Псевдотрофеус зебраның систематикасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Зоология және гистология кафедрасы
Бітіру жұмысы
Кейбір сәндік балықтарды жасанды көбейту ерекшеліктері
Алматы - 2011
Реферат
Бітіру жұмысы ʺ ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...ʺ
Кілттік сөздер: аквариум, аквариумистика, гидробиология, коррозия,
грунт, аэрация, фильтрация, отты барбус, псевдотрофеус зебра, акара бирюза,
алтын балық, гипофиз, гипофизарлық инъекция, т.б.
Бітіру жұмысының мақсаты: аквариумдық балықтардан әртүрлі әдістерді
қолдана отырып, олардан сапалы өнім алу және тауарлық деңгейге дейін өсіру.
Бітіру жұмысының міндеті:
1) Зерттеуге қатысатын балықтар туралы әдебиет көздерімен танысу;
2) Олардың көбеюіне тиімді аквариум дайындау;
3) Табиғи жағдайларына сәйкес етіп жағдай жасау;
4) Алынған өнімдерді тауарлық деңгейге дейін өсіру.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Әдебиеттерге шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
1. Отты барбустың
систематикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
2. Псевдотрофеус зебраның
систематикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Акара бирюзаның

... ... ...
2. Материалдар және әдістеме
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Гипофизарлық инъекция
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
2. Табиғи жағдайды
стимулдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
3. Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау ... ... ... ... .
1. Отты барбустың көбеюі

2. Псевдотрофеус зебраның көбеюі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Акара бирюзаның көбеюі

... ... ..
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адамзат о заманнан табиғат аясында өмір сүріп, оның мол байлығын
мейлінше қажетіне жаратумен келді. Адамның жатса – төсегі, жантайса –
жастығы, тоңып-жаураса – баспанасы, үстіне киер киімі, қарны ашса – тамағы,
басқа да толып жатқан мұқтаждығы табиғаттан табылды.
Табиғат перзенті – адам, өз анасы – табиғатқа жақсылығымен қоса қиянат
жасағанында кешірек сезінді. Адамзат өз ағаттығын кешірек болса да енді
аңғарды. Қазір айналадағы ортаны аялап қана қоймай, оны қорғау – бүкіл
халықтық мүддеге айналды.
Табиғаттағы ғажайып байлықтың бірі – суасты әлемі. Бірақ ондағы
тіршілікті кез-келген адам тікелей көзбен көріп, қолмен ұстай алмайды.
Алайда, адам құдіретінде шек бар ма?! Оның да жолы табылды. Мінез-құлығы
өте күрделі, пішіні әртүрлі тірі организмдер тіршілік еттетін суасты
әлеміндегі құбылыстарды адам өзі басқарып, қажетіне қарай реттей алатын
кішкене көшірме – суасты әлемінің терезесі, бейнелеп айтсақ, айнасы, яғни
моделі ретінде аквариум дүниеге келді. Аквариумнан бөлмеде отырып-ақ табиғи
тоғандар мен көлдер де өтетін биологиялық процестердің барлығын дерлік
бақылауға болады. Аквариум – экологиялық жүйе моделі, ол – адамзаттың
табиғатпен қашан да етене жақын екендігінің дәлелі. Адам балық және
өсімдіктер тіршілігін бақылаумен бірге аквариуммен айналыса жүріп,
эстетикалық ләззат алады, дүниеге танымдық көзқарасын кеңейтіп, білгірлік
шеңберін дамытады, сондай-ақ күнделікті қарапайым жұмыстарды атқара жүріп,
тіпті ғылыми тәжірибелер жасағанын өзі де байқамай қалады. Әсіресе жұмыстан
шаршап қайтып, қол босаған кезде аквариумдағы көз тартар әдемі балықтар мен
өсімдіктерге, әйнек арқылы сан алуан түске құбылып, көздің жауын алатын
бояға көз салсаң, жүйкең жадырап, рахаттана тынығасың.
Әрине, аквариум дәл бүгінгі қалпына, яғни жан-жағы қымталып, қажет десе
үстінен жарық түсірілетін, су ішіндегі ауаны алмастырып, жылытуға да
болатын, барлық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған бейнесіне
бірден келе қойған жоқ.
Аквариум латынның aquarium - суқойма деген сөзінен алынған, яғни ол –
суда тіршілік ететін жануарлар мен суда өсетін өсімдіктерді зерттеуге,
жұртқа көрсетуге әдейі дайындалған ыдыс. Аквариумда тек ұсақ жануарлар ғана
емес, суда тіршілік ететін ірі жануарлар да өсіріледі, аквариумның ондай
түрлері дельфинарий және океанариум деп аталады. Алғашқы кездегі
аквариумдарға қауыз пайдаланылды.
Балықты аквариумда ұстау туралы алғашқы талпыныс ХІ ғасырда өмір сүрген
Рим жазушысы және философы Апулейден басталды. Ол Африка тұрғыны, Рим
империясындағы ірі төрешінің баласы Люциус Апулей – тұңғыш аквариумшы
болды. Сөйтіп, Люциус Апулей – қарапайым аквариумды тұңғыш рет тәжірибе
құралы ретінде пайдаланған адам. Кейінірек Қытай, Жапония, Корея елдері де
аквариумда балық ұстаумен шұғылдана бастады.(Қ.Қайымов,Суасты әлемінің
айнасы; Алматы Қайнар,1989, 3-6бет)
Балықтарды көбейту алғаш рет Мысыр және Ассерия елдерімен байланысты.
Мысырда мыңдаған жылдар бұрын африка теляпиясын көбейте бастаған.
Вавилонның архитекторлары біздің эрамызға дейінгі ІХ ғасырда Семирамида
бағында декоративті балықтарға тоғандар салған. Сол мақсатта сарайлардың
алдында тасты қауыздар орналастырылған. Көбейген балықтар, қолға үйретілген
үй жануарлар адамдарға патша табиғатын әкелгендей күй кештірді.
Алғаш рет Қытайда әсемдік балықтардың аквариумистикасы Тан әулеті
басқарған кезде дұрыс жолға қойылды. Сол кездегі түрлердің гидробиологиясын
зерттеудегі ғылыми жұмыстарды Аристотель, Теофраст, Люциус Апулей
жүргізді.(Статья:История аквариумистики)
Қазіргі заманғы аквариумдер шыныдан немесе пластмасса бөліктерінен
жасалады. Олардың коррозияға ұшырамауы – негізгі ерекшеліктерінің
белгісі.(Аквариумные рыбки; Дик Миллс;Астрель Москва 2003,22 бет) 10-30
литрлік көлемдегі аквариумді қолдануды көпшілігі дұрыс деп санайды. Бірақ
тәжірибиегелерге сүйенсек 70 литрден төмен аквариумдерді қолдану
биологиялық тепе-теңдіктің тұрақты болуына тиімді жағдай жасайды. Сонымен
қатар, кішкентай аквариум улкен аквариуммен салыстырғанда қиындығы көп
болады, тіпті балықтардың жаңа жұбы немесе қоректің мөлшері көбейіп кетсе,
су ластанып, ондағы тіршілік иелерінің қырылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Көлемі кіші аквариумдерді арнайы мақсаттарға (балықтарды көбейтуге,
карантинге және т.б.) қолданған тиімді болып келеді.
Аквариумның кедергісіз дамуына оның көлемі, формасы тікелей әсер етеді.
Мысалы, шартәрізді немесе цилиндрлі аквариумдер негізінен әсемдік үшін
қолданылады. Оларда ұзын сабақты өсімдіктер әдемі көрінеді, бірақ көпшілік
балықтарды өсіруге бұл аквариумдер тиімсіз, және су бетінің ауданы да
кішкентай, түбінің ауданы мен биіктігінің сәтсіз қиылысуы, ал тең емес
қабырғалары балық пішінін бұзып анық көрсетпейді.
Көпгранникті формадағы аквариумдер бес немесе алтыбұрышты, ал бүйірі –
тікбұрышты. Бұл – бөлменің ортасына тамашалауға қойылатын әсемдік
аквариумдер. Мұнда өсімдіктер жақсы көрінеді, бірақ су түсі бұлыңғырласа
балықтарды бақылап, көруді қиынға соқтырады.
Кең тараған тек шыныдан немесе каркастан жасалған - тіктөртбұрышты
аквариумдер. Олардың ішіндегі ең тиімдісі – биіктігі еніне тең, ал ұзындығы
енінен 1,5-2,5 есе ұзын болатын стандартты типі. Ондай аквариумдер
жанжақты. Олар әсемдікте, балық шабақтарын өсіруге де, және көбеюші немесе
тәжірибелік ретінде де қолданыла береді. . Ваш аквариум; Л.В.Чулкова,
И.В.Глуховцев, В.Е.Карпов, А.В.Чулков; Алма-Ата Қайнар1992; 25-26 беттер
Аквариумді сатып алар алдында дұрыстап тексеруден өткізу керек. Егер
судың ағып тұрғаны байқалса, одан суды төгіп, аквариумнің ішін кептіріп, су
тамшылаған жерге БФ-2 желімімен араластырылған цементті жағып қою керек.
Бір тәуліктен соң, аквариумға қайта су құйып, 1-2 күнге тұндырылады. Себебі
жағылған жердегі улы заттар шығу керек, содан соң аквариумдағы суды төгіп,
ішін мұқият жуу қажет
Аквариумді орналастырғаннан кейін оған грунт таңдап, төсеу керек. Грунт
есебінде ірі құмды немесе ұсақ тастарды пайдаланған жөн. Ірі құмды өзен
жағасынан алған дұрыс. Әкелінген грунтты судың түсі мөлдір болғанша жуып,
қайнатып мұқият тазалаған абзал. Аквариумды безендіру үшін тастарды да жиі
пайдаланады, оларды да жуып, қайнату қажет. . Ваш аквариум; Л.В.Чулкова,
И.В.Глуховцев, В.Е.Карпов, А.В.Чулков; Алма-Ата Қайнар1992; 41-43беттер;
Жалпы аквариум балықтарының табиғи суқоймадағыдай өмір сүруіне жағдай
жасалу үшін бірнеше құрал-жабдықтарды пайдаланады. Олар: тазалау құралдары,
су түбін фильтрациялау, безендіру құралдары, су, жылыту құралдары, жарық
түсіру құралдары, аулау құралдары, т.б.
Дұрыс күтілген және тұрақты режим сақталып, табиғи негізделе
жабдықталған аквариумда балықтар жақсы тіршілік етіп қана қоймай, көбейеді.
Бүгінгі таңда аквариумистер балықтардың тіршілігіне немесе көбеюіне қажетті
жағдайларды зерттей отырып, үлкен жетістіктерге жету мүмкіндіктеріне ие.
Уылдырық шашу ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде балықтардың табиғи қорын
сақтап қалу арқылы тауарлық мақсатта жасанды көбейту әдістерін тауып
жетілдіруге болады. Осыған байланысты аквариумдық балықтарға табиғи
жағдайды стимулдау арқылы көбейту қазіргі кезде қарқынды даму үстінде.
Әсіресе бұл жасанды жағдайда қиын көбейетін балықтарға қолданыс табуда.
Балықтарды көбейту үшін аталықтарын дұрыс іріктеп, ұрықтандыруға
әзірлей білу керек. Мұндайда балықтың реңі, мөлшері, жүзбеқанаттарының
пішіні, дене бітімі ерекше роль атқарады. Дұрыс іріктелмеген балықтардан
болашақта нашар ұрпақ өрбиді де ақыр аяғында бағалы тұқымның қажетті
белгісі жойылып кетеді.
(Қ.Қайымов,Суасты әлемінің айнасы, Алматы,Қайнар,1989,79-81 бет)

қолдана отырып, олардан жасанды жолмен сапалы өнім алу және тауарлық
деңгейге дейін өсіру.

1. Отты барбустың систематикасы
Тип : Chordata - Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata - Омыртқалылар
Бөлім: Gnathostomata - Жақтылар
Класс үсті: Pisces - Балықтар
Класс: Osteichthyes - Сүйекті балықтар
Отряд: Cypriniformes - Тұқытәрізділер
Тұқымдас: Cyprinidae – Тұқытектестер
Туыс: Barbus – Барбус
Түр: Barbus conchonius – Отты барбус [Аквариумные рыбки, Дик Миллс,
Астрель Москва 2003, 46бет]
Барбус деген атау барбус деген ғылыми атаудан шыққан, латынның
сақалды деген сөзіне сәйкес және бұл туыс балықтарының кішкентайынан
аузының айналасында мұртшалары болады. Барбустың көпшілігі – биік денелі.
Ал аквариумдық барбустың денесі үлкен емес. Олар қорек таңдамайды,
татулықты жақсы көреді және аквариумдағы басқа өкілдерге қақтығыс
тудырмайды. Бұл туыс 200-ге жуық түрді біріктіреді.(Справочник по
аквариумным рыбам(руководство по содержанию и уходу)- Д.Мильс, Д.Ламберт;
Мир Книги, Москва 2006, 28 бет) Олар Оңтүстік және Оңтүстік - шығыс Азия,
Африка мен Европаның суқоймаларында тіршілік етеді. Аналықтары
аталықтарынан ірі болып келеді. Көбею кезінде аталықтары әдемі түске
боялады. Оның арқасы мен жүзбе қанаттары ашық қызылға, қалған жерлері де
ашық түске боялады. Барбус тату балықтар және өте активті, сондықтан
аквариум төбесінен жабық болуы керек, себебі олар секіреді. Ең бастысы
аквариум ыңғайлы болған дұрыс. Суды аптасына 1 рет 15 бөлігін ауыстырады.
Барбустың көпшілігіне тиімді жағдайлар: температура 20-26⁰С; тұтқырлық – 4-
10⁰; рН – 6,5-7,5. Оларды қоректендіру қиындық туғызбау керек. Балықтар
құрғақ қоректерді де, өсімдіктерді де, тірі қоректерді де жейді. Көбейтуші
аквариумның көлемі – 10л. Түбіне сутүбі – торы (аралары 2-3см)
орналастырылады. Бұлай жасалуы ата-анасының уылдырығын жемеу үшін. Тор
бетіне ұсақ жапырақты өсімдіктерді орналастырылған жөн. Аэрация жұмыс жасап
тұру керек. Көбею аквариумындағы температура 28-30⁰С. Жарық түсіп тұру
керек. Көбею үшін аналық пен аталықты бір апта бұрын отырғызады. Аталықты
тірі қорекпен, ал аналықты өсімдікпен қоректендіреді. Әдетте екі аталық пен
бір аналық өндірушілерді отырғызады. Аталықты міндетті түрде бірінші бір
апта бұрын отырғызу керек. Бұл кезде оны инфузориямен, дафниямен
қоректендіріп, сосын аналықты қасына салады. Көпшілігіне тиімді көбею
жағдайлары: температура – 25-28⁰С; тұтқырлық – 4-10⁰; рН – 6,5-7. Көбею
орны күннің көзі түсетін жерде болу керек. Көбею әдетте таңғы сағаттарда
жүреді, 2-3 сағатқа созылады. Ол аквариумның ішінде балықтардың жарысынан
басталады, ол жерде әрине қуғыншы аталығы. Әдетте 600-ден көп емес уылдырық
шашады. Көбею біткен соң ата-аналар өздерінің уылдырықтарының соңына
түседі. 3-5 тәулік өткен соң шабақтар қоректерін іздеп жүзе бастайды.
Шабақтар алғашқы қорек ретінде бірнеше күн инфузорияны, ал одан кейін олар
дафниямен немесе балғын артемия науплиустарымен қоректенуі мүмкін.
Тығыздығы жоғарылаған сайын тазалық пен оттегі режимін қадағалау керек.
(Ваш аквариум(популярная энциклопедия); Е.Пыльцына; Ростов-на-Дону,
Издательский дом Владис 2009,444-447 бет)
Отты барбус (Barbus conchonius) – Солтүстік Үндістанның табиғи жай
ағысты және ақпайтын суқоймаларында кездеседі. Аквариумдық жағдайда дене
мөлшері 8 см-дей, ал табиғатта көбіне 15 см-ге дейін. Аналығы аталығынан
ірі болады. Денесі созылыңқы, сопақша формалы, екі бүйірінен қысыңқы,
сақалы жоқ. Негізгі түсі – қызыл немесе сарғыш түс беретін жасыл – күміс
түстес болып келеді. Құйрығының бастапқы бөлігінде қара дағы бар, алтын
түстес сызықпен қоршалған. Аталығы көбейер алдында ашық-сарғыш, от түске,
қанаттары қызылға боялады. Көбейер кезде аналығының құрсағы ісіп, үлкен
болып тұрады. Денесі қола-күміс түстес, қанаттары мөлдір болады. Аквариумде
үйір құрайды және жылжымалы балықтарға жатады. Оларға тиімді жағдай: су
температурасы – 20-26 ⁰С, судың тұтқырлығы – 1-12, рН (қышқылды орта) – 6-7
болғанда. Бұлар жыныстық жасқа 6-8 айлығында жетіледі. Аналығы 300-ге жуық
уылдырық салады. Уылдырық инкубациясы бір тәулікті құрайды. Ал шабақтарына
берілетін қорек түрлері: тірі тозаң, инфузория, т.б.(Д.Мильс, Д.Ламберт-
458-459 бет) Отты барбус – қорек талғамайтын балықтардың қатарына жатады.
Қорек ретінде тірі қоректерді ( масаның личинкасы, дафния, коретра, т.б),
өсімдіктерді ( балдырлар, жібітілген салат жапырағын, шпинатты ( асты
дәмдендіру үшін тамаққа салатын жасыл жапырақты өсімдік) және бақбақты)
және сапалы құрғақ үлпілдектәрізді қоректерді тұтынады. (www.google.ru)
2. Псевдотрофеус зебраның систематикасы
Тип : Chordata - Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata - Омыртқалылар
Бөлім: Gnathostomata - Жақтылар
Класс үсті: Pisces - Балықтар
Класс: Osteichthyes - Сүйекті балықтар
Отряд: Perciformes – Алабұғатәрізділер
Отряд асты: Percoidei - Алабұғатектестер
Тұқымдас: Cichlidae – Цихлидалар
Тұқымдас асты: Haplochrominae - Хаплохромтәрізділер
Туыс: Pseudotropheus – Псевдотрофеус
Түр: Pseudotropheus zebra – Псевдотрофеус зебра [Справочник по

Мир Книги, Москва 2006, 28 бет) ]
Цихлидалар тұқымдасы Оңтүстік және Орталық Америка мен Африканың тұщы
суларында кең таралған. Цихлидалардың қазіргі кезде жалпы саны 130 туыс пен
1000-ға жуық түрді біріктіреді. Оларда бір ғана ұзын арқа қанаты болады.
Екі бүйір сызығы кездеседі – жоғарғы және төменгі. Құйрық қанаты
доғалданған немесе шеткі сәулелері ұзарған болып келеді. Бұлардың
аталықтарының арқа және аналь қанаттары аналықтарымен салыстырғанда ұзарған
болып келеді. Цихлидалар уылдырықтарын қатты субстратқа тастайды.
Псевдотрофеус зебра туысының өкілдері Малави көлінің барлық жағалауын
мекендейді. Туыс морфологиялық жағынан ұқсас 6 түрлік комплекстерге
біріктіріледі. Олар: P.zebra, P.tropheops, P.elongatus, P. agressive,
P.williamsi, P. miscellaneous. Псевдотрофеус зебра түрлік комплексі 27
түрді біріктіреді. (Л.В.Чулкова, И.В.Глуховцев, В.Е.Карпов, А.В.Чулков; Ваш
аквариум; Алма-Ата Қайнар 1992, 228-229, 265 бет)
Псевдотрофеус зебра (Pseudotropheus zebra) – негізгі отаны Африка,
Малави көлінің эндемигі. Малави көлі – Африкадағы көлемі жағынан үшінші
орында. Ауданы 30900 км², орташа тереңдігі 250 м, ал максимальды тереңдігі
706 м. Судың жоғарғы қабатының температурасы 23,5-тен 27,5 градус
аралығында өзгеріп тұрады, ал төменгі жағының температурасы тұрақты, 22
градустан өзгермейді. Малавилік балықтар стенобионтты – яғни белгілі бір
жағдайға бейімделген. Малави көлі осыдан 1,5 млн жыл бұрын пайда болған.
Оған көптеген өзендер құяды, жалпы құйылатын су мөлшері 100 мың км²-қа
жуық. Көлден бір өзен ағып шығады – Шире. Оның ұзындығы 400 км.
(Л.В.Чулкова, И.В.Глуховцев, В.Е.Карпов, А.В.Чулков; Ваш аквариум; Алма-Ата
Қайнар, 258-259 бет)
Денесі ұзына бойы созылған, екі бүйірінен аздап қысыңқы. Ересек
аталығының маңдайында майлы жастықшасы болады. Аузы, шеткі еріндері қалың
болады. Арқа қанаты ұзын. Аталығының денесі мен жүзбе қанаттарының түсі
ашық көктен қара көкке дейін 7-9 қара сызықтары болады. Аналь жүзбе
қанатында қара жиекті уылдырығын еске түсіретін бірнеше сары дақтары
болады. Аналығының түсі ақшыл-сары, денесінің барлығына және жүзбе
қанаттарына көптеген қара-қоңыр дақтар себілген. Псевдотрофеус зебра
балығының денесі табиғи суқоймада 15 см-ге дейін өседі. Ал аквариумда
өсірілгенде 10 см-ге дейін жетеді.
Псевдотрофеус зебра балығы – агрессивті және территориальды балық,
аналығы екеуінің арасында иерархия (әлсіздің күштіге бағынуы) байқалады.
Бұлар жыртқыш балықтар қатарына жатады, себебі тістері үккіш тәрізді
болады, және өзінің көбейетін аймағын басқалардан қорғайды. Олар жұпты -
көбею кезінде ғана құрайды. Судың ортаңғы және төменгі қабаттарында жүреді.
Аквариумда 8 жылдай өмір сүре алады.
Бұл балықты ұстау үшін 150 литрден жоғары, өндірушілер саны 5-10
данадан, ландшафы тасты, суы мол аквариум керек, тастары ойылған үңгір
тәрізді болса тіпті жақсы. Қолайлы жағдай туғызу үшін: судың тұтқырлығы – 4-
20⁰, рН – 7,2-8,5, ал судың температурасы – 24-28⁰С болған жөн. Міндетті
түрде аэрация, мықты фильтрация жұмыс істеп тұру қажет. Қорегінің 60%-ын
өсімдік (салат, капуста, тәтті қызыл перец, қалақай, қара нан) құраса,
қалған 40%-ын жануарлар (дафния, циклоп, коретра және құрғақ, қытырлаған
қоректер) құрайды.
Көбейер кезде аналығы уылдырығын тастардың немесе басқа да қатты
заттардың ойығына тастайды да, оларды аталығы келіп ұрықтандырады. Содан
соң аналығы уылдырықтарын аузына салып, инкубация процесі жүреді. Аналығы
40-100 уылдырық шашады, уылдырықтарының диаметрі 4 мм. Аналығы уылдырығын
аузында 17-21 тәулікке дейін инкубрлейді. Аналығынан уылдырықты алып
инкубаторға ауыстыруға болады. Шабаққа айналғанша аналықтары ұрпақтарын
өзінен жібермейді. Бұл кезде аналықтары қоректенбейді және біраз дене
салмағын жоғалтады. Шабақтарының өлшемі 5-6 мм, олар тастардың арасында
жасырынып жүреді. Аналығының аузын шабақтар 17-24 тәуліктен кейін
босатады. Бұлардың алғашқы қорегі - тірі тозаң (циклоп пен артемияның
науплиустері).
3. Акара бирюзаның систематикасы

Туыс: Aequidens (Eigenmann et Bray, 1894) – Акаралар
Түр: Aequidens sp, – Акара бирюза [(Е.Пыльцына; Ваш аквариум; Ростов –
на –Дону, Издательский дом Владис, 2009, 149 бет )]
Акара туысы Оңтүстік Американың суқоймаларында тіршілік етеді, 30-ға
жуық түрді біріктіреді. Дене формасы созылыңқы, екі бүйірінен қысыңқы.
Акараның негізгі ерекшелігі: басы ірі, маңдайы шығыңқы және көзі үлкен
болып келеді. Құйрық және арқа қанаттары ірі, созылған. Жыныстық деморфизм
анық байқалады, аталықтары аналықтарынан ірі болады. Дене мөлшері 8-ден 25
см-ге дейін өзгеріп тұрады. Бұлар аквариумда жұп құрайтын тыныш балықтар.
Көбею кезінде және ұрпағына қамқор болғанда агрессивті күйге түседі.
Акара бирюза (көгілдір) балығы - ірі, цихлидалар тұқымдасының ішіндегі
ең әдемі балық, Оңтүстік Америка мен эквадорда тіршілік етеді. Акара
бирюзаның денесі биік, массивті боып келеді. Оның негізгі түсі жасылдан
көгілдір сұрға дейін, аналықтарында – көк дақтары бар күміс-сұрдан тұрады.
Тұмсығы мен желбезек қақпақшасыда толқынды көгілдір сызығы бар. Денесінің
ортасында – дұрыс емес формалы қара дақ орналасқан. Арқа және құйрық жүзбе
қанаттары ұзын жиекпен әшекейленген. Жиегі көбіне ашық қызыл-сары түсімен
бағаланады. Ал нашар боялған дараларының жиегі ашық-сары немесе ақ түсті де
болуы мүмкін.
Аталықтары аналықтарынан ірі, қолайлы аквариумдарда және жақы ұсталған
жағдайда 25-30 см-ге дейін өседі. Аталықтары аналықтарынан ашық түсті,
маңдайында майлы жастықшасы бар, ал арқа және аналь жүзбе қанаттары ұзын
және өткір болып келеді. Аналықтары ұсақ және салыстырмалы түрде қанық
түспен боялған. Оларды 150 литрден жоғары аквариумда ұстаған жөн. Қолайлы
аквариумдарда акараларды басқа цихлида және жайын балықтарымен бірге
ұстауға болады. Акара бирюзаны скаляриямен, карликті цихлидалармен, сонымен
қатар оларды жыртқыш және өте агрессивті цихлазомалармен бірге, дәлірек
айтқанда қызылтамақтармен және манагуандармен бірге отырғызуға болмайды.
Акара бирюзаға аквариум дайындау кезінде грунтты сырғымалы тастардан
жасаған дұрыс. Себебі олар грунтты көп қазады, осындай кезде денесін
жарақаттап алулары мүмкін. Грунттың оптимальды мөлшері 8 мм-ге жетеді.
Сонымен қатар аквариумды тырбиған ағаштармен, ірі тастармен және пластикті
өсімдіктермен әсемдеуге болады. Бірақ қалауы бойынша тірі өсімдікті де
отырғызады. Акара бирюза өсімдік қоректі жемейді. Аквариумға міндетті түрде
жалпақ, тегіс бетті тастарды төсеген жөн. Себебі акаралар көбейер кезде
оларды көбею субстраты ретінде пайдаланады. Судың қалыпты температурасы 22-
28⁰С болу керек. Табиғатта акара бирюзалар ұсақжыртқыштар болып табылады.
Су омыртқасыздарымен, кейде өте ұсақ балықтармен де қоректенеді. Ал
аквариумде қорек таңдамайды. Акараның көбеюі көп қиындық туғызбайды. Жұп
құру үшін олар таңдау жасайды. Көбеюді судың температурасын және суды
ауыстыру арқылы стимулдауға болады. Аталық пен аналық уылдырық шашуға тегіс
әрі таза субстрат іздей бастайды. Егер лайықты субстрат таппаған жағдайда,
грунтты қазып, шынының түбіне тастайды. Акара бирюзаның некелік түсі одан
сайын әдемілене түседі. Сол сәтте уылдырықтарын салып, жасыратын шұңқырлар
қазып дайындайды. Көбею кезінде акаралар агрессивті болып кетеді.
Дайындалған субстратқа 200-300 уылдырық тастайды, ал егер аналықтары ірі
болса оданда көп уылдырық салулары мүмкін. Ата-анасының екеуіде ұрпағына
қамқорлық жасайды, аналығы болашақ ұрпақтарын қанатымен желпітіп отырады.
Аталығы негізінен ұясын қорғаумен және территориясын белгілеп, аналығы мен
уылдырықтарына жақындағанның бәріне шабуыл жасайды. Уылдырықтың дамуы 3-4
тәулікке, ал дернәсілінің дамуы 2-4 тәулікке жетеді. Шабақтарының тәбеті
жақсы болады және денесі ірі. Шабақтарының алғашқы қорегі: артемияның
науплиустері және микропланктон. Акара бирюзалар акаралар туысының ішіндегі
ірі өкілдерінің біріне жатады. Жақсы жағдайда дене мөлшері 25-30 см-ге
дейін жетеді. Сондықтан акараларға дайындалған аквариум 3000- литрге жету
керек. Себебі олар территориальды . Көбейер кезде температураны 25-27⁰С-ге
көтерген дұрыс болады. www.google.ru Источник
—http:ru.aquariumist.netwiki%D 0%90%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%B0_%D0%B1 %D0%B8
%D1%80%D1%8E%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0%B 0%D1%8F акара бирюза
2. Материалдар мен әдістер
Бітіру жұмысының материалдары мен зерттеу жұмыстары Алматы қаласының
Горький атындағы орталық саябағындағы аквариумда жүргізілді. Аквариалды
бөлмеде 40-тан аса алуан түрлі балықтар өсіріледі. Бұл балықтардың барлығы
да тамашалауға келген жұртшылықтың назарына ұсынылған (сурет ). Зерттеу
жұмысына төрт түрлі балық өкілдері алынды: отты барбус Barbus conchonius,
псевдотрофеус зебра Pseudotrofeus zebra, акара бирюза Aequidens sp., алтын
балық Carassius auratus (телескоп және қызыл оранда). Көбеюге қатысқан
өндірушілер саны 7 аталық және 11 аналық болды. Балықтарды жасанды
жолдармен көбейтуге екі әдіс қолданылды: гипофизарлық инъекция және
көбеюге байланысты балықтарға табиғи жағдайды стимулдау.
1. Гипофизарлық инъекция
Гипофиз – балықтың аралық миының ортаңғы бөлігінде орналасқан,
кішкентай ақ шар. Оны бас сүйегінен ажыратып алу үшін пышақтың жүзі еркін
өтуге ортаңғы сызықта ұзынша тесілген саңылау жасалған ағаш стол
пайдаланылады.
Бұл саңылаудың кесе көлденең ішкі жағы балықтың бас сүйегін кескенде
пышақтың соңына тіреу болу үшін столдың ортасына қарай жұқа тақтайша
бекітіледі. Балықты қансыратпау үшін желбезегін кеседі, содан соң өткір
пышақпен, балықты бүйірімен жатқызып, желке сүйегін тесіп, пышақты столдың
саңылауына дейін өткізіп және бас сүйегін кесе жұқа тақтайшаға қарай күшпен
басады. Ми үстінен және бүйірінен фильтрлеуші қағазбен кептіріліп, мидың
айналасындағы жүйке-жүйелер қысқартылып, мидың артынан арқа мидың және
сопақша мидың шекарасына жақын жерінен кесіп, пинцетпен аралық мидың
соңынан ұстап, бас сүйек қорапшасынан бас миын алып шығады. Гипофиз мидың
терең бөлімінде немесе, оны жиірек алатын бас сүйек қорапшасының түбінде
жұқа қабықтың астында, сұйықтықтың ішінде орналасады. Гипофиздерді таза
ацетонның аз мөлшерінде кішкене банкаларға жинап, бір сағатқа жуық ұстайды
(олар ацетонмен толық жабылу керек), сосын екінші банкаға ауыстырады (сусыз
таза ацетонмен), онда ацетон гипофизден көлемі жағынан 10-15 есе көп болу
керек және 12 сағат ұстайды. Бұл ацетонды құйып алып, сол көлемде жаңа
ацетонды құйып, тағы да 6-8 сағатқа ұстайды. Одан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz