БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ТИГІЗЕТІН АНТРОПОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Жамантаева К. А.

Қазақмыс корпорациясының Балқаш көліне тигізетін антропоэкологиялық әсері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В060800 - Экология

Алматы 2013

Жұмыстың тақырыбы: «Қазақмыс» корпорациясының Балқаш көліне тигізетін антроэкологиялық әсері

Жақын келешекте біздің елдің тағы бір аса ірі су нысаны- Балқашқа Аралдың тағдырын қайталау қаупі төніп тұр. Күні кеше ғана, аптап ыстығы бет қаратпайтын шөлдердің ортасында орналасқан кербез Балқаш көлі өзінің аса бай өсімдіктер және жануарлар дүниесімен ерекшеленіп жататын. Сол Балқаш қазірде шөлейттеніп, өзінің табиғи келбетін жоғалтуда. Көл су жетіспеушілігіне ұшырап, біртіндеп таяздап барады. 1970 жылдары салынған Қапшағай СЭС салынуымен, осы әдемі көлдің жұтаңдануы басталды деп айтуға болады. Қапшағай су қоймасы оның бір жылдық ағынын, «жеп отыр» және су қоймасының сағасындағы суды түгелдей пайдаланып отыр. Су қоймасы осындағы табиғи ландшафтты танымастай өзгертіп, оның экологиясына үлкен нұқсан келтіріп отыр.

Дипломдық жұмыста Балқаш проблемасына қатысты мәселелерге назар аударту, әдебиетке шолу арқылы, бұл проблеманың аса маңыздылығын барынша көрсете отырып, бүгінгі күні Аралдың тағдырын қайталайын деп отырған Балқаш көлінің қайталанбас экожүйесін сақтап қалу болып табылады.

МАЗМҰНЫ
Беті
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
Беті: 2
:
МАЗМҰНЫ: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Беті: 4
: 1
МАЗМҰНЫ: БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ФИЗИКА - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
Беті: 6
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Балқаш көлінің физика - географиялық орны
Беті: 6
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Балқаш көлінің табиғат жағдайы ерекшеліктері
Беті: 12
: 2
МАЗМҰНЫ: БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ТИГІЗЕТІН АНТРОПОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
Беті: 15
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Балқаш көлінің суын пайдаланудағы экономикалық - экологиялық жағдайы
Беті: 15
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: «Қазақмыс» корпорациясының көл суына тигізетін антропоэкологиялық әсері
Беті: 17
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Балқаш көлі суының құрамындағы ауыр металдардың деңгейі
Беті:
: 3
МАЗМҰНЫ: БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ҚАЗІРГІ САПАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
Беті:
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Көлдің қазіргі сапалық жағдайын бағалау
Беті: 18
: 3. 2
МАЗМҰНЫ: Балқаш көлі экожүйесінің бұзылу зардаптары және оны қорғау шаралары
Беті: 44
: 4
МАЗМҰНЫ: Еңбек қорғау қауіпсіздік шаралары
Беті: 48
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
Беті: 50
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Беті: 52

КІРІСПЕ

Балқаш туралы сөз айтпастан бұрын Арал туралы айта кету керек. Аралдың басына түскен апатты жағдай туралы кезінде көп айтылып, қаншама, жазылып, көптеген шаралар ұйымдастырылды, қыруар қаржы құрдымға кетіп Аралдың табанына көмілді. Бүгінгі күні Арал трагедиясы көп айтылмайды, себебі бұлтартпас шындықпен ешкімде таласа қоймас. Дегенмен де Аралдың осындай күйге түсуіне мұрындық болған обьективті жағдайлардың болғаны да рас, ондайлардың қатарына халқының саны күн сайын өсіп отырған Орта Азия ауыл шаруашылығының суармалы жерлеріне өте көп мөлшерде тұщы су қажет болды.

Жақын келешекте біздің елдің тағы бір аса ірі су нысаны- Балқашқа Аралдың тағдырын қайталау қаупі төніп тұр. Күні кеше ғана, аптап ыстығы бет қаратпайтын шөлдердің ортасында орналасқан кербез Балқаш көлі өзінің аса бай өсімдіктер және жануарлар дүниесімен ерекшеленіп жататын. Сол Балқаш қазірде шөлейттеніп, өзінің табиғи келбетін жоғалтуда. Көл су жетіспеушілігіне ұшырап, біртіндеп таяздап барады.

Балқаштың жағдайы жақсы кезінде жылына, басым түрде Іле өзенінен 12 шаршы шақырым тұщы су алып тұратын. 1970 жылдары салынған Қапшағай СЭС салынуымен байланысты, осы әдемі көлдің жұтаңдануы басталды деп айтуға болады. Қапшағай су қоймасы оның бір жылдық ағынын, «жеп отыр» және су қоймасының сағасындағы суды түгелдей пайдаланып отыр. Су қоймасы осындағы табиғи ландшафтты танымастай өзгертіп, 160 шаршы шақырымдық аумақтағы тоғай-шілік орманды жойып жіберді, өзеннің эндемигі- маринка балығы, су тышқанын өсіру кәсіпшіліктерін түбегейлі құртты.

Осыдан сәл кейін Қытай тарапы Іле өзенінің саласы- Таш өзеніне бөген салып, Іленің суын азайтты. Одан біраз уақыт аралығында Қытай тағы да Іленің жоғары бөлігіне бөген салып, өзен ағынын тағы да азайтты. Бүгінгі күні Іленің ағыны бастапқы көрсеткіштің жартысын ғана құрап отыр. Осылайша Қытайдан мол су аламыз деген, ұзақ мерзімдік стратегиялық есептеулер, жұмсартып айтқанда, іске аспады.

Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген. Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, Тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келеді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел “Жұмбақ көл” деп ат қойған.

Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Экологиялық апат мәселесі қазір бар әлемді толғандырып отыр. Уақыт алмасқан сайын адам қолымен "екінші табиғат" (өндірістік өркениет деген мағынада) жасалып, алға қарыштап қадам басқан сайын жаңа қиындықтар мен шешімі түйткілді мәселелер көбейе береді. алқаш көлі - ғаламшардағы ең көне көлдердің бірі. Жаратылысы бөлек, жұмбағы мол. Батыс бөлігі ерекше тұщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді. Көлдің батыс бөлігінің 1 литр суында 0, 5 грамм тұз болады (бұл кейбір ауыз сулардан тұщырақ), ал шығысындағы тұздылық мөлшері бұл көрсеткіштен он есе көп болып келеді.

Бірақ, көлдің осы қалпы ғасырлар бойы сақталып келеді. Балқаш осы алаптағы ең төменгі ойысты өңірде орналасқан. Көл табиғи тепе-теңдігін тұрақты сақтап келеді. Көлдің жағалауларында тұзды сорлар ( мәселен, Тасарал ауылы маңындағы тұзды сор - бұл жерден қазір "Балқаш Тұз" кәсіпорны тұз алуда) кездеседі. Қаншама уақыт бойы жиналып келе жатқан минералды түзілімдер осындай жерлерде жиылып, емдік қасиеті мол сорларға айналған.

Балқаштың тағдыры - жарты ғаламның тағдыры деп айтуға болады. Көл тіршілігі оның картада көрсетілген көк сызықты кемерімен шектелмейді. Оған әсер ететін факторлар көп. Балқаштың тағдыры - Алатаудың басынан, Қытайдың даласынан басталады деп айтуға болады. Себебі көл арнасына су жинайтын алап сонау Іленің арнасына құйылатын бастау бұлақтардан, Алатаудың мұзарт шыңдарынан. Мыңжылдық мұз көбесі сөгілмеген мұздықтардан басталатын еспе өзен, өзек-жылғалар ойыс-ойпатта орналасқан көлге арналанып ағып құйылады. Балқаш тағдырының түйткілді түйіндерін таратып шешу үшін жаратылыстану ғылымдарының барша саларына жүйелі сараптау жүргізген жөн.

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі: қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қазіргі кезде бірден - бір өзекті проблема болып табылады. Адамзат қауымдастығының қол жеткізген ғылыми-техникалық жетістіктерінің қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі үнемі артуда. Биосферада антропогендік негізде пайда болған қоршаған ортаны зақымдаушы заттардың белсенділігі артуына қажетті мүмкіндіктер туындап отыр.

Бұл аймақтағы негізгі қауіп көзі - көлдің экологиялық жағдайы болып отыр. Себебі Балқаш көлінің проблемасы күн өткен сайын күрделене түсуде. Тек өткен ғасырдың өзінде көл деңгейі 2 метрге төмен түсті. Жағалаудың 7-8 шақырымына дейінгі жерлерде өскен қамыс, кұрақ қурап қалды. Көлдің күре тамыры болып табылатын Іле өзенінің Қытай жерінен Қазақстанға өтер басынан алынған судың құрамы өте ластанған. Су құрамында темір 7, 3 есе, мырыш 4, 6 есе, мыс 3-4 есе, нитрит 1, 7 есе өсіп кетті. Бұл жағдай Қытай жеріндегі Іленің бойына егілген күріш алқаптарынын әсерінен болуда.

Балқаш мыс комбинатынан суға төгіліп жатқан зиянды заттарды айтпағанның өзінде Балқаш қаласындағы атмосфералық ауаға жыл сайын 668 мың тонна зиянды қалдықтар шығарылады. Тек қана Қытай ғана емес Балқаштың экологиясының күрделене түсуіне Қазақстан өндіріс орындары да өз үлесін қосуда. Соның ішінде «Қазақмыс» корпорациясы зауыттары ерекше орын алады. Яғни менің ғылыми-зерттеу жұмыстарымның мақсаты- осы өндіріс орнының көл экологиясына тигізіп отырған кері әсеріне арналады.

Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болуда. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтеріледі. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үйреншікті жағдайға айналды . Осы жағдайлар негізінде көл жағалаулары батпақтанып, сорлар мен тақырларға айналуда. Іле - Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы да осы факторлардан зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу тіпті азайды.

Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы да жиі байқалатын көрініске айналды. Қазіргі кезде адамзат шаруашылықтық іс- қызметінің табиғи ортаға деген зиянды әсері етуде. Соған орай биосфераны сақтап қалу мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Адамның тіршілік көзінің көпшілігі осы проблемаларды шешумен тікелей байланысты. Сондықтан қазіргі кезде адамзаттың шаруашылық әрекеті салдарынан туындап отырған экологиялық қауіпті түсіндіретін және экологиялық қауіпсіздік жолдарымен қамтамасыз ете алатын айтарлықтай зерттеулер қажет.

Ғылыми жаңалығы:

- Балқаш көлі су алабының экологиялық жағдайына талдау жасалды;

- Қазақмыс корпорациясының көлге тигізетін әсері бағаланды;

- Зерттеу аймақтарындағы судағы ауыр металдардың мөлшері

анықталды.

  • Көлдің экологиялық - экономикалық жай - күйіне баға берілді.

Жұмыстың мақсаты: Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайын бағалау.

Жұмыстың міндеттері:

- Балқаш көлі су алабының экологиялық жағдайына талдау жасау;

- Қазақмыс корпорациясының көлге тигізетін әсерін бағалау;

- Зерттеу аймақтарындағы судағы ауыр металдардың мөлшерін анықтау.

- Көлдің экологиялық - экономикалық жай - күйіне баға беру.

Зерттеу нысаны: Балқаш көліне әсер ететін өндіріс орны «Қазақмыс» корпорациясының шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізіп отырған кері экологиялық ықпалы.

Жұмыстың қолданыстық маңызы: антропогендік факторлардың әсерінен болатын әртүрлі өзгерістерге талдау жасай отырып, жалпы экожүйенің тұрақтылығын бағалауға арналған Экология мамандығының студенттері мен оқытушы қауымға ұсынылып отырған диплом жұмысындағы құнды материалдарды қосымша ақпарат ретінде ұсынуға болады. Бүгінгі күні екінші Аралдың тағдырын қайталауға шақ қалып отырған Балқаштың тағдыры іс жүзінде, біздің елге ғана емес, экологиялық сипатты бұл құбылыстың жахандық қауіпке айналатын түрі бар.

Мұндай жағдайда бүгінгі Балқаш проблемасы, бүкіл Еуразияға, тіпті әлемдік биосфера облысына да өзінің кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Өткен ғасырдың аяғында жүргізілген Балқаш пен Балқаш бойындағы аумақтағы өзендер мен су қоймалары режимінде елеулі гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық өзгерістердің орын алғанын көрсетті. Бұл өзгерістердің туындауына табиғи фактордан гөрі адамның шаруашылық іс-әрекеті факторының басымдық рөлі болғаны атап көрсетілді.

Іле-Балқаш су шаруашылығы алабының қазіргі күйінің қалыптасуы 1970 жылы Қапшағай су қоймасын салу кезінен басын алады. Осы кезеңде сонымен бірге аса ірі суармалы массивтер Ақдала, Шеңгелді және Үлкен Алматы каналы сияқты нысандар пайда болды. Осы кезеңге дейінгі Іле өзенінің гидрологиялық режимі басым түрде табиғи факторлармен анықталатын. Өзеннің осы уақыттағы орташа көпжылдық ағыны 467 м3/сек. құрап, шартты-салыстырмалы режимді саналды. 1970-1995 жылдар аралығында Іле-Балқаш су шаруашылығы алабының жай-күйіне Қапшағай су қоймасының әсері, оның ішінде шаруашылық нысандарының, әсіресе суармалы күріш алқаптарының, шаруашылық іс-әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға бөлінетін органикалық заттарыңың, ауыр металлдар мен улы химикаттар қалдықтарының кері әсерлері көріне бастады. 1974-1986 жылдар аралығында, осы кері факторлардың барлығы, бір ғана бағытта, яғни өзеннің сағасы- Балқаш көліне бағытталып отырды. Осы жағдайлардың барлығы Балқаш көліне келетін өзен ағынының күрт азаюына әкелді, мұның өзі, көлдің батысы мен шығыс бөліктерінің су мен тұз айналымына әсерін тигізіп, көл деңгейінің төмендетті және көл суының минералдануын күрт арттырды. Қапшағай аймағы мен Балқаш көлі арасындағы су ағынының кемуі үйреншікті жайтқа айналды.

Балқаш көлінің негізгі ластауышы рөлін бүгінгі күні осы өңірдің аса ірі шаруашылықтық нысаны болып отырған «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен және өңдеуші кәсіпорындары және ауыл шаруашылығы мен коммуналдық кәсіпорындары болып отыр. Су бассейнінің ластануы, Іле өзеніне келетін су мөлшерінің азаюы, Балқаш көлі деңгейінің төмендеуі т. б. факторлар осы бай өлкенің биоалуандығына да кері әсерін тигізіп, фито және зоопланктон массасының күрт азаюын тудыруда. Іле өзенінің сағасында және көл акваториясында балықтың саны тым азайып кеткен, балықтың әртүрлі ауруларға шалдығуы жиілеп, құнды балықтардың саны азайғаны белгілі болып отыр.

Осы дағдарыстың шырқау шегі кезеңінде (1970-89 жылдары) яғни жер үсті суларының суару және басқа мақсаттарға жұмсалуының қарқынды кезеңінде жылына 3, 12 км 3 су жоғалып отырған, Оның 2, 43 км 3 Іле өзеніне келсе, ал Ақсу және Аягөз өзендерінен судың келуі біржолата тоқтайды. Диплом материалдарында осы проблеманың астары, туындау себептері, көлдің бүгінгі жағдайы мен оның астарласқан экологиялық проблемалары біртұтас мәселе аясында қарастырылады.

  1. Балқаш көліне физика-географиялық сипаттама

1. 1 Балқаш көлінің физика-географиялық орны және ашылу тарихы

Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш -Алакөл ойысында орналасқан. Балқаш көлі - Қазақстандағы Каспий мен Аралдан кейінгі үшінші ағынсыз үлкен ірі айдын болып табылады. Теңіз деңгейінен 340 метр биіктікте жатыр. Көлемі 501 мың км 2 , ұзындығы 605 км, ені - 9 - 74 км аралығында. Ең терең жері- 26 м. Жағасының ұзындығы 2383 километр, орташа тереңдігі 6 метр.

Оңтүстік-батысында судың түсі сұрғылт-сарғыштау, шығысында -көгілдір. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз, Бақанас, Тоқырау, Мойынты өзендері құяды. Барлық су көлемінің 80 пайызын Іле береді. Балқашта көптеген ірі шығанақтар, мүйістер, түбектер бар. Ірі аралдары: Басарал және Тасарал. [1]

Қазақстан табиғатының байлығы және өзгешелігі сонша, оның жомарт қолмен бүкіл әлемнің ғажайыптары жиналған таңғажайып қазына-байлыққа теңеуге мәжбүрміз. Қазақстан табиғатының адам таңғаларлық көп түрлілігі ғажайып табиғат кешені Жетісуға да тән. Дәл осында " Жеті өзен өлкесінде" жер шарындағы ең бір үлкен құрлық ішілік тұйық су қойманың біреуі-көгілдір көл Балқаш орналасқан. Нәзік осы жұмбақ көлдің әрі қорғансыз сұлулығы оны "Жетісудің інжу-маржаны" деп атауға мәжбүр етеді. Балқаш өңірінің шексіз кеңістігінің қол тимеген табиғаты, далалармен аптап шөлдер, бір кездерде осы алаптарда буырқана аққан, ол қазір құмдар жұтып қойған көкшіл шаңғыз Балқашқа құятын ешкімге бас имеген тау өзендерінің долы ағындары, осылардың бәрі ең көпті көрген саяхатшыларды таң қалдырады.

Қазақстан табиғатының адам таңғаларлық көп түрлілігі ғажайып табиғат кешені Жетісуға да тән. Дәл осында " Жеті өзен өлкесінде" жер шарындағы ең бір үлкен құрлық ішілік тұйық су қойманың біреуі-көгілдір көл Балқаш орналасқан. Балқашты кім ашқаны белгісіз, алайда ертедегі қытайлар және моңғолдар сызған карталарда оның көрінісі кездеседі. Көл туралы алғаш рет XIII ғасырларда дерек алған еуропалық Рубрин мен Плано Карпини еді. Үзік-үзік және саяхатшылардың әрқашан анық бола бермейтін байқаулары өзінің ғылыми мәнін бүгін де жоғалтқан жоқ. Орыстардың Балқашпен таныстығы Иван Грозный заманынан бастау алады. Ермактың басқыншылық жорықтары мен Сібірді отарлаудан соң Ресейдің назары оңтүстік аумақтарға түсті. 1767 жылы Балқаш көлі алғаш рет Ресей карталарынан орын алды. Ол орыс көпестері мен елшілері әңгімелерінің негізінде жасалған Семень Ремезьдің "Барлық сусыз және өту мүмкіндігі шамалы тасты далалық жердің сызбасы" болатын.

Орыстардың Балқашпен таныстығы Иван Грозный заманынан бастау алады. Ермактың басқыншылық жорықтары мен Сібірді отарлаудан соң Ресейдің назары оңтүстік аумақтарға ауысты. 1767 жылы Балқаш көлі алғаш рет Ресей карталарынан орын алды. Ол орыс көпестері мен елшілерінің әңгімелерінің негізінде Семень Ремезть "Барлық сусыз және өту мүмкіндігі шамалы тасты далалық жердің сызбасы" болатын. Пайдаланылған деректер тексерілмеген шамамен берілгендіктен көлдің геологиялық сипатының (кординаты, көлемі, жағалау сызығы т. б) дәлдігі айтарлықтай нашар бейнеленген. Бұл сызбада Балқашты теңіз деп атаған. 1730 жылы Стокгольмде басып шығарылған, Ф. И. Стролеиберг құрастырылған " Ресей мен Ұлы Татарияның картасында" көл «теңіз» деп берілген. Дегенмен де теңіз көлдің жалғыз аты емес.

Ежелгі қытайлар оны «Си-Хай» деп атаса, түріктер мен моңғолдар «Ақ теңіз» немесе «Көкше теңіз», жоңғарлар -Балқаш (батпақ) десе, қазақтар -Аңырақай (сопақша немесе жоңғарлардың көз жасы) және Қаз көл (қаздар көлі), Аққаз (аққу көлі) деп та атапты.

Жоңғарларға тұтқынға түскен және осы өлкеде болған швед офицері Ренат көлдің анығырақ жазбасын бергенге дейін ұзақ уақыт бойы ешкім көл туралы дәл мәліметтерді білмеді. Көлдің шын орны мен өлшемдері, географиялық мәртебесі жэне аты да белгісіз болатын. Бұл жағдай көптеген аңыздардың туындауына түрткі болды. Тек 1834 жылы астроном Федоров Балқаштың жағалауының бір бөлігін картаға түсірді. XIX ғасырдың ортасында еуропалық жаратылыстанушылар үшін Балқаш өңірі бүкіл әлемнен шексіз далалармен, шөлдермен бөлінген әлі жұмбақ болып келеді. Өлкеде еуропалық шекара гарнизондарының әскерлері тұрды.

1840-1843 жылдары Балқаштың алғашында шығыс, кейін батыс, одан кейін оңтүстік жағаларын құрамына әскери топограф Т. Ф. Нифантоев кірген А. И. Шренктің экспедициясы зерттеді.

Т. Ф. Нифантоев 1852-1853 жылдары көлдің жағалауын түгелдей түсіріп, алғаш рет оның картасын сызды. Жетісуді А. П. Федченко мен Н. А. Северцовтың экспедициялары аралаған соң, Балқаш алабының балықтары туралы бірінші мәліметтер пайда болды. Осы материалдар негізінде профессор К. Ф. Кесслер ғылым үшін балықтың 76 жаңа түрлерінің жазбасын жасады.

XIX ғасырдың ортасында еуропалық жаратылыстанушылар үшін Балқаш өңірі бүкіл әлемнен шексіз далалармен, шөлдермен бөлінген әлі жұмбақ болып келеді. Өлкеде еуропалық шекара гарнизондарының әскерлері тұрды. Бұл жерде алғашқы жаратылыстанушылар мен географтар ірі әскери отрядтардың құрамында болды.

Бұл алап Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының мұздықтарын қамтиды.

Бүгінгі Балқаш-созылыңқы келген, таяз сулы, бумерангқа ұқсайтын су қойма. Көлге 26000 бұлақ пен кішігірім өзендердің суын жинайтын бес ірі өзен құяды. Сумен бірге өзендер көлге 10 млн. тоннаға дейін тұз және шамамен 30 млн. тонна тұнба алып келеді. Бақанас, Ащыөзек, Тоқырауын, Қарабұлақ, Мойынты, Сарыбастау секілді Солтүстік Балқаш өңірінің өзендері суларын көлге жеткізбей, құмдарда жоғалтады.

Балқаш алабы Қазақстанның оңтүстігіндегі Еуразияның нақ ортасында, Қапшағай қақпасының батыс жағында орналасқан кең байтақ ойыста жатыр. Оңтүстікте Балқаш өңірінің кеңістігі Жоңғар Алатауы жоталарымен шектеседі, шығыс және солтүстік шығыста-Шыңғыстау мен Тарбағатай қырқалары, ал Солтүстікте Арал-Ертіс су айрығының қыраттары қоршап жатыр. Балқаштың су жинау алабының ауданы -390 км 2 . Сумен бірге өзендер көлге 10 млн. тоннаға дейін тұз және шамамен 30 млн. тонна тұнба алып келеді. Оңтүстіктен Балқашты Тауқұм мен Сарыесік атырау шөлдері қоршап жатыр. Олардың ортасындағы Балқашқа мол суын алып келетін Іле өзенінің алабы шамамен 140 мың км. Өзеннің жалпы ұзындығы 1450 км шамасында, оның 635 км-і Қытай аумағына тиесілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Балқаш маңы
Балхаш көлінің даму тарихы мен экологиялық жағдайы
Балхаш көл
Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары
Шарын өзенінің су ресурстарын бағалау
Апатты аймақтар
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Экологиялық қауіпті аудандардағы халықтың денсаулық жағдайы
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz