Дене жаттығуы кезіндегі жүктеме
Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана
отырып оқу-жаттығу
сабақтарын өткізуді ұйымдастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ФУТБОЛ СПОРТШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ..
7
1. Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды
қолдана отырып оқу-жаттығу сабақтарында ұйымдастыру 7
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
1.2 Оқу-жаттығу сабақтарын өткізуде жұмыс қабілеті мен арнайы 19
жылдамдық - күш қасиет шеберлігіне
машықтандыру ... ... ... ... ... .. . ... .
1.3 Машықтану үрдісінде футболшыларды ептілікке дағдыландыру ... 27
2 ФУТБОЛ СПОРТШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
40
2.1 Инновациялық технологияларды қолдана отырып футболшылардың
жұмыс қабілетін арттыру жұмыстары ... ... ... ... ... ... 40
2.2 Оқу-жаттығу сабақтарында футболшылардың ойын жүргізу әдіс
тәсілдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .5 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.3 Оқу-жаттығу процесінде футболшылардың дене қабілеттерінің даму
нәтижесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .6 0
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .6 7
... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 68
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының негізгі құрамасы,
олимпиадалық және жастар құрамаларының сәтті ойын көрсетуінің басты шарты
барлық оқыту-машықтандыру процесін футболшылардың арнайы дене сапаларын
жетілдіруге арналған тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып
жетілдіру.
Көпжылғы өткізіліп келген барлық педагогикалық эксперименттік байқаулар
футболшылардың жалпы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық
шеберліктерінің нашарлауын көрсетіп келген.
Осыған орай, бұл мәселелер ғылыми дәрежеде, әсіресе жасөспірім
кезеңдегі футболшылардың дене қабілеттерін тәрбиелеуде педагогикалық
тәсілдерді пайдалануды зерттеу жұмысы барысында айқындалуы тиіс. Олай
болатын себебі футболшылардың дене қабілеттері мен спорттық шеберлігінің
қарқынды өсуі дәл осы сатыда, яғни олардың жасөспірім кезеңінде байқалады.
Дене қасиеттерін тәрбиелеудің маңыздылығы - футболшылардың жаттығу
тәсілдерін дұрыс өңдеп, қабылдай алу қабілеттілігінде, яғни мағлұматтарды
өңдеу арқылы олар өз дене қабілеттері мен спорттық шеберліктерін шыңдай
алады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қамти отырып, ғылыми зерттеу жұмысы
жасөспірімдердің жылдамдық-күш қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан
қарай отырып, олардың дене қабілеттері мен спорт шеберліктерінің
артуына
септігін тигізбек.
Футбол – тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын
дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен
қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық
ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футбол – атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың,
ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-
жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің
де мақсаты бір ғана – жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды
коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді
тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс – қабілетін
көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы
командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан,
климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің
шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін
кеңейтуге септігін тигізеді.
Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт
түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің
дамуына ерекше әсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы
дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы
бір құрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгеортіп жүгіру, түрлі
секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып
жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой – осының
барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.
Зертеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты жас футболшылардың жасы
бойынша ерекшеліктерін теориялық және әдістемелік негіздерін ашып, іс-
тәжірибелік құндылығын дәлелдеу.
Зерттеу нысанасы. Жалпы білім беру мен спорт мекемелеріндегі
оқыту- машықтандыру процесі.
Зерттеу пәні. Балалар мен жасөспірім футболшылардың дене
дайындықтарына баға беру.
Зерттеу гипотезасы.Жасөспірім футболшылардың оқыту-машықтандыру
процесіндегі жылдамдық және жылдамдық-күш қабілеттерін тәрбиелеуге арналған
әдіс-тәсілдерді біркелкі пайдалануымыз керек. Өйткені жасөспірімдердің жас
ерекшеліктеріне сүйене отырып, мотивациялық қалыптасулары арқылы жалпы дене
дамуына әсер ете аламыз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Оқыту- машықтандыру процесіндегі жылдамдық
және жылдамдық-күш қабілеттерін тәрбиелеуге бағытталған әдіс-тәсілдерді
жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдалану.
Спорттық дайындықтың барлық процесін оқыту және жаттығу деп бөлуге
болады. Оқыту деп – шұғылданушылардың қозғалыс пен дағдылардың арнайы білім
беру жүйесінің бастапқы кезеңін меңгеруін атаймыз. Ойынның техникалық
элементтерін, жекелей немесе топтық тактикалық іс-әрекеттер, қозғалыс
дағдыларын қалыптастыруды меңгеру – оқытудың негізігі мазмұны – техникалық
әдістердің, жеке, топтық және командалық тактикалық іс-әрекет, дене күш
дамуы, ерік-жігер сапаларын жетілдіру. Спорттық жаттығу бұл – басқару
әдістеме негізінде құрылған спортшының дайындығы. Оқыту және жаттығу
процесінің тәрбиелік бағыттағы сипаты болуы тиіс. Сондықтан да оқу-жаттығу
сабағына үлкен талап қойылады. Оқу-жаттығу сабағы шұғылданушыларды жан-
жақты дайындауға лайықты құрылуы қажет.
Футбол шеберлігін меңгерудің негізгі тірегі болып футболшылардың
денсаулығы болып саналады, олардың жақсы дене-күш дайындығы, жоғары ерік-
жігер сапалары.
Футболшыларды оқыту-жаттығу процесінде төмендегі қойылатын талаптарды
шешеді:
а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапаларын жетілдіру
ә) Спортшылардың функционалды мүмкіншілігін кеңейту (тыныс алу, жүрек
қан тамырлары және басқа да жүйелері)
б) Спорттық жұмыс қабілеттілігін сақтау және көтеру.
в) Спорттағы білімін көтеру, тәртіптілікке, сезімталдыққа, белсенділікке
тәрбиелеу.
Осы талаптарды жаттығу процесінде ретімен шешу адам ағзасының мол
мүмкіншілігін жоғары спорттық көрсеткішке жету үшін барынша көп пайдалануға
болады. Қарсылас командалардың шеберлігінің деңгейін үнемі өсіп отыруы
футболшылардың жан-жақты дайыдығына қойылатын талаптарды жыл сайын күшейтіп
отырады. Осы қойылатын талаптардың жағымды әсері педагогикалық қағидаларды
ретінен іске асыру арқылы шешіледі.
Дағдылардың қалыптасуы мен жетілуі дене жаттығуларын жүйелі түрде
орындауда ғана жүзеге асады. Олар көп жақты болып келеді, оларды таңдау оқу-
жаттығу процесінің талаптарына сай болады. Дене жаттығулары дене тірегіне,
күштің көбеюіне, жылдамдық,төзімділік және ептіліктің жақсаруына әсер
етеді. Сондай-ақ жүрек қан тамырларының жұмысына, тыныс алу және басқа да
ағза жүйелерінің, спорттық жұмыс қабілетінің өсуіне жүктемеден кейін қайта
қалпына келтірудің жылдам жүруі жетілдіреді. Әрбір жаттығу дағдының және
сапаның өсуіне әсерін тигізеді. Сондықтан да дене-күш жаттығуларын басымды
әсер етуіне қарай іріктелінеді.
Олимпиадалық ойындардың қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан
футболшыларының дене-күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру,
жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді
іздестірумен тығыз байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып
футболшылар ағзасының оқу-жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.
Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және
метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп,
соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігн
арттыруды қажет етеді.
Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын
үлкен спорт түрі.
Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде.
Қазақстан құрама командасы Азия құрлығы федерация құрамынан шығып, бүкіл
әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып
енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық,
тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа
әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90 –шы
жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында
футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер
спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-
күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.
Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың
дене-күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі
тиіс.
Сондықтан да оқу-жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы
ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында
жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып
саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігн қатаң
түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дәрігер және
психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.
Жиналған мәліметтер бойынша шұғылданушылардың берлілген жүктемеге
бейімделуі олардың оқу-жаттығу процесінде және жарыстарда түрлі іс-
әрекеттерді, күшті жылдамдықты, ептілікті қажетті жерде қажетті мөлшерде
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста автордың әдістемелік
эксперименталды зерттеулерінің тәжірибесі көрсетілген.
Зерттеу жаңалығы футбол ойынындағы ойыншылардың жүктемелерін орнықтыру,
спорттың жаттығу әдістемелеріне кіргізіле отырып, дене тәрбиесінің жаңа
қолайлы түрлері мен жолдарын іздестіру болып табылады.
Зерттеу барысында жоғары дәрежедегі футболшылардың және жаңадан бастаған
шұғылданушылардың жүктемеге бейімделу тәсілдерін тәжірибеде қолдану жиілігі
мен ол тәсіл туралы бар білімдері анықталады.

ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды
қолдана отырып оқу-жаттығу сабақтарында жылдамдық қасиеттерін дамыту
жөніндегі ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге шолу
Жылдамдықтың даму сатысы көбінесе күш-жылдамдық қасиетіне байланысты.
Әсіресе бұл көріністі спорттық ойын түрлерінен байқауға болады. Берілген
қозғалыс қасиеті туралы В.М.Зациорскийдің айтуынша [1,2] Жұмыс көлемінің
ұзақтығымен қатар оны жоғары деңгейде орындауына ықпал етеді деген.
Зерттеулердің бірқатары жылдамдық қабілетін бас мидың көмегімен, яғни
жүйке жүйелерімен байланыстырады. Олай болатын себебі жүйке жүйелерінің
қозғыштығы спортшылардың қозғалыстарына, қимыл-әрекеттеріне жауап береді.
Жылдамдық қозғалысы кезінде спортшылардың психологиялық даярлығы маңызды
роль атқарады [3,4,5,6].
Көп мамандардың, жылдамдықтың даму жолындағы негізгі факторларды
зерттеуі, басқада спорт түрлерімен шиеленіскен.
Ғалымдардың жылдамдық қабілетін зерттеудегі көрсеткіштері
оның бірқатар факторларға тәуелділігінде. Шешуші факторларға-
буындардың қозғалмалдылығы (антогонист бұлшық еттерінің созылуы),
аяқ және қадамдардың ұзындығы, спорттық техника мен итеріліс күші
жатады [7].
Жылдамдық факторларының зерттеу көрсеткіштері жылдамдықты тәрбиелеуге
жаңа әдіс-тәсілдерді ойлап табуға әкеп соқты. Осы бағытта зерттеу жүргізу
әсерімен, әр түрлі спорт түрлері, соның ішінде футбол ойынындағы
жылдамдықты дамытуда, осы қабілетті танып-білуге септігін тигізеді [8].
В.М.Зациорский [1] жылдамдық кабілетінің жеңіл және
бірыңғай
түрлерін бөліп көрсеткен. Жеңіл түрлеріне:
- қозғалыс реакциясының латенттік уақыты;
- жылдамдықтың жекелей қозғалысы;
- қозғалыстың біркелкілігі:
Бірқатар зерттеулердің көрсеткіштері [9,10,11] жылдамдықтың жай
түрлері, әсіресе қозғалыс реакциясының латенттік уақыты жылдамдық
қозғалысының көрсеткіштерімен сәйкес келмеуінде, яғни олардың бір-бірінен
бірыңғай тәуелсіздігін көрсетеді.
Қ.И. Адамбеков [12,13] өз практикасында, кешенді түрлердің көрінуін екі
фазаға бөледі:
1) жылдамдықтың өсу фазасы,
2) біркелкі жылдамдық фазасы.
Т.М. Нетто [14] жоғары дәрежелі және алғашқы сатыдағы спортшылар
арасында зерттеу өткізген. Зерттеу барысында, максималды жылдамдық пен
шаршауға қарсылық (төзімділік) мүмкіншіліктері анықталды. Зерттеу жұмысы,
бұл көрсеткіштердің бір - бірінен тәуелсіздігін және олардың дамып
отыратындығын көрсетті.
М.А.Годик [15] жылдамдық көрсеткіштерінің негізгі төрт формасын бөліп
көрсеткен:
* әр түрлі белгілерге (сигнал) жедел назар аудару;
* жекелей локальды қимыл - қозғалыстарды орындау;
* тез арада жасалатын қозғалыстарды орындай алу;
* жылдамдықтың максималды қозғалысы.
Жоғарыда аталған төрт форма, бір - бірінен тәуелсіз және қатал түрде
бірыңғай амал – тәсілдермен дамып отырады.
Р.Р. Аманбаев, Е.К. Адамбеков [16,17] жүгіру кезіндегі жылдамдықтың
динамикалық құрылысын мына факторлардың көмегімен анықтап білді:
* старттық реакция уақыты және спорттық жылдамдық;
* жүгірушінің тез арада максималды жылдамдыққа жетуі;
* максималды жылдамдық пен оны көрсете алу қабілеті.
Н.Г. Озолин [18,19] қисық жылдамдықтың үш бөлігін анықтап берді:
1) 15-30 метр аралығындағы старттық жылдамдык;
2) максималды жылдамдықпен жүгіру немесе 50-70 метр аралығында бірыңғай
төзімділігіне мінездеме беруінде;
3) жоғарыдағы құжаттарға сүйене отырып, спортшылардың жылдамдық
қабілеттеріне келесі компоненттердің қосылуын айтып өткеніміз жөн:
* жылдамдық реакциясы;
* спорт кезіндегі жылдамдық жиынтығы;
* максималды жылдамдық деңгейі;
* шаршауға қарсылық немесе максималды жылдамдықты ұстау.
Жылдамдық қасиетінің бұл формалары бір - бірінен ерекше болуына орай,
олардың дамуына арнайы әдіс - тәсілдерді пайдалану керектігін білдіреді.
Жылдамдық реакциясынан басқа мүмкіншіліктер күш қозғалысының көмегімен
анықталып, онымен тығыз байланыста екендігін ескерген жөн.
Мамандарының зерттеулері бойынша [20,21,22,23,24,25], футболдағы
жылдамдық мынадай формалармен айқындалады:
1) Реакция уақыты;
2) Старттық жылдамдық;
3) Старт алу кезіндегі жылдамдық;
4) Техникалық тәсілдерді орындау кезіндегі жылдамдық;
5) Ойлау жылдамдығы;
6) Бір орыннан козғалу мен бәсеңдеу жылдамдығы;
7) Дистанциялық жылдамдық;
8) Бір қимылдан екіншіге ауысу кезіндегі жылдамдық.
Спорттық ойындарда жылдамдық - дифференциялық және бірыңғай қимыл -
қозғалыс қасиеті болып саналады. Бірыңғай болып есептелуі, оның иілгіштік,
спринтерлік қабілеті, бір орыннан тез қозғалуы, ептілік пен басқа да қимыл
- қозғалыс реакциялары сияқты бірқатар компоненттерден кұрылуында.
Футболдағы жылдамдық дифференциясы стандартсыз жағдайлар мен түрлі
формалардың көрінісімен айқындалады.
Олар: ойыншының алаңда доппен және допсыз қозғалыстары;
* ойыншының допқа ұмтылуы немесе орнын ауыстыруы;
* қарсыласынан озып, қақпаға ұмтылуы және т.б.
Ал қорғаушыда бұл қасиет шабуылшыны аңду барысында, уақытында немесе
дер кезінде допты тартып алу кезінде байқалады. Сонда да ол алаңдағы ең
жақсы спринтер болып саналмайды. Ойын барысындағы жылдамдықтың шешуші
факторы болып, ойыншының жағдайды алдын ала сезе білуі, жан -жақты
реакциясы және ойын барысына қарай жылдам қимыл - қозғалыстар жасай алуы
болып табылады .
Футболшылардың жылдамдық қабілеті басқа спортшыларға қарағанда едәуір
жоғары екені мәлім. Футболдағы теке - тірес жағдайларында, едәуір уақытты
жоғарғы жылдамдықта өткізіп, барлық жағдайда допты меңгере білулері,
сонымен қатар өте қиын тактикалық амалдарды шешуі тиіс.
Футбол ойыны бірыңғай қимыл - қозғалыстармен, соның ішінде жылдамдық
қабілеті кіретін бірегей спорт түрлерінің қатарына жатады.
Барлық ғылыми - әдістемелік туындылар, жылдамдық қабілетін балалық және
жасөспірім кезеңінде тәрбиелеуге негізделген [26].
Жылдамдық қасиетінің жас ерекшелігі мектеп жасындағы балалар ағзасының
сәйкестігімен түсіндіріледі. Яғни иннервациялық механизм қозғыштығы
(қозғалыс аппаратын реттейді), зат алмасу процесінің мүмкіншіліктері.
Жүйке жүйесінің қозғыштығы, бұлшық еттерінің созылу және босау
қасиеттерінің жылдамдығы осы жастағы балаларға тәуелді. Олардың қимыл
-қозғалыстарының қарқындылығы өте жоғары дәрежеде.
В.П.Филин [24] балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріндегі
өзгерістерді зерттеу нәтижесінде: 7 жас пен 16 жас аралығында максималды
қимыл - қозғалыс мүмкіншілігі 1,5 есе өсетіндігін анықтады. Бұл ұлғаю
тұрақсыз, әсіресе 7-9 жас шамасында қимыл-қозғалыс мүмкіншілігі 0,3-0,1с
аралығында 6 қимыл жасалады,ал 10-11 жаста жылдық өсімі бәсеңдеп 0,1 -0,1 с
аралығында 2 қимыл жасалады, жылдық өсімі қайтадан 12-13 жаста байқалады.
0,3-0,1с аралығында 4 қимыл жасалады, 14-15 жаста "жылдық өсімі кенеттен
тоқтайды.
Қ.И.Адамбеков [12] көпжылдық лабороториялық зерттеулердің негізінде,
жылдамдықтың қарқынды даму кезеңі 13-14 жасқа дейін деген тұжырымға келді.
Көптеген зерттеулер жас ерекшеліктерінің өзгерістеріне, оның ішінде
жылдамдық қозғалыстарына бағытталады.
А.А.Кирилов жылдамдық қабілетіндегі өзгерістер 8-9 жас шамасында
баяулап, 10-12 жаста жоғарылайтынын дәлелдеген. Дәл осы кезде жылдамдықты
тәрбиелеу өте тиімді. Ал 13-14 жаста бұл көрсеткіш ары қарай өсуін
жалғастырады, бірақ жасөспірімдердің ағзасындағы басқа өзгерістердің
әсерінен, жылдамдық қозғалысы баяулап, баланың қимыл-қозғалысы қиындай
түседі. 15-17 жас қарсаңында бұл көрсеткіш жоғарылап, баланың қимыл-
қозғалысы ерекшелене түседі.
И.М.Яблоновскийдің пікірінше [27], бала немесе жасөспірім өскен сайын
оның қимыл-қозғалыстары толықтай жақсарып, дами түседі. Ол толықтай
қозғалыс актіне және барлық қимыл комплекстеріне тәуелді. Мамандардың
зерттеу көрсеткіштері, адам баласы өскен сайын, яғни жасына-жас қосқан
сайын оның жылдамдық қабілетінің дамуы нашарлай түсетіндігін, әсіресе 100 м-
ге жүгіру кезінде, одан соң жылдамдық-күш қабілеті, ұзындыққа және
биіктікке секіру кезінде, кейінірек бұлшық ет күшінің даму қарқыны
бәсеңдейтінін дәлелдеген. Соған байланысты автордың айтуынша күнделікті
жаттығу процесі осы құбылыстарды біраз уақытқа шегеретінін айтқан.
Ғалымның пікірінше, жылдамдық қабілетін тәрбиелеудің ең қолайлы уақыты 9-
11 жас пен 13-15 жас шамасы, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің
айырмашылықтары, яғни табиғи дарын мен қарапайым балалардың спорттық
шеберліктерін шыңдауға сүйенетіндігін ерекше атап өткен.
В.С.Фарфелдің мектеп жасындағы балалардың қимыл-қозғалыстарын
басқару мен спорт физиологиясы еңбектерінде мектеп жасындағы
балалардың қимыл-қозалыстарын зерттеу арқылы, жас
ерекшеліктерінің маңызды динамикалық дамудағы негізгі
физиологиялық қабілеттерін анықтады. Жас ерекшелігіндегі
өзгерістер жылдамдық қасиетінің, оның ішінде қисық жылдамдық
түрімен ұштастырылады [28].
Әсіресе 7-8 жастан 13-14 жасқа дейінгі балаларда біржақты қозғалыс
жылдамдығы өте тез өсетіндігін айтады. Одан соң бұл көрсеткіштер баяулап,
балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктерінің, жылдамдық қабілетінің
дамуына мінездеме береді.
Бұл қасиет жасөспірімнің 13-14 жасына таяу, жоғарғы деңгейге жетеді.
Келесі жылдары өсу көрсеткіштері баяулайды немесе мүлдем тоқтайды.
В.С.Фарфелдің лабороториялық зерттеулері, 13-14 жас шамасында
жасөспірімнің анотомиялық және физиологиялық құрылымы, яғни қозғалыс
анализаторының дамуы аяқталады деп көрсетеді.
А.А.Межов, К.Д.Байбулов өз еңбектерінде [29] жасөспірімнің жылдамдық
қасиеті 10-12 жаста қарқынды дамып, кейінгі жылдары даму
көрсеткіші төмендейді, ал 14-16 жаста күш қабілеті өте жақсы дамиды.
Автордың айтуынша күш пен жылдамдықтың ең тиімді даму кезеңі
жасөспірімдік шақ деп анықтама береді.
В.П.Филиннің [24] зерттеулері 100 м қашықтыққа жүгіру кезіндегі
максималды жылдамдықтың динамикалық жас ерекшеліктеріндегі өзгерістеріне
арналған. Автордың айтуынша балалар мен жасөспірімдердің максималды
жылдамдығының қарқындылығы 13-18 жас аралығында байқалады. Ал 14 жастағы
жасөспірімнің максималды жылдамдығы 13 жастан әлде қайда жоғары. Бұл
кезеңдегі өсу деңгейі 24 см с құрайды. Ал бұл көрсеткіш 14-15жаста -
максималды деген- 51см с көрсетеді. 16 жастан өсу қарқыны бәсеңдеп, жылдық
деңгейі - 16 жаста 33 см с кұраса, 17 жаста -24 см с, 18 жаста бар
болғаны 15 см с . Максималды жылдамдықтың жалпы деңгейі 13-18 жаста-22%
тең.
А.А.Кириллов [25] 12-18 жастағы балалармен жасөспірімдердің жүгіру
мүмкіншіліктерін зерттеп, спортпен шұғылданбайтын мектеп оқушыларының 100 м
жүгіру кезіндегі көрсеткіштерінің жоғарылайтынын анықтады. Онда алғашқы 30-
40 м аралығында максималды жылдамдық өсіп, 100 м қашықтықтың соңғы 10-20
метрінде төмендейтінін көрсетті.
В.П.Филиннің зерттеулері мектеп оқушылары мен жасөспірім спортшылардың
жылдамдық деңгейі мектеп қабырғасында бірқалыпты өсіп отырады деген.
Жоғарғы қарқындағы өсу процесі 16-18 жас аралығында байқалады. (максималды
жылдамдық жылына орта есеппен 0,65м с жетеді)
Спорт түрлеріндегі жылдамдық дамуының жас ерекшелік динамикасы, дене
қабілеттерінің, бірыңғай даму деңгейімен байланысады. Бұл көрініс баскетбол
ойынында анықталып, жасөспірім баскетболшылардың жылдамдықтарының даму
деңгейлерін ашып берді.
Бұл көрсеткіштердің даму сатысы жыл сайын өсіп отыратын байқатты.
Мысалға: 60 м жүгіру кезінде 12-13 жастағылардың көрсеткіші - 15,9% дейін
жақсаратынын және осы жас аралығында өзгеріп отыратыны байқалды. 12-13
жаста-4,5% жақсарса, 13 жастан 14 жасқа дейін 3,8%-ға өсетінін көрсетті. Ең
көп өзгерістер 14 жастан 15 жасқа дейінгі шамада (5,7% ) байқалады. Осыдан
кейінгі жас кезеңдерінде орташа жылдамдық өсім баяулап, көрсеткіштер 15 -16
жас - 1,4%, 16-17 жас - 12%-ды құрайды. Жасөспірім баскетболшылардың
жылдамдық көрсеткіштері 12-15 жас аралығында қарқынды өсетінін білдік. 15-
17 жаста бұл дене қабілетінің калыптасып, тұрақтылығын көрсетеді.
Жасөспірім баскетболшылардың бұл дене қабілеті, спортпен
шұғылданбайтындарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы: 13-14 жастағы
баскетболшылар 60 м жүгіру қашықтығын, орта есеппен 9,13с - 9,49с жүгіріп
өтеді. Ал спортпен шұғылданбайтын жасөспірімдер 10,2 - 9,8с жүгіреді.
Жылдамдықтағы шапшаңдық қимылының даму деңгейін әр түрлі мамандықтағы
спортшылардың 15 - 30 м қашықтыққа жүгіру кезіндегі ерекшеліктерін көрсек
жасөспірім спортшылардың жылдамдық деңгейлері жыл сайын өсіп отыратындығын
байқауға болады. Сонымен қатар спорт түрлеріне қарай, жылдамдық
көрсеткіштері де әр түрлі екендігін білеміз.
Берілген зерттеу жұмысын ескере отырып, мектеп жасындағы балалар мен
жасөспірімдердің әр түрлі спорттағы шеберліктерін шыңдау барысындағы,
жылдамдықтарының даму белгісі-онтогенез заңдылықтарымен сәйкес деген
тұжырымдама жасаймыз. Бұл дене қасиетінің жеке көрсеткіштері жасөспірім
кезден-ақ үлкен адамдардың деңгейіне жетеді. Жасөспірімдердің жылдамдық
өсу деңгейінің қарқындылығы, олардың жүйке жүйелерінің қозғыштығы мен
ағзаларының икемділігіне байланысты.
Спортпен систематикалық түрде шұғылдану әсері, жылдамдықтың дамуына
биологиялық заңдылықтар бойынша өзгеріс әкеледі.
Дұрыс бағытталған педагогикалық әсер, бұл дене қасиетінің дамуына,
жоғарғы деңгейге жетуіне септігін тигізеді.
Сондықтан балалар мен жасөспірім спортшылардың жылдамдықтарьқ спортпен
шүғылданбайтындарға қарағанда өте жоғары және тұрақты болып келеді. Соған
байланысты жылдамдықтың дамуына жас ерекшеліктеріне қарай тиімді, дұрыс
бағытталған педагогикалық жұмыс жүргізілуге тиіс.
Сонымен катар дұрыс бағытталған педагогикалық шара жасөспірімдердің
жастық даму сатысындағы кейбір жылдамдық тоқталымдарын бәсеңдетеді, яғни
жасөспірім спортшының жылдамдық қабілетін дұрыс қалыптастырады.
Әдебиеттерге шолу, көптеген авторлардың ойлары мен ғылыми -әдістемелік
тұжырымдамалар: қимыл - жылдамдық жаттығуларымен айналысатын орта мектеп
жасындағы балалардың, қимыл-жылдамдық реакцияларын шыңдауы, басты мақсат
деген тұжырымдамаға келеді.
Жылдамдықты дамытуда, шапшаң қимыл жаттығулары өте тиімді. Бұл жаста
күш - жылдамдық жаттығуларын пайдалану да өз септігін тигізеді. Көптеген
авторлардың айтуынша ең бастысы жылдамдықты дамытуда оның барлық түріне
шыңдау болып табылады.
Негізгі міндеттерді шешумен қатар шұғылданушылардың жан - жақты дене
дайындықтарын толықтай қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдердің жас
ерекшеліктеріне қарай дұрыс бағытталған жаттығу процесін даярлау. Басты
мақсат олардың таңдаған спорт түріне қарай, сол спортқа тиімді дене
қабілеттерін тәрбиелеу.
Қ.И. Адамбеков пен С.И. Қасымбекованың [30] айтуынша,
алғашқы даярлық сатысында жылдамдықты тәрбиелеуге, зор назар аударылуы
тиіс, өйткені бұл жастарда қимыл - қозғалыс қарқындылығының жоғары
болуында.
Балалар, жасөспірім ұл - қыздарға қарағанда тез қимылдар жасай алады, оны
С.Н.Қасымбекова [31] зерттеулері көрсетті. Мысалы: жасөспірімдердің қысқа
қашықтыққа жүгіргендегі, жүгіру қадамдарының жиілігі,
ересек спортшылардан қалыспайтынын көрсетті.
Яғни, қысқа уақыт аралық жаттығулар (жылдамдық мінездемесінде)
жасөспірімдердің жүрек - қантамырлар жүйесімен сәйкестігін әсіресе моторлық
жүйенің жақындығын көрсетеді.
Алғашқы спорттық мамандандыруды шешу мақсатымен Г.Р. Амреновтың [32]
екі жылдық зерттеу жұмысы барысында, мынадай міндеттер атқарылды: алғашқы
спорттық мамандандыру бөлімінде оқу - жаттығу процесінің рационалды
мүмкіншіліктерін анықтау, жылдамдық және жылдамдық -күш қасиеттерінің
әдістемесіне негіздеме беру.
Зерттеу жұмысына ЖӨСМ - де шұғылданатын 11 - 12 жастағы 66 жасөспірім
қатысты.
Зерттеушілер үш топқа бөлініп, зерттеу барысында әр топқа 293 оқу
-жаттығу сабағы өтілді. Бірінші топқа - спорт мектебінің бағдарламасы
бойынша жүргізілді, екінші топ - жылдамдықты, жылдамдық - күш қабілеті мен
бұлшық ет күшін тәрбиелеуде, қозғалыс және спорт ойындарын, дене
қабілеттерін дамытуда маңызды роль атқаратын ойын жаттығуларымен айналысты.
Жылдамдық, күш, төзімділікті тәрбиелеудегі жаттуғылардың қатынасы.
жалпы оқу - жаттығу бөлімінің 50:25:25% мөлшерін кұрады.
Алғашқы спорттық мамандандыру зерттеу топтарын салыстыру кезінде,
оларды жылдамдық, жылдамдық - күш, бұлшық ет күштері сияқты дене
қасиеттерінің өсуін байқадық. Бірақ маңызды өзгерістер екінші топтан көріне
бастады. Екі жылдық зерттеу жұмысының арасында осы топтың жылдамдық даму
деңгейі 60 м қашықтыққа жүгіру кезінде көрінді. Сөреден қозғалу -10,1%, 20м
жүгіруде - қозғала келе - 13,1% болса, шапшаң қимылдарының реакциясы -
32,1% өсті. Бірінші топтың көрсеткіштері - 9,7; 26,3%, ал үшінші топта-
9,4; 10,3; 34,1% құрады,
Спорттың басқа түрлерімен қатар, алғашқы спорттық мамандандыру кезінде,
таңдалған спорт түріне қарай, дене қасиеттерін дамытуға арналған арнайы
дайындық жаттығуларын кеңінен пайдаланған тиімді.
Алғашқы спорттық мамандандыру кезеңіндегі маңызды. жағдайдың бірі,
балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс деңгейлерінің қарқындылығы мен
ағзаның жекелей вегетативтік жүйелерінің жайбарақат қалыптасуын ескере
отырып дене жаттықтыру ауыртпалықтарын дұрыс беру.
Жылдамдықты тәрбиелеудің негізгі амалы, максималды жылдамдықпен
орындалатын жаттығулар. Бұл жаттығулар мынадай талаптарға жауап берулері
керек:
- жаттығулар шұғылданушылармен меңгерілуі тиіс;
-жаттығулар техникасы, максималды жылдамдықпен орындалатындай жағдайда
болу;
-оның ұзақтығы, шаршауға қарамастан жаттығуды бастан аяқ бір қалыпты
орындай алу.
Жылдамдықты тәрбиелеу тәсілдерінің қатарында негізгі ойынды қайталау
жаттығулары алады. Бұл тәсілдің мақсаты - оқу - жаттығу кезінде өз
көрсеткішінен артық максималды шапшаңдықты көрсету. Бұл талапқа барлық дене
жаттығуларының компоненттері бағынышты: жүгіру ұзақтығы, демалыс
интервалдары, қарқындылық, қайталау саны. Қашықтық ұзындығы жылдамдықтың
шапшаң қозғалысы кезінде де төмендемеуі және қайталаулардың арасындағы
үзілісті көбірек беруі, оның себебі толық қалпына келуін қамтамасыз ету.
Бір жағынан үзілістің қысқа болуы тиіс, өйткені орталық жүйке
жүйесінің қозуы төмендемеу керек, ал екінші жағынан үзілістің ұзақ болуы -
вегетатив функцияларының қалпына келуін қадағалайды. Жоғарыдағы айтылған
жағдайларды ескере отырып, жылдамдықты тәрбиелеу жұмысын тоқтату
үшін, бар - жоғы қашықтықтағы жылдамдық шапшаңдығын төмендету керектігін
байқадық.
Жылдамдықтың, жоғарғы көрсеткіштерінің негізгі жағдайы болып орталық
жүйке жүйесінің қозғыштығы. Бұл көріністі біз тек шұғылданушы шаршамаған
кезде көре аламыз. Сондықтан болар жылдамдық жаттығуларын көбінесе сабақтың
алдыңғы жағына қояды. Ал апталық микро циклде оларды демалыстан кейінгі
бірінші немесе екінші күнге жоспарлайды.
Практикада жылдамдыққа жүгіруді шыңдау үшін шапшаңдық - күш және күш
жаттығуларын пайдаланған жөн. Тек, шапшаңдық - күш жаттығуларын
пайдалансақ, максималды күштің өсу деңгейін көтере аламыз; оның себебі,
шапшаң қимылдардың жүйке бұлшық ет аппаратына әсері қысқа мерзімде
болуында. Көлемді күш жаттығуларын бергенде, шапшаң қимылдардың уақытша
төмендеуін ескеру қажет.
Жарылыс күшін шыңдауға бұлшық ет жұмысын реттеуші жаттығулар
қолданылады. Жарылыс күші - шапшаңдық - күш және шапшаңдық қабілеттерінің
негізгі арқауы болып табылады.
Көбінесе бұл шапшаң биіктікке секіру арқылы тереңдікке секіру
жаттығулары.
Жылдамдықты дамытуға бірқатар авторлар келесі тәсілдерді ұсынады:
1. жылдамдық- күшті даярлау немесе динамикалық талпыныс тәсілі;
2. қайталау жаттығуларын максималды жоғарғы қарқында орындау тәсілі;
3. жылдамдық жаттығуларын орындау кезінде жағдайды жеңілдету тәсілі;
жылдамдық жаттығуларды орындау кезінде жағдайды ауырлату тәсілі.
В.М.Зациорский [1] мен В.П.Филиннің [24] ұсыныстары бойынша ең
алдымен жеке факторларды дамыту, яғни максималды шапшаң қимылдарды анықтау.
Жылдам қимылдарды орындау кезіндегі жоғарғы күшті көрсететін динамикалық
күшті шыңдау.
Алғашқы спорттық мамандандыру кезіндегі оқу-жаттығу процесін тиімді
бағыттау жөніндегі сұрақтар [24,12] мен алғашқы сатыдағы тереңдетілген
жаттығулар жөнінде методистер мен жаттықтырушылардың арасында соңғы жылдары
түрлі спорт түрлері, қозғалыс және спорт ойындарынан басқа, дене
қабілеттерін шыңдауға арнайы бірыңғай даярлау дәрістерін оқу-жаттығу
бағдарламасына қосу керектігі туралы көзқарас қалыптасты. Олардың ойынша
бұл дәріс балалар мен жасөспірімдердің таңдаулы спортында маңызды роль
атқаратынын айтады.
Жылдамдықты тәрбиелеу барысында, жаттығу орындау арқылы бұлшық еттердің
демалысына назар аудару керек. Шұғылданушылардың бұлшық ет сезімі, яғни
бұлшық еттердің бекімділігі мен демалыс арасындағы айырмашылығын білулері
өте қажет. Осыған сүйене отырып жаттығуды орындау кезіндегі қосымша және
қарқынды демалысты қарастыратын контрастты мүмкіншіліктер тәсілін
пайдаланған жөн.
Ғалымдар мен мамандардың ойларынша спорт саласында жасөспірім мен
балалардың дене қабілеттерін тәрбиелеу процесіндегі маңызды орында
жылдамдық - күш кабілетін тәрбиелеу алады. Осы қабілеттердің жоғарғы
деңгейі, спорттың жоғарғы көрсеткіштеріне жетуге ықпал етеді.
Жылдамдық - күш қасиеті терминінің астарында адамның аз уақыт
ішіндегі жоғары қарқынды талпынысы жатыр.
Жылдамдық - күш қасиетінің көріну дәрежесі бұлшық ет күшінің
үлкендігіне байланысты. Сонымен қатар жүйке - бұлшық ет талпыныс
концентрациясының қаншалықты жоғарылығы мен функционалды ағза
мүмкіншілігіне де байланысты.
Жылдамдық - күш қасиетінің жоғарғы мүмкіншіліктері, шұғылданушылардың
физикалық және техникалық дайындықтарына, олардың уақыт және кеңістіктегі
өзін - өзі ұстау қабілеттеріне ықпалын тигізеді.
Жылдамдық - күш жаттығулары қарапайым жылдамдық немесе күш
жаттығуларына қарағанда өте тиімді және жан - жақты болып келеді. Ол
жылдамдық пен күш қасиеттерін аз уақыт ішінде жоғарылатады. Дәрігерлердің
мәліметтері де жасөспірім ағзасына, қысқа уақыт аралық жылдамдық -күш
талпыныстары тиімділігін растайды [33].
Ю.М. Арестовтың [34] айтуынша ағзаның морфологиялық және функцияналдық
даму кезіндегі жылдамдық - күш дайындығының әсері жасөспірім спортшының
дене қабілетінің дамуы мен функционалды мүмкіншіліктерінің жақсаруына зор
ықпалын тигізеді.
Жылдамдық - күш қасиетінің түрлі формаларының арасында ең көп тарағаны
- секіру жаттығулары екен.
Дене қабілеттерін дамытуда, балалар мен жасөспірім спортшылардың оқу -
жаттығу процесіндегі секіру жаттығуларына айрықша көңіл бөлінеді.
Негізгі қабілетке мінездеме бере отырып, секіруді орындау кезінде
көптеген мамандар секіргіш (прыгучесть) терминін жиі қолданады.
1940 жылы В.И. Дьячковтың [35] жүгіріп келіп, биіктікке секіру
кітабында спортшының секіруде жоғарғы көрсеткішке жетуіне секіргіштік
қасиет маңызды роль атқарады. Яғни бұл қасиет секірушінің тұлғасына
көтерілу күшінің әсерін жеткізеді.
Бірқатар зерттеулер секіргіштік - бұл бірыңғай физикалық қабілет
екенін анықтады.
Көптеген мамандар ересек спортшылардың бұлшық ет күші секіргіштік
компонентке тәуелді деген тұжырымдамаға келді [36,37].
Бірқатар зерттеулер секіргіштік компоненттердің, бұлшық ет жиырылу
жылдамдығы мен қимыл координацияларының қатынасымен байланыстырады.
Ал біз В.М.Дьячковтың көзқарасына сүйендік. Онда секіргіштік -
бірыңғай қасиет, яғни жүйке - бұлшық ет жарылысы деп мінездеме берілген.
Ол өз кезегінде секірушінің мүмкіншіліктеріне, бұлшық еттерінің жиырылуы
мен кейбір бұлшық ет топтарының үлкен күштерінің талпынысы мен
жауап беруі.
Ю.В.Верхошанскийдің [38] пікірінше, жылдамдық -күш жаттығуларының
мүмкіншіліктері күш, жылдамдық және жекелей қабілеттерден туындауы,
жылдамдық, күш, төзімділік сияқты дене қасиеттерімен бірқатар болуына әкеп
соқты. Өйткені ол жаттығу кезінде өзіне ғана тән, адекватты әдіс -
тәсілдерді талап етеді.
Қ.И.Адамбеков [39] анықтағандай, секіргіштікке әсер ететін жылдамдық
-күш қабілетімен адамның бірқатар мүмкіншіліктеріне абсолюттік бұлшық ет
күші, динамикалық жарылыс күшін көрсете алуы және жүйке бұлшық ет
аппараттының реактивтік көрсеткіштері жатады.
Секіру кезіндегі спортшының жарылыс күшін көрсету мүмкіндігі мен
секіру көрсеткіштерінің қатынасы анықталды. Абсолюттік бұлшық ет күші мен
максималды динамикалық талпыныс арасындағы байланыстың жетістік
көрсеткіштері бірқалыпты еместігін көрсетеді.
I;Г.А.Уманов [40] зерттеулері көрсеткендей,
шұғылданушылардың (секіргіштік) жылдамдық - күш дайындығына қарай, олардың
жалпы және арнайы дене қабілеттерінің дайындығын білуге болатынын айтады.
Секіргіштік Даму деңгейін анықтайтын негізгі факторларға, спортшылардың
жыныстық, жас ерекшеліктері мен қимыл - қозғалыстардың қарқындылығын
айтады. Секіргіштік көбінесе аяқтың бүгу - жазу күшіне байланысты. Бірақ
секіргіштікті дамыту үшін, жылдамдық пен күш қабілеттерін қатар дамытқан
жөн.
Кейбір авторлардың айтуынша жылдамдық - күш қасиетінің даму деңгейі,
екі аяқпен итеріліп биіктікке секіру көрсеткіштеріне байланысты екенін
көрсетеді.
Бірақ Р.М.Рухватулиннің пікірінше, жобамен 80 баланың (10 - 12 жас
шамасында) бір орыннан биіктікке секіру көрсеткіштері, 50м қашықтыққа
жүгіру мен аспаға тартылу көрсеткіштерімен сәйкестендіріледі.
Үш түрлі секіруге салыстыру жасадық:
1) яғни отыру қалпында, қолдардың еркін қимыл - қозғалыстары;
2) бір орыннан ұзындыққа секіру;
3) негізгі қалыптан жоғары секіру.
Зерттеу барысында авторлар ең тиімді көрсеткіш деп, отыру қалпында
қолдардың еркін қозғала секіруі деген шешімге келді. Ал екіншіге негізгі
қалыптан жоғары секіру тиімділігін айтып өтті.
Мектеп оқушыларының жылдамдық-күш қасиетінің жас ерекшеліктеріндегі
динамикалық дамуын көптеген зерттеу жұмыстары шет қалдырған жоқ.
С.В.Каледин [41] зерттеулері мектеп жасындағы балалардың жүгіріп келіп
биіктікке секіру көрсеткіштері үзілмей өсіп отырады, әсіресе 16-17 жаста
жоғарғы деңгейге жететіндігін көрсетеді.
А.А.Гужаловский зерттеулері балалар мен жасөспірімдердің жылдамдық-күш
қасиетінің даму деңгейін көрсетеді. Әсіресе бұл қасиеттің дамуының
жоғарылауын 12-15 жасқа туралайды.
В.П.Филин [24] өз жұмысында секіргіштіктің дамуы жыл сайын өсіп
отырады, жасөспірімдерде 16-18 жаста, ал қыз балаларда 13-15 жаста
максималды денгейге жететіндігін көрсеткен. Ең көп дәрежеде өсу көлемі
балаларда - 9-10 мен 13-14 жас болса, қыздарда 9-12 мен 14-15 жас
аралықтарын қамтиды. Ал 15 пен 17 жас шамасында секіргіштік көрсеткіштері
тұрақтанып, 18 жасқа карай бірегей өсуін байқаймыз.
К.М.Уманов [40] зерттеуі көрсеткендей ер адамдардың секіргіштік
қасиетінің дамуы 20 жасқа дейін, ал әйел адамдарда -16 жасқа дейін
дамитындығын көрсетеді. Автор, зерттелінушілердің жастық-жыныстық,
деңгейлес топтағы секіргіштік дамуына, бой ұзындығы мен аяқ ұзындықтарының
көрсеткіштерінің әсер етпейтінін дәлелдеген. Сонымен қатар адамның
антропометриялық көрсеткіштері де (дене, аяқ ұзындығы) әсер етпейтінін атап
өтуіміз керек.
Т.М.Антонованың [42] ойынша, жылдамдық -күш қасиетінің дамуы 7 жас пен
17 жас аралығын қамтиды деген.
В.П.Филиннің [24] мәліметтеріне сүйенсек, жылдамдық -
күш каоілетінің даму сатысы (бір орыннан биіктікке секіру корсеткіштеріне
қарай) 8- 12 жасшамасында. Ал 13 жастан жылдамдық - күш қасиетінің даму
деңгейі әрдайым өсіп отырады, 14-15 жаста өсу көрсеткіші жоғарғы нәтиже
береді.
Одан кейінгі жылдарда жылдамдық - күш қасиетінің абсолюттік өсу
көрсеткіші төмендейді. Қыздарда жылдамдық - күш қабілетінің өсуі 8-12 жас
аралығын қамтиды. Ең жоғарғы өсімді - 10 жаста, ал ең төменгісін 18 бен
19 жас аралығында байқаймыз. Келтірілген мәліметтерді ескере отырып, 8 жас
пен 15 жастағы балалардың секіргіштігінің өсу деңгейі жылына орта есеппен
2,8 см-ге, қарқынды өсу мерзімі 10-13 жас шамасында байқалады.
Жас ерекшеліктеріне байланысты секіргіштік қабілетінің дұрыс
қалыптаспауына, зерттеу кезіндегі мағлұматтардың жетіспеуі, зерттеушілер
санының аздығы, өлшеу тәсілдерінің нашарлығы, табиғи немесе әлеуметтік
жағдайлардың әсер етуі ықтимал.
Жылдамдық-күш қасиетінің жас ерекшелік динамикалык дамуын
анықтау үшін, түрлі спорт ойындарындағы бірыңғай дене
қасиеттеріне мінездеме беру арқылы даму деңгейлерінің қатынасына зерттеу
жүргізу.
В.П. Филин [24] зерттеулері көрсеткендей баскетболшылардың жылдамдық-
күш қасиетінің дамуы 12-17 жас шамасында 48,11 % өсетінін, жылдық өсімнің
орташа көрсеткіші - 4,35 см құрайды. Бірақ өсу деңгейі бірқалыпты емес.
Ең көп өсу деңгейі 12-13 жаста байқалады, яғни бұл
көрсеткіштер баскетбол ойынының алғашқы кезеңінде білінеді. Осы кезеңде бір
орыннан биіктікке секіру көрсеткіші 6,37 см өседі, яғни 14, 09 % құрайды.
13-14 жаста көрсеткіш 4,39 см-ге жоғарылайды. (8,52% ). 14-15 жаста өсім
5,17 см (9,32% ) құрайды. Бұдан кейінгі жылдары өсу көрсеткіші 15-16
жаста (3,77 % ) байқалады.
Барлық жас ерекшелік кезеңдерде статистикалық тұрғыда өзгерістерді
байқауға болады (15-16 жас аралығынан басқа). Осыған байланысты, жасөспірім
баскетболшылардың бір орыннан биіктікке секіру көрсеткіші жылдан-жылға
жақсарады. Бірақ жасөспірім баскетболшылардың кейбір жас ерекшелік
кезеңдері олардың спортпен шұғылданбайтын құрбыларының көрсеткіштеріне
ұқсас келеді. Екі топтың да жылдамдық күш қабілеттері 12-
13 жас пен 14-15 жас шамасында өсуін байқауға болады.
Зерттеу көрсеткіштері бойынша футболшылар мен басқа
спорт
түрлерінің шұғылданушыларының жылдамдық-күш қасиетінің жалпы даму кезеңі
деп 11 жас пен 19 жас аралығын айтады.
Жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп отырады. Мысалы: жеңіл атлетика 1 1-12
жасар жасөспірімдердің бір орыннан ұзындыққа секіру көрсеткіштері -230 см-
ге, баскетболшыларда -215см, волейболшыларда -211см, ал футболшыларда -190
см-ге тең. Биіктікке секірудегі көрсеткіштердің орташа өлшемі- 52 см,
волейболшылар мен баскетболшыларда -45см, жеңіл атлетика- 44 см,
футболшыларда - 38 см-ді көрсетеді. Ал үш дүркін секіруде жеңіл атлеттердің
(жүгірушілер мен секірушілер) көрсеткіштері басым- жүгірушілерде - 530 см,
секірушілерде -680 см, ал футболшыларда -450 см.
Зерттеу жұмысы жасөспірімдердің түрлі спорт ойындарындағы
жылдамдық-күш қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтады. Жоғары көрсеткішке
жеңіл атлеттер, одан кейін баскетболшылар мен волейболшылар, соңынан
футболшылар ие болды.
Жасөспірім спортшылардың мамандықтары мен спорттық дәрежесіне сай,
олардың жылдамдық-күш қасиеттерінің дамуына тұжырымдама жасай келе, бұл
қасиеттің үзілмей дамып отыратындығына көз жеткіздік және де жеңіл
атлеттер, баскетболшылар мен волейболшылардың көрсеткіштері өте жоғары
(футболшыларға қарағанда). Яғни бұл спорт түрлеріндегі дене қабілеттерін
тәрбиелеу әдіс-тәсілдері өте жақсы деген бағаға жауап бергендігі.
Осыған байланысты біздің алдымыздағы басты міндет, жылдамдық-күш
қасиетін тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдерді дамыту. Яғни 10 жастан 12-13 жасқа
дейінгі жасөспірімдерді. Оның себебі бұл қасиеттің осы кезеңде - қарқынды
дамуында.
Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге сүйене отырып, дәл 12-13 жасқа дейін
қимыл функцияларының дамитынын білуге болады. Яғни қимыл анализаторларының
дамуы, жас ерекшелік заңдылықтарына тәуелді. Ал бұл даму құбылысы біраз
жылдар бойы қалыптасады.
Түрлі спорт ойындарымен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің бұлшық
ет күштерінің жылдамдығы, жылдамдық-күш қасиетінің дамуы, олардың жыныстық,
жастық, таңдаған спорт түрі мен жаттығу тәсілдері сияқты негізгі
факторлармен байланысы болады.
Жасөспірім спортшылардың жылдамдық және жылдамдық-күш қасиеттерінің
деңгейі орта білім алу мектеп қабырғаларындағы дене шынықтыру бағдарламасы
бойынша айналысатын балалар мен жасөспірімдердің деңгейінен әлдеқайда
жоғары. Барлық спорт түрлерінде дене қасиеттерінің даму деңгейі әр түрлі.
Бұл жағдайды шұғылданушылардың таңдаған спорт түріне, жаттығу тәсілдері мен
оқу-жаттығу процесінің көлеміндегі айырмашылықтармен түсіндіруге болады.
Жоғарыда айтылған барлық мағлұматтарға сүйене отырып, мынадай шешімдер
жасауға болады:
1. Барлық ғылыми - әдістемелік әдебиеттер мен мамандардың бір ауыздан
жасөспірім футболшылардың оқу -жаттығу процесінде жылдамдық және жылдамдық-
күш дайындықтарын жақсарту туралы шешімге келді. Яғни бұл қасиеттерді нақ
осы кезеңде тәрбиелеген жөн.
2. Жасөспірім футболшылар бірыңғай себептермен жылдамдық пен жылдамдық-күш
кабілеттерінің көрсеткіштерімен жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол сияқты
спорт ойындарының спортшыларынан артта қалды, яғни футбол мен басқа спорт
түрлерінің оқу-жаттығу бағдарламасындағы айырмашылықтар.
З.Тәрбиелік және тәжірбиелік зерттеу жұмыстарында жасөспірім
футболшылардың жылдамдық және жылдамдық -күш қабілеттерін тәрбиелеу туралы
нақты дәлелдер мен ұсыныстар берілмеген. Айтылған дене қасиеттерінің
пайдалы және тиімді сұрақтары саусақпен санарлық.
Жасөспірім футболшылардың, яғни 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің
жылдық және көпжылдық оқу-жаттығу процесіндегі жылдамдық-күш қасиетінің
бірқалыптылығын (динамикасын) анықтау.
Жасөспірім футболшылардың оқу-жаттығу процесі мен жарыс кезеңіндегі
жылдамдық -күш жұмысының көлемін анықтау.
Жаттығуларды қайталау кезінде олардың арасындағы демалыс кезеңін
анықтау.
Жылдамдық және жылдамдық-күш жаттығуларының микроцикл, мезоцикл және
макроциклдегі жалпы көлемін анықтау.
4. Арнайы құрылған зерттеу жұмыстары 4-8 жыл аралығында көптеген
авторлар жас ерекшелік заңдылықтарына сүйене отырып, жеңіл атлеттер,
баскетболшылар, волейболшылар мен футболшылардың күш, жылдамдык-күш,
жылдамдық кабілетінің өсу деңгейін танып білді. Бірақ жасөспірім
футболшылардың жылдамдық -күш қасиеті мен оқу-жаттығу құралдарының өзгерісі
толық зерттелінбеді.
Ал өткізілген зерттеу жұмыстары оқу-жаттығу процесін
ұйымдастырудағы, спортшылардың жылдық цикліндегі жылдамдық пен
жылдамдық-күш қасиеттерін тиімді анықтауға келмейтіндігін айтып өткен жөн.
Спорттық дайындық процесі барысында футболшыларда дағдыларды игеру мен
меңгеру сапалары қалаптасады. Жаттығуларды көп рет қайталау арқылы ағзаның
барлық жүйелеріне әсер етуге болады. Спорттық дайындық дегеніміз –
құралдарды және әдістерді пайдалана отырып футболшылардың жоғары спорттық
көрсеткіштерге жетуін атаймыз.
1.2 Оқу-жаттығу сабақтарын өткізуде жұмыс қабілеті мен арнайы жылдамдық
- күш қасиет шеберлігіне машықтандыру

Футболшының оқу-жаттығуындағы барлық жаттығулар шартты түрде үш топқа
бөлінеді: 1) жарыстық, 2) арнайы дайындық, 3) жалпы дайындық.
Жарыстыру жаттығулары – бұл ережеге толық сәйкес футбол ойынының
біртұтас қозғалыс іс-әрекеттері.
Арнайы дайындық – жарыстыру қимыл-әрекеттің элементтерінен тұратын
нұсқаулары, сондай-ақ сипаты жағынан ұқсас жаттығулар жиынтығы.
Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы футбол дайындығы жаттығуларымен
анықталады. Олар футболшыларға қажет дағдылар мен сапаларды дамытуға ықпал
жасайтындығын есептей отырып іріктеледі.
Өз кезегінде арнайы дайындық жаттығулары жуықтатылған және дамытушы
болып екіге бөлінеді. Жуықтатылған жаттығулар негізінен қозғалыс
техникасының формаларын игеруге септігін тигізеді. Дамыту жаттығуларының
басты міндеті дене-күш сапаларын дамытуға арналған.
Жалпы жетілдіру жаттығулары футболшылардың жалпы дайындығына
бағытталған.
Жалпы дайындық жаттығулары көмегімен футболшылардың қозғалыс дағдыларын,
негізгі дене-күш дайындығының дамуына тиімді түрде әсер етуге болады.
Футболшылардың оқу-жаттығуындағы қолданылатын жаттығулары негізгі және
қосалқы болып екіге бөлінеді.
Негізгі жаттығуларға жататындар:
а) Қозғалыс сапаларының жалпы және арнайы дамуына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz