Палуандардың дене тәрбиесідегі әдістері


Омиркулов Жанболат Байболатович
Палуандарды тестілеудің мазмұны және әдістері
Содержание и методы тестирования борцов
The content and methods of testing fighters
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
1. ПАЛУАНДАРДЫ ТЕСТІЛЕУДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1. 1. Палуандардың дене тәрбиесідегі әдістері.
1. 2. Оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері.
1. 3. Орта сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
1. 4. Жоғарғы сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
1. 5. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.
2. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАҒЫ СЕКІРУДІ ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2. 1. Секіруді үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
2. 2. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы - жүгіру.
2. 3. Сыныптан тыс дене шынықтыру
3. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3. 1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
3. 2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
3. 3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы.
3. 4. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу.
4. ҚОРЫТЫНДЫ.
5. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КIРIСПЕ
Жер жүзіне палуандықпен атын жайған . . . қазақтың Қажымұқаннан басқа кімі бар?
Күллі қазақ «күш атасы» ретінде қадір тұтқан Қажымұқан - ғибратты ғұмыр кешкен сан қырлы тұлға. 15 жасынан топқа түскен Қажекеңнің жасы 70-ке келгенше күресті тастамауының өзі - оның жаратылысы бөлек саңлақ спортшы екендігінің айғағы. Бір айта кетерлігі, 11-атасы Қарақыпшақ Қобыланды болып келетін Қажымұқанның дара бітімі бала жасынан-ақ байқалған.
Өзі құралпылас балалармен ойнап жүргенде әлдекімге жазатайым қолы тиіп кетсе, оңдырмайды екен. Соған байланысты шағым айтып келген адамдарға әжесі Айсары: «Өгізге мініп ойнап жүреді де, ол зорығып жатып қалса, лақтай көтеріп, иығына салып, үйге әкеледі. Өгіз көтеріп ойнайтын бала менің ұрғанымды елең қыла ма?» - дейтін көрінеді. Толағайлық күш-қуат тумысынан дарыған Қажымұқан осылайша бала күнінен ерекшеленіп, 12-13 жасында 20-дағы жігіттің кейпіне енеді. Жоқшылық салдарынан еңбекке ерте араласуға мәжбүр болған ол Қызылжарда Масликов деген саудагерге жалданып, соның жұмысын істейді: малын бағады, шөбін шабады, жүгін тасиды. Бірде қыстыгүні шанамен шөп алып келе жатқанда жеккен аты болдырып, алға аттап баспай, төрт аяқтап тұрып алады. Ыза кернеген шөпші бала қарға көмілген шананы артынан итеріп кеп жібергенде, ортаға жеккен ат шананың астына түсіп өледі.
Оны таудай маяның үстіне тастай салып, екінші атты шананың артына бос байлаған Қажымұқан дәу шананы өзі сүйреп, ауылға жеткізеді. Қабырғасы әлі қатпаған қаршадай ғана баланың жойқын күші маңайдағы үлкен-кішіні түгелдей таң-тамаша қалдырады. Қажымұқан 18 жасында Омбыға келіп, қалалық циркте өтіп жатқан күресті көреді. Сондай кезекті сайыстардың бірінде чемпионаттың күшті палуандарының бірі А. Злобин: «Көрермендер арасында күрескісі келетін адам бар ма?» - деп сұрайды. Ортаға Қажымұқан шығады. 18 минутқа созылған белдесуде орыстың кәсіпқой палуаны жасөспірім баланы әрең жеңеді.
Осы белдесуден соң-ақ Қажымұқанның спорттағы үлкен жолы басталады. А. Злобин оған күрес мектебінде оқуға кеңес береді.
Оның ақылын құп алған Мұқан Петербургте «Ваня аға» деген атпен жұртшылық құрметіне бөленген И. Лебедевтің тәрбиесінде болып, француз күресі мен цирк өнерін ынты-шынтысымен беріле үйренеді, жалықпай жаттығады. Содан алты айдан кейін Одессаға барып, Ветлижинскийдің жекеменшік мектебіне түсіп, Еуропа мен Американың күрес түрлерін үйренеді. Күрес тәсілдерін жете меңгеріп, өз мүмкіндігін іштей шамалаған Қажымұқан тұңғыш рет Киевте күреске түсіп, Иван Заикин секілді екі-үш айтулы спортшыны жеңеді. Алайда орыстың атақты палуаны Иван Поддубныйдан ұтылып қалады.
Онымен артынша қайта белдесіп, жеңіске жетеді. Бірақ шешуші белдесуде Поддубный басымдау түседі де, Қажымұқан жүлделі екінші орынды иеленеді. Поддубныймен өмірлік достығы осы сәттен басталған Қажымұқан ол туралы: «Ондай адамды жер жүзінен кездестірген емеспін. Адам десең - адам, палуан десең - палуан, арыстан десең - арыстан еді», - деп үнемі айтып өткен деседі.
Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған.
Қазақ күресі - ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т. б. көптеген тәсілдер қолданылды.
1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 ж. республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.
Қазақша күрес балуандары халықаралық аренада тұңғыш рет 1952 ж. Ашғабат қаласында сынға түсті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, ережесі де жиі өзгерістерге ұшырады. Кей жылдары үш, төрт, бес, сегіз, он салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өтіп жүрді.
1998 жылдан еліміздің балуандары үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 60 кг-ға дейінгі балуандар - кіші балуан, 74 кг-ға дейінгілер - орта балуан, 74 кг-нан жоғарылар - бас балуан деп аталады.
Грек-рим күресі, классикалық күрес - қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т. б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты - қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.
Грек-рим күресі 1896 жылғы 1-Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді.
1904 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіліп келеді.
20-ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап күрестің бұл түрі Қазақстанда жедел дами түсті. Қазақ халқынан шыққан Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетов сияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгілі.
Еркін күрес. Мұнда қарсыластарға әр түрлі техникалық тәсілдерді (қарсыласын лақтыру, аударып түсіру, қапсыра ұстау, белден төмен ұстау, т. б. ) кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі.
Еркін күрес 19-ғасырдың аяғында Англияда пайда болған.
1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген.
1951 жылдан дүниежүзілік, 1928 жылдан Еуропа чемпионаттары өткізіледі.
1. ПАЛУАНДАРДЫ ТЕСТІЛЕУДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1. 1. Палуандардың дене тәрбиесідегі әдістері.
Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өткізіліп келеді. Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Сейітжан Әбдікәрімов, Алмас Мұсабеков, т. б. халықаралық аренада халқымызды әлемге танытты. Мәулен Мамыров Атлантада (АҚШ) өткен Олимпиялық ойындарда (1996) және дүниежүзілік чемпионатта (1998) қола жүлдені еншіледі.
Дзю-до (жапонша дзю - жұмсақ, до - жол) . 19-ғасырдың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған.
1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіледі, Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері - кимоно, белбеу және шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. Қазақстанда дзю-до күресі 20-ғасырдың 60-жылдарынан бері дамып келеді. Асхат Жіткеев Пекинде (Қытай) өткен 29-Олимпиялық ойындарда (2008) күміс, дүниежүзілік чемпионатта (2004, Корея) қола жүлдені иеленді. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.
Самбо (орыстың “самозащита без оружия” - қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі) . Күрестің бұл түрін қазақ, грузин, татар, Әзірбайжан, т. б. халықтардың ұлттық күрестерінің айла-тәсілдері негізінде белгілі маман Аркадий Харлампиев (1938) құрған. Спорттық және әскери түрі бар. Әскери самбоның қорғаныс және арнайы деген екі түрі бар. Самбо күресінде балуандар арнайы белдікті шапан киеді, күрес кезінде белдіктен, жеңнен, шапанның кез келген жерінен, сондай-ақ қол мен аяқтан ұстап, әдіс қолдануға болады. Самбода әдіс қолданушы балуан тік тұрып, қарсыласының жауырынын кілемге тигізсе немесе буындарды ауырту әдісін қолданғанда, қарсыласы жеңілгендік белгісін берсе ғана таза жеңіс деп есептеледі.
Самбодан КСРО біріншілігі 1939 жылдан бастап өткізілген. Ал Еуропа чемпионаты 1972 жылдан өткізіледі. Қазақстанда самбо 1953 жылдан бері дамуда, республикалық алғашқы біріншілік 1955 жылы ұйымдастырылды. Самбо күресінен Асхат Шахаров әлемнің үш дүркін чемпионы болса, Қанат Байшолақов, Бауыржан Садықанов, Асқар Шайхиев, Арсен Хатип әлем чемпионы, Айтжан Шаңғараев, А. Мұсабеков Еуропа чемпионы атанды. Әйелдер арасында Сәуле Ғабдоллина, Айсара Керімбекова, Жамал Бозова, т. б. әлем, Азия чемпионы болып, әлем чемпионаттарының жүлдесін алды.
Қажымұқанның күрес өнеріндегі жеңісті жолы одан әрі қарай Париж, Лондон, Варшава, Гамбург, Стамбул, Рим, Прага, Вена, Мадрид, Одесса, Лодзь, Минск, Симферополь, Ялта, Орел, Вильнюс, Ковна, Бағдат, Дамаск топырағында жалғасады және 1905 жылға дейін-ақ палуан әлемнің 24 елінде болып үлгереді. Бірқатар деректерге сүйенсек, күш жағынан алып қарағанда Қажымұқанның теңдесі болмаған. «Оның алапат күшінен қарсылас палуандарының қорыққандығы соншалық, кейбірі тіпті чемпионаттан шығып қалуға мәжбүр болған.
Сол себепті де Қажымұқан көбінесе шын күрестен аласталып, шартты күрестің маңында пайдаланылған. Оған көнбей, шындай бастаған жағдайда «күрестің ережесін бұзды» деп, белдесуге қатысушылар тобынан шығарып отырған» деген де пікірлер бар. Осылайша, Қажымұқанның спорттық өмірбаянында әртүрлі жағдайлар кездеседі. Тіпті кейбір жекпе-жектері халқымыздың ұлы перзенті үшін шын мәніндегі өмір мен өлім айқасына айналған. Мысалы, бұған палуанның Саракики, Георг тәрізді басқа да көптеген қарсыласымен жекпе-жектері дәлел бола алады. Әсілі, жақсының бағасын білу де - зор қасиет.
Осы орайда, мейірбан халқымыз Қажымұқандай біртуар ұлын шексіз махаббатымен мейлінше аялай білген де. Ел-жұртының ыстық ықыласына тәнті болған палуанның Ә. Тәжібаевқа: «Мен Қажымұқан болғалы қазақ думаны қасымнан арылып көрген емес», - дегені бар.
Дегенмен күні кеше ғана күллі Алаш жұрты аялаған Қажымұқанға бүгінгі қауымның қырғи қабақ танытып қоятыны қынжылтады. Мысалы, ол туралы «Қажымұқан әлем чемпионы болмаған, тек халықаралық деңгейде күрескен» деп қызылкеңірдек болатындар да жетіп-артылады.
Бұл ретте олардың Қажымұқанның әлемнің 60-қа жуық елінде күш сынасып, алтын, күміс, қоласын қоса есептегенде, барлығы 48 медальды олжалағанын, сондай-ақ көптеген дүниежүзілік біріншілікке қатысып, «Азия, Африка чемпионы», «Әлем чемпионы» атақтарын бірнеше дүркін жеңіп алғандығын «естен шығарып» алатындары өкінішті. Бірақ ел не десе, о десін, Қажымұқан - әріден айтсақ, шын мәнінде, «Жер жүзінің балуаны», беріден айтсақ, күллі «Қазақ даласының батыры». Енді бірегей тұлға өмірінің былайғы жұртқа беймәлім беттеріне үңіліп көрелік . . .
Туған жері әлі нақтыланған жоқ.
Ресми деректерге жүгінсек, Қажымұқан 1871 жылы 12 тамызда Ақмоладағы Қараөткел дуанына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келген. Алайда палуанды «Оңтүстік Қазақстан топырағының тумасы» ретінде танитындар да бар. Бұған негіз болатын жайт - палуанның атасы Ернақ зиратының Отырар ауданы Шілік ауылындағы ескі қорымда жатқандығы және сол маңайда Ернақтың жайлауы деген жайлаудың болғандығы.
Көнекөз қариялар Ернақтың баласы Мұңайтпастың Ақмола маңына қоныс аударуы ағайын арасындағы араздықтың салдары екендігін айтады. Бұл жөнінде палуанның ұлы Жанәбіл кезінде: «Шіліктегі Ақтөбе дейтін жерде Қызылшекпен деген қыпшақтар ауылы бар, түбіміз сол жақтан шықса керек. Әкеміз бір жасқа толар-толмаста ағайын арасында келіспеушілік туыпты. Мұңайтпас атамыз айтқанынан қайтпайтын бірбеткей адам екен. Ауылдағы ағайынға ренжіп қалған соң, «қыпшақтар тұратын Ақмолаға кетемін» деп жолға шығыпты.
Соңынан 40 жігіт қуып барып, басу айтып: «Өкпеңді қой, елге қайт. Көшті кейін қайтар», - десе: «Жарайды. Бірақ мына Қажымұқанымды жерге бір-ақ ұрып қарбызша жарамын. Сосын қайтамын» - депті. Барған 40 жігіт: «Онда жолың болсын!» - деп бата беріп, кері қайтыпты. Онда барған соң өкімет құжат берген, сөйтіп, сонда туылды деп жазылып кеткен», - деген түсінік беріпті. Алайда Астана маңындағы қыпшақтар палуанның өмір тарихын өздеріне жақын етіп таратады. Қалай болғанда да, Қажымұқанның нақты қайда туғаны жөнінде әлі түпкілікті байлам жасалған жоқ.
«Алаш» партиясына ақша аударған.
Жалшылықты тастап, кәсіби спорт жолына түскен Қажымұқан содан былайғы уақытта көбінесе туған жерінен жырақта жүреді. Қазақтың зиялы азаматтары көп шоғырланған Омбы мен Орынборда жиі болады. Міржақып Дулатовпен танысып, Алашорданың қайраткерлерімен араласады. Бұл ретте мәдениеттанушы Қалиәкпар Әміржанов:
- 1910-1937 жылдар аралығында Қажекеңнің Омбыда тұрақтап қалуы бекер емес. 1917 жылғы төңкерістен кейін қазақ зиялылары егемендік үшін күресуге бел шеше кіріскен.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтардың арасында Қажымұқан да жүрген. Қажымұқан алашордашылар жиналатын жер - Семейге де жиі барып тұрған, - дейді. Кейіннен алашордашылар жаппай қудаланғанда 1929 жылы Қажымұқан да ұсталып, түрмеге түседі. Сөйтіп, Новосибирскіде бес-алты ай жатып шығады.
Одан кейін де қудалау тыйылмағандықтан, тынышы кеткен палуан отбасын тастап, Омбыдан Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан аумағына кетуге мәжбүр болады. Бірақ қай елде қандай жағдайда жүрсе де, Қажымұқан құшақ жая қарсы алып, зор құрмет көрсеткен қарапайым халқын тамашаға кенелтіп, таңғажайып өнерін көрсетуден танбаған.
Сондай-ақ Алашорда қайраткерлерінен де ешқашан қол үзбеген. Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың пікірінше, «Қажымұқан өзге елдерде жүрсе де, қазақтың зиялылары құрған «Алаш» партиясына бірнеше рет ақша аударған». Ұлт зиялыларының барлығы «халық жауы» атанып, жазалана бастаған уақытта палуан елден жырақта, негізінен шет мемлекеттерде жүргендіктен ғана аман қалған болуы мүмкін. Бір анығы, өмірінің сол бір кезеңі туралы Қажымұқан тірі кезінде ешкімге тіс жарып, ештеңе айтпаған . . .
Сенген адамына шық жуытпаған
Аты аңызға айналғаны соншалық, бүгінгі ұрпаққа ертегі батырындай болып елестейтін Қажымұқан бабамыздың сырт бейнесі де ерекше болғанға ұқсайды. Бұл ретте Қажекеңді спорт журналисі И. Д. Булгаков: «Ол Геркулес десе, дегендей екен. Бір қарағанда, ол адамнан гөрі, шойыннан құйған сом тұлғаға ұқсайтын сияқты, бойы ұзын және қанжырдай тартылған. Бұлт-бұлт ойнаған бұлшық еттері бір керемет!» - деп сипаттаса, жазушы Дихан Әбілев: «Жартас кеудесі жалғанның жартысындай, бұлшықты білектері дөңбектей, бура сан, піл сирақ денесіне лайық құж-құж құлақтары, жырым-жырым еріндері жартасқа түнеген қара бұлттай қалың қабағының астында жанған ошақтай қос жанарлы ұясы үлкен екі көзі, соқтала біткен сом бітімді мұрны - бәрі-бәрі ертегіден естіген дәулеріміз тәрізді қияпат береді», - деп суреттейді. Осыған қарап, жұртшылықтың Қажымұқанды тек қана «қара күш иесі» деп ойлайтыны рас. Шындығында, Қажекең ақындығы, әншілігі, сөзге ұсталығы бір басына жетіп-артылатын сан қырлы тұлға болыпты. Мәселен, Қажымұқан өмірін зерттеушілердің бірі, әдебиетші-ғалым Ә. Қоңыратбаев: «Қазақтың қара сөзіне, ұтымды әзіліне Қажекеңнен ұста адамды сирек кездестірдім. Мақал-мәтелдерді, ел аузындағы шешендік сөздерді араластырып, орынды қолданатын. Әзіл үстінде біреуді сөзбен ұтып кетуге де ұста», - дейді. Сонымен бірге ол өте қазақы, мейлінше табиғи адам болған. Біреуге сеніп қалса, оған шық жуытпаған, ал өтірігін бір байқаған адамға ешқашан қайтып сенбеген. Батырларға тән аңғалдығы да басым Қажекең көңілді отырған кезінде жастық шағынан естелік айтып, қызықты әңгімелерімен айналасын серпілтіп отырған. Және ол кісінің құлаққа жағымды қоңыр даусы болған және көбінесе домбырасын қолына алып, ғашықтық әндерін, әсіресе Балуан Шолақтың «Ғалия», Біржан салдың «Жонып алды», Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әндерін айтқан. Осы орайда, Қажымұқан жайлы еңбек жазғандардың бірі, белгілі жазушы Сәуірбек Бақбергенов: «Оның қолынан Қаратаудың үшқатынан жасаған кішкене сұр домбыра түспейтін. Күй емес, қоңырлата әдемі саз тартатын. Кейде оған қосылып, үңгірден шыққан дауыстай, күмбірлеген қоңыр үнмен ән салатын», - деп жазған.
«Қажымұқан әкем еді» деушілер көп болған
Қажымұқан ең алғаш рет 36 жасында үйленіпті. Алғашқы әйелі - өзі шын ұнатып қосылған және мұсылманша некесін қиып, «Бәтима» деп ат берген Надежда Чепковская. Палуанның бұл әйелден көрген баласы - Халиолла. Ал екінші әйелі - Ырыстыдан София, Рәшида, Әзия атты үш қызы болған. Үшінші әйелі - әмеңгерлікпен үйленген Мінәйімнен ұлы Айдархан туылады. Соңғы рет үйленгенде палуанның жасы - 75-те, ал әйелі Бибіжан 32 жаста болған көрінеді.
Бибіжаннан Жанәбіл атты ұл сүйген. Бұлар - палуан әйелдерінің жалпы жұртшылыққа белгілісі ғана. Негізі, бірқатар әңгімелерде Қажымұқанның көп әйел алғандығы айтылады. Мысалы, сондай әйелдерінің бірі ноғай қызы болған көрінеді және одан палуанның Мұхтар атты ұлы болса керек. Сол сияқты «Қажымұқан орыстан да, башқұрттан да, тіпті француздан да әйел алған» деген әңгіме бар. Бұлай дейтініміз, әр жылдарда палуанды «әкем еді . . . » деп әлемнің әр түкпірінен арнайы іздеп келгендер кейінгі жылдарға дейін толастамаған көрінеді. Мысалы, 1960 жылы Николаев деген палуан өзін «Қажымұқанның баласымын» деп жариялаған.
Сол сияқты Қажымұрат деген біреу «Қажымұқан әкем еді» деп, 1970 жылдары Башқұртстаннан келіпті. Ал «Караван» газетінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі нөмірінде жарияланған мақалада Қажымұқанның немересі Шаттық Айдарханұлы 1996 жылы атасының Франциядағы «балаларынан» шақырту алғандықтарын, бірақ әкесі Айдарханның «буржуйларға барудан үзілді-кесілді бас тартқандығын» айтады.
Мұндай жағдайлар өте көп болған. Мүмкін, оның барлығы бірдей шындыққа жанаспайтын да шығар. Өз атын шығару үшін әркімнің Қажымұқан есімін пайдалануға тырысуы да мүмкін ғой. Ал енді «Қажымұқан неге көп әйел алған» десек, бұл жақсыдан ұрпақ алып қалуға тырысқан баяғы дәстүрдің көрінісі болуы мүмкін. Екінші жағынан, алты құрлыққа есімі аян Қажымұқандай атақты тұлғаға көрсеткен құрметі есебінде әрі онымен туыстық байланыс орнату мақсатында да жұртшылық түрлі әрекеттерге барған сыңайлы.
Үлкен қарны жіптіктей болып жиырылатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz