Программалауды оқытудың замануи технологиялары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1 Программалау тілдері
1.1 Программалау тілдерін сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Программалау
технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Серверлік
Web-қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Гипермәтінді көру
құралдары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
2 Программалауды оқытудың замануи технологиялары
2.1 Ақпараттық технологиялар болашақ маманның
кәсіби потенциалын қалыптастырушы құрал
2.2 Жаңа педагогикалық
технологиялар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
2.3 Оқыту жүйелерінің негізгі типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Интернетте программалау жүйелерін оқыту
негіздері ... ... ...
2.4.1 HTML – гипермәтіндік
тілі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
2.4.2 Интернетте программалауға арналған –
Java Script
тілі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
3 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Delphi визуалды ортасы. Ортаның негізгі сипаттамасы
3.2 Оқиға арқылы программаны басқару принциптері
3.3 Программалық жасақталуы
4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
5 Қолданылған әдебиеттер мен қайнарлар
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Программалау дегенді біз бүгінгі күннің, ғылым мен техникадағы
прогресстің туындысы деп санаймыз. Бірақ ол дұрыс емес. ХIХ ғасырда
алғашқы есептеу құрылғылары пайда болғаны белгілі, сол кезден бастап
есептеу программалауды құрудың қажеттілігі туындады. Бірінші болып осы
мәселені шешкен Ада Лавлейс болып саналады, ол Чарльз Бэббидждің есептеуіш
машинасында жұмыс істейтін программаны құрған. Ал бірақ нағыз программалау
тілдері әрине электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) ғасырында пайда болды.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып,
күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген
қызығушылықтың арта түскені белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандай да
бір жұмыс орындауды көз алдымызға елестету қиын. Бұл компьютермен жұмыс
істейтін адамға қандай да бір ұмтылысты тудыруы мүмкін.
Программалау іскерлігін үйрену үшін нақты есептер шығарып, программасын
жаза білу қажет. Ол үшін программалау тілі мен оны құру ортасын меңгеру
керек.
Тіл деп кез келген белгілер жүйесін айтамыз (белгі – бұл ақпаратты
тасымалдау үшін арналған объект). Тілдермен қатар трансляция мәселесі пайда
болды, яғни бір тілден екіншісіне ауысу. ЭЕМ-дерді басқару қиынға соқты,
өйткені ЭЕМ-нің машиналық тілі адам түсініктерінен алыс болды.
Программисттер өз жұмысын жеңілдету мақсатында символдық аттарды машиналық
кодтарға ауыстыратын программаларды жасады. Мұндай программаларды
ассемблерлер деп атады. Содан соң арифметикалық өрнектерді трансляциялайтын
программалар (автокодтар) жасалды. 1958 жылы жоғары деңгейлі тіл Фортран
трансляторы пайда болады. Машиналық кодта программаны жазу қиын, өйткені
программаның көлемі өскен сайын күрделі бола түседі. Сондықтан барлық
программалар программалау тілдері арқылы жазылады. Теориялық жүзінде
программаны кәдімгі тілдермен де жазуға болады - бұл метатілде программалау
деп аталады.
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында білім беру саласында ақпараттық
технологияларды қолдану мәселесі шетел және отандық ғалымдардың зерттеулері
бойынша бірнеше бағытта қарастырылғанын анықтадық.
Зерттеудің нысаны. Жоғары оқу орындарының оқу үрдісі.
Зерттеудің пәні. Жоғары оқу орындарында программалау технологиясын
қолдану.
Зерттеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты- программалаудың заманауи
технологияларын оқыту әдістемесін көрсету.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер жоғары оқу орындарында білім берудегі
ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттарын айқындап,
оның моделі жасалса, онда оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы
студенттердің шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасқандығын көре аламыз,
өйткені білім берудегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану жағдайында
білім беру жүйесінің сапалылығы қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жоғары оқу орындарында білім берудегі ақпараттық технологияны
қолдануды теориялық негіздеу.
2. Жоғары оқу орындарында программалау негіздерін меңгеруде
ақпараттық технологияны қолданудың педагогикалық шарттарын
айқындау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орындарында ақпараттық
технологияны қолдану программалау негіздерін заманауи талабына сай жетік
меңгерген, білімді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

қолданудың теориялық негіздері анықталды.
2. Жоғары оқу орындарында программалау негіздерін меңгеруде ақпараттық
технологияны қолданудың педагогикалық шарттары айқындалды.
3. Программалаудың заманауи технологиялары тақырыбын оқыту
әдістемесі жасалды.
Дипломдық жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың кіріспесінде диплом тақырыбының өзектілігі және мақсаты,
қысқаша жұмыс мазмұны туралы мәлімет беріледі, яғни оның бірінші тарауында
программалау негіздеріне және программалау технологиялары туралы деректер
келтірілген. Бұл тарауда негізінен теориялық мәселелер қарастырылған.
Жұмыстың екінші тарауында программалауды оқытудың замануи технологиялары,
олардың оқу үрдісіндегі орны анықталған, үшінші тарауында оқытудың
программалық жабдықталуы және оны дайындау технологиясы келтірілген.
Дипломдық жұмысты педагогикалық программалық құралдар, программалаудың
заманауи технологиялары, оны оқыту әдістемесі туралы ақпараттар алғысы
келетін жас мамандар, студенттер үшін әдістемелік нұсқау ретінде
пайдалануға болады.
1. программалау ТІЛДЕРІ
1.1 Программалау тілдерін сипаттау
Программалау тілдері – бұл жасанды тілдер(олар шектелген сөздермен
ерекшеленеді). Кәдімгі тілдерден айырмашылығы трансляторға түсінікті
болатын шектелген сөздері мен командалары қатаң ережелермен жазылады.
Мұндай талаптар жиынтығы программалау тілдерінің синтаксисін, ал әрбір
командалар мен тілдің басқа конструкцияларының мағынасы – оның семантикасын
құрайды. Егер программаның жазылу формасы өзгеретін болса, онда транслятор
оператор қызметін түсінбей, синтаксистік қате деп хабар береді. Ал егер
дұрыс жазылған, бірақ алгоритмге сәйкес емес командалар қолданылса, онда
семантикалық қатеге келтіріледі. Программадағы қателерді іздеу процесі –
тестілеу деп, ал қателерді жөндеу процесі – отладка деп аталады.
Әртүрлі типті процессорлардың әртүрлі командалар жиыны бар. Егер
программалау тілдері белгілі бір процессорге бағытталған болып, оның
ерекшеліктерін ескеретін болса, онда ол төмен деңгейдегі программалау
тілдері деп аталады. Оған ассемблер тілі жатады. Жоғарғы деңгейдегі
программалау тілдері адамға түсініктірек болады. Жоғарғы деңгейлі
программалау тілдеріне Fortran (Фортран), Cobol (Кобол), Algol (Алгол),
Pascal (Паскаль), Basic (Бейсик), C (Си), C++ (Си++) тілдері жатады.
Кез келген есепті шығарғанда алдымен оның математикалық үлгісі жасалады.
Математикалық үлгі – объектінің, құбылыстың қасиеттерін, ерекшеліктерін
және басқа сипаттамаларын жете зерттеп, оны теңдеулер жүйесі не
теңсіздіктер мен функциялар арқылы өрнектеу. Программаны түрлі тәсілдер
бойынша құруға болады, бірақ оған қойылатын негізгі талап оның сапалы және
пайдаланушыға түсінікті болуында. Әдетте бұл үшін күрделі информация алдын-
ала тұжырымды бірнеше бөліктерге (блоктарға) бөлініп алынады да, олардың
әрқайсысына арналған жеке-жеке программа құрылады. Осыдан соң олар көмекші
программалар ретінде қарастырылып, бір программаға біріктіріледі.
Кейде дайын программаға басқа программалаушының кеңейтуіне жаңа бөлімдер
қосу сияқты өзгерістер енгізуі қажет болады. Сондықтан программаның
қатесіз, түсінікті құрылуының үстіне оңай өзгертіле алатын болуы тиіс.
Сапалы программа құру бағытында пайдаланылатын тәсілдер программалау
технологиясы делінеді. Технология құрамына енетін программаны дұрыстау
немесе сынақтау да оңай жұмыс емес. Әрбір программаны мұқият тексеру және
сынақтау қажет. Сынақтауды түрлі-түрлі жолдармен жүргізу ықтимал. Мысалы:
- программаны орындалу нәтижесі белгілі болатын қарапайым бастапқы
берілгендерді таңдап алып, программаны қайта іске қосу;
- бір программаны екі түрлі программалау тілінде дайындап, олардың
орындалу нәтижелерін салыстыру;
- программаның орындалу барысын уақытша тоқтатып, есептелген аралық
мәндерді экранға шығару және олардың дұрыстығына көз жеткізу.
Кейде нәтиженің ойлаған аралықтан алшақ болып шығуы мүмкін. Бұл да
программаны мұқият сынақтауды қажет етеді. Түсінікті программаны шығару
оңайға түседі.
Негізгі түсініктер
- Алгоритм берілген есепті шешуге қажетті анықталған іс – әрекеттер
тізбегі.
- Программа – есепті шешуге қажетті реттелген командалар тізбегі.
- Программалау жүйесі – осы тілде құрылған, шынайы машинада программаны
орындауды қамтамасыз ететін программалау тілі мен виртуальды машина
жиынтығы.
- Виртуальды машина – анықталған тілі бар компьютердегі басқа, машинаның
тілімен, басқаша айтқанда программалаудың кірме тілін жүзеге асыратын
программалық кешен.
- Программалау тілден компютер үшін алгоритмдерді дәл сипаттау арқасында
жүзеге асатын белгілеулер жүйесін айтады.
- Программалау тілінде жазылған алгоритм программа деп аталады, ал
алгоритмді көрсетілген тілге ауыстыру процесі – программалау.
- Программалау қамсыздандыру – қажетті есептерді жүзеге асыратын
программалар жиынтығы.
- Компилятор – дербес компьютер тіліне программаларды түрлендіру
операциясын арналған программалар.
- Обьектілер – қосымша құрылатын кейбір элементтер.
- Қасиеттер – программалаушы жұмыс істейтін кейбір заттарды анықтайтын
мінездеме (компонент түрі, қандай оның көрінбейтін бөлігі болады).
- Оқиға – шынайы уақыттағы іс әрекеттер.
- Әдіс класс бөлігі ретінде анықталған процедура және өзінде
инкапсулданған.
- Инкапсуляция мәліметтер мен осы мәліметтерді өңдеу алгоритмдерін
біртұтас етіп біріктіру.
- Мұрагерлік өзінің ұрпақтары туғызатын объектілер қасиеті.
- Полиморфизм – туыстас объектілердің мағынасы бір мәселелерді әр түрлі
тәсілдермен шешу қасиеті.
Программалау тілдерін сипаттау
Тіл Негізгі қолданылуы Сипаттау
Aдa Қорғаныста Жоғарғы деңгейлі
Ассемблер Аппараттық жасақтауға тез Анық дағдылану мен
орындалу және кішкене машықтануды қажет
өлшемді программаларды ететін, тез әрі тиімді
бөліктік бақылауды қажет
етеді
Бейсик Білімде, базисте, үйде Оқып үйрену оңай
C Жүйелік программалау, Әмбебап тілі ретінде
әмбебап программалау қолданыс аясы кең, тез
әрі тиімді
C++ Объектілі – бағдарланған С тіліне негіздлген
программалау
Кобол Бизнесте программалау Тек қана коммуникациялық
есептерге бағдарланған,
үйрену оңай, бірақ өте
көп операторлар
Форт Қосымшаларды басқару Инверстік поляктық
жазуды қолданады
Фортран Ғылыми жұмыс және Математикалық
есептеулер формулаларға негізделген
Лисп Жасанды интеллект Үйренуге қиын символдар
тілі
Модула – 2 Жүйелік программалау және Жоғары құрылымды, шынайы
шынайы уақытта әлемді қосымшасы үшін
программалау, әмбебап Паскальді алмастыруға
прграммалау негізделген
Оберон Әмбебап программалау Кішігірім Паскаль және
Модула – 2 тілдерінің
көптеген қасиеттерін
біріктіретін компактілі
тіл
Паскаль Әмбебап тіл Жоғары құрылымды
Пролог Жасанды интеллект Программалардың символды
логикалық жүйесі,
басында теоремаларды
шешуге негізделген,
қазіргі кезде жасанды
интеллектпен байланысты
есептерді шешуге
арналған
2. Программалау технологиялары
Кез келген программалау тілінің негізіне сәйкесінше программалаудың
стиліне маңызды әсері бар басқарушы идея қойылады.
Программалауда қолданылатын төмендегідей әдістер бар:
1. Модульдік программалау
2. Құрылымдық кодтау
Құрылымды программалау
Құрылымды программалау – программалық жасақтаманы талдауға, жобалауға
және жүзеге асыруға жүйелік қатынасқа негізделген программалау
методологиясы. Бұл методология 70 жылдардың басында пайда болады және
өміршең болғандығы соншалық, қазіргі кезге дейін көптеген жобаларда негізгі
болып келеді. Бұл технологиялар негізі келесі ережелерден тұрады:
- Күрделі есептер басқарылатын функционалды түрде майда есептерге
бөлінеді. Әрбір есептің бір кірісі және бір шығысы бар. Бұл жағдайда
программаның басқарылатын ағыны функционалды қызметі бар қарапайым
ішкі есептер жиынтығынан тұрады.
- Есепте қолданылатын басқарушы құрылымдар қарапайымдылығы. Бұл ереже
логикалық есептердің минималды, функционалды түрде жеткілікті
басқарушы құрылымдар жиынтығынан тұратынын білдіреді. Мұндай жүйенің
мысалы ретінде логика алгебрасын айтуға болады, мұнда әрбір функция
функционалды толық жүйе: дизъюнкция, конъюнкция және терістеу арқылы
көрсетіледі.
- Программаны өңдеу сатылы жүргізілуі тиіс. Әрбір сатыда нақты қойылған
шектелген есептердің бүкіл есеп аймағында мәні мен ролі анықталып,
шығарылуы тиіс.
Модульдік программалау концепциясы
Программалаудың құрылымды технологиясы сияқты, модульдік программалау
концепциясын бірнеше ұғымдар мен ережелер түрінде көрсетуге болады:
- Есептің функционалды декомпозициясы - үлкен есепті кішігірім,
функционалды жеке ішкі есептерге – модульдерге бөлу.
- Модуль - модульдік программалау концепциясының негізі. Функционалды
декомпозицияда әрбір модуль бір кірісі және бір шығысы бар қара
жәшік болып табылады. Модульдік қатынас программаны жүргізу
процесінде жаңалауға мүмкіндік береді. Қосымша модульдік қатынас бір
жобаның программа бөліктерін әртүрлі программалау тілдерінде өңдеуге
мүмкіндік береді, одан кейін комповка құралдары көмегімен біртұтас
жүктелетін модульге біріктіруге болады.
- Жүзеге асырылатын шешімдер қарапайым және анық болуы тиіс. Егер модуль
қызметі анық болмаса, онда есептің бастапқы және аралық декомпозициясы
сапасыз жүргізілді деп есептеледі. Бұл жағдайда есепті тағы да бір рет
талдау және ішкі есептерді қосымша бөлу қажет болуы мүмкін. Жобадағы
күрделі жағдайлар болса, ойластырылған түсініктемелер жүйесі көмегімен
құжаттау қажет. Бұл процесс есептің барлық модульдері қызметінің толық
түсінілгенше және олардың оптималды үйлесуі болғанша жүргізіледі.
- Модульдің барлық айнымалыларының қызметі анықтамасы бойынша
түсініктемелер көмегімен сипатталуы тиіс.
Объектілі-бағдарланған программалау
Объектілі-бағдарланған программалау идеясы мәліметтерді осы мәліметтерді
өңдейтін процедуралармен біртұтас – объектіге байланыстыру болып табылады.
Объектілі-бағдарланған программалау объектілерге жаңа қасиеттер беретін үш
маңызды принципке негізделген. Бұл принциптер инкапсуляция, мұрагерлік және
полиморфизм.
1-сурет
- Инкапсуляция – бұл мәліметтер мен осы мәліметтерді өңдеу
алгоритмдерін біртұтас етіп біріктіру.

1.3 Серверлік Web қосымшалар
Бүгінгі таңда программалаудың заманауи технологияларына WWW және HTML,
Java, клиенттік және серверлік скриптер мен мәліметтер базасының сұраныс
тілдері, web-дизайн негіздері туралы концептуалды білімдері бар Интернет-
технологиялар жатады. Өткен ғасырдың соңғы жылдары Web-қосымшалар деп
аталатын жаңа класс қосымшалары өте кең тарады. Ақпараттық жүйелер мен
мәліметтер базасына Интернет немесе интражелі арқылы қатынасты жүзеге
асыратын Web-қосымшалар қазіргі заманғы бизнестің тиімді құралдарының
біріне айналды.
Web-қосымшалар болып табылатын Web-серверлерді өңдеу үшін HTML
(HyperText Markup Language) гипермәтіндік тілі кеңінен қолданылады. Web-
серверлердегі көріп жүрген барлық беттер HTML тілінде жазылған және
құрамында әртүрлі типті объектілері(суреттер, анимация, ақпаратты енгізу
формалары және т.б.) бар. Егер Web-сервер-де тек қана оқтын-оқтын өзгеретін
статикалық ақпарат болса, онда оны HTML құжаттарының жиынтығы түрінде
көрсетуге болады. Оларды жасау үшін кез келген мәтіндік редакторды
пайдалануға болады, бірақ HTML беттерін визаулды жобалаудың арнайы құралы
Microsoft FrontPage программасын пайдаланған жөн.
Бір жағынан HTML тілі оңай сияқты, бірақ бұл оңай емес. Бұл тілдің
мүмкіншіліктерінің шектелуіне байланысты қажетті нәтижені алу үшін көп
жұмыс істеу керек. Өйткені бір беттің өзі әртүрлі браузерлерде әртүрлі
болып көрінеді, сондықтан Web-беттерді жобалағанда браузерлермен
үйлесімділігіне назар аудару керек. Беттердің жүктелуін жылдамдату үшін
оның ішіндегі көріністерді азайту қажет.
Web-тің пассивті және активті серверлері болады. Егер сервер беттерінде
тек қана статикалық мәтіндік және мультимедиялық ақпарат, сонымен қатар
басқа беттерге гипермәтіндік сілтемелер болса, онда серверді пассивті деп
атаймыз. Сервер беттері кәдімгі интерактивті қосымшалар терезелеріне ұқсас
болса және пайдаланушы мен сұхбаттасатын болса, онда пайдаланушы белсенді
сервермен жұмыс істеп отырғаны. Шындығында, статикалық Web сервер Интернет
желісінде мәліметтер базасымен интерактивті қосымшаларды жасауға негіз бола
алмайды, өйткені ол сұраныстар мен енгізу құралдарын көздемейді.
CGI программалары. Web сервер пайдаланушымен сұхбат жүргізуі үшін
стандартты шлюздік интерфейс(Common Gateway Interface, CGI) қолдануға
негізделген сервердің программалық кеңейтілім мехнизмі өңделген. CGI
программалары – бұл интерфейсті пайдаланушыдан мәліметтерді алу үшін,
оларды өңдеу үшін және жаңа HTML құжат түрінде қайтадан жіберу, қолда бар
құжатқа немесе басқа объектіге сілтеме жасау үшін қолданады.
Сонымен қатар пайдаланушы HTML құжатқа ақпаратты енгізу үшін әртүрлі
басқару органдары бар формалар кірістіріледі. Форманы толығымен
толтырғаннан кейін пайдаланушы енгізу батырмасын басады, сол кезде форма
өрістерінен мәліметтер CGI программасына беріледі(Сурет 1). Мәліметтер
өңдегеннен кейін CGI программасы өңдеу нәтижесі бар жаңа HTML құжатын
динамикалық түрде қалыптастырып, оны қайтадан пайдаланушыға жібереді. Қажет
жағдайда CGI программасы серверде жұмыс істеп жатқан мәліметтер қорын
басқару жүйесі немесе басқа программалық жүйелерге қатынас жасайды.
CGI программаларын әртүрлі программалау тілдері - С, C++, Perl, Pascal,
Java және т. б. құрастыруға болады. Perl программасы CGI программаларын
жасауға ыңғайлы, өйткені оның құрамында сәйкесінше функциялар бар және
Linux және Solaris сияқты операциялық жүйелерде қол жетімді болады.
CGI программасы - Web серверінің операциялық жүйесінің ортасында жұмыс
істейтін және стандартты енгізу және шығару ағымдары арқылы мәліметтерді
алмастыруды жүзеге асыратын консольды қосымшалар. Мұндай қосымшалар тек
қана пайдаланушы сұранысы бойынша, HTML құжатынан шақыру командасы
орындалғанда жүктеледі. Пайдаланушы сұранысы өңделіп біткеннен кейін, CGI
программасы аяқталады.
ISAPI кеңейтулері. Web серверін кеңейтудің басқа технологиясы -
Microsoft IIS – ISAPI (Internet information Server Application Program
Interface) серверінің программалық интерфейсі. ISAPI модульдері өздерінің
функционалды мүмкіндіктеріне қарай CGI программаларына ұқсас келеді, бірақ
олар мәліметтер өңделгеннен кейін қосымша жабылмайды және процесс ретінде
үздіксіз жұмыс істеп тұру есебінен, олар тез жұмыс істейді. CGI
программалары үшін әрбір пайдаланушы үшін жеке процесті жүргізу қажет, ал
бұл уақытты алады, ал ISAPI барлық пайдаланушы сұранысын өңдейді. Басқа
жағынан, ISAPI Web серверінің адрестік кеңістігінде жұмыс істегендіктен
ISAPI қосымшасындағы қателік Web серверінің жұмысын жылдам тоқтатуына
қабілетті. CGI программасындағы қателіктер маңызды емес, өйткені қателік
программа жұмыс істеп тұрған процесте болады.
ISAPI технологиясы басында тек қана Microsoft IIS серверіне арналған
болса, қазір оны Linux платформасында да пайдалануға болады. ISAPI
кеңейтілімін жасау үшін, С және C++ тілдері, сонымен қатар Windows
программалық интерфейсінің функциялары қолданылады.
ASP қосымшалары. Active Server Pages (ASP) технологиясы Internet
Information Server серверінде HTML тілінің операторлары құрамындағы asp
кеңейтілімі бар мәтіндік файлдарды, және JScript немесе VB Script-тегі
сценарииларды қолдануды болжайды. Пайдаланушы ASP бетіне қатынас жасағанда,
Web сервер оның құрамындағы сценарийді интерпретациялайды. Бұл кезде осы
бетке жіберілген параметрлер талданады. Содан кейін бет жаңартылады(немесе
жаңадан жасалады), содан кейін қайтадан пайдаланушыға қайтады. Web сервері
беттің өзін емес, оның интерпретациясының нәтижесін жібереді, ал беттің
жұмыс логикасы пайдаланушыдан жасырылады.
РНР қосымшалары. Белсенді Web серверлерін жасаудың бір тәсілі -
РНР(қысқартылған Php: Hypertext Preprocessor) гипермәтінін алдын-ала
өңдеудің технологиясын пайдалану. РНР технологиясы объектілі модульдердің
классикалық кітапханаларына негізделеді. Unix және оның клондары үшін
жасалған РНР қазіргі кезде Microsoft Windows платформасында да қол жетімді.
Клиенттік қосымшалар
Төмен жылдамдықта Интернет каналдары жағдайында оптималды өнімділікке
жету үшін клиент пен сервер арасындағы жұмысты мақсатты түрде бөлу керек.
Серверге жіберілетін енгізілетін мәліметтерді алдын-ала өңдеуді клиент
жағында орындау тиімді. Бұл дұрыс емес толтырылған формаларды қайтадан
жіберуге тосқауыл қояды. Ал мәліметтер базасынан таңдауды сервер орындау
керек.
Беттер мазмұнын бейнелейтін браузер интеллектуалды терминал ролін
ойнайды. Мәтін мен графиктік бейнелерді көрсетуден бөлек, браузер Web
беттеріне енгізілген белсенді объектілер жұмыс істейтін орта болып
табылады.
2 Оқытудың заманауи технологиялары
2.1 Ақпараттық технологиялар болашақ маманның кәсіби потенциалын
қалыптастырушы құрал
Қазіргі кезде Ресей Федерациясында жаңа ақпараттық технологиялар мен
телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі әлеуметтік,
экономикалық және саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде
де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік
желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы
кеңейіп келеді. "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қазіргі
оқыту жүйесінде кеңінен пайдаланылу кезеңінде білім мекемелері негізінде
білікті мамандардан, аппараттық құралдар кешенінен, құжаттар айналымынан,
мәліметтер базасынан және басқа да ақпараттық қамтамасыз ету элементтерінен
тұратын біртұтас жүйе құру қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру
кезінде, бір жағынан, ол уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект
екенін, екінші жағынан, мұндай жүйе білім мекемесінің барлық жұмыс түрлерін
(оқу процесі, басқару, ғылыми зерттеу) сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын
есепке алып отыру керек" [1].
Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды білім жүйесінде
пайдаланғанда, есепке алынатын ең негізгі фактор адам болуы тиіс. Қоғамның
қалыптасуы мен дамуы негізінде адам тұрғандықтан, білім берудің де негізгі
қағидасы ретінде жеке тұлғаның, иңдивидтің өз потенциалын дамытуына керекті
жағдай жасалуы тиіс. Жеке тұлға тіршілігінің кәсіби жағының өзі нақты
өмірде кездесетін адамзат болмысының барлық онтологиялық деңгейлерінің
аналогияларын қамтиды.
Шынында да, қазіргі ғылымда адам потенциалы иерархиясына, яғни даму
деңгейлеріне көп көңіл бөлінеді [2]. Осы иерархияның ең алғашқы жалпы және
іргелі деңгейі болып оның биологиялық потенциалы есептеледі, ол адамның
қоректену өнімдерінен алып пайдаланатын энергиясының бір бөлігі болып
саналады. Екінші деңгей - индивидтің психикалық потенциалы, ол оның
психикалық әрекеті аймағында жүзеге асыратын биологиялық потенциалының тағы
бір бөлiгi болып табылады. Үшінші деңгей - адамның күннен күнге
күрделіленіп бара жатқан қоршаған орта мен өзара қарым-қатынасы арқылы
анықталады, ол алдымен қоғаммен қарым-қатынас, яғни жеке тұлғалық потенциал
ретінде қарастырылады. Ең соңғы потенциал түрі психикалық потенциалдан өз
құрылымы мен көлемі арқылы ғана өзгешелеу болады, coңдықтaн оны соның бір
бөлшегі деп қарай аламыз.
Жеке тұлғалық потенциал адамның кәсіби өмірінде қалыптасып, жұмысында
толық көріне алады. Оның мазмұндық және сапалық деңгейлері иңдивидтің
биологиялық жағынан, жеке тұлға ретінде әлеуметтік жағынан жетілгендiгiн
және де бұдан былай оның жеке мәдени-тарихи көзқарасының да толық
қалыптасқанын көрсете алады.
"Кәсіби потенциал, - дейді И. П. Маноха, - ол жеке тұлғаның өз
мамандығын, әлеуметтік әрекеттерін, "өмірлік шаруасын" жүзеге асыру
процесінде өзі жасайтын, болашақта мүмкін 6олатын "мен" деген ұғымының әр
деңгейдегі және көп қырлы түрде дамуы. Кәсіби потенциал - ол жеке тұлғаның
бүкіл әлемге деген болмыстық кәсіби көзқарасының және жалпы өмірге деген
қатынастарының даму деңгейі" [3].
Жеке тұлғаның кәсіби потенциалының қалыптасуы жоғары оқу орындарында
қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға байланысты керекті бағытта
тиімді түрде өзгеруі мүмкін. Жоғары білім жүйесі үшін - адамның қалыптасуы,
дамуы, яғни алған білімі оның жеке тұлға ретінде қоршаған әлемді түсініп
сезуінсіз мүмкін бола алмайды деген әдістемелік тезистің маңызы зор [4].
Осы тұжырымнан шығатын қорытынды адамның жоғары білім алу процесінде оның
биологиялық, психикалық және адам ретіндегі жеке тұлғалық потенциалдарын
есепке алып отыру керек.
Жоғары білім жүйесіндегі қазіргі кезеңдегі оқыту процесінде
мүмкіндіктері адам потенциалымен қанаттас бола алатын жаңа ақпараттық
технологиялар рөлі артып келеді. Жоғары білім жүйесіндегі оқыту процесіне
ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды енгізу мынадай
факторларды есепке ала отырып жүргізілуі тиіс:
– динамикалық объектілер немесе технологиялық процестерді басқаруға,
техникалық жүйелерді жобалауға, экономикалық ұйымдастыру және саяси
жұмыстарға байланысты мамандықтар түрлерін үйрету;
– әртүрлі жеке-дара ерекшеліктері бар адамдарды оқыту қажеттілігі
(стресске тұрақтылық жағдайында, басымдық танытатын сенсор каналдары
барларды, адам жадысының қалыптан ауытқу жағдайлары болуы және т.б.);
– білім жүйелері мен оқыту технологияларында адамзат цивилизациясы
жинaқтaғaн әлем кітапханаларында бар білім қорын пайдалану
қажеттілігі.
Білім алатын мекемелерде көбінесе жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану ескі схема мен жүргізіледі. Бірақ бұрынғы оқу процесіне қарапайым
түрде компьютерді енгізіп қоя салып, ол бір төңкеріс жасайды-ау деп күтyгe
болмайды [5]. Оқу процесінің дәстүрлі емес жаңа концепциясы енгізіліп, оның
қуатты оқу құралы ретінде компьютер және ақпараттық технологиялар тұруы
тиіс. Шетелдік басылымдарда айтылып жүрген ақпарат өңдеу ісіне компьютерлік
тәсілдер енгізу үшін жаңа білім концепцияларын қолдануды негізге алу ісі
кездейсоқ нәрсе емес. Оның негізгі мақсаты индустриалдық өндіріс кезеңінде
білім, біліктілік және дағдыларды жылдам игеріп, кәсіби функцияларды атқару
үшін осындай жаңа технологиялар қажет болады [6]. Сайын келгенде, бұрынғы
дәстүрлі білім және тәрбие концепциясы жаңа ақпараттық қоғам талаптарына
сай бола алмайды.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту
процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік
бaйланыстар мен заңдылықтaрды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби
потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында oқушылаpдың ойлау қабілетін
қалыптaстыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан
тарайтын педarorикaлық. технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Білімгерлерде ақпараттық технологиялар көмегiмeн қaлыптaсатын және
жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар apқылы берілетін
ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтaн, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана
емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардын басқа жақтары да қабылдау,
есте caқтay, т.б. да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық
және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда
тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді.
2.2 Жаңа педагогикалық технологиялар
Педагогикалық технология түсінігі педагогикалық ғылымға ондаған жылдар
бұрын жол ашты. Өйткені педагогикада гуманитарлық ғылым ретінде
Я.А.Каменский және ежелгі дәуірдің педагогикасынан бастап қалыптасқан
тәрбиелеу мен оқьпудың әдістерін дидактикалық анықтауы үйреншікті және
түсінікті болды. Уақыт өте бұл техника жағымды, бірақ өсіп келе жатқан
ұрпаққа білім беруде шешуші фактор емес екенін,
оны ұстаздың орнына емес, керекті жерде қолдану қажет деген түсінік пайда
болды. Техниканың оқу үрдісіне енуі мен Батыста білім алудың технологиясы
жайлы сөз болды және оны техникалық оқу құралдарымен байланыстырылды.
Ресейде білім алу технологиясы түсінігін педагогикалық технология
терминіне дейін кеңейтті: Технология сөзі (гректің - өнер, ғылым, деген
мағынасын білдірді) шығармашылық үрдістерді өткізу әдістері мен амалдары
туралы білімнің жиынтығы. Бұл білімдердің жиынтығын жүйе ретінде түсініп
көптеген авторлар жұмыстарында оқу үрдісінің технологиясы туралы айтады.
Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық(оқыту)
технология ұғымы терең тамыр жайды. Дегенмен де, осы ұғымды түсіну мен
пайдалануда әртүрлілік басым.
Технология - өңдірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері
жайлы білім жиынтығы,- деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама
берілген. Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін
пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық және
құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді (Кларин М.В.).
Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін
ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан
- жақты ойластырылған үлгісі (Монахов В.М.).
Fылымға технология – диалектикалық жүйенің процессуалды бөлiгi
(ЧошановМ.).
Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық
жүйенің жобасы (Беспалько Б.П.).
- Педагогикалық технология дегеніміз жоспарланған оқыту нәтижесіне жету
процесінің сипаттамасы (И.П.Волков).
- Педагогикалық технология дегеніміз оқу процесін іске асырудың мазмұндьrқ
техникасы (В.П. Беспалько).
- Педагогикалық технология - оқыту процесін өткізудегі, ұйымдастырудағы,
жоспарлаудағы мұғалім мен оқушы үшін жағдай жасап, бірлескен
педагогикалық қызметінің барлық бүге-шүгесі ойластырылған үлгісі -
моделі (В.М.Монахов).
- Педагогикалық технология - оқытудың, тәрбие құралдарының арнайы жиынын,
әдісін, тәсілін, айласын анықтайтын психологиялық - педагогикалық
нұсқаулар бірлестігі, ол педагогикалық процесті ұйымдастырудың
әдістемелік құралы (Б.Т.Лихачев).
- Педагогикалық технология - оқыту процесін ұйымдастыру ұйытқыларының
тәуелді бірліктегі қызметінің нақты, мазмұндық көрінісі.
Педагогикалық технология оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші ілім ретінде
оқытуда қолданылатын қағидалар, реттеушілер, әдістер жүйeci peтінде, нақты
оқыту процесі ретінде қызмет етеді. Оның үш деңгейі бар:
1) Жалпы дидактикалық деңгей (мaқcaттap, мазмұн, оқытудың құралдары мен
әдістер жиынтығы, субъекті мен объекті қызметінің алгоритмі);
2) Пәндік деңгей (белгілі бір пән, сынып, мұғалімнің оқьпу мазмұнын іске
асырудың әдістері мен құралдары жиыны ретінде түсініледі);
3) Модульдік (жергілікті) деңгей.
Педагогикалық психологияның берері көп: бірінші - әр шәкірт оқу еңбегіне
жұмылдыlрылады, әрқайсысына лайықталған әр деңгейдегі
тапсырмалар жүйесі бар және оған жеке дайындығына бөлінген уақыт
бар, екінші - әр шәкірттің ілгерілеуіне жол ашыладьr, еркін өз пікірін айта
алуына, өзара көмек көрсетілуіне жағдай туғызылады, үшінші -
оқушының білім деңгейі бағаланатын кесте толтырылып отырады, күнбе-күнгі
бақылауға алынады. Жеке оқушымен әр деңгейлікті тапсырмалармен еңбек ету
оның білімі мен біліктілігін, дағдысы іскерлігін шыңдайды, әрі қарай білім
мазмұнын ірі блоктармен жинақ логикалы байланыста білім алуға машықтанады.
Осылайша пайымдауы, пікірі, өз көзқарасы бар жеке тұлға қалыптасады.
Осындай әр оқушыға ыңғайланып жасалынған деңгейлік тапсырмаларды
нәтижесінде өзіне деген сенімділік пайда болып, сабақта белсендік артады.
Педагогтік технологиялардың үш түрлі сипатының құрылым жүйесі бар. Олар:
Ғылымилығы. Оқу жоспарындағы пәндердің ғылыми негіздерінің мұраты,
мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсіл, амал жолдары, құралы. Педагогикалық
үрдістердің жобасы.
Үрдісті сипаттық. Әр пәннің сабақтың типіне орай блоктік жүйесінің
алгоритмі, тапсырмаларды нәтижеге бағдарлайтын мақсаты, мазмұны, әдістері,
құралдары, тәсілдері, амалы, жолы.
Үрдісті-әрекеттестік. Педагогтік әдіснаманың, құралының жеке тұлғалық
белгілерді дамыту бағытындағы атқарылатын ойлау әрекеті.
Біздер педагогикалық технологиялардың ғылым ретінде қалыптасуына осындай
сапалық іс-шараларды қарастырдық. Мұнда оқытудың ең ұтымды түрлері
зерделеніп, ой елегінен өтіп, ұста нұсқаушылық, ұйымдастырушылық, тапқырлық
тәсілдеріне cүйеніп отыру дағдыға айналды. Оқыту жүйесі үнемі үзіліссіздік,
сабақтас қағидаларға негізделіп, ірі-ірі блоктардың басын қосып, тұтасть
толық, кең аукымда тәртіппен қабылдауына мүмкіңдіктер жасады.
Жалпы педагогтік. Белгілі бір оқыту шешімінің білім меңгеру үрдісіңдегі
тұтастық заңдылығын caқтayғa ыңғайлануы. Бұны оқыту жүйесі дейміз. Осында
басқарудың, оқытудың мұраты, мақсаты, міндеті, мазмұны, құралы, әдісі,
амалы, жолы айқындалады.
Жеке әдістемелік. Жекелеген пәндердің белгілі бір нысананың толық
қабылдануының мақсаты, міңдеті, мазмұны, әдіс-құралы, тәсілі, амал жолы.
Бөліктік (пішін) деңгейі. Әр технология педагогтік үрдістің түрлерін
айқыңдады, ұғымдар қалыптастырады, оны терендетуге бағыттайды. Әсіресе,
сабақтың типін жүзеге асыру үшін атқарылатын жұмыстардың үлгісі, пішіні,
құрылысы құрастырылады. Мұның бәрі дерлік әр оқушының қабілетіне сәйкес
құрылған тапсырмалардың орындалуы нәтижесінде білік пен өзінің жиған ілімін
бақылауға алып, өнімді оқу еңбегін ұйымдастыруына ықпалын тигізеді., күнбе-
күнгі бақылауға алынады. Жеке оқушымен әр деңгейліктегі тапсырмалармен
еңбек ету оның білімі мен біліктілігін, дағдысы мен іскерлітіншындайды, әрі
қарай білім мазмүнын ірі блоктармен жинақтап логикалы байланыста білім
алуға машықтанады. Осылайша өз пайымдауы, пікірі, өз көзқарасы бар жеке
тұлға қвлыптасады. Осындай әр оқушыға ыңғайланып жасалынған деңгейлік
тапсырмалардың нәтижесінде өзіне деген сенімділік пайда болып, сабақта
белсенділігі артады.
Басқару ісіндегі және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үрдісіндегі
педагогикалық технологиялардың бәріне ортақ құрылым жүйесі мыналар:
Методологиялық талаптар:
1. Концептуалдық негізінің болуы. Қандай технология болса да
философиялық ғылыми тұжырымдарға негізделуі тиіс.
2. Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлық бөліктерінің логикалық
байланыста болуы шарт.
3. Басқаруға оңтайлығы. Диагностикалық болжау - жасауға, жоспарлауға,
нәтижені өндеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп
пайдалану мүмкіндігі болуы керек.
4. Тиімділігі. Білім беру стандартын канағаттандыруы тиіс.
5. Қайталауға жарамдылығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға
мүмкіндіктің болуы.
Педагогикалық технологияның даму көзі мен құрамдас бөліктері болып:
- әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау;
- педагогика, психология, қоғамдық ғылымдар;
- отандық, шетелдік тәжірибелер, ескі мен жаңа;
- этнопедагогика болып табылады;
- Тұжырымдық негізі:
- оқытудың бүгінгі нарықтық қоғамға лайықты мазмұны (оқытудың мақсаты)
жалқы және жалпы. Оқу материалының нысанасы;
- үрдістік бөлігі - технологиялық үрдіс.
Негізінде, көптеген технологиялардың құрылым-жүйесінің заңдылығы ретінде
педагогикалық картаны құрастыру тиімді. Бұл - білімдi тұтас, тараулардың
ірі блоктарға жинақталып, олардың бір-бірімен логикалық байланыста больm
келуінің кепілі.
Әр педагогтік технология белгілі бір тәжірибе жинақтау ұтысында ғылыми
тұжырымдардың тірек ұғымдарының қосындысын анықтайды. Пәндердің өзіндік
ғылыми негіздері бар. Педагогикалық тұжырымдардың өзі мынандай
жіктемелерден, құрамдардан тұрады:
- ғылыми негізі технологияның озық төжірибе қатарына қосылған ғылыми
жүйесін меңгеруге бағыттайды. Мұнда оқытудың біліми, ғылыми үндестігі
қатарынан дамытылады;
- жүйелілік. Педагогикалық технология жүйесінің барлық белгілерін қамту
көзделеді:
1. Парасат, бағам үрдісі, оның кіші құрамдарының ішінара байланысы,
тұтастық қағидасы. Алдымен макродидактикалық, одан кейін микродидактикалық
жүйенің құрылымы.
2. Басқарымдық қуаты. Мақсаттылық мүмкіндікті қарастырады, оқу үрдісін
жоспарлауға, жобалауға, диагностика жүргізуге, әр түрлі әдіс-тәсіл, амал-
жол жүйесін үнемі қажетіне қарай құбылтып, өзгерістер енгізіп отыру
көзделеді.
3. Ұтымдылық қуаты. Монополия зандылығына, сұраным мүддесіне сай келіп,
өміршендігіне кепілдік беру оқытудың мемлекеттік қалып-талаптарынан жоғары
басқыштарға, мәреге көтерілу жолдарын, барлық білім көздерінің (мектеп
жағдайында) адам өміріне жарауына бағамдалады.
4. Қайтарымдық қуаты. Бүгінгі танда мектеп өміріне педагогтік
технологияның қажеттілігі жайлы әңгіме қозғаудың артық екені даусыз.
Өміріміздің бір тынысы больm кеткен педагогикалық технологиялардың oқыту
үрдісіндегі жүйесі: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал-жол екенін ұмытпаған
жөн.
Педагогикалық технологиялардың ғылыми негізі нысана мен тұлғалық ділді
дамытумен анықталады.
Даму ең негізгі, жетекші желінің ауқымында өрбиді, оны былай жіктеуге
болады:
- адам баласының ойлау қабілетін ширату, психологиялық қалпын анықтау,
тұқым қуалаушылық дәстүрін зерделу іс-әрекеттеріне ұмтылдырады;
- әлеуметтік-рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті
жағын дамытуға бағыттайды;
- өз-өзін дамытудағы психологиялық даралық сипатын аңғаруға
ниеттендіреді;
- мұратты, іштей ойындағы мақсатты, т.б. көзге түсе бермейтін тұлғалық
сипатын айқындап отыруға ұмтылдьrрады(жалпы психология, ұлттық
психология, парапсихология).
Педагогикалық технология ұғымы - бұл тек технологиялық оқу құралдарын
дамьrrу немесе компыотерлеңдіру емес, білім беру үрдісінің факторларына
талдау, пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді конструктірлеу, бағалау арқылы,
білім беру тиімділігін арттыратын ұстанымдар мен заңдылықтарды зерттеу
деген тұжырымға тоқталамыз.
Жеке тұлға, яғни шығармашылыққа бейім дарынды тұлға қалыптастыру білім
мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке
дайындау, мақсатты білім беру - тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер.
Педагогикалық технология оқьпу мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын
көрсетеді. Мақсатты айқындау, ол - сабаққа қойылатын жаңа талап, жаңалық
емес. Ал, мақсаттың нақты болуы, нәтижемен тікелей жұптасып жатуы
педагогикалық технологияның негізі түйіні. Педагогикалық технология
ерекшелігі оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта
отырып окушының өз бетімен мақсатқа жетуінде.
Зер сала қарасақ, білімгерлердің білімді меңгеру деңгейі талдаудан
бастап, синтез, баға деңгейлерінде жоғарылай түседі. Егер білім түсінік
қолдану, берілген білімді ұғу, меңгеру, пайдалану дәрежесінде ғана болса,
өз оқушыларымыздан өндіріп аларымыз аз, яғни оқушы қызметі өнімсіз деңгейде
қалып қоймақ. Ал мақсатты анализ жасау деңгейінде білімгерлер да қойылған
мәселе төңірегінде ізденіс, талпыныс пайда болып, өз ойларын ортаға сала
отырып, өнімді қызмет ету деңгейіне көшу басталады. Сондықтан да
оқушылардың өнімсіз немесе өнімді деңгейлердегі қызметі тікелей оқу
үрдісінің ұйымдастырылуына, мақсатты нaқты aнықтayғa байланысты.
Оқушылардың білімді меңгеру деңгейлері В.П.Беспалько, Б.Блум
тұжырымдамасында келтірілген танымдық қызмет аймағымен анықталды.
Осылайша жіктелген білімді менгерудің төрт сатысы оқушылардың бастапқы
оқушы деңгейінен шығармашылық сатысына дейінгі жобасын айқын бейнелейді.
Бірінші сатыда (оқушы деңгейі) мақсат, шарт, әрекет мұғалім арқылы
анықталып, оқушы әрекеті негізінен қабылдау, тыңдау, ұғыну қызметімен
шектеледі.
Оқушы әрекеті екінші алгоритмдік сатыда мұғалімнің қойған мақсаты, шарты
негізінде ұқсас тапсырмаларды орындауда байқалады. Ал мақсат айқын, шарт
белгісіз болған жағдайда, оқушы өзі қойған шартына қарай өздері әрекет
жасап, өзі үшін жаңалық ашады, тапқырлық көрсетеді, яғни олар өз
еңбектерімен жаңа мәлімет алып, өнімді қызметке қолы жетеді. Өнімділік
деңгейдің ең жоғарғы шығармашылық сатысында мақсат нақты емес жалпылама
болған жағдайда, оқушы мақсатын және оның шартын айқындай отырып, әрекет
жасау арқылы өзіндік жаңа білім игеріліп, оқушының шығармашылыққа қолы
жетеді. Оқушының осы шығармашылық сатыға жету жолдары оқушының өз іс-
әрекеті арқылы сатылы жүзеге асады. Технологияның негізгі ерекшелігі –
оқушының өзіндік білімге қолының жетуінде. Оқыту кезеңдері мазмұны,
тәсілдері мен құралдары бойынша ғылыми негізделген нақты мақсаттар
құрылады, ал түрлі мақсат жаңа талаптарға сай жоғары кәсіnтендірілген
мамандар қальштастыруға әкеліп соғады. Оқьпу технологиясын құру да устаз
бен оқушының нақты іс-әрекеті техникалық оқу құралдарын қолданып немесе
онсыз болжамданады.
Педагогика да өнер деген ой бар. Бірақ өнер әркімге емес, тек өз ісіне
шебер, белгілі бір қабілеті бар адам шамасына шақ. Өкінішке орай, барлық
ұстаз педагогикалық шеберлікті меңгермеген, ал педагогикалық технологияны
әркім меңгере алады, өйткені өнер интуицияға, технология ғылымға
негізделген. Білім мен тәрбиенің жақсы ғылыми негізделген технологиясы-
педагогикалық шеберлік деп В.П.Беспальконың айтқанымен келіспеуге
болмайды.
Әрбір ұстаз қолданылып отырған технологияға білімгер санына, оның
психологиялық қабілетіне, лайықты ғылымның дамуына, ғылыми дайындығына және
уақыт талаптарына байланысты өзінің ғылыми негіздегі түзетулерін енгізуі
қажет. Қазіргі уақыт нарық экономикасында жұмыс істейтін маман даярлауды
талап етеді. Оны елемеуге болмайды.
Ұстазды педагогикалық шеберлікке ие болуға, білімгерді өзінің мамандық
қызметіне ие болуға әкелетін педагогикалық технологияның өңдеy сатылары
осындай. Егер оқу технологиясын жалғыз ұстаз құрса, мақсатқа жету қиынға
соғады. Оны өмір бақи өндеуге болады және тоқтay қиын болады.
Ал оқытушылар ұжымына оқу технологиясын құру оңай. Енді дәстүрлі
педагогикада: проблемалық, программаланған, бейімделген, модульдік,
іскерлік ойындар сияқrы белеңді әдістері деп аталатын пәңдік емес оқытудың
жалпы технологиясын қарастырамыз. Бірақ, бұл оқу әдістеpi емес,
педагогикалық технологияға ғылыми негізделген ·білімгерлердің тaнымдьrқ
іскерлігін және басқа қабілетін жобалаудағы нақты диагностикалық мақсатқа
негізделген педагогикалық технологияға тиесілі оқытудың технологиясы. Олай
болса, педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен
терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен
тиімділігін қамтамасыз ететін жаңды құрамдас бөлігі.
Қазіргі заманғы әдебиеттерде білім берудің даму бағыты мен
тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып
жүргені бәрімізге мәлім. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі
қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Сондықтан біз
оқытудың жаңа технологияларын таңдауда В.Фирсовтың ұсынған критерийлерін
көрсете отырып, олардың технологияларының кейбіреуіне талдау жасауға
болады.[3](Бұзаубақова)
2.3 Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқытудың өзегі оқу модулі. Ол:
- ақпараттардың аяқталған блогынан;
- оқушы іс-әрекеті бағдарламасынан;
- бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің
нұсқауларынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс
істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша окытудың
дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік оқытудың басқа жүйелерінен ерекшелігі мен айырмашылығы:
Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын
жекеленген кешендер түрлері ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып, онда тек
оқылатын мазмұн көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі де
анықталады. Сонымен қатар оқушы мұғалімнен жұмыс істеудің тиімді жолдары
көрсетілген жазбаша нұсқау алады.
Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас түрі өзгереді. Ол модульдер арқылы.
басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым-қатынас процесі арқылы жүзеге
асады.
Оқушы көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады, ол мақсат қоюға, өзін
жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға, өзін бағалауға үйренеді.
Модульдік оқытудың ерекшеліктері:
1. Модульдік оқытудың мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу
мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы
жұмыс істей білуге үйрену.
2. Модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген; оқушының кейде ғана
емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы
меңгеріледі.
Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды оқу мақсатына
бағыттайды, оның қабылдауына жағдай жасайды, балалардың өзін-өзі бақылау
және бағалау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті
оқыту процесін қамтамасыз етеді.
3. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген:
Егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының
көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің жақын даму аймағында деп
есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясын жетілуіне септігін
тигізеді, өйткені ол бүгін басқалардың көмегімен орындалған тапсырмаларды
ертең өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, оқушы өзекті даму
аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады.
Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшері
мен мазмұнын саралап, оқу әрекетінің әртүрлі формада (жеке, топтық, тұрақты
жұптың және ауыспалы құрамда ) ұйымдастырылу арқылы жүзеге асырылады.
4. Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған.
Бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері: іс-әрекеттегі нақтылық логика,
белсенділік және оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі, жеке жұмыстың
қарқыны, нәтижелерді салыстыру (аралық және қорытынды), өзін-өзі бақылау
мен өзара бақылау - модульдік оқытуға да тән.
5. Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі окыту процесін
оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырьш жоғары
нәтижеге жетуді талап етеді.
Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің жүйесі
Модульдік 6ағдардама жасаудағы мұғалім іс- әрекетінің жүйесі.
Бірінші қадам - оқу курсын жүйе деп қарастыру, оқу мазмұнының алғашқы
құрылымын анықтау.
Мұғалім алдымен өзі, сонан соң әдістемелік бірлестікпен бірлесе отырып,
оқу пәнінің негізгі бағытын, өзегін аныктайды.
Келесі әрекет - әрбір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz