Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары

Оқытуды дұрыс жоспарлау үшін кәсіптік оқыту педогогі сабақ
туралы мәліметтерді: оның түрлерін және функциялық мақсаттарының бәрін
білуі керек.
Кәсіптік мектеп оқу үрдісінде оқушылардың танымдық іс-
әрекетін ұйымдастырудың 4 формасы бар: дара, топтық, фронталды және
ұжымдық. Оқушылардың жеке-дара жұмыс түрлеріне жататындар:
1. Оқулықпен жұмыс істеу.
2. Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп шығару, шығарма
жазу, диалог құру т.б.)
3. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әртүрлі лабораториялық тәжірибелерді
орындау.
Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу
міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с.
оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді.
Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің
барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әректеттесу
жағдайында орындауы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту – бір мезгілде бірнеше тапсырманы
әртүрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы
қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың
мақсатын, мазмұның, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып
шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшелінеді. Оқушылардың
осындай бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке-дара
жұмыстарына қарағанда әлдеқайда жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және
тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады
Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз – ортақ мақсатты көздейтін
жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір
өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сынаптағы оқушылардың жеке-
дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді. Соңдықтан ұжымдық
жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды,
керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға
көмектеседі.
Фронталдық жұмыс ерекшелігі – бір сыныптағы барлық
оқушылардың бір бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім
басшылығымен біркелкі жағдайда орындауы.
Сабақтың мынадай функциялық мақсаттары бар: оқыту (білім
алу), тәрбиелік, дамытушылық.
Оқудың білім алу (білімділік) мақсаты – оқушылардың болашақ
кәсібінің мазмұнына тән білім, білік, дағдыларды қалыптастыру.
Оқудың тәрбиелік мақсаты – болашақ жұмысшы маманының бойына
адамгершілік , эстетикалық патриоттық экологиялық еңбек сүйгіштікпен қатар
басқа да тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.
Оқудың дамытушылық мақсатын қою арқасында оқушылардың
психикалық сапасын дамыту іске асырылады.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру
әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп
сезінуі тиіс.
Егер сабақ көңілсіз өтсе, мұғалімдер сабақты босаң және
енжарлықпен өткізсе, онда, сөз жоқ , бұл мұғалімдердің сабаққа дайындалу
ісіне немқұрайлықпен қарауы, сабаққа деп бөлінген 45 минут уақытты толық
әрі жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендігін де деп
қарауға болады.
Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын
оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың
тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарда арналған тақырыптың мазмұнын
жоспарлайды және сабақта тек білімділік міндеттері ғана емес, сол сияқты
тәрбие міндеттерінің шешілуін де белгілейді[9].
Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың
оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып,
сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім
беріп, жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа
тұтас тақырып бойынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін
жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара
жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта
қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескертуге мүмкіндік береді.

1.3 Кәсіптік оқыту әдістері

Кәсіптік оқыту әдістерін түсіндіруді жалпы оқыту әдістерімен
таныстырудан бастаған дұрыс.
Кәсіби оқыту әдістері – бұл жүйелі және логикалы
бірізділікпен іс-әрекет жасайтын инженер-педагог пен кәсіптік мектеп
оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін
меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, кәсіби
шеберлік қыр-сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады. Дидактикалық
міндеттерді шешуді қамтамасыз етудегі түрле іс-әрекет қималдарды біртұтас
қызмет жүйесі деп түсінген жөн.
Пәндік-практикалық іс-әрекет – пәннің түрі мен көлеміне, оның
кеңістікте орналасуына, өзгерісіне байланысты қол еңбегіне қатысты барлық
кәсіпте басты мәнге ие.
Пәндік-ойлау іс-әрекет – пән бейнесін, мазмұнын алдынғы
орынға қойып, оны үнемі есте ұстайды. Ойлау қызметін еркше орынға шығарады.
Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың
жиынтығын оқыту әдістері деп жалпылама айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты мен
мазмұнына байланысты әр сабақтан белгілі бір міндеттер белгілеп, соған
лайық қимыл-әрекет түрлерін қалыптастырамыз. Осыдан соң оқу мен оқыту
тәсілдерінің әрбір іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің кешенді
жүйесі пайда болады.
Оқытудың теориялық және өндірістік әдістерінің арасында
белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік-техникалық
пәндер циклі бойынша жаңа теориялық ақпараттар мен мәліметтерді барлық
оқушыларға бір мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ
топтарға, топшаларға қажет болған жағдайда жекелей де жүргізеледі.
Жалпы оқыту әдістерін жіктеуде, оның ең көп тараған түрі –
ақпарат көздері арқылы бөлінуі. Олардың мынандай түрлері бар:
Сөйлеу әрекеті арқылы - әңгімелеу, түсіндіру, лекция,
сұхбаттасу, оқулық мәтінімен жұмыс, дыбыс жазу таспаларын пайдалану, нұсқау
беру;
Көрнекілік – демонстрациялау (көрнекі көрсету), оқушының
өзіндік бақылауы;
Практикалық – жаттығу, өндірістік-техникалық есептерді шешу,
зертханалық-сарамалдық жұмыстар.
Кәсіптік оқытудың өзіне тән ерекше әдісі – нұсқау беру. Ол
оқыту кезінде еңбек қызметін атқару үшін нұсқаулар мен ұсыныстар береді,
еңбек қауіпсіздік техникасын сақтау, өндірістік гигиена талаптарын
орындауды үйретеді. Нұсқау жазбаша да, ауызша да беріледі.
Кіріспе нұсқау, негізінен, өндірістік оқыту сабақты өткізу
барысында жүргізіліп, мына үлгідегі құрылымды қамтиды:
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2. Оқушылардың теориялық дайындығын тексеру.
3. Сабақта жоспарланған жұмыс мазмұнын түсіндіру, жаттығулар мен өз
бетінше жұмыстардың орындалу тәртібі.
4. Жасалынатын техникалық бұйымдардың сұлбасын, кестесін қарастыру.
5. Оқу - өндірістік жұмыстарға қажетті материалдық объекттілірді
демонстрациялау.
6. Оқушыларға оқу-өндірістік жұмыстарды орындауға қажетті құрал-
жабдықтармен, құрылғылар мен аспаптармен таныстыру.
7. Жұмысты тиімді орындау, сапасын бақылау тәсілдері мен әдістерін
түсіндіру және демонстрациялау.
8. Қателіктер мен ақаулардың алдың алу және болдырмау шараларын
қарастыру.
9. Оқу-өндірістік жұмыстарды атқару кезінде жұмыс орнын тиімді
ұйымдастыра білуді түсіндіру және көрсету.
10. Шеберханада жұмысты атқару кезінде, еңбек және қауіпсіздіқ ережелерін
ескеру.
11. Оқушыларға тапсырма беріп, жұмыс орындарына бөлу[10].
Оқыту құралдары – оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға, білім
негізін қалауға арналған түрлі ақпарат көздері, оқытушы мен оқушының
белгілі бір мақсатқа жету жолындағы бірлескен іс-әрекеті. Оқыту құралдарына
жататын материалды объектілер табиғи және адам қолымен жасалған заттар деп
екіге бөлінеді. Ал педагогикалық қарым-қатынас ауыз-екі сөйлеу арқылы не
басқа жолдармен де жасалуы мүмкін.
Сонымен оқыту құралдарына педагогтың сөйлеу мәнері мен көзқарастарын
(тұр, ым, көзқарас, бет құбылысы, т.б.), оқулық, оқу құрал-жабдықтарын,
аспаптар мен көрнекі құралдарды жатқызуға болады. Оқыту құралдарының
түрлері сан алуан, олар соңғы ғылым мен техника, ақпараттық технологияның
дамуына байланысты жетілдіріліп отырады. Кәзіргі кезде кәсіптік-техникалық
оқу орындарында оқыту құралдарының мынадай түрлері кенінен пайдаланылуда.

Баспа материалдары: оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар,
дидактиқалық материалдар, түрлі картотекалар, нұсқаулар, т.б.
Оқулықтың үйлестірушілік қызметі оның басқа оқу құралдарын өз
төңірегіне топтастырып, олардың ұйытқысы болуынан көрінеді. Басқаша
айтқанда, барлық басқа құралдар оқулықта көрініс тапқан бағдарламалық
мақсаттарға қол жеткізуге қызмет етеді. Сөйтіп, оқулықтың бұл қызметі
мұғалімнің білім берудің даралық тәсілін жүзеге асыруына,оқушылардың
ақпараттар тасқынын бағдарлай білулеріне, алған білімдерін практикада
қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға арналған.

1Кесте- Кәсіптік оқыту әдістері
2 Кесте - Іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты оқыту

әдістерінің жіктелеу.

Қолөнер туралы түсінік

Кесте тігу өнері

Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды
қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік
ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт-дәстүрді құрметтеп,
әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, буклет, ине жіп түрлері,қайшы үлгі
қағаз керілген мата, суреттер.

Сабақтың турі: жаңа сабақ.

Сабақтың
барысы:

1. Ұйымдастыру:

1.
Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

2. Сыбаққа даярлау.

2. Үй тапсырмасы:
ине жіп және біз, ою-өрнек салуды 5-сыныпта үйренгенбіз,сол себепті үйде
қағазға ұнаған эскиздеріңді түсіріп келіңдер.

3. Мақсат қою кезеңі.

1.Қолөнер туралы
түсінік. Кесте тігу өнері.

2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет
аламыз,көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгеруіміз , жұмыс
барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз .

4. Жаңа сабақ.

Қазіргі күнде ата-бабамыз ата-бабамыз
айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған,
қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр.Қолөнер десек
,онда оның көптеген түрлері бар :”құрақ құрау”, “кілем тоқу”, “түп киіз
тоқу “ , “сырмақ басу “, “кесте тігу “ сияқты .Әр халықтың өзіне тән
өнері, тілі, салт-дәстүрі бар. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің
өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Көшпелі болғанымен
олардың рухани болмысы көшпелі болған емес . Біздің заманымызға
бабаларымыздың өсиет үлгісі , өнері арқылы жеткен. Атадан баласына,
анасынан қызына мирас болып келе жатқан –сәндік өнерінің өзі ұлттық
мәдениетіміздің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз
cегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине
сабақтап, түйме қадау,кесте тігуді ,ас пісіруді үйретсе , ұл
балаларымызға таспа тілу , өрім тоқу , мал сою және мүшелеуді үйреткен.
Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Енді біз
бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне толық
тоқталамыз.Кестелеу,көкемдеп тігу,ою-өрнектерін әшекейлеу.Кестені көңіл
сызады,қол тігеді,көз сынайды дегендей,кесте тігудің алуан әдісі
бар.’’Біз кесте’’,’’Гобелен’’,(көпіртпелі) кесте,”Моншақпен
кестелеу”(бисерлеу) дейміз.Тігіс түрлеріне келсек көркем тігіс түрлерін
біз 5 сыныптан білеміз .’’Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек
керек,мал жұтамайды,деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.

Сұрақ.

1. Көркем тігіс түрлерін ата? Схема бойынша жұмыс.

2. Жоғарыдағы аталған көркем тігістер арқылы қандай кесте тұрін тігуге
болады?

Жоғарыдағы аталған тігіс түрлерін кестелерді тіккенде
пайдаланамыз.Моншақ кестеге келетін болсақ ,моншақпен тігілген бұйымды
көркемдеуге болады.Сызылған суреттің ішін моншақпен толтырып шықсақ онда
ерекше көрініс береді.

Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті,әдемілікті,шыдамдылықты талап
етеді. Ал сендер бисермен тігілген қандай бұйымдары,киімдері білесіндер?
Сәукеле, камзол, сөмке, коптеген киімдерді
өрнектеуге болады. Баспа
кестеге келетін болсақ,ою-өрнек өнер туындысы.Қай қолөнер түрін алатын
болсақ та,белгілі бір тәртіппен орналасқанын байқау қиын емес.Біздің ата-
бабаларымызлық ерте кезде сызып,жаза алмаса да,геометриялық фигураларды
дұрыстап орыналастыра білген.Шеберлер ою-өрнектерді өз дәуіріне қарай
лайықтап пайдаланған. Қандай ою-өрнек түрлерін білесіндер?

Қолөнер туындысына саяхат.
Мінеки мына алдарыңда
тұрған кесте түрлеріне назар аударыңдар. (Ондағы ою-өрнектерге тоеділық
тоқталу)
Ою-өрнектерді көрсетіп,оқушылар оған толық
жауап бер Сарамандық жұмыс

(1-сурет) кесте түрлері ою-өрнек түрлері

Зооморфты Өсімдік пішіндес Геометриялық Космологиялық
Қошқармүйіз Ағаш Ирек Шеңбер
Қаз мойын Жапырақ Балдақ Шимай
Түйе табан Үш жапырақ Шынжара Бітпес
Атбас Гүл Қармақ Жұлдыз
Құсқанат Жауқазын Төрт құлақ Шұғыла
Өткізбе Бота көз төртұшқы

Құрал-жабдықтард
ы таңдау

Ақ қағазға эскиз түсіріп қиып аламыз.Көрілген матаға суретін түсіреміз.
Кесте тігу кезінде қарапайым еңбек
қозғалыстары ( саусақ, білезік , шынтақ қозғалыстары) болады.

Қауіпсіздік ережесін сақтауды 1
оқушы оқып береді.
Оқушылардың тігіс түрлеріне мән беру, тексеру, көмектесу.
Сабақтан алған әсерлері
бойынша оқушылар мақал-мәтел айтады.
Қолөнердің бір түрі әшекейді кестелеу. Қазақтың нәзік қыздары, көркемдеп
оны тігеді.
Кестелеудің қыр-сырын
апайымыз біледі,
Шәкіртіне әр кезде үйретіп ол жүреді.

Жіпті инеге ілемін,

Өрнектеп кесте тігемін.

Жақсы көрем еңбекті,

Қызықты болып
өтемін.

Қызым еркем- кестесімен көркем,
Ұлым керкем-
өрнегім көркем.
Қолөнері кестеде.

Сөз өнері- өлеңде.

– деп сабақты
қорытындылау. (1-сурет)
4. Үйге тапсырма. Бағалау.

2 ЖОБАЛАУ ОБЪЕКТІСІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ

2.1 Шығармашылық негіздерді талдау

Қоғам және жеке адамдардың дамуындағы еңбектің
шешуші ролін, оның әлеуметтік экономикалық мәнін түсіндіру,
оқыту арқылы оқушының еңбекке деген қабілетін дамыту.
Жұмысшының қандайда бір қоғам болса алатын орнын , ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білімнің электрондық оқулықтарын құрастырудың функционалдық – модульдік технологиясы
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Колледждегі математика курсына қатысты аталмыш проблема
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi мамандығы бойынша іс-тәжірибе есебі
Өндірістік оқыту мен арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны мен міндеттері. Оның басқа пәндермен байланысы
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану
Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі
Пәндер