Химиялық қарудан сабақ өткізу
Түйін
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Химиялық және бактерилогиялық
қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері
Осы дипломдық жұмыста жаппай жою қаруынан мектеп ұжымын қорғауды
ұйымдастыру мен өткізу сұрақтары қарастырылған. Зерттеу нәтижелері бойынша
ядролық, химиялық, биологиялық қарулардан қорғану жолдары жан-жақты
зерттелген.
Аннотация
Тема дипломной работы: Химическое и бактериологическое (биологическое)
оружия, их устройство, очаги поражения и способы защиты от них. Работа
освещает вопросы организации защиты, их методы и способы, а также
применяемые средства. Результаты исследований охватывают виды химического и
биологического оружия.
Abstract
In the given degree work various kinds of extreme situations, questions of
the organization and carrying out of salvage operations in extreme
situations are considered{examined}. By results of researches the technique
carrying out of employment{occupations} on the organization and carrying
out of salvage operations in extreme situations is resulted.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Бірінші бөлім: Химиялық және бактерилогиялық қарулары,
олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану
әдістері
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.1. Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы,
жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері
Азаматтық қорғаныстағы ұйымдастырудың жалпы
принциптері ... ... ... ... ... .13
1.2. Химиялық және бактериологиялық қарулар тақырыбы
бойынша ұйымдастырудың негізгі
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .17
1.3 Химиялық және бактериологиялық қарулар тақырыбы
бойынша оқыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...18
Екінші бөлім: Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың
құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.1. Химиялық
қару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . ... ... ... ... ... ... .22
2.2. Бактериологиялық (биологиялық)
қару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Үшінші бөлім: Химиялық және бактериологиялық (биологиялық)
қаруларды қолданған кезіндегі ошақтар
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
3.1. Күшті әсер етуші улы зат тардың ( КӘЕУЗ )
сипаттамасы ... ... ... ... ... .36
3.2. Әсері күшті улы заттар мен улану кезінде көрсетілетін
алғашқы медициналық
көмек ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .39
3.3. Зақым ошақтарында жүргізілетін авариялық құтқару және шұғыл
қалпына келтіру
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 40
Төртінші бөлім: Жаппай қырып жоятын қаруды қолданған
аудандарында жүргізілетін құтқару және авариялық қалпына келтіру
жұмыстары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
4.1. Ядролық зақым ошағындағы құтқару және қалпына
келтіру

... ... ... ... ... ... ... ... ... .41
4.2.Төтенше оқиғалар жағдайында адамдардың өзін
өзі ұстау
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
Бесінші бөлім: Жарақаттанғандарды тасымалдау құралдары
мен
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
1. .Төтенше оқиғалардан елді мекендерді
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..45
2. Химияға, радияцияға қарсы, халықты қорғау тәсілдерінің
негіздері. Қорғанудың ұжымдық
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..53
5.3 Химиялық қарудан сабақ
өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...61
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Қолданылған әдебиеттер

... ... ...65
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін жоғары
оқу орындарының оқу жоспарына өзгерістер енгізілді . Еңбек
қорғау және Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі пәндер жеке пән
ретінде оқытылатын болды .
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі пәнінің типтік
бағдарламасы 1993 жылғы қыркүйекте тұрғындарды және мамандарды
төтенше жағдайда әрекет жасауға арналған, оқыту жүйесін
ұйымдастыру мәселелері атты Қазақстан Республикасының Министрлер
кабинетінің №969 қаулысының негізінде Оқу министрлігімен Азаматтық
қорғаныс бас штабының 1994 жылғы 10 ақпанындағы № 46 27
бірлескен бұйрығына негізделіп жасалған .
Бұл пәннің негізгі қарастыратын мәселесі - адам өмірі
, себебі , ол қоғамның дамуының негізгі тұтқасы, экономикалық
байлығы болып табылады.
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі - қауіпсіздік туралы
оқытып және одан қорғауды үйрететін ғылыми пән . Қауіпсіздік
деген бұл пәнде негізгі ұғым болып есептеледі . Қауіпсіздік деп
белгілі шарттарда адамның денсаулығына тікелей және жанама зиян
келтіретін қажетсіз салдар қалдыратын құбылыстарды , үрдісмтерді,
нысандарды айтады .
Химиялық және бактериологиялық қарулардың зақымдаушы факторлары
әр түрлі жарақатты және жұқпалы ауруларды туғызады. Адам денесі, белгілі
бір органы немесе барлық ағзасы тіндерінің қүшпен зақымдануы жарақат деп
аталады, мысалы: соғып алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы және
т.б.Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы
жара деп аталады. Жаралар ластанған және таза болып келеді. Ядролық
ошақтағы барлық жаралар ластанған болады.
Жаралар беткі қабаттағы және терең болуы мүмкін. Адам денесінің
ішкі қуыстарына - кеуде, іш және бас сүйегі ішіне еніп кеткен жаралар аса
қауіпті болып саналады, өйткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган зақымдануы
мүмкін.
Жаралаушы құрал түрі мен тіндердің бұзылуы сипатына байланысты
жаралардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:
- кесілген (пышақпен, алмаспен, әйнек, шыны жарықшақтарымен жаралану - жара
шеті ажырап, қатты қанайды);
- шабылған ( балтамен - сүйектер зақымдануы мүмкін);
- шаншылған, ( түйрелген жаралар( пышақ, шеге, біз, қанжар, айыр, сүңгі-
найзамен-- кейде терең болуы мүмкін, ішкі органдар, мысалы, кеуде немесе іш
қуысы зақымдануы ықтимал);
- соғылған және т.б.
Химиялық және бактериологиялық қаруларды қолданған жағдайда
екіншілей снарядтар әрекеті әсерінен мылжаланған және жұлынған, соғылған
жаралар көп кездеседі. Бұл жаралардың шеттері тегіс емес, кесілген болып
келеді және айналасындағы тіндердің едәуір зақымдануымен, қанның аз
кетуімен сипатталады.
Жаралар оқ тиген тесіп өткен немесе соқыр (оқ немесе жарықшақ
тіндерде қалып қойса, ағни денеде жаттекті зат болады) болуы мүмкін. Оқ
тиген жаралардың ерекшелігі -- бұл кезде ірі қан тамырлары, нервтер, сүйек
және буындар) жараланғанда енген зақымданулар болады. Кейде аралас
зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен
( күйік, сәуленену ауруы және т.б.) қабаттасып келеді.
Кез-келген жаралану кезінде әр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан
тамырлары жараланса, нәтижесінде, міндетті түрде қан кету байқалады, ол
кейде қатты болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты қан кету
кезінде жедел журек-қан айналым жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге әкеп
соқтыруы ықтимал. Ауқымды зақымданулар - жаралар, сыну, күйік кезінде
зардап шегуші шок деп аталатын ауыр жағдайда түсуі жиі кездеседі. Шок өте
күшті ауырсыну тітіркенгіштері, қан кету және басқа да себептерге
байланысты нерв жүйесінің қозуы нәтижесінде пайда болады.
Қан кетуден басқа әрбір жара үшін ең қауіптісі - жараға
микроптардың түсуімен байланысты туатын асқынулар мүмкіндігі.
Микробтар жараға жаралану кезінде немесе алғашқы көмек , ем көрсету кезінде
асептика ережелерін бұзу салдарынан түседі. Бір жағдайларда ірің туғызатын
ұшыну процесі дамуы мүмкін ( іріңтекті микробтар стафилококтар,
стрептококтар), ал кейде тілме ушығуы жүреді ( қалшылдау, дене ыстығының
көтерілуі, жара айналасының қызаруы, оның шеттерінің тегіс еместігінің анық
байқалуы).
Соғылған және мылжаланған тіндері бар жараларда және топырақ пен
ластану кезінде газды гангрена туғызатын газды инфекция пайда болуы мүмкін
( оттек жоқ жерде дамитын микроптардың көбеюінің, яғни анаэропты
инфекцияның көрінісі - тіндердің тез өлі еттене бастауы). Жараның
инфекцияға ұшырауымен байланысты дамитын тағы бір қауіпті ауру - сіреспе.
Клиникалық тұрғыда сіреспе бұлшық еттердің тырысып қалуы, тыныс алу мен
жүрек жұмысының бұзылуы, шайнау бұлшық еттердің қарысуы, тыныс алу мен кіші
дәретке отырудың қиындығынан сипатталады. Соңғы екі жағдайда гангренаға
және сіреспеге қарсы сарысу егу қолданылады.
Жаралану кезінде алғашқы көмек көрсеткенде, қан кетуді тоқтату,
жараны таңғышпен жабу, тыныш қалыпта ұстау үшін дененің зақымданған бөлігін
иммобилизациялау жұмыстарын жүргізу керек.
Қанды уақытша тоқтату - алғашқы медициналық жәрдем көрсету кезіндегі
маңызды шаралардың бірі және қан кетудің түріне байланысты оның тәсілдері
таңдалады.
Пәннің негізгі мақсаттары:
- болашақ мамандарды теориялық біліммен, тәжірибелік
дағдылармен қаруландыру;
- төтенше жағдайларда елді мекендерді және шаруашылық
нысандарын апаттан, табиғи апараттардан сақтауды және қазіргі
зардаптарды жоюда дұрыс шешім қабылдау және апатты жағдайды алдын
ала болжау, тұрғындарды қорғау, өндірістердің тұрақтылығын
жоғарылатуды, сонымен бірге зақымдау ошағында табиғи апат, ірі авария
және катастрофа салдарын жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл
жұмыстарды жүргізуге үйрету;
- өз мамандықтарына сәйкес білімгерлерді төтенше жағдай
кезінде әскери емес құрылымдардың басшысы ретінде шаруашылық
нысандарында азаматтық қорғаныс шараларын тәжрибе жүзіде қолданумен
таныстырады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы. Химиялық және бактерилогиялық

тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Химиялық және бактерилогиялық

деген тақырыпты жан-жақты талдау жасау және оның оқыту ерекшеліктерін
анықтау.
Дипломдық жумыстың зерттеу нысаны Химиялық және бактерилогиялық

деген тақырып бойынша сабақты жүргізу.
Зерттеудің пәні Химиялық және бактерилогиялық қарулары,
олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері деген
сабақты өткізудің әдістемелік ерекшеліктері.
Зерттеудің мәселелері:
I. Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар пәнінен Химиялық
және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы және олардан
қорғану әдістері тақырыбы бойынша сабақтың ұйымдастыру және жоспарлау
ерекшеліктерін айкындау және талдау;
2. Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы,
жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері атты сабақтың үйлесімді
мазмұнын және жоспарлауын анықтау;
3. Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы,
жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері тақырыбы бойынша сабақ өткізу
әдістемесі атты сабақтың әдістемелік ерекшеліктерін айкындау;
4. Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы,
жарылыс ошағы және олардан қорғану әдістері атты сабақты үйлесімді
өткізуге байланысты әдістемелік нұсқау беру.
Зерттеудің әдістері:
I. Зерттеу мәселері бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді
талдау;
2. Мектеп мұғалімдердің тәжірибелік жұмыстарын зерттеу ;
3. Сабақтың үстінде педагогикалық бақылау жүргізу;

әдістемесі тәжірибелік сабақтың нәтижелерін талдау.
Зерттеудің қайнарларымен Азаматтық қорғаныстың дамуын аңықтаушы
ресми құжаттар болды (Қазақстан Республикасы – 2030 даму стратегиясының
концепциясы мен Азаматтық қорғаныс агенттігі), жалпы білім беретін орта
мектептердегі алғашқы әскери дайындықтың типтік бағдарламалары, алдыңғы
педагогикалық тәжірибе.
Зерттеудің ұйымдастыру мен кезеңдері: Зерттеу 20112012 оқу
жылында, екі кезеңде Сарысу ауданының Жаңатас қалалық орта мектебінің
базасында өткізілді.
I кезең - зерттеу тақырыбын айқындау, педагогика теориясында
тап осы зерттеу түралы күй – жағдайын анықтау, зерттеудің ғылыми апаратын
айқындау, зерттеудің жоспары мен мазмұнын күру.
II кезең - осы мәселе туралы әдебиеттерді талдау, зерттеу және
өндеу, мектептің үздік мұғалімдерімен кеңес өткізу, мектептің және жаттығу
сабақтарын талдау, мектептегі мұғалімдердің сабақтарын бақылау, алынған
мәліметтерді өндеу және жүйеге келтіру.
1. Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы
және олардан қорғану әдістері
1.1. Химиялық және бактериологиялық қарулар туралы түсінік
Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери
қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар
және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды,
тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін,
егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные)
микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының
жиынтығын айтады.
Бұл қарудың қауіптілігі – приборлардың жоқтығынан іздеп табудың
қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден,
судан, ауадан, заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап
қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда
әрбір минут, секунд қымбат.
Төтенше жағдайларда халықтың, экономиканың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін ҚР АҚ тағайындалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс туралы Заңы,
Қазақстан Республикасының Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар туралы, Авариялық құтқару қызметі және құтқарушылардың
мәртебесі заңдар кешенімен және басқаларымен халықты, аумақтарды
және шаруашылықты жүргізетін нысандарды сенімді қорғауды қамтамасыз
ету жөніндегі заң базсын құрайды.
Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттік
жүйесімен бейбіт және соғыс уақытында ел халқын, шаруашылық жүргізу
нысандарымен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарымен (қирату)
факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілнтін жалпы мемлекеттік
шаралардың жиынтығы.
1997 жылы мамырдың 7-де Қазақстан Республикасының
Азаматтық қорғаныс туралы заңы шықты, Азаматтық қорғанысты басқару
және ұйымдастыру – мемлекеттік ең маңызды функцияларының бірі, оның
қорғаныс шараларының негізгі бөлімі.
Бұл заң Қазақстан Ресіпубликасының әр бір азаматының
міндеттері мен құқықтары, орталық және жергілікті басқарушы және
атқарушы оргондардың өкілділігін, Қазақстан Республикасы Азаматтық
қорғаныстық негізгі міндеттері мен құқықтары орталық және жергілікті
басқарушы және атқарушы оргондардың өкілділігін, ҚРАҚ-ың негізгі
міндеттері мен ұйымдастыру прициптерін анықтайды.
Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері
1) басқару және байланыс жүйесін қолдау және дамыту;
2) азаматтық қорғаныс күштерін жасақтау, төтенше оқиғалар
әрекетіне дайындау;
3) орталық және атқарушы ұйымдар мен оргондардың қызметкерлерін
дайындау, тұрғын халықты оқыту;
4) бактериологиялық, химиялық, радияциялық жағдаиларда лабаратория
арқылы бақылауды қабылдау;
5) АҚ – ың жасақтарының дайындығын қамтамасыз ету;
6) шаруашылық нысандарын және салалар қызметінің тұрақты жұмыс
істеуін нығайтудағы кешенді шараларын өткізу;
7) АҚ – ың мүліктерін және қорғау қорын, қорғаудағы ғимараттың
қажетті қорын дайындауда қолдау және жинақтау;
8) тосын жағдайларда адамдар өмірі мен денсаулығын ретке
келтіретін роталық және жергілікті атқарушы оргондарды басқару;
9) іздеу – құтқару жұмыстарын, сондай – ақ т.б. кезек күттірмейтін
жұмыстарды, зардап шеккендерді қауіпті аймақтардан көшіру жұмыстарын
ұйымдастыру;
10) бактериялық химиялық радиоактипті зияннан азық – түлікті, су
қоймаларын, өсімдіктермен жануарларды қорғау.
Қазақстан Республикасының Азаматтық ұйымдастырушылық
құрылымына:
- Азматтық қорғаныстың басқару органдары;
- Азаматтық қорғаныс күштері;
- Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері;
- Азаматтық қорғаныстың материалдық - техникалық
құралдары;
- Азаматтық қорғаныстың жұмылдыру резервтері жатады.
Төтенше жағдайларда құрылатын тұрақты комиссиялардың
ұйымдастырылуы мен міндеттері
Бейбіт және соғыс кездерінде төтенше жағдайлар пайда
болады.
Төтенше жағдай ( ТЖ ) - адамдардың қаза табуына әкеліп
соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың дансаулығына,
қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізетін нысандарға нұқсан
келтірген немесе келтіруі мүмкін , халықты едәуір дәрежеде
материалдық шығындарға ұшыратып , тіршілік жағдайын бұзған
немесе бұзылуы мүмкін, аврия, зілзала немесе апат салдарынан бір
аумақта туындаған жағдай.
Халықты, аумақтарды және ұйымдарды төтенше жағдайлардан
қорғау жөніндегі шаралар төтенше жағдайлардың алдын алу және оны
жою Мемлекеттік жүйелердің ( ТЖМЖ ) талаптарына сәйкес алдын ала
өткізіледі.
ТЖМЖ аумақтық, функционалдық, салалық және нысандық
жүйелері кіреді және оның; жергілікті және республикалық екі
дәрежесі бар. Ұйымдардың орталық және жергілікті атқарушы
органдарының іс - әрекетін үйлестіру үшін Республикада Қазақстан
Республикасының Үкіметінен мынандай ұйымдар:
- Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою
Ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясы (ТЖВМК);
- Республикалық жэне эпидемияға қарсы төтенше
комиссиялар;
- Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
Ведомствоаралық комиссиясы, оның аумақтық комиссиялары құрылады .
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мемлекеттік
және республикааралық және басқа бағыттар бойынша комиссиялар
құрылуы мүмкін;
- Іс - қимылдарды үйлестіру үшін орындарда және
салаларда;
- Облыстарда, қалаларда, аудандарда төтенше жағдайлар
жөніндегі аумақтық комиссиялар;
- Орталық атқарушы органдарында, ұйымдарда - төтенше
жағдайлар жөніндегі комиссиялар құрылады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың басшылары
болып ереже бойынша ұйымдардың, орталық және жергілікті
атқарушы органдарының бірінші басшыларының орынбасарлары
тағайындалады.
Табиғи апаттар, авариялар, катострофалар зардабын жою
үшін ұйымдастырылу жұмыстарын басқару органдарының және төтенше
жағдайлар кезінде жұмсалатын күштердің үздіксіз дайындықтарын
қамтамасыз ету үшін сол сияқты зиянды төмендетуге бағытталған
шараларды өткізетін бақылауды іске асыру үшін Қазақстан
Республикасының Министрлер кабинетінде, облыстарда, аудандарда тұрақты
комиссялар өздерінің міндетті жұмыстарын атқарады .
Республикалық және аумақтық эпидемияға қарсы төтенше
комиссиялар;
Көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Ведомствоарлық
комиссиясы облстарда, оның аумақтық комиссиялары құрылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мемлекеттік
және Республикааралық және басқа бағыттар бойынша комиссиялар
құрылуы мүмкін.
Іс – қимылды үйлестіру үшін орындарда және салаларда:
Облыстарда, қалаларда, аудандарда төтенше жағдайлар жөніндегі
аумақтық каммиссиялар;
Орталық атқарушы органдарында, ұйымдарда - төтенше жағдайлар
жөніндегі коммиссиялар құрылады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың басшылары болып
ереже бойынша ұйымдардың, орталық және жергілікті атқарушы
оргондардың бірінші басшыларының орынбасары тағайындалады.
Табиғи апаттар, авариялар, катастрофалар зардабын жою үшін
ұйымдастырылу жұмыстарын басқару оргондарының және төтенше жағдайлар
кезінде жұмсалатын күштердің үздіксіз дайындықтарын қамтамасыз ету
үшін, солсияқты зияндарды төмендетуге бағытталған шараларды өткізетін
бақылауды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Министрлер
кабинетінде, облыстарда, аудандарда тұрақты комиссиялар өздерінің
міндетті жұмыстарын атқатады.
Жоғарыда айтылғандай төтенше жағдайлар туралы комиссиялар
Республиканың Министрлер кабинетінің жұмысы мүшесі.Төтенше жағдайлар
туралы комиссияны Республиканың Министрлер кабинетінің төрағасының
орынбасары басқарады.
Азаматтық қорғаныс күштері
АҚК – і бейбіт уақытта төтенше оқиғаларды жою және алдын
алудың мемлекеттік жүйесінің белгілі бір бөлігін құрайды. ҚР – ң
Үкіметі мұны қаулыда бекіткен.
АҚ Күштері мынадан :
- азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінен;
- азаматтық қорғаныстың аумақтық және обектілік
құрамаларынан;
- азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай құрамаларынан;
- республикалық және аумақтық жедел құтқару отядтарынан
тұрады.
Облыста, қалада, ауданда АҚ жасақтарын құру аумкқтық және
нысандық бөлімдерге бөлінеді.
Нысандық құрамалық ұйымдарда жекеменшік формаларына
тәуелсіз,тұрған жеріне орай азаматтық қорғаныстың жасақтары
пайдаланылады.АҚК – ің негізін шаруашылық нысандары,мекемелер, оқу
орындарының базасында ұйымдастырылған жасақтар , әскери күштер,
құралдар құрайды.
АҚ бастығына тәуелді аудан, қала, облыстық, аумақтық
жасақтар жатады.
АҚ жасақтарының саны мен құрамытұрғын халықты қорғау
қажеттілігіне байланысты болады.
Қазақстан Республикасының аймақтарында АҚ жасақтарынан жер
сілкінісі болғандатұрғын халықтың 10 адам санына 1 құтқарушы
беріледі. Өнеркәсіпті аудандарда су тасқыны, өрт, т.б. қауіп қатерге
душар болған жағдайда 15-20 адамға бір құтқарушы сәйкес келеді.
Жасақтардың ұйымдық құрлысы мен техникалық жабдықталуы ең
алдымен олардың міндеттеріне қарай белгіленеді.
АҚ құрамалардың негізгі түрлері: құтқарушылар, АҚ
құрамаларының инженер қызметкерлері.
АҚ жасақтарына әскери дайындыққа шақырылғандар, 1,2,3 –
топтағы мүгедектер , аяғы ауыр әйелдер, 8 жасқа дейінгі балалы
әйелдерден басқа, еңбекке жарамды барлық ерлер мен әйелдер кіреді.
Шаруашылық нысандарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру
Табиғи апаттар, авариялар катастропалар адамдарды қорғауға
алдын ала дайындау мақсатында шаруашылық нысандарының барлығында АҚ
топтары ұйымдастырылады.
АҚ – ы барлық нысандарда бірдей ұйымдастыру мүмкін емес
АҚ – ың жағдайы, оның күші, құралдары әрдайым дайын тұруы шаруашылық
нысандарының басшысына байланысты.Нысандағы АҚ бастығы өзінен жоғары
тұрған министірліктен қызметтік тұлғаға тәуелді болады.Материалдық
техникалық жабдықтау бөлімдері бойынша инжинер – техниктерді
қызметкерлер мен жұмысшыларды бөліп-бөліп орналастыруына орай
орынбасар тағайындалады.
Нысандардағы АҚ – ның бастығы өз қарамағында АҚ штабын
құрады – ол АҚ басқармасының бастығы болып табылады. Штаб құрамы
нысанға байланысты. Ол штаттағы жұмысшыларынан құрылады, сондай-ақ
әскери міндетті және тұлғалардан да жасақталады.
Нысанның АҚ бастығының бұйрығымен тағайындалған штабтың
бастығы АҚ бастығы болмаған кезде басшылықты жүзеге асырады.
Басқару қызметі және байланыс әдетте нысанның байланыс
негізінде құрылады. Соғыс және беибіт уақыттағы жұмысшылар елді
мекендердегі нысандағы жұмысшылар мен қызметкерлер, басшылық
құрамындағы басқаруды ұйымдастыру қызметі жүктеледі.
Бас механика бөлімі немесе өндірістік техникалық бөлім
негізінде техникалық апат қызметі ұйымдатырылады.
1.2 Химиялық және бактериологиялық қарулар тақырыбы бойынша ұйымдастырудың
негізгі формалары.
Оқыту – оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны
меңгеру мақсатында және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру мақсатындағы
оқушы мен мұғалім арасындағы қарымөқатынас үрдісі. Оқыту үрдісін асыру
үшін, оны ұйымдастыру керек.
Оқушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру
үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың
әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.
Белгілі дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру,
оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі
формаларында жүзеге асырылады. Алғашқы әскери дайындықты оқыту
әдістемесінекөп түрлі формалар қалыптасқан: сабақтар және онымен байланысты
міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және
міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық, немесе үйірмелік
және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту
формаларының жүйесін береді, осыларды байланыстыратын негізгі бөлшегі
болып, оқытудың негізгі формасы – сабақ тұрады.
Жоғарғы сыныптарда жоғары оқу орындарындағыдай дәріс (лекция),
семинар сабақтары жүргізіледі. Олар бірігіп лекция-семинарлық оқу формасы
деп аталады. Оқыту формаларының көптігі оқу үрдісін түрлендіруге олардың
өзара байланысын құруға, бір форманы екіншісіне қосымша ретінде қолдануға
т.б. мүмкіндік береді. Танымжорықтардағы, сыныптан тыс, сабақтан тыс
жүргізілетін бақылаулар нәтижелері сабақтарда қолданылып, білім
қорытындылау үшін сабақ өткізуді талап етеді. Танымжорықтар өткізу үшін,
жазғы тапсырмаларды қалай орындауды түсіндіру үшін дайындық сабақтары
өткізіледі.
1.3 Химиялық және бактериологиялық қарулар тақырыбы бойынша оқыту әдістері
Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім
беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі
педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде
енгізілуде. Осыған орай, мектептерде қолданып жүрген технологияларының бірі
– саралап–даралап оқыту технологиясы. Бұл технология бойынша оқушылардың
білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқушыларға
тек білім берумен шектелмей, танымдық әрекетін арттырады және ойлау
қабілетін, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, білім сапасының
дамуын қамтамасыз етеді.
Тәжірибенің жаңашылығы: компьютерлік технологияны қолдану арқылы
оқушылардың Алғашқы әскери дайндыққа қызығушылығын арттыру, интерактивтік
тақталарының мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып оқушылардың ынтасын,
белсенділігін арттыру.
Тәжірибенің тиімділігі: пәнге деген қызығушылығын арттырады,
оқытуда саралау және жіктеуді қамтамасыз етеді, оқушылардың танымдық
процестері мен танымдық қабілеттерін дамытады, оқушылардың сауаттылығын
ашуға септігін тигізеді, оқушылардың оқу әрекетінде жетістіктерге жетуіне
жағдай туғызады, оқушылардың рухани бай жеке тұлға болуына қалыптасады.
Алғашқы әскери дайндық пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың жеке
бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және
тәжірибелік жағынан сараланған түрде даралап оқыту, сөйлестіру, жазу
мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой- пікірін дамыту.
Саралай оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз
бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Саралай оқытуды
ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік
ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу
әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру
арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті
емес өнімді нәтижеге жетеді.
Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен
олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы
білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді
менгеру денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне
диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама, психологиялық тәжірибе жасау ата-
аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың
сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау
сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген
сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті
есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері
төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады.
Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу –
тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.
Өзіндік әдісті жүзеге асыруда мына мәселелер көзделеді:
1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.
2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды
оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.
3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.
4. Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру.
Оқушыларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген
қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім
ішнде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша
оқуға қабілеті жоғары, орташа , стандартты немесе төмен деп 4 топқа бөлуге
болады.
Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес.
Сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін
таңда, сол тақырыпты егеру көзделсе, өте пайдалы.
Бірінші деңгей (оқытушылық деңгей) – білімнің минималдық шегі.
Граммаикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу,
жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру.
Екінші деңгей (алгоритімдік деңгей) - үйренушілік деңгейдегі
білімін толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін
басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін
меңгергені ескеріледі.
Үшінші деңгей (эвристикалық деңгей) – материалды саналы түрде
меңгеру. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін
танымдық ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай
алатын және салыстыра білуді қажет етеді.
Төртінші деңгей (шығармашылық деңгей) - өз бетімен оқу
материалдарын менгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын
шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық
оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды
да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі
деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызады
және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік
береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары жағдай жасайды.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық
қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға
мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода
көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы
оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия
критерийлері болады.
Даралап–саралап оқытудың маңыздылығы:
1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.
2.Бос отырған оқушы болмайды.
3.Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.
4.Қиындықтарды жене білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге
қызығушылығы пайда болады.
5.Ізденіс дағдысы қалыптасады.
Даралап-саралап оқытуда күтілетін нәтиже:
1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай
оны дамытады.
3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін,
шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Ерекшелігі:
1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі,
әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді.
Даралап – саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің
белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа
әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі
жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз
жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.
Сонымен қатар даралап – саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу
жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып,
өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен
ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін
ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп
отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу жәнеоқушының өз қабілетіне,
қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады.
Сондықтан да мұғалімдерге саралап - даралап оқыту технологиясын Алғашқы
әскери дайындық сабағында пайдаланған өте тиімді.
Ұжымдық оқыту технологиясы оқушының қабілетін дамытуға, еңбек
етуге баулып, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді.
Өзін –өзі басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады.
Оған мынадай басты талаптар қойылады:
1. әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату;
2. өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;
3. өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;
4. серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу;
5. әрбір оқушы кезектесіп (ауысып)не оқушы, не мұғалім болады;
6. әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше
түрде барлық мүшесін үйретеді.
Әдістеменің ерекшелігі:
1. жекелеу оқыту;
2. қасындағы оқушымен жұптасып оқыту;
3. топпен оқыту;
4. ұжымдық оқыту.
Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар
шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда
оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар
қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі
дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол білім
сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының
қабілет деңгейлерін дамытуда “Сын тұрғысынан ойлау”, “Модульдік оқыту ”
технологияларын күнделікті сабақтарымда қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау –
сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бастауыш сынып
оқушыларының оқытуда тиімді әдістерді пайдалана арқылы оқушының білімге
деген қызығушылығын арттырады, терең ойлау қабілетінің белсенділігін
қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғаліммен оқулыққа ғана бағынатын
тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын.
Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істей арқылы өзара пікірлесіп, ең
ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Берілген сұраққа тынымсыз іздене
отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге
мүмкіндігі бар.
Оқу процесін жеделдету міндетіне байланысты, орыс мектептерінде
қазақ тілін үйретуінде әр түрлі әдіс тәсілдерді, методикалық құралдарды
қолдану қажеттілігі туып отырғаны белгілі. Мен бастауыш сыныптарында өзім
жасаған Дыбысты бағдаршам деген құралды жиі қолданам. Алғашқы
кезеңдерінде уақыттың тығыздығына байланысты тақырыпты қайталауға, бекітуге
үлгере алмайтын жағдайлар болды. Енді Дыбысты бағдаршамды қолданғаннан
бері уақытымды үнемдеп, бірнеше секундта сыныптағы барлық оқушының жалпы
білім әсерін көремін. Жалпы сыныптың айқын білім деңгейі анықталады.
Мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды көз аясында ұстап, әр баланың
өткен материалды қалай меңгергенін біледі. Бұл құралды оқушылар мұғалімнің
басшылығымен өздері жасай алады.
Екінші “Бақылау сұрау” деген құралды үлкен тақырыпты қайталау
және бекіту кезеңдерінде, әрбір тоқсан соңында, немесе жыл аяғында
оқушылардың қорытынды білімін тексергенде қолдану өте тиімді.
Мұндай бақылау құрал ұжымдық және топтық әрекетті пайдалана
отырып жүргізгенде нәтиже береді. Тәрбиелік мағынасы өте зор - әр оқушы өз
тобы үшін жауапкершілігін арттырады, өз үшін ғана емес, өз тобы үшін
ынтасын көтереді.
2. Химиялық және бактерилогиялық қарулары, олардың құрылысы, жарылыс ошағы
және олардан қорғану әдістері
2.1 Х и м и я л ы қ қ а р у
Химиялық қару – уландырғыш заттар, яғни уытты байланыстар.
Олар қорғанышсыз адамдарды, жануарларды, ауаны, азық – түлікті, жемді,
суды зақымдандырады және солармен бірге тұрған заттар мен жерлерге
зиянын тигізеді.
Химиялық қару – уландырғыш заттармен құралдарды авияциондық
химиялық бомбалар қолдануға арналған машиналар, приборлар,қару –
жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жоюға арналған.
Химиялық улы заттар адам организіміне көз, тыныс алу, ас
қорыту мүшелері, тері арқылы енеді.
Химиялық қаруды алғаш рет немістер 1915 жылы 22 сәуірде
қолданған. Бірінші дүние жүзілік соғыста тек ағылшын, франсуз және
америка армияларында ғана химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын
болды.
Соғыс жағдайында ( аэрозоль, тамшы, бу ) уландырғыш заттар
желмен бірталай жерге дейін жайыла алады.Соғыс техникасына кіріп,
жабық жерлерде өз уын ұзақ уақытқа дейін ұстай алады.
Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді,
өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді,
өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:
▪ зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6
топқа бөлуге болады: нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті
заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері
(синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген),
псикаға әсері (В(), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин,
хлорацетофен және т.б.);
▪ улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа
бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген,
дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар
ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды;
▪ соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, (
типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша
есінен айырады;
▪ әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада
білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне
бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген,
дифосген;
▪ қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.
Қазіргі уландырғыш заттар адам оргонизіміне әсер ету күші
бойынша былай бөлінеді:
1. нерв жүйесіне әсер етуші ( зарин, зоман, ВИ – газдары
);
2. теріге әсер етуші ( иприт, люизит );
3. жалпы уландырушы ( синал қышқылы, хлорциан );
4. тұншықтырушы ( фосген, дифосген );
5. жындандырғыш (би – зет ).
Нерв жүйесіне әсер етуші фосфор-органикалық заттар (ФОЗ)
организмге тыныс алу жолдары, тері, сілемейлі қабықша, сондай–ақ
асқазан жолы арқылы оңай сіңе алады. Зақымдану дәрежесі ауыр,
орташа, әлсіз болуы мүмкін. ФОЗ - бен зақымданушылардың өмірін
сақтап қалу үшін арнаулы емдік дәрі - дәрмектер және мынандай
шаралар қолданылады:
- зақымданушыға ең алдымен газқағар кигізу керек;
- антидот (уытқа қарсы дәрі) жіберу керек;
- керекті кезде қолдан тыныс алғызу қажет, содан кейін таза
ауаға шығару қажет.
ГП-5 газқағарын кигізу үшін екі қолдың басбармағын
сыртқа қалдырып саусақтарын шлем масканың ішкі жағына келтіріп
иекке қарай апарып, басбармақпен шықшыттан сүйемелдей отырып шлем
масканы иектен жоғары қарай, көзілдіріктері көзге дәл келетіндей
етіп басқа кигізу керек.
Шприц-тюбик корпусынан оң қолмен канюляның қырлы жиегін
сол қолмен ұстап. корпусты толық тірелгенге дейін бұрайды. Инені
жауып тұрған қақпақшаны шығарып алады. Инені, қол тигізбестен
санның жоғары бөлігіндегі иық үстіндегі. құйрықтағы жұмсақ
ұлпаға киімнің үстінен шаншылады.
Шприц-тюбиктің корпусын саусақтармен қатты қысып,
ішіндегісін шығарған соң, инені суырып алады.
Келесі көшіру кезеңінде зақымданушыға, уытқа қарсы дәрі
енгізілгенін білу үшін пайдаланылған тюбикті киім кеудесіне шаншып
қояды.
Түншықтырушы уыт заттарға фосген, дифосген, жатады.
Организмге негізінен тыныс алу мүшелері арқылы енеді.
Зақымдалғандарда ауыз татымының, дәмділігінің бұзылуымен, тамақтың
жыбырлауымен, жөтелмен, бастың мең - зең болуымен, кеуденің
қысылуымен, жалпы әлсіздікпен сипатталады.
Тыныс алу және қан тамыр – қимыл орталық – тарының таралуы
дем алу жолдары бұзылады, жүрек қызметі әлсіреп, науқас дүниеден
қайтуы – да мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде алдымен
газқағар кигізіледі да, қозғалтпай зембілде таза ауаға шығарылады.
Зақымданушы психотомиметикалық улы зат BZ ( би – зет )
пен уланған кезде эйфория (мастық) сезім пайда болады. Бұдан соң
жүріс үйлесімдігі бұзылып бұлшық еттерде әлсіздік байқалады.
Зақымдану дәрежесі ауыр болғанда ойынан алжасып, уақытпен тұрған
кезде бағдарлай алмай қалды. Зақымданғандарда қорқу сезімі, есту
галюцинациясы дами түседі.
Зақымдалғандарға көмек көрсету үшін оларды ұстап алып,
зембілге байлап, керекті антидотын денеге енгізіп, таза ауаға алып
шығу керек.
Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар
Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның
исі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер
мен майларда жақсы ериді.
Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін
зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу
арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-
3 айға дейін сақталып улайды.
Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы
буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға
немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне
тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы
уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін
тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін
сақталады.
Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге
сіңгеннен кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді.
Иприт – теріні күйдіріп,іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол
сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық
ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда
адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы
жазылмайтын жара пайда болады.
Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра
бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып
өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез
арада бұға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль
қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Фозген – бұл тұншықтырғыш улы
заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3,5 есе ауыр.
Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы
уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің
уландыру күшін сақтайды.
Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)
ӘКУЗ – шаруашылық мақсатта қолданатын зат, олардың қалай болса
солай сақтаулы немесе төгілуі адамдарды жаппай улануына алып келеді.
ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім,
олардың қайнау температурасы +200С, ал атмосфераға газ немесе бу ретінде
бөлінеді, олар үлкен қашықтыққа тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі,
оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен дем алу нәтижесінде болуы
мүмкін.
ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілген немесе істелінетін іс-әрекеттер:
▪ хлор – төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу
керек;
▪ аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары
көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.
Аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы заттардан
тыныс органдарын қорғау үшін 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию
керек. Аммиак суға жақсы жайылады. Осыған орай суланған мақта-дәке таңғышы
көмектеседі.
Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзінің немес балаңыздың
дәретімен шайылған мата таңғышпен пайдаланамыз.
Бұл уланғыш заттардың бәрінен тиімді жеке және ұжымдық қорғау
құралдары қорғайды.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала
салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш
факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі-
адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ
және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар,
радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан
және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш
факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен
қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан,
зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан
қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары
адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.
Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары
Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп
салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.
Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай
алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін
азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері
әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы,
ашық траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір
қабатты ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай
дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе;
арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана,
шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз.
Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң
жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп
ластайды. Ол үш зонадан тұрады:
▪ қауіпті зона;
▪ күшті ластанған зонасы;
▪ аздау ластанған зонасы.
Ластау мөлшеріне байланысты:
▪ жарылыс түрінен (бомбаның);
▪ оның күшінен (неше мегатонна);
▪ жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;
▪ эпицентрден қашықтығынан;
▪ жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға
қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.
Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық
және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы.
Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын
қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды
жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден
қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық,
траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт
кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.
Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне
және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4 ).
Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып
бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін,
ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер,
байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін
олардың құралдарымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz