Мал азықтарының қосымша көздері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК Университеті

Мырзалиева Д.Т.

ОҚО Манкент өндірістік кооператив шаруашылығындағы сауын сиырларды
жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс

050802- Зоотехния мамандығы бойынша

Шымкент, 2013 ж.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК Университеті

Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
________а.ш.ғ.к., доцент Теңлібаева А.С
“ _ ” ______ 2013ж.

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: ОҚО Манкент өндірістік кооператив шаруашылығындағы сауын
сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері

050802- Зоотехния мамандығы бойынша

Орындаған:
Мырзалиева Д.Т.

Тобы: АП-09-7к1

Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы
Абдуалиева Ә.Ә.

Шымкент, 2013 ж.

Мазмұны


Нормативтік сілтемелер
АнықтамаЛАР
белгілер ЖӘНЕ қысқартулар
Кіріспе
1 Әдебиетке шолу 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
1.1 Мал азықтарының қорының жағдайы, ауыл шаруашылық малдарын 11
азықтандыру деңгейі мен
үлгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2 Негізгі 19
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2.1 Тәжірибе шаруашылығының табиғи-климаттық 20
жағдайы ... ... ... ... ..
2.2 Зерттеудің зерзаты мен әдістемесі 21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
3 Зерттеу нәтижелері 30
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
3.1 Қолда бағылатын кезде берілетін азықтар мен табиғи жайлымдық 30
шөптердің құрамы мен
жұғымдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Мал азықтарын дайындау 31
технологиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
3.3 Пішен 32
дайындау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
3.4 Сүрлем 35
дайындау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
3.5 Пішендеме 39
дайындау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
3.6 Біртекті мал азығын 42
дайындау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
3.7 Шөп ұны мен туралған шөп 45
дайындау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
3.8 Мал азықтарының қосымша 47
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.9 Жүгеріні өңдеу а) химиялық тәсілдер; б) биологиялық 48
тәсілдер ...
3.10 Дәнді малға беруге 52
дайындау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
3.11 Мал азығын консервілеуде қолданылатын бактериялы ашытқылардың 54
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
3.12 Бактериялы ашытқылардың сүрлемдегі микробиологиялық процестерге 60
тигізетін
әсері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..
3.13 Жүгері балаусасын "Силобактерин" ашытқысымен сүрлеу ... ... ... .60
3.14 Жүгеріні "Лактокалдарин" ашытқысымен 61
сүрлеу ... ... ... ... ... ..
3.15 Сүрленетін азықтарға бактериялы ашытқыны қосу 63
тәсілдері ... ... ...
4 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ...64
5 ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... .. 65
6 ЭКОНОМИКАЛЫҚ 67
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
7 БИЗНЕС 74
ЖОСПАРЛАУ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..75
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Әдебиеттер 76
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...

АННОТАЦИЯ

Сауын сиырларды жүгері сүрлемімен азықтандырудың ерекшеліктері атты
дипломдық жұмыстың зерттеудегі ғылыми жаңалығы Оңтүстік Қазақстан облысының
Манкент өндірістік кооператив шаруашылығында табынды ұйымдастырудың ең
басты факторларының бірі - оның структурасы мен дұрыс ұдайы өсірілуі
анықталды. Зерттеу нәтижесінде әр түрлі бактериялы ашытқыларды көк балауса
өсімдіктерден алынған шөптер мен дәнді дақылдардың қалдықтарынан алынған
жүгеріға қосып дайындалған сүрлемдер мен пішендемелер жақсы сақталып,
құнарлылығын арттыру.
Негізгі бөлім тақырыптары: Тәжірибе шаруашылығының табиғи-климаттық
жағдайы. Зерттеудің зерзаты мен әдістемесі. Қолда бағылатын кезде берілетін
азықтар мен табиғи жайлымдық шөптердің құрамы мен жұғымдылығы. Мал
азықтарын дайындау технологиясы. Пішен дайындау. Сүрлем дайындау.Пішендеме
дайындау. Біртекті мал азығын дайындау. Шөп ұны мен туралған шөп дайындау.
Мал азықтарының қосымша көздері. Жүгеріды өңдеу а)химиялық тәсілдер; б)
биологиялық тәсілдер. Дәнді малға беруге дайындау.Мал азығын консервілеуде
қолданылатын бактериялы ашытқылардың түрлері. Бактериялы ашытқылардың
сүрлемдегі микробиологиялық процестерге тигізетін әсері. Жүгері балаусасын
"Силобактерин" ашытқысымен сүрлеу. Сүрленетін азықтарға бактериялы ашытқыны
қосу тәсілдері, жүгеріден даярланған сүрлемдерді сауын сиырлар рационына
пайдаланудың экономикалық тиімділігі көрсетілген.
Дипломдық жұмыс 72 бетке компьютер арқылы теріліп берілген, 17 кестемен
және 4 суретпен көркемделінген. Құрылымы бойынша кіріспе, әдебиетке шолу,
зерттеу нысаны мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері бөлімдері және
қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64 еңбекті құрайды.

АНықтамалар

Рацион – бір тәуілікте жейтін азықтардың жиынтығы, олардың қоректік
заттары бір күндік нормаға сәйкестендіріледі.
Азық қоректілігі - мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етіп, өнім
өндіруге қажетті қоректік зат жеткізу қасиетін айтамыз.
Мал азығын нормалау - мал организміндегі қоректік заттарға қажеттілікті
толықтыру.
Азықтың қорытылуы – ас қорыту органдарына енген азықтардың құрамындағы
қоректік заттардың (протеиндер мен майлар, көмірсулар) микроорганизмдер,
инфузориялар және асқазан сөлдерінің әрекеті арқылы амин, май қышқылдарына,
моносахаридке тез еритін тұздарға ыдырап тез сіңіп, қан, лимфа арқылы
организмге тарау процесін айтады.
Азықтық өлшем – азықтардың жалпы қоректілігін энергетикалық қуатын
өлшеу, яғни барлық қоректік заттардың малға қуаттылық байламы немесе
сіңімі.

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жұмыста келесі стандарттық нормаларға сілтемелер жасалынды:
1. Мемлекет аралық стандарт ГОСТ 7.32-2001.
2. МЕМСТ 7.32-2001 Стандарт жүйесінің мәліметі, кітапханалық және
баспалық ғылыми - зерттеу жұмыстың есебі, құрылымын және ережесін аудару.3.
Республиканың мал шаруашылығын өркендетудің жағдайы мен келешегі 2001-2005
жылдар, Астана, 2001.
4. Қазақстан Республикасының Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі
заңы, 2001 жыл.
5. МЕМ СТ 2, 104 – 68 ЕСКД Негізгі жазулар.
6. МЕМ СТ 2. 601 – 95 ЕСКД Пайдалану құжаттары.
7. МЕМ СТ 2. 6304 – 81 Сызба шрифтері.
8. МЖБМС 2. 321 – 84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.
9. МЕМ СТ. 2. 701 – 84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері
орынға қойылатын жалпы талаптар.
10. МЕМ СТ 2.104-68 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
11.СТ ОҚМУ 7.04-08.Университет стандарты.Сапа менеджменті жүйесі,
құжаттарын түзу, мазмұндау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
12.СТ ОҚМУ 7.11-2008. Университет стандарттары. Оқу әдістемелік
процестерді басқару.

белгілеулер мен қысқартулар

Дипломдық жұмыста келесі анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар
пайдаланылды:
ӨК – өндірістік кооператив
ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
ЦЛБ – целлюлоза ыдыратушы бактериялар
ПКБ – пропион қышқыл бактериялары
АМС – амиллиттік сүт қышқылы стрептококкасы
ҚЗ – құрғақ зат
ШП – шикі протеин
ШМ – шикі май
АЭЗ – азотсыз экстративті заттар
ҚП – қорытылған протеин
АЭ – алмасу энергиясы
ЖҚ – жиынтық қуат
кДж – килоджоуль
мДж – мегаджоуль
% – процент (пайыз)
см – сантиметр
кг – килограмм
г – грамм
ж.ж. – жылдар
га – гектар
а.ө. – азық өлшемі
мм – миллиметр
,, ± – үлкен, кіші, плюс-минус
мкм – микрометр
мгл – милиграмм литр
грл – грамм литр
гр% – граммның процентке қатынасы
ц – центнер
тн – тенге

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Мал азықтандыру жүйесі жөніндегі ғылыми және
тәжірибелік материалдардың басым бөлігі мал шаруашылығы, оның ішінде ірі
қара шаруашылығы саласына қызмет етуі тиіс.
Нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде меншік түрлері, еңбек ұйымдастыру,
өндірістік қатынастар, мал басын өсіру, күтіп-бағу, азықтандыру
жағдайларында түбегейлі өзгерістер болды. Әрине сүт және ет бағытындағы ірі
қара және қой шаруашылықтарында қарқынды, өнеркәсіптік негізде дамыту
технологиясында алдыңғы қатарлы ұстанымдардан ауытқушылықтар да байқалды.
Мал иелерінің басым көпшілігі зоотехникалық ілімді меңгермеген, малды
қажетті деңгейде күтіп-бағуға іс жүзінде дағдыланбаған, мал азығының
физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері жайлы айтпағанның өзінде,
тіпті олардың тұқымқуалаушылық қабілетіне сай өнім беру деңгейін ескере
отырып толыққұнды азықтандыру ісін ұйымдастыра алмайтын жандар болып отыр.
Мұның барлығы тауарлы мал, сондай-ақ асыл тұқымды ірі қара, қой, ешкі,
жылқы, шошқа, түйе, марал, қоян және нутри шаруашылықтарына да бірдей
дәрежеде қатысты болып, сүт өндіруді арттыру, олардың сапасын жақсарту
жөніндегі мәселелерді шешуді күрделендіріп жіберді.
Мал азықтандыру жөніндегі ғылымның қазіргі кезеңдегі даму деңгейі
олардың ас қорыту физиологиясы, зат алмасу, жасушалық деңгейде жүретін
биохимиялық процестер саласындағы жетістіктерге негізделген және мал азығын
тиімді пайдалануға, ірі қара денсаулығын жақсартуға, өнімділіктің жоғарғы
деңгейіне қол жеткізуге, мал басының өз төлі есебінен ұдайы және қалыпты
өсу қабілетін сақтауға бағытталған.
Қазіргі кезде мал азықтарындағы, құрама жемдердегі, жетіспейтін қажетті
элементтерін қосып дайындаған азықтардағы қоректік заттардың мал ағзасымен
өзара әрекеттестігін мейлінше нақтылы зерттеу негізінде оларды қуат,
протеин мен амин қышқыддары, көмірсутектер (талшық, қант, азотсыз шырынды
заттар), майлар, алмастырылмайтын майлы қышқылдар, макро-микроэлементтер,
витаминдер, гормондар, ферменттер, сол сияқты 18-30 көрсеткіш бойынша
мөлшерлеп азықтандыру және бақылау мүмкіндігі белгілі болды.
Дегенмен малдың шыққан тегі, өнімділігі, денсаулығы тұрғысынан алғанда
біртектес болмауы шаруашылық субъектілерінің оларды нақтыланған мөлшерде
азықтандыру негізінде ірі-ірі топтарға бөліп, мөлшерлеп азықтандыруға
мүмкіндік бермей отыр.
Әйтсе де сүт өнімдерін өндірудің тиімділігін арттырудың қозғаушы күштері
бұрынғысынша қалды. Бұл – ең алдымен, ірі қараның тұқымқуалаушылық
қасиетіне қарай азықтандырудың ғылыми негізделген жүйесі есебінен толық
жүзеге асыру қажеттігі. Сонымен бірге казіргі кезеңде де мал саласының
жағдайын жақсартуда азықтандыру ісі әлі де болса үлкен роль атқарады.
Өйткені сүт өнімдердің өзіндік құнындағы материалдық және қаржылық
шығындардың 60-75 пайызы жемшөптің үлесінде.
Қазақстанның мал өсіру саласындағы қазіргі жағдайды тұрақты деуге
болады.
Мал басының 10 жыл бойы жаппай азаюынан кейін, 2000 жылдан бастап сүт
бағытындағы ірі кара санының өсуінде де, олардың өнімділігінің артуында да
белгілі бір оң ілгерілеушілік бары байқалады. Алайда, олар түбегейлі тиімді
деп айта қоятындай, қандай да бір салмақты өзгерістер емес. Бұл жағдайдағы
басты тежеуші ықпал – мал азығы қорының аздығы мен мерзімдік азық үлесі
құрамында олардың түрлерінің жеткіліксіз болуы.
Сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығының одан әрі ұдайы және қарқынды
дамуы мал азығы қорының нығаюына, мамандандырылған мал азығы өндірісінің
қалпына келтірілуіне, ірі, шырынды және құнарлы мал азықтарының толыққұнды
жиынтығы болуына, сондай-ақ, оларды ұтымды пайдалануға байланысты болмақ.
Белгілі бір аймақтың табиғаты мен ауа райы жағдайларына бейімделген,
мейлінше мол өнімді азықтық дақылдарды таңдап алу, оларды қарқынды
агротехникалық тәсілдерді қолдана отырып өсіру, қоректік заттары бойына
мейлінше көп жиналған мерзімде және қысқа уақытта жинап алу, сүрлем,
пішендеме, пішен дайындау кезінде негізгі шикізаттың жұғымдылық қасиеттерін
барынша сақтап қалу мақсатында, сондай-ақ сүрлеу кезінде алдыңғы қатарлы
қарқынды әдістерді қолдану – мал азықтандырудың ұтымды жүйесін ұйымдастыру
мүмкіндігіне қол жеткізу жолындағы ауыл еңбеккерлерінің алдында тұрған
мәселелердің тізімі әзірге осындай.
Сауын сиырды жүгері сүрлемімен азықтандыру жөніндегі бұл жұмыс ауыл
тұрғындарына сүт бағытындағы ірі қара азықтандыру жүйесін ғылыми негізде
ұйымдастыруға көмектесетін құрал болады деген сенімдеміз.
Республика ауылшаруашылығындағы қолға алған экономикалық реформа
тығырыққа тірелген шағында нарық жүйесінің қалыптасып дамуы үшін экономика
саласындағы ең тиімді жолдарды таңдап алуды талап етеді. Әрине, бұл мал
шаруашылығын дамытудағы басты мәселенің біріне айналып отыр. Мал азығының
берік қорын жасауда оның құнарлылылығын арттырып, өнімділігін көбейтіп,
сапасын жақсарту үшін, азық дайындаудың алдыңғы әдістерінінң жетілдірілген
технологиясын мейлінше қолдану басты шарт болып есептеледі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты –
жүгеріні Лактокалдарин ашытқысымен сүрлеу. Жүгері - астық тұқымдасына
жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Алғаш Орталық және Оңтүстік Америкада
таралған. Мексикада біздің заманыздан бұрынғы 5200 жылы шамасында ертедегі
майя мен ацтектер өсірген. Дәнінің құрылысына қарай үлпекті, кремнийлі, тіс
тәрізді (сүйір дәнді), крахмалды, қантты, крахмалды-қантты, бадынақ
(жарылғыш), балауыз түстес, жұқа қабықты жүгері түрлеріне бөлінеді.
Қазақстанда 15 сорты аудандастырылған. Сабағы тік, биіктігі 0,5-6 м, кейде
бұдан да биік, жуандығы 2-7 см. Жапырағы жалпақ, таспа тәрізді, сабақтың
әрбір буынынан бір-бірден екі жағына жайыла өседі. Дара жынысты, бір үйлі,
айқас тозаңданады. Аталық гүл шоғыры (шашақ) сабағының ұшында, аналық гүл
шоғыры (собық) жапырақ қолтығында орналасқан. Жемісі - дәнек. Собығында 500-
1000 дән болады. Дәнінің құрамында 1,3 азық өлшемі, 65-70% крахмал, 7-12%
белок, 3-6% май бар. Жүгері сүрлемі - мал үшін құнарлы азық. Жүгері – жылу
және жарық сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді жаздық дақыл. Өсіп-өну кезеңі 100-
180 күн. Жүгері дәнінен жарма, ұн, крахмал даярланады, спирт, сыра, қант,
глюкоза, т.б. дайындау үшін пайдаланады. Негізгі зиянкестері: сымқұрт,
жалған сымқұрт, кеміруші жұлдызқұрт, т.б.; аурулары: бөртпе және тозаңды
қаракүйе, бактериоз, фузариоз.
Алға қойған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
- өсімдіктермен дәнді егіс қалдықтарының барлық түрлерін сүрлемдеу
үшін, бірқатар биопрепараттармен анықтау;
- жүгері сүрлемінің құрамын анықтау;
- бактериялары белокқа бай бұршақ тектес өсімдіктерден сүрлем және
пішендеме дайындау;
- мал организмінде қуат көзі ретінде пайдаланылатын азық қоспасының
ерекшеліктерін анықтау;
- сауын сиырды жүгері сүрлемімен азықтандыру ерекшеліктерін зерттеу;
- бактериялы ашытқылардың сүрлемдегі микробиологиялық процестерге
тигізетін экономикалық тиімділігін анықтау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Оңтүстік Қазақстан облысының
Манкент өндірістік кооператив шаруашылығында табынды ұйымдастырудың ең
басты факторларының бірі - оның структурасы мен дұрыс ұдайы өсірілуі
анықталды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Мал азықтандыру - зоотехния
ғылымының төлдердің дұрыс өсіп-жетілуін, сақа мал мен құстан тұқым қуалау
қасиетіне сай келетіндей мол да сапалы өнім алынуын, мал азығындық заттарды
тиімді пайдалану жолымен мал денсаулығын сақтау мен олардың өз төлдері,
өнімдері есебінен қалыпты және ұдайы өсіп отыруын қамтамасыз ету мақсатында
ұтымды азықтандырудың негіздерін, әдістерін, технологиялық тәсілдерін
зерттейтін саласы. Яғни мал азықтандыру жүйесі жөніндегі ғылыми және
тәжірибелік материалдардың басым бөлігі, оның ішінде ірі кара шаруашылығы
саласына қызмет етуі тиіс. Малды дұрыс азықтандыру мақсатынды сүт
өнімділігін арттыру жұмыстарын жүргізу қажет.

1 Әдебиетке шолу

1.1 Мал азықтарының қорының жағдайы, ауыл шаруашылық малдарын
азықтандыру деңгейі мен үлгілері

Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ежелгі салаларының бірі. Оның даму
тарихының тамыры көшпелі кезеңнен бастау алады және ол жиырмасыншы ғасырдың
басына дейін халық тіршілігінің бірден – бір көзі болып келеді.
Өткен жылдар ішінде жағдай түбегейлі өзгерді. Мал шаруашылығы саласын
шоғырландыруда, мамандандыруда және қарқынды дамытуда кеңшарлар мен
ұжымдардың ұйымдастырылуы дұрыс атқарылды. Бұл үрдіс жиырмасыншы ғасырдың
50-жылдарының орта шенінен бастап, тың және тыңайған жерлерді көтергеннен
кейін, егістік алқаптар ауыл шаруашылығы жерлерінің 15%-ын құраған кезеңде
шапшаң қарқынмен жүрді. Астық өндірісінің өсуімен қатар, сол кезеңдерде
ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 52%-ға дейінгі деңгейге жеткен
қоғамдық мал шаруашылығының негізі болып табылатын егістік мал азығы
өндірісі де қарқынды дамыды.
Қазақстанның 272,5 млн. гектарды құрайтын жалпы жер көлемінің 222,5 млн.
гектарын ауыл шаруашылығы алқаптары алып жатыр. Оның 187,5 млн. гектары
маусымдық өріс пен жайылымға пайдаланылады. Көктемгі-күзгі жайылым көлемі
63 млн. гектарды құрайды, ал жазғы жайылым 44 млн. гектар шамасында. Н.Ә.
Жазылбеков, А.Ә. Төреханов, М.А. Кенеев еңбектерінде мәлімделген [1].
Өнімділігі төмен жайылымдарда, 8-10% ет және сүт бағытындағы ірі қара,
жайылады А.Г.Богданов еңбектерінде [2].
Омарқожаев Н, Әкімбеков Б, Махмұтов С. зерттеушілерінің пайымдауынша
ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымда азықтандыру және күтіп-бағу
болашақта еліміздің өркендеп келе жатқан экономикасындағы сыртқа
шығарылатын тауарлардың ішіндегі маңызды саласы бола алатын ең арзан,
экологиялық тұрғыдан таза және биологиялық жоғары бағалы сиыр, бұзау, қой,
жылқы, түйе еттерін, сүт, қымыз және шұбат алуды қамтамасыз етілуін
білдіреді. Осыдан біраз жылдар бұрын (1990ж.), Қазақстан қой саны бойынша
Ресейден кейінгі екінші орында, ірі қара саны бойынша Ресей мен Украинадан
кейінгі үшінші орында [3].
А.Ә. Төрехановтың хабарламасы бойынша (2005 ж.) республикадағы табиғи
жайылымдардың 26,6 млн.га тақырланған және 4,5 млн.га улы, мал жемейтін
өсімдіктер болып кеткен. Соңғы 7-10 жылда жайылымдық жерлердің өнімділігі
гектарына далалық жерлерде 4,5-5,5; шөлейттерде 3,0-3,5 және шөлейт
жерлерде 1,6-2,5 ц құрғақ шөптен ғана келеді [4].
А.Г. Денисованың (1985) деректеріне сүйенсек, протеиннің деңгейі төмен
(1 азық өлшеміне 80 грамнан аз) болса, ол сиырлардың сүт өнімділігін
төмендетеді. Шикі протеин мерзімдік азық үлесіндегі органикалық заттың 14-
24% көп мөлшерленеді [5].
Е.А. Новиковтың мағлұматтарына қарағанда сауын сиырлардың 300 күн
ішіндегі орташа тәуліктік сауылатын сүт мөлшерін қабылдасақ, сауым маусымын
450 күнге ұзартқанда сауылатын тәуліктік орташа сүт мөлшері тек 85% болады,
сауын уақытын өте ұзартқан жағдайда сүтті 15% кем аламыз [6].
Анықтамалық бойынша, альвеолалық және цистералдық сүттің арақатынасы
сауым маусымының бірінші жартысы шамамен бірдей, ал екінші жартысында
альвеолалық үлесі шамасы едәуір артады. Альвеолалық үлестегі сүт майының
мөлшері цистералдық үлестегі сүт майының мөлшерінен 8-9 есе артық болады
[7].
И.Ю. Беляевский деректері бойынша ірі қара малын азықтандырудың
нақтыланған мөлшерін жасауға арналған зерттеу жұмыстарының көпшілігі
олардың мерзімдік азық үлестерінің 25-30-дан кем емес мөлшерлеу көрсеткіші,
ал қарапайым қарынды мал мен құсты мерзімдік азық үлестерінің 70-80
көрсеткіші бойынша бақылануы тиіс екендігін көрсетіп берді [8].
Ә Байжұманов азықтық, белок құрылымына жасалған талдау, мал азығы
қорларының 90-95%-ы өсімдік азықтар екенін, олардың 50-60%-ы қолдан егілген
азықтық астықтар мен дақылдар үлесіне, ал 40-50%-ы табиғи шабындықтар мен
жайылымдар үлесіне тиетінін көрсетті [9].
Б.К.Бердібекова мәліметі бойынша мал шаруашылығын өркендетудің басты
негізі – жынысы мен жасы әртүрлі мал топтарын теңестірілген толыққұнды
азықпен қоректендіруді қамтамасыз ететін тұрақты азық қорын жасау [10].
Р.Ескендирова пайымдауынша шаруашылықта қара мал табынын құру тарихы
1959 жылы бұрынғы Победа колхозына Түлкібас ауданынан алғаш әртүрлі
классты 200 бас қашарлары әкелінуінен басталады [11].
Егеубаев, Н.О., Омарқожаев, А.Ә (1998) мүйізді ірі қара малмен жүргізген
арнайы респитаторлық тәжірибелерінде қоректену деңгейі өскен сайын
көміртегі мен энергияның метанмен, ал көміртегінің зәр және тыныстанумен
шығарылатын үлесі азайып, желінген көміртегінің игерілуі жоғарлайтыны
көрсетілген [12].
Богданов Г.А. (1990) сиырлардың тірілей салмағы жоғары, сүтінің
майлылығы айтарлықтай жақсы, сүті мол болуы, жануарлардың сүт өнімділігі
олардың физиологиялық жағдайына, азықтандыруы мен жануарларды пайдалану
қарқынына байланысты [13].
Жазылбеков Н.А., Мырзахметов А.Н. (2005) Республика ғалымдары ауыл
мамандарымен ынтымақтаса отырып, 70 жыл ішінде сүт және ет бағытындағы ірі
қараның, қой мен ешкінің, жылқы мен шошқаның 15 отындық жаңа тұқымын
шығарды. Әр түрлі табиғи – экономикалық аймақтарда түрлі бағыттарда өнім
беретін ірі қараның сүт, ет-сүт бағытында өнім беретін шетелдік тұқымдары
өсірілді [14].
М.А.Кинеев және басқа да ғалымдардың (2006) мәліметтері бойынша,
Қазақстанның солтүстістігі жағдайында сауын сиырларын сүт беру өнімділігі
маусымдық сипат алады да, мұның өзі көп жағдайда оларды витаминдермен
қамтамасыз етумен байланысты болады. Қыста азықта каротиннің және
организмде А витаминінің жетіспеуі салдарынан организмде меловитаминдердің,
каротин А және С витаминдері алмасуы бұзылып, малдың сүт беру функциясы
кемиді [15].
А.И. Ашанин, А.Ә. Жазылбеков, А.А.Төреханов (2008) еңбектерінде
Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы сүт және ет бағытындағы ірі қара
шыруашылықтарының 2001-2005 жылдар аралығында жұмсаған мал азығына жасалған
талдау бір бас ірі қараға, орта есеппен алғанда, құрамында 11,5-14,6 кг
қорытылатын протеин бар, жалпы жұғымдылығы 17,0-22,4 ц азық өлшемі болатын
21-22,7 ц ірі азық, 3,0-3,5 ц сүрлем және 2,2-3,0 ц құнарлы азық берілгенін
анықтайды [16].
Анықтамалықта сауын сиырларына жүргізілген зерттеулерде, рациондағы
құрғақ заттардың ішіне күкіртті 0,12-0,18% деңгейінде жануардың қоректік
мұқтаждығы ретінде пайдалануға болатыны ескертілген [17].
Дюсембин Х.Д. Базанова Н.У. (1973) мәліметтеріне сүйенсек, сауын
сиырларына 20кг гүлтәжі көк балаусасын бергенде әдеттегі өсімдіктердің
осынша мөлшердегі көк балаусасын бергендегімен салыстырғанда, күнделікті
сүт мөлшері 1,8кг немесе 12%, майы 0,21%, және белогы 14% артқан [18].
Әубәкіров Қ., Атақұлов Т., Ахмет А., Нұрғалиев Қ. өз зерттеулерінде,
сүт өндіру барысында, сүт құрамындағы А витаминнің белсенділігін арттыру
үшін, қыс мезгілінде өнімділігі төмен сиырларға тәулігіне 600-1000 мг, ал
өнімділігі жоғарыларға 900-1500 мг каротин беру қажеттігін көрсетеді [19].
Күйісті малдың азықтық мұқтаждығын алмасу энергиясымен бағалауды ұсынған
ағылшын ғалымы Әубәкіров Қ. топшылауынша, мал азығының игерілу тиімділігі
малдың тірілей салмағына, өнімділігі мен рацион құрғақ затында алмасу
энергиясының шоғырлануына тәуелді өзгереді [20].
А.Ә.Егеубаев, Н.О. Омарқожаев, М.А.Байтурин, Қ.Құсайнов, А.Ахметов
(1998) анықтамалығында сүтті сиыр шаруашылықта қалыптасқан 11-12 айлық
өндірістік айналымға сәйкес азықтандырылады делінген. Өндірістік айналым
сиырдың бұзаулаған, яғни сауымы басталған аралығын қамтыды. Айналым боиында
сиыр азықтандырылуы физиологиялық ахуалына қарай өзгертіліп отырады (сауым
басы, ортасы, аяғы, буаздық басы, соңына сәикес). Айналым барысында сиырдың
физиологиялық ахуалы бір-бірімен қабаттасып отырады. Мысалы, сиыр сауымы
аяқталмаи буаздығы басталатыны белгілі. Осыны ескере отырып, сүтті сиырды
жеткілікті де үнемді (1кг сүтке 1,2-1,3 азық өлшемі, 100-400 г жем
жұмсалатындай етіп) азықтандыру қажет [21].
А.П.Дмитриченко мен П.Д.Пшеничныйдың (1975) еңбектеріне зер салсақ сауын
сиырларына сондай-ақ йод, темір, кобальт, мыс, кей кездері күкірт пен калий
жетіспеушілігі байқалады. Сауын сиырларында натрийға деген мұқтаждықты ас
тұзын беру арқылы қамтамасыз етуге болады. Әдетте, сиырларға азық өлшемінде
5грамм ас тұзын, немесе 1 г құрғақ затқа 5-8 грамм ас тұзын беру
жеткілікті. Сауын сиырларында ас тұзына деген қажеттілік, шамамен көк
азықтармен және сүрлеммен азықтандыру барысында 2 мәрте байқалады [22].
Өрістегі сауын сиырдың жайылым шөбіне мол отығуына таза ауада серуендеп,
шөпті еркінше таңдап жеуі әсер етуі мүмкін. Егеубаев, А.Ә (1998)
тұжырымдауынша, жайлымдағы азық қоректілігінің сіңімділігі мынадай болады
екен: азық рационының құрғақ заты- 66 –76%, белок- 65 –75%, май- 35–50%,
клечатка- 70–75, АЭЗ- 70–80% [23].
Г.Ж Әбдрахманов, И.Т. Жақыпов сауын сиырларына жасаған тәжірибелерінде
оларды қоректендіруді көбейту және азайтуды алмастыру жемшөпті қолдануға
тәжірибе жасалынып отырған жануарлардың жағдайына және осыдан кейінгі
олардың өнімділігіне жағымды әсер етті [24].
И.С.Попов (1957) жас малдың тез өсіп жетілуне, олардың келешектегі
өнімділігінің артуына, жақсы пайдалы қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа беру
қасиетттерін толық сақтап қалуына тек қана азықтандыру деңгейі ғана оң
ықпал ететінін көрсетті [25].
Н.Б.Мұқанов, Б.А.Мыханов (2007) сынды беделді ғылыми қызметкерлердің
еңбектерін салаласақ, еліміздегі өсірілетін ірі қараның басым бөлігін
өнімділігі төмен жергілікті сиырлар, олардың зауыттық тұқымдармен арадағы
әртүрлі сатыдағы ұрпақтарды құрайды. Қазіргі уақытта саланың барлық
мүмкіндіктері толық пайдаланылмай, сауын сиырлардың өнімділіктері тұрақты
бір деңгейге қалып келеді. Бұл жағдай сүт өнімдеріне деген сұранысты
қанағаттандыру мүмкіндігін шектеп отыр. Кез келген мал тұқымының
ерекшеліктері барлық өнімдік қасиеттері оның өсіп жетілуі барысында дұрыс,
қалыпты азықтандырылуынада негізделеді. Сол сияқты, сауын сиырлардың да сүт
өнімділігі оларды тірілей салмағымен қоса, нормалап азықтандыруына
байланысты [26].
Әйгілі ғалым Богданов Г.А. (1990) азықпен азықтандыру мал организміне
оның тұқымымен шығу тегіне әлде қайда күштірек әсер ететінін атап өтті. Жас
малдың тез өсіп жетілуіне азықтандыру деңгейі тікелей шешуші роль атқарады
[27].
Б.Қ.Қожалиевтың (1989) еңбектеріне сүйенсек, сауын сиырлардың рационында
минералды заттардың жеткілікті мөлшерде болуы, олардан мол өнім алу кепілі.
Малдан көп өнім алынса, оның денесінен минералды заттарды сыртқа соншалықты
көп шығарады. Мәселен сиырдың сүттілігін төмендетпеу үшін, оның орнын
минералды азықтармен күнделікті толықтырып отыру қажет. Демек, сиырдың
әрбір литр сүттілігімен бірге 1г Са, сол мөлшерді Р бөлініп шығады. Жылына
8 мың кг сүт шығатын сиыр, сүтпен бірге 65кг минералды заттар шығарады екен
[28].
Шумилина И.С (1986) еңбектерінде қоректік заттарға деген мұқтаждық:
тіршілік ету, сүт өндіру, қосымша салмақ қосу үшін қажет қоректік заттар
мөлшері, азықтандыру нормасы, фермерлік шаруашылықтарда рациондар,бұған
қажет азықтар,мал азықтандыру тәсілдері, сиыр-құнажындарды сау кезеңінде,
суатарда, сауылғаннан кейін нормалап азықтандыру, сауын сиырларды жаз
айларында азықтандыру, көп жылдық мәдени және табиғи жайылымдарды пайдалана
отырып, рациондар құру, теңестіру ерекшеліктерін алға тарту керек және
сүтті сиырларда азқтандыру, азық және сүт сапасына мән беру үшін сүт
фермасының теңгерімі есептелу шарт [29].
Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы сөздігі бойынша, мал азығы, жемшөп - мал
азығына, яғни жемшөп қорына, мал жайылуына пайдаланылатын табиғи және екпе
жайылымдар мен мал азықтандыруға жұмсалатын, яғни жемшөп қорын
толықтыратын, табиғи және екпе шөп шабыстар, сонымен қоса мал азығын
дайындауға пайдаланылатын азықтық дақылдар мен олардан дайыңдалатын азықтар
мен түрлі азықтық қалдықтар мен қосыңдылар жатады. Жайылым оты (шөбі)
оларға малды жайғаңда немесе орып, алдарына салынып көк азық түріңде
пайдаланылса, шөпшабыс көгі шабылып, пішенге кептіріліп, жиналып, сақталып,
қысқы ірі, яғни қатайып іріленген азық ретінде пайдаланылады. Ірі мал
азығына орылып, дәні алынған жүгері, топан да жатады. Көк жүгері,
күнбағыстың шырынын, яғни сөлін сақтау үшін оларды сүрлемге, ал қиын
сүрлемделетін бұршақ тұқымдастар (жоңышқа, беде, т.б.) көгін пішеңдемеге
салады. Осылай дайындалған шырынды азыққа азықтық тамыр-түйнек жемістілер
(қызылша, сәбіз, картоп) мен бақшалық дақылдар (асқабақ, әңгелек) жатады
[30].
Сауын сиырлардың азықтағы азотты пайдалану дәрежесі әр қилы және оның
сүттілігіне де байланысты екені белгілі. Баканов В.Н., Менкин В.К. (1989)
мәліметтеріне қарағанда оты жақсы өрісте жайылған сауын сиырлары сол
жерден, орташа есеппен 40-50%-ға дейін қорытылатын протеин қабылдай алады
екен [31].
Біздің елімізде Егеубаев А.А. және басқалар (1993) көрсетуі бойынша
Оңтүстік облстардың жайылым шөптерінде молибденнің мөлшері 1кг азықта 5-
10мг-ға жетеді екен. Азықта молибденнің көп болуына ірі қара өте сезімтал
келеді. Мұндайда малдың бауырындағы мыстың қоры азаяды. Молибденнің
көптігінен, азықта мыс жеткілікті болса да, ол бойға сіңбей ас қорыту
жолдарымен сыртқа шығарылып тасталады [32].
Қожалы Б., Байтореев К. балғын көк шөпті консервілеудің технологиясын
жетілдіру ондағы қоректік заттардың толық сақталуын және республика
жағдайында экологиялық жағынан таза мал азығын дайындауда бактериялы
ашытқылар (АМС, ПМБ,ПКБ) және олардың қоспасы "Силамп" (АМС+ПМБ),
"Амилопентозин (АМС+ПМБ), "Казахсил" (АМС+ПКБ+ПМБ) деп аталатын
препараттардың алғашқы тобы және "Силоплант-34", ЦЛБ-"Калдарин",
"Силобактерин" (Силоплант+ПКБ), "Лактокалдарин" (АМС+ЦЛБ) деп аталатын
препараттардың екінші тобы кеңінен қолдануда [33].
Ғылыми-шаруашылық тәжрибелердің нәтижелері, ауыл шаруашылық ғылымдарының
докторы Б.Қ.Қожалының мәліметтері бойынша бұрынғы КССРО кезіндегі
өндірістік шаруашылық жағдайына енгізіліп, тексеруден өткізілген еді.
Мысалға айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты "Қазығұрт,
"Сейфуллин", "Абай" атындағы және "Болшевик" Төлеби ауданының
шаруашылықтарында көк балауса, жүгері дәнінің қалдығына "Силобактерин",
"Лактокалдарин" және беде пішендемесіне "Силоплант-34", Түлкібас ауданына
қарасты Мичурин және Киров атындағы, "Алғабас" және "Түлкібас"
шаруашылықтарында беде шөбінен сүрлем және пішендемеге "Силоплант-34"
ашытқысын, Алматы облысына қарасты "Көктал" және "Ақдала" шаруашылықтарында
"Лактокалдарин" ашытқысын пайдаланып қамыстан сүрлем дайындалды. Сол
сияқты, Қазақстан республикасы Жамбыл облысының шаруашылықтарында, Қырғыз
Республикасы Ыссықкөл, Соқкөл, Прежевальский атты аудандардың
шаруашылықтарында бұл тәсіл енгізіліп, өндірістік тексеруден өткізілді [34,
35].
Лебедев М.М. және басқа ғалымдардың пайымдауынша, бактериялы ашытқылар
пайдаланып қамыстан сүрлем дайындалды, сол сияқты, Прежевальский атты
аудандардың шаруашылықтарында бұл тәсіл енгізіліп, өндірістік тексеруден
өткізілді [36].
Қ.Н.Бегімбеков., А.Ә.Төреханов., Ә.Б.Байжұманов (2006) мәліметтері
бойынша, сауын маусымы ішіндегі сауым мөлшеріне бірқатар физиологиялық
факторлар әсер етеді, олар сүт өнімділігінің сауын маусымы басында күрт
төмендеу болады. Әдетте сүттің тәуліктік ең жоғары мөлшерін сауын
маусымының бірінші айының соңында және екінші айында анықтайды [37].
Н.Омарқожаұлының (2005) мәліметтеріне сүйенсек, сауын сиыр рационын
сиырдың сүтейтуіне оң ықпал ететін шырынды азықтарға негіздей отырып,
құрастырады. Олардың үлесі рацион жалпы қоректілігінің 45-55% жеткізіледі.
Шырынды азық ретінде жазда көкшөп, қыста сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер
жұмсалады. Рационға енгізілген құнарлы жем мөлшері сиыр өнімділігімен
шектеледі [38, 39].
Д.Қ.Найманов пен Н.Ә.Жазылбековтың (2006) дәйектемелерінде, бұзаулаған
соң сиыр суды көп қажетсінбейтіндігі айқындалған. Бұзаулағаннан 30-40
минуттан кейін сиырды сумен суарады. Майда, жұмсақ сапалы пішен беріледі.
Сиырды толық азық нормасына, күн сайын азықты біртіндеп отырып, 8-10 күнде
жеткізеді [40].
Н.Б.Мұханов мен Б.А.Мыхановтың (2007) мақалаларында сипаттағандай, сиыр
сүтінің желінінде болатын қанның құрамдас бөліктерінен түзілетіні белгілі.
Сондықтан, сүттің құрамы мен мөлшері олардың қандағы ара қатынасына
байланысты. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сауын сиырларының қан
құрамындағы жалпы белок мөлшері жаз мезгілінде, қыс айларына қарағанда мол
болады [41].
Т.С.Садықұлов пен Т.К.Бексейітовтың (2011) деректеріне сүйенсек,
қоректендіру деңгейі жануарлардың дамуына әсер ететін ең маңызды
факторлардың бірі екендігі анықталған. Мұның өзінде қоректендірудің жалпы
деңгейін оның толық құндылығын, рацион құрылымын, онтогенездің жекелеген
кезеңдері бойынша құнарлы заттарды бөліп таратуды білу қажет [42].
К.М.Солнцев еңбектері бойынша, егер сүрлем салу өте баяу жүргізілсе және
шөптің нығыздалған кабаты күніне 20 см-ден аспаса, онда салынған шөп жоғары
температураға дейін қызып үлгіреді. Сүрлемге салынып жатқан шөптің қызуы
60ӘС жеткенде, коректік заттар шығыны 30%-ға, белок шығыны 31,9%-ға дейін
артады, ал қоректік заттардың сіңімділігі күрт төмендейді [43].
Д.А.Дәрібаев., Ж.С.Әткешов мәліметтері бойынша жүгерінан азықты өңдеу
жылы жайда жүргізіледі. Туралған шөпті әк суымен дымқылдап өңдейді. Бұл
шөпті әк суына батыру немесе себу (шашу) жолымен жүргізіледі. Әк суын 3 кг
құрғақ немесе 9 кг қоймалжың әкті 250 л суға ерітіп жасайды. Себу үшін осы
мөлшердегі әкті 80-100 л суға ғана ерітеді [44].
Е.Демеуғалиев (2000) деректеріне сүйенсек, жүгеріның корытылу деңгейі
мен қуаттық жұғымдылығын сұйытылған аммиак және аммиак суының көмегімен де
арттыруға болады [45].
М.А.Смурыгин (1977) деректері бойынша оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-
батыстың 1 кг жоңышқа пішенінде шикі протеин 129,8 г, қорытылатын - 83 г,
жоңышқа пішендемесінде шикі протеин 73 г [46, 47].
А.М.Венедиктов (1983) пайымдауынша, Қазақстанның орталық, солтүстік,
батыс, солтүстік-шығыс аймақтарындағы 1 кг ірі азықта қуаттың ең көп
шоғырлануы еркекшөп пішенінде: жиынтық қуат (ЖҚ) - 11,59 МДж, қорытылатын
қуат (ҚҚ) - 12,95; алмасатын қуат (АҚ) – 8,31 МДж; эспарцет пішенінде,
тиісінше: 16,94; 8,79 және 6,97 МДж болатыны байқалған [48, 49].
Н.В.Баканов., К.В.Менькин (1989) деректері бойынша сиырлардың қажетін
қамтамасыз ету үшін, сүт өнімділігі мейлінше жоғары болатын алғашқы сүтену
кезеңінде олардың мерзімдік азық үлесі құрамына малазығындық дәнді
дақылдардан дайындалған пішендемені жалпы жұғымдылығының 55 пайыздан
аспайтындай, ал сүттенуінің ең соңғы кезеңдерінде 70%-ы мөлшерде қосуға
болады [50].
П. А. Калашникова (1986) деректері бойынша жоғары сапалы сүрлем алудың
технологиялық тұрғыдан маңызды тәсілі - азықты ұқыпты түрде қымтап жабу.
Сүрленіп жатқан шөпке ауаның баруы толық тоқтатылса, қоректік заттар шығыны
мүлдем азаяды. Сүрлемдік шөптерді сақтау орнына салып болған бойда, дереу
жабу керек. Жабуды 2-3 күнге кейінге калдырса, сүрлемге салынған шөптердің
шіруі, көгеруі, сондай-ақ қызып кетуі салдарынан азық шығыны 7-10%-ға
артады [51].
Бегучев А.П. (1969) деректері бойынша рациондар сауын сиырлардың
өнімділігін арттыруға бағытталған нормалық көрсеткіштерге барлық қоректік,
минералды және витаминді заттар бойынша сәйкестендіріледі. Сонда ғана
сауынның алғашқы кезеңіндегі 4-7 айда жоғалатын сиыр салмағын толықтырып,
жоғары сүт өнімділігін қамтамасыз етуге болады [52].
Төреханов А.Ә. (2004) еңбектерінде көрсетілгендей, сүтті сиыр барлық
аймақта ұсталғанымен бір жоспар бойынша жұмыс істеуге болмайды, өйткені әр
аймақтың ауа райы, топырағы, өсетін өсімдіктерінің құрамы әртүрлі.Сауын
сиырларды жайылымда ұстағанда олардың өнімділігі 14,4% артып, 1кг сүтке
жұмсалған шығын қолда ұстағанға қарағанда 8,7%-ға азаяды. Сауын сиырлардың
жайылымда майының мөлшерінің 8-9 есе артық болды [53].
Көптеген зерттеу жұмыстары арқылы жоғары температураның ірі қара малының
сүт өнімділігіне сауу бойынша да, сондай-ақ сүттің майлылығы бойынша да
өнімділігін төмендететіндігі анықталған. Ж.Төлеуіш ғылыми еңбегінде сүт
өнімділігінің төмендеуі жоғары температура кезінде негізі, асқа деген
тәбеттің төмендігі деп көрсетілген [54].
Можаев Н.И және тағыда басқа ғалымдардың (2011) зерттеулері бойынша,
көлемді, ірі азықтарды сауын сиырларына жекелеп бергеннен гөрі,
араластырып, толық рационды құрама азық түрінде пайдалану жақсы нәтиже
береді.Толық рационды құрама азық жақсы желініп, құрамындағы қоректік
заттары жақсы қорытылады. Оны дайындау үшін әр азықтың ерекшелігін,
химиялық құрамын ескеріп, арнайы рецепт жасау қажет. Толық рационды құрама
азық жемшөп қорын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, малдың жеуіне де
өте қолайлы, сонымен қатар малдың (соның ішінде, сауын сиырларының)
организміне сіңімді келеді, мол өнім беруге ықпал етеді [55].
А.Росляков., М.Байтурин., М.Кенеев (1980) жинақтарында республиканың
Солтүстік – Шығыс өңіріндегі шаруашылықтар үшін сауын сиырларларға рацион
құрылымдарын ұсына отырып, шырынды және құнарлы азықтармен қатар, сауын
сиырдың рационына азықтардың да кіретіндігі ескертілген. Табиғи
шабындықтармен екпе шөп пішендерімен қатар ірі азық ретінде жаздық дақыл
жүгері беруге болады [56].
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері,
(2010) бойынша бүгінгі таңда, республикада ауыспалы егіс жүйесінде жем-шөп
дақылдарының көлемі ғылыми негізделген 32 пайыздың орнына 11,8 пайыз ғана
құрайды. Сондықтан, суармалы жерлерде егілетін жем-шөп дақылдарының көлемін
2-2,5 есеге көтеріп 200 мың гектардан 500 мың гектарға дейін ұлғайту керек.
Ол тұқым шаруашылығын дамытуды, оның көлемін де 2-3 есеге көбейтуді керек
етеді. Бүгінде республикада өнідірілетін 70 мың тонна мал азығы
дақылдарының ұрығы өндіріледі. Республика көлемінде мал азығы дақылдарын
тұқымымен толық қамтамасыз ету үшін оның көлемін 200-250 мың тоннаға
жеткізу керек. Сол үшін, қосымша тұқым шаруашылықтарын ашып, оларды
қолдауға субсидия беру мәселесін шешу керек [57].
Н.А Жазылбековтың (2006) мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі экономикалық
жағдайда сүт өнімін арттыру сауын сиырлардың сүттілігін көбейтуге тікелей
байланысты. Сүт өнімінің артуына оларды толық түрде азықтандыру, олардың
денсаулығына, көбею қабілетіне және сүттің технологиялық сапасына әсер
етеді. Сауын сиырларға берілетін азықтардың сапасы, оған кеткен шығынына
байланысты, алынған өнімнің соңғы нәтижесін анықтайды [58].
Солтүстік МШжВҒЗИ-нің мәліметтері бойынша, тұмса қашарлардың мерзімдік
азық үлесіне сүттеніп-балауызданып піскен кезеңінде жинап алынған аралас
егілген сұлы-бұршақ шөп қоспаларынан түйіршіктеліп жасалған құнарлы көк
азық енгізу олардың сүт өнімділігін 8,1% арттыруға мүмкіндік берген [59].
С.Ж.Арынғазиев., Д.Қ.Ахметжанов (2006) ауыл шаруашылығы ғылымдарының
саласына белсене үлес қосқан ғалымдардың бірлесіп жазған анықтамалық
құралындағы деректер көзі ретінде, сауын сиырлардың жақсы және қолайлы
теңестірілген мерзімдік азық үлестерінде, әдетте күкірттің жеткіліксіз
екендігін байқауға болатындығын, және оның үлесі құрамындағы құрғақ заттың
0,14-0,18% көлемінде мөлшерленуі тиіс екендігін ерекшелеген жөн [60].
Сауылым сүттің жас ерекшелік өзгерісі мал тұқымының ерекшелігіне, оның
азықтануына, күтіп-бағылуына байланысты. Мысалы, Шумилина И.С.
көрсеткендері бойынша, қара ала тұқымына жататын сиырларды жеткіліксіз
азықтандырса, жоғары сауылым 7% сүт түзілуіне сәйкес келеді. Бірінші
төлдеген құнажыннан шыққан сауылым сүт 60-65% көлемін құрайды [61].
C.Т.Төлегеновтың (1995) деректері бойынша қазіргі нормалар бойынша,
сауын сиырлары өз денесінің тіршілігін қамтамасыз етуі үшін, шамалап
алғанда, 100 кг тірілей салмағына бір азық өлшемін, ал өндірілетін әрбір кг
сүтіне 0,5 4,8 азық өлшемін қажет етеді. Демек, 500 килограмдық сиырдан
тәулігіне 12,14,16,18,20,25,30 кг сүт сауылса, оның өз тіршілігін
қамтамасыз ететін 5 азық өлшеміне 500:100, жоғарыдағы сүт өнімдеріне
сәйкес 6,7,8,9,10,12,5,15 азық өлшемі қосылады да, сиырдың қоректік
заттарға тәуліктік мұқтаждығы, сүттілігіне сәйкес, 5+6=11; 5+7=12; 5+8=13;
5+9=14; 5+10=15; 5+12,5=17,5; 5+15=20 азық өлшеміне тең келеді, ал
азықтың әр түрлеріндегі сіңімді протеиннің, қанттың, крахмалдың, майдың, ас
тұзының тағы да басқа микроэлементтер мен витаминдердің көрсеткіштері
бойынша, осы малға қажетті барлық қоректік заттардың мөлшері оңай
есептелініп шығарылады тәуліктік нормасы [62].
Р.Ескендированың (2011) мақаласындағы тың деректерге сүйенсек,
азықтандыру технологиясы, мол сауын мен сиырлардың денсаулығын қамтамасыз
ететін басты фактор болып табылады. Сауын сиырлары үшін арнайы жасалған
рациондар концентранттардың жоғары үлесімен ерекшеленеді. Рациондағы
құрылымдық азық малдың күйсеуін арттырып, нәтижесінде асқорыту жүйесінің
бұзылуының алдын алады. Жақсылап араластырылған азық сиырлардың тек өзіне
ұнаған ингредиентті таңдап алуына жол бермейді. Бұл үшін кешендерде
вертикальды азық араластырғыштар орналастырылған, ол – тамаша азық
қоспаларын дайындап, оның сиырларға таратылуын жеңілдетеді [63].
Н.Омарқожаұлы (2005) деректері бойынша шикізаттың өте ұсақталып туралуы
коспаны мейлінше нығыздап салуға және ондағы ауаны тез шығаруға
көмектеседі. Ұсақтап туралған қоспа тиеуге, түсіруге және малға үлестіруге
ыңғайлы. Егер жеткіліксіз дәрежеде ұсақталған болса, онда қоспаны нығыздау
қиындайды, қажетсіз микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай туады және
сүрлемнің қышқылдану процесі баяулайды [64].

2 негізгі бөлім

2.1 Тәжірибе шаруашылығының табиғи-климаттық жағдайы

Өндірістік кооператив Манкент Оңтүстік Қазақстан обылыстық орталығы
Шымкент қаласынан 45-50 км теріскей шығыс жағында Ташкент – Алматы
автожолының бойында Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінен 10-
15 км, тау етегінде орналасқан.
Ең жақын темір жол бекеті Манкент 10-15 км қашықтықта, Састөбе темір
жол бекеті 20-25 км, орналасқан, бұл бектерге тұра баратын асфальт
автожолдары бар. Бұлардан басқа аудан орталығы Ақсукент обылыс орталығы
Шымент қаласы мен асфальт жолдары арқылы шаруашылық өкімдері (сүт, ет, май,
жеміс-жидек, далалық егістер тағы басқа өнімдерді тасып әртүрлі
мемлекеттік мекемелерге және орталық базарларға сатады.
Аудан орталығымен және обылыс орталығымен, сонымен қатар ТМД
мемлекеттерімен телефон, интернет басқа да байланыс көздерімен тығыз
байланысып отырады.
Қазіргі уақытта ӨК Манкент асылтұқымды–сүт қара мал шаруашылығымен
және өсімдік шаруашылығымен айналысады.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік гидрометрологиялық аймақтық станцияның
берген ақпараты бойынша Сайрам ауданына қарасты ӨК Манкент асылтұқымды
шаруашылығында метрологиялық көрсеткіштері 1 кестеде берілген.
Келтірілген кестеде көруге болатындай, шаруашылық аймағында ауа райының
бірқалыпты емес екені байқалады. Жауатын жауын азықтық шөптердің дәл өсіп
жетілетін кезіне сәйкес келеді.
Жаңбырдың ең көп жауатын кезі көктем – мамыр айларына, дәл өсімдіктердің
мейлінше өсетін уақытына сәйкес.
Бұл уақыт өсімдік азықтардың (табиғи немесе суарылмалы жерде өсетін
шөптер) егу кезіне тиімді.
Облысымызда таулы және қала жанындағы шаруашылықтарды ауа райы жауынсыз
кейде құрғақ жылдар болады. Тек қана мал азығына астық дайындау Ақсукент
өзенмен алынатын су арқылы суарып жіптен пішендеме және әртүрлі сүрлемдер
дайындап үлгереді.
Шаруашылықтың ауа райы, климаты күрт континенталді, тәуліктік және
жылдық ауа температурасының үлкен амплитудалық ауытқулардан тұрады. Ең суық
жылдың айы каңтардағы орташа температура минус -7,4-тен минус 11,3 градусқа
дейін ауытқиды. Жылдың ең ыстық айы шілдеде орташа температура плюс +23,3
°градусқа тең. Жылдық аяз болмайтын күндер саны орташа 268-306. Абсолютті
ауаның температурасы +42 ° градусқа жетеді. Жылдық ылғал қысымдысы 500-600
мм шамасында. Тұрақты қар 105-тен 114 күнге дейін жетеді. Орташа максималь
декадалық қар калыңдығы қыста 30 см-ді құрайды. Жауған қар қалыңдығы қаңтар-
ақпан айларында (17-24) және наурыздың басында көбіне қар қалмайды.
Топырақтың тоңы орташа 33 см-ге дейін жетеді, ең көбі - 80 см-ге дейін, ең
азы -10 см болады. Топырағы тауға дейінгі, ашық - каштанды топырақтан
тұрады, ондағы гумус қабаты жоғарғы, гумус қабатында 1,3-тен 3,6%-ке дейін,
горизонт қалыңдығы 30-60 см. Топырактың тайлы түйіршіктері орташа-
суглинисті (30 - 45% лай). Топырақта өсімдікке зиянды тұздары жоқ. Тұщы
грунт сулары өте терең орналасқан. Топырақ түзілуге әсер етпейді.

1- кесте
Метрологиялық көрсеткіштер

Көрсеткіштер Ай, күні
І ІІ ІІІ IV
Барлығы 4535 100 18771 100
2. Ауылшаруашылық 4217 93 18409 98
а) жыртылатын 4126 91 7002 38
б) жайылым - - 11393 61
в) басқа 91 2 14 00,8
Суармалы жер 3020 67 3727 20

Жердің негізгі бөлігі ауылшаруашылығына пайдаланады (48,0%) Оның 38%-і
жыртылатын жер. Мал жайлымы бар жердің 61%-і құрайды. Табиғи шалғынның
болмауын екпе шөптер толтырады. Оған көп жылдық шөптер егіледі. Суармалы
жерлер бар жердің 20%-ін құрайды.

2.2 Зерттеудің зерзаты мен әдістемесі

Тәжірибе жұмыстары 2011-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Манкент
Өндірістік кооперативі Шымкент қаласынан теріскей шығыс жағында Ташкент –
Алматы автожолының бойында Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді
мекенінен 10-15 км, тау етегінде ораналасқан шаруа қожалығында жүргізілді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкерімен бірігіп
жүргізілді.
Зерттеудің зерзаты ретінде Сайрам өңірінде дайындалатын жүгері сүрлемі
алынды.
Шаруашылықтағы далалық азық өндірісі барлық малдың жем-шөбін толыққанды
орындап асырайды. Тек қана аздап қана сырттай құнарлы азықтар түрі, оның
ішінде минералды қына заттармен азықтар сатып алынады.
Жылда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтарының жіктелуі
Әр түрлі бағыттағы ірі қара тұқымдары
Алты айдан асқан сүтті-етті тұқымның ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру
Мал басына жазғы жайылым кезінде жем-шөп көлемін жоспарлау әдістері
Етті бағыттағы ірі қара сиырларын азықтандыру
Азық құрамы
Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуы
Мал азықтары жайлы
Етті бағыттағы бұқаны азықтандыру
Терісі бағалы аңдарды өсіру
Пәндер