Көпжылдық спорттық дайындық жүйесінің мазмұны



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
Спорттық қабілеттер мен дарындылықты анықтау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І – бөлім. Балалар мен жасөспірімдер спортының
ілімі мен әдістемелерінің негіздері
1.1. Балалар мен жасөспірімдер спорты ілімін қалыптастыру тарихы
... ... ... .5
1.2. Балалар мен жасөспірімдер спортының Қазақстандік және
Кеңестік ілімі мен әдістемесінің дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Балалар мен жасөспірімдер спорты жүйесінің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ..13
Кешенді ықпал ететін педагогикалық жүйесі ретіндегі спорттық дайындық
1.4. Көпжылдық спорттық дайындық жүйесінің мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ..16
1.5. Жас спортшылар жаттықтырушысының кәсіби
жұмысына қойылатын заманауй
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

ІІ – бөлім. Спорттық қабілеттер мен дарындылықты анықтау
2.1. Жеке қабілеттер мен спорт сабақтарын таңдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 32
2.2. Спорттағы қабілеттілік пен дарындылықты зерттеудің
жүйелік амалы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...35
2.3. Түрлі типтік топтардағы спорттық қабілеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.4. Спорттық қабілеттерге психофизиологиялық болжам жасау
... ... ... ... ...44
2.5. Соматикалық даму мен спорттық дарындылық
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
2.6. Спортшылардың соматикалық даму ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 3
2.7. Спорттық іріктеудегі соматикалық дамуды анықтау әдістемесі
... ... ... ..62
2.8. Спорттық қабілеттердің құрамдас бөліктерін
сынақтан өткізу және бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.64
2.9. Спорттық қабілеттердің құрамдас бөліктерін
сынақтан өткізу әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..69

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..78
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79

КІРІСПЕ

Қазіргі қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік
жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер
мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарындадене тәрбиесі мен спорт
жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің
денсаулықтары төмендеп, жылдан жылға аурулардың саны көбеюде. Осыған орай
болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр
жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Атап
айтқанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
Республикасының 1996 – 2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығына қол қойып (1996ж),
1997 жылы Қазақстан - 2030 бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы Қазақстан
Республикасының дене мәдениеті және спорт туралы заңы қабылданып, 2001
жылы Қазақстар Республикасының 2001 – 2005 жылдар аралығындағы дене
тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығы
шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбиесі
саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға жаңаша
көзқараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай
білім және тәрбие беру. Сонымен қатар жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас
бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін
адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез – құлықты, іскерде, дені
сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті адамзат тәрбиелеу.
Сондықтанда дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндкгі атқарар әлеуметтік ықпалы
зор деп есептейміз.
Қазіргі педагогикалық ғылым жөнінде дене тәрбиесінің ілімі мен
тәжірибесі балалардың денсаулығын сақтауға дене тәрбиесі, әдетте қозғалыс
белсенділігі мен денсаулықтың арасындағы себеп – салдарға байлаысты
жастардың кәсіби – қолданбалы дене дайындығының әлеуметті маңыздылығына
арналған іргелі зерттеулермен толықты.
Көптеген белгілі ғалымдар теориялық зерттеулер өскелең ұрпақтың дене
тәрбиесімен айналысуын теориялық тұрғыдан педагогика теориясы және тарихы,
философия, психология, дене тәрбиесі мен әдістемесі, жасөспірім
физиологиясы, мектеп гигиенасы т.б. мамандарының жалпы теориялық негізіне
сүйене отырып жүргізілуде.
Дайындалып отырған оқу құралының ерекшеленетін айырмашылығы дене
тәрбиесі тәсілі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және
қорғау бойынша стратегиялық міндеттерді шешу үшін жүйелі талдауды қолдану
болып табылады.
Сонымен бірге әр түрлі шет елдерде пайда болған дене тәрбиесі
бағдарламасының нәтижесі берілген және іс-тәжірибелері қорытындылаған.
Баланың тәуліктік қозғалыс белсенділігін тәртіпке келтіру міндеттері жаңа
қорынан қарастырылған. Балалардың денсаулығы мен қозғалыс белсенділігінің
сандық көрсеткіштерінің арасындағы тәуелділік концепциясы игерілген.
Балалар мен жасөспірімдердің қимыл қозғалыс қабілеттілігі бойынша әр түрлі
ұйымдарда алынған дене тәрбиесі жүйесінің көпжылдық бақылау қорытындылары
жинақталған. Ағзаға берілген дене жүктемесіне бейімделу әсерінің сан
алуандылығы көрсетілген.
Кітапта балалық және жасөспірімдік кезеңінде әлеуметтік маңызды
қызметінің белсенді қалыптасуы үшін дене тәрбиесінің әдістерін дұрыс
пайдалануы бойынша жаңа материалдар ұсынылған. Жасөспірімдердің мамандықты
таңдауы және дәрігерлік кәсіби бағытты іске асыру үшін ЖӨСМ және жалпы
білім беретін мектеп оқушылары үшін қажетті дене қасиеттерін дамыту
жөніндегі мәліметтерге ерекше көңіл бөлінген.

І – бөлім. Балалар мен жасөспірімдер спортының
ілімі мен әдістемелерінің негіздері

1.1. Балалар мен жасөспірімдер спорты ілімін қалыптастыру тарихы

Өскелең ұрпақтың дене тәрбиесі адам қоғамының ерте тарихи кезеңдеріне
жатады. Алғашқы қауымдық құрылыс адамның еңбегі қарапайым болғанымен үлкен
ептілікті, үлкен төзімділікті, күшті талап етеді. Адам бұны өз басынан
өткізіп, оның аңдарды, балық аулағанда т.б. еңбек түрлерінде дене
қабілеттері қаншалықты керек болғанын түсінді. Қызба жұмыстары барысында
табылған ежелгі мәдениет үлгілері адамдардың еңбек пен аң аулауға
пайдаланылған құралдарын ағаштан, тастан, сүйектен дайындайтынын көрсетті.
Б.ғ.д., 1200ж шамасында садақ жасалған, ол адамның одан ары дамуы мен оның
дене қабілеттерін дамытуға көмектесті.
Білім мен өмірлік тәжірибесін беру сол кездің өзінде – ақ болашақ
ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алды. Ал еңбек әрекеті мен аң аулау адамның
басты жұмысы болғандықтан көптеген халықтардың тәрбиесінде ұл балаларды
ерте жастан атқа мінуге, садақ атуға, тас пен найза лақтыруға, күреске,
қайықты басқаруға үйрету кең қолданылды.
Дене дамуын ұымдастырудың негізгі түрлері сипаттық, сосын сайыс
түріндегі ойындар болды. Ұлдар аң аулау ойынын ойнады, ойын барысында
жабайы аңдарға қақпан құру аң қуу түрлерін ойнады, ал қыздар күнделікті
тұрмыста анасынан көрген істерін жасады.
Дене жаттығулары мен ойындары өскелең ұрпақтың тәрбиесіндегі маңызды
құрал болып табылды.
Дене тәрбиесі тарихының зерттеушісі Л.Кун (1982) адамды жас кезінде
оқытудың қозғалыс кезеңіне әскери дайындық жататынын атап өтті. Әрине, осы
саладағы міндеттердің өсуіне байланысты ересек жасқа қарай дайындық түрлері
дамыды, атап айтқанда оның қорытынды бөлігі – ересектікке өту дәстүрі
дамыды.
Яғни өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің ұйымдастыру түрлері мен тәрбие
жұмыстарының алғашқы түрі қалыптаса бастады (Платонов, Гуськов, 1994;
Пономарев, 1970).
Отырықшы өмірге өту, егін егумен және мал шаруашылығымен айналысу
адамның жақсы жерлер мен жемісті мол беретін аймақтар үшін күресі белең
алды. Бұл тәрбиенің бағытына да әсер етеді. Отырықшылық өмірге өту
барысында жасөспірімдікті ересек жасқа өткізу дәстүрі жаңа талаптар мен
жағдайларға бейімдеп әскери дайындыққа тән қозғалыс түрлеріне назар
аударды.
Сонымен, өскелең ұрпақтың алғашқы қауымдық кезеңіндегі дене
тәрбиесінің жастарды еңбекке, аң аулау мен әскери қимылдарға дайындау
тәрізді міндеттері болды.
Адамдар арасындағы қоғамды тапқа бөлуге орай меншік, теңсіздігінің
құрылуымен дене тәрбиесі өскелең ұрпақ тәрбиесінің бөлігі ретінде тұлғаны
қалыптастыруға, жаулап алу мен билікті ұстап тұруға бағытталған таптық
сипат ала бастайды. Қоғамдық құрылыс жастардың дене тәрбиесі мазмұнына
әрқашан ықпал етеді. Халықтық тапқа бөлінуі қарқынды жүргізілген жерлерде
дене дайындығы әскери және діни бағытта болды.
Осы кезеңде дене тәрбиелері туралы білім элементтері пайда болды. Олар
ежелгі Грецияның ғалымдары мен философтарының жұмыстарында сипатталды.
Демокрит (б.ғ.д., 460-370 ж.ж.) Сократ (б.ғ.д. 460-399 ж.ж.) Платон (б.ғ.д.
427-348 ж.ж.) Гиппократ (б.ғ.д. 460-377 ж.ж.)
Ежелгі Грецияның белгілі философы, аңызға айналған Ескендір
Зұлқарнайын – тәрбиешісі (б.э.д. 384-322 ж.ж.) дене дайындығы туралы
қызықты тұжырымдар жасады, қазіргі кезге дейін, ол өзінің маңызын жойған
жоқ. Ол сол кездің өзінде-ақ балалық шақтағы ауыр дене жүктемелері оның
дене қабілеттерінің ары қарай дамуына кері әсер ететінін айтты. Жасөспірім
кезінде көптеген жетістікке жеткен жасөспірім (мысалы, олимпиада
ойындарында) есейгенде жеңіске жете алмайды.
Көне Грециядағы мәдениеттің жоғары деңгейде дамуы жастардың дене
тәрбиесі жүйесін – ежелгі гимнастиканы құру мүмкіндігін берді.
Ежелгі гимнастика жүйесінде мынадай үш негізгі саты бар.
1) Ептілікке тәрбиелейтін балалар ойындары, доп жаттығулары,
шығыршықпен жаттығу, жүгіру, тастабақ пен найза лақтыру. Бұл саты 1
– 7 жастағы балаларға арналған.
2) 200 м. дейінгі жүгіру сипатындағы жаттығулар, альтермен ұзындыққа
секіру, найза мен тастабақ лақтыру, күрес жас жігіттер жекпе-жекке,
жұдырықтасуға, қарумен жүгіруге, садақ атуға, атқа мініп жүруге,
жүзу мен ескек есуге үйренді. Бұл саты жас жігіттердің әскери іске
дайындығына, яғни жалпы дене және арнайы дене дайындығына
бағытталған.
3) Доппен жаттығу, акробатикалық жаттығу, ғұрыптық, театрланған және
әскери билер. Бұл сатының бағыты жігіттерде қимыл үйлесімін,
ырғағын, ұжымдасып әрекет жасау іскерлігін тәрбиелеу мақсаты бар.
Көптеген елдерде болашақ ұрпақтың дене дайындығының өз жүйелері мен
бағыты болды, бірақ Ежелгі Грециядағы жастардың дене дайындығының мазмұны
біздің кезімізге дейін ескеріліп, қолданылып келеді.
Киев Русінде жастардың дене тәрбиесіндегі жүйені әзірлеуге дене
жаттығуларын жоққа шығаратын шіркеу көп ықпал етті. Денесі мығым, дені сау
Князь балаларын қалай тәрбиелеу керектігі туралы Владимир Мономахтың
Поучение чадам своим шығармасында біршама пайдалы кеңестер берілген (1053-
1125).
Феодализм дәуіріндегі еуропалық ағарту ісі негізінен орта ғасырлық
христиан шіркеуінің теологиялық ілімімен анықталды. Олар дене жаттығуларын
алып тастап, оқушылардың гигиеналық тәрбиесін соңғы мәселе ретінде
ығыстырды. Бұл кезең үшін рыцарьлық тәрбие жүйесі тән. Ол жеті жасынан
басталады, онда ұл бала феодал отбасынан шығып, феодал әкесіне қарағанда
біршама жоғары дәрежелі, сарайдағы паж бола алады.
Рыцарьлық тәрбие дене жаттығулары сабақтарын қарастырды, онда ең
алдымен тепе-теңдікті дамыту тиіс болды, өйткені, рыцарь ауыр сауытқа
оранып алатын. Шапшаңдық пен ептілік тәрізді дене сапалары бағасын
жоғалтып, доп жаттығулары, қарумен жүгіру жойылып кетті. Өйткені, әскер
темір сауыт кигендіктен дене тәрбиесі күш бағытындағы сипатта болады.
Ол кезде Ресейде дене тәрбиесі жүйесі болған жоқ, бірақ халық күшті,
төзімді жауынгерлердің өзге жерлік басқыншылармен соғыста өз жерінің
тәуелсіздігі мен өз елінің бостандығын қорғайтын мықты батырлар дайындауды
қамтамасыз ететін өзіндік тұрмыс жүйесін сақтап, дамытып отырды. Тек екі
жарым ғасыр бойында орыс халқы татарлармен, моңғолдармен, литвалықтармен,
неміс рыцарьларымен, поляктармен, т.б 160 соғысты бастан өткерді. Орыс
азаматы бұл соғыстарда табандылық пен ерлік, терең отан сүйгіштік жоғары
рухани адамгершілік және дене сапаларын көрсетті. Ал бұл сапалар өте ерте
балалық шақтан бастап тәрбиеленеді.
Әрбір әйел де, еркек те атпен шауып, онда ерсіз де ерімен де жүре
алды. Жауынгер қолын соғыс үшін бос қалдырып, тек аяғымен басқара білуі
тиіс. Орыс слободаларында аяқ күшін дамыту өнерлі дамытылды. Терімен
қапталған бір пұт тасты тік тұрып тізесімен ұстап тұруы керек болды. Аяқ
тез шаршап, тас құлайды. Көтер де ұста, одан да үлкен тастар беріліп, жүкті
төрт пұтқа жеткізеді. Бірақ слабодалықтар жетекке мойынсұнбады, ат аяқтың
бұйрығымен – ақ жүрді.
Заманауй спортта аяқ бұлшық еттерінің күшін жаттықтырудағы мұндай
жүктемелер шектен тыс әдісі деген ат иеленді (ең жоғарғы, шектік).
Жастардың дене тәрбиесіндегі Запарожье сечі мектебі маңызды болды.
Мектепте және бос уақыттарда жасөспірім ұлдарды атқа мінуге найза мен
жебені игеруге винтовкадан оқ атуға үйретті. Мектептен тыс уақыттарда
жастарға ойындар мен көңіл көтеруге уақыт бөлінді.
Әр көктем сайын Днепрдің жоғарғы жағындағы казактар тасыған өзеннен
көлденеңінен ескек есуден жарыстар ұйымдастырды. Сөре орнына қарама – қарсы
жағаға жеткен қайық жеңімпаз атанды.
Суға сүңгуден жарыстар жиі өткізілді. Бұл үшін старшина өзінің
түтікшесін суға тастады, ал жас казактар оны су астынан тауып алып шығуы
тиіс болды. Су түбінен тісімен алып шығу құрметке ие болды.
Осы және басқа көптеген күшке төзімділікке, дәлдікке арналған жарыстар
жастарға казактардың күнделікті өміріне қажетті сапаларды дамытуға
көмектесті. Мамандардың пікірінше, Запорожьеде де Ежелгі Грециядағыдай жеке
тұлғаның дене дамуы бірінші орында тұрды.
Казактар арасында жекпе - жек жүйесінің көптеген түрлері таралған
барлық жүйелер ішіндегі ең танымалы ұлттық гопак биінің негізін салды.
Ғалымдар дәлелдегеніндей, бидегі қызу, қарқынды сипаттардан қазіргі кезде
де оның бірінші шығу көзін, яғни ата - бабаларының өзін - өзі қорғау
жүйесінің құрамдас бөліктерін байқауға болады. Гопак шығыс жекпе –
жектеріне ұқсайтын жекелеген ұрыстардың секіру жүйесін бейнелейді. (1.1-1.2
сурет). Басқа жекпе – жек түрлерінен гойдок (бұл ойын барлаушыларға
арнайы белгіленген) пен спас (тек қорғаныс сипатында) ойындарын атауға
болады.
Отбасы жоқ казактар дене мен психо – физикалық дайындығын барынша
дамытуды өзіне өмірлік мақсат етті. Нәтижесінде кейіннен Богдан
Хмельницкийдің негізгі әскери күшін құрайтын ержүрек және батыл жауынгерлер
өсіп жетілді.
Чех ойшыл – гуманисті Ян Амос Коменскийдің Ұлы дидактика жұмысы
жастардың дене дайындығы жүйесін жасауға үлкен көмек берді (1592-1670).
Өскелең ұрпақтың тәрбие мәселесін қарастыра отырып, ол дұрыс таңдалып,
мөлшерленген дене жаттығулары денсаулықты сақтап мектеп сабақтарына
байланысты шаршауды басуға көмектеседі. Ол ұзақ үзілістер мен түстен
кейінгі уақыттарды мұғалімдер балалармен тәрбие жұмыстары мен дене
жаттығулары сабақтарына пайдалануды ұсынды.
Коменский тұңғыш рет оқушыларға жоспарлы түрде өскелең ұрпақты оқыту
бағдарламасына ендіру туралы дене дайындығы үлгісін қарастырды.
Коменский балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі ілімінің дамуына
көп үлес қосты. Ол еңбек пен демалыстың ырғақтығы туралы талаптар
қалыптастырып, балалардың жас ерекшелігі мен дене жаттығуларының өзара
байланысы туралы бай материалдар жинап, тәрбиенің денелік және басқа
түрлерінің үйлесімділігін қалады. Осының барлығы жастардың дене тәрбиесі
жүйесін құруға көмектесті.
Осы кезеңде Е.Славенскийдің Гражданство обычаев детских кітабы жарық
көрді, онда дене тәрбиесінің балаларға білім беру жүйесіндегі орны
көрсетіліп, оның жас ұрпақтың ақыл – ой және адамгершілік тәрбиесіндегі
байланысы сипатталады.
Дж. Локктың, Жан Жак Руссоның, Иоганн Песталоццидің жұмыстарында
балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесіне үлкен назар аударылды. Олар
жас ұрпақ дене тәрбиесінің бірінші ілімінің негізін қалады.
Бұл еңбектердегі ой – түйіндер неміс, швед, француз, чех тәрізді
ұлттық дене тәрбиесі жүйесін құруға ықпал етті. Онда негізінен билеуші
таптың мүддесі жоғары қойылды.
ХІХ ғасыр Ресейде материалист – философтар Н.Г.Чернышевскийдің,
Н.А.Добролюбовтың көзқарастары, Н.И.Пирогов пен И.М.Сеченовтың зерттеулері,
П.Ф.Лесгафттың басқаруымен алдыңғы қатарлы зиялы қауымның қатысуы негізінде
жас ұрпақтың дене тәрбиесі жүйесінің заманауй негіздері қалыптасты.
Батыс Еуропа елдеріндегі дене тәрбиесінің қойылымымен танысқан
П.Ф.Лесгафт өз мақалалары мен дәріс оқығандарында шетелдік жүйені өткір
сынға алды. Ол балалардың жас ерекшелігін, анатомо – физиологиялық және
психикалық ерекшеліктерін ескеретін жан – жақты тәрбиеге негізделген. Жас
ұрпақтың дене тәрбиесі жүйесін даярлауға бастама көтерді.
Лесгафт өзінің дене тәрбиесі жүйесіне деген көзқарасын Теориялық
анатомия негіздері, Отбасы тәрбиесі мен мектеп жасындағы балалардың дене
тәрбиесін басқару атты еңбектерінде ашып көрсетті.
Дене тәрбиесі ілімінің негізгі ережелері мынадай.
- дене тәрбиесі сананың жетекшілігімен адамның үйлесімді дамуына
қажетті құрал болып табылады.
- дене тәрбиесі жүйесі физиология заңдылығына бағынады.
- баланың дұрыс дене дамуы табиғи қимылдарға негізделген дене
тәрбиесінің ғылыми жүйеленген тәртібін қолдану жағдайында ғана
мүмкін болады.
- дене тәрбиесі жүйесінде оқыту жас ерекшеліктерін ескеріп,
бірізділік пен сабақтастықты сақтап атқарылуы тиіс.
Бұл жасалған жүйе 1894 ж. Петербургте ұйымдастырылған дене
жаттығуларын басқарушылар курсында негізгі пән болды.
Лесгафттың ілімдік және әдістемелік ережелері құрамдас бөлігі ретінде
мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің заманауй
жүйесінің мазмұнына ендірілді.
Сол кезде жас ұрпақтың үйлесімді қалыптасу бағдарламасы пайда болды.
Жастар тәрбиесі ақыл – ой тәрбиесін, дене тәрбиесін (гимнастика мектептері
мен әскери жаттығулар) және техникалық оқыту тәрізді үш бөлікті қарастыруы
тиіс деген тезис нақты айтылды.
Сонымен, жас ұрпақ дене тәрбиесінің заманауй жүйесінің өз тарихы бар,
ол адамзат қоғамының діни кезеңге дейінгі өте ерте кезеңінде бастау алды.
Әрине, көптеген ғасырлар барысында жас ұрпақ дене тәрбиесінің мазмұны
өзгергенімен, ол әрдайым билеуші таптың мүддесіне арналып, жастарды соғыс
әрекетіне, жаулап алуға дайындады.
Балалардың, жасөспірімдер мен жастардың дене тәрбиесінің заманауй
жүйесінің негіздері жалпы тәрбие процесінің құрамдас бөлігі ретінде
құрылды, ол ақыл – ой дамуы мен политехникалық оқытудың сәйкестігі арқылы
дамушы тұлғаны үйлесімді қалыптастыруға көмектеседі.

1.2. Балалар мен жасөспірімдер спортының Қазақстандық және Кеңестік ілімі
мен әдістемесінің дамуы

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Украинадағы дене тәрбиесі мен
спорт қозғалысы толық қирады, бірақ адамдардың дене жетілдіруге ұмтылуымен
спортқа деген сүйіспеншілігі оның қайта туылуына ықпал етті.
ХХ ғ. 20 – жылдарының басында мамандар жетіспеді, спорттық база
болмады, бірақ осыған қарамастан балалардың, жасөспірімдер мен жастардың
ақыл – ой адамгершілік дене, әсемдік және еңбек тәрбиесін біріктіретін жаңа
мектеп құру бойынша жұмыстар жүргізіле бастады. Бұл кезеңдегі дене тәрбиесі
әскери қолданбалы бағытта болды, ол негізгі басқарушы ұйым жалпы әскери
оқыту Орталық бөлімі (Всеобуч) болды. Жалпы оқытудың өзінің жұмыс атқара
бастаған бастапқы кездерінде балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінен
бірыңғай бағдарламасы болмады. Мектептегі дене тәрбиесінің мазмұны мен
әдістемесі ең алдымен мұғалімнің қандай гимнастикалық жүйені ұстанып, осы
жұмысқа қаншалықты дайын екендігіне байланысты болды. Жалпы оқыту әскери
бағытта болуы тиіс дене тәрбиесіне оқушыларды көптеп тартуды өзіне мақсат
етіп қойды.
1923-1925 жылдар арасындағы кезеңді дене тәриесіне жүйесіз оқытудан
бағдарламалық оқытуға өту кезеңі деп сипаттауға болады. Дене тәрбиесінен
алғашқы бағдарламалар – Спартактың жұмыс әдісі, Дене сауықтыру мен дене
тәрбиесі бағдарламасы, Еңбекшілер дене тәрбиесі бағдарламасы, Жас
пионерлер ұйымдары мен әлеуметтік тәрбие сабақтарының жоспарлары мен
бағдарламалары - қазіргі кезде еліміздегі жалпы қабылданған оқушылар дене
тәрбиесінің жүйесінен алшақ болды. Бұл бағдарламалар қалыпты сабақтардан
алыс кетпеді, ал жаттығуларды күшейтілген жүктемемен орындау ұсынылды,
секіруде күшейтілген ал дененің барлық бұлшықеттері үшін бірқалыпты
жетістіктер болуы тиіс. Бағдарламалар заманауй әдістерді, оқушылардың
жоғары спорт нәтижелеріне жетуге ұмтылуын жоққа шығарды.
Бұл алғашқы бағдарламалардың оң жақтары бар: оқу материалдары
оқушылардың жас ерекшеліктері есебін, оқытудағы бірізділік есебін
қарастырып, ашық ауада өткізілетін сабақтарға үлкен мән берілді.
Алайда оқушылардың дене тәрбиесі әдістемесінің ғылыми негізделген
түрлері болмады, дұрыс әрі нақты қағидалар кері қайтарылып, жоққа
шығарылды.
Бұны біріншіден, дене тәрбиесі мамандары арасында бірауыздылықтың
болмауымен түсіндіреді, ал жаңа дене тәрбиесінің қалыптасуы, мазмұны және
қоғамдық ролі туралы мәселелерге деген көзқарастар мен түрлі бағыттар
болды. Демек, балалардың дене тәрбиесін орталықтандыру белгісімен көрінетін
бағыттар тек ойын әрекетіне негізделді, дәрігерлік бағыт тек гимнастикадағы
ғана дене тәрбиесінің жаңа негіздерін қарастырды, гигиенашылар жарыс
қимылдарын күрт жоққа шығарды, т.б.
Жоғары дене тәрбиесі оқу орнын құру 1926 ж. оқушылардың дене тәрбиесі
бойынша І дәрежелі мектептегі дене тәрбиесі атты ғылыми - әдістемелік
еңбегін, ал 1927ж І және ІІ дәрежелі мектептер үшін дене тәрбиесі
бағдарламасын шығару мүмкіндігін берді.
Бұл кезде балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі бойынша сыныптан
тыс және мектептен тыс жұмыстары ұйымдастырылып, дене тәрбиесімен өзіндік
айналысу жұмыстары дамып, дене тәрбиесі үйірмелері құрылды.
1931 ж. дене тәрбиесі жүйесінің бағдарламалық – нормативтік негіздері
дайындалып, КСРО-ны қорғау мен еңбекке дайын бол кешені тәжірибеге
ендірілді. ОЕҚД төсбелгісін ендіру өскелең ұрпақтың дене тәрбиесі мен спорт
жөнінен оқу түрлері мен өзіндік жұмыстарының көлемін кеңейтуге көмектесті.
Мектептерде көптеген спорт үйірмелері құрылды, олар өз ішінде спорттың
жекелеген түрлеріне қарай секцияларға бөлінеді. Сонымен, балалар мен
жасөспірімдер спортының заманауй негіздері қалыптасты.
1934 ж. бірнеше спорттық секциялар негізінде балалар спорт мектебі
құрылды. Бұл 1935 ж. балалар мен жасөспірімдерге арнап бірқатар ірі
спорттық іс – шараларды ұйымдастырып, өткізуге мүмкіндік берді.
ЕОҚД кешенін ендіру біртұтас Бүкілодақтық спорт классификациясын
құруға да мүмкіндік берді, ол 1935 – 1937 ж.ж. құрылды. Спорт оқушыларының
дене тәрбиесі жүйесінде үлкен орын ала бастады. Бұған ғалымдар
Ф.В.Белиновичтің, В.В.Гориневскийдің, М.Ф. Иваницкийдің, А.Н.
крестовниковтың, И.М.Саркизов – Серазиннің, А.Д.Новиковтің,
А.И.Красуцкийдің, т.б. ғылыми – зерттеу жұмыстары да көмектесті. Бұл
ғалымдардың еңбектері жас ұрпақтың ғылыми негізделген спорттық дайындық
жүйесін даярлауда маңызды іс атқарды.
Екінші дүниежүзілік соғыс бейбіт өмірді тоқтатты. (1939 - 1945),
бірақ 1940 – жылдардың соңына қарай балалар мен жасөспірімдер спорттық
дайындығы саласында негізгі зерттеулер жүргізіле бастады.
1962 ж. балалар мен жасөспірімдер спортының мәселелері бойынша І
Бүкіл әлемдік ғылыми конференциясы болып өтті. 1977 ж. бастап бұндай
конференцияларды өткізу дәстүрге айналып, жыл сайын жүргізілетін болды.
Ғалымдардың белсенді ғылыми әрекеттері балалар мен жасөспірімдік
спорты іс – тәжірибесі үшін маңызды бірқатар монографиялық және әдістемелік
жұмыстар шығаруға көмектесті.
В.Фимен дұрыс атап өткендей, спорт мектебі жаттықтырушысының жұмыс
тиімділігі ең алдымен ағымдағы балалар мен жасөспірімдер жарыстарының
нәтижесімен бағаланады. Бұндай жағдайда оқытушы спортшыларды балалар мен
жасөспірімдер спортында ғана табысқа жеткізетін арнайы жаттығуларды
үйретуге жұмыс жасайды. Көптеген жаттықтырушылар жасөспірімдік спорттың
басты міндетін, яғни спорттағы әрбір жас үшін тиімді халықаралық дәрежедегі
нәтижелерге жету үшін қолайлы алғы шарттар құру туралы ұмыт қалдырады.
Бұндай амал ұзақ уақыт бойы сипат алып келді және олимпиадалық қосалқы
топтың дайындық негізіне көмек бермеді.
1990 жылдары көптеген Еуропа мен Азия мемлекеттері өмірінде біршама
саяси және экономикалық өзгерістер болды. Украина да өз тәуелсіздігін алып,
Кеңес Одағы құрамынан шығып қалды.
Демократиялық принциптерге сүйенген тәуелсіз мемлекет құру жаңа
ұлттық, педагогикалық жұмыстарды, оның ішінде жас ұрпақтың дене тәрбиесі
мен спорт жүйесіндегі жаңа технологияларды талап етеді (Олейник, 2000;
Олейник, Скрипник, 2000).
Ғылым мен спорттық іс – тәжірибе алдында нақты міндеттер тұрды, ол
тұлғаның жоғары деңгейдегі дене, рухани және психикалық денсаулығын жан –
жақты дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. Украинаның Дене тәрбиесі мен
спорт туралы (1993) Заңы, Украинаның білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі
тұжырымдамасы (1997), Дене тәрбиесі - ұлттың саулығы мақсатты кешенді
бағдарламасы (1998) тәрізді бірқатар маңызды құжаттар жасалып, қабылданды.
Мемлекет украин халқының ұлттық дәстүрлерін пайдаланып дене тәрбиесі
мен спорт құралдары арқылы халықтың денсаулығын көтеруді маңызды міндет деп
есептейді.
Мемлекеттік саясаттың бұндай бағыты ғалымдардың ғылыми еңбегін біршама
деңгейде белсендірді, ол халықаралық ғылыми іс – тәжірибелік
конференцияларды ұйымдастыруда сипат алды.
Конференция материалдарының мазмұны елдегі халықтардың денсаулығын
нығайтудағы, заманауй ғылыми мәліметтер мен әлемдік озық тәжірибеге
сүйенген дене тәрбиесінің құрылымы мен мазмұнын жетілдіруде дене тәрбиесі
мен спорттың жас ерекшелігіне қарай алатын орнын көрсетеді.
Украина мамандарының халықаралық ғылыми конгрестерге қатысуы спорттағы
ілімгерлер мен тәжірибешілерге денсаулықты нығайту мен спорттағы жоғары
нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін спорттық дайындық, спорттық медицина,
дәрігерлік бақылау, емдік дене тәрбиесі, тамақтану мен т.б. көптеген
мәселелер бойынша заманға сай ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Украин ғалымдарының дене тәрбиесі мен спорт саласындағы белсенділігі
Ресейдегі, Белоруссиядағы, Польшадағы, Германиядағы, Славакия мен әлемнің
басқа да мемлекеттерінде ұйымдастырылған халықаралық конференциялар мен
конгрестерде белгіленді.
Олимпийский спорт (Платонов, Гуськов, 1994) оқулығының жарыққа шығуы
олимпиадалық спорт туралы ғылымда айтарлықтай оқиға болды, ол спорт
саласындағы студент жастар мен мамандарына олимпиада ойындарының тарихы,
оның пайда болуы, заманауи қоғамдағы жағдайда оларды ұйымдастыру мен дамыту
туралы үлкен дәйекті материалдарға негізделген заманға сай ақпарат алуға
мүмкіндік берді.
Спорттық дайындық саласындағы жеке тәжірибелік зерттеулер, әлемдік
ғылым мен іс – тәжірибенің озық тәжірибесі Спортшыларды олимпиадалық
спортқа дайындаудың жалпы ілімдері оқулығында сипатталды (Платонов, 1997).
Әлемнің көптеген елдерінде ол жоғары бағаланып, Украинаның мемлекеттік
премиясында ескерілді.
Осы кезде спорттық дайындықтың, спорттағы физиология мен
психологияның, дәрігерлік бақылаудың, гигиена мен емдік дене мәдениетінің
ілімі мен әдістемесіндегі бірқатар ғылыми және әдістемелік еңбектер жарық
көрді.
Әсіресе өскелең ұрпақтың, мектепке дейінгі және мектептен кейінгі
оқушылардың дене тәрбиесіне үлкен назар аударылады. Дене тәрбиесі
мұғалімдері үшін Оқушылардың дене тәрбиесі әдістемесі (Шиян, 1996, 2000),
Дене тәрбиесі ілімі (Шиян, Папуша, Приступа, 1996), Дене тәрбиесі
барысындағы балалар мен жасөспірімдердің жеке денсаулығын зерттеу әдістері
(Круцевич, 1999), Оқушылардың қимыл қабілетін сынақтан өткізу (Сергиенко,
2001) және де басқа оқулықтар мен әдістемелік құралдар шығарылды.
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі бойынша тәрбиешілер мен
нұсқаушылар үшін Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ілімі мен
тәрбиесі (Вильчковский, 1988) оқу құралы жарық көрді.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушылар жас
спортшылардың дайындық жүйесін құру, спортшыларды іріктеу, оқу-жаттықтыру
сабақтарын ұйымдастыру заманға сай мәліметтерді Спорттық іріктеу ілімі:
қабілет, дарын, талант (Л.Волков, 1997); Балалар мен жасөспірімдердің
спорттық дайындығы (Л.Волков, 1998) және де басқа ғылыми және әдістемелік
қайнар көздерден, оқу-әдістемелік көмекші құралдардан алады.
Украинада ғана емес, әлемнің басқа да елдерінде (Naglak, 1991; Paczek,
1991; Sozanski, 1987; Sozanski Zaparozanov, 1993) жас ұрпақтың заманауи
педагогикалық дене тәрбиесі технологиясын қарқынды әзірлеу жүргізілуде.

1.3. Балалар мен жасөспірімдер спорты жүйесінің қызметі.
Кешенді ықпал ететін педагогикалық жүйесі ретіндегі спорттық дайындық

Балалар мен жасөспірімдердің көпжылдық спорттық дайындығы жүйесінің
қызметі жас ерекшеліктері мен жеке даму ерекшеліктері арқылы педагогикалық
процесті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін педагогикалық және
психологиялық, биологиялық және физиологиялық, биохимиялық және басқа
ғылыми пәндердің зерттеу нәтижелеріне сүйенеді.
Көпжылдық спорттық дайындығының негізгі заңдылықтарын даярлау
барысында үлкен ақпараттар санын қолдану тиісті әдістемелік амалды талап
етеді. Ғылыми түрде жүйелік деп аталатын бұндай амалды спорт тарихында
бірінші рет Н. Озольин қолданып (1982), В.Плотонов (1988, 1997) жекелеп
түсіндірді. Спорттық дайындық өзара көптеген байланысты және өзара
шарттасқан құрамдас бөліктердің біріккен бүтін педагогикалық жүйесі ретінде
қарастырылды. (1- сурет)
Бүтін зерттеуді дамыту олардың қызметі бөліктерінің өзара байланысы
мен өзара әрекеті ақиқатты танудың негізгі принципі болып табылады. Бұндай
зерттеулер біріккен бағдарлама жұмыс істейтін және ортақ мақсатқа жету үшін
өз әрекеттерін үйлестіретін түрлі мамандардың кешенді әрекетін қарастырады.
Педагогикалық нысан ретінде спорттық дайындықты кешенді зерттеу
зерттеулерде нысанды ілімдік танудың бір түрі - жүйелердің жалпы ілімін
қолдануға мүмкіндік береді. Аталған ілім ғылыми зерттеулердің пән аралық
саласын ұсынады, ол өз міндеті ретінде жүйенің құрылу, тәртіп, қызмет
көрсету және даму заңдылықтарын анықтау мен оны ілімдік тұрғыдан сипаттауды
қояды.
1 – сурет. Спортшы дайындығын ұйымдастыру жүйесі.

Заманауи философиялық ілімдерге сәйкес, ақиқат ғылыми ілім ретіндегі
жүйелік амал жалпы өзара байланыспен өзара әрекет, әлемнің материалдық
бірлігі, материаның бөлінбеуі, зерттеудің жан – жақтылығы, ақиқаттың
басымдығы, қатыстығы және нақтылығы тәрізді әдістемелік принциптерді,
сондай – ақ бөлігі, бүтіндігі, түрі мен мазмұны, жеке, ортақ, жалқы және
көпшілік тәрізді философиялық санаттарды нақтылауды қарастырады.
Жүйелік амал сондай – ақ көптеген құрамдас бөлшектер өзара байланысып,
бүтінді құрайтын жүйе нысанын зерттеу тәрізді белгілі бір міндетті
қарастырады. Зерттеуге арналған нысан спортшының дайындығы, спорттық
жаттықтыру, сондай – ақ спортшының ағзасы, оның биологиялық және
психологиялық процестері болуы мүмкін. Бұл жүйелік амалдың барлық
процестерді, құбылыстарды, заттарды т.б. мүмкіндігін белгілі бір құрылымы
бар жүйе ретінде қарастыруды қамтамасыз ететінін білдіреді.
Бүтінді оқып үйрену құрылымды талдау арқылы жүргізіледі, оның
сипатында құрамдас бөлшектердің өзара байланысы, қарым – қатынасы мен
байланысы, жүйе түзуші байланысы, сабақтастық құрылымы, құрамдас
бөліктердің мінез құлқы мен бүкіл құрылым тәрізді пәндер қарастырылады.
Жүйелік амалдың ой – түйіндерін қолдана отырып, ғалымдар спорттық
дайындықтың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін, әдістері мен
құралдарын, сабақ түрлерін, жаттықтыру айналымдарын жеткілікті деңгейде
әзірледі.
Спорт ілімі арқылы Платонов, 1987, 1997 спортшының жағдайын басқару
механизмі жасалды, ал оның өте жоғары спорттық нәтижелерге жетуіне арналған
жаңа деңгейге өтуін дұрыс жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл спортшының
спорттық дайындығының негізгі құрамдас бөліктерін түзетіп, оның жағдайын
бағалауға көмектесетін педагогикалық және дәрігерлік бақылау аясында
жүргізіледі.
Бұл мәліметтер жас спортшылардың көпжылдық дайындық сатыларының
мазмұнын зерттеу үшін (Деркач, Исаев, 1985; Платонов, 1987, 1988, Филин,
1987, Алабин, 1993) сондай – ақ балалар мен жасөспірімдердің спорттық
дайындығын басқару жүйесін әзірлеу үшін негіз болды. Жасалған технологияға
сәйкес басқару бірқатар операциялардан құралады. Шешім қабылдау, орындауды
ұйымдастыру, ақпаратты жинау және сараптау, қорытынды жүргізу. Жас
спортшылардың әзірленген дайындық технологиясы негізінде жүйені басқарудың
классикалық принциптері жатыр. Нысанды зерттеу ықпал ету стратегиясын
әзірлеп, оны қолдану, бақылау мен түзету.
Сонымен, қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдердің спорттық
дайындығының жалпы жүйесін, сондай – ақ оның дене, техникалық, ілімдік,
тәсілдік және психологиялық жекелеген құрамдас бөліктерін басқарудың
негізгі ережелері жасалды.
Спорттық дайындықты басқару педагогикалық ықпал бағытталатын нысанды
түбегейлі зерттеуді қарастырады. Бұл нысан – іс барысы белгілі бір
заңдылықтарға бағынатын жас спортшының өскелең, дамушы ағзасы болып
табылады.
Дене дайындығының мазмұнын анықтайтын шапшаңдық, күш, төзімділік,
икемділік пен ептілік жас ерекшеліктері тұрғысынан гетерохронды дамиды.
Әлемнің түрлі аймақтарында тұратын балалардағы даму қарқынының ұлғаюы, оның
төмендеуі мен көтерілуі нақты қарастырылады.
Бұл мәліметтер жас спортшылар дайындығының әр бір сатысы үшін
педагогикалық жаттықтыру ықпалының бағытын анықтау негізінде кірістірілді.
Дамушы ағзаны бүтін өзгермелі жүйе ретінде зерттеу жаттықтыру
жүктемелерінің жалпы мөлшерін, оның түрлі жас кезеңдеріндегі қарқын алуын
анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен, жас спортшылардың өскелең ағзасының даму заңдылықтарын,
олардың жарыс және жаттықтыру жүктемелеріне бейімделу ерекшеліктерін, т.б.
көптеген мәліметтерді зерттеу балалар мен жасөспірімдердің спорттық
дайындығының құрылымы мен мазмұнын анықтап, балалар мен жасөспірімдік
спорттың ілімі мен әдістемелік негіздерін жасауға мүмкіндік берді.
Соғыстан кейінгі өскелең ұрпақтың спорттық дайындығы туралы ғылымның
қалыптасуын талдай отырып, В. Филин (1987) 1950-1960 жылдардағы жұмыстарға
тән жекелеген мекемелерді зерттеуден соңғы жылдардағы спорттық дайындықтың
бүтіндей даму жүйесі заңдылықтары туралы, жас спортшылардың жас
ерекшеліктерінің дамуы мен көпжылдық дайындық сатыларының мазмұнына
негізделетін қызметі бар ғылыми талдау еңбектеріне дейінгі бірнеше
кезеңдерде балалар мен жасөспірім спортының өзекті мәселелерін даярлау
бастан өткергенін айтты. Бұл бағытта көптеген ғылыми жетістіктерге жетті,
оның нәтижелері әлемнің түрлі елдеріндегі балалар мен жасөспірімдер
спортының іс-тәжірибесінде кең қолданысқа ие болды.

1.4. Көпжылдық спорттық дайындық жүйесінің мазмұны

Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайндығы егер жаттықтырушы -
педагог оны спорттың (дене) жетілдірудің жоғары деңгейіне тұлғаны жеткізуге
бағытталған көптеген өзара байланысты құрамдас бөліктерден құралатын
педагогикалық жүйе ретінде ұйымдастырып, қарастырған жағдайда ғана өз
мақсатына жетеді. Мұнда әрбір жүйенің өзіне тән негізгі және қосымша жүйе
түзуші факторлары болатынын ескеру қажет. 2 – сурет спорттық жаттықтырудың
педагогикалық процесін басқару жүйесі. (Набатникова, 1982).

3 – сурет. Балалар мен жасөспірімдердің дене ерекшеліктері дамуындағы жас
ерекшеліктері.

Шартты белгілер: - ұлдар; - қыздар; - ұлдар

мен қыздар арасындағы айырмашылық көлемі.

4 – сурет. Әлемнің түрлі аймақтарында тұратын балалар мен жасөспірімдердің
дене ерекшеліктері дамуындағы жас ерекшеліктері.

Шартты белгілер: - Украина - Польша - БАӘ

5 – сурет. Көпжылдық спорттық дайындық жүйелерінің жаттықтыру ықпалын
ұйымдастыру сызбасы.

Жылдық жұмыс көлемі, сағ
Арнайы дайындық, %
Қосымша дайындық, %
Жалпы дайындық, %
Жасы
Бастапқы Алдын Арнайы ҚабілеттіЖетістіктіДайындық сатысы
ала негізгі барынша сабақтау
негізгі көрсету

Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындық жүйесін ұйымдастырудың
негізгі факторлары мыналар:
- жеке қабілеттерін анықтап, сәйкес спорт түрін таңдау;
- оқу – жаттықтыру жарыс, қалпына келу.
- тұлғаның ақыл-ой және рухани (көңіл күй) дамуымен спорт сабақтарын
үйлестіруге мүмкіндік беретін өмір салты.
- спорттық дайындықтың, оның барлық құрамдас бөліктері жүйесін
бақылау мен түзету, қалпына келтіру.
Бұл факторлардың мазмұны мен оның жұмыс заңдылықтарын, дамушы ағзаның
мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктер есебі жинақтаған тәжірибесі
жаттықтырушыға дайындық жүйесін басқаруды жүзеге асыруға, олимпиада шыңын
бағындыруға қабілеті жоғары дәрежелі спортшылар қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Ғалымдар көпжылдық спорт дайындығының құрылымы мен мазмұнын жасады,
ол бес сатыға бөлінеді, алғашқы дайындық пен негізгі дайындық, спортшының
жеке қабілеттерін шектік жүзеге асырады; спорт шеберлігіне жеткен деңгейін
сақтау және ұстап тұру. Көпжылдық дайындықтың әрбір сатысының ұзақтығы
спорттық дарыны деңгейіне байланысты және орта есеппен 2 – 3 жылды құрайды.
(5-сурет).
Әрбір оқу жаттықтыру жылы немесе үлкен жаттықтыру айналымы кезеңдерге
бөлінеді: дайындық, жарыс және өтпелі, ал кезеңдер өз кезегінде кіші
айналымдарға, яғни жаттықтыру сабақтарына, ал мезо айналымдар 3-6
жаттықтыру сабақтарына бөлінеді.
Көпжылдық спорттық дайындығының мұндай жүйесі спортшының жас және
жеке ерекшелігіне сүйенген, әрбір сатысының өз ерекшелігі бар оқу –
жаттықтыру процесін дұрыс іске асыруға мүмкіндік береді.
1) Алғашқы спорттық дайындық 7-9 жаста басталып, 2-3 жылға созылады.
Аталған сатының бағдарламасы көп факторлы, ал оның мазмұны спорттық – ойын
әдісін, ырғақты гимнастика мен топтық сипаттағы тренажер құрылғыларының
элементтерін пайдаланумен көп қырлы болуы тиіс. Әрине, бұл саты түрлі спорт
түрлерінен дене жаттығуларын кең қолдануды қарастырады.
Қозғалыс мектебі мен жан жақты дене дайындығын құру – бұл алғашқы
спорт дайындығының негізгі міндеті.
Дене жаттығуларының жан – жақты ықпалы әсерімен өскелең ағзаның
барлық жүйесі нығайып, денсаулық жағдайы жақсарады, жалпы дене дайындығының
деңгейі, артып, дене дайындығы жақсарады.
Алғашқы спорттық дайындықтың факторлық құрылымдағы биологиялық
көрсеткіштер, дәлірек айтқанда, дене дамуы жетекші ықпал болып табылады.
Оқушылардың алғашқы спорт дайындығының бағыты факторлар бойынша
қадағаланады. Бұл, бірінші кезекте, түрлі жаттықтыру ықпалы құралдарын
пайдаланып, жететін жылдамдық қабілетін, төзімділік пен қозғалыс
үйлесімділігін дамыту болып табылады.
Дене жүктемелерінің көлеміне келетін болсақ, ол 10 жасқа қарай
ұлдарда да, қыздарда да қимыл әдісін үйренуге бағытталған, кіші немесе
орташа қарқындылықпен орындалатын жаттығулар санының ұлғаюы есебінен
төмендейді.
2) Негізгі спорттық дайындық (алдын ала және арнайы) – алғашқы
дайындықты табысты өткізгеннен кейінгі саты, ол да бір ғана спорт түрінің
көпқырлы негізінде жүзеге асырылады. Мысалы, оқу-жаттықтыру барысында қысқа
қашықтыққа жүгіруден жақсы нәтижелер көрсеткен жас спортшы ұзындыққа
жүгіріп келіп секірушілерге, орта қашықтыққа жүгіретін жүгірушілерге,
лақтырушыларға арналған жаттығуларды орындайды.
Тереңдетілген спорттық мамандану сатысында спортшының жеке
ерекшеліктері айқын көрінеді, ол ілімдік тұрғыда және іс – тәжірибе
барысында жаттықтыру, құралдарын таңдау, оның көлемі мен қарқындылығы,
жаттықтыру ықпалдарының түрлері мен әдістерін таңдауға, жан – жақты амал
қолдануға мүмкіндік береді.
Мысалы, осы дайындық сатысында қысқа және орта қашықтыққа
жүгіретіндер арасында екі типтік топтың өкілдері бөліне бастайтынын
тәжірибе барысы көрсетті. Яғни, біреулері үшін қысқа мерзімдік жүктемелер
қолайлы болса, келесілері үшін ұзағырақ жаттығулар лайық болады. Бір
типологиялық топтың өкілдері жүгірудің алғашқы метрлерінде үлкен
шапшаңдықты дамытса, екіншісі соңғы метрлерде дамытады.
Аталған сатыдағы дайындықты дараландыру принципі оқушылардың
педагогикалық, морфологиялық, психологиялық, физиологиялық, т.б. түрлі
өлшемдерін пайдаланумен жүзеге асырылуы мүмкін. Негізгі міндеті бөлімдерде
біртектес топтар құру болып табылады, олардың әрқайсысы үшін жаттықтырушы
ықпалдың, сәйкес жүйесі жасалады.
3) спортшының жеке қабілеттерін барынша іске асыру- бұл дайындықтың
маңызды сатысы, оны ұйымдастырғанда мынадай заңдылықтарды ескеру қажет.
Адам жарыс жағдайы барысында белгілі бір жас ерекшелігіне сәйкес жоғары
дене және психикалық мүмкіндіктерін көрсете алады (1.1 - кесте).
Бұл сатыдағы жаттықтыру процесі дараландыру сипатында болады, онда
ағзаның дене жаттықтырулары жүктемелері мен оның қалпына келтірілуіне әсері
мен стресс жағдайындағы спорттық нәтижеге күшті ықпал ететін психикалық
жағдайы да ескеріледі. Стресс жағдайына психиканың тұрақтылығын
қалыптастыру оқу – жаттықтыру процесінің негізгі бағыттарының бірі болып
табылады.
1. – кесте
Спорттық табыстардың жас ерекшеліктері аймағы, жасы.
Спорт түрлері Бірінші Тиісті Жоғары нәтижелерді
үлкен мүмкіндіктер тұрақтандыру
жетістігі аймағы аймағы.
ерлер
Жеңіл атлетика
100 м жүгіру
800 м жүгіру
10000 м жүгіру
Биіктікке секіру
Найза лақтыру
Жүзу
Спорттық гимнастика
Күрес
Ауыр атлетика
Бокс
Академиялық есу
Баскетбол
Футбол
Конькимен мәнерлеп сырғанау
Шаңғы тебу
Коньки спорты
Шайбалы хоккей
әйелдер
Жеңіл атлетика
100 м жүгіру
800 м жүгіру
Биіктікке секіру
Найза лақтыру
Жүзу
Спорттық гимнастика
Баскетбол
Конькимен мәнерлеп сырғанау
Шаңғы тебу
Коньки спорты

4) Спорттық шеберліктің жеткен деңгейін сақтау және ұстап тұру
спортшының көпжылдық дайындығының соңғы сатысының негізгі мазмұны болып
табылады.
Әдетте, спорттық дайындықтың төртінші сатысына жеткен спортшыларда
ағза жүйесінің өсуі мен қалыптасуының белсенді дамуы барысы аяқталып, соған
байланысты оқу – жаттықтыру сабақтарын құруға олар үлкен ықпал етпейді.
Бұл спортшы дайындығының барлық жақтарын қатаң дараландыру сатысы,
онда спорттық жұмыс қабілетін сақтауға елеулі ықпал ететін белсенділіктің
биологиялық ырғағы дене, психика, ақыл-ой маңызды орын алады.
Осы аталған мәселені зерттеу дара биологиялық ырғақтарды білу
негізінде жылдық және көпжылдық оқу – жаттықтыру ісін құру спорттық
нәтижеге ғана емес, сонымен қатар адамның денсаулық жағдайы мен спорттық
ұзақ өмір сүруіне де ықпал етеді.
Демек, көпжылдық оқу – жаттықтыру проуцесін құру біршама деңгейде
адамның дара даму заңдылықтарымен анықталады.
Бұл заңдылықтар есебі спортшының белсенді өсуі мен дамуы кезеңінде
өте қажет. Дене жаттығулары мен олардың қарқыны даму барысында оның өсу
және төмендеу кезеңдері байқалатын бүтіндей ағза жүйесінде жүретін
өзгешеліктермен сәйкес келуі тиіс. Бұл өзгерістер кезеңі сипатта болып,
жалпы биологиялық ырғақты бейнелейді, ол тек көпжылдық оқу – жаттықтыру
барысында ғана емес, сондай – ақ тәулік, ай, жыл бойында да көрінеді.
Спортшының даму биологиясы мен педагогикалық жаттықтыру барысының
бірлігі спорттық дайындықтың барлық көпжылдық жүйесінің негізгі принципі.
Оқу – жаттықтыру барысының ұйымдастырылуы. Педагогикалық ықпалдарды
кезеңдестіру көпжылдық процесте ғана емес, бір оқу – жаттықтыру жылы
бойында да сақталады, әрі спортшының ағзасында жүретін биологиялық
процестерге тәуелді болады, ол кезеңдердің аттарына байланысты, олар:
дайындық, жарыстық, өтпелі.
Оқу – жаттықтыру жылын жоспарлағанда бапкер белгілі бір мерзімге
спорттық шеберлік пен оның нәтижелерін тіркеу міндеттерін қояды. Сонымен
қатар, оқушы сол кезеңде спортшы дайындық барысында қалыптасатын жоғары
нәтижелерге барынша дайындық жағдайы – спорттық дене бітіміне келуі тиіс.
Спорттық форма қалыптасудың үш кезеңінен өтетіні, белгілі, олар:
меңгеру, тұрақтандыру, уақытша жоғалту.
Спорттық форманың қалыптасу кезеңдеріне сәйкес оқу жаттықтыру жылы үш
кезеңге бөлінеді. (кейбір спорт түрлерінде жарты жылдық та бөлінеді).
Оқу – жаттықтыру барысының дайындық кезеңінің мақсаты жаттықтыру
ықпалдарының түрлі құралдарын қолдану арқылы ағзаның қызмет мүмкіндіктерін
арттыру болып табылады, сондай – ақ дене қабілетін жан – жақты дамыту мен
қимыл іскерлігі мен дағдысын кеңейтуді де мақсат етіп қояды.
Оқу – жаттықтыру барысындағы жарыстық кезеңдегі дене дайындығы шектік
жарыс жүктемелеріне қызметтік дайындық сипатында болады. Және тәсілдік,
дене, әдістік, рухани – ерік, психологиялық дайындықтардың барлық
түрлерімен атқарылады. Бұл кезеңде ағзаның барлық жүйесі және жеке сапалар
кешенді түрде спорттық әзірліктің ең жоғарғы деңгейіне жетеді.
Оқу – жаттықтыру процесінің өтпелі кезеңі арнайы дене дайындығының
көлемін азайтумен сипатталады, сабақтың негізгі мазмұнын белсенді демалыс
тәртібінде жүргізілетін жалпы дене дайындығы құрайды. Барлық іс – шаралар
қалпына келтіру ісін жылдамдатуға, яғни келесі оқу жылына Шектен тыс қуат
жинауға бағытталуы тиіс.
Дайындықтың әрбір кезеңі бүкіл оқу жылы сияқты оқу – жаттықтыру
айналымдарына бөлінеді, онда жекелеген жаттықтыру сабақтары басты роль
ойнайды. Олар жаттықтырудың кіші және орта айналымдар құрылымына
топтастырылуы мүмкін.
Көпжылдық спорт дайындығының бастапқы сатысындағы оқу – жаттықтыру
сабағы жас спортшының жан – жақты дене және үйлесімдік қабілетін дамытуға
бағытталып, негізінен жалпы дене бағытында болады. Соңғы сатыда арнайы
қабілеттерге үлкен мән беріліп, сабақ барынша мамандану сипатында болады.
Өзінің құрылымы бойынша мамандандыру сабағының кез – келген
жаттықтыру сабағынан айырмасы жоқ, себебі әрбір сабақ үш бөлімнен тұрады,
олар: дайындық (ширату), негізгі және қорытынды; оның өткізілу уақыты 1,5
сағаттан 3 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Мұнда сабаққа қойылатын жалпы талаптар сақталады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таңдалған спорт түрінен техникалық дайындық
Дзюдошы – студенттердің дене қасиеттерін жетілдіру әдістері
Арнайы дайындық кезеңі
Жас футболшылардың тактикалық дайындығының ерекшеліктері
Зерттеу нысаны - спорттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы балалар
Қозғалыс сапалары кезеңдері
Аэробикалық жаттығулар арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттыру теориясы
Қазақ күрес спорт түрінің қалыптасу тарихы
Жас спортшыны оқыту және тәрбиелеу
Самбо күресінен спорт мектептерінде қосымша спорттық білім берудің педагогикалық негіздері
Пәндер