Алматы облысының көлдерінің температура режимі


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
2-тарау. Балқаш-Алакөл алабының көлдері
2. 1. Балқаш-Алакөл алабының гидрологиялық тұрғыдан зерттелуі . . . 5
2. 2. Балқаш-Алакөл алабының көлдерінің шығу тегі мен су режимі . . . 9
3. 3 Балқаш-Алакөл алабының көлдерінің физикалық-химиялық қасиеттері . . . 14
3. 4. Балқаш көлінің су режимі . . . 25
2. 2 Алакөлдің табиғатының ерекшелігі . . . 33
2. 3 Алакөл жүйесіне енетін көлдерге жалпы шолу . . . 41
2. 4 Балқаш ойысының шағын көлдері . . . 50
Қорытынды . . . 54
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56
- Кіріспе
Балқаш-Алакөл ойысының аумағындағы табиғаттағы маңызы зор нысандардың бірі табиғи су қоймалары көлдер болып табылады. Олар Балқаш, Алакөл, Сасықкөл Ұялы сыяқты өзіне тән бірегей органикалық дүниесі бар ірі көлдер Жетісу өңіріндегі жылу мен ылғалдың таралуында, ерекше орын алады.
Аридті аймақ болып табылатын облыс аумағының халқын балық өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар жазғы демалыс орыны болып табылатын көлдерді жан-жақты оқып үйреніп оларды бірегей табиғи нысан ретінде қорғаудың маңызы
Бітіру жұмысының өзектіліг і: Бітіру жұмысы Алматы облысының аумағындағы көлдердің түзілу жолдарын, қоректену режимдерін, табиғаттағы маңымен оларды қорғаудың маңызын ашып көрсетуімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- Алматы облсының аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдарын;
- -гидрологиялық режимдерін, динамикасы мен су балансын;
- -қоректену ерекшеліктері мен физикалық-химиялық қасиеттерін
- -органикалық дүниесімен табиғаттағы маңызын ашып көрсетіу.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- Алматы облысының физикалық географиялық орыны мен көлдердің гидрологиялық тұрғыдан зерттелуін айқындау;
- Балқаш-Алакөл ойысындағы көлдерінің шығу тегіне қарай топтастыру;
- Облыс аумағындағы көлдердің су режиміне температура мен жауын- шашынның таралуының, жыл маусымдарындағы атмосфера циркуляциясының негізгі ерекшеліктерінің әсерін анықтау;
- Көлдердің су режимідерінің ерекшеліктері мен қасиеттерін Ашып көрсету;
- Балқаш пен Алакөл жүйесіндегі көлдердің гидрологиялық режимдерін, қоректенетін су көздерімен балансын, органикалық дүнйесін және оларды қорғау мәселелерін айқындау.
Бітіру жұмысының әдістемелік - методологиялық негіздері: Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде Жаналиеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В. М. Чупахиннің «Физическая география Казакстана» оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы:
Ұсынылған жұмыстағы жазба деректерді география мамандығының студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары білім көзі ретінде пайдалана алады. Туристік фирмалардың қызметкерлері, өндірістің жеке салаларының мамандары.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны: б ітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімімен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігіғ мақсаты мен міндеттері ашып көрсетілген.
Бірінші тарауда Алматы облысының аумағындағы көлдердің зерттелу тарихы, көл қазаншұңқырларының түзілу жолдары гидрологиялық режимдеріне талдау жасалған. Екінші тарауда Балқаш-Алакөл ойыстарындағы ірі және шағын көлдердің су режимі мен органикалық дүниесімен шаруашылықтық маңызы қарастырылған.
1. Алматы облысының көлдеріне жалпы шолу
1. 1 Алматы облысының физикалық географиялық орыны. Гидрологиялық тұрғыдан зерттелуі
Алматы облысының аумағы солтүстігінде Балқаш климаты арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен (Шолақ, Қызыл-саяқ, Қоскеліншек Қызылтас, Табақкен-татар, Қараүңгір, т. б. ) . солттүстік - шығысында Тарбағатай жотасымен, Барлық Майлы тауларымен (Алакөл қазаншұңқырымен бөлінген), шығысында Жетісу (Жоңғар) қақпасы. Борохоро жотасы арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь Шанның Кетпен (Ұзынқара) жотасымен және Күнгей Алатауымен, оңтүстігінде Іле, Теріскей Алатауларымен және оңтүстік-батысында Шу-Іле тауларының Жетіжал және Кіндіктас тауларымен батысында Жусан-дала үстірті арқылы Шу-Іле тауларының Айтау аласа таулар мен тауаралық аңғарлар шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың қиыршықтасты шөлді-шөлейтті өңіріне ұласады. /1/
Алматы облысының көлдерін физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды.
Алматы облысының көлдерін зерттеуде географ ғалым белгілі климатолог А. И. Воейковтың еңбектерінде (1884 жылғы) жан-жақты сипаттама берілген. Ол алғаш рет Сарыарқаның көлдерінің суының деңгейінің ауытқу себептерін, су балансы мен оның деңгейінің теңесуін зерттеп, оған әсер ететін орта жағдайын ашып көрсетті. А. Красовскийдің, М. Лемпицкиидің, И. Солавлевтің, В. Граменаның, Н. Игнатевтің, М. Жилинский, А. Козлов басқада ғалымдардың арнайы экспедициялары мен саяхаттарының барысында орталық Қазақстанның көлдері жөнінде мол мағлұмат жиналды.
Алматы облысының көлдерін зерттеудің екінші кезеңі ХІХ ғасырдың 90 жылдары мен Ұлы қазан төңкерісінің аралығын қамтыды. Бұл кезеңде көлтану ғылымының теориялық-әдістемелік негіздері қаланды. Жалпы зерттеулермен қатар биологиялық, гидрохимиялық арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Д. Н. Анучин “Воды суши озера” атты (1896ж) еңбегінде өзі жүргізілген гидрологиялық бақылаулардың нәтижелерін кеңінен қолданды. Ол өзі сипаттаған көлдері ландшафтың негізгі компонентінің бірі ретінде қарастыра отырып олардың қоршаған ортамен байланысын табиғаттағы маңызын шаруашылықтық мақсатта пайдалану мүмкіндіктерін анықтайды /1/.
Бұл кезеңде көлдер гидробиологиялық тұрғыдан зерттеу тек танымдық сипатта болды. Алматы облысының көлдерін зерттеудің үшінші кезеңі Ұлы қазан төңкерісінен кейін басталды. Бұл кезеңде көл суларын шаруашылықтың мақсатта пайдалану, ірі су қоймалары мен су электр станцияларын салу, көл суларының 1920-30 жылдардың аралығында Қорғалжың Балқаш көлді аудандарында арнайы кешенді гидробиологиялық зерттеулер жүргізіліп, шаруашылықтың мақсатта пайдалану мүмкіндіктері анықталды.
1930 жылдары КСРО ғылым академиясының галлргия институты мен тұз зертханасы Қазақстан көлдеріндегі тұздың қорларын анықтап оны тиімді пайдалану мәселелері зерттелді. 1928-1931 жылдар аралығында П. Ф. Дормачевтің басшылығымен алғаш рет Балқаш көліне кешенді гидробиологиялық зерттеулер жүргізілді.
Үш жылға созылған зерттеулер нәтижесінде батиметриялық өлшеулер жүргізіліп көлтабанын түзетін жыныстардың құрамы, судың термикалық және химиялық құрамы, плангтондары мен бентостары туралы деректер жиналып, кешенді сипаттама берілді /2/.
1932 жылы құрылған КСРО ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінің құрамына кірген зоология, ботаника секторлары Алматы облысының жоспарлы түрде оқып үйрену бағытында кешенді жұмыстар атқарды.
Балқаш-Алакөл ойысының көлдерін зерттеуде 1931 жылы басталған КСРО-ның су кадастры маңызды роль атқарды. Г. В. Никольскийдің 1940 жылы жарық көрген “Арал теңізінің балықтары” атты монографиясында Қазақстан көлдерінде мекендейтін балықтардың 20 түріне сипатта беріп, олардың қоректенуіндегі плагтондармен бентостың алатын орынын ашып көрсетті /3/.
Балқаш-Алакөл ойысының тұзды көлдерін 1941 жылы Е. В. Пасхов зерттеді. 1941-1943 жылдардың аралығында қорғалжың теңіз, зайсан көлдерін В. А. Догальдың, С. С. Печниковтың, Т. А. Сениннің және К. В. Смирновтың басшылықтарымен жүргізілген гидрологиялық экспедициялар аталған көлдердің фито, зооплангтодары мен бентостарын зерттеп, олардың балық қорын арттырудағы алатын орындарын анықтады. Зерттеу нәтижесінде Балқаш - Алакөл жүйесіндегі көлдерімен Қара Етісте балық шаруашылығын дамытуды қайта жаңғырту жөнінде ұсыныс жасады. К. В. Смирнов Алакөл мен Балқаштың паразит жәндіктерін зерттеді.
Ұлы Отан соғысы жылдары Балқаш-Алакөл ойысының көлдерінде С. А. Зернов, Н. Н. Воронин, В. А. Доволь, В. И. Жадин, Я. Я. Цееб, Н. А. Акатова, В. Я. Понкратова, Г. Х. Шарогнинова сынды биолог-гидролог ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Балқаш-Алакөл ойысының көлдерін КазКСР ғылым академиясының зоология институты айланысты. Орталық Қазақстанның аквофаунасы мен олардың санын арттыру мен гидрологиялық режимін белгілі ғалымдар: Н. П. Серов, А. С. Машковская, А. И. Горюнова, С. К. Тютенков, В. И. Ерещенко, В. А. Киселева, П. Ф. Мартехов, В. Я. Пильчук, И. К. Иванов зерттеді.
1945-1950 жылдар аралығында балық шаруашылығын тиімді пайдалану мақсатында Балқаш-Алакөл ойысының көлдерінде В. В. Селезнев, А. П. Селезнева, Н. А. Әмірғалиев, Н. Ш. Қайыровалар зерттеу жүргізді. 1965-1969 жылдар ара-лығында КСРО ғылым академиясының көлтану зертханасы А. В. Шнитныковтың орталық және солтүстік Қазақстанның көлдерін зерттеді /3/.
Ұлы Отан соғысынан кейін Балқаш, Сасықкөл, Қошқар, Алакөл сияқты ірі көлдермен қатар Балқаш-Алакөл ойысының шағын көлдерін зерттеу ісі қолға алынды. Бұл бағытта КСРО-ның мемлекеттік гидрология институты көп жұмыс атқарды. 1954-1956 жылдар аралығында А. П. Богордницкидің басшылығымен зерттелді. 1954 жылдан бастап Қазақстан мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің) физикалық география кофедрасы Г. Г. Муравлеваның басшылығымен Орталық Қазақстан көлдерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1957 жылдан бастап Қазақ КСР-ның ғылым академиясының география секторының ғылыми қызметкерлері Т. Р. Омаров, Е. А. Казанская, Т. М. Тимофеева, П. Н. Кравченко бүгінгі таңға дейін зерттеу жұмыстарын зерттеп келеді.
- Алматы облысының көлдерінің шығу тегі мен су режимі
Алматы облысының көлдерінің морфологиясы мен таралу ерекшеліктері. Алматы облысының аудан аумағында барлығы 9392 көл бар. Олардың ішінде бір шаршы шақырымнан аспайтын 9343, бір шаршы шақырымнан асатын 46 . /6/ Олардың ішінде саны жағынан аумағы 1км 2 аспайтыны 95% шаруашылықтық маңызы бар көлдер небары 10% құрайды /4/.
Алматы облысының аумағында жауын-шашын аз түсетін шөлді-шөлейтті, далалы зонасының шегінде орналасқандықтан аумақтың көлдігі небары 0, 58. Алматы облысында шөлейт және шөл зонасының шегінде орналасқандықтан көлдердің басым бөлігі Шөлдер мен Іле, Қаратал, Ақсу, Тентек өзендерінің Балқаш пен Алакөлге құяр сағасында, немесе жерасты суы жер бетіне таяу жатқан шағын ойыстарда түзілген. Ландшафтылық зонасында көп кездеседі. Онда аумағы беткі ауданы 100 га асатын 23 көл бар, олардың жалпы ауданы 108 км 2 . Булану артып жауын-шашынның кемуіне байланысты аймақтың оңтүстігінде ірі көлдер жоқ. Облыс аумағындағы 23 ірі көл аймақтағы көлдердің 71% құрайды. Олардың барлығы Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде шоғырланған.
1 кесте
Алматы облысының көлдігі
Алматы облысының көл қазан шұңқырлары шығу тегі жағынан тектоникалық және экзогендік ойыстар болып үлкен екі топқа бөлінеді. Көлдер тереңдігі, мөлшері, жағалау сызықтарының ерекшеліктері гидрологиялық режимі жағынан алуан түрлі болып келеді.
Алматы облысының көл қазан шұңқырларының түзілуі геологиялық (жаңа тектоникалық қозғалыстарға, геологиялық құрылымына, сейсмикалық, тау жыныстарының литологиялық құрамы) және экзогендік (өзен эрозиясының әрекеті, желдің, карстылы, суфозиялық гравитациялық үрдістер) сонымен қатар климаттағы өзгерістер мен адамның шаруашылық әрекеті әсер етеді. Балқаш-алакөл Ойысының көл қазан шұңқырларының бірнеше генетикалық типтері бар.
Тектоникалық ойыстарда түзілген көл қазаншұңқырлары. Балқаш-алакөл Ойысында тектоникалық көлдердің екі түрі бар олар тектоникалық бөгенді көлдер және тектоникалық тақталардың иіндерінде түзілген көлдер. /5/ Тектоникалық өгенді көлдер тектоникалық қатпарлардағы қысымы төмен шағын өзен аңғарларды шоңғалдардың немесе ысырынды жыныстардың бөгеп қалуынан түзіледі. Аталған көл қазаншұңқырына Сасықкөл, Қошқар, Жалаңашкөл. Ол төрттік дәуірдегі неотектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде түзілген тектоникалық ойыстарда пайда болған. Тектоникалық тақталардың иінінде түзілген көлдің қатарына Балқаш -Алакөл жүйесіндегі барлық көлдер кіреді. Ол ірге тасы 150-200 метр тереңдікте орналасқан палеозой иіні болып табылады. Аталған тұйық көлдердің қалыптасуы ежелгі палео Балқаш пен палео Алакөлдің тартылуы нәнижесінде қалыптасуы төрттік дәуірде басталды.
Алматы облысының экзогендік көл қазаншұңқырлары. Алматы облысының аумағында эрозиялық сорлы - дефляциялық, суфозиялық және гравитациялық үрдістердің әсерінен түзілген қазаншұңқырлары басым. Олар көбінесе жерасты суы жер бетіне жақын жатқан өзен аңғарлары мен ойыстарда кең таралған. Эрозиялық ойыстар қазан қалқанындағы жылға тәрізді ұзыннан ұзақ ежелгі ескі өзен арналарын бойлай созылып жатады.
Эрозиялық көлдердің екінші тобына Балқаш-Алакөл ойысындағы Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек өзендерінің төменгі ағыстары мен сағаларында кең тараған шағын көлдердің қатарына Нұра, Сарысу, Терісаққан, Құланөтпес өзендерінің аңғарында түзілген эрозиялық-денудациялық көлдерді жатқызуға болады.
2-кесте
Алматы облысының көл қазан шұңқырларын шығу тегіне қарай топтастыру
Эрозиялық көлдердің үшінші тобына Сарысу, Нұра өзендерінің жайылмаларында түзілген ескі арналы көлдер жатады олар шағын күшті минералданған тұзды болуы-суфозиялы көлдер Сарыарқаның лесті жынысты беткейлерінде бос жыныстарды және үрлеу нәтижесінде түзіледі.
Алматы облысының көлдерінің су режимі. Алматы облысының көлдері су алмасуының жағдайларына қарай суы белгілі бір кезеңмен алмасатын ағынсыз тұйық және тұрақты үздіксіз алмасатын ағынды көлдер болып екіге бөлінеді. Сарыарқада көбінесе ағынсыз тұйық ащы көлдер басым. Суының көлемінің аздығы мен ағынсыз болуы ұсақ шоқылы жер бедерімен, құрғақ климатымен, сирек әрі аз сулы өзен торлары мен тығыз байланысты /6/.
Алматы облысының тұйық көлдері негізінен суық кезеңде жауған жауын-шашынның еруінен қоректенеді. Наурыздың аяғымен сәуір айында қыстай жауған қардың қарқынды еруінің нәтижесінде көл суларының деңгейі жедел көтеріле бастайды. Ол 10-15 күнге созылады. Сарыарқаның көлдерінің суының деңгейі орта есеппен тәулігіне 1-2 сантимертге жауын-шашын мол түскен жылдары 5-10 сантиметрге дейін көтеріледі. Көл суларының деңгейін көктемде орта есеппен 20-30 саниметрден 60-80 сантиметрге дейін жетеді. Шағын тұйық көлдердің деңгейі тәулігіне 40-60 сантиметрге дейін көтеріледі. Кейбір көлдердің табанына судың сіңіуіне байланысты көктемде деңгейі 10-20 сантиметрге төмендейді. Алматы облысының көлдерін көп зерттеген белгілі гидролог А. В. Шнитников көлдің деңгейінің маусымдық ауытқуымен қатар көп жылдық ауытқуын бөліп көрсетеді. Көл деңгейінің көпжылдық ауытқуы құрғақшылық және ылғалды жылдармен алмасып отыруымен тығыз байланысты. А. В. Шиткаков ғасыр ішілік көп жылдық циклының көл деңгейінің көтерілетін кезеңдері деңгейі төмендейтін кезеңіне 2, 5 есе төмен болып 19-47 жыл аралығында ауытқитынын анықтаған.
Алакөл, Сасықкөл, Балқаш сияқты ірі көлдерде ауа температурасы жауын-шашынның түсуі, өзен ағыны мен көл деңгейінің циклында байқалады. Температура мен жауын-шашынның түсуінің кіші циклі 4-9 немесе 4-7 жылда қайталанады. Температураның ең жоғарғы циклінің шегі жауын-шашын аз түсетін жылдарға сәйкес келеді. Жауын-шашынның басты бөлігі циклдің бірінші жартысында түседі. Температура режимінің үлкен циклі 17-21 жылға созылады. Ол бірін-бірі алмастыратын үш кіші циклдан тұрады. Үлкен циклда жауын-шашынның ең көп мөлшері оның соңында байқалады. Бұл кезеңде жауын-шашынның ең жоғарғы шегімен өзен ағынының мол суы кезеңінің ең жоғарғы шегінде бір бірімен сәйкес келеді
Көлтанушы ғалымдардың ұзақ мерзімді тұрақты зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып өзен ағынының ауытқуының кіші үлкен және ғасырлық циклын анықтаған. Өзен ағынының үлкен циклы бірін-бірі алмастыратын төрт кіші циклдан тұрады. Үлкен цикл 17-21 жылға созылады. Өткен ғасырда орталық Қазақстанда өзен ағынының үш үлкен циклы байқалған. Біріншісі 1906-1908 -1926-1927 жылдардың аралығын, екінші үлкен циклі 27-28-1943-1945, үшінші үлкен циклы 1944-1946-1962-1963 жылдар төртінші үлкен цикл 1963-1965-1985-1987 жылдардың аралығын қамтыды. /7/.
Алматы облысының көлдерінің су балансы. Алматы облысындағы судың беткі ағыны жауын-шашын, жерасты еспе сулары, инфильтрация (жерастына сіңу) және буланудың жыл ішіндегі және көпжылдық өзгерістерге ұшырауы байқалады.
Алматы облысының көлдерінің суының таяздығымен ауданының ірілігіне қарамастан жауын-шашынның аз түсуі су балансының тұрақсыз болуына әсер етеді. Сондықтан аймақтың таяз шағын көлдері жазда буланудың әсерінен таязданып кеуіп, қыста қатып қалады. Кейбіреулері жауын-шашын аз түскен жылдары кеуіп қалады. Көп суларының кіріс бөлігін өзен суының беткі ағыны, жауын-шашын мен жер асты еспе сулардың ағыны құрайды. Су жинайтын ауданы біршама ірі Алтай, Үшкөл сияқты көлдердің суының 50% астамын беткі ағын құрайды. Жекелеген жылдары көп жылдық орташа көрсеткіштен 5-10 есе артуы мүмкін. Жерасты еспе суларының ағыны көлдердің су балансының 5-20% құрайды. Ағынсыз тұйық көлдердің шығыс бөлігін судың бетінен жүретін булану құрайды.
Алакөл, Сасықкөл мен Балқаш көлдерінің бір жылда бетінен буланатын судың қалыңдығы 700-1200 мм аралығында ауытқиды. Алматы облысының көлдерінің шығынының 10-15% жер астына сіңуге (инфильтрацияға) жұмсалады.
Көл суын өндірістік мақсатқа пайдаланғанда жылдық буланудың бірнеше пайызынан асыруға болмайды.
1. 3 Алматы облысының көлдерінің физикалық-химиялық қасиеттері
Алматы облысының көлдерінің көбі ұсақ шоқылардың аралығындағы ойыстарда түзілген шағын болғандықтан аумағы 1км 2 аспанды сондықтан олардың суының мөлдірлігі 0, 3-18 метр аралығында ауытқиды. Мөлдірлігі қыста көктемге қарағанда жоғары болады. Тұщы әрі лай суға күн сәулесі баяу тұзды суға қарағанда онша терең енбейді. /8/.
Жоғары өнімді органикалық дүниесіне бай көлдерде судың мөлдірлігі төмен болумен ерекшеленеді. Оны плонгтондармен бентостардың, нейстондар мен пектондардың қарқынды дамуымен түсіндіруге болады.
Көлдерінің түсін фотометриялық әдіспен анықтайды. Сарыарқа көлдерінің суларының табиғи түсі көгілдір-жасыл мен сарғыш қоңырдың аралығында ауытқиды. Дәміне қарай тұзды, қышқыл, ащы, тәтті болып бөлінеді.
Алматы облысының көлдерінің температура режимі. Географиялық орнының ерекшелігіне метеорологиялық факторларға, теңіз деңгейінен биіктігіне өсімдік өсу дәрежесіне және судың физикалық -химиялық қасиетіне байланысты көл суының температурасының маусымдық ауытқуы байқалады. Егер күшті минералданған болса температура -20 0 немесе оданда төмен түскенде қатпайды.
Көл сулары жылуды баяу сіңіріп, баяу суынады, сондықтан көл суы атптап ыстық құрлықтың бетіне қарағанда 6-10 0 дейін төмен болады. Көл бетіндегі ең жоғағы температура кешке ең төменгі таңертең ерте байқалады. Орталық Қазақстандағы көл суының температурасының маусымдық ауытқуының жоғары болуы онда мекендейтін ағзалардың тіршілігіне күшті әсер етеді.
Балқаш-Алакөл ойысының көлдеріндегі жылы кезең 180 күнге созылады. Жыл ішіндегі температура ауытқуының амплитудасы 30 0 шамасында. Қар ери бастағанда мұз астындағы көл су 2-3 0 дейін қызып төмен түсіп терең қабаттардағы біршама салқын сулармен араласады. Нәтижесінде көл бетіндегі мұз толық ерігенде судың температурасы +3+3, 5 0 С дейін жетеді. Мамыр айының соңында көл суының температурасы +7 . . . +20 0 дейін көтеріледі. Терең көлдерде табанына жақын су қабаттарында +6 . . . +10 0 аралығында ауытқиды. Саяз сулы көлдерде ауа температурасымен шамалас болады.
Жазда көл суының әр 10 метр қабатында температураның өзгеруі айқын байқалады. Тамыздан бастап орталық Қазақстан көлдерінің суларының біртіндеп суына бастауы айқын байқалады /9/.
Тамызда көл суының беткі температурасы +10 . . . +15 0 дейін төмендейді. Қазанда көл суының беткі қабатының температурасы 0 0 шамасында болады. Қыста мұз қатқаннан кейін терең қабаты жел әрекетінен қозғалысқа ұшырауы тоқтайды. Қыста көл суының мұз астындағы беткі температурасы 0 0 табанындағы температура +4 0 болып кері стратификация қалыптасады.
Алматы облысының көлдерінің мұз режимі. Алматы облысында қыс қары жұқа аязды болып келуімен ерекшеленеді. Мұзды көлдерде температура 0-2 0 қатады. Таяз көлдердің бетінде мұз бір түрде қатады желді толқынды күнері бірнеше күн кеш қатады. Көлдердің бетінде мұз қату Сарыарқаның солтүстігінде қарашаның басында ал оңтүстігінде ортасынан басталады.
Мұз қату көл суының температурасының барлық қабаттарында +4 0 жеткенде ғана басталады. Кеш қату тұзды терең әрі ірі көлдерге тән. Суық аязды жылдары мұз шеті жағалаудан бастап бір түнде қатып біртіндеп ортасы қатып бір-бірімен тұтасады. Алматы облысының Балқаш, Алакөл Ұялы сияқты ірі көлдердің тұтас қатуының ұзақтығы 1-3 күннен 35-40 күнге дейін созылады. Қарқынды қалыңдауы қарашамен ақпанның соңына дейін созылады. Көл бетіндегі мұздың қалыңдығы 120-кейде 170 сантиметрге дейін жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz