Ғұн тарихы XVIII ғасырдағы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінде


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ҒҰНДАР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Алматы 2009
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 5
І ТАРАУ. ҒҰН ТАЙПАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ . . . 9
1. 1. Ғұндар мен хұнндар проблемасы . . . 9
1. 2. Ғұндардың шығу тегіне байланысты теориялар . . . 11
ІІ ТАРАУ. КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ҒҰНДАР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . . 16
2. 1. Ғұн тарихы XVIII ғасырдағы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінде . . . 16
2. 2. Ғұн тайпаларының - Л. Н. Гумилев еңбектеріндегі саяси тарихының қарастырылуы . . . 26
ІІІ ТАРАУ. ҒҰН ТАЙПАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫНДА ЗЕРТТЕЛУІ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, МАҢЫЗЫ . . . 38
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының маңыздылығы. Қазақ халқы - этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Біз тарихқа VІ ғасырда «Түркі» деген атпен енсек те, алтайлықтар, сақтар, ғұндар сақтар, ғұндар мәдениетінің төл мұрагерлеріміз.
Ежелгі дәуірден тарихи тамыр алатын халқымыз ұлы тарихи оқиғалардың ортасында әрі куәгері болған. Солай десек те, кеңестік тарихнамада 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін қазақ та, түрікмен де, қырғыз да, өзбек пен әзірбайжан да өз тарихында толық қанды мемлекет құра алмаған деп ұлтымызды дәстүрсіз, тамырсыз халық ретінде көрсетуге тырысты. Халқымыздың ежелгі тарихы өз бастауын біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдан ертедегі ғұндар империясының құрылу кезеңінен бастау алады. Бұл дәуір тарихы тек бірыңғай археологиялық деректер тарихы ғана емес көбінесе деректер негізіндегі тарих. Демек бұл кезең біздің рухани қазыналарымыз. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа даму жолына түсу кезеңінде, тек саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірде ғана емес, қоғамның басқа салаларында жаңа бетбұрыс кезеңі басталады. Бұл өзгерістер үлкен реформалар қоғамдық сананы өзгертуде. Түбегейлі өзгерістер жолына түскен тәуелсіз елімізде халықтың өткен тарихына деген қызығушылық күшейіп отыр. Себебі ертеңгі күнге сеніммен аяқ басу үшін өткеннен тарихи тірек, сабақ іздеудеміз. Осы орайда қазақ халқының халық ретінде қалыптасу процесінің қайнар көзінде тұрған ежелгі тайпалар мен мемлекеттер тарихы аса қызығушылықтар туғызуда. Отанымыздың шыншыл да шынайы тарихын жазып шығу үшін қандай да болмасын бір идеялогиялық жасандылықтан таза, обьективті тарихи зерттеулер қажет. Осы тұрғыдан алғанда ғұн мемлекетінің зерттелу тарихнамасына зерттеу жүргізу өте актуальды мәселелердің бірі деп білеміз. Себебі ғұн тайпалық одағы тарихын зерттеу ісі сонау ХVІІІ ғасырдан бастап қолға алынғандығымен, жан-жақты толық зерттеліп болды деуге әлі ертерек сияқты. Міне осыған байланысты да ғұндар тарихының зерттелу кезеңдері, әр кезеңнің жетістіктері мен кемшіліктері сараланып, талданып жатыр. Себебі жаңа әлеуметтік және саяси шындықтар Қазақстан халықтарының сана-сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына деген көзқарас өзгерген. Ұлттық сана сезім сонымен бірге ұлтымыздың шынайы тарихына деген ықылас аса зор. Болып жатқан өзгерістерге өткенмен ұқсастық іздестіріліп, өткенімізді саралап жатырмыз. Сондықтан Отанымыздың тарихының таза көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеудің тамаша факторы болып табылады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес қабылдаған Қазақстан Республикасының тарихи санасын қалыптастыру тұжырымдамасында атап өтілгендей, өткенді және қазіргіні ой елегінен өткізу қажеттілігі Қазақстанның оның халқының тарихи тағдырына талдау жасауды жандандырып, тереңдете түсуді де мейлінше талап етеді.
Бітіру жұмысының зерттелу негізі. Бітіру жұмысының өзі ғұн тайпалық одағының зерттелу тарихнамасына арналған. Сондықтан біз жұмысымызды тікелей ғұндар тарихына қатысты әртүрлі зерттеген зерттеушілердің еңбектерін талдауға арнаймыз. Осы ғұндар тайпалық одағының тарихына арналған еңбектер өз кезегінде олардың зерттелу деңгейіне тоқталып өтеді. Осындай еңбектердің бірі 1926 жылы жарық көрген К. А. Иностранцевтің еңбегін атап өтуге болады. Зерттеуші ғалым ХVІІІ ғасырдан бастап өзіне дейінгі кезеңдерде ғұн тарихына қажетті жарық көрген авторлардың еңбектерін талдап шығады. Ол әсіресе шетелдік авторлар, соның ішінде ХVІІІ ғасырдан бастап «хуннология» мәселесімен айналыса бастаған француз миссионерлерінің еңбектерін тарихи сыннан өткізеді. Бұл еңбекте ХVІІІ ғасырда қытайда қызмет атқарған, қытай және маньчжур тілдерін тамаша білген Гобиль де Майя және т. б. авторлардың шығыстағы көшпелілер туралы жинақтаған материалдарын пайдалана отырып, өзіміз шығыс халықтары туралы негізгі еңбегін жариялаған Сарбонна университетінің профессоры Денень ХVІІІ ғасырдағы француз мектебі бастаған істі жалғастырушы ХІХ ғасырдағы - Абель Ремюза, сондай-ақ Клапрот, европалық шығыстанушылардың көрнекті өкілдері Э. Шабанн, Паль Пелью, Алри Корбье, Ренс Груссе және тағы басқалар еңбектеріндегі ғұндар тарихына қатысты мәселелер тарихи сыннан өткізіледі. Автор бұл зерттеулердің көтерген мәселелерін, мысалы хуннулар мен ғұндардың айырмашылықтары олардың шығу тегі, шаруашылығы және тағы басқа тұжырымдамаларын талдай келе, өз қорытындыларын жасайды.
Ғұндар тарихының зерттелу тарихнамасына біршама көп көңіл бөлген ғалым Л. Н. Гумилев екендігі даусыз. Ғұндар тарихына қатысты іргелі еңбектердің авторы, белгілі ғалым Л. Н. Гумилев 1960 жылы жарық көрген еңбегінің кіріспе бөлімінде ғұндардың зерттелу тарихына тоқталады. Автор ғұндар тарихын зерттей бастаған қытай тарихнамасынан бастап, Хуннумологиялық екінші кезеңін, яғни жоғарыда айтып өткен ХVІІІ ғасырдан басталатын европалық зерттеушілер мектебінің өкілдері мен ғұндар тарихын зерттеуде жетекші рөл атқарып келе жатқан орыс ғалымдарының еңбектерінің сипатына, мазмұнына қысқаша тоқталып өтеді. Автор ғұндар мәселесімен тікелей айналыспаса да өз зерттеулері барысында ғұн мәселесіне тоқталып өткен европалық авторлардың еңбектерін сынға алады.
Ғұндар тарихын зерттеуде зор үлес қосқан орыс ғалымдары, соның ішінде қытай тіліндегі барлық деректерді аударып, Орталық Азия тарихы бойынша іргелі еңбек қалдырған Н. Я. Бичурин, оның аудармаларын араб-парсы және грек-рим тарихнамасымен салыстыра отырып бүгінгі күнге дейін құндылығын сақтап отырған Қытай немесе Шығыс Түркістан еңбегінің авторы В. В. Григорьев сондай-ақ орыс саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектеріне әділ бағалары берілген. Сондай-ақ Н. А. Аристов, Г. Е. Грум-Грижмайло, Иностранцевтің еңбектері де өз кезегінде аталып өтеді. Автор А. Н. Бернштамның «Ғұндар тарихы очерктері» еңбегін ғұндар тарихын зерттеудегі артқа жасалған қадам болды деп бағалайды.
Бүгінгі Қазақстандық ғалымдарымыздың ішінде ғұндар тарихымен айналысып жүрген, олардың зерттелу тарихнамасындағы ақтаңдақ мәселелерді көтеріп жүрген ғалымдардың ішінен белгілі тарихшы-ғалым Қ. Т. Жұмағұловты атауға болады. Ғалым ғұндар тарихының европалық кезеңіндегі мәселелерімен айналыса отырып, бүгінгі ғұндар тарихнамасындағы проблеманы былай деп атап көрсетеді. Орыс тілді әдебиетте, оның ішінде кеңес медивистикасында да Европадағы ғұндардың тарихи кейбір қысқаша шолулар болмаса тіпті зерттелмеген деп айтуға болады. Бұл жерде ғұндар қозғалысын Европалық мәдениетті жоюшылар қозғалысы ретінде сипаттаған бірқатар батыс европалық ықпалы болған болуы керек. Бұл кездейсоқтықта емес, өйткені бұл ғалымдар мәліметтері кейінгі антик және ерте ортағасырлық хронистердің еңбектерінен алды және ол мәліметтерді сыни електен өткізбей, жеткілікті талдамай, сондай-ақ басқа деректермен салыстырмай пайдаланған.
Ғұндардың зерттелу тарихнамасын көтерген еңбектерге жасаған шолуымызды қорытындылай келе былай деуге болады; Бір қарағанда ғұндар тарихы сонау ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін жан-жақты зерттелген сияқты. Ғұн тарихына қызығушылық білдірген кез-келген адам оларды алып өте беретіндей. Алайда мәселе мүлде басқада.
Бұл зерттеулер ғұндар тарихын жан-жақты зерделеп бере алды ма, әсіресе бүгінгі Қазақстандық тарих ғылымы бұл мәселе бойынша өз оқырмандарын қанағаттандыра ала ма? Осы сауалдарға жауаптар іздестіре отырып, біз ғұндар тарихына қатысты мәселелер әлі де болса тереңірек зерттелуі қажет деп есептейміз.
Бітіру жұмысының деректік негізі: Ғұндар тарихының әр түрлі мәселелеріне қатысты мол деректер тобын қытай деректері құрайды. Себебі қытай авторлары сол кездегі Қазақстандағы жағдайды анағұрлым жақсырақ білетін еді. Сол кездегі қытай экспанциясының батысқа жылжуы Шығыс Түркістандағы Қазақстан мен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу қажеттілігінен тудырды. Осы орайда халықтар мен тайпалардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, олардың өмір салты, саяси құрылысы мен соғыс оқиғалары туралы материалдар мақсатты түрде жиналды. Бұл ақпарат барлауды мақсат ететін емшілердің, саудагерлер мен миссионерлердің Орта Азия жеріне сапарларының нәтижесінде алынып, жеткізіліп отырды. Қазақстан халықтары, әсіресе ғұндар туралы алғашқы мәліметтер император У-ди ( б. з. д. 140-86 ж. ж. ) облыстарында жіберген тұңғыш қытай елшілерінің жетекшісі Чжан Цзяннің жазбаларында сақталған. Ол «батысқа» б. з. д 138 және б. з. д. 115 жылы екі рет саяхат жасаған. Бұл солардың мақсаты ғұндарға қарсы юэчжилермен және Жетісу үйсіндерімен одақтасуға қол жеткізу еді. Чжан Цзянь өз миссиясы барысында бұлардың шаруашылығының жай-күйіне, олардың әскер санына, қару-жарақтарына ерекше назар аударып, сондай-ақ олардың әдет-ғұрыптарының, мінез-құлықтарының, киім-кешектерінің бәрін жазып алған.
Әулеттік тарихтар ішінен ғұндар туралы кң көлемді, әрі көлемді, әрі бағалы деректер Сыма-Цянның ( б. з. д. 145-86 ж. ж. ) . Тарихи жазбалар («иницзи») деген тарихи еңбегінде, атап айтқанда өмір баян бөлімінің «сюнну туралы хикая» деген тарауында келтірілген. «Шицзиден» кейін «Ежелгі хан тарихы» (Цянь-Ханшу) келеді, оны негізінен б. з. д І ғасырда Баньгу жазып, оны оқымысты қарындасы Бань Чжао аяқтаған. Бань Гудың еңбегі ортодоксалдық конфуциалдық еңбектер қатарына жатады, ол тарихи шығармалардың жаңа жанрын - бір әулеттің басқару тарихын бастап берді. Қытай мен Орталық Азияның б. з. д. ІІ ғасырдан бастап жаңа заманға дейінгі тарихи мұрасы болып табылады. Бань Гудың шығармасындағы Сииюй Чжуань немесе Батыс өлке туралы хикая деген арнаулы тарауында ғұндардың иеліктері, соның ішінде ғұн билеушісі (шаньюы) Чжи чжидің солтүстік-батыс Тянь-Шаньдағы иеліктері туралы мәліметтер бар. Бұл еңбекте сондай-ақ қаңлылар мен үйсіндер туралы, жалпы бұлардың экономикалық және әскери жағжайы негізгі жолдар, олардың өзара қарым-қатынастары тағы басқа туралы мәліметтер жинақталған. Жалпы қытай деректеріне тән ерекшелік ол көрші халықтар тарихын баяндаудағы ұлы хандық шовинизм мен қытайлық центризм идеясы тұрғысынан баяндау, осы тұрғыдан көрсету болып табылады. Қытай деректері біршама сыңар жақ болғанына қарамастан, Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды. Алайда қытай деректері ғұндар тарихының азиялық тарихына қатысты. Ал, европалық ғұндар тарихы жайлы мәліметтер туралы айтқанда алғашқы орында Аммиан Марцеллин есімі тұр. Әрине оның сипаттамалары біржақты, соған қарамастан оның қытай деректерімен сәйкес келетін мәліметтері өте құнды. Европадағы ғұндар тарихына қатысты деректер папа хаттары жылнамалар жазбалары тағы басқа құжаттарда сақталған. Бүгінгі таңда бұл деректерді іздеп тауып, аударып, ғылыми айналымға енгізу өте маңызды мәселе деп білеміз.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері;
Бітіру жұмысын жазу барысында біз ғұн тайпалық одағының зерттелу тарихнамасына тоқталып, оның кезеңдерін, әр кезеңдегі зерттеушілердің ғұндар тарихын зерттеудегі қосқан үлестерін осы еңбектерді талдай отырып, бүгінгі таңдағы ғұндар тарихына қатысты зерттелмей келе жатқан мәселелерді анықтауды, мәселені меңгеруді алдымызға мақсат етіп қойдық.
Бітіру жұмысымызды кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар үш тарауға бөліп қарастырдық. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігінің зерттелу деңгейі мен деректік негізін айқындауды мақсат-міндетімізге қойдық:
І тарауда ғұндар тарихының ХVІІІ ғасырдан бастап, ХХ ғасырдың басына дейінгі европа және орыс ғалымдарының еңбектеріндегі зерттелуі, ал еңбектердің сипаты, негізгі көтерген мәселелері мен авторлардың тұжырымдары сараланады.
ІІ тарауда кеңестік тарихнамадағы ғұндар тарихының зерттелу мәселелері сөз болады. Бұл тарауда белгілі зерттеушілер Таскин, А. Н. Бернштам, К. А. Иностранцев, Л. Н. Гумилев тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалады.
ІІІ тарауымызда тәуелсіздік алған кезеңнен бастап ғұндар мәселесімен айналыса бастаған зерттеушілердің еңбектерінің негізгі бағыттары, сипаттары, ерекшеліктері баяндалады.
Бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар үш тараудан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ. ҒҰН ТАЙПАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ.
- Ғұндар мен хұнндар проблемасы.
Ертедегі Қазақстан тарихы тайпалық одақтар тарихымен байланысты екендігі белгілі. Қазақ халқының этногенез процесінде сақ, үйсін, ғұн, қаңлы және тағы басқа тайпалардың алар орны ерекше. Соның ішінде ерте тайпалық одақтың бірі - ғұн тарихы мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ғұн тарихын зерттеу ХVІІІ ғасырдан бастау алады және бұлар негізінен орыс және шетелдік ғалымдар еңбектері. Ғұн тарихына байланысты туындайтын өзекті мәселелердің бірі - ғұндар мен хундар проблемасы. Егер хундар тарихы көптеген жағдайда Қытай тарихымен байланыстырылса, ғұн тарихы Европа тарихымен байланыстырылады, ал біреуінің екіншісімен қарым-қатынасы Орта Азия тарихына қатысты.
Сонымен қатар, көтерілетін келесі мәселе: ғұндардың шығу-тегін айыру. Ғылымда шығу-тегіне байланысты үш теория бар: моңғолдық, түркілік, және финдік. Ғұн тарихына байланысты алғашқы мәліметтерді ХVІІІ ғасырдағы ғалым-миссионерлер зерттеулерінен аламыз. Хунну деген атпен белгілі халықтың тарихы Қытайдың ертедегі тарихымен тығыз байланысты. Олай дейтініміз, хуннуларға байланысты айтылған мәліметтер Қытай тарихына қатысты деректерде көптеп кездеседі. Қытайға байланысты алғашқы деректер миссионер иезуиттерге байланысты. Алғашқылары Қытайда жүріп, тілі мен жазуын үйреніп, жылнамалары мен басқа да шығармаларын жинап, аударумен айналысып жатқанда, басқалары, солардың жіберген материалдары негізінде еңбектер жазып, елге таратып, сол арқылы европалықтарды беймәлім тілмен таныстырып отырған. Атап айтсақ, Вербиест, Шаль, Жербильон және Дюсальд - шығыстану саласындағы ұмтылмайтын тұлғалар.
Қытай тарихын зерттей отырып, олар еңбектерінде хунндар мәселесін де көтерген. Бұдан көретініміз, әлі де болса хун тарихына арнайы көңлдің бөлінбегендігі. Олардың ойынша, хунндар ғұндар болған. Ешқандай дәлел келтірмесе де, оны ат ұқсастығына сәйкестендіреді. Мысалы Гобиль: « Эти Хунну беспорно те, которых европейская история называет гунноми».
Осындай пікірді негізге алған француз коллегиясы профессоры Дегинь халықтардың Шығыстан Батысқа, Азиядан Европаға қоныс аударудың тарихи жағын қарастыруға тырысады және Қытай мәліметтерін Европа мәліметтерімен біріктіріп қарастырады. Дегиньнің халықтардың бірігуіне байланысты айтқан пікірлері бүгінде мойындалуда. Бірақ Дегинь ХVІІІ ғасырда өмір сүргендіктен бұл мәселені тереңдете қарастыруға мүмкіндігі болмаған. Себебі, ХVІІІ ғасыр білім-білімнің толыққанды қалыптаспаған кезі. Ал бұл кезде тіл мен ғылым, этнография, этнология әлі ғылым ретінде қалыптаспаған болатын.
Орта Азия халқын сыныптау негізі етіп, олардың этнографиялық ерекшелігі емес, саяси бөліністі алады. Осыған сәйкес, Дегиньде түріктер мен моңғолдар арасында айырмашылық белгіленбей, барлығы татарлар деген атқа ие болған. Оның пікірінше, алғашқылары қытай жылнамаларындағы шығыс варварларымен, кейінгілері батыспен байланысты.
Бұл жерде Дегинь таза географиялық ерекшелікке негізделген болу керек. Ол « Римские историки знали их (т. е. западских татар) под именем гуннов и рассказали много басен о происхождений этого народа, не говаря отаи, откуда он пришел. В Татарий они назывались Хун-ну и основали большое искусство, которое было разрушено китайдами. Тогда они рассеялись. Одни пошли на Запад и - последствий вступили В Римскую империю. Все знают нашествие знаменитого Атиллы. Другие остались на границах Китая и были разбиты только татарами Ху-жень. Некоторые поселились в Китае, где образовали много государств» - дей келе ғұн деп аталуын Рим тарихшыларының сөзіне негіздейді және олардың қоныс аударудан кейінгі бөлінісін көрсетуге тырысады.
Дегенмен қай халықтың болмасын шығу-тегін қарастыруда бір саяси тарихпен шектелуге болмайды. Дегинь еңбегінде этнографиялық ерекшеліктер айтылғанымен де, ол хуннулардың түріктермен де, моңғолдармен де байланыстылығын мойындайды. Мысалы, оның « Гунни в последствий носили имя турок», « Гунни татарий происходили отдревних хунну», - сияқты ой-пікірлері дәлел бола алады.
Автордың мәселені саяси тұрғыдан қарастырғанын білгеннен кейін оның моңғолдық, түркілік, финдік теорияларының ешқайсысын жақтамағандығы белгілі. Соған қарамастан, біраз авторлар, Дегиньде хуннулардың моңғолдық теориясының негізін салушы ретінде қараған. Себебі, моңғол тарихына қатысты пікірлері негізге алынған. Қорыта айтқанда, Дегиньнің пікірінше, біріншісін Хуннулар көшпелі мемлекет болған, олардан кейін түріктер мен моңғолдар шыққан, екіншіден, Атилла ғұндары - хунн мемлекеті тұрғындарының ұрпақтарфы екендігін көреміз.
Келесі автор, француз ғалымы Каен. Ол өзінің Хуннулардың шығу-тегіне байланысты пікірлерін Пависса мен Рамбонның редакциялауымен шыққан жалпы тарихтың, екінші томының ХVІ тарауында білдіреді. Онда автор: «Древнее имя, которое Китайцы давали тюрков, было Хун-ну. Это слово не имеет ни этнтческого, не национального характера: она ни турецкое, ни монголское, а китайское и очен древнее» - деп сөздің шығу төркіні туралы өз ойын білдіреді.
Ал, Хундардың ғұндарға қатысын автор төмендегідей түсіндіреді: « Когда искали происхождение гуннов, т. е. того народа который пришел в Европу под предводительством Атиллы, тратили по пусту время, чтобы доказать, что эти варвары были или не было то же самое, что Хунну, о которых говорят китайцы ; это напрасный спор и поиски за решением задачи, которая не имеет решения. Мы можем сказать наверно, что все турки были Хун-ну, но мы не можем сказать, чтобы все Хунну были турки. Если давать Хун-ну общий смысл, который давали этому имени китайцы до ІІ века, то Гунны были Хунну, как турки, монголы и маньчжуры, но среди Монголов Чингиз-хана». [1] Каен Хуннулардың шығуына байланысты пікірін осылайша білдіреді.
Қорыта айтқанда миссионерлер материалдары негізінде жасалынған тұжырымдарды тек саяси тұрғыдан ғана қарастырғандығын көреміз. Осыған орай, олардың басқа, яғни этнографиялық, территориялық жағы қарастырылмаған. Дегинь болса, моңғол тарихына байланысты ой білдіргенімен, Хуннулар мен ғұндарды моңғолдық деп мойындамайды, ал Каен этнографиялық мәселелерді шешуде саяси сыныптаудың тұрақсыздығын көреміз.
1. 2. Ғұндардың шығу тегіне байланысты теориялар.
Хуннулар мен ғұндардың шығуына байланысты қалыптасқан алғашқы теория - моңғолдық теория болды. Бұл теорияға байланысты көзқарастар екіге бөлінеді: Біреулері ғұн мәселесін, оларды моңғолдар деп қарастыру тұрғысынан шешуге тырысса, екіншілері ғұн мәселесіне тиіспей, тек хуннулармен айналысқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz