Картоп түйнектерінің пішіні



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған мәндер және белгілер
Кіріспе
1. Ғылыми зерттеу бөлімі
1.1.Аналитикалық шолу
1.1.1. Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы
1.1.2. Дақылдың таралуы және ботаникалық сипаттамасы
1.1.3. Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
1.1.4. Картоптың бастапқы тұқым шаруашылығының қазіргі жағдайлары
1.1.5. Биотехнологиялық негізде тұқым шаруашылығын жүргізу
1.1.6. Өсімдікті клондық микрокөбейту артықшылықтары
1.1.7. Жасушаларды және ұлпаларды өсіруге қажетті қоректік орта
1.2. Зерттеуді қою мақсаты
1.3 Тәжірибелік бөлім
1.3.1 Зерттеуді жүргізу әдістемесі
1.3.2 Бастапқы затқа (шикізат) және дайын өнімге сипаттама
1.3.3 Анализдеу әдісін таңдау
1.3.4 Зерттеудің нәтижелері және оны талдау
1.3.4.1. Дедиффереңциялану және каллустың түзілуі
1.3.4.2. Картоп сортына байланысты морфогенез, ризогенез және регенерация
процестерінің жүруі
1.3.4.3. Меристемалық өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасы және олардың
әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеруі
1.3.4.4. Биологиялық белсенді заттардың меристемалық картоптың өсуі мен
дамуына әсері
1.3.4.5. Өсуді реттегіштердің меристемалық картоптан отырғызатын
материалдың шығымына әсері
1.3.5 Технологиялық бөлімге арналған ұсыныстар мен қорытындылар
2. Технологиялық бөлім
2.1 Технологиялық сызба нұсқасын және режимін негіздеу және таңдау
2.2 Таңдалған технологиялық сызба нұсқаның түсіндірме жазбасы
2.3 Негізгі және көмекші құрал жабдықты таңдау
2.4 Технологиялық есептер
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
4. Қоршаған ортаны қолдау
5. Экономикалық бөлім
6. Бизнес жоспар
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Қысқартылған мәндер

Қ.О - қоректік орта
Б.Т – биотехнология
Э.Т - элиталы тұқым
В.К - вируссыз картоп
Ө.Р - өсуді реттегіштер
О.З - органикалық заттар
А.М - апикальды меристема
Т.Ш - тұқым шаруашылығы
М.Ө - меристемалық өсімдік
К.Ш - картоп шаруашылығы
С.М - сауықтырылған материал
К.М - клональды микрокөбейту
М.К - микроклональды көбейту
Ө.М. - өндірісті мехникаландыру
Ғ.З.И - ғылыми зерттеу институты
М.С.О - Мурасиге - Скуга ортасы
Б.Б.З - биологиялық белсенді заттар
М.Ш.К - мүмкіндік шекті концентрация
В.Т.Ш - вируссыз тұқым шаруашылығы
К.П.Ө - картоптың пробиркалық өсімдігі
М.А.Е - макротұздардың аналық ерітіндісі
Е.Қ.Б.Ж - еңбекті қорғауды басқару жүйесі

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі кезде биотехнология ғылыми – техникалық
үрдістердің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Биология және
техника ғылымдары, генетикалық және ұлпалық инженерия салаларының
жетістіктері негізінде адамзат өмірінің деңгейін айтарлықтай жоғарылатуда
тірі ағзалардың барлық мүмкіншіліктерін пайдалануға болады.
Биотехнологиялық өнімдерді өндіру арқылы өндірістік – технологиялық,
экологиялық және әлеуметтік – экономикалық өзекті мәселелерді жақын
аралықтарда және стратегиялық жоспарлар құру арқылы шешіледі.
Әрбір елдер, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшінде ұлт саулығын,
экономиканың тұрақтылығын және қорғаныс қабілеттілігін арттыру өте маңызды,
әрі күрделі мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде биотехнологияға басты
назар аударылуы тиіс. Әсіресе, биотехнология ауыл шаруашылығы өндірісіне
кеңінен қолдануға бағытталу қажет. Өйткені, біздің еліміздің стратегиялық
мақсаттарында халық шаруашылығы осы салаға көп көңіл бөледі [1].
Тұқым шаруашылығында биотехнология жетістіктерін пайдалану арқылы
дақыл сорттарын сауықтыру және олардың сыртқы орта ықпалдарына төзімді
(ыстыққа , суыққа, топырақ ортасына және тағы басқа) жаңа сорттарын алу
Қазақстан Республикасында 1995 жылдардан бері қолға алынып келеді. Өйткені,
тұқым шаруашылығында биотехнологияны қолданып, дақыл өнімділігін 15-30
пайызға дейін жоғарылатуға болады [2].
Оңтүстік Қазақстан жалпы картоп дақылының өсіп-дамуы үшін қолайсыз
болып табылады. Механикалық құрамы орташа саздақты болатын сұр топырақтар,
түйнек түзу кезеңіндегі тым жоғары температура және ылғалдың жетіспеушілігі
картоп өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады [3].
Картоп өнімділігін көтеру үшін әртүрлі табиғи ортаға тиісті
агротехникалық шаралар жүйесін оңтайлы жүргізгенде ғана нақты жетістіктерге
жетуге болады. Бұл шаралар жүйесінің бірі нақты табиғи ортаға бейімделген
негізгі аурулуаға және зиянкестерге төзімді, жоғары сапалы және өнімділігі
мол сорттарды пайдалану, сонымен қатар отырғызу үшін жоғары сапалы сау
тұқымдық материалдарды қолдану керек.
Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында картоп шаруашылығын
дамытудағы алғашқы міндеттердің бірі оның тұқым шаруашылығын дұрыс
ұйымдастыру болып табылады. Картоптың өнімділігінің деңгейі отырғызатын
тұқымдық материалдың сапасына тікелей байланысты болғандықтан, дақылдың
тұқым шаруашылығын тиісті жағдайға келтіру бүгінгі күннің басты өзекті
мәселесі болып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи-климаттық жағдайлары жоғары
температуралық ықпалдармен сипатталатындықтан картоптың тұқым шаруашылығын
жүргізу және элиталық тұқымдық материал өндіру кәдімгі клондық таңдап алу
тәсілімен оң нәтиже бермей отыр. Ыстық ауа-райы жағдайында вирус ауруының
аз ғана мөлшері дақылдың өнімділігі мен сапасына айтарлықтай кері әсер
етеді.
Аталған өзекті мәселені шешу үшін биотехнологиялық тәсілдерді қолдана
отырып вируссыз негіздегі картоптың элиталық тұқымдық материалын өндіруді
жолға қою қажет болып отыр. Бұл тәсіл арқылы элита алудың мерзімін үш-төрт
жылға дейін қысқартуға және жоғары репродукциялы тұқымдық материалдармен
тауарлық егіс алқаптарын қамтамасыз етуге болады [4].
Қазақстанның ыстық климаттық жағдайларын ескере отырып, картоптың
бастапқы сауықтырылған тұқымдық материалын алуда және картоп өндіретін
шаруашылықтарды жоғары сапалы тұқымдық материалдармен қамтамасыз ету үшін
биотехнологиялық тәсілдерді қолдана отырып вируссыз негізде жүргізіп,
ондағы басты назар микроклонды көбейту технологиясы мен жасушаларды және
ұлпаларды өсіруде қолданылатын қоректік ортаның міндетті компоненттерінің
бірі болып табылатын өсімдіктердің өсуін реттеуіштерін оңтайландыру қажет.
Жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан жағдайында картоптың алғашқы
тұқым шаруашылығын енгізіу үшін қажетті сауықтырылған бастапқы материалды
алуда қолданылатын микроклональді көбейту технологиясын жетілдіру.
Ғылыми жаңалығы - биотехнологиялық жетістіктерді қолдана отырып
вируссыз негізде картоптың бастапқы материалын алуда алғаш рет отандық
табиғи негізде алынған биологиялық белсенді заттар қоректік орта
компоненттері ретінде зерттелді.
Қорғауға шығарылатын негізгі мәселелері:
- Өсімдік сортына байланысты каллустың түзілу мерзімі, сонымен бірге
морфогенез, ризогенез және регенерация процестерінің жүруі
- Биологиялық белсенді заттардың картоптың пробиркалық өсімдігінің
өсуіне және дамуына әсері.
- Картоп сорты мен биологиялық активті заттарға байланысты пробиркалық
өсімдіктердің морфологиялық параметрлеріне әсері
Жұмыстың мақала ретінде журналдарға жариялау және жарық көруі
Жұмыстың құрлысы мен көлемі

1. Ғылыми зерттеу бөлімі

1.1 Аналитикалық шолу

1. Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы

Картоп өте маңызды ауылшаруашылық дақылы. Картоп түйнегі, ең
алдымен кеңінен әр түрлі тағамдарға пайдаланылады. Бір килограмм түйнек
840 калорияға дейін береді және адамның бір күндік рационында айтарлықтай
орын алады.Картоп түйнегінде 22-25 % құрғақ зат, оның ішінде 80-85 %
крахмал және 3 %-ға дейін белокты заттар болады [8]. Картоп ақуызы өзінің
биологиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар ақуызынан анағұрлым жоғары
бағаланады, өйткені оның құрамында және жануарлар организімдерінде
синтезделмейтін амин қышқылдары (ванилин, лизин, трифтофан, лейцин т. б.)
көп.
Картоп түйнегі адам организмінің қалыпты қызметіне өте қажетті
көптеген бағалы витаминдер (С, В, А, Р, К) мен минералдық тұздардың маңызды
көзі. Түйнегінде 20 %-ға дейін крахмал, 2 %-зға дейін ақуыз, әр түрлі
витаминдер С (42 мг%), В1 (0,110 мг %), В2 (0,051 мг %), В6 (0,190 мг%), РР
(1,220 мг %), фоли қышқылы каротин (56 мг %), май (0,15 %) болады. Сонымен
қатар пектинді заттар, жасунық, стериндер, органикалық қышқылдар (лимон,
қымыздық, алма және тағы басқалар) кездеседі, минералды тұздардан калий
(523мг %), фосфор ( 58 мг %), магний (32 мг %) сондай-ақ, микроэлементтер
темір, марганец, никель, кобальт, йод, кальций кездеседі [5]. Көрсетілген
маңызды заттарының болуына байланысты картопты халық медицинасында зат
алмасу, тыныс алу, көз, жүрек, бүйрек ауруларын емдеуде қолданылады.
Картоптың жас өскіндерінің микробтарға қарсы әрекеті анықталған. Картоп
крахмалы өт қышқылдарының белсенділігін арттырады, ол өз кезегінде ішек
бактерияларының жұмысын жақсартады. Шет елдік ғаламдардың картоп түйнегінен
алған ингибин препараты казіргі таңда асқазан жарасын, күйікті емдеуде
кеңінен пайдалануда.
Картопты көптеген халық шаруашылық өндірістерінде кеңінен қолданады.
Мысалы, 1 т картоптан 112 л спирт, 55 кг көмірқышқылы, 17 кг крахмал, 80 кг
глюкоза және де тағы басқа заттар алуға болады [7].
Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін мал азықтық дақыл
ретінде жоғары бағаланады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және
1,6 кг қорытылатын (сіңімді) протеин бар. Картоп көптеген ауылшаруашылық
дақылдарына жақсы алғы дақыл, тыңайтқыш пен мелиорацияға қайтарымы мол.
Жоғары агротехника жағдайында бір орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл
ретінде өсіруге болады. Сонымен қатар, картоп - бір өлшем жерде жоғары өнім
құрайтын потенциалды мүмікіндігі бар өнімді далалық дақылдардың бірі.
Қазіргі уақытта Республикамыздағы барлық картоп егістігінің жалпы көлемі
212 мың га құрайды. Қартоптың орташа өнімі соңғы жылдары облыстар бойынша
76-118 цга аралығында өзгерді, мұның өзі өсірудің агротехникалық
шараларының бұзылуынан және тұқым шаруашылығының жолға қойылмағандығынан
деп қарау қажет. Биологиялық ерекшеліктерін еске отырып картоптың өсіру
технологиясының негізгі шараларын дұрыс іске асырғанда және ғылыми
жетістіктер мен озық тәжірибені өндіріске енгізгенде картоп өнімін
суармасыз жерлерде 140-180 цга, ал суармалы жерлерде 250-300 дга дейін
жеткізуге болады [8].

1.1.2. Дақылдың таралуы және ботаникалық сипаттамасы

Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Sоlanum
tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын
көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық
өсімдік түрінде өсіріледі. Оны вегатативті түрде (түйнек, көзше және
бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп
негізінен түйнегімен-қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрімен
көбейтіледі. Тұқымымен көбейтілгенде картопқа кіндік тамыр мен жалғыз
сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда
болады. Қартоп бұтасы бірнеше сабақтардан құралады [10].
Картопты түйнегімен көбейткенде тамыр жүйесі шашақты болады. Ол
жекелеген сабақтардың тамыр жиынтығы деп есептеледі әрі бірінші және столон
маңы тамырларынан тұрады. Тұқымымен көбейтілгенде кіндік тамыр жүйесін
қалыптастырады.
Түйнектерімен көбейтілгенде биіктігі 180-200 см жететін бірнеше қырлы
сабақтардан тұратын бұта түзеді. Бұтадағы сабақ саны түйнектерде өскен
көзшелер санына, түйнектің мөлшері мен өсіру тәсілдеріне тәуелді. Картоптың
жапырақтары күрделі, үзік-дара қауырсынды - қиықты, бірнеше жұп бүйір
бөліктері мен бөлекшелерден тұрады, сабақ бойында бұрандалы орналасқан [9].

1 сурет - Картоп өсімдігінің тұқымнан дамуы

Гүлдері қос жынысты, бестік типте, күрделі шиыршық гүл шоғырына
жиналған. Әрбір гүл тозаңдарымен бес аталықтан және бағана ұзындығы әртүрлі
аналықтан тұрады, түстері жасыл-сарғыштан күрең қызылға дейін. Картоптың
барлық сорттары гүл түзе бермейді.
Жемісі – шырынды жидек, көптеген тұқымдардан тұрады. Тұқымдары ұсақ
жаншылған, ақ-сұр және сарғыш түсті, 1000 санының массасы 0,3-0,5г.
Түйнек - түр өзгерісіне ұшыраған жер асты сабағы болып табылады,
пішіні мен түсі әртүрлі. Түйнектің бетінде бұрандалы тәртіппен орналасқан
көзшелер (түр өзгерісіне ұшыраған жапырақтар) болады, олар тыныштық
күйіндегі 2-3 бүршіктен құралған.

1- домалақ, 2- сопақ, 3- ұзынша

2 сурет - Картоп түйнектерінің пішіні

Түйнектің столонға бекіген жерін кіндік, ал оған қарама-қарсы жағын
төбесі деп атайды. Сортына қарай картоп түйнегі домалақ, сопақ, ұзынша-
сопақ болуы мүмкін. Сыртқы түсі бойынша түйнектер ақ, сары, қызыл, қызғылт,
қызғылт-күлгін болады, ал жұмсағының түсі - ақ, сарғыш, сары, күлгін.
Түйнектің анатомиялық құрылысы сабаққа ұқсас: оның ұзындық қимасында
түтікті сақина шоғын көруге болады, ол түйнек бетіне таяу көзшелерге қарай
орналасқан, түйнектің орта бөлігі барынша ылғалды өзекпен толтырылған, ол
негізінен крахмал жасушаларынан тұрады; түйнектің сырты эпидермис түзетін
перидерма қабатынан тұрады [13].
Шаруашылық бағыты мен пайдалануына қарай картоп сорттары асханалық,
техникалық, мал-азықтық және әмбебап топтарға бөлінеді. Өсіп-жетілу
кезеңінің ұзақтығына байланысты ерте пісетін (70-80 тәулік), ортадан ерте
(80-90), орташа мерзімде (90-100), ортадан кеш (100-120) және кеш пісетін
(120 тәуліктен артық) картоп сорттары ажыратылады [18].

1.1.2 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері

Картоп түйнегінің маңызды биологиялық қасиеті - тыныштық күйі
кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұкымдық материалды келесі өніміне зиян
келтірмей күзгі - қысқа кезеңде сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күнінің
ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Қысқы сақтау
режімін дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы өспей жақсы сақталады.
Мәдени сортты картоп қоңыржай климаттың өсімдігі және тұрақты мол
өнім температурасы айтарлықтай жоғары емес орта ендік аудандарында алынады.
Тағы бір айта кететін жайт, картоп жоғары иілімді (пластикалы) және өсіру
технологиясын дұрыс қолданғанда онда қолайлы емес табиғи жағдайларда жақсы
өнім қалыптастыра алады. Тыныштық күйден өткен түйнектер топыраққа
отырғызғаннан кейін +3-5С температурада өне бастайды. Бірақ бұл
температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер
саңырауқұлақ ауруларымен жедел залалданады. Температура -4-7 - 8° дейін
көтерілгенде түйнектердің қалып өнуі байқалады. Әрі карай температура
жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта
кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура
4-16 - 18° деп есептеледі [25].
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°.
Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17-22° температурада
байқалады. +25°-тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция
процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік
массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен
температураға да өте сезімтал. -1-1,5° суықтықта және ауаның жоғары
салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып кетеді және өліп қалады. Картоп
түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл
кезеңдегі топырақ температурасы +16-18°, немесе +22-25° ауа температурасына
сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы + 6°-тан
төмен және + 23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +
26~29°-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды.
Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура
жиынтығы ( + 10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін
сорт үшін 1400-1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600-1800° ортадан
кештеу және кеш пісетін сорт үшін - 1800-2000°. Бұл көрсеткіш Солтүстік
Қазақстанда 1800-2200° аралығында, ал негізінен 1600 °-ден 2600°-қа дейін
өзгереді [16]. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар
қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа
мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.
Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өнуі мен
өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен
қанағаттандырылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ-жапырақтар
қалыптасуының алғашқы кезеңінде өсімдіктің ылғалға қажетсінуі шамалы,
өйткені жапырақтардың буландыру беті үлкен емес және осы кезеңде олар
куаңшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өсе келе ылғалға қажетсінуі арта
түседі, барынша қажетсіну жаппай қауыздану-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді,
бұл кезде олардың, жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік
қызметі жоғары. Бұл кезеңде түйнектер пайда бола бастайды, сондықтан
ылғалмен үздіксіз түрде қамтамасыз ету жоғары өнім алудың басты шарттарының
бірі бұл кезеңдегі судың жетімсіздігі тургордың төмендеуі мен жапырақтың
солып қалуына әкеліп соғады, ал мұның өзі фотосинтезге теріс әсерін
тигізеді, өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді. Тамырлардың негізгі
массасы тараған алаңда осы топырақтың ылғалдылығын ТДЫ 70-80% дәрежесінде
ұстағанда өнімнің қорлануына ең колайлы жағдайлар жасалады.
Өсіп-өну соңында, сабақ пен жапырақтың солып, түйнектің өсуі
темендегенде алғашқы кезеңдерге қарағанда картоптың ылғалға қажетсінуі
кемиді. Өсіп-өну кезеңінің соңына қарай қалыптасқан жылы әрі құрғақ ауа-
райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі калың қабықтың пайда
болуына мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде өнімді жинаған кезде түйнектер
аз жарақаттанады да қыста жақсы сақталады. Керісінше, жауын-шашынды ауа
райы түйнектердің пісуін кешеуілдетеді, оларда жұқа, әлсіз қабық түзіледі,
жинаған кезде олар жеңіл жарақаттанады және нашар сақталады [18].
Топырақтағы ылғалдың тым артық мөлшері, оның жетімсіздігі сияқты
картоп өніміне теріс әсерін тигізеді: түйнектер сылбыр өседі, олардағы
крахмал мөлшері азаяды, бактериялық және саңырауқұлақ ауруларымен залалдану
артады.
Картоптың транспирация коэффициенті метеорология жағдайларына, сорттың
ерекшеліктеріне және өсіру әдістеріне байлынысты картоптың транспирациялық
коэффициенті 330-700 өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп
түйнегін алу үшін 150 л су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ құнарлығы
мен механикалық кұрамына байланысты өзгереді: құнарлы саздақ топырақ 85-100
л, құнарсыз, құмдак топырақта 160-200 л дейін көтеріледі [26].
Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп сорттарының, көпшілігінде
интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің аяғы, тамыздың бас кезінде болады,
бұл жазғы ылғалдың мол түсетін кезіне сәйкес келеді де, өнімнің
қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа-райы
қалыптасса (куаңшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысылып өседі, әрі
жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді. Климаттың мұндай
теріс құбылыстары аймақтың оңтүстік бөлігінде, суарылмайтын жерлерде
өсірілетін картопқа қатты әсер етеді.
Картоп-жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып
кетеді, жапырақтар сарғаяды, бүршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты
төмендейді. Сондықтан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтаның
жан-жақты жарықталуын қамтамсыз ету қажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы
жағдайда өтуіне мүмкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін таңдап алу
сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен қамтамсыз етілуі мен
топырақ құнарлығына байланысты.
Нақты жағдайда бір гектарда 40-50 мың м2 жапырақ беті ауданын түзетін
картоп жиілігі ең колайлы деп есептеледі. Картоптың көптеген сорттары сабақ-
жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына
жатады.
Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына,
оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап кояды, органикалық және
минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы
өнім береді. Картоптық тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы
ауа режимі тығыздығы 0,9-1,1 гсм3 қара және қоңыр топырақта жасалды [20].
Қатты тығыздалған, әсіресе сортандау - сазды топырақта өсімдік көгі
кешігіп (5-7 күн) шығады, өсімдіктердің өсуі тежеледі, тамыр жүйесі нашар
дамиды, топырақтың беткі қабатында шоғырланады да, тез өліп калады. Ауыр
сазды топырақтардың тығыздығы 1,3-1,4 гсм3 жеткенде түйнектер киқы-жиқы
пішінде түзіледі, азықтық және тұқымдық сапасын жоғалтады әрі нашар
сақталады. Мұның бәрін Қазақстан жағдайында көп тараған механикалық құрамы
ауыр топырақта және суармалы жерлерде қатты ескерген жөн, себебі олар
жаздың екінші жартысына қарай өте тығыздалып қалады.
Картопты қолайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы
және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің
аяғында байқалады. Қалыпты өсіп-өну кезеңінде түйнектің пайда болуы әсіресе
аймақтың солтүстік бөлігінде, айтарлықтай агрометеорологиялық қолайлы
жағдайларда өтеді.
Қазақстан жағдайында көптеген картоп сорттары түйнектерінің ең
қарқынды өсуі тамыз айына сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60-80
пайыз, ал кейбір жылдары 93-95 пайызға дейін жетеді. Ортадан кештеу пісетін
сорттарда тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өсіп-өнуді
тоқтатып тастамаса, өнімге айтарлықтай салмақ қосылады [25].

1.1.3 Картоптың бастапқы тұқым шаруашылығының қазіргі жағдайы

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда және сапасын
жоғарылатуда жоғары түсімді сорттар мен будандарды енгізудің маңызы зор.
Сорт - өндірістің басты және шешуші факторы болып табылады, осы жағдайда
сапалы тұқым өсіруге және одан мол, жоғары өнім жинауға мүмкіндік туғызады.
Сондықтан тұқым шаруашылығы - ауылшаруашылық ғылымының және өндірісінің
негізгі саласы бола отырып, оның басты міндеті - шаруашылықтарды жоғары
сапалы тұқымдық материалдармен қамтамасыз ету саналады.
Жаңа жоғары өнімді сорттарды көбейту және жылдам өндіріске енгізу (2
-4 жыл аралығында) - өнімділікті жоғарылатудың ең арзан және тиімді құралы
болып табылады. Бірақ шаруашылық жағдайында өсірілетін сорттар уақыттың
өтуіне байланысты өзінің сорттық сапасын және өнімділігін, қасиеттерін
төмендетуі мүмкін. Осы тұрғыда, тұқым шаруашылық жүйесі тұқымды мерзімінде
алмастыруды қажет етеді, Яғни сорт жаңарту шараларын қолдану қажет. Жоғары
сапалы элита тұқымдарын өсіруде тұқым шаруашылығы жүйесінде әр түрлі
тәсілдер қолданылады. Мұндай жағдайда, элита өндірісінің дұрыс сызбасын
жасаудың үлкен маңызы бар [28].
Элита тұқымдарын өсіру тұқым шаруашылығының алғашқы буындарынан
басталады, онда ұрпақ сортқа тән кешенді маңызды белгілермен және
қасиеттермен бағаланады, жақсы ұрпақ іріктеліп алынып, ал нашары алынып
қалады, сол арқылы барлық белгілерінің сақталуы қамтамасыз етіледі.
Сортты алғашқы жағдайда ұстау оның оригинаторы - ғылыми- зерттеу
мекемесінің құзырында, яғни көбею питомнигінде тұқымды басқа мекемелерге
жүйелеп тарату жатады, ал мекемелер сорттарды көбейтумен айналысады.
Көптеген туындыгерлердің негіздеуі бойынша картоптың репродукциясы
артқан сайын, оның өнімділігі төмендей береді. Ғалымдардың Чагиров Б.Ч.,
Бубенцов С.Т., Бобров Л.Г., Нұрғалиев А.Н., зерттеулері бойынша Қазақстанда
картоп өнімінің төмендеуінің негізгі себебі, вирус ауруларының кері
әсерінен болып отыр. Мысалы, жапырақтардың жиырылу ауруы (вирус L), жолақ
мозайка (вирус У), әжімді мозайка (вирус У, X, S), кейбір жылдары картоп
өнімділігін 40-60 пайызға дейін төмендетіп жібереді. Сондықтан да белгілі
бір жүйе бойынша картоп тұқымын элита тұқымына ауыстырып отыру қажет.
Қазіргі таңда Қазақстанның көптеген қартоп өндіретін
шаруашылықтарында элита өндіру клондық таңдау тәсілімен жүргізілуде. Бұл
тәсіл негізінде сорттың ерекшеліктері мен қасиеттерін кешенді түрде
өсімдіктің нақты жағдайына байланысты іріктеп алады. Клондық таңдап алу
тәсілімен өндірілетін картоптың элитасы бес тізбекті сызбадан тұрады: 1)
таңдап алу питомнигі; 2) 1-ші жылғы клондарды зерттеу питомнигі; 3) 2-ші
жылғы клондарды зерттеу питомнигі; 4) Супер – супер-элита; 5) Супер-элита;
6) Элита.
Клондарды таңдап алу бойынша жүргізілетін бастапқы тұқым
шаруашылығының жүйесі қазіргі таңдағы өндірілетін элитаның 60-65 пайызын
құрайды және бұл тәсілмен өндірілген тұқымдардың орташа өнімділігі 112 цга
құрайды [36].
Клондарды таңдап алу тәсілімен қатар Қазақстанда қазіргі таңда
биотехнологияның жетістіктерін пайдаланып картоптың вируссыз тұқымын өндіру
кеңінен етек жайып отыр. Биотехнологиялық негізде тұқым өндіру елімізде
соңғы 10 жыл ішінде қолға алынып отырған жаңа тәсіл болып табылады. Бұл
тәсіл негізінде өндіріліп отырған тұқымдық материалдардан алынған өнім
деңгейі орташа есеппен 187 цга кұрауда.
Қазіргі кезде орташа бүкіләлемдік картоп өнімділігі шамамен 15 тга
құрайды, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 11-12 тга аралығында ауытқиды [3].
Өнімнің төмен болуының басты себебі көптеген шаруашылықтар тұқымдық
материал ретінде сапасыз фитопатогендермен күшті зақымдалған тұқым
пайдаланады. Шаруашылық және сауда айналымындағы картопта ауыр формалы
вирус ауруымен зақымдалған түйнектер көп таралған.
Ең соңғы мәліметтер бойынша әлемдік әдебиеттерге сүйенсек барлық
жерлерде көп тараған өте ауыр формалы деп танылған фитопатогенді вирустарға
ВСЛК, УВК, ХВК, SВК, МВК жатады.
Анисимов Б. В. мәліметі бойынша ВСЛК, УВК, МВК фитопатогенді
вирустарының әсерінен өнімділіктің төмендеуі 70 пайызға дейін жетеді.
Аталған вирус ауруларының өте ауырлығы олар тасмалдағыштармен тез
тарайтындығында [5].
Инфекциялық аурулардың аясының жоғары болуы және ауру тарататын
насекомдардың көп болуы міндетті түрде картоп өндіру аймағында тұқымына
айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан көптеген картоптың тұқым шаруашылығымен
айналысатын елдер оның тұқымдық егістігін жабық аймақтарда жүргізіп отыр.
Мысалы Германияда және Голландияда тұқым шаруашылығы жекелеген бөлек
аралдарда жүргізілсе, Ресейде тұқым шаруашылығының негізі Соловецк аралында
шоғырланған. Бұл аралдарда теңіз жақтан үнемі болатын жел әсерінен ауру
тарататын жәндіктердің болмауы минимум болады. Финляндияның Хай Грейд
аймағында 40 мың га жерде елдің негізгі бастапқы тұқым шаруашылығы
орналасқан. Бұл аймақ ерекше қорғалады және онда өндірілген тұқым елде
өндірілетін тұқымдық материалдың 80 пайызын құрайды [27].
Қазіргі кезде картоптың суперэлиталы, элиталы тұқым шаруашылығын
ұйымдастыруда және жетілдіруде көптеген ойлар мен ұсыныстар көп.
Кейбіреулер меристемалық тәсілді дұрыс деп тапса, екіншілері
биотехнологияның негізінде өндірілетін тұқымның қымбаттылығын айта отырып
клондық таңдау тәсілін дұрыс деп айтса, енді біреулері бұл мәселені шешу
үшін қатаң сертификация жүйесін енгізу қажет деп табуда.
Лебедева В.А., Гаджиев Н.М. мәліметтері бойынша апикальді меристема
ұлпаларында вирус ауруларының концентрациясының мүлде болмауын теріске
шығарады. Авторлардың ұйғарымынша апикальді меристемалық ұлпаларда ауру
конценрациясы өте төмен болғандықтан оларды анықтау кезінде байқалмайды
[8]. Уақыт өте келе барлық меристемалық клондарда вирус ауруларының
белгілері байқалады. Сондықтан ОБАШҒЗИ (Ресей) ғалымдары, вирус ауруларымен
тиімді күрес оларға төзімді сорттарды пайдалану керек деп санайды.
Сол сияқты Молявко А.А. тұжырымдауы бойынша апикальдық меристемалық
ұлпаларымен картопты сауықтыруда түйнекте 14,3-тен 72,8 пайызға дейін вирус
аурулары жасырын түрде кездеседі [16]. Сондықтан туындыгер тек вирусқа
төзімді картоп сорттарын пайдалануды ұсынады.
Көптеген қарама-қайшылықтарға қарамастан қазіргі таңда картоп
сорттарын сауықтыру үшін апикальді меристемалық ұлпаларды өсіру және
меристемалық микроөсімдіктерді бірнеше рет қалемшелеу арқылы көбейту тәсілі
элита өсіретін барлық елдердің тұқым шаруашылықтарында кеңінен қолданылуда.

1.1.4 Биотехнологиялық негізде тұқым шаруашылығын жүргізу

Биотехнологиялық негізде тұқым шаруашылығын жүргізу өндірісі ғылыми
мекемелердің зертханаларынан басталып картоп өндіретін шаруашылықтардың
өзіне қажетті тұқым дайындайтын тұқымдық танаптармен аяқталады.
Қазақстанда картоптың тұқым жүйесі үш буыннан тұрады. Біріншісі,
ғылыми мекемелердің биотехнологиялық зертханаларында, картоптың ең жоғары
өсу нүктесіндегі меристема бөлігі арқылы вирус, бактерия және саңырауқұлақ
ауруларынан сауықтырып супер-супер-элита тұқымын алу; екіншісі, элита
өсіретін шаруашылықтар картоптың аудандастырылған сорттарын көбейтіп, сол
облыстың барлық картоп өндіретін шаруашылықтарына сатып отырады; үшіншісі
сол картоп өндіретін шаруашылықтың өзіне керекті тұқым өндіретін танаптары.
Осы жүйе бойынша азықтық картоп өсірілетін танапқа жыл сайын картоп
тұқымының
4-репродукциясы егіліп отырады. Себебі, картоп және көкөніс шаруашылығы
ғылыми-зерттеу институты ғаламдарының көпжылдық мәліметтері көрсеткендей
Қазақстан табиғатында аудандастырылған картоп сорттарының 5-6 репродукциясы
тұқымдық сапасын жоғалтып, өнімді өте аз береді. Вирус ауруларын
асқындырмас үшін кейбір мемлекеттер (Голландия, Германия) азықтық картоп
өсетін танапқа тұқымдық картоптың 2-репродукциясына дейін пайдаланады [20].

Ауа-райы қолайлы, вирус аурулары көп тарамаған аудандарда картоп
тұқымын 4-5 жылға дейін алмастырмай пайдалана беруге болады. Қазақстан
табиғатында биотехнологиялық негізде тұқым өсіру жүйесі бойынша, картоп
тұқымын 3-4 жылда ауыстырып отыру керек.
Картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғаламдарының
зерттеулеріне сүйенсек биотехнологиялық негізде өндірілетін картоп тұқымы
вирус ауруларынан таза болуына кепілдік 85-90 пайызға дейін болады [37].
Оның ішінде тек жасырын жүретін аса қауіпті емес Х вирусы ғана болуы мүмкін
екен.
Вируссыз негізде бұл дақылдың тұқымын өсіру - жоғары және мол өнімнің
кепілі. Сауықтырылған картоп өнімділігі Францияда, АҚШ-та, Данияда,
Ұлыбританияда, Германияда, Голландияда орта есеппен 300 цга асады [4].
Ресейдің, Эстонияның және Латвияның картоп өндіретін
шаруашылықтарында сауықтырылған отырғызу материалдарын пайдалану арқылы
өнімділігі мен сапасын арттыру шамамен 30-40 пайызға жоғарылатуға қол
жеткізілген. Мемлекеттік сорт сынау бекеттерінде және алдыңғы қатарлы
шаруашылықтарда түйнек өнімділігі 250-400 цга дейін жеткізілген [15].
Целиноград ауылшаруашылық биотехнологиялық орталығының 1988 жылғы
вируссыз негізде картоп өндіру бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде элиталық тұқым өндіру шаруашылығында картоптың
Невский және Полет сорттарынан 430-480 цга өнім алуға қол жеткізілсе,
келесі жылы өнімділік 450-500 цга аралығында тұрақтады. Бұл
сауықтырылмаған отырғызу материалына қарағанда 2-3 есеге артық [11].
Шет елдік туындыгерлердің мәліметтері бойынша вируссыз тұқым
шаруашылығы енгізілген елдерде картоптың аса қауіпті ауруы фитофторозбен
тиімді күрес жүргізіліп өнімділігі 300-400 цга құрайды. Ал бұл мәселеге
көңіл аудармаған елдерде өнімділік небары 100-150 цга.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша Қазақстанда картоп өсіретін облыстар 3
жұпқа бөлінеді:
1 жұпқа жататындар: тұқымдық жүйе толық жолға қойылған.
Биотехнологиялық зертханалары бар, ауа-райы картоп өсімдігін өсіруге
қолайлы облыстар (Ақмола, Ақтөбе, Солтүстіу Қазақстан, Павлодар, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан).
2 жұпқа жататындар: тұқымын таулы аймақтарда өсіруге мүмкіншілігі бар
облыстар (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан).
3 жұпқа жататындар: азықтық картопты өздері өсіру үшін тұқымды басқа
облыстардан тасымалдайтындар (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау,
Қызылорда, Маңғыстау).
Картоптың репродуктивті қасиетін сақтауда, вирустық және басқа да
аурулармен тиімді күресуде вируссыз тұқым шаруашылығының жүйесі өте қолайлы
болып табылады. Бұл жүйе нәтижесінде тауарлық тұқым өндіретін
шаруашылықтарды вируссыз сауықтырылған тұқымдық материалдармен қамтамасыз
етуге қол жеткізуге болады.

1.1.6. Өсімдікті клондық микрокөбейту артықшылықтары

Стерильдік жағдайда қоректік ортаға отырғызылған әртүрлі маманданған
ұлпалардың тірі жасушалары көбейуге қабілетті және қолайлы жағдай жасалса
өзінің тотипотенттілігін толық жүзеге асырып, жаңа өсімдікке бастама бола
алады. Жеке жасушалардың бастапқы өсімдіктердін барлық белгілері бар, тұтас
ағза жасауға қабілетті клондық көбейтуде табысты түрде пайдаланылуда [36].
Клондық микрокөбейту жағдайда пайда болған өсімдіктер генетикалық
жағынан бастапқы өсімдікпен бірдей болып келеді. Өсімдіктерді клон аркылы
микрокобейтудің жетістіктері Н.В. Катаева мен Р.Г.Бутенконың еңбектерінде
толық берілген [38]. Туындыгерлер өсімдіктерді көбейтудің дағдылы
вегетативтік әдістерімен салыстырғанда клондық микрокобейтудің артықшылығын
келтіріп, бұл тәсіл арқылы өсімдіктер өнімділігін 35-50 пайызға дейін
жоғарылатуға болатындығын атап көрсетеді.
Өсімдіктердің жартысында өркенінің жоғарғы ұшында немесе апикальдық
меристемаларында вирус табылмаған. Вегетативтік жолмен көбейетін дақылдарды
вирустық аурулардан сауықтыру үшін, апикальдық меристемаларды өсіру әдісін
колдану 1952 жылы М.Морель мен Д.Мартин жұмыстары арқасында басталды [ ].
Меристемаларда вирустардың жоқ болуы, кейбір зерттеушілердің пікірі
бойынша, өсімдіктің жоғарғы ұшының меристемасында өткізгіш жүйенің жоқ
болуынан, ал гоазмодесмалар көлемі өте кіші немесе тіпті жоқтың қасы,
сондықтан вирустардың жасушадан жасушаға ауысуы тежеледі [16]. Басқа
ғалымдар [38] бұл фактіні вирус нуклеопротеинінің синтезін жүргізбейтін
меристемалық жасушалардың ерекше метаболизмінен деп түсіндіреді. Жылумен
өңдеу арқасында 34-40°С өсіп келе жатқан өркеннің ұшында вирустардың
көбеюінің тежелу жағдайы меристема дифференциланғанда вирустардан таза
жасушалардан пайда болады. Вирустардың таза өркеннің өсіп шығуы үшін,
донорлық өсімдіктерді (апикальдық меристема алынатын өсімдіктер) өңдеуде
табысқа қол жеткізу үшін, жоғары өсуіне жақсы жағдай жасап, 34-40°С
температурада неғұрлым ұзақ ұстау керек. Термо өңдеумен қатар картоп
түйнектерін химиялық өңдеумен ұштастыруды қолдану нәтижесінде болашақ
тұқымдық материалдың вируссыз болуына көп септігін тигізетіндігін (Ресей)
Краснодар ауылшаруашылығы ҒЗИ ғалымдары өз тәжірибелерімен дәлелдеген.
Зернов В.Н., Петухов С.Н., Мусин С.М. және тағы басқалардың
пайымдауынша, картоптың тек бір түріне ғана емес сонымен бірге сорттарына
да байланысты, керек десе жеке ұлпалардың өзіне тән нақты морфогенетикалық
реакциясын ескеріп, оны клондық микрокөбейту кезінде пайдалануға болады
[15]. Әдіс өсімдіктердегі болатын табиғи мутациялардан асып кетпейтіндей
генетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуі керек.
Лебедева В.А., Гаджиев Н.М. мәлімдеуі бойынша картоптың апикальді
меристемаларында вирус ауруларының концентрациясы тым төмен болғандықтан
олар тестілеу кезінде байқалмайды [8]. Апикальді меристемаларды бөліп алу
алдында түйнектерге термо және химиотерапия қолданғанымен вироидты вирустар
жинақталуы өте төмен шекке жетеді. Одан ары алынатын меристемалық
клондардың барлығында да вирус ауруларының белгілері білінетіндіктен
ОБАШҒЗИ (Россия) ғалымдары вирус ауруларымен ең тиімді күрес оларға қарсы
тұра алатын сорттарды шығару және пайдалану деп есептейді. Тура сол сияқты
Молявко А.А. мәліметтері бойынша апикальдық меристема тәсілімен
сауықтырылған түйнектерде 14,2-ден 72,8 пайызға дейін жасырын түрде вирус
аурулары болатындықтан вирусқа төзімді картоп сорттарын пайдалануды
ұсынады.
Struik H.C. және Wievsema S.G. ғылыми жұмыстары бойынша вирустардан
тазартылған картоп өндіру технологиясы картоп түйнегінің термотерапиясынан
басталады [7]. Вирустардың тиюіне байланысты жылумен 7 апта бойына жүруі
тиіс. Термотерапия процесін оңтайландыру барысынды НПО Нива Татарстана
компаниясы картоп түйнектерін 15-20 күн ғана өңдеуді ұсынады. Түйнектер
сондай-ақ вирустарға қарсы ингибиторларымен және түйнектердің өсуі үшін
стимуляторлармен өңделеді.
Алынған меристемалардың ұсақ бөлшектерін алу үшін Гареев Р.Г. және
тағы басқалардың пайымдауынша, ұзындығы 3-5 мм болатын түссіз немесе сәл
ғана жасыл өркендерді пайдалана зарарсыздандырылған бокстың ішінде сырттай
зарарсызданылған және жуылған негізгі өркендерді бірнеше бөлшектерге бөлуді
ұсынады [9]. Мөлшері 50-100 мкм меристемалауды оқшаулау тәжірибе жүзінде
мүмкін емес, сондықтан меристемалармен бірге бүршіктегі бастапқы жапырақта
оқшауланады, сондықтан оның мөлшері үлкейіп 500 мкл жетеді, одан да үлкен
болады. Осы мөлшерінің үлкен болуынан вирустардан таза экспланттар алу
мүмкіндігі төмендейді, бірақ меристемалардың дифференциялану дәрежесі
артады.
Картоп өсімдігін апикалдық меристемаларын клондық микрокөбейту
жолымен өсіргенде олардың өсу коэффиценті Р.А. Диксонның мәліметтері
бойынша 3,4 есеге жоғарылатуға дейін бола алады екен [ ].

1.1.7. Жасушаларды және ұлпаларды өсіруге қажетті қоректік орта

Картоп жасушаларының дифференциялануын қозғайтын және олардың
гистогенезге өтуін, одан кейін мүшелер түзетін құрылымдардың
түзілуінің негізгі себептерінің бірі, фотогормондардың әсері деуге болады.
Дегенмен морфогенездің қандай да бір типін анықтайтын негізгі факторлардың
бірі ол қоректік ортадағы ауксиндер мен цитокининдердің ара қатынасы. Бұл
заңдылықты алғаш рет Скуг пен Миллер 1957 жылы ашқан, одан кейінгі жылдары
көптеген тәжірибелер арқылы дәлелденген.
Ауксин мен цитокининнің ара қатынасы орташа болғанда картоп
өсімдігінің каллус ұлпасында морфогенез процесі байқалмайтындығын, бірақ
жасушалардың бөліну арқылы көбеюі (пролиферациясы) жүретіндігін Янчевская
Т. Я. өз ғылыми жұмысында дәлелдеді. Ол ортада ауксиннің цитокининге ара
қатынасы жоғары болса, тамыр түзілуін (ризогенезді) қоздыратындығын, ал
ортада ауксиннің цитокининге ара қатысы төмен болған жағдайда бүршіктердің
пайда болуын (геммогенез) ынталандыратындығын көрсетті. Сонымен бір
каллустың өзінде әр түрлі морфогендік құрылымдар түзіле алады. Бұл
жағдайлар каллустық ұлпаларда фитогормондардың концентрациялық градиенті
(концентрацияның үздіксіз өзгеруі) түзілетіндігінің дәлелі бола алады.
Былайша айтқанда, каллустың әр түрлі бөліктеріндегі фитогормондар мөлшері
әр шамада болғандықтан, ол морфогенездің қандай да бір типінің басталуына
себеп болады
Көкөніс және каптоп шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының
мәліметтері бойынша жыл сайын бірінші реттік тұқым шаруашылығы үшін
дақылдардың апикальдық меристемалық тәсілімен 40-45 мың дана өсірілетін
(пробиркалық) өсімдік алынады [ ]. Микроклональды көбейту тәсілінің
тиімділігі негізінен қоректік ортаға тікелей байланысты болып келеді.
Оңтайлы қоректік ортаны қалыптастыру арқылы, яғни қоректік ортаның құрамын
биостимуляторлармен толықтыру нәтижесінде картоптың Огенек сортының
пробиркалық өсімдігінің көбею коэффицентін 4,2 есеге дейін жоғарылатуға
болатындығын Татар ауылшаруашылығы ҒЗИ ғалымдары тәжірибе жүзінде дәлелдеді
[ ]. Олар биостимулятор есебінде Аконт өсіргішін пайдаланып, пробиркалық
өсімдіктің өсу жылдамдығын арттырып ғана қоймай сонымен бірге алынатын
өсімдіктін тіршілікке қабілеттілігін де жоғарылатуға қол жеткізді.
Картоптың меристемалық ұлпаларынан алынған жасушалардың
дедиференциялануы және каллусогенезі жүру үшін әр түрлі қоректік орталарды
талап етеді, әсіресе ондай талап гормондардың мөлшері мен ара қатынасына
қойылады. Пекна Ханкаланың Финляндия жағдайында жүргізілген ғылыми-зерттеу
жұмыстары нәтижесі бойынша табиғи өсімдіктерден алынған өсуді реттегіш FGR-
08 пробиркалық өсімдікті өсіруде қолданылатын қоректік ортаға 0,8мгл
мөлшерімен қосылғанда дақылдың көбею коэффиценті 4,4 дейін артқан [10].
Отандық және шет елдік экологиялық таза қоректік ортаға қосатын
биологиялық белсенді заттардың жаңадан пайда болуына байланысты оларды
зерттеу кеңінен жүргізіледі [5]. Қазіргі таңда Көкөніс және каптоп
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдары Бабаев С.А. және
Токбергенова Ж.А. жетекшілігімен табиғи жолмен алынған өсімдік өсуін
реттегіштер ТАБС, АГ-10, СА-13, АЕС зерттелу үстінде. Зерттеу үшін алынған
биостимуляторлар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде және
А.Б.Бектуров атындағы химия институтында жасап шығарылған.
Қоректік ортаға цитокининдерді енгізу пробиркалық өсімдіктің
жаңаруына әсер етеді және сан жағынан өте көп қолтық өркендерінің
дамуын ынталандырады. Қолтық бүршіктерді отырғызуға дайындайтын
өсімдіктерге 10000 лк болатын жарық түсіреді, яғни ондай өсімдіктердің
көпшілігіне ең қолайлы температура шамамен 25°С тең болады [19].
Семенова Л.Н. жасап шығарған синтетикалық Циклон биостимуляторын
қоректік ортаға 0,8-1,0 мгл мөлшерімен қосқанда және қолайлы жағдайлар
толық жасалғаннан кейін, пайда болған каллус белсенді түрде бөліне бастайды
да, бүршікке немесе эмбриондге бастама береді [20]. Түзілген каллус дамып
жетілгеннен кейін пайда болған пробиркалық өсімдікті микроқалемшелеу
жұмыстары жүргізілсе, онда ол көбейту коэффициентін айтарлықтай арттырады.
Өркендерді тамырландыру, ол тұтас өсімдік өсіріп алудың басты шарты.
Тоқбергенова Ж.А. ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша,
отандық жасалынған препараттарды өсіретін меристемалық өсімдіктерге
қолданылатын қоректік ортаға 1,0 мгл мөлшерімен қосқанда микроөсімдіктің
өсуді реттегіш белсенділігі айтарлықтай жоғарылайтындығын дәлелдеді.
Шығыс Қазақстан облысы жағдайында жүргізілген тәжірибе жұмыстарына
сүйене отырып, Суховецкая В.А. және Рерих Н.Н. пробиркалық өсімдікті
өсіруде қолданылатын қоректік ортадағы кинетиннің орнына кешенді
биостимуляторлар қоспасын қосуды ұсынады [26]. Аталған туындыгерлердің
пайымдауынша пробиркалық өсімдіктің өсуі 2-3 күнге жылдамдап алынатын
көшеттің сапасы айтарлықтай жақсара түседі.
Ташкент мемлекеттік аграрлық унивеситетінің Биотехнологиялық ғылыми-
зерттеу орталығының қызметкерлерінің пікірінше меристемалық өсімдікті
өсіруде қоректік ортаның құрамындағы биостимуляторды өзгертумен қатар
көміртегінің мөлшері мен фотопериодты арттыру барысында қалемшелеу
мерзімінің айналымын 18-20 күннен 15-16 күнге қысқартуға болады екен. Мұнда
пробиркалық өсімдіктің сапасы әдеттегі бақылау нұсқасымен салыстырғанда 1,5
коэффициентке артық болған [ ].
Л.Н.Трофимецтің қызметкерлерімен бірге анықтауы бойынша, қолайлы
жағдай жасалса сортты сауықтыру үшін орташа шамамен 40 апекстің
меристемалары жеткілікті және 7-8 ай ішінде іn vitro жағдайында 30-40 мың
түйнек алынады деп есептейді. Сауықтыру тиімділігі көбінесе сорттық
ерекшелікке, вирустармен бастапқы зақымдануына, жыл мерзіміне т.б.
жағдайларға тәуелді [44].
Картопты клондық микрокөбейту әдісі өте тиімді және үнемді екендігін
А.С. Иванов өз еңбегінде сипаттай отырып [36], іn vitro жағдайында кішірек
лаборатория көлемінде бірнеше мыңдаған өсімдік өсіруге болатындығын
келтіреді. Тек, Новосибир АШҒЗИ жағдайында жыл сайын картопты клондық
микрокөбейту әдісі бойынша жыл сайын 155,5 мың дана пробиркалық өсімдік
алынады. Бұл алынған пробиркалық өсімдіктер алғашқы реттік тұқым
шаруашылығын жүргізу үшін 3га жерге отырғызылады.
Картоптың пробиркалық өсімдігінің дамуы бірнеше кезеңдерден тұратын,
өте күрделі процесс, кезеңдердің әрқайсысында гормондарға, жарыққа,
температураға қойылатын талаптар да өзгеріп отырады.
Смирнов К.П. пайымдауы бойынша каллус түзу кезінде қоректік ортадағы
кинетиннің концентрациясы 1,0 мгл шамасында болуы қажет, ал меристемалық
өсімдіктерді пробиркада өсіру кезінде кинетин концентрациясын 25-30 пайызға
көтеру арқылы пробиркалық өсімдіктердің көбею коэффицентін 1,5 есеге
көтеруге болады [19].
Stace-Smith және Mellor жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының
нәтижелері бойынша меристемалық өсімдіктерді пробиркада өсіргенде қоректік
ортаға биологиялық белсенді зат ретінде FERTD қосу арқылы жапырақ саны мен
буынаралықтардың санын 1,5-1,8 есеге арттырып, сәйкесінше өсімдіктердің
көбею жылдамдығын 25 пайызға дейін арттыруға қол жеткізілген.
Т.Мурасигеннің пікірі бойынша, өсімдіктердің жасанды ортада өсуіне
әсер ететін басқа да заттарды ескеру қажет, ол заттарды ортаға клеткалар
мен ұлпалардың өздері бөледі, олар улы болғандықтан, морфогенезді
тежеуі мүмкін.
Апикальді меристема ұлпасынан каллус түзу кезінде қоректік ортада
органикалық зат мезоинозиттің концентрациясын Мурасиге-Скуга қоректік
ортасының қарағанда 25 пайызға дейін арттырғанда каллус түзілу жылдамдығы 2
есеге дейін арттыруға Шнайдер В. қол жеткізді.
Мурасиге-Скуга қоректік ортасындағы макроэлемент сулы кальций
хлоридінің мөлшерін 5-10 % ауытқуының өзі меристемалық өсімдіктерді
пробиркада өсіргенде өсімдіктің өсуі мен дамуын тежей отырып, кейде мүлде
өсімдіктің опат болуына алып келеді. Сол сияқты картоптың апикальді
меристемасын өсіруге арналған Мурасиге-Скуга қоректік ортасында Пантотенат
Са концентрациясының ауытқуын болдырмауды Sifert.R ұсынады. Аталған
препараттың тек 3-5 пайызға ауытқуының өзі каллус түзуді 65-80 пайызға
дейін тежейді. Ал концентрацияның ауытқуы белгісіз себептермен 10 пайыздан
асса каллус түзілу мүлде болмауы да мүмкін.

1.2 Зерттеуді қою мақсаты

Картоп – азық-түліктік, малазықтық, және техникалық мақсаттар үшін
өсірілетін құнды ауылшаруашылық дақылы болып табылады. Картоп түйнектері
карахмал, ақуыз, витаминдер, аминқышқылдары және көптеген минералды тұздар
сияқты сіңімді заттарға бай болып келеді. Мұндай сіңімді заттардың
көптігіне байланысты картопты аса маңызды стратегиялық азық-түліктер
қатарына жатқызылады [ ].
Статистикалық мәліметтер бойынша облысымыздың барлық шаруашылық
түрлерінен жыл сайын 70 мың тоннаға жуық картоп өндіріледі, ал дүние жүзі
бойынша 310-320 млн.т [ ].
Картоп шаруашылығы дамыған елдерде қазіргі кезде картоптың орташа
өнімділігі 300 цга асып түседі, ал Оңтүстік Қазақстан өңірінде бұл
көрсеткіш небары 50-60 цга ғана құрайды [8]. Түйнек өнімділігінің
төменділігі негізінен оңтүстік өңірінің қатал климаттық жағдайларымен тығыз
байланысты, сонымен қатар өнімділіктің төмен болуы аймақта өсірілетін
картоп сортының карантинді нысандарға, вирусты, бактериялық және
саңырауқұүлақтық ауруларға төзімділігінің төмен және жоғары сапалы тұқымдық
материалдардың болмауынан деп айтуға негіз бар. Аталған өзекті мәселені
шешу үшін биотехнологиялық тәсілдерді қолдана отырып вируссыз негіздегі
картоптың элиталық тұқымдық материалын өндіруді жолға қою қажет болып отыр.
Әдебиетке шолу барысында анықталғандай бұл тәсілдің тиімділігін арттыру
үшін өсімдіктерді жасанды ортада өсіруде әрбір компоненттің концентрациясын
ескеру қажет, өйткені морфогенездің дұрыс жүруі жақсы материал алудың
бірден-бір кепілі болып табылады.
Соңғы жылдары картоптың бастапқы тұқымдық материалын алуда вирустық
инфекциялық аурулардан сауықтырылған түйнектерді алу, яғни микроклональды
көбейту тәсілі кеңінен қолданылуда. Бұл тұрғыда жасушаларды және ұлпаларды
өсіруде қолданылатын қоректік ортаның міндетті компоненттерінің бірі болып
табылатын өсімдіктердің өсуін реттеуіштерін іздестіру және зерттеу өте
маңызды болып табылады.
Картоптың элиталық және репродукциялық тұқым шаруашылығын жетілдіруде
жоғарыда көрсетілген бағыт Оңтүстік Қазақстан өңірінде дақылдың тұқымдық
материалын өндіруді оңтайлы шешуде маңызды роль атқарады.
1.3 Тәжірибелік бөлім

1.3.1 Зерттеуді жүргізу әдістемесі

Зерттеудің зерзаты ретінде картоптың Оңтүстік Қазақстан облысында
аудандастырылған Невский сорты және аймақта болашағы зор деп танылған
Ақсор, Тоқтар сорттары алынды.
Алдымызға қойылған мақсаттарды түгелдей дерлік орындап шығу үшін
жоғарыда көрсетілген биологиялық белсенді заттардың әр түрлі мөлшері
негізінде төмендегі кесте бойынша тәжірибе қойылды.
Бастапқы сауықтырылған материалдың көбею коэффициентін арттыру үшін,
зертханалық жағдайда өсімдіктің өсуін реттегіш зат ретінде жаңа
физиологиялық реагент K-U-95 (Кореяда жасалған) және ресейде жасап
шығарылған өсуді реттегіш Новосил зерттелді.
Препараттар Мурасиге-Скуга қоректік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоп жарық сүйгіш дақыл
Картоп шаруашылығы өсімдіктерінің аурулары және олардың симптомдары
Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы
Тамыр түйнектерді құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы
Техникалық дақылдар
Картоп дақылының, мақта дақылының, техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері және таралған аймақтары
Топырақ микроорганизмдердің негізгі мекені
Өсімдіктер карантині
Картоптың вирус аурулары
Картоптың негізгі вирус аурулары
Пәндер