Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы


АННОТАЦИЯ
«Раушан гүлі» тақырыбындағы дипломдық жұмыста мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беруде натюрморт жанрын оқытудың әдістемесі көрсетілген. Натюрморт жанрында сурет салу жолдары қарастырылған. Сондай-ақ натюрморт жанрында сабақ оқыту барысында көркем эстетикалық тәрбиеге баулудың көркем образдық оқыту бағытына негізделген теориялық және практикалық әдістер қарастырылған. Жұмыс түсініктеме хаттан “60” беттен және практикалық жұмыс 100х80 К. М. Б. тұрады. Түсініктеме хат кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
АННОТАЦИЯ
В дипломной работе под названием «Роза» рассматривается роль натюрмортного жанра в художественно-эстетическом воспитании учащихся. Показаны приемы практической работы и методы обучения натюрмортного жанра. Разработаны теоретические и практические методы, основанные на художественно-образное обучение в процессе художественно-эстетического воспитания на уроках натюрмортного жанра. Работа состоит из пояснительной записки “60”стр. и практической работы Х. М. 100х80. Пояснительная записка состоит из введения, трех глав заключения, списка литературы.
ANNOTATION
The diploma is named “Rose” paper is devoted to role of picture genre into the artistic aesthete, education of Garners.
The diploma work is dedicated practical works and methods of learner the artistic genre.
Theoretical and practical methods investigates o the artistic-image of teaching into the.
The diploma work consists of practical work X. M. 100x80, and the explaining notice. The explaining notice consists of units, the table of literature, and the review.
Мазмұны:
Кіріспе. 3
1. Живопись өнері және натюрморт жанры. 6
1. 1 Живопись өнеріндегі натюрморт жанры. 6
1. 2 Қазіргі заманғы Қазақстанның кәсіби бейнелеу өнері 7
2. Бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанрының тәлім тәрбиелік мәні 8
2. 1 Натюрморт жанрының «Бейнелеу өнері» пәнінде алатын орны. 8
2. 2 Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы. 11
3. Мектептік бейнелеу өнері пәнінің мазмұндық жүйесі және тәлім тәрбиелік маңызы 16
3. 1 Бейнелеу өнерінің көркемдік білімі мен эстетикалық тәрбие үрдісіндегі мәні мен манызы. 16
3. 2 Бейнелеу өнері пәнін оқыту үрдісіндегі практикалық көркемдік іс-әрекеттердің тәлім-тәрбиелік мазмұны мен міндеттері 24
3. 3 Бейнелеу өнерін оқыту үрдісіндегі эстетикалық қабыдау сабақтарының мазмұны мен тәлім-тәрбиелік маңызы. 41
3. 4 Ұлттық өнердің оқушыларды эстетикалық тәрбиелеудегі маңызы ___ 46
4. «Раушан гүлі» шығармашылық жұмысының орындалу барысы және живописьтің техникасы мен технологиясы. 51
4. 1 Тақырып таңдалуы 51
4. 2 Эскиздік композициялық ізденістер және түстік шешімдегі (этюд)
нобайлардың орындалуы. 51
4. 3 Живопись өнерінің техникасы мен технологиясы 51
Қорытынды. 61
Әдебиеттер. 62
КІРІСПЕ
Бейнелеу өнерін меңгеру - мұның өзі де білім мен дағдыларға ие болу. Аспаптарды, материалды, жұмыс техникасын жақсы білу, профессионалдық шеберлік тәсілдерін меңгеру қажет. Бұл туынды жасағысы келетіндердің, жұмыста ең болмағанда өзіне көрінетіндей табысқа ие болып, одан ләззат алғысы келетіндердің бәріне қажет.
Суретші аспаптарды қолына алып, шығарма жасауға кіріспес бұрын, оны қандай да бір ой, болашақ шығарманың идеясы баурап алады да ол біртіндеп ой түйініне айналады. Ал мұның өзі қиялдау арқылы композиция жасау кезінде ғана болып қоймайды. Заттың өзіне қарап жұмыс жасау үстінде суретшіде ең алдымен түпкі ой түйіні қалыптаса бастайды, ол модельді немесе натюрмортты қою кезінің өзінде, ал пейзаж жасағанда - ландшафтың белгілі бір бөлігін, жарық түсу сипатын, көріну жағын таңдағанда одан әрі тұжы-рымдала түседі.
Пластикалық форма, колорит, композиция - шығарманың әсерлілігі қалыптасатын басты бөліктер міне осылар. Мұны түсінуге, көркем шығарма-ның осы үш басты бөліктерінің неғұрлым ұсақ қандай қосындылардан тұратынын, суретші ненің көмегімен өздері бейнелейтін заттарды ұқсайтындай етіп, сонымен бірге көрермендерге қызықты етіп салатынын анықтауға тырысып көрелік.
Міне осы кезде сызықтарға рең арқылы білінетін жарық пен көлеңке көмекке келеді. Рең деп жарың айырмашылығын атайды. Реңнің көмегімен заттың көлемдік формасын беруге, оны «мүсіндеуге», жарық түсуінің бүкіл өзгермешілігін көрсетуге болады. Реңді сурет форманы, көлемді, кеңістікті, қоршаған атмосфераны әлдеңайда толық және дәл көрсете алады.
Бұл құралдар бір заттардың өзін суретшінің түпкі ойына байланысты түрліше бейнелеуге, оңың шығармасының идеясына сәйкес келетін сипатты белгілерді анықтап, баса көрсетуге мүмкін-дік береді. Мәселен, бір адамның бет-әлпетін бөлмедегі кешкі ала-кеугім жарықта бейнелеуге болады, бұл кезде оның бүкіл кескіні жұмсарып, күңгірттеніп, айналадагы фоннан онша көп ерекше-ленбейді. Ал осы бет-әлпет электр шамының сәулесінде немесе оттың жарығында тіптін баск, аша - кескін өте анық бедерленіп, контрастылығы күрт өседі.
Сонымен, жарық пен көлеңкелік, реңдік суреттер пластикалық форманы, оның айналасындағы заттарды, кеңістікті анықтап, көрерменге түрліше беруге мүмкіндік тұғызады.
Мұны тек түс қана жасай алады. Тек сол ғана бізді қоршаған әлемді барлық байлығында, алуан-түрлі иірімдері мен әсемдігін кез алдымызға келтіруге мүмкіндік береді.
Көркем шығармада бұл құралдардың бәрі топтасып, композиция заңдары бойынша бірігеді. Бұлай деп шығармадағы белгілі бір
Қазіргі кезде қабылданып жүрген «бейнелеу өнері» деген термин онша дәл емес әрі ол қамтитын өнерлердің сипатын толық көрсете алмайды. Бейнелеу өнері шығармаларында басты нәрсе олардың бейнелегені емес, олардың нені білдіргені екенін біз енді білеміз. Оның өзінде де егер әңгіме живопись, скульптура және графика жөнінде, яғни әлденені тікелей бейнелейтін өнерлер туралы болып отырса ғана. Ал декорациялық-қолданбалы өнер туралы не айтуға болады: әшекейлі көне қобди немесе әсем өрнектелген ыдыс нені бейнелейді? Архитектураны қайтпекпіз? Ол мүлдем ештеңені бейнелемейді, бірақ көп нәрсені білдіреді. Ертеректе осы өнерлердің бәрін белгілеу үшін «пластикалық өнер» «сымбатты өнер» терминдері қолданылды, бірақ бұл да онша айқын, дәл болмай шықты. Ақыры аяғында «бейнелеу өнері» терминіне тоқталды, біз де осы терминді пайдаланамыз.
Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлерімен және жанрларымен танысқан жөн. XIX ғасырға дейін архитектура (сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері) және живопись (кескіндеме) өнердің басты үш түрі болып есептелді. XIX ғасырдың аяғына қарай өнердің бір түрі - графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес түріне айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
Жанр сөзі француздың (Qenre - түр) немесе тек сөзінен шыққан. Живописьте мынадай жанрлар бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету керек, соңғы жанр көбіңде жанр делінеді, ал картиналар жанрлық картиналар деп аталады [1] .
Кескіндеме - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің саң алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларга бөліну деп аталады [2] .
Орындалған дипломдық жұмыстың көкейтестілігі:
Натюрморт бейнелеген талай суретшілер жоғары көркемдік талапқа сай шығармалар туғызды.
Натюрморт қойылымын салу үшін үлкен талап пен арнайы дайындылық қажет. Ең алдымен табандылық, еңбек сүйгіштік және ынталалық сияқты қасиеттер. Ауа кеңістігін бақылауда бір қатар мүмкіндіктер ескеріледі, затты қабылдау көру арқылы көрнекі, композициялық құралымын табу.
Зерттеудің мақсаты : Ғылыми-әдістемелік бағыттағы әдебиеттерді зерттеп натюрморт бейнелеу өнерінің жанрынын оқып-үйрену. Отандық және шетелдік бейнелеу өнері шеберлерінің тәжірибесін, олардың табиғатты көрсеткен шығармалары майлы бояумен техникасы арқылы бейнелеудегі егжей-текжейін зерттеу.
Зерттеу нысаны : Натюрморт жанрының жалпы бейнелеу өнерінде алатын жоғары орны, мектептегі әстетикалық тәрбие, сонымен қатар патриоттық, экологиялық тәрбие мәселелерін қамту.
Зерттеу пәні : натюрморт жанрында «Раушан гүлі» картинасын орындау және натюрморт жанрын оқыту әдіс- тәсілдерін талдау.
Зерттеудің ғылыми болжамы : Мектеп оқушыларын натюрморт жанры арқылы эстетикалық тәрбиеге баулу, қойылым заттарының әсерлі бейнесін, көркем сипаты мен көріністерін, жақсы түсінуге негіз салады.
Зерттеудің міндеті : натюрморт жанрында шығарманы бейнелеу үшін:
- Композициялық шешім табу.
- Бейнелейтің нұсқалардың құрылымын айқындау, шығарманың композицияны орналастыру.
- Майлы бояу техникасында түстерін дұрыс таңдай білу.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық, теориялық негізі : Натюрморт жанрындағы қылқалам шеберлерінің еңбектерінде туған табиғат сұлулығы патриоттық тұрғыда жырланып ұлттық өнерімізге өз үлесін қосып келеді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Раушан гүлі» натюрморт. Жұмыс бояумен кенеп матада орындалған. Жұмыс өлшемі 100х80 см мөлшерінде. Дипломдық жұмыс бірнеше кезеңдік ізденіс, дайындық жұмыстары негізінде орындалды.
Зерттеу базасы : - Натюрморт жанры живописьі осы мақсаттарды шешу үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Мұғалім осы натюрморттық жанрды шеберлікпен меңгеруімен қатар оны оқыта, үйрете алатындай және сол арқылы оқушыларды көркем, тәрбиеге баули алатындай дәрежеде оның әдістемелік негіздерін жан-жақты меңгеруі тиіс.
Зерттеудің әдістері :
- ғылыми әдебиеттерге талдау жасау;
- оқушылар, суретшілер жұмыстарына талдау;
- сабақ барысын талдау т. б.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы : - натюрморт жанрын оқыту әдістемелері жүйеленіп талданды және «Раушан гүлі» тақырыбында көркем образдық композициялық шығармашылық түпнұсқасы орындалды.
Дипломдық жұмыс түпнұсқалық «Раушан гүлі» натюрморт жанрында орындалған жұмыстан және теориялық бөлімнен тұрады. Түсініктеме хат кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолднылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Зерттеудің практикалық мәні : Бейнелеу өнер шеберлерінің туындыларында маңызды орын алатын жанрлардың бірі - натюрморт жанры. Натюрморттың әсерлі көрінісі, оның бір сәттік кұбылыстарының дәлме-дәл бейнеленуі көрерменге әсер береді.
Диплом жұмысының құрылымы : Диплом жұмысы «Раушан гүлі» тақырыбында орындалған негізгі шығармашылық жұмыстан және оның жазбаша орындалған теориялық түсініктеме бөлімінен тұрады, онда: кіріспе, неғізгі екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен әскиздік ізденіс материалдары берілген.
1. Живопись өнері және натюрморт жанры.
1. 1 Живопись өнеріндегі натюрморт жанры.
Живопись өнерінің ең жарқын және маңызды тілі болып реалистік қондырғылы живопись болып табылады. Қондырғылы живопись өнері монументалды декоративті және т. б. живопись түрлерінің ең басты формасы. Дәл осы қондырғылы живопись арқылы қоршаған орта әлемін ой арқылы жаңа идеялар пайда болды. Содан шыққан композициялық, пластикалық идеяларды бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қолдану қарқынды дамиды. Қандайда болмасын көркем безендіру декораторының немесе монументальды живопись жазатын суретші жұмысты алдымен кәсіби живопись шеберлігімен шыңдалуы қажет.
Жалпы живопиське келетін болсақ, бұл өнер жалпы үш бағыттан тұрады: станокты, монументалды және декоративті.
Станокты живопись дегеніміз - «станок» деген сөзден шықққан, яғни арнайы живопись жазатын немесе қоятын орын. Оған арнайы ағаштан жасалған сүйеніштер, мольбеттер, этюдниктер т. б. жатады
Монументалды живопись дегеніміз - үй қабырғаларына, көше бойларына салынған аумағы жағынан үлкен 6 бет полотноларға салынған майлы бояулы живопись жатады. Мысалы: қалалардағы теміржол вокзалында салынған темпералық живопись, үлкен қабырғада бейнеленген бейне, ресторан, кафелердегі сәнді суреттер. Декоративті живопись дап бірнеше бояулардан тұратын, үлкен қатынастар арқылы шешілген полотноларды айтамыз. Живописьтің тамаша бір қасиетті - салынған кесінді түрлі-түсті бояулармен толықтырылумен қатар, суретшінің табиғаттын сан алуан сұлулық байлығын көре білуіне көмектеседі.
Өмірдегі бар шындыкты айнытпай көшіріп беру, яғни картина бетінде дәл көрсету немесе бояу турлерімен нақты көрсете білу, ол өнерге жата бермейді. Живопись тілінде жазылу дегеніміз ол бояулар көмегімен шын өмірдің мәнін ашу, оның сәндік, әсемдік, аламның рухани байлығын көтерудегі маңызды мәселеріне арналған туындылар. Живопись деген термин орыс тілінен алынған «тірі жазу» немесе «дәл шын жазып көрсету» деген мағынаны береді.
«Натюрморт сөзі» - франсуз сөзінен алынған термин. Қазақша «өлі табиғат» немесе «Тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өті табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сондағы бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге болады.
Осының куәсі ретінде қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш суретші Айша Ғалымбаеваның «Дастархан» атты натюрморттық шығармасын алайық. Мұнда суретші ашық жылы түсті бояулармен қазақтың өзіне тән дастархан мәзірін бейнелей отырып, ұлттық ерекшелігімізді, халқымыздың қонақжай, ақжарқын кеңпейілдігін аса бір нәзәк сезіммен жеткізе білген.
Натюрморт алғашрет ХҮІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Содан көптеген елдерге тарап, әсіресе ХҮІІІ ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі көп тараған жанрға айналды. Осы кезде натюрморт салудың тамаша шеберлері шықты. Ол голландиялық Ван де Вальде, Винсент - Ван Гог, францияның ұлы суретшілері Поль Сезанн, және А. Матисс еді. Қазір көптеген суретшілер осы қылқалам шеберлерінің жолын қуып, істерін алға қарай жалғастыруда.
1. 2 Қазіргі заманғы Қазақстанның кәсіби бейнелеу өнері.
Бейнелердің байлығы олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттардың тәжірибесіне, дәстүрлі мәдениеттің трансляция талабына жауап береді және оны бейнелеу өнері құралдарымен ашып беруге мүмкіндіктер береді. Осы салада жұмыс істейтін суретшілерді тақырыпты таңдау ғана біріктірмейді - олар өздерінің ұлттық жұмыстарына терең бойлай түсу үшін тарихшылардың ұқыптылығымен ежелгі тарихты, тұрмысты фольклорды, мифологияны зерттейді. Қазақстандық реалистік кескіндеменің қайнар көзі ХХ ғасырдың басында жатыр. Европалық атап айтқанда, орыс академиялық мектебі және Азияның бай мәдени мұрасы шығыс миниатюраларының таңдамашыл және нәзік сызықтары, Сақтардың аң стильінің эстетикалық жетілулері, Түркілердің таңбалық символизміндегі космогонизм, қазақ оюының қатаң нақышталуы - Қазақстан өнерінің бейнелеу дәстүрлерінің негіздері. Бүгін, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевті (1904-1973) қазақ кескіндемесінің негзін салушы деуге болады. Оның шығармаларының барлық тақырыптары мен сюжеттері дәстүрлі өмір тәртібін сонымен қатар жаңа әлеуметтік құрылыспен келген өзгерістерді түсіріп алған, ашық ұлттық кейіпте болатын ол үлкен сүйіспеншілікпен және барынша ұқыптылықпен тарихи шайқастың композицияларды, камералық портреттерді, ауылдың күнделікті өмірімен көріністерді, пейзаждарды кескіндей алады.
Ұлттық бейнелеу өнерінің өркендеуі (1950- ші жылдары) Ресейдің көркемдік саладағы жоғарғы оқу орындарында білім алған дарынды Қ. Телжанов, М. Кенбаев, М. Б. Нұрмұханбетов, О. Таңсықбаев, С. Мамбеев, А. Ғалымбаев, Г. Исмаилова, Е. Сидоркин, т. б. суретшілердің келуімен байланысты. КСРО көркем сурет Академиясының академигі Қ. Телжановтың шығармасына кемелденуге жеткен шеберлік, кескіндеме фактурасын эмоциялық қызуы «Көкпар» кескіндемесінде өзінің ең жоғарғы деңгейіне жеткен материалды асқан шеберлікпен қолдану тән.
Сабыр Мәмбеев шығармашылығында өзіндік, бірегей мәнер байқалады және оның өнерінде белгілік ойлау үрдісі алғашқы рет көрініс алды.
Шебердің қолданған түрлердің статикасы, кескіннің жазықтығы, классикалық болашақтан бас тарту, нәзік колориттік құрылым - біздіңше олар халықтың, декоративті - қолданбалы өнерден келгендей және автор жапондық эстетикалық әсерін сезінгендей деген ойда қаламыз.
50 - жылдардың соңы мен 60 - шы жылдардың басы Қазақстан бейнелеу өнерінің жаңа бағытын қалыптастырған С. Айтбаев, Ж. Шарденов, С. Калмыков сияқты көптеген дарынды суретшілердің келуімен сипатталады. Алпысыншы жылдардың ұлттық мектепті қалыптастыруда ерекше маңызы болды. Шығармашылық ізденістер белгіліктер мен метафоралықтарға, шарттылық пен символизмге жақындай түсу арнасында өрбіді. Халық суретшісі Г. Исмаилованың шығармашылығы көпқырлы. Г. Исмаилова шығармашылығы бір көргеннен танымал, феериялық рухпен өзектелген, болмыс қуанышына барынша толы. Бірде шексіз динамикаға толса келесіде арудай нәзік лирикаға ие болады.
Қазақстандық бейнелеу өнері үшін халық суретшісі Е. Сидоркин шығармашылығы маңызы зор және оның нәзік жұмыстарынсыз қабылдау қиын сияқты. Шебердің ерекше дарындылығы нық, дарынының арқасында біз ұлттық мәдениеттің байлығын түсінуге мүмкіндік аламыз.
70 - ші жылдардың екінші жартысында және 80 - ші жылдары Қазақстанның бейнелеу өнері өз дамуының кезектегі кезеңіне аяқ басты. Ол енді өзіндік даму үлгісі бар, сүйікті тақырыптары характерлері, өлшемдері эәне дәстүрлері бар, қалыптасқан көркемсурет мектептеріне айналды.
1970 - ші жылдаржағы өнер ұлттық драма туралы, суретшілердің дәстүрлі мәдениеттің, оның базалық құндылықтарымен басымдылықтарын жатсынудың теріс нәтижелерін түйсінуін білдіреді.
80 - ші жылдары тұрғылардың кезекті ауысуы байқалды. Жұмыстарда үлкен шарттылық пайда болып, стилистикаға өзгерді, шығысқа деген қызығушылық байқала бастады.
1990 - шы жылдардан бастап көшпенділер мәдениетіне деген қызығушылықтың жаңа толқыны қайта келеді. Тіптен күшейе түседі. Бір топ кескіндемелердің интелектуалды ізденістері ежелгі тарих элементтері, артефактілерін және барлық тіршілік иелеріне антологиялық өлшемде дәстүрлі мәдениетті зерттеу деңгейіне дейін көтерілді. Олар: А. Дүзелханов, Ж. Қайранбаев, М. Қоспақ, Д. Қасымов және т. б. суретшілер болатын. Оларды дәстүрлі мәдениеттің тамырларынан қайнар көздерінен келетін тақырыптар мен бейнелер толқытатын, кейде кейбір жұмыстар өзінің сюжетіне және түйсіну бойынша жалпылаудың, түсінудің және типтеудің философиялық деңгейіне жақындай түсті. Олардың шағармаларына ішкі тереңдік және ойдың кеңдігі мазмұндық және түрлік нақтылық сипат болды.
Д. Қасымов өнерің шынайы пәні ретінде қабылдап фольклорлық мифологиялардан шығармашылық қуат алады. Автор туралы айтуға мәжбүр еткен алғашқы көркем полотно болып «Таң» картинасы танылды. Одан кейін «Кенесары», «Ақ жол», «Үш тоғыс», «Қорқыт» және т. б. жұмыстарымен жалғасты. Оларда суретші халық тарихы мен мәдениетіне, діліне өзінің дербес қатынасын білдіреді.
2. Бейнелеу өнері пәніндегі натюрморт жанрының тәлім тәрбиелік мәні.
2. 1 Натюрморт жанрының Бейнелеу өнері пәнінде алатын орны.
Мектепте бейнелеу өнерін оқыту - айналадағы өмір шындығынан туған көркем образдардың өнер туындыларында жасалу ерекшеліктерін оқытушылардың жүйелі қабылдауын және оны мүмкіндігінше өзінің бейнелеу жұмыстарында қолдана білу керек.
Бейнелеу өнері айналаны қоршаған өмір шындығын, адам өмірінде болып жататын оқиғалар мен құбылыстың бар болмысын, қоршаған орта сұлулығын жазықтық бетінде, кеңістікте көлемді түрде көркем бейнелер арқылы көрнекті кескін, адамның көруі арқылы түйсіне сезіне алатын үлкен өнер. Жазықтықта бейнелеу сабағындағы тақырыптардың бірі натюрморт тақырыбы. Натюрморт салу арқылы балалардың сурет салу дағдылары дамиды: Түзу сызық сызу, перспектива, симметрия сияқты терминдермен танысып, оларды практикада қолдана білу. Оқыған кітаптары арқылы өмірде көргендерін бейнелеу оқушылардың елестету қабілетін дамытады.
Суретті саларда отыратын орынды дайындау, ұйымдастыру үлкен роль атқарады. Қойылған натюрморт толық, жан-жақты көріну үшін одан қашығырақ отырамыз. Ара қашықтық бір жарым, екі метрден кем болмау керек. Отырғанда кез-келген жерге отыра салмай, натюрморттың композициясы қызықты көрінетіндей жерді таңдау керек. Орнымызды белгілеп алғаннан кейін берілген натюрморттың жан-жағынан қарап, ондағы заттардың жалпы пішінін, тұтас көлемін зеттеп, керек болса қолымызбен ұстап көруімізге болады. Сонда бейнелейтін затымыздың ішкі-сыртқы құрылысынан толық мағлұмат алып, жете танимыз. Бұл сурет салуды көп жеңілдетеді.
Қандай суретті салмайық, оның барлығына ортақ белгілі бір жолы, кезеңі болады. Сондықтан, сурет кезеңдермен біртіндеп салынып, өрбіп отырады. Зат бейесінің орналасуын анықтау, құрылымын табу, пішінін айқындау сандай-ақ түйін немесе суреттің аяқталуы - деп, аталады. Алдыңғы үш кезең «жалпыдан жалқыға» әдісімен өрбиді.
Енді осы кезеңдер арқылы, берілген натюрмортты салудың жолдарын қарастырайық. Натюрморт үш геометриялық денеден түрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz