Қазақстан республикасының экономикалық саясатының негіздері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Қорғауға жіберілді
Экономикалық теория кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.д., профессор
Ж.Я.Әубәкірова _________
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
050115- Құқық және экономика негіздері мамандығы
Орындаған _________ Қайдар Шалқар
Ғылыми жетекші
Аға оқытушы _________ Дауылбаев Қ.Б.
Алматы 2011
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориалық аспектелері
1.1 экономиканы мемлекеттік реттеу теориаларының эволюциясы ... ... ... ... 7
1.2 Қазақстан республикасының экономикалық саясатының
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..14
1.3 Экономиканы фискальдық реттеудің Қазақстандық ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .23
2. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу басымдықтары
2.1 Дағдарыстан кейін ұлттық экономиканы қалпына келтіру шараларын
сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..31
2.2 Ұлттық экономиканы реттеуді жетілдіру бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ..43
2.3 индустриалды-инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің
қажеттілігі туралы рыноктық көрінбейтін қолтеориясының авторы А.Смиттің
өзі де айтқан болатын.Ол өзінің атақтыАдамзат табиғатының табиғаты мен
себептері туралы еңбегінде келесідей жазды: мемлекеттің мейлінше маңызды
үш міндеті бар:әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету,әділ сот жүргізу және
пайдалылығы үлкен,қоғам үшін едәуір болғанымен жеке тұлғаның немесе шағын
топ шығындарының орынын ешқашан толтыра алмайтын,сондықтан жеке тұлғалар
немесе шағын топтар үшін оларды құрап,ұстаудың пайдасы жоқ белгілі бір
қоғамдық мекемелерді құрып және ұстау міндеттері.[23.14б.] Экономиканы
мемлекеттік реттеудің мәні әкімшілік ресурстарды шамадан тыс қолдану және
таңдап алынған кәсіпорындар мен рынокқа қатысушыларды қолдауда емес, жеке
бастамашылық пен меншіктің барлық формаларын қорғауда болса керек. Биліктің
міндеті - рынок субъектілері қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік
институттардың жұмысын жолға қою болып табылады.[6.11б.]
Бүгінде қазақстан Республикасындағы
шаруашылық жүргізу қызметтері мемлекеттік, өңірлік және жергілікті биліктер
арқылы жүзеге асуда. Сондықтан біртұтас экономикалық және құқықтық кеңістік
қамтамасыз етілмеген жағдайда ұлттық бағдарламалар өміршеңдігінің болашағы
беймәлім күйінде қала береді.[1.3б.]
Билік құрылымдарының реттеуші рөлінің күшеюі уақыт
белгісі болып табылады. қазіргі қолда бар маңызды стратегиялық
бағдарламаларды жүзеге асыру үшін елдегі әлеуметтік-экономикалық
процестердің басқарылу деңгейін жоғарылата түсу оларды ойдағыдай атқарудың
кепілі. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының
объективті экономикалық заңдары негізінде жүзеге асады. Рыноктық қатынастар
жағдайында бұл, ең алдымен сұраныс және ұсыныс заңы, құн заңы Т.б.
Мемлекеттік реттеудің мақсаты рыноктық жүйе қызметінің құқықтық базасын
қамтамасыз ету, өнімді өндірушілер,жеткізушілер және тұтынушылар арасында
заңды және тиімді өзара қатынастарды орнықтыру болып табылады. Мемлекеттік
реттеу өркениетті бизнес әрекетін қалыптастырудың негізгі құралы және
халықтың әлеуметтік теңсіздігін салыстырмалы түзейтін жағдайларды
орнықтыратын күш болып табылады. Аралас
экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен мазмұнын рыноктық
экономиканың мәні анықтайды. қазіргі рыноктың негізгі міндеті өндірістік
және өндірістік емес тауарларға, қызмет көрсетулерге сұранысты
қанағаттандырып тауар тапшылығын жоюға бағытталған әрекеттерді
қалыптастыру.[8.48б.]
Рынокты декретпен енгізуге де тоқтатуға да болмайды. Оның қалыптасуы
белгілі бір өтпелі кезеңді талап ететін тарихи үдеріс. Бүгінде экономиканы
мемлекеттік реттеу барлық елдерде, соның ішінде дамыған елдерде де жүзеге
асырылып келеді. Мемлекеттің белсенді реттеуші рөлінсіз тиімді рыноктық
экономика жасау мүмкін емес.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей әлеуметтік-экономикалық даму
мәселелерін рыноктық стихияның шексіз еркіндігіне беріп қою өте терең
дағдарыстарға итермелейді. Әсіресе, мұндай жағдайларда рыноктық
инфрақұрылым объектілері өлшеусіз жапа шегеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау үшін бірқатар
шараларды жүзеге асыру қажет. Олардың негізгілері мыналар:
• қаржы жүйесін сауықтыру, индикативтік әдістерге көшу, қаржылық
тетіктерді пайдалану;
• бірден жойылуы мүмкін болмайтын шығынды және тиімділігі төмен
кәсіпорындар үшін бейімделу және содан кейінгі даму жағдайларын жасау;
Оларды жеңілдіктер мен дотациялар көмегімен қолдап рынок жағдайына лайықтау
қажет. Келесі кезеңі - мемлекет меншігінен алу және мемлекетке пайдалы
шарттар негізінде жекешелендіру; • елдің
бүкіл шаруашылық кешенін қажетті құрылымдық өзгерістерге ұшырату арқылы
жаңа техника мен технологияларды енгізіп, ресурс сақтау шараларын жүзеге
асыру. Құрылымдық өзгерістерді әдетті әдістермен, яғни капиталдарды
шашырату арқылы қажетті қорлануды жасау - бұл өте ұзақ және ауыр жол.
Мақсатты бағдарланған жоспарлау және сараптаумен астасқан тиімді реттеу,
сондай-ақ құрылымдық өзгерістерді мемлекеттік тікелей және жанама
әдістермен ынталандыру бұл процесті едәуір жеңілдетеді.
• белсенді әлеуметтік саясат жүргізу арқылы рынокқа өтудің халық үшін
теріс салдарын жеңілдету, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, халықты
жұмыспен қамту үшін кешенді шаралар жүйесін жүзеге асыру.
• айқын антимонополиялық саясат жүргізу, монополиялар қызметіне мемлекеттік
бақылауды күшейту, ірі монополиялар меншігін акцияландыру кезінде ондағы
мемлекеттің үлесін арттыру.[9.19б.] Реттеудің
басты тетіктеріне құндық пропорциялар жатады. Олардың көмегімен
экономика сфераларында даму және ұдайы өндіру пропорцияларын
қалыптастыруға болады. Бағалар,
салықтар, солар бойынша жеңілдіктер, қаржылық ресурстарды бөліп беру,
кредиттік қойылымдар, ренталық төлемдер, еңбекті төлеу, зейнетақы,
жәрдемақы мөлшері - мұның барлығы өндірістердің, өңірлердің экономикалық
мүдделеріне әсер ететін экономикалық тетіктердің жиынтығы болып табылады.
Мемлекеттік реттеудің маңызды элементіне бағаларға бақылау орнату мәселесі
жатады. Әрине, рыноктық экономика жағдайында барлық өнімдердің бағасына
бақылау орнату мүмкін емес. Дегенмен, шикізат бағасына бақылау қажет,
себебі ол бағалардың барлық тізбегінің қалыптасуына әсер етеді. Сондай-ақ
әлеуметтік маңызы зор негізгі тауарлар бағасына да бақылау орнату қажетті
іс-әрекеттердің қатарына кіреді. Мемлекеттік реттеу жай
ғана ұйымдастыру - басқару немесе экономикалық мәселе емес, ол әлеуметтік
мәселе де болып табылады. қазіргі кезеңнің, яғни экономикалық өсуді
тұрақтандыру жағдайындағы реттеу рыноктың құндық құралдарын пайдалану
принциптеріне негізделуі керек. Өтпелі
кезеңде тауар-ақша қатынастарын пайдаланудың мәні мынада: 1.
құндық категориялардың сандық параметрлерін жоспарлы түрде реттеуді
қамтамасыз ету және оны тауар өндірісі заңдарының шарттарына сәйкестендіру
қажет, яғни қоғамдық еңбек шығыны тепе-теңдігі базасындағы эквиваленттік
заңына және оған қоғамдық қажеттілік шамасына сәйкестендіру абзал.
2. Өнімге
қоғамдық қажеттілік шамасының әсері арқылы құндық параметрлердіңң мәнін
өзгерте отырып, өндірушілер мен тұтынушылардың шаруашылық мүдделеріне
мақсатты әсер ету қажет. Бұл арада құндық категорияларды құрылым және
өндіріс пен тұтынуды реттеу құралдары ретінде пайдалану керек.
3. тауар өндірушілерге
құрылым және өндіріс көлемі, өнімді бөлу және өткізу туралы орталықтандыра
орнықтырылған құндық параметрлер шектеріндегі шаруашылық шешім еркіндігін
бере отырып, жалпы мемлекеттік жоспарлы көрсеткіштерді орындауға кәсіби
ынталандыру. 4. қоғамға қажетті өнім өндіруді
тауар өндіруші үшін де пайдалы ету бағытында олардың түпкі мақсаттарының
жақындасуына және бір жерден шығуына қол жеткізу.
Рыноктық шаруашылық жағдайындағы өндіргіш күштер дамуының
жоғары деңгейі және осы деңгейдің объективті экономикалық заңдарға
сәйкестігі экономикаға мемлекеттің араласуы арқылы ғана қол жеткізуге
болатын мәселе.[5.78б.]
Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері келесідей:
• Экономиканы мемлекеттік реттеу өтпелі кезеңнің бастапқы сатысында
экономиканы ырықтандыру (либерализациялау) бағытындағы шараларды жүзеге
асыру; екінші кезеңі - экономиканы тұрақтандыру бойынша шаралар жүйесін
жүзеге асыру және қорытынды кезеңі -тиімділікті арттырып, тұрақты өсуді
қамтамасыз ету. •
Экономиканы мемлекеттік реттеу мүдделердің тепе-теңдігіне жеткізуі тиіс,
яғни бір жағынан ол экономикалық реформалардың тиімді барысы~ қамтамасыз
етуі тиіс, екінші жағынан табыстар мен ресурстарды әділ бөлуге қол жеткізуі
қажет. •
Рыноктық еркіндікті сақтай отырып табиғи, адам, қаржы ресурстарын ұтымды
пайдалану арқылы бюджет түсімдерін көбейтуге, құрылымдық өзгерістерге,
жалпы ұлттық экономиканың дамуына жол ашуы керек. • Реттеу
арқылы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, салалық, өңірлік, сондай-
ақ мақсатты бағдарламаларды жасау, инвестициялық жобаларды, қысқа және ұзақ
мерзімді болжамдарды түзу жұмыстары атқарылуы тиіс.
• Мемлекеттік реттеу негізінде
өңірлердің қаржылық дербестігін, олардың даму деңгейлерінің біркелкілігін
және табиғи-экономикалық жағдайы төмен аймақтарды жан-жақты қолдау жүзеге
асырылуы қажет. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті.
Диплом жұмысының мақсаты-экономиканы мемлекеттік реттеу
теориалары аясында қазақстан республикасының экономикалық саясаты және
экономиканы реттеудегі шетелдік тәжірибе негізіндегі ұлттық экономиканы
мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерімен басымдылықтарын сараптау арқылы одан
ары даму бағыттыраын анықтау болып табылады. Диплом
жұмысының міндеттері: 1) экономиканы
мемлекеттік реттеу теориаларының эволюциасын ғылыми сараптау;
2) қазақстан
республикасының экономикалық саясатын тіктеп көрсету; 3) ұлттық
экономиканы реттеуді жетілдіру бағыттарын анықтау; 4)
индустриалды- иновациалық үрдістерді мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін
ғылымын бағңалау.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысын даярлау барысында отандық және
шетелдік экономист- ғалымдардың еңбектері,жекелеген мен ғылыми
басылымдар,қазақстан республикасы статистикалық агенттігінің мәліметтері
т.б.пайдаланылды. Диполом жұмысы
екі бөлімнен, алты параграфтан төрт қосымшадан,пайдаланылған әдебиеттер
тізбесінен тұады. Диплом жұмысының кіріспесінде
таңдалған таұырыптың өзектілігі,экономикалық қажеттілігі,практикалық
пайдалылығы,зерттеу деңгейі,құрлымы мен мазмұны негізделеді.
Бірінші бөлімде экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық
аспектілері тұрғысынан реттеу теорияларының эволюциясы,Қазақстан
республикасы экономикалық саясатының негіздері,экономиканы мемлекеттік
реттеудің маңызды бөлігі – фискаллдық реттеудің қазақстандық ерекшеліктері
сарапталады.
Екінші бөлім ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудің басымдылықтрыына
арналған.бұл бөлімде дағдарыстан кейінігі ұлттық экономиканы қалпына
келтіру туралы ғылыми жіктелліп олардың тиімділігіне бағалау
жүргізеді.сонымен бірге ұлтттық экономиканы жетілдіру бағыттары нақтыланып
көрсетілу негізінде елімізде жүзеге асырылу үстіндегі идустриалды
–инновациалдық үрдістерді мемлекеттік реттеу жан – жақты талданып
,нәтижелері ұсынылады. Қорытынды зеттеудің
логикалық тұжырымдарын жинақтап көрсетеді. Диплом жұмысы кіріспеден,екі
бөлімнен алты тараудан төрт қосымшалардан жане пайдаланылған әлемдік және
отандық экономикалық әдебиеттерден құралған.
1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориалық аспектелері.
1.1.Экономиканы мемлекеттік реттеу теориаларының эволюциясы
Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам мүддесіне нарықтық қатынастарды
қалыптастыру кезінде тұрақты дамуды қалыптаструды қамтамасыз етуде
экономикада әсер ететін әдістердлің жинтығын көрсетеді.Бұл жағдайдағы
экономика деп өндірістік – экономикалық қатынастар субъектілерінің
арасындағы байланыстар формасы ретінде өзінің нарығы мен өзінің
меншіктік,басқару,ұйымдастыру және бөлу үлгілерімен елдің қоғамдық құрылымы
түсіндіріледі.Экономиканың түрақты дамуы адамның өмірі мен денсаулығын
сақтауға ,демографиалық мәселелерді шешуге,халық табысының арасындағы
айрмашылықты төмендетуге, кедейлікті жоюға ,ұлттық табыстың өсуне
бағытталған шаралар кешенін өткізуді көрсетеді.[1.13б.]
Экономиканы реттеу үрдісінде мемлекеттің басшылық ететеін бағыттамаларына
өмір сүру сапасы мен экономикалық даму деңгейін мінездейтін келесідей
көрсеткіштер енгізіледі: адамның өмір сүру ұзақтығы,халық басына шаққандағы
табыс (жалпы ішкі өнім),жұмыспен қамту деңгейі,адам құқығын өткізу
дәрежесі,білім алу деңгейі,қоршаған орта жағдайы. Экономиканы реттеуде
мемлекеттік араласу дәрежесі оның тарихи даму кезеңіне байланысты және
қоғам жағдайымен шартталған.Дағдарыстар,соғыстар мен экономиалық қайта
құрылу уақыттарында мемлекеттің рөлі күшейеді.
Бірақ сол уақытта тұрақтандырлу кезеңдерінде мемлекеттің рөлі
төмендемеген,бір қатар ғалымдардың сынаунша ,экономиканы мемлекеттік реттеу
бойнша шаралар жалғастырлған және тұрақты мінезге ие болған.біздің
көзқарасымыз бойнша ,елдің дамуы тұрақты болған кезеңдерде мемлекеттің
араласудың екі бағыты ғана өзгерілген жаңа мемлекеттік экономиканың сапалы
жақтары мен оның тиімділгін реттеуге көп көңл бөлген.
Дамудың мұндай кезеңдерде экономиканың ісіне мемлекеттің араласуы жабық
торлық мінезге ие болды.мемлекеттік араласудың мұндай мінезі бейнелік
түсініктің пайда болуына негіз берді.мемлекет көрінбейтін қоларқылы
экономиканы керекті арнаға бағыттап отырады. Экономиканың
тиімділгіне зерттушілердің пікірі бойынша тек құқықтық тәрптіпті сақтау
,үшінші жақтың мүдделерін қорғау,бірқатар нарықтарды тікелей реттеу мен
нарықтық қатынастардың еркін ниеттілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым
түріндегі басты атрибуттар түріндегі мемлекеттің құқықтық институттарының
(заңдар,соттық жүйе атқару)санымен үлестірлген жұсысы кезінде нарықтық
механизмдер(көрінбейтін қолдеп аталатын)экономиканың жоғары жұмыс
қаблеттілігін қамтамасыз ете алады.[10.69б.]
Соңғы уақыттарда экономиканың қызымет
етуі,ұйымдастырлуы мен даму қағидалары туралы әр алуан көзқарастары
қалыптасты.классикалық нарықтық позициадан бастап толығыменен қарама-қайшы
маркетікке дейнгі. Классикалық позицияның негізін қалыптастырушылардың
бірі А.Смит экономикаға мемлекеттің араласуын жібермеумен нарықтық өзін-өзі
реттеу жеткілікті аксиомасының рангісін жасады.олкөрінбейтін
қолтұжырымдамасын негіздеді,ондағы негізгі элемент экономикалық адам
болып таблады.[22.108б.]
А.Смиттің ойы бойынша,қоғамның игілік жағдайы мен басқа субъектлер,
таварлар мен қызыметтерді еркін айырбастау натижесінде жекелеген
индивидтердің негізінен кездейсоқ және жағымсыз іс- әрекеттерді қамтамасыз
етеді. Әрі қарай қайта өндірудің дағдарыстарын жоққа шығаратын және ұсыныс
сәйкес келетін сұранысты тудыратындығын бекітетін Сэй теңдігі пайда болды.
Капитализм дамуының
ерте сатыларында мемлекеттің экономикаға араласуы негізінен екі қызметпен
шектеледі деген пайымдаулар басымдық танытты. Олар: жеке меншік құқықтарын
заңнамалық тұрғыдан қорғау және экономикалық таңдау еркіндігін
қауіпсіздендіру. Мемлекеттің экономикалық рөлі аталған бастапқы құқықтарды
жүзеге асыру болып табылады. Осыған байланысты ХУІІІ-ХІХ ғ.ғ. экономикалық
әдебиеттерде laisser-fire (ісәрекет еркіндігі констебль тезистері, яғни
мемлекет – бұл жеке меншіктің түнгі күзетшісі деген ұстаным кеңінен
тараған болатын.[8.27б.] Классикалық мектептің
тағы бір өкілі Жан Батист Сэй өзін-өзі реттеу механизмін көрсету үшін
келесі идеяны алға тартты. Тауар және қызмет көрсетулер өндірісі үдерісінің
өзі өндірілген тауарлар құнына тең табыс жасайды. Бұл өндірістің өзі
жасалған игіліктер мен қызмет көрсетулерді сатып алуға қажетті табысты
автоматты түрде қамтамасыз етеді деген сөз. Ұсыныс өзіне сәйкес сұранысты
туындатады дейтін Сэй заңы мәртебесін алған тұжырымның мәні осындай.
қоғамдық тепе-теңдіктер
пайыздық қойылым, баға, жалақы, бәсеке тәрізді рыноктық механизмдермен
реттеледі. Жоғары немесе төмен жылжу арқылы бұл механизмдер рыноктық
субъектілердің тиісті әрекетін қадағалап отырады және экономиканы
теңдестірлген даму мен толық жұмыспен қамту жолымен жетелейді. Еңбек
рыногындағы бәсеке мәжбүрлі жұмыссыздыққа қарсылық білдіреді.
Классикалық мектептің ендігі бір өкілі Д.С. Милль өзінің еңбектерінде
laisser-fire жалпы практикалық принцип болуы тиіс және одан кез-келген
ауытқу, ақылдан озған бірдеңе болмаса, зиянның нағыз өзі болып табылады
деп жазған еді. Классиктердің идеясы, атап айтқанда Сэйдің өндіріс өзіне
жеткілікті сұранысты өзі туындатады деген идеясы ғасыр бойы экономикалық
теориядағы ақиқаттың дәл өзі деп саналып келді.Белгілі Американдық ғалым-
экономист Дж.Гэлбрейттің айтуынша ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
адамдардың Сэй теориясын қабылдауы немесе қабылдамауы экономисті ақымақтан
ажыратудың негізгі белгісі болып келген. Мемлекетті түнгі күзетші ретінде
тану ХУІІІ-ХХ ғ. бас кезеңдедері де капитал туындауы мен еркін
кәсіпкерліктің дамуы заманына тура келген еді. Ол кезеңнің әлеуметтік-
экономикалық негізін өндіріс ресурстарына шағын меншік пен экономикалық
байланыстардың еркін бәсекелі рынок арқылы жүзеге асырылуы сипаттаған
болатын. Мұндай жағдайларда рынок шын мәнінде реттеуші қызметтерді
ойдағыдай атқарып келді, сондықтан мемлекеттің рөлі рыноктың гүлденуіне
ешкімнің де ешнәрсенің де кесірін тигізбеуді қадағалаумен шектелгені тарихи
шындық болатын.[7.11б.] Англиядағы 1825 жылғы экономикалық
дағдарыстан бастап әрбір 10-12 жылда көптеген елдерде қайталанып отырған
экономикалық дағдарыстар өзін-өзі реттейтін рыноктық механизмдердің кейбір
жағдайларда істен шығып қалуын көрсетті. Еңбек өнімділігінің жедел артуы,
сондай-ақ экономикалық өсу қарқынының серпінділігі салдарынан құн заңы
сұраныс пен ұсынысты еркін реттеуші рөлін атқара алмайтын жағдайға душар
болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ұлттық өндірістер орасан зор
масштабтарға жетті. ХІХ ғасырдың соңы ғылыми-техникалық прогресс қарқынының
жеделде және жаңа салалардың туындауы әсері қоғамдық еңбек бөлінісінің
тереңдей түсуіне әкелді. Жеке меншік капиталдар қызметін қалыпты
ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін үйлестіру және антикризистік реттеу
қажеттілігі туындады.
1929-33 ж.ж. әлемдік дағдарыс және Үлы күйзеліс мемлекеттің
рыноктық экономикадағы рөлі туралы классикалық теорияны қайта қарауды талап
етті. Практикaның талаптарына жауап ретінде ағылшын экономисі және қоғам
қайраткері Дж.М.Кейнс мемлекеттің рыноктық экономикаға араласуының
объективті қажеттілігі туралы жан-жақты негізделген теорияны талдап жасады.
Дж. Кейнс негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс
бар екендігін дәлелдеп, оларды мемлекеттік шешімдер арқылы жүзеге асыру
жөнінде практикалық шараларды қолға алды. Осылайша Дж. Кейнс
макроэкономикалық немесе ұлттық шаруашылықтың мемлекеттік қызмет өрісінің
теориялық негіздерін қалады. Дж. Кейн с
теориясының негізгі нәтижесі капитализм өзін-өзі реттейтін жүйе емес, онда
тепе-теңдіктің ішкі механизмдері жоқ деген тұжырым, сондықтан да Дж. Кейн с
капиталистік экономиканы мемлекеттік реттеу теориясының негізін қалаушы
болып есептеледі. Оның теориясы және экономиканы мемлекеттік-монополистік
реттеу бағдарламасы өзінің басты еңбегі Жұмыспен қамту пайыз және ақшаның
жалпы теориясы (1936ж) еңбегінде баяндалған. Өзінің зерттеулерінде Дж.
Кейнс жинақталған көрсеткіштерді пайдаланады.: жиынтық сұраныс, жиынтық
ұсыныс, жиынтық инвестициялар т.с.с. Оның пайымдауларындағы бастапқы нүкте
жиынтық сұраныс болып табылады. Дж. Кейнстің пікірінше мемлекеттің рынокқа
әсері сұранысты ұлғайту мақсатындағы бюджеттік-қаржылық, кредиттік-ақшалай
реттегіштерді қолдана отырып экономикалық конъюнктураны, циклдық тербеліс-
ауытқуларды, экономиканың жоғары өсу қарқынын және жұмыспен қамту деңгейін
қолдауды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.[8.25б.]
Тұтынушылық талғауды сипаттау үшін Дж. Кейнс тұтынуға шекті бейімділік
түсінігін енгізді. Инвестицияның өсімі және шығарылым (табыс) арасындағы
тәуелділікті түсіндіру үшін ол мультипликатор (табыстың өсімімен осы өсімді
мүмкін еткен инвестициялық сұраныстың арақатысы) түсінігін пайдаланды.
Кейнстік теория құралдарын пайдалану соғыстан кейінгі кезеңде дамыған
елдерде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етті.
Дегенмен, өткен ғасырдың 70-жылдары ұдайы өндіріс жағдайы күрт нашарлап
кетті. Стагфляция (күйзеліс жұмыссыздық және инфляцияның өсуімен бір
уақытта орын алады) жағдайындағы ағылшын экономисі Филлипс ашқан тәуелділік
бойынша жұмыссыздық және инфляция бір уақытта өсе алмайды (Филлипс қисығы).
Дағдарыстан шығудың Кейнстік жолдары инфляциялық серіппені (спиральді)
одан әрі ширықтыра түседі. Аталған дағдарыстың әсерінен мемлекеттік
реттеуде түбегейлі қайта құру орын алды да реттеудің жаңа моделін
қалыптасты. Қазіргі кейнсиандық бір емес,
бірнеше макроэкономикалық теориялардан құралып, макроэкономикалық саясаттың
құралдарын таңдау мүмкіндіктері бар екендігін айқындайды. неоклассикалық
теорияның классикалық теориядан аиырмашылығы - ол біртұтас концепция емес.
Дегенмен, кейбір жалпы принциптері классикалық теория принциптерімен үндес
болып келеді. Бұл теория бірнеше мектептердің өкілдерін біріктіреді.
Неоклассикалық бағыт ағылшын, австриялық, американдық ғалым-экономистердің
еңбектерінде көрініс тапты. Аталған бағыттағы толық және құнды
мағлұматтарды ағылшын экономисі А. Маршаллдың (Кембридж мектебі)
еңбектерінен табуға болады. Неоклассиктер еркін бәсеке және рыноктық
механизм жағдайларындағы шаруашылық жүргізу заңдылықтарын қалыптастырды
және бұл жүйенің экономикалық тепе-теңдік принциптерін анықтады. Мұндағы
басты идея рынокта жүріп жатқан үдерістерді анықтайтын сұраныс пен
ұсыныстың өзара әрекеті болып табылады. Айталық, А.Маршалл өндірістік
шығындар теориясы мен шекті пайдалылық туралы австриялық мектептің
ұстанымдарын негізге ала отырып тепе-теңдікті баға концепциясын талдап
жасады. Неоклассикалық теория бойынша бәсеке жағдайындағы бағалардың
автоматты қозғалысы ұсыныс пен сұраныс және өндіріс пен тұтыну араларындағы
тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Сондықтан, мемлекеттің қандай болмасын
бағаны реттеуі тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі. Осылайша неоклассикалық
теория мемлекеттің экономикалық болмысқа араласпауы принципін жариялайды.
Елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігі сұрақтарын,мемлекеттің позициясы
жағынан тек жекелеген,маңызды шаруашылық субъектілеріне көмек көрсетуге
байланысты сұрақтарды шешуге негізінен мемлекеттің араласуын шектеу
көзқарастарын жаңа клкссикалық саяси экономика жақтаушылары,монетаристер
қолдады.Олар нарықтың автономдылығы ойын қолдады.Бұл бағытқа қарама қарсы
мемлекеттік реттеушілік рөлін белсендендіретін маркстік теория дамыды.
Бірақта пайда болатын өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын
іздеу барысында нарықтық және мемлекеттік экономиканы реттеудің әр түрлі
аспектлерін синтездейтін көптеген теориалармен ағымдар пайда болады,осылай
мысалы сәйкестендірілген фискалды саясатты жүргізу мен жиынтық сүранысты
мемлекеттің ынталандыруын қарастырытын Дж кейнстың нарықтарды
макроэкономикалық реттеу теориасы [8.115б.]
Уақыт көрсеткендей капитализымның нарықтық экономикасы да ,сондай –ақ
социализымның жоспарлық экономикасы да өзінің артықшылығы туралы
категориалық бекітілімнің жарамсыздығын көрсетті.
Кейнсшілдер- үлкен үмітті және мемлекеттік құрылымдармен нарықтық
экономиканы белсенді реттеуді жақтаушылар.бұл салық салу мен салықтық
жеңілдіктерді бөлу жүйесіне мемлекеттік шығындардың өсуі мен белгілі бір
жағдайларда бюджеттік тапшылықтарды қолдауды көрсетеді.инвестициалық
процестер мен баға белгілеуге мемлекеттің тікелей араласуын жоққа
шығармайды.кейнстік саясат әлеуметтік жауапкершілік пен еңбекке жарамды
халықты толық жұмыспен қамту саясатымен байланысты.
Монетаристер-шағын үкіметті қолдайды. Яғни шағын бюджетті,үкімет
қызыметіндегі тұрақты несие ақша және бюджеттк параметрлерді,максималды
еркін нарық пен әрекет етуші тиімді бәсекені қолдайды.мемлекеттің
басымдылықты мақсаты-қатаң несие-ақша саясатымен жететін ақша айналымының
тұрақтылығы,сонымен қатар монополиаға қарсы шаралар көмегімен еркін баға
белгілеуді қамтамасыз ету.Бірақта осы екі бағытты жақтаушылыр арасындағы
идеялық күреске қарамастан,олардың арасында ешқашанда шешілместей
қайшылықтар болған жоқ,екі бағытта нарықтық экономикаға деген бірдей
сенімді ұстанады.екеуі де мемлекеттің маңызды экономикалық қызыметтерін
моиындайды.олардың көзқарастары экономикалық үрдістерге мемлекеттің
араласуын жалпы масштаптарын бағалауда,сонымен қатар нені реттеу
керек,қандай әдістермен және қандай мақсаттармен түсініктеріне
бөлінеді.[2.9б.] Дж.М.кейнстің
теориасы қоғамдық ұдайды өндірістегі мемлекеттің орнының рөлі туралы
сұрақтарға жаңа тәсілді қалыптастырды және экономикалық теориада әрекет
ететін мемлекеттік қаржылыр туралы бұрынғы көзқарастармен үзілісті
көрсетті.1929-1933 жылдағы экономикалық дағдарыс әсерінен пайда болған
Дж.М.кейнстің теориасы өнеркәсіптік елдердің шаруашылық жүйесінің
анықсыздылығының жоғары дәрежесінен,байлықтың дұрыс бөлінбеуі,қор жинау мен
инвестициалау шарттарының сәйкессіздігі.бағаның қатаңдылығынан (әсресе
еңбек нарығы мен ссудалық капитал нарығындағы) экономикалық тепе-теңдікке
автоматты жетудің мүмкін еместігін мойындады. біз өмір сүріп жүрген
экономикалық қоғамның мәнді ауруы толық жұмыспен қамтудың мүмкін еместігіl,
соныменен қатар табыстар мен байлықтың дұрыс бөлінбеуі болып табылады, -
деп атап көрсетті Дж.М.Кейнс.[10.31б.]
Ал макроэкономикалық реттеудің кейнстік
тұжырымдамасына тікелей келетін болсақ, онда оның дамyы үш негізгі сәтті
енгізді: Үкіметтің қаржы саясатының басты бағыттаушысы
ретінде бюджеттің тепетеңдігі идеясынан бас тарту;
өндіріс динамикасына тапшылықтың әсер ету териясын құру;
қаржы министрлігінің іс-әрекетін қолдайтын құрал ретінде несие-
акша саясатының рөлін жаңадан тусіну.
70- жылдардың екінші жартысында ксйнсшілдер, батыс экономикалық ой-
пікірдің басты ағымы болып қала отырып, дағдарыс кезеңіне енді. Оның барлық
құрылымында күрделі ауысулар болды, ол эқономикаға мемлекеттің араласпау
керек либерализм идеологиясының кайта жаңғыруына мүмкіндік берді. Осы
уақытта, бұл процестер 70-ші және 80-ші жылдарда жүріп жатқан индустриалды
дамыған елдердің шаруашылық механизміндегі терең өзгертулерді
бейнеледі.ғылыми-техңикалық төңкеріліс пен экономиканың
интерүлттандырылуыньң жаңа кезеңнің әсер етуімен, бір жағынан, трансұлттық
корпорациялардың рөлі кушейді, ал басқа жагынан - икемді, тәуекелдікке
дайын шағын және орта кәсіпкерлік қызметінің сферасы кеңейді. Нәтижесінде,
нормативті реттеудің торапталған жуйесі мен бюджеттік жүйе арқылы ұлттық
табысты оспелі қайта бөлуімен, материалдық өндіріс көптеген салаларында
(Еуропада) кең таралған 50-70 жылдар бойы қальптасқан шаруашылық типі,
экономикаға мемлекеттік араласудың консервативтік кағидаларына негізделген
басқа типіне орнын берді. Экономикалық реттеудің мұндай формасы бәсеке,
нарык, жеке-дара қызмет басымдықты алатындығын көрсетеді. Бұл жағдайда
мемлекеттің салықтары мен шыгындары қысқарады, оларды және мемлекеттік
бюджетті манипуляциялау жойылады, ал мемлекетке өз елдерінің бәсеке
қабілеттілігін жоғарлату мен өсудің стратегиялық шарпарын қамтамасыз етуде
дирижер рөлі ғана қалады. Осының барлығы монетаристік идеяға қайтып
оралғандығын куәландырады. Манетаристік теорияның неғұрлым көрңекті өқілі
американдық галым М.Фридмен болып табылады. Монетаризмнің көсемі өзінің
кейнстік теория мен саясатқа сынаушылық басқыншылығын 50-ші жылдарда
бастаған болатын. Кейнстік теорияға қарсы ол және оның
қолдаушылары экономикалық циклдің монетарлық теориясы мен ұлттық табыс
деңгейін анықтаудың монетарлық теориясын ұсынды. Кейнстік үлгінің негізгі
факторлары - инвестициялар мен тұтынуға - монетаристер қарама-карсы олардың
ойы бойынша, ұлттық табыс динамикасындағы және оның циклді аутқуының
қалыптасуындағы шешуші рөлді ойнайтын ақшалай факторды қойды. Осы кезде,
маңызды мәнге ақшалай сұраныс пен оны ұсыну арасындағы айырмашылық ие.
Нақты сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылықтан, ақшалай ұысыныстың
тұраксыздығынан монетаристер экономиканың тұраксыздығы мен циклді
ауытқуының себебін көреді. Монетаризмнің
жарқын өкілдерінің бірі М.Фридмен болып табылды. Ол айтқандай,
экономикалық өсу қарқыны өзекті мәселе болып табылмайды, ұлт ушін маңызды
мәселе екенін айтпағанда. Бұл жеке тұлға үшін өзекгі мәселе. Идеалды
қоғамдағы үкімепің рөлі өздері үшін осы сұрақты адамдарға шешуге неғұрлым
тиімді мүмкіндік беретін қүрылымды құруға әкеліп отыр. Егер де сіз
жеткілікгі бай бола тұрып, өзіңнін ағымдағы табысыңды жинамай, тұтынуға
жұмсауға талғамдылық берсеңіз және жоғары табысты кейінірек қамтамасыз
еткіңіз келсе, ол сіздің еркіңіз. Егер де осы жеке шешімдердің жалпы сомасы
нәтижесінде, бұл соңғы жүз жыл бойына журіп жатқан жиынтық табысты
жоғарлатуға әкелсе, өте жақсы. Біракта, егер де жалпы табыс нәтижесінде
тұрақты табыс әкелсе. Онда бұл да жақсы. қай уақытта үкімет экономикалық
өсу қарқынын мемлекеттік мәселеге ауыстыруға шараларды қолданады, ал
нәтижесінде пайда әкелудің орнына қауіпті тудырады, не жекелеген
тұлғалардың шешіміне араласуын бастайды.Бұл жеке тұлғалардың ояну уәждерін
деформациялайды және өздерінің мақсаттарына жету мүмкіндіктерінен айырады.
Тек сол өсу қарқыны дұрыс деп табылады, жекелеген шешімдерден шығатын.
Менің ойлауымша, өсу қаркыны жоғары болған сайын, үкіметтің бұл процеске
араласуы азаяды.[6.25б.] Осылай, Милтон Фридмен
экономикалық өсу мәселесі мемлекеттік денгейден жекелеген тұлғалардың
деңгейіне ауысады деп көрсетеді. яғни, мемлекеттің араласу рөлі өздері үшін
бұл сұрақты шешуге адамдарға неғұрлым тиімді мүмкіндік беретін күрылымды
құруға әкеледі. Тек жекелеген шешімдерден
шығатын өсу қарқыны ғана дұрыс болып табылады. Ол бұл процеске үкімет
араласуы аз болған жағдайда ғана өсу қарқыны жоғары болады деп есептейді.
Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл мәселе тек микроэкономикалық болып
табылады, өйткені жекелеген тұлғалардың шешім;н қабылдау үшін жағдайды
мемлекет ғана құра алады. Басқаша айтқанда, мемлекет жеке бөліктердің жалпы
ұлттық өнім мен оның өсуін құру процесіндегі үесі туралы жеке тұлғалардың
шешімдерін позитивті қабылдау үшін жағдай жасайды. Ал бұл макроэкономиканың
мәселесі.[9.18б.]
Қатаң монетарлық бағамның жақтаушылары бола отырып кей экономистер
бюджеттік экспансияны қолдау үшін несие ақша саясатын қолдануға қарсы
тұрады және соңғысында жеке капитал салымының өсімін төмендетуде басты
себепті көрді. Сондықтан да олар мемлекеттің салық -бюджеттік қызметін
бірден шектеуді талап етеді. Осыменен
қатар, монетаристер реттеу қызметін жүзеге асыруға мемлекетке қарсылық
келтірмейді. Олар акцентті неғұрлым жанама шараларды қолдану жағына
ауыстырады. Ел экономикасының әлейметті -саяси тұрақтылығы мен даму
мақсатын өткізудегі манызды рөлді рыктық күштерге береді.
Кейнстік және монетаризмнің
теориялық негіздемелерінің қортындысын шығара отырып, келесідей сұраққа
жауап беру керек: қарастырылған - монетаризм не кейнсшілдік - екі үлгінің
бірі екіншісіне қарағанда прогрессивті, жақсы деп нық айтуға болады ма?
Мемлекеттік реттеу теорияларының жаңа тәсілдерінің әдістемелік
айырмашылығын схемамен кейнстік немесе монетаристік экономика үлгілеріне
тартылу жағдайы ретінде көрсетуге белады, осы кезде халықтың толык
жұмыспен қамтылу деңгейіне жауап беретін өндіріс мінездемесімен байланысты
жиынтық сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдік нүктелерін табудың екі
типтік нысандарын қарастыруға болады. Осындай түрдегі мемлекеттік
бағдарламалардың типтік шаралары (оларды соныменен қатар ортодоксалды деп
атайды) болып табылады:
бюджепік тапшылықты қысқарту (мемлеқеттік инвестицияларды, әлеуметтік
шығындарды, субсидияларды қысқарту, мемлекеттік сектор тауарлары мен
қызметтеріне бағаны өсіру, салықтарды жоғарлату); тұтынушылық
сұранысты қысуға бағытталған жалақының өсуін шектеу,шектелген несие-ақша
саясаты, Орталлық банктегі мемлекеттік займдарға және ақша эмиссиясына
лимиттерді енгізу, банктік пайыз ставкаларын өсіру;
бағаларға және экспортты-импорттық,операцияларға
бақылауды әлсіздендір, эконоыиканың экспортгық секторына ресурстардың
ағымын ынталандыру,төлемдік балансты сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін
девальвациялау.
П.Самуэльсонның неоклассикалық синтездеу теориясы(есоnomiсs) не
монетаристік, не кейнстік ұсьныстарыңды экономиканың жағдайына байланысты
қолдану мүмкіндігін зерттеді,атап көрсету керек, екеуі де несие-акща
саясаты көмегімен ғана экономиканы реттеу түріне ие болады: монетаристер –
ақшалай эмиссияны реттеу жолымен, кейнсшілдер пайыздық ставкалар жолымен
және ол туарлы біз толық айттық. Осындай екі жақтылықтың айқын мысалы -
қандай да мәселенің тереңдеуімен байланысты, екі тәсіл арасындағы
маятниктік ауытқуды тудыратын біруақыттағы инфляция мен дағдарыс
парадоксы.Таза түрінде өтпелі экономикалы елдерде осы тәсілдердің бреуі де
кездескен емес.
Макроэкономикалық саясаттың монетаристік және неокейнстік әдістерінің өзара
үйлестірілуі жиі қалыптасады . Ұзақ жылдар, - деп
атап көрсетілrен батыстық әйгілі бір әдебитте, - монетаристер мен
кейнсшілдер арасындағы пікірталастар ақша теориясына- казіргі сандық
теория, бір жағынан, және Дж.М.Кейнстің жалпы теориясының жаңартылған түрі
- баска жағынан, екі әртүрлі нақты тәсілдермен шартталған
тусінбеушіліктерді атап көрсету мақсатымен туындаған.[10.48б.]
Сонымен, қазіргі мемлекеттік реттеу мен еркін нарық үйлесімділігі
нарықтық механvзмдерге неғұрлым жетілдірілген тұрақтандырғыштарды іздеуге
итермелейтін талаптарды ұсынады. Белсенді мемлекеттік реттеумен түзетілетін
нарықтық зандардың әрекеті кезіңдегі аралас экономиканың әрекет етуі
қоғамның теңестірілген мақсаттарына жетудегі неғұрлым тиімді өткізуші
элементі болып табылады. Экономикалық
шындықты қалыптастыратын нарықтың өзі екендігіне қарамастан (Парето
бойынша), мемлекеттің әлеуметтік және экологиялық және бірқатар басқа да
мәселелері нарықтық құралдар көмегімен шешілуі мүмкін емес. Сондықтанда
дамыған елдерде ұдайы өндірістің нарықтык және мемлекеттік факторларының
үйлесуі әрекет етуші экономикалык үлгілермен көрсетілген арнайы
сіңірілуінен табады. Үлгілердің типологиясы бірқатар белгілермен
ерекшеленеді. соның ішінде:бюджеттік жүйе аркылы кайта бөлінетін ЖІӨ
көлемі; салық салу мінезі; Әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдем ақылар
жүйесі. Осы уақыттағы бір елдегі қандай да бір үлгінің сәтті болуы басқа
жағдайларда оны қолдану кезінде сондай нәтиже беретіндігіне кепілдік
бермейді. Бұл елдің әлеуметтік-мәдени, экономикалық, тарихи дәстүрлерінің
ерекшеліктеріне бaйланысты. Өтпелі
кезенде тұрған мемлекет үшін тиімді экономикалық тұжырымдама, тек нарықтық
пайдалылық критериясына ғана емес, сондай-ақ құндық өлшеу бірліктері мен
бағалануы мүмкін емес қызмет ету сфераларын қолдау үшін бағытталған болуы
керек. Оларға білім беруді, қондырмалық ғылымды, қоршаған ортаны қорғауды
және баскаларын жаткызуға болады. Сондыктанда нарыктық
механизмді жетілдіру маңыздылығы мен мемлекеттік құралдарға олардын әсер
етуіне икемді реакциясы ел шаруашылығының сандық параметрлерін ғана
меңзейтінэкономикалық күштідамыту талаптарына емес, мемлекеттің
экономикалық жүйесін сапалык белгілеуін енгізетін экономикалық даму
деңгейін дамытуменн шартталған. Осылай, коғамның экономикалық өміріндегі
мемлекеттің рөлі туралы эволюциялық ойларды теориялык зерттеу мемлекеттік
реттеу қажеттілігіне көзқарастарды анықтау мен өзгерту нарықтың қалыптасуы
мен дамуынын әртүрлі кезеңдерін куәландырады. Мемлекеттің әртүрлі типтері
мен формаларының болуы шаруашылық сферада мемлекетгік және жеке үлестердің
қатынасы тypалы жеке кәсіпкерлікке мемлекеттің араласуының заңдылығы туралы
экономистердің ойларын алып тастаған жоқ.
ХҮІІІ ғасырдан бастап алғы дамыған елдер өнеркәсіп пен сауданың дамуына
бөлінетін мемлекеттің белсенді рөлін,меркантеристік ойлардың тарауына
жағдай жасады.Содан кейін классикалық экономикалық теория негізін қалаушы
А.Смит еркін бәсеке эфектісін қолданатын экономикалық жарылыс үшін
мемлекеттің рөлі шектеулі қажеттілігін негіздейтін аргументтер жүйесін
қалыптастырады.Буржуазиялық үкіметтердің бекітімі мемлекеттің түнгі
күзет рөлін ойнап қана қоймай,өз елінде және әлемдік деңгейде экономикалық
және әлеуметтік катынастарға белсенді катысуына итермеледі. Соғыстар,
дағдарыстар, экономикаға мемлекеттің тікелей бақылау жасауын тап ете
отырып, теориялық қарсылыстарының пайда болуын тудырды. Сонымен, барлық
елдерде протекuионизм өз жақтаушыларын тапты. Осы ойлардың жақтаушылары
арасында таластың өзінде экономикаға мемлекеттік араласудың дәрежелері мен
формаларын анықтады. ХХ ғасырдың
басы мен ортасындағы үрдістерді түсіндіретін экономикалық тұжырымдамалардың
әрі қарай дамуының куәсі ретінде, бір-біріне тұрақты қарсылас болап келген
кейнстік және монетаристік теориялары қарастырылды. Осы кезде, осы
экономикалык тұжырымдамапардың теориялық көзқарастарының қарама-қайшылығы
жойылады, ол П.Самуэльсонның неоклaссикалық синтездеу теориясы деп аталды.
Ол экономикалық жағдайлардың параметрлеріне байланысты не кейнстік, не
монетаристік ұсынстарды қолдануға болатындығына ненгізделген. Өтпелі
кезеңде тұрған мемлкетгер үшін, бұл теория ертеректегі экономикалық
тұжырымдамаларды біріктіруге қайшылық келтірмейді.
Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының марксистік
моделінде мемлекеттің экономикалық қызметі өндіріс пен тұтынуды қоғамдық
ұйымдастырудың тарихи формасының мазмұны ретінде қарастырылады және
қоғамдық меншік экономикалық жүйедегі бірден-бір үстем сектор болып
танылады. Бұл жүйенің негізі болып табылатын өндірістің құрал-жабдықтарына
мемлекеттік меншік экономикалық процестерді бір орталықтан реттеу
қажеттілігін ұйғарады. Аталған жүйенің артықшылығына, теория жүзінде болса
да, ресурстарды тұрақты түрде бақылау және басқару арқылы толық жұмыспен
қамтуға қол жеткізу жатады.
Маркстік моделдің басты белгілері:
өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық (мемлекеттік) меншік;
өндіріс және тұтыну арасындағы экономикалық байланыстар, салалар, өңірлер
арасындағы пропорциялардың жоспарлы болуы. қоғамдық болмыс сфераларының
барлығы жоспарға бағынады;
өндірілген өнім бағалары бір орталықтан, қатаң түрде белгіленеді, сондықтан
сұраныс пен ұсыныс жағдайлары есепке алынбайды;
бәсеке экономикалық күрестің антогонистік формасы ретінде социалистік
жарыспен алмастырылады, ал ол болса ешқандай материалдық ынталандыру
көздері қарастырылмағандықтан формальді әрекет ретінде қала береді.
Мұндай жағдайларда мемлекет түгел қамтитын рөл атқарады. Ол, жоспар
арқылы бүкіл экономикалық (және экономикалық емес те) үдерістерді реттеп
отырады да рынокты жаншып, оның құралдарына тек қана формалды, тіпті
жағымсыз сипат беруге ұмтылады. Ал, жоспар болса саяси мақсаттарға қызмет
етуі тиіс. Сондықтан субъектілердің экономикалық талғауын реттеудің саяси
механизмдері шаруашылық бастамашылдығын жасанды түрде алмастырады.
Өмірдің өзі көрсеткеніндей
мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарын реттеудің марксистік моделі
қолда бар шектеулі ресурстарды тиімді бөлу және пайдалану ісінде толық
қабілетсіздігін танытты.
1.2 Қазақстан республикасының экономикалық саясатының негіздері
Экономиканы мемлекеттік реттеуде биліктің жүрпзіп отырған экономикалық
саясаты маңызды рөл атқарады.
Экономикалық саясатты қалыптастырып, қолдану арқылы мемлекет мақсатты
бағдарламаларды, ұстамды және байыпты экономикалық ісәрекеттерді жүзеге
асырады. Кез-келген елдің
экономикасы ең алдымен объективті тарихи және экономикалық заңдылықтарға
бағынышты. Бұл мағынада мемлекеттің бағыты белгілі және айқын деп айтуға
негіз бар. Бірақ, ақиқатында экономика өткен тарихпен және келер болашақпен
жарым-жартылай ғана байланысты. Көп жағдайларда оның козғалыс траекториясы
басты әрекет етуші субъектілергеерге үиымдар мен азаматтардың ынтасы мен
ерік-жігеріне тәуелді. Бұл субъектілердің әркайсысының экономикалық
тағдырға әсер ету мүмкіндігі бар. Бұған қатысты едәуір мүмкіндіктер
мемлекеттің құзырында екендігі даусыз.[7.155б.]
Мемлекеттік биліктің субъектісі үкімет ел экономикасы
дамуының бағытын таңдайды, таңдалған әлеуметтік-экономикалық стратегияны
жүзеге асыру үшін белгілі бір бағытта іс-қимылдарды қолға алады, яғни
мемлекеттік экономикалық саясатты жүрпзеді. Сонымен, экономикалық саясат -
бұл мемлекет, ел үкіметі жүргізетін экономикалық іс-әрекеттердің басты
желісі, экономикалық үдерістерге қажетті бағыт берудегі мемлекет қолданатын
шаралар жиынтығы. Экономикалық саясатта үкімет жүзеге асырып жатқан курс
(бағдар) өзінің тікелей көрінісін табады. Өзінің мәні бойынша экономикалық
саясат елдің, мемлекеттің, халықтың мақсаттары мен міндеттерін айқындап,
күнделікті тәжірибеде іске асыруы қажет. Сонымен бірге, мемлекеттің
әлеуметтікэкономикалық ұстанымдарын практика жүзінде дәлелдейтін үкімет
болғандықтан мемлекеттік экономикалық саясатта үкіметтің өзінің
көзқарастары айқындалады. Азаматтардың экономикалық саясатқа әсері, олардың
үкіметке әсері дәрежесімен шамалас келеді.[12.39б.]
Көп жағдайларда мемлекеттің экономикалық саясатына өткен шақтың мұрасы,
елде қалыптасқан экономикалық болмыс, ертеде қабылданған шешімдер әсер
етеді. Экономикалық саясатты едәуір дәрежеде ел ішіндегі және әлемдік
конъюнктура (ағымдағы жағдай), яғни шаруашылық пен рыноктық жағдайы,
экономикалық белсенділік деңгейі, өсу және құлдырау үрдістері, тауарлар мен
қызмет көрсетулердің ұсынысы анықтайды. Әлемдік
экономика циклды дамиды, онда тербеліс үдерістері, толқынды қозғалыстар
орын алады. Сәйкесінше экономикалық циклдың бірін-бірі ауыстыратын
фазаларын ерекшелеЙді. Олар: жандану (экономикалық өсу), жоғары
экономикалық конъюнктура (өрлеу, экономикалық даму), тоқырау (рецессия,
экономикалық дағдарыс), төмен экономикалық конъюнктура (күйзеліс).
Ұлттық экономиканың
қандай фазада тұрғанына байланысты үкіметтін, мемлекеттің экономикалық
саясатының типі қалыптасады. Мемлекеттік экономикалық саясатты жасаушылар
назар аударатын индикаторлар қатарына жалпы ішкі өнімнің, жиынтық сұраныс
пен ұсыныстың, габыстар мен тұтынудың, бағалардың, жұмыспен қамту мен
жұмыссыздықтың көлемі мен динамикасы жатады. Экономикалық саясат
мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатпен, мемлекеттік идеологиямен, әскери
саясатпен тығыз байланыста мемлекеттің саяси доктринасын сипаттайды.
Сонымен бірге ол мемлекеттік саясат жүргізудің экономикалық алғышарттарын,
экономикалық базисін құруға мүмкіндіктер туындатуы тиіс. Елдегі саяси
күштер, партиялар, қозғалыстар мемлекеттің экономикалық курсына,
экономикалық саясатқа едәуір әсер ете алады.
Экономикалық саясаттың әлеуметтік аспектілері үкімет
қабылдаған экономикалық шешімдерден, бюджеттің қалыптасуынан, халықтың
әртүрлі топтарының реакциясынан көрінеді. Ереуілдер, демонстрациялар және
басқа да әлеуметтік қарсылық формалары мемлекеттік экономикалық саясат
элементтеріне белгілі деңгейде әсер ете алады.
Жүргізілетін экономикалық саясат өз көрнісін жоспарланған
мемлекеттік бюджет құрылымынан, мақсатты мемлекеттік бағдарламалардан,
инвестициялық жобалардан, мемлекеттік заңдардан, әлеуметтік қорғау
параметрлерінен, салық салу қойылымдары мен кредиттеу шарттарынан,
жеңілдіктер беруден, экспорт пен импортқа мемлекеттік әсерден, мемлекеттің
ішкі және сыртқы қарыз көлемінен табады. Сонымен бірге экономикалық саясат
мемлекеттік бюджет пен бағдарламаларда көрсетілгендермен ғана
сипатталмайды, ол ағымдағы үкіметтік шешімдермен, ірі оперативтік
шаралармен де айқындалады.Жедел, оперативті іс-қимылдардың қажеттілігі, ең
алдымен әлеуметтікэкономикалық, әскери-саяси, табиғи-экологиялық
жағдайлармен шартталады.
Өткізілетін шаралардың уақыттық диапазонына, кезеңдік мерзіміне байланысты
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді экономикалық саясатты ажыратады. Ұзақ
мерзімді саясат салыстырмалы тұрақтылық жағдайларында, кеплді ресурстық
мүмкіндіктepдe қалыптасып, экономикалық әрекет желісін алдағы көп жылдарға
белгілеуге мүмкіндік береді. Экономикалық үдерістердің тұрақсыздығы, ішкі
және сыртқы жағдайлардың алдын ала болжанылмау себептеріқысқа мерзімді
экономикалық саясатқа басымдық береді (бір жыл, тіпті бірнеше ай
мерзімі).[14.27б.] Мемлекет
экономикалық саясатты өз құзырындағы құралдар мен тетіктерді қолдану арқылы
экономикалық үдерістерге, шаруашылық жүргізуші субъектілерге әсер етеді.
Экономикалық саясат
заңдар, президенттік жарлықтар, үкімет қаулылары және басқа да нормативтік
актілер, мемлекеттік бағдарламалар, ағымдағы шешімдер арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік экономикалық
саясат жүргізудің нақты құралдарына, ең алдымен салыктар, мемлекеттік
шығындар, трансферттер сияқты фискалдық саясат тетіктері жатады. Фискалдық
құралдар көмегімен мемлекет көздеген мақсатқа және оны атқару шараларына
сәйкес ақша ағындарының көлемі мен бағытын өзгертуге мүмкіндік алады.
Фискалдық құралдармен қатар
экономикалық саясаттың ақшакредитгік құралдары да едәуір рөл атқарады.
Олардың қатарында ақшаның жалпы массасы және оған қол жетімділік, қарыз
пайызының қойылымдары (ұлтгық банктің есептік қойылымы, резервтеу нормасы,
басқа да орталықтандырылған нормативтер) бар. Мемлекетгің белгілі бір
тауар. түрлеріне шекті (минималды, максималды) бағалар деңгейін белгілеу,
өндіріс көлемі шамасын анықтау, субсидиялар мен субвенциялар беру,
экономикалық қызметгің жекелеген түрлеріне тыйым салу, шектеу сияқты
экономикалық саясат тетіктерін пайдалануына мүмкіндіктері жеткілікті.
Сыртқы сауда және сыртқы
экономикалық саясатга мемлекет экспортгық-импортгық тарифтерді, кедендік
баждарды, тауарлар мен капиталды әкелу мен әкетуге квоталарды
қолданады.Толықтай алғанда мемлекеттің экономикалық саясат түрлеріне
фискалдық (қаржылық-бюджетгік), монетарлық (ақша-кредиттік), сыртқы
экономикалық іc-әpeкeттep жатады. Ал, әлеуметгік,
құрылымдық, инвестициялық, институционалдық, аймақтық, аграрлық, ғылыми
-техникалық, салықтық, банктік, бағалық, антимонополиялық, экологиялық,
сыртқы экономикалық саясат мемлекетгік экономикалық саясатгың құрамдас
бөліктері болып табылады. Қазіргі экономикалық ғылымда
мемлекеттік экономикалық саясатгың мaқcaтrapы мен міндeтrepiн белгілеу
мейлінше утилитарлық (практикалық) сипат алғандықтан жалпы, ортақ Maқcaтrы
қалыптастыруға емес, Maқcaтrapдың жиынтығын құрастыруға бейімделеді. Соның
өзінде де мемлекетгік экономикалық саясатгы талдап. жасау және жүзеге асыру
барысында Maқcaтrap жиынтығын мағыналық бірлікте көрсету мүмкін емес.
Мемлекетгің Maқcaтrapы елдің әлеуметгік-экономикалық дамуы деңгейіне,
тарихи-ұлтгық дәстүрлерге тәуелді. Әрбір елдің, өзіне тән басымдықтары,
мемлекетгік даму талғамдары болады. Бұ.лар үкімeтriң ұстанымын, қоғамдық
пікірді, үстемдік құрушы сана-сезімді айқындайды. Рыноктық қатынастар
орнаған елдерде мeмлекеттік экономикалық саясатгың негізгі мақсаты рыноктың
өзі шешуге қабілетсіз, ягни рыноктық механизмге бағынбайтын Miндeтrepдi
атқару деп санайтын пікірлер баршылық. Мұндай ұстаным жағдайында
мемлекетгік экономикалық саясаттың Maқcaтrapы мемлекетгік peтrey
мақсаттарымен ұштасады.[8] рагматикалық ұстанымға келетін
болсақ, онда мемлекеттік экономикалық саясаттың .шқсаттары экономикалық
болмысты тұрактылык, тепе-теңдік жағдайда ұстап тұруға саяды.
Мұндай ұстаным тұрақтандырушы, орнықтырушы
саясат деген атауға ие болды. Мұндай саясат дағдарыс, құлдырау жағдайында
стихиялық үдерістерді тоқтатып, объектінің басқарылуын қолдан шығармай,
жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеу кезіне сипатты болып келеді.
Тұрақтандыру мақсаттары жетістіктерді нығайтуға, тепе-теңдікті орнықтыруға,
экономика параметрлерін шектен тыс жібермеуге қызмет етеді.
Экономикасы жоғарылау үстіндегі немесе жоғарылау
күтілетін жағдайда экономикалық саясат мақсаттары мақсаттарымен жалғасады.
Әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикасы бар елдер үшін
алдыңғы қатарға мемлекеттік экономикалық саясаттың әлеуметттік максаттары
шығады. Мұндай мақсаттар көбінесе экономикалық мақсаттармен қиюласады.
Мемлекеттік саясаттың әлеуметтік мақсаттарының аІІға шығуы және олардың
экономикалық мақсаттармен байланыста болуы АҚШ,Германия,Швеция сияқты
елдерге тән. [22.3б.]
Мемлекеттік экономикалық саясаттың ең көп тараған әлеуметтік мақсаттарына
экономикалық еркіндік пен экономикалық әдлеттілік жатады. Экономикалық
еркіндікті, экономикалық кәсіпкерлік қызметтің формалары мен түрлерін
таңдау еркіндігі, өз қаражатыңды бөлу мен пайдалану тәуелсіздігі деп
түсінген абзал. экономикалық еркіндікті мемлекеттік экономикалық
саясаттың мақсаты ретінде қарастыра отырып, оны анархияға ұқсайтын шектен
шыққан еркіндік емес, шаруашылық жүйесінің тиімді қызметін
қамтамасыздандыру үшін қажетті еркіндік деңгейі деп қабылдаған жөн.
Экономикалық әдлеттілік мақсаты барша халыққа адалдық, мейірімділік
тұрғысынан қарау, олардың мүдделері мен мүмкіндіктерін ескеру, олардың
тіршілкте өздерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануына бірдей
жағдай жасау деп қарастырған ләзім. Әділеттілік тек қана экономикалық емес,
сонымен бірге моральдық-этикалық түсінік болып табылады. Әрбір адамның
санасында әділеттілік туралы түсінік бар. Ол көбінесе жеке мүддені, дербес
пайданы көздейді, сондықтан олардың ойынша мемлекет табысты теңдестіруге
игіліктерді бірдей бөлуге бағытталған саясат жүргізуі тиіс. Дегенмен
әділеттілік табыс алу мүмкіндіктерін теңдестіру арқылы әркім өзінің
қабілетіне сай жетістіктерге жетуі саясатын ойластыру әлдеқайда жемісті
болмақ. Әрқашан мүмкіндіктер теңдігі мен нәтижелер теңдігін ажырата білу
қажет.[21.56б.] Мемлекеттік экономикалық саясаттың анығырақ және
нақты мақсатына халықты әлеуметтік қорғау мәселесі жатады. Әлеуметтік
қорғау бұл мемлекеттің азаматтарды экономикалық тәуекелдерден қорғап, әрбір
адамды минималды игіліктермен қамтамасыз етуде болса керек. Мемлекет өз
азаматтарын жұмыссыздықтан қорғауға, қарттарға, мүгедектерге, көпбалалы
отбасыларына көмектесуге, бақытсыз оқиғалардың салдарын жеңшдетуге
міндетті.
Мемлекеттік экономикалық саясаттың әмбебап мақсаты бүкіл ұлттық шаруашылық
көлемінде әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің жоғары деңгейіне жету болып
табылады. Түпкі есепте дәл әлеуметтік-экономикалық тиімділік, ел
шаруашылығы қызметінің нәтижелілігі, олардың ресурстық әлеуетінің құрамдас
бөліктерін ұтымды пайдалану мемлекеттік экономикалық саясаттың әлеуметтік
мақсаттары кешенін атқару мүмкіндіктерін айғақтайды. Мемлекеттік
экономикалық саясаттың тағы бір жиынтық мақсаты, жалпыэкономикалық тепе-
теңдік деген атаумен белгілі. Жалпыэкономикалық тепе-теңдік - бұл сиқырлы
тертбұрыш деп аталатын бағалар тұрақтылығы, жұмыспен қамтудың жоғары
деңгейі, салыстырмалы экономикалық өсу, сыртқы сауда операцияларының
теңгерімділігі (баланстылығы) болып табылады. Баға деңгейінің тұрақтылығы
инфляция көрсеткіштерін жоғары нақты шектерінде ұстауды білдіреді.
Экономикасы дамыған елдерде экономикалық саясаттың міндеті баға өсімін бір
жылда 1 %- дан әрі жоғарылатпау болып табылады. Іс жүзінде, тіпті сондай
елдердің өзінде өсімді бірнеше пайыздан жоғарылатпау үшін күреседі. Әрине,
бұл арада бағалардың жалпы деңгейі, жиынтық бағалар туралы сөз болып отыр.
Оның үстіне тауар сапасының жоғарылауымен байланысты баға өсімі инфляция
болып есептелмейтінін ескеру қажет. Жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі, ең
алдымен жұмыссыздық көрсеткішінің төмен деңгейі. Жұмыссыздық деңгейі 3 тен
7% шеңберінде болса, ол жұмыс күшінің табиғи тұрақсыздығы (текучесть),
болмай қоймайтын фрикциондық (көші-қонға, жұмысты ауыстыруға, жаңа
мамандық алуға қажетті уақыт) жұмыссыздық ретінде қарастырылады.
Экономикалық өсу жалпы ішкі өнім өсімінің жыл сайынғы қарқынымен өлшенеді.
қазіргі көзқарастарға сәйкес жалпы ішкі өнімнің жылдық өсімі 3-4% болса,
онда бұл мемлекеттік экономикалық саясаттың жетістігі болып саналады.
Сыртқы сауда операциялары теңгерімділігін қамтамасыз етудің мақсаты сыртқы
сауда балансының оңды сальдосына қол жеткізілгенде . орындалады. Әрине
мемлекеттік экономикалық саясаттың мұндай мақсатын кез келген ел жүзеге
асыра алмайды. қазақстанда бұл мақсатқа шикізат экспорты арқылы қол
жеткізіліп отыр.[3.8б.]
Мақсаттар кешенін (жүйесін) қалыптастыруда олардың өзара байланыста және
өзара әрекетте болатындығын ескеру кажет. Кейбір мақсаттар және оларды
сипаттайтын көрсеткіштер бір-біріне кедергі, бәсекелес болуы немесе, тіпті
сыйыспаушылықта болуы мүмкін. Сондықтан ымыраға (компромиске) келу аса
қажет. Фискалдық
саясаттың қызметі мемлекеттік қазына (фиска) элементтерін
қамтиды Ол тікелей мемлекеттік бюджетпен, салықтармен, мемлекеттің ақшалай
табыстары мен шығыстарына байланысты. рыноктық экономика жағдайында бұл
мемлекеттік экономикалық саясаттың діңгегі болып табылады. Фискалдық саясат
қаржылық саясаттың бюджеттік, салықтық, табыстар мен шығыстар сияқты ірі
түрлері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz