М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқу – өндірістік сипаттамасы


Реферат
Шабдукароимова Ғ. Алматы облысы, М. Бейсебаев атындағы Талғар бизнес және менеджмент колледжі жағдайында «Ауыл шаруашылық машиналары» пәнінен «Егістікті қатар аралық өңдеуге арналған машиналар» тақырыбына әдістеме жасау. -Дипломдық жұмыс, Алматы, Қаз ҰАУ, 2009, -бет.
Жұмыстың бірінші тарауында Алматы облысы, М. Бейсебаев атындағы Талғар бизнес және менеджмент колледжінің оқу өндірістік жағдайларына қысқаша сипаттама берілген.
Методикалық тарауда кәсіптік мектептің оқу процесін ұйымдастыруға арналған «Ауыл шаруашылық машиналары» пәніне арналып төменгі оқу құжаттары жасалынды: күнтізбелік- сеткалық график құрылымдық-логикалық сұлбасы, пәнаралық байланыс, перспективалық -тақырыптық жоспар, звенолардың алмасу кестелері жасалды.
Дипломдық жұмыстың сонғы тарауында ауыл шаруашылық өндірісінде техникаларды пайдаланғанда сақталатын еңбек қорғау шаралары мен өртке қарсы ережелер берілген.
Пайдаланған әдебиеттер; Қорытындылар
-сурет; -кесте; -әдебиет
Мазмұны:
Реферат . . .
Кіріспе . . .
1. 1 М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқу - өндірістік сипаттамасы . . .
1. 2 Колледждің жетекшілері мен педпгогикалық құрамы . . .
1. 3 Колледждің оқу - материалдық және әлеуметтік базасы . . .
1. 4 Жаңа технологияны енгізу . . .
2. Әдістемелік тарау . . .
2. 1. «Ауылшаруашылық машиналары» пәні бойынша күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру . . .
2. 2. Құрылымдық логикалық талқылау . . .
2. 3. «Қатараралық өңдеу машиналары» тақырыбы бойынша перспективалық - тақырыптық жоспарын жасау . . .
2. 4. Сабақ жоспарын жасау әдістемесі . . .
2. 5. Пәнаралық байланыс картасын жасау . . .
2. 6. Лабораториялық, практикалық сабақты өткізу әдістемесі оны ұйымдастыру . . .
2. 7. Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау . . .
2. 8. Жұмыс орындары бойынша оқушылар звеноларын орналастыру кестесін жасау . . .
2. 9. Жұмыс орындарының оқу материалдары мен құрал сайман, аспаптары, жабдықталған жұмыс орындарының тізімі . . .
2. 10. Лабораториялық - практикалық техникалық циклына арналған технологиялық нұсқау картасын құрастыру әдістемесі . . .
2. 11. Берілген кәсіп бойынша тақырыптың оқу процесінде алатын
орны мен мазмұны . . .
3 Конструкциялық тарау . . .
3. 1. Арнайы табанды культиватор . . .
3. 2. Культиватор тірегінің беріктік есебі . . .
4 Еңбек қорғау тарауы . . .
4. 1. Тракторды пайдаланған кездегі қауіпсіздік шаралары . . .
4. 2. Ауыл шаруашылық машиналарында жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік шаралары . . .
4. 3. Өртке қарсы шаралар . . .
4. 4. Техникаларды пайдаланғанда қоршаған ортаны қорғау шаралары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.
Н. Назарбаев: . . . Білім беру саласының басты міндеті - 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. «Қазақстан халқына 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауынан»
Ендігі міндет - әр азамат, әр ұжым, осы Жолдаудан туындайтын өзінің жауапкершілігін сезіне білуінде. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ұжымы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандар даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем беруді өзінің басты мақсаты деп санайды.
Президенттің Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің ауыл шаруашылығында азық-түлік өнімінің жылдық өсу деңгейі жоғары қарқынмен өсті. 2002-2007 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 557 млрд. теңгеден 1050 млрд. теңгеге дейін өсті.
2007 жылы дәнді дақыл өнімдерін жинау рекордтық деңгейге, яғни 20, 1 млн. тоннаға жетті. Мұндай өнім еліміздің ішкі тұтыну мөлшерін жаңа өнім алғанға дейін қамтамасыз етеді және өнімді сыртқа шығару мүмкіндігін 10, 0 млн. тоннаға жеткізе алады.
Өнімдердің басқа да түрлерін, атап айтқанда, май өнімдерін - 459, 4 мың тоннаға, көкөністі - 2196, 4 мың тоннаға, картопты - 2414, 8 мың тоннаға, мақта өнімдерін 438, 7 мың тоннаға көтеруге қол жеткізілді.
Ауылшаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайды. Соңғы 7 жылда 26, 5 мың ауылшаруашылық техникаларының негізгі түрлері, оның ішінде, алыс және жақын мемлекеттердің жоғары өнімді, қуатты техникалары сатып алынды, осының нәтижесінде
2002 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылығының қуаттылық көрсеткіші 19, 5% артуға мүмкіндік туғызады.
Осыған қарамастан, ауылшаруашылығын жабдықтандыру төмен деңгейде, ауылшаруашылық техникаларын пайдалану мөлшері - 13-14 жыл. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша кредиттік қорды тұтыну жылына шамамен 1 млрд. АҚШ долларымен бағаланады.
2006 жылдан бастап ИСО мен ХАССП халықаралық менеджменті мен сапа жүйесін қолданатын кәсіпорындары шығындарының 50% субсидиялауға арналған бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Аталған жүйені 100-ден аса кәсіпорындары енгізді.
Көлік инфрақұрылымын өркентеуге арналған үлкен жұмыстар жүргізілуде. Каспий теңізі арқылы астықты экспортқа шығарудың альтернативті бағыты анықталды. Мұның өзі отандық астықтың Кавказдың арғы бетіндегі мемлекеттер нарығына шығарып, тасымалдау тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер береді.
Мемлекет басшысы ауылдың әлеуметтік саласына, оның өркендеуіне баса назар аударған және аудара береді. 2007 жылы оның өркендеуіне 107, 2 млрд. Теңге жұмсалуы соның белгісі. Елді мекендердегі ауызсу тапшылығын шешу мақсатында Ислам Даму Банкі және Азия Даму Банкімен несие алу жұмыстары іске асырылуда.
Еліміздің азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі бекем қолға алынған. Бүгінгі таңда халықтың тұтынатын тағамдары мен азық-түлік өнімдері толықтай отандық өнімдермен қамтамасыз етілуде.
Аграрлық ғылым мен білім берілген болатын. Бұл аралықта оң өзгерістер болып жатты. Аграрлық ғылымды қаржыландыру көлемі 2001 жылдан бері 4, 2 есе ұлғайтылса, ал ғылымға бөлінген бюджеттік шығын 2, 5 есеге өсті.
Дегенмен, аграрлық ғылымда жедел шешуді қажет ететін мәселелер де баршылық. Жүргізіліп жатқан зерттеулердің инновациялық деңгейінің төменділігін, ғылыми-зерттеулердің өндіріс мұқтаждығына сәйкестендірілмеуін, инновацияны коммерциялауға бағытталған механизмдердің жоқтығын атап кеткен жөн. Әлемдік қауымдастықтың елімізді нарықтық мемлекет деп мойындауына қарамастан, қазіргі күнге дейін ғылыми өнім нарығы жоқ. Аграрлық ғылымның дамуына тәжірибелік базаның жұтаңдығы, ғалымдардың өздерінің тәжірибелері мен сынақтарын өткізетін арнайы зертханалар мен шағын технопарктер желісінің жоқтығы да кері әсер тигізуде.
Жағдайды өзгерту мақсатында Президенттің Жолдауында көрсетілген бағыттарды ескере отырып, экономиканың аграрлық саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру, аграрлық ғылыми мекемелер жұмысын басқару және қаржыландыру істерін үйлестіру, ғалымдарды жалақысын көтеріп, өзінің ғылыми идеяларын таратуға, зерттеулерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға ынталандыру мәселелері жан-жақты ойластырылуы қажет. Білім, ғылым және өндірісті интеграциялау жұмыстары да жетілдіруді қажет етеді.
Біздің еліміздің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бүкіл қазақстандықтардың да, жеке тұлғалардың да материалдық және рухани өміріне шешуші әсер етеді, білім инфрақұрылымын жасауды тапсырды. Ерекше айтатын жәйт: Президенттің әр Жолдауында білім беру саласына басты назар аударылады. Егер алдыңғы Жолдауларда күрделі міндеттер жоғары білім беру жүйесінің алдына қойылса, соңғы Жолдауда негізгі назарды Елбасы мектепке дейінгі тәрбиелеу ісіне көңіл аударды, дәл осы мектепке дейінгі жаста тұлғаның негізгі адамгершілік қасиеттері қалыптасатынын атап өтті. Үздіксіз білім беру ісінде «Балабақша - мектеп - жоғары оқу орны» жүйесінің алғашқы және соңғы элементтері өте маңызды болып табылатыны белгілі. Білім беру үздіксіздігі қамтамасыз етілу үшін білім беру жүйесін құрғанда тұлғаның субъективті мұқтаждығы ескеріліп, мәдени құндылықтарды саналы түрде меңгеруге жағдай жасалу керек.
Адам баласы бүкіл өмір бойына пайдаланылатын математикадан жағрапияға дейінгі базалық білімнің негізі ең алдымен мектепте қалатыны баршаға аян. Қазақстан халқы санының өсуі көптеген аймақтық қиындықтарды туындатуда, солардың бірі - мектептердің жетіспеушілігі. Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайының жақсаруы білім беру саласының сұранысына, республикада мектеп құрылысының өріс алуына сөзсіз ықпал етеді. Биыл 68 мың орынды 88 мектеп салынады, ал 2009-2010 жылдары 69 мың орынды 102 мектеп салынатын болады.
Жолдауда әсіресе кәсіптік техникалық білім беру ісіне ерекше көңіл бөліну керектігі баса айтылды. Өндірістегі инновациялық жобалар жоғары технорлогиясыз және кәсіптік бағытта білім алмаған мамандарсыз жүзеге аспайды.
Қазіргі күні 830 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 558 700 адам оқып жатыр. Сондай-ақ 175 жоғары кәсіптік оқу орындары ашылмақ. Қазақстанның 30 ауданында бірде-бір кәсіптік мектеп жоқ. Қазақстан 50 елдің қатарына кіреміз десек, кәсіптік-техникалық мектептер мен жоғары оқу орындары ашылу керек.
Кәсіптік техникалық мектептердің материалдық техникалық базаларына техникалық машиналар - яғни автомобильдер мен тракторлар жатады. Қазіргі нарықтық заманда ең тиімді көліктердің бірі - автомобиль көлігі. Бұл қоғамда автомобильсіз жүру мүмкін емес.
1. 1 М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқу - өндірістік сипаттамасы
Жетісу жұмысшы және солдат депутаттарының 1918 жылғы 12 - қыркүйектегі Қаулысымен Верный төменгі ауылшаруашылығы мектебінің негізінде Жетісу ауылшаруашылығы училищесі құрылды.
1936 жылдан бері Талғар ауылшаруашылығы техникумы деп аталды. Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің 1995 жылғы 11 - желтоқсандағы бұйрығымен талғар ауылшаруашылығы техникумы Талғар ауылшаруашылығы колледжі деп аталды. Қазақстан Республикасы Білім және Мәдениет Министрлігінің 1997 жылғы 3 - маусымдағы №200 бұйрығымен Талғар ауылшаруашылығы колледжі Талғар ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру колледжімен біріктіріліп, «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» деп аталды. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1997 жылғы 3 - қарашадағы № 1485 Бұйрығымен Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне М. Бейсебаевтың есімі берілді. Алматы облыстық білім басқармасының 1999 жылғы 24 - наурыздағы бұйрығымен Талғар агробизнес және менеджмент колледжі Мемлекеттік қазыналық білім кәсіпорны болып қайта құрылды.
Уақытша Мемлекеттік лицензияны Білім министрлігінің БМ №432 сериясымен 1998 жылдың 22 - мамырында Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі берген. Лицензияның күші 2001 жылдың 1 - қыркүйегіне дейін жарамды.
Құрылғанына 83 жылдан бергі уақытта колледж Қазақстан Республикасының 18047 мыңда й ауылшаруашылығы орта мамандарын даярлады.
Қазіргі уақытта колледж төмендегідей мамандар даярлайды:
- 4406002 - Агроном мамандықтары (күндізгі, сырттай)
- 4409002 - Өсімдіктерді қорғау жән агроэкология (күндізгі, сырттай)
- 4412002 - Шаруа қожалығын (фермерлік) ұйымдастыру және енгізу (күндізгі)
- 4405002 - Жерге орналастыру (күндізгі)
- 4402002 - Ауылшаруашылығын механизациялау мамандықтары (күндізгі және сырттай)
- 4432002 - Ауылшаруашылығын электрлендіру мен автоматтандыру (күндізгі және сырттай оқу)
- 3706002 - Есептеу техникасы мен автоматтандыру жүйесін программалаумен қамтамасыз ету (күндізгі оқу)
- 0705002 - Ауылшаруашылығындағы экономика мен бухгалтерлік есеп (күндізгі және сырттай оқу)
- 0703002 - Қаржыландыру мамандығы:
- Салық және салық төлеу (күндізгі, сырттай және кешкі оқу)
- 0719002 - Кеден істері (күндізгі, сырттай)
- 0205002 - Құқық істері (күндізгі, сырттай)
- 4238002 - Жемістер мен көкөністерді сақтау мен қайта өңдеу (күндізгі, сырттай оқу)
- 3002002 - Автомобиль көліктерін жөндеу және эксплуатациялау
- 3005002 - Автомобиль көліктерінде тасымалдауды ұйымдастыру мен басқару (күндізгі және сырттай оқу)
1998 жылы колледждің жанынан жоғарыдағы мамандықтарға сәйкестендіріліп лицей ашылды. Колледжде бітіруші мамандарға негізінен жұмыс щаруа (фермерлік) қожалықтары, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу цехтары, аудандық электр жүйесі, жеміс - көкөніс базалары, сауда базалары, өсімдіктерді қорғау станциялары, облыстық немесе аудандық жер комиттетері, пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолданаты арнайы фирмалар, техникалық қызмет көрсету станциялары, бухгалтерлік және аудиторлық қызмет саласы, салық инсекциясы т. б. табылады. Сонымен бірге, өз істерімен шағын және орта бизнеспен (автомобиль электр жүйесімен жөндейтін цехтар, тұрмыс элетротехникасын жөндеу, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу цехтарын ашу және тағы басқалармен) айналысуына болады.
Колледжде оқушыларға білім беру үшін жалпы білімдік пәндер, құқықтану және компьютерлік техника пәндерінен Талғар қаласының мектептерінен мұғалімдер келіп дәріс береді.
1. 2 Колледждің жетекшілері мен педпгогикалық құрамы
Колледждің жетекшілері (басшылары) 6 адам, олардың колледжде жұмыс істеу тәжірибелері мол.
- Директоры - Үмбетова Н. Б. колледжде директор болып 7 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 22 жыл. РУМОК председателі. Нәйля Бейсенбайқызы «Әйел басқарған озық мекеме» атты конкурста Семья және әйелдер ісі жөніндегі Республика Президентінің Ұлттық комиссиясының дипломымен наградталған.
- Директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары - Бағисов Ш. А.
Колледжде 16 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 30 жыл.
- Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары - Паршина В. Г. колледжде 20 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 19 жыл.
- Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары - Төлегенова Г. Н колледжде 17 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 23 жыл.
- Бөлім меңгерушісі - Хамраева А. А. коллежде 22 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 18 жыл.
- Колледждің сырттан оқыту бөлімінің меңгерушісі - Ноғаева Б. Т.
- Алғашқы әскери даярлық жетекшісі - Сугурбеков Р. К. колледжде жұмыс істейді, педагогикалық стажы 33 жыл.
- Бас бухгалтер - Жуковская Н. И. колледжде 6 жыл жұмыс істейді, педагогикалық стажы 21 жыл.
Барлық жетекшілер құрамы негізгі мамандықтары бойынша жоғары білімді, орта жас мөлшері 47 жас.
Колледжде штат бойынша 60 мұғалім жұмыс істейді, яғна сабақ берушілердің 86 пайызы.
Мұғалімдердің 76 пайызы бірінші және екінші категориялы ұстаздар. Барлық мұғалімдер жоғарғы білімді, педагогикалық стажы 3 жылдан 39 жыл. Мұғалімдердің негізгі бөлігі колледжде 15 жыл істеген.
Колледжде мұғалімдердің білім деңгейін көтеруге үлкен көңіл бөлініп отырады. Соңғы 5 жылда мұғалімдердің 85 пайызы, ал 1998 - 1999 оқу жылында 27 пайызы білімін көтерді. Мұғалімдер білімдерін Алматы қаласының, жоғарғы оқу орындарында, өндірістерде, шет елдерде, сонымен қатар колледжде көтеріп отырады.
Мәселен, КИМЭП-те экономикалық пәндер бойынша 6 адам (Королева В. Д., Азатбекова О. Ж., Жүнісова С. С., Амаров Х. А., Лавренова Н. Д., Усунов Ж. У. ) «Қазақстан» АҚ-да аудит мамандығы бойынша Мусина М. У., «Центр-аудит» АҚ-да Рудикова И. В. білімдерін жетілдірді. Қазақ Ұлттық университетінде компьютер жүйесі бойынша Қарынбаев Қ. Білімін жетілдірді.
Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетінде техникалық пәндер бойынша Тукаев А. Т., Ералиев Қ. А., Төлегенова Г. Н., білімін көтерді.
Баранова О. Н. Талғар аудандық жер бөлімінде сынақтан өтті. Оқушы Төлбаев Ә. Ә Қазақ Аграрлық университетінде сырттай аспирантурада оқиды.
Қазақ Мемлекеттік Аграрлық университетінде «Фермерлік шаруашылықты енгізу» курсы бойынша Гуськова Л. М., Азатбекова О. Ж., Амаров Х. А. оқыды.
2000 жылдың мамыр айында колледждің 30 мұғалімі және 2 колледж бітіруші оқушысы «Методологикалық мәдениет және кәсіби қызмет» базасында курстан өтті. Бұл курсты жүргізген Қарағанды кәсіпкерлік және менеджмент мәдениеті институты қызметкерлері.
Колледждің 2 оқытушысы - (Хамраева А. А., Иванова О. А. ) Қарағанды Мемлекеттік техникалық унмверситетінің «Кәсіпкерлік және басқару» факультетінде 2 апталық білім көтеру курсынан өтті.
Колледжде «Жас педагог мектебі» жұмыс істейді, мұнда жас мұғалімдерге тәжірибелі ұстаздар сабақ оқыту әдістерін үйретеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Бұйрығына сәйкес мемлекеттік Аттестация комиссиясы Алматы су шаруашылығы колледжі, Алматы политехникалық колледждерінің қызметіне талдау жасау кезінде колледждің тәжірибелі оқытушылары Гадомская Л. И., Паршина В. Г., Баранова О. Н. қатынасты.
Колледж шетелдік орталықтармен және ауылшаруашылығы ұйымдарымен мұғалімдердің білімін көтеру мақсатында байланыстар жасап тұрады.
1989 жылы колледж Польша мемлекеті Легница қаласының ауылшаруашылығы колледжімен ынтымақтастықпен тәжірибе алмасты.
1995 жылдың тамызында колледжде Германияның мамандары З. Пулман мен А. Шольце «Ауылшаруашылығы өндірістен жекешелендіруді күшейту және мемлекеттен бөлуге» байланысты курс өткізді.
Колледж Израильдің Қазақстандағы елшілігімен тығыз байланыс жасайды. Оның айғағы, 1994 жылдан бері колледждің бірнеше оқытушысы Израиль мемлекетінде болып, халықаралық курстарға қатынасты, сонымен қатар колледжде Израиль мамандары ауылшаруашылығы дақылдарын өндірудің жаңа технологиясы жайлы лекциялар оқыды.
1994 жылдан бері Израильдегі халақаралық курстарға колледж директоры Үмбетова Н. Б., оқытушылар - Паршина В. Г., Баекешова Н. Ш., Қалибекова С. Қ., Лавренова Н. Д., Жоламанова С. К. қатынасты.
1997 жылы колледж негізінде ЮСАИД - пен ынтымақтастық байланыс арқылы МАЩАВ - тың бастамасымен Консультациялық агробизнес орталығы құрылды. Консультациялық орталықтың жұмысының мақсаты жеке қожалықтар (фермерлер) мен ғылыми зерттеулердің орталық жүйесін құру, байланыстыру, Израиль мемлекетінің Қазақстандағы жаңа технологиясының жеке шаруашылықтарға қолдануын топтастыру болып табылады.
1998 жылдың наурыз айында колледжде Израилт мемлекетінің мамандары Финхаз Корен мен Еммануел Либин «Еркін нарықтық экономика жағдайындағы шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыру» деген тақырыпта 1 - апталық семинар - курс өткізді. Бұл семинар - курста 23 оқытушы мен фермер қатынасып, сертификат алды. Сонымен қатар, «Сүт өндіру технологиясы» деген тықырыпта курс өтті. 1999 жылдың желтоқсанында Израиль мамандары «Қазіргі жапырақты бау - бақша өндіру әдістері мен жеміс - көкөніс шаруашылығын басқару» деген тақырыпта апталық курс өткізді. Онда 12 оқытушы мен 33 оқушы оқыды.
1995 жылдан бері колледж ауылшаруашылығын дамыту проблемаларымен шұғылданатын Винрок Халықаралық институтымен (АҚШ) «Фермер - фермерге» бағдарламасы бойынша ынтымақтастықта байланыс жасауда. 1995 жылдың желтоқсанында аталған институттың маманы, ауылшаруашылығы ғылымының докторы, ауылшаруашылығы экономикасын дамытудың кеңесшісі Аллан Дж Уэб пен ауылшаруашылығы маманы Брет Руттерфорд колледжде «Ауылшаруашылығының нарықтық бағыт - бағдары» деген тақырыпта апталық курс өткізді, оған 14 оқытушы қатынасты. Соның нәтижесінде нарықтық экономика мен өндірісті жоспарлау жайлы білімін көтерді.
1996 жылдың сәуір айында Мэрилэнд университетінің ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты, фермер шаруашылығын ұйымдастырудың маманы Дейл Джонсон мен осы университеттің ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты Майкл Белл ауылшаруашылығындағы нарықтық қатынастардың бағыт - бағдары жайлы апталық курс өткізді, оған 13 адам қатысып, бухгалтерлік есеп, компьютерде жұмыс істеу мен бизнес - жоспар жасауға байланысты білімдерін көтерді. 1996 жылдың қыркүйегінде осы мамандар «Ауылшаруашылығында компьютнрді қолдану» деген мәселеге байланысты курс өткізді, оған 15 оқытушы қатысып, білімін көтерді. 1998 жылдың ақпан айында АҚШ - тың волонтерлері, ежелден фермерлер Даян Риттер, Ховард Риттер ауылшаруашылығының нарық жағдайындағы бағыт - бағдары жайлы курс өткізіп, фермерлер шаруашылығын ұйымдастыру, жүргізуге байланысты тәжірибе алмасты.
1999 жылдың наурыз айында философия докторы, Батыс Иллинойс университетінің жанындағы колледждің деканы Родни Дж Финг ауылшаруашылығы факультеттерінде оқудың батыстық әдістері жайлы апталық семинар - курс өткізді, бұл семинарға 5 облыстың аграрлық колледждерінің директорлары мен Талғар агробизнес және менеджмент колледжінен 21 оқытушы қатынасты.
Колледж ауылшаруашылығын оқытудың Американдық орталығымен тығыз байланыс жасайды.
2000 - 2001 оқу жылының наурыз айында ауылшаруашылықты дамыту бойынша Халықаралық Винрок институтының (АҚШ) ауылшаруашылық дақылдары және топырақтану бойынша мамандығы, лектор Уолтер Брэдди Баретт мырза «Агробизнесті басқару және лабораториялық зерттеу жүргізудің әдісі және техникасы» тақырыбында біліктілкті жоғарылату үшін апталық курс өткізді. Оған қатысқан 36 оқытушының 10-на шаруа қожалығын ұйымдастыруға немесе топырақты химиялық талдауы бойынша жеке лабораториясын ашуға мүмкіндік беретін Халақаралық сертификат берілді.
3 қыркүйек 2001 жылы колледж 2001 - 2002 жылдар мерзімінде экономикалық білімді дамыту және шағын бизнесті қолдау бойынша Қазақстандағы АҚШ-тың Әлемдік Корпусымен келісімге отырды. Ол келісімге сәйкес колледжде әлемдік корпустың волонтері Мистер Чен оқушыларға ағылшын тілінде нарықтық экономика негіздерінен сабақ береді.
Колледж Түркия мемлекетімен байланыстар жасап отырады. Түркия елшісі Аттиле Эрбильдің араласуымен колледжде түрік тілін оқытудың курсы өткізілді. 1999 жылдығ шілде айында колледж директоры Үмбетова Н. Б. Түркияда өткен «Түркия мемлекетінің білім және мәдениет жүйесімен танысу» деп аталатын семинарға қатынасты.
«Жастарды бастауыш және орта кәсіптік білім негізінде кәсіпкерлікке оқыту, олардың еңбек нарығына енуі» атты жоба шеңберінде өткен «Кәсіптік мектеп және колледж оқушыларының жұмыс іздеуі, орналасуы және кәсіптік
бейімделуі» семинарында колледж директоры Үмбетова Н. Б. өте жақсы оқығандығы үшін сертификатқа ие болды. Ол сертификат арқылы басқа мамндарды оқыту құқығына ие болды.
1. 3 Колледждің оқу - материалдық және әлеуметтік базасы
Колледждің оқу корпусы Алматы облысының Талғар қаласында Т. Рысқұлов көшесінде 68 үйде орналасқан. Колледждің оқу - тәжірибе шаруашылығы қаладан тыс, оқу корпусына 2 шақырым жерде. Оқу корпусы 1951 жылы салынған. Ал, «Жастар» жатақханасы 1964 жылы, гимнастикалық спорт залы 1951 жылы, ойын спорт залы 1971 жылы салынған.
Колледждің ғимараты мен құрылыстарының жалпы жер көлемі - 112603 кв м,
- Оқу лабораториялық ғимараты - 6101 кв м, құны 1357 мың тенге;
- Жатақхана ғимараты - 3907 кн. м. ., құны 416 мың т.
Оқушылар сабақ оқуына барлық жағдайлар бар (100 пайыз) .
Колледждің материалдық - техникалық базасы жақсы, 20 лаборатория, 11 кабинет бар. Барлық лабораториялар мен кабинеттер қажетті құралдармен жабдықталған, сабақ өтуге барлық мүмкіндіктер бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz