Қазақ халқының киіз басу өнері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шебер
5В010700- Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша –
Бейнелеу өнері және сызу
Тараз 2013
Түйіндеме
Менің дипломдық шығармашылық жұмысымның тақырыбы
Шебер. Ол сәндік – қолданбалы өнер жанрында орындалған.
Менің жұмысымда сәндік – қолданбалы өнердің теориялық жағы қарастырылған
және гобеленнің орындалу технологиясының эскиздік жобасы талқыланған.
Дипломдық жұмысым кіріспеден, 2 негізгі бөлімдерден, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмысымның көлемі 100 х 70 см.
Жұмысымда қолданылған материалдар: жүн, жіптер, бояулар.
Диплом жұмысым 61 беттен тұрады.
Аннотация
Тема моей творческой дипломной работы называется Мастерица.
Она выполнена в жанре декоративного искусства. В ней расмотрены
теоретические стороны декоротивно - прикладного искусства, а также эскизный
проект технологии выполнения гобелена.
Дипломная работа состоит из вступительной части, из 2 - х оснаовных частей,
обобщения и списков использованных литератур.
Объем работы 100 х 70 см.
В работе использованы шерсть, нитки, раски.
Дипломная работа состоит из 61 листов.
Abstract
The title of my creative diploma work named Master. It was
done in genre of decorative – applied art. There is considered
the theoretical sides of decorative – applied art and draft project
carpet techboiogy.
My diploma works consist of opening address, of two parts,
generalization
and of lists of used literature.
The volume of works is 100 х 70. The used materials are wool,
threads, and paints. My
Мазмұны:
Кіріспе
І. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнер тарихы.
1. Сәндік қолданбалы өнер және халық кәсіпшілігі
2. 1.2. Ою-өрнек – қолөнер негіздері
1.3. Қазақ халқының дәстүрлі тоқыма өнерінің түрлері
1.4. Гобелен өнерінің пайда болу тарихы
1.5. Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы
1.6. Гобеленнің тоқу түрінің даму кезеңдері
ІІ. Шығармашылық жұмыс орындау барысы
2.1. Тақырып бойынша нобайлар, эскиздер орындау
2.2. Сәндік өнер композициясын стилизациялау
2.3. Шығармашылық жұмыстың мазмұны және ізденістер
2.4. Гобелен тоқу құрал – жабдықтары мен материалдары
2.5. Шығармашылық жұмысты материалда орындау
технологиясы
2.6. Қазіргі таңдағы мектептерде Сәндік қолданбалы өнер
үйірмесін ұйымдастыру
Қорытынды.
Әдебиетте.
Косымшалар
КІРІСПЕ
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы
Мәдени мұраны іске асырудың қажеттілігі және өткенге ой толғай отырып,
сол арқылы қазіргі кезең өнерін дамыту идеясы біз үшін аса маңызды болып
табылады. Мәдени мұра, ата-бабамыздан мирас ретінде жеткен дәстүрлі өнер-
қазіргі заман мәдениеті үшін қайнар көз, кәусар бұлақ. Қазіргі текеметпен
алашамен, гобеленмен т.б.материалдармен шұғылданушы шеберлер форманы
дәстүрлі өнерден іздейді. Өйткені мәдени мұра болып табылатын қол өнері
бұйымдары – суретші үшін өзіндік рух беретін дүние. Адамзат қоғамы дамыған
сайын қолөнеріне жаңа әдістер тауып, жаңаша түр бере бастады. Сондықтан
халық өнерінің бай мұрасын сұрыптай отырып, заманымызға лайықты түр беру
әдісімен оларды ілгері дамыту парыз. Осыған байланысты көне тықыр кілем
тоқу дәстүрлі шығармашылық гобелен өнері, әртүрлі тақырыптарды қамти
отырып, өрнектеу тәсілінде орындалған сюжеттік сәнді тоқыма. Гобелен жаңа
ағым бағыттарда дамып келе жатқан Қазақстанның көркем өнерінде өзіндік орны
бар, өнер түрінің бірі, Сәндік қолданбалы өнер жас ұрпақты рухани
көркемдікке баулуда, эстетикалық талғамын, материалдың дүниетанымын
қалыптастыруда мүмкіндігі зор тәрбие құралы. Сәндік қолданбалы өнерінің
қыры мен сыры, бар көркемдік байлығын игерудің маңыздылығы әрі оны
шығармашылықпен көркейте, дамыта отырып, еліміздің көркемдік мәдениетіне
үлес қосу мақсатымен біз өзіміздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы мен
мазмұнын таңдап алдық. Дипломдық жұмыстардың тақырыбы Шебер, жүн жіптен
иіріліп тоқылған гобелен, көлемі 100 х 70.
Дипломдық жұмыстың көкейтестілігі:
Гобелен өнері қазіргі кезеңде актуальді өйткені ол көркемдік білім,
эстетикалық тәрбие берумен қатар ұлттық тәрбие мәселелерін қамтиды. Көне
кілем материалдарын жинақтап қазіргі кілем гобелен тоқу өнерімен салыстыра
отырып зерттеу ісі қазақ халқының көне кілем тоқу төркінін барлауға,
байырғы дүниетанымын жаңғыртуға, кілем тоқу табиғатын танып, көркемдік
болмысын анықтауға септігін тигізеді. Гобелен өнерінде орындалған
шығармалар адамның көркем өнер саласындағы талғамын арттыра отырып рухани
байлығын кеңейтеді.
Жұмыстың мақсаты: Ғылыми әдістемелік бағыттығы әдебиеттерді зерттеу
және шеберлердің жұмыстарына талдау жасау, сәндік тоқыма бұйымдарының
шикізаттарының мүмкіндіктерін пайдалану, тоқу ерекшеліктерінің орындалу
жолдарының негізінде гобелен тоқу өнерінде сюжеттік гобелен тоқу.
Диплом жұмысының зерттеу нысанасы: Гобелен туындыларындағы
композициялық заңдылықтар, бейнелеу әдіс, тоқу тәсілдерінің ерекшеліктеріне
талдау жасай отырып туындылық тәрбиелік мәнін ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу пәні: Сәндік қолданбалы өнері.
Тоқыма бұйымдарының әсемдігі мен формасын композициялық құрылымын, бояу
түстерін анықтау.
Зерттеудің шығармашылық болжамы:
Қазақ және барлық шығыс халықтарына ортақ ұқсастықтар шығыс
халықтарының ежелгі әлемдік өнерде тамырлас болған заманда қалыптасқан,
олардың өмірі мен тіршілігінің мәдениетінің ұқсастығында. Өнерде көне
сәндік қолданбалы өнер жанрлары, ежелгі дәуірдің қазынасы.
Диплом жұмысының зерттеу міндеті:
1. Дипломдық жұмысты орындау үшін қажетті әдебиеттерді зерттеу.
2. Гобелен композицияның эскиз жобасын орындау.
3. Қажетті құрал жабдықтар даярлау.
4. Шығармашылық жұмысты материалда орындау.
Зерттеу жұмысының әдіснамасы: Диплом жұмысын жазу барысында гобеленші
өнер шеберлерінің іс-тәжірибелері басшылыққа алынды.
Зерттеу базасы: Дипломдық жұмыстың дереккөздеріне Тараз Мемлекеттік
педагогикалық институты кітапханасы мен облыстық Шоқан Уалиханов атындағы
орталық кітапхана сонымен бірге Қазақстанда жарық көрген кітаптар негіз
болды. Халық шеберлерінің және жарияланған кәсіби өнер шеберлерінің
шығармшылық жұмыстарының иллюстрацилық қазыналары да қамтылды.
Зерттеу әдіс - тәсілдері: Жұмысты орындағанда қажетіне қарай тарихи
және құрылымдық талдау жасау тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Халық қазынасындағы әлемдік өнерде бедерін салған бейнелі сәнді тоқыма
бұйымдарын барлап сұрыптап, гобеленге бейнеленіп тоқылған жасампаз
шығармашылық жұмыстың ерекшеліктерін анықтап, өз түсінігім бойынша түп
нұсқалық негізде шығармашылық жұмыс жасадым.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Жұмыстың ғылыми – практикалық мәні оның өзектілігімен, ғылыми жаңалығымен
тікелей байланысты болып табылады. Гобелен тарихын жазып зерттеуде жалпы
шығармашылық жұмыспен шұғылдануда қажетке жарайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс Шебер тақырыбында орындалған негізгі сәндік өнер
шығармашылық жұмыстан және жазба теориялық түсініктеме бөлімнен тұрады.
Кіріспе және қосымша, қортынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі графикалық
эскиздік ізденіс материалдары берілген.
І бөлімде қазақ халқының сәндік қолданбалы өнеріне жалпы шолу. Тоқыма
кілем, өрмек, алаша гобелен өнерінің тарихы мен дамуы, даму кезеңдері және
гобелен өнерінің ерекшеліктеріне талдау жасалған.
ІІ бөлімде гобелен тоқу тәсілдері, құрал жабдықтары негізінде тақырыпқа
сай зерттеу, шығармашылық жұмыстың орындалу барысы сипатталады және
мектепте кілем тоқу әдістемесі мен жоспары жасалған
Қорытынды бөлімде орындалған жұмыстың нәтижесі әдебиеттер тізімі берілген.
I. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнер тарихы.
1.1. Сәндік қолданбалы өнер және халық кәсіпшілігі.
Қазақ халқының ұлттық қолөнері халық тұрмыс - тіршілігінде, өмірде
қолданылатын функционалдық, утилитарлық, көркемдік маңызы бар түрлі табиғи,
табиғи емес, жасанды материалдардан көркем безендіріліп, әшекейленіп
орындалған халық шеберлерінің, суретшілердің, өнер адамдарының көркем еңбек
салаларындағы шығармашылық қызмет түрлері. Қазақ қолөнері түрлері сан -
салалы халық өмірімен, тұрмыс - тіршілігімен, қоғамдық тарихымен, кәсібімен
тығыз байланысты көркемде әсем, әсерлі бұйымдар мен заттар жиынтығы.
Қазақ халық қолөнері көшпелі халық өмір тіршілігіне, түрлі кәсіби
еңбегіне, шарушылығына байланысты тұрмыстық заттар - үй жиһаздары, салт-
дәстүр, әдет-ғұрып жабдықтары, жүн бұйымдар, кесте, ши тоқу, киіз басу,
тері, былғары илеу, кыш бұйымдар жасау, зергерлік өнер, ыдыс-аяқтар,
мүйізден, сүйектен нақышты мүліктер, музыкалық аспаптар, қайыс өру, қару-
жарақ, аңшылық, жол-жорық заттары, тас қашау, ағаш ұқсату, металл өңдеу,
мал шаруашылығына қажетті мүліктер, үй құрылыс кешендері мазарлар,
кесенелер жалпы сәулеттік ескерткіштердегі қолөнер түрлері сияқты сандаған
кәсіби көркем еңбек түрлері мен ер адамдарға және әйел адамдарға тән
қызмет түрлеріне бөлінді. Сәндік қолданбалы өнері мен ұлттық қолөнері
бұйымдарын көркемдеп жасау тәжірибе процестері, ұрпақтың рухани -
эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, көркемдік
талғамдарының, шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер ететін халықтық
көркем білім мен тәрбие бастаулары болып қалыптасты.
Сәндік - қолданбалы өнері (латын сөзінде Decoro – безендіремін ) – түрлі
материалдарды, заттарды көркемдеп өңдеу іс-әрекеттері арқылы пайда болған.
Сәндік-қолданбалы өнері көркем өңделіп ою-өрнекпен, бейнелермен
безендіріледі. Олар түрлі көркем нақышта, орындалған тұрмыс заттар.
Орындалатын шикізаты – ағаш, металл, шыны, сүйек, тері, жүн, мата, қағаз
т.б материалдары.
Қазіргі уақыт талабына байланысты сәндік қолданбалы қолөнерінің жаңа
функциялық мазмұны айқындалып, мұнда утилитарлықпен, бұйымдардың заттық
мазмұнынан алшақтау тенденциялары пайда болуда. Мұнда көркем шығармашылық
мазмұны басым балып келеді.
Сәндік қолданбалы өнер шығармашылық жұмыс бұйым көркемдік
мазмұнымен әсерлі.
Сәндік - қолданбалы қол өнері бұйымдары ою - өрнек элементтерімен немесе
бейнелі мотивтер және түрлі асыл тастар, металмен сүйекпен безендіріледі.
Бұйымды әртүрлі әсерлі-сәнді суреттер, ою - өрнектер бейнелеу, түрлі
формадағы тастар мен сүйекті жапсырмалап безендіру әдіс - тәсілдерімен
орындайды.
Ағаш, металл, тері, сүйек өңдеу, зергерлік, мата тоқу, кілем тоқу, ши
тоқу, алаша, өрмек тоқу, киіз басу, текемет басу, түс киіз, сырмақ,тұс киіз
жасау, т.б. сәндік – қолөнері бұйымдарын жасау сәндік-қолданбалы өнердің
негізін қалайды.
Қолөнерінің түрлері мен қолданылатын шикізат көздері халқымыздың негізгі
кәсібі мал шаруашылығы болғанын, ішіп-жем, киім-кешек, киіз үй жабдықтары
т.б. тұрмысқа қажетті заттарын төрт түлік мал өтейтін, осыған орай қазақтың
сәндік-қолданбалы өнер ісі ең алдымен осы мал шаруашылығынан алынатын
шикізат қорын ұқсатып, танытуға байланысты өркендегені тарихи-этнографиялық
еңбектерден белгілі. Қазақ халқы өз тұрмыс тіршілігіне, өмір салтына сай
түрлі тұрмыс заттарын, әшекей көркем бұйымдар жасады. Сондықтан қазақ
қолөнері олардың күнделікті тұрмыс салтына қажетті заттар мен сәндік
бұйымдар жасау еңбегінің нәтижесінде өмірге келді. Өнер әрқашанда қажырлы
көркем өнер еңбегінің жемісі болып табылады. Қолөнері бұйымдарын жасау
барысында шебер саналуан еңбек іс-әрекетін, материалдарды өңдеу, таңдау,
іріктеу, олардан тұрмысқа қажетті бйымдар жасау қызметін атқарады.
Сондықтан қолөнері еңбегі адамнан ерекше икемділікпен көркемдік қабілетті
қажет етеді. Осы себепті қазақ халқының сәндік қолданбалы қолөнеріне
олардың өмір салтына, тұрмыс-тіршілігіне, мәдени әлеуметтік өміріне қажетті
материалдар мен заттарды, көркемдік бұйымдарды даярлау, өңдеу, өру, тігу,
тоқу, ұқсату, шеку, бедерлеу, өрнектеу, мүсіндеу, құрастыру, көркемдеп
әсерлеу, безендіру, әшекейлеу бейнелеу процестерінен тұратын көркем еңбек
шығармашылығы мен өнер туындыларының ебек жемісі жатады. Ұлттық мұрамызды
көркейтудің басты құралы өнер туындыларының даму тарихын зерттей отырып
жаңғырту, жаңарту.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын
есу,өру, орау, ұқсату, қосу, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, өңдеу,
бейнелеу сияқты түрлі заттар мен материалдардан орындалатын шығармашылық
қызмет жиынтығын айтуға болады. Шын мәнінде қол өнер түрлерінің әр
қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқының қол өнерінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш
өрнектеу, кесте тігу, өрнек тігу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде
жастарға арнап ер тұрман мен белдік, қыз-кеіліншектерге арнап сәукеле,
шашбау, білезік, сырға жасап оларды түрлі- түсті өрнектер мен әшекейлеу
өнері де өрістей түсті. Әрине, жоғарыда аталған қол өнер түрлері өте көп
еңбек етуді керек етті. Кейінгі дәуірлерде, адамзат қоғамы дамыған сәттен
қолөнердің кейбірі жаңа түрге ие болды. Кейбіреулері тұрмыс қажетіне
жарамсыз болғандықтан тіпті қолданылмады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен
сайын тұтыну бұйымдар мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойылып,
тұрмыс-тіршілікке, өмірге қажеттілік, әрі ұнамды, әрі сәнді қолданысқа
жарамды болуы ескерілді. Еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде
тұрмысқа керекті заттардың жаңа түрлері жасалып отырды. Түрлі тұрмыстық
заттардың ою-өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлер мен
безендіру және жиһаз, жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабыда арта
түсті. Фарфордан, тоттанбайтын металдан, эмаль жалатқан темірден,
пластмассадан жасалған жарасымды жаңа жиһаздар көбейді. Халық әлі де болса
тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды. Халық
қол өнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты
сапа, түр беру әдісімен оларды алға қарай дамыта беру жас буындарға көркем
тәрбие берумен тікелей байланысты.
Қазақ халқында тұрмыс тіршілікке қажетті сәндік қолданбалы өнер
бұйымдары мен қол өнерінің түрлері де, атаулары да, орындалу жолдары да өте
көп тараған. Қазақ халқында ою-өрнек, түрлі сәндік бейнелі, әшекейлі
сәндік қолөнері де кең тарап өмірде қолданыс тауып отырған. Ою, ойып кесіп
алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау бір нәрсенің
бетіне ойып бедер түсіру арқылы безендіру іс-әрекеттері мен әдіс-тәсілдері
де мол. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге
салып кескен сырмақтың қиығын, сондай –ақ барлық өрнек түрлерін ою ретінде
қолданады.. Ал өрнек дегеніміз, әр түрлі ою бедер бейненің күйдіріп,
жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің,
әшекейлердің ортақ атауы ретінде қалыптасқан. Сондықтан ою-өрнек деп
қосарланып айтылады.
Сонымен ұлттық сәндік қолданбалы қолөнерінің түрлері сан алуан екендігін
және оның материалдар түрлеріне байланысты да түрленіп, өзгеріп
отырытындығын байқаймыз. Көркемдік қолөнері бұйымдарын жасауда материалды
таңдау ісі де өте үлкен жауапкершілікті талап етеді,өйткені оның түрі,
әсемдігі,төзімділігі, пайдаланылуы және құндылығы таңдалып алынған
материалға тікелей байланысты.
Көне заманнан қазіргі кезге дейін халықтың тұрмыс – дәстүрімен тығыз
қайнасып, өмір сүріп келе жатқан өнердің бір түрі – ол қолданбалы сән
өнері.
Қолданбалы өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі
болып келеді. Үй – ішін, үй тұрмысына қажетті заттарын, ұлттық киімдерді,
тері, ағаш, тоқыма, зергерлік, бұйымдарды әшекейлеудегі негізгі мәнерлі
өнер әдісі ою - өрнек салу. Ою - өрнек салумен қатар ұлттық өнерде оларға
бояу түсіретін қолданудың да өзіндік түрлі мағыналары бар. Мысалы: ақ түс -
әділеттіліктің, шындықтың, тазалықтың қара түс - жердің, берекенің жасыл
түс-көктемнің, жастықтың: қызыл түс – судың, ашық аспанның оттың, сары түс-
даналықтың, білімділіктің көк түс - судың, ашық аспанның символмдарын
білдіреді. Қазақтың арасында әр түрлі қиыстыруларда кездесетін айқын
стильге келтірілген зооморфты (аң пішіндес), геометриялық, өсімдік пішіндес
өрнек әуендері кеңінен тарағанын білеміз. Сонымен, ою - өрнек дегеніміз –
бұл ойға алған айқын өрнек ырғағымен үйлесетін белгілі бір заңдылықтар
жүйесінде жасалған, қисық сызықты және геометриялық фигуралар бейнесін бір
тәсілге (стильге) келтіру арқылы алынған түрлі түсті өрнекпен қандайда бір
заттың әшекейленуі. Өрнек атауы латынның aramortum әшекей деген сөзінен
шыққан. Ою-өрнектің сыр сипаты ол салынатын материалға өрнектелген
заттың қандай мақсаты қолтанатындығына, сонымен қатар өрнек салу тәсіліне
де байланысты болады. Қазақ ою-өрнегінде қисық сызықты өрнектеу әдісі
(орам, шиыршықталған т.б.) басымырақ таныған. Түрлі киіз, түс киіз, қоржын,
аяққап сияқты тұрмыс заттарының бетіндегі өрнектер осыған куә бола алады.
Қазақ халқының негізгі мүлкітерінің бірі-киіз бұйымдарды зооморфты өрнекпен
өрнектеу әдісі кеңінен қолданылады. Өсімдік пішіндес өрнек әуендері сәйкес,
қаптама, тыс тәріздес тұрмыстық заттардағы өрнектерде кеңінен тараған,
бірақ зооморфты өрнектерге қарағанда сирек кездеседі. Геометриялық өрнектер
негізінен тоқыма бұйымдарда көбірек орын алды. Оған мысал ретінде түрлі
тоқылған кілем, сырмақ, ши, маталарды, киіз үйдің баулары мен басқұрларын
алуға болады. Киіз бұйымдарды сирек кездесетін тоқыма бұйымдарды мүлдем
болмайтын өсімдік пішіндес өрнектер кесте тігу тәсілі мен әзірленетін
тұрмыстық заттарда, әсіресе барқыт, мақта-мата, астар болатын жібек маталар
түскиіз, қабырға кілемдерін дайындауда кеңінен тараған. Осы бұйымдардағы
өрнектерді құрайтын әр түрлі өсімдіктер мен гүлдердің орындалуы суреті мен
бояу реңі жағынан шығыс гобелендерінің озық үлгісімен таласа алады.
Халық арасында кең қанат жайған қолданбалы өнер саласының біреуі
зергерлік. Қазақтың зергерлік өнерінің даму тарихы да тым әріде жатыр.
Қазақстан өңірінде заманымызды мекендеген арғы ата-бабаларымыздың бағзы
заманнан ақ алтынмен арғы аптап, күміспен күптеу өнеріне ерекше шебер
болғандығын көрсетеді. Қазақтың ұста зергерлі де өз жұмыстарында
көркем құйма, бедерлеу, соғу қаптау, күмістеу, термелеу, бұрқау, үзбелеу
т.б. көптеген күрделі тәсілдерді шебер меңгере білгенділігімен көзге
түседі. Оған мысал ретіндегі алтын-күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір
жиектерімен алқалар, мәнерлі шекеліктер, ақық тастардан көз салынған
шолпылар мен шашбаулар, әдемі құсмырын жүзіктер мен білезіктер қазақ
зергерлерінің бай дәстүрлі сындарлы шеберліктерін айқын паш етеді. Батима
Зәуірбекова сияқты таланты өнерпаздарымыз қазақтың ұлттық тоқыма өнерін
жаңа мазмұнмен байытып, гобелен жанры саласында тынбай еңбек етіп келеді.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу
тоқу, мүсіндеу, құрастыру бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығы. Шын
мәнінде қол өнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ
халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті-жай салуды, киім-кешек тігуді,
азық-түлік өндірудің өзін тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күбе-күн тіршілік
барысында орынды пайдаланса әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та
құра алды. Бұдан біз халық творчествалық қандай түрі болса да, халық
өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күнкөрісімен, кәсібімен тығыз
байланысты екенін көреміз. Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен
қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да
кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем,
сырмақ, алаша, аса түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көнен
және илеулі теріден қайыс, тапса тіліп, одан өріп қолдан әр алуан ыдыс -
аяқ, адалбақан асадал бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері,
өнерпаздары өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды.
Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондағы қолданылған әдістер
архитектурада қолданылып келеді. Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған
мазарлар мен ескерткіштердегі діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен
мұнарларындағы сәнді ою - өрнектер, ағаштан ойылып, тастан қашалып
жасалған діңгектер, -халық қолөнерінің тамаша туындылары. Саз балшықтарды
күйдіріп, ағашты майлап кептіріп шақпаққа қу жасап, оны тұтанғыш ету,
қорған, мешіт және т.б. салуда қолданылған балшықты қыл, жүн, шөп, шалап
араластырып илеу тәсілдері де өте ердеден ақ халықтың іздену талабынан,
қоғам дамуы процесінен туған айла-тәсілдер. Батырлық пен саятшылыққа
қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сайыл мен басмойын, аңшыларға
қажетті құстың тұғыры мен томағасы, балдағы мен аяқ бауы сияқты көптеген
жабдықтар да қазақ халқының тұрмыс салтына кәсібіне байланысты туғандығы
сөзсіз. Мал шаруашылығына қажетті жем шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық,
бұғалық, тұсамыс, өре, шідер, кісен, қада, ер тұмандарды да халық даналығы
ойлап тапты. Зергерлік, тоқымашылық, кестешілік және оюшылық өнерді
дамытты. Халық өнерпаздары құмнан, тастан, саздан, құмыра, ыдыс - аяқтар
мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер,
домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыкалық аспаптарын жсады.
Халықтың қолөнеріндегі мүліктердің бір тобы, үй іші жабдықтары болса,
екінші тобы қайыс өру, қару-жарақ, көшу-қону, жал-жарақ жабдықтары еді.
Шеберлер тас қашау сүйек, ою, ағаш ою, мүйіз балқыту, металды өңдеп
өрнектеу сияқты ауыр кәсіппенде шұғылданды. Сондықтан қолөнер еркектерге
тән іс, әйелдерге тән іс деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан,
балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны
әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу,
өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтеу тері киім тігу сияқты
нәзік жұмысты әйелдер атқарады. Тері илеу, киіз басу, ши тарту т.б.
жұмыстарын еркектер мен әйелдер бірлесіп істейді. Бірақ еркектер киім пішу,
үлгі жасау, киім тігу, жүн сабау, арқан тарту, түрлі ыстау жұмыстарынан да
шет қалған жоқ.
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері
ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу,
өрнек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер – тұрман
мен белдік, қыз – келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға жасап
оларды түрлі түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті.
Қазақ халқының Қарыс қазы-балықта, қалың қазына-халықта - деген
мақалды да осы өнер туған еді. Әрине, жоғарыда аталған қолөнердің бір
қатары өте көп еңбек етуді керек етті. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған
сайын қолөнердің тұрмыс қажетіне жарамсыз болғандықтан тіпті қолданбады.
Күйген кірпіш пен темір бетон, цемент пен шлак сияқты және басқа да сапалы
материалдар бұрынғы материалдарды ығыстыра берді. Енді иленген балшыққа май
салу, жылқы қылын, түйенің жабағысын қосу керексіз болып қалды. Аяқ киім
малшылығы жасалғаннан кейін қолдан тері илеу, қайыстан, көннен етік тігу,
шәрке байлап, шабыта кию мүлдем жойылды. Ел салтанат құрды ерлер даңқа
бөленді, азаматтар сән түзеді.
Халықтың мәдени дережесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен
жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді
болуын қалады. Еңбек үстіндегі творчествалық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа
керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар
жиһаздардың ою-өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен
безендірілуі және жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта
түсті. Фарфордан, тоттанбайтын металдан, эмал жалатқан темірден,
пласмассадан, жасанды талшықтардан жасалған жарасымды жаңа жиһаздар
көбейді. Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері
мен сапасы жаңарады. Техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен
кәсіпшілік ательдерінде кілем тоқылып, кітап, сөрелері жасалды. Тігу
ісімен, кестелеу өнері де машинамен орындалды. Тастан қашап, сүйектен
оюлап, құмнан құйып жасайтын бұйымдар енді заводтарда көптеп шығарылды. Бұл
айтылғандардан қолөнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды, ендігі жерде
онымен шұғылданудың керегі жоқ деген ұғым әсте тумайды. Қайта халық
қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа,
түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. Мысалы: кілем, алаша,
жеңіл күпі, қаптал шекпен, саптама етік, түлкі тұмақ, жүн қолқап, бөкебай,
шарф сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін қазір де қажет. Киіз үйдің
сүйелі, үзік-туырлық, саба, тері қауға мен ер-тоқым тұрмандары керексіз деп
ешкім де айта қоймайды. Осыған байланысты осы еңбекте қазақтың халықтың
қолөнері саласының біраз түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік. Олар: ою -
өрнектердің түрлері олардың атаулары мен қолданылатын орындары. Өрнектердің
түрленіп даму тарихы мен кейбір элемент өрнектерінің үлгісі.
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар.
Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық қолөнердің озық үлгілері
әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Қазақ халқының қолөнері түрлерімен
кең көлемде таныстыратын этнографиялық әдеби кітаптар баршылық. Бұл саланы
ұзақ уақыт бойы зерттелген ғылымдар. Атап айтқанда: академик Ә.Марғұлан,
зерттеуші этнографтар Е.Қасиманов, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев, Д.Шоқпаров
тағы басқалар Қолөнер-мол өнер дейді халық халықтың қолөнер бұйымдарын
өрнектеу үшін де бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың
ұнасымдылығы мен дәлдігі, олардың жарасымды болып жасалуы суретшілік көзбен
қаралуы тиіс.
Қай халықтың болса да тұрмыс – тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен
заттарды дүниеге әкелген қолөнері болады. Солардың ішінде біздің қазақ
қолөнерінің дамуы өзінше ерекше Ақ үй, ақ ара, ақ боз үй-деп аталатын
қонақ үйлер көркем безендірілуі жағынан ерекше көз тартады
Күйіз үйдің негізгі қаңқасы: кереге, уық шаңырақ, сықырлауық, есік,
сүйегі деп аталады. Киіз үйдің сүйегі жасалатын үй ағашты алты ай немесе
бір жыл бұрын дайындайды. Киіз үй құрылымдық ерекшелігіне байланысты сүйегі
және жабуы деп бөлінеді.
Киіз үйдің жабуы: туырлық керегенің іргесінен уықтың орта шеніне
дейін жерді; үздік кереге шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты түндік
шаңырақты; киіз есікті сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз,
арасы ши, астары жарғақ теріден жасалады, түріп қоюға ыңғайлы. Киіз үй
көлемінің кеңеюі кереге санының өсуіне байланысты.
Киіз үйдің сүйегін бір - бірімен ұстастыру, сыртқы әбзелдерін
бастырып алу мақсатында бау-құрлар қолданылады. Екі керегінің сағанағын
кіріктіріп тұратын өрнекті жіңішке құр болады.
Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастырып, орап тұратын қыл арқан.
Белбау-туырлықты керегеге тығыз жатуы және оны жел көтеріп кетпеу үшін
сыртынан бастыра буатын қыл арқан. Шалма - уықтарды ығып кетпеуі үшін
шалмалап байлайтын құр. Оны уық шалғыиық бау деп те атайды. Желбау өрнекті
төгілме асылады шашағы бар құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге
асылады, киіз үйге сәндік сипат береді. Оның негізгі міндеті-боран, дауыл
кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру
үшін, әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің
түйіскен жерін сыртынан бастырып тұратын жалпақ құр. Туырлық бау-туырлықты
ұстап тұратын әрі әсемдік үшін түр салынған жалпақ терме бау. Үзік бау –
үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден тағылған, уықтың үстінен
айқастыра тартып, кереге байлайтын жалпақ терме бау. Бақан - бір ұшын екі
аша етік жасалған ұзын сырық. Әдетте майыспайтын, мықты, түзу ағаштан
жасайды. Ол киіз үйді тіккен кезде шаңырақты көтеріп тұруға арналған.
Қазақ қолөнері адам көркем ойын практикамен ұштасуына сәйкес дамыды.
Қазақ халқының негізгі ою - өрнектері мен әшекейлеріне көбінесе хайуанттар
пішіндері сюжет болды. Оны архиологиялық зерттеулер дәлелдеді.
Орта Азия мен Қазақстан жері мәдениеті дамыған, өркениет орталығы
болғаны көпшілікке мәлім. Сыры кетсе де сыны кетпей сақталып келе жатқан
әсем ғимараттар, тас мүсіндер, халықтың тұрмысында қолданып жүрген сәндік
қолданбалы өнерінің інжу – маржандары, қазіргі ұрпақтың көркемдік талғамын
дамытуға, бұрынғы өнеріміз бен бүгінгі өнеріміздің жалғасуын дәнекер
болғаны сөзсіз.
Қол өнер – халық өмірімен, тұрмыс - тіршілігімен біте қайнасқан өнер
шебердің қолынан шыққан қолөнер туындыларын халықтың өмірімен, тұрмысынан
бөлініп қарау мүмкін емес. Бұл заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға
рухани ләззат әкелген. Қолөнер бұйымдарына салынған түрлі түсті адамзат,
дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан қарым-қатынасын, бөлінбес бірлігін
көруге болады. Қолөнер шеберлері сол табиғат сұлулығын өнер туындыларына
арқау ете білген. Соған орай әр, елдің, әр халықтың тарихи дамуына,
тұрмысына табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері
өзіндік ерекшелігімен әр халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған. Қазақ
қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ, оның өткеніне назар
аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнеріміздің өзіндік ерекшелік пен
қалыптасуына үлкен әсерін тигізген жағдай – көп ғасырларға созылған көшпелі
өмір. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары, көшіп-қонуға
қолайлы, пайдаланатын орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің
талғамына, ой - өрісіне тән ою - өрнекпен нақышталып отыр. Алдымен
бұйымдардың мықтылығы, өнімділігі қарастырылады десек те, олардан бояуы,
әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады. Адамзат дамуының қай сатысында
болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін
қалдырады.
Тұрмысымызда сәндік қолданбалы өнер өте көп қолданылады. Оған күйіз
үйіміздің бүкіл құрылысы мен жиһаздары, ыдыс-аяқтарымыз қару-жарақтарымыз,
киім - кешектеріміз бен өрнектеріміздің барлығы жатады. Басты түрлері: киіз
басу, киім тоқу, ер-тұрман жасау, зергерлік өнері және былғары өңдеу өнері.
Кілем тоқу өнері – тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеден
белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Қол кілем түсті және
тақыр кілем болып екіге бөлінеді. Түсті кілем тоқу, әсіресе Сыр бойында,
оңтүстік аудандарда кеңінен дамыған. Қазіргі кезеңде шетелдердің
кілемдеріне еліктеп, соларға ұқсас кілемдер тоқығандықтан, кілемнің түрлері
өте көп. Олар әндіжан кілемі, бұхар кілемі, түркімен кілемі, парсы кілемі,
араб, кілемі тағы басқаша депте аталады. Түсті кілем жоғарыда аталған
кілемнің барлығы түкті кілемге жатады. Түкті кілемді асқан шеберлікті қажет
етеді. Жүнді өрнек жібінен сәл жуандау етіп, бірақ бос иіру керек. Тақыр
кілем-жібі терме алашаға иіргендей ширатылған түксіз кілем. Тақыр кілем -
өрнегіне өз атынан – ақ көрініп тұрғандай түк салынбайды, кілем түріне
арналған жіп, желі жібіне ұқсас иіріліп, ширатылады.
Қазақ халқының киіз басу өнері. Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының
өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан
мыңдағанжылдар бұрын білген. Жүннен бау-шу, арқан жіп, киім-кешек, қазақ
үйдің киізден, әр түрлі төсеніштер мен қап, шекпен, киім сияқты ең
қажетті мүліктер жасалған.
Қазақ халқының шаруашылығында мол жүннің ең асылы және бұйымдар
жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, шудасы.
Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, құр,
кілем, қоржын, текемет, сырмақ сияқтыларды жасайды.
Қойдың жүнін жабағы, Күзем жүні, қозы жүні, өлі жүн және
шет-пұшпақ деп бес түрге бөліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан,
күпі күседе, ішпек, терілік жасайды.
Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, қалпақ,
кизі етік т.б. жасалады.
Киіз басу өнері адамзат өмірінде сонау көне заманнан бері белгілі.
Архиологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтай жеріндегі Пазырық қорғанынан
табылған киізден жасалған бұйымдар осының айқын дәлелі.
Тарихи деректерге қарағанда, адамдар қола дәуірінде тас үйлерін
тастап, жаңадан қоныс теуіп, көшпелі өмір жағдайына көшкен тұста киіздің
алғашқы нұсқалары дүниеге келді демек қателеспеген болар едік. Себебі қола
дәуіріндегі тас үйлердің, сыртқы формасы секілді дөңгелек, күмбезді, жарық
төбесінен түсетіндей етіп жасалынған. Киіз үйдің сыртқы формасы сол қола
дәуірдегі тас үйлерден алынып, жылдан жылға практикалық жағынан
күрделіленіп байытыла келе біздің уақытқа дейін жеткен.
Әрине, дүние жүзіндегі әр халыққа ата - баба мұрасын, халық қол
өнерін сақтап қалу парыз. Атадан балаға мирас болған қол өнерін
жалғастырушы шеберлердің қатары бірте-бірте азая түсуде. Халық шеберлерінің
теңдесі жоқ ғажайып өнер туындылары болашақ ұрпаққа жетіп, оларды қуантып,
өнер жаңаша түр алып, өміріміздің сән- салтанаты өнерімен арта түсеріне
сөз жоқ.
Оюлап киіз басу өнерімен басқа халықтардың да айналысқаны белгілі.
Бірақ туысқан халықтарда жекелеп кездесетін киізді оюлау әдісінің тәсілдері
Қазақстан территориясының барлық аудандарында кездеседі. Сондықтан да оюлап
киіз басу өнері қазақ халқының еншісіне тиген қол өнері деп атауға әбден
хақымыз бар. Халық өмірімен бірге жасалып, біте қайнаған қазақтың киіз басу
өнері әлі өз маңызын жойған жоқ. Әдемі ойлаған өрнекті текемет пен
сырмақтар ауыл мен қала үйлерінің интерьеріне ерекше сән беріп,
жандандырып, үй тұрмысында төзімділігімен және көркемділігімен жоғары
бағалануда. Киіз пайдалану мақсатына қарай қалың да жұқа, тығыз да мықты
немесе босаң етіп басылады. Киіз үйдің сыртына жабылатын туырлақ пен үзік,
түндік суықта жылу ұстайтындай, шілденің аптабында ыстық өтпейтіндей
қалың, жаңбырлы күндері су өтпейтіндей тығыз да шымыр етіліп ерекше
ұқыптылықпен басылады. Киіздің қазақ қолөнерінде тек құрылыс материалы
ретінде практикалық жағы, сапасының мықты болуы ғана емес сонымен бірге
әдемілігіне де ерекше көңіл бөлінген. Киіз сапасының мықты болып, көңілден
шығуында киіз басуға алынған қой жүні мен қойдың тұқымы ерекше орын алған.
Киіз басуға алынатын қой жүнінің талшықтары және оның сапасына қойылар
талап өз алдына бөлек әңгіме. Киіз басу өнерінде халық арасында кең
таралған – текемет басу, сырмақ сыру, ою түрлері. Киіз басу, текемет
ойыстыру ісі алдымен жүн сұраптаудан басталады. Негізінен, киіз басуға
көбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні қолданылды. Осы орайда жүн түрлеріне
қысқаша анықтама бере кеткен жөн секілді. Жабағы жүн – қойдан көктем
мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да жергілікті жердің ауа райын ескере
отырып, жабағы жүннің қырқылуы оның теріден тұтас көтеріле бастаған кезіне
сай келуі тиіс. Өйткені, қой терісінде жаңа түктердің өсеңдей бастауы
жабағы жүнді көтеріп, біріншіден, қырқым жұмысын оңайлатады, екіншіден,
мал терісін зақымдаудан сақтайды, үшіншіден, ысырапқа жол бермейді.
Күзем жүн – қойдан күз мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да жергілікті
жердің ауа райын ескере отырып, қара суыққа ұрындырмай, қойды бірінші рет
тоғытып, жүні кепкенен кейін қырқады.
Қозы жүні – қозы туған жылғы бірінші қырқылатын жүн. Сапасы жағынан
талшықтары нәзік, ұйыспаған, күзем жүнге ұқсас келеді.
Текемет, киіз басу жұмысына осы жүндерден араластырып пайдалануға
немесе бір маусымдық жүнді пайдалануға болады.
Сырмақ жасау өнері. Әдетте сырмақ, текемет жасалатын киіз не шымқай
ақ, не шымқай қара болуы шарт. Киізде түйіртпек, ошаған, тесік болмауы
тиіс. Мұндай кемшіліктер оюға, сыруға, бір тегіс жиектеуге бөгет жасайды.
Сондықтан сырмақ, текемет, басатын киіздің жүні, оның өңі күні бұрын
таңдалып, ол көбінесе қозы жүнінен алынады. Оны сабағанда да ерекше
қадағалап, үлпілдетіп сабайды. Осындай іріктеліп, алынған жарамды жүннен
сырмаққа, текеметке арнап бет басады. Бет болатын ақ немесе қара киіздің
екеуі де бөлек басылады. Оны ысырап етпес үшін көлеміне қарай әрі шағын,
әрі жүнді үнемдеп жұқалап басады. Сондықтан алдын-ала оның көлемін, оған
салынатын ою - өрнектің қандай болатынын қарастырады. Сырмақтың беті
кейіннен не киізбен, не кенеппен астарланып сырылады.
Көлемі жағынан қазақ сырмақтары негізінен 4 түрге бөленеді. Мұның ең
үлкені – көш сырмақ. Бұл сырмақты көшкенде жүк артылған түйенің үстіне
жабуға арнайды, жалпы көлемі 3-5 метрдей. Мұндай сырмақтар кейде киіз
үйдің төрі бейнелес ірге жағы етектене дөңгеленіп, ал от жағы бүрілген
сияқты тарала дөңгеленіп, от басымен төрге дәлелдеп жасалады. Ол тамның,
шошаланың, киіз үйдің төрінің от жағына жалғастырыла төселеді. Үшіншісі –
төр сырмақ, көлемі 2-5 метр. Бұл жиекті, оюлы сырмақ. Мұны сыйлы қонақтар
келгенде төрдегі жалпы төсеніш киіздің үстінен, қонақ көрпенің астынан
салады. Төртінші – төсек сырмақ немесе төсек алды сырмағы деп те аталады.
Көлемі 2-2,5 метр, жер төсектің орнына немесе төсектің алдына төсейді.
Сырмақтың кейде 1-1,5 метрлік шағын түрлері де кездеседі. Олар бір кісілік
сырмақ деп аталады. Сырмақтың көбінесе ені тар, 1,5-1,7 см шамасынан
аспайды, ал ұзыны 3 метр, кейде одан да артық бола береді.
Түр жағынан алғанда да қазақ сырмақтарының 4 түрлі атауы бар. Оларды
ақ сырмақ, қарала сырмақ, жиекті сырмақ, дебіске сырмақ деп
атайды.
Ақ сырмақты бояулы жиекпен ғана тоқылған жиекпен немесе таңдайлап,
иірген қарала жиекпен жиектейді.
Қарала сырмақты қара және ақ киізден ойыстырып, астарлап, сырып
жасайды. Оюларды құраған тігістің үстіне бояулы жиек бастырмалады. Бұл
бұрын сән-салтанатта сыйлы қонақтарға төселетін, көш жүгіне жабылтын еді.
Жиекті сырмақты тұтас біріңғай ақ немесе қара түсті киіздің бетіне
бірнеше түсті бояумен өрнектеп жиек бастау арқылы жасайды. Мұны мүлікті тең
етіп бууға, жолға алып шығуға және басқа да күнделікті тұрмыста көп
пайдаланған.
Дебіске сырмақты жасағанда тұтас киіздің бетіне әр түсті матаны оюлап
бастырып, сол оюлардың шет-шетіне жіңішке жиек басады. Кейде кестелеген
тұтас матамен тыстап те дебіске жасайды.
Қазақ халқының ескі ғұрпында мал еті мүшелері әрбір кісіге сыбаға
ретінде белгіленгелі тәрізді, үй-іші төсеніштерінің, үй мүліктерінің де
жас мөлшеріне қарай арнаулы адамдары болағн. Мысалы, ақ сырмақты қазақтың
ескі ғұрпына көбінесе күйеуі ұрын келмеген оң жақтағы қыздың астына немесе
қара жамылып, жоқтау айтыпотырған жесірдің астына төсейтін. Ал дебіске
сырмақты төсек үстіне, төсек алдына, жас келіншектермен күйеу жігіттерге
төсейтін. Дебіске сырмақты түс киіз орнына да пайдаланған. Халықтық өнер
өзінің әрқашан тұрақты, синкретті сипатын сақтап қалуға ұмтылады және
сырмақ пен текеметке немесе алашаға салынатын ою-өрнекті шатастыруға
ешқандай мүмкін емес. Олардың әрқайсысы өз функцияларын орындап, көркемдік
ерекшеліктеріне байланысты шешіледі.
Әлемдік мәдениет аясында қалыптасқан ұлттық өнерімізді сонылық
тұрғысынан бағалап олардың әрбіреуінде қалыптасқаннақыш үлгілерін түсіну,
ұғыну, меңгеру әрі тауар ретінде көпшілік пен жеке адамның материалдық
құндылығына айналдыру арқылы ұлтытың мәдени деңгейін көтеру, талғамына әсер
ету, сезімін тәрбиелеу бүгінгі күн талабы.
1.2. Ою-өрнек – қолөнер негіздері
Халқымыздың рухани әлем тереңдігін, мол мәденметін танытатын, алайда
әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келе жатқан өнер саласы - ою-өрнектер
құпиясы көп, мағынасы терең, ою - өрнектер ілімінің негізін салған этнограф
ғалымдар. Т.Бәсенов пен С.Қасимановтың еңбектері қалың көпшілікке, кейінгі
жас ұрпаққа беймәлімдеу екені де шындық. Олар салған ғылыми жолды өз жүрек
қалауымен жадғастыру мақсатын ұстанған жас зерттеуші Маргарита Өмірбекова
қолөнерші, суретші Түркістан университетінің ұстазы Сапар Төленбаевпен
бірігіп қазақ - орыс тілдерінде Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу жолдары
және қазақ - орыс - ағылшын тілдерінде Қазақтың ою-өрнектері деген атпен
кітаптар шығарды. Бұл кітаптар қазір бізде де, шетелдерде де үлкен
сұранысқа ие болып отыр.
Қай халықтың да мәдениетіне байыптап көз салсақ, сол халықтың әсемдік
талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер түрінің
басым дамып отырғанына кез жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда ою-өрнек өнері
- қазақ халқының өмір - тіршілігінде айрықша орын алып келе жатқан өнер
түрі десек те болады. Жалпы қазақ халқынық тұрмыс - тіршілігінен ою -
өрнек, қатыспайтын саланы табу қиын. Ою - өрнек элементтерін біз қазақтың
үй жиһаздары мен киім-кешегінен де, зергерлік бұйымдар мен құрал-
саймандарынан да, ер - тұрман, әбзелдері мен қару - жарақтарынан да молынан
табамыз. Тарихи - ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқынын ою - өрнек
өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі
тайпалар өнерінің ықпал - өсерімен сан ғасырлар бойы қалып тасып, өзіне
тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз аңғарар едік. Бұған дәлел-айғақ
қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен Андронов мәдениеті мен байырғы
сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.
Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән негізгі стильдік
ерекшеліктері сол халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты
белгілерімен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Сондықтан да
оқымысты ғалымдар, өнертанушылар қайсы бір халықтың өнерін ден қоя зерттеп,
салиқалы баға берген кезде жоғарыда аталған өлшемдерді басшылыққа алып
отырады. Ою өнерінің түп тамыры тым тереңде.
Ғалымдар зерттеуіне сүйенсек, бұл өнер бізге ежелгі көшпенділерден
жеткен. Біздің заманымыздан бұрынғы ҮІІ - ІҮ ғасырларда Орта Азия,
Қазақстан, Алтай және Оңтүстік Сібір жерлеріңде бір - бірімен тығыз
байланысты, ортақ мәдениеті бар туыс-тас тайпалар өмір сүрген. Олар -
сақтар, ғүндар мен үйсіндер, яғни біздің ата-бабаларымыз болатын. Олардын
бізге жеткен ою өнерінің бір жұрнағы — Алтай өңіріндегі Пазырық қорғанынан
табылғаи сырмақ пен кілем, яки үй жиһаздары.
Ою-өрнектермен көне ғимараттарды, құлпытастарды да безендіріп отырған.
Мұның мысалын Ахмет Иассауи (Түркістан қаласындағы), Тараз қаласындағы
Қарахан, Айшабибі ғимараттарынан көруге болады. Ою-өрнек өнері барлық
халықтарда да соншалық ескі дәуірден келе жатқан халықтық өнердің бір түрі.
Демек, ою-өрнектің шығу тарихы, олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары ата
бабамыздың жасаған дәуіріне байланысты екені анық. Ертедегі казақтың
оюлары мазмұны жағынан мал өсіру мен аңшылықты, көшіп-қону көрінісін
бейнелейді. Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектеріндегі бір ерекшелік – осы
түрлі ұғымның қайсысын бейнелесе де - ұлттық ою-өрнектің негізі қошқар
мүйіз немесе мүйіз болып келеді. Қазақ қолөнерінің даму тарихы
Аңдронов мәдениетінен басталады.
Бұған Досбай тауларындағы тасқа түсірілген суреттер және Ұлытауда
табылған керамика шынылары дәлел бола алады.
Ежелгі авторлар Геродот, Ктесий, Страбондардың айтуынша, сақтар мен
массагеттердің киімдерінің өзінше бір ерекшеліктері болған. Тақия немесе
бөріктің төбесі үшкір келеді, етіктері былғарыдан жасалады. Киімдеріне
түрлі жылтырауық бастырмалар таққан. Геродоттың жазуы бойынша, олардың
найзалары, садақтарының ұшы, қылыштары, бас киімдері, жалпақ белбеулері
алтын мен мыстан жасалған. Алғашқы қауымдық дәуірде өмір сүрген
сақтар-массагеттердің қолөнері ою - өрнектің бастапқы элементтерін сала
бастады. Олар зергерлік өнерде, сүйек пен мүйізді үқсату өнерінде, киіз
басу, керамикада, ағаш бұйымдарында оүғының, жолбарыстың, қойдың, арқардың,
бүркіттің суретін салды. Осы ою - өрнектің стилі біздің дәуірімізге
дейін жеткен, сол кездегі пайда болған алғашқы элементтер мен композициялар
бүгінгі күнге дейін бар. Киімдер, ыдыс - аяқтар, ер тоқым, киіздер,
сырмақтар, ши орау, ағаш бұйымдарды жасау, кесте және көркемдеп тігу
барысында қолөнер шеберлері зат - бұйымдарды ою -өрнекпен әшекейлеген.
Балшықтан жасалған құмыра ыдыстар жарылып кетпеу үшін оның қүрамына
қабыршақтар қосты. Құмыраның сыртына геометриялық ою - өрнектер салып, отқа
күйдірді. Андроновтық тайпалардың әшекейлеген құмыра ыдыстары көз тартады.
Археологиялық материалдарға қарағаңда, Шығыс, Оңтүстік, Батыс Қазақстан
территорияларын мекендеген андроновтық тайпалардың өздеріне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz