Спорт құрылыстарын жіктеу сызбасы


«Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен спорттық құрылыстардың қажеттіліктерін сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған міндеттерінің бірі. Спорттық құрылыстарының мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, спорттық құрылыстардың жіктелуін оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.
Зерттеу нысаны. Спорттық құрылыстар және су спортына арналған құрылыстар.
Зерттеудің мақсаты - Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, “Білім беру туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан - 2030” даму стратегиясы, “Дене тәрбиесі” тұжырымдамасы т. б. ), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеу базасы: Стадиондар, манеждер, ашық және жабық спорттық құрылыстар.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының озектілігі мен қоғамдық сұранысы, онын бүгінгі күнге дейінгі зерттелу жағдайы, зерттеу мәселесінің қарама- қайшылықтары мен проблемасы, сондай-ақ, зерттеу мәселесінің ғылыми аппараты баяндалады.
" Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістері " деп аталатын екінші тарауда су спортында пайдаланатын құрылыстар көрсетілген.
Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысының нәтижелері тұжырымдалып диплом жұмысының нәтижелерін практикада пайдалануға нақтылы ұсыныстасы беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми және әдістемелік еңбектер тізімі көрсетілген.
I - ТАРАУ. СУ СПОРТЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР
- Бассейндердің сипаты мен жіберу мүмкіндігі
Жүзу бассейні «Суға секіруге немесе су добына арналған» лайықты жабдықтары мен шомылуға, оқу сабақтарына және жарыс өткізуге арналған құрылғылары бар табиғи немесе жасанды су қоймасы болып табылады.
Белгіленген норма бойынша спорт бассейндері ұзындығы 50 және 25 м., ені 21, 16, 11 м. ванналарымен салынуы қажет «Ұзындығы 25 м. бассейндер дене тәрбиесімен Спорт комитетінің келісімі бойынша салынады». Бұндай бассейіндерде «шеткі жолдарды 0, 5 м-ге кеңейту есебімен жол ені 2, 5 м. болғанда» 8, 6, 5, 4 жол салуға (4-тен аз жол салуға рұхсат етілмейді) болады.
Суға секіруге арналған бассейндердің көлемі қабылданған секіру құрылғыларының құрамымен спорт құрлыстарынын жобалау нормаларына байланысты болады. Құрылғылардың бір топтамасын орнатқанда бассейн ваннасының көлемі 20х20 м. болуы тиіс. Егер ванна ұзындығы 33, 33 метрге дейін ұлғайтса, онда бассейнде су добы ойынымен жүзуге пайдалануға болады. Бассейндердің жіберу мүмкіндігін жүзумен айналасушылардың контингентіне байланысты қарастыру қажет (1-кесте) .
Түрлі сабақтарға кезектесіп пайдаланатын ванналардың жіберу мүмкіндіктерін орта есеппен қабылдаған дұрыс. Жүзуге арналған ваннаның ең төмен тереңдігі 1, 2 м., ал ең терең бөлігінде жасалған ылдиға байланысты 1, 8-ден кем емес; Ал республикалық жарыстарға арналған бассейндердің ваннасының ең саяз тереңдігі 1, 8м. Бұндағы бассейндердің ұзындығы 50 м. өйткені рекордты көрсеткіштер осы қашықтықпен есептеледі (ұзындығы 3 мм-ге ауысуы мүмкін) электрохронометражды құрылғысының пластинасын салуға байланысты, бассейн ваннасының ұзындығы пластина қалындығының есебімен ұлғаюы мүмкін.
1- кесте
Ашық және жабық бассейндердің бірмезгілде жіберу мүмкіндіктері
Жаңадан бастаушы
лар
3-2 дәрежелі жас спортшы
лар
Жүзу
(Бір жолға)
Секіруге арналған ваннаның көлемімен тереңдігі, сондай-ақ секіру құрылғыларының орналасуы сызбада келтірілген секіру құрылғыларының топтамасы бойынша анықталады (1-сурет) . Ваннаның ұзындық жиегі 2-суретте берілген спорт құрылысы тәжірибесінде туы көтерілетін немесе түсірілетін бассейндер жиі таралып жатыр. Бұндай бассейндер сан алуан сабақтар жүргізуде оның ішінде жатқан бастаушылар мен балаларға жүзу үйрету үшін пайдаланады.
Республикалық, бүкілодақтық, халықаралық жарыстар өткізуге арналған бассейн ванналарын максималды параметр бойынша салу қажет. Белгіленген мөлшер бойынша 25-метрлік жобамен бассейндерге 10-метрлік мұнара салынбайды. Барлық платформалар мен сатылар жақтаулармен қоршалады (алдағы жиектен түскенде 0, 8 м. ) трамплен биіктігінің ауытқу мүмкіндігі +10 см, ал мұнаранікі +10 см болады.
Ашық бассейнердегі секіру құрылғыларын солтүстікке, солтүстік-шығысқа, шығысқа бағыттау керек. Әрбір жабық бассейндер 7-14 жастағы балаларды жүзуге үйрету үшін ванналар жабдықталуы керек.
7-ден 11 жасқа және 11-ден 14 жасқа дейнгі балаларға арналған ванналарды олардың ылдиына қойылатын талаптар есебінен бір ғана ортақ ваннаға біріктіруге болады. Бұл ванналарды басқалардан бөлек орналастыру қажет.
1-сурет. Темірбетонды секіру құрылғысы
2-сурет. Бассейндегі ваннаның жанынан кескіні.
а, б- секіру қондырғысы жоқ ванна; в-секіру қондырғысы бар ванна.
1. 2 Бассейн түрлері.
Өз саласы бойынша бассейндер былай бөлінеді.
- Шомылатын;
- Оқу-спорттық (жарыс өткізу мүмкіндігімен) ;
- Аралас (түрлі мақсаттарға арналған) .
Бұдан басқа бассейндер жабық және ашық болып екіге бөлінеді.
Қала құрылысының нормалары түрлі ауқымдағы бассейндер желісін құруды қарастырады (мектептік, халықаралық, т. б) .
Бассейн құрылысына арнап жер таңдағанда тұрғын алшақтығын инженерлік коммуникация, қызметі және ауа құрамын ескерген дұрыс. Егер бассейнді табиғи су қоймасына салатын болса, онда судың сапасын, ағыс жылдамдығын, түбімен жағасының жағдайын ескеру қажет.
Бассейндер өзінше дербес нысан болып және сол сияқты спорт залдарымен, мәмлелерінен, алаңдарымен біріктіре салынып, ашық және жабық ваннасы болуы мүмкін. Бұндай үйлесімділік спорт кешенінің қолайлылығын, үнемділігін арттырыды.
Ашық бассейн ванналарымен дайындық жүргізетін алаңдары көгалданған жерлерге орнатқан дұрыс (аумақтың ең кемі 35%, көгал болуы керек) . Барлық құрылыстар жер бөлігінің түкпіріне орналасуы тиіс (оның шекарасынан 15 м., ванналарды тұрғын үйден кем дегенде 50 м. алшақ салу қажет) . Серілердің дене тәрбиесі таптық және әскери болды. Серілер өздерін тек әскери дайындықпен, көңіл көтерумен айналысу керек деп білді. Сондықтан олар дене еңбегімен айналыстады. Олар көбінесе әскери жорықтарда, басқа жерлерді мемлекеттерді тонау, халықтың көтерілісін басып отырды.
Серілердің тәрбиесі тек қана олардың серілік атаққа жету еді. Оларды атпен шабуға, семсерлесуге, жүзуге, садақ атуға, шахмат ойнауға, аңға шығуға, өлең жазуға үйретті.
Болашақ серілер 7-14 жасында феодалдың әйеліне пажа болды. Ал 14 жастан бастап оларды қару алып жүруші атағына сайлады. 21 жасында серілікке өткізілді.
Серілікке дайындық кезінде жастар дене жаттығулармен айналысты, өздеріне шыдамдылықты, күштілікті үйретті. Серілердің дене тәрбиесінде ойын мен спорттің ролі үлкен болды. Ойындар жылжымалы, спорттық және әскери болып бөлінді.
Ашық бассейндер
Ашық бассейндер қарапайым, табиғи су қоймасына салынған және жасанды арнайы салынған, ваннасы болып бөлінеді. Табиғи су қоймасындағы бассейндердің мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Табиғи қоймасына салынған қарапыйым бассейндерге балалар бақшасында, пионер лагерьлері мен ауыл мектептеріндегі көлшіктер жатады
Жүзу спорттық бассейніде қарапайым болуы мүмкін: кіші (ұзындығы 25 м. ) және үлкен (ұзындығы 50 м., 6 - 8 жолы бар) . Бассейн жағасында киім ауыстыратын, киім қоятын арнайы бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, сондай -ақ жазғы жуынатын бөлмелер мен әжетханалар болуы тиіс. Киім ауыстыратын бөлмелерді жеңіл материалдармен салған дұрыс (3-сурет) .
3-сурет. Су қоймадағы бассейн.
Табиғи су қоймасындағы бассейндер ағаш немесе темір тақталардан салынуы мүмкін. Бассейн құрлымын таңдау көбінесе су қоймасының жағдайы мен материалдық жағдайға байланысты. Ағаш құрылымдарды мұз зақымдауы мүмкін, сондықтан оларды маусым барысында су деңгейі жиі өзгеретін жерлерге салмаған дұрыс. Тақтадан жасалған бассейндерді қыста қайта жөндеуден өткізуге болады. Алайда бұл бассейндер дайындалуы жағынан күрделі және мұқият күтілуді талап етеді.
Сөрелік жәшіктерді сөре плотына өзара метрлік арқан мен байланысқан (диаметрі 6-8 см. ) жол нүктесі бойынша орналастырады. Жүзіп өту жолдары бассейнге қараған ұзындығы бойынша ені 1, 5 м., торцты - 3 м. болады. Бассейн бөлігінің ерекшелігіне байланысты жүзіп өту жолдары сондай түрдегі қалқыма қоршауымен қоршалуы мүмкін. Балалар бассейні қалыңдығы 30 мм., тақтайлардан орнатылған қалқанмен қоршалады. Бассейн тереңдігі оның қызмет саласына байланысты. Бассейн терең болуы үшін оны жағадан қашық орнатады, сонда ол арнайы жолдармен жалғасады, егер бассейн салынған су қоймасы терең болса, онда бассейн қалқымалы болып орнатылып, түбі қалқан мен бекітіледі .
Кейде бассейндер су қоймасының жағасына салынады. Бұндай бассейнді жабдықтау үшін үлкен астау дайындап, оның жиегін шыммен, бетонмен немесе таспен бекітіп, сосын пайда болған ваннаны өзен ағысымен байланыстыруы қажет. Шағын өзеннен көлшік ұйымдастыруға болады. Ағысқа қойылған шығыршықтар су ағысын реттеп тұруға мүмкіндік береді. Құрғаққа салынған жасанды ваннасы бар бассейндер суды трубамен алады, су көршілес су қоймасынан немесе су трубасынан арнайы отпен немесе күнмен жылытып алынуы мүмкін. Ваннаның су қоймасының сумен толтыру үшін бассейн су қоймасына қарсы қойылады. Тәулігіне суды 3 рет, ал балалар бассейніндегі суды 4-5 рет тазартып тұруы қажет. Суы жылымайтын бассейндерді (немесе күн сәулесімен жылытатын) пайдалану уақыты шектеулі (климаттық белдеуге байланысты) 4-суретте ашық жасанды бассейндердің жоспары берілген. Күн сәулесімен су жылытқыш құрылғылар күнге қараған жақтау бойымен суды шашыратып жылыту принціпіне негізделген.
4-сурет. Су қоймасындағы бассейндердің орналасуы.
Жазықтықтың қиғаштығы жергілікті жердің географиялық ендігіне тең қабылданады. Гелео қондырғыларды солтүстік ендікте оңтүстікке қарай 30° орналасқан аудандарда пайдалануға болады. Мысалы: Мәскеу облысындағы ендікте әрбір 1м 2 қыздыру бетінің тәуліктік өнімділігі сәуірде 60 л, ал қыркүйекте 50 л (су 50-55°қа қыздырылады) болып анықталады.
Егер су арнайы қыздырылса, онда ол рециркуляцияның шектеулі бағыты бойынша қозғалады, су сүзгіден және залалсыздандыратын құрылғыдан өтеді, содан кейін бассейнге қайта келеді. Үнемдеу мақсатында (суды) бұл жүйе қыздырылмайтын бассейндерде де қолданылады.
Суы қыздырылатын ашық бассейндер жыл бойы пайдаланылады, сондықтан оларда бассейн ваннасымен арнайы қалқыма арқылы жалғасатын (ені 1, 8 м. ) киім ауыстыратын бөлмелер бар, яғни жылы бөлмеден шығып суық ауа тиюден қорғайтын қалқымамен өтіп ваннаға түседі.
7-14 жастағы балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін бассейндерде жылынатын орын салған дұрыс.
Ашық бассейндер ваннасының құрлымы жер асты сулары мен қысқы мұз қату деңгейі есебімен жобаланады.
Жерасты сулары деңгейінің көтерілуі тасу қаупін туғызады, ал бұл сыртқы гидроизоляция мен ваннаны барынша көтеруді талап етеді және қыста ванна пайдаланылмайтын болса суды ағызып тастаған дұрыс.
Ваннаның қабырғасы мен түбі кірпіштен, темірбетоннан, тастан жасалады (үнемді әрі мықты) .
Ашық бассейндердің қабырғалары тік, әрі қоршаған топырақ басып қалуынан сақтайтын мықты болуы тиіс. Қарапайым ванналар қабырғалары тік жиекті немесе жартылай жиекті болуы мүмкін. Бұндай торцты бассейндердің ванналарының (су астында 80 см-ден кем емес) қосымша бұрылыс қалқандары (спорттық жүзуіне қажетті) болуы мүмкін.
Бассейн ваннасының қабырғасы мен түбін гидроизоляциялау негізгі құрлымының сапасына байланысты және тиіс жағдайлы негізде орнатылады.
Гидроизоляциялау мен бетін сылау түрін таңдағанда оның аязға шыдамдылығын ескеру қажет. Бетіне жапсыратын плитаны қолданғанда оны желімдеу жағына назар аударған дұрыс. Бассейн ваннасының бетін безендіру барысында тек ішкі жоғарғы жағын темірлеу мен ғана шектеледі. Арнайы құрылған ваннасы бар жасанды ашық бассейндер арасында жиналып жазылатын құрылымды темір бассейндер әсіресе қызығушылық туғызуда. Бұндай бассейндер ваннасы ішінен су өткізбейтін пленкалық материалмен қапталады. Бұндай бассейндерге су қыздырғыш, су сүзгіш құрылғылары, сондай - ақ суды залалсыздандыратын қондырғылар қосуға болады. Жиналып жазылатын бассейндер орналастыруға қолайлы, үнемді болып табылады. Ашық бассейндердің көмекші орындары жеке тұрған павилион түрінде жобаланады. Одан бөлек бұл жерде орындықтар, су тиетін қауыздар орнатылады, бассейн айналасына су жолы салынады. Сол сиақты дайындық сабақтарына арналған алаң салынып, ол қоршалады және желмен шаңнан қорғайтын жасыл желекпен қоршайды.
Жабық бассейндер
Біздің елімізде жыл маусымдарымен ауа - райы жағдайларының өзгеруіне тәуелсіз жұмыс жасайтын жабық бассейндер қолайлы саналады. Бұған қоса жабық және ашық ванналары бар кешенді бассейн көптеп дамып келеді.
Жабық бассейн ғимаратында спортшылармен көрермендерге ортақ вестибюль немесе екеуіне екі бөлек орын болуы тиіс. Көрермендер вестибюльден фойеге, мінбеге және қоғамдық әжетханаларға өтеді. Спортшылар вестюбильден киім ауыстыру бөлмесіне өтіп, одан дайындық сабақтары өтетін залға келеді (ашық бассейндер үшін алаң) . Киім ауыстыру бөлмесіне келіп, киімін ауыстырып шомылу заттарын алып, спортшылар жуынатын бөлмеге барып одан су жолы арқылы ваннаға келіп түседі. Қайтар жолында спортшылар жуынатын бөлмеге соғуы керек.
Балалар бассейн кешені бөлек орналасады жабық бассейндердің жобалау шешімдерінің технологиялық сызбасы берілген. Ғылыми зертеу жұмыстарын жүргізуге физиологиялық жаттықтыру бассейні қолайлы (5-сурет) .
5-сурет. Физиологиялық жаттықтыру бассейні
Ені 2, 5 м., тереңдігі 1, 2 м. су ағысы ілмек бойымен су бетіне жақын және тереңдігі 3 м. бассейн түбімен айналып жүреді. Циркуляцияны екі винті сорғыш сорып тұрады. Су ағысының жылдамдығын реттеп тұруға болады. Жүзгіштің қауіпсіздігі қорғаныш торы мен сорғыштың апаттық қосылу арқылы қамтамасыз етілген. Бұдан бассейнде жүзгіштің қимыл тәсілін, жүрек жұмысын т. б. зертеуге болады.
Іс - тәжірибелік дене тәрбиесі сабақтарымен бір немесе бірнеше спорт түрлерінен жарыстар өткізілетін 1000 - 1200 м 2 -қа дейінгі аумақты мекемені спорт залы деп атайды.
Бірнеше спорт түріне арналып жабдықталған залдарды әмбебап деп, ал бір немесе ұқсас бірнеше спорт түріне арналған залдарды арнаулы деп атайды.
Спорт залдарының ауқымымен олардың бағдары спорт залдары көлемі жағынан оқу жаттықтыру сабақтарымен жарыстарға толығымен лайықты болуы тиіс. Тағайындалуы жағынан залдың биіктігі, ұзындығы мен ені анықталады. Яғни жоспардағы ойын залының көлемі салынып жатқан ойын алаңының көлемінен кем болмауы керек.
Ойындарға арналған спорт залының биіктігі доптың кедергісіз ұшуына жағдай жасаумен, ал гимнастикалық залдарының биіктігі жарыс ережесіне байланысты дөңгелектердің іліну ұзындығының дұрыс болуына байланысысты анықталады. Залдардың көлемі сондай-ақ жаттықтыру мен көрермендік ойындарға жіберу қасиеті мен анықталады және құрамында осы зал қамтылатын спорт ғимаратының немесе басқада ғимараттың технологиялық сызбасын құру барысында қарастырылады. КСРО-да қазіргі кезде кең ауқымды спорт залдарымен кең қолданысқа ие (24х42х8-ден 12x24x6 м-ге дейін) . Кей жағдайларда жекелеген жобалар бойынша үлкен көлемдегі салынады.
Спорт залдары мен мекемесінің терезелері қалың шыныдан салынады. Зал еденінде жарық біркелкі түсуі үшін мүмкіндігінше екі жақтан терезе болуы қажет. Кіші залдарға бір жақты жарық (9x18 м. ) беруге рұқсат етіледі. Екі жақты табиғи жарықтандыру үшін ұзын қабырғаға терезелер орнатылады, ал жарық мол түсуі үшін қарсы қабырғаға қосымша терезелер орнатылады.
Жарықтың түсу бағыттары бойынша спорт залдарының негізгі терезелерінің залдары құрылыс жүріп жатқан орының ерекшелігіне байланысты анықталады және жергілікті жер талаптарына байланысты таңдалып орнатылады. Спорт залдары терезелерінің солтүстік бағдары КСРО-ның ешқандай табиғат аймағына сәйкес келмейді.
Өйткені жылдың барлық маусымдарында табиғи жарық беру жеткіліксіз болады, әрі күн сәулелері мекеме ішіне түспейді.
Ең қолайлы табиғи жарықтар жыл бойына солтүстік және орталық аймақтарда тұрақты болады, яғни олар оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағдарынан жақсы түседі. Батыс және оңтүстік-батыс бағдарынан кешкі уақытта күннің кешкі шапағы жарық береді. КСРО-ның оңтүстік аймақтарында (оңтүстікке 45°-таяу) терезелердің солтүстік және солтүстік - шығыс бағдарлары ұсынылады. Біздің еліміздің оңтүстік аудандарында терезені үлкен етіп салудың қажеті жоқ, себебі бұл спортшылар организімінің жылу алмасуына кедергі келтіріп, оның ысып кетуіне жол береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz