Футболшылардың дайындық әдістемесі
Футбол сабақтарын өткізу әдістемесінің негіздері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І-бөлім. Отандық футболдың даму кезеңі мен
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...5
1.1. Футболшыларды оқыту - жаттығу процесінде шыңдаудың педагогикалық
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2. Жүктеме мен демалыс жаттығу процесінің өзара байланысты
компоненті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3. Футболшылардың дайындық
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ІІ-бөлім. Футболшыларды дайындау әдісі мен ойын жүйесі және оған берілетін
педагогикалық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..34
2.1. Футболшыларды дайындағаңда оқыту және жаттығу принциптерін жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
2.2. Футболшылардың ойын жүргізу әдіс
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .48
2.3. Оқу-жаттығу процесін жоспарлаудың алғы
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
2.4. Жарысты ұйымдастыру және жүргізу
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі. Футбол - тұрғындардың кең көлемдегі
денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын
құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам
айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер,
жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.
Футбол - атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың,
ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-
жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте
екеуінің де мақсаты бір ғана - жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды
коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді
тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс - қабілетін
көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы
командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан,
климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің
шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін
кеңейтуге септігін тигізеді.
Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт
түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің
дамуына ерекше әсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы
дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы
бір күрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгертіп жүгіру, түрлі
секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып
жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой - осының
барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.
Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы. Олимпиадалық ойындардың
қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене-күш,
техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі
әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз
байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-
жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.
Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және
метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп,
соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігн
арттыруды қажет етеді.
Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын
үлкен спорт түрі.
Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде.
Қазақстан құрама командасы Азия құрылығы федерация құрамынан шығып, бүкіл
әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып
енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық,
тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа
әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90-шы
жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында
футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер
спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-
күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.
Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың
дене-күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі
тиіс.
Сондықтан да оқу-жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы
ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында
жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып
саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігін
қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дәрігер
және психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.
Зерттеудің тәжірибеге қажеттігі. Жиналған мәліметтер бойынша
шұғылданушылардың берлілген жүктемеге бейімделуі олардың оқу-жаттығу
процесінде және жарыстарда түрлі іс-әрекеттерді, күшті жылдамдықты,
ептілікті қажетті жерде қажетті мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл
жұмыста автордың әдістемелік эксперименталды зерттеулерінің тәжірибесі
көрсетілген.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жаңалығы футбол ойынындағы
ойыншылардың жүктемелерін орнықтыру, спорттың жаттығу әдістемелеріне
кіргізіле отырып, дене тәрбиесінің жаңа қолайлы түрлері мен жолдарын
іздестіру болып табылады.
Зерттеу барысында жоғары дәрежедегі футболшылардың және жаңадан
бастаған шұғылданушылардың жүктемеге бейімделу тәсілдерін тәжірибеде
қолдану жиілігі мен ол тәсіл туралы бар білімдері анықталады.
І-бөлім. Отандық футболдың даму кезеңі мен тарихы
Біздің елімізде футбол 18-ғасырдың 70 жылдарынан бастап пайда болды.
Ресейдегі алғашқы футбол ойындарын ұйымдастырушылары ағылшын жұмысшылары.
Сол уақытта ағылшын жұмысшылары мен алғашқы футбол клубтары құрылды:
Нева, Невка, Невакий, Виктория. Одан кейін Харьковтегі
ауылшаруашылығы машиналары заводында Гальферах - Саде, Одессада Британ
атлетикалық клубы құрылды.
1887 жылы Петербургте алғашқы футбол командасы құрылды Кружок
любителей спорта. 1901 жылы Петербург футбол лигасы құрылды, олардың
мүшелері арасында біріншілік өткізіле бастады. Москвада футболдың пайда
полуы Сокольскийдегі футбол үйірмесімен байланысты. 1909 жылы Москва
футбол лигасы құрылыды.
1911 жылы бүкіл Россиялық футбол одағы ұйымдастырылды. Келесі
жылы-ақ оның құрамына Петербург, Москва, Киев, Одесса, Харьков, Тверь,
Севастополь және Николаев кірді. 1912 жылдың аяғында бұл одақ 52 клубтың
одағын біріктірді, ал бір жыл өте - 138 клубты құрады.
1912 жылы Ресей Халықаралық футбол федерациясына мүше болып енеді.
Ресейдің футбол тарихында Петербург пен Москва қалаларының кездесуі ерекше
орын алады. Осы қалалардың арасындағы алғашқы ойын 1907 жылы 2:0 есебімен
Петербург командасының жеңісімен аяқталды. 1917 жылға дейін көптеген
кездесулерді Петербург командасы жеңіп келді. 1912-1914 жылдары Ресейде
күшті командалар болып: Уштобе, Коломяги, Нарва, Спорт (Петербург),
Клуб спорта - Орехово, Сокольнический клуб спорта, Новотреева,
Мамантовка (Моссква), Харьковтың, Одессаның, Тверьдің және Киевтің
жекелеген командалары болып саналады.
1912-1914 жылдары Владивостокта, Ириутсиде, Омекус-Казаньда, Саратовта,
Самарада және басқа қалаларда футбол командалары пайда бола бастады.
1912 жылы Ресей біріншілігінің бірінші ойыны өткізіліді. Финалда Москва
мен Петербург командалары кездесті. Кездесу жеңімпазды анықтай алмады. Есеп
(2:2). Ойынды қайта ойнауда 4:1 есебімен Петербургтің құрама командасы
жеңіске жетті.
Орыс футболшылары алғаш халықаралық аренаға 1910 жылы шықты. Праганың
Коринтиакс командасы қонаққа келген болатын. 1911 жылы Москваға Берлиннің
командасы, ал Петербургке Англияның олимпиадалық командасы келді. Ол
уақытта футболдың техиикасы мен тактикасының қыр-сырын білмейтін орыс
футболшылары шетелдіктерге өз дәрменінде қарсылық көрсете алмай, көбінше
қонақтар ұтысқа жетті.
1912 жылы Ресей футболшылары Олимпиадалық ойындарға қатысты. Бірақ
Ресей футболшыларының Олимпиадаға дайындықтары нашар болатын. Команданың
құрылысы Москва және Петербург командаларынан іріктеп алынған 18 ойыншыдан
тұрды. Ресейден шығар кезде бірде бір оқу жаттығу житынын өткізбеді, ол аз
десе көптеген ойыншылар бірін бірі танымайтын еді. Нәтижесінде бірінші
олимпиадалық ойында Ресей футболшылары футболшыларына 1:2 есебімен ұтылып
қалды. Осы жылдың күзінде Ресей құрамасы Венгрияға 0:12 есебімен ұтылды.
Шетел футболшыларына осылай жеңілуіне қарамастан, бұл кездесулер орыс
футболшыларының тәжірбиесінің өсуіне септігін тигізді. Олар сол кездегі
ойынның техникасы мен тактикасының мейлінше жетілгендігімен танысты, осының
нәтижесі келесі халықаралық ойындарда байқала бастады. 1913 жылы Ресейге
келген Норвегия командасы Москва командасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалып,
Ресей құрама командасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Спорт Ресей командасы
Будапешттің құрама командасын 3:2 есебімен жеңді. 1913 жылы Ресей құрама
командасы Швеция және Норвегия құрама командаларымен 2:2, 1:1 есебімен тең
ойын көрсетті.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін футболдың бұқаралығын арттыруға көп
жағдайлар жасалынды. Кіші қалалар мен ауылдарда жаңа командалар пайда бола
бастады.
Футбол жарыстары дәстүрлі футбол қалаларында ғана өтпелі ауылдарда да
өте бастады. Тверь, Орел, Воронеж, Смоленск, Саратов қалалары арасында қала
аралық жарыстар өткізіліп отырды. Сол кездегі командалардың ешқайсысында
жаттықтырушы болған емес, оның қызметін футбол секциясының төрағасы немесе
команда капитаны атқарып отырды. Жаттығудың барлығы қақпаға доп тебумен
шектелетін, дене-күш дайындығы қолданылмайтын, ал тактикалық жаттығу жоқ
болатын.
1922 жылы Поволжья, Урал, Украина және Москва құрама командаларының
қатысуымен арнайы ел біріншілігі өткізілді. Финалдық ойында Москва
командасы Украина командасын 8:0 есебімен тізе бүктірді. Сол жылы бірінші
рет халықаралық кездесу өтті. Замоскворецкого клуб спорта командасы
Финдердің жұмысшы спорт одағының (ТУЛ) комадасын қабылдап 7:1 есебімен
ойсырай жеңді.
1923 жылы дене тәрбиесі Кеңесі құрылғаннан кейін қалалардың футбол
біріншілігі ұйымшылдықпен өткізіле бастады. Футбол командаларының саны да
өсе бастады. Петроградта 46 ұйымның өз командалары болса, Москвада 30-ға
жетті. 1923 жылы 1-ші Бүкіл Россиялық дене тәрбиесі мерекесінде үлкен
қалалармен қатар Башкирия және Закавказье, Иркутск, Иваново, Гомель,
Ярославль командалары да қатысты. Сол жылы Кеңес футболшылары Москва және
Ленинград командалырының ойыншыларынан құралған команда күшті кәсіпқой
Норвегия және Швеция командаларына емтихан тапсырды. Ресей Федерациясының
бірінші шет елге шығуы ойдағыдай болды. Олар Норвегия командасын 3:2
есебімен жеңіп және сол кездегі күшті клубтардың бірі Ослоны 4:1,
Швецияда Стокгольм құрамасымен 5:5 тең ойнап Швеция құрама командасын 2:1
есебімен жеңді.
1924 жылы алғаш рет РСФСР біріншілігі өткізілді. Ақтық ойында Ленинград
командасы Москваиы жеңді. Осы маусымда II Бүкілодақтық дене тәрбиесі
мерекесінде футбол ойыны үлкен қызыққа бөледі. Бұл жарыста Украина құрама
командасы ойынның жоғары деңгейін көрсетті. Жартылай финалда олар
Закавказье құрама командасын 4:0, ақтық ойында РСФСР -ді 2:1 есебімен
жеңді.
И.Беца, шабуылшылар Б.Татушин, А.Исаев, Н.Симонян, С.Салонников,
А.Ильин, Э.Стрельцов, В.Иванов және Р.Рыжнин сияқты футболшылар болды.
1957 жылы КСРО құрама командасы. Кубок Жюля Рим кубогі жолындағы
жарысқа түсті (Элем чемпионаты).
Алдын-ала өткізілген ойындарға 48 команда қатысты. КСРО құрама
командасы Польша және Финляндия құрама командаларымен бір топта ойнады. Бұл
командаларды жеңіп, біздің футболшылар 1958 жылы 16 команда қатысатын
финалдық турнирге жолдама алды.
Финалдық ойын ережесі бойынша бірінші ойындар төрт командадан тұратын
топтарда айналым жүйесі бойынша бір айналымнан тұратын. Әр топтан жеңіп
шыққан екі команда ширек финалға жолдама алатын. Ширек финалдан бастап ойын
шығып қалу жүйесі бойынша ойналатын.
КСРО құрама командасы Австрия, Англия, Бразилия құрама командаларымен
бір топта өнер көрсетті.
Алғашқы Англия командасымен ойында біздің футболшылар 2:0 есебімен
жеңіп тұрып ойын аяғында қарсыластарына ойынды теңестіруге мүмкіндік беріп
қойды. Есеп 2:2. Австрия құрама командасын 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін
КСРО құрама командасы ең күшті қарсыласы Бразилия құрама командасымен
кездесті. Ойын 2:0 есебімен Бразилия футболшыларының пайдасына шешілді.
Қорытындысында IV топта Англия және біздің футболшылар 3 ұпайдан жинады,
доп айырмасы да 4:4 бірдей болып қосымша ойын өткізілді. Ширек финалға
жолдама алу үшін ойын Гетеборгте жалғасын тапты. Тоғыз күннің ішінде өте
күшті командалармен төрт ойын өткізгеніне қарамастан КСРО футболшылары
Англия командасын 1:0 есебімен жеңіп ширек финалға шықты. Ширек финалда
КСРО командасы Швеция командасына 0:2 есебімен ұтылды.
Әлем чемпионы болып бірінші рет, бүкіл дүние жүзін өздерінің жоғары
техникасымен және өздеріне ғана тән ойындарымен тамсандырған Бразилия
командасы жеңіп алды. Әлем бірінші рет Пеле, Диди сияқты былғары доптың
үлкен шеберлерін өз көздерімен көрді. Бразилиялықтар бұл чемпионатта барлық
командаларға таңсық 1+4+2+4 жүйесін қолданылды. Бұл жүйе футбол тактикасына
төңкеріс жасап, әлем командаларының барлығы осы жүйеге көше бастады.
Спорттық дайындық процесі барысында футболшыларда дағдыларды игеру мен
меңгеру сапалары қалаптасады. Жаттығуларды көп рет қайталау арқылы ағзаның
барлық жүйелеріне әсер етуге болады. Спорттық дайындық дегеніміз -
құралдарды және әдістерді пайдалана отырып футболшылардың жоғары спорттық
көрсеткіштерге жетуін атаймыз.

қағидалары
Спорттық дайындықтың барлық процесін оқыту және жаттығу деп бөлуге
болады. Оқыту деп - шұғылданушылардың қозғалыс пен дағдылардың арнайы білім
беру жүйесінің бастапқы кезеңін меңгеруін атаймыз. Ойынның техникалық
элементтерш, жекелей немесе топтық тактикалық іс-әрекеттер, қозғалыс
дағдыларын қалыптастыруды меңгеру - оқытудың негізігі мазмұны - техникалық
әдістердің, жеке, топтық және командалық тактикалық іс-әрекет, дене күш
дамуы, ерік-жігер сапаларын жетілдіру. Спорттық жаттығу бұл - басқару
әдістеме негізінде құрылған спортшының дайындығы. Оқыту және жаттығу
процесінің тәрбиелік бағыттағы сипаты болуы тиіс. Сондықтан да оқу-жаттығу
сабағына үлкен талап қойылады. Оқу-жаттығу сабағы шұғылданушыларды жан-
жақты дайындауға лайықты құрылуы қажет.
Футбол шеберлігін меңгерудің негізгі тірегі болып футболшылардың
денсаулығы болып саналады, олардың жақсы дене-күш дайындығы, жоғары ерік-
жігер сапалары.
Футболшыларды оқыту-жаттығу процесінде төмендегі қойылатын талаптарды
шешеді:
а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапаларын жетілдіру
э) Спортшылардың функционалды мүмкіншілігін кеңейту (тыныс алу, жүрек
қан тамырлары және басқа да жүйелері)
б) Спорттық жұмыс қабілеттілігін сақтау және көтеру.
в) Спорттағы білімін көтеру, тәртіптілікке, сезімталдыққа,
белсенділікке тәрбиелеу.
Осы талаптарды жаттығу процесінде ретімен шешу адам ағзасының мол
мүмкіншілігін жоғары спорттық көрсеткішке жету үшін барынша көп пайдалануға
болады. Қарсылас командалардың шеберлігінің деңгейін үнемі өсіп отыруы
футболшылардың жан-жақты дайыдығына қойылатын талаптарды жыл сайын күшейтіп
отырады. Осы қойылатын талаптардың жағымды әсері педагогикалық қағидаларды
ретінен іске асыру арқылы шешіледі.
Дағдылардың қалыптасуы мен жетілуі дене жаттығуларын жүйелі түрде
орындауда ғана жүзеге асады. Олар көп жақты болып келеді, оларды таңдау оқу-
жаттығу процесінің талаптарына сай болады. Дене жаттығулары дене тірегіне,
күштің көбеюіне, жылдамдық,төзімділік және ептіліктің жақсаруына әсер
етеді. Сондай-ақ жүрек қан тамырларының жұмысына, тыныс алу және басқа да
ағза жүйелерінің, спорттық жұмыс қабілетінің өсуіне жүктемеден кейін қайта
қалпына келтірудің жылдам жүруі жетілдіреді. Әрбір жаттығу дағдының және
сапаның өсуіне әсерін тигізеді. Сондықтан да дене-күш жаттығуларын басымды
әсер етуіне қарай іріктелінеді.
Футболшының оқу-жаттығуындағы барлық жаттығулар шартты түрде үш топқа
бөлінеді: 1) жарыстық, 2) арнайы дайындық, 3) жалпы дайындық.
Жарыстыру жаттығулары - бұл ережеге толық сәйкес футбол ойынының
біртұтас қозғалыс іс-әрекеттері.
Арнайы дайындық - жарыстыру қимыл-әрекеттің элементтерінен тұратын
нұсқаулары, сондай-ақ сипаты жағынан ұқсас жаттығулар жиынтығы.
Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы футбол дайындығы жаттығуларымен
анықталады. Олар футболшыларға қажет дағдылар мен сапаларды дамытуға ықпал
жасайтындығын есептей отырып іріктеледі.
Өз кезегінде арнайы дайындық жаттығулары жуықтатылған және дамытушы
болып екіге бөлінеді. Жуықтатылған жаттығулар негізінен қозғалыс
техникасының формаларын игеруге септігін тигізеді. Дамыту жаттығуларының
басты міндеті дене-күш сапаларын дамытуға арналған.
Жалпы жетілдіру жаттығулары футболшылардың жалпы дайындығына
бағытталған.
Жалпы дайындық жаттығулары көмегімен футболшылардың қозғалыс
дағдыларын, негізгі дене-күш дайындығының дамуына тиімді түрде әсер етуге
болады.
Футболшылардың оқу-жаттығуындағы қолданылатын жаттығулары негізгі және
қосалқы болып екіге бөлінеді.
Негізгі жаттығуларға жататындар:
а) Қозғалыс сапаларының жалпы және арнайы дамуына арналған жаттығулар.
б) Допты игерудегі техниканы оқыту және жетілдіру жаттығулары.
в) Тактикалық әдістерді, комбинацияларды және ойын жүйесін үйрету және
жетілдіру жаттығулары.
Қосалқы жаттығуларға жататындар:
а) Шартты рефлекстің жаңа жүйесінің құрылуына, ағзаның негізгі қозғалыс
дағдысын іске асыруға арналған жаттығулар.
б) қозғалыс дағдысының бөлшектерііне жақын немесе сәйкес арнайы
жаттығулар.
в) Ағзаның функционалды мүмкіншілігінің кеңеюіне және қозғалыс
дағдысының қалыптасуына септігін тигізетін спорттың басқа түрлерінен
алынған жаттығулар.
Қолданылатын жаттығулардың жалпы көлемін көбейткеннен бір ғана
жаттығуды қолдану арқылы бірнеше міндетті шешу маңызды.
Шұғылданушылардың ағзасына жаттығулардың және басқа да құралдардың
тиімді әсер етуіне табиғи күш пен гигиеналық факторлардың тигізер септігі
зор. Әрине бұл жерде берілнтін жүктеме мен демалыстың алмасуы, өз уақытында
тамақтануы, ұйқы режимі, тұрмыс және еңбек гигиенасы маңызды роль атқарады.
Жоғарғы спорттық жетістікке жетуді міндет қойған футболшы үшін, өз
мүмкіншілігін барынша сарқып қолдану заң болып табылады. Бұл футболшы
спорттық жүктемені орындау кезінде, шығармашылық ұмтылысын көрсете отырып,
прогрессивті формалары мен әдіс құралдарды мейлінше көп пайдаланылады.
Футболда үлкен жетістік, басқа да спорт түрлеріндегідей, жалпы және
арнайы дайындық бірлігін сақтаған жағдайда да мүмкіншілік туғызады.
Жалпы дайындық жаттығуы кезінде спорттық мамандықты басты мақсат етіп
қоймайды, ал жоғарғы көрсеткішке жету алдағы уақыттың межесін сипаттауға
болады.
Арнайы дайындық процеесінде таңдаған спорт түрінің жетілуі үшін уақыт
пен күштің бөлінуі сипатталады.
Футболшы жаттығуында жаттықтырушы жалпы және арнайы дайындық бірлігін
сақтай отырып, жалпының ішінде арнайы, арнайының ішінде жалпы деп ұғынып
жан-жақты дайындықтың қағидасын қатаң сақтауы тиіс.
Жалпы және арнай дайындықтың ара қатынасын іздестіру, жаттықтырушы,
дэрігердің, ғылыми қызметкердің және спортшының шығармашылық іс-әрекетінің
үздіксіз талабы.
Футболшының жаттығуы - бұл үздіксіз жарыс пен оқудың және демалыстың
алмасып отыруының жыл бойғы процесі. Футболшылар арасында сабақ пен жарыс
көбінесе қалпына келмеген жағдайларды өтеді.
Арнайы зерттеулер мен іс-тәжірибе көрсеткендей сабақ пен жарыс ағзаны
өз қалпына келмеген жағдайда өте беруге жіберіледі және көп жағдайда
жарыстың осындай режиміне бейімдеу ақырында футболшы ағзасының жұмыс
қабілетінің көбеюін байқатады. Спортшы жарысқа қысқартылған демалыс күндері
(2-3 күн) арқылы қатысуы мүмкін, бұл оның жыл бойы өтетін жарысқа қатысуына
дайындығын өсіреді.
Жалпыға белгілі адм ағзасы - динамикалық жүйе, ол тез арада стандартты
жағдайға тез бейімделіп, жүктеменің біртіндеп өсуіне немесе кемуіне
көндігеді. Осындай стандартты жұмыс жағдайында дәрежесі үлкен жүктеменің
футболшы ағзасына орташа, орташа-аз болып көрінеді. Жоғары дәрежелі
футболшының таңертеңгілік стандартты жаттығуын жасау, ойын алдындағы дене
қыздыру жаттығуларының ролі футболшының ағзасын жарыс алдындағы ұрыс
дайындығына келтіре алмайтын болды. Жүктемені біртіндеп көбейту мен
жүктемені барынша сарқып қолданудың ара-қатынасын қайта өзгертуді талап ете
бастады. Бұдан шығудың жолы табылды, кезеңдерде стресстік жүктемені
қолдану, ағзаны тепе-теңдік қалпынан шығаруға әкеліп соқтырады. Одан кейін
орта және аз мөлшерде жүктемені қолдану арқылы ағзаның қалпына келуіне және
жоғары қалпына келуіне жағдай жасауға болады. Бұлардың барлығы біртіндеп
жүктемені үлғайту және динамикалық толқын тәрізді сипаттағы жаттығулар
өзара байланыста болады.
Футболшыларды дайындау кезінде жаттығу жүктемелердің біртіндеп және
барынша көп ұлғаюына қойылатын талаптарды шешу үшін жүктемені жаттығу
кезінде және ойын арасында толқын тәрізді өсуін нақты бөлу қажет.
Төмендегі жағдайларды қарастыру керек:
Спорттық жүктемені көтерген кезде ағзаның бұдан да жоғары жүктемені
қабылдау дайындығы;
Жарыста ағзаның барлық ресурстарын жұмылдыру үшін жаттығудың дағдылы
емес құралдарын пайдалану;
Қайта қалпына келтіруді процесін жылдамдату үшін қалпына келтіру
жаттығуларын және құралдарын кеңінен қолдану;
Жаттығу жүктемесінің біртіндеп және барынша көбейту талаптары жұмыс
бірлігі мен қайта қалпына келтірудің органикалық өзара байланысына
сүйенеді.
Іс тәжірибе жүзінде бұл талапты пайдалану жаттықтырушыдан жақсы ілімдік
және тәрбиелік дайындықты, жаттығу өткізуге жақсы жағдай туғызу және
футболшылардың жалпы және спорттық режимді қатаң сақтауды көздейді.
Спорттық жүктеменің және демалыстың, шалдығу мен қайта қалпына келтіру
процесінің өзара әсерін есепке ала отырып, спорттық жүктеменің көлемі мен
қарқынын дұрыс бөлу үшін футболшылар жаттығуына толқын тәрізді жүктемені
қолдану тиімді.
Футболшылардың жаттығу процесінің негізгі заңдылығына оның циклдік
сипаты жатады. Апталық, бір айлық және жылдық циклдерде жарыс кестесінің
тығыздығына байланысты кезеңдік жүктемені азайту, жаттығудың кезеңдері мен
сатыларына байланысты көлемді және қарқынды жаттығулардың өзара әсері,
жаттығуды жоспарлауды қажет етеді.
Жаттығудың дайындық кезеңінде жаттығулар жарыс кезеңіне қарағанда үлкен
көлемде орындалады. Дәл осындай кезде жаттығудың қарқыны жарыстық кезеңде
дайындық кезеңіне қарағанда айтарлықтай жоғары болады.
Апталық және ойын аралық кездегі екпінді сипаттағы циклдер, көлемі аз
және қарқыны аз жаттығу циклдерімен алмасып отырады. Дәл осындай болып ай
аралық және жылдық циклдерде белгілі бір жүйемен алмасып отырады.
Спорттың дамуы, спорттық жаттығуларды өткізу кезінде жаңа қағидалардың
пайда болуына әсер етті. Олардың негізділері: мамандану, жан-жақтылық,
біртіндеп, қайталануы, жекешелік.
Мамандану қағидасы. Футбол шеберлігін игеруде бастапқы ролді атқарады.
Мамандану жаттығуы футболда жаттығудың көп пайзын қарастырады (80%) олай
дегеніміз ойын дайындығы бұл жерде - жеңуші фактор және оны ешқандай басқа
жаттығулармен қуыстыруға болмайды. Қосымша жаттығулар қолданылған кезде
футбол ойыны талабына сай, негізгі қозғалыс дағдысына өзара әсер ететін
жаттығу құралдарына көңіл бөлінеді. Мамандандыру жаттығуына жол жан-
жақтылық қағидасын іске асыру арқылы өтетінін естен шығармау тиіс. Бұған
арнайы дайындық бағытындағы арнайы жаттығуларды іріктеумен, сондай-ақ жалпы
және арнайы дайындықтың ар-қатынасы арқылы қол жеткізуге болады.
Мамандандыру қағидасының балалармен сабақ өткізу кезінде маңызы зор.
Футболға балаларды ерте жастан (7-8 жас) тартуға болады. Футболмен айналысу
балалардың дене дамуына және олардың денсаулығына жақсы әсер етеді.
Жан-жақтылық қағидасы құрамына адам ағзасының барлық жүйесінің өзара
байланыс заңдылығы, олардың орталық жүйке жүйесімен, оларды басқаратын ми
орталығы енеді. Жаттығу кезінде адам ағзасының барлық жүйелері біртұтас
бірігіп жұмыс атқарады. Тек дидактикалық талаптарды ғана оқу-жаттығу үш
жағынан қарастырылады: психика жаттығуы, вегативті және қозғалыс функциясы.
Футболшының жан-жақты дайындығы - спорттық мамандықтың негізі болып
табылады. Жан-жақтылық қағидасы дене-күш, тактикалық, техникалық,
психологиялық және ілімдік дайындықтарды іске асыру арқылы жүзеге
асырылады.
Біртіндеу қағидасы жаттығу кезіндегі жүктемені біртіндеп көбейту және
азайту, жасалынатын жаттығудың көлемі мен қарқынын ұлғайту, жас ерекшелігі,
өткізілу кезеңдерін сақтау, сабақты өткізуді дұрыс ұйымдастыруды
қарастырады.
Адам ағзасында қозғалтқыш күш болады, әрбір жаңа жұмысты атқару үшін
қозғалтып отыруда. Дегенмен ағзаның барлық жүйесі жаңа жұмысты атқару үшін
бірдей жылдамдықпен қосыла бермейді. Әсіресе орталық жүйке жүйкесі абайлап
және біртіндеп қимыл жасауды талап етеді. Спорттық жаттығуда ағзаның осы
ерекшелігі ескерілмесе, жағымсыз жағдайларға әкеліп соқтырады (жарақат алу,
ағзаның тырысуы т.б.)
Футболшылардың оқу-жаттығуында біртіндеу қағидасы спорттық жүктемені
біртіндеп көтеру және азайту, оқу аралық және оқу-жаттығу циклінде,
футболшылардың көпжылдық жаттығу циклі арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе
біртіндеу қағидасы іске асыру кезінде спорттық жүктемені орнықтыруға көп
көңіл бөлу қажет. Жаттығу жүктемесін біртіндеп көтеруді бір қалыпты процесс
деп қарастыруға болмайды. Футболшылардың спорттық жаттығуларында жүктеменің
өсуі көбінесе толқын тәрізді және сатылы болып келеді. Көптеген жағдайда
күшті толық қалпына келтіру үшін жүктемені кезеңдеп азайтуға тура келеді,
өйткені алдағы жүктемені жоғары деңгейге көтеруді есепке ала отырып.
Біртіндеу қағидасы спорттық форманың құрылуы мен дамуының негізіне
енгізілген. Спорттық жүктеменің берілуі, футболшының функционалды
мүмкіншілігіне сай келмесе ол тек қана жағымсыз әсер етіп ғана қоймай,
денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.
Қайталау қағидасы органдар мен жүйелердің өзгеруі, қайта құрылуы және
жетілуі үшін шартты рефлекторлық байланыстардың құрылуына маңызды
физиологиялық талаптарды бекітеді. Спорттық жетістік өсіп отыруы үшін,
футболшы алған білімі мен дағдыларын бекіту керек. Ал бұған жету үшін жұмыс
пен демалысты алмастыра отырып меңгерген әдістерді көп рет қайталау қажет.
Бұрын меңгерілген біраз ұмыт болған техникалық әдістер мен тактикалық
комбинацияларды толық бекіткенге дейін қайталау қажет. Сабақ кезінде
футболшы көп рет қайталау арқылы қимыл қозғалыстарды терең түсіне отырып,
ойын барысында әдістер мен комбинацияларды сенімді қолдануға жаңа нұсқалар
туындайды.
Жаттығулардың қайталау саны футболшының дайындық деңгейіне, оның жас
ерекшелігіне, жаттығу сипатына сабақ өткізуге жасалған жағдайына байланысты
анықталады. Сондай-ақ өз-өзін бақылау мен дәрігерлік бақылаудың көмегі
қолданылады. Оқу-жаттығуды және жарыстарды жүйелі түрде өткізу қайталау
қағидасы іске асыруды қамтамасыз етеді.
Жекешілдік қағидасы спорттық жаттығуда шұғылданушы ағзасының
мүкіншілігі мен оларға қойылатын талаптардың сәйкестігін сақтауды
ескертеді. Бұл қағиданы іске асыру үшін, жаттығу кезіндегі жүктеме, дене-
күш жаттығуларының іріктелуі, олардың қарқыны мен ұзақтығының орындалу
әдістемесі, шұғылданушының жас шамасына қарай, оның функционалдық
мүмкіншілігінің шамасы сәйкес болуы тиіс.
Жаттығудың жекешілдігі футбошшылардың спорттық шеберлігінің дамуын
жылдамдатуға, сондай-ақ тиімділігін арттырып, олардың спорттық іс-
әрекеттірін ұзартады.
1.2. Жүктеме мен демалыс жаттығу процесінің өзара
байланысты компоненті
Дене жаттығуы кезіндегі жүктеме. Дене тәрбиесінің құралдары және
әдістерінің негізгілерінің бірі болып жүктеме болып саналады. Жүктеменің
барынша үлкен, орташа, аз және басқа да сатылары болып бөлінеді. Жүктеме -
жай қалыптағы жағдаймен салыстырғанда, ағзаның қызмет атқару кезіндегі
қосымша берілетін жаттығулар, сондай-ақ қиындық дәрежесінің көбеюі. Дене
жаттығуларының тиімділігі заңды түрде олардың жүктеме өлшеміне байланысты.
Осыдан барып тиянақты түрде сараптау мен бағалау, жүктемені таразылау және
реттеу қажеттігі туындайды.
Жүктеменің ішкі және сыртқы жақтары. Дене жаттығуларын орындау
барысында жүктеменің көрсеткіші бір жағынан атқарылып жатқан жұмыстың көзге
көрінетін сыртқы көлемі (жаттығудың жасалу ұзақтығы, атқарылып жатқан
жұмыстың дене-механикалық түсінік көлемі, алынған қашықтық, қозғалыс
жылдамдығы т.с.с.) екінші жағынан - ағзадағы қызмет атқару және солармен
байланысты органдардың ілгерлеуі; (жүрек соғысының деңгейі, өкпе
желдеткіші, ауа жүлуы, қан көлемінің минуттық соғуы және т.б.). Біріншісі
шартты түрде айтқанда сыртқы жағына жатады.
Жүктемені дене тәрбиесі процесінде реттеуді бақылауда екі жақтың да
маңызы бар.
Жүктеменің көрсеткіші сыртқы жүктеменің орындалуына қарай межеленеді,
ағзаның жауап беру реакциясы сонымен салыстырылып, соған сәйкес жүктеме
есептелінеді. Жүктеменің ішкі көрсеткіші жаттығу кезіндегі олардың
орындалу барысында қызмет атқару дәрежесін жұмылдыру және ағзаның соған
бейімделуі арқылы жүктеме мүмкіншілігінің мақсаттылығы анықталады. Бұл
көрсеткіштерде жүктеме ғана көрсетілмей, сондай-ақ ағзаның оған жауап беру
реакциясы айқындалады. Сонымен дене-күш жаттығуларын орындау барысында
жүктеменің тиімділігін бағалауда сыртқы және ішкі жақтарын бірлестіріп
қарауды қажет етеді.
Ағзаның бірдей бастапқы қалып қатынасында жүктеменің ішкі және
сыртқы жақтары белгілі бір мөлшерлікте болады: жүктеменің сыртқы
жақтарының көлемі қызмет атқару көрсеткіштерімен байланысты; сыртқы көлем
жағынан жүктеме көп болған сайын ағзадағы қызмет атқару қызметі де артады;
біріншісі азайса екіншісі де азаяды. Бірақ-та ағзаның бастапқы қалпы бірдей
болмаған жағдайда да ағзаның алдын-ала дайындықтың және әртүрлі
шапшаңдықтың бір мөлшерлігі байқалмайды. Жаттығудың жүйелі түрде жасалу
нәтижесінде жұмыс қабілетінің ұлғаюы жүктеменің сыртқы жақтары біртіндеп
ішкі жақтарына қарағанда кеми береді (мысалға, белгілі бір қашықтыққа
белгілі бір жылдамдықпен көп рет қайталанып жүгіру, сабақтан сабақ сайын
жүрек қан тамырларының қызмет атқару қызметін жұмылдыру кеми береді, бұл
дегеніміз денеге түсетін жүктеме азая береді, ағза осыған бейімделе
береді).
Жүктеменің көлемі және орындау қарқыны. Жүктеменің көрсеткіші оның
көлемі мен қарқынына байланысты. Жүктеме көлемі жаттығу барысында немесе
бірнеше жаттығуды орындауда жұмыс санынынң қорытындысының уақытқа қатынасы
(жұмыс деп тек механикалық емес, сондай-ақ физиологиялық және жалпы
қозғалыс түсінігінде).
Жүктеме қарқыны жұмыс жиілігі мен дәрежесінің уақытқа
орталықтандырылуы. Көлемнің өлшемі және қарқындылығы жаттығу түріне қарай
анықталады, сондай-ақ жүктеме белгілі бір жаттығуды немесе жаттығудың
әлденеше жиынтығына қарай басталады.
Жекелеген жаттығулардағы жүктеменің көлемі мен қарқыны. Егер де
футбошының әрбір жаттығуына әсер етуші фактор ретінде қарастыратын болсақ,
онда жүктеме көлемі бәрінен бұрын созылмалы әсер етуге, ал қарқыны күш
әсеріне жатады. Тәжірибе жүзінде олардың көрсеткіші көбінесе төмендегідей
болады.
Көлемінің көрсеткіштері Қарқынының көрсеткіштері
сыртқы жағынан
Жаттығу кезіндегі уақыт немесе Қозғалыс жылдамдығы қашықтықты
қашықтықтағы жүгіріп өткен бағындырғандағы жылдамдық.
шақырым (циклдік және арлас
жаттығулар).
Көтеру кезіндегі жалпы салмақ Көтерудің әртүрлі салмағы (бір қи-
(мысалы, штангамен жаттығу мылдағы көрсеткіш).
жасау).
Қозғалыстың жалпы саны Қозғалыс ырғағы.
(циклдік әрекет жасау,
қайталау).
Жаттығу жасау уақытындағы Жұмыс қуаты (мехеникалық
дене жұмысының саны өлшемде кгмс).
(механикалық өлшемде кгм.)
ішкі жағынан
Жаттығудың жалпы пульстік Жаттығудың соғу қарқыны (жаттығу-
бағасы (ЖТС жаттығу жасау дағы тамыр соғуының бағасы оның
уақыты бастапқы деңгейдегі уақытындағы қатынасы).
қатынасы).
Жаттығудың энергетикалық Жаттығудың энергетикалық қарқыны
бағасы (жаттығу барысындағы (жаттығудың энергетикалық бағасы
энергияның қосынды шығыны) оның ұзақтығының қатынасы).
Аталған көрсеткіштер жүктеме туралы аз ғана ақпарат береді. Жүктеменің
көлемі мен қарқынының көрсеткішін анықтау оңай шаруа емес, бұл әлі
шешілмеген мәселе. Бұл көрсеткіштерді есептеу кешені олардың көлемі және
қарқынын анықтау қажет. Дене тәрбиесі процесінде олардың өлшемдері өзгеріп
отырады.
Дене жаттығуларын орындау кезінде жүктеменің көлемі мен қарқынының
өзара қатынасы кері пропорционалды болады: жүктеменің көлемі көбейген
сайын, орындау қарқыны кемиді, және керісінше, орындау қарқыны көбейген
сайын оның көлемі кемиді. Бұл қатынас жоғарыдағы графикте жақсы байқалады.
Әртүрлі қуаттағы жаттығуларға кейбір сипаттамалар (әртүрлі авторлардың
көрсеткіштері бойынша).
Жаттығудың жиынтығьшдағы жүктеменің қосынды мөлшерлері.
Бір жаттығуды қайталау кезінде немесе бірнеше бір типтік жаттығуларды
орындау кезінде жүктеменің көлемі және қарқыны қосындысының сыртқы
жағынан бағалау, егер де олар әр бөлек жағдайда өлшелінген көрсеткіштері
көрсетілген жағдайларда салыстырмалы түрде күрделі емес. Бұл үшін қосылатын
жүктемелерді қосса жеткілікті. Бұған қарағанда бірнеше немесе әртүрлі
сипаттағы жаттығулардың жүктемесін қосу күрделірек. Бұл жағдайда жүктеменің
қосынды көлемі бэрінен бұрыс сыртқы жағынан барлық жаттығуларға жұмсалған
уақыт жиынтығына байланысты. Бірақ-та жүктеменің жалпы көлемдегі алынған
көрсеткіші, тек қана ол туралы жуық шаманы ғана айқындайды (мысалға, бір
сағат жүгіру мен бір сағат гимнастикалық жаттығуларға жұмсалғанда екеуін
қосуға келмейді, сондықтанда оларды қосқанда бұл жаттығуды жасаудағы
жүктеменің жалпы көлемін бағалай алмаймыз). Сол сияқты кеңінен қолданылатын
әртүрлі жаттығулардың жиынтық көрсеткіші, сабақтың моторлы тығыздығы сияқты
(сабақтың жалпы уақытындағы жаттығулар мен айналысудың уақыт пайызы).
Дегенмен жүктеменің қосарлы жиынтықтары өздерінің тәжірибелік маңызын
жоғалтпайды. Олардың ішкі жағының жүктемесінің қосындысымен біршама
пайдалы ақпарат беруі мүмкін. Жүктеме қарқынының қосындысы мен көлемінің
мөлшері жаттығу орындау барысында бір-біріне ұқсас, сондай-ақ керісінше
тепе-тең болады; жүктеменің қосынды көлемі неғұрлым кем болса, жүктеменің
жалпы қарқыны соғұрлым аз болады.
1.3. Футболшылардыц дайындық әдістемесі
Оқытудың және жаттығудың мақсаттары. Сабақтың негізгі мазмұны болып,
отанды қорғауға және шығармашылық қызметке қажетті адамның жан-жақты дене
дамуы мен санасының жетілуі болып саналады.
Бірақ футбол тәрбиесінде тәжірибесінде, жоғарғы көрсеткішті қуалып,
жаттығу мен оқытудың сауықтыру бағыты шығып, тәрбиелік сипаты жоғалады.
Осындай бір жақты көзқарас ереже бойынша қайғылы әрекеттерге әкеп
соқтырады.
Футбол шеберлігін меңғеру тірегі болып, футболшының денсаулығының, оның
жақсы дене дайындығы, жоғарғы ерік-жігер сапалары болып саналады.
Оқыту және жаттығу процесінде томендегі талаптар шешіледі:
а) Қозғалыс дағдылары мен ерік-жігер сапалары жетіледі
б) Спортшы ағзасының функциопалдық мүмкіншіліктері кеңейеді (тыныс алу,
жүрек-қан тамырларының және басқа да жүйелердің)
в) Спорттық жұмыс қабілеттігін сақтау және көтеру
г) Спорт облысындағы білімін кеңейту, өзін-өзі бақылау және гигиена
дағдылары бойынша сіңіру
д) Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, тәртіпті сақтау, белсенділік және
сезімталдылық.
Осы талаптарды жаттығу барысында ретімен шешу адам ағзасының өте кең
мүмкіншілігін жоғары спорттық жетістікке жету үшін толығымен пайдалануға
мүмкіншілік туғызады.
Қарсылас командалардың шеберлік деңгейінің үздіксіз өсуіп отыруы
футболшы дайындығыныд барлық жақтарына күн сайын талапты күшейтіп отыруды
қажет етеді.
Футболшылардың дайындығына қойылатын талаптардың іске асыру жолында,
жаттығудың педагогикалық қағидаларын және бірінші кезекте ғылыми басқарудың
заңдарын қатаң түрде сақтау арқылы іске асырылады.
Оқыту мен жаттығудыц құралдары.
Футбошшылардың оқыту мен жаттығу құралдары болып дене жаттығулары,
гигиеналық факторлар және табиғат күші болып саналады.
Дағдыны қалыптастыру жэые жетілдіру дене жаттығуларын жүйелі түрде
орындау барысында іске асады. Олар копжақы, оларды таңдау, оқыту және
жаттығу процесі барысында қойылады.
Дене жаттығулары күштің көбеюіне, қозғалысты үйлестіруде, жылдамдықты,
төзімділікті және ептіліктің жақсаруына септігін тигізеді. Сондай-ақ жүрек-
қан тамырларының қызметі, тыныс алу және ағзаның басқа да жүйелерінің,
спорттық жұмыс қабілеттің, жүктемеден кейін қайта қайта келу процесінің
жылдам өтуіне де ссптіғін тигізеді. Әрбір жаттығу көп немесе аз мөлшерде
кейбір дағдылар мен сапаларға әсерін тигізеді. Сондықтан да дене
жаттығулары әсер ету жағдайына қарай таңдап алынады.
Футболшылардың жаттығуындағы барлық жаттығулар шартты түрде үш топқа
бөлінеді: 1) жарыстыру, 2) арнайы дайндық, 3) жалпы дайындық.
Жарыстыру жаттығулары - бұл біртұтас қозғалыс әрекеті болмаса олардың
жиынтығы, ережспі сақтай отырып футбол ойынындағы қозғалыстардын тұратын
қимыл қозғалыстар.
Арнайы дайындық - жаттығуларына жарыс қимылдарының элементтері кіреді,
олардың нұсқалары, сондай-ақ іс-әрекеттегі қозғалыс, формасы мен сипаты
жағынан айтарлықтай ұқсас байқалатын қабілеттіліктер (ойын қозғалыс және
комбинациялар).
Арнайы дайндық жаттығуының құрамы футбол ойнының мақсаттылығына
қарайды. Сондай-ақ бұл жаттығулар ойынға нақты тиісті емес. Бұл жаттығулар
дағдылар мен сапалардың дамуына әсер етуіне мейлінше бағытталуын қамтамасыз
етеді. Өз негізінде арнайы дайындық жаттығулары арнайы дайындық және дамыту
болып бөлінеді. Дайындық жаттығулары негізінен қозғалыс техникасын
меңгеруде мүмкіндік туғызады. Дамыту жаттығулары дене-күш сапаларын дамыту
үшін арналған.
Жалпы дайындық жатгығулары - футболшылардың жалпы дайындығына
бағытталған. Оларға әртүрлі жаттығулар өзінің әсер ету жағынан арнайы
дайындық дайындық жаттығуына ұқсастай, бірақ олардан өзгеше. Жалпы дайындық
жаттығуларының көмегімен дене тәрбиесінің жан-жақты мақсаттары тиімді түрде
және негізгі дене сапаларын, футболшылардың қозғалыс дағдыларын шешуге
болады.
Футболшылардың жаттығуында қолданылатын барлық жаттығулар негізгі және
көмекші болып бөлінеді.
Негізгі жаттығуларға жататындар:
а) Қозғалыс сапаларының арнайы дамуына және жалпы жетілуіне арналған
жаттығулар
б) Допты игеру техникасын үйрету және жетілдіру жаттығулары
в) Тактикалық әдістерді, комбинацияларды және ойын жүйелерін үйрету
және жетілдіру жаттығулары.
Көмекші жаттығуларға жататынындар:
а) Шартты рефлекстің жаңа жүйелерінің құрылуына септігін тигізетін
жалпы жетілдіру жаттығулары, негізгі қозғалыс дағдысына ағзаның
функционалды мүмкіншіліғінің кеңеюі
б) Қозғалыс дағдысының қалыптасуына және ағзаның функционалды кеңеюіне
септігін тигізетін басқа спорт түрінің жаттығулары.
Табиғаттың күші және гигиеналақ факторлар жаттығушылардың ағзасына
жақсы әсерін тигізуге септігін тигізеді. Сондай-ақ жүктеме мен демалыстың
кезектесіп алмасып отыруы, уақтылы тамақтану, ұйқы мөлшері, тұрмыс және
еңбек гигиенасы маңызды роль атқарады.
Оқытудың және жаттығудың әдістемесі.
Оқу мен жаттығуды құру кезінде, шұғылданушылардың ерекшеліктерінен
санасын меңгеретін сабақтың мүмкіншілігін ескере отырып әр түрлі әдістерді
қолдану қажет.
Оқыту және жаттығу процесінде томендегі әдістемелік топтар бізге
белгілі:
1. Көрнекілік әдісі: жаттығуларды схемада көрсету, кинограмма, жарыстар
мен оқу материалдарып көрсету.
2. Сөздік әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, нұсқалар, ескертулер, сендіру,
лекция, баяндама.
3. Тәжірбиелік әдістемесі: жаттығулар, олардың нұсқалары (әдістердің
бастапқы оқытылуы, тұтас немесе бөлшектеп), көп рет қайталау әдістемесі,
кезектесіп, аралық ойын және жарыстыру әдістемесі.
Оқыту процесінде жаттықтырушының көрсетіп және түсіндіруі әдістемесі
үлкен орын алады.
Көрсету арқылы жаттығудың орындалуынан мағлұмат алады. Көрсетуге
бірқатар талаптар қойылады. Көрсету кезінде жаттығу барлық шұғылданушыларға
анық көрінуі тиіс, сондықтан да жаттықтырушы шұғылданушыларға ыңғайлы
орынды таңдайды. Жаттығуды көрсету кезінде асықпай, анық және мазмұнды,
оқушылардыц назарын мейлінше маңызды элементтерге аудару қажет. Допты
аяқпен екпіндеп келіп соғу кезінде тірену аяғының допқа қалай қоюын анық
көрсету, допты соғатын аяқтың қозғалысына сипаттама беру қажет. Нақты
көрсетілсе де, әдісті бірдей меңгеру мүмкін емес. Сондықтан да көрсету
түсіндірумен байланысты болуы керек. Көрсету және түсіндіру бір-бірін
толықтырып отырады. Допты табанның сыртқы үстірт жағымен алып жүруді үйрету
кезінде тек қана көрсету ғана жеткілікті, өйткені бұның алдында табанның
ішкі жағымен алып жүруді үйреткен болатын. Дайындығы жақсы футболшылармеп
шұғылданғанда, өздеріне таныс материалдарға негізделген жағдайда, жаңа
техникалық және тактикалық іс-әрекеттерді түсіндірудің өзі жеткілікті.
Сабақ өту кезінде жіберілген қателерді түзету барысында түсіндіру
әдістемесі қолданылады. Сабақтың соңында түсіндіру арқылы шұғылданушыларды
сапасына маңызды сәттерді бекітеді.
Көрнекілік және сөздік әдістемесі арқылы оқытып жатқан материал туралы
жалпы түсінік беріледі. Ойынның техникасын және тактикасын толық меңгеру
үшін, тәжірибелік әдістемені қолдануды қажет етеді. Мысалға іс әрекетті
немесе қозғалысты көп рет қайталаған жағдайда келесі әдістерді қолданады:
а) Жаттықтырушының бір немесе басқа қимылдарды көрсетуі (мысалы, допты
тоқтату т.б.)
б) Жаттықтырушының берген нұсқауы бойынша көрсетілген қимылдың қатесін
түзеу арқылы орындау.
в) Меңгерілген қимыл-қозғалыстың автоматтандырылған дағдыға айналғанға
дейін футболшылардың қайталауы.
г) Қимылды күрделендіру, оған жаңа элементтерді енгізу (мысалы,
тактикалық комбинациялар т.б.).
Ойынды меңгеру кезінде шұғылданушыларды нақты қозғалыс дағдылары
қалыптасады. Сондықтан әрбір әдіс қозғалыс дағдысының қалыптасу сатыларына
сәйкес оқытылады.
Әдісті үйретуде төмендегідей жүйелілік сақталады:
а) Әдіспен танысу
б) Әдісті жеңілдетілген жагдайда үйрету
в) Әдісті ойынға жақын жағдайда жетілдіру
г) Ойын барысында әдісті бекіту.
Әдіспен танысу. Оқудың бұл сатысында шұғылданушылар әдіс туралы нақты
түсінік алулары керек. Назар қозғалыстың маңызды бөлігіне аударылады.
Қозғалысты ұғыну үшін кинограммалар, схемалар, макеттер т.б. қолданылады.
Шұғылданушылар әдісті өз бетінше орындамай тұрып, олар оны дұрыс жасалуына
көңіл аударуы қажет. Үйренген әдісті қайталау кезінде оның дұрыс орындалуын
жүйелі түрде бақылап отыру керек. Жаттықтырушы шұғылданушылардың әрбір
бөлшекті орындауын қадағалайды. Әрбір жіберілген қатені тез арада түзетуі
қажет.
Әдісті үйрену барысында біртұтас және бөлшектеп оқыту әдістемелері
қолданылады. Жеңіл қимылдар әдісі негізінен біртұтас орындалады, ал күрделі
қимылдар бөлшектеніп жасалынады.
Біртұтас орындау барысында әдіс элементтерге бөлінбей бірден
орындалады. Егер де допты екпіндеп келіп табанның алқымымен тебуді үйрету
керек болса, онда жаттықтырушы басында екпіндеп келуді, одан кейін тірек
аяғын қоюды, содан кейін барып аяқты допқа тигізуді үйретпей-ақ, бірден
әдісті біртұтас көрсетіп, оларды орындауға шақырады, соңынан жіберілген
қателерді бөлшектеп көрсетеді.
Оқытудың біртұтас әдісі кезінде қозғалыстың құрылымы сақталады. Ойынның
техникасының әдістерін оқыту кезінде осы әдіс негізгі болып саналады.
Бір немесе басқа әдістерді бөлшектеп оқыту кезінде әрбір элементті жеке
одан кейін оларды бірігуі және біртұтас меңгерілуі қарастырылады. Бірақ-та
элементтерді бөлек меңгере отырып, оларды біртұтас етіп қосу өте қиын,
олардың орындалу сипаты өзгереді. Допты екпіндеп келіп табанның алқымымен
тебуді бөлшектеп үйрету кезінде бір орында тұрып допты тебетін аяқты сермей
алмайсын, ол екпіндеп келгенде ғана үйлесімін табады. Егерде әдісті бір
орында жасатып, аяқты сермеуді назардан тыс қалдырса, ол дұрыс
меңгерілмейді, соның салдарынан оны қайта оқыту үшін көп уақыт кетеді.
Сондықтан да бөлшектеп оқыту әдісін қолдануда күрделі әдістерді үйрену
кезінде абай болған жөн.
Әдісті жеңілдетілген жағдайда үйрету.
Оқытудың бұл кезеңінде шұғылданушылар қозғалыстың құрылымын дұрыс
меңгеруі қажет. Сондай-ақ шұғылданушылардың алдына қойған мақсатты қатаң
сақтауы қажет: алғаш бастапқы қалыпты дұрыс ұстану, қозғалыста дененің қай
мүшелері жұмыс атқаратынын анықтау, олардың бағыты және үйлесімдігі, содан
кейін барып қозғалыстың үйлесімді түрде орындалуы, қозғалыстың нақтылығы,
олардан кейін барып әдістің басқа жақтарына талап қойлыды. Әдісті орындау
кезінде оған жағдай жасалынуы керек, ешқандай кедергі болмауы керек.
Техникалық әдістерді немесе тактикалық өзара қимылдарды оқыту кезінде
орындау жағдайын нұсқалау бастапқы қалыпты өзгерту, арақашықтықты, әдісіті
орындаудағы бағыт, әріптестер саны өзгеруі мүмкін.
Шұғылданушылар оқу процесінде жиі қате жібереді. Жіберілген қатенің
сипатына қарай жаттықтырушы оны түзетуде әртүрлі әдістерді қолданады:
керекті фазаларға назарды аудару, әдісті бөлшектеп үйрену, қайталап
көрсету, түсіндіру т.б. Оқытудың және жаттығудың барлық кезеңдерінде
шұғылданушыларға жекелей көңіл бөлу маңыздырақ.
Ойынға жақын жағдайдайьшдағы әдісті жетілдіру.
Жеңілдетілген жағдайдағы технишкалық әдістерді меңгергеннен кейін, бұл
әдістер күрделенген жағдайда жетілдіріледі.
Бұл жағдайда әдістерді басқа әдістермен әртүрлі байланыста болған
жағдайларда, әртүрлі күш жұмсау, жылдамдықты, дәлдікті орындау,
қарсыласымен әртүрлі ауа райы жағдайында көп рет қайталау қолданылады.
Қақпаға допты соғуды жетілдіру әртүрлі қалыпта орындалады (ұшып келе жатып,
қозғалыста, қарсылық көрсету кезінде) басқа байланыста басқа әдістермен
(тоқтатып соғу, алып келе жатып соғу, допты алып келе жатып - алдау қимылы
- соққы) арнаулы жабдықтарды қолдану арқылы. Жағдайды біртіндеп
күрделендіру керек. Бірақ та жаттығудың біржақтылығын және артық
қайталаудан аулақ болу керек.
Ойындағы әдісті бекіту.
Әдістер түпкілікті ойын барысында бекітіледі. Бұл кезеңде оқу ойындары
маңызды қызмет атқарады. Әрбір оқу ойыны алдында нақты мақсатты анықтау
қажет. Жаттықтырушы бұл жағдайда өз назарын техникалық әдістердің дұрыс
орындалуына ғана аудармай, сондай-ақ ойынды жағдайында тактикалық жағынан
дұрыс орындалуын қадағалайды.
Оқу және жаттығуды ұйымдастыру формалары.
Футболшыларды оқыту және жаттығудың негізгі формасы болып есептелінеді.
Бұл жерде жаттықтырушының жетекшілігімен әр алуан әдістерді қолдана отырып
өткізетін топтық және жекелік сабақтар.
Футболшылармен өткізілетін сабақтарға қойылатын талаптар төмендегідей:
1. Жаттықтырушының жалпы оқыту және жаттығу жоспарына сәйкес сабаққа
қойылатын мақсат тиянақты болуы керек.
2. Сабақ футболшыларды тәртіпке, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке
тәрбиелеу керек.
3. Сабақты футболшылар сапалы түрде және орнықты етіп қозғалыс
дағдыларын және қозғалыс сапаларын қажетті дәрежеде дамытуды меңгере
алатындай жағдайда құру қажет.
4. Әрбір жеке алынған сабақ жалпы сабақ тізбегінің бір бөлшегі болуын
қажет етеді.
5. Сабақтың мазмұны футболшылардың ден-күшінің дамуына, олардың білім
шеберлігін кеңейту және дағдыларды игеру талаптарына жауап беру керек.
Сабақ құрылымы үш бөлімнен тұрады:
Дайындық, негізгі және қорытынды. Әрбір бөлімнің өз мақсаттыр бар.
Дайындық бөлімде сабақтың мазмұны мен мақсаты түсіндіріледі. Сабақтың
негізгі бөлімінің мақсаты табысты шешуге көмек беретін арнайы жаттығулар.
Дайындық бөлімінің мазмұны түпкілікті түрде сабақтың негізгі бөліміне
бағынышты. Егер де сабақтың негізгі бөлімі техникалық әдістерді үйренуге
арналған болса, онда дайындық бөлімдегі жаттығулар аса қарқынды болмауы
тиіс. Атап айтатын болсақ денені босаңсытатын, сіңірлерді созу, техникалық
әдістерді орындауға мүмкіндік беретін буындарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz