Ірі қара пастереллез ауруы
Аннотация
Қара мал пастереллезін полимеразды - тізбекті реакциясымен балау
тақырыбына жазылған дипломдық жұмыс - беттен тұрады. Бұл дипломдық
жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу нысаны мен әдістері,
зерттеу нәтижелері және оны талдау, тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау, экономика бөлімі, бизнес жоспар, қоршаған ортаны қорғау, қорытынды
және ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және 6 кесте, - сурет
және 4 қосымшалар қарастырылған.
Кіріспе бөлімінде пастереллез ауруының алдын алғанда, экономикаға
сонымен қатар, халықты азықпен және шикізатпен қамтамасыз етуде ең маңызды
фактор болып табылатындығы жайында айтылған.
Негізгі бөлімінде пастереллез ауруының қоздырғышы, пастереллез
ауруын анықтау, пастереллез ауруының эпизоотологиясы, дерттенуі, өтуі мен
симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістері, пастереллез ауруын балау,
пастереллез ауруының иммунитеті, дауалау және күресу шаралары, жануарлар
пастереллезіне қарсы ic – шаралар, жануарлардың пастереллезге қарсы
корғанысын арттыратын препараттарды сынау нәтижелері және қазіргі
жылдарда пастереллез инфекциясымен күресудің әдістемелік негіздері
жөнінде қамтылған.
Өзіндік зерттеу бөлімінде ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау
комитетінің Түлкібас аудандық ветеринарлық инспекциясының өзінде
құжаттармен танысудан бастап, ары қарай Түлкібас аудандық ветеринарлық
лабораториясында жүргізілген зерттеулер, атап айтқанда заманауи әдіс –
полимеразды – тізбекті әдіс арқылы пастереллез ауруын диагностикалау
туралы жазылған.
Мазмұны
Қысқартулар мен
белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 6
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 9
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
1.1 Ірі қара пастереллез
ауруы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..13
1.1.1 Ірі қара пастереллезінің індеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..14
1.1.2 Ірі қара пастереллезінің
патогенезі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.1.3 Ірі қара пастереллезінің өтуі және клиникалық
белгілері ... ... ... ... ... ... 16
1.1.4 Ірі қара пастереллезінің патологоанатомиялық
өзгерістері ... ... ... ... ... .18
1.1.5 Ірі қара пастереллезін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.1.6 Ірі қара пастереллезін ажыратып
балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..20
1.1.7 Ірі қара пастереллезінің
емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
1.1.8 Ірі қара пастереллезі
иммунитеті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.1.9 Ірі қара пастереллезін дауалау және күресу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... .21
1.1.10 Әдебиеттер шолуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.23
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...26
2.1 Қолданған материалдар мен зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2 Зерттеулердің
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .29
2.2.1 Түлкібас ауданында пастереллез ауруының таралуын
зерттеу ... ... ... ...29
2.1.3 Полимеразды тізбектелген реакция әдісімен пастереллез ауруын анықтау
(ПТР) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.1.4 ИФА- иммунды - ферментті
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...40
2.2 Өзіндік зерттеудің

... .44
3 Еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
4 Қоршаған ортаны қорғау
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5 Экономика бойынша

... ...
6 Бизнес – жоспарлау

Қорытынды мен
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..49
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша А
Жолдама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
Қосымша Б Бактериологиялық зерттеу үшін түскен материалды тіркеу
журналы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша В-№ 1-вет форма 2012 жылғы малдардың жұқпалы аурулар туралы есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... Қосымша Г Пастереллез ауруындағы
патологоанатомиялық өзгерістер ... .
Түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қысқартулар мен белгілер
Дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартулар мен белгілеулер
келтірілген:
ДНК-дезоксирибонуклеин қышқылы;
ЕПА - ет пептонды агар;
ЕПС - ет пептонды сорпасы;
АШМ - ауыл шаруашылық министрлігі;
пг -пикограм;
ж.н. - жұп нуклеотид;
ж.н. - жүп негіздері;
ПЦР - полимерозды ципная реакция;
АР - аггютинация реакциясы;
ДПР - диффузиялық преципитация реакциясы;
ИДР - диффузиялық иммунды реакция;
Фг – фемтограмм
мин. – минут
сағ. – сағат
см – сантиметр
мм – миллиметр
нм – нанометр
км – киллометр
мкм – микрометр
мкл – микролитр
кг – киллограмм
г – грамм
мг – миллиграмм
л – литр
мл – миллилитр
Анықтамалар
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей анықтамалықтағы терминдік аталымдар
қолданылды.
Аденин, А - тимин және урацил сияқты тұтасқан ДНҚ және РНҚ құрамына кіретін
гетероциклдық негіздердің бірі(пуриндық).
Амплипикация - ДНҚ - ның өзіне тән бөлігінің өте көп мөлшердегі қосымша
көрсеткішінің пайда болу процесі.
Белоктың алғашқы құрылымы - полипептиттік тізбектегі аминқышқылы
қалдықтарының тізбекше орналасуының тәртібі.
Ген - хромосома мен геномды белгілі бір орын алатын тұқымқуалаушылық
ақпарат бірлігі ретінде ағзадағы атқарылатын функцияларды бақылаушы.
Генетикалық инфармация - ата тегінен берілетін және тұқымқуалаушылық
құрылысында генетикалық код түрінде енгізілген ағзаның бағдарлық қасиеті.
Генетикалық код -нуклеотидтің тізбектік информациялық макромалекуларлық
белоктардың аминқышқылдардың тізбектердің код арқылы берілу заңдылығы.
Геномдық ДНК - кез келген ағзадан немесе кез келген жасуша түрінен жаппай
бөлініп алынатын ДНҚ.
Генотип - ядроға сондай - ақ цитоплазмаға байланысты торшаның барлық тұқым
қуалаушылық факторларының жиынтығы. Генотип организмнің түқым қуалаушылық
негізі, ата тегі формасы дамуының нәтижесі болып саналады.
Гомологтық - құрлымы және шыққан тегінің ұқсастығы.
Гуанин, Г - цитозинге толықтай ұқсас пуриндік негіз.
Дезоксирибонуклейн қышқылы (ДНК) - жоғары полимерлі табиғи құрылым, барлық
тірі организмдердің хромосомасында, көптеген вирустардың құрамында болатын
генетикалық мағұлматтарды тасмалдаушы құрылым.
Делеция - ДНК тізбегін жою.
Денатурация (еріту) ДНК - жоғары темперетураның және де негіздік ортаның
әсерінен орташалық комплементерлық жұптардың сутектік байланысы үзіліп, ДНК
молекуласының екі тізбектік формуласынан бір тізбекті формуласын өтуі.
ДНК - Диогностика - генетикалық құрылымның өзгеруін молекулалық тәсілмен
балау.
ДНК - Полимераза - және нуклетиттердің тізбегінен матрица түрінде бос
жүрген З1 - ОН - тобы бар ДНК (немесе РНК) -ден полинуклеотиттік
тізбектерді түзуді синтездеуші фермент.
Матрица - молекулалық құрылым, оның негізінен жаңа молекулалар түзілетін
зат.Мысалығы, ДНК тізбегі оның репликациылық матрициясы бола алады, немесе
ДНК - ның екі тізбегінің бірі транскрипция кезінде матрица
қызметін атқарады;сол сияқты мРНК белоктардың полипептидтік тізбегін
биосинтездеуге матрица бола алады.
Молекулярлық диогностика - Потогенді микроорганизмдерді, олардың өзіндік
тэн заттарын немесе өзгерген нуклеотидтің тізбектерін молекулярлық
биологиялық тәсілдермен анықтау.
Нуклейн қышқылдары - құрамында мономерлік бөліктерден тұратын нуклеотиттері
бар бір - бірімен фосфодоэфирлік байланыспен ұстанатын биологиялық
полимерлер.
Нуклеотид - нуклеозидтің фосфорлық эфирі. Фосфор қышқылының қалдығы табиғи
нуклеотиттерде рибоза (немесе дезексиибоза) қалдығына 3 м немесе 5м
көміртегі атомдарындағы гидроксин тобы арқылы қосылатын қалдық.
Нуклеотидтердің екі түрі кездеседі.
Олигонуклеотйді - бірнеші (2 - 20дейін) нуклеотидтік қалдықтардан тұратын
тізбек.
Опероны - бір - бірімен функционалды түрде байланысатын гендер тобы.
Ортологы - гендерден бөлінген бала жаңадан дивергиялық жолмен тағы екі
түрге бөліну көшірмесі.
Отониг - жеке көп нуклеотидтік комплементарлы(ДНК - ДНК немесе ДНК -ДНК)
тізбектен екі тізбектік молекулалардың пайда болу процесі.
Полимераздық тізбек реакциясы - амплиорикациялық жолмен ДНК
-фрагменттерінің бірнеші милион нклеотидтік тізбектерінің көшірмесін тез
арада алу тәсілі.
Полимереаздар - полинуклеотидтерді матрица ретінде қолдана алатын және
талықтыратын полинуклеотидтік тізбек құра алатын фермент бар.
Праймер — зерттелетін геннің үштық аудандарына комплементерлық қысқа
реттілік нуклеотидтер(жиі 20 -25Рекомбинация - геномдарды нуклеотидтік
тізбегінің орналасуын реттейтін процес. Рекомбинация генетикалық
зерттегіштердің негізінде болады да ағзаның сыртқы ортаға бейімделіп,
түрлердің үзақ өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Рибосомдық РНК (рРНК) - рибосоманың құрамына кіретін РНК молекулалары.
Жалпы жасушаның РНК - ның шамамен 80% - ын құрайды.
Тест - система - ПТР жэне ИФА тәсілдермен жүқпалы ауруларды балауға
қолданатын препараттар жиынтығы.
Тимин - ДНК құрамында болатын, пиримидиндік негіздік.
Фенотип - сыртқы орта жэне генотиптің әсерінен онтогенез поцесі кезінде
қалыптасатын организмнің молекулярлық - биологиялық және физикалық жиынтық
мінездемесі.
Цитозин,с - ДНК және РНК қүрамында болатын пиримединдік негіздік.
Электрофероз - электр өрісінде элктрлік қуаттанған молекулалардың
бөлшктенуі.
Геном - жер жүзінде тіршілік өтетін нәрселердің антогеетикалық дамуын жэне
тұқым қуалау жэне функционалдық белгілерін айқындайтын тек қана жеке
организмге тэн( немесе жеке жасуша ішінде) хромосом жиынтығы.
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жұмыста келесі құжаттарға сілтеме жасалған.
МемСТ 2.104 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МемСТ 2.301 - 68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МемСТ 2.601 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МемСТ 2.304- 81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МемСТ 2.701- 84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері.Орындауға
қойылатын жалпы талаптар.
МемСТ 2.321- 84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МемСТ 12.1.008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық
қауіпсіздігі
МемСТ 2888- 68 - Ветеринарлық термометр
МемСТ 16445-78 - Комплементті байланыстыру реакциясына қажетті қан
сарысуы
МемСТ 1770-74 - Мөлшерлі лабораториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер,
мензуркалар, колбалар, пробиркалар
МемСТ 5556-81- Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар
МемСТ 5962-67 - Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МемСТ 6709-72 - Дистилденген су. Техникалық жағдайлар
МемСТ С 9147-80 - Лабораториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы,
фарфорлы. Техникалық жағдайлар
МемСТ 20730-75 - Қоректік орта (ветеринарлық мақсаттар үшін). Техникалық
жағдайлар
МемСТ 24861-91 - Бір реттік инъекциялы шприцтер
МемСТ 26678-85 - Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық
жағдайлар
МемСТ 28085-89 - Биологиялық препараттар
МемСТ 26670 – 91- Өсіру әдістері
МемСТ 26668 – 95 – Сынама алу
МемСТ 7636 – 85 – Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау
МемСТ 7631–85– Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Мал шаруашылығына қарқынды дамуына кейбір
күрделі этиологиялық жэне мал өсірудің потологиялық процестеріне теріс
әсерін тигізетін кейбір факторлы аурулар кері себебін тигізеді.
Ондай аурулардың қатарына ірі қара малдардың пастереллез ауруын
жатқызады.Себебі қ.р - да пастереллез ауруы кең көлемде таралған инфекция
қатарына жатады жэне де сан алуан экономикалық шығындарға ұрныратқаны
белгілі болған.Сондықтанда бүл аурудың иондардың арқасында кеңінен
таралуына жол бермеу үшін және е ауру салдарына түрлі экономикалық
шығындарыды болдырмауда ауруды нақтылы әрі дәл балаудың факторлық маңызы
өте зор болып саналады.
Қазіргі кезде пастереллез ауруын зертханалық жағдайда ғана балау және
бірлендіру индентификациялау және культуралық тәсілдер қолданылады. Бірақта
олардың бәрі бірдей диогностикалық бағалығы жағынан тиімді деп айтуға
келмейді. Өйткені аталған тәсілдердің негізінен сезімталдығы, өзіндік
тәндігі жеткіліксіз болса, ол кейбіреулері көп уақытты әрі мол шығынды
талап етеді. Оған қоса бәл ауру жойқын жылдамдықпен өтетін инфкциялық ауру
болғандықтан ауруды малдың тірі кездерінде балау жолдары әлі де толық
анықталмаған.
Сондықтанда бүл ауруды уақтылы тез арада зертханалық балау үшін, өзіндік
тән, әрі жоғары сезімталды экспрес тәсілдерді іздестіріп, тауып, әрі оларды
жетілдіру мэселесіқазіргі замандағы ең бір өзекті тақырып болып келеді.
Оған қоса бұл мәселе Қ.Р- сы өкіметінің стратегиялық бағытының инновациялық
шешімдерді қарастырудағы мақсаттарымен толық сәйкес келетіндіктенде өте
маңызды болып саналады.
Бұл проблеманы шешуге полимераздық реакциясы(ПТР) өте жетілдірілген балау
тәсіл ретінде қолданылады. ПТР - дің көмегімен ДНК спецификалық өзіндік тэн
тәсілдерін бөлігінің көшірмесін бірнеше рет үлкейте отырып жұқпалы
аурулардың қоздырғыштарын биологиялық сынамалардан тез әрі сенімді табу
үшін қолдануға қажетті жоғары сезімтал, стандарттандырылған тест - система
шығару өндірістік жолға қойылған. Бірақта бұл тәсілдің әлі де болса,
жеткілікті еместігінің эрі өте қымбаттылығының сандарынан тэжірибеде
кеңінен қолданыс таба алмай отыр, оған қоса күні бүгінге дейін арнайы ірі
қара малдың пастереллезіне арналған диогностикалық тест - система Ресей мен
Қазақстан Республикасында әлі даярланбаған.
ПТР - ді қоюға арналған тест - системе ДНК - ны анплификациялау принципіне
арналғандықтан, бұл тест - системе бұрыннан қолданатына белгілі(
имммунологиялық, бактериологиялық, микроскопциялық)
тәсілдердің көмегемен таба алмайтын адам мен жануарларға потогенді бактерия
мен вирус ДНК - фрагменттерін анфқтауға мүмкіндік туғызады.
Жалпы ПТР - тэсілі басқа әдістерге қарағанда бірқатар басымдылықтармен
ерекшеленеді. Ең бастысы ауру қоздырғышының ДНК - сын тікелей табады,
жоғарғы сезімтал, өте бір өзіндік тән, реякцияны қою жағынан қарапайым ірі
ыңғайлы және сонымен бірге анализ жасауға салыстырмалы аз ғана уақытты
қажет етеді.
Соңғы уақытта алыс жақын шетелдерде ПТР - ді малдардың пастереллезін балау
үшін қолдана бастады. [ 1,2,3,4,5].
Қазақстан Республикасында мүндай асыл тиімді, жедел жэне өте сенімді
пастереллез ауруын балауға қолданылатын тэсілді ойластырып, ауып, тэжірибе
жүзінде іске асыру өте маңызды мэселе мэселе болып саналады. Сондықтан
елімізде пастереллез ауруының қоздырғыш ДНК - сын анықтай алатын отандық
ПТР - системесын қалыптастырып, оны кең көлемде қолданысқа енгізу
қажеттілігі туындап отыр. Өйткені бұған ұқсас ғылыми жүмыстар бүрындағы
жылдары Қазақстанда жүргізілген емес.
Зерттеудің мақсаты мен тапсырмалары. Жұмыстың мақсаты ірі қара малдың
пастереллез ауруын балау үшін компютерлік - маделденірілген және
синтезделінген өзіндік - тән парамерде қолдана отырып, ПТР - дің
зертханалық жаңа тәсілін табу.
Аталған мақсатты орындап шығу үшін төмендегідей негізгі тапсырмалар
белгіленеді:
1. Түлкібас ауданындағы ірі қара мал арасында пастереллез ауруының
таралуын зеттеу.
2. Раsteurelba mutocida қоздырғышының эпизоотиялық өсіндерінің биологиялық
қасиетін зерттеп, праймерлік кескін дайындау үшін штамдарды іріктеп алу.
3. Раsteurelba mutocida ДНК - сын басып алудың оңтайлы- оптималды тэсілін
іріктеп алу.
4. Бактериалдық ДНК - ның фрагменетациялау үшін рестрикциондық анализ
өткізу жэне оның молекулярлық массасын анықтау.
5.Пастереллез ауруының қоздырғышының ДНК геномдық тәсілін амплификациялауға
арналған оптималды өзіне тән праймерлерін құрастырып, бөліп алып, синтездеп
шығару.
6. Ірі қара пастереллезіннің қоздырғыш ДНК - сын анықтау үшін ПТР-ның ең
қолайлы түстарын іріктеп алу(реакция қоспасындағы негізгі қоспалардың
мөлшері, темперетуралық және уақыт режимдері)
7. Ірі қара пастереллез қозырғышының ДНК-сын анықтау кезіндегі ПТР-дің
өзіндік тәндігі мен сезімталдығын зерттеу.
Зертеудің ғылыми жаңалықтары. Алғаш рет Раsteurelba mutocida ДК-сының
геномдық процесіе амплификациялаудағы қолданылатын гендік өзінек тән
праймерлері қарастырылды.
Бүл праймерлер Раsteurelba mutocida ДНК-ның бөлігін 372 ж.ж шектетті.
Мұндай праймерлерді қолдану барысы жалпы анализ уақытын қысқартатыны
тағайындалды. Аталған өзіндік тән праймерлерді жасату үшін және ПТР-өнімін
372 ж.ж көлемінде жинақтау үшін небәрі 20-25 секунд жеткілікті екендігі
көрсетілді. Уақыт темперетуралық ережелерінің ұзақтылығы 2 есе
қысқартылады.
Раsteurelba mutocida ДНК-сын детекциялау үшін қолданылатын ПТР тест
-системесының лабораториялық варианты ойластырылып сынақтан өткізілді.
Жүмыстың тәжірибелік маңызы. Раsteurelba mutocida ДНК-сын детекция үшін
өте жоғары сезімтал әрі орындалу жағынан қарапайым ПТР тест -системесы
ойластырылады. Нәтижесінде бұл тест - ситемасы пастереллез инфекциясының
алғашқы басталған күндерін де де уақыт аралығында балауға мүмкіндік береді.
Атқарылған ғылыми жұмыстардың барысында қарастырылған нәтижелер:
-"ПТР-сын жануарлардың жұқпалы ауруларын балау үшін қолдану" әдістерін
нұсқау,ҚР АШМ, ЕМК, "ВҒЗИ" ғылыми кеңесінің хаттама, 10 мамыр 2007 жылы
бекітілген;
Биосынамаларда Раsteurelba mutocida ДНК-сын анықтау үшін полимеразды
тізбек реякциясын (ПТР) жүргізу жіне оны қолдану әдістерін нұсқауы
.Анимология ҒЗИ-ныңғылыми-техникалық кеңесінде 15.15,2009,24хаттамамен
бекітілген.
-"Тәжірибеші ветеринария мамандарға білім беру және таратуға арналған
тәжірибелік нұсқаулар" ,Каз Агроиновация АҚ-ның ғлыми-техникалық
камисиясының 07.08.2009ж., шешімімен бекітілген.
Дссертация жұмысын орындау барысында алынған нәтижелер ірі қара малының
пастереллез ауруын жеңілдентіріп қана қоймай және де оның диогностикалық
тиімділігін арттырып, ауру шыққан шаруашылықтардың экономикалық шығынын
төмендетеді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – ірі қара малының пастереллез ауруына
заманауи диагностикалық әдіс – полимеразды – тізбекті талдау әдісімен
диагноз қою.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас
ауданының мал шаруашылығындағы әртүрлі тұқымдас ірі қара топтарының
арасындағы пастереллез ауруының індеттік факторларын, аурудың таралуын,
энзоотияның өсіп-өшуін, диагностикасын, соның ішінде ауруды заманауи балау
әдісі – полимеразды – тізбекті реакциясымен зерттеп, осыдан алынған
мәліметтерге байланысты, ауруға қарсы тиімді күрес шараларын ғылыми және
практикалық тұрғыдан дәйектеу болып табылады.
1Негізгі бөлім
1.1 Ірі қараның пастереллез ауруы
Пастереллез (Раsteurellosis) - жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал
жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін
сүтқоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Аурудың жұқпалы екендігін дәлелдеуге 1878 ж. Болишердің
сиырдың пастереллезін сипаттауы негіз болды. Аурудың қоздырушысын тауықтан
Е.М. Земмер (1878), Л.Пастер (1880), үй қоянынан Гафки (1881), сиырдан Китт
(1885), буйволдан Греете (1887) бөліп алды. Аурудың атауы Пастердің
қоздырушы микробты өсіріп, әлсіретіп, онымен тауықты иммундеуге бағытталған
әйгілі тәжірибелеріне байланысты еді. Ғалымның құрметіне бұл микроб
пастерелла, ал ол қоздыратын ауру пастереллез деп аталатын болды.
Пастереллез дүние жүзіне кең тараған. Әдетте оқтын-оқтын байқалып,
созылмалы түрде өтеді. Бірақ ауруды өршітуге ықпал ететін факторлардың
әсерінен індет түрінде кең жайылады.
Қоздырушысы – Раsteurella multocida - оншалықты ірі емес, грамтеріс,
қозғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұпталып, сирегірек қысқа
тізбек түрінде орналасатын бактерия. Түрі мен мөлшері шыққан ортасыңа
байланысты әртүрлі болады. Ауру малдың ұлпасындағы пастереллалар ұсақ,
сопақша болады да, метилен көгі немесе Романовский - Гимза әдісімен
биполярлы (екі шеті) боялады. Жана өсінділерде микробтың анық көрінетін
қауашағы болады.
Пастереллалар - жартылай ауасы бағалы микробтар. Кәдімгі қоректік
орталарда 37 °С кезінде жақсы өседі, жаңадан алынған өсіндерін өсіру үшін
қан сарысуы қосылған немесе етті ферменттік гидролиздеу арқылы алынған
қоректік орталар қолданылады. Бактериялар сорпада өскен қоректік орта
түгелдей лайланып, ЕПА-да тәуелсіз түрлі шоғыр түзеді: тегіс (S), бұдыр (R)
және кілегейлі (М). Ферменттілік қасиеті төмен, өзгеше қасиеті болып
триптофан қосылған сорпада индол түзуі және нитратты нитритке дейін
тотықсыздандыруы есептелінеді.
Ұзақ уақыт бойы пастереллаларды зоологиялық тұрғыдан жіктеу орын алып
келді де, мал мен құстың әрқайсысына ауруды микробтың жеке түрі тудырады
деп есептелінді. Тек 1939 ж. Розенбуш пен Мергант пастереллалардың ауру
қоздырушы бір ғана түрі бар екендігін дәлелдеп, оны дербес түр Р.multocida
ретінде қарастырды. Бұл тұқымдыстыққа жататын тағы бір дербес түр
Р.Hаетоlуtіса сиырда, әсіресе қойда пастереллезге ұқсас ауру қоздырады.
Пастереллез пастерелла тобынан пайда болатын жұқпалы ауру. Аурудың
қоздырғышы - жылжымайтын қысқа таяқша, оның ұзындығы 1—1,3 м, ені 0,3—0,5
м. Таяқша Романов — әдісімен және кәдімгі анилин бояуымен жақсы боялады, ал
Грам әдісімен боялмайды.
Бұл бактерияның тамырларында цитоплазманың көп жиналуының және сол
араның ерекше интенсивті бояуының нәтижесінде бактерияны биполяр деп
атайды. Алайда, қоректік ортада өсіргенде, бұл бактерияның бойындағы
биполярлі қасиеті жойылады. Сондықтан оны микроскоппен зерттегенде екі ұшы
бір қалыпты таяқша болып көрінеді.
Бұл бактерия онша төзімді емес. 70-90° ыстықта 5-10 минут уақыт ішінде
өледі. Ал қайнаған суда дереу өліп қалады. Әдетте қолданылатын
дезинфекциялық ертінділер бұл бактерияны тез өлтіреді. Формалиннің 2-3%-тік
ерітіндісі 3—5 минут уақытта, ал 5%-тік ерітіндісі бір минут уақыттың
ішінде өлтіреді.
Пастереллалардың төзімділігі жоғары емес, сыртқы ортада тез өледі.
Көнде, қанда, суда тіршілігін 2-3 апта сақтайды, ал өлекседе 4 айға дейін,
мұздатылған құс етінде жыл бойы сақталады.
Тура түскен күн сәулесінен бұл микроб бірнеше минут ішінде, ал 70-90° С
температурада 5-10 минутта өледі. Барлық үйреншікті дезинфектанттар
қолданылып жүрген концентрациясында бірнеше минутта өлтіреді [2,3,4].
1.1.1 Ірі қара пастереллезінің індеттік ерекшеліктері
Пастереллезге үй және жабайы сүтқоректілер мен құстардың барлық
түрлері бейім. Онымен адам да ауырады. Тауық пен үй қоянында ауру індет
ретінде байқалады. Басқа жануарларда індет түрінде таралағанымен де, мұндай
жаппай ауру онша жиі байқалмайды. Ет қоректі жануарлар біршама төзімді
келеді.
Пастереллез ауруына ірі қара мал, шошқа, қой, үй қояны, құстар және
көптеген жабайы хайуанаттар шалдығады. Пастереллездің экзоотикалық түрі
малдардың бір түлігінен шыға қалса, ол кейде барлық малға тарап кетеді.
Ауруды жұқтыратын — негізінен ауру малдар болады. Өйткені олар сыртқа
өте күшті көптеген вирулентті бактериялар шығарады. Көзге сау көрінетін
малдар мен үй құстарының жоғары тыныс жолдарында және ас қорытатын
жолдарының кілегей қабықтарында бактерия тасығышы болуы да мүмкін.
Организмде резистентіліктің (қарсылықтың) әлсіреу кезінде санитарлық
жағдайлар сақталмағандықтан, суыққа шалдығудың, шаршап - қалжыраудың,
заттардың алмасуы бұзылуының, аштыққа ұшыраудың, созылмалы аурудың және
жемшөпте витаминдердің жетіспеуі салдарынан бактерия лимфамен қанға еніп,
пастереллез ауруын тудыруы мүмкін [1,2,4,5].
Ауру мал мен сау малдың араласып жүруінен де ауру жұғады. Шошқа мен
құстарға ауру алиментарлы жолмен жұғуы мүмкін.
Пастереллездің өлітиген түрінде жіті өтіп індет ретінде қаулауын ірі
қара мен жабайы күйіс қайыратын жануарларда біздін өлкемізде Р. multocida В-
типі, ал Африкада Р. multocida Е-типі қоздырса, құста – Р. multocida А-
типі қоздырады. Пастереллездің оқтын-оқтын энзоотиялық пневмония ретінде
жітілеу және созылмалы өтетін түрін бұзауда Р. multocida А-типі және Р.
Hаетоlуtіса ал шошқада Р. multocida А және Д-типтері мен Р. Hаетоlуtіса
қоздырады.
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан
жазылған жануарлар. Алып жүру мерзімі жылдан астам болуы мүмкін.
Пастереллезге тән қасиет -сау жануарлардың арасында да қоздырушыны алып
жүрудің көп кездесуі. Сау шаруашылықтарда ауырмаған малдың пастереллаларды
алып жүруі сырт жерден ауруды әкелмей-ақ пастереллездің өзінен - өзі
қаулауына себеп болады. Әдетте мұндай жағдай жануарларға әртүрлі қолайсыз
факторлардың әсер етуінен кейін байқалады.
Пастереллездің індеттік ерекшелігі оның бір жерге орын теуіп, энзоотия
ретінде байқалып, тұрақты індет ошағының қалыптасуы.
Сиыр мен қой пастереллезбен кез келген жаста ауырады, әйткенмен де жас
төлдің бейімділігі жоғары болып келеді. Ең жиі ауыратын жануар - буйвол,
олардың сиырмен салыстырғанда өлім көрсеткіші 2 есе жоғары. Тропикалық
елдерде пастереллез ірі қарада әдетте індет түрінде жауынды маусымда жаппай
ауруға шалдығу және өлімге ұшырау (70-100 %) арқылы байқалады. Қоңыржай
климатты аймақта пастереллез негізінен күз бен көктемде (ауруға шалдығу
көрсеткіші 5-50 %) кездеседі. Ауырған мал қоздырушы микробты мұрыннан аққан
сора, дем алғандағы ауа, сілекей, нәжіс арқылы бөліп шығарады. Қоздырушының
берілу факторлары мен таралу жолдары алуан түрлі. Берілу факторларының
ішіндегі ен елеулілері: микробпен ластанған қора-жай, ауа, жемшөп және
құрал-саймандар. Құстардың арасында пастереллездің таралуына Dermanyssus
gallinae және Аrgas persicus кенелері айтарлықтай қызмет атқарады. Олардың
денесінде пастереллалар 60 күннен артық сақталады. Аурудан сау емес
шаруашылыктарда тышқандар мен егеуқұйрықтар қоздырушының бастауы және
тасымалдаушысы бола алады.
Індет жағдайын ескермей жануарларды жөн-жосықсыз орын ауыстыру,
мөлшерден тыс тығыз орналастыру, ветеринариялық-санитариялық ережелерді
дұрыс орындамау, зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтарын пайдалану
пастереллездің таралуына ықпал етеді.
Пастереллез кезінде ауруға шалдығу және өлім көрсеткіштері қоздырушы
микробтың уыттылығы, табындағы малдардың иммундік жағдайы және
күтімі, қосалқы инфекциялардың болуы және сауықтыру шараларының дұрыс,
уақтылы жүргізуіне байланысты болады [1,2,5,6].
1.1.2 Ірі қара пастереллезінің патогенезі
Табиғи жағдайда пастереллалар жануар денесіне тыныс және ас қорыту
жолдары арқылы, ал ерекше бір жағдайда ғана зақымданған тері арқылы енеді.
Енген орнында микроб өсіп-өніп, сөлмен қанға өтеді де, септицемияның
әсерінен көп жағдайда жануар 12-36 сағат өткенде өледі. Дерттің өрбіп
денеге жайылуына пастереллалардың фагоцитозды тежеуі (аяқталмаған
фагоцитоз), улы заттардың пайда болуы және оның нәтижесінде капиллярлардың
жаппай зақымдануы жағдай жасайды. Бұлардың нәтижесінде тері асты және
бұлшық еттер арасындағы шел ауқымды мөлшерде домбығуға шалдығып,
геморрагиялық диатез пайда болады. Қоздырушы неғұрлым уытты болса,
солғұрлым тез өлітиеді.
Ауруға төзімді жануарға уыттылығы төмен пастереллалар енгенде
өлітимейді. Қоздырушы кейбір мүшелерде ғана, негізінен өкпеде, орын теуіп,
ауру жітіден төмен созылмалы өтеді. Пневмония крупозды немесе серозды-
қатарлы болады. Ауру өте жіті өткенде пневмония өрбіп үлгірмейді де, өкпеде
тек домбығу мен гиперемия байқалады [1,2,6,7].
1.1.3 Ірі қара пастереллезінің өтуі және клиникалық белгілері
Жасырын кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін.
Жануарлардың әр түрінде пастереллез аса жіті, жіті, жітіден төмен және
созылмалы өтеді.
Сиыр мен буйволда пастереллездің аса жіті түрі кезінде дененің ыстығы
кенеттен 41-42° С дейін көтеріліп, өлітиюдің белгілері байқалады. Қауырт
өрбіген кезде жүрек қызметінің жетімсіздігінен, өкпенің домбығуы мен қан
аралас іш өтуден жануар бірнеше сағат ішінде өліп кетеді. Тіпті бұл
белгілер білініп үлгірмей-ақ малдың өліп кетуі мүмкін.
Аурудың түрлері: жіті, жітілеу және созылмалы болуы мүмкін. Жіті
түріндегі аурудың жасырын кезеңі бір-екі күнге созылады. Ауру мал қатты
қиналып, жүріс-тұрысы самарқау, кызуы 41—42 градусқа дейін көтеріледі.
Кілегей қабықтарын қан кернеп, көлкілдеп тұрады. Тынысы демігіп жиі шығады,
күріс - күріс жөткіреді. Басы мен мойнында және аяқтарында ісік пайда
болады. Ауырған мал 20—24 сағат ішінде өледі.
Жітілеу сырқат кезінде өкпенің шандыр қабығы фиброзды қабынуға ұшырап,
тынысы тарылып, ішінен қан өтіп, әлі құрып тәлтіректеп зорға басады. Мұндай
халде, ауру —өлім-жітіммен аяқталады.
Созылмалы сырқат кезінде ауру мал үнемі қалшылдап, жемнен қалып, іші
өтіп бұрлығады.
Жіті пастереллез кезінде құстардың тәбеті болмай, самарқау тартып, іші
өтеді. Ауру құстар басын қанатының астына тығып немесе шалқасынан қайырып
тастап отыра береді, тұмсығының тесігінен сілекей ағып тұрады. Айдарымен
иегінің асты көгеріп тұрады. Дене қызуы 42° дейін көтеріліп, кейде одан да
асып кетеді. Сырылдап дем алады. Ауру мерзімі 1—2 күнге созылады. Өлім-
жітім көп болады. Жітілеу немесе созылмалы сырқат кездерінде іші өту ұзаққа
созылып, жүдейді, ал жас тауықтардың буындары талауратып іріңдейді, танауы
бітеді, ауызының ішіндегі кілегей қабықтарда қан ұйиды.
Пастереллез жіті өткенде мал күйзеліп, селқостанып, ыстығы 40° С-қа
жетеді, не одан да жоғарылайды. Қаңсары құрғап, суынады. Күйіс қайыруы
тоқталып, сүті қайтады. Аурудың бас кезінде ішек пен қарынның қозғалысы,
тезек тастауы баяулайды. Кейіннен нәжісі сұйылып, фибрин мен қанды
жалқақтар араласады. Кейде танауынан қан ағып, көзі қанталап, жіті
конъюнктивит өрбиді, несепте қан болады. Жануарларда өлі тиюдің айқын
белгілері мен жүрек қызметінің жетімсіздігі байқалып, 1-2 тәуліктің ішінде
өліп кетеді.
Ауру ұзаққа созылғанда дененің жалпы қызуы көтерілуімен қатар орны
шектелген өзгерістер де байқалады. Олардың клиникалық белгілері бойынша
пастереллездің домбыққан, көкіректегі және ішектегі түрлерін ажыратады.
Аурудың домбыққан түрінде төменгі жақтарының арасында, әукесінде, төсінде,
бауыр тұсындағы тері асты шелдерінде тез арада өршитін, ыстық басып
көргенде ауырсынатын, сықырламайтын домбығу болады. Тілі мен мойыны
домбыққанда тынысы қырылдап, қиындайды, шұбатылып сілекей ағады, көзге
көрінетін кілегейлі қабықтары көкшілденіп, канталап тұрады.
Кейбір жануарлардың делебесі қозады (бұзауда болатын пастереллездік
менингоэнцефалит).
Пастереллездің көкіректегі түрі кезінде крупозды (фибринді) пневмония
кездеседі, жануар күйзеліп, қимылдап қалады, таз қарынның атониясы,
тыныстың жиілеп, қиындауы байқалады, ауырсынып құрғақ жөтеледі, танауынан
көбік аралас сора ағады. Аурудың соңғы кезінде нәжісіне қан араласып іші
өтеді де, көп жағдайда 5-8 күн арасында өліп қалады.
Ішектегі түрі кезінде негізгі симптомдары ішектердің зақымдануына
байланысты болады да, пневмонияның белгілері онша біліне қоймайды. Аппетит
сақталғанмен жануар тез арықтап, қаны азайып, күйзеліске ұшырайды.
Созылмалы өткенде жануардың тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің зақымдану
белгілері ішектегі түрі мен салыстырғанда бәсендеу болады, бірақ іші өтуі
салдарынан арықтап, кахексияға ұшырайды.
Қойдың пастереллезі жіті өткенде бұл ауруға тән өлітиюдің клиникалық
белгілері сирек байқалады. Дененің ыстығы көтерілуі мен жалпы күйзеліске
ұшырауымен қатар алдыңғы тұла бойының тері астындағы шелі домбығып фибринді
пневмония өрбиді. Мал әдетте 2-5 күн ішінде өліп қалады. Жітіден төмен және
созылмалы өткенде баяу фибринді пневмонияның белгілері, кератит, ринит,
артрит байқалады, мал тез арықтайды. Р. Hаетоlуtіса қоздыратын пастереллез
кезінде пневмония жиі байқалады да, мастит сирек кездеседі.
Шошқада пастереллез аса жіті және жіті өткенде дененің ыстығы 41° С-қа
дейін және одан да жоғары көтеріліп, тынысы тарылып, фарингит, жүрек
қызметінің кемістігі байқалады, кейде иек асты мен мойынның тері асты шелі
домбығады. Жануар тыныс ала алмай 1-2 тәулік ішінде өледі. Ұзағырақ өткен
фибринді пневмония болып, ентігіп, жөтеледі, ринит байқалады. Ауру 5-8
күнге созылып, өліммен тынады. Пастереллез созылмалы өткенде пневмонияның
белгілері байқалып, жануар әлсіреп, күрт арықтайды, кейде буындары
шорланып, терісінде қабыршақтанған экзема болады.
Құста пастереллездің аса жиі өтуі індеттің бастақы шағында кездеседі.
Құс кенеттен жалпы етіп құлап, қанатын бірнеше рет қағады да, аурудың ешбір
симптомынсыз өліп кетеді. Ауру көп жағдайда жіті өтеді де, құс селқостанып,
қанатын салбыратып отырады. Қауырсындары үрпиіп, басын қанатының астына
тыға береді, немесе арқасында қарай кегжитеді. Денесінің ыстығы 44° С
немесе одан да жоғары болады, қозғалысы шектеліп, шөлдей береді. Тұмсығынан
көпіршіген сілекей ағады. Соңын ала қатты, кейде қан аралас іші өтеді.
Айдары мен сырғасы көкшіл тартады. Тынысы тарылып, демі сырыл аралас
шығады. Құс құрыстанған немесе дел-сал күйінде өледі. Жітіден төмен және
созылмалы өткенде құстың біртіндеп қаны азайып, арықтайды, буындары
шорланып, бара - бара іріңдейді. Сырғасы зақымданған құстың күйі өзгермейді
де, бұндай жағдай сырға ауруы деп аталады. Созылмалы пастереллез кейде
тек қана ринит, синусит ретінде, көзі мен тұмсығында қоймалжың экссудат
жиналуы арқылы байқалады.
Үй қоянында пастереллездің жіті түрі ыстығы көтеріліп, күйзеліп,
қозғалуы шектеліп, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдану белгілері
(тұмауратып, түшкіруі) арқылы білінеді. Кейде іші өтеді. Жануар әлсіреп, 1-
2 күн ішінде өледі. Ұзақ уақыт ауру жайлаған шаруашылықта созылмалы түрде
ринит, конъюнктивит ретінде байқалып, кейде іші өтеді, фибринді - іріңді
пневмония, тері асты шелінің абсцессасы байқалады.
Терісі бағалы аңдар (бұлғын, түлкі, күзен, құндыз) ауру жіті өткенде
қатты күйзеліп, қозғалуы шектеліп, телтіректеп зорға жүреді. Ыстығы 42° С
және одан жоғары көтеріледі. Негізінен әсіресе қара түлкіде геморрагиялық
гастроэнтериттің белгілері байқалды. Күзеннің бас жағының тері асты шелі
домбығып, артқы аяғы салданады. Ауру 12 сағаттан 2-3 тәулікке дейін
созылады [1,2,6,7,8].
1.1.4 Ірі қара пастереллезінің патологоанатомиялық өзгерістері
Патологоанатомиялық өзгерістер аурудың ұзақтығы мен клиникалық түріне
байланысты болады. Аса жіті және жіті өткенде өлген жануарлардың көптеген
ағзаларында, кілегейлі және сірлі қабықтарында геморрагиялық диатезге тән
жаппай қанталаған өзгерістер кездеседі.
Бауыр мен бүйректер өз қалпынан ауытқып, көк бауыр аздап домбығады. Сөл
түйіндері ісініп, қара кошқыл түсті болады. Тері асты шелінде, әсіресе
аурудың домбыққан түрінде, денесінің әр жерінде сарысулы-фибринді жалқақтар
болады.
Өкпе домбығып, онда крупозды пневмонияның бастапқы кезеңіне сәйкес
өзгерістер кездеседі. Ішектегі түрі кезінде қарын мен бүкіл ішекте фибринді
- геморрагиялық қабыну байқалады.
Пастереллез жітіден төмен және созылмалы өткенде өлген малдың
өлексесінің қатты арыған және қаны азайған белгілері болады. Көкірек және
құрсақ қуыстарының сірі қабықтарында тығыз фибринді жалқақ жабысып жүруі
мүмкін.
Бронхалардың маңындары сөл түйіндері ұлғайып, қанталап тұрады.
Өкпеде қызыл және сұр бауырлану кезеңдеріне сай өзгерістер болады,
кейбір телімдері өліеттене бастайды, ал асқынған кезде іріңді-фибринді
ошақтар кездеседі. Көк бауыр ұлғайып, бауыры мен бүйректерінде өте ұсақ
өліеттенген телімдер кездеседі. Құста болатын патологоанатомиялық
өзгерістер сүт қоректі жануарлардағыға тақылеттес келеді де, негізінен
аурудың өту ерекшеліктеріне байланысты болады.
Өлексенің көрнекі кілегей қабықтары ісініп, қан құйылған нүктелер
білінеді. Ішектің кілегей қабықтары геморрагиялы жағдайда қабынған. Ішектің
ішіндегі заттар сұйылған.
Жүректің сырт қабығында нүктелі қанталаған іздер көп көрінеді. Өкпе
қанға толып ісінген, әр жерлері қабынғаны байқалады. Бауырдың үстіңгі
қабатында ұсак, сарғыш некротиялык ошақшалар білінеді [1,7,8].
1.1.5 Ірі қара пастереллезін анықтау
Пастереллез ауруын эпизоотологиялық көрсеткіштер мен клиникалық
белгілер бойынша, патологоанатомиялық өзгерістер мен бактериологиялық
зерттеулердің кортындысына сүйене отырып анықтайды. Ал, қажет болған
жағдайда лабораторияда тұрған малдарға жұқтырып байқау жүргізеді [1,7,8].
Пастереллезді індеттанулық деректер, клиникалық белгілері,
патанатомиялық өзгерістер негізінде, міндетті түрде бактериологиялық
тексеру жүргізіп анықтайды. Зертханаға емделмеген малдың өлексесінен
өлгенінен 3-5 сағаттан қалдырмай көк бауырдың, бауырдың, бүйректің
кесінділерін, өзгеріске ұшыраған өкпенің телімін сөл түйіндерімен қоса және
жілігін жібереді. ¥сақ жануардың өлексесін тұтастай жөнелтеді.
Жаздың күні патматериалды глицериннің 40 % ерітіндісімен консервілейді.
Пастереллезге тексергенде пастерелланың ақ тышқан үшін зардапты таза өсінін
алуға баса зейін қояды.
1.1.6 Ірі қара пастереллезін ажыратып балау
Сақа ірі қарада топалаң мен қарасаннан және пироплазмоздан, ал төлде
- стафилококты және стрептококты инфекциялардан, сальмонеллезден,
колибактериоздан, вирустық пневмоэнтериттерден (парагрип-3, вирустық
диарея, жұқпалы ринотрахеит).
Қойда топалаңнан, пироплазмоздан, секіртпе мен жыбырлақтан ажырату
керек. Шошқада пасетереллезді обадан, тілмеден, сальмонеллезден, ал тауықта
Ньюкасл ауруынан, микоплазмоздан, жұқпалы ларинготрахеиттен, спирохетоздан
ажырату қажет.
Аталған және басқа да аурулардан пастереллезді ажырату үшін кешенді
зерттеу әдісін қолданады, оның ішінде зертханалық тексеру шешуші рөл
атқарады.
1.1.7 Ірі қара пастереллезінің емі
Ауырған жануарды бөліп алып, жылы, құрғақ үйшікке орналастырып,
жұмсақ төсеніш төсеп, құнарлы жемшөппен қоректендіреді. Микробтарға қарсы
ем ретінде антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қолданады.
Пастереллезге қарсы гипериммунді қан сарысуы ауру жедел еткен жағдайда,
уақыт өткізбей, алғашқы белгілері біліне бастаған аурудың бастапқы
кезеңінде пайдаланғанда ғана жақсы нәтиже береді. Оны бұлшық ет ішіне
немесе көк тамырға дауалық дозасынан екі есе артық мөлшерде пайдаланады.
Сарысуды антибиотиктер мен, сульфаниламид және симптоматиқалық дәрілерімен
қосып қолданғанда жақсы нәтиже береді. Малдың күй-жағдайын ескеріп емнің
курсын толық жүргізу керек. Пастереллезбен ауырған құсты емдемейді.
Пастереллезбен ауырған малдың миына мына мөлшерде гипериммундық
сыворотка жібереді. Ірі қараға 200—250 мл, қойға — 50 мл, шошқаға 50—100 мл
және сывороткаға қоса, бір мезгілде антибиотикалық (террамицин) және
сульфаниламидті препараттар қолданылады [1,7,8,9,10].
1.1.8 Ірі қара пастереллезі иммунитеті
Пастереллезбен ауырып жазылған жануарлар да 6-12 айға иммунитет
қалыптасады. Бұл аурудың алдын алу үшін бұрынғы Кеңестер Одағында бірнеше
өлтірілген вакциналар қолданылып келді, сиыр, қой және шошқаның
пастереллезіне қарсы преципитацияланған, формолвакцина (авторы Н.М.
Никифорова). Сиыр мен буйволдың пастереллезіне қарсы Азербайжан ҒЗ
институтының гидроокись алюминийлі қоймалжың вакцинасы (авторы М.К.
Ганиев), торайдың паратиф, пастереллез және диплококты септицемиясына қарсы
концентрацияланған поливалентті фармолвакцина, бөктірілген
(эмульгированный) сиыр, буйвол және қойдың пастереллезіне қарсы вакцина
(Н.М. Никифорова, А.В. Лукьянченко), бөктірілген шошқаның пастереллезіне
қарсы вакцина (Н.М. Никифорова, А.В. Лукъянченко).
Вакциналарды аурудың алдын алу үшін немесе лажсыздан тұрақты сау емес
жерлерде, ауру кенеттен тұтанып жедел өткен жагдайда немесе қауіп төнген
аймақта қолданады. Преципитацияланған қоймалжың және концентрацияланған
вакциналармен жануарларды екі рет егеді. Әлуетті иммунитет екінші рет еккен
соң 7-10 күн өткенде қалыптасып, 6 айға дейін сақталады. Бөктірілген
вакциналарды бір рет егеді, иммунитеттің мерзімі жылдан астам.
Құс шаруашылықтарында пастереллезді дауалау үшін француздық (Пастердің)
вирулентсіз және Ресейлік вируленттілігі төмен Краснодарлық К және АВ
штаммдарынан дайындалған құрғақ тірі вакциналарды, сонымен қатар
өлтірілген, бөктірілген вакциналар қолданады. Тірі вакциналармен тауықты
және су құстарын ауру шыққан және қауіп төнген шарушалықтарда егеді. Егер
алдыңда барлық ауырған немесе дүдәмал құстарды мұқият бөліп алып,
аластайды. Егілген құста иммунитет 5-ші күні қалыптасып, 4-6 айға дейін
сақталады. Майлы вакцинаны негізінен қауіп төнген және тұрақты сау емес
шаруашылықтарда және ауру тұтанған кезде қолданады. Вакцина еккеннен кейін
барлық құстарға жеммен 3 - 4 күн бойы норсульфазол немесе сульфадимезин
береді. Иммунитет 8-ші күнге қарай қалыптасып, тауық тұқымдастарында 6 айға
дейін, суда жүзетін құстарда 7 айға дейін сақталады. Содан кейін вакцинаны
сульфаниламид дәрмектерін қолданбай-ақ егуге болады.
Енжар иммундеу үшін сиыр, буйвол, қой және шошқаның пастереллезіне қарсы
гипериммунді қан сарысуы бар. Оны дауалық мақсатта ересек жануарларға
тасымалдау алдында, ал жас төлге мал кешендеріне әкелінген алғашқы
күндерінде жібереді [11,12,13].
1.1.9 Ірі қара пастереллезін дауалау және күресу шаралары
Пастереллезді болдырмау үшін сау шаруашылықтарды ауру қоздырушысын
ауырған мал және пастерелла алып жүрушілер, жемшөп, т.б. арқылы әкелуге жол
бермеу керек. Әсіресе малды бағып күтудегі санитариялық-зоогигиеналық
талаптардың орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. Егер фермада бұрын
пастереллез байқалған болса, жыл ішінде барлық малдарды оған қарсы егеді.
Мұңдай шаруашылықтың мал басы егілген жануарлармен ғана толықтырылуға тиіс.
Пастереллез ауруы алғаш шыға қалған кезде барлық малдарды клиникалық
байқаудан қадағалап өткізеді, дене қызуын термометрмен өлшейді. Ауру ма деп
күдіктенген және ауруға шалдыққан малдарды бірден бөлектеп ұстайды да,
пастереллезге қарсы қолданатын гипериммундық сывороткамен емдейді. Өлген
малдың өлігін дереу көмеді немесе өртеп жібереді. Қора - жайды жаңа
сөндірілген әктің 10%-тік ерітіндісімен немесе креолиннің 5%-тік
ерітіндісімен дезинфекциялайды. Көң - қоқыс биотермикалық әдіспен
залалсыздардырылады. Қажет болған жағдайда жайылым жерді ауыстырады. Малдың
санитарлық жағдайларын жақсартады.
Аурудың немесе өлім-жітімнің ақырғы кезеңі өткен соң, 12—15 күннен кейін
барлық малға қызуы бір қалыптағы күйінде пастереллезге қарсы арнайы
жасалынған формолвакцинаны егеді. Алайда, шаруашылықтағы ірі қара, қой,
немесе шошқалар басқадай бір, жұқпалы аурулар болса, мұндай жағдайда
пастереллезге қарсы вакцинаны қолданбайды.
Вакцинаны егу тәртібі әрбір 12—15 күн арасында терінің астына екі мәрте
мынадай мөлшерде: жас ерекшелігіне қарамастан ірі қараға бірінші рет — 5
мл, ересек қой мен шошқаға — 5 мл, қозылар мен торайларға 3 мл жібереді.
Ал, екінші рет қайталауда да жас ерекшеліктеріне қарамастан ірі қараға — 10
мл, ересек қой мен шошқаға — 8 мл, қозылар мен торайларға — 5 мл жібереді.
Вакцина егілген малдардың иммунитеті 5—6 айға дейін сақталады.
Пастереллезбен ауырған және ауру деп күдіктелінген
тауықтарды емдейді, ал одан соң оларды түгелдей қырып, тастайды да,
қайтадан өсіреді. Пастереллез ауруы шыққан шаруашылықтардан мал өнімдерін
шығару ісіне тиым салынады [14,16,17].
Жануарлар мен құстардың қай түрінде болмасын пастереллез байқала қалған
жағдайда шаруашылыққа шектеу шараларын енгізеді. Шошқа, сиыр, қойды
түгелдей клиникалық тексеруден өткізіп, аурулары мен дүдамалдарын оқшаулап,
емдейді, ал қалғандарын егеді. Ауру мал бөлінін алынған әрбір сәттен кейін
қораға дезинфекция жүргізіледі. Кейін мұндай ағымдары тежеу дезинфекция әр
10 күн сайын шектеу алынғанға дейін өткізіледі. Малдың өлекселері утилге
жіберіледі немесе өртеледі. Шаруашылықтан шектеуді ең соңғы ауру
байқалғаннан кейін барлық малды еккен соң 14 күн өткенде, қорытынды
дезинфекция жасап барып алады.
Құстың пастереллезі байқалған жағдайда барлық аурулары мен дүдамалдары
сойылады. Кейде тіпті ауру шыққан қорадағы барлық құсты сою тиімді шара
болын есептеледі. Өлекселерді өртейді. Жұмыртқаны формальдегидтің буымен
дезинфекциялайды. Ауру жүғу қаупі төнген құстарды оқшаулап, егеді. Ауру кең
тараған кезде құстарды егер алдында шұғыл дауалау мақсатымен сау құстарға
антибиотиктер мен сульфаниламидтер береді. Барлық пастереллезге шалдыққан
құстарды сойғаннан соң, ферманың бүкіл территориясын тазалап, дезинфекция,
дезинсекция және дератизация жасай, қорытынды дезинфекцияның нәтижесіне
бактериологиялық тексеру жүргізіліп барып, шектеу алынады. Пастереллез
шыққан қоян фермасында қатаң шектеу шаралары жүргізіледі. Ауырған қояндарды
сойып, торлары мен қораны дезинфекциялайды. Барлық сау қояндарға бұлшық
етіне бір рет террамицин (1 кг массасына 20 мг) немесе екі рет 8-10 сағат
аралатып биомицин береді де, 7 күн өткен соң 45 күннен асқан қояндарға қоян
пастереллезіне қарсы экстракт формолвакцинамен егеді. Шаруашылықтан
шектеуді 14 күн өткен соң алады.
Аң өсіретін шаруашылықтарда пастереллез байқалған жағдайда азығының
құнарлы болуын ерекше бақылауға алып, тек қана пісірілген азық береді.
Емдік және дауалық мақсатпен антибиотиктер мен арнайы қан сарысуын
тағайындайды. Күзен мен саз күзен ауруға шалдыққан жағдайда алдын ала
немесе лажсыз жағдайда майлы вакциналар егіледі [1,8,17,18].
1.1.10 Әдебиеттер шолуын талдау
Қолданған әдебиеттердің мәліметтерін талдай келе, жануарлардың
пастереллез індетін көптеген елдерде соның ішінде Қазақстан Республикасында
да кеңінен таралғаны анықталып отыр. Қазақстан Республикасының
тереториясында ветеринарлық есеп-қисабы бойынша ірі қара мал, жылқы, шошқа
қүстардың арасында пастереллездің эпизотиялық тұтануы бар.
Жалпы пастереллез ауруымен негізінен ірі қара мал, жылқы,
шошқа,иттер,мысықтар, ешкілер кемірушілер, жабайы жануарлар, үй және жабайы
құстар ауырады. Бұл індет әдетте барлық жерлерде, бірақта көбінесе
тропикалық және субтропикалық климатты елдерде жиі кездеседі.
Пастереллез ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да, жеткілікті түрде
тараған ауру. Ауру салдарынан өлімге ұшыраған малдар саны 10% -дан 100% -ға
дейін ауытқиды. Пастереллезге диогнез қою кешенді түрде, эпизотологиялық,
клиникалық, белгілерін ескере отырып және де патогоанатомиялық
өзгерістермен бактеиологиялық зертеулердің көрсеткіштерін
басшылыққа ала отырып жүргізіледі. Әрбір қолданылатын диогностикалық
тәсілдер тек қана басқа әдістермен қоса қолданылғанда ғана өте бағалы
болады. Әсіресе зертханалық зерттеулермен патологанатомиялық нәтижелердің
көрсеткішін еске алу қажет.
Ауырған малдардың арасынан пастереллезге клиникалық белгілері жағынан ұқсас
келген ауру малдарға пастереллез диогнозын қоюға рұқсат етілмейді. Сонымен
бірге патанатомиялық өзгерістерге қарап диогноз қоя салуғада болмайды.
Бактерологиялық зерттеу жүргізу үшін зертханаға ауру малдардың кейбір
ағзалары жіберіледі. Тек қана бактериологиялық зерттеулер кезінде бөлініп
алынған ауру қоздырғышын ескеріп, басқа зертханалық көрсеткіштеріне назар
аудармай диогнез қоюға болмайды.
Өйткені пастереллез кезінде ауырған жануар арасында, сонымен бірге ауырып
жазылған, сондай - ақ сау клиникалық таза малдар арасында, тіптен кей
кездері сау ауру малдарға жанаспаған малдардьің өздері бактерия сақтаушы
болып келеді. Жалпы алғанда эпизотологиялық клиникалық және
патологанатомиялық өзгерэстердің ортақ мәліметтеріне қарап пастереллезге
алдын ала диогноз қоюға болады. Дегенімен де ең соңғы түпкілікті диогноз
бактериологиялық және биологиялық зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйене
отырып қойылады.
Серологиялық көрсеткіштеріне аса көп мағана бере берілмейді, өйткені бұл
ауру өте тезарада өтіп шығады. Сонда да болса аурудан сау емес және таза
шаруашылықтерда пастереллездің жасырын түрімен және пастерелле
бактерияларын сақтаушы мадарды толық қанды және уақтылы жылдам тауып алу
үшін серологиялық реякцияларды қолдану өте қажет болады. Серологиялық
зерттеу үшін негізінен агглютинация, комплементті байланыстыру,
приципитация, адцорбция, гемагглютинация реакциялары кеңінен қолданылады.
Зерттеушілер агглютинация реакциясын (АР) пастерелле бактериясын
тасмалдаушы құстарды айқындау үшін қолданған, бірақта арнайы стандарттық
антигендердің жоқтығының себебінен бұл тәсіл бағасын ала алмады. Дегенменде
S. Nomiaka M. Murata агглютинация реакциясының көмкгімен соматикалық
антигендерді бірнеше топтарға ойдағыдай табысты арттырып берді.
Тіке емес гемагглютинация реакциялары (ТЕГАР) қазіргі кезде мал ағзасының
имммунобиологиялық күй жағдайын анықтау үшін өте дәл, әрі пайдалы болып
саналады. ТЕГАР әсіресе капсуласы бар пастереллсеротиптерін бірлендіру үшін
жиі қолданылады.
Дегенменде соңғы кездері пастереллез індетін балау үшін ең жиі қолданатын
реяция ол ИФТ балау болып табылады. Бүгінгі таңда Ресей мен Қазақстанда
пастереллездің қоздырғышына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz