Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Пейзаж, „ Туған жерім менің “ Шығармашылық жұмыс
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050107- „Бейнелеу өнері және сызу“
Тараз 2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Пейзаж „ Туған жерім менің “. Шығармашылық жұмыс
050107- „Бейнелеу өнері және сызу“ мамандығы бойынша - „Бейнелеу өнері және сызу“
Тараз 2013
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
І. ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1. 1. Бейнелеу өнеріндегі живопись өнерінің тарихы . . . 7
1. 1. Сыршырай өнеріндегі пейзаж жанрының қалыптасуы . . . 18
ІІ. „ТУҒАН МЕНІҢ ЖЕРІМ “ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ ЖОЛДАРЫ
2. 1. Дипломдық жұмыстың практикалық орындалу жолдары . . . 30
2. 2. Бастауыш сынып оқушыларына бейнелеу өнері сабағындағы сыршырай өнерінің әдіс-тәсілдерінің алатын орны . . . 39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
Композициялық ізденіс эскиздері және иллюстрациялар . . . 62
К І Р І С П Е
Зерттеудің өзектілігі:
Адамның рухани дамуына тікелей әсер ететін және олардың көркемдік талғамын қалыптастыратын өнері -бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері - айналымызда қоршаған өмір шындығын қоғам, адам өмірінде өтетін оқиғалармен құбылыстардың бар болмысың жазықтық бетінде немесе кеңестікте көлемді түрде көркем кескіндері адамдардың көру арқылы түйсіне, сезіне алатын өнер және ұрпаққа тәрбие ісін жаңа сапалық деңгейге көтеріп, мазмұнын жақсарту жолында адамгершілік пиғылы мен көркемдік талғамын, іскерлігі мен шығармашылық қабілетін дамыту, өз ісіне құштарлығын арттыру міндеті бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бейнелеу өнерімен айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймады, сонымен бірге ол өзін талғампаздыққа тәрбиелейді, үйреншікті нәрселерден сұлулықты таба білу қабілетіне ие болады, көргенін есте ұстау және қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап, жоспарлауға, білгені жинақтауға үйренеді. Біздің елде әлеуметтік мәдени дамудың тұжырымдамасына әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз - ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогрессшіл халық, дәстүрлері, мен әдет ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғалымдарға, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау - деп көрсетілген.
Жас ұрпаққа көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдеріне жауапкершілікпен қараудан қажет етеді.
Бейнелеу өнерін жүргізуде қиындықтар бар, соның бірі кеңестік көрінісін бейнелеу кезінде ұғыммен қалыптастыру. Ол үшін көрнекіліктер пайдалану, өнер шығармаларына талдау, бейнелей білу, сурет салу дағдысын және графикалық қалыптастыруға болады. Әңгімелердің білімдік тәрбиелік маңызы зор. Тақырып бойынша кестелеу жолдарын көрсете отырып жеке жұмыс жүргіземіз, берілген денелердің нобайын жасауға дағдыландыру. Адам өз айналасындағы заттар мен құбылыстары бейнелеуге ерте заманнан талпынған. Зат бетіндегі, үңгір қабырғаларындағы бейнелер дәлел болады. Бейнелеу өнері реализм жолымен дамып келеді. Кеңістікті бейнелеудің бірден бір жолы - шығармашылықтарға талдау жасау. Ұрпаққа бейнелеу өнері бойынша білімін іскерлігін, гуашпен жұмыс істеуге бағыт беру. Жаңа буын оқулықтарының маңызы зор бағдарламада оқушыларға ұлттық мәдениетіміздің жаңаша әдіс-тәсілдерін орындауда ыңғайлы тиімді жол тауып беріп отыр.
«Бейнелеу өнері» оқулығы оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді. Бейнелеу өнерін ақын үйрену арқылы оқушылар өнер теориясы бойынша сауатты сурет салуға машықтанады. Оқулық оқушылардың бейнелеу өнері туралы теориялық білімн дамытуға ықпал жасайды. Оқулық мазмұны сурет салуға, қабылдауға, бейнелі ойлауға шығармашылық қабілетін арттыруға, көркем шығарманы танып түсінуге бағытталып құрылған. Бұл оқулықтың бастауыш сыныптағы «Бейнелеу өнері» оқулықтарынан бір айырмашылығы тарау-тақырыптарының кеңейіп, тереңдей түсуінде жатыр.
Әр халықтық көркемдік мәдениеті өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Өткенің тәжірибесін бүгін мен жалғастыра озық өнегелі рухани дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үрдесі жұріп отырады. Бұл үрдіссіз қоғамның өркениеті елдер деңгейіне жетуі мүмкін емес.
Бүгінгі күннің кезек күтірмейтін көкейкесті мәселелерінің бірі ретінде баланың өнердегі ұлттық айшықты, ерекшелікті сезіне білуге баулып, Һас шеберлердің қолынан шыққан ағаштың, темірден, матадан, теріден, жүннен, сүйектен жасалған бұйымдар арқылы халық өмірінің сипаттын білуін, ақылмен ойластырылған еңбектің нәтижесін көріп, қоршаған дүниеге үңіле қарауын, ой қиялын дамытып, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын, көркемдік талғамын қалыптастыру міндеті қойылып отыр.
Мектепте бейнелеу және ұлттық сәндік-қолданбалы өнерге баулу жұмыстары негізінен, бейнелей білу дағдыларын қалыптастыруға, ал олардың өмір шындығы мен өнер туындыларындағы сұлулықты қабылдау әрекеттерін баланың әсемдікті сезіну, эмоциялық әсерлену, танымдық мәнде пайымдай және бағалай білу қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған көркемдік білім мен тәрбие жүйесін жаңарту мәселесі бүгінге дейін психологиялық аясында қарастырылмай келді. Қазіргі кезең сұраныстары жас буындарды қоғам дамуының жаңа сатыларына сай тәрбиелеп, оқыту жолдарын талап етеді. Осыған орай, жалпы орта мектепте оқыту бағдарламасы қайта қарастырылып, толықтырулар енгізіліп, қолданылып жүр. Осы кезеңде бейнелеу өнері сабақтарының мазмұны да, оны оқыту тәсілдері де, қайта құрылып, жаңа бағытта дамытылып жүргізілуде.
Сондай-ақ оқушылардың көркемдік қабілеттерін арттырудың тиімді әдістері мен тәсілдері жолға қойылған.
Зерттеу пәні:
Бейнелеу өнерінің сыршырай саласынандағы пейзаж жанрының салынған « Менің туған жерім » атты шығармашылық жұмыс арқылы, оқушылардың кеңістік, түс туралы қабілеттіліктерін арттырып жалпы бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын туғызу.
Зерттеу орны : Меркедегі табиғат.
Зерттеу нысанасы : Бейнелеу өнерінің сыршырай саласындағы пейзаж жанрының оқушылардың көркемдік білім мен тәрбиесіне тигізер ықпалын ескере отырып, осы жанрда салынған композициялық жұмыс арқылы оқушылардың бейнелеу өнері туралы көзқарастарын арттыру. Жас ұрпаққа көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдеріне жауапкершілікпен қарауды қажет етеді.
Зерттеу мақсаты : Бейнелеу өнерінің сыршырай саласындағы пейзаж жанрының оқушылардың қоршаған өмір сұлулығын танып-білудегі атқаратын рөлін айқындау. Бейнелеу өнері оқулығы оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру. Бейнелеу өнерін оқып үйрену, арқылы оқушылар өнер теориясы бойынша сауатты сурет салуға машықтандыру.
Зерттеу обьектісі : Бейнелеу өнері жөнінде бала белсенділігін арттырудың ең маңызды шарты бейнелеуге деген дағды мен шеберлікті қалыптастыра отырып кесте өнерінің қыр сырын білдіру.
Зерттеу кезеңдерді : Өнер халық мүдделеріне қоғам ісіне қызмет етуге тиіс миллиондаған адамдар үшін қуаныш пен табыстың қайнар көзі болып олардың ерік жігерін сезімдері мен ойларын бейнелеуге идеялық жағынан және адамгершілік тәрбиесіне белсенді түрде көмектесу.
Зерттеу міндеттері :
- оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын тексеру.
- мектептерінде бейнелеу өнері сабақтарында халықтық педагогика негіздерін қолдану тәсілдерін талдау.
- бейнелеу өнері түрлерін ұлттық мәдениет, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып негіздерімен байланыстыра оқыту, жолдарын іздену.
- бейнелеу өнерін оқыту барысында оқушылардың творчестволық қабілеттерін дамыту жолдарын талдау.
- ғылыми әдебиеттерге талдау арқылы табиғат жанрының оқыту тәсілдерін көрсету:
- табиғат жанрында картина жасау; табиғат жанрында теориялық және практикалық ізденіс жұмыстарын орындау.
Зерттеу әдістері :
- мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын тексеру.
- пейзаж жанрына сәйкес суретшілер шығармаларын талдау;
- шығармашылық жұмыстарына текстік жұмыс жасау. ;
- оқушылар өнер туындыларын талдап іріктеу;
- белгілі суретшілер, шеберлер туындыларын талдап іріктеу;
- оқушылармен әңгіме, ойындар тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру
- табиғат көрінісі бойынша жазылған этюдтерден композиция құрастыру.
Көркемдік білім мен эстетикалық тәрбиесінің мектептегі оқу үрдістеріндегі жағдайы жайындағы түрлі педагогтардың ой пікірлері немесе «біржақты даму» бағдарламаларын талдау арқылы оның маңызын ашу.
Зерттеу және шығармашылық жұмыс жаңалығы - табиғат жанрын оқыту әдістемелері жүйеленіп талданды және « Туған жерім менің » тақырыбында көркем образдық композициялық шығармашылық түпнұсқасы орындалды.
Дипломдық жұмыс түпнұсқалық «Туған жерім менің » табиғат жанрында орындалған жұмыстан және теориялық бөлімнен тұрады. Түсініктеме хат кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1. 1. Бейнелеу өнеріндегі живопись өнерінің тарихы
Адамзат жинақтаған ұшы - қиырсыз бірнеше ғасырлар тұңғиынаан басталатын өркениет қайнарына, оның бесігіне, асқар әуенді поэтикаға толы бейнелерімен адамдардың тамаша көркемдікке мәңгі құштарлығын жырлайтын ежелгі мәдениетпен өнерге жетелейді. Қазақстан кең байтақ өлкесінде қазақ ұлтының, оның мәдениетінің қалыптастыруының тарихи кезеңдерде халықтардың, нәсілдердің және мәдениетінің жетлуінің, әлемді өзгертуші жасампаз адам есеюінің бірегей үрдісінің бөлінбес бөлігі ретінде көз алдымызға келеді. Даланың бетінде тіршілік пайда болғалы бері бейнелеу мәдениеті осы уақытқа дейін эстетикалық тәрбие ретінде пайдаланылып келе жатқан өнер түрі. Бейнелеу өнерінің тарихын жалпы адамзат тарихы деп айтуға болады. Оқушының айналадағы ортаны тануына, сана сезімінің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, келесі ұрпаққа асыл мұра қалдыруға үлкен үлес қосқан өзектес өнер. Бейнелеу өнері бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер. Біз осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын, адамзаттың әдет-ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы мұңы мен таңдай қақтырар, тамсантар, дәуірлеп гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан-жануарлар дүниесінің алуан-түрлілігін танып білеміз. Қазақстан жеріндегі табылған көне мұралар арқылы ғасырлар көлеміндегі адамзаттың әдет ғұрпын, тіршілігін, кәсібі мен мәдениетін, оның бастан кешкен қиындықтары мен дәуірлеп өркендеген кезеңін танып біле аламыз. Ұлан байтақ қазақ даласынан табылған асыл мұралар ғылымға көп жаңалық әкелді. Ежелгі заманда қазақ жерін мекендеген адамдардың жасаған өнер шығармалары өзінің бейнелілігімен, айтар ойының тереңдігімен ғалымдар мен археологтардың көңілін аударып отыр. Халық шеберлерінің қолымен жасалған сан алуан туындылар ежелден ақ жоғары бағаланып келеді. Олардың құндылығы көпшіліктің кәдесіне жарап, тұрмыста қолданылады дейміз. Бұл күндебритан музейінің меншігіне айналған айтулы «Әмудария қазынасы», Есік қорғанына келіп паналаған «Алтын киімді адам», Қарғалы мүрдесіндегі «Алын диодемалар», Эрмитаж қазынасындағы «Сібір алтындары» археологиялық қазба нәтижесі, әрі әлемде теңдесі жоқ қол өнер туындылары да емес пе?
Тастағы суреттер. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, күнбейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл - адамның рухани мәдениеті және оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан - жартастары суреттер - петроглифтердің саны және әр алуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі. Таңбалы мен Ешкі өлместің, Қаратау мен Маймақтың, Тарбағатай мен Бөкентаудың байлығы жағынан таңғажайып тамаша суреттерін археологтарымыз әбден байыптай зерттеп, олар дүние-жүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Ғалымдар қола кезеңіне бірқатар суреттерді, сюжеттер мен композицияларды жатқызады. Андроновшылардың жартастардағы суреттерінде жиі кездесетін бейне - образдың бірі - өр мүйізін алға кезеп, шоқтығы күдірейіп, алып денесі шиыршық атып, әулетті аяқтары мен жер тіреп тұрған турдың - жабайы бұқасының суреті. Олардың әуелгі бейнесі неолит дәуірінде пайда болған. Бейнелеу өнері ұзақ уақыт бойы дамуы жағынан басқа ұлттық мәдениет түрлеріне қарағанда айтарлықтай артта қалып отырды бұл қазақ халқының революцияға дейін қондырғылы (станокты) өнерден хабардар болмауы сияқты әр түрлі себептер еді. Шоқан Уалиханов салған суреттер оның ғылыми еңбектеріне байланыст этографиялық сипатқа ие болғанмен, өзінің көркемдік деңгейі жағынан кәсіптік өнерге жатпайды. Қазақ халқының көшпелі өмірі, құлдық пен кедейшілік, діни ұғымдар бай мен патша саясатын қолдап, халықты өз уысында ұстауға қолайлы еді. Осының бәрінде бейнелеу өнерінің кәсіптік даму мүмкіндіктерін шектеді. Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың бейнелеу шығармашылығы қолданбалы, сәндік өнер түрінде қалды. Өмір ағымының өзгеруіне қарай халықта жаңа мәдени талаптар мен сұраныстар пайда болды. ХІХ ғасырдың аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналады. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрін де өте айқын бейнесін тапты. Живопись-бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сай алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы - қиырсыз, осы саласына өздері сүйген әуен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» - француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді, живопись - мынандай жанрларға бөлінеді. Натюрморт пейзаж, портрет, тақырыптық картина айта кету керек, соңғы жанр көбінесе жанрлық картиналар делінген. Пейзаж жанры алғаш рет ҮІ ғасырдың басында Қытайда пайда болды. Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде ХҮІІ ғасырда батыста кеңінен дамыды. Қазіргі Қазақстан суретшілерінің көркем шығармаларынан да пейзаж жанрын жиі кездестүруге болады. Атап айтқанда А. Қастеев, О. Тансыкбаев, А. Досмуханбетов, А. Мамбетов, Г. Ысмайлова, Т. Тоғысбаева, Ш. Сариев, Н. Нұрымбаева т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз. Пейзаж - француз сөзі бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерін де, сондай-ақ Европада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. кейбір пейзаждар табиғаттың өмірі де бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан тұрады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілертабиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады. ХҮІІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады.
Кескіндеменің Қазақстанда туып қалыптасуы мен даму жолы ХХ ғасырдың 1930 жылдары басталады. 1933 жылы алғаш рет Алматыда Қазақстан Суретшілер одағының ұйымдастыру кескін құрылса, 1935 жылы Қазақтың Мемлекеттік көркемсурет галереясы, ал 1938 жылы Театр көркемсурет училищесі ашылды. Суретші Н. Г. Хлудовтың «Киіз үй» (1891), «Тайыншы мінген бала» (1907), «Тау өзені» (1933) атты шығармаларында қазақ халқының өмір - тіршілігі, тұрмыс - салты мен мекен - жайының көркем табиғаты өз бейнесін тапты. Алғаш ұйымдастыру жылдарында көптеген қиындықтарға қарамастан, қазақтың бейнелеу өнері елімізде болған маңызды өзгерістерді бейнелеуге ат салысты. 30 жылдардағы кескіндемешілердің салған суреттерінде жаңа дәуірдің жарқын бейнесі Ф. И. Болкоевтің «Қазақ қыздары» мен «Ертістегі көпір құрылысы» көрінді. Қазақстандағы бейнелеу өнерінің дамуы реалистік кескіндеме заңдылықтары мен тәсілдерін меңгеруге ұмтылған жас суретшілердің қатарын молайтты. Осы жылдары қазақ бейнелеу өнеріне өзіндік үлес қосқан Ә. Қастеевтің акварельдік туындылары («Мектепке», «Сатып алынған қалыңдық» т. б. ) . 30 жылдардың орта шенінде Қазақстан кескіндемешілерінің профессионалдық деңгейі артып, жаңа қалыптаса бастаған бейнелеу өнерінде өзіндік орнын тапты. Қазақстан суретшілерінің 1 - съезінен кейінгі кезеңде қылқалам шеберлері туындыларынан бейнелі шешімге, жалпы бейнелеу өнеріндегі пластикалық мәселелерді шешуге деген ұмтылыс байқалды. Әсіресе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. К. Маковский « дети бегущие от грозы», И. Левитан « Алтын күз», К. Коровин «Жаз өтті» И. К. . Айвазовскийдің «Тоғызыншы бал» т. б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген. Мысалы: теңіз бейнелеудің асқан шебері. М. Айвозовскийдің өзінің «Одессадағы айлы түн» атты шығармасында портты қаланың түрлі тыныс - тіршілігін аса нанымды түрде көрсетеді. Ай сәулесімен шағылысқан аспан мен су бетін бейнелеген қызғылт сары түсті адамға айрықша әсер етеді. Түн самалымен тербелген су толқындары жалт-жұлт етіп жатыр. Су бетіне жүзген кеме, қайықтар көрінісі мұндағы тынымсыз тіршілікті паш етіп тұрғандай Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Ә. Исмайлов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев т. б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынады. Осы суретшілер Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш еттіЖетпіс жыл - кескіндеме мәдениетінің дамуы үшін, әсіресе бұл салада кескіндеме мектебінің қалыптасуы үшін, көп уақыт емес. Алайда, республика көркем өнерінің қазіргі жағдайы ол жерде байсалды әрі жан-жақты пікір айтуға лайықты. Қазақстан бейнелеу өнерінің пейзаж түрінде табиғат көрінісі жанры ерекше орын алады. Қазақстан суретшілерінің табиғат көрінісі жанрында орындалған туындылары еліміздің табиғатын оның жер сұлулығын, табиғи ерекшеліктерін, туған еліміздің көркемдік поэмалық образын жан-жақты бейнелеп жырлайды. Суретшілеріміздің еңбектерінде туған табиғат сұлулығы патриоттық тұрғыда жырланып ұлттық өнерімізге өз үлесін қосып келеді.
Еліміздің табиғат сұлулығы оның тарихи географиялық мазмұны Ш. Уәлиханов бейнелеушілік шығармашылығынан орын алып алғашқы профессионал суретшіміз Ә. Қастеев шығармашылық еңбектерінде жан-жақты дамып өрбу жолын табады. Қазақсан суретшілерінің тундыларында пейзаждық жанр өз бетінше жеке дара өнер саласы ретінде қалыптасқан.
Бейнелеу өнері сабақтарында Қазақстан өнеріндегі табиғат көрінісі жанрының түрлі салаларын үйрету қабылдау сабақтарында жүзеге асады. Жалпы табиғат көрінісі жанры, оның теориялық негіздері А. Федоров., Давыдов, А. А. Дмитриева, О. Сопоцинский, А. Оподовский, В. А. Стасевич, А. А. Виноградова, П. Суздалев ғылыми еңбектерінде көрсетілген. Бұл ғылыми әдебиеттерде осы жанр туралы оның пайда болып даму жолдары, тарихы зерттеліп жазылған. Мұнда табиғат көрінісінің мәні туралы, оның өнер шығармасы ретінде орны сипатталған. Жанр композиициясы оның теорияллық негіздері қарастырылған. Пейзаждық жанрдың Қазақстан өнерімен мәдениетіндегі орны, оның тарихи даму жолын ғылыми тұрғыда А. К Канапин, Л. И. Варшавский, А. Г. Плахотнов, Н. А. Полонская Б. Барманқұлова, И. А. Рыбакова, А. Марченко Г. Сарыкулова, М. Габитова Р. Ергалиева, С. Кумарова зерттеп өз еңбектерін талдап көрсетеді. Бір кездері діні ұйымдардың ықпалы мен үзіліп қалған кескіндеме дәстүрі бірден тез қалпына келіп, жоғары дәрежеге жете қоюы мүмкін емес еді. Бірақ, 30-40 жылдардан бастап Қазақстанның көркем өнері барған сайын біртіндеп қалыптаса берді. Басқа республикалардан, Москва мен Ленинградтан келген суретшілер бұған көп жәрдемін тигізеді. Жалпы жағдайда, әрине, онша еместі, творчестволық күштерде өте бытыраңқы болатын, әйтседе 1933 жылы Қазақсан суретшілер одағының Ұйымдастыруы бюросы құрылды, оған В. Сладков, Ә. Исмаилов, Ф. Болкоев кірді, ал 1940 жылы республика суретшілерінің бірінші съезі өтті.
Қазақстан көркем өнері дамуының екінші кезеңінде 50-60 жылдарда - оның бүкіл совет көркемөнерінің жалпы дамуымен тығыз байланысы нығайды, творчестволық күштері қалыптаса түсті. Бұл кезде республика суретшілерінің творчествосында натураға яки табиғатқа, болмысқа, заттың өзіне көбірек зер салу, соны бейнелеу тән болса, 60 жылдарда - бейнелеу публицистикасына бой ұру, «қатаң стильде» ұлттық тұрғыдан игеру, жаңа кейіпкерді іздеу тән деуіміз керек. Ал 70 жылдардағы көркемөнер - бұл жаңа, анағұрлым күрделі кезең. Бұл кезеңнің ерекшелігі дараланған трактовкалардың (өзінше бейнелеудің) мәнерлер мен стильдердің, заманымыздың көкейкесті проблемаларын әр қилы шешетін жарқын творчестволық тұлғалардың өте көптігінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz