Синергетиканың әлеуметтік санадағы орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Синергетикалық дүниетаным түрлері
1.1 Синергетика ғылымдардың жаңа сатысы ретінде және оның дүниені
түсіндіруі
1.2 Синергетиканың адам мен қоғамға қатысты аналогиялары
1.3 Синергетикалық және постмодернистік дүниетаным

2 Синергетиканың әлеуметтік санадағы орны
2.1 Идеологиялардың әлеуметтік санадағы флуктуациялар негізінде кұрылуы
2.2 Әлеуметтік ұйымдардың кибернетикалық және синергетиялық жақтары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы он жыл шамасында тарихи
методологиялық аспектілі зерттеулер туралы дискуссияларда синергетика
концепциясы мен хаос теориясы көп талқыға түсті. Синергетика концепциясының
пайда болуы, орыстан шыққан, бельгиялық ғалым, химиялық физика саласынан
Нобель сыйлығына ие болған Илья Пригожиннің еңбегіне байланысты.
Физикадағы жүйелерді оқу барысында, И.Пригожин жаңа эффектілерді ашты, олар
Хаостан реттелу атты танымал кітабында көрініс тапты.
ХІХ ғасырда бұл парадоксалды формуланы М.Т.Каченовский енгізді, ол
сол кезде орыс журналы Еуропа хабаршысы журналында редактор болып жұмыс
жасап жүрген болатын. Еуропадағы саяси тепе-теңдік деген мақаласына
берген піркірінде ол, хаостан тәртіп, реттік пайда болады деп жазған.
Синергетиканы көп жағдайда күрделі, өзіндік ұйымдасу ілімі,
эволюцияның әмбебаптық заңдылығы ретінде, тұрақсыздық кезінде тез өзгеріске
түсетін ғылым ретінде қарастырылады. Синергетиканың негізін салушы,
неміс физигі Г.Хакен, өзіндік ұйымдасу ілімі ретінде ғана емес, сонымен
қатар, көптеген жүйелердің біркелкі жұмыс істеуі, соның нәтижесінде
макроскопиялық деңгейде жаңа құрылым және сәйкестендірілген жүйе пайда
болады - деп келтірген [1, 56 б.].
Шамамен 25 жыл бұрын – деп жазады Хакен, - мен өзіме сұрақ қойдым:
өзіндік ұйымдасудың белгілі бір заңдылықтары бар ма? Және осы сұрақты жаңа
ілім шеңберінде оқуды ұсындым, оны мен синергетика деп атадым. Белгілі бір
заң немесе ұстанымдар бар ма деген сұрағым таңқалдырды, тіпті естен де
таңдырды [2, 428 б.] 1980 жылдары өзіндік ұйымдасу ғылымы синергетика деп
аталды (Г.Хакен), француз тілді елдерде – диссипативті құрылым теориясы
ретінде (И.Пригожин), АҚТ-та динамикалық хаос теориясы (М.Фейгенбаум).
Отандық әдебиетте ең алғаш, қысқа және ыңғайлы, жаңа термин қолданысқа
енді. Өзіндік ұйымдасу ғылымдағы тамырын тереңге жібергендіктен
complexity science (күрделілік туралы ғылым) деп жатады. Эволюциялық-
синергетикалық парадигма ғылымның алдыңғы қатарына шығуда. Осы парадигмаға
сәйкес даму ол жүйелілік болып түсіндіріледі, ол жүйенің тұрақты жағдайына
сәйкес болады, олар хаостық тәртіп кезеңдерімен үзіліп тұрады
(бифуркациялар), содан кейін келесі тұрақты жағдайға өтеді
(аттракторға), ереже бойынша ол бифуркациядағы флуктуациялар өз таңдауын
жасайды.
Академик В.С.Степиннің пікірінше, өзіндік даму жүйелері
синергетикалық эффектілермен, қайта оралмайтын процестерге негізделген.
Адамның іс-әрекеті онымен тек сыртқы жағдай ретінде ғана емес, оның
жағдайын өзгертіп тұратын жүйе ретінде қосылады.
Синергетика деген біріккен іс-әрекет деп аударылатын ғылыми парадигма,
жаңа ғылыми революция делінеді. Оның қалыптасуына көп уақыт өткен жоқ, бар
жоғы 30-40 жылдай. Бірақ қазір үлгі ретінде қалыптаса алды. Қазіргі кезде
синергетикалық әдістер ғылымның көптеген салаларында қолданылады. Оның
әлеуметтік ғылымдарда да қолданылатыны айтылған. Сонымен оның әдістерін
(жаратылыстану ғылымдарының әдістері) қоғам туралы ғылымдарға тура аударуға
болмайды деген айтылады. Синергетияның посмодернистік философиямен тығыз
байланыстары бар.
Оның үстіне посмодернистік философиямен байланысы дін мен мемелкеттің
маңызын ұғуға,мәдениеттің таза қалыптастырушы табиғатын түсінуде жаңа
көкжиек ашып отыр. Өйткені, барлық салдырмен қоса адам деген мәдени жануар.
Тұрақсыз әлемде тірек беріп тұратын мәдениет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Синергетика – (грек. Sinergeia –
біріккен іс-әреккеттер) қазіргі заман мәдениетінде дамудың сызықтық емес
динамикасын көрсететін, қазіргі заманның ғылымының негізгі бағыттарының
бірі. Оны: Г.Хакен, Г.Николис, Пригожин, А.Баблоянц, С.Вейнберг,
П.Гленсдорф, Р.Грэхем, К.Джордж, Дж.Каглиоти, М.Курбейдж, С.П.Курдюмов,
Л.Лугиато, Х.Майнхардт, К.Майнцер, Б.Мизра, Дж.С.Николис, Р.Дефей,
К.Николис, Дж.М.Т.Томпсон, Ф.Хенин, М.Стадлер, Дж.В.Хант, Л.Розенфельд т.б.
зерттеушілер ұсынған.
Жалпы ғылымдық парадигма ретінде синергетика концепциясының кең көлемде
таралуы ХХ ғасырдың соңында әлеуметтік-гуманитарлық ілімдерде ғана емес,
математикалық хаос теориясында, синергетикалық концепция теориясымен тығыз
байланыста болды. Синергетика сызықтық даму процестерінен және тепе-теңдік
жағдайларында басты болып келмейді, бифуркация нүктелерінде, маңызды емес
флуктуациялар процесс траекториясына қатты әсерін тигізе алады. Жақын
арадағы бифуркация нүктесіндегі хаос, ол реттіктің жойылды дегені емес,
ол ішкі динамика процесіне айналғандығы (сыртқы күш себептеріне байланысты
емес). Тарихшылардың осыған байланысты қоятын ортақ сұрағы –
кездейсоқтықтың әсері, ол зерттеліп жатырған процестің дамуын таба алмайды,
тіпті болжай да алмайды. Бифуркация нүктесіндегі пайда болтын сұрақпен
көптеген жаңа әдістер байланысты.
Тарихшылар үшін синергетиканың қайнаркөзді-методологиялық
аспектілерде пайдалануы тарихи зерттеулерде маңызды орын алады. Ұзақ
уақыттық фактілерді ретке келтіруге мүмкіндік болса, онда қазіргі таңдағы
компьютерлік мүмкіндіктермен, хаостық гипотезаны тексеруге болады.
Осы гипотезаны нақтылау динамика процесіндегі тез өзгеріске түсетін
(сандық және сапалық) өзгерістер, сыртқы себептерсіз іске асуы мүмкін.
Бұл жұмыстың мақсаты – тарихи зерттеулердегі методологиялық
мәселелерде синергетика концепциясы қолданылады.
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде тарихи методологиялық зерттеу ізденісінде
қарама-қайшылыққа тап болды. Бұл орайда ғылым объективтіктен
субъективтікке, позитивтіліктен герменевтикаға, сандық амалдан сапалыққа
қарай бұрылыс жасады.
Алайда ғасыр соңында бұл процесс тереңге кетті. Соңғы жылдары
тарихшылардың зерттеу жұмыстарында жалпы ғылымды әдістер белсенді орын
алды. Танымал француз әдістеме-тарихшысы М.Эмардың ойынша, бүгінде тарих
барлық бағыттар мен гипотезаларға ашық болуы қажет. Оларда қоғамды оқу
қажет, ал оның әдістері де сұрақ қою ережелеріне байланысты жаңарып тұру
қажет.
Осындай бағыттың бірі методологиялық-әдістік құралдардың бір жағынан,
жалпы ғылымдармен байланысты болуы, ал екінші жағынан математикалық
әдістермен байланысты болуы. Квантификация тәжірибесі бойынша, ХХ ғасырдың
60-80 жылдарында тарихи ғылымның жинақтағаны математикалық статистика
болды. Бұл тенденция соңғы он жыл бойы қолданыста, алайда квантификация
процесінде қазіргі таңда жаңа сапаға ие. Эмперикалық динамика қатарындағы
хаосты табу және күрделі процесстерде қолданатын модельдер, сызықтық емес
динамика әдісіне жатады. Академик И.Д.Ковальченко енгізген, бұл жаңа
сатыны тарихи зерттеу квантификация бағыттарында игеруді ұсынды. Осы
бағытты сипаттау барысында О.М.Медушевская былай деп жазады: Ковальченко
мектебінің еңбектерінде логикалық түрде еңгізуге мүмкіндік беретін әдістер
қолдануда. Медушевскаяның келтіруі бойынша, қазіргі таңдағы ғылыми
бірлестіктегі актуалды мәселе, ол әдістеме, кәсібилік мәселесі. Соның
ішінде тек қана тарихшылардың ғана емес, басқа да гуманитарлық, ақпараттық,
жаратылыстану ғалымдарын ойландыруы қажет. Концепцияда қолданылатын
методологиялық мәселелерді және синергетикалық әдістерді талқыламас бұрын,
күрделі динамикалық жүйелерді зерттейтін жалпы ғылымдық жағдайды қарастыру
қажет.
Зерттелу жұмысының мақсаты. 20 жыл бұрын, танымал ғалымдардың бірі
Ю.А.Данилов, осы синергетика саласында еңбек етуші, сызықтық емес динамика
жүйесіне сипаттама берді: Ғылымдағы прогресс ғасырында көптеген марапатқа
ие болғанымен, ең бастысы сызықтық емес ғасыр болды. Ол ең маңызды және
Сызықтық емес функциялар әлемінде, барлығы жан түршіктіретіндей, алайда ол
жан-жақтылығымен өзіне тартады. Бұл жерде шеңдік шектеу жоқ, тек
формалардың өзгермелілігі ғана бар [3, 61 б.].
• Синергетиканы зерттейтін жүйелер, табиғи әр түрлі болады және басқа
да ғылымдармен зерттелуі мүмкін, мысалы, физика, химия, биология,
математика, экономика, әлеуметтану, лингвистика (басқа ғылымдарды
қосуға болады).
• Ғылымның дәстүрлі саласынан, синергетиканың айырмашылығы,
синергетиканы табиғаттың кез келген жүйесіндегі жалпы эволюциялық
заңдылықтар қызықтырады. Синергетиканы екі жақты, екі түрлі ғылыммен
зерттегенмен олар, ортақ бір модельге келіп жүгінеді. Бұл
синергетиканың жеңіл қабылдануына жол ашады, яғни, басқа ғылымның
өкілі де синегетикадан ортақ дүниені таба алады. Синергетика химия,
физика т.б., ғылымдар сияқты шектеулі емес, Хакеннің айитуы бойынша,
ол метағылым рөлінде, ол жеке ғылымдардың өзіміздікі деп санаған
заңдылықтар мен тәуелділіктерді жалпыға бірдей етіп келтіреді.
• Күрделілік туралы ғылым қатарына сызықтық емес динамикалық жүйелер,
термодинамикалық тепе-теңсіздік, диссипативтік құрылым теориясы,
ұйымдастыру, катастрофа теориясы, хаос теориясы қосылады,
авторлардың келтіруі бойынша әлеуметтік зерттеу процесстері, жаңа
ғылым әдістерімен орындалады. Дәстүрлік және танымал сызықтық әдістер
әлеуметтік ғылымдарға қажет екенін дәлелдеді. Осыған орай күрделілік
ғылымындағы әдістемелердің қолданылуы – сүйеніш нүктесі болып
табылады. Сыншылардың ойын ескере отырып, К.Мэтьюз, М.Вайт және
Р.Лонг әлеуметтік зерттеу процестеріндегі хаос теориясын қорғайтын бес
топқа бөлінген дәйектерді келтіреді.
Біріншіден авторлар, саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістер өте тез
жылдамдыққа ие. Көп жағдайда бұл өзгеріс нәтижелері таңқалдырып та жатады,
әлеуметтік жүйе динамикасы белгісіздікке, хаостық кезеңдерге толы
(мысалы: нарықтық динамика және әлеуметтік қақтығыстар). Екіншіден,
зерттеушілердің көпшілігі, әлеуметтік даму жүйе аспектілері, табиғи жүйемен
сәйкестендірілген. Үшіншіден, модельдеу жоспарына келетін болсақ
математикалық модель, физика мен биологиядағы хаостық тәртіпке, модельге
жақын. Төртіншіден, авторлардың келтіруі бойынша ең басты дәйек, әлеуметтік
ғылымдаға осы күрделілік ғылымы маңызды болып табылады. Әлеуметтік
ғылымдағы зерттеулердің эмпирикалық нәтижелері кей кезде көңіл толтырарлық
емес, соның ішінде стандарттық статистика әдісі (көбінесе сызықтық),
бағдарламаға енгізілмеген зерттеулер мен шамадан тыс жасалған функциялар
болады. Келтірілген мәселелерді шешу үшін көп әрекет жасау керек, алайда ол
қалаған нәтижені бермеуі мүмкін. Оның орнына сызықтық емес нәтижені
қолдануға болады. Бесіншіден, авторлар метатеориялық деңгейге назар
аударады, күрделі туралы ғылымды, негізгі элемент ретінде қарастырып, ескі
және ғылыми түсініктерді түсіндіру арасындағы орынды анықтау. Әлемге деген
ньютондық көзқарас қайта қаралуға ұшырайды. Бұл барлық компоненттердің
қарама-қайшы болып аусады дегені емес, бірақ кейінгілері нәтижеге қосылуы
қажет. Ал ол метатеория құрылымын айрықша өзгеріске ұшыратып, әлеуметтік
ғылым теория құрылымында да жаңа құндылықтарға ие болады. Қорытындылай келе
жұмысты қарастырған авторлар, табиғаттың, қоғамның қандай да болмасын
өзгеріске ұшырауы, әлеуметтік ғылымдағы бағыттарды өзгертпейді.

1 Синергетикалық дүниетаным түрлері

1.1 Синергетика ғылымдардың жаңа сатысы ретінде және оның дүниені
түсіндіруі

Синергетика – (грек. Sinergeia – біріккен іс-әреккеттер) қазіргі заман
мәдениетінде дамудың сызықтық емес динамикасын көрсететін, қазіргі заманның
ғылымының негізгі бағыттарының бірі. Оны: Г.Хакен, Г.Николис, Пригожин,
А.Баблоянц, С.Вейнберг, П.Гленсдорф, Р.Грэхем, К.Джордж, Дж.Каглиоти,
М.Курбейдж, С.П.Курдюмов, Л.Лугиато, Х.Майнхардт, К.Майнцер, Б.Мизра,
Дж.С.Николис, Р.Дефей, К.Николис, Дж.М.Т.Томпсон, Ф.Хенин, М.Стадлер,
Дж.В.Хант, Л.Розенфельд т.б. зерттеушілер ұсынған.
Көптеген авторлармен жаратылыстану контексіндегі синергетикалық көзқарастың
қалыптасуын, қазіргі, жаратылыстанулық дәстүрінің парадигмалық өзгеруі деп
қарастырады немесе жаңа ғылыми революция деп түсіндіреді (В.Крон,
Дж.Кюпперс, Н.Н.Моисеев, Х.Новотны және т.б.; Тоффлердің пікірі бойынша
Синергетиканың идеялары соңғы кезеңдегі ғылыми революцияда орталық маңызға
ие болған).
Синергетиканың дамуы өзін бірнеше бағытта іске асырады, соның
арқасында қазіргі мәдениеттегі синергетикалық зерттеу дәстүрі әртүрлі
түсіндіріледі. Сондықтан да синергетикалық зерттеу стратегиясы әртүрлі
методологиялық модельдермен белгіленген: Хакен мектебінің моделі, Пригожин
атымен байланыста модел (Брюсельдік Еркін Университет, РҒА Математикалық
моделдеу институты, НИИ им. М.В.Келдыша және т.б.) Синергетикалық
парадигманың мәні туралы Ресейлік ғалымдардың түсіндіру негізінде
детерменизм проблемасына ерекше мән беріліп және (blow up) сезімтал
тәртіпте жүретін процесстерге назар екпінделген. Сонымен қатар түсіндірулі
ерекшеліктеріне қарамастан (Хакенның синергеттика термині Пригожин
мектебінің авторларымен тепе-теңсіздік термодинамика деген ұғымда
қарастырады), бұл моделдер альтернативті де емес, бірін-бірі жоққа да
шығармайды. Соңғы зерттеулерге байланысты, аталған ғылыми бағыттардың
фундаменталдық бірлігі негізінде синергетикалық парадигманы қазіргі
жаратылыстанудағы бір бүтін құбылыс ретінде атаған жөн [4, 288 б.].
Өзін анықтауда cинергетика, тепе-теңсіздік динамика концепциясы немесе
объектіні көруі сапа жағынан күрделі жаңа матрица деп белгілеп, сызықтық
емес динамикалық ортаны өзін-өзі ұйымдастыру теориялары деп құрастырады
(Николис, Пригожин). Синергетикада күрделіліктің фундаменталды көрсеткіші
болып, объектінің статикалық мінездемесі емес (объектінің құрылымындағы
иерархиялық көп деңгейлі және т.б.), ал таза динамикалық мінездемесі
болады: яғни өзін-өзі ұйымдастыру процестерінде ішкі потенциалының бар
болуы қарастырады. Николис пен Пригожиннің бағалауы бойынша, егер
Синергетикалық талдаудың орталық пәні күрделінің пайда болуы болса, онда
зерттеліп отырған жүйенің белгілі бір жағдайда өзін-өзі ұйымдастырумен,
соның нәтижесінде макроскопиялық құбылыстардың пайда болу мүмкіндігі
күрделіліктің белгісі (критериі) болады.
Синергетика термодинамикалық тепе-теңсіздік жағдайындағы процестерді,
сондай жүйелер класын зерттейді, - Пригожин мен Стенгерс синергетикалық
парадигманың пәндік ареалын тепе-теңсіздіктен алшақ жерлер деп
құрастырған.
Объектінің тепе-теңсіздік жағдайын анықтағанда Баблоянц былай дейді:
егер энтропия материяның қасиеті жағынан барлық қасиеттеріне ие және жүйе
деп аталатын бөліктерін барынша көп етіп, соңғы максималды шекке дейін
шығарып тастаса, онда жүйе энтропия белгісінің өзгеру мүмкіндігін
жоғалтады, сөйтіп жүйе тепе-теңсіздік жағдайында деп аталады. Бұндай
ситуацияда жүйеге әсер етуші ауытқулар (сыртқы да, ішкі де) уақыт ішінде
өшеді. Яғни, Николис пен Пригожиннің анықтауы бойынша жүйеде іздерін
қалдырмайды және жүйенің жағдайы бірдей емес (асимптотикалық) тұраөты деп
саналады. Бірақ жүйенің тұрақты емес жағдайларының болуы мүмкін, бұнда тепе-
теңдік жағдайы құралып үлгермейді,-бұндай ситуацияда жүйе өзінің алғашқы
параметрлеріне қатысты тұрақсыздықпен мінезделінеді (Ляпунов бойынша
тұрақсыздық) және Дж.М.Томпсон мен Дж.В.Ханттың белгілеуі бойынша
дивергенциялақ тенденцияны көрсетеді. Бірақ бұл тенденция өзін тек қана
белгілі бір шекарада жүзеге асырады, яғни тұрақсыздық деген белгілі бір
параметр аумағында жүретін кездейсоқ қозғалыстар.
Синергетиялық парадигманың жаратылыстанудағы қалыптасуы
тұрақсыздықтардың басым болуына алып келеді: Николис пен Пригожин айтуы
бойынша бір жалпы тұрақсыздықтар әлемінде өмір сүреміз. Соның ішінде
тұрақсыздық жағдайындағы зерттеулер динамикалық жүйелер теориясын заттың
тұрақты жағдайынан ауытқуларын жаңа фундаменталды қасиеттерінің ие болуына
алып келеді. Бұл фундаменталды қасиеттер мынада: өзінің табиғаты бойынша
әртүрлі зерттеу орталығындағы тұрақсыздық нүктелерін жүйені өту барысында
күрделілік жағдайына келеді, яғни бұл орталарды белгілі бір жағдайларда
уақыт пен кеңістік суреттерінде өзін-өзі ұйымдастырудың макроскопиялық
құбылыстары пайда болуы мүмкүн (Николис, Пригожин). Сөйтіп Хакиннің сөзімен
айтқанда синергетика тұрақсыздық нүктелерінде болатын және тұрақсыздық
шегінің ар жағында пайда болатын құраламдарды зерттейді. Соның нәтижесінде
синергетика мүлдем әр түрлі жүйелердің тұрақсыздық нүктесін өтуңіндегі
терең де, универсалды аналогтар жүргізуге мүмкіндік берді. Пригожин мен
Стиенгерстің бағалауынша күрделілік дара нәрсе емес, ал жалпы ереже деп
қарастырылынады. Соның негізінде синергетика өзінің бірінші принципін
тұжырымдайды. Ол деген болмыстың барлық деңгейлеріндегі құрылымдық
ұйымдастырылуында тепе-теңдік тәртіптің алғы шарты болып табылады.
(Стенгерс пен Пригожиннің бағалауынша хаостан тәртіпті тудыратын тепе-
теңсіздік болып шығады). Сонымен синергетиканың назары ауған объектінің
аспекті тепе-теңсіздік жағдайдағы тәртіптің пайда болуы немесе материяның
өзін-өзі ұйымдастыруы болып табылады (А.Баблоянц).
Синергетика зерттейтін объектілердің фундаменталдық қасиеті болып
күрделілік есептеледі,- синергетика бойынша күрделілік деген өзін-өзі
ұйымдастыруға қабілет, микро деңгейдегі өзгерістерге байланысты макро
деңгейдегі өзінің уақыттық кеңестіктік құрылымын құру. Соған қатысты мысал
болып синергетикалық зерттеулердің сұйық орталар механикасын дәлірек
айтқанда тепе-теңсіздік гидродинамикасын атауға болады. Синергетикаға негіз
болған тәжірибеде конветивтік тұрақсыздық құбылыстары аталған (немесе Бенар
тұрақсыздығы). Температураның вертикалды градиентімен алынған сұйықтың
горизонталды қабатында берілген температура градиенті белгілі бір өлшемнен
асқан кезде берілген жүйеде визуалды байқалатын макроқұрылым қалыптасады.
Бұлар көлемі жағынан шамамен 1021 молекулаға тең (Бенар ұялары),
горизонталды бағыттылған ұяларды сұйықтық қозғалысқа түседі (біресе сағат
тілінің бағытымен, біресе кері қарай), ерітіндінің жұқа қабатында толқынды
фронт пайда болады, оның ішінде пейсмейкерлер қалыптасады. Сол
пейсмейкерлер айналасында шеңберлер, спиралдар, концентрацияланған
дөңгелектер суретін көруге болады. Орыс тілді әдебиетте сол толқындар
динамикасындағы ішіндегі көздерді бастаушы центрлер деп аталған [5, 76
б.]. Сонымен аталған термодинамикалық жүйе кеңістіктік құрылым мен уақытты
анықтауға ие болады. Микроскопиялық конвективті ағым Больцманның
тәртіптілік принципіне сенсек, жоғалып кету керек еді, бірақ оған қарсы
күшейіп, бүкіл жүйеге таралады, жаңа молекуларлы тәртіп құрылады (Пригожин
мен Стенгерс). Бұған ұқсас сурет Тейлордың тұрақсыздықтарын зерттегенде
байқалған: егер белгілі бір сұйықтық айналып тұрған екі цилиндрдің ортасына
енгізілсе, станционарлық қалпы жоғалғаннан кейін (цилиндрдің айналу
жылдамдығы немесе температура градиенті шамадан асқанда) гидроорта
макроскопиялық құрылымды иеленеді (Тейлор құйындары).
Синергетиканың қалыптасуына Белоусов-Жаботинский реакциясы әсер етті.
Ол органикалық қышқылды катализатор (марганец, церий немесе ферроин) арқылы
калий браматымен қышқылдандырылды. Бұл реакцияның нәтижесі болып химиялық
сағаттар шықты (басында түссіз сұйықтық қызыл сосын көк түске ауысып
отырды, бұның бәрі белгілі бір нақты уақыттың ішінде кезек-кезегімен). Әр
түрлі катализаторлардың әсері әр түрлі кеңістік құрылымдарды ұйымдастырды.
Басқаша айтқанда берілген химиялық реакция уақытты жүйені ішкі динамикасы
арқылы өлшеуге мүмкіндік береді. Бұған ұқсас құбылыстар Грэхем мен Хакинның
лазерлердегі фазалық ауысулырды зерттегенде болды (бұнда да жүйелер тепе-
теңсіздік жағдайында болды). Бұндай құбылыстар биологиялық зерттеулерінде
белгіленді – мысалы, амебаның өмірлік циклі. Бұл циклға шараналы
саңырауқұлақтар стадиясы да кіреді. Егер трофика ресурстары азая бастаса
бір клеткаларлы организмдер біріге бастайды. Сонымен қоса кейбір клеткалар
пейсмейкерлер қызметін атқара бастайды. Олар айналадағы ортаға белгілі бір
нәрсе бөліп отырады (қатынасуға арналған сигнал), басқа клеткалар сол
градиенттің бағытын түсінгендей болып соған қарай жылжиды. Бұндағы
агрегация процесінің (спиралді толқындар немесе концентрарлы дөңгелектер)
суреті, Бенар ұяшықтарының суретіндей. Осы хемотаксистің негізінде
марфогенезге аналықтай болып клеткалық дифференцияланған көпклеткалық
колония қалыптасады [6, 89 б.].
Өзін-өзі ұйымдастыру процестеріндегі тепе-теңсіздік жағдайындағы
жүйелердің қажетті шарты болып оның ашықтығы белгіленген, дәлірек айтқанда
қоршаға қатысты ашықтық. Тепе-теңсіздік жағдайындағы орталарында, сол
ортаның әр нүктесі энергияның көзі де, келетін жері де болып табылады
делінген. Жүйе қоршаған ортамен ылғи өзара энергоауысып (алмасып) отырады.
Николис пен Пригожиннің белгілеуінше тепе-теңсіздік жағдай жүйемен қоршаған
ортаның арасындағы бітпейтін ағымдырға байланысты. Бұнымен қоса бұл жалпы
ереже қалыптасушы құрылымдардың қоршаған ортаның ерекшелігіне тәуелді деген
идеямен толықтырылады. Тепе-теңдік жағдайда жүйе айналадағы факторларға
бейтарап болса, тепе-теңсіздік жағдайларында ондай факторларды сезіне
бастайды. Мысалы, өте күшті тепе-теңсіздік жағдайында химиялық реакциялар
гравитацияны қабылдайды: өте күшті тепе-теңсіздік жағдайында... жүйе
сыртқы өрістерді қабылдай бастайды, мысалы гравитациялық өрістерді. Соның
нәтижесінде әр түрлі конфигурацияларды таңдауға мүмкіндік табады
(Пригожин, Стенгерс). Оның үстіне параметрлер өзгерісі тепе-теңсіздік
орталарында өзін-өзі ұйымдастыру процестерінің механизміне әсер етеді.
Осының негізінде синергетика универсалды ереже шығарып отыр: өте күшті
тепе-теңсіздік жағдайында материяның өте құнды және бұрын ескерілмеген
қасиеті белгіленген. Енді физика барлық құрылымдарды қоршаған ортаға
адаптацияланады деп тұжырымдайды (Пригожин, Стенгерс).
Синрегетика зерттейтін құбылыстарда молекулалардың кооперациясы деген
феномен жатыр. Тепе-теңдік жағдайында молекулалар өзімен өзі болады.
Молекулалар құрылымы күрделі болуы да мүмкін, бірақ олар айналадағыларды
байқамай оларға бейтарап қарайды. Ал тепе-теңсіздік жағдайына түскен кезде
олар басқаларға қатысты кадеренттік байланысты танытады. Яғни тепе-теңдік
жағдайында олардың назары ішіне бағыттылса тепе-теңсіздікте олар сыртқа
бағытталады. Егер тұрақты жағдайда молекулалар соқыр сияқты болса (олар тек
өзін немесе жақын көршілерін ғана көреді) тұрақсыздықта олар тіріле
бастайды деп саналады. Олар уақытты сезеді, информацияны таниды, болашақ
пен өткенді, оң мен солды түсінеді. Және жалпы қоршаған орта жағдайын
сезінеді деп саналады. Егер тұрақты жағдайда тіріліп қоршаған ортаның
бөлшегі ретіндей мінез танытады. Бұндай құбылыс Хакен лазерледі зерттегенде
де байқаған.
Синергетикада негізгі ұғымдардың бірі – хаос болып табылады. Хаос
бұнда тек тәртіпсіздік ретінде қаралмайды, ал тәртіптің негізінде ретінде
түсіндіріледі. Өзін-өзі ұйымдастыру процестерінде хаос тәртіптің негізі
және алғы шарты болып табылады. Пригожин: тәртіп пен тәртіпсіздік бір-
бірімен тығыз байланысты және бірі екіншісімен ауысып отырады. Осыны біз
универсумды қабылдағанда негізгі түсінік деп түсінеміз.
Өзін-өзі ұйымдастыру процестерінде сызықсыздық ұғымы айтылған. Бұны
былай түсіндіруге болады: тұрақты жағдайда берілген жүйе дамуының бір ғана
бағыты болса тепе-теңсіздік жағдайына түскеде, оның дамуына көптеген ішкі
де сыртқы да факторлардың әсері күшейіп даму жолдар альтернативасы көбейе
түседі. Бұндай ситуацияларда жүйені бифуркация нүктесіне келді деп айтады.
Бифуркация – вилка деген сөз. Яғни қарапайым тілмен айтсақ, бір жолмен келе
жатқан жүйенің алдында жолдар бөліне бастайды. Сол кезде жүйе даму
жлдарының біреуін таңдайды. Бұндай таңдауға көптеген факторлар әсер етеді.
Бұл факторларға тепе-теңдік жағдайында тұрған жүйе бейтарап қараса,
бифуркация нүктесіндегі жүйеге бұл факторлардың әсері күшейіп кетеді де
жүйенің дамуында шешуші рольға ие болады. Сондықтан тепе-теңсіздік
жағдайына түскен жүйенің болашаұ дамуын альтернативтілікпен көп
варианттылықпен мінездейді. Бұға қоса ортаның параметрлері өзгермесе де
жүйе әр түрлі құрылымдарды қалыптастыруы мүмкін. Бұл өзін-өзі
ұйымдастырудың нәтижесі ретінде бағаланады. Соның нәтижесінде жүйенің
болашақ жағдайлары қазіргі жағдайына қарап болжау адекватты емес болып
табылады. Және осындай болжаулар жасау ғалымдар арасында корректы емес деп
қаралынады (Курдюмов, Князева). Баблоянцтың айтуынша қазіргі химиктер
реакциялардың ылғи алдын ала болжамдалатынын кері істеп жүр.
Пригожин мен Стенгерстің бағалауынша объектті синергетикалық көру
деген жүйені нүктелер ансамблі ретінде қарау. Бұл нүктелер әр түрлі
динамикалық жағдайларға ие және сол жағдайларды білу керек. Кеңістік шектен
көп нүктелерден тұрады соларды білу жүйені түсіну мөлшері болып табылады.
Өйткені бифуркациясы нүктесінен кейін жүйенің дамуы қалай болса солай
жүрмейді. Жүйе жолын таңдағанда өзі білетін барлық факторларды ескере
отырып соған сәйкес өзінің кеңістіктік уақыттық құрылымын қалыптастырады.
Жүйенің кездестіретін бифуркациялық нүктелері де сол жүйенің күрделігіне
байланысты болады. Оның үстіне бір бифуркациядан кейін белгілі бір уақыттан
соң, тағы да бір бифуркация нүктесіне тіреледі. Бифуркация нүктесіне барлық
жүйелер кездеседі. Николис пен Пригожиннің бағалауынша бифуркация жаңалық
пен диверсификацияның себебі... өйткені соның арқасында жаңа шешімдер
қабылданды [7, 34 б.].
Жоғарыда айтылғандай бифуркация нүктесіне келген жүйенің
сезімталдығы күшейеді. Соған мысал ретінде өрістердің рөлін айтайық.
Тұрарқты кезде гравитациялық және магниттік өрістерге бейтарап қараған жүйе
тұрақсыз жағдайында оларды ескере бастайды. Бұны мәжбүрлі бифуркация деп
атаған. Өйткені жүйенің дамуында сыртқы факорлар әсер етіп тұр. Сонымен
қоса бифуркация нүктесіне келген жүйе ішкі әсерлерге де сезімтал болады. Ол
ішкі әсерлер флуктуациялар деп аталынады. Флуктуация деген тербеліс, ауытқу
деген сөз. Николис пен Пригожиннің анықтауынша жүйеде кездейсоқ болатын
және оның кейбір мінездемесімен қасиетін локальді түрде өзгертетін оқиғалар
флуктуациялар деп аталынады. Тепе-теңдік жағдайында флуктуация әсері
өшіріліп, жүйені станционарлы жағдайға қайтарады. Бұндай кезде жүйе қалыпты
жағдайда делінеді. Алайда бифуркация нүктесіне келген кезде ситуация
родикалды түрде өзгереді. Бұндай кезде флуктуациялар өте қатты күшейеді.
Және үлкен сандар заңын бұзады. Флуктуациясының амплитудасының көлемі орта
макроскопиялық деңгейге жетеді. Синергетикалық парадигма шеңберіндегі өте
қажетті нәрсе өзін-өзі ұйымдастыру процестеріндегі флуктуациялардың екі
жақты ролі. Бір жағынан флуктуация процестің өзіне әсер етіп жүйені
тұрақсыз жағдайға итермелейді (тұрақсыздықтың болуын флуктуациялардың
нәтижесі деуге болады). Басында жүйенің бір жерінде болған флуктуация жан-
жаққа таралып жүйені жаңа макроскопиялық жағдайға келтіреді. Екінші
жағынан, жүйенің өзін-өзі ұйымдастырудың мазмұнды да түрінде анықтайды. Бұл
деген тепе-теңсіздік жағдайындағы флуктуацияның күшеюі негізінде үлкен
сандар заңын бұзып тастауы. Ресейдің синергетика мектебінде бұндай құбылыс
кішкентайдың өсуі деген атқа ие болды. Осыны Николис пен Пригожин
Кембридждегі шыбынның ұшуы Үндістан климатының өзгеруіне алып келуі
мүмкін деп метафорлайды.
Бифуркация нүктесіндегі жүйе даму жолын таңдағанда флуктуациялар
әсері күшейеді дедік. Сөйтіп бифуркация нүктесіндегі флуктуация
ұйымдастырылудың жаңа құрылымын алып келуі мүмкін (басындағы гамогенді
ортаның құрылымымен қоса), бұл феноменді флуктуация арқылы тәртіп деп
атаған. Тоффлер бұған қатысты былай деген: жүйе ылғи флуктуациялап тұратын
жүйешіктерден тұрады. Кейде бір флуктуация немесе флуктуациялар
комбинациялары (кері позитивті байланыс нәтижесінде) күшейіп кетеді де оған
дейін болған құрылым шыдамай кетіп, бұзылады. Бұндай кезде дамудың бағытын
болжау мүмкін емес (жүйе қауыстық жағдайға түсе ме әлде жаңа күрделенген
дифференцияланған жоғары деңгейге өте ме).
Сөйтіп, қазіргі синергетиканың флуктуация арқылы тәртіп деген
модельдері үлкен салдарды кішкентай себептер тудыратын тұрақсыз әлемді ашып
отыр. (Пригожин, Стенгерс)
Сонда мүмкін жолдардың ішінен қайсысын таңдайды дегенге жауап ретінде
кездейсоқтық феноменін алға тартады. Жүйе дамуының траекториясын
макроскопиялық басқару арқылы болжай алмайды. Микроскопиялық суреттеу де
көмек бере алмай тұр. Біздің алдымызда казинодағы кубикті лақтыруға
ұқсайтын кездейсоқтық құбылыс (Пригожин, Стенгерс). Бұл контексте эволюция
бифуркациялық ауысулардың процесі ретінде қарастырылынады. Тоффлердің
сөзімен айтқанда кездейсоқтық күлден шыққан феникстей қайта-қайта пайда
болып тұр. Осыған байланысты детерминациялық процестерге жаңаша көзқарас
қалыптасқан. Пригожин мен Стенгерстің түсіндіруі бойынша қатты тепе-
теңсіздікте болатын жүйелерді ұйымдасқан деп аталуының себебі, бастапқы
активтілігінен емес немесе элементарлық деңегейде болмаған активтілігінен
емес, ал керек кездегі флуктуацияның күшейіп кетуі болашақ жолдардың бірін
таңдауға ықпал етуінің тікелей әсер етеді. Бұндағы синергетиканың
концептуалды ережесі: алдындағы даму жолдардың альтернативтігіне
байланысты, жүйе эволюциясының бір мағыналы перспективті векторын анықтау
мүмкін емес, дейтін Пригожин мен Гленсдорфтың теоремасы. Сонымен бірге
синергетикалық парадигмада ұйымдасу процестері индетеременистік деп
саналмайды. Флуктуация арқылы тәртіп әлемі сызықтық себептілік заңдарына
бағынбайды, бірақ бұл әлем қалай болса солай жүрмейді. Сондықтан кішкентай
оқиғалардың күшеюінің себебін зерттеу – райионалдық анализдің заңды пәні
болып табылады. (Пригожин, Стенгерс). Осындай түрде ресейлік ссинергетиктер
плазманың физикасын анализ дегендей күшеюмен жүретін режимді (blow up)
бөліп көрсетеді. Бұл деген ашық, сызықтық емес орталарды процестердің өте
жылдам жүруі. Бұнда температура, энергия... қысқа уақытта көбейіп кетеді
(Князева, Курдюмов). Бұндай амал бойынша флуктуацияның жүйеге әсерінің
мөлшері күшеюмен жүріп жатқан режимінің қай фазасын жүйенің кешіп жатқанына
байланысты. Күшеюмен жүретін режимнің баяу фазасында (яғни,
квазистанционарлық жағдайында) тіпті жүйенің центрінде пайда болған
флуктуация басылып, өшіп қалады. Ал күшеюмен жүретін режимінде екі нұсқа
болуы мүмкін: егер флуктуация жүйенің шетінде болса, күшеюмен жүретін
режимдегі процестердің жылдам өтуіне байланысты жүйе ол флуктуацияларды
сезіп үлгермеуі мүмкін. Ал егер де флуктуация жүйенің ортасында болса оның
жүйе эволюциясына әсері аса зор болады да, жүйе қасиеттерінің радикалды
өзгеруіне алып келеді. Бірақ қалай десек те жүйе эволюциясының нәтижесін
флуктуациялар айқындап отыр (бұл мәселеде синергетикалық парадигмалардың
барлық өкілдері бір тұжырымға келіп тұр) [8, 65 б.]. Осыған қатысты
Курдюмов мектебінің көрсетуінше өзін-өзі ұйымдастыру процедураларында кез
келген кездейсоқтықтар емес, ал күшеюмен жүріп жатқан режимдегі
кездейсоқтықтар маңызды орынға ие. Бұл ситуацияларда автокатализ механизмі
жатыр. Бұнда реакцияның нәтижесі реакцияға кері байланыс принципі бойынша
әсер етеді де, қар кесегінің таудын домалағанындай өсуші, каталитикалық
эффект жасайды (Баблоянц).
Жоғарыда қаралған процестердің нәтижесі болып жүйенің өзін-өзі
ұйымдастыру формасы ретінде диссипативті құрылымдарды атайды. Диссипацияның
болуы мүмкін нәтижелердің бірін таңдаған жеке оқиғаның себебі. Таңдау
біткесін автокаталитикалық процесс жүреді. Бұған байланысты синергетикалық
зерттеу дәстүрінің рефлекциясы бұлай болады: біз диссипативті құрылым деген
жаңа ұғым енгіздік. Оның себебі, бір жағынан – құрылым мен тәртіп арасында,
екінші жағынан – диссипациямен жоғалтулар арасында болатын тығыз да,
парадоксалды байланысты көрсету үшін. Классикалық термодинамикада жылулық
ағымдар жоғалтулардың көзі деп саналған. Бенар ұяларында жылулық ағындар
тәртіптің көзі деп саналады (Пригодин, Стенгерс). Осылай диссипативті
құрылым термині диссипация процестерінің конструктивті ролін негіздейді.
Және хаостан тәртіп деген синергетикалық тезисті мақұлдайды.
Синергетикалық концепция бойынша (Дж.С.Николис, Х.Пейтген, П.Рихтер,
т.б.) диссипативті құрылымдар өзін-өзі ұйымдастырушы жүйелердің
адаптациялық потенциалының объективациясы. Баблоянцтың бағалауынша өзінің
кооперативті қасиеттерінің арқасында өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетті жүйе
әр түрлі әсерлерден сақталу үшін уақытты өлшеп, кеңістікті ұйымдастырып,
қоршаған ортаны тиімді пайдалану керек болған жағдайда диссипативті құрылым
жасайды. Осыдан синергетикада консервативті құрылымдардан бөлек
диссипативті құрылымдар өзінің перманентті қозғалғыштығымен ерекшелінеді.
Құрылым деген ортаның кейбір жерлерінде болатын, сонымен қоса геометриялық
формасы бар және сол ортада басқаша құрыла алатын процесс. Құрылым деген
ортаның ішінде шарлап жүрген процесстің дағы (Куржюмов).
Диссипативті құрылымдардың спецификасын белгілейтін маңызды
ұғымдардың бірі – аттрактор. Аттрактор деген өзіне тарту деп латын тілінен
аударылады. Николис пен Пригожиннің анықтауынша аттрактор деген – жүйені
тартып түрған жағдай. Жүйе дамуының нәтижесі мен бағыты ретінде –
аттрактор тұрақты фокус болып саналады. (Хакен). Мазмұны жағынан аттрактор
ізделіп отырған және жетуге болатын эволюциясының фазасы. Князева мен
Курдюмовтың белгілеуінше, егер жүйе белгілі бір аттрактордың тартуына
түссе, онда ол шарасыз түрде осы бағытқа (құрылымға) қарай дамиды. Өзін-өзі
ұйымдастыру процестерін зерттегенде синергетика мен мынадай жағдай
белгіленген: жүйе эволюциясы жолдарының барлығы бірдей мүмкін емес. Табиғат
парықсыз емес және тек кейбір жағдайларға ғана тартылып тұрады. Осыған
қатысты энтропия шығаратын диссипативті жүйелердің физикасы, жүйенің соңғы
жағдайын аттрактор деп атаған. Аттракторларды тәртіптің факторындай қарауға
болады (Пригожин).

1.2 Синергетиканың адам мен қоғамға қатысты аналогиялары

Сот процесінде белгілі бір кінәнің дәл анықтауға екі жақ өздерінің
ұсыныстарымен келеді, яғни кінәнің жоқтығы, кінәнің мөдшерінің аз, орта,
жоғары деп келеді. Қазіргі кезде дұрыс емес соттың үкімі шыққан жағдайлар
бар. Ол неге? Соттың фактты жақтарын есептемегенде адвокат пен прокурорға
байланысты. Олар сөз арқылы жеңіп отырады. Шешім қабылдайтынға
(қабылдайтындарға), бұның себебі сотта айтылған барлық информацияның қарама-
қарсы деп алсақ (спорющая речь) оған қатысты отырғандардың санасында іске
қатысты бірнеше жауап (шешім) болады. Әр түрлі айтылған доводтар
флуктуациялар секілді, ал мәселені дұрыс түсіну үшін сана диссипативті
құрылым жасайды [9, 134 б.].
Сананың құралуы диссипативті деуге келетін шығар. Адам сұрақ қойған
кезде жауапты объективті түсіну үшін санасын диссипативті қояды. Өйткені
иерархиялық түрде қойса, оппоненттің иерархиясымен келіспей қалып, бір
мәселені әр түрліше түсінеді. Сөйлескен кезде мәдениеттің ерекшелігімен
сөйлескесін белгілі бір иерархияның көрінісі болады. Ал әр мәдениеттегі
иерархиялар әр түрлі болған соң, бұнда да сананы диссипативті құру керек.
Компромисске келген кезде сол келісімнің тетіктері аттрептарлар деуге
мүмкін келетін шығар.
Әрине, қоғамды немесе әлеуметтік ұйымды зерттегенде оның статикалық
мінездемесін яғни иерархиялық құрылымын зерттейміз. Бірақ әлеуметтік
ұйымдар, институттар, қоғамдық құрылымдар бір орында тұрмайды. Біреулері
пайда болып жатса, екіншілері жоғалып отырады. Сондықтан олардың пайда
болуы мен жоғалуын анықтауымыз керек. Бұл деген объекті динамикалық жақтан
қарастыру. Бұған әлеуметтік процесстердің өтуін, әлеуметтік кеңістік пен
уақыт дегендерді зерттеу жатады. Адамдар ылғи жаңашылдыққа бейім болады
және өз кезегінде жаңалықтар енгізіп отырады. Яғни объективті жағдай
болмаса да адамдардың жаңашылдыққа тенденциясы бар. Ежелгі кезде ойшылдар
қоғамның статикалың белгісін яғни әлеуметтік құрылымын, оның иерархиясын
талдаса, соңғы екі ғасыр ішіндегі әлемдегі глобалды өзгерістер адамдардың
динамикалық белгіні зерттеуінің бірінші орынға шығып тұрғаны түсінікті
болып тұр. Адамдардың мүмкіндіктерінің шегі белгісіз, сондықтан ұйымдасып
құрылудың белгісіз нұсқалары болуы да мүмкін. Қазіргі әлеуметтік
құрылымдарға қарай бұл мәселені талдау дұрыс емес.
Тепе-теңдікті адамға қатысты айтсақ, адамның сабырлы рухани
тұрақтылығын, табиғатпен, басқа адамдармен қарым-қатынастағы гармониялық
жағдайын келтіруге болады. Сөйтіп оған сырттан әсерлер келді дейік
(қоршаған ортаның, нәрселердің, басқа адамдардың әсері). Сонда әсерлердің
себебінен адам тұрақсыз жағдайға түсе бастайды, соның нәтижесінде адам
басқа күйге келеді және осы күйін белгілі бір дәрежедегі тұрақтылық деуге
болады. Ал сыртқы әсерлер жылдам, күшті етіп берілсе адам шынымен тұрақсыз
күйге түседі. Мысалы, қоршаған ортаның тез өзгеруінен адамдар ауырып қалуы
мүмкін, ал психикалық әсерлер қатты тисе, психикалық ауруларға душар
болады. Сөйтіп өзінің алғашқы параметрлеріне қатысты тұрақсыздық көрсетіп,
тепе-теңсіздікте болады. Осындай нәрсе нәтижесінде индивидтер диверегенция
көрінісін береді. Әлеуметтік өмірдегі тепе-теңдікті, әлеуметтік қарым-
қатынастарды құндылықтар мен нормалардың өзгеруіне әкеледі. Олардың толық
өзгеруіне әжептәуір уақыт керек. Ал белгілі бір дәрежедегі өзгерістерді
ассимптотикалық тұрақты өзгерістер деуге болады. Бұндай өзгерістер кезінде
әр түрлі адамдар арасында дивергенция тенденциясы байқалады. Сонымн бірге
мысал ретінде соғыс жағдайын алайық. Соғыстың адамдарға әсері өте зор, ал
тіршіліктің қатыптасқан тепе-теңдігін өте күшті бұзады. Бірақ соғыс бір
жақтың жеңісімен бірден бітпесе, жоғарыда көрсетілгендей оның әсері тепе-
теңсіздікке әкеледі. Сөйтіп бірінші нұсқадағыдай адамдар соғыс жағдайына
үйренген соң (соғыстың барлық салдарымен, өмір сүрудің барлық
қиыншылықтарымен), олардың күйін бастапқы параметрлерге қатысты тұрақсыз,
бірақ белгілі бір мөлшерде тұрақты деуге болады. Сонымен бірге жеке
индивидтермен топтар соғысқа қатынасында дивергенция көріністерін береді.
Диссипативті құрылымдарды номадтардың мәдениетімен ұқсастыруға
болады. Номадтық өмір салтында жеке адамдар кеңістікті ылғи шаралап жүреді.
Өмір салтына байланысты әр адам жалқауланбай, орысша айтқанда в боевой
готовности. Соның арқасында дені де сау болады. Сонымен жан-жақты хабардар
болады. Бір жерде отырмағандықтан кеңістікті ұйымдастырудың ерекше
мәдениеті қалыптасады. Бейбіт кезде кеңістікте шашыраңқы өмір сүреді, яғни
құрылымын тез өзгерте алады. Халық тығыз орналаспағандықтан басқа адамдар
шаршатпайды (бұл жерде айтып отырғаным қалалық адамдардың психологиялық
шаршаулары, жанның тыныштығын іздеуі). Соның нәтижесінде номадтың мінезі
ашық болады, басқалармен қарым-қатынасқа қуанышпен түседі. Сондықтан
әлеуметтік ұйымдасу потенциалы жұмыс істеуге дайын тұрады. Құрылымдар
иерархиялық түрде өсе бермегендіктен табиғи қарапайымдылық пен тазалық
сақталады (бұндағы тазалық руханимен қоса tabula rasa тазалығына жақын,
яғни ойлаудағы стереотиптікпен сақтандырады). Және номадтық кеңістікті құру
басқа елдермен қарым-қатынасты үзбеуге көмектеседі. Басқалардың жағдайын
біліп отырудың өзінің өсуіне пайдасы зор. Кеңістікті дұрыс пайдалану
қоршаған ортаны бүлдірмейді, әрі өз қауымын табиғат зардаптары мен әскери
басқыншылықтан қорғануға пайдалы. Қалалық өмірден бөлек табиғатқа жақындығы
еркіндік қасиетінің дамуына игі ықпал. Номадтық өмір салтында идеологиялық,
тобырлық стихиялы қозғалыстардың өршіп кетіп, бүкіл жүйені қамтып кетуі
жоқтан жақын шығар деп есептеймін.
Біздің дәуіріміздің алтыншы ғасыры таяу шығысты, Арабияны алайық. Ол
кезде қарақшылық, күштінің әлсізді басуы, ру араларындағы бәсекелестік
күшті болды, егер жалғыз әйел кездессе зорлап кететін, егер үйде қыз туса
тірідей көметін. Осының бәрі хаос пен заңсыздық. Осы кезде Мұхаммед
Пайғамбар туып, өсті. Аяғында жолы жүріп, арабтарды діни негізде
біріктіріп, сол арқылы тәртіптіліктің ерекше бір үлгісін қалдырып кетті.
Осындай нұсқада Шыңғыс хынды да, Наполеонды да, тарихты жақсы білсең, тағы
да талай адамды келтіруге болады. Бұнда Шыңғыс ханның рулар арасындағы
соғыстарды бітіріп, орталыққа бағынған мемлекет құруы. Ал Францияда, дәл
білмесем де, әйтеуір ұлы француз революциясынан кейін тәртіпсіздіктер
күшейіп кетті дегені есімде. Сонда Наполеон әскер диктатураға негізділген
тәртіп орнатады.
Билік күшке, сенімге, беделге, қулыққа, ақыл-парасытқа т.б.
негізделеді. Бұнда биліктің негізделу әдістерінің көп түрлілі тұтастығы
болып тұр. Сонымен бірге олардың ішінде бір әдістің үстемдігін айтуға
негізделсе, қазіргі индустриалды демократиялы қоғамдарда ақыл-парасытқа
негізделген. Ал тираниядағы билік басындағылар күштің, зорлық-зомбылықтың
әдістерін кеңінен қолдануда. Бұның бәрі билікті иелену аренасындағы
флуктуация – әдістердің жағдайға байланысты икемделіп, өсуі және соған
байланысты әдістердің бірінің билікті ұстаудағы негізгі орынға шығуы. Мұнда
қалған әдістер жергілікті флуктуациялар қатарында қалып, жағдайға
байланысты өрістеуі мүмкін.
Эволюциялық-синергетикалық парадигма мәселелерімен өмірінің соңғы
жылдарында академик Н.Н.Моисеев айналысты. Кез келген күрделі жүйенің
дамуы Моисеев бойынша, аттракторда, яғни тартымдылық аймағында шектеулі
болады.
Күрделі сызықтық емес жүйелер көптеген аттрактор санына ие болуы
мүмкін. Бір уақытта жағдай белгілі себепке байланысты өзгеріп кетуі де
мүмкін, сөйтіп, жүйе аттракторға өзгереді (басқа сөзбен айтқанда жаңа
эволюциялық жолға айналады). Осындай жүйе бифуркация деп аталады. Жүйенің
постбифуркациялық жағдайы тек орындалатын жағдайды көрсетеді. Сондықтан да,
кез келген күрделі жүйе эволюциясы рет бойынша ауысып отырады (дарвиндік,
эволюциялық). Н.Н.Моисеек өз жұмысында антропогенез процесінің дамуын,
кейін адамзат тарихын, апаттардың алмасып отыруын, эволюцияның динамикалық
күрделі жүйесі ретінде қарастырды. Нәтижесінде ол эволюциялық процестің
сипатын өзгертті.
Соңғы жылдардағы әдебиеттер синергетика саласындағы бағыттары
туралы жаңа ұғымдар қолдануда. В.П.Бранский әлеуметтік синергетиканы былай
анықтайды: әлеуметтік синергетика жалпы әлеуметтік заңдастырылған
ұйымдасуды зерттейді, яғни, әлеуметтік реттік пен әлеуметтік хаостың.
Тарихи даму теорияларының қалыптасуын салыстыра отырып, Бранский,
дәстүрлік теорияны (Гегель мен Маркстың диалектикалық концепциясы) бір
реттіктен екінші реттікке өту процессі ретінде қарастырады. Хаос мүлде
қарастырылмады, немесе ол біреуінен екіншісіне өтіп отырды (көбінесе
күрделіден). Синергетикаға тән хаос ол заңды және реттік болып келеді.
Бранский бойынша, - синергетика ол жаңа тілге аударылған ескі теория емес,
ол дамуды, зерттеуді қажет ететін сала.
Синергетиканы саясат пен психология арқылы ойлаған, В.П.Петренко мен
О.В.Митина, сызықтық емес түсінігі көп пайдаланылып, дүниетанымдық мәнге
ие болып келеді.
Сызықтық емес идеясы көпнұсқалықты, эволюция бағыттарын таңдау
альтернативтігі, оның қайта ретке келмеуді орындайды. Сызықтық емес жүйелер
кездейсоқтық, теңсіздік, тұрақсыздыққа пропорционалды болмайды. Бұндай
жүйеде локализациялық процестер пайда болып қолдауға ие болған.
Сызықтық емес процестерді болжау мүмкін емес, себебі таңдау жолдары
бифуркация кезінде орындалады. Алайда, бифуркация нүктесіндегі даму жүйесі
шектеулі ма?-деген сұрақ туады. А.П.Назаретян көрсеткендей, синергетикалық
модельдеу, бифуркация нүктесінде шексіз бола бермейді, ол шектеулі болып
келеді.
Синергетика – белсенді дамып келе жатырған бағыт. Жаңадан туылған
теория өзіндік тартымды теория. Оның көмегімен көптеген заңдылықтарды,
табиғи жерсілкіністерін, биржалық құлдырауларды, әлеуметтік дағдарыстарды
т.б. зерттеуге болады. Г.Г.Малинецикийдің айтуынша, таудан түскен бір тас,
ештеңе шешпеуі мүмкін, ал екінші түскені апатқа ұшыратуы мүмкін.
Тарихи зерттеулерде осы теорияны қолдану барысында Г.Г.Малинецкий,
тапсырманың екі түрін қарастырады, этногенез және бифуркация нүктесіне
жақын орналасқан әлеуметтік тұрақсыздықтың пайда болуы. Тарихи жағдайлардың
нәтиже қатары көрсеткендей, гиганттық көшкіндер кешіккен реформаларға
тән, олар қоғамды даму жолына бағыттай алады. Ал компромисс кез келген
альтернативадан да бағалы. Кейбір мысалдарды А.Тойнбидің келтіруі бойынша,
бұндай тұрақсыздықтар, қоғамның құлдырауы, бірнеше өркениетке тән, олар
тарихтың дабылына жауапсыз қалады [10, 243 б.].
Көшкіндік, аяқ асты табиғи процесстер, қоғамдық процесстерді
сипаттайтын метафора ретінде қолданысқа әлде қашан еніп кеткен. Танымал
ағылшын тарихи-әдіскері Э.Хобсбаумның жазуынша төңкерісті қайта-қайта
табиғи құбылыс деп суреттеп, оны тоқтату мүмкін емес.
Осыған орай ол Лениннің мына сөздерін келтіреді: Ескі билік вулкан
басында екенін білеміз. Көптеген белгілер арқылы біз, жер асты жұмыстарының
жүргізіліп жатқанын білеміз, ол халықтың санасының түбінде жатыр. Біз ауада
жиналған электр қуатын сездік. Күн күркіреуімен оның тазаланатынын да
білеміз. Хобсбаум: вулканның тасуы және қатты даулмен салыстырмағанда
басқа ойға не келеді? Хобсбаум Лениннің тағы бір ойына, өз ойын айтады:
Төңкерісті ескеру мүмкін емес, оны болжауда мүмкін емес, ол өзінен өзі
келеді... Ақпан төңкерісін бір апта бұрын кім білді?
Синергетика және тарихи методология.Жалпы ғылымдық парадигмаға
тарихшылардың қатынасы қандай? Тарихи зерттеулердегі синергетиканы
пайдалану ойы келісілген позиция деп айтуға болама? Біздің ойымызша,
тарихшылардың (отандық және шетелдік) бұл сұраққа қатысты ойы маңызды,
олар синергетика әдістерін толық қарсылық немесе қолдау көрсетуі қосылады.
Алайда, бүгінде тарихшылардың консесусы туралы айту барысында
методологиялық концепция табылуы мүмкін бе?
1980-90 жылдар аясында методологтардың айтуы бойынша, қазіргі таңда
тарихшылар бір құрылымнан екінші құрылымға өту объективті және қалыпты деп
келтіреді. Өткен он жылда тарихшылар өтпелі кезеңді, альтернативті тарихи
кезеңді, заңдылықтар сәйкестігі мен әлеуметтік төңкеріс кезеңдерін оқуға
қызығушылық танытты. Осылайша, ресейлік үш ғасырлық модернизацияны сипаттай
отырып, Б.Н.Миронов, 15-25 жылдық дағдарысқа, болып жатқан соғыстар,
радикалды реформалар, қоғамдық келеңсіз жағдайлар Ресейдегі алға дамуды
тоқататып отырды.
Мироновпен келіспеген В.Булдаков эволюциялық көзқарасқа назар
аударады. Автор тәртіпсіздік кезеңнен, екінші тәртіпсіздік кезеңді
қарастырды. Иә, - Отанымыздағы әдет-ғұрыптар жеңілдеген.
Жоғарыда қарастырған даму түрақсыздығы аспектілерілер контексінде,
В.Булдаковтың келесі ескертуі маңызды, Аса күрделі дамыған жүйесі бар
Ресей сияқты мемлекет үшін, тепе-теңдікті жоғалту, тұрақтандыру жағдайы
әркез қолайсыз болады, мысалға ол қазіргі кезең. Автордың келтіруі
бойынша, сараптама барысында тарихи процесстерді әр қалай түсіндіруге
болады, мысалы, потенцииалды тұрақсыздық жүйесі жағынан.
И.М.Савельева мен А.В.полетаевтың жақында шыққан Тарих және уақыт
кітабында стационарлы-үзілу тарихи моделі туралы сөз болады. Олардың
пайымдауынша, тарихи дамудағы өтпелі кезең ең қызығушылық танытатын
нәтиже, стационарлы кезеңнен ажыратып отыратын жағдай. Бұл кезеңдер
қоғамдағы қарқынды өзгерістерге байланысты [11, 35 б.].
Ю.Л.Бессмертный қазіргі таңдағы тарихи дағдарыс мәселесіне назар
аударады. Ю.Л.Бессмертный бүгінде не өзгерді? деген сұрақ қоюда, және
оған ждауап берер барысында ол ғылым деген түсініктің өзгеруіне емес,
ғылыми ізденістің өзгеруіне назар аударған. Ю.Л.Бессмертныйдың ойынша,
таза ғылымдарда тұрақсыздық, тепе-теңдік, кездейсоқ, бірегейлі
жағдайлар көп кездеседі. Бүгінде бұндай жағдайлар мен күйді, ғылымның даму
кезеңіндегі шынайы, постклассикалық емес есепке алады.
Осыған байланысты, М.В.Сапроновтың еңбегінде қоғамтанудағы басты
себеп ғылыми парадигманың классикалық гуманитарияның билік етуі, ХVII
ғасырдан бастап қалыптасып, XX ғасырдың басына дейін билік етті.
Автордың ойынша, қоғамтанушылар тарихи процесс теориясындағы
әмбебапты, толық қамтылған, альтернативсіз, оның ағымындағы жалғыз дұрыс
заңдылықты табу (ескі парадигманың талабы бойынша) қажет. Ол қиындықтарға
әкеліп соғады да, кейін зерттеу саласына кетеді. Өзінің мақаласында
М.В.Сапронов, гносеологиялық қоғамтану негізін қайта қарастыруды ұсынды,
яғни, классикалық парадигмадағы ережелерден бас тартып, жаңа дүниетанымдық
деңгейге өтуді, ғылыми ойлаудағы жаңа сын мен құндылықтарды қабылдауды
ұсынады. Дағдарыстан шығу жолдарын автор, тарихшылардың синергетика
ғылымын, өзін-өзі ұйымдастыруды игеруден көреді. М.В. Сапронов
синергетиканы кезекті генерализациялау концепциясы деп қарастырмай,
керісінше, жаңа танымдық парадигма ретінде, яғни, қоршаған ортаға деген
жаңа көзқарас, ғылымның жаңа идеалы, қойылымның жаңа әдісі және шешімі,
адамның танымдық мүмкіндіктерін пайдаланудағы жаңа ұстанымдар ретінде
қарастыру қажет екенін айтты.
Тарихи дамудағы альтернативті және тарихи тұлғалық рольдің
методологиялық мәселесіне берген позитивтік бағамен келісе отырып,
М.В.Сапронов, синергетикалық парадигмадағы ғылыми-гуманитариялық элемент
ретінде, кездейсоқтықты келтіреді [12, 68 б.].
Егер тарихи ғылымда, плюрализм, альтенативтік, өзіндік ұйымдасу орын
ала алса, онда, кездейсоқтыққа қиын болады- дейді автор. Себебі, қандай да
болмасын тарихи дамуларды, осы кездейсоқтыққа артуға болады. Бұндай
қауіптілік бар, алайда кездейсоқтылықта болуы мүмкін – дейді автор- одан
ешқайда қашып құтыла ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Ғылыми білімнің құрылымы
Детерминизм, индотерминизм, сциентизм, антисциентизм, синергетика, синкретизм терминдерінің анықтамалары
Детерминизм
Синергетикалық тәсіл негізінде студенттерді химиялық - педагогикалық даярлау моделін жасау
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның философиялық мәселелері
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Балалар әдебиеті тілінің когнитивтік негіздері
Құқықтық мемлекеттегі сот билігі
ДИНАМИКАЛЫҚ БЕЙБЕРЕКЕТТІК
Пәндер