Капуста жарық сүйгіш өсімдік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Аққауданды капуста көкөніс дақылдардың ішінде
ерекше орын алады. Ол адам тағамында үлкен рөл атқарады, көп қоректік
заттардың көзі болып табылады. Капуста қауданның құрамында 5% қант жақсы
сіңімді түрде, 1,4% дейін жеңіл сіңімді ақуыз, көптеген әртүрлі минералдық
тұздар, азоттық және басқа заттар болады. Жапырағындағы клетчатка ішек
қызметін жақсартады, ішекке пайдалы микрофлораға жақсы әсерін тигізеді,
организмнен арттық холестерин және май тәрізді заттарды шығаруға
мүмкіншілігін туғызады.
Капустада әртүрлі витаминдер, әсіресе аскорбин қышқылы көп мөлшерде (С
дәрумені)-120мг%, каротин, P, К, В1, В2, В3, Д, никотин қышқылы, токоферол,
пантотен қышқылы, инозит, биотин, провитаминдер А және т.б. кездеседі.
Сонымен қатар U дәрумені бар, ол жара, энтерит және колит ауруларына емдік
ретінде қолданылады. капустаның құрамында кездесетін дәрумендер адамның
тіршілік әрекетіне қажет.
Капуста емдік ретінде бағалы болып саналады. Ол қант диабет және
зиянды семіздікке өте пайдалы, организмнің сәуле ауруларына жақсы әсерін
тигізеді. Сонымен қатар капуста шырыны, жаңа піскен күйі және тұздалған
капустаның әртүрлі емдік қасиеттері бар.
Капустаны тағамға жаңа піскен, тұздалған, маринадталған, пісірілген,
бұқтырылған күйінде кеңінен пайдаланылады. Одан әртүрлі тамақ дайындайды.
Таулы және солтүстік аудандарда кептірілген капустаны қолданады.
Өндірісте капустаның сорттарына үлкен көңіл бөледі. Капустадан жоғары
сапалы өнім алу үшін, осы аймаққа топырақ климат жағдайына бейімделген
сорты дұрыс таңдаған жөн. Қазіргі уақыта аққауданды капустаның әртүрлі
сорттар мен будандар жыйнағы көп кездеседі. 2009 жылы Қазақстанға өсіруге
ұсынылған әр түрлі мерзімде пісетін 17 сорт және 18 будан бар. Ерте пісетін
сорттар тобына - Июньская, Номер первый грибовский 147, Номер первый
полярный К-206; орташа ерте пісетін сорттар Золотой гектар 1432. Орташа
пісетіндер - Надежда, Слава 1305, Слава грибовская 231, Столичная. Орташа
кеш пісетіндер-Багирская, Вьюга, Подарок, Русиновка, Судья 146, Ташкентская
10. Кеш пісетін сорттар – Белоснежка, Бирючекутская 138 және Зимовка. Оның
көбісі Ресейлік, сонымен қатар Өзбек және Украин сорттары. Ал Қазақстандық
отандық сорттар жоқ.
Сонымен қатар қолдануға ұсынған ерте мерзімде пісетін будандар
Аладдин, Моррис, Парел, Филдспорт, Резистор, Этма, Чессма; среднеспелые
Бронко, Куисто, Сателит, Трансам, Харрикейн; орташа кеш пісетіндер -
Алабама, Мегатон, Эрдено; кеш пісетін будандар - Амтрак, Анкома, Хинова.
Аталған барлығы шығу тегі Нидерланды.
Тұқым шаруашылығы өзекті мәселелердің бірі. Қазақстанда өңделіп
отырған капуста тұқымының саны өзімізді қамтамассыз етуге жеткіліксіз,
сондықтан шарасыз тұқымды шетелден тасымалдап сатып аламыз. Сырттан
тасымалданып отырған тұқым стандартқа үнемі сай бола бермейді. Осыған
байланысты тауарлық сапасы қалай жоғалса, ауыл шаруашылық өнім сапасы да
дәл солай жоғалады.
Өнімділігі жоғары, түрлі сорттардың көптігі, тағамдық бағалы сапасы,
капустаны барлық жерде мәдени дақыл етті. Белгіленген аймақта өсіруге
сортты дұрыс таңдап алу үшін, дақылдың сорттық сапасын және биологиялық
ерекшелігін жақсы меңгеру қажет. Жоғары өнім мен сапалы көкөніс тауарын алу
үшін қойылатын басты шарттардың бірі – жоғары сапалы тұқымдық сорт.
Кеш пісетін сорттар – Белоснежка, Бирючекутская 138 және Зимовка.
Аталған сорттардың көпшілігі Ресейде шығарылған, сонымен қатар Өзбекстанда
және Украинада. Қазақстанда капустаның отандық сорты жоқ.
Ертеде Қазақ және картоп шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының
Алматы облысы жағдайында аққауданды капустаны бағалап жоғары сапалы және
өнімді голландық будандар жыйнтығын алды. Қазіргі уақыта ҚКШҒЗИИ ның гендік
қорында бірнеше сорттар және будандар коллекциясы кездеседі. Сонымен қатар
аққауданды капустаның селекциясымен айналысуда. Осы институтының гендік
қорынан алынған бірнеше сорттар мен будандарын Талғар ауданында бағалау
жұмыстар жүргізілді.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Капуста құрамындағы ақуыз жоғары сіңімділігімен және аминқышқылының
сапалылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, қызанақ және сәбізге қарағанда
капустаның құрамында лизин, митионин, триптофан біршама жоғары болады.
Капустаның қауданында орта есеппен 1,2% шикі ақуыз, шамамен 30% бос
аминқышқылы құрайды: аргинин (7-28%), гистидин (2-9%), лизин (4мг%),
метионин (1-8), валин (4мг%), лейцин (3,5), изолейцин (5мг%), треонин (3),
фенилолонин (2-ден 16мг% дейін), тирозин (6), триптофан (1-3%).
Капуста тұқымдасы (Brassicacea) 375 туысты және 3200-ден аса бір
жылдық, екі жылдық және көп жылдық, көбінесе шөптектес, ал кейде бұтатектес
және жартылай бұтатектес түрлерін біріктіреді. Олар экологиялық жағыдайы
әртүрлі жерлерде өседі – арктикалық тундрадан бастап тропикалық аймаққа
дейін. Бұл тұқымдастың белгілі бір өкілі – көкөністер, тамыржемісті
өсімдіктер, қалғандары – техникалық (дәрі-дәрмек, май өнімдері) және сәндік
өсімдіктер.
Осы дақылдардың ішінен ауқымды таралып және ең көп мағынаға ие болған
капуста дақылы. Капуста 5000 жыл бұрын мәдени дақыл ретінде енгізілген.
Өсіріліп жүрген барлық капуста түрлерінің отаны Жерорта теңізі болып
саналады. Италияның жағалау аудандарында қазіргі кездің өзінде жабай түрі
кездеседі.
Мыңдаған жылдар бойында адам баласы капустаның жабайы түрінен көптеген
түрлерін шығарды. Өсімдіктерді іріктеу нітижесінде және аралық түйіндерін
қысқарту арқылы қаудан нысанын – ақ қауданды алды. Капустаның өсіріліп
отырған барлық түрлері Brassica L. туысына жатады.
Швецияда ақ қауданды капуста Ботаникалық шығанақ жағалауының барлық
жерлерінде мәденилендірілген, бірақ Гапаранда да (65 – 50Сº) жылда өне
бермейді. Тек қана қолайлы жылдары пісіп-жетілген тұқымдар Люлеода 65Сº -
35Сº өнім береді [1,2].
Классификациясы бойынша, ақ қауданды капустаның үш түршеге бөледі:
жерорта теңіздік, шығыстық және европалық. Ақ қауданды капустаның
өндірісінде тәжірибелік мағынаға ие европалық және шығыстық түршесі.
Шығыс (subsp. Orientalis Lizg.) түршесі Кіші Азияда, Солтүстік
Кавказда, Украинаның оңтүстігінде және Орталық Азияда таралған. Ірі
көлемімен, үстіңгі беті қатпарлы әлсіз көтеріңкі жапырақтарымен
ерекшеленеді. Осы түршеге жататын сорттар ыстыққа төзімді. Көбінесе жалған
ақ ұнтақ және шырышты бактериозға төзімсіз болып келеді. Бірақ салыстырмалы
түрде тамырлы, шырышты бактериозға және фузариоз ауруына төзімді сорттары
бар. Бұл түршедегі сорттардың өнімділігі жоғары және орташа. Қаудан
тығыздығы жоғары, сақталғыштығы әлсіз және орташа [3].
Европалық түршесі (Subsp. europea Lizg.) Европа және Азия аймағында
қалыптасты, әртүрлі климатты жағдайда қысқы және жазғы мәдени дақыл
ретінде.
Жерортатеңіз (Subsp. mediterranea Lizg.) түршесі Португалия, Италия,
Сириялық көне қаудан пішінімен танылады. Түрше екі сорттық түрді
біріктіреді: қауданды және жартылай қауданды [4].
Мәдени көкөніс өсімдіктері жабайы өсімдіктерден, ал одан әрі жабайы
және мәдени түрлерінің табиғи будандасуынан шыққан. Мәдени түрлердің жабайы
түрлерден шығуы генетикалық тұрғыдан құптау тауып отыр. Өсімдік түрлерінің
басым бөлігі жабайы флорада қалсада, адамзат үшін маңызы зор. Н. И. Вавилов
пен Е. В. Вульфтың есебі бойынша төңірегіміздегі 130-140 мың жоғары
сатыдағы өсімдіктердің 2,5 мыңнан сәл асатын бөлігі ғана қолдан өсірілетін
көрінеді [5].
Мәдени көкөніс дақылдарының шығуында жетекші рольді мыңдаған жылдар
бойы сұрыптау атқаруда. Мәдени дақылдардың селекциясында эксперименталдық
мутагенез әдісі кеңінен қолданылуда. Жабайы флораның жерлестірілетін
өсімдігіне мутанттардың әсері келешекте жабайы өсімдікті мәдени түрге
айналдыруды тездетеді [6].
Мәдени дақылдардың екінші шығу орталықтарының маңызы өте зор. Адам
өсімдіктерді жаңа аудандарға неғұрлым көбірек көшіріп, оларды жетілдірілген
технологияда өсіріп, ең өнімді түрлерін сұрыптап алған сайын, соғұрлым
түрдің таралу аймағы кеңи түсті. Түрлер орталықтан алыстаған сайын жетіле
түскен және тумаласымен салыстырғанда өнімдірек, гендік қанығу жоғарылай
түскен. Капустаның қазіргі формалары оған мысал бола алады. Капустаның
ежелгі түрлері тас ғасырына дейін тіршілік еткен: жабайы түрлерінен басқасы
бізге беймәлім [7].
Гректер бесінші ғасырда ақ қауданды капустаның екі формасын өсірсе,
Римдіктер оның көптеген формаларын білген, олардың қазіргі кездегі ақ
қауданды капустадан айырмашылығы шамалы болған [8].
Бұрын Қазақстанда тұқымшаруашылығын аймақтық бөлу зерттеу жұмыстары
жүргізілді, соның қатарында Оңтүстік – Шығыс аймағына, бұл аймақ жаз
мезгілінің ыстық әрі құрғақ ауа райымен және қыс мезгілінің тұрақсыздығымен
температурасының кенеттен өзгеруімен сипатталады. Осы аймақтағы ақ қауданды
капустаның кеш мерзімде пісетін сорттарының тұқымшаруашылық анализі
көрсеткендей, тұқым өнімінің төмен болуының басты себебі, аналық тұқымның
сақталуы мен өсіру технологиясының толық меңгерілмеуі. Бұрын Қазақ ҒЗИ-ның
картоп және көкөніс шаруашылығында Қазақстанның Оңтүстік – Шығысы үшін ақ
қауданды капустаның аналық тұқымын өсіру технологиясы жүргізіліп, өндіріске
енгізілген (9). Зерттеу жұмысы тек бір Заводовская сортымен жүргізілді,
ашытуға арналған және оның жақсы сақталғыштық қасиетке ие болмауы аналықты
сақтау кезінде көптеген қиындықтар тудырды. Осы сорттың тұқымшаруашылық
технологиясын өңдеу, талдау жұмыстарын жүргізгеннен кейін, енгізу барысына
басты кедергі сақтау мәселесі болды. Сақтау кезіндегі тұрақсыз ауа–райы
сақтау қоймасындағы және қорғаулы топырақтағы аналықтардың көптеген
қалдықтарының пайда болуына әкеп соқтырды. Осы жағыдай Алматы облысындағы
тұқымды өңдеу жұмыстарын тоқтатудың басты мәселесі болды [10].

1. Капустаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Капуста - екі жылдық өсімдік. Бірінші жылы жуан, қысқа сабағын,
жапырақтарын және қауданын, екінші жылы гүл өркендерін, бұршаққындарын және
тұқымдарын қалыптастырады.
Қаудан – өте ұлғайып өскен жоғарғы жабық бүршік. Оның пішіні әр түрлі
– шар, сопақша, конус тәрізді және жайпақ; Сортына және өсу жағдайына
байланысты қауданның салмағы 0,5-тен 20кг дейін болады. Қауданның түсі ақ,
сарғыш, ақ сары, жасыл сары болуы мүмкін [11].
Вегетациялық кезеңінің ұзақтығына қарай (өскіннің пайда болуынан
өнімнің жиналуына дейін): ерте пісетін (100-120 тәулік), орта мерзімде
пісетін (125-150 тәулік), кеш мерзімде пісетін (150 тәуліктен аса) болып
бөлінеді.
Қаудан түзілгенде қауданның ішкі жағынан өсетін жапырақтар
тығыздалады. Қауданның қатайуы оның техникалық пісу дәрежесін көрсетеді.
Ішкі жапырақтарға күн тимегендіктен ақ түсті нәзік болып келеді. Сыртқы
жапырақтар жасыл әрі ассимиляциялық аппарат рөлін атқарады. Сортына
байланысты сыртқы жапырақтар салмақтың 15-35% құрайды. Жапырақтары ірі,
сағақтары немесе отырыңқы пішіні әртүрлі, жасыл түсті балауызды болып
келеді.
Гүлдері қосжынысты шашақ гүл, гүлшоғырына жиналған. Гүлдеу мерзімі
сортына қарай 20-50 күнге созылады.
Капустаның жемісі – ұзындығы 8см дейін болатын екі ұялы бұршаққын.
Тұқымдары ұсақ, диаметрі 1,5мм жуық, түсі ашық сұрдан, қара-қоңырға
дейін өзгереді. 1000 дәннің массасы 4-5г.
Қаудан тығыздығы бойынша – өте тығыз, борпылдақ және өте борпылдақ
болады. Сабақтың қаудан ішіндегі бөлігін ішкі өзек, оның сыртындағы төменгі
бөлігін сыртқы өзек деп атайды. Сыртқы өзегі қысқа – 10-15см,ал ұзын
өзектілері 25см асады [12].
Температура. Капуста – суыққа төзімді өсімдік. Тұқымдары 2-3Сº
жылылықта өне бастайды. Температура жоғарылаған сайын өну процесі де
жеделдей түседі. 11Сº жылылықта өскіндері 10-11 тәулікте, ал температура
оңтайлы 18-20Сº болғанда 3-4 тәулікте пайда болады. Капуста 5Сº жылылықта
түптене бастайды, бірақ өсуге оңтайлы температура 15-18Сº. Оның жақсы
шынықтырылған және жерсіндірілген көшеттері өткінші 5-6Сº бозқырауға
шыдайды, ал шынықтырылмаған және жерсіндірілмеген көшеттері 2-3Сº
бозқырауда зақымданады. Капустаның кеш пісетін сорттарының қаудандары күзде
температура -6Сº дейін төмендегенде зақымданбай сақталады. Жазда
температура 25Сº-дан жоғарылағанда өсуі тежеледі, ал кейбіреулері тіпті
қауданын қалыптастырмауы да мүмкін. Біздің мемлекетіміздің Оңтүстік
облыстарында шығарылған капуста сорттары, ыстық ауа-райына төзімді.
Ылғал. Көкөніс өсімдіктерінің ішінде ылғалға ең талап қойғыш өсімдік.
Өмірінің бірінші және екінші жылында да, топырақ пен ауаның жоғары
ылғалдылығы қажет. Капустаның есейген өсімдіктері тәулігіне 10л дейін су
сіңіруі мүмкін. Ол ең жоғары өнімін топырақтың ең түменгі су сиымдылығы 70-
80% тең болғанда қалыптастырады [13]. Кеш пісетін сорттарды өсіргенде
қаттылығы жоғары сорттарды қалыптастыру үшін өнімнің пісу кезеңінде топырақ
ылғалдылығы біразырақ төмендеу – 60-70% болуы керек. Ауаның ең қолайлы
салыстырмалы ылғалдылығы 70-80% ұзақ уақыт жауын-шашын кезеңінде ойық жерде
орналасқан өсімдіктердің бойлап өсуі бәсеңдейді, жапыраға мен сабағының
басым көпшілігі антоциялық түске боялады (14).
Топырақ. Капуста өсімдігі оңтайлы өсіп-дамуы үшін топырақтың
құнарлығына жоғары талап қояды. Оған ең жарамды саздақ, ылғалды жақсы
ұстайтын топырақтар, сондай-ақ өзен жайылымдары. Ол қышқыл топырақтарда
жақсы өседі. ең қолайлы топырақ ерітіндісінің реакциясы сәл қышқылдау (рН-
6) болғаны дұрыс. Жоғары өнімді капуста қоректік заттарды мол сіңіреді.
Өзімен бірге топырақтан қоректік элементтерді алып шығуынан ауыл шаруашылық
дақылдардың ішінде алдыңғы қатарда. Әсіресе жас өсімдіктер қоректік
заттарды қарқынды пайдаланады. Капуста жапырақтары қарқынды өсу кезеңінде
азотты, ал қаудан қалыптасқанда фосфор мен калийді сіңіреді.
Жарық. Капуста жарық сүйгіш өсімдік. Қарқынды жарықтандыру өсімдіктің
қоректік заттарды сіңіруіне бірден-бір септігін тигізеді. Ақ қауданды
капуста ұзақ күндік өсімдік,әсіресе көшеттік кезеңінде көлеңкелеуді
көтермейді. Біздің аймақтың жағыдайымен қалыпты көшетін 38-42 күнде
қалыптастырады.
Капуста – айқас тозаңданатын өсімдік. Тозаңдануы жәндіктермен,
көбінесе ара арқылы жүреді. Капустаның сорттары және барлық түрлері бір-
бірімен оңай будандасады, бірақ пекиндік және қытайлық түрінен басқасы,
сондықтан аналықты отырғызу кезеңінде оқшауланған кеңістікті қатаң түрдле
сақтау қажет. Айқасгүлді көкөніс өсімдіктерінің басқа түрімен (шалғам,
шалқан, брюква, турнепс) капуста будандаспайды [15].

1.2 Биохимиялық сипаттамасы

Сорттың ерекшеліктеріне байланысты капустаның биохимиялық құрамы
әртүрлі болғанымен, өңдеу және агротехника жағыдайында, оның тағамдық
құндылығы өте жоғары болады.
Ақ қауданды капуста көмірсуға бай. Қауданында қанттың мөлшері 5%
немесе одан жоғары, негізінен ол моносахарид түрінде кездеседі. Құрамындағы
глюкоза мөлшері алма, апельсин және лимоннан асып түседі, ал капуста
қауданындағы фруктоза мөлшері картоппен, сәбіздің тамыржемісімен, асханалық
қызылша, лимон жемісімен салыстырғанда жоғары. Мынадай, заң бар
(қолданылады) – сорт қаншалықты кеш мерзімде пісетін болса, оның құрамында
соншалықты қант, құрғақ зат мөлшері және сақталғыштығы жоғары болады.
1кг капустаның каллориясы орта есеппен 200-300кал құрайды, сонымен
бірге құрғақ заттардың сіңімділігі 83%жетеді, ал акуыз - 77%.
Ақ қауданды капуста да белгілі дәрумендердің барлық түрі кездеседі,
бірақ көп мөлшерде аскорбин қышқылы - (С дәрумен) 120мг% дейін. Сонымен
қатар, каротин – 2мг%, В1 немесе тиамин – 0,22мг%, В2 (рибофлавин) –
0,6мг%, В3 (пантотен қышқылы) – 0,92мг%, РР (никотит қышқылы) – 2,7мг%, К –
4мг%, фоли қышқылы – 0,9-1,9мгкг, биотин (дәрумен Н) – 0,024мгкг,
токоферол (дәрумен Е) – 15-25мгкг, рутин (дәрумен Р) – 300мгкг дейін.
Капуста құрамындағы ақуыз жоғары сіңімділігімен және аминқышқылының
сапалылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, қызанақ және сәбізге қарағанда
капустаның құрамында лизин, митионин, триптофан біршама жоғары болады.
Капустаның қауданында орта есеппен 1,2% шикі ақуыз, шамамен 30% бос
аминқышқылы құрайды: аргинин (7-28%), гистидин (2-9%), лизин (4мг%),
метионин (1-8), валин (4мг%), лейцин (3,5), изолейцин (5мг%), треонин (3),
фенилолонин (2-ден 16мг% дейін), тирозин (6), триптофан (1-3%).
Бұлардан басқа капустаның химиялық құрамына қыша майы кіреді, оның
мөлшері 12,2% - ға жетеді.
Капуста минералдық элементтерге бай, және де олардың адам ағзасына
тигізетін ықпалы толығымен зерттелмеген. Бірақта бізге мәлім, калий ағзадан
артық суды шығарады, Se – белсенді антиоксидант [16].

1.3 Аққауданды капустаның селекциясы мен тұқым шаруашылығы

Белгілі бір жағдайда қауданның тауарлық түрін және тағамдық
құндылығын жоғалтпай ұзақ уақыт бойы сақтау. Барлық сорттарды немесе барлық
селекциялық материалды сақталғыштық қасиетіне сынау кезеңінде, қаудандар
бірдей оңтайлы жағдайда сақталады. Механикалық жарақаттанбаған, шеттері
тығыз байланысқан екі – үш жапырақты, сыртқы өзегі үш сантиметрге жететін
тауарлы қаудандарды іріктеп алады [17].
1995 жылы ақ қауданды капустаның 45 сорты және 49 буданы
аудандастырылған. Соның ішінде кеш мерзімде пісетін, сақталғыштығы жақсы
сорт Амагер 611, будан Крюмон, Колобок [18].
К. А. Тимирязева атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясының берген
мәліметі бойынша, кеш мерзімде пісетін сорттарының гүлдеу уақытының басталу
мерзімінде белгілі айырмашылық жоқ. Гүлдеу ұзақтығы шамамен 3 күн. Жаңбырлы
және ылғалды ауа райында гүлдеу уақыты ұзарады, ал құрғақ және ыстық
күндері керісінше қысқарады. Ауа райына және өсімдіктің даму дәрежесіне
байланысты гүлшоғырының гүлдеуі 15-тен 30, толық өсімдікте 25-ден 60 күнге
дейін [19].
1981 жылы ақ қауданды капустаның биологиялық жас және толық жетілмеген
аналықтар анағұрлым тұрақты өнім тұқымын берген. Сонымен қатар сыртқы орта
жағыдайына төзімділігін көрсеткен. Бірақта Чехияда кеш мерзімде пісетін ақ
қауданды капуста сорттары үшін ең жақсы нәтижені толығымен жетілген
аналықтар көрсетті [20].
Оңтүстік аймақтарда капустаның жоғары өнім алу ыстыққа төзімді
сорттарды өсіруге байланысты. Капустаның түрлері мен сорттар жоғары
температураны әртүрлі қабылдайды. Ең ыстыққа төзімсіз сорттар азиялық
түрлер әсіресе Brassica pekinensis Rupr. Жоғары температураны нашар
көтеретін біржылдық еуропалық түр- гүлді капуста. Әлсіз ыстыққа төзімді
савойский және брюссельский капусталар. Жоғары ыстыққа төзімді кольраби
және жапырақты капусталар екені дәлелделген.
Аққауданды капустаның ыстыққа төзімді және ыстыққа төзімсіз
сорттарының физиологиялық ерекшеліктерін анықталды. Ыстыққа төзімді сорттар
жоғары температурадағы жағдайда өсімдікке алмасу заттарды қамтамасыз етеді
және ассимиляциясы жақсы жүрген салдарынан өнімділігі жоғары болады.
Қауданды капустаның еуропалық түрлердің ішінен орташа кеш және кеш
пісетін голландиялық сорттарда құрғақ заттар жоғары болады. құрамында қант
мөлшері көп кездесетін еуропалық түр тармағынан таралған Брауншвейгский
және Голландиялық жалпақ сорттарында. Ал шығыс түр тармағынан таралған
қауданды капуста Бузовка және Завадовская сорттары қантты болып келеді.
Сонымен қатар аққауданды және қызыл қауданды капустаның голландиялық
сорттардың құрамында аскорбин қышқылы көп кездеседі. Сорттар мен жеке
түрлердің арасында азотты заттардың мөлшері жағынан өзара айырмашылықтары
бар.
Селекциялық жұмыстарын жүргізу үшін негізгі көрсеткіштермен бастапқы
материалдар болу қажет. Қазіргі уақыта Бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы
институтының (ВИР) гендік қорында аққауданды капуста коллекциясында 1080
үлгі бар. Капуста коллекциясының генбанкісі Германия, АҚШ, Великобритания,
Нидерланды, Чехия, Франция, Болгария, Италия, және басқа елдерде бар [21].
Соңғы жылдары Дания, Швеция, Канадада капустаның ерте пісіп жетілу
жағынан бірнеше сортүлгілер алынды. Даниядан Дитмарская сорты, Канададан
Golden Acre Early Jersey Wakefield сорттар шығарылды. Ерте пісетін және
біркелкі пісіп жетілетін үлгілер Ditmascher extra eatra early (Dieners)
st.409 (к-1484) пісу жағынан Номер первы грибовский 147 сортынан 15 күнге
ерте піседі. Даниялық үлгі және швециялық үлгілер Ditmascher st.84 (к-2170)
және швециялық үлгі Дитмарская ранняя пісу жағынан Номер первы грибовский
147 10 күнге ерте піседі.
Бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында капустаның
коллекциясы 40 елден 10 ботаникалық түрлерден құралған 2000 жуық үлгі
жиналған. Түрлік және сорттық қасиеттерін әр жақ аймақтарда институттың
тәжірибе станцияларында сыналады [22].
Зерттеу нәтижесінде коллекциялық танапта бастапқы материал ретінде орта
және кеш пісетін сорттарынан жоғары өнімді үлгілері алынды. Олар: Ликуришка
сиво, Алабама F2, Ликуришка, Зимовка 1474, Южанка -31, Ликуришка 498⁄15,
Багаевская, Душанбинская поздняя, Завадовская 257⁄263, Молоканка,
Харьковская зимняя, Белорусская -455, Белорусская -85, Бирючекутская-138,
Подарок, Багирская, Сахарная голова, Агрессор F1 , Колобок F1, ал өнімдері
бағалы белгілері бойынша алынған сорттар –Белорусская -455 Белорусская-85,
Бирючекутская (поликросс 2009), Подарок, Багирская, Сахарная голова,
Агрессор F1, Колобок F1 , Флорин, Алабама F2, Багаевская, Завадовская
257⁄263, Зимовка 1474, Лангедьек 4, Ликуришка сиво, Ломско, Харьковская
зимняя, Южанка -31, тығыздығы жоғары қаудандардың арасынан мынандай сорттар
алынды, олар: Агрессор F1, Белоснежка, Зимовка 1474, Лангедьек 4,
Харьковская зимняя және Алабама F2 [23].
Белоруссияда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, Юбелейная 29 және
Белорусская 85 аналық – штеклинговтан алынған тұқымдарының себінді сапасы
және ұрпақтық тұқымның сапасы стандарттық аналықтан кем түспеді [24].
Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, Амагер 611 сортының тұқымдық
мақсатта қолайлы себу мерзімі: Оңтүстікте 15-20 күнге кеш себіледі, азық –
түліктік себу мерзімімен салыстырғанда, жұмыс нәтижесі, Батыс – Сібірлік
картоп және көкөніс тәжірибе станциясында КҒЗИ аналықты көшеттік өсіру
әдісінен көшетсіз өсіру әдісіне ауысу арқасында, бактерия ауруымен
зақымданбаған аналық өсімдіктерін алды. Көшетсіз өсіру әдісі тұқымның
сапасын және өнімділігін жоғарылатты. Сонымен бірге гүлдеу кезеңі және
пісіп – жетілуі 6-7 күнге ертерек жүрді [25].
Сандық белгілердің көпшілігінде (В. Сваруп және т.б. 1963, 1965)
тұқымқуалаушылық жоғарғы доминанттылықпен немесе гендердің эпистатикалық
өзара әрекеттестігімен анықталады.
Ақ қауданды капустаның Амагер 611 және Зимовка 1474 сорттарын бір-
бірімен будандастыру кезінде тұқымқуалаушылық белгілер анализінің көрсетті,
өсімдік Ғ1 ұрпағында қаудан сақталғыштығы өте жоғары болған, ата – аналық
түрімен салыстырғанда – Амагер 611, Зимовка 1474 сортының деңгейінде, бірақ
өнімділігі жағынан 20% жоғары болды [26].
Капуста селекциясының түрлі бағытына сапалы бастапқы материал ретінде,
әлемнің 55 мемлекетінен жиналған 3200-ден аса сорт үлгілерінің барлық
түрлерін құрайтын, бүкіл әлемдік коллекциясын ВНИИР пайдаланады. Бағалы
бастапқы материал ретінде жергілікті және капустаның селекциялық сорты
болып қала береді.
Селекционерлер селекцияда көптеген елдердің Нидерландия, АҚШ, Канада,
Япония, Дания, Оңтүстік Кореи, Қытай, Италия т.б. мемлекеттердің сорттарын
және будандарын Ғ1 қолданады.
Будан пайда болдыру мақсатында үлкен жұмыс Россиядағы алдыңғы қатарлы
селекциялық тәжірибе станциясында жасалды, онда ақ қауданды капустаның
жүздеген бастапқы линиясы алынды [27].
Сорттық селекция жұмысы іріктеу әдісі сонымен бірге ең жақсы отандық
және шетелдік будандар мен сорттарды будандастыру арқылы жүргізіледі.
Бірінші сорттар ВНИИССОК (Белорусская 445, Московская поздняя 15) туыстық
және жергілікті бағалы популяциялық сорттарды массалық іріктеу жолымен,
сондай-ақ шетелдік (Номер первый 147, Слава 1305, Слава 231, Амагер 611),
индивидуалдық тәсілімен және Дания, Гнрмания, Голандия сорт үлгілерінің
туыстық іріктеуінен пайда болды [28].
Қазіргі уақытта аудандастыруға сақталғыштығы мен ыстыққа төзімділігі
үйлестірілген сорттар пайда болды. Негізінен бұл сорттар кеш мерзімде
пісетін топтар қатарына жатады және ұзақ уақыт сақтауға арналған.
Капустаның меншікті тұқым шаруашылығы жақсару мақсатында 2011 жылдан бастап
қазақ ҒЗИ-ның картоп және көкөніс шаруашылығында кеш мерзімде пісетін
сорттар тобын зерттеп, бағалау жұмыстары қайта қарастырылды, біздің аймаққа
жарамды тұрақты тұқымдардың бір немесе бірнеше сорттарын шығару мақсатында
[29].
Ертеде Казақ ҒЗИ-ның картоп және көкөніс шаруашылығында Алматы
облысының жағдайымен жүргізілген капустаның голандық буданының кезекті
бағалануы жоғары өнім және сапалы деңгейді көрсетті. Орта мерзімде пісетін
будандар ішінен ерекшеленген Кратуман және Краутами; кеш пісетіндердің
ішінен – Алабама, Мегатон, Ленокс, бірақ өнімділігі бойынша тауарлы
өндірісте стандартты сорт Слава 1305 және Белоснежка сорттарынан төмен. Осы
будандардың тұқымының құндылық маңызын ескере отырып, сорттық тұқымдармен
салыстырғанда, пайдаланылуы өнімнің өзіндік құнын тез арада қымбаттатады.
Сонымен бірге біздің жүргізген зерттеулер, кейбір бірінші ұрпақ
будандарының (Ғ1), мысалы Алабама және Мегатон екінші репродукцияға дейін
көбейтілгенде күтілген еш нәтиже бермейді, куәләндіратындай немесе тұрақты
[30].
Селекция жұмысын жүргізу үшін міндетті түрде алғашқы (бастапқы)
материал қажетті қасиеттерімен болуы керек. Тектік қорда ВИР қазіргі
уақытта ақ қауданды капустаның коллекциясы 1080 мөлшерде үлгісі бар.
Капустаның маңызды коллекциясы Германия, АҚШ, Нидерланды, Великобритания,
Чехия, Франция, Балгария, Италия тағы басқа мемлекеттердің текті ген қор
банкінде сақталған [31].
Қазіргі уақытта селекцияның негізгі бағыттарының бірі аурулар мен
зиянкестерге генетикалық тұрғыдан төзімді және құрамында бағалы биохимиялық
заттары бар капустаның түрін шығару болып есептеледі. Сонымен қатар
будандар мен сорттарды көбейтуге көп көңіл бөлінеді [33]. Капуста
селекциясында келешегі мол әдістердің бірі линиялардың өзіндік сиыспаушылық
гибридизациясы әдісі. Бұл әдісте 100% будандастырылады [34]. Селекциялық
әдісті жылдамдату үшін экологиялық селекция қолданылады, ал жақсы
қолданылуы үшін әртүрлі топырақты – климатты аймақтарды пайдаланылады [35].
Бүкіл әлемдегі селекционерлер ақ қауданды капустаның жоғары өнімді,
пісу мерзімі әртүрлі бірқатар будандар мен сорттар тізімін шығарды. Осының
арқасында кеш мерзімде пісетін капуста үлесі 50%. Қол жетімді және сапалы
бастапқы материал ретінде Ресейдің кеш мерзімде пісетін капустаның сорт
жинағы пайдаланылады. Онда көп көлемде отандық сорттар аудандастырылды
Амагер 611, Беларусская 455, Зимовка 1474, будан Ғ1 Альбатрос, Валентина,
Витязь, Колобок, Крюман, Экстра. Селекция үшін кеш пісетін сорттар ішінен
жақсы бастапқы материал, ыстыққа төзімді сорттар болып есептеледі.
Багаевская, Бирючекутская, Краснодарская 1, Харьковская, Монарская,
Новочеркасская 20, Ташкентская 10 және т.б [36].
Бағалы бастапқы материал ретінде көне болгарлық сорттар ұсынылады.
Завадовская, Кесэ, Ликуришка белая, Ломская белая, Марнополка. Бұл сорттар
жергілікті популяциялығы арқылы жоғары өнімділігін және құрғақшылыққа
төзімділіктерін көрсетеді [37]. Құндылығы бойынша кем түспейтін Ресейлік
популяция – сорттары Батуринская, Каширка, Клыковская, Кубышка, Молоканка,
Сасыкольская, Юрьевецкая және басқалары [38].
Бүкілресейлік ҒЗИ көкөніс шаруашылығы және оның тәжірибелік
станциясында, соңғы жылдары кеш пісетін капуста сорттары мен будандары
шығарылды. Бұл Арктика Ғ1, Валентина Ғ1, Гарант Ғ1, Застольный Ғ1, Лидер,
Морозко, Универс Ғ1 [39]. Кеш пісетін сорттардың ауруға төзімді келетіні
айқындалған. Сонымен Альбатрос буданы және Зимовка 1474 сорты шырышты
бактериозға төзімді, Бирючекутская 138 сорты – тамырлы бактериозға,
Славянка, Хуторок, НИИОХ 80 сорттары және Колобок, Крюмон, Экстра
бактериялы ауруға төзімді [40].
Жергілікті сорттар өте бағалы болғанымен, олар бастапқы материал
алудың дара көзі болып табылмайды. Экологиялық бейімділігіне қарамастан бұл
сорттарда жаңа сорт шығаруға қажетті қасиеттер бола бермейді. Ауыл
шаруашылығы талаптарына толық жауап беретін сорттар шығару үшін, басқа
елдердегі және континенттердегі шет аудандық бастапқы материалдарды
селекциялық жұмысқа пайдалану қажет.
Бірқатар елдерлегі көкөнісшілер тәжірибесі көрсеткендей мәдени
дақылдардың шет аудандық сортар материалын пайдаланудың үлкен маңызы бар.
АҚШ және Канададағы капуста дақылының бай сорттары Ресейден алынған
бастапқы материалдарды пайдаланудың нәтижесі болып табылады.
И. В. Мичурин селекционерлер ішінде алғашқылардың бірі болып, буданның
алыс географиялық формаларына назар аударды [41].
Ресейде жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, өнімділігі және сапасы
бойынша шетелдік кеш пісетін будандар Ресейлік будандар мен сорттардан
біршама төмен екендігін көрсетті. Бұлардың барлығының құрамында артық
жасуша (1%) бар, бұл оны ашытқы түрінде пайдалануға жарамайтынын және тек
жасаң күйінде ғана падалануға болатынын көрсетеді [40].
Кеш пісетін сорттардың негізгі белгілері жақсы сақталғыштығы болып
саналады. Селекцияда бастапқы материал ретінде Ресейлік сақталғыштығы
жоғары будандарды Ғ1 Альбатрос, Колобок, Крюмон, Лежкий, Монарх, Экстра
және Зимовка 1474 сортын сонымен қатар НИИОХ 80 пайдаланылады [42].
Жоғары сапалы өнімділік және сақталғыштығымен Украиндық Белоснежка
және Харьковская зимняя сорттары ерекшеленеді [43], украиндық ҒЗИ көкөніс
және бақша шаруашылығында шығарылған. Соңғы уақытта Украина батысында
жоғары өнімді кеш мерзімде пісетін Виоланта, Княгиния, Леся және Яна
сорттары пайда болды [44].
Селекция және тұқым шаруашылығы бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Себебі тек тұқым арқылы ғана сорт пайда болады. Сондықтан тұқым
шаруашылығына үлкен көңіл бөлу керек. Әрбір өсімдік түрінің тұқымын өсіруде
өзіндік ерекшеліктері бар. Капустаның аналық тұқымын өсіру агротехникасы
негізінен оны азық – түліктік мақсатқа өсіру барысымен байланысты. Бірақ
аналықтар тым жетілген болмауы тиіс, бұл жағдайды көшетті отырғызу немесе
тұқымды себу мерзімін анықтағанда ескеру қажет. Вегетациялық кезеңі ұзақ
аймақтарда капустаның кеш мерзімде пісетін сорттарын көктемнің соңында
немесе тіпті жаз мезгілінде, мысалы, мамырдың І-ІІ он күндігінде қорғаулы
топыраққа тұқыммен сепкен дұрыс [45].
Тұқымды өсіру технологиясында жауапты кезең аналықты сақтау және
оларды себуге дайындау. Сортқа, аймақтың ерекшеліктеріне және техникалық
мүмкіншіліктеріне байланысты, капустаның аналықтарын сақтау қоймаларында,
траншеяларда және жер төлелерде сәйкес қолайлы ауа ылғалдылығын жасап
сақтайды. Сақтаудың соңында қауданды кеседі, ал екінші тамыр жүйесін
қалыптастыру үшін тұқымдық өсімдікті жетілдіру жұмыстарын жүргізеді [46].
1965- 1968 жж. Қазақ ҒЗИ-ның картоп және көкөніс шаруашылығында
капустаның Заводовская сортының аналығына әртүрлі сақтау тәсілдерін
жүргізді. Ең жақсы сақталған түбі салқындатылған траншеядағы аналық
қаудандар – 96,3%. Сонымен қатар қанағаттанарлықтай дәрежеде кәдімгі
траншеяларда және көкөніс сақтау қоймасында сәйкесінше 93,5 және 92,2%.
Аналықтарды өзек түрінде сақтағанда (кесілген қауданмен) қалдық көп болды.
Көкөніс сақтау қоймасында сақталғаны 89,4% құрады, жер төлелерде – 86,7%.
Түбі салқындатылған траншеяларда (79кгга) және көкөніс сақтау қоймасында
(680кгга) қауданымен бірге сақталған аналықты қолданған кезде тұқымның
өнімділігі жоғары болды. Кәдімгі траншеяда сақталған аналықтардың тұқымдық
өнімі 620кгга. Отырғызу кезінде сақталған өзектердің тұқымдық өнімділігі
390-нан 440кгга дейін өзгерді [47].
Біздің 2010-2012 жылдары жүргізген зерттеулер көрсеткендей, Алматы
облысының жағыдайында капуста аналығы салқындатылмаған траншеяларда жоғары
көрсеткіштікпен сақталады. Бір жылдық зерттеуде сақталғыштық түрлі
сорттарда орташа есеппен 79,8% - дан (Бирючекутская 138 сорты) 100% дейін
құрады (Судья 146 сорты). Қарапайым сақтау қоймасында сақталғыштық 32,6-дан
88,2% дейін болды [48].
Қазіргі таңда әр елдің өзін – өзі азық түлікпен, соның ішінде жас
көкөніспен қамтамасыз ету өте маңызды мәселе болып отыр. Бұл мәселені
шешудің негізгі жолдарының бірі белгілі аймақтың топырақ – климатына сай
келетін жоғары сапалы тұқымдық сортты таңдай отырып, өнімді көкөністерін
өсіру технологиясы мен сақтау, өңдеу жолдарын меңгеру [39].
Қазақстанда 1991 жылдан бастап аққауданды капуста сорттық сынауда
жоқ. Орнына шетелдік селекциясының барлық жаңа гетерозисті будандарына
сынау жүргізуде және де олар жергілікті жағдайға толық бейімделмеген. Бұдан
басқа оларды Қазақстан жағыдайында қалыптастыру мүмкін емес. Себебі негізгі
материалды қолданушы немесе шығарушы тұқымшаруашылық фирмасы болып
табылады, олар ата – аналық жұпты құпияда сақтайды.
Қазақстан Республикасының Оңтүстік және Оңтүстік–Шығыс аймақтарының
жағыдайларына бейімделген, жоғары өнімді және ауру, зиянкестерге төзімді
сорт алу үшін, Қазақстанда капуста дақылының селекциялық жұмысын міндетті
түрде тереңірек зерттеп жаңарту керек. Институт селекционерлерінде капуста
селекциясынан бастама бар, жоғары өнімді бірнеше будандарды иемденді және
жұмыстың әрі қарай жалғасуын қажет етеді. Бұған қоса 2010-2012 жылдарға
селекция бойынша кеш пісетін ақ қауданды капуста сорттарының зерттелуі
белгіленген.
Қазақстанда технология және аналық капустаны сақтау бойынша зерттеу
жұмыстары негізінен ұзақ уақыт сақтауға арналмаған, бос қауданды сорттарға
жүргізілді. Сондықтанда аналықтарды отырғызуға дайындау ұсынысы кезеңінде
тығыз қауданды сорттардың тұқымдық өсімдіктерін жетілдіру ерекшеліктері
есепке алынбады. Сол аралықта кеш кесілген өзек аналығы тым баяу жетілді,
гүлдеу мерзімі кеш басталды, бос қауданды сорттарға қарағанда, жоғары
температура және құрғақ ауа райы тұқым сапасының және өнімнің күрт
төмендеуіне әкеп соқтырды. Осыған байланысты көптеген авторлар тығыз
қауданды сорттарды отырғызуға 2-3 апта бұрын аналық өзегін кесуді ұсынады
[49].
Шаруашылық жағдайда капуста тұқымдары өнгіштілігін 4-5 жыл сақтайды.
Тұқымдардың өнгіштігін сақтауы, оны сақтаған кездегі температура мен
ылғалдылыққа тікелей байланысты. Тұқымдар тыныштық күйде болсадағы тыныс
алуын жалғастырады. Тыныс алу үдірісі тұқым қабығының астындағы және
тұқымның жан жағындағы ауа қабатындағы оттектің есебінен жүреді. Тұқымның
тыныс алуы өте әлсіз, бірақ температура жоғарылаған сайын ол, әсіресе,
тұқымның дымқылдылығы артса күшейе түседі.
Көкөніс дақылдарының тұқымдарының сақталуына қолайлы температура 0-
50С; тұрақты 14-180 жылылықтада тұқымдар жақсы сақталады. Құрғақ тұқымдар
төмен (-1800С) және салыстырмалы түрдегі жоғары (80-850С) температураға
шыдайды, бөркендері -2-100 температурада өледі және ұзақ уақыт 60-650
қыздырғанды көтере алмайды.
Тұқымның сақталуына дымқылдылықтың тигізетін әсері басымырақ болады.
сақтаған кезде дымқылдық белгіленген шектен аспауы қажет. Капустаның
тұқымдастарда 9-11% дейін. Дымқылдылығы жоғары тұқымдар нашар сақталады
және өнгіштілігін тез жоғалтады.
Өнгіштікті жоғалтуда маңызды рөлді тек тұқымдардың дымқылдылығы ғана
емес, сонымен бірге ауа дымқылдылығы да атқарады. Жоғары дымқылдық, әсіресе
жылумен біріксе, тұқымның тез бұзылуына әкеледі. Сондықтан сақтау орны
ауасының салыстырмалы дымқылдылығы сапалы тұымның дымқылдылығынан 2% төмен
болуы керек. Су буларын, көмір қышқыл газын сыртқа шығару және тұқымды
оттекпен қамтамасыз ету үшін қойманы жүйелі түрде желдетіп тұру қажет. Әр
түрмен сортқа тән тұқым түсі, оның күйі мен баландылығының дәлелі. Түссіз
және бозарған (өңсіз) түс тұқымның толық піспеген кезеңінде, дымқылды ауа
райында жиналғанын немесе оларды күн көзінде кептірігенін білдіреді [56].
Тұқымнан өсіру кезінде үлкен маңызға ие тұқымды ерте мерзімде себу
және өсімдікті тез жетілдіру үшін уақытылы суару. Жоғары тұқым өнімін алу
үшін тұқымдық өсімдіктің тиімді (тәжірибелік) отырғызылуы (30-35 мың.
данага). Бұл өсімдікті өзіндік қысқарту жағынан тұқымның сапасын
жақсартады, бірақ [50].
Көкөніс өсімдігінің тұқымдық сапасы сонымен бірге сорттық жұмысқа да
байланысты. Міндетті түрде сорттық жаңарту жұмыстарын жүргізу қажет, бұл
төменгі репродукциялы тұқымдардың элитті тұқымдармен алмасуына әкеледі.
Элитаға дейін бірінші тұқым шаруашылығы жүргізіледі, мұнда тұқым шаруашылық
танапта ең жақсы өсімдікке іріктеледі, берілген типтік сортқа, олар
бағаланады және қайталама түрлері алынып тасталады. Сосын таза сорттық
бастапқы материал қалыптастырады, осыдан суперэлита өсіріледі. Мұнымен
қатар әртүрлі іріктеу тәсілін қолданады – жеке (индивидуалды), жеке –
туыстық, негізгі (массалық). Бұл бастапқы материалдың мүмкіншілігіне және
қойылған мақсатқа байланысты. Суперэлитадан элита өндіріс шаруашылығында
элита өсіріледі, ал бұдан тұқым шаруашылығында түрлі репродукциялы сорттық
тұқымдар өсіреді. Капустаның жоғары көбею коэффициентін есепке ала отырып,
элитаны бірінші репродукцияға дейін өсіру ұсынылады. Екінші репродукция
негізгі блып саналады және тұқым шаруашылығына қолдануға ұсынылмайды [51].
Мұндай тұқым жаңарту жүйесі тұқымды жиі алмастыруды және жеткілікті
жоғары мөлшерде элита талап етеді. Біз, капустаның кеш пісетін Заводовская
сортына зерттеу жүргізгенімізде, іріктеуді, сорттық тазалауды және жақсы
дайындалған бастапқы материалдың жоғарғы сорттық сапасын және өнімділігін
қажетті қалыпта қадағалау арқылы сорттық жаңартусыз ұзақ уақыт бойы
тұқымның сапасын сақтауға болады [46]. Суперэлиталық тұқымдарды себу
кезінде тауарлық қаудан өнімділігі 38,2тга, элиттыда 41,2тга, бірінші
репродукцияда 40,7тга, екінші репродукцияда 37,4тга және үшінші
репродукцияда 40,2тга тауарлық өнімнің шығымы 91%-дан 96% дейін [13].
Капустаның өнімділігі шаруашылықтың негізгі бағалы белгілеріннің бірі.
Сапалы негіз салушы ұрыққа іріктеу жұмысын жүргізгенде, айрықша өнімді
тығыз қауданды өсімдікті таңдайды. Сонымен қатар өсімдікті жоғары
агроаясында өсіріп, бағаланады. Өнімнің есебін жалпы қауданның массасын
бөліп жүргізіп, тауарлық өнімін анықтайды. Стандартқа сай емес өнім
қатарына ұсақ, жарылған (шытынаған), ауруға ұшыраған қаудандар жатады
[10].
4. Капустаның тіршілік факторларына талаптары

Қоршаған ортаның жағыдайына (факторына) өсімдіктен тыс не болса соның
барлығы жатады. Осы күрделі кешеннің ішінде өсімдік тіршілігінің үш топ
әсер етушілерін (факторларын) бөліп алады.
Абиотикалықтар: климаттық – температура, жарық (жарықталғандық,
жарықтың спектрлік құрамы және күннің ұзақтығы, ауа (құрамы, қозғалысы),
ауаның ылғалдылығы, топырақтық (эдафикалық гректің эдафы - жер деген
сөзі) – топырақтағы минералды тұздар, топырақ ауасы және ылғалы.
Биотикалық – егістегі мәдени дақылдардың өзара ықпалы, арамшөптер және
пйдалы, зиянды (аурулар) микрофлора (саңырауқұлақтар, бактериялар,
вирустар), пайдалы және зиянды жануарлар.
Антропогендік (ежелгі грек сөзі антропос - адам, яғни адамның
шаруашылық әрекеттерінің ықпалы) – дақылдық әдіс, хирургиялық тәсілдер
өсімдікке машиналармен, химиялық қосылыстармен және физикалық қосылыстармен
және физикалық құралдармен әсер ету, соның ішінде қоршаған ортаны ластауда.
Адамның іс-әрекеті алғашқы екі топ факторға өте күшті әсер ететінін айтқан
жөн. Агротехниканы дұрыс құрастыру және өсімдіктің ең жоғары мүмкін өнімін
қамтамассыз ету үшін оның қоршаған орта факторына қалай қарайтынын білген
жөн. Өсімдік тіршілігінің факторларының маңызы бірдей, олар бірін-бірі
алмастыра алмайды [52].
Өсімдіктің факторға деген реакциясын үш мағынамен сипаттайды: оптимум
(өсімдік өшін ең қолайлы), минимум және максимум. Кейінгі екеуі өсімдіктің
өсу және даму факторларының әсер етуші шектері болып саналады.
Өсімдіктің қалыпты өсіп-дамуы үшін оңтайлы (оптималды) жағдай жасау
керек, мұндайда ең аз минимумдағы факторға әсер етеді. Максимум мен
минимумның ортасындағы фактордың қарқындылығын төзімділік (толеранттық)
аймағы деп атайды.
Өсімдіктің әр дәуірде орта жағдайына қоятын талабы бірдей емес және
факторлардың рөлі өзгеріп отырады. Егер тұқымның бөрту кезеңінің өтуі үшін
алдымен ылғал қажет болса, өскіннің қалыптасуы үшін қажет фактор – жылу, ал
өскіннің топырақ бетіне шығуына – жарық қажет.
Өсімдіктің қоршаған орта факторларына реакциясы бойынша академи Д. И.
Тараканов (1982) мынадай түсініктерді ажыратады.
Өнім алуды немесе кезеңаралықты өтуді қамтамассыз ететін факторлардың
қарқындығы мен жиынтығының көрсеткішін талап етушілік дейді. Мысалы,
температураның оңтайлы мәні және оның жиынтығы; топырақ ерітіндісіндегі
тұздардың концентрациясы және олардың өніммен шығатын мөлшері; топырақтың
ылғалдылығы және өнім алуға қажет ылғал мөлшері [32-37].
2. Шыдамдылық ­ факторлардың шеткі (ең төменгі және ең жоғары)
мәндерін басынан өткізу. Ол минимумның (максимумның) мәндерімен, пессимум
аймақтарымен (өсімдіктердің факторлардың тапшылығынан немесе артықшылығынан
күшті қысым көрушілігі) және олардың әсер етуінің ұзақтығымен анықталады.

3. Ықыластылық ­ фактордың қарқындылығының артуына өсімдік
реакциясының ( жауабының ) деңгейі. Әр түрлі дақылдар және бір дақылдың әр
түрлі сорттары факторлардың әрқайсысына шыдамдылық ( толерантылық)
диапозымен және оптимум аймағымен өзгешеленеді.
Өсімдіктер қоршаған ортаның жағдайына ең жоғары талапты тіршілік
циклының бастапқы кезеңінде ( өскін және алғашқы жапырақтанған кезінде),
қарқынды фотосинтез өтуге және тамырлық қоректену үшін қажетті, дамыған
топырақ үстіндегі мүшелері мен тамыр жүйесі болмағандықтан қояды.
Өсімдіктердің тамырлық қоректену жағдайын басқарудың ең қарапайым жолы
­ суландыру және топыраққа тыңайытқыш енгізу. Келуі географиялық
координаттарымен (ендік, бойлық) теңіз деңгейі биіктігімен анықталатын,
шығу тегі, ғарыштық факторларды (жылу, жарық), өсімдікті ашық жерде
өсіргенде басқару өте шектелінген және ол учаскенің орналасатын жерін
таңдап алуға, оның қолайсыз әсерлерден қорғалуына, сорт таңдап алуға және
агротехникалық шараларға ( отырғызу жиілігі, қатардың бағыты ) саяды.
Ғарыштық факторларды басқарудың үлкен мүмкіншілігі қорғаулы жерлерде
қамтамасыз етіледі.
Олай болса, көкөніс шаруашылығының негізгі міндетін ойдағыдай шешу
үшін ­ тұрақты жоғары және 2 есе жоғары сапалы өнім алу үшін көкөніс
дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін білу қажет және олардың өсу мен
даму факторларын ебін тауып басқару керек. Егер көкөніс дақылдарының
түрлері мен сорттарының қоршаған орта жағдайына қоятын талаптарының
әрқилылығын ескерсек мұның өте қажет екені белгілі болады.

1.5 Ақ қауданды капустаның тағамдық және емдік қасиеттері

Ақ қауданды капуста тағамға пайдаланатын ежелгі мәдени дақылдардың
бірі болып саналады. Капуста ежелгі Грецияда және Римде кеңінен таралған.
Капуста өсімдігінің сипаттамасы әдебиеттерде ХІІ ғасырдан бастап кездескен.
Қазіргі уақытта ол бүкіл әлемде кең көлемде таралған, жыл сайн 40млн.т.
дейін өсіріледі. Бұл жоғары өнімді өсімдік; мәліметтер бойынша қауданының
ең жоғары өнімі 110т ⁄ га құрады, бірақ теория жүзінде өнімділігін 200т
⁄га жеткізуге болады. Капустаны тағамға түрлі күйінде пайдалануға болады,
ашытылған, бұқтырылған, жасаң, маринадталған, тұздалған түрлерінде
пайдаланады.
Капустаға емдік қасиетке тән. Қның даңқы ғасырлар бойы қалыптасқан.
Біздің елдің ескілікті Емдік кітаптарында, сонымен қатар Батыс Еуропа және
Азия елдерінде капустамен емдеуге болатын бауырдың және буындардың жара,
дынгене және т.б. аурулардың ұзақ тізімі келтірілген. Капустаның емдік
қасиеттерін ғылым қазір дәлелдеп отыр, ал Ресей ғылым академиясының
қоректендіру институты бір адамға жылына 34 кг капуста жеуге ұсынады.
Капустаның шырыны өте пайдалы. Қазір дәрі-дәрмек өнеркәсібі жас
өсімдіктен ақ сары және қоңыр түсті құрғақ шырынды ұнтақ дайындауда. Ол
асқазан және ащы шек жараларын, атаросклероз және басқада ауруларды емдеуге
қолданылады [36].
Сортың немесе селекциялық номердің басты көрсеткіші – олардың
өнімділігі мен сапасы. Бұл өте күрделі көрсеткіштер болып табылады. Себебі,
оларды анықтау үшін, біріншіден көптеген жай белгілерін қарастыру қажет
болса, ал екіншіден қоршаған ортаның әсеріне және өсу жағдайына байланысты
өсу деңгейін анықтау қажет [38].
Әрбір алынған және өндіріске ендірілген жаңа сорттар жыл сайын жоғары
өнім беріп, сапасы жақсы болуы үшін, бастапқы материалдарды мынадай белгісі
бойынша бағалайды:
1) Өнімділігі;
2) Қолайсыз климаттық жағдайға төзімділігі;
3) Ауруға төзімділігі;
4) Себу, күту, жинау, жұмыстарында техниканы пайдалануға бейімділігі;
5) Сапасы;
Бастапқы материалдарды сынау, бағалау үшін мынадай үш тәсілді
қолданады:
1) Егістік жағдайда;
2) Зертханалық жағдайда;
3) Зертхана – егістік жағдайда [50-51].
Бұрынғы Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институты – бес континент
елдеріне және бұрынғы КСРО на енген мемлекеттер бойынша материалдардың
нәтижелерін жинақтау үшін, 300-ден астам экспедиция жүргізді. Осы мекеме
ұжымдарының еңбегінің арқасында шетелдердің көптеген ғылыми мекемелерімен
сорт үлгілерін алмастыру кеңінен жүргізілді. Н. И. Вавиловтың басшылығымен
Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институтының ғалымдары ұжымның көп жылдық
жұмысы нәтижесінде көптеген жаңа сорттар ашылды. Соның ішінде ақ қауданды
капустаның бірнеше сорттары [43].
Капуста тұқымдастарынан ең кеңірек таралғаны – аққауданды капуста. Бұл
өзінің жоғары дәмдік қасиеттеріне және тағамға алуан түрлі пайдалануына
байланысты. Шикі, пісірілген, қуырылған, тұздалған және маринадталған
күйінде пайдаланылады. Тасымалдауға қолайлы. Ерте пісетін және сақтауға
шыдамды, кеш пісетін сорттары жыл бойы балаң (жас) күйінде пайдалануға
мүмкіндік береді [37].

1.6 Сортқа қойылатын өндірістік талаптар

Осы заманғы ауыл шаруашылық өндірісі сортқа жоғары талаптар қояды.
Олардың негізгілері мыналар:
1) Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім беруі. Сорт жоғары өнімді
болуымен қатар, тыңайтқыш ендіруге және басқа агро әдістерге кеткен шығынды
өз түсімімен өтеуі қажет.
2) Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуы
тиіс. Сорттар құрғақшылыққа, төмен температураға, қыстап шығу барысында
қолайсыз жағдайларға төзімді болуы шарт. Бұл қасиеттер өнімнің тұрақтылығын
анықтайды.
3) Аурулар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түсті қырыққабат
Қырыққабат дақылының өнімділігіне органикалық тыңайтқыштардың әсері
Аққауданды қырыққабат
Алматы облысы Қарасай ауданындағы қырыққабаттың зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары
Алматы облысы, Қарасай ауданы бойынша көлемі 7 га қырыққабат егісінде кездесетін негізгі зиянкестер мен ауруларын болжау және күрес шаралардың мерзімін хабарлау
Қырыққабат - құнарлы мал азығы
Капустаға сипаттама
Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі
Гүлзар және көкөніс бақшасы
Тамыр-түйнектердің құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы ақпарат
Пәндер