Қазақ этнонимінің синонимі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ АЛАШ ҚАУЫМЫНЫҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Алматы - 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1. «АЛАШ» ЭТНОНИМІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ . . . 1. 1 «Алаш» этнониміне тарихи көзқарас . . . 1. 2 Түркеш қағанаты және Алаш ұлысы . . .
2. ҮШ САН АЛАШ ЖӘНЕ АЛАШ МЫҢЫ НЕГІЗДЕЛУІ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ . . .
3. АЛТЫ САН АЛАШ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . .
3. 1 Алты сан Алаш (Жалайыр, Қоңырат, Алшын, Арғын, Найман, Қыпшақ) қауымдастығына зерттеушілердің көзқарастары . . .
3. 2 Алты сан Алаш − Қазақ этнонимінің синонимі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Әрбір мемлекеттің негізгі капиталы халық. Сол себептен зерттеу жұмысы қазақ халқының қалыптасу мәселесіне арналады. Аталмыш тақырып аясында автор негізінен қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін және оған алаш қауымының тигізген үлесін қарастырады.
Диплом жұмысының өзектілігі. Дүние жүзінде мыңнан астам халық өмір сүреді. Оның әрқайсысының халық болып қалыптасуының өзіндік, ерекшеліктерге толы, жолдары бар. Сол сияқты біздің қазақ халқы да олар секілді халық болып қалыптасу жолында тар жол, тайғақ кешулерді басынан өткерді.
Тарих ғылымы өте күрделі ғылым болып тбылады. Оның құрамында көптеген салалары бар. Белгілі бір халықтың тарихын зерттегенде ол салалардың барлығының өзінше маңызы жоғары. Қазақ мемлекеті өте жас мемлекет. Дегенмен, оның тарихи тамырлары терең, өзгелерден кем емес. Үш ғасырға жуық орыстың боданында болу қазаққа оңай тимегені анық. Қазақ интеллегенциясының қолы байлаулы болды. Халқымыз еркін әрекет етуден қалды. Бірақ қой үстінде бозторғай жұмыртқалайттын да күн туды. Ендігі ұрпақтың еншісінде тәуелсіз халқымызды өркендету, дамыту болмақ. Бұл орайда тарихшыларымыз төл тарихымызды жаңаша көзқараспен, қазақы тұрғыдан жазуға кірісіп те кетті. Алайда, тарихымыз жазылды, мәселелер шешілді деп айтуға әлі ертерек. Қазақстан тарихы белгілі бір дәрежеде жазылғанымен, терең зерттеулерді қажет ететін мәселелер баршылық. Мемлекетіміз орналасқан Орталық Азия территориясында ерте тас дәуірінен бері халық мекендегені белгілі. Сол себептен де қазақ халқының этникалық тарихында ақтаңдақтар көп. Оның ішінде халқымыздың құрамындағы тайпалардың тарихы ақсап келеді. Олай болса, зерттелінгелі отырған алдарыңыздағы «Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының орны мен мағызы» атты тақырып орынды таңдалынған болса керек.
Айтып өткеніміздей, қазақ тарихында терең зерттеулерді қажет етіп отырған бірден бір сала бұл этникалық тарих. Соған байланысты бүгінгі күні тарихшылардың арасында қазақ халқының қалыптасуының мәселелері алаң туғызып отыр. Оның ішінде қазақ халқының қалыптасу кезеңдері, ру - тайпалық құрамы, орналасу территориясы, этнонимдер этимологиясы және т. с. с. Тәуелсіздік көкжиегі көрініп, халқымыз еркін тыныстана бастағаннан кейін жазылған қазақ тарихы кеңестік кезеңде жазылған тарих деңгейінен өте−мөте көтерілген жоқ, әсіресе бұл жағдайдың ежелгі және ортағасырларға қатысы басымырақ. Себебі қазақ халқының қалыптасуына байланысты кеңестік көзқараспен жазылған тұжырымдар сақталып қалған. Бүгінгі таңда отандық тарихшылардың тарапынан қазақ халқының қалыптасуына байланысты жаңа болжамдар ұсынылуда. Ол болжамдар жаңа деректердің табылуына байланысты пайда болса керек. Мемлекетіміздің қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жарық көрген қытай деректерінің қазақ тіліне аударылуының нәтижесінде, бұрын соңды белгісіз болған факторлар анықталуда. Ежелгі өркениеттердің иелері болып табылатын қытай императорларының бұйрығымен жазылған жылнамалар қойнауында қазақ халқының ежелгі және ортағасырлар тарихына қатысты мәліметтер орасан зор. Міне, сондықтан да жаңа мәліметтердің негізінде қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы қайта жазылғанын аға буын тарихшылар қолдап отыр. Оның үстіне деректердің негізінде тарихымызда қателіктер кеткендігін байқай тұра оны түзетпеу отанға деген опасыздық емес пе?
Аталған деректердің ішінде қазақ халқының қалыптасу негіздерін анықтауға көмек беретін мәліметтер де баршылық. Мәселе «Алаш» атауынна байланысты. Нақтырақ айтар болсақ, қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымдастығының рөлі.
Қандайда болмасын этностың қалыптасуы өте үлкен уақыт шеңберінде жүзеге асатын күрделі процесс екендігі баршамызға белгілі. Қазақ этносының қалыптасуы да соған сәйкес сан ғасырлар бойы қалыптасу процесін басынан өткерді. Халқымыз үшін бұл жағдай бірнеше кезеңдерден тұрды. Сонымен бірге қазақ халқының қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері бар екендігі баршамызға құпия нәрсе емес. Үш жүзден құралған қайсар қазақ халқымыздың мұндай жағдайда қалыптасуын алдағы тарауларда анықтайтын боламыз. Яғни ол дегеніміз қазақ халқының сақ дәуірінде, түрік кезеңінде, ерте ортағасырлық және дамыған орта ғасырлық кезеңдерде жетіліп, жекелеген тайпалардан құралып, қазақ хандығының құралуына байланысты халық болып қалыптасу мәселесі.
Олай болса, сан ғасырлардан бері жүздерге, тайпаларға, руларға бөлініп келген қазақ халқының тарихы жазылуда этникалық мәселелердің алар орны зор. Сол себептен « Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының орны мен маңызы » тақырыбының таңдап алынуы қажеттіліктен туындаған.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны қазақ халқының қалыптасу проблемасы, оның ішінде қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымдастығының алатын орны болып табылады.
Диплом жұмысының зерттелу пәні Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының орны мен маңызы.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері . Қазақ халқының қалыптасу процесі айтарлықтай ұзақ уақытқы созылған. Сол себептен біз зерттеу жұмысымыздың хронологиялық шеңберін ҮІІІ - ХҮ ғасырлар аралығында алып отырмыз. Өйткені қазақ халқының құрамындағы тайпалардың бір тобы осы ғасырдан бастау алады деуге негіз бар. ҮІІІ ғасырда құрылған Түргеш қағанаты заманауи Қазақстан республикасының территориясында пайда болған алғашқы мемлекет болып табылады және оның мемлекеттік құрылымы мен Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымдары ұқсас келеді. Сонымен бірге Түргеш қағанатын құруға атсалысқан тайпалар Қазақ хандығын құруға атсалысқан тайпалардың құрамында кездеседі.
«Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының орны мен маңызы»тақырыбындағы диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты тақырыпты жан жақты ашып зерттеу. Ол үшін алдымызға белгілі бір міндеттер қойдық. Олар:
- «Алаш» этнонимінің мән мазмұнын ашу;
- Түркеш қағанаты және Алаш ұлысы арасындағы тарихи сабақтастықты анықтау;
- Қадырғали Жалайырдың еңбектеріндегі Алаш мыңы қауымдастығының қалыптасуының себептерін анықтау;
- Үш сан Алашқа кіретін Жалайыр, Қоңырат, Алшын тайпалық бірлестіктерінің қазақ халқының қалыптасуындағы орны мен рөлін айқындау;
- Алты сан Алаш қауымдастығына зерттеушілердің көзқарастарын ашу;
- Алты сан Алаш (Жалайыр, Қоңырат, Алшын, Арғын, Найман, Қыпшақ) − Қазақ этнонимінің синонимі
Диплом жұмысының деректік негізі Тарыхшы қандай да болсын зерттеу жүргізгенде оның еңбегі тарихи деректерге сүйенуі керек, яғни зерттеу діңгегі дерек болып табылады. Сол себептен біз өз еңбегімізге дерекнамалық шолу жасағалы отырмыз. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері шамамен жеті ғасырға созылғандықтан мұндай уақыт аралығында біздің зерттеу обьектімізге байланысты деректер баршылық. Қазақ халқының қалыптасуына тікелей байланысты деректердің болмауы ғажап емес. Себебі ҮІІІ ғасырда «қазақ» этнонимі де қалыптаса қоймағаны белгілі. Сонымен бірге қазақ халқы 45 тайпадан тұратын этнос болғандықтан біз қазақты құраған тайпалардың жеке халық болып қалыптасуының кезеңдерін қарастыратын боламыз. Олай болса аталған уақыт шеңберінде жазылған тақырыпқа қатысты деректерді біз негізінен шартты түрде үшке бөліп қарастырамыз. Олар ортағасырлық тарихшыларының еңбектері, қытай жылнамалары және қазақ халқының ел ауызындағы аңыз - әңгімелері болып табылады.
Зерттеуімізде қолданылатын бірінші топтағы деректерге араб тіліндегі жазба деректер - ибн ал-Асирдың, ан-Насавидың (Несеви), Ибн Абд аз-Захирдың, ал-Омаридың, ал-Айнидың, ал-Женнабидың еңбектеріндегі мәліметтер жатса, сонымен бірге түрік тіліндегі деректерге Махмуд Қашқаридың, Қадырғали Жалайырдың еңбектерінің мәліметтері жатады.
Бірінші топқа біз тағы Рашид ад-диннің «Жылнамалар жинағы», Жувейнидың «Тарих-и жахангуша», Казвинидың «Тарих-и гузиде»; «Таварих-и гузида-йи нусрат-нама», «Фатх-нама», «Шайбани-нама», «Маджму ат-таварих», «Шыңғыс-нама» және «Бабыр-нама», «Тарих-и Рашиди», «Тарих-и Кипчаки»; «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахрар»; «Фирдаус ал- икбал» еңбегінің мәліметтері жатады.
Тақырыбымызға қатысты қытай деректерін біз негізінен 2006 жылы жарық көрген «Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері» атты кітаптағы Жаңа таңнама, Көне таңнама, Таң жарлығы сияқты деректерді пайдаланамыз.
Ал үшінші топқа жататын деректер негізінен халық ауыз әңгімелері болып табылады. Соған байланысты ескертетін бір мәселе бар. Ол қазақ халқының әдебиеті негізінен ауызша жүргендіктен оларды ең алғаш қағаз бетіне түсіру қазақтардың Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін жүзеге асты. Қазақтың тарихын, этнологиясын, дәстүрін жалпы өмірлік болмысын орыс ғалымдары Патшаның бұйрығымен зерттегені құпия емес. Міне, сол мақсатпен қазақ даласына келіп, қазақтарды зерттеуге атсалысқан орыс зерттеушілері халқымыздың аңыз әңгімелерін, жыр дастандарын, шежірелерін қағаз бетіне түсірген. Бұл үрдіс негізінен Кіші жүз қазақтарының Патша үкіметінің қол астына кіруінен бастап етек алады. Ең алдымен кіші жүз қазақтарынан ант қабылдауға келген Тевкелев қазақтар туралы мағлұмат жинағаны белгілі. Осыдан бастап қазақ халұына байланысты мәлімет жинаумен айналысқандардың қатарына Гавердовский, Татищев, Рычков, Гродеков, Потанин, Левшин және т. б. ғалымдар жатады. Қазақ ауыз әдебеиетін қағаз бетіне түсіргендердің қатарында қазақ ғалымдары да бар. Бірақ олардың еңбектері айтарлықтай кешірек жазылды. Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Бөкейханов, С. Көпейұлы, Әбілғазы баһадүр сияқты қазақ жанашырларының еңбектерінде де қазақ халқының пайда болуына байланысты деректер кездеседі.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақ халқының қалыптасу мәселесі негізінен біршама зерттелген тақырыптардың қатарына жатады. Дегенмен қазақ тарихында тоқетері айтылып, соңғы нүктесі әлі де болса қойылмаған проблемалар баршылық. Оның негізгі себептерінің бірі тарихшыларымыздың айтуынша дерек көздерінің жетіспеуі. Дегенмен мұндай кедергілерге бет бұрмай мәселенің мәнісін ашуға талпынушылар да аз емес.
Тақырыптың тарихнамасын әдеттегідей үш кезеңге бөлуге болады. Олар төңкеріске дейінгі, кеңестік кезең және қазірге немесе тәуелсіздік кезеңдері.
Бірінші кезеңнің ерекшелігі тарих ғылымының дами түспеген, ғылыми ойлау жүйесінің қалыптаса қоймағандығы болып табылады. Дегенмен бұл дәуірдің тарихшылары мәселені мәнісін ашуға бар күш жігерлерін жұмсады. Оларға негізінен Рычков, Гавердовский, Красовский, Мейер, Левшин, Уәлиханов, Броневский, Гродеков, Толстов, Аристов, Вельяминов-Зернов, Харузин т. б. ғалымдар жатады.
Аталған кезеңге сипаттама беретін болсақ атап өткеніміздей бұл кезеңдегі тарихшылар негізінен мәлімет жинаумен айналысқан. Дегенмен олардың арасында проблеманы шешуге атсалысқандар да кездесді. Мысалға қазіргі ғылымда кең қолданысқа ие қазақтардың автохтондылығы туралы концепцияның негізін салушылар осы кезең өкілдері болып табылады. Ол туралы алдағы тарауларда кеңінен айтатын боламыз.
Келесі кезең −кеңестік кезең. Бұл дәуір өкілдері де қазақ халқының қалыптасуына арнап іргелі еңбек немесе монография, әлдебір диссертация жарияламаған. Жүргізілген зерттеулердің ауқымдыларының өзі баяндама көлемінде ғана. Сонымен бірге қазақ хандығының құрылуына байланысты немесе сол іспеттес тақырыптардың етегінде бірге қарастырылады. Қазан төңкерісінен кейін зерттеу тақырыбымыз аясында қалам тартқандар қатарында Тынышбаев, Асфендьяров, Адильгереев, Вяткин, Куфтин, Чулошников, Султанов, Бернштам, Бартольд, Арғынбаев, Востров, Муканов, Ахинжанов Пищулина, Смагулов, Масанов және т. б. ғалымдар жатады. Қозғалып отырған кезеңнің де өзіндік ерекшеліктері бар. Көріп отырғанымыздай, яғни кезеңнің атының өзі айтып тұрғандай, жағарыда аталған тарихшылар зерттеулерін әміршіл әкімшіл жүйенің қыспағында жазған. Олай болса мәселенің обьективтілігіне күмән келтіруге болатындығы айтпай ақ белгілі емес пе? Дегенмен, айқындай түсетін болсақ, қазақ халқының қалыптасуы маркстік лениндік теория тұрғысынан жазылып, тіпті қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталу кезеңін КСРО ның құрылу кезеңіне дейін созып қойған. Оның үстіне кеңес одағына дейінгі жазылған еңбектер өте ауыр сынға душар болады. Ондағы авторларға тағылған мін зерттеулерде қолданылған методология буржуазиялық сипатта субьективті түрде болған. Мұның бәрі дұрыс ақ дегенмен кеңестік кезеңнәі осы әңгімені өрбітіп отырған ғалымдардың еңбектері обьективтілікті ту етіп жазылғанына кім кепіл? Олай болса нағыз обьективтілікке мойын сұнып, отансүйгіштік пен ұлтжандылық сезіммен бұл тақырыпты зерттеушілер әлі алда тосып тұрған -ды.
Соңғы немесе үшінші кезең бұл - Тәуелсіз Қазақстан республикасы немесе қазіргі кезең. әрбір мемлекеттің өз жанашыры өз халқы болмақ. Сол себептен де қазақ халқының тарихының обьективті тұрғыдан жан жақты зерттелуін кім де болса осы кезеңнен күтері сөзсіз.
Егерде бірінші кезең окілдері Патша үкіметінің таптық езгісіне душар болып еркіндіктен айрылса, екінші кезең өкілдері кеңес үкіметінің әміршіл әкімшіл езгісіне ұшырап еркіндіктен айрылған.
Олай болса Қазақ халқы қалыптасу проблемасының шешуін біз дәл осы кезеңнен күтеріміз анық. Сөздің шыны керек қазақ халқының қалыптасуына байланысты жаңа ғылыми тұжырымдар мен жаңа концепциялардың негізі осы жылдары қалыптасуда. Алдағы кезеңдерде пайда болған қазақ халқының қалыптасуына байланысты автохтондылық және миграциялық концепцияларға қосымша енді лингвистикалық және антропологиялық концепциялар ұсынылды. Сонымен бірге замандас тарихшыларымыз қазақ халқының қалыптасуында осы концепцияларды пайдалана отырып, оның негізгі кезеңдерін нақтылауға дәлірек айтқанда ескілік сарқыншақтардан, яғни кеңестік кезеңдегі қабылданған кезеңдерге бөлуден өзге жаңа деректердің негізінде қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін анықтауға атсалысуда. Тақырыпқа қатысты, яғни қазақ халқының қалыптасуына байланысты бірқатар проблемалар бар. Оларға тоқталып өтетін болсақ, қазақ хақының қалыптасу кезеңдері, қазақ халқының құрамы, «қазақ» этнонимінің пайда болуы және этимологиясы, «қазақтың» этнос болып құралуы, және соңғы кезде ғалымдар арасында қозғалып жүрген мәселе бұл қазақ халқының қалыптасуында «алаш» қауымдастығының рөлі мен маңызы. Міне, осы іспеттес мәселелерді шешумен аталған кезең өкілдері айналысуда. Оларға тоқталып кетер болсақ: Б. Көмеков, Т. Омарбеков, Б. Кәрібаев, Г. Сабденова, М. Қозыбаев, Н. Мыңжан, С. Жолдасбаев, Т. Сұлтанов, К. Аманжолов, М. Мағауин, З. Қинаятұлы, Б. Ирмуханов және т. б.
Қазақ халқының қалыптасуы проблемасының зерттелу деңгейі атап өткеніміздей негізінен зерттелген тақырыптарға жатады. Дегенмен отандық тарихшыларымыздың айтып жүргеніндей қазақ өз тарихын өзі жан жаққа жалтақтауды қойып жазуға міндетті. Сонымен бірге жаңа дерек көздерін айналымға ендііріп жаңаша нәтижелер шығарудың да кезі жеткені байқалады. Әні міне деп жүргенде тәуелсіздіктің таңының атқанына да жиырма жылдың жүзі де болып қойыпты.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі . Бұл мәселені талдау барысында автор ресейлік және отандық ғалымдардың теориялық тұжырымдарын қолданды. Бітіру жұмысында жалпы ғылыми (талдау, синтездеу, жалпылау және т. б. ) және жеке ғылыми (тарихи салыстыру және деректерді талдау) зерттеу әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы зерттеуде қойылған мақсаты мен міндеттерімен, осы күнге дейін айтарлықтай зерттелмеген жаңа материалдармен, сонымен қатар отандық тарихи ғылымда арнайы зерттеу пәні болмаған тақырыпты қоюмен тікелей байланысты. Тақырыпта Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының орны мен маңызы анықталып, тарихи рөлі айғақталды. Диплом жұмысының барысында тарихи этнонимдердің қазақ ру атауларына байланысты, біздің жағдайымызда халықтың атауына, яғни «алаш» этнонимі тирихи этнонимдердің түріне қарай жіктелінді. Сонымен бірге мұндай жіктеуді жасау үшін - тарихи этнонимдердің пайда болуының қазақ халқына тән жолдарын анықтау - жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады. Жұмысымыздың нәтижесінде Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының маңызы сонда, «Алаш» этнонимі қалыптасқан жаңа этностың автоэтнонимі болып анықталды.
Диплом жұмысының құрылымы негізінен кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысының көлемі 60 бетті құрайды.
1. «АЛАШ» ЭТНОНИМІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ
- «Алаш» этнониміне тарихи көзқарас
Бірінші тарауымыздың «Алаш» этнониміне тарихи көзқарас» тақырыбына кіріспес бұрын біз оған байланысты кейбір мәселелерді анықтап алуды жөн көрдік. Ондай мәселеге біз «этноним» ұғымын жатқыздық. Сонымен, «этноним» гректің ethnosхалық, onymaесім, атау деген сөзінен шыққан, яғни ру, тайпа, ел, халық, ұлт атаулары болып табылады. Этнонимдердің шығуын, таралуын, қолданылуын және құрылымын этнонимика зерттейді [Этноним // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т. 10. / Бас ред. Б. Аяған. - Алматы: «Қазақстан Энциклопедиясының» бас редакциясы, 2007. -704 б. 104] . Олай болса біз алда этнонимикалық зерттеулермен айналысатын боламыз.
Этнонимияның не екенін анықтап алғаннан кейінгі жұмысымыз түрік этнонимдерінің жасалу жолдарымен танысу. Ол үшін біз осы мәселеге қалам тартқан тарихшылардың еңбектерімен танысатын боламыз. Отандық тарихта этнонимия мәселесі қолға алынбаған. Ол ақиқат. Зерттеулер негізінен кеңестік кезеңде жүргізілген. Бұл тақырып бойынша жазылған монография немесе диссертация сияқты көлемді зерттеуді кездестірмейміз. Жазылған зерттеулер шағын мақалалар я болмаса ономастика, топонимикаға қосымша тараушалар болып келеді. Олардың ішінде Т. Жанұзақовтың «Очерк казахской ономастики» деген 1982 жылы Алматыда жарық көрген еңбегінің бір тарауы этнонимдер деп аталады [Джанузаков Т. Очерк казахской ономастики. -Алматы: «Наука», 1982. - 175 б. ] . Онда автор қазақ рутайпаларының атауларының пайда болу тарихын, кейбір этнонимдер мен этнотерминдердің тарихиэтимологиялық мағыналары мен этнонимдердің лексикосемантикалық классификациясы деген мәселелерге ден қояды. Келесі еңбек белгілі түркітанушы Н. А. Баскаковтікі. Орыс зерттеушісі өз назарын түрік этнонимдерінің моделдері мен олардың типологиялық классификациясына аударған [Баскаков Н. А. Модели тюркских этнонимов и их типологическая классификация. // В кн. Ономастика востока. -Москва, 1980. -Б. 199207 ] . Р. А. Агееваның «Страны и народы: происхождение названии» атты зерттеуінде этнонимдердің типтерін ажыратады [Агеева Р. А. Типы этнонимов // В кн. Страны и народы: происхождение названии. -Москва, 1990. -Б. 7185 ] . 1970 жылы Мәскеуден «Этнонимы» деген жинақ шыққан, онда этнонимдерге қатысты тақырыптарда жазылған мақалалар жарық көрген. Біздің тематикаға В. И. Никоновтың «Этнонимия» [Никонов В. И. Этнонимия // В кн. Этнонимы. -Москва: «Наука», 1970. -Б. 533] атты мақаласы сай келеді. Онда автор этнонимдердің түрлеріне және олардың құрылу заңдылықтарына баса назар аударады. Дәл осы жинақ ішінде Я. В. Чесновтың «О социальной мотивированности древних этнонимов» деген еңбегінде этнонимдердің өздігінен пайда болуынан бөлек этнонимнің пайда болуындағы мотивацияға көбірек көңіл бөліну керектігін ескертеді [Чеснов Я. В. О социальной мотивированности древних этнонимов // Этнонимы. -Москва: «Наука», 1970. -Б. 4650] . К. Утельбаева «Этноним самоназвание этноса» деген мақаласында этнонимдердің пайда болуына әсер ететін факторларды қарастырады [Утельбаева К. Этноним-самоназвание этноса // Ізденіс. -2008 -№3. -Б. 97104] . Ал Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУдың аға оқытушысы М. Карамендина өзінің «Қазақтың ұрантайпа атаулары» атты мақаласында қазақ рутайпаларының атаулары тотемдік жолмен пайда болғанын дәлелдеуге тырысады [Карамендина М. Қазақтың ұран-тайпа атаулары // Қазақтың тілі мен әдебиеті. -2008 -№7. -Б. 106112] .
Зерттеуіміздің нәтижесінде біз қазақ рутайпаларының атауларының пайда болуында белгілі бір ерекшеліктер мен заңдылықтардың бар екенін байқадық, яғни тайпа этнонимдерінің пайда болуының ерекшеліктерін біз Н. А. Баскаковтың топшалауына негізделіп төрт негізгі аспекті бойынша топтастыруды жөн көрдік. Олар:
Көлемі бойынша этнонимдер: 1) Макроэтнонимдер, яғни іріірі тайпа атаулары: қыпшақ, қаңлы, үйсін, қоңырат, дулат, найман, жалайыр, керей т. б. 2) Микроэтнонимдер, яғни кішігірім тайпа атаулары: жиеней, жетімдер, болат, батыр, балталы, жайық, көкше, төбет т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz