Қазақстанда олимпиада ізбасарларын дайындау жүйесінің дамуы


«Қазақстанда олимпиада ізбасарларын дайындау жүйесінің дамуы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 7
1 ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 11
1. 1 Хельсинкиден Барселоноға дейін . . . 11
1. 2 Ақ Олимпиада асуларында Қазақстан спортшылары . . . 18
2 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА . . . 24
2. 1 Атлантадағы алғашқы сын . . . 24
2. 2 Сидней сайыпқырандары . . . 37
2. 3 Алмас қылыш қап түбінде жатпайды . . . 46
2. 4 Бейжіңдегі байрақты бәсеке . . . 51
2. 5 Олимпиада ойындарындағы қазақстандық спортшылардың
кемшіліктері . . . 65
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 73
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Адамзат дамуының алғашқы белестерінде, аң аулау мен соғыстар сәттерінде кімнің күштірек, жылдамырақ екендігі кімнің алтын медаль, кімнің күміс медаль алатынын емес, кімнің өлетінін, кімнің тірі қалатынын айқындайтын. Бара-бара адамдар өз бойына табиғат-ана дарытқан қуаттың кәдулігі тіршілік етуден артылатынын, өзінен-өзі ойнап, секіріп жататын басқа да жан-жануарлар сияқты сол энергияның уақытылы сыртқа шығып тұруы қажет екенін пайымдай бастаған. Ағылшын филосфтары Г. Спенсер мен Ф. Шиллер мұны ойын теориясы деп анықтаған болатын. Сол теория бойынша спор тіршілік иелерінің зат алмасуындағы сақтыандырушы клапан міндетін атқарады. Солай десек, адам артық қуатты өзінен-өзі ойнап, секіріп жүріп-ақ неге сыртқа шығара бермейді? Адамдар неге жарыс алаңына барады, неге алысып-жұлысады? Өйткені, бәсекелестік-биологияның басты белгілерінің бірі. Ең жоғарғы деңгейдегі биологиялық түр ретінде адамның бойына бәсекелестік қанымен бірге құйылған. Қай индивидумның күштірек, жылдамырақ, шыдамдырақ екенін анықтау міндеті бүгінгі заманғы спорттың ережелері қалыптасуы былай тұрсын, ежелгі Олимпия ойындары ұйымдастырылмай жатып-ақ алға қойылған. Ежегі гректердің ақылдылығы адам бойындағы артық қуатты жұмсаудың жаңа жолын жүйелеп бергендігімен танылады. Ал олардың даналығы адамдар бір-бірімен қалайда бәсекелеспей тұра алмайтынын, жеке адамдардың бәсекесі әрі барғанда төбелеске ұлласа, елдердің, халықтардың бәсекесі соғысқа ұласатынын білгендігінен, халықаралық жарыстар ұйымдастыру арқылы адамдардың, мемлекеттердің бойындағы бәсекелестік қуатын басқа бағытқа бұруға болатындығын елден ерте түсінгендігінен білінеді. Міне, сондай мақсатпен біздің заманымызға дейінгі 884 жылы ежелгі Эллада елінің мемлекеттері-Элида мен Спартаның әміршілері Ифит пен Ликургтың арасында Зевс құдайының құрметіне жалпыгректік спорт мерекесін өткізу жөнінде келісім жасалған. Ол заманда грек мемлекеттері бір-бірін бітпейтін де қоймайтын соғыстарда титықтатып тұрған. Элида патшасы Ифит билігі қолына жаңа тиген елін қанқасап қырғыннан қалай сақтап қалудың жолын ойлап, Дельфидегі қадірменді абыздан ақыл сұрай барады. “Құдайлардың көңілінен шығатындай ойын ұйымдастыр!” дейді әлгі абыз. Әрі ойлап, бері ойлап келгенде осы Олимпия ойындарының идеясы туындайды. Жарыстың өтетін орны Элида жеріндегі Олимпия қаласы болып белгіленеді. Гректер Танталдың ұлы ер Пелопстың денесі осы Олимп тауына жерленген деп сенеді. Ежелгі Элладаның бас құдайы Зевстің осы тауда мекен еткені өз алдына. Оның үстіне Олимпия елдің кіндік тұсына орналасқан, қай қаладан да жарысқа жиналатындарда жедел жете алады. Сол тұстағы алғашқы ойындардың ең керемет қасиеті-Олимпия қаласында жарыс жүріп жатқан кезде бүкіл Эллада жеріндегі соғыс атаулы тоқтатылып, қасиетті бейбітшілік күндері жарияланатын. Бір-бірін атарға оғы жоқ болып жүрген қалалардың спортшылары Олимп етегінде бейбіт сайысқа түсіп жататын.
Зерттелу деңгейі. Алғашқы Олимпиялық ойындар жөнінде деректер онша көп емес. Әуелде жарыстардың тек жүгіруден өткені мәлім. Біздің дәуірімізге дейінгі 708 жылдан кейін ғана жүгіруге күрес пен бессайыс қосылған екен. Ал б. д. д. 688 жылғы ХХІІІ-ші Олимпия ойындарында спорт түрлерін жұдырықтасып төбелесу толықтырыпты. Олимпиада жеңімпаздары сол заманда-ақ ерекше құрметке бөленгенін, айрықша мадақталғанын олардың мүсіндері қалаларға орнатылғанынан, бейнелері шақа ақшаға соғылғанын аңғаруға болады. Олимпия ойындары әу бастан-ақ төрт жылда бір ұйымдастырылып тұрған. Б. д. д. 540-516 жылдар аралығында Кротон қаласынан шыққан Милон атты атлеттің жеті бірдей Олимпиадаға қатысып, алтауында жеңіске жеткені тарихтан мәлім. Олимпия ойындары кезінде жиналған жұртшылықтың алдында тарихшы Геродот, ақын Лукиан, шешен Демосфен, филосф Сократ, математик Пифагор секілді тұлғалардың сөз сөйлегені де белгілі. Сонымен, Эллада жерінде Олимпиа алауы қанша рет жанған дейсіз ғой? 292 рет! Иә, бұл ойындар үздіксіз 1168 жыл бойы жалғасып келіпті. Не деген биік мәдениет! Эллада Рим меншігіне өткеннен соң да Олимпия ойындары бірнеше ғасыр бойы өткізіле берген. Өкінішке қарай, Ойындардың түбіне діни фанатизм жеткен: біздің дәуіріміздегі 394 жылы Рим императоы Феодосий Ι бұл дәстүрден діни сипат табады да, Олимпиадаға тыйым салады. Оның ізбасары Феодосий IΙ 426 жылы тіпті қаланы өртеуге пәрмен етеді. Рим империясы құлағаннан кейін, VI ғасырда Олимпия ойындарын еске салып тұратын ғимараттар мен мүсіндерді күшті жер сілкінісі жермен жексен етеді. Жылдар өте береді. Бірінен соң бірі жылжып жеткен ғасырлар адамзат жанында Олимпия ойындарын да бірте-бірте жоя береді.
Олимпия ойындары қалай жаңғырған? Оны жаңғыртқан-археология. 1829 жылы Олимпия қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар, бүгінгі тілмен айтқанда, тұтас спорт кешенін табады. Сөйтсе, қаладағы стадионның үлкендігі сондай, оған 50мың адам сыйып кетеді екен. Стадия деген ұзындық өлшемі (192, 27метр) сол стадионның ұзындығынан шыққан екен. Атжарыс өтетін алып гипподром, күрес өтетін гимнасий өз алдына бөлек . . .
Ал енді ежелгі эллиндер еліндегі аңызға айналған сол жарысты қазіргі заманғы олимпиалық қозғалысқа айналдырған азаматқа келейік. Оның аты-жөні бүгінде баршаға мәлім: Пьер де Куертен есімі әлем тарихына Олимпия ойындарын адамзатқа қайта сыйлаған адам ретінде енген. Париж университетінің салтанат залында 1892 жылдың 25-ші қарашасында жұртшылық үшін оқыған сол дәрісін француз бароны “Олимпия ренесансы” деп атаған. “Спортты интернационалды ету керек, Олимпия ойындарын жаңғырту керек! Біз-өркениет мұрагерлеріміз!” деген сөздер сол күні айтылған. Бір жақсысы, барон де Кубертен, өзі Сорбоннаның филасофия факультетін бітіргені, өзі тарихпен, педагогикамен, соның ішінде дене тәрбиесі мәселелерімен айналысқаны, өзі бокспен, сайыспен, ескек есумен, ат спортымен шұғылданғаны аздай, ағып тұрған шешен кісі еді. Француздың әйгілі әулеттерінің өкілі ауқатты да адам болатын, көп елді, көп жерді көрген, ежелгі Олимпия қазба жұмыстарымен де танысқан. Осындай қасиеттерінің арқасында Кубертен айналдырған екі жылдың ішінде өзінің ежелгі Олимпия ойындарын өмірге қайта оралту жөніндегі идеясын жақтайтын көптеген саясаткерлерді, қоғам қайраткерлерін әлемнің талай елінен тауып, маңайына топтастырып үлгерді. Ақыры, 1894 жылы Парижде Пьер де Кубертеннің шақыруымен он екі ел өкілдері қатысқан халықаралық конгресс өтіп, онда төрт жылда бір рет Олимпия ойындарын ұйымдастырып тұру жөнінде шешім қабылданады. Кубертеннің өзі Халықаралық Олимпия комитетінің бас хатшысы болып сайланады. Олимпия алауын Олимп тауындағы Зевс храмының жанында, күн сәулесінен қыздырып барып тұтату идеясын да, Олимпия символы етіп бес құрлықтың бірлігін білдіретін бес шығыршықты бекітуді де ұсынған осы барон. Ал енді Ойындарды жаңғыртуды қай жылы бастау керек? Оның да реті әдемі келе кеткен: 1896 жылы Ежелгі Элладада Олимпия ойындары адамзатқа бейбіт бәсекенің жолын салып берген Афина қаласында сол 1896 жылы өткізілген. Оған 13 елдің спортшылары қатысқан. Жарыс спорттың 9 турі: грек-рим күресі, велисопед, гимнастика, жеңіл атлетика, суға жүзу, нысана көздеу, теннис, ауыр аттлетика және сайыс бойынша ұйымдастырылған. Алғашқы Олимпия чемпионы-Гарвард университетінің студенті Джеймс Коннолли. Оның үш дүркін секіруден 13 метр 71 сантиметрлік көрсеткіші-тұңғыш олимпиялық рекод. Бірінші Олимпиадада марафон жарысы жеңіл атлеттиканың жаңа түрі ретінде бағдарламаға енгізілді. Грек-парсы соғысы кезінде Мильтиадбасқарған грек қолының парсы патшасы Дарийдің әскерін аз күшпен жеңгені, сол хабарды Афинаға жеткізу жас жауынгер Фидипидке тапсырылғаны, оның аптап ыстықта өліп-өшіп қалаға жүгіре кірген бетте: “Біз жеңдік!” деуге ғана шамасы келіп, жантәсілім еткені бізге мектеп оқулықтарынан мәлім. Майдан даласы 42 шақырым 195 метр болып шыққаны, сол кейін марафондық қашықтық ретінде бекітілгені де белгілі.
Халықаралық Олимпиада комитеті өткізетін қысқы спорт түрлерінің кешенді жарыстар төрт жылда бір рет болатын Олимпиада ойындары болып табылады. 1994 жылдан бастап, ХVΙΙ қысқы Олимпиада ойындары өткізіліп келеді. Алғашқыда бірнеше спорт түрлері Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді:конькиймен мәнерлеп сырғанау (1908 және 1920 жыл), шайбалы хоккий (1920жыл) .
Қысқы Олимпиада ойындары жүйелі түрде өткізіліп тұратындығы Прагада өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің 1925-ші сессиясында бекітілді. Дүниежүзілік қысқы спорттың жемісті жетістіктерінің нәтижесінде Халықаралық Олимпиада комитеті 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындары алғаш өткізілді. Қысқы Олимпиада ойындарының тарихы осы Олимпиада ойындарымен тікелей байланысты.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Келешек ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында Олимпиадалық ойындардың ерекшелгктерімен, дүбірлі додалардағы қазақстандық спортшылардың көрсеткен өнері мен жетістіктерін насихаттау.
Жұмыстың тапсырмалары:
-Денсаулықты нығайту және слауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша
білім беру;
-Түн қатып, түстері қашқан ұлан-асыр дүниежүзілік бәйгеде арғымақтай аттай атой салған КСРО құрамындағы спортшыларымыз бен бәсеке барысында елдердің бір-бірімен бейбіт қатынастарының дамығандығын өскелең ұрпаққа дәріптеу;
-Ғасырдан-ғасырға жалғасын тауып келе жатқан Олимпиада ойындарының ерекшеліктерімен таныстыру;
-Қысқы Олимпиада ойындарының тарихын, қазақстандық спортшылардың ақ Олимпиада асуларындағы жетістіктерін жеткізу;
-Егемендік алғаннан кейінгі ерліктері елге мұра, ұрпаққа ұран болған спортшылардың ерліктері жайында мағұлмат беру және де жасөспірімдердің спорт пен дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыру;
-Тәуелсіз Қазақстан спортшыларының жетістіктері мен кемшіліктерін айқындау және де қай бағытта жұмыс жүргізудің бағдарын белгілеуге мүмкіншілік тудыру;
Зерттелу объектісі. Бағдарлама жалпы адамзат дамуының алғашқы белестерінен-ақ адам денсаулығының нығайуы мен дамуын, соғыстардан әбден титықтаған елдердің бір-бірімен бейбіт қарым-қатынастарының арқасында өткізілетін осынау байрақты бәсекелердегі қазақстандық спортшылардың жеңістерімен жеңілістері, олардың биік тұғырға көтерілгендігіне дейінгі жетістіктерін айқындауды қарастырады.
Әрбір елде төрт жылда бір рет өткізілетін Олимпиада ойындарының мақсаты, бұл дәстүрлі ойындардың ерекшеліктері мен есімдері алтын әріптермен жазылатын қазақстандық алыптардың ерлігі баяндалады.
Сонымен қатар Олимпиада ойындарының тарихы, оның спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, егемендік алғаннан кейінгі әрбір Олимпиадалық ойындардың бағыты мен еліміздің абройы асқақтаған кезеңдер туралы негізгі мағлұматтар хабарланады.
Зерттеу жұмысының құрлымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қосымша, қортынды және де пайдаланылған әдебиттерден тұрады.
1 ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Хельсинкиден Барселоноға дейін
Елдің де, ердің де атын шығаратын бұл әлемдік дрежедегі спорттық жарыстар екені белгілі. Олимпиада ойындарына қатысып, топ жару, артыңда көк туын желбіретіп тұрған дүйім жұрттың тілегін орындау, ердің ерінің ғана қолынан келетін ерлік. Мұндай ерлік жасау үшін адамның бойында қайрат, намыс, жігер, табандылық пен қайсар мінез болмаса, Олимпиадада үлкен жеңіске жол жоқ. Қазақ елінің намысын қорғап, еліміздің атынан алғашқылардың бірі болып, 1952 жылы Финляндияның Хельсинки қаласында өткен Олимпиада ойындарында жеңіл атлет Владимир Сухарев өнер көрсетті. Жеңіл атлетикадан КСРО - ның спорт шебері қазақ спортының тәрбиеленушсі болып табылады.
В. Сухарев Хельсинки Олимпиадасында 4 х 100 метрлік эстафета ойынында 22 команда ішінен екінші орынға тұрақтап, Хельсинкидегі ХV-ші Олимпиадада күміс медель алған болатын. Онда төрт спортшы Б. Токарев, Л. Каляев, Л. Санадзе, В. Сухарев қатысты. [ 1]
Ал 1956 жылы Авсралияның Мельбурн қаласында өткен ХVΙ жазғы ойындарға Қазақстан сапынан жалғыз Евгений Семенұлы Кадяйкин қатысты. Жеңіл атлет 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде 9 минут, 9, 6 секунд нәтижесімен 9 орынға тұрақтады. Е. Кадяйкиннен бөлек Мельбурнда Анатолий Самоцветовте балға лақтыру спортында сынға түсті. Сонымен қатар Геннадий Николаев 4х200 метрлік эстафеталық жүзуде ХVΙ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Еңбек сіңірген спорт шебері 4х200 метрлік эстафеталық жүзуде өнер көрсетеді. Алматылық алыптың 200 метр қашықтыққа жүзуде Еуропаның алты дүркін рекордын жаңартқаны белгілі. Ал 200 метр қашықтыққа жүзуде КСРО - ның екі рет рекордын орнатып, өз есімін спорт тарихына алтын әріптермен жазатындай етіп қалдырды. Сондай - ақ түбі қазақстандық спортшы Владимир Сухаревте бәсекеде бақ сынады. 4х100 метрлік эстафеталық жүгіруде он сегіз команда ішінен екінші орыннан көрінді. Команда құрамында Л. Бартынев, Б. Токараев, Ю. Коновалов, В. Сухарев сынды спорт саңлақтары болды. ХVΙ жазғы Олимпиада ойындарында Г. Николаев, А. Самоцветов қола жүлдегелер атанды.
ХVΙΙ жазғы ойындар 1960 жылы Италия астанасында өтіп, Қазақстан оған жеңіл атлет Василий Егорұлы Савинковты қосты. Батыс Қазақстан өңірінің тумасы В. Савинков алдын - ала іріктеу жарысында төртінші орыннан көрінді. 800 метрлік қашықтыққа жүгірген В. Савинковтың көрсеткіші - 1 минут, 51, 4 секунд. Алайда, қазаққа бәрібір Рим Олимпиадасының орны бөлек. Осынау дүбірлі сында КСРО туы астында өнер көрсеткен жалғыз қазақ Ғұсман Қосанов 100 метрге эстафедалық жүгіруде Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. КСРО және Молдава, Украина елдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы. КСРО рекордын төрт рет жаңартып үлгерген Ғұсман Сейттықұлы КСРО - ның «Ерен еңбегі үшін» орденімен марапатталған. Сонау Италия төрінде Ғұсман Қосановпен бірге 4х100 метрлік эстафеталық жүгіруде Л. Бартынев, Ю. Коновалов, Э. Озомен сынды спортшылар бақ сынап қанжығасына күміс медаль байлады.
1964 жылы Токиода өткен ХVΙΙΙ жазғы ойындарға Ғұсман желаяқ інісі Әмин Тұяқовты да ілестіре кетті. Маңғыстау облысының Таушық ауылында туған жеңіл атлет Әмин Тұяқов ХVΙΙΙ жазғы ойында 4 х 100метр қашықтыққа жүгіруде сынға түсіп, командалық есепте КСРО жеңіл атлеттері бесінші орында місе тұтуға мәжбүр болды. [ 2 ]
Дүниеге қазақ атын сан мәрте шығарып әйгілеген даңқты спортшы, ұлттың маңдайына біткен сирек саңлақ Әмин Тұяқов сегіз дүркін КСРО чемпионы, Еуропа Кубогының иегері Һәм күміс жүлдегері, ондаған халықаралық бәсекенің, КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы, он төрт мәрте КСРО Қарулы күштерінің чемпионы, одақ рекордын алты мәрте жаңартқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. [ 3 ]
Токио Олимпиадасы Қазақстанға алғашқы алтын сыйлаумен де есте қалған Олимпиада. Күншығыс елінде грек - рим күресінен сынға түскен Анатолий Косановта қарсылас шыдатпады. Қазіргі бессайыс спортында Виктор Александрұлы Минеев өнер көрсетті. Әзірбайжан жеріне қоныс тепкен Қазақстандық спортшы Алматы қаласында туған. Олимпиада ойындарының жеңімпазы И. Новиков, А. Мокеев, В. Менеев командалық сынақта - 14961 ұпай жинас, жекелеген сында Виктор бесінші орынға 4894 ұпаймен тұрақтады. Бұдан бөлек КСРО - ның сегіз дүркін чемпионы болған әйгілі ЦСКА құрамасының ойыншысы баскетболшы Алачачян Арменак Мисакұлы Египет елінде туғанымен, 1955 жылы Мәскеуден Қазақстанға қоныс тепкен. Қазақстандық баскетболшы бұл ойында жемісті өнер көрсетіп, күміс медельді еншіленді. Сондай - ақ спорттық гимнастикадан Шымкент қаласының түлегі Юрий Яковльұлы Цапенкода күміс жүлдені қанжығасына байлап, ел абыройын асқақтатты.
1968 жылы Мехикода өткен ХΙХ жазғы ойындарға Қазақстан алты спортшы аттандырып, олар туған елге үш алтын, бір күміс медальмен оралды. Атап айтқанда, волейболшылар Валерий Кравченков, Олег Антропов, Нина Смолеева Олимпиадада алтынан алқа тағынса, грек - рим күресінен аса жеңіл салмақта сынға түскен Василий Бакумен қарсыласына финалда ғана есе жіберді. Ал Кравченко Валерий Иванұлына келер болсақ, 1966 жылы әлем чемпионы болған. Сондай - ақ 1967 жылы және де 1971 жылы Еуропа чемпионы атанды. В. Кравченко бірнеше рет әлемдегі ең үздік тосқауыл қоюшы және шабуылдаушы ретінде танылған. Сонымен қатар көптеген елдердің ең үздік жиырма төрт волейболшылары қатарынан он бір рет орын алған сайыпқыран, Олимпиада ойындарының еңүздік ойыншысы ретінде бүкіл әлемге танылған. Ал Антропов Олег Петрұлы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері әлемнің әйгілі жиырма төрт волейболшыларының қатарынан алты рет көрінді. ХΙХ жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы негізінен шабуылдаушы ретінде аса танымал. Ер жігіттермен қатар қыздарымызда биіктен көріне бастады. Солардың бірі Смолеева Нина Николайқызы 1967 жылы спорт шебері атанды. Ал 1968 жылы еңбегі сіңген спорт шебері болды. Н. Смолеева әлемдік волейболдың ең үздік шабуылдаушыларының бірі болды.
1972 жылы Мюнхендегі ХХ жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан тоғыз атлет барып, бір алтын, үш күміс, үш қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық грек - рим күресінің шебері Резанцев Валерий Григорьұлы 1966 жылы спорт шебері болса, 1969 жылы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері болады. Ал 1970 жылы еңбек сіңірген спорт шебері атанып, Мюнхендегі Олимпиадада алтын алып, қазақ елінің абройын асқақтатты. Резанцев ізбасары Назеренко Анатолий Иванұлы КСРО чемпионатына тоғыз рет қатысып, ХХ-шы жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Қазақ елінің намысын ту етіп, қорғап, әлем елдерінің алдында алдынғы қатардан көріне білген жеңіл атлет Солдатенко Вениамин Василийұлы күміс медаль алып, алыптар арасынан көріне білді. Спорттық жүгіруден еңбегі сіңген бұл сайыпқыран 1972 жылы 5 км қашықтыққа спорттық жүгіруде әлем рекордшысы болып танылды. Суға жүзуші Авоимов Виктор Андрейұлы да бұл ойында екінші орыннан табыла білді. К. Василенко мен Л. Лазариди баптаған Виктор Еуропа рекордын бірнеше рет жаңартқан және де бәсекелестеріне бой бермеген спортшы күміс медальді қоржынына салды. В. Абоимов тағы бір қашықтықта қола жүлде иеленді. Семсерлесуші Валетов Игор Анатолийұлы мен волейболшы Кровченко Валерий Иванұлы елімізге қола медаль әкелді.
Канаданың Монреаль қаласында өткен ХХΙ-ші жазғы Олимпиада ойындары Қазақстандықтар үшін аспаннан алтын жауған Олимпиада болды. Монреальға ат басын тіреген 11 отандасымыз 7 алтын медаль, 2 күміс медальді қоржынға салды. Монреаль Олимпиадасы Шымкенттік гимнаст Нелли Кимнің Олимпиадасы болды десе де жарасады. Даңқты жерлесіміз командалық біріншілікте қол тіреп секіруде және еркін жаттығуда алдына жан салған жоқ. Көпсайыс қортындысы мен жекелей біріншілікте Нелли қыз екінші орыннан табылды. Сонымен, бір лимпиадада Шымкенттік спортшы үш алтын, екі күміс медаль жеңіп алды. Шымкент мектебінің түлегі Мәскеу Олимпиадасында да чемпион атанды. Нелли Кимнен бөлек, КСРО чемпионатына тоғыз рет қатысып биік белестерден көрініп жүрген грек - рим күресінің нағыз шебері Былов Анатолий Михайлұлы. Тағы бір алтын медаль олжалаған Резанцев Валерий Григорьұлы. Бұл спортшы «Гиннестің рекордтар кітабына» енді. Себебі 1970 жылы және 1976 жылдар аралығында грек - рим күресіне сайысқа түскендердің ішінен еш бір сайыста жеңілмеген. Үміт күткен спортшыларымыз қатарынан өз дәрежесінде өнерін көрсетіп, қоржынға алтн салған ауыр атлет Зайцев Юрий Константинұлы Ю. Зайцев елдің құрама командасында 1973 жылдан бері өнер көрсете бастады. 1976 жылы 395 келі көтеріп КСРО чемпионы атанды. Ал 19 жазғы Олимпиадада 385 келіні көтеріп алтыннан алқа тақты. Ю. Зайцев әлем рекордын 3 рет, КСРО рекордын 4 рет орнатты. Сонымен қатар баскетболшы қыз Надежда Шуваева да алтын медаль иеленді. Ал еркін күрестен күміс алған Иванов Александр Николайұлы күреспен 1966 жылдан бастап айналыса бастаған. КСРО чемпионатына он рет қатысқан. [ 4 ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz