Аяқ ұшымен соғу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақстан жастарын футбол бағытындағы

спорттық қабілетін дамыту жолдары»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 Бөлім. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫН ФУТБОЛ БАҒЫТЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

  1. Қазақстан мен әлем футболының басты тарихи оқиғалары . . . 9
  2. Қазақстан спорт саласындағы аяқ доп өнерінің даму ерекшеліктері . . . 15

2 бөлім. ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

2. 1. Қазақстан жастарын футбол бағытындағы спорттық қабілетін дамыту жолдары . . . 20

2. 2. Қазақстан мен шетелде аяқ доп өнерінің алатын орны . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Біздің елде де қазіргі уақытта футбол өнері күн сайын даму үстінде. Қазақстан күрама командасы Азия құрлығы федерация құрамынан шығып, бүкіл әлем бойынша күштілер саналатын Европа елдерінің федерацияға мүше болып енді. Бұл өзгеріс Елімізде футбол өнерін дамыту, дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық және функционалды дайындықтарын жетілдірудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалануға септігін тигізуде. Елімізде 90-шы жылдарға қарағанда қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында футбол өнерінің бұқаралық екі есеге өсіп отыр. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушыларға талап күшейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бірінші кезекте шұғылданушылардың дене-күшінің және техниканың дамуына ерекше назар аударылады.

Спорттың басқа түрінен өткізілетін жаттығуларда, көбінесе қосымша спорт түрі ретінде футбол ойынын қолданылады. Бұл дегеніміз футбол дененің дамуына ерекше эсер етеді, таңдаған спорт спорт түрі бойынша жақсы дайындыққа септігін тигізеді. Футбол ойыны жалпы дене дайындығының жақсы бір күрал болып қызмет атқарады. Әртүрлі бағытты өзгеортіп жүгіру, түрлі секіру, құрылымы жағынан әртүрлі сипаттағы дененнің қозғалысы, допты алып жүру, қозғалыс жылдамдығы, ерік сапасының дамуы, тактикалық ой - осының барлығы жиылып көптеген бағалы сапаларды жетілдіреді.

Футбол - тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.

Футбол - атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.

Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана - жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс - қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.

Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.

Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы. Олимпиадалық ойындардың қатарындағы футбол ойыны бойынша Қазақстан футболшыларының дене-күш, техникалық және тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен тығыз байланысты. Сондай мүмкіндіктердің бірі болып футболшылар ағзасының оқу-жаттығу жүктемесіне жеке бейімделуі.

Футболдан оқу-жаттығу, жарыстар жыл бойы әртүрлі климаттық және метрологиялық жағдайлардың лезде өзгеріп отыруына қарамастан өткізіліп, соған ағзаның бейімдігін, мүмкіншілігін және қарсы тұру қабілеттілігн арттыруды қажет етеді.

Футбол ойыны бүкіл дүние жүзі халқының жан тәнімен құмарта шұғылданатын үлкен спорт түрі.

Оқу-жаттығу сабағында берілетін жүктеменің деңгейі шұғылданушылардың дене-күшінің ерекшеліктеріне жүктемені көтеру қабілеттілігіне қарай берілуі тиіс.

Сондықтан да оқу-жаттығу процесінде шұғылданушыларды жоғарыдағы ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Жаттығу барысында жүктемені топтағы шұғылданушыларға бірдей деңгейде беру үлкен қате болып саналады. Әрбір берілген жүктемеге ағзасының жауап беру қабілеттілігін қатаң түрде бақылауымызда ұстау қажет. Бұл жерде жаттықтырушылар дэрігер және психологтармен тығыз байланыста жұмыс атқарулары қажет.

Зерттеу объектісі: Қазақстан мен әлем спорт жүйесінің мазмұны.

Зерттеу пәні: Қазақстан мен шетел арасындағы спорттық қарым-қатынасты жақсарту ерекшеліктері.

Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы №75 « Тәуелсіздіктің 10-жылдығы» атындағы мектеп гимназиясы.

Зерттеу мақсаты: Әлем мен Қазақстан футбол жаттықтырушыларының қабілетін дамытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, жаттығушылардың қабілетін дамыту әдістемелерін іріктеп алу және оларды пайдалану арқылы футбол өнерін дамыту.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Жаттықтырушы мен жаттығушылардың қабілетін дамыту әдістемелерін іріктеп алу нәтижесіне сүйене отырып, дамыту әдістемелерін жүйелі түрде пайдалану арқылы Қазақстан мен шетел футболының дамуына мүмкіндік беру.

Зерттеу міндеттері:

  • Жаттықтырушы мен жаттығушы қабілетінің даму ерекшеліктері бойынша теориялық және әдістемелік еңбектерді талдау;
  • Жаттықтырушы мен жаттығушы қабілеті мен ептілігі көрсеткіштерінің дамуын дамытуға арналған әдістемелерді жинақтау;
  • Жастардың спорттық қабілетін анықтау нәтижелеріне сүйене отырып, балалардың футбол бағытындағы қабілетін дамытуға ықпал жасау үшін дамыту жұмыстарын жүргізу;
  • Дамыту жолдарын анықтау барысында жинақталған материалдарды талдай отырып, дипломдық жұмыстың мәтінін жазу.

Зерттеу әдістері. Дипломдық зерттеу барысында келесі зерттеу әдістері қолданылды: Қазақстан жастарының футбол өнеріне деген қабілетін анықтау және дамыту проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау, жастардың футболдық қабілетінің даму деңгейін бағалауға «алдау», «айып доп», «футбол ойынының ережелері» әдістері, дамыту жұмыстарын жүргізуге «Допты алып жүру»техникасы, «Пас беру», «Қақпаға дәлдікпен тебу», «Логикалық ойлауды дамыту» әдістері және «Стратегияны дамыту» жаттығулары кеңінен пайдаланды.

Зерттеу кезеңдері . Дипломдық жұмысты орындау екі кезеңде жүрді.

Бірінші кезеңде тақырып бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерді талдау жүргізілді, дипломдық жұмыстың тақырыбы, зерттеудің ғылыми аппараты, зерттеудің жоспары анықталды. Сонымен қатар зерттеу барысында пайдаланылатын жеткіншек балалардың футбол бағытындағы спорт қабілетін диагностикалау әдіс-тәсілдері жинақталып, жүйеге келтірілді.

Екінші кезеңде жеткіншек балалардың даму деңгейі диагностикаланды, жинақталған материалдар талданып, балалардың бұл қасиетінің даму деңгейі бағаланды, жинақталған материалдар жүйеге келтіріліп талданды, балалардың есте сақтауын дамытуға арналған арнайы жаттығулар көмегімен түзету-дамыту жұмыстары және коррекциялық ойындар ұйымдастырылды. .

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

1 Бөлім. ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫН ФУТБОЛ БАҒЫТЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

  1. Қазақстан мен әлем футболының басты тарихи оқиғалары

Футбол - спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі foot - аяқ, ball - доп деген сөздерінен шыққан. Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі.

Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.

1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.

1389 жылы Ричард II пашта сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым жағымсыз жауап алып отырған.

Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 - 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұдай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ. Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды. Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.

1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты.

Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ.

1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы -шотландықтар болды. 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Белгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы танылды. Ал, 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругуай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, франсуз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругуай футболшылары әлдеқайда ширақ еді. Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді.

Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай, Греция, Рим тіпті Франция, Италия, Англияда) футболға ұқсас ойын болған. Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған. 19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкада қарқынды дамыды.

1904 жылы Белгия, Дания, Нидерландия мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (ФИФА) құрылуына мұрындық болды.

1923 жылы Ресей құрамасы Скандинавия турнирінде Швеция мен Норвегия командаларын қапы қалдырды. Одан кейін бірнеше мәрте Түркия ойыншыларын сан соқтырды.

1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті. 1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфреде ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльстон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте.

1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды.

Әлем чемпионатында жеңіске жеткендер Бразилия құрамасы - Бес рет 1958, 1962, 1970, 1996 және 2002 жылдарындағы чемпионаттарды жеңді. Италия құрамасы - төрт рет 2006. Германия құрамасы - үш рет. Аргентина құрамасы - үш рет. Уругвай құрамасы - екі рет. Англия құрамасы - бір рет. 1977 жылы Тунисте алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Жасы 19-ға дейінгі жас футболшылар 16 ұлттық құрамадан алынды. Жастар арасындағы чемпионат тізімінің тұсауын КСРО футболшылары кесті.

Қазақстанның Футбол Федерациясы [1] (ағылшынша: Football Federation of Kazakhstan, орысша: Футбольная Федерация Казахстана) - Қазақстанда футбол додалары мен біріншіліктерін ұйымдастыратын мемлекеттік орган. Ол Қазақстан Премьер-Лигасы және Қазақстан Кубогы сияқты додалар мен Қазақстан Ұлттық құрама командасы ойындарын ұйымдастырады. Алматыда орналасқан. Құрылғаны 1914 FIFA ұйымына қосылуы 1994 UEFA ұйымына қосылуы 2002 жыл. Төрағасы Әділбек Жақсыбеков болды.

Сонымен қатар, тағы ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ БАСТЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРЫ (1913-1937 жылдар) .

Қала атаулары Қазақстан тәуелсіздік алған кезде өзгертілген қалпында көрсетілген.

Шевченко - Ақтау

Жамбыл - Тараз

Целиноград - Ақмола, кейін Астана (1913-14 жылдар) .

Семей қаласында ССК, “Олимп”, “Ласточка”, “Орлята” және “Ярыш” атты алғашқы қазақстандық командалар пайда болды. Кейбір деректерде аяқ доп ойынын Орталық Азия мен Сібір бойынша ірі сауда орталықтарының бірі саналған Семей қаласына ағылшын саудагерлері алып келгені айтылады. Кезінде «Ярыш» футбол клубының сапында қазақ атын әлемге «Абай жолы» роман-эпопеясымен танытқан әдебиет алыбы Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897 - 1961), өнер көрсеткен. Оның өмірлік туындысы қырық сегіз елдің тіліне аударылып, жалпы жиынтығы 2 000 000 данамен таратылған әлемдік әдебиеттің алтын қорындағы құнды шығармалардың бірі. Жас Мұхтармен бірге жасыл алаңға шыққан отандық футболдың қарлығаштары Ахметсәлім Кәрімов (капитан), Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Нигматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин секілді жеткіншектер біздің елде бұл спорт түрінің кең таралуына жол ашты. Семейлік футбол жылнамашысы Евгений Один тапқан деректерге сүйенер болсақ «Ярыш» халықаралық бәсекеге қатысқан алғашқы команда болып есептеледі. Әңгіме «Ярыштың» Семей қаласындағы Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарынан жасақталған командаға қарсы өткізген кездесулеріне қатысты. Әскери тұтқындар арасында біздің командаға қарсы 1912 жылғы Олимпиада ойындарының екі қатысушысы өнер көрсеткен. Қазақстандық футболдың қарлығаштары алғашқы ойындарын Қазан төңкерісіне дейін күз сайын өткізілетін атақты Семей жәрмеңкесі өтетін алаңқайда 1915-16 жылдары өткізіп келді.

Танымалдығы күн санап артқан аяқдоп ойыны Павлодарға да жетті. Ертіс жағасындағы қалада “Ястреб” және “Звездочка” командалары пайда болды. Семей мен павлодарлық командалар Ресей империясының көршілес орналасқан губернияларының командаларымен жиі кездесе отырып футболдың Орта Азия мен Сібірде кең танылуына 1921 жылы жол ашты.

Жамбыл қаласында Қазақстандағы алғашқы футбол алаңы пайдалануға берілді.

1928 жылы Петропавл қаласында Қазақ АКСР (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы) губернияларының командалары арасында ресми жарыс өткізілді. Аталмыш турнирге қатысқан ойыншылардан Қазақстан тарихындағы тұңғыш құрама команда жасақталып, бұл ұжым РКФСР (Ресей Кеңестік Федеративті Социалистік Республикасы) облыстары мен автономиялары халықтарының I Бүкілодақтық жұмысшылар Спартакиадасы іріктеу бәсекесіне қатысты. Қазан қаласында өткен жарыста қазақстандық команда бес кездесу өткізіп, турнир қортындысы бойынша екінші орынға ие болды.

1936 жылы Қазақстандық команда алғаш рет Бүкілодақтық ресми бәсекеге қатысты. I КСРО Кубогінің 1/32 финалдық кездесуіне қатысудан бас тартқан Куйбышевтік клубтастарын алмастырған Ақтөбе қаласының «Динамо» командасы мәскеулік ЦДКА- мен кездесу өткізді. Матч қортындысы мәскеуліктердің пайдасында 4:0 болып аяқталды.

1937 жылы Қазақстандық команда алғаш рет кәсіпқой клубтар арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Кеңес Одағының ІІІ Чемпионатындағы «Шығыс қалалары» тобында өнер көрсеткен алматылық «Динамо» жеті қатысушының арасында үшінші орынға ие болды.

1940-1968 жылдардағы ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ БАСТЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРЫ Қала атаулары Қазақстан тәуелсіздік алған кезде өзгертілген қалпында көрсетілген.

Шевченко - Ақтау

Жамбыл - Тараз

Целиноград - Ақмола, кейін Астана

1940 жылы Қазақстандық клубтың бүкілодақтық деңгейде алғаш рет жеңіске жеткен жылы. Алматылық «Динамо» Таганрогта өткен КСРО-ның Денешынықтыру ұжымдары Кубогінің финалындағы екінші матчта жергілікті «Торпедоны» 3-1 есебімен ұтып, бағалы жүлдеге қол жеткізді. Халық арасында «Миллиондар кубогі» деген атқа ие бұл жарыстың бастапқы кезеңінде ұзын саны 2150(!) өнер көрсеткен.

1946 жылы Қазақстанның спорттық ұжымдар арасындағы І Чемпионаты тұсауын кесті. Турнирдің алғашқы жеңімпазы жамбылдық «Локомотив».

1948 жылы Спорттық ұжымдар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогі сарапқа салынды. Аталмыш жүлденің алғашқы жеңімпазы қарағандылық «Динамо»

1951 жылы алғашқы кезеңдерде Баку, Одесса және Сталинградттық ұжымдарды жеңген шымкенттік “Металлург” ВЦСПС Кубогінің финалына жолдама алды. Ақтық сында оңтүстікқазақстандық ұжым кемеровтік“Шахтерді” 3:1 есебімен тізе бүктірді.

1957 жылы Қазақстан футболының тарихындағы алғашқы ресми халықаралық матч. Алматыда жергілікті «Қайрат» финляндиялық «Вааса» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4 - 0 есебімен жеңіске жетті.

1959 жылы Қазақ КСР Футбол Федерация құрылды.

1960 жылы Алматылық «Қайрат» қазақстандық командалар арасында алғаш рет жоғары дивизион клубтары арасындағы КСРО чемпионатына қатысуға жолдама алды.

1960 жылы Қазақстандық футболшылар КСРО Чемпионатының жоғарғы дивизионындағы алғашқы голдарын соқты. Мәскеулік «Локомотивтің» қақпасына соғылған тарихи голдың авторы қайраттық Сергей Квочкин.

1960-61 жылдары Өскемендік “Торпедо” Миллиондар Кубогінің жартылай финалына шықты.

1962 жылы Қарағандылық “Шахтер” қазақстандық клубтар арасында алғаш болып КСРО-ның «Б» класындағы командалар өнер көрсететін чемпионатының ІІ аймағында жеңімпаз атанды. Аталмыш турнирдің І және ІІ аймағындағы жеңімпаздар арасында өткен екі кездесуден тұратын финалдық ойынның қортындысы бойынша қарағандылықтар Гомель қаласының “Локомотив” командасын ұтып (1:0 и 0:0), КСРО чемпионатының “А” класындағы командалар бәсекесіндегі ІІ топта өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

1963 жылы Алматылық “Қайрат”, КСРО -ның XXII Кубогінің жартылай финалына шығып, қазақстандық клубтардың аталмыш турнирдегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізді. Финалдың жолдамасына таласқан алматылықтар мен донецкілік “Шахтер” арасындағы жартылай финалдық кездесудің тек қосымша уақытында ғана украиналық команда 2:1 есебімен жеңіске жете алды.

1964 жылы алғашқы кезеңдерде жоғары нәтиежелерге қол жеткізген өскемендік Торпедо” Миллиондар Кубогінің «Үлкен финалына» жолдама алды. “Динамо”-3 (Мәскеу) - 3:2 есебімен ұтып, Молодечиналық “Норочьпен” өткізген кездесуді 0:0 нәтижесімен аяқтап, Белая Калитвалық “Трудтан” 2 : 0 есебімен жеңіліп қалған шығысқазақстандықтар турнирде үшінші орынға ие болды. Бұл бәсекеге сол жылы тұтастай алғанда 40286(!) команда қатысқан. Жарыс қортындысы бойынша торпедолық қақпашы А. Лазарев пен шабуылшы Ю. Тимошенко өз ойын жүйелері бойынша үздік футболшылар болып танылса, ұйымдастырушылар “Торпедо” футбол клубын «Адал ойын» жүлдесімен де марапаттады.

1966 жылы Алматылық “Қайрат” жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.

1967 жылы Қарағандылық “Шахтер” “А” класындағы ІІ топтың ІІІ бірлестігіндегі командалар арасында жеңіске жетіп КСРО чемпионатының жоғарғы лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік беретін жолдама сарапқа салынар шешуші турнирге қатысты. Бұл бәсекенің финалдық кезеңінде “Шахтер” кировабадтық “Динамомен” бірдей ұпай жинағанымен, қосымша белгіленген кездесуде қарсыластарынан 1:0 есебімен жеңіліп қалды.

1968 жылы КСРО Футбол федерациясы “Б” класындағы командалардың қазақстандық аймағын құрады. Жалпы саны 21 клуб қатысқан аймақтық жарыстың алғашқы жеңімпазы жезқазғандық “Еңбек”.

1968 жылы кәсіби клубтар арасындағы алғашқы Қазақстан Кубогінің бәсекесі өткізіліп, бас жүлдеге целиноградтық “Динамо” қол жеткізді.

1971-1989 жылдардағы ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫНЫҢ БАСТЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРЫ Қала атаулары Қазақстан тәуелсіздік алған кезде өзгертілген қалпында көрсетілген.

Шевченко - Ақтау

Жамбыл - Тараз

Целиноград - Ақмола, кейін Астана

1971 жылы Қазақстанның клубтық футбол тарихындағы ең ірі жеңісі тіркелген жыл. Алматылық “Қайрат” Кеңес Одағы клубтарының арасында алғаш болып Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық Одағы Кубогін жеңіп алды. Ақтық сынға барар жолда алматылықтар Кошицелік «Локомотивті» (Чехия) үйде 4:1, сырт алаңда 1:0 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін біздің команда Алматыда софиялық “Славиядан” (Болгария) 1:3 есебімен жеңіліп қалғанымен, сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, финалда Бухаресттің “Рапидімен” кездесіп Румынияда өткен кездесуде 1:1 нәтижесіне қол жеткізді. Ал Алматының Орталық стадионында 32 мың жанкүйер тамашалаған тарихи кездесуде “Қайрат” 1:0 жеңіске жетіп, мәртебелі жүлдені ұтып алды.

1971 жылы Алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Сейілда Байшақов “Смена” жастар апталығы жүргізген сауалнама қортындысы бойынша КСРО чемпионатының жоғарғы дивизионындағы «Үздік жаңа есім» болып танылды.

1973 жылы Қазақстан жастар құрамасы Бүкілодақтық “Переправа” турнирінің күміс жүлдегері атанды.

1975 жылы Теміртаулық “Болат” футбол клубы Қазақстандық командалар арасында екінші болып Миллиондар Кубогін ұтып алды. Финалдық кездесуде металлургтар Раменскінің “Сатурнды ” 1:0 есебімен ұтып кетті.

1976 жылы Алматылық “Қайрат” қазақстандық футбол тарихында алғаш рет КСРО бірінші лига клубтарының чемпионатында жеңіске жетті.

1976 жылы Алматылық шабуылшы Александр Хапсалис пен павлодарлық қорғаушы Александр Кадейкин жасөспірімдер арасындағы (U-19) Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.

1977 жылы Алматылық “Қайраттың” қорғаушысы Сейілда Байшақов қазақстандық футболшылар арасында бірінші болып КСРО құрамасына шақырту алды. Футболшы Кеңес Одағы құрамасы сапындағы алғашқы матчын 1978 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Будапештте Венгрия құрамасына қарсы өткізді.

1980 жылы Павлодарлық “Трактор” самарқандтық “Динамо” мен тольяттилік “Торпедо” біріккен топтан үздік шығып, екінші лига клубтарының арасындағы КСРО чемпионатының VII аймағында жеңіске жету арқылы Қазақстан атынан Кеңес Одағы біріншілігінің бірінші лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

1980 жылы Алматылық “Қайрат” екінші рет жоғарғы лига командаларының арасындағы КСРО чемпионатының қортындысы бойынша «Жеңіске деген ынтасы» үшін жүлдесіне ие болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі жаттығуларының жіктемесі
Допты тебу
Доп тастау
Аяқ алқымының сыртқы жағымен соғу
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиесі мен спорттық машықтану үрдісін қалыптастыру жүйесі
Жасөспірімдердің дене дайындығы жүйесін ғылыми-әдістемелік негіздеу
Мектепке дейінгі ересек топ балаларының ерекшелігі және қимыл - қозғалыс ойындары
Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау және бағалау
Үстел теннисі туралы түсінік
Оқытушыны сабақ өткізуге дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz