Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Шуақты күн тақырыбындағы дипломдық жұмыста оқушыларға көркем-
эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері жанрларының бірі табиғат көрінісі
жанрының алатын орны көрсетілген. Пейзаж жанрында практикалық жұмыс жасау
жолдары мен оны орындау әдістемелері қарастырылған. Сондай-ақ табиғат
жанрында сабақ оқыту барысында көркем эстетикалық тәрбиеге баулудың көркем
образдық оқыту бағытына негізделген теориялық және практикалық әдістер
қарастырылған. Жұмыс түсініктеме хаттан “60” беттен және практикалық жұмыс
100х80 К.М.Б. тұрады. Түсініктеме хат кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Аннотация
В дипломной работе под названием Солнечный свет рассматривается роль
пейзажного жанра в художественно-эстетическом воспитании учащихся. Показаны
приемы практической работы и методы обучения пейзажного жанра. Разработаны
теоретические и практические методы, основанные на художественно-образное
обучение в процессе художественно-эстетического воспитания на уроках
пейзажного жанра. Работа состоит из пояснительной записки “60”стр.и
практической работы Х.М.100х80. Пояснительная записка состоит из введения,
трех глав заключения, списка литературы.

Abstract
In degree work under name "Sunshine" is considered role of the
landscape genre in artistic-aesthetic education учащихся. They Are Shown
receiving the practical work and methods of the learning the landscape
genre. It Is Designed theoretical and practical methods, founded on
artistic-figurative education in process artistic-aesthetic education on
lesson of the landscape genre. Work consists of explanatory note "60"стр.и
practical work H.M.100х80. The Explanatory note consists of introduction,
three chapters of the conclusion, list of the literature.

Мазмұны

Кіріспе____________________________ _____________________________ 3
1. Сыршырай өнеріндегі пейзаж жанрының қалыптасуы _____________ 5
1.1 Қазақстан суретшілерінің сыршырайлық пейзаж жанрындағы туындаларының
көркемдік ерекшілігі_________________________ ______ 5
2. Бейнелеу өнерінің көркем мәнерлік тілі және тәлім тәрбиелік
мәні ___________________________________ ___________________ 11
2.1 Мектептегі бейнелеу өнері пәнін оқыту жүйесіндегі пейзаж жанрының
көркемдік және тәрбиелік мәні_______________________________ ______ 11
3. Бейнелеу өнері пәні арқылы тәлім-тәрбие беру _____________________ 14
3.1 Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру____________________ 14
3.2 Оқушыларды бейнелеу өнеріне деген икемділігін шыңдау. _____
20
3.3 Майлы бояумен кенепте орындаудың ерекшеліктері және бейнлеу өнерідегі
пейзаж жанрының мектеп бағдарламасында қолданылуы _______________ 21
3.4 Бейнелеу өнерінің және пейзаж жанрының мектеп бағдарамасында
қолданылуы ___________________________________ _____________ 26
3.5 Табиғат жанры арқылы эстетикалық тәрбие беру және шығармашылық жұмыс
орындау ___________________________________ ____________53
Қорытынды ___________________________________ _______________ 59
Қолданылған әдебиеттер тізімі __________________________________ 60

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім заңына сәйкес Республикамызда бейнелеу
өнерін оқыту жаңа мазмұнға ие болып, жаңа бағдарламалар жасалып,
тұжырымдалып жатыр. Бейнелеу өнерін мектепте тереңдете оқитын 1 сыныптан 4
сыныпқа дейін, 4 сыныптан 7 сыныпқа дейін қайта қаралып, едәуір өзгерістер
мен, қосымшалар енгізіліп жатыр. Бейнелеу өнері пәні өзіндік атқаратын
тәлім-тәрбиелік қызметімен, мектептегі оқу-тәрбие жүйесінде маңызды орын
алады. Бұл пәнді оқыту,бейнелеу өнерінің сан-алуан түрлері мен жанрларының,
олардың туындылары жасалатын көркем-бейнелеу, мәнерлік құралдарын, бейнелеу
заңдылықтарын игертудің түрлі әдістерін меңгерту арқылы жүзеге асырылады.
Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары сан-алуан. Сонымен бірге,бұл
өнердің түрлері, өзіндік көркем мәнерлілік құралдарыменде ерекшеленеді.
Мектепте бейнелеу өнерінен сабақ беретін болашақ мұғалімдерді
дайындайтын арнайы оқу орындарында, білімгерлер, бейнелеу өнерінің қыры мен
сырын сыршырай, сурет, мүсін, сәндік қолданбалы өнер саласындағы көркемдік
білім алады. Бұл өнер түрлері оқу орнында жеке-жеке пән ретінде алғашқы
курстан бастап оқуды аяқтағанға дейін өтіледі. Сөйтіп, әр білімгер,
бейнелеу өнерінің әліппесінен бастап шығармашылық деңгейге дейінгі оқу
тәрбие сатысынан өтеді.
Бейнелеу өнерінің сыршырай түрі-ең кең тараған және адамның рухани
дамуына ықпал ететін басты өнер, қоршаған өнердің бай болмысының мәнін
айшықтап көрсете білуге мүмкіндік береді. Сыршырай өнері өзінің сан-алуан
жанрлары мен көркем мәнерлілік тілі арқылы береді.
Сышырайдың сол жанрларының ішінде, қоршаған табиғат сұлулығын, болмысын,
көңіл-күйін бейнелеуге бағытталған жанр түрі-пейзаж.
Пейзаж жанрының жасалу әдіс-тәсілдерін біз жыл сайын өтетін пленэр
практикасында игереміз. Сол практика кезінде жасалған нобайларымызды,
этюдтерімізді пайдалана отырып, шығармашылық пейзаж жасаймыз.
Міне, осы мәселелерге орай біз өзіміздің шығармашылық мәндегі дипломдық
жұмысымызды Туған өлке табиғаты деп белгіледік.
Жұмыстың көкейкестілігі: Бейнелеу өнерінің қоғамдағы тәлім тәрбиелік
мәнін, бейнелеу өнерінің, пейзаж жанрының ұрпаққа беретін тәлім-тәрбиесін,
қоршаған ортаны танып-білуін ескере отырып таңдап алдым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қоршаған табиғат сұлулығын зерттей, талдай
отырып, пейзаждық туынды жазу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанасы: Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының
жасалу барысы.
Дипломдық жұмыстың пәні: Пейзаж жанрындағы Шуақты күн атты шығармашылық
жұмыс.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Болашақ мектептегі бейнелеу өнері
мұғалімдерін бейнелеу өнері пәнін оқытуға дайындаудың ғылыми-педагогикалық
негіздері айқындалса, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу өнері
пәнін оқытуға дайындаудың моделі, бағдарламасы және әдістемесі жасалса,
онда болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу өнері пәніндегі пейзаж
жанрын оқытуға дайындаудың ұтымдылығы артады, себебі болашақ бейнелеу
өнері мұғалімдерін бейнелеу өнері пәнін оқытуға дайындаудың нәтижелері жаңа
сапалық көрсеткіштерге көтеріледі.
Зерттеудің міндеттері:
1. Пейзаж жанрының қыры мен сырын, жасалу жолдарын, тәлім-тәрбиелік
мәнін айқындайтын әдебиеттерді оқу.
2. Тақырып бойынша бейнелеу материалдарын дайындау.
3. Шығармашылық жұмыстың композициялық шешімін анықтау.
4. Бояулық шешімін анықтау.
5. Өлшемін белгілеу.
6. Жұмысты жазу және аяқтау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: Бейнелеу өнері
пәнінде көркем-эстетикалық талғамды қалыптастыру, көркемдік білім мен
дағдыларды игеруге жүйелі қатынасты және оның жүйеге келтірілген көркемдік-
эстетикалық педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалары алынады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы Шуақты күн пейзаж. Жұмыс бояумен кенеп
матада орындалған. Дипломдық жұмыс бірнеше кезеңдік ізденіс, дайындық
жұмыстары негізінде орындалды.
Зерттеудің базасы: Пейзаж жанры живописі мақсаттарын шешу үшін үлкен
мүмкіндіктер береді. Бейнелеу өнері мұғалімі осы пейзаждық жанрды
шеберлікпен меңгеруімен қатар оны оқыта, үйрете алатындай және сол арқылы
оқушыларды көркем, тәрбиеге баули алатындай дәрежеде оның әдістемелік
негіздерін жан-жақты меңгеруі тиіс.
Зерттеу әдістері: Тақырыпқа сәйкес эстетикалық, өнертанымдық,
педагогикалық әдебиеттерді талдау:
- педагогикалық практика нәтижесін талдау;
- оқушылар жұмыстарын талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы: Қазақ халқының
бейнелеу өнері баланың эстетикалық тұрғыда дамуы ойдағыдай болуы
үшін, яғни оқушылардың жасына сәйкес іс - әрекеттерінің түрлерін
дұрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, бейнелеу пәнінің жаңа білім мазмұнына сай оны
оқытудың әдіс – тәсілдерімен психологиялық жетілдіру қажеттілігі туып
отыр.
Зерттеудің практикалық мәні: Өнерге баулуда бейнелеу өнері пәнінің
қосар үлесі орасан зор. Оқушыларды бейнелеу өнеріне баулу арқылы
көркемдік шығармашылығын шыңдау бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі.
Сондықтан еңбектің қажеттілігі мен маңызын және еңбек нәтижесін
құрметтеуді пейзаж жанрының талаптарына сай әсемдей білуге, үйренуге
талпыну керек.
Дипломдық жұмыс құрылымы: Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне көп
оқушының дара ерекшеліктерінің қажетсінуі мен мүддесінің, жалпы даму
деңгейінің қаншалықты мөлшерде ескерілетіндігімен анықталады.
Қазақстан бейнелеу өнерінің даму кезеңдері. Шуақты күн тақырыбындағы
шығармашылық жұмыс және оның бейнелеу өнері пәні сабақтарында алатын орны.

1. Сыршырай өнеріндегі пейзаж жанрының қалыптасуы.
1.1 Қазақстан суретшілерінің сыршырайлық пейзаж жанрындағы
туындыларының көркемдік ерекшеліктері.

Сыршырай-бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда
бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы
қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап
алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзаждарды,
үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар.
Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі
француздың Qenre-түр немесе тек сөзінен шыққан. Сыршырайда мынадай жанрлар
бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету
керек соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал картиналар жанрлық картиналар
деп аталады.
Пейзаж (“PAYSADE” деген француз сөзінен шыққан)-бұл ландшафты,
табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және
басқа Шығыс елдерінде (VII-X ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты.
Европалық сыршырайда ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды,ол содан
кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі
XIX ғасырдың соңында тұспа-тұс келеді. (И.Левитан,К.Коровин,Н.Рерих және
басқа да көптеген суретшілер)
Пейзаж қайсыбір жерлердің жәй айнытпай бейнелей салу емес, онда
суретшілердің сезімдерін мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр.
Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып
көрінеді. Бұлт торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар
жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ
осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп,түрліше
бейнеледі.
XVII ғасырлардағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі
дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын
іңкәрлықпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз-сауда мен жұмыс орны,
тіршілік қарекетін іздестіретін кеңістік.
Біздің атақты маринисіміз Айвазовскийде таңіз-әрдайым дерлік үрейлі
дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия
жаратылыстарға лап қойды. Адамдар,тіпті кемелердің өзі де-осынау қаһарлы,
өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай,дәрменсіз де қорғансыз. Оның
картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке
бөленген.
Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға,
басқаша түске не бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастары, көңіл
күйін береді.
Оның үстіне, мәңгілік табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа
әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады.
Кез-келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып
табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін де ең алдымен осы элементтерді,
әсіресе ағаштарды сала білуге үйрену керек .Әйтпесе пейзаждың суреті өңсіз
декорациялық дақтардың жиынтығына айналады -барлық ағаштар бірдей болып
шығады, жермен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлт өзіне
тән формаларын жоғалтады.
Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір зат,
әрбір ағаш өзіне тән белгілермен көрінуге тиіс. Бейне бір ағаштың жеке-
дара портретін-діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың
және жапырақ топтарының сипатын беру керек. Ағаштың суреті келесі күні
сурет пен түпнұсқаның арасындағы дәлме-дәл сәйкестікті еш қиындықсыз табуға
болатындай етіп салынуға тиіс.
Ағаш-бұтақтар мен жапырақтардың кездейсоқ үйінділері емес,осы
элементтердің өте сымбатты жүйесі.Егер суретші мұны сезінбесе,онда
суретті аяқтай отырып, ол бейнеленген ағаштың белгілі бір бөлігі үшін
модель қызметін атқарған бұтақтардың және жапырақ топтарының қайда
тұрғанынын білмейтін болады. Жақсы суретте басты бұтақтар мен жапырақ
топтарының мөлшері мен өзара орналасуы дәл берілуге тиіс. Мұның үстіне,
суретші силуэтті ғана емес, сонымен бірге ағаштың көлемін де беруге
ұмтылады. Әрине, ағаштың суретін дәл салу туралы айтқанда, біз әрбір
жапырақшаны бейнелеуді көздеп отырған жоқпыз. Бірақ жапырақтарды
бейнелеудің біздің алдымызда қандай ағаш тұрғанын бірден түсінуге
мүмкіндік беретіндей графикалық шешімін табу керек.
Жердің суретін салған кезде оны көрермен горизонталь және көрерменнен
қиырға кетіп бара жатқан жазықтық ретінде қабылдауын қадағалау керек. Бұған
жазықтықтың картина төріне қарай кетуін баса көрсететін горизонталь
бөліктер жәрдемдеседі. Пейзажды игеруге микропейзаждардың яғни кіші
табиғи формалардың – тастардың, жер қыртыстары бөліктерінің, бұтақтардың,
шөптердің суретін салу көмектеседі. Бірінші пландағы мұндай детальдар
пейзажға жан бітіреді.
Шалғайдағы тауларда өзіне тән сыртқы тұрпаты бар жай дақ емес.
Суретші олардың құрылысын, формаларын, жарықпен білінетін пластикасын
ажырата алуға тиіс.
Пейзажда судың үлкен маңызы бар. Желдің күшімен су бетіне бір дөңес
және майысқан айналардың шоғырына айналғандай болады. Сондықтан тұтас
шағылысқан бейнелер бұзылып, үзіледі де бар болғаны толқындардың
өркештерінде және олардың арасындағы жылғаларда ғана сақталып қалады.
Толқындардың бізге қараған құлама жалдары негізгі шағылыстарды үзік-үзік
бере отырып, аспанның шағылысқан бейнесін көрсетеді. Толқындар жоғарыдан
дерлік қабылданатын, бақылаушыға таяу жерде бұл үзіктер мейлінше аз болады;
алысырақта олар басым болады, ал негізінде шағылысу мүлдем дерлік жоғалады.
Толқынның формасы қатаң заңдылықтарға бағынады, сондықтан оны, ағаштың
формасы сықылды, зерттеу керек. Әсіресе жағаға ұмтылған толқындардың
құрылымын мұқият ұғып алу керек, мұнда олар алдыңғы толқынның кейін тепкен
суымен кездесе отырып, үшкір көбікті жотасы бар шыр көбелек дөңгеленген
иірімге айналып ,оның бір бөлігі желмен толқынның артқы бетінде жоғалады да
оны өрнекті көбікпен әшекейлейді.
Бұлттардың формасы мен табиғатын да ұғыну керек. Бұлттар вертикаль
жазықтықта жабысып тұрмайды, олар жердің дөңгелек бетіне параллель
кеңістікте бейне бір ілініп тұрғандай болады. Сондықтан ең үлкен бұлттар –
жоғарғы бұлттар(яғни бізге ең жақын бұлттар), ал ең кіші бұлттар-төменгі
бұлттар (яғни кеңістікте бізден мейлінше алыс тұрған бұлттар)
Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің
шегін анықтап алукерек. Сурет салуды жаңа бастаған суретші алғашқы кезде
көрсеткіш тетікті-ортасынан тік бұрышты тесік кесіп алынған картонды немесе
қағазды пайдалана алады. Көрсеткіш тетіктің екі квадраттан бір квадратқа
дейін тесік пропорциясын өзгертуге мүмкіндік беретін жылжымалы жапқышы бар.
Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің төменгі шегін
мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде
(суретші,мысалы,таудан қарап тұрғанда), төменгі шекті мүмкіндігінше
төменірек алуға деген тілек пайда болады.
Пейзаждың суретін салу таңданарлық сияқты болғанымен айта
кетелік,өзіне қарап тұрып пейзаждың суретін салу жаңа бастаған суретші үшін
– натюрморттың, тіпті адамның суретін салуға қарағанда неғұрлым қиын
міндет. Бірінші ерекшелік-күн мезгілімен ауа райына байланысты біз тіпті
басқаша қабылдаймыз. Сондықтан суреттемелерде күн мезгілін және суретші
назарының бағытын жазып қоюға әдеттенген жақсы болады. Мұндай жазбалар
жарықтаң өзіне тән ерекшеліктерін тез игеруге жәрдемдеседі.
Қазақстан суретшілерінің сыршырайлық пейзаж жанрындағы туындыларының
көркемдік ерекшеліктері.
П.Г.Хлудовтың бастауымен Қазақстанда тұңғыш реет суретшілер көрмесі
ашылады. Ол көрме 1928 жылы Семей қаласында бастау алып Шығыс Қазақстаннан
Қызылорда қаласына дейін көшіп жүрді. Бұл көрмеге ұлттық суретшілер
қатысады. Көрме Семей қаласында халық көңілінен шыққаннан соң ауылдарды
аралауға шығады. Темір жолдан алыс аймақтарға, көрме экспозицияларын түйеге
артып ауылды аралатады.
Хлудов мектебінде 30 жылдары Қастеевте сабақ алады. Өнердің қыры мен сырын
табиғаттан үйренген Қастеев өз талантын шыңдау үшін кейінрек Мәскеуге
аттанады. Мәскеуден бір 1 жылдан аса үйренген Қастеев туған еліне қайта
оралады. 1933 жылы Қазақстанның суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті
құрылады. 1934 жылы Қазақстанның суретшілерінің тұңғыш көрмесі Мәскеуде
ашылады. Ол көрме Мәскеудің шығыс мәдениеті көрме залында өтеді.1935 жылы
Қазақстанның суретшілерінің көрмесі Алматы қаласында ашылады. Осы көрменің
негізінде Қазақстанның тұңғыш сурет галереясы ашылады. Галереяға
Т.Шевченконың аты беріледі.Сурет галереясының ашылуына тіл маманы профессор
Аманжолов Ж. қазақ суретшісі Жанкин үлкен қызмет атқарады. 1938 жылы
алматыда тұңғыш көркем сурет училищесі ашылады. 30 жылдың аяғында Қазақстан
суретшілер одағы не бары 17 адамды ғана қамтиды. Олардың арасында бірде-бір
жоғары білімді суретшілер жоқ еді. Соған қарамастан сол кездегі суретшілер
одағы –ның міндеттерінің бірі, Қазақстанның 20 жылдығына арналған көрме
ұйымдастыру және Қазақстанның суретшілерінің бірінші сьездін ашу еді. Бұл
көрме Республика өмірінде үлкен маңызға ие болды. Көрменің дайындығымен
ашылуына Хлудов, ағайынды Ходжиковтар, Болкеев, Қастеев, Исмаилов, Оленов,
Михеев, сияқты Қазақстанның басты суретші өкілдері ат салысты. Қазақстан
жерінің табиғатын, қазақ тұрмысын, сол кездегі өндірістік, экономикалық
дамуы Қазақстанның беделді адамдарының бейнлері саналады. Бүгінгі таңда
жоғарыда аты аталған Қазақстан суретшілерінің біреуі де тірі болмаса да
олардың көптеген жұмыстары біздің еліміздің баға жетпес құндылықтары болып
табылады.
Қазақстанның тұңғыш көркем сурет училищесінің ашылуы, өркендеуі, жалпы
көркем мәдениетінің дамуына үлес қосқан, тұңғыш училище.
Қазақстанның сыршырай жанрындағы мек тебі еліуші – жетіпісінші жылдары
дамыды. Сыршырай жанрының дамуына ерекше үлес қосқан К.Тельжанов болды.
К.Тельжаноы шығармашылығы екі ағымда – тарихи және тұрмыстық жанрда дамыды.
Оның шығармашылық жолы басқа Қазақстандағы белгілі суретшілері сияқты
Аманкелді образын бейнелеуден, болашақтың, қазақ халқының өмірін,
бейнелеуден бастады. Білімгер кезінен К.Тельжанов өзінің дипломдық жұмысы
ретінде Аманкелді Иманов (1953) алып, осы тақырыпта суретші көп ізденеді.
Қазақстандағы ревалюция кезіндегі тарихын, табиғатын Торғай облысы
даласының пейзаждық нобайын жасай отырып, архив материалдапрымен танысты.
К.Тельжанов тұрмыстық жанрда көптеген шығармашылық жұмыстар жазса да оның
басты тақырыбы революция тарихы еді. Білімгер кезінде Тельжанов Жайлауда,
Үкіметші шопандар арасында картиналарын жаздық демалыста жүргенде жазды.
Картинаның мазмұны болашақ суцретші өмірден алды. Оның суреттерінде тау
шақтығы, жасыл жайлау меризмге толы пейзаж табиғаттағы адамдар бейнесі
болды. Батылсыздау болса да ол өз шығармашылығын Халық және төңкеріс
тақырыбын дамытып, жасап шығара бастады. 1954 жылы Тельжанов Алғашқы рет
картинасын жазып, оны Мәскеуде көрмеге қойды: Суретте музыка мектебінде
оқитын қазақтың кішкене ұяң қызын ұлттық киімде бейнеледі. Бұл
шығармашылық жұмыс өзінің жаңалығымен, жұмсақ сезімділігімен көрермендерге
тартымды болды. К.Тельжанов 1955 жылы Қазақстанды аралай жүріп Ауысым,
Жамал, Әмина әже атты картиналарын жазды. Әмина әжеде қолына қуыршақ
ұстаған кішкене ұқыздың, әжесінің құшағына кіріп, әжесінің әлдиліне ұйықтап
қалып кетеді. К.Тельжанов бұл жерде күнделікті өмірді бейнелеген. Суреттің
көркемдік ерекешілігіне К.Тельжанов 1955 жылы жазған Жамал
шығармашылығында қол жеткізеді. Суретте шопан қыздың далада от жағып кешке
тамақ пісіріп отырғаны бейнеленген. Шексіз далаға кешкі бұлыңғыш көлеңке
түсіп, күннің соңғы шапағына өте жарық болып жасыл дала бейнесі берілген
және жайылып жүрген малдар бейнесі көрінеді, айналада бейбітшілік пен
тыныштық сезіледі. Жамал тізесін құшақтай отырып, ойлана армандап, отқа
қарап отыр. Жамал картинасына қарай отырып қазақ даласының ұйқыға бөленер
ымырт кезін сезінуге болады және осыған қарай отырып ұмыт қалған өмірдегі
әлдене еске түскендей болады. Тельжановтың Жамал кішігірім затқа қарап
салған натюрморттай қапық жасыл түске қарап, көгілдір аспанға қарап осы
сезім арта түскендей болады. 1955 жылы Кеш құрымды жалғастыра отырып
Домбыра дыбысы картинасын жазды. К.Тельжанов Таза пейзаж жазбайды бірақ
барлық шығармашылығының көркемдік шешімін пейзаж арқылы береді. Суретшінің
персонажын, қазақтың табиғатынсыз беру мүмкін емес.
Жамал, Қарлығаш, Кеш құрым, Домбыра дыбысы картиналарындағы
пейзаждар бұл лирикалық өлең, бұнсыз картина өзінің ойын поэзиясын
тереңдігін жоғалтады. Адамдар мен табиғат үндестігін таба білген Тельжанов
өз шығармашылығына жетектей түседі. Эпика және лиризм Тельжанов
шығармашылығында осы екі сапа керемет үндестік тапқан. Тельжанов осы
ерекшеліктерімен Қазақстанның алғашқы живаписшісі Ә.Қастеев өнерімен
туыстас болып келеді. Ә.Қастеевте көрермендерді жетектей түседі.
Қастеевтің творчествосы жан – жақты. Түрі – ұлттық, мазмұны –
социалистік болып келетін оның терең реалистік шығармаларында портреттер
де, тарихи және жанрлық суреттер де, табиғат көрініс тері де ерекшелік –
сериялы суреттер салу. Әрбір туындысы белгілі бір тақырыпты жаңа қырынан
ашып кеңейтіп, тереңдетіп тұратындықтан, олардың бәрін біңріктіре
қарасаңыз тұтас бір цикл сияқты көрінеді.
Алматы маңындағы биік таудағы Медеу мұз айдыны әсемдігімен даңққа
бөленді. 1954 жылы Қастеев Биік мұз айдынында, Мұз айдынына баратын жол
деген живопистік суреттері мен Мұз айдыны, Биік таудағы мұз айдыны,
Медеудегі мұз айдыны атты акварельдерін салады.
Қастеев табиғат көріністеріне арналған суреттерінде нағыз шеберлік пен
образды бейнелеудің шыңына көтеріледі. Ол салған табиғат көріністері дәлме
– дәл бір Мекеннің партреті, болып шығады. Нәзік леризмге толы мұндай
суреттер өзіндік бейнелеу тәсілімен ерікіз таңырқатады.
Бояудың бір – біріне қарама – қарсы түсетерін. Пайдаланудан қашып,
суретші өзі салатын жердіғң ауасы мен бедерін мұқият зерттеп және
живопистің полотиодағы мүмкіндіктерін алдын ала есеп
Теп алады. Сцуреткерліктің үнемі жаңа бір қырлары мен қыбын аша отырып,
Қастеев Советтік Қазақстан, Қазақстан жерінде, Тың жер сияқты
бірқатар пейзаждық – тақырыптық сериалар тудырды.
Жусанды даланың көз жеткісіз кеңдгін ал қарапайым да, айнытпай
бейнелейді, күн күйдірген шөптер мен ыстықұ сағым көмкерген аспандды әдемі
суреттеп, алтын астықтиы дала мен жаңа техника туралы әңгімелейді. Бұл
серияға оның Ғұмыр колхозы, Қызыл отау, Таулы жердің тыңын көтеру,
Шалкөде жайлауы, Егін орағы, Алтын дән тағы басқа шығармалары енген.
Олардың бәрі ой тереңдігімен, бейнелеу дәлдігімен, типтілігімен табиғат
жағдайын нәзік көрсете білуімен көңіл аударады.
Қастеев республиканы көп аралайтын. Оның сондағы алған әсерлері
Бесжылдық құрылыстары, Менің республикамның жері мен адамдары,
Қазақстан байлықтары серияларына арқай болды.
Жаңа поселкелер бой көтеріп, адамдар кең алқапқа қоныс тебуде, заводтар
мен электр станциялары салыгнып, карьерлерде салосвалдар жүйткиді,
шахталардан кен,ғ көмір өндіріледі. Бұл жайында Соколов - Сарыбай, Щучье
қиырлары, Іле өзеніндегі жаңа көпір, Мыңарал, Маңғыстау сияқты
акварельдері баяндап береді.
Өзіне бала кезінен таныс туған өлкесінде табиғат қойнауында бүгінгі
күннің жарқын белгілерінің пайда болуын, бұрын бос жатқан, иен даланың,
түрін тимеген ту жердің құлпырған гүл бақшаға айналғанын Қастеев Қазақстан
байлықтары сериясында әсем өрнектейді. Оның еңбектері шексміз – шетсіз
дала мен қазіргі көрікті жайлау жайында, жаңа фермалар мен мал
қыстауларының құрылысы хақында, таудың адуын өзендері мен, алып плотиналары
туралы, дала төсінде өрнек тоқыған жоғары вольтті электр желілері жайлы,
қалалар мен колхоздар ауылдардың қарқынды дамуы туралы тамаша айтып береді.
Кез келген тақырыптық көрмеге сол тақырыпты өзіміз қажет еткен деңгейде
көрсете алатын және экспозицияға негіз бола кететін шығармаларды Қастеев
мұрасынан әрқашан қиналмай табуғы болады.
Қастеевке тән бұрынғы қасиеттердің бәрі – эпикалық ауқымдылық пен
бейнелеу қасиеттігі, бояудың тазалығы мен сезім шынайылығы – кейінгі
туындыларында талғам биіктігімен, бейнелеу дәлдігін айрықша қатаң
сақтанушылықпен және көңіл – күйін көтеріңкі етіп бере бәілумен толыға
түсті. Суреткер өмірге ерекше ынтызарлықпен, бөлекше жіті ойлылықпен көз
салады, адамның осынау күрделі әрі тамаша өмірдегі алатын орны жайында
толғанады.
Қастеев мұрасы – республикамыздың зор жетістіктерінің жылнамасы. Оның
шығармашылығын Қазақстан өмірінен бөліп қарауға болмайды, оның әр туындысы
туған жерге деген сүйіспеншілік сезімге толы.
60 – шы жылдардың аяғы мен 70 – ші жылдардың басында жасаған үлкен
монументтік полоталарында, ұзақ жылдар жинаған бой тәжірибесі негізінде
шығармаларының көркемдігін, бейнелеу тәсілін жетілдіре отырып, ол тарихи
тақырыпқа тағы да жиі қалам тарта бастады. Өз халқы үшін қызмет жасаған
суретшінің қолына туған жерге, туған өлкеге деген сүйіспеншілік әрдайым
қуат беріп отырады. Ғұмырының соңғы сәтіне дейін ол өмір туралы, оның
сұлулығы мен адамның ұлылығы жайында жырлап кетті.

2. Бейнелеу өнерінің көркем мәнерлік тілі және тәлім тәрбиелік мәні.
2.1 Мектептегі бейнелеу өнері пәнін оқыту жүйесіндегі пейзаж жанрының
көркемдік және тәрбиелік мәні.

Адамның рухани дамуына тікелей әсер ететін, олардың көркемдік туралы
талғамын, өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын қалыптастыруда
мүмкіндігі зор өнер түрлернің бірі – бейнелеу өнер.
Бейнелеу өнері – айналамызды қоршаған өмір шындығын, қоғам, адам
өмірінде өтіп жататын оқиғалар мен құбылыстардың бар болмысын жазықтық
бетінде немесе кеңістікте көркем бейнелер арқылы көрнекті кескіндер,
адамның көруі арқылы түсінше, сезім алатын өнер.
Бейнелеу өнерінің өзіндік түрлері мен жанрлары, өмір шындылығын көркем
бейнелейтін ерекше мәнерлік құралдары, әдіс тәсілдері бар. Олармен жүйелі
түрде танысып, тиянақты меңгере білген адам, өмірдегі және өнер
туындыларындағы сұлулықты, оқиға өрісінің мазмұнын, мәнін түсіне, сезіне
білу қабілетіне ие болады.
Бейнелеу өнерінде көркемдік бейне әдебиет, театр, музыка, кино
өнеріндегідей белгілі бір уақыт мөлшерінде қабылданатындай жасалмайды.
Дегенменде бейнелеу өнері шығармаларының белгілі тарихи оқиғалардың
дамуына, жеке адамның өмірдегі немесе қоғамдағы күрделі оқиғалардың,
адамның ішкі рухани дүниесінің болмысын т.б. айқын бейнелермен көрсету
мүмкіндігі бар.
Суреттші көркем образда самдауда, өмір шындығының қас қағымдық ерекше
бір болмысының немесе сезіміне үлкен әсер еткен оқиға мен құбылычтың
көркемдік мән – мазмұнының, өзінің дүниетанымдық ой елегінен өткізуе,
эстетикалық мұраттарымен ұштастыра мәнерлік құралдармен осы өнерге тән
көрке мдік мәнде, шығармашылықпен бейнелей отырып көрерменге ұсынады.
Бірақ, суретші шығармасы оқиға мен құбылыстың дәл сол мезеттегі нақтылы
көшірмесі емес. Шығарма белгілі бір оқиға желісінің көрінісіне көшірмесі
емес. Шығарма белгілі бір оқиға желісінің көрінісіне құрыла отырып, сол
оқиғаның (тарихи, әлеуметтік, саяси, тұрмыстық) тууына себепші болған
құбылыстар мен жағдайлардың өрістеуін, уақыт мерзімінің шамасын көрерменнің
танып білуіне, ойлануына, тұжырымды пайымдауына жетелейді.
Бейнелеу өнерінің өзіне тән ерекшілігі мен мазмұндық мәні оның, суретші
мен көрермен арасында қатынас орнататын сенімдік көркем бейнелі тілі.
Кез келген туындыдағы көркем бейнелер үнсіз, қимылсыз болғанымен,
көрерменнің ойы мен түйсіну сезіміне әсер етеді, шығар ма мазмұнынан
қажетті қорытынды жасауына ықпалын тигізеді.
Бейнелеу өнері туындыларының адам сезіміне, түйсігіне эмоциялық әсер
ету дәрежесі, оынң жалпы танымдық, тәрбиелік мәнділігіне, шығармадағы ойдың
мән – мазмұнының мәнерлік құралдарын ұтымды, әсемдік заңдылықтарына сай,
үйлесім ді қолдана білуіне тікелей байланысты.
Бейнелеу өнерінің түрлеріне – сыршырай, кескіндеме сурет (графика),
мүсін, мону ментті өнер, сәндік қолданбалы өнер жатады. Әрбір өнер түрінің
өзіне тән мәнерлік және бейнелеу құралдары, жеке дара ерекшеліктері
болғанымен Бейнелеу өнері деген атауға біріктіретін, шындығының көркемдік
бейнесінің жасалуы.
Сыршырай (живопись) – бейнелеу өнерінің басты бейнелеу өнерінің басты
бейнелеу құралы үйлесімділігі. Бояу түстерінң суретпен тығыз байланысының
нәтижесінде, сыршырай өнері қоршаған өмірдің бай болмысының мәнін айшықтап
көрсете білуге мүмкіндік береді. Дгенменде, тек бояу түстері мен
реңктерінің жарасымдылығы бейнеленетін объектілердің пішіндеріне,
пропорциялық үйлесінділігіне, жарық пен көлеңкенің зат формасын айқындауына
да байланысты.
Картиналық жазықтықта, автор, өз ойын көрерменге толық жеткізу үшін
объектілерді шығарма мазмұнына орай композициялық мазмұнына орай
орналастыра білуі, жазықтық бетінде перспектива заңдылықтарына сүйене
отырып, көру тереңдігін (жақын, алыс объектілердің қысқаруы, кішіреюі, бояу
реңктерінің алыс пен жақынды көрсету мүмкіндігі дәлелденді бейнелей білуі
– бейнелеу өнерінің көркемдік мәнерлі құралы болып табылды.
Сыршырай өнерінің кез келген жанрының шығармалары міне осы айтылған
мәнерлік құралдарды әр жанрдың өзіндік мазмұн ерекшеліктеріне қарай ұтымды
пайдалануды талап етеді. Бейнелеу өнерімен айналысатын талапкер, ең
алдымен, осы өнер түрлерінің бейнелік құралдарын, олармен жұмыс жасау әдіс
– тәсілдерін ғана меңгеріп қоймай, оснымен бірге бұл өнердің көркемдік тілі
– мәнерлік құралдарын (композиция, пішін, пропорция (үйлесім, преспектива,
жарық пен көлеңке заңдылығы, түстер мен реңкелер жарасымдылығы) игеру
әліппесінен өтеді.
Бейнелеу өнеріне тән көркем - өнер түрлерінің өзіндік бейнелеу, көркем
– мәнерлік құралдары мен жасалу әдіс тәсілдері бар. Бір сөзбен айтқанда
әрбір өнер түрі өзіндік көркемдік – бейнелі тілімен ерекшеленеді. Сондықтан
өнер туындыларын қабылдау, мазмұн – мәнін түйсіну, шығарма туралы ой –
пікір айту өнер түрлерінің көркемдік тілін толық меңгергенде ғана болатын
іс - әрекеттер.
Сыршырай өнерінің негізгі жанрлары:
• Табиғат көріністерінің бейнесі (пейзаж);
• Натюраморт (табиғат, тұрмыс заттарын белгілі бір мазмұнға қарай,
үйлесімді жиынтығын бейнелеу);
• Портрет (белгілі ортадағы, не ортадан тыс жеке адам немесе топтасқан
адамдар бейнесі);
• Тақырыптық картина (тарихи, тұрмыс салт, әскери – соғыс тақырыбына);
• Анималистік (жан – жануарлар, құстарды бейнелеу) жанр.
Табиғат сұлулығы мен құбылыстарын бейнелейтін – пейзаж жанрында,
суретші, кезкелген табиғат көрінісін қаз – қалпында айнытпай көшіріп
бейнелей салмайды, онда суретшінің көркедік сезімдері мен эстетикалық
ойларын көрерменге жеткізе білудің зор мүмкіндіктері пайдаланылады. Табиғат
өмірі жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сол күйінде қалады.
Бірақ, осы өзгермейтін табиғаттың құбылыстарын, әсем көріністерін әр
дәуірдің суретшілерін түрліге көріп, түрліше бейнелеп келді.
Мектептегі бейнелеу өнері пәнін оқыту жүйесіндегі пейзаж жанрының
көркемдік және тәрбиелік мәні.
Бейнелеу өнерін, жас ұрпаққа көркемдік білім мен имандылық –
эстетикалық тәрбие құралы ретінде пайдалану, мектептің пайда болуы мен
қазіргі заман мектебінің қалыптасуының әр сатысында қоғам дамуының түрлі
сипаттағы талаптарына сәйкес жүргізілгені педагогикалық әдебиттерден
белгілі. мектептің ұзақ мерзімдік қалыптасу, даму сатыларында, қоғамның
идеологиялық, саяси - әлеуметтік талаптырана байланысты, жас ұрпақты
бейнелеу өнеріне баулудың мақсаттары мен міндеттер, педагогикалық талаптары
үнемі өзгеріп отырғаны белгілі. Сонымен бірге, көркемдік білім мен
эстетикалық тәрбие жүйесінің мазмұнының өзгеруіне, дамуына қарай оқыту
әдістері мен бағыттары да өзгеріске түседі. Мысалы. Бейнелеу өнері пәнінің
60 – 70 жылдарға дейінгі басты мақсаты оқушылардың графикалық
қабілеттітіліктерін қалыптастыруға және дамытуға бағ,ытталғанғ негізгі
белгілі тақырыптық жүйеге жинақталған суретшілер туындыларымен таныстыру
болса, қазіргі кездегі бұл пәннің оқу бағдарламасында белгіленген мақсат
пен міндеттерді өнердің кең аумақты көркем дамытушылық, тәлім – тәрбиелік
мүмкіндіктерін, оқушылардың жалпы көркем – бейнелеу дағдылары мен
іскерліктерін қалыптастыруға бірізділік пен тиымді пайдалана отырып,
олардың рухани – эстетикалық қалыптасуын жүзеге асыру. Осыған орай, қазіргі
мектептердегі бейнелеу өнері пәнін оқытудың жаңаша бағыт – бағдыры
айқындалған.
Бүгінгі күнде, мектеп оқышулырына бейнелеу өнері пәні арқылы көркем дік
білім мен эстетикалық тәрбие берудің мазмұнына сәйкес, ғылыми –
педагогикалық зерттеулер мен тәжірбиелер негізінде белгіленген оқу – тәрбие
бағыттары төмендегідей.
1 бағыт. Оқушылардың белгілі бір көркем бейнелеу іс - әрекеттеріне
деген белсенділігін және оны жүзеге асыуға қажетті қабілеттілік деңгейін
дамыту.
2 бағыт. Берілген тапсырманы оқушының орындауіына қажетті нақтылы
көркем бейнелеу іс – әрекеттері түрлерін анықтау және оны оқушының сапалы
игеруін қамтамасыз ету.
3 бағыт. Оқушының әір саласындағы көркем бейнелеу жұмыстарын орындауда
қолдана білуі тиіс нақтылы көркемдік білім көздерін, әдіс тәсілдерін сабақ
мазмұнына байланысты оқу тәрбие құралдарын анықтау.
Табиғат сұлулығы мен құбылыстарын және адам жасаған екінші табиғат
болмысы эстетикалық мәнде қабылдай, бағалай білу қабілеттілігін дамыту.
Бейнелеу тапсырмаларын мақсат, міндеттеріне сәйкес ең қолайлы суреттеу
құралдары мен материалдарды таңдай отырып, жазықтық бетінде, мүсіндеу
арқылы және көлемді түрде суреттеу, тапсыру, жобалау, құрастыру және
әшекейлеу іскерліктері мен қабілеттіліктерін дамыту.
Мектепте оқушыларды пейзаждық жанрға баулудың негізгі тиімді тәсілі
көбіне бақылау арқылы, кеңістік бағдарлау арқылы жасалады. Сонымен бірге
пейзаждық жанрдың оқушыларға тиімді жағы. Олар әдеби шығармаларды оқу
арқылы ой - өрістерін дамыта отырып бейнелеуге дағдыландырады. Мысалы,
ондағы табиғат бейнесін көз алдфна еселтете отырып бейнелеуге үйретеді.
Тіптен, өлең жолдарын тыңдау, арқылы, ән сазын тыңдау арқылы да табиғат
құбылыстарын беруге үйретеді.
Пейджаздық жанрда оқушыларды суретке баулу, оны әсемдік жолдарымен
сезіну көбіне түс арқылы, түс тану әдісі арқылы беріледі. Сондықтан да
оқушы қағаз бетіне түстің бір – біріне қатысқан еркін қолдана алады.
Сонымен бірге пейзаж жанрында, тікелей табиғатқа жығып, елді мекендердің
сұлу әсем табиғатын тура өзіне қарап салуға да мүмкіндік беріледі. әшейінде
байқалмайтын, қасқағым сәтте өтетін табиғат құбылыстарын дөп басып байқап,
суреттен бейнелеуге де мүмкіндік беріледі.

3. Бейнелеу өнері пәні арқылы тәлім-тәрбие беру
3.1 Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру

Қазіргі таңда мектепте оқыту барысындағы мәселелердің бірі-
оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында
адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың
көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту.
Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей
келеді. Соның салдарынан оқушылардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық
етек алуда.
Мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбиені кітап
оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т.б. өнер түрлері арқылы
көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана
қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі
тиіс. Мұғалім эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы
жүзеге асырады.
Оқушы өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге
талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың
көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала
кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара
ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге
байланысты.
Оқушылардың көркем білімге талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып,
бойын сергітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда бастауыш мектепте
оқытылатын бейнелеу өнері пәні зор роль атқарады. Ол дүниені түсініп,
көрген-білгендерін, алған ұғымын көркем образ арқылы бейнелеуге үйретеді.
Төменгі сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің табысты болуы
мұғалімдердің көркем талғам мен білімді игерту әдіс-тәсілдеріне байланысты.
Қазіргі кезеңде бастауыш мектепте мұғалімдер эстетикалық тәрбиені
халқымыздың озық, дәстүрлерін ескере отырып жүргізгендері жөн.
Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде бастауыш мектептегі бейнелеу
өнері сабағының алатын орны зор екендігі белгілі. Себебі бастауыш мектеп
кезеңінде баланың эстетикалық мәдениетінің негіздері қолданылады.
Балаларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу бейнелеу өнері
сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады. Ол үшін біздің
зерттеу жұмысымызда төмендегідей міндеттенр қарастырылады:
• бейнелеу өнер пәні арқылы оқушыларды әдемілікке әсемдікке деген
сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке
тәрбиелеу;
• бейнелеу өнері пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын
анықтау;
• бастауыш мектеп кезеңінде эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру деңгейін
анықтау;
• оқушылардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен
ұщтасуына көмектесу;
• бейнелеу өнері пәні бойынша бастауыш мектеп оқытушылары эстетикалық
тәрбиелеу жолдарын анықтау;
Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беруде
оқушылармен бірлесе отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну,
байқай білу қабіліетін дамыту үшін көптеген ұжымдық жұмыстар жүргізілсе,
сабақ барысында ойындар мен көрнекіліктер ( Түстерді ажырат, Кім алғыр,
Үйлестіре біл, т.б.ойындар)тиімді қолданылса, оқушылардың табиғат
сұлулығын, көркем өнер шығармаларын эстетикалық мәнде қабылдаулары күшейіп,
сабақ сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Сапалы сабақтарды жүргізу
нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық танымы, білімі,
талғамы артып қана қоймай, олардың әрбір жұмысы шығармашылықпен ұштасып
отырады.
Эстетикалық тәрбие біздің байқауымызда дүние жүзілік және ұлттық
мәдениет салалары негізінде көркемділікке, әсемділікке, сезімталдыққа баулу
жүйелерін қамтиды. Әрине бұл өте ауқымды процесс. Ол жан-жақты зерттеуді,
оны жүйелі түрде меңгеруді талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізде
бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін қарастырып
отырмыз.
Эстетикалық тәрбие мәселелері көптеген ғалымдар еңбектерінде жан-
жақты қамтылған. Оның жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы, эстекикалық
тәрбие беру мәселелері В.В.Алексеева, А.В.Бакушинский, Г.В.Лабунская,
Н.П.Сакулина, Б.П.Юсов, еңбектерінде қарастырылған халқымыздың ұлттық
мәдени мұралары, қол өнері, сәндік өнертүрлерінің маңызы туралы Республика
ғалымдары Б.Қазыханов, А.Қасымова, Ә.Тәжімұратов ғылыми еңбектерінде нақты
көрсетілген.
Эстетикалық имандылық, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ұлттық
тәлім-тәрбие дәстүрлерін пайдалану Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж.Наурызбаев,
С.Қасиманов еңбектерінде көрсетілген.
Кейінгі кездері бейнелеу өнері пәні құралдары арқылы эстетикалық тәрбиеге
тәрбиелеу С.Аманжолов, Ш.Әлібеков, Б.Әлмуханбетов, Б.Байжігітов, Ж.Балкенов
М.Жанаев еңбектерінде орын алып жүр. Көптеген еңбектерде эстетикалық
тәрбиенің мәні мен мазмұны қамтылып, оның тәрбиелеу жолдары әдіс-тәсілдері
нақты көрсетілмейді. Сондықтан біз эстетикалық тәрбие беру мәселелерін жан-
жақты қарастыруымыз қажет.
Сонымен бастауыш мектепте оқыту барысында кезек күттірмейтін
мәселенің бірі; көркем эстетикалық тәрбие, яғни оқушылардың эстетикалық
талғамын дамыту, сол арқылы мейірбандық, имандылық қасиеттерін
қалыптастыру; екіншіден, әр баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, қиял –
сезімін шарықтату болып табылады.
Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызды бөлігі көркемдікке
тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі мәселелер туады. Бала өнер арқылы
өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі айқын ойлап, терең сезіне білуі
тиіс.
Оқушы эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін тәрбиені өте ерте, баланың
жас кезінен бастау керек. Өйткені, балалық сезім – саналы өмірдің негізі.
Бұдан саналы өмір негіздерін қалауда қандай да берік сенімді тірек қажет
болатыны түсінікті.
Қалай болмасын әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап
сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілмеуімізге ықпал етеді, жеке бастау
және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей
жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Бастауыш мектеп балаларының
талғампаз болуы жазушы, ақын, суретші, композиторлардың еңбектерін, ондағы
сұлулықтарды түсінуі олардың рухани азығын молықтырады, адам баласы жасаған
мәдени мұралармен таныстырып, соны терең түсінуге тәрбиелейді.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – бұл-әсемдік, сұлулық, пәктік қасиеттер
музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы оқушылардың
көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу.
Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік –
қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі. Көркем
өнер туындыларын түсініп сезіну, оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер
тілін меңгеру барлығы оқушылар эстетикалық талғамын дамытады.
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын
қалыптастыру бейнелеу өнері сабақтары түрлерінде іске асырылады.
Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі – табиғат. Ол эстетикалық сезімнің,
байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік
заңдылықтары әртүрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды
әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді.
Табиғатқа топ серуен жасаған кезде балалардың оның сұлулығын эстетикалық
тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпеліс, сүйсіну сезімі туады,
ойы мен қиялы дамиды. Жаратылыстың сұлу заттары бала жанында сұлулық
сезімдерін оятады.
Үлбіреген түрлі түсті гүл, көк –жасыл орман – тоғай, сылдыраған су,
шексіз – түпсіз көк теңіз, түрлі шөптермен, толқынданған дала, бұлтпен бел
алысқан асқар тау, сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың
сұлу көріністері, жанды билеп әкететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу суреттер
әсері баланың жанында бір сұлулық толқынын оятып тұрғызбай қоймайды.
Егер оқушылар табиғатты қорғауға атсалысатын болса, табиғаттың эстетикалық
ықпалы да айтарлықтай арта түседі.
Міне, сондықтан да балардың табиғатты қорғау әрекеттеріне (күнделік
жүргізуде, табиғат бұрышында, мектептің оқу –тәжірбие алаңында, табиғатта,
үйде, жануарларды қорғауда, мектеп ауласын көгалдандыруда) эстетикалық
бағыт беру керек.
Табиғатқа, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты тәрбиелеу үшін
дүнижүзілік және ұлттық көркем туындылар (жазушылардың, композиторлардың,
суретшілердің т.б.) мысалдарын, үлгілерін көрнекі қолдану қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларын табиғатқа серуендеуге шығарғанда, оларға
әр қилы тапсырмалар орындатуға болады: заттың өзіне қарап суреттер салып,
ұнаған жерлерді суретке түсіру.
Табиғат – біздің өміріміздің сәні. Ол бізді мол шаттыққа кеңелтеді.
Кең байтақ далаға, айнадай жарқыраған су айдынына, ұлы тауларға қарап,
сүйсіне ләззат аламыз. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт,
сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сондықтан да
оқушылардың эстетикалық танымын қалыптастыруда қоршаған ортаның әсері мол.
Оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін сабақ
барысында табиғат көріністерінің сұлулығы жырланған шығармалардан
(жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің) көбірек пайдаланған тиімді.
Мысалы, С.Сейфуллиннің Көкшетау поэмасы, Абайдың табиғатты суреттеуі,
Ілияс Жансүгіровтың Жетісуды суреттеуі т.б.
Негізінде эстетикалық тәрбие экологиялық тәрбиемен тығыз байланысты,
өйткені экологиялық тәрбиенің де басты бағыты жас ұрпаққа табиғатпен
қатынаста жоғары мәдениеттілікті, қоршаған ортаға деген азаматтық
жауапкершілікті қалыптастыру. Төменгі сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиеге
баулу туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы
түсінуге негіз салады, оқушыларды суретке, қиып жапсыруға баулу, түстердің,
сызықтардың тамаша келісті үйлесімділігін таңдай білу қабілетін дамытуға
жәрдемдеседі.
Өмірді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан –жақты түсіну үшін әсемдік,
әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Өнер біздің қоғамда адамдардың,
әсіресе оқушыларды рухани, эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құрал
болып табылады. Оқушыларды көркемөнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді
қастерлей білуге үйретеді.
Қазақ халқы ерте заманнан – ақ сұлулық пен әсемдікті таңдай да,
талдай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде шеберліктің небір сан
–саласын, асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің
дәуірімізге ұштастырған.
Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен
қарауды қажет етеді. Әсіресе, бастауыш мектепте бейнелеу өнері жүйелі оқыту
жайы, оған жастай баулап тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты
міндеттер қояды. Сурет салуды сүю -өмірді, табиғатты, айнала қоршаған
ортаны сүю. Ол мектеп оқушысының ақылын, ойын, парасатын, өсіреді, танымын
кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен
ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке
тәрбиелейді.
Халық шеберлері ою - өрнек салу тәсілін белгілі – бір ізбен
қалыптастыруда өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою -өрнектердің
композицисына, әшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты
бейімдеп түрлендіріп отырады. Демек ою -өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік
қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде орындалады. Осы халық
қолөнерінен туған бұйымдарды көрмелер мен мұражайларға сақтап қана қоймай,
оны күнделікті сабақ барысында кеңінен қолдануы қажет.
Бейнелеу өнері –ерте заманда пайда болып, барлық дәуірде өмір сүрген.
Ол бірнеше түрге бөлінеді: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері және
сәндік қолданбалы өнер.
Сурет салуды үйрету әдістемесінде натюрморт кез –келген ыдыс –аяқтан
немесе басқа да затттардан құралады.
Бір жағынан натюрморт қозғалмайды. Сол себептен натюрмортты асықпай
отырып қолдың икемділігін жаттықтыруға, түсініп, сызуға және де сурет
техникасын жете меңгеруге таптырмайтын құрылым болып табылады. Ал,
жануарларды салу, енді сурет салып, үйреніп келе жатқан оқушыға қиынға
соғады. Өйткені олар натюрморт сияқты өлі зат емес, үнемі қозғалыста
болады.
Бейнелеу өнері сабағында тапсырманы түсіндірген кезде бейнеленіп
отырған объектінің эстетикалық мазмұнының нақты ашылуының маңызы зор. Оның
үстіне құбылыстағы, заттағы нақты әсемдікті педагог асқан сезіммен, әсерлі
түрде әңгімелеп беруі тиіс. Егер мұғалім сурет салу үшін қойылым, ретінде
ашық түстерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі
Табиғат көрінісін кенепте майлы бояулармен бейнелеу
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Бейнелеу өнері сабағында көне мұраларды оқыту арқылы оқушылардың рухани білімін дамыту
Кескіндеме өнерін сабақтан тыс үйірме жұмыстарында қолдану
Пейзаждың суретін салу әдісі
Станоктық кескіндемедегі композиция
Бейнелеу өнеріндегі кескіндеме туралы ұғым
Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету
Пәндер