Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

«Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 7

1 ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰЛТТЫҚ СПОРТ

ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 10

1. 1 Салауатты өмір салтты дамытудағы педагогикалық мәселелер . . . 10

1. 2 Ұлттық спорт түрлерінің, ойындарының жастардың салауатты өмір

салтын дамытудағы орны мен рөлі . . . 22

1. 3 Жастардың салауатты өмір салтын дамытудағы ұлттық спорт түрлерін қолданудың мүмкіндіктері . . . 32

2 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ДАМЫТУДА ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫ . . . 43

2. 1 Жастардың салауатты өмір салтын дамытуда ұлттық спорт түрлерін

қолдану әдістері . . . 43

2. 2 Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың

салауатты өмір салтын қалыптастырудағы инновациялық технологиялары . . . 54

2. 3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары арқылы зерттеу жұмысының нәтижесін тексеру . . . 65

Қорытынды . . . 81

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 83


КІРІСПЕ

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына Қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы [1] жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамыңдағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек [2] .

Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді.

Адамдардың өз денсаулығына қатынасы олардың мінез-құлқы арқылы көрініс тауып, белгілі дәрежеде 49-53% - зерттеушілер мәліметі бойынша «дені сау болу, әлде сырқаттану» дилеммасын анықтайды. Салауатты өмір салтын насихаттаушы танымал ғалым В. М. Димов [39] әрбір адам денсаулығын нығайтатын немесе денсаулығын бұзатын мінез-құлыққа ие болу мүмкіндігі бар екенін атап көрсетеді. Өз денсаулығына деген мұқият қарым-қатынасты тәрбиелеуге болады: отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, жоғары және кәсіптік оқу орындарында. Дегенмен, « . . . денсаулықтың қадірі өлім елесі жақындай түскен сайын белгілі болмақ» Академик Н. М. Амосов өз денсаулығың туралы бала кезден ойлану қажеттілігін атап көрсеткенімен, өмір шынайылығы өз денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы тәрбиелік шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр.

Статистикалық материалдар мен бірқатар зерттеу жұмыстары соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасында өкпе (туберкулез), ВИЧ - жұқпалы індеттері, жыныс және жүрек-тамыр аурулары, түрлі қан және зат алмасу ауруларының өрши түскенін көрсетіп отыр. Мұндай өзгерістерді көпшілік қазіргі өркениеттің жағымсыз әсері деп түсіндіреді: (экологиялық жағдайдың нашарлауы; стрестік жағдайлар, құнарсыз және жеткіліксіз тамақтану, жастардың темекіге, алкогольдіктер мен нашақорлыққа әуестенуі) .

Ерекше қауіп тудырып отырған нәрсе ертеректе тек егде жастағы адамдарда кездесетін аурулардың «жасаруы». Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға жүргізілген медициналық зерттеулер « . . . 2002 жылы 933912 (53, 8%) тұлғанын денсаулық күйіңде түрлі патологияның бар екенін көрсетті, соның ішінде әр жетінші оқушыда ас қорыту органдары мен жүйке-бұлшық ет жүйесінің аурулары, әр тоғызыншы оқушыда - жүйке жүйесінің аурулары, әр оныншы оқушыда - тыныс алу органдары мен эндокриндік жүйе аурулары байқалады». 2002 жылдың бірінші жарты жылында өкпе ауруымен 1110 оқушы (ҚР барлық ауырғандардың 8, 4%), сары аурумен 31, 2 %, соның ішінде Шымкентте 83, 1%».

Оқушылар арасында темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық сияқты жағымсыз жайттар шұғыл орын алып тұр. « . . . 14 жасқа дейінгі оқушылардың 10% темекі тартса, 20% ішімдіктер ішеді». Мамандардың пікірінше, «аурудың басты себептері санитарлық - індет жағдайының қанағаттанғысыздығы мен мектептегі оқушылар санының көптігі, оқу еңбегі жүктемелерінің сақталмауы, оқушылар тамақтануының қанағаттанғысыздығы, медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі . . . » Оқушылардың денсаулық жағдайына әсер ететін басты себеп, олардың отбасындағы әл-ауқатының төмендігі, ерекше түрде мұндай жағдайлар ауылдық жерлер.

Анықталған деректер жергілікті тұрғындарды сауықтыру проблемасына жүйелі түрде қарау қажеттілігіне баса назар аударумен бірге, мектепт және мектептен кейінгі жастарды тәрбиелеу жұмыстарында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне де көңіл бөлу қажеттілігі белгілі болып отырғандықтан, бұл тақырыпты « Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері » деп таңдап алуымызға негіз болды.

Зерттеу объектісі - оқушы жастардың салауатты өмір салтын дамыту процесі.

Зерттеу пәні - ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесі.

Зерттеу мақсаты - жастардың салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы қалыптастыруы теориялық негіздеу және әдістемесін жасау болып табылады.

Зерттеу міндеттері:

  1. Проблеманың теориялық негіздерін педагогикалық тұрғыда зерттеу;
  2. Жастардың салауатты өмір салтын дамытудағы ұлттық спорт түрлерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
  3. ұлттық спорт түрлерін жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қолдану әдістерін, инновациялық технологияларын ұсыну;
  4. Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін эксперименттік тексеру.

Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, спорттық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; оқу-тәрбие орындарының тәжірибелерін зерделеу, талдап қорыту; диагностикалық әдістер(сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу) ; тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық эксперимент, материалдарды өңдеу.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

  1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ондағы ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолданудың орны мен рөлі педагогикалық тұрғыда негізделді.
  2. Салауатты өмір салтын жастар арасында ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастыру мүмкіндіктері анықталды.
  3. Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қолдану әдістері ұсынылды.
  4. Эксперимент арқылы ұсынылған әдістеменің дұрыстығы дәлелденді.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: жалпы мектептер мен спорт мектептерінде зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие үрдісіне практикалық тұрғыда пайдалана білуде болып отыр. Түрлі ұлттық спорт түрлерінің салауатты өмір салтты дамытудағы мүмкіншіліктері, оларды қолдану әдістері ұсынылды.


1 ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Салауатты өмір салтты дамытудағы педагогикалық мәселелер

Өскелең ұрпақтың денсаулығының бүгінгі таңдағы жағдайы еліміздің тұрғындарының денсаулығы мен жарқын болашақтағы еңбек потенциалын дамытудың негізгі басымдылығын анықтайды. Айтылғандарға байланысты, балалар мен жеткіншектердің денсаулығына қамқорлық жасау мемлекеттің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Сонымен, ҚР Үкіметінің 3. 12. 1997ж. №1678 Қаулысына сәйкес «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен жағдайы», «Қазақстан-2030 даму стратегиясы» ұзақ мерзімді приоритетін жүзеге асыру мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру Қызметі құрылды, бұл оңғы жеті жылда салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ел тұрғындарының ауруын ескерту мен денсаулығын нығайтуда белгілі табыстарға қол жеткізді.

Бұдан басқа, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясымен» анықталған басты міндеттерді жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану концепциясы» (№710. 7. 06. 1999ж) мен «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы» (№905. 30. 06. 1999ж) бекітілді, бұлар 2010 жылға дейінгі кезеңдегі іс-әрекеттің басым бағыттарын анықтайды. Денсаулық сақтау комитетінің, ҚР білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау Министрліктерінің 1998 жылғы 23 шілдедегі № 282 республикадағы қызмет көрсету мекемелерінің жүйесі мен құрылымын, негізгі қызметтері мен мүмкіндіктерін анықтайтын «ҚР медициналық профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы» бұйрығы шықты.

1999 жылы 19 сәуірде №199 алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі мекемелердің жүйесін құру туралы ережені мазмұндайтын «Республикада денсаулықты нығайтудың аудандық (қалалық) орталықтарын құру туралы»; 1998ж. 4 желтоқсан №594 «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындау туралы»; және 1999ж. 22 қаңтар №83 «салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы» заңдары аймақтарды мамандармен қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік тапсырысты үздіксіз дайындау бойынша шығарылды. Ұлттық Орталық білім беру жүйесі мамандарының қатысуымен мектепке дейінгі мекемелер үшін, сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептер мен орта арнаулы және жоғары оқу орындары үшін «валеология - қалай дені сау болуға болады» оқу бағдарламасын оқушылар мен мұғалімдерге көмек құралы ретінде қосымшалай отырып шығарды.

Сонымен бірге, оларды, яғни, ҚР білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің 1998 ж. 24 қарашадағы № 572 «Республикамыздағы жалпы білім беретін мектептерде «валеология - қалай дені сау болуға болады», 1998ж. 28 желтоқсандағы №620 «Жоғарғы оқу орындарындағы оқу процесінде «Валеология» кешенді бағдарламасы бойынша оқытудың курсын енгізу туралы» заңдары шықты.

Кәсіби насихаттауды қаматамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Агенттігінің денсаулық сақтау істері бойынша 2000 жылғы 7 қаңтардағы №9 бұйрығы мен 2000 жылғы 22 желтоқсандағы №834 «Қазақстан Республикасы ауруды болдырмау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша кәсіби насихаттық іс - шараларды белсендіру туралы » заңдары қабылданды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ауруды болдырмау және денсаулықты нығайту бойынша міндеттерді жүзеге асыруға қызығушылық танытатын барлық тараптардың қызметін жетілдіру процестерін одан әрі белсендіру үшін ҚР Президентінің 30. 12. 01. №751 «2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы», ҚР Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған 28. 03. 02. №827 «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асырудың болашақтағы шаралары туралы» Бағдарламасында жақын жылдардағы міндеттерді жүзеге асырудың нақты шаралары қарастырылған.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 2002 жылғы 15 ақпанда №167 «ПМСП деңгейінде ауруды болдырмау мен салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту туралы», 2002 жылғы 16 сәуірде №385 «Денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу туралы», 2002 жылғы 21 маусымда №596 «Медициналық жоғары оқу орындарында денсаулықты сақтау мен ауруды болдырмаудың кафедраларын, курстарын құру туралы», 2002 жылғы 2 шілдеде №634 «салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жаттықтырушылар дайындайтын курстар туралы» Заңдары шықты. Қазақстан Республикасы №340 -ДСҚР «Темекі шегуді болдырмау және шектеу туралы» Заңы қабылданып, ішімдікті тұтынуды төмендету концепциясы жасалуда.

Республикадағы мектептерде іріктеліп жасалған зерттеулер гигиеналық жеке мінез-құлыққа байланысты ауруларды ескерту бойынша оқушылардың білімі, 1998 жылмен салыстырғанда 34%-ға артты, салауатты өмір салты мөлшерлері мен ережелерін орындау 60 %-ға; дене тәрбиесімен шұғылдану 18%-ға артты; темекі шегушілер саны 20%-ға; ішімдік ішу 5%-ға азайды; ИППП профилактикасы шаралары бойынша білім 52%-ға жоғарылады.

Бірқатар аймақтарда оқушылар арасында вирустық гепатитпен ауыру 10%-ға (Ақмола, Ақтөбе, Павлодар) ; ішек аурулары 18%-ға (Жамбыл, Шығыс Қазақстан ) ; факторлық салауатты өмір салты мәселелерін оқушылардың білу деңгейі 65 % - ға; дене белсенділігі 3 есеге; СПИД - 45 %-ға; ішімдік ішу мен темекі шегу 30%-ға төмендеді [2, 7] .

Сонымен бірге, оқушылардың бүгінгі күнгі денсаулық жағдайы алаңдатарлық күйде болып отыр.

Әртүрлі созылмалы аурулардың 1/3 бөлігінде болатынын көрсетті. Бұл аурулардың ішінде әсіресе ішек, ЛОР, аллергиялық ауру түрлері көп тараған. Бұдан басқа, оқушылардың 1/3 морфофункционалдық ауытқуларға шалдыққан, оның ішінде сезім, жүйке жүйелері, қолқа органдарының бұзылуы көптеп кездеседі (Г. Е. Айымбетова, Р. С. Колонина) [ 5 ] .

Оқытудың қазіргі жүйесі оқушылардың денсаулығын жақсртуға әсер етіп қана қоймай, кейде оны нашарлатады да. Бұған олардың денелік және жүйке-психологиялық дамуының бұзылуы куә.

Қазіргі кезде төменгі сынып оқушыларының 70 %-ның денсаулығында ауытқулар байқалады, ал 10 сыныптың аяғына қарай олардың саны өсе түседі (3; 37) .

Мектептегі оқу процесі барысында дені сау балалардың саны 4-5 есе азаяды, мектеп бітіруге таяғанда оқушылардың 40%-нда басқа да ауытқулар көрінеді.

Оқушылар үшін ең алдымен ерекше фактор болып саналатындар олардың оқу-тәрбиелік қызметтеріне байланысты. Соңғы онжылдықта мектеп жасындағы балаларда болатын әлеуметтік салмақтар, олардың ой еңбегінің басым болуымен сипатталады. Оқытуды жаппай компьютерлеуді жоспарлау, 5 күндік аптаға өту оқушылардың ой еңбегін интенсификациялайды деп санауға болады.

Сондай-ақ, аталған мәселені асқындыратын заманауи мектептердің білім беруді жаңартуға өтуі болып табылады. Басты назар қосымша білім беруге аударылуда. Лицейлер мен гимназиялардың оқушылары мемлекеттік білім беру стандартынан бөлек базалық, профильдік және қолданбалы бағыттағы білімді кеңейтетін және тереңдететін пәндерді де қоса меңгереді. Жаңа типтегі мектептерде оқыту деңгейі мен сапасына қойылатын талаптар мен оқу жүктемесінің жоғарылауы барлық педагогикалық процесс субьектілерінің психикалық және физикалық денсаулығына күш түсіреді [5, 3] .

Оқу процесінің интенсификациясы мен олардың статистикалық жүктемесін меңгеруге негізделген ұйымдастырлуы оқушылардың қимыл -қозғалыс белсенділік көлемін қысқартуға әсер етеді.

Тіпті уақытша болатын статистикалық жүктеме де микроциркуляция мен геподинамиканы әлсіретеді және осы арқылы жүйке процестері мен вегатативті қызметтің реттелуін нашарлатады. Қазіргі уақытта көптеген мәліметтер бойынша мектеп жасындағы балалардың 70 %-ы гиподинамиядан зардап шегеді, оның салдары организмнің жұмыс қабілетін төмендетіп, шұғыл сырқаттардың өсуіне әсеретеді.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау көрсеткеніндей, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту проблемасы педагогикада жаңалық емес. Дені сау жастарды тәрбиелеу мәселелері барлық уақытта педагогтардың назарындағы нысан болды, мұның айғағы - берілген проблеманы әртүрлі аспектідегі зерттеулер.

Денсаулықты сақтау мен нығайту бұрыннан дене тәрбиесімен және спортпен қаншалықты байланыстырылса, әдебиеттерге жасалған шолу, берілеген мәселені шешуде көптеген жұмыстар оқушыларды дене тәрбиесі аспектісінде, оны дене тәрбиелік-спорттық қызметке қоса отырып шешуге арналған.

Біздің көзқарасымыз бойынша, психологиялық-педагогикалық тұрғыда оқушылардың дене-тәрбиесімен, спортпен шұғылдануларын, олардың осы қызмет түрлеріне тұрақты қызығушылығын, күнделікті ертеңгілік жаттығудан бастап, тұрақты дене тәрбиесі жаттығуларымен шұғылдануын қарастыратын еңбектер ерекше назар аударарлық.

Көптеген зерттеушілерді оқушылардың дене тәрбиесі мен өмір салтының медициналық -биологиялық аспектілері: оқушылардың физикалық дайындығын арттырудың физиологиялық негіздері, қимыл -қозғалысы мен функционалдық дамуы (В. К. Больсевич, В. А. Понамарчук, О. А. Аяшев ж/е т. б. ), бала организмін шынықтыру мен науқастануын азайту [42], дене тәрбиесі мен спорт әсерінен болатын олардың денсаулығындағы өзгерістерді медициналық бақылау (А. Г. Сухарев, И. П. Брязгунов Н. Б. Коростелев т. б. ) зерттеушілерді қызықтырады [ ] .

Берілген проблемаға жасалатын медициналық -биологиялық келістердің аясында мектеп гигиенасының мәселелері (Е. И. Кальченко, Д. В. Колесов, А. Д. Хрипкова, Д. Д. Шарипова т. б), дене тәрбиесі мен жаттығулар процесінде оқушылармен жүргізілетін емдеу-сауықтыру жұмыстарының мәселелері қарастырылады [48] .

90-шы жылдары еліміздің генофонды - балалар денсаулығына қатер төніп тұрғанын түсіне бастады. Салауатты өмір салты туралы көзқарастарды қалыптастырудың қажетті аспектілері ретінле ішімдікке, есірткіге қарсы және жыныстық тәрбие мен жыныстың психикалық гигиенасына байланысты тәжірибелік нұсқаулардың саны көптеп пайда болды. Ғалымдар балалардың психикалық денсаулығын сақтаудың жолдарын, психофизикалық ауытқулардың коррекциясының әдістерін, психикасы мен жүйке жүйесінің тұрақты болу жолдарын іздестіруде.

Сондықтан зерттеушілердің пікірінше, қозғалыс белсенділігін мөлшерлеудің негізгі критерийлеріне денсаулық жағдайының өзгеру динамикасы балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және кәсіби қабілетсіздігінің көрсеткіштері жатады [36] .

Жеткіншектік жастағы оқушылар арасында темекі, ішімдік, есірткі заттарын тұтынудың таралуы олардың валеологиялық білімдерінің деңгейі төмен екендігін, сондай-ақ, өскелең ұрпақты валеологиялық тәрбиелеудің қолбағы бар формалары мен әдістерінің нәтижесіздігін көрсетеді [6, 19] . Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, бес жыл ішінде жасөспірімдер арасында қан аздық 2, 3 есе өсіп, ересектер арасындағы көрсеткіштен 2 есе басым түсіп отыр. Психикалық бұзылыстар мен іс - әрекет бұзылыстарының жиілеуімен қоса несеп - жыныс жүйесінің, тыныс ағзаларының, эндокриндік жүйе ауруларының саны өсіп кеткен.

2004 жылда жасөспірімдер арасындағы психикалық бұзылыстар 15 пайызға өскен. Балалардағы мұндай сырқаттардан 1, 5 есе, ересектердегілерден 2, 5 есе асып түсіп, бұл көрсеткіш басқа жас топтарындағы адамдармен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.

Валеология - жаңа, қарқынды дамып келе жатқан, адам ағзасын сауықтырумен айналысатын ғылымның саласы. Валеология - халықтың денсаулығы жайындағы, адам организмін биологиялық, әлеуметтік және рухани бірліктегі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған ғылым. Ғылым ретінде - ол салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ғылыми - негізделген ұсыныстарды әзірлейді. Валеологияның объектісі адам баласының денсаулық диапазонындағы бүтін адам тұлғасы. Валеологияның зерттеп зерделеу заты - дербес денсаулық . Бүтін адам тұлғасы - иерархиялық ұйымдастырушылық принципті ашық үшбірлік жүйе («төменгі, жоғарғысымен басқарылады»), сана, психика және солардың жоғарғы аспекталары (жоғарғы сезім, рухани аспекті) . Сонымен, адам өмірінің мақсаты өмір сүру және репродукция, өзін тұлға, шығармашылықты жеке адам ретінде таныта білу. Осындай мақсаттарға жету барлық үш деңгейде қалыптасатын денсаулықпен қамтамасыз етіледі.

Валеология - денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым! [21]

Валеология саласында валеологиялық өзін - өзі тануға, саналық ерекшеліктерге, тұлғалық іс - әрекеттіліктерге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жүйе өз денсаулығының құндылығы, денсаулықты сақтау мен нығайту, өзінің түсінігі бойынша валеологиялық іс - әрекеттіліктің бағытталуы, сондай-ақ салауатты өмір салтындағы білімге бағытталады (денсаулықтың тұлғалық моделі) . Валеологиялық өзін - өзі саналықтың тағайындалып аяқтан тұруы, тек қана өз денсаулығының құндылықтарын сезініп, саналап қана қоймай, сонымен қатар, осы саналықты тұлғаның іс - әрекеттіліктерін саналы формасына айналдыру, жүйелеу. Валеология - ғылымдарының мазмұндауынша, баланың бойында валеологиялық өзін - өзі саналауды қалыптастырудағы маңызды және қолайлы кезең жас жеткеншек және балалық кезең, себебі осы жасқа байланысты кезеңдерде тұлғалықтың өзін - өзі саналау қарқынды қалыптасады. Денсаулықты сақтау, нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруда, өзекті педагогикалық проблемаларымен қатар, валеология саласы педагогтардың назарын аударуда. Біз Белоруссия педагоғы Н. К. Степаненковтың «Валеологияның негізгі ережелерін педагогикалық іс - әрекеттіліктерге ендіру, қолдану, педагогтардың ертеректегі стратегиясын - өсіп келе жатқан жас буынды бүтін тұлғалы дамытудың бірыңғай процесі ретінде оқытып тәрбиелеу қажет» деген ұғыммен келісеміз.

Педагогикалық ғылым «валеологиялық білім мен тәрбие» ұғымына сүйенеді, ол оқушының бойында денсаулықты қалыптастыра отырып тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын ғылыми ұғынуды, тиісті ережелерді қолдануды тұжырымдайды. Валеологиялық білімнің негізінде ой - сана, дене және жыныстық тәрбие, сонымен қатар, психо өзін - өзі реттеу, гигиеналық, физиологиялық, экологиялық және медициналық білім арқылы іске асырылатын дені сау адамның қалыптасу, қызметтесу концепциясы жатыр. Сонымен, валеологиялық білімді жалпы білімнің негізгі бөлігі, өсіп келе жатқан жас буындарды тәрбиелеу, салауатты өмір салты мен мәдениеттіліктің қалыптасуындағы процесс және нәтиже ретінде қарастыруға болады.

Салауатты өмір салтына тәрбиелеу проблемалары ХХ ғасырдың соңында ХХІ ғасырдың басында түрлі ғылымдардың зерттелу объектісі болды. Иванов Г. Д. салауатты өмір салтын жалпы адамдық құндылық ретінде қарастыруға талпыныс жасады. Ғалымның мазмұндауынша «Денсаулық, салауатты өмір - мектеп оқушысымен құндылық ретінде санап, қажеттілік тұрғысында қабылдануы тиіс. Сонда ғана осы құндылықтар мінез - құлықты мативациялайды» [46] . Осындай мазмұн қазіргі заманғы әдістемелік тұжырымдамаларға сәйкестенеді. Алайда, Г. Д. Ивановтың қорытындылауынша «Қазіргі заман білімінің басты мақсаты өз денсаулығына, қоршаған ортаға және болашақ буынға мейіріммен қарайтын адамды тәрбиелеу». Біздің көзқарасымыз бойынша, мектеп оқушысының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруды бүтіндей педагогикалық процестің құрама бөлігі ретінде қарастыру қажет.

Мектептегі дене шынықтыру журналындағы мақаласында Мудеров М. Я. - денсаулық сақтау үшін, ол одан абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
Дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары
Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи педагогикалық мәселелері
Спорттық - сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы
Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың мәні
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Дене шынықтырудың басты бөлігі спорт
Дене тәрбиесі сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz