Физикадан факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім
I. Физикадан факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі
1. 1. Физикадан факультативтік сабақтарды ұйымдастырудың мақсаты және негізгі принциптері . . .
1. 2. Факультативтік сабақтарды оқыту әдісі және факультативтік сабақтағы физикалық эксперименттің маңызы . . .
1. 3. Факультативтік сабақтарда есеп шығару негіздері және физикалық олимпиадалар . . .
1. 4. Физиканы тереңдетіп оқытудағы өзекті мәселелер . . .
II. Лазерлер тақырыбын оқыту әдістемесі
2. 1. Лазерлер тақырын мектеп бағдарламасына сай оқыту әдістемесі . . .
2. 2. «Лазер сәулесінің қолданылуы» тақырыбын тереңірек оқыту
әдісі . . .
2. 3. Лазерлік көрсеткіш оқу физикалық экспериментінде . . .
III. Факультатив сабақтарында «лазерлер» тақырыбымен тереңірек танысу
3. 1. Индукциялық сәуле шығару . . .
3. 2. Лазердің жұмыс істеу принципі . . .
3. 3. Лазер сәулесінің негізгі қасиеттері . . .
3. 3. 1 Лазер сәулесінің монохроматтылығы. Оның қуаты . . .
3. 3. 2 Алып импульс . . .
3. 1. 4 Лазерлердің кейбір түрлерінің сипаттамасы . . .
IV. Оптикалық кванттың генераторлардың практикалық қолданылуы
4. 1. Лазер сәулелерінің өндірісте және техникада қолданылуы . . .
4. 2. Лазерлерді медицинада қолдану . . .
4. 3. Лазерлік технология - ақпараттарды өңдеу және жазу құралы . . .
4. 4. Голография туралы түсінік . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Факультатив сабақты оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдағанда, факультатив курс мазмұнын, оқушылардың дайындық деңгейлерінің дамуын, олардың бұрынғы және бағдарлама бөліміне қызығушылығын ескеру қажет. Оқушылардың ойлау белсенділігіне қойылатын бірден-бір талап әдісі әртүрлі түрде оның (оянуына) өз бетімен жұмыс істеуін дамытып, байқаудан тұрады.
Физикалық сынып факультатив жұмыстарына сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-түрлерін лекция, тәжірибелік жұмыс, қосымша әдебиеттердегі тапсырманы талдау, оқушы баяндамасы, реферат жазу, экскурсияны қолдануға болады. Солардың кейбіреуін қарастырайық.
Материалдың жартысы лекция түрінде баяндалуы мүмкін, әсіресе оның жалпылау мен жинақтауда. Мұғалім мақсаты ұқсас материал ұйымдастыруда кейбір дәлелдерді тастап кетуге болатынын, берілгеннен тек ең бастысын келтірсе, бірақ мынадай түрде шешу жолы анық байқалатындай есептерді шешудің нақты әдістерін көрсету. Мұндай лекцияларды материал бойынша дағдыларын машықтандыру үлкен көңіл бөле өткізу пайдалы.
Лекцияның басқа түрі дағдыны жүйеге келтіру мақсатқа қызмет етпесе, онда оқушылардың жалпы дамуына, мысалы физиканың қолданбалы қызметін түсінуге қатысты қолданылады.
Мұнда есептердің жеке түрлерін шешу әдісі емес идеясы олар үшін негізгі қызметші немесе әдістің өзі, бірақ жинақтау түрі екенін бөлу маңызды. Осындай лекцияларды өмір мен өндіріс мысалы ретінде тарих үлкен орынға ие. Мысалы «Лазерлер және олардың өмірде қолданылуы» тақырыбын келтіруге болады. Лекция өткізер алдында оқушылармен әңгіме барысындағы туатын сұрақтарды талдап, есептердің қойылымы және басқалар жөнінде әңгімелесуге болады. Оқушыларды реферат жазуға дайындау ең тиімді жұмыс. Мұндай тапсырмаларды орындау алдымен өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуды, оқушылардың жеке дара қызығушылығын қанағаттандыруда бір уақыттағы жеке тапсырма құнды болуы керек. Дайындалған баяндаманы тыңдап, талдау жасауға ұмтылу керек. Бірнеше баланы баяндама дайындағанда олардың алдына оқыған материалдарын жұмылдыру керек. Олар баяндамашы ассистенті немесе оның оппоненті қызметін атқаруы керек. Реферат үшін дерекнамалар жеңіл-оңай болатындай тақырып таңдау қажет. Материалдарды ойдағыдай игеру үшін есептерді таңдауда өте үлкен мән бар. Факультатив сабақта кіріспе есептер оқушылардың өз бетінше ізденіс жұмыстарын енгізу мақсатына жалғасады, осы уақытта мұғалім әдейі оқушыларды тығырыққа тіреп, қабілетін байқау үшін есеп беруі мүмкін.
Сондай-ақ проблемалық есептерді өз беттерінше шешу үшін, дағдыларын қалыптастыру мен бекіту үшін, зерттеу есептерін керекті жерде баяндауда бақылап қарастыру қажет. Қиындатылған есептерді бағдарлама бойынша жыл бойына бөлуге болады.
Оқытудың техникалық және көрнекі құралдарына тоқталсақ, ол оқытушылардың танымдылық қызметінің белсенділігін арттыруда, оқу материалдарын көрнекті көрсетуде, тағы басқа көптеген жағдайларға жағдай жасайды. Факультатив сабақ әуесқой оқушылар үшін қызықты болу қажет.
Я. И. Перельман: « . . . Таласым жоқ, ғылым шексіз қызық, -кімдер үшін? Оның есігінде тұрғандар үшін емес, кім оның тереңіне үңіліп оның әдістерін меңгерсе сол үшін. Дәріптеуші де өзінің пәнге деген қызығушылығы мен оқырмандардың көңілін көтеріп, көмектесуден өзін босату үміті болуы емес», - деп жазады. Жалпы қорытынды жасасақ, бүгінгі күнгі заман талабына сай ең тиімді ізгі іс деп бағалар едім. Себебі қалыпты оқудан гөрі ерікті оқыту оқушы дарынын ашуға көп жол ашады.
Ал, бұл жалпылама қорытынды болса, негізгі пән, яғни физика сабақтарында факультатив сабақ өткізу аса қажетті.
Факультатив сабақ - оқушы мен оқытушы арасындағы байланысты тереңдетіп, ғылыми және практикалық жұмыстарды іске асыруға себін тигізеді. Физика сабақтарында шектеулі жоспарланған шекарадан шығып, халықтық педагогика негізінде тартымды да, тамаша дәріс беруде факультатив сабақтың маңызы зор.
Мәселен, халқымыздың ата мұрасы, салт-дәстүрлерінен бастау алған «Ғажайып қоржын», «Алтын сандық» ойындары таза физика пәнінің факультатив сабағының төл табалдырығы іспеттес.
Факультатив сабақ оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілетін дамытумен қатар сол пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзі қалаған мамандығы бойынша білімін тереңдетуге мол мүмкіндік туғызады.
Физика пәні бойынша факультатив сабақтар ғылым мен техниканың соңғы заңдылықтарымен танысуға, физикалық теориялық, тәжірибелік және компьютерлік әдістерін терең игеруге арналады. Факультатив сабақтар оқушының физика ғылымына қызығушылығын, творчестволық қабілетін арттырады.
Факультатив сабақтардың мазмұны мектептің негізгі оқулықтарының мазмұнына сәйке келеді, түбірі бір мәселелер кеңінен, соңғы жаңалықтар тұрғысынан қарастырылады. Мысалы, электродинамика бөлімімен қатар шалаөткізгіштер, плазма түсініктері, ал оптика курсымен қатар лазер, голография түсініктері баяндалады.
Жалпы факультативпен қатар арнаулы (кәсіптік бағдарлау қажеттілігіне, педагогикалық коллективтің мамандану мүмкіндігіне байланысты) факультатив ұйымдастырылуы мүмкін. Көп жағдайда арнаулы факультатив олимпиадалық есептер шығаруға, информатика, электроника негіздерін үйретуге арналады.
Ерте замандардан-ақ адамзат баласы жарық сәулесінен өзіне сенімді, әрі қуатты көмекшіні көре білді. Өйткені, жарық сәулесі кез-келген қараңғылыққа еркін бұзып ене алады. Жарық сәулесінің қуаттылығына көптеген фантаст-жазушылар да неше түрлі романдарын арнады. Г. Уэллстің «Война миров» және А. Толстойдың «Гиперболоид инженера Гарина» атты романдары бүкіл әлемге әйгілі. Бірақ бұл романдарда жарық сәулесі әлемді құртуды, тыныштықты бұзуды мақсат еткен қайрымсыз пенделердің қолында болады. Ал қарапайым халық болса еңбекқор -сәуле, көмекші -сәуле, жаратушы - сәуле туралы армандады. Олардың осы армандары орындалған сияқты. Ол арманның орындалуы - лазердің пайда болуы.
Лазерлер клиникаларда, заводтарда, құрылыс алаңдарында, ғылыми-зерттек лабораторияларында пайдалануда.
Лазерлердің пайда болуы ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканың ең үлкен жетістіктерінің бірі болды. Алғашқы лазер 1960 жылы пайда болды, содан бері лазерлік техника өте жылдам даму үстінде. Аз уақыт ішінде ғылыми және техникалық мақсаттарға арналған лазерлік құрылғылар мен лазердің түрлері пайда болды. Лазерлік техниканың пайда болғанына 30 жылдан асты, бірақ лазерлер Халық шаруашылығының көптеген салаларында қолданылып жатыр, лазердің қолданылу аймағы үздіксіз ұлғаюда. Лазерлік сәуле құрастырушылардың, археологтардың, криминалистердің, картографтардың сенімді көмекшісіне айналып келеді.
Бұл жұмыста мектеп бағдарламасына сай оқытылатын лазерлер тақырыбын оқыту әдістемесі және оған бөлінген уақыттың аздығынан лазердің пайда болу тарихын, жұмыс істеу принципін, лазерлік сәуленің қасиеттерін, сонда-ақ лазердің техникада қолданылуын факультатив сабақтарда тереңірек оқыту әдістері қарастырылған.
I. Физикадан факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі
1. 1. Физикадан факультативтік сабақтарды ұйымдастырудың мақсаты және негізгі принциптері
Адамзат баласының білім алудағы теңдігі, халыққа білім беру жүйесінің бірлігі және оқу орындарының барлық типтерінің сабақтастығы әрбір адамның оқудың төменгі сатысынан жоғарғы сатыға көшуіне толық мүмкіндік жасайды. Оқушылардың мүдделерімен қабілет-дарынын және мамандық бағдар-білімін дамыту мақсаты үшін, сонымен қатар жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын жүзеге асыру мақсатында физика, математика, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі білімді тереңдете түсу үшін мектептерде VII сыныптардан бастап, оқушылардың қалауы бойынша, факультативтік сабақтар енгізіледі. Факультативтік сабақтар оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылады.
Оқушылардың қалауымен өтетін факультативтік сабақтарды ұйымдастыру біріңғай мектеп принциптеріне тіпті де қайшы келмейді, қайта оның қазіргі дамуы кезінде мектеп алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерді ойдағыдай шешуіне жағдай жасайды. Бұл міндеттер арасында негізгі принциптің бірі - оқуды жекелеп жүргізу принципінің табыспен жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтуге болады. Жалпыға міндетті біріңғай талап негізінде факультативтер әрбір оқушыға, оның қабілетіне лайық ақыл-ой жұмысын беріп, оның мақсат-мүддесін толығырақ қанағаттандыра алады. Оқудың икемді формасы болып табылатын факультативтер мектеп бөлімінде ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктерін толығырақ қамтуға, оқыту ісінде оқушылардың творчестволық тапсырманы орындауына көбірек көңіл бөлуіне, өздігінен білім қуалап дағдылануына мүмкіндік береді. Физика жөніндегі факультативтер орта мектепті бітірушілердің жоғары оқу орындарының физика және инженер мамандықтарына түсетін топтарын даярлаудың сапасын арттыруға себін тигізеді.
Факультативтер болашақтағы мектептерде физикадан білім берудің мазмұнын эксперимент жүзінде тексеруге және ізденістерге жол ашады.
Физика жөніндегі факультативте, физиканың негізгі сабақтары программасымен тығыз байланысты, программа бойынша жүйелі түрде сабақтар ұйымдастырылып отырады. Факультативтік курстарды оқып үйрену топтарына оқушылар өз қалауымен алынады. Физика жөніндегі факультативтік курстарды оқып үйренетін топтар бір сыныптың немесе бірнеше параллель сыныптардың оқушыларынан құралады. Алайда бір топтағы оқушылар саны 10-нан кем болмауға тиіс
Факультативтік оқу сабақ басталғанға дейін немесе ол біткеннен кейін арнаулы кесте бойынша өткізіледі. Егер қажет бола қалса, оқушылардың демалуы үшін, негізгі сабақтар мен факультатив арасында үзідіс жасауды күн ілгері ескерген жоқ.
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру ісі мен методикасы принциптерінің міндетті сабақты өткізу принциптерінен айырмашылығы оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен кәсіпке бейімдеу міндеттерін ойдағыдай орындау жолында бірсыпыра жаңа мүмкіндіктер ашады. Физика жөніндегі факультативтік сабақтарда эксперимент жасауға бейім оқушыларға демонстрацияны әзірлеу, дабораториялық жұмыстарды реттеу, қарапайым приборлар мен модельдерді жинау сияқты істерді тапсыруға болады. Ал теориялық сабақтарға құмар оқушыларға баяндама даярлау, семинарларда сөйлеу істерін жиі-жиі тапсырған жөн. Оқушыларды дәл осылай «экспериментаторлар» мен «теоретиктерге» ат үсті бөле салмай, факультативтік топтар сабағы басталғаннан укейін арады 3-4 апта өткен шамада мұғалім факультативке қатысушы әрбір оқушының ерекшелігін, ынта-ықыласы мен бейімділігін дәл анықтап, солардың әрқайсысының факультативтен не үміт күтіп жүргенін білуге тиіс. Оқушылардың ынта-ықыласы мен талап-тілегін анықтап алғаннан кейін мұғалім факультатив программасының шеңберінен шықпай, бірнеше апта немесе бірнеше ай бойы үйде, кітапханады, физика кабинетінде немесе мектеп шеберханасында алаңсыз жұмыс істеуі үшін солардың әрқайсысына лайықтап жеке-жеке тапсырма жасап бере алады.
Ұзақ уақытқа арналған ағымдағы істер мен жеке тапсырмаларды орындау - өздігінен оқу, білім алу дағдысын дамытады, сөйтіп әрбір оқушыға, өзінің ынтасына сәйкес сабақты таңдап алып, оны өз көңілінің қалауына, мүмкіндігіне қарай орындап шығуына жағдай туғызады. Алайда факультативті тек қана оқушылардың қабілетін дамытуға басшылық ететін топқа айналдырып жіберуге болмайды. әрбір жеке тапсырма тек соны орындайтын оқушыға ғана пайдалы болып қалмай, факультативтің басқа қатысушыларына да пайдалы болуы тиіс. әзірленген әрбір баяндама мен реферат тыңдалып, талқылануы керек, факультативтің әрбір қатысушысы жасаған модельдер, приборлар мен лабораториялық қондырғылар міндетті түрде оның жолдастарына да қажетті және пайдалы болғаны дұрысы. Факультативтік сабақтарда әдетте жасалатын баяндамаға немесе хабарламаға факультативке қатысушылардың көбіне шала таныс тақырып таңдап алынады. Бұл оқушылардың хабарламаға деген ынтасын арттырады. Ал осындай жұмыстың нәтижелі болуына көпшілік ықыласының аууы факультативке қатысушылардың белсенділігін арттыра түседі.
Әрбір оқушының ықыласы мен қабілетіне қарай, тапсырмаларды іріктеп беру олардың жемісті орындалуын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде факультативтің әрбір қатысушысының өз күшіне деген сенімі артады, олардың әрқайсысы коллектив ішінде бір немесе бірнеше мәселе жөнінен таңдаулы «маман» болып есептелінеді. Мәселен, практикумның лабораториялық жұмысын жасаған оқушы сол жұмыстың теориясы мен эксперимен өткізу ерекшеліктерін қалған оқушылардың бәрінен жақсы біледі. Практикум өткізерде мұғалім қалған оқушылардың бәрін одан консультация алуға жіберуіне де болады. Жолдастарына бір немесе бірнеше мәселе жөнінде консультант болу оқушы көңілін орнықтырып, оның сабаққа деген ынтасын күшейте түседі.
Физикадан факультативтік сабақтарын өткізген кезде көптеген мұғалімдер оқушыларды тек ғалым-физик мамандығын таңдап алуға бейімдейді. Бір мақсатты көздеген осындай нұсқаудан кейін әдетте теориялық сабақтарға, әсіресе аса қиын есептерді көбірек шығаруға баса назар аударылуы да, факультативтердің лабораториялық-практикалық жағына менсінбей қараушылық пайда болады.
Факультативтің нақты көмегі нәтижесінде мектеп оқушылардың ынтасы мен қабілетін дамытып, олардың кәсіпті таңдап алуына ықпал жасай алатын болса, физика мұғалімінің алдында оқушылардың күні бұрын қалыптасқан ынта-ықыласын зерттеп, қанағаттандыру міндетінен маңыздырақ та қиынырақ тағы бір міндет - оқушылардың ынтасын қоғамдық өндіріс қажетіне сәйкес қалыптастыру міндеті тұрады.
Физикадан факультативтік сабақтардың мазмұнын бір мағыналы анықтай салудың мүмкін емес екені белгілі, өйткені физика курсында оқушылылрға қызғылықты болып көрінетін және теориялық, практикалық жағынан тереңдей оқып үйренуге тұратын мәселелер өте көп.
Арнаулы факультативтік курстар оқушыны ғылымның қазіргі даму деңгейіне жақындатуға мүмкіндік береді, бұл оқушылардың едәуір бөлігінің ғылымға деген құмарлығын күшейте түседі. Алайда факультативтерді өркендетудің бұл жолының өзіне тән кемшіліктері бар. Факультатив тақырыбын біраз сұраулар төңірегінде тарылтқан жағдайда, физиканың негізгі курсы мен факультативтік байланысы нашарлап қалады.
Факультатив мазмұнының негізгі курстан алшақтау кетуі, факультативке физикалық білімін тереңдетуге келген оқушылардың сол сабақтарға қатысуға деген ынтасын жоюға апарып соғуы да ғажап емес. Сол себепті де физикадан факультативтік курстардың мазмұнын анықтар кездегі басты принцинтерің бірі - физиканың негізгі курсы мен факультативтің тығыз байланыста болу принципі.
Факультативтік курстар мазмұнындағы физикалық принциптер мен заңдар. Факультативтік курс мазмұнын анықтаған кездегі міндет - әрі түсінікті, әрі қазіргі заман оқу материалын іріктеп алу. Физиканың негізгі курсының қазіргі заманға сай болуы сияқты, факультативтің қазіргі заманға сай болуы да - ең әуелі физиканың іргелі принциптері мен заңдарына сүйенуден, мектеп курсының дәстүрлі мәселелерін осы заманға лайық түсіндіруден құралуға тиіс. Оқушының ой-санасындағы қазіргі заман физикасы түсінігін қалыптастыратын, дамыту ісіне физика курсына жаңа бөлімдерді енгізу емес физиканың еңбір жалпы идеялары мен принциптерін өрістете түсіндіру ісі ғана дәйекті жәрдем бере алады.
Физикадағы сақталу заңдарының ролін анықтап, олардың қолданудың шарты мен шегін дәл белгідеп беру оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыру ісінде маңызды роль атқарады. Симметрия принципі оқушылардың қатты денелердің құрылысы мен қасиеттері туралы, физикалық өрістер мен элементарлық бөлшектер туралы білімін тереңдете түседі. Сәйкестік принципі физикалық заңдар мен ұғымдырдың қолданылу шегін белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге сол шектердің көмескіленіп, ескі және жаңа теорияның заңдары мен ұғымдарының өзара тереңдей кірігіп кетуіне де жағдай жасайды.
Физика факультативтік курсының мазмұнын іріктеп алудағы аса маңызды шарттардың бірі - оның политехникалық оқу міндеттерін шешуге қосатын үлесі. Физика факультативінде политехникаландыру принципін жүзеге асыру дегеніміз адамның іс-әрекетінің барлық саласында қолдануға кең мүмкіндік жасайтын ұғымдар мен заңдарды іріктеп алу, осынау ұғымдар мен заңдарды қоғамдық өндіріске қолдану жолдарымен, түрлерімен таныстыру, оқушыларды практика жүзінде негізгі физикалық приборлармен таныстырып, оларды сол приборлардың тетігін тауып, жұмыс істеуге машықтандыру. Политехникаландыру принципін факультативтік сабақтарды өткізу методтары мен ұйымдастыру ісіне биік талап қояды, ол оқушылардың білімге деген құштарлығын мейдінше арттырып, физикалық заңдардың практика жүзіндегі қимыл-әрекетін оқушының өздігінен ашуына жағдай жасау қажет.
1. 2. Факультативтік сабақтарды оқыту әдісі және факультативтік сабақтағы эксперименттің маңызы
Физиканы жоғары деңгейде оқыту факультативтік сабақтарда, физиканы теориялық және практикалық жағынан тереңдей оқитын кластарда жүзеге асырылады. Физиканы тереңдей оқытудың осынау екі формасының мақсаты біріңғай болғандықтан, оларды оқыту методикасының да ортақ жәйттері көп-ақ.
Факультативтік сабақтар - мектепте білім берудің біріңғай жүйесінің күллі артықшылықтарын сақтап, оқушылардың жеке басының ынтасы мен қабілетін дамытуға жағдай жасайтын, дифференциалдық оқытудың бір формасы. Өзінің ұйымдастыру принципі бойынша ол міндетті және кластан тыс сабақтардың арасындағы аралық күй болып табылады. Факультативті кластан тыс жұмыстың әр түрлі формаларымен тоғыстыратын бір белгісі - осынау факультативтік курсты таңдап алу міндетті емес. Ал оның міндетті курсты оқыту сабақтарымен ұқсас бір белгісі - факультативтердің тақырыптары анықталатын бірыңғай ортақ программаның бар болуы.
Факультативтік сабақтарды оқытудың әдіс тәсілдерін таңдағанда, факультативтік курс мазмұнын, оқушылардың дайындық деңгейлерінің дамуын, олардың бұрынғы және бағдарлама бөліміне қызығушылығын ескеру қажет. Оқушылардың ойлау белсенділігіне қойылатын бірден-бір негізгі талап әдісі әртүрлі түрде оның өз бетімен жұмыс істеуін дамытып, байқаудан тұрады.
Оқушыларды реферат жазуға дайындау ең тиімді жұмыс. Мұндай тапсырмалапды орындау алдымен өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуда, оқушылардың жеке дара қызығушылығын, қанағаттандыруда бір уақыттағы жеке тапсырмалары құнды болуы керек. Дайындалған баяндаманы таңдап, талдау жасауға ұмтылу керек. Факультативтік сабақтарды өткізу методикасы жөніндегі ұсыныстар көбінесе теріс формада айтылады: факультативтік сабақтар әдеттегі сабаққа ұқсамауға тиіс, үйірме сабақтарының белгілі формаларын көшірмеуге артта қалғандарға қосымша сабақ түріне айналмауға тиіс, жоғары оқу орындарына түсетіндерді даярлайтын репетиторлық сабақ ретінде пайдаланылмауға немесе жоғары мектеп типіндегі лекция курсына айналмауға тиіс.
Бұл қағидалардың бәрі де даусыз, өйткені мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың принципті жаңа формасы ретінде факультативтік сабақтар оқушылармен шұғылданудың бұрыннан белгілі, дағдылы формаларын қайталамауы керек.
Сонымен бірге факультативтік сабақтар құр бос орыннан, жоқтан туа салған нәрсе емес. Білімді тереңдету міндеттері, оқушылардың ынтасы мен қабілетін дамыту, оларды бір кәсіпке бейімдеу міндеттері бұрын да, мектеп жұмысы практикасында факультативтік сабақты енгізгенге дейін де болған. Оларды шешу үшін осы уақытқа дейін сабақ үстінде және оқушылармен кластан тыс жеке жұмыс істеудің әр алуан түрлерімен әдістері қолданылып келген және қолданылып та жатыр. Осынау міндеттерді шешу барысында мектептің қол жеткен тәжірибелерден факультативтік сабақтарды өткізу практикасында толығырақ пайдалануға болады.
Факультативтің кейбір белгілері пәндік үйірмеге де ұқсап кетуі мүмкін. Үйірмедегі сияқты, факультативте де сабақтар оқушылардың ынта-ықыласы негізінде ұйымдастырылады. Осыған қарап, тіпті үйірме мен факультатив арасын ажыратудың керегі жоқ деген пікір айтылады. Бірақ көзделген мақсат қанша ортақ болғанымен (оқушылардың ынтасы мен қабілетін дамыту) факультативтің үйірмеден бір айырмашылығы - оқу онда белгілі бір программамен жүйелі түрде жүргізіледі, жұмыс формалары әр алуан болады. Факультатив мүмкін болғанша физика ғылымы туралы физиканы зерттеу методтары туралы, қазіргі заман техникасында физикалық білімді пайдаланудың мүмкін жолдары туралы толық түсінік беруге тиіс.
Жоғары сыныптарда жаңа материалды факультативте баяндайды формасы жағынан мұғалім жоғары оқу орны лекциясына жақындата түсуіне болады, ал оқушылардан сабақ сұраудың орнына семинарлық сабақтар жүйесін пайдаланғаны жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz