Абылай хан билігінің нығаюы


Мазмұны
Кіріспе 4
1 Тарихи тұлға- Абылай хан
1. 1 Абылай тұлғасының қалыптасуы15
1. 2 Абылай хан саясаткер және дипломат20
2 Ел қорғаны, жер қорғаны алып тұлға-Абылай хан
2. 1 Абылай хан билігінің нығаюы34
2. 2 Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі40
2. 3 Абылай хан мирасқорлары кезіндегі саяси жағдай52
3 Қорытынды 57
4 Пайдаланылған әдебиеттер 63
Кіріспе.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқының тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып шығудың өзі қазіргі ұрпаққа мақтаныш. Ел тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің бірегейі Абылайхан. ХҮІІІ ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос ретінде жер бетінде сақталып қалу - қалмауы тарих таразысына түскен «ұрпақ үшін, ел үшін, құтты мекен жер үшін» қан төгіп, жан беріскен кезеңде қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық тұлғасы бізге әрқашан қымбат. Қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты қисса-дастандардан бастап, замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып қалдырған жәдігерлері аз емес. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Ол қисса-дастандарда Абылай ханның жастық шағы, жау түсіріп, батыр болғаны, ел билеп, салиқалы-салмақты ішкі-сыртқы саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Шоқан Уәлиханов жазып кеткендей, Абылай есімі ерекше қасиеттерімен, тіпті, табиғаттан тыс құдіретті құбылыстармен байланыстыра айтылады. Абылай туралы орыс, қытай жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе. Осының бәрінің ұйытқысы, алтын діңгегі Абылай билеген Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі, жерінің бүтін сақталғандығы деп бір ауыз сөзбен ғана айтуға болады. Бүгінгі ұрпақ осындай ұлы бабасының өмірі мен қызметін неғұрлым толығырақ білгісі келетіні заңды құбылыс. Осынау ұлан-байтақ жерді сақтап қалған, қазақ деген халықтың бойында ерлік, елдік, намыс сияқты асыл қасиеттердің өшпей, ұлттың ұлылық сезімін бойымызға ұялатқан Абылай хан екенін білуіміз керек.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, тарих дегеніміз тек өткеннің ғана сабағы емес, өткен өмірдің мәнін, сарынын айқындайтын әрі сараптап беретін құрал. Сол себепті, әр халық дамуға бет алған кезде қайдан шыққанын, қалай дамығанын, тарихи даму кезеңінде бастан өткергендерін, қазіргі дәрежеге қалай жеткенін, қандай қиындықтардан өткенін есте сақтауымыз керек.
Тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік негізі. Бұған дейінгі болған қоғамдамдық тарихы тап күресінің тарихы болды деген белгілі қағида кеңес тарихнамасында ұшқарылыққа ұшырады. Тарихи жағдай өзгеріп отырғанымен ол негізгі өлшем ретінде алынды, қоғамдық өмір тек тап күресі тұрғысынан қаралып келді, басқа қатынастар көзге ілінбеді. Қоғамтанушылар сол тап күресінің өзін жүргізушілер адамдар, жекелеген тұлғалар екенін назарға да алғысы келмеді. Сөйте тұра белгілі орыс философы С. Н. Трубецкой өткен ғасырдың өзінде-ақ былай деп жазған болатын: «Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады». Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен коғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы. Мәселе қоғамдық құбылыстарға тарихи тұлғалардың ететін әсерінің, осыған сәйкес олардың тарихтағы орнының айқындалуында. Бұл орайда ұлы неміс философы Гегельдін айтқанын еске алмай болмайды: «Тарихи тұлғалардық ұлылығы олардың жалған емес, аса қажет те әділ, ұлы дүниені жүзеге асыра білуінде». Осындай тарихи тұғалардың қатарына Абылай да жатады (1711 - 1781) . [9]
Абылай хан -XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Тарихи тұлғаларды бір-бірімен теңдестіре салыстыруға болмайды. Әйткенмен Ресей үшін Бірінші Петр немесе Германия үшін Бисмарк қандай болса, Қазақстан үшін ол да сондай тұлға. Абылайдың дара_тұлғасы, Қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихн кезеңде көзге түсті. Абылай сол казақ халқының тағдыр-талайы кыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдас-тырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды. Солай бола тұра оның өмірі мен қызметі неліктен кеңес тарихнамасында тиісті және әділ барасын ала алмай келді деген сауалдың қойылуы занды. Оған жауап беру үшін осы тақырыпқа байланысты құжаттарға, әдебиеттерге талдау жасаран жөн ғой деймін.
Абылай тақырыбын зерттеу үшін басты деректер болып саналатын құжаттар орыс архивтерінде. Олар - орыс патшаларының грамоталары мен Указдары. Сенат пен сыртқы істер коллегиясының документтері, аталмыш органдардың хандармен, сұлтандармен жазысқан хаттары қазақ хандығында болып кайтқан орыс елшілерінін жазбалары. Міне, осындай документтерден тұратын «Қазақ-орыс қарым-қатынастары» деген жинақта 500-ден астам құжаттар бар. Бұл материалдарда Абылай туралы, оның ішкі және сыртқы саясатынан мағлұмат беретін көптеген жәйттер кездеседі. Әрине, ол құжаттарды жасаған негізінен үкімет мекемелері, патша чиновниктері, ал, олар отарлау әшмшілігінің көзқарасы мен саясатын көрсететіндіктен жаңағы құжаттарды пайдаланғанда жітілік, сыни саралау және басқа нұсқалармен салыстырып отыру қажет. Екіншіден, Ресей архивтерінің көптеген қорлары қазақ тарихын зерттеушілердің қолына тимей келгенін ескере отырып, оларды жан-жақты зерттеп пайдаланбай, біз тарихи шындыққа жете алмаймыз.
Бұлардан басқа Абылай туралы мәліметтер революцияға дейін басылған энциклопедиялық сөздіктерде, сондай-ақ «Россия. Біздің отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деген іргелі басылымда кездеседі. Сол басылымнын, 18-ші томы түгелдей қазақ өлкесіне арналған, мұнда төмендегідей сөздерді оқуға болады: «Қырғыздардың арасында кен танымал, хан атанған Абылай қырғыздарды бөгделердің билігінде қалдырмауға тырысты».
1911 жылы профессорлар Э. Л. Гримм, Л. В. Классовский және Г. В. Хлопиннің редакциялауымен Петербургте жарық көрген энциклопедиялық сөздікте Абылай хақында бұдан да кеңірек айтылған. Алайда төңкеріске дейінгі орыс энциклопедияларының ішінде Абылай бабамыз хақында ең көлемді мағлұмат беретіні Брокгауз және Ефрон энциклопедиясы. Онда: «Аблай немесе Абулай - Қырғыз-қайсақтардың Орта жүзінің XVIII ғасыр-дағы ханы, ол 1839 жылы (дәлірек айтқанда 1840 жылы - К. А. ) Орынборда Ресейге мәңгілік боданды болуға ант еткен. Оның қалай қырғыздардың (қазақтардың) ішінен топ жарып шығып хан дәрежесіне көтерілгені, неге оны халық қаһарманы ретінде қырғыздар осы күнге дейін жырлайтындыры жөнінде әр қиды аңыздар бар, алайда отызыншы жылдары ол Орта жүздегі ең басты күш ретінде өзін танытты және онымен қарым-қатынас жасауға болушы еді. Дегенмен, Орта Азиядағы қозғалыстың және Жоңрария мен Кіші Бухарияны қытайлықтардың жаулап алуына байланысты, Абылай өзін Қытай бодандығына тәуелді екенін мойындаран, боғдыхан болса оған князь атағын берген, Түркістанда 1781 жылы қайтыс болган» деп жазылған. [22]
Абылай хан мағлұмат беретін әдебиеттер баршылық. Олар- Қазақстанның тарихына арналған революциядан бұрын шыққан басылымдар. Оған ең алдымен алғашқы орыс зерттеушілері П. С. Палластың, П. И. Рачковтық, Н. Г. Андреевтіқ, А. И. Левшишнің, В. В. Радловтың, С. Е. Маловтың, В. Л. Тоомсеннің, Н. М. Ядринцевтің, И. Фальктің, И. Г. Георгидің, Г. Н. Потаниннің, Н. П. Рычковтың, Н. А. Аристовтың, Г. Спасскийдің едбектері ' жатады. Бұл авторлар Қазакстанның XVIII- XIX ғасырлардағы қоғамдық-саяси дамуының ерекшелігімен жақсы таныс болғандықтан, халықтың тұрмыс-салтын, жағдайын, мәдениетін жан-жақты сипаттаған. Олар өздері сөз еткен оқиғалардың куәсі болған, немесе ізі өшірілмей жазған, сондықтан жоғарыда аталған орыс авторларының еңбектерінің қазақ тарихы үшін мағынасы зор. Осы сөз болып отырған авторлардың еңбектерінде Абылайға арналран кептеген беттер бар. Десек те, біздің өлкенің алғаш орыс тарихшылары мемлекеттік отарлау мекемелерінің өкілдері екенін және олардын, саясатын іске асырушылар екенін ұмытпаған жөн.
Біздін, сөз етіп отырған тақырыпты зерттеуге қазақтың ұлы ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлихановтың жинастырған материалдарының алатын орны ерекше. Онда Абылайдың руы, тегі жөнінде шежіре, оның әйелдерінің аты-жөні, ата тегі және ұрпақтарының тағдыр-талайы жазылған. Бұл құжаттарды Шоқанның орыс тілінде шыққан бес томдық шығармалары жинағының бірінші және төртінші томынан оқғра болады. Ал, үшінші томында оның XIX ғасырдың 60-шы жылдары жазған «Абылай» атты мақаласы бар. Ол негізінде Абылайға арналған тұңғыш ғылыми еңбек. Онда автор өзінің ұлы атасына байланысты көптеген мәліметтер келтірген және олар өз мағынасын осы күнге дейін жойған жоқ.
Қазақ хандықтарынын, архивтері ертеде-ақ қолды болып әр елдің қоймаларында қалғаны белгілі. Мысалы, Абылай туралы көптеген тарихи деректер көршілес елдердің, атап айтқанда Қытайдың, Иранның, Түркияның, Ауғанстанның архивтерінде, қоймаларында, тіпті АҚШ-тың, Батыс Европа елдерінің кітапханасында зерттеушілерін күтіп жатыр. Оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу және орыс құжаттарымен салыстыра отырып пайдалану біздің (тарихшылардың, ғалымдардың) жауапты парызы деп ойлаймын.
XVIII ғасырдағы Қазақстанның тарихын зерттеген кеңес тарихшылары да Абылайдың атын аттап өте алмады. Ол туралы біршама объективті мәліметтер 1935 жылы С. Д. Асфандияров жазған Қазақстан тарихында, 1941 жылы М. П. Вяткин шығарған «Қазақ ССР тарихы очерктерінде» бар. Бұл кітаптарда Абылайдың өз халқының тағдырындағы ролі Қазақстан тарихындағы қиын-қыстау процесстермен ұштастырыла көрсетілген. Қалайда бұл авторларды тарихты бұрмалады деуге еш негіз жоқ. Ал Н. Г. Апполованың, С. Н. Толыбековтың, В. Я. Басиннің, Б. П. Гурьевичтіц, В. С. Кузнецовтың, Т. Ж. Шойынбаевтың кітаптары туралы былай деуге болмайды. Оларды оқи отырып, ғылыми нақтылық басым ба, әлде ойдан шығарылған біржақты тұжырымдар басым ба, соны түсіну қиын. Бұл еңбектерде Абылай хан тұлғасын сипаттай отырып, оны залым, аса қатал және опасыз билеуші, өз мүддесін ғана көздеп, рулар арасындағы алауыздықты өрістетуші болып көрсетіледі. Мысалы, В. Я. Басин, Н. Г. Апполованың кітабындағы пікірге сүйене отырып, былай деген: « . . . Политика Абылая была двуличной не только в отношении Цинской империи, но и России» . Абылайға бұлайша бір жақты қазақ халқының намысына тиетін пікірлерді В. С. Кузнецовтың 1980 ж. Новосібірде шыққан «Амурсана» атты кітабының беттерінен де кездестіруге болады. Осы жалған тұжырымды басқа авторлар да қайталайды. [35]
Біздін, тарихнаманың тағы бір парадоксы - Абылай хан туралы мәліметтердің ұлан-ғайыр болғандығына қарамастан, бертінге дейін арнайы ғылыми-зерттеулердің болмауы. Осы орайда академик Р. Б. Сүлейменов «XIX расырдың 60 жылдары Ш. Уәлиханов жазған «Абылай» атты шарьш мақаладан басқа, осы уақытка дейін бірде-бір зерттеудің болмауы өкінішті-ақ» деп жазды. [29] Бұл шынында да солай. Бірақ академик сыпайлық танытып,
В. А. Моисеевпен бірігіп жазған кітабың атамай отыр. Ал, бұл енбек жарық көрісімен-ақ лезде тарап кеткен болатын. Себебі, онын, маңызы орыс архивтеріндегі кұжаттарды, қытай авторларының еңбектерін кеңінен пайдалануында ғана емес, ең бастысы кітапта Қазақстанның тарихи даму процессіндегі Абылай ханның ролі терең ойлау тұрғысынан ашылғандығы, Рас, кітапта, меніңше, талас тудыратын мәселелер де аз емес.
Абылайдың есімімен байланысты тарихи проблеманы саралауда белгілі жазушы Шот-Аман Ыдырысүлы Уәлихановтың қосқан үлесі мол. Ол кісінің осы аттас еңбегінің бір бөлігі Көкшетау облыстың газет беттерінде жарияланды. Автор Абылайдың ата-тегіне, оның даңқты патриоттық істеріне шолу жасап, көптеген түпнұсқалар келтіреді.
Сондай-ақ С. М. Пресняков та Абылайға қатысты өз пікірлерін білдірген. Ол үлкен еқбек үшін көптеген деректер жинаған екен. Әрине, автордың бүкіл айтқандарымен келісе беруге болмайды, бірақ мұнын, қажеті де шамалы. Ең бастысы автор өзі міндет еткен ойын объективті түрде көрсетуге ынталы екен.
Қазақ халқының ұлы көсемінің бейнесін жасауға-көптеген жазушылар, оның ішінде Шәкәрім Қудайбердиев те, Мұхтар Әуезов те, Сәкен Сейфуллин де қалам сілтеді. Бірақ, кейбір тарихи жағдайларра байланысты ондай туындылар жарық көре алмай, кейін жоғалып кетті. Осы тақырыпқа қазақтың тағы бір асыл перзенті Міржақып Дулатов өзінің «Хан Абылай» атты мақаласын арнапты. Бірақ оған авторы репрессияға ұшырағансоң тыйым салынған. Тек аса көрнекті қаламгер Ілияс Есенберлин ғана Абылай бейнесін көркем әдебиетте сомдай алды, оның романы қазақ, орыс тілдерінде жарияланды. («Жанталас», орысшасы - «Отчаяние») . Бұл кітаптың жақсы жақтары да, нашар жақтары да бар деп пікірталас тудыруға болар еді, бірақ мәселе онда емес. Алпысыншы жылдардың соңы мен жетпісінші жылдардың басында Абылай хақында қалам толғаудың өзі үлкен ерлікті талап етуші еді.
Абылай тақырыбының тарихнамалық шолуы қазіргі кезде бүкіл әлем танып отырған «ауызша тарихты» сараламайынша толық болмайды. [42]
Бұл өзі заңды да дүние. Геродот пен Рим тарихшыларынан бастап ғалымдар қай кезеңде болсын өз замандастарынң көрген білгендеріне де сүйенген. Осы тұрғыда біздің тарихшыларымыз үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр. Олар аса бай қазақ фольклорын пайдалана алады. Халық эпосы, жырлар, хиссалар, мақал-мәтелдер, басқа да ауыз әдебиеттерінің көптеген үлгілері Абылай хақындағы тарихи шындықты керсетеді.
Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын, бар саналы ғүмырын өз елі, өз жерінің тағдыры үшін арнаған ғажайып тұлға Абылай хан хақында дастан, аңыз, тарихи әңгімс мен шежірс де мол. Соның көпшілігіі қазіргі күнде мүлде өшіп, жоғалуга айналды.
Мәшһүр Жүсіп: "Қалмақтың құтын қашырып, Сарыаркадан аудырған, қалмақтың басына қан жаудырған Абылай хан екен. Сол заманда сүргсн дәурснді Қазақбайдың баласы Абылайдан бұрын Адам Атаға шейін көрген емес, Абылайдан соң бұл заманға дсйін дс көрген емес", - депті. Ал Шоқан Уәлиханов осы пікірді жандандыра түсіп: "Қазақ ішіндс Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы қазақтық ерлік заманы болып саналады", - деп өте әділ айтқан. [16]
"Бұқарекең жырлайды" деп жалпы тақырыппен берілгсн "Абылай ханның қасында" деп басталатын өлең алғаш "Таң" журналында (1925, №4), кейін "XVIII- XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларында (1962 ж. 29-6), одан "Алдаспаңда" (1971, 153-154-6) толық жарияланды. Бұл Қазақстан Ғылым академиясы Ғылыми кітапханасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қолжазбасынан (1170-папка) алынған. "Мұсылманның баласы"- алғаш жарияланып отыр. Текеті Мәшһүр Жүсіптен (1170-патжа) алынды.
"Көкшетаудан салдырған"- бұл да Мәшһүр Жүсіптен алынып, тұңғыш рет жарияланып отыр.
"Шүршіт келем деген сөз барды"- алғаш "Алдаспанда" жарық көрді, одан кейін "ХҮ-ХҮІП ғасырдағы қазақ поэзиясы" атты кітапта басылды. Біз Мәшһүр Жүсіптен алып (1170-п. ) бердік.
Осы туындының тағы бір нұсқасы Г. Н. Потаниннен табылып, "Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина" (273-274-6) кітабында жарық көрген.
"Ал, тілімді алмасаң"-- түңғыш рет "Таң" журналында (1925, №3) басылды. Содан ксйінгі кітаптардың бәріне еніп келеді. Жетінші-сегізінші жолдары С, Сейфуллин хрестоматиясы (1931, 84-6) бойынша түзетілді.
"Ей, Абылай, Абылай"- бірінші рет "Таң" журналында (1925, №4), кейін барлық жинақтарға енді, Тексті МәшҺүр Жүсіптен (І170-п) алынды.
"Садыр, қайда барасың?" өлені окушы қауымға бұдан бұрын "Керей, қайда барасың?" деген атпен таныс. "Алдаспанда" (157-158-6) Мәшһүр Жүсіп колжазбасы бойынша "Садыр, кайда барасың?" деп жарық көрді, одан кейін "ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясында" (1982, "Ғылым" баспасы) басылды. Бұл кітапқа да Мәшһүр Жүсіп бойынша (1170-п) ұсынылды.
"Әй, Абылай, сен он бір жасыңда"- тұңғыш рет С. Сейфуллиннің "Қазактың ескі әдебиет нұсқаларында" (85-86-6), кейін "Алдаспанда" жарық көрді. Содан кейін "ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясында" басылды.
"Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай"- бірінші рет Қ. Халидұлының "Тауарих хамса шарқи" (1910, 263-6) кітабында шықты, артынан негізгі басылымдарға беріліп келеді. Текст Мәшһүр Жүсіптен алынып (1170-папка) беріліп отыр.
"Құбылып шыққан бәйшешек"- алғаш С. Сейфуллиннің "Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларында" (87-6), кейіннен негізгі жинақтардың бәрінде жарияланды. Текст С. Сейфуллин бойынша берілді.
"Қалданменен ұрысып"- түңғыш рет С. Ссйфуллиннің "Қазақтын ескі әдебиет нұсқаларында" (1932 ж. ), сонан соң кейінгі шыққан жинақтарда жарияланды. Мұнда "Алдаспан" (1971) бойынша ұсынылды.
"Асан Қайғы сөзі"- алғаш Қ. Халидұлының "Тауарих хамса шарқи" атты кітабында (1910, 260-6) басылды. Артынан "Таң" журналында (1925, №1), одан кейін С. Сейфуллиннің "қазақтың ескі әдебиет нұсқаларында", артынан "Алдаспанда" (1971, 173-6), кейіннен "Жұлдыз" журналында (1991, №7) жарияланды.
"Күпшек санды күреңді"- Абылай ханнның өліміне байланысты айтқан. Өлеңнің тексті Ш. Уәлихановтан (Собрание сочинение в 5 томах, т. 1961, с. 169-170) алынды. Бұл өлеңнің Г. Н. Потанин жазып алған нұсқасы "Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина" (с. 274-411275) кітабында "Абылай ханның мүлкін мақтағаны" деген атпен басылған.
"Бас ауырса, жан қоркар іште пікір"- алғаш жариялануы. Мәшһүр Жүсіптен (1177-п) алынды.
"Бұқардың толғаулары"- толғауды Пекин архивінен тапқан ғалым М. Оразбайұлы осы аталған асыл мұраны "Ана тілі" газетіне (1990, шілденің 12 және 19-ы) жариялаған А. Сейдімбеков. Біз Абылай ханға қатысты он бір толғауды сол "Ана тілі" газетінен алып отырмыз.
"Үш жүзге би Төле еді"- өлең "Сүйінбай шығармалары" атты кітаптан (1990) алынып беріліп отыр.
"Бөгенбай батырдьщ өлімін Абылай ханға естірту"- тұнғыш рст «Таң» журналында (1925, №4) жарық көрді, артынан "Ертедегі әдебиет нұсқаларында" (1967, 128-6), "Алдаспанда" жарияланды.
"Қамыстың басы майда"- алғаш "Әдсбиет жәнс искусство" журналында (1946, №7-8), артынан "Ертедсгі" әдебиет нұсқаларында" (1967, 124-125-6), "Алдаспаңда" жарық көрді. Өленді Қостанай облысы, Урицкий ауданында тұратын Дәулетов Қажиахметтен жазып алып жариялаушы М, Хлкімжанова. Өлең сол алғашқы нұскасы бойынша берілді.
"Кебеже қарын, кең құрсақ"- алғаш "Ертедегі әдсбиет нұсқаларында" жарық көрді, кеңіннен "Алдаспанда" толықтырылып басылды.
"Абылай ханға көніл айту"- алғаш "Егеменді Қазақстанда" (1991, 27 сәуір) басылды. Материал Қазақстан Ғылым академиясынын қолжазбалар қорында сақтаулы.
"Сабалақ"- бұл туынды Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы, Ғылыми кітапханасының Мәшһур Жүсіп қорынан (1177-п) алынған. Мәшекен "Бұл дастанның авторы белгісіз" депті. "Батыр Баян"- алғаш рет "Шолпан" журналында (1923, №4, 5-8) жарияланды. Артынан "Мағжан Жұмабаев" шығармалары атты 1989, "Жазушы" баспасы) кітапта басылды.
"Хан Абылай"- алғаш рет 1943ж. жарық көрген, онда былай деп жазылыпты: "Кітап Милли Түркістан Комитеті жаныңдағы әдеби ғылыми бөлімінің тарапынан шығарылған. Авторы "Қобызшы Қорқыт". Ал осы жоғарыдағы аталған жинақтың авторы Мәжит Айтбаев екенін дәлелдеп, "Жас алаш" (1991, 17 шілде) газетінде оның "Хан Абылай" атты дастанын жариялаған Жолбосын Шайқақов екені айтылады.
"Абылай хан дәуірі" деп аталатый қысқа-қысқа аңыз әңгімелср Мәшһүр Жүсіптің Қазақстан Ғылым академиясы Ғылыми кітапханасынын қорындағы әртүрлі бумасында, бірнеше дәптерде кездеседі. Бұлардың бәрі де "Егеменді Қазақстан" газетінде (1992, 11 қаңтар) жарияланған.
"Абылай ханның түсі"- бұл аңыз әнгіме Қазақстан Ғылым акадсмиясы Ғылыми кітапханасында (1177-п) сақтаулы. "Абылай хан"- алғаш осы ғылыми еңбек Қазан қаласында "Тауарих хамса шарқи" атты кітапта (1910) басылып шыққан. "Уәлибакьшың нәсілі"- тұнғыш рет "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі" атты кітапта (1911, Орынбор) жарияланған. [20]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz