Дипломдық жұмыстың живопистен пейзаж жанрында орындалуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Қыс»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050107- «Бейнелеу өнері және сызу»

Тараз 2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Қызметте қолдану үшін (қажет кезінде)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қыс

050107- «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша-«Бейнелеу өнері және сызу»

Тараз 2013

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4-7

1- бөлім. Пейзаж живописінің тарихы . . . 8

1. 1 Пейзаж живописі . . . 8-16

1. 2 Пейзаж живописі Қазақстан суретшілерінің шығармашы-

лығында . . . 17-25

2-бөлім. Мектеп оқушыларына пейзаж туралы көркемдік

тәрбие беру мәселелері . . . 26

2. 1 Шығармашылық үлгідегі пейзаж живописі . . . 26-32

2. 2 Пейзаж живописінің оқушыларды көркем тәрбиеге

баулудағы ролі . . . 33-43

3-бөлім. Шығармашылық тұрғыда пейзаж живописін

орындау жолдары . . . 44

  1. Пейзаж композиицясының эскиздік ізденістері . . . 44-49
  2. Пейзаж композициясының живопистік шешімі . . . 50-56

Қорытынды . . . 57-58

Әдебиеттер . . . 59-60

КІРІСПЕ

Бейнелеу өнерінде пейзаж өз алдына өзіндік жеке жанр ретінде ерекшеленіп адам баласына эстетикалық көркем тәрбие беруде аса үлкен маңызға ие болып отыр. Табиғат көрінісі яғни, пейзаж суретшілер үшін ғасырдан ғасырға көркемдік қоры мол шабыт беретін қойнау болып есептелінеді.

Табиғатты бейнелеу, оның сырына кірігіп түсіну суретшіні мың ойландырып, толғанысына қозғау салатын бастау. Пейзаж жанрының әлем бейнелеу өнері тарихында әсіресе, живописте, өзіндік белгілі бір деңгейлерді қамтитын даму жолдары мен кезеңдері бар. Табиғат бейнесі айшықталатын пейзаж өзге өркенниет мәдениеті бар басқа да елдермен қатар Қазақстан суретшілерінің де шығармашылық жұмыстарында да кең орын алған. Бұл жанрда суретшілердің бейнелеу өнері түрлерінен- графикадан, живописьтен, қолданбалы қол өнерінде әр түрлі техникада орындаған көптеген туындылары бар.

Табиғат көркін әспеттейтін пейзаж жанры және оның тақырыбтарының маңыздылығы табиғат аясында адамдар өмір сүріп тұрған жағдайда жойылмақ емес. Қайта ол әр қырынан көркемдік әрімен құлпырып адамзат баласына ой-сезім теретін өрісі бола бермек. Сол үшін де біз пейзаж жанрын дипломдық жұмысқа тиек ете отырып, оны бейнелеу өнерінің түрлерінің ішінде ең ұтымды етіп бейнелеуге болатын, живопись техникасында орындауды жөн санадық. Пейзаж тақырыбын тереңдеп игеру үшін Қазақстан суретшілері - живописьшілер Қастеев А., С. Романов, а. Тельжанов, Н. Шарденов, С. Мамбеев, А. Ғалымбаева, А. Кенбаев, С. Алиев, С. Айтбаев, Тоғысбаев және т. б., шығармашылық туындыларындағы қырлары мен сырларын түсіну арқылы білім жинақтауды ізденіс жұмыстарымыздың мазмұнын арттыратын алғы шарттардың бірі ретінде қарадық. Өйткені бұл аталмыш суретшілердің шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін сезіп білу қазақ табиғатының өзіндік сипаты мен бейнесін терең ұғынуға көмектеседі. Сол себепті пейзаж жанрында жұмыс істеп әдіс-тәсілдерін игеру, оны жүйелі түрде түсініп ұғыну үшін ұлттық мәдениеттің белгісі болып отырған белгілі суретшілер мен суретші-педагогтардың шығармашылық еңбегіне сүйену қажет екені анық. Ал бұндай дәстүр жалғастығы заңды құбылыс. Бұл үлкен өнердегі жалғастық Қазақстан суретшілерінің ара-қатынастарында да өзіндік жолын табуда. Сондықтан да бұндай мәселедегі тиянақты ізденіс жұмыстары болашақ ұрпаққа эстетикалық көркем тәрбие беруде өзінің маңызын күшейте бермек. Әсіресе, пейзаж тақырыбын живопись түрінде бейнелеп салу, оған маман ретінде машықтану өз алдында кәсіби деңгейде дайындықты қажет етеді. Міне, осы пейзажды живописьте салып игеру әдісіне машықтану және болашақ ұрпаққа үйретудің теориясын және практикалық негізін дұрыстап үйреніп кәсіби деңгейде білім беру үшін, ғылыми-педагогикалық ізденіс мәселелеріне арналған еңбектерді оқып осы жанрда еңбек етіп жүрген суретшілердің тәжрибиесін жинақтау аса қажет. Бұл реттегі кезеңдік кезеңінде

бейнелеу өнеріне оқытып үйретудің жоғары оқу орындары негізінде ғылыми әдістемелік жүйесінің іргетасын қалаған атақты суретші-педагогтар- Н. Н. Ростовцев, А. Г. Беда, Н. Кузин, Е. В. Шорохов В. А. Пучков, А. Л. Смирнов, Л. Д. Алехин, Д. В. Анисимов Г. Ф. Ящухин еңбектерінің орны аса маңызды. Олар болашақ суретші ұстаздар дайындау жолында көптегн оқулықтар мен әдістемелік құралдар жасады.

Міне олардың бейнелеу өнері тарихында арнайы оқытып суретші ұстаз мамандарын дайындайтын мектептің қалыптастыруына байланысты, солардың ықпалымен кеңестік кезеңде Қазақстанда да сол оқу орындары бүгінде өздерінің қалыпын түзеп үлгерді. Онда қазақ, Қазақстан суретші-ұстаздары өздерінің мамандықтары бойынша кәсіби саладағы негіздерін нықтады. Содықтан да біз өзімізді оқытқан ұстаз-педагогтар үйреткен тәлім-тәрбие жұмыстары мен олардың шығармашылық еңбектері нәтижесінде әдістемелік үлгілерін игеріп пейзаж жанрында тереңдеп білім алып, шығармашылық жұмыстың сырын тереңдей игеруге тырыстық. Нәтижесінде біз дипломдық жұмысымызды пейзаж жанрында « Қыс » атты тақырыбта живописьпен шығармашылық еңбек түрінде орындауды жөн санадық.

Мақсат: Пейзаж жанрында живописьтен «Қыс» тақырыбында шығармашылық жұмыс пен оның түсіндірмелік үлгісін дайындау.

Зерттеу нысанасы: Дипломдық жұмысты пейзаж жанрында живопистен орындау үрдісі,

Зерттеу пәні: Дипломдық жұмыстың живопистен пейзаж жанрында орындалуы.

Біздің жоғарыда айқындап отырған мақсатымыз төмендегідей міндеттердің орындалуын қажет етті.

1. Пейзаж живописінің дамуына қысқаша түсіндірме беруді.

2. Пейзаж жанрының оқушыларды баулудағы көркем тәрбиедегі орнын айтуды.

3. Пейзаж туындысының шығармашылық мазмұнын айқындауды.

  1. Диплом тақырыбына сай живопись композициясына эскиздік ізденістер жасауды.
  2. Пейзаж жанрында орындалған шығармашылық жұмысты дайындауды. .

Зерттеу әдісі; Философиядан, эстетикадан, психологиядан, педагогикадан, бейнелеу өнерінің әдістемесі мен теориядан, суретшілердің, өнертанушылардың еңбектерін талдау; оқу шығармашылық жұмыстарының сапасын талдау; білімгерлер мен оқытушылармен әңгіме, кеңес.

Шығармашылық жаңалығы - кенепте орындалған шығармашылық жұмыстың композициялық ерекшеліктері және оның түсіндірмелік бөлімі.

Практикалық маңызы- шығармашылық жұмыс материалдары көркем туынды және көрнекі материалдар ретінде практикалық оқу процестеріндегі сабақтарда пайдалануға болады.

Зерттеудің әдіснамалық негізі -заманауй ғылым мен өнердегі қоғам мен табиғат даму жағдайы, адам қызметінің шынайы мәні мен жеке тұлғаны дамытудағы практикалық шығармашылық қызметтің ролі.

Зерттеудің нақтылығы- п едагогика, психология, өнертанудағы

фундамертальды жұмыстарға арқа сүйеу, автордың оқу үрдістерінде алған оқу-шығармашылық жұмыстардың негізі;

Апробация - шығармашылық еңбектің сапасы дипломдық жұмыстың жетекшісі мен консультаттардың кеңесі кезінде және кафедра оқытушыларының талқылау уақтарында сараптан өтті.

Нәтижиелерін ендіру - шығармашылық дипломдық жұмыс «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасындағы оқу үрдістері мен тәрбие жұмыстарында пайдалынады.

Қорғауға шығарылатыны:

  • Пейзаж тақырыбында живописьтен кенепте шығармашылық үлгіде орындалған дипломдық жұмыс.
  • Дипломдық жұмыстың түсіндірмесі.

Бұл айқындалған мақсат міндеттерге сәйкес дипломдық жұмыстың мазмұны белгіленді. « Қыс» атты тақырыпта пейзаж жанрында живописьтен шығармашылық жұмыс майлы бояу техникасында орындалды . Оның көлемі 100 х 120 см.

Қосымша, дипломға арналған живописте орындалған тәжрибелік шығармашылық жұмысымыздың теориялық түсіндірмесі де жазылды. Түсіндірме, кіріспе, 3 бөлім, әрқайсысы, 2- тараудан және қортынды, әдебиеттерден тұрады. Түсіндірме эскиздер мен иллюстрация материалдарымен қамтамасты етілді.

Дипломдық жұмысымыздың кіріспе бөлімінде теориялық түсіндірме мазмұны қысқаша қамтылды.

1. -бөлім. Пейзаж живописінің тарихынан мәлімет беріледі. Бөлімнің 1- тарауы пейзаж живописі - деп аталады. Онда пейзаж алғаш өзіндік жанр ретінде айқындалып, оның даму кезеңдері әр елдерде қалай дамып, Қазақстан суретшілерінің живопись еңбектерінде көрініс тапқанға дейін қатысады. Ал, 2- тарауы Пейзаж живописі Қазақстан суретшілері шығармашылығында. Онда Қазақстанның белгілі суретшілерінің пейзаж жанрындағы живописьтік еңбектері туралы жазылған.

2 -бөлім. Мектеп оқушыларына пейзаж туралы көркемдік тәрбие беру мәселелері- деп аталады. Бұл бөлімнің 1- ші тарауында живописьтен пейзаж жанрында шығармашылық жұмыстарды орындау жолдары туралы. Онда пейзаж жазу белгілі живописьші -суретшілердің еңбектері мен ой- кеңестері негізінде айтылып, олардың тәжірибелеріне арқа сүйеу арқылы баян етіледі. Екінші тарауында пейзаж живописінің мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудегі маңызы туралы сөз етіледі. Бұл тарау мектеп оқушыларына пейзаж тақырыбының тәрбиелік орны мен оны живописьте орындалған суретші еңбектері арқылы эстетикалық сырын тереңдей түсіндіріп, көркем тәрбиедегі

орнына тоқталып өтеді.

3- бөлім «Пейзаж жанрында шығармашылық жұмысты орындау»- деп аталады. Ондағы дипломдық жұмыстың орындалу барысы туралы түсінік беріледі. Осы 3-ші бөлімнің бірінші тарауы пейзаж живописіне эскиздік ізденістер көрсетіледі. Онда пейзаж композициясына дайындық жұмыстары, ізденіс жолдары нобай, этюд, суреттемелерін көрнекі етіп көрсетіп салу үлгілері парақ беттерінде көрсету арқылы түсіндірілген. Ал оның екінші тарауы, пейзаждың композициялық шешімі деп аталады. Бұл тарауда дипломдық шығармашылық жұмыстың живописьте орындалған соңғы шешімі жөнінде айтылады.

Шығармашылық үлгідегі жасалынған пейзаж көрінісі живописі арқылы көрсетілген, осы дипломдық жұмыстың теориялық түсіндірме бөлімінің ең соңғы жағы қорытынды бөліммен және пайдаланылған әдебиеттер тізімін көрсетумен аяқталады.

Бұл дипломдық жұмыс алдында қойылған мақсат пен міндеттерді орындау барысындағы педагогикалық процесстердің қажетті сәттерін қамту арқылы, болашақ суретші-ұстаздарға талап ететін шарттарға сәйкес жазылып шықты деп сенеміз. Дипломдық жұмысымыз шығармашылық үлгіде орындалған « Іңір » атты картина түрінде майлы бояуда, кенепте, 100 х 120 см. көлемде орындалды.

1 - ші бөлім . Пейзаж живописінің тарихы.

1. 1 Пейзаж живописі.

Пейзаж жанрының шығу тарихының өзі үлкен зерттеулерден тұратын сала. Пейзаж бейнелеу өнеріндегі ерекше жанрлардың бірі болып саналады. Оның бейнелеу өнеріндегі композициядағы орны аса маңызды. Пейзаж француз сөзі. Оның мағынасы ландшафты, табиғат көріністерін бейнелеу дегенді ұқтырады. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде ( У11 - Х ғ. ) Европадағыдан ерте қалыптасты. Европалық живопись ол ХУ11- ғасырда, алдымен Италияда пайда болған, ол содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. ХҮІІ ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз-сауда мен жұмыс орны, тіршілік қарекетін іздестіретін кеңістік. Бірақ атақты маринисіміз Айвазовскиде теңіз - әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар тіпті кемелердің өзі де - осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген. Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл күйін береді.

Тағы айқын жағдай, оның үстіне, «мәңгілік» табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Теміржолдар, автомобиль жолдары, жоғары вольтті электр желілерінің сорайған діңгектері мен сымдары, аспанда ұшқан реактивті самолеттің будақтаған ізі - осының бәрі бүгінгі күннің көрінісі. Мұны кәзіргі заманғы суретші аңғармай тұра алмайтыны белгілі. .

Әлбетте пейзаж бен натюрморт, және де тақырыптық картинаның құрамдас бөліктері де болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауда белсенді қосалқы роль атқарады. Ал орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі Х1Х - Ғасырдың соңына тұспа-тұс келеді, С. Герасимов, К. айтуға болады. Коровин, И. Левитан, Н. Рерих, В. Шишкин және тағы басқалар сияқты көптеген суретшілерді айтуға болады.

Сонымен әр дам көңіліне, өміріне қуат беретін табиғат аясындағы ерекшеліктер екені даусыз. Табиғат көріністерін бейнеленетін пейзаждық туындылардың эмоциялық құрылымы нәзік те көркем табылған әр -түрлі мотивті көріністерді қамтиды. Ол түс массаларының сәйкестігіндегі нұсқалық әріне байланысты байқампаз суретшінің арқасында көркемдік үлгісіндегі бипаздап талғаммен жасалған мәнерлеушілікті аңғарта отырып, жалпы бұл шығармашылық туындыдағы негізгі, көңіл-күйдің дәл берілуін күйттейді. Табиғат тіршілік үшін ұл

Сурет өнерінің Бейнелеу өнерінде суретшінің шебер болуы маңызды.

Пейзажда жай ғана табиғат көрінісін айнытпай бейнелей салу емес, ол суретшінің сезімдері мен ойларын айқындайтын үлкен мүмкіндіктерінің ашылуына жол ашып тұрған сырлы дүние. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Табиғат көрінісін көңілі зерделі, бай сезімдермен сусындаған суретшілер әр қырынан көркемдеп көрсетуге қабілетті келеді. Пейзаж жанры бейнелеу өнерінде өмірдегі бар нақты көріністердің көшірмесін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан да туады. Суретшінің қиялынан туындаған пейзаж композициялары өнер тарихында көптеп кездеседі. Оған мысал ретінде бір ғана классик суретші, атақты моринист - Айвазовскийдің өзін айтсақ та жетерлік. Оның туындыларында теңіз әрдайым жойқын қуат, сезімді селт еткізетін қозғалыс, әсері күшті дерлік үн, дүлей күй, мөлдір құпиясы бар сырлы тұңғиық тіпті үрейлі құбылыс. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар тіпті кемелердің өзінде - осынау қаралы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай дәрменсіз де қорғансыз. Айвазовскийдің картиналарында әсем стихия тән. Адам қиялына әсерін беріп оны романтикалық сүйіспеншілікке бөлейді.

Табиғат көркемдігі мен ерекшелігі ғажайып жай. Бір табиғи мотивтің өзі әр суретшінің қылқаламынан мүлде басқа бірін біріне ұқсамайтын үлгіде де шығады. Олардың айырмашылығы көркемдік және живопистік жазылу

стилдерінен байқалып тұрады. Бұндай үлгі суретші сезім -ойы мен жазу мәнеріне байланысты туындайды.

Оның көркемдікті қабылдауы өмір сүру тәжрибесі мен кәсіби қызметінің шығармашылық бағыттағы шыңдалуына байланысты айқындала береді.

Ол суретшінің көркемдік таңдауы мен ой-сезім, қиял ерекшеліктеріне байланысты. Олардың өзіндік сыры болады. Әр суретшінің қолынан туға туынды өзіндік мәнін көрсетіп көркем ойдың, сезімнің толысуына әсер етеді. Олардың әр қайсысы өзіндік бірін-біріне ұқсамайтын басқаша түске ие бола отырса да, шебердің талғамын көз-қарасын, көңіл-күйін береді.

Табиғат құбылысы өте қызықөты да көркем. Оның үстіне « мәңгілік » табиғат тіршілігіне уақыт өтумен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерінен өзгеріп отырады. Темір жолдар, автомобиль жолдары, жоғары вольтты электр жүйелерінің сорайған діңгектері мен сымдары, аспанда ұшқан реактивтік самолеттің будақтаған іздері - осынау бәрі бүгінгі күннің көрінісі. Мұны қазіргі заманның суретшісі аңғармай тұра алмайды.

Бейнелеу өнерінде әр жанрдың өзіндік өзгешеліктері бар. Пейзаж және натюрморт әлбетте, тақырыптың картинаның құрамдас бөліктері де болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауда белсенді қосалқы роль атқарады. Әсіресе бейнелеу өнерінің боямен салынатын живопись өнерінің адам жан дүниесіне берер әсем де әмбебап әсері зор. Сол себептен де

пейзажды живописте орындау оның табғатындағы бар әсем мүмкіндіктерді өз реңінде көрсетуге мүмкіндігі мол.

Бейнелеу өнерінің ішіндегі живопись - өнер әлеміндегі орасан зор өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы күші бар бейнелеу өнерінің түрі. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтай бұрынғы ата-бабаларымыздың үлгілерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырады. Бір стильдің орнын екінші стиль басты, бәрібір живопись өзіндік шынайы қуатын әр ғасырларда да үзбей дәстүрін жоймай, әрлендіріп жасап дами береді.

Осы ретте живописьті айтып бір шама тоқтала кетуге болады. Басқа өнерлердің арасында живопись суретшінің қырағы көзі шалған аймақтың бәрін мейлінше толық қамтып көрсете алатын мүмкіндіктерге ие. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін - бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Живопись туралы көптеген ұлы адамдар, суретшілер өз ойларын тарихта айтып кеткен.

Кеңес өкіметі кезіндегі аса көрнекті совет живописьшілерінің бірі - А. Пластов живопись туралы шабыттана айтады. Бейнелеу өнерімен айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, творчестволық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды. Сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді, үйреншікті нәрселерден сұлулықты жаза білу

қабілетіне ие болады, көргенін есте ұстау және қиялдау қабілеті дамып, творчестволықпен ойлап талдауға, бірге жинақтауға үйренеді.

Живопись жеке тұлғаның көркем қиялын әрлендіріп көркемдейді. Бұл адамдардың көркемдікті қабылдау қабілеттерінің ерекшеліктерін ашады. Живопись бұл майлы бояулармен жасалған және багет

рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес

живопись ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сұлу бояулармен, темперамен, гуащьпен акварельмен салынған живопись болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын живопись бар (монотопия) бар. Мұның бәрі станоктың, яғни (мольбертте) жасалынатын живопись.

Монументтік живипись түрлері де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардан көреміз. Мұндай живопись арнайы техникада әк «сүтіне» араласқан бояулармен жаңа сылақ бетінде жиі жасалады. (фреска)

Одан өзгешелеу мүлдем бояусыз - ақ істелінетін өзінше ерекшелігі бар монументтік живопись те бар. Бейне түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады ( мозайка ) . Сондай-ақ «жарықтанатын» живопись - шыныдай жасалған картинадан өтіп түрлі-түсті жарық түсіретін живописьте

болады. (витраж) .

Живопись бояумен салынатын өнер. Түс - живописьтің жаны. Шынында да реалистік живописьтің көркемдік құралдарының негізін суретпен және жарықпен көлеңкемен бірлікте түс құрайды.

Біз живописьтегі «түс» деп нені түсінеміз, бәлкім бізге тәжірибеден белгілі заттардың боялғандығы болар. Живопись біздің қайсы бір заттар туралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкес суретті боямалау емес, түстің жағдайды оны нақты жағдайларда біз қабылдағанымыздай етіп.

Сондықтан түсті пайдаланатын суретшінің аса маңызды міндеті - неғұрлым тиімді гармониялық түстік үйлесімдерді табу. Алынған түстер әдемі ( гармониялық ) немесе нашар ( дисгармониялық ) үйлесуі мүмкін.

Өзге барлық өнерлердің арасынан, тіпті адамдардың бүкіл істерінің арасынан Леонардо бірінші орынға живописьті қояды. «Өйткені - деп мақтанышпен атап көрсетеді, ол живописьті әр түрлі адамдардың және барлық заттардың өкім жүргізушісі болып табылады. Көз сезімнің әміршісі екен, онда живопись - өнер падишасы» . Леонардо бұл қағиданы көптеген мысалдармен дәлелдейді.

Мынандай әңгіме соның бірі. Корольдің туған күніне ақын келіп, оның ерлігіне мадақтап жазған поэмасын сыйға тартады. Сондай-ақ мұнда қолында король сүйіктісінің портреті бар живописьті де әкеледі. Король сол мезетте - ақ кітаптан көзін тайдырып әлгі картинаға қадала қарап қалады. Бұған таңданған ақын, «О, король Оқы!, Оқы! . . . сен менің кітабымнан мынау

мылқау картина әсерінен әлдеқайда маңызды нәрсені біле аласыз! » - дейді. Сонда король оған былай деген екен, «Үніңді өшір, ақын! Сен өзіңнің не айтып тұрғаныңды білмейсің!

Соқырларға арналған сенің өнеріңнен гөрі маған көретін дүниелерді көрсет. Живопись неғұрлым биік сезімге қызмет етеді. Маған тек естіп қана емес, көзіммен көре алатын зат бер» .

Живопись пен ақынның арасында деп - жазады тағы Леонардо - бөлшектерге бөлінген дене және тұтас дененің арасындағыдай айырмашылық бар. Өйткені ақын саған денені бөлшек бөлшегімен әр уақытта жеткізсе, ал живопись саған оның бәрін - тұтасымен бір мезгілде көрсетеді. Ал, музыка ше? Бұған Леонардоның тағы да үзілді-кесілді жауабы бар. Музыканы живописьтің қарындасы деген жөн, өйткені ол көздің көруінен кейінгі екінші сезім естуге жаралған дүние. Бірақ живопись музыкадан асып түседі және оған өктемдік жүргізеді, өйткені ол бақытсыз музыка сияқты пайда болған соң бірден өле салмайды.

«Живописьпен, -деп мәлімдейді Леонардо, - көзбен көріп, жүрекпен сезілген нәрселерінің барлық өзгешелігін, өз түсін өз көмескілігін, оның

алуан түрлі қасиетін тұтас жиынтықтан қамтып бейнелейді. - Міне, жарық пен көлеңкені табиғаттан алатын мүсіннен оларды өзі жасайтын живописьтің артықшылығы да дәл осында».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі
Бейнелеу өнерінің дамуы және қалыптасуы
12 жылдық кәсіптік оқыту әдістері және әр түрлі өңдеу тәсілдерін қолдана отырып майлы краскамен сурет салу технологиясы
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанры
Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету
Пейзаж жанрының шығу тарихы
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz