Оқушылардың физикадан сыныптан тыс жұмыстарының формалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ
Физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық – 050100-Физика
Шымкент
2013
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..3
1-тарау. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен негізгі
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1 Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың міндеттері ... ... ... ... 9
1.2 Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру ... ... ... ... ... .9
1.3 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ... ... ... ... ...11
1.4 Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формалары ... ... ... ... ... ... ..13
1.5 Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
формасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2-тарау. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... .24
2.1 Мектептегі физикалық декада ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 “Физика озаты”- интелектуалдық олимпиада ... ... ... ... ... ... ... .31
2.3 “Ең үздік физик”-пәндік сайыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.4 “Брейн-ринг”- пәндік сайыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
2.5 “Жас физиктер”кеші
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.48.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Орта мектеп физикасы бағдарламасында
көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы
оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы
сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар
үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген
қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы-
физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол
мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының
дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдетеді
және кеңейтеді, олардың пәнге қызығушылығын арттырады. Егер оқушылардың
пәнге қызығушылығы болмаса практикалық өмірмен байланысты қажетті
мысалдармен қамтылған өте жоғары ғылыми деңгейдегі материал әдістемелік
дұрыс құрылған сабақта өтілгеннің өзінде де күткен нәтижені бермейді.
Танымал кеңес педогогы В.А.Сухомлинский былай деп жазды: Біздің бар
ойлағанымыз, бар іздегеніміз және құрғанымыз, егер оқушының оқуға ынта-
ықыласы болмаса көкке ұшады.
Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен
оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық
сыныптан тыс жұмыстар деп атаймыз. Мұндай сыныптан тыс жұмыстарды
жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
1) Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету,
кеңейту, дамыту.
2) Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын,
шығармашылық конструкциялық қабілеттерін арттыру.
3) Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.
4) Оқушыларды оқулықпен ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс
істеуге үйрету.
5) Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық,
интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің
танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физикаға қызығушылығы
тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты
олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады
Физикадан сыныптан тыс жұмыстарының тиімділігін арттыратын ерекшелігі
сабаққа қарағанда мүмкіндігі жоғары болып табылады. Оқушылармен жұмысты
индивидуализациялау әрбір оқушыға өзінің
қызығушылығына, талабына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыстарды
таңдауға мүмкіндік береді.
Мына факті үлкен мәнге ие, бұл іс-әрекеттер қандайда берілген
нәтижелерге жетуге міндеттелмеу керек, егер жетекші дұрыс ұйымдастырса ол
оқушылар үшін міндетті түрде сәтті болады.
Физикаға танымдық қызығушылықтың дамуы және оның практикалық
қосымшасы сыныптан тыс жұмыста қызықты ғылым мен техниканың элементтерімен
кеңінен қатыстырумен және ғылыммен қазіргі өндірістің жаңа жетістіктерімен
танысумен қамтылады.
Мұғалімнің алдында сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушыларды тарту
міндеті тұрмайды, бірақ ол физикаға қызығушылық танытқан оқушыларды байқау
және оның жеке ерекшеліктерін қанағаттандыратын сыныптан тыс жұмыстың түрін
табу керек.
Кейбір оқушыларға факультатив сабақтарға және физикалық үйірмелерге
қатысып көруге, екіншілеріне техникалық үйірмелерге қатысуға, үшіншілеріне
физикадан қызықты кітаптар немесе ғылыми-көпшілік мақалаларды оқып көруге
бағыт беруге болады. Көпшілік оқушылар үй жағдайында тәжірбиелерді өз
бетінше орындауға бейім болады. Бұл іс-әрекеттерде мұғалім тарапынан
жетекшілік етуді талап етеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен оларды ұйымдастыру формалары
барлық уақытта оқушылар үшін қызық болу керек. Сыныптан тыс жұмыстарды
өткізу әдістемесі жөнінде әдебиеттер көп, бірақ олар заман талабына сай
өзгертуді қажет етеді. Бұл мәселелерді шешу үшін заман талабына сай
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемелерін жасап, оларды қажетті
материалдарымен қаматамсыз ету керек.
Сыныптан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларын басқару және оқушылардың
алуан түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру бір адам үшін ауырлық қылады.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда физика мұғалімінің алдында тұрған
мәселенің қиындық дәрежесі туралы толық көрсету үшін өздерінің үйірмесі,
өздерінің факультативтері, қабырға газеттері, кештері, олимпиадалары болу
керек, сондықтан да мұғалімге мұндай жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі тағы
бес есе қиындай түседі. Екіншісі, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
ғылымға сияқты оқушылардың физикаға қызығушылығын дамытуға бағдарлау мүмкін
еместігімен байланысты. Физика мұғалімі қоғамға физик-ғалымға сұраныс
шектеулі екендігін, сондықтан оқушыларды жұмысшы техник және инженер
кәсіптерін таңдауға бағдарлау керек екендігін әр уақытта есінде ұстау
қажет. Өндіріс сферасындағы көптеген кәсіптерге қызығушылықты физиканың
практикамен тығыз байланысына бағдарланған әр түрлі сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру кезінде сәтті қалыптастыруға болады.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырған кезде жүргізушіде физикаға немесе
оның практикалық өмірдегі қосымшаларына қызығатын
оқушылардың қызығушылығын және оның қабілеттерінің дамуын
қанағаттандыру мүмкіндігін көрсету принципі болу керек. Сыныптан тыс
жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын
дамыту болып табылса, ал физикаға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар
үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін
дамыту болып табылады [11],[12].
Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқушылар алған білімдерін жаңа
жағдайларға қолдануды талап ететін проблемалармен кездесу керек. Яғни,
оларға таныс емес заңдар мен заңдылықтарды өз бетінше ашу, жаңа құралдар
мен машиналардың конструкциясын ойлап табу. Физика сабақтарында мұндай
текті тапсырмаларға қажетті уақытты бөлуге мүмкіндік болмайды. Ал, сыныптан
тыс сабақтар оқушылардың іс-әрекеттерінің басым көпшілік түрінің негізгі
шығармашылық тапсырмалар типінен құралу керек. Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту жолдарын іздеу психология ережелеріне сүйенеді. Яғни,
қабілеттілік тек айқындалып қана қоймайды және ол іс-әрекеттерде жасалады,
әрі қалыптасады. Сондықтан да шығармашылық сипатқа ие оқушылардың өз
бетінше жұмыстарын ұйымдастыруға айрықша назар аудару керек. Физика
сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту мәселелерін В.Г.Разумовский толық қарастырған.
Барлығынан бұрын мына фактіге көңіл аудару керек, яғни шығармашылық ойлау
процесі ерекше интуиция мен байланыстылығына интуитивті білімдер тікелей
секірмелі түрде алынады. Оның этаптары айқын емес, сондықтан оқушы алынған
шешімге қалай келгені туралы бірден айта алмайды. Ол жол белгісіз болып
қала береді. Интуитивті тақырыптылықты негіздеу кейінірек келеді. Егер
теориялық проблемаларды немесе практикалық мәселелерді белгілі білімді
қолданып тізбектелген әрекеттерді орындау жолымен шешу мүмкін болса, онда
мұндай жолды қамтамасыз ететін ойлау процесі дискурсивті деп аталады [6].
Білім алудың дискурсивті жолы тізбектелген байланысты талқылаулармен
сипатталады. Мұнда, әрбір келесіні жалғастырушы логикалық ой алдынғыдан
шығады да, алдынғыға тәуелді болады.
Интуитивті ойлаудың дискурсивтіден айырмашылығы, оның логикалық қадамы
оның өрнектелмеген және проблеманың шешімі логикалық негіздеуді талап
ететін ойлап табу сияқты табылады.
Мәселені дискурсивті шешу мүмкін болмағанда, интуитивті шешілетін
жағдайларда кездеседі. Бірақта көбінесе дискурсивті шешілетін мәселелер
ғана интуитивті шешіледі. Олай болса интуитивті ойлауда ең маңыздысы
процесс сыртынан қысқа және танылмаған сияқты айқындалады.
Оқушылардың шығармашылық процесін ұйымдастырғанда екі шарт іске
асырылуы керек. Біріншіден, қолда бар ақпарат пен мәселелерді шешуге
арналған ақпараттың арасында тиімді арақатынас сақталу қажет. Қолда бар оқу
ақпараты мәселені шешуге арналған ақпараттан бірнеше кіші болу керек.
Бірақта айырмашылық аса үлкен болмау керек, әйтпесе оқушының мәселені
шешуге қызығушылығы жоғалады. Екіншіден, сабақтарға эмоциональді бояу беру
керек.
Шығармашылық іс-әрекетті басқарудың маңызды проблемаларының бірі-
жаңалығы болуы проблемасы.
Жаңалығының субьективтігі шығармашылық іс-әрекеттің сипатты белгісі
үшін мүмкіндік береді. Оқушыға жаңа және әлі белгісіз нәрсе мұғалім үшін
белгілі болу керек. Осындай жағдайларда мұғалім мектеп пәнінің білімі
негізінде шешуге мүмкіндік беретін шығармашылық проблемаларды тудыратын
ситуациялар жасауға болады.
Физикалық идеялардың дамуын, фундаменталдық физикалық теориялардың
жасалуын талдау физикадағы ғылыми шығармашылықтың циклдік сипаты туралы
ойға алып келеді. Әрбір цикл бақылаулардан алынған фактілер тобын таңдаудан
басталады. Әрі қарай олардың жалпылығына қатысты гипотезалар қозғалынады.
Бұл гипотезалар эвристикалық қасиетке ие. Олар жалпылау кезінде белгісіз
болған басқа фактілерді алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Алдын ала
көрудің дұрыстығы экспериментпен тексеріледі. Егер бастапқы модель
гипотезалардың теориялық салдары эксперимент жүзінде дәлелденсе, онда
теорияның негізіне қабылданған абстрактілі модель зерттелетін құбылыстың
зерттелетін қасиетін дұрыс бейнелейді. Егер эксперимент күтпеген нәтиже
берсе, онда бұл жаңа құбылысты түсіндіру үшін теорияның негізінде жататын
абстрактілі модельді айқындауды немесе алмастыруды талап ететін теорияның
қолдану шекарасы табылғандығын білдіреді [9].
Зерттеу объектісі: орта мектептерде физикадан сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру мәселесі.
Зерттеу пәні: орта мектепе физикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу
арқылы танымдық қызығушылығын арттыру және олардың физика пәнінен
білімдерін тереңдету, кәсіби бағдар беру .
Зерттеу мақсаты: физикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің
әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: сыныптан тыс жұмыстар заман талабына сай
ұйымдастырылса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, оның физикалық
білімі тереңдер еді.
Зерттеудің мақсатына, пәніне және ғылыми болжамына сәйкес келесі
міндеттерді шешу қажет деп саналады:
- Орта мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қазiргi күйiне
талдау жасау;
- Мектептегі физика курсының бағдарламасымен байланысты сыныптан тыс
жұмыстардың мазмұнын және көлемін анықтау және оны өткізу әдістерін
жасау;
- ұсынылған сыныптан тыс іс-шаралардың әдістемесінің тиімділігін
эксперимент арқылы анықтау.
Зерттеу көздері: Орта және Жоғары білім беру тұжырымдамасы, физикадан
сыныптан тыс жұмыстар, педагогика, психология саласындағы ғылыми еңбектер
мен белгілі әдіскер-ұстаздардың тәжірибелері.
Жұмыстың құрылымы мен мазмұны
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейтестілігі негізделді, зерттеу пәні мен
объекті анықталды, гипотеза қозғалды, мақсаттар мен міндеттер қойылды,
зерттеу мәселесін шешу жолдары қарастырылды.
Бірінші тарауда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, оқушылардың танымдық
қызығушылығының, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпалы және олардың
негізгі формалары, үйірме жұмыстарының формалары қарастырылды.
Екінші тарауда сыныптан тыс жұмыстардың бұқаралық формалары “физикалық
декаданы”, интелектуалдық олимпиаданы және пәндік сайыстарды ұйымдастыру,
“жас физиктер” әдістемелері ұсынылған.
Қорытынды бөлімде дипломдық жұмыстың нәтижесіне қорытынды жасалды.
1 - тарау. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен негізгі формалары
1.1 Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен мақсаты
Сыныптан тыс жұмыстардың білімділік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол
оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді
шығаруда творчестволықпен ойлануға және оларды ұжымдық пен жолдастық
сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Педагогика тәжірибесінде физикадан
сыныптан тыс сабақ өткізудің әр түрлі формалары жинақталды. Олар негізінен
физикалық және физика-техникалық үйірмелер, кештер мен конференциялар,
оқушылардың баяндамалары мен рефераттары, сыныптан тыс экскурсияларға шығу
болып табылады.
Мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды
оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп
айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп,
дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын
көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл
міндетті нәтижелі шешудің бір жолы-физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс
ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық,
эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік
шеберлігіне байланысты [5].

1.2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту
Физикадан сыныптан тыс жұмыстың маңызды міндеттерінің бірі
оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту. Егер оқушылардың
қызығушылығы болмаса практикалық өмірмен байланысты қажетті мысалдармен
қамтылған өте жоғары ғылыми деңгейдегі материал әдістемелік дұрыс құрылған
сабақта берілсе де күткен нәтижені бермейді [6].
Танымал кеңес педогогы В.А.Сухмлинский былай деп жазды: Біздің бар

ықыласы болмаса көкке ұшады [15].
Әрине танымдық қызығушылықты дамыту тек сыныптан тыс жұмыстың ғана
міндеті емес. Бұл міндетті мұғалім бірде бір сабақта ұмытпауы керек.
Бірақта сыныптан тыс жұмыстар бұл міндетті шешуде елерліктей үлес қосуға
мүмкіндік беретін бір қатар ерекшеліктерге ие.

индивидуализациялау әрбір оқушыға өзінің қызығушылығына, талабына және
мүмкіндігіне сәйкес жұмыстарды таңдауға мүмкіндік береді.

жетекшілік етуді талап етеді [9].
Есеп шығаруға қызығатын оқушыларға Квант журналындағы байқауға
жүйелі түрде қатысуға бағыт беруге болады.
Жеке оқушылардың жеке қызығушылықтары мен бейімдерін ескеріп мұғалім
оқушылардың бір бөлігі қатысатын физикадан кез келген сыныптан тыс жұмыс
барлық оқушылардың физика сабағына танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал
ету керектігін есте ұстау қажет.
Бұл бір түрлі көрінуі мүмкін, өйткені физика үйірмесінің сабақтарына
қатысатын оқушылардың ішінде де физиканы оқып үйренуге танымдық
қызығушылығы, әлсіздері де кездеседі. Сондықтан да сыныптан тыс
жұмыстың міндетті элементі-мектеп физика курсын терең және жүйелі
оқып үйренуге танымдық қызығушылығын дамыту. Ол үшін қызықты тәжірбиелерді
және қызықты есептерді шешкенде, машиналардың моделі мен құралдар
жасағанда, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің мәнін түсінуде
мектепте физикадан алған білімдерінің қажет екендігін үнемі жалықтырмастан
еске түсіріп отыру керек. Сынып оқушыларының біраз бөлігінде физикаға
тұрақты қызығушылықтың дамуы қалған оқушыларда да физикаға қызығушылықтың
пайда болуына және дамуына ықпал жасайтын күшті фактор болып табылады.
Жеке оқушылардың сыныптан тыс сабақтарда алған нәтижелерін физика
сабақтарында қолдану пәнге деген танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал
етеді. Ондай нәтижелерге оқушылардың өтілетін сабақтың материалымен
байланысты тақырып бойынша дайындаған баяндамаларын, үйірмеде дайындалған
демонстранциялық құралдар мен моделдерді жатқызуға болады.
Мысалы, факультатив сабақтарға қатысатындар 10-сыныпта физика
сабағында Жылу машиналары тақырыбы бойынша бу машиналарының жұмыс істеу
принципі мен құрылысы, ойлап табуының тарихы, іштен жану двигательдерінің
әр түрлі типтері, бу мен газ турбиналары реактивті двигательдер туралы
баяндама дайындап келуіне болады.
Оқушылардың мұндай баяндамалары сыныптағы жолдастарының қызығушылығын
арттырады, ал ол баяндамашы оқушы үшін физикамен терең айналасуын одан ары
жалғастыруға маңызды стимул болып табылады.
1.3. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады [11],[12].

Интуитивті ойлаудың дискурсивтіден айырмашылығы, оның логикалық
қадамы оның өрнектелмеген және проблеманың шешімі логикалық негіздеуді
талап ететін ойлап табу сияқты табылады.

Бұл гипотезалар
эвристикалық қасиетке ие. Олар жалпылау кезінде белгісіз болған басқа
фактілерді алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Алдын ала көрудің дұрыстығы
экспериментпен тексеріледі. Егер бастапқы модель гипотезалардың теориялық
салдары эксперимент жүзінде дәлелденсе, онда теорияның негізіне қабылданған
абстрактілі модель зерттелетін құбылыстың зерттелетін қасиетін дұрыс
бейнелейді. Егер эксперимент күтпеген нәтиже берсе, онда бұл жаңа құбылысты
түсіндіру үшін теорияның негізінде жататын абстрактілі модельді айқындауды
немесе алмастыруды талап ететін теорияның қолдану шекарасы табылғандығын
білдіреді [9].
1-сурет. Жаратылыстану ғылымындағы бастапқы фактінің, абстрактілі модель-
гипотезаның, теориялық салдар мен эксперименттің өзара байланысы.
Сонымен, ғылыми шығармашылықтың процесі мынадай бөлшектерден тұратын
цикл түрінде беріледі: фактілер-гипотеза-салдар-эксперимен т (1-сурет).
Шығармашылық циклдағы ең қиын фаза фактілерден абстрактілі моделдер
құруға өту және керісінше өту, теориялық салдардан жаңа фактілерге өту
болып табылады.
Физика бойынша шығармашылық есептің екі түрі мүмкін: анық емес
құбылысты физикалық теориялардан алынған сәйкес келетін абстрактілі
модельдің негізінде түсіндіруді қажет ететін зерттеушілік есептер
(неліктен?) және берілген абстрактілі моделге (заңға, формулаға, графикке
және т.б.) сәйкес нақты эффектілерді алуды талап ететін конструкторлық
есептер (қалай істеу керек?). Мұндай бөлу зерттеу-конструкциялаумен, ал
өнертапқыштық-зерттеумен жиі түйіндес болғанымен шартты түрде алынған.
Шығармашылық есептердің мазмұнын жасағанда бұл екі тәсілдің түріндегі
тапсырмалар өте пайдалы болады.
1.4. Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формалары
Физика бойынша сыныптан тыс жұмыс жекелей, топтық және бұқаралық
болуы мүмкін. Сыныптан тыс жұмыстың бұл түрлерінің бөлінуі
бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан айтарлықтай мөлшерде
шартты екендігін айтып өту керек.
Жеке жұмыс оқушылардың қызығушылығына байланысты әдетте теориялық
сұрақтарды терең оқып үйренумен, қиындығы жоғары есептерді шешумен,
физикалық эксперименттерді орындаумен, конструкциялаумен және модельдеумен
байланысты болады.
Топтық сыныптан тыс жұмыстар факультатив сабақтарда, үйірмелерде,
оқушылардың ғылыми қоғамының секцияларында жүзеге асырылады.
Сыныптан тыс жұмыстың бұқаралық формасы-физикалық олимпиадалар, КТК,
физикалық сайыс, физикалық декадалар, тақырыптық кештер, лекторлар,
ғылыми-практикалық конференция, ғылыми-техникалық шығармашылық көрмесі,
ғалымдармен кездесу. Физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жеке
формаларының тізімі 1-кестеде көрсетілген [6].
1-кесте. Оқушылардың физикадан сыныптан тыс жұмыстарының формалары
Кітаптар мен журналдарды оқу
Жекелей
Рефераттар дайындау
Есептер шығару
Мектептің сырттай физикалық тапсырмаларын
орындау
Үй жағдайында физикалық эксперименттерді орындау
Модельдер мен құралдар жасау
Зерттеулік типтегі эксперименттік жұмыстарды
орындау
Факультатив сабақтар
Топтық
Физикалық үйірме
Физика-техникалық үйірме
Техникалық үйірме
Оқушылардың ғылыми қоғамының секциялары
Экскурсия
Физикалық олимпиада
Бұқаралық
Физика бойынша лектория
Физика декадасы
Физикалық кеш
КТК
Ғылыми-практикалық конференция
Қабырға газеттерін шығару
Ғылыми-техникалық шығармашылықтың
көрмесі
Өндіріс қызметкерлерімен кездесу
Оқушылардың тобымен кез келген сабақты немесе жұмыстың бұқаралық
формасын өткізген кезде маңызды этаптардың бірі міндетті түрде жеке
оқушылармен жеке жұмыс істеу болып табылады. Бір жағынан жеке оқушылармен
жеке сыныптан тыс жұмыс әдетте оның үйірмедегі немесе факультатив
сабағының, физикадан бұқаралық сыныптан тыс іс-шараға қатысуының жалғасы
немесе құрамдас бөлігі болып табылады [9].

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырғанда физика мұғалімінің алдында
тұрған мәселенің қиындық дәрежесі туралы толық көрсету үшін өздерінің
үйірмесі, өздерінің факультативтері, қабырға газеттері, кештері,
олимпиадалары болу керек, сондықтан да мұғалімге мұндай жұмыстарды
ұйымдастыру мәселесі тағы бес есе қиындай түседі. Екіншісі, сыныптан тыс
жұмысты ұйымдастыруда ғылымға сияқты оқушылардың физикаға қызығушылығын
дамытуға бағдарлау мүмкін еместігімен байланысты. Физика мұғалімі қоғамға
физик-ғалымға сұраныс шектеулі екендігін, сондықтан оқушыларды жұмысшы
техник және инженер кәсіптерін таңдауға бағдарлау керек екендігін әр
уақытта есінде ұстау қажет. Өндіріс сферасындағы көптеген кәсіптерге
қызығушылықты физиканың практикамен тығыз байланысына бағдарланған әр түрлі
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру кезінде сәтті қалыптастыруға болады.

оның практикалық өмірдегі қосымшаларына қызығатын оқушылардың қызығушылығын
және оның қабілеттерінің дамуын қанағаттандыру мүмкіндігін көрсету принципі
болу керек.
Физика ғылым ретінде оқушылардың біраз бөлігінің қызығушылығын
тудырады, ал одан да көп оқушылар оның практикалық қосымшасына қызығады.
Сыныптан тыс жұмыстардың әр түрлі формаларына қатысушылар оқушылардың жалпы
санының ¼ бөлігінен аз болмайды.
Бұл жұмыстарды мұғалім қалай игереді екен? Физикадан мұндай
жұмыстардың негізгі мәселелерін шешудің мүмкін жолдары алуан түрлі және
мектеп жұмысының нақты жағдайларына байланысты болады. Егер мектеп шағын
ғана болса және ол жерде бір ғана физика мұғалімі жұмыс істесе, онда әрбір
сынып үшін (7-ден 11-ге дейін) физикадан үйірмелермен факультативтерді
ұйымдастыру іс жүзінде мүмкін емес. Бұл жерде сыныптан тыс жұмыстың центрі
9-11 сынып оқушыларына арналған физикалық немесе физика-техникалық үйірме
болуы мүмкін. Осы үйірменің мүшелерінен тұратын арнайы топ төменгі және
ортаңғы сыныптардағы физикаға икемділік танытқан оқушылармен жұмыс істеуіне
ұйымдастыруға болады.
Үлкен мектептерде (3-5 параллель сыныптары бар) сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі әжептеуір жеңілдейді, өйткені жұмыстар
бірнеше мұғалімдердің арасында бөлінеді.
Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың барлық жүйесінің
ұйымдастырушылық пен координациялық орталығы факультатив сабақтарға немесе
үйірмелерге қатысатын оқушылар тобы болады. Осы топтағы оқушылардың
қызығушылығы мен бейімділігін оқып үйрену негізінде жеке оқушылармен
индивидуальді жұмыстар жүргізуге болады. Ал сыныптан тыс жұмыстардың әрүрлі
бұқаралық формаларын (физкалық олимпиада және конкурстар, физика декадасы
және тақырыптық кештер және т.б.) ұйымдастыруда физикалық үйірме мен
факультатив ұжымдары жетекші роль атқарады.
1.5 Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру формасы

сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Педагогика тәжірибесінде
физикадан сыныптан тыс сабақ өткізудің әр түрлі формалары жинақталды. Олар
негізінен физикалық үйірмелер, кештер мен конференциялар, оқушылардың
баяндамалары мен рефераттары, сыныптан тыс экскурсияларға шығу болып
табылады.
Жүйелі түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетін
дамытуға және олардың физиканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын
қалыптастыруға әсер етеді. Әрине физикалық үйірмелерде осындай жұмыстар
іске асырылады.[18]
Үйірме сабақтарын ұйымдастыру. Мұғалім алдымен оқушыларды зерттеп,
пәнге қызығушылығы бар оқушыларды бөліп алу керек. Мұғалімнің оқушыларды
алдын ала жақсы білуі, содан соң үйірме мүшелеріне тапсрмаларды дұрыс бөліп
беруін мүмкіндік береді.
Үйірме мүшелерінің саны 12 – 15-тен артық болмауы тиіс.
Үйірме жұмыстарының жоспары мен мазмұнын мектеп оқушыларының
ынтасымен, жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне қарай құру керек.
Бірақ үйірме жұмысының жалпы бағытын мұғалім алдын ала өзі анықтайды. Оны
таңдап алу мұғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесіне, оқушылардың
тілегіне, мектеп талабына, физика кабинетінің жабдықталу жағдайына және
басқада бірқатар факторларға байланысты.
Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы жететіндей әрі
жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса терең ойлану мен творчествоны
қажет ететін тапсырманы орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық
алатыны және оған пайдалы болатыны ескерілуі керек.
Сондықтан әр тапсырма олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының
өсу сатысы болуы тиіс.
Үйірме жұмысының жемісті болуы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру,
бақылау және есепке алып отыруға да байланысты. Сол себептен әр жұмысты
түбегейлі аяқтап, нәтижесін үйірме жұмысында жан – жақты талқылап және
арнаулы журналға тіркеп отыру керек. Жылына бі –екі рет істелген
жұмыстардың есепті көрмесін өткізіп отырған жөн.[19]
Негізінде теория мен практиканың тығыз байланысы орын алатын
үйірмелер оқушыларға үлкен пайда береді. Тек осы жағдайда ғана үйрме жұмысы
оқушылардың ынта-ықыласын дамытып, шыңдай алады. Эксперименттік бағыттағы
үйірмелер үшін теория мен практиканың байланысын іске асыру шаралары
жетекшінің әңгімесі мен лекциясы,үйірме мүшесі жылына кемінде бір хабар
немесе шағын баяндама дайындағаны жөн. Үйрме сабағында газет, журналдардан
ғылым мен техника жетістіктері туралы қызықты да маңызды мақалалармен
үйірме мшелерін таныстырып отыру пайдалы.
Теориялық бағыттағы үйрмелерде теория мен практиканың байланысы
баяндамаға қоса көрнекті құралдар демнстрациялау, эксперименттік есептер
шығару, экскурсиялар ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Егер оқушылар өз білімін қандай да болмасын бір қоғамдық пайдалы істі
шешуге қолдана алса, онда оның физикаға және творчестволық жұмысқа деген
қызығушылығы ерекше артады. Осыны ескере отырып, кейбір мұғалімдер үйірме
жұмысын өндіріспен тікелей байланыстыра ұйымдастырады. Мектептің өзінде-ақ
үйірме мүшелерінің күшімен көп пайдалы істер істеуге болады. Сыныптан
тыс жұмыстардың білімділік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол оқушыларды
белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді шығаруда
творчестволықпен ойлануға және оларды ұжымдық пен жолдастық сезімін
тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Педагогика тәжірибесінде физикадан сыныптан
тыс сабақ өткізудің әр түрлі формалары жинақталды. Олар негізінен физикалық
үйірмелер, кештер мен конференциялар, оқушылардың баяндамалары мен
рефераттары, сыныптан тыс экскурсияларға шығу болып табылады.

іске асырылады.

Үйірме мүшелерінің саны 12 – 15-тен артық болмауы тиіс.[20]

алатыны және оған пайдалы болатыны ескерілуі керек. Сондықтан әр тапсырма
олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының өсу сатысы болуы тиіс.

арнаулы журналға тіркеп отыру керек. Жылына бір –екі рет істелген
жұмыстардың есепті көрмесін өткізіп отырған жөн.
Негізінде теория мен практиканың тығыз байланысы орын алатын үйірмелер
оқушыларға үлкен пайда береді. Тек осы жағдайда ғана үйрме жұмысы

үйірме мшелерін таныстырып отыру пайдалы. [12]

үйірме мүшелерінің күшімен көп пайдалы істер істеуге болады.
Жаңадан қатынасушылар үшін физика үйірмесі. Бұл үйірменің мақсаты –
оқушылардың физика пәніне деген сүйіспеншілікке баулу, жеке оқушылардың
ынтасы мен қабілетін анықтау, барлық үйірме мүшелеріне, физикалық үйірменің
алдағы жұмыстарымен игеріп кетуі үшін, ең қажетті икемділік, шеберлік беру.
Тек негізгі практикалық шеберлікке үйреніп қана қоймай, оқушылар
эксперименттік үйірмедегі болашақ жұмыстарына қажетті, оларға таныс емес
физикалық құбылыстар мен оның практикалық қолданылуы туралы
ұғым алып, жаңа физикалық приборлармен танысып, қызықты есептер шығарады.
Жаңадан қатынасушылар үйірмесі жұмысының қажетті шарты – жұмыс
формасының әр түрлілігі, шұғылдану элементін пайдалану, сондай-ақ теория
мен практиканың тиімді ұштасуы болып табылады.
Жаңадан қатынасушылар үшін үйірме әдетте физикадан сыныптан тыс оқудан
тәжірибесі жоқ оқушылардан құрылады. Олар үшін мерзімі бір жылға созылады.
Осы уақыттың ішінде оқушылардың ынта-ықыласы, қызығушылығы анықталады да,
ал келесі жылы олар арнаулы немесе жалпы физикалық үйірмелерге өтеді. Бұл
үйірменің жұмысы бағдарламадағы негізгі тақырыптарды терең оқып үйрену
мақсатында болғаны жөн.
Физикалық приборлар дайындау және конструкциялау үйірмесі.
Оқушылардың мұндай жұмысқа деген тұрақты қызығушылығы мен практикалық
бағдарының арқасында, бұл үйірме кең қолдау тапты. Алайда, үйірмедегі оқу
тек оқушылардың практикалық жұмысымен ғана шектелсе, онда, тәжірибенің
көрсетуінше, оқушылардың қызығушылығы тез жоғалады. Бұл үйірмеде оқушылар
тек қана практикалық шеберлікке ие болып қоймай, сонымен бірге
конструкторлық және теориялық білім алса, сонда ғана үйірме жұмысты жемісті
болмақ. Оқушы қандай да бір прибор жасау үстінде, оның атқаратын қызыметін
айқын біле тұра, сонымен қатар осы прибордың көмегімен демонстрацияланатын
физикалық құбылыстың табиғаты қандай, бұл құбылыс қайдан кездеседі, оның
демонстацияның тиімді болуы қандай факторларға байланысты деген сұрақтарға
жауап бере алуы тиіс.[18]
Физика кеші
Физика кеші — физикадан көпшілік сыныптан тыс жұмыстың тартымды да
пайдалы түрінің бірі. Жақсы ұйым- дастырылып өткен кеш көбінесе оқушыларға
ұмытылмас әсер қалдырады да, олардың кейбіреулерінің физикаға шынайы
еліктеуінің бастамасы болады.
Кештердің түрлері.7-8 сыныптар үшін сыныптан тыс жұ- мыстардың
тәжірнбесінен үлкен қолдау тапқан кештер — қы- зықты физика, физикалық
кештер, такырыптық кештерга арналған кештер болды.
Қызыкты физика кеші әсіресе 7-8 кл сынып оқушылары үшін ерекше орын
алады. Бұл түсінікті де: 13—14 жастағы мектеп окушыларын олардың қиялын
баурап әкететін ғажайып құ- былыстар әуестендіреді. Алайда мұғалім кешті
тек бір сарынды ғажайыптармен ғана ұйымдастырмауы керек. Өйткені кештің
негізгі принципі оның мазмұндылығында болуы керек, әйтпесе кеш тек сыңар
жақ кәріністермен ғана шектеліп, езінің танымдық маңызын жоғалтуы мүмкін.
Оқушылармен істелген жұмыс формасының әр түрлілігі — қызықты физика
кешінің табысты болуының қажетті шарты. Дәстүрлі қызықты тәжірибелер,
аттракңиондар, викториналар- дан өзге де жұмыс формалары
оқушылардың қызығушылығын тудырады, мысалы, қысқа ғана қызықты физикалық
әңгіме-жұм- бақтар; физикалық қатесі бар әңгімелер (оны оқушылар табуы
керек); кішігірім қызықты пьесалар; сұрақтармен берілген сурет-жұмбақтар.
Егер залда отырған оқушылар тек көрермен болып қана қой- май, олар да
кешке белсенді араласып отырса, онда жұмыстың мұндай формасы методикалық
жағынан аса құнды болмақ. Бұл тарапта жетілдіру енгізіңдер! деген
тақырыппен өткізілетін жұмыс формасының пайдасы аса зор. Мұнда оқушыларға
қандай да болмасын бір құрылғының, машинаның, прибордың немесе құрылыстың
моделі, суреті не схемасы көрсетіледі. Оған си- паттама беріліп, бұл
конструкцияның қандай да болмасын бір жетіспеушілігі бары айтылады. Оның
жайы түсіндіріледі де, оқу- шыларға осы құрылғыны жетілдіру тапсырылады.
Кейде құрыл- ғының моделі немесе схемасы демонстрациялау үстелінде жи-
налуы мүмкін. Бұл жағдайда оқушыларға енгізілген жетілдіруді
демонстрациялап беру жүктеледі.[12]
Қызықты физика кешінде орындалатын қызықты тәжірибе- лердің орны
бөлек. Ол тәжірибелер мүмкіндігінше техникада жә- не тұрмыста кең
қолданылатын, сондай-ақ табиғатта жиі байқа- латын құбылыстарды көрсететін
болуы керек. Тәжірибемен көрсетілген құбылыстың практикалық қолданылуы
туралы қыс- қаша әңгімеленіп тұрса, кештің мазмұны арта түседі. 7-сынып
оқушылары үшін қызықты физика кешіне мысалдар келтірейік.
Кештің мақсаты —Атмосфералық қысым мен Архимед күші деген
тақырыптардың мазмұнын оқушылардың терең түсі- нуіне көмек ретінде,
физикалық құбылыстар мен заңдар кейде күтпеген жағдайдың өзінде-ақ
анықталып, демонстрациялана- тыны айтылып, күнделікті емірдегі кездесетін
физикалық құбы- лыстарды бақылау және әсерлі деген физикалық тәжірибелерді
өз бетінше істеуге мүмкіндік беріп отыру арқылы олардың ынта- ықыласын
арттыру.
Кештің жоспары
Кешті жүргізушінің кіріспе сөзі (қатынасушыларды кештің программасымен
таныстырады).
Атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызы және атмо- сфераның құрылысы
туралы қысқаша әңгіме.
Атмосфералық кысыммен түсіндірілетін тәжірибелерді демонстрациялау:
графинге сиған жұмыртка, ауыр газет, жазаланған әуесқойлык.
Ежелгі гректің көрнекті ғалымы Архимед туралы әңгіме.
Денелердің жүзу шарты деген тақырыпқа тәжірибелерді демонстрациялау.
Мысалы, су бетіне қалқып шықпайтын парафин (алдымен шыны ыдыстың түбін жұка
парафин қабатымен жауып, оған парафинді жазық жағымен салады да, ыдысқа
еппен су құйғанда кесек
парафин қалқып шықпайды); ыстық ауамен толтырылған қолдан жасалған
ауа шарының көтерілуі; суға батып бара жатқан адам не істеуі керек (суда
жүзіп жүрген ағаш қуыршақтың қолдарын көтерсек, оның бату тереңдігі
артады).[20]
Сурет-жұмбақтар керсету. Мысалы, суретте теңіз қабатының қимасы
көрсетілген. Су ішінде теңіз түбіне жетпей ілулі тұрған корабль тұр.
Сурет бойынша сұрақ: Бұлай болуы мүмкін бе? Кешке белсене қатысқан
оқушыларға жүлде тапсыру.
Физикалық кештерді қазіргі техниканың қызықты мәселелеріне, техника
тарихына, физика саласының даму келешегіне арнайды. Кеште 3- 4 оқушы
қысқа баяндамалар жасайды. Баяндамалар жақсы көрнекіленуі керек. Көрнекі
құралдардан басқа техникалық құрылғылардың жұмыс істейтін моделі, қолдан
жасалған прибор- лар, кинофильмдерден фрагменттер көрсетіледі. Мұндай
кештерді физика үйірмесінің мүшелері дайындайды. Бұл кешті үйірме
мүшелерінің өз жұмыстары туралы өзінше творчестволық есебі деуге болады.
Кештің түгел бір бөлігін үйірме жұмысының қорытындысына арнауға болады.
ФИЗИКАЛЫҚ КВН
Мектептерде физикадан сыныптан тыс жұмыстардың жаңа формаларын
ұйымдастыру орын алды. Солардың неғұрлым қызықты формасының бірі — КВН,
зеректер мен тапқырлардың конкурсы. Ол екі топтың жарысы ретінде өткізіледі
(параллель сыныптар немесе көрші мектептер арасында). Топтың құрамы
капитанымен бірге 6—8 адамнан тұрады. Конкурстан 3—4 апта бұрын топтар
мынадай тапсырмалар алады: топтың эмблемасы мен сәлем беруі; қарсыластар
топ үшін сурет-жұмбақ немесе ребус дайындау (физикалық мазмұнымен); физика
сабақтарындағы эпизодқа арналған 3—4 минуттық шағын пьеса дайындау; ор-
кестр ұйымдастыру, мысалы, қолдан жасалған музыкалық ас- паптардан
сыбызғы, барабан, ксилофон); физикадан қызықты 2—3 тәжірибе дайындау.
Топтардың үй тапсырмасын орындау барысында топ шығарып отырған жақтын,
барлық оқу- шыларының көмектесуіне болады. Конкурсты КВН-ды жүргізуші
(көпшіліктің алдында өзін жақсы ұстайтын, батыл да тапқыр оқушыны
тағайындау керек) ашады. Ол конкурстың өту барысына жетекшілік жасайды.Үй
тапсырмасынан басқа конкурсқа топтардың, капитандардың және жанкүйерлердің
өзара жарысы кіреді. Үй тапсырмасын топтар кезекпен көрсетеді, ал басқа
тапсырмаларды топтың өкілдері бір мезгілде орындайды.
Жюри құрамына мұғалім және 2—4 оқушы (мысалы, жоғары сынып оқушылары)
кіреді. Әрбір көрініс оның дұрыстығына, толықтығына, тапсырманың орындалу
жылдамдығына қарай анықталған баллмен бағаланады. Ең көп балл жинаған топ
жеңімпаз атанады.
7 сынып үшін тапсырмаларға
мысалдар келтіреміз.[17]
Топтық жарыс
Үстел үстінде су құйылып (бірақ ернеуіне дейін емес), аузы тығындалған
сүттің бөтелкесі, сызғыш бар.
Тапсырма: бөтелкені толтыру үшін тағы қанша су қажет екенін анықтау
керек.
Үстел үстінде сым шумақтары, таразы, жүкшелер, сызғыш, жұмыр қарындаш
бар.
Тапсырма: шумағын жазбай, сымның ұзындығын анықтау ке- рек.
Үстел үстінде су құйылған банка, бетелке, резеңке түтік- шенің қиындысы
бар.
Тапсырма: банканы еңкейтпей, ондағы суды бөтелкеге құю керек.
Капитандар жарысы. Тактаға ұлы физиктердің фамилиясын жазу керек.
Өздеріңе белгілі физикалық приборлардың атауларын жазу керек. Паскаль заңын
тұжырымдау керек. Есеп шығару (шарты парақ қағазға жазылып беріледі).
Сондай-ақ эксперименттік тапсырмалар да қамтылуы мүмкін. Үстел мен тақтаны
сахнаның ортасыиа қояды. Әрбір тапсырманы орындау үшін бір-бір окушы
шығады.
Тапсырмалар. 1. Тактада кескінделген кесіндінің ұзындығын көзбен
мөлшерлеп анықтау керек. (Кесіндіні жетекші жүргізеді. Жарыска түсушілердің
әркайсысы тақтаға өзі ұйғарған ұзын- дықты жазады; сонан соң жетекші
кесіндіні өлшейді де, нәтижені айтады.)
Көз мөлшерімен шырпы қорабының немесе басқа нәрсенің көлемін
анықтаңдар. Алақанға салынған дененің салмағын анықтаңдар.
Қоңыраудың қанша уакыт шылдырлағанын анықтаңдар (жетекші секундомер бойынша
анықтайды). Жарысқа физикалық аттракциондарды да енгізуге болады.[20]
ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ ЖАРЫСТАР
Кластан тыс жұмыстың бағалы формасы — жас зерттеушілер мен
өнертапқыштар конкурстары. Жарыстық тапсырмалар (шамамен айына бір рет)
шығарылатын бюллетеньдерде беріліп отырады. Оларда оқушылардың алдыңғы
тапсырмалар бойынша берген ең қызықты шешулері, олардың жақсы жақтары мен
кемшіліктерін талдай отырып, беріледі. Бюллетеньмен қатар Кім жеңді?
деген тақырыппен, конкурстың барысын көрсететін таб- лиңа ілінеді.
Жұмыстарды бағалау кезінде ең алдымен оқушылардың идеяларының өзіндік
ерекшелігі, сондай-ақ конструкциялардың немесе зерттеулердің мұқияттылығы
ескеріледі. Конкурсты оқу жылының соңында қорытындылайды.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ КӨПШІЛІККЕ АРНАЛҒАН ЖӘНЕ АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТІ ОҚУ
Оқушыларда ғылыми және техникалық кітапқа деген сүйіс- пеншілігін
қалыптастыру, оларды кітапты пайдалана білуге үйрету, мұғалімнің кластан
тыс жұмыста езінің шәкірттеріне бере алатынының ең бағалысы десек болады.
Оқушылардың сыныптан тыс оқуын қалайша ұйымдастыруға болады? Ең алдымен
мектеп кітапханасында қажетті әдебиет: ғылыми-көпшілікке арналған, физика
мен техникадан журналдар мен арнайы әдебиет бөлу жағын ойластырған жөн.
Кітапхананы осы әдебиетпен жабдықтау мәселесімен мұғалім табанды түрде,
үнемі айналысып отыруы керек.
Физика кабинетінде 7 - сынып оқушыларына (жеке-жеке) ұсынылатын, ең
алдымен, мектептік, аудандық және қалалық кі- тапханаларда бар әдебиеттер
тізімі ілінуі тиіс.[18]
Физика саласына арналған әдебиеттердің тізімдерін жасаған пайдалы. Егер
мұғалім оқу жұмысында үнемі қосымша әдебиетті пай- даланып отырса,
сабақтарында жеке бір кітаптар мен журнал- дардағы материалды пайдаланып,
олардан шағын үзінділер келтіріп отырса, оқушылардың кітапқа деген ынтасы
артады. Жауап берген кезде басқа кітаптардан материалдар пайдаланыи отырған
оқушыларды, қандай түрде болса да, мадақтап отыру керек.
ІІ тарау. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
2.1. Мектептегі физика декадасы
Физика декадасын ұйымдастыру
Көптеген мектептерде оқу жылы барысында пән бойынша декадалар
ұйымдастыру дәстүрге айналып отыр.
Физика, химия, математика және т.б. декадаларын өткізу үшін оқу
жылындағы уақытты пәндер арасында тиімді бөлу қажет. Жыл соңында білім
мерекесі ұйымдастырылып, ол жереде сыныптар арасындағы жарыстардың
қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттайды.
Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлаудың осындай формасы оқушылардың
еңбегін мейлінше ғылыми ұйымдастыруды іске асыруға мүмкіндік жасайды:
бірнеше уақыт олардың назары белгілі бір пәнге шоғырланады, білімдері
тереңдейді және кеңейеді-бұл олардың қызығушылығын дамытады.
Физика декадасын өткізу уақытын және оның мазмұнын жылдан, жылға
өзгертіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz