Кәсіптік мектептің оқу өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама


Реферат
Сұртаев Д. Алматы облысы №2 кәсіптік мектеп жағдайында «Ауыл шаруашылық машиналары» пәнінен «Астық комбайнының молотилкасы» тақырыбына әдістеме жасау. -Дипломдық жұмыс, Алматы, Қаз ҰАУ, 2009, бет.
Жұмыстың бірінші тарауында Алматы облысы №2 кәсіптік мектебінің оқу өндірістік жағдайларына қысқаша сипаттама берілген.
Методикалық тарауда кәсіптік мектептің оқу процесін ұйымдастыруға арналған «Ауыл шаруашылық машиналары» пәніне арналып төменгі оқу құжаттары жасалынды: күнтізбелік- сеткалық график құрылымдық-логикалық сұлбасы, пәнаралық байланыс, перспективалық -тақырыптық жоспар, звенолардың алмасу кестелері жасалды.
Конструкциялық тарауда комбайнның бастыру аппаратының құрылымы берілген.
Дипломдық жұмыстың соңғы тарауында ауыл шаруашылық өндірісінде техникаларды пайдаланғанда сақталатын еңбек қорғау шаралары мен өртке қарсы ережелер берілген.
Пайдаланған әдебиеттер; Қорытындылар
-сурет; -кесте; -әдебиет
Кіріспе
Қазіргі қоғамда білікті, білімді, жаңашыл технологияларды меңгерген, ауылшаруашылығын дамытуға айрықша үлесін қосатын инженерлік техникалық мамандықтарға деген сұраныс зор. Яғни қоғам шығармашыл, белсенді тұлғаларға мұқтаж. Өйткені оны шебер, озық тәжрибелі жоғары іскерлік пен маманданған кадрлар меңгергенде ғана егістіктер мен комплекстерге бар күш қуатын жұмсай алмақ. Осы себепті де мемлекетіміз басқа да көптеген міндеттермен бірге ауыл шаруашылығына көпшілік мамандық кадрларын даярлауды жақсарту. Әр еңбеккерді өзіндік және ұжымдық рухында, халық игілігіне оның ішінде және бірінші кезекте ауылдық жерлерде өндірістің ең басты құрал болып табылатын жерге, техникаға, тыңайтқыштарға, мұнай өнімдеріне ыждағаттылықпен қарау рухында тәрбиелеу міндетін қойып отыр. Сонымен қатар қазіргі Егеменді Қазақстанымыздың экономикасы жоғары деңгейде деп те айта алмаймыз, соның әсерінің бірі деуге болады, ел техника тапшылығы, Республиканың нарықтық экономика программасы белгіленген ауқымды шаралар комплексі, оны іске асырудың түпкі нәтижесі еңбек құралдарын өндірістік экономикасы мен техникасын ұйымдастыруды жаңа принциптерге байланысты сапалы түрде қайта құру, бұл ауыл шаруашылық жұмысшылары еңбегінің сипаты мен мазмұнын түбегейлі өзгертсе, яғни индустриялды еңбегінің бір түріне айналады.
Ауыл шаруашылығының дамуының жаңа жағдайында тек кәсіби даярлығын жоғары ете алады. Қазіргі тракторлық машинистер өндірістің міндеті мен мақсатын терең түсінетінін білімге, біліктілікке және дағдыға ие болу керек. Ол өзінің әр қимылын творчестволық тұрғыдан ойластыру, қабілетін игеріп, нақты жағдайға бағдарлануы, бірнеше мамандықты игеруі қажет. Облысымыздың орта кәсіби - техникалық мектептерінде жыл сайын үш мыңнан аса түрлі мамандықтар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қатарын толықтыруда, онда оқитын кең профилді тракторшы - машинист мамандығымен қоса автомобиль жүргізуші мамандығында алады. Сондықтан болашақ механизатордың кәсіби шеберліктеріне сай болуы өте қажет. Демек орта кәсіптік-техникалық мектептердің инженер - педагогтардың кәсіптік әдістемелік даярлықтарын өзгертіп, теория мен әдістемелік білімдерін арттыру, педагогикалық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру өскелең заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі.
Осыған орай жаңашыл педагогтардың оқыту - әдістемелік әдістерін сабақ процесінде кең пайдалану, жеке пәндерді оқыту әдістерін дамыту жұмысында әлі де басқа кемшіліктер бар.
Дипломдық жұмыс тақырыбына орай ауылдың арнайы мектептер мен ауыл шаруашылық колледжінің оқу-тәрбие процесінде арнайы пәндерді оқыту әдістемелерді маңыздылығы ескеріліп, әсіресе, «Ауыл шаруашылық машиналары» пәнінің маңызы зор. Ауыл шаруашылығында күллі аграрлық өндіріс негізін егіншілік қалайды. Ауыл шаруашылығы - халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Ауыл шаруашылығын ілгері дамытуда өнім өндіру үшін қолданылатын машиналардың материалдық-техникалық базасын жасау ерекше орын алады. Сондықтан мемлекет бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуде.
Ауыл шаруашылық машиналарын пайдаланудың түпкі мұраты - дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және саналы атқарып, жарақталған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған машина пайдалану ісінің әрқайсысы ос мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрбіреуінің өзіндік атқару технологиясы, техникалы инженерлік қызметі мен материалдық - техникалық қоры бар.
Солардың бәрінің түрлі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды жолын «Ауыл шаруашылығы» машиналар пәні зерттеп, оның технологиялық, техникалық және ұйымдастыру шарасын белгілейді.
Мазмұны
Реферат . . .
Кіріспе . . .
1. Алматы облысы №2 кәсіптік мектеп оқу-өндірістік сипаттамасы
- № 2Кәсіптік мектеп туралы жалпы мағлұмат . . .
1. 2. Кәсіптік мектептің оқу өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама . . .
1. 3 Кәсіптік мектептің табиғи-климаттық жер жағдайы . . .
1. 4 Кәсіптік мектептің материалдық техникалық базасы . . .
1. 5 Тракторлар және автомобиль кабинеті . . .
1. 6 Кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының
оқу - өндірістік жұмысына талдау жасау . . .
1. 7 Кәсіптік мектептің педагогтарына сипаттама . . .
1. 8 Кәсіптік мектептің әкімшілік - басқару жұмыстары . . .
1. 9 Оқу жылының міндеттері . . .
2. Методикалық тарау
2. 1 «Ауылшаруашылығы машиналары » пәнінен оқу процесін талдау . . .
2. 2. «Ауылшаруашылығы машиналары» пәнінен оқу бағдарламасын талдау . . .
2. 3. «Ауылшаруашылығы машиналары» пәнін оқыту кезінде оқытушының алатын рөлі . . .
2. 4. Маманда пән бойынша білім, білік және дағды жүйелерінің қалыптасуындағы тақырыптың орны мен мәні . . .
2. 5. Берілген кәсіп бойынша тақырыптық оқу процесінде алатын орны мен мазмұны . . .
- «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру . . .
2. 7 «Ауыл шаруашылық машиналары» пәні бойынша 1 курсқа арналған күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру . . .
2. 8 Құрылымдық-логикалық талқылау . . .
2. 9. Перспективалы-тақырыптық жоспар . . .
- Сабақ жоспарын жасау әдістемесі . . .
2. 11. Лабораториялық-практикалық сабақтардың әдістемесін жасау . . .
- Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау . . .
2. 13. Оқушылардың жұмыс орнындағы жұмыс кестесін жасау . . .
3. Конструкторлық тарау
- «Сибиряк» аппаратының бастыру аппараты . . .
4. Еңбек қорғау тарауы
4. 1. Тракторларды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары . . .
4. 2. Ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеген кездегі
қауіпсіздік шаралары . . . 4. 3. Өртке қарсы шаралар . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . . Қорытындылар . . .
1. Алматы облысы, № 2 кәсіптік мектептің
оқу-өндірістік сипаттамасы
- № 2Кәсіптік мектеп туралы жалпы мағлұмат
№2 Кәсіптік мектебі 1933 жылы құрылған. Алғашында мектеп тракторист, комбайнер мамандығы бойынша түлектер дайындап шығарған. 1935 жылы 3 мұғалім, оның ішінде 1 жоғары біліммен, 2 орта - техникалық біліммен жұмыс істеді. 1937 жылдан бастап автомеханик, электромеханик, диспетчер, шофер мамандықтары қосылды. Бұл мектеп өз тарихында 50 мыңнан астам жас мамандар дайындап шығарды.
Қазіргі кезеңде мектеп 660 оқушыға арналған жаңа үлгідегі оқу-өндірістік комплексі, жақсы жабдықталған оқу аудиториялары, лабораториялар стадион, спорт залы, асхана, акті залы бар. Бұл оқу орында әр түрлі көркем өнерпаздар үйірмелері, футбол, волейбол, баскетбол секциялары жұмыс істейді. Мектепке қазіргі кезде ГАЗ-53, ЗИЛ-130, КамАЗ автомобильдері, К-701, Т-130, МТЗ-82тракторлары жұмыс істейді.
1. 2. Кәсіптік мектептің оқу өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің бекітілген шешіміне орай 1992 жылдың 22 желтоқсанынан бастап орта кәсіби -техникалық училищесі №2 кәсіби -техникалық училищесі болып аталды.
Қазақстан Республикасының министрлігінің №152 бұйрығымен 16. 05. 2008 жылдан бастап №2 кәсіптік мектеп болып өзгертілді.
№2кәсіптік мектеп төмендегідей мамандар даярлап шығарады:
- 3001081 - Автомобильді жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету слесарь, авто электрик
- 0821001 - Тамақтану мекемелерінің маманы
- 4120001 - Әмбебап тігінші
- 29160001 - Газ электр д2некерлеуші
- 4431001 - Ауыл шаруашылық электр құралдарын жөндеуші
- 4301001 - Кең профильді құрылысшы - шебер электр газ темір дәнекерлеуші
- 29160001 - Газ электр дәнекерлеуші токарь
Қазіргі таңда №2 кәсіптік мектеп республикамыздың үлгілі оқу орындарының бірі болып саналады. Сонымен қатар машина жөндеу, ағаш өңдеу, автомобиль транспорты, энергетикаға, ақпараттық орталықтарға және экономикалық өндірістік салаларға үздіксіз орта - арнайы білімді мамандар дайындауда.
- Кәсіптік мектептің табиғи-климаттық жер жағдайы
Алматы облысы Қазақстанның оңтүстік - шығысына орналасқан. Облыстың батыс жақ бөлігін ұлан байтақ балқаш бойы шөлді жазығы алып жатыр, ал оңтүстігі Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы таулы жоталарымен көмкерілген, мұның өзі облыс климаты мен топырағына алуан түрлі сипат береді. Мұнда барлық ландшафтарды, табиғат аймақтары мен климаттарды - құрғақ ыстық шөлден альпілік және субальпілік шалғындарға, сондай-ақ мәңгі қар басып жатқан биік таулы климатқа дейін кездестіруге болады.
Облыс халқы - көп ұлтты. Мұнда қазақ, орыс, ұйғыр, дұнған, корей, неміс, татар, азербайжан, сондай-ақ басқа да ұлттардың 807 мың адам болады, оның 160 мың (19 процент) - қала халқы, 647 мың (81 процент) - село халқы.
Облыс шаруашылықтарын мамандыру бірқатар табиғат аймақтарының табиғи ресурстарын комплексі пайдалану негізінде жүзеге асырылып, келеді. Мысалы, мал шаруашылығына, бір жағынан, биік таулы аймақтарда өсетін әр түрлі шалғынды өсімдіктерге бай жазғы тау жайылымдары пайдаланылса, екінші жағынан, тау бөктеріндегі қысқы жайылымға бай құмды мекендер пайдаланылады. Топырақ - климат жағдайы қолайлы тау бөктерінде шаруашылықты қарқынды жүргізуге мүмкіншіліктері мол. Мұнда тәлімі жер жағдайында дәнді дақылдар, суармалы жер жағдайында техникалық, көкөніс және бақша дақылдары, картоп өсіріледі, сонымен қатар өнеркәсіптік бау шаруашылығы мен жүзім шаруашылығы өркендеп келеді.
Аталған кәсіптік мектеп таудағы жеміс шаруашылығы, картоп шаруашылығы және етті мал, сауын сиыр шаруашылығы аймағы жатады. Бұл қоңыр салқын, ылғалды аймақ Іле сыртқы Алатауының солтүстік беткейі мен Кетпен жотасының солтүстік және оңтүстік бейнелерін алып жатыр. Аймақ Нарынқол, Кеген, Еңбекші қазақ, Іле және Қаскелең аудандарын қамтиды. Аймақ территориясы біршама шағын - 995, 4 мың гектар, яки облыс территориясының 4, 7 проценті. Соған қарамастан ол ауыл шаруашылығы өндірісіне белгілі дәрежеде ықпал етеді. Мұнда Алматы облысындағы бүкіл тау көлемінің 33, 2 проценті, жазғы жайылым көлемінің 34 проценті және егістік көлемінің 6 проценті орналасқан.
Климат жағдай біршама жұмсақтығымен, жылу мен ылғалдың жақсы үйлесушілігімен ерекшеленеді, мұның өзі тәлімі егіншілікті өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Шілдедегі температура әдетте 22-23 градус жылылықтан, қаңтардағы температура 5-6 градус аяздан аспайды. О градустан жоғары температурадағы жылы кезеңде оң температуралардың қосындысы - көптеген аудандарда 2400-3400 градус, шығыс аудандарда 2000 -2400 градус.
Аймақтың төмендегі шекарасында ауаның температурасы 10 градустан жоғары кезең сәуірдің екінші он күндігінде басталып, қазанның бірінші он күндігінде аяқталады. 10 градустан жоғары орташа тәуліктік оң температуралардың қосындысы 2000-3000 градусқа тең. Тауға көтерілген сайын жылы кезең мен жылылықтың қосындысы шұғыл төмендей бастайды. Аймақтың жоғарғы шекарасында оң температуралардың қосындысы 2000 градусқа дейін ал 10 градустан жоғары температура кезеңінде 1400-1500 градусқа дейін кемиді. Аязсыз кезең төменгі шекарада 5-5, 5 айға созылып, жоғары шекарада 3 айға дейін қысқарады.
- Кәсіптік мектептің материалдық техникалық базасы
Құрылыс ғимараты типтік жобамен салынған. Жалпы ауданы 15648 м 2 , пайдалы ауданы 14220 м 2 , оқу бөлімінің ауданы 11020 м 2 . Сабақ жүргізілетін кабинеттер - 25, зертхана - 10 . Компьютерлік (шеберхана) класс оқу-өндірістік шеберхана 920 м 2 . Сәулет сарайы, жабық спорт зал оның 648 м 2 . Спорт алаңы - 2, (220орындық) . Асхана 1 (200 орындық), оқу залы - 1, гардероб -1, медициналық кабинет - 1. техникалық оқу құралдарының түрлері: компьютерлік техника, олардың саны: компьютерлік класс-3, приставка «Кравер-Стерео-2», Кинопроектор КПШ-4; Киноаппарат «Украина» - 1, Кодоскоп -4, Диапроектор АЭТШ-11, пеленг ЛД-7, Музыкалық аспап -1, Компьютер-18, Факс-1, Көшірме аппарат-1, телевизор-1, Видеомагнитофон-1.
Транспорттық және оқу құрал-жабдықтар саны: Трактор дөңгелекті -3, шынжыр табанды трактор - 2, автомашина -7, автобус КАВЗ-1, Трактор принципі -3, Соқа-3, тырма - 9, культиватор -1, токарь станогы-9.
- Тракторлар және автомобиль кабинеті
Плакаттар - 105.
Қозғалтқыш қимасы ЗМЗ-53, Д - 240.
Электрлі стенд - 12 шт.
Қозғалтқыш трансмиссия және жүріс бөлігі: Плакаттар - 8, стендтер -5. Жастардың еңбек қорғауы.
Асхана - 600 орындық жұмыс істеуде. Тоңазытқыш - 1, Холодная витрина - 1.
Медициналық пункт - 1. Студенттер бос уақыттарын үйірмелерде өткізуді: оның ішінде би, сурет, спорттық ойындар, баскетбол, теннис, волейбол.
Жатахана - 2, 440 орындық. Факті бойынша 57 адам орналасқан. Колледждің материалдық техникалық базасын жетілдіру және жасау негізінен мемлекеттік тапсырыс есебінен іске асады. Колледждің мемлекеттік мүлік оның оралымдық басқару құқығына беріледі.
Лабораториялық цехтер.
Жоспар бойынша.
Слесарлық цех-1, Верстанки слестные 9 дана. Кузнецтер цехы - 1, Горк-2, оковальный-3, кузнец жабдықтары.
Сваркалық цех-1.
- сваркалық пост - 3.
- Сваркалық трансформатор
- Газбен сваркілеу техникасы 1 комплект.
Механикалық цех - 1
- Токарлық станоктар - 6
- Фрезарлық станоктар - 1
- Расточкалық станоктар - 2
- Хонингілеу станогы - 1. Кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының
оқу - өндірістік жұмысына талдау жасау
№2 кәсіптік мектептің өндірістік цехы талапқа сәйкес жұмыс істейді. Тәжірибе шаруашылығында бидай мен арпа өсіріледі. Шағын диірмен мен наубайханада ұн тартылып, нан шығады. Арпа мен ұнның ұнтақтары, қалдықтары жем ретінде даярланады. Жалпы кәсіптік мектептегі тәжірибе шаруашылықтарында, цехтерде мұғалімдердің жетекшілігімен оқушылар үйреніп, жұмыс жасайды. Мәселен, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша оқитын оқушылар лабораторияда жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу шағын цехтарында істейді.
Оқушылар негізгі мамандықтарымен қатар қосымша, сабақтан тыс 14 мамандық бойынша қысқа курстарды оқи алады. Олар:
- В және В, С категориялы жүргізушілер
- Трактор - машинист
- Газ - электр дәнекерлеушісі
- Телевизор жөндеуші
- Бухгалтерлік есеп
- Компьютерде іс қағаздарын жүргізу
- Шаштараз
- Киім пішу мен тігу
- Стол тағамдарын әзірлеу
- Автомобиль электр жүйесін жөндеуші
Бұл мамандықтардың барлығы облыстық еңбек биржасымен халықты әлеуметтік жағынан қорғау мекемелерімен келісіліп, бүгінгі еңбек нарығының қажеттілігіне қарай бағытталған. Оқу талапқа сай жабдықталған лабораториялармен шеберханаларда өтеді. Онда білікті мамандар сабақ жүргізеді. Оқуды бітірген соң арнайы куәліктер беріледі.
Кәсіптік мектепте екі спорт залы бар. Оқушылар сабақтан тыс уақытында баскетбол, волейбол, футбол, теннис, таэквондо, каратэ және т. б. спорт түрлерімен айналысады. Оқу корпусын көгалдандыру, сабақ өту мақсатында мектеп оранжереясында, класс бөлмелерінде, әсемдік үшін жасыл желектер мен өсімдіктер өсіріледі.
Кәсіптік мектепте «Фермерлер, бау-бақша өсірушілерге кеңес беру орталығы» бар. Мұнда мектеп мамандары ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысушыларға, жеміс жидек, бау-бақша өсірушілерге кеңестер беріп отырады.
Мектеп мамандарды тәрбиелеп, дайындап шығаруда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде, ауылдағы шағын және орта бизнестің дамуында нәтижелі жұмыстар жүргізуде өз үлестерін қосуда.
- Кәсіптік мектептің педагогтарына сипаттама
Кәсіптік мектептің педагогтар құрамы еңбек - шарт келісімен, білікті кадрлармен құралады. Барлық оқытушылар саны-48 адам, оның ішінде:
29 жоғары білімді, 18 орта арнаулы білімді;
21 оқытушы - жоғары категориялы;
5 оқытушы - 1ші категориялы;
6 оқытушы - 2ші категориялы;
23 оқытушының категориялары жоқ.
Кәсіптік мектептің 5 оқытушысы «Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» атағын, 2 оқытушының ғылыми дәрежелері бар. Барлық оқытушылардың арнайы жоғары білімдері бар.
Барлық оқытушылардың педагогикалық стажына талдау жасасақ:
17-20 жылдан - 8 оқытушы;
9-16 жылдан -10 оқытушы;
3-80 жылдан - 15 оқытушы;
3-4 жылдан - 15 оқытушы;
Оқытушылардың орташа жасы - 35 те. Кәсіптік мектептің педагогтары тұрақты жүйелі түрде барлық білім салаларына сәйкес өздерінің білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырып отырады, онда ғылыми - практикалық, ғылыми - әдістемелік конференцияларға қатысумен, басқа жоғары оқу орындарымен қарым - қатнас жасаумен, магистратура және аспирантурада оқумен және басқа арнай курстарға қатысумен білімдерін жетілдіреді.
- Кәсіптік мектептің әкімшілік - басқару жұмыстары
№2 кәсіптік мектептің әкімшілік - басқару бөлімінде 17 адам қызмет атқарады.
Директор жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламаларды, оқу процестерінің кестесін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа қажетті құжаттарды бекітеді. Оқу орнының дұрыс жұмыс істеуін, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру, оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді және орындалуын тексеріп отырады.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Е. С. Мамриев қызметі. Оқу орны уставының талабына сәйкес кәсіпорынның жұмысын ұйымдастырады, алдағы және қазіргі орындалатын жұмыстарға бақылау жасайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес оқытушылардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындалуын қадағалайды, оқу процесінің сапалы орындалу мақсатында болашақ тақырыптың жоспарлар мен қажетті оқу - әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етеді. Сабақ кестелерін, емтихан және консультациялар кестесін жасайды. Оқу процесіне оқу құралдары мен техникалық жабдықтарын тиімді пайдалануына, құжаттарды есепке алып, оны сақтауды, санитарлық - гигиеналық талаптар орындалуына атсалысады.
Оқу өндірістік шеберлерді жұмысқа алуға байланысты комиссия жұмыстарын басқарады. Өндірістік практикаға инновациялық оқыту технологияларының элементтерін енгізу жолдарын қарастырады және енгізеді. Аға шеберлер, оқу өндірістік шеберлер және диплом алдындағы практика жетекшілері жұмыстарын басқарады.
Кәсіпорындарда, оқу лабораторияларында, өндірістік - шаруа учаскесінде, базалық кәсіпорындарда, өндірістік оқыту сабақтарында оқушылардың өмірін қорғау және денсаулық сақтау жағдайларына мүмкіндік жасау, жауап береді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ол оқу орындағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты, сонымен қатар оқушылардың тәрбие жұмыстарының жоспарын жасайды және жаңа тәрбие жұмыстарын енгізуді ұйымдастырады.
Бөлім меңгерушілері олар өз бөлімдерінде оқу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Оқу сабақ кестелерін жасайды және сабақтың уақытылы өтуін қадағалайды. Конференциялар, демалу кештерін, олимпиадалар және басқа іс-шаралар ұйымдастырады.
Әдістемелік кабинет меңгерушісі; Ол оқу орнының уставына сәйкес ғылыми - әдістемелік жұмыстарын басқарады. Қазіргі және болашақ оқу - әдістемелік жұмыстар жоспарларын ұйымдастырады. Педагог оқытушылардың авторлық бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу - әдістемелік әдебиеттерін басылымға дайындауға және басылып шығуларын ұйымдастырады.
1. 9. Оқу жылының міндеттері:
1. Мұғалімдер оқушы білімнің сапасын арттыруда мектептің өзекті мәселесін 1 кезекте мақсат етіп қою.
2. Оқушы білімнің сапасын арттыру әдістерінің тиімдісін күнделікті сабақта қолдану.
3. Бағаны нақты қою арқылы оқушы білімін жылжыта отыра тереңдету.
4. Іс - құжаттармен жұмысты өз мәнінде жүргізу.
5. Жаңа оқу жылында оқушы білімнің сапасын тереңдету әрбір пән мұғалімнің жан-жақты шығармашылықпен ізденісі негізінде іске асырылсын.
6. Оқушы білімнің сапасын артыруға ата-аналар кеңінен тартылсын.
7. Жаңа оқу жылында мектеп өзекті мәселесі басшылыққа алынып іс-шаралар жүргізілсін.
8. Жеке оқушылармен жұмысты жалғастырып дамыту, жақсы оқитын оқушыларды жарыстарға толық қатысуын қамтамасыз ету.
9. Өзара тәжрибе алмасу мақсатында баспаға барлық категориялары мұғалімдер баспаға материалдарын ұсыну.
10. Ғылыми қоғамдардың жұмысын жандандыру.
11. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ізденімпаз, жаңашыл мұғалімдер қатарын толықтыру.
12. Әдістемелік күн ұйымдастыру.
13. Мектепте ұлдармен жұмысты жандандыру.
14. Жас ерекшеліктеріне қарай топқа бөлу. Қыздар, ата-ана, қиын оқушы жұмысын терең ұғына жоспарлау. Сынып жетекшілер шығармашылығын жандандыру. Айлықтарда сынып сағаттарын жоспарлауда оқушылардың жас ерекшелігін ескеру.
№4 кәсіптік мектептің өзекті мәселелері:
- Материалдық-техникалық базаны нығайту. Физика, химия, тарих кабинеттерін жабдықтау, компьютерлік іс бөлмелерді көбейту.
- Кітапхананы мұғалімдерге, шеберлерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар, анықтамалықтар, энциклопедиялармен жабдықтау.
- Жоғары оқу орындарының ғалымдарымен тікелей байланыста болуға жағдай жасау.
2. Методикалық тарау
2. «Ауылшаруашылығы машиналары » пәнінен оқу процесін талдау.
Білім беру ісін реформалауда егемендігіміздің болашағы жас жеткіншектерді тәрбиелеп, білім беруде кәсіптік мектептің алатын орны зор. Сондықтан, кәсіптік мектеп қызметін дұрыс атқаруы үшін өзіміз бағыт бағдарын мемлекеттік құжаттарға сәйкестендіре бағдарлап отыруға тиіспіз. Олай болса оқу орнының жоспар арқылы өз жұмысын алдын-ала белгілеп, ретті жүргізуінің маңызы жоғары.
Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі міндеттері мыналар:
- кәсіптік білімді міндет пен сапаға жеткізуді нормативті құжаттардың жүйесін жасау;
- білімдік қызмет көрсетушілерді, ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерді біліктілік сатысына сәйкес кәсіптік білімнің мазмұндық параметрлері жайында толық және дәл ақпаратпен қамтамасыз ету;
- жұмысшылар мен мамандардың кәсіби дайындығы мен соңғы нәтижелеріне тиімді талаптар қою;
- орындаушының көрсететін білімдік қызметінің сапалық көрсеткішін құптау.
Оқу жұмысын жоспарлы түрде жүргізудің негізгі кәсіптік мектептегі барлық күшті ұжымды және жеке адамдардың еңбегін уақыт жағынан белгілі жүйеге келтіре отырып, бір мақсатты жұмыс істеуге жұмылдыру үшін қажет. Ол кәсіптік мектептердің басты орындарының және мемлекет нұсқауларын дер кезінде орындауға да қолайлы. Ол жеке звенолардың өзара бірлесе жұмыс істеуінің және олардың әрқайсысының іс-әрекетінің мазмұнын, қызметін, өзара байланысын анықтап, айқындай түсуге негізделе отырып, барлық тиісті оқу жұмыстарының мазмұнын қамтып, оның алдында тұрған міндеттерді іске асыруға негізделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz