Жүгері топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
I Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4
1.1 Жүгерінің биологиялық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Топырақ – климаттық
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
II Экспериментальды бөлім
2.1 Жүгері өсетін аудандардың климаты мен топырағының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ..19
2.2. Зерттеу нысаны және
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...23
III Негізгі бөлім
3. 1. Агрохимиялық картограммалар және өсімдіктерге керекті
тыңайтқыштарды анықтау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.2. Жүгерінің өсу кезеңдерінде топырақтағы жылжымалы қоректік
заттарға тыңайтқыштардың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.3. Тыңайтқыштардың жүгері өніміне әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
3.4. Жүгері өсірудің индустриалды технологиясы мен
тыңайтқыштарды қолданудың кейбір ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..42
3.5 Дәңдік жүгері өсіру технологиясының үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3.6. Дәндік жүгеріні суармалы жағдайда өсіру технологиясында минералды
тыңайтқыштарды енгізудің экономикалық тиімділігіне баға беру ... ... ... 46
3.7. Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштарды енгізудің экологиялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
3.8. Жүгері егісіндегі арамшөптермен күресу жолдары ... ... ... ... ... ... .51
3.9 Еңбекті қорғау және тіршілік – қауіпсіздік бөлімі ... ... ... ... ... ... ... .52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 55

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Елімізде, оның ішінде Қазақстанда азық-түлік
программасын орындауда жүгерінің адамға да, малға да азықтық қасиеті орынды
бағаланып отыр. Сондай-ақ өнеркәсіпте бағалы шикізат есебінде әр түрлі
мақсаттарға пайдаланылуы біздің республикамызда жүгеріні кең көлемде өсіру
қажеттігі мен мүмкіншіліктерін айқындады.
Республикамызда тың және тыңайған жерлердің игерілуі қуатты егіншілігі
мен мал шаруашылығы дамыған ірі шаруашылықтар құруға негіз болды. Ауыл
шаруашылығының интенсивті дамуы мал шаруашылығы үшін қажетті құнарлы да мол
мал азығын дайындауды қажет етті. Осындай бірден-бір дақыл жүгері болып
табылады.
Қазіргі уақытта жыл сайын республиканың барлық аймақтарында ол —
сүрлем үшін 2,8 миллион гектарға, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында
— дәндік жүгері есебінде 140 мың гектарға өсіріліп келеді.
Оңтүстікте дәндік, сүрлемдік жүгеріден тұрақты мол өнім алынып жүр.
Ал, солтүстік аудандарда жылы кезең қысқа болатындықтан, жүгерінің бапталу,
өсу мерзімі 95—100 күннен аспайды. Сондықтан, мұнда жүгерінің ерте пісетін
бұдаң және сортты тұқымдары сүрлем үшін егіледі.
Ол гектарына 150—300 центнерге дейін сүрлемдік көк балауса береді.
Солтүстік аудандардағы азықтық сапасы жөнінен жоғары мұндай өнімді басқа
дақылдардың бір де біреуі бере алмайды.
Елімізде пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі жылдан жылға
тұрақталып келеді. Осыған байланысты астық дақылдарының өнімін молайту,
оның сапасын жақсартудың басты шарты — әр түрлі тыңайтқыштарды тиімді
қолдану болып табылады.
Топырақ өзінің құрамындағы қоректік заттарды неше ғасыр мол жинақтап,
жаңартып жатса да, бірнеше жылдар бойы бір жерге қайта-қайта егілген
дақылдарға оны пайдалануға байланысты бұл қорлар ерте ме, кеш пе азая
бастайды. Дәндік жүгерінің әр тоннасы топырақтан 100 килограмға жуық
қоректік заттарды алатынын ғылым дәлелдеп отыр. Топырақтан кеткен осы
қоректік заттар шығындарының орнын үнемі әртүрлі тыңайтқыштармен толықтырып
отыру керек.
Қазіргі кезде республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс
облыстарының әртүрлі климат-топырақ аймақтарында егілетін жүгері егістігіне
тыңайтқыштар жеткілікті мөлшерде қолданылады. Соған қарамастан оларды
пайдалану жөніндегі нақты зерттеу жұмыстары аз. Қөптеген шаруашылықтардағы
әр гектардан алынған өнімдер әлі де болса жоғары деңгейде болмай
отыр. Осы зерттеу жұмыстарымыздан басқа да, ғылыми мекемелердің
қорытындылары, әртүрлі құнарлылықтағы топырақ пен алғы дақылдарға егілген
дәндік жүгерінің сорттарына сай қолданылатын тыңайтқыштардың нормасы,
мерзімдері және тәсілдері, шаруашылықтардағы оларды қолданудың озат
тәжірирелері мен экономикалық тиімділігі, қоршаған ортаны сақтау жолдары
баяндалады.

Зерттеу мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысының кәдімгі сұр топырақты
аймағында дәндік жүгеріні егіп өсіру технологиясында оларға әр түрлі
мөлшерде минералды тыңайтқыштарды қолданып, оның өнімділікке әсерін
анықтауға мақсатталған. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жүгеріні
суармалы жерге өсіру бағытында аудандастырылған Қазақстан 43ТВ және
Узбекстанская зубовидная сорттары егілді.
Зерттеу жаңалығы мен міндеті. Дәндік жүгеріні суармалы жағдайда өсіру
технологиясында минералды тыңайтқыштарды әртүрлі мөлшерде енгізіліп дәндік
жүгерінің өнімділік деңгейі анықталды. Зерттеу жұмыстарын жүргізуде
алдымызға қойған мақсаттарымыз:
- қоршаған ортаны қорғай отырып дәндік жүгеріге минералды
тыңайтқыштарды енгізу мөлшерін анықтау;
- тәжірибе барысында бақылау мен басқа нұсқалардағы жүгерінің
өсіп-даму кезеңіндегі ерекшеліктерді анықтай отырып, оның
өнімділікке әсеріне көз жеткізу.

I Әдебиетке шолу

Сурамалы жағдайда өсімдіктерге минералды твыңайтқыштарды енгізіп,
топырақтың қоректі қорын арттыру арқылы ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары
сапалы өнім алуға болады. Топырақ ылғалдылығы мен қоректік қорларын
біркелкі жақсарту жақсы өнім кепілі. Шет елдерде дәндік жүгеріге минералды
тыңайтқыштарды енгізу тәжірибе жұмыстары көптеген жылдар зерттеулер
жүргізіле отырып, мынадай тұжырымға келді. АҚШ ғалымы З.И.Журбицкий (1)
жүргізген тә жірибе қорытындыларына сүйенсек, дәндік жүгеріге NPK
тыңайтқыштарын 2:1:1 қатынасында қолданған тиімділігі анықталды. Бұндай
жағдайда дәндік жүгерінің 1 гектердан алынған өнімі 60 цга жеткен.
Р.А.Канидич (2) мәлімдемесі бойынша қара топырақсыз аймақтарда
N90P60K60 мөлшерде енгізу жоғары көрсеткішке ие болған. Ал азот- фосфор
немесе фосфор-калий тыңайтқыштарын жұбымен енгізу тиімсіздігі анықталды.
Украина ғалымы Н.И.Михайлов (3) тұжырымдамасы бойынша минералды
тыңайтқыштарды енгізуде негізінен топырақтағы қоректік элементтер қорына
байланысты екендігі айтылған. Қазіргі жағдайда көптеген шаруашылықтарда көп
мөлшерде минералды тыңайтқыштарды қолдану қосымша өнімімен ақталады.
Қостанай облысы Қарабалық тәжірибе станциясы (4) мәліметтері бойынша
кәдімгі қара топыраққа егілген дәндік жүгерінің өнімділігіне фосфор
тыңайқышы елеулі әсер еткен.
А.С.Обрацовтың (5) тұжырымдамасы бойынша жүгеріге үстеме қорек ретінде
азот тыңайтқышын енгізу (РК жеткілікті болса) өсімдік өсуі жеделдеп,
өнімділік артады.
К. А. Тимирязев (6) жоғары өнім алу үшін ең алдымен өсімдіктің нені
қажет ететінін, қорекпен қалай қамтамасыз етіліп отырғанын білу керек
дегенді. Демек, табиғи ерекшеліктеріне, қажетінің өтелуіне сәйкес жүгері
тұрақты жоғары өнім береді.
Шыққан тегі жағынан алсақ, жүгері жылылықты сүйетін дақылдар қатарына
жатады. Осыған байланысты ол өте сезімтал, өзін қоршаған ортаға (жарыққа,
жылуға, ылғалға, қорекке) талап қойғыш. Жүгеріні баптау кезінде мәселенің
осы жағына баса назар аудару керек.
Жүгерінің өзіне тән ерекшелігі сол, вегетациялық өсу кезеңінің
бірінші жартысында (шашақтануға дейін) баяу, екінші кезеңінде (әбден
піскенге дейін) қарқынды өседі. Жүгері құрғақ заттың алтыдан бір бөлігін
өсуінің алғашқы екі айында, алтыдан бес бөлігін онан кейінгі бір жарым айда
жинайды. Жүгеріден мол өнім алу үшін осы аймаққа лайық келетін
агротехниканы қолданған жөн. Жүгеріде фосфордың жетіспейтін шағы —үш-төрт
жапырақ шыққаннан кейіңгі екі апта. Осы кезде фосфор жетіспесе дән
байланбайды, өнім күрт төмендейді. Жүгері азотты сабағы мен жапырақта-рының
өсуі кезінде және содан кейін көп керек етеді. Алғашқы айда азот берілмесе,
өнім күрт төмендеп, дән байлауы нашарлайды. Сегізінші және тоғызыншы
жапырағы шыққан кездерде азот пен фосфор жеткілікті болса, онда жүгеріден
мол өнім күтуге болады. Д. Н. Прянишников, И. В. Якушкиннің (7) мәліметі
бойынша басқа жаздық дақылдарға қарағанда жүгері бойлап өскен жылдары
топырақтан азот пен фосфорды 1,5—2 есе, калийді 3—5 есе көп қабылдайды.
Сорттар мен будандардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай топырақтағы
минералдық элементтерді қажетсінуі әркелкі болады.
Жүгері топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл. Оның қоректік
заттар пайдалануының белгілі кезеңдері бар. Қоректік заттарды көп
пайдаланудың бірінші кезеңі — жүгерінің жапырағы көктеп жетіле бастағаннан
шашақ салғанына, дейін созылады. Екінші кезеңі — 15—20 күн щамасында өте
қысқа болғанымен, бұл — жүгерінің қоректік заттарды сіңіру қабілетінің
жоғарылайтын тұсы. Ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне қарағанда, осы
кезеңнің әрбір күнінде жүгері топырақтың бір гектарынан 6—7 кг азот, 2 қг
фосфор және 10—12 кг калий заттарын пайдаланады екен П. Г. Найдин (8).
Жүгері өсімдігі өзінің вегетациялық дамуы кезінде минералдық
элементтерді бір қалыпты қабылдамайды.
Омскінің қара топырақты аймақтарында жүгерінің кұрғақ зат түзуі мен
минералдық элементтерді қабылдауын 4 жылы бойы зерттеген А. П. Белов (9)
бұл дақылдың қоректік зат қабылдау процесі құүрғақ зат түзу про-цесімен
сәйкес болатынын анықтаған. Жүгерінің құрғақ зат түзуінің ең жоғары шегі
(56,3—61,9) процент интенсивті даму кезінде, яғни, дақылдың 8 жапырақты
кезінен собықтарының култеленгеніне дейінгі аралығында жүретінін анықтаған.
Бұл кезде өсімдік топырақтағы жалпы азоттың 88,9—89,5 процентін, фосфордың
74,6—85,4 процентін, калийдің 90,5—106,5 процентін қабылдайды. Күлтеленуден
сүттену процесіне дейін өсімдіктің құрғақ заты мейлінше өсе түседі.
Қорыта айтқанда әрбір аймақтың топырақ - климат жағдайы мен топырақ
құрымындағы макро, микро қорларына байланысты минералды тыңайтқыштарды
енгізу әртүрлі болып келеді.

1.1. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері

Өсіп-өну және даму. Жүгері дәнді дақылдар тобына жатады. Тамыр жүйесі
шашақты, ұзын, торкөзді, 3 метр терендікке дейін, ал жан-жағына 1 метрге
дейін жайылып өседі. Тамыр системасының 60 проценті топырақтың айдалатын
қабатында болады. Жүгері тамыры топырақтың үлкен аумағынан қоректік заттар
мен ылғал әкеліп жатады. Нәтижеде жүгері топырақтағы қоректік элементтерді
басқа дәнді дақылдардан гөрі жақсырақ пайдаланады. Басқа дақылдардан
айырмашылығы жүгері өсімдігінің төрт түрлі тамыры болады. Олар: ұрық
тамыры, алғашқы буын тамыр, негізгі тамыр және тіреуіш тамыр. Кейінгі
қосымша тіреуіш топырақтан жер бетіне шығып тұрады. Жүгерінің алғашқы даму
кезінде тамыр жүйесі өте тез өседі. Е. Амантаев., Н. Нечипоренко
мәліметтері бойынша көгеріп шыққаннан кейін 7—8 күнде жүгері тамыры 25
сантиметр тереңдікке дейін барады.
Әйтсе де алғашқы егілген күндері жүгерінің өніп, өсуі өте баяу болады.
Бірақ, өсуіне қолайлы жағдайларда әсіресе, шашақтану кезінде бір тәулікте
10—12 сантиметрге дейін өседі. Ал гүлденгеннен кейін есуі тоқтайды.
ІІІашақтану кезінде, он күннен кейінгі гүлдену дәуірінде жүгері өзінің
жалпы органикалық массасының 75 процентін жинақтайды.
Жүгерінің тамыр жүйесі көлемінің тәуліктік ұлғаюы 7, 12, 13
жапырақтарды шығару сатыларына жеткенде ерекше байқалады. Өсіп-өну
сатыларындағы жүгерінің ең қажетті кезеңдері сабағының қалыптасуына әсер
ететін 2—3 жапырақты шығару сатысы, сондай-ақ собығының қалыптасуына әсер
ететін 6—7 жапырақтар шығарған кезі болып саналады (Н. М. Третьяков, 1979).
Жүгері 5 жапырақты болғанда оның тамыры жан-жаққа 11—13 -сантиметрге
дейін тарамданып өседі. Жүгерінің басқа дәнді дақылдардан ерекшелігі сол
сабағы біреу болады да, сорт өзгешеліктеріне қарай биіктігі 0,6—6 метрге
жетеді.
Жүгері — бір ұялы және қос жынысты өсімдік. Аталығы түбірінің жоғары
жағында шашағында орналасқан, аналық жынысы собығында, жапырақтар қабығымен
қоршалған. Шыққан сабағы жуан, цилиндр тәрізді, қалыңдығы 2—7 см, жақсы
жапырақтанады, жапырақтарының саны 13 пен 28 арасында болады. Жүгері жер
шарының солтүстік ендігінің 58 градусынан оңтүстік ендіктің 40 градусына
дейінгі аралықта — ойпаттарда, қыратта да, тіпті тау бөктерлерінде де
өсіріледі. Мұның өзі жүгерінің топырақ - климат жағдайлары әр түрлі жерге
өсуге бейімділігін, өміршеңдігін көрсетеді. Әйтсе де, бұл дақылдың
бейімділігіне қарамастан, әр түрлі өсіп-өну, даму сатыларында оған қоршаған
ортаның әсерін білу жүгерінің биологиясын жетік меңгеруімізге, тиімді
агротехникалық шараларды жүзеге асыруымызға мүмкіндік -береді.
Жүгерінің Отаны — Америка. Оның Мексика және Гватемала тропикалық-
субтропикалық аймақтары. Жүгері дәнінің алғашқы үлгілері ХV-ғасырдың
аяғында Европаға әкелінді. Алғашында сирек кездесетін сәнді өсімдік
ретінде, содан соң астық және мал азығы ретінде бағаланды. Жоғары
өнімділігі, өсіру технологиясының қарапайымдылығы, оның бағасын арттырады.
Лезде жер шарының барлық түпкірлеріне, оның ішінде мал шаруашылығы дамыған
елдерге тарады. Жүгері бұл күндері алпыстан астам мемлекетте өсіріледі.
Америка ғалымы Мак-Милен жүгеріні кез-келген қазба байлықтан алынатын
шикізаттардан артық деп бағалаған. Қазба байлықтар үнемі пайдаланғанда
қорын сарқады, өсімдіктер, оның ішінде жүгері өзінің қорын кемітпейді.
Қазіргі кезде жүгері егістігінің көлемін ұлғайту — оны әртүрлі мақсаттарға
пайдалануға мүмкіншілік туғызды.
Дүние жүзі бойынша шетелге шығарылатын жалпы дәнді дақылдардың ішінде
дәндік жүгерінің үлес салмағы 26 процентке жетті (бидай 52, күріш — 7, арпа
— 7 процент). Жүгері дәнін шетелге шығарушы негізгі ел — Америка, бұл жерде
оның үлес салмағы — 52 процент. 1965—1967 жылдары Америкада жүгері дәнінің
шығымдылығы гектарына 45 центнерден келсе, басқа дәнді да-қылдардың
шығымдылығы гектарына 20,8 центнер болды. Яғни, жүгерінің әр гектардан
алынатын өнімділік мөлшеріне ешқандай дәнді дақыл теңдесе алмайды.
Америкада мал азығына берілетің жемнің 73 проценті — жүгері дәні.
Қазіргі кезде Америка Құрама Штаттары жер жүзіндегі өндірілетін жүгерінің
44 процентін береді.
Сүрлем үшін өсірілетін жүгерінің аумағы барлық егіс көлемінің 8
процентіне тең, оның әр гектарынан 200—230 центнерден өнім алынады.
Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында егілетін
дәндік, сүрлемдік жүгері егістігінің басым көпшілігі жылдық жауын-шашын
жиынтығы 200— 250 мм болатын аймақтарда орналасқан. Әрі мұндай топырақ
қоректік органикалық заттарға кедей. Сондықтан, біздің республикамыз жер
жүзі мен Одақ көлемінде климат — топырақ аймағы анағұрлым өзгеше және қатаң
болуымен ерекшеленеді.
Жер жүзінде дәндік жүгері азық-түлік ретінде (20— 25%), мал азығына
(55—60%) және түрлі техникалық мақсаттарда (15—20%) өнеркәсіпте шикізат
есебінде пайдаланылады. Жүгеріден өнеркәсіпте 150-ге жуық әр түрлі азық-
түлік, техникалық заттар, майлар, сыра, крахмалдар, т. б. алынады. Бұл
заттарға қосымша кондитер, консерві өнеркәсібіне бояулар, әртүрлі
ерітінділер, ацетон, фурфурол, желім, спирт, қағаз, жасанды тығын,
пластмассалар, дәрі-дәрмектер алынады.
Басқа дақылдарға қарағанда жүгері құрамында белок аз. Қазір оны белогі
көп дақылдармен (соя) араластырып егіп, аса құнарлы сүрлем дайындау жүзеге
асырылып жүр.
Қоректілігі жағынан алғанда жүгері дәні басқа дәнді дақылдардан артық.
Мысалы, 1 кг жүгері дәнінде 1,34 мал азықтық өлшем болса, ал сұлыда — 1,
арпада — 2,26, қара бидайда — 1,18-азықтық өлшем бар. Жүгері басқа
дақылдарға қарағанда құрамындағы құрғақ заттың бір өлшемін құруға суды аз
жұмсайды. Сонымен қатар жаздың екінші жартысындағы жауынды, топырақ-тың
төменгі қабатындағы ылғалды, қоректі заттарды жақсы пайдаланады.
Жүгері — өте жақсы алғы дақыл. Аңыздық егістіктерде желден қорғау
және қар тоқтатуда ықтырмалы өсімдіктер ретіндегі жүгерінің маңызы ерекше.
Жүгері егістігі басқа дәнді дақылдар секілді оттегі қорын молайтып,
қоршаған ортаның ауасын жақсартады.
Жүгері егістігі алғы дақылдарды онша көп таңдамайды. Басқа дәнді
дақылдардан ерекшелігі сол, ол отамалы дақыл ретінде топырақтардың бірнеше
рет өңделуіне байланысты, әртүрлі тыңайтқыштар, гербицид жеткілікті
беріліп, агротехникалық шаралар мен суару дер кезінде жүргізілген жағдайда
ауыспалы егісте және бір орынға қатарынан бірнеше жыл егілген жүгері
егістігінің өнімдері жоғары және бірдей болады.
Жүгері егістігін молайту басқа дақылдарға қарағанда зкономикалық
жағынан тиімді. Жүгерінің әр гектарынаң 30—35 центнер құрғақ дән және 210
центнер қосымша сабан алынады. Мұны мал азықтық өлшемге шаққанда 6750
болады екен.
Жүгері дәнінде 60—70% углевод, 9—12% белок, 4— 7% май, минералды
тұздар мен витаминдер бар. Сондықтан жүгері дәні барлық мал түлігі және
құстар үшін өте бағалы жем болып табылады.
Жүгерінің көк балаусасы да қоректік заттарға өте бай, одан малға
жұғымды, жоғары сапалы сүрлем дайындалады. Бұл үшін ең тиімді кезең —
жүгері дәні сүттеніп, қамырланған кез. Осы кезде дайындалған жүгері
сүрлемінде құрғақ заттар — қорытылатын протеин көп болады. Ғылыми
мекемелердің мәліметтері бойынша 5 кг жүгері сүрлемінен 1 килограмм сүт
алынады.
Гүлдену кезінде де жүгері көк шөп ретінде малға беріледі. Бұл уақытта
жүгері балаусасы жақсы жапырақтанып өседі оның құрамындағы протеин мөлшері
артады. Дәнге орып жинағаннан кейін де жүгері сабаны, құрғақ жапырақтары
мен сабақтары, басқа дақылдар сабағына қарағанда қоректік заттарға бай,
жемшөптік сапасы жоғары болады.
Жүгері сабағы салмағының бестен бір бөлігі собық өзегіне тиеді, онда
қоректік заттар көп. Сондықтан собық өзегін майдалап турап, ұнтақтап,
дәнмен араластырып малға жем ретінде береді.
Жүгерінің агротехникалық маңызы да үлкен. Оның қатараралығын
культивациялау кезінде арамшөптер жойылып, жүгерінің және одан кейін
егілетін басқа дақылдардың өсуіне жағдай жасалады. Жүгері биік өсіп, қалың
жапырағымен жер бетін көлеңкелеп, микробиологиялық процестерді жақсартады.
Жүгерінің басқа дақылдармен салыстырғанда жақсы алғы дақыл болып
саналуының себебі де осында. Республиканың оңтүстік-шығысындағы суармалы
аймақта, жүгеріні аңыздық дақылдардан кейін себе беруге болады.
Жүгері егістігінен жылына екі рет өнім алуға болады. Республикамызда
мал азығын дайындау мен егіншіліктегі маңызды агротехникалық шаралардың
негізі ретінде де жүгерінің пайдасы орасан зор. Қайталап егу кезінде жер
органикалық заттарға байып, осының нәтижесінде топырақтың физикалық
қасиеттері жақсарып, зиянды арамшөптерге қарсы күресуде басты роль атқа-
рады.
Бұл міндетті орындауда оңтүстіктегі суармалы егіншілігі бар
аудандардың маңызы өте зор. Себебі, бұл аудандарда көптеген ауыл шаруашылық
дақылдарының өнімі ерте жиналады. Және дәл сол жерде екінші өнім алуға
керекті жағдайлар толығымен пайда болады. Суармалы жерлерде егілген жүгері
егістігі суарылмайтын жерлердегі егілген жүгері егістігіне қарағанда қоршал-
ған ортаныц микроклиматына игі әсер етеді. Басқаша айтсақ, 30 градустан
асқан күндер санын — 2 есе, құрғақшылықты— 10 есе азайтып, ауаның
абсолюттік температурасын — 15 градусқа дейін төмендетеді.
Аңыздық дақылдарға егілген жүгері егістігі ауыл шаруашылығының жалпы
өнімін көбейтетіні мәлім. Ол сонымен қатар, суармалы жерді, ылғалды, күн
қуатын, жылылықты, жұмыс күшін, техниканы және қаржыны мейлінше тиімді де
толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Мұндай ауқымды міндеттерді орындау үшін осы уақытқа дейін
пайдаланылмай келе жатқан табиғи резервтерді іске қосудың маңызы зор.
Республикамызда, әсіресе, оның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы суармалы
аймақтарда, осы уақытқа дейін жөнді пайдаланылмай
келе жатқан табиғи резервтердің бірі — аңыздық егіс. Осы аймақтарда
кептеген дақылдар — жаздық және күздік бидай, күздік қара бидай, арпа,
сұлы, бір жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері — жаз ортасында-ақ пісіп
үлгереді. Оларды жинап алғаннан кейін 70—100 күндей
ауа райы егін үшін қолайлы болып тұрады. Осындай жағдайда, дайын егістік
жерлердегі күннің жылуы да, жауын-шашын да пайдаланылмай босқа кетеді.
Кезінде К. А. Тимирязев: жылына бір рет өнім алуға негізделген егіншілікке
жаздың бірінші жартысы ғана пайдаланылады, ал оның егіс үшін өте қолайлы
да, жеткілікті екінші жартысы мүлде пайдаға аспайды, бұл үшін болашақ
ұрпақтар алдында ұяттымыз деген пікір айтқан болатын. Ұлы ғалымның осы ойы
өз мәнін жойған жоқ.
Жүгерінің вегетациялық өніп-өсуі кезінде жинақтаған органикалық
заттары, қоректік заттарды пайдалануы, өсімдіктердің өніп-есуі кезіндегі
тіршілік ететін ортасы әр жерде түрліше ерекшеліктерге ие болады.
Өсімдіктерді құрап тұрған организмдер жапырақ, сабақ, тамыр да біркелкі
болмайды. Сондықтан заттардың өзара алмасуы, өсіп-өнуі және дамуы әр, түрлі
өтеді.
Жер бетіндегі басқа да тірі организмдер секілді өсімдіктерде де өте
күрделі процесс — қоршаған ортамен зат алмасуы жүріп жатады. Демек,
өсімдіктер өзіне қажетті қоректік затты қоршаған ортадан сіңіріп,
денесіндегі заттардың құрамын толықтыра түседі. Сонымен бірге денеге сіңген
сыртқы ортадан енген күрделі заттар өте қарапайым заттарға ауысады. Зат
алмасу өсімдік үшін де, қоршаған орта үшін де тығыз байланыста жүзеге
асады. Өсімдіктердің қалыпты тіршілік етуі үшін қоршаған ортада қоректік
зат мол болуы қажет, сондай-ақ өсімдіктер тіршілік әрекетінің өнімдерін
бөліп шығару арқылы қоршаған ортаға айтарлықтай ықпал жасайды. Айталық,
өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігінің құрап, жапырақтарының түсуінен
топырақтың құнарлылығы арта түседі, немесе, өсімдіктер өте көп өскенде
тамыры арқылы өз бойына топырақ құрамындағы әр түрлі қоректік заттарды мол
сіңіріп, оны құнарсыздандырады. Демек, қоршаған орта мен өсімдіктер бір-
бірінің әсеріне тәуелді деген сөз. Мысалы, өсімдіктің тамыры топыраққа
тереңірек бойлаған сайын оған жік түсіріп бұзумен бірге, тарамдалған
тамырларымен шырмап топырақ түйіршіктерін нығыздап, өзара байланыстырады.
Ғылыми зерттеулер жүгері өсімдігіне әр түрлі мерзімде қолданған
тыңайтқыштардың әсері әртүрлі болатынын көрсетіп отыр. Жерді жыртар
алдында, жүгерінің 3—4 және 7—8 жапырақ шығару сатыларында тыңайтқыштар
бергенде дәндік жүгерінің массасы айтарлықтай өскен, ал 11—12 жапырақ
фазасында берілген тыңайтқыштардан дәннің массасы 45,9 грамға дейін
төмендеген, яғни, екі есе кеміген. Осы зерттеулерден мынадай қорытынды
шығады, жүгерінің Стерлинг сорты 11—12 жапырақ шығар кезеңіне қарағанда жас
кезіндегі өніп-өсу сатысында тыңайтқыштардың әсеріне жақсы бейімделеді.
Сөйтіп, жүгері өсімдігі мен тыңайтқыштар арасында қолайлы белсенділік пайда
болады. Демек жүгері егістігін жас кезінде тыңайтуға әбден болады.
Жүгерінің биологиялық табиғатының өзі ылғалды көп қажет етеді.
Сондықтан оны өсірудің ғылыми технологиясын жасаған кезде бағалы дақылдың
осы ерекшелігін ескерген абзал. Топырақтағы қоректік заттар жер құнарлығын
арттыруға қатысты проблемалардың барлығын бірдей шеше алмайды.
Топырақтағы су онда өтетін барлық процестерге — өсімдіктердің
қоректік заттарды пайдалануына, органикалык заттардың түзілуі мен
ыдырауына қатысады. Кез-келген химиялық реакциялар, яғни, заттардың
өзара әрекеттесуі ерітіндіде жүреді. Суда еріген заттар өзара оңай
жақындасады, тірі организмдегі заттардың синтезіне, ыдырауына әсерін
тигізеді. Мұның өзі суды реакциялар жүретін орта ғана емес, аса қажет
құнарлы элементтердің бірі ретінде қарастыру қажет екенін
көрсетеді. Жүгері егістігінің бөтен дақылдардан бір ерекшелігі өзінің
құрғақ органикалық заттар массасының түзілуіне суды аз жұмсайды.
Дақылдардың суды пайдалану мөлшері транспирациялық коэффициент ар-қылы
беріледі. Транспирация — өсімдіктердің суды пайдаланып өзінің
денесінен буландырып шығаруы. Траңспирациялық коэффициент — белгілі
масса мелшеріндегі құрғақ зат түзуге жұмсалатын ылғал мөлшері. Бұл әртүрлі
дақылдарда, олардың сортының ерекшелігіне және табиғи-климат жағдайына
байланысты өзгеріп отырады. Жүгері егістігінің транспирациялық
коэффициенті 280—350 болса, жаздық бидайдікі —400—450, арпанікі —280—400,
сұлынікі —340—500-ге тең болады. Ал, кұрғақшылыққа төзімді тары егістігінің
транспирациялық коэффициенті жүгеріден 10 процент артық болады.
Жүгері егістігі өзінің вегетациялық өсіп-өнуі кезінде көктемгі, жазғы
және кейде күзгі жауын-шашынды көп пайдаланады. Осыған орай
органикалық массасының молаюына байланысты суды жалпы көп жұмсайды. Өсу
сатысы жоғарылаған кезде жүгері тәулігіне 2—4 литр суды өз денесінен
буландырады. Егістікте жүгері жиілігіне (40 мың 1 гектар) қарай 80—100 т су
жұмсайды.
Л. В. Зиневичтің зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша 1 ц
дәндік жүгерінің түзілуіне 6— 9,2 мм ылғал яғни, 60—90 тонна су жұмсалады.
Біздің республикамызда ауыл шаруашылығы дақылдарын әртүрлі тыңайтқыштармен
суландыру, агротехникалық шараларды дер кезінде жүргізу, дақылдардың
құрамындағы сулардың булануын 30—50 процентке азайтады. Сонымен қатар
суармалы жерлердегі егістіктер тәлімі жерлердегі егістіктерге қарағанда
топырағының әртүрлі, өңдеу жүйелерінің жеңіл болуына байланысты суды аз
пайдаланады.
Еліміздегі, сондай-ақ республикамыздағы әртүрлі суармалы жерлердегі
жүгеріге жүргізілген тәжірибелерге сүйене келіп Қазақстан ғалымы И. Д.
Малаев жүгері егістігінің суару нормасын белгіледі. Ол 900—1500 метр
биіктікте —1500—2500 текше метр, 600—900 метр биіктікте —3500—5000 текше
метр су беру керек деген қорытындыға келді.
Жүгері тұқымы бөрте бастаған кезден толық пісіп болғанға дейін ылғалды
қажет етеді. Шашақтану дәуірі аяқталысымен оның ылғалға деген қабілеті
әлсірейді. Сөйтіп, оның жапырақтары бірте-бірте тола бастайды. Әбден пісіп
толғаннан кейін жүгері ылғал қабылдауды мүлдем тоқтатады.
Құрғақ жүгері тұқымының өнуі үшін өз салмағының 37,3—44,0 процентіндей
су керек. Ауа райы қолайлы жағдайда жүгері тұқымының өсіп шығуы үшін
топырақтың 10 сантиметрлік қабатында 15 миллиметрлік ылғал болса
жеткілікті. Егер ылғал бұдан аз болса, өсімдіктің дамуы баяулайды.
Мәдени өсімдіктердің ылғалды қажетсінуі су тапшылығы байқалған сайын
арта түседі. Өсімдіктің белгілі бір түрі мен сортының транспирациялық
коэффипиенті қоршаған ортаға, қолданылған агротехникалық шараларға
байланысты өзгеріп отырады. Топырақ құнарлығы неғұрлым жоғары болып,
өсімдік ылғалмен мол қамтамасыз етілсе, транспирациялық коэффициент
соғұрлым аз болады.

1.2 Топырақ – климаттық жағдайлары

Топырақ құрамында ылғал неғұрлым көп болса, июнь-август айларыңда
жаңбыр неғұрлым көп жауса, өсімдік солғұрлым ылғалды тиімді пайдаланады
және жедел өседі. Қуаңшылық жылдары, жаңбыр аз жауғанда жүгері өсімдігі бір
өлшемдік құрғақ затын құрау үшін көп су жұмсайды.
Павлодар облыстық тәжірибе станциясында 1972— 1974 жылдары жүргізілген
бақылаулар бойынша орта есеппен жүгері 1 центнер құрғақ затын түзеуге 8,2
миллиметр ылғал жүмсады. Ал танапқа 20 тонна көң шашқанда —6,92 миллиметр
және әр жүйекке Р20 тыңайтқышын енгізіп, 20 тонна көң шашқанда —6,65
миллиметр ылғал жұмсады. Демек, тыңайтқыштарды пайдалану нәтижесінде ылғал
үнемді жұмсалады.
Академик И. В. Якушиннің пікірі бойынша, жүгері егістігі топырақтын
.ылғалдылығы оның толық су сыйымдылығының 65—75 процентіне тең болса,
өсімдіктің дамуына қолайлы жағдай туады. Егер осы көрсеткішті 30 процентке
күрт азайтып жіберсе, дақыл ылғал тапшылығын сезініп, өсуін баяулатады.
Өзінің вегетациялық дамуы кезінде жүгері ылғалды бірқалыпты
пайдаланбайды. Алғашқы өсу дәуірінде жүгеріге ылғал онша қажет емес.
Өйткені, бұл кезде ол өте баяу жетіледі. Осынау биологиялық ерекшеліктеріне
қарай кеш және орта мерзімде пісетін жүгері сорттары мен будандары
құрғақшылыққа төзімді келеді. Әйтсе де бұл кездегі топырақ ылғалының аздығы
дақылдың алғашқы дамуына, күш жинауына, қалыптасуына, сайып келгенде, мол
өнім беруіне айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін.
Вегетациялық дамуының екінші кезеңінде жүгері ылғалды көп қажет етеді.
Әсіресе, күлтеленуіне 10 күн қалғанда су өте көп қажет бола бастайды. Бұл
қажеттілік дақыл шашақтанып болғаннан кейінгі 20 күн ішінде өсе түседі. Осы
кезеңде дақылдың органикалық заттарының 70—80 проценті кұрылады. Егер дәл
осы мерзімде қажетті ылғал жетіспесе өнім азаяды. Кез-келген өсімдік өзінің
даму кезеңдері әр басқа, топырақ ылғалдылығы әртүрлі болуына байланысты
қоректік заттарды әртүрлі пайдаланады. Сондықтан, дәндік жүгеріге әртүрлі
тыңайтқыштарды қолданғанда олардың мерзімін, тәсілдерін білудің маңызы зор.
Тыңайтқыштардың дәндік жүгерінің өнімі мен сапасына әсері тек қана
топырақ құнарлығы, тыңайтқыштардың мөлшері, мерзімі, егу тәсілдері ғана
емес, суару жуйесіне де байланысты болады.
Г. М. Титев, Э. Н. Гарме, С. Ерімбетовтың (1966) зерттеу жұмыстарының
қорытындылары минералдық тыңайтқыштар тиімділігі әр түрлі суару режиміне
байланысты екенін көрсетті
Агротехникалық шараларға сай қажетті мөлшерінде қолданылған
тыңайтқыштар мен суару жүйесі жүгері егістігінің жақсы өсуіне едәуір әсер
етті. Ең көп өсу — жүгерінің дән салған кезінде байқалды. Ал, піскен кезде
шамалы азайды. Сондықтан, кең көлемде егілген жүгері егістігіне
тыңайтқыштарды жеткілікті мөлшерде қолданып, суару жүйесін дұрыс
жүргізгенде ғана олар-дың өнімін жоғарылатуға болады.
Республикада жүргізілген екі жылдық зерттеу жұмыстарының қорытындылары
бойынша суарылмаған алқапта жүгерінің әр гектарынан орта есеппен 15,4
центнер өнім алынды. Ал суарылмаған алқапты тыңайту арқылы әр гектардан
алынған қосымша өнім тыңайтылмаған алқаппен салыстырғанда 4,9 центнерге
артты. Өсімдіктердің суару жүйесін жақсарту жалпы тыңай-тылмаған және
тыңайтылған алқаптардан мол өнім алуға мүмкіндік береді.
Жүгері егістігінің суарылмаған әрі тыңайтылмаған алқабының әр
гектарынан алынған өнім 15,4 ц, үш рет суарғандағы өнім 56,6 ц және жеті
рет суарғандағы алынған өнім 70,7 центнер болды. Жүгері егістігін суаруды
жақсартып, минералды тыңайтқыштар қолданғанда, әр гектардан алынған өнім
106,5 центнерге жетті. Яғни тыңайтылмаған және суарылмаған варианттар-
дағыдан өнім 15,4 центнер артық алынды. Мұның өзі минералды тыңайтқыштар
қосып, суару жүйесінің жүгері өнімін молайтатындығын тағы да айқын
көрсетті.
Сонымен, су өсімдік бойындағы барлық процестерге қатысады, ол
жапырақтарға және басқа да органдарға қоректік және пластикалық заттар
тасымалдайды. Мұның өзі органикалық заттардың синтезделу процесі тез
жүруіне жағдайлар жасайды.
Топьірақ ерешелігі. Жүгері егістігінен алынатын жоғары өнімдер
топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерімен қатар топырақтың
органикалық және қоректі заттарға бай болуына байланысты. Қышқылды ортасы
5,5—7 аралығында болса жақсы өнім алынады. Егер қышқылды ортасы рН—5-тен
төмен болса, ондай топырақтарда жүгері өспейді. Жүгері дәні топыраққа
түскеннен бастап, оттегін көп керек етеді. Жақсы өнім алу үшін топырақ
құрамында 18—20 процент оттегі болуға тиісті, егер ол 10 процентке түсіп
кетсе жүгерінің тамыры есуін баяулатады, 5 процентке төмендесе тіпті
өспейді. Топырақ тығыздығы 1,1—1,3 гсм аспау керек. Мұның бәрі сөзсіз
жүзеге асырылуға тиісті агротехникалық шаралар қатарына жатады.
Жылуды қажет етуі. Ауыл шаруашылығының көптеген басқа дақылдарына
қарағанда жүгері жылылықты сүйеді. Өніп, өскеннен кейінгі ауа
температурасының күрт төмендеуі жүгеріге өте зиянды.
Жүгері тұқымының өнуі үшін топырақ жылылығы 8—10 градус болса
жеткілікті. Кейбір суыққа төзімді сорттар сынап бағанасы 6 градусты, тіпті
одан да төмен температураны көрсеткеннің өзінде өне береді.
Ауаның температурасы төмен болған сайын тұқым баяу әрі сирек өнеді.
Соның салдарынан өсімдік ауруға шалдығады немесе топырақты жарып шыға
алмай, өледі. Демек, жүгерінің өніп шығуы үшін топырақтың температурасы
тұқымның өнуіне қажетті жылылықтан 2—3 градус жоғары болуға тиіс.
Жүгері өсірілетін аудандардың пайдалы температурасының жиынтығы
1700°—3120°С аралығында болады.
Жүгерінің өсу органдарының өсіп-жетілуіне қажетті ең төменгі
температура 10—12, қолайлы температура — 16—20, ал репродуктивті
органдарының пайда болуы мен гүлденуі кезінде тиісінше—12—15 және—20—24
градус болып саналады. Сондай-ақ тәуліктік орта температура 15 градустан
төмен немесе 25 градустан жоғары болса, жүгерінің өсіп-жетілуі баяулайды,
ал 45—47 градустан асса, дамуын мүлде тоқтатады.
Н. Н. Володарский (1975) зерттеулерінің қорытындылары бойынша ауаның
тәуліктік орташа температурасы неғұрлым жоғары болса, жүгері көктегеннен
бастап шашақтанғанға дейінгі даму сатысы да қысқа болады.
Негізгі органдар пайда болған шақта жүгері температураға өте сезімтал
келеді. Егер бұл кезде күн ыстық болып, ауаның ылғалдылығы
қанағаттандырмаса, ұрықтану процесі ойдағыдай өтпейді. Шашақтардағы аталық,
собықтардағы аналық ұрықтардың тозаңдануы арасында алшақтық туады, жүгері
бас тартпай қалады.
Жүгеріге ауаның ғана емес, топырақтың да температурасы елеулі әсер
етеді. Температура төмендеген сайын өсімдіктің дамуы баяулап, фосфор мен
азот тұздарын қабылдау қабілеті әлсірей береді.
Жүгері күзгі суықты тез сезінеді —3 градус суықтық кезінде ол барлық
даму процесін тоқтатып, жапырақтары солып қалады. Сөйтіп, өзінің сүрлемдік
сапасын төмендетеді.
Жарықты қажет етуі. Жүгері жылу мен жарықты сүйетін дақыл болып
саналады. Жүгерінің өз дамуы барысында жарық пен, оның қуатын қаншалықты
көлемде пайдаланатыны, жарық пен қысқа толқынды сәуле жүгері дамуына
игі әсер ететіні анықталды. Ал кешкіліктегі көгілдір түсті жарық жүгерінің
оңтүстікке бейімделген сорттарының дамуына кедергі келтіреді. Ал
Славгородская 270, Воронежская 76 және басқа да солтүстік аудандарға
бейімделген сорттарға жарығы аз, қысқа күн онша әсер етпейді. Жарықтың аз
түсуі себепті, жүгерінің өсіп-өнуі мен шашақтануы арасындағы кезең
оңтүстіктегі аудандарға қарағанда солтүстікте ұзақтау болады.
Академик Н. Н. Кулешов және басқалары солтүстік аудандармен Омск,
Ташкентті салыстырды. Бірақ күннің ұзақтығы жүгерінің өсіп-өнуі мен
шашақтануы арасындағы мерзімге елеулі әсер етпейді екен. Жалпы, жүгеріге
бұл мерзімде көбінесе температуралық жағдай ғана әсер ететіні анықталды.
Нағыз жарық керек уақыт күндізгі 12—14 сағат аралығы болады. Жарық
мерзімін ұзартса — вегетатив өсу мерзімі ұзарады, қысқартса — пісу мерзімі
қысқарады. Жүгері күнді жақсы көргендіктен егіс алқаптарын арамшөптерден
таза ұстап, әр түп жүгеріге жарықтың мол түсуі үшін егу тәсілінің ең
ыңғайлысын қолдану қажет. Бірдей жиілікпен егілгенде, әсіресе пунктирлі
тәсілмен егілгенде дақыл жарықпен молырақ қамтамасыз етіледі. Днепровский
56 буданы жиілігі әр тектарға 20 мыңнан 5 жыл егіліп зерттелді. Ол осындай
алқапқа жиілігі 80 мыңнан -егілген жүгеріден 5 күн бұрын ша-шақтанады.
Дақыл жиі егілген плантациялардың кейінгі даму сатылары баяу жүріп,
собықтары нашар дамыған. Жүгері егістігі өзінің өсіп-өну сатыларында
жоғарыда біз атап өткен факторлардың ықпалында болған. Бірін-бірі өзара
алмастыра да алмады. Сондықтан өсімдік тіршілігіне қажетті осы факторларды
реттеу үшін атмосфералық, топырақ ортасын қалыпқа келтіру, қоректік
заттармен, ылғалмен қамтамасыз етілуін арттыру, биологиялық процестерді
жеделдету сияқты бірқатар агрошараларды жүзеге асыруға тура келеді. Сонда
ғана жүгері егістігінен сапалы өнім алуға болады.
Жердің басты қасиеті — оның кұнарлылығында. Құнарлылық дегеніміз —
топырақтың өсімдіктерді қоректік заттармен, тиісті мөлшерде ылғалмен,
ауамен бір мезгілде қамтамасыз етуі, өсімдіктің тіршілік етуіне қолайлы
физикалық, химиялық, биологиялық жағдайлар туғызу қабілеті.
Топырақтың табиғи және жасанды құнарлылығы болады. Топырақ кұнарлылығы
топырақтың құралу ерекшелігіне және топырақтағы қоректік заттардың жалпы
қорына, өсімдік тіршілігінің басқа да жағдайларына байланысты.
Табиғи құнарлылық қазір адам әрекеті араласпаған тың жерлердің
топырағынан ғана кездеседі. Бір топырақтың құнарлылығы төмен, екінші бір
топырақтың құнарлылығы жоғары болатыны белгілі. Топырақ құнарлылығы
өзгермейтін тұрақты процесс емес, ол табиғи топырақ құрылу процестеріне
және адамның өндірістік қызметіне қарай өзгеріп отырады.
Қазір тың жерлер өте аз, ал пайдаланылатын топырақ құнарлылығы жағынан
тың жерден мүлде өзгеше. Алайда, барлық топырақтың, тіпті жоғары мәдени
топырақтың жасанды құнарлылығы табиғи құнарлылықпен ұштастырылады, өйткені,
олар өзара тығыз байланысты.
Егер жерді футбол добының үлкендігімен салыстырсақ, ондағы топырақ
қалыңдығы ұстара жүзінің қалыңдығынан 10 есе жұқа болар еді. Жердің осындай
ғана жұқа қабаты бүкіл құрылықтағы адам баласын ғасырлар бойы
тамақтандырып, киіндіріп келеді.
Өсімдіктердің негізгі тіршілік процесі — фотосинтез екені белгілі, ол
процесс бір жағынан, күн көзі жарығының қуатымен, екінші жағынан — ауаның
жер бетіндегі қабатына көмір қышқылының құйылуымен байланысты өтеді.
Фотосинтез нәтижесінде ауаның көмір қышқылы мен судың есебінен өсімдік
бойындағы барлық органикалық заттардың 93,5 процентіне дейін кұралады.
Топырақтың минералдық заттары мұның 6,5 процентін ғана құрайды.
Өсімдіктер қурап біткеннен кейін, табиғаттағы қоян-қолтық араласуларда
жаңадан пайда болған органикалық зат топыраққа барып түседі, онда
микроорганизмдердің ықпалымен іріп-шіриді де, көп бөлігі жоғары қабаттарға
бекиді. Өсімдіктердің тек өздеріне ғана тән тамаша қасиеті мынада: олар
өздерінің өсіп-өскендеуі үшін қажетті қоректік заттарды талғап алып,
топырақтың жоғары қабаттарына жинап, сақтай біледі.
Сөйтіп, жер бетіндегі өсімдіктер тіршілік ету әрекеті нәтижесінде
атмосферада және жер қыртысының тау жыныстарында шашырап жататын қоректік
элементтерді жинақтайды. Оларды бойларына сіңіреді. Ал, сан алуан
микроорганизмдер дүниесі оларды әр түрлі органикалық заттар етіп түзеді,
онан сон, биохимиялық және басқа топырақтық процестердің барысында, күрделі
органикалық-минералдық комплекс — қарашірік түріне айналдырады.
Биологиялық процестердің жеделділігі топырақ құралу процесінің
сипатын айқындайды. Биологиялық процестер неғұрлым тезірек жүрсе,
құнарлылық соғұрлым шапшаң артады. Мұны байқаулар мен дәл жүргізілген
тәжірибелер анықтап отыр. Сондықтан, ауылшаруашылығы практикасында
пайдалы биологиялық процестердің белсенділігін күшейтетін
құралдарды қолдану қажет. Қазіргі ғылым қолында ондай құралдар бар.
Мәселен, химиялық қазіргі құралдарының көмегімен топырақтың қоректік
режимін түбірімен жақсартуға мүмкіндік туды. Және бітік егін өсіру үшін
қоректік заттардың ең дұрыс тепе-тендігін жасауға да болады. Егінші
агротехникалық шаралардың ғылыми жүйесін қолданып, топырақтағы пайдалы
биологиялық процестердің белсенділігін арттыруға қолайлы жағдайлар
туғыза алады. Мелиорациялық шаралардың ғылыми жүйесігі пайдалану —
кез-келген топырақта және кез-келген климат жағдайларында ауыл шаруашылық
дақылдарын өсіруге қажетті ең тиімді су-ауа режимін жасауды қамтамасыз
етеді.
Топырақ құрайтын табиғи процестердің дамуы, геологиялық, биологиялық
процестер өрге басып, өркендей беретінін көрсетеді. Әрине, оның жекелеген
буындарында төмен құлдыраулар, кері процестер болуы мүмкін, алайда,
олардың ішінара ғана сипаты бар және қолайлы процестер ерте болсын, не кеш
болсын әйтеуір, олардың орнын толтырып отырады. Демек, тіршілікті өрге
бастырудың объективтік факторы сол тіршіліктің өз бойынан табылады және
табиғаттағы топырақ құралу процесінің дамуы тұтас алғанда топырақтың
қүнарлылығын жақсартуға жеткізеді. Рас, бұл процесс әр түрлі табиғи
жағдайларда түрліше және тым баяу жүреді.
Топырақ — өсімдіктер үшін жартылай шикізат дайындайтын органикалық
заттар түзуші табиғи цех тәрізді. Сонымен қатар ол — органикалық заттарды
минералдық заттарға айналдыратын микроорганизмдердің қонысы.
Жоғары өнім алу үшін өсімдікке қажет коректік заттар мен суды дұрыс
үйлестіре білу қажет, ол үшін егіншілік ғылымы мен озық тәжірибенің
жетістіктеріне сүйене отырып, топырақты мәденилендіру мен жақсарту үшін
қажетті мынадай заңдарды ескеру керек:
1. Табиғатта топырақ құралу процесіндегі жағымды тиімділік заңы.
Топырақ қунарлылығының қалыптасуы және оның біртіндеп арта беретіні, ондағы
тірі организмдердің барған сайын ұлғая беретіні және күн сәулесінің қуаты
мен қоршаған ортадан қоректік заттарды көп жинауы, ал содан соң бұларды өзі
мекен ететін аймаққа шоғырландыруы, тірі организмдердің жетекші роль
атқаруы— осы заңға байланысты.
Климаты, температурасы мен су режимдері қолайлы аймақтарда
өсімдіктердің, жер қыртысының үстіңгі қабаттарында микрофлоралар мен
жануарлар дүниесінің өркендеуіне жақсы жағдайлар жасалатыны белгілі. Ал
мұның өзі, түптеп келгенде, топырақ құралу процестерін жеделдетеді, топырақ
құнарлылығын арттыруға біршама тезірек жеткізеді. Мұндай аймақтарда топырақ
өнімділігі, оның биологиялық қуаты жоғары дәрежеге жетеді. Алайда, климаты
суық аудандарда (Тундра аймағында) топырақтың құнарлылығынын артуын
шектейтін — төменгі температура, ал шөл және шөлейт аймақтарда (Орта Азия
және Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігі) ылғалдың жоқтығы болып табылады.
2. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы. Бұдан 125 жыл бұрын неміс
ғалымы Ю. Либих заттарды топыраққа қайтару заңын ашқан болатын.
Қайтару заңының талабы бойынша — ысырап болу, егінмен бірге кету, немесе
басқа да себептер салдарынан топырақтың сіңімді қоректік заттарының тепе-
теңдігі бұзылған жағдайда, тиісті тыңайтқыштар енгізу жолымен яки
басқа агротехникалық әдістермен ол тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет.
Соның өзінде топырақ — тірі организм іспетті екенін және ондағы
микробиологиялық процестер дұрыс реттелсе, өсімдіктердін пайдалануына
жарамсыз заттардың бір бөлігі сіңімді күйге ауысатынын ескеру керек.
Заттарды қайтару заңының бұзылуы — топырақтың құнарлылығының жойылып
кетуіне соқтырады.
3. Минимум, оптимум және максимум заңы. Бұл заң қайтару заңымен тығыз
байланысты. Егін көлемі көп жерлерде өсімдіктер өсуінің минимумдегі
-факторға немесе элементке тәуелді болатыны белгілі. Егіннің түсімі
топырақтағы минералдық заттардың мөлшеріне (азот, калийдің, фосфор және
басқа қоректік заттарға) байланысты болады. Яғни, түсімнің минимум мөлшерін
— белгілейтін элементтер. Сол сияқты топырақта қоректік заттар жеткілікті
болғанымен, су тапшы болса, онда түсімнің мөлшерін ылғал шектейді. Мұндай
жағдайда диқан өзінің барлық шеберлігін осы, минимумның теріс ықпалын жоюға
жұмсауы қажет. Әрине, бұл арада ең дұрысы — қолдан суару, ал қолдан суару
жүйесі әлі жасалмаған жерде, топырақта ылғалдың біршама көп жиналуы мен
сақталуын қамтамасыз ететін агротехникалык шаралардың қолданылуы
керек.
Сөйтіп, тіршіліктің кез-келген факторының — ылғалдың, қоректік
заттардың, жылудың, жарықтың — шамадан тыс көп болуы да, жетіспей кем болуы
да өсімдіктің өсуі мен өркендеуіне теріс ықпал етеді. Бұл сондай-ақ ауыл
шаруашылық өнімдерінің биологиялық сапасының нашарлауына да әкеп соқтырады.
Өсімдіктің тіршілік етуіне минимальды — қолайсыз және оптимальды — ен
қолайлы жағдайлармен қатар максимальды жағдай да болады. Мұндай жағдай,
көбінесе, өсімдіктерге зиянды келеді. Тіпті, оны көп ретте өсірмей
тастайды. Өйткені, бұл арада максимум заңы деп аталатын заң өз дегенін
істейді.
Шамадан тыс көп, әсіресе, біржақты енгізілген тыңайтқыш өнімді
арттырмайды. Тіпті, қайта онын сапасын нашарлатады. Тыңайтқыштың мелшерін
беталды көбейтуге жұмсалған шығын өзін ақтамайды, қайта шаруашылыққа тек
зиян шектіреді.
Сол сияқты өсімдіктер өзінің өсіп өну сатысына қажетті факторлар
максимум болса да дұрыс дамымайды. Міне, сондықтан сортаң, батпақты
топырақтарда тұздар мен ылғалдық көп болуына байланысты оптимальды, яғни
қолайлы жағдайлар жасау үшін, тұзды топырақ сумен шайылады да батпақты
топырақтар құрғатылады.
Ауыспалы егіс кезінде, тыңайтқыштар жүйесін талдап жасағанда, бітік
те тұрақты енім өсіру жөніндегі басқа да агротехникалық шараларды
белгілеген кезде, осы заң басшылыққа алынады. Минимумда немесе максимумда
бар факторларды неғұрлым оптималды дұрыс мөлшерге жеткізу, өсімдіктің өсуі
мен дамуы үшін ең жақсы жағдай жасау, нақты шаралар қолдану —осы заң
негізінде жүзеге асады.
Алайда, практикада минимум, оптимум және максимум заңы жиі-жиі
бұзылады. Соның салдарынан мынадай да фактіге кезігеміз: азот минимум
болған егістікке фосфор, ал фосфор аз жерге азот енгізіліп жатады. Ылғал аз
екеніне қарамастан топырақты дискілі құралдармен қайта-қайта өңдеп, ақыры
оны құрғатып тындыратын егіншілер де ұшырасады.
Біз оңай болуы үшін, өсімдік тіршілігінде белгілі бір факторлар бар
болған кездегі, минимумның, оптимумның және максимумның маңызын жеке-жеке
алып қарадық. Бірақ, осы үш ұғым логикалық жағынай біртұтас келеді,
сондықтан егіншілік практикасында олар бір заңның шеңберінде, бір мезгілде
алынып қаралады да, көбінесе жай ғана минимум заңы деп аталады.
4. Өсімдіктердің өзі орнына сәйкес келуі және дақылдарды уақыт пен
кеңістік бойынша дұрыс кезектестіру (тұқымды ауыстырып отыру), дұрыс
ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы. Жекелеген организмдер ғана емес, тұтас
бүкіл өсімдік қоршаған ортамен өзара байланыста, тығыз қарым-қатынаста
болады. Олар қатар өсіп қана қоймайды, қауымдасып, өздері қоректенетін
алаң, ылғал, жарық және тіршіліктің басқа да факторлары үшін күреседі,
өзара олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жағдайында жобаланатын ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштар қолдану жүйесін жетілдіру
ЖАЗДЫК ЖӘНЕ КҮЗДІК ДӘНДІ ДАҢЫЛДАР ЕГІСІН ТЫҢАЙТУ
Жүгері будандарының өнімділігін арттыру
Нысанның табиғи-климаттық және шаруашылықтық жағдайлары
Жүгеріні өсіру технологиясы
ОҚО, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы жағдайында сүрлемдік жүгеріден жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау
Ауыспалы егіншілік,ауыстырылмайтын егіс, қайталап себу,монокультура
Алматы облысы Үшарал ауылының кәдімгі боз топырағында өсірілген қант қызылшасының ауыспалы егіс дақылдарын тыңайту
Дәндік жүгері өсіру технологиясы
Егіншілікте тыңайтқыштардың қолданылуы
Пәндер