Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Асанова Ж.
„ Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары “
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010700- „Бейнелеу өнері және сызу“
Тараз 2013

Қызметте қоланду үшін (қажет кезінде)
“Қорғауға жіберілді”
“Бейнелеу өнері және сызу” кафедра
меңгерушісі_________М.М.Усупов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: „Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары“ 106х80
5В010700- „Бейнелеу өнері және сызу“ мамандығы бойынша –
„Бейнелеу өнері және сызу“
Орындаған: Асанова Ж.
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., д.м.а Джанаев М.Б.
Тараз 2013
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанрының және оны оқытудың
теориялық мәселелері
1.1 Натюрморт және оны оқыту негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Натюрмортты жазықтықта бейнелеу композициясы – көркем тәрбие
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Натюрморт тақырыбында сабақ жүргізу әдіс-тәсілдері мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Шығармашылық натюрморт орындау негіздері мен оқыту жолдары
2.1 Оқу және шығармашылық натюрморт түрлері және негіздері ... ... ... ..
2.2 Натюрморт жанры көркемдік талғам қалыптастыру құралы ... ... ... ...
2.3 Бейнелеу өнерінің натюрморт сабақ түрлері көркем білім мен
тәрбие негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Натюрморт арқылы оқушылардың бейнелеу өнеріндегі шығармашылық іс-
әрекеттерін қалыптастыру
3.1 Бейнелеу өнерінде шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру ... ... ... ..
3.2 Натюрморт жанры арқылы көркемдік тәрбиеге баулу ... ... ... ... ... ... .
3.3 Натюрморт сабағының практикалық-сарамандық көркемдік іс-әрекеттерінің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.4 Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша композициялық ізденістер ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолдданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша көрнекіліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Дипломдық жұмыс көкейкестілігі. Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше
жанры. Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы Қазақ ұлттық музыкалық
аспаптары деп алынды. Мұнда біз бейнелеу өнерінің живопись түрінде,
натюрморт жанрында орындалған өнер туындысын ұсынамыз. Дипломдық жұмыс
тақырыбы мектеп оқушыларының ой-өрісіне, жас ерекшеліктеріне лайық болуын
ойластырдық. Натюрморт-жансыз денелер бейнесі жанры мектеп оқушыларын
ерекше қызықтыратындығы белгілі. Бұл жанр балалар табиғатына, мінез-құлқына
етене жақын. Сондай-ақ, бұл жанрда жұмыс істеу процесінің, қызмет
ерекшелігінің өзі оқушылар қызығушылығын тудыратындығы мектеп тәжірибесінен
белгілі. Қысқаша айтқанда, табиғат жанры оқушылар көңіліне аса қонымды,
қызықты, сезімдік-танымдық шығармашылық қызмет түрі.
Натюрморт жанрында жұмыс орындау барысында оқушылар түрлі табиғат
заттарын, олардың көріністерін, олардың ерекшеліктерін бақылап өздерінің
эстетикалық сезімдерін, талғамдарын қанағаттандырады. Натюрмортты
бейнелеудің өзі олардың шығармашылық ынтасын арттырып, көркемдік талғамын
қалыптастырады.
Міне, осы мәселелерге байланысты жұмыс көкейкестілігі анық байқалады.
Бейнелеу өнерін оқытуда мұғалім оқушылардың ой-қабілетінің дамуын,
қызығушылықтарын, психологиялық ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс.
Оқушылардың қоршаған ортаны, өнер шығармаларын эстетикалық қабылдауы, өнер
түрлерін, жанрларын білуі, олардың көркем талғамдары мен шығармашылық ой
жүйесін дамыту осының барлығы мектептегі оқу-тәбие процесінде жетілуі тиіс.
Бейнелеу өнері мұғалімі мектеп оқушыларының өнердің идеялық, имандылық
құндылықтарын түсінуіне оған қызығуына өнерге қажетті қажеттілігін
арттыруына және бұл үшін олардың қажетті білім мен іскерлікті тереңдетуге
ұмтылуы тиіс.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі ғылыми түрде практикалық жұмыс
тәжірибесін теориялық негізде қорытындылап, бейнелеуге үйрету әдістемелерін
ұсынады. Оқыту әдістемесі педагогикалық және психологиялық, эстетикалық,
өнер тарихы мен деректерімен негізделген. Ол бейнелеу өнері мен
заңдылықтарын қалыптастырып, жас түлектерді оқытып тәрбиелеудің жаңа
қазіргі кезеңдегі әдістемесін көрсетеді.
Практикалық тәжірибелік әдістеме оқыту мен тәрбиелеу процесін зерттейді.
Жас жеткіншектерді оқыту мен жеке тұлға қалыптастырып дамыту
мәселелерінің бейнелеу өнері сабақтарында оқыту және тәрбиелеу
көкейкестілігі ең алдымен ғылымның деңгейімен, көркем білім
проблемаларымен анықталады.
Қазіргі кезеңде қоғамдық кәсіптік қызметтің барлық саласында
шығармашылық қабілет қоғамның әлеуметтік-экономикалық поцесінің негізі
болып табылады.
Қоғамдық прогрестің өте қасиетті саласының бірі бұл – оқыту мазмұны мен
процесін жаңғыртып жандандыру және оның негізінде оқушылар шығармашылығын
дамыту.
Бейнелеу өнер сабағы оқушылардың эмоциялық сезімдерін қозғап,
қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттырып, оқуға ынталандырып, жаңа
білім бере отырып олардың шығармашылық қабілеттерін дамытатындай етіп
құрылуы тиіс.
Мұғалім алдында бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесін жандандырудың
күрделі мақсаттары тұр.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін, оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін,
білім мазмұны мен өмір талаптарына сай қолдану қажет.
Бұл ретте жаңа оқу материалын түсіндірудің дәстүрлі ауызша түрінен басқа
да түрлерін пайдалану қажет. Мұндай оқыту әдістемелері: мұғалім
жетекшілігімен оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденістері; өз бетінше
шығармашылық жұмыс орындау; бағдарламалық және проблемалық оқыту; бейнелік
тұжырымдау.
Мұндай оқыту әдістемелері және басты шығармашылық қызмет оқышылардың
белсенділігін дамытып, көркемдік дағдыларын шынықтырып, рухани эстетикалық
қасиеттерін қалыптастырады.
Бейнелеу өнері, оның ішінде натюрморт жанры тақырыптарында жұмыс
орындау, бейнелеу әдіс-тәсілдерін, орындау жолдарын меңгерту, педагогикалық
өнер танымдық тәсілдер негізінде іске асырылады.
Бұл бейнелеу өнеріне оқыту әдістемелері белгілі ғалымдар В.В.Алексеева,
Г.В.Беда, И.П.Глинская, В.С.Кузин, Г.В.Лабунская, еңбектерінде жан-жақты
қарастырылған. Онда оқыту жолдары және оқыту проблемалары жан-жақты ғылыми
негізде көрсетілген. Алайда әлі де жазықтықта бейнелеу композициясын оқыту
жолдары, жүйелі оқыту әдіс-тәсілдері толық қарастырылмаған. Мысалы: оқыту
методтары мен оқушылар жұмыс процестерінің кезеңдік байланыстары, сабақ
барысындағы әр кезеңге сай қолданылатын методикалық тәсілдер көсетілмеген.
Тәжірибе жұмыстары екі кезеңде өткізіледі. Ол оқыту бақылау арқылы және
тәжірибе негізінде педагогикалық практика кезінде жүргізіліп отырады.
Тәжірибе процесінде дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар жаңа қазіргі кезең
талаптарына сай оқыту тәсілдері де қолданылады. Натюрморт жанрының
композициялық мәселелері, оны оқыту әдіс-тәсілдері және оның теориялық
мәселелерін көрнекті педагог ғалымдар, өнер зерттеушілері Беда Г.В., Маслов
Н.Я., Ростовцев Н.Н., Кузин В.С., Барщ А.О., Шорохов Е.В., Ящухин А.П.,
Федров-Давыдов А.А., Суздалев П.К., Стасевич В.Н. т.б. ғалымдар өз ғылыми
еңбектерінде жан-жақты талдап көрсеткен. Осы еңбектерді оқи отырып біз
натюрморт жанрының теориялық негіздерін, оның мазмұнын талдадық. Натюрморт
жанрындағы дүние танымдық негізде теориялық және шығармашылық жұмыс орындау
әдістемелерін толық қарастыру мәселелері тәжірибе негізінде алға қойылады.
Қазіргі кезең талаптары жалпы орта мектептерде бейнелеу өнерін оқытудың
алдыңғы қатарлы жаңа әдістемелерін қажет етеді. Бейнелеу өнері пәні өнердің
барлық түрлерімен жанрларын қарастырады. Бейнелеу өнерінің негізіг бір
саласы натюрморт жанры. Натюрморт жанры өзінің мазмұнымен түрі жағынан
ерекше өнер түрі. Оның өнермен оқытудағы алатын орны да ерекше.
Натюрморттың қабылдау сабақтарымен практикалық сабақтардағы тәрбиелік мәні
аса зор. Суретшілер натюрмортты басқа да жанр картиналарын орындау кезінде
де пайдаланады. Натюрморт жанрлық картинада, портреттік картинада да
қолданылады. Яғни натюрморт өнердің барлық саласында орын алады.
Ал жеке жанр ретінде натюрморттың мазмұны мен мәні әрине өте тереңде
жатыр.
Мұндай жағдайда суретшінің алдына қойған мақсаттарына сай натюрморттың
орны, композициялық құрылымы мен мазмұны да өзгеріп отыруы мүмкін. Образдың
көркем психологиялық шешімін табуда натюрмортқа сан түрлі мән беріліп
көрсетілуі де мүмкін. Натюрморттағы заттар бейнесінің түр- түсі, пішіні,
олардың орналасуы, бір-біріне қатынасы, композициялық құрылымы мен түстік-
тондық үйлесімдері адам көңіл- күйіне, сана- сезіміне түрліше әсер етіп
белгілі бір образды сомдайды. Натюрморт сырт көзге қарапайым бола тұра өте
күрделі философиялық, психологиялық, эмоциональдық- сезімдік жай күйді
көрсетіп адамзат танымына әсер етуі мүмкін. Кейде натюморт сюжеттік
картиналардан гөрі жоғары көзқарасты меңзеп, адам қабылдаушылық сезімдеріне
үлкен де салмақты ой қозғауы мүмкін. Оның құпия жұмбақтарын іздеуде сурет
салу жолдары бойынша оқыту оқушылар сезім талғамдарын қалыптастырады.
Бүгінгі таңда бейнелеу өнері сабақтарында оқытудың көркемдік- сезімдік
жақтары қарастырылып оқыту әдістемелері жаңа бағытта қолданылуы тиіс.
Сурет сабағы өнер сабағы болғандықтан оны оқыту әдістемесі көркем образға
негізделуі табиғи заңдылық болып табылады. Ал дәстүрлі әдістемеде бейнелеу
тәсілдері көбінде геометриялық салу жолдарына негізделіп түрлі өлшемдік
түсініктер беруге жұмылдырылады. Натюрмортты бейнелеу осындай орындау
тәсілдеріне байланысты толық мәнінде дұрыс жолға қойылмады.
Әлде де дәстүрлі оқыту тәсілдері оқушылар көркемдік талғамдарын
қалыптастыруда дұрыс жолға қойылмаған. Сондықтан қазіргі кезеңде бейнелеу
өнері сабақтарында, натюрмортты оқытуда жаңа мазмұн, мақсат міндеттер
қойып, жаңа бағытта жаңа, қазіргі кезеңге сай оқыту тәсілдерін қарастыру
қажеттігі туындайды.
Бейнелеу өнерінен жаңа оқу бағдарламалары да жасалынып, оқыту
әдістемелері дайындалған. Осы мәселелерге орай біз өз дипломдық жұмысымызды
академиялық және оқу суреттерін бейнелеу өнері сабақтарында, натюрмортты
бейнелеуде қазіргі кезең мақсаттарына сай қолдану жолдарын қарастырамыз.
Сондықтан біз бейнелеу өнері сабақтарында академиялық оқыту және
шығармашылық орындау тәсілдерін қатар қарастырамыз.
Осы мәселеге байланысты заттың өзіне қарап суретін салу сабақтарын
өткізу жолдарын натюрморт құру тәсілдері арқылы көрсетеміз. Себебі
академиялық сурет, натюрморт суреті негізінен заттың өзіне қарап салу
жолдарына негізделген.
Сондай- ақ, бұл сабақтарда сурет салу техникасы ерекше орынға ие
болатындықтан, біз натюрмортты салу техникасын, оның құрылымын, оқыту
жолдарын көрсеттік.
Сондықтан біз қазіргі кезең талаптарына сай оқыту жолдарын қарастырып
бейнелеу өнері бағдарламасына талдау жасап осы сабақ бойынша тақырыптық
натюрморт құру ерекшеліктерін қарастырамыз.
Мұнда заттардың сыртқы қарпайым бейнесі ғана емес, материалдық, танымдық
мазмұны да суреттеледі. Жансыз денелер бейнесі тылсым дүниесі де
натюрмортта адам санасында күрделі өзгерістер туғызып адамзат тәрбиесіне,
өмірлік көзқарасына тікелей әсер етеді. Бұл өнер түрі өзінің ерекше
құндылығымен оқушылардың талғам түсініктерін, сана-сезімін қалыптастыра
отырып, оларды идеялық-эстетикалық тәрбиелеудің дәйекті құралы болып
қалады. Натюрморт өнерінің келесі бір мәні ол өзіндік творчестволық ізденіс
негізі. Яғни ол, суретшілік шеберлікті қалыптастырып, суретші қолтаңбасын,
стилін, орындаушылық дағдыларын шыңдау қызметі.
Зерттеу нысанасы: осы аталған мәселелерді негізге ала отырып, біз өз
дипломдық жұмысымыздың нысанасы етіп шығармашылық натюрморт композициясын
қалап алдық.
Зерттеу пәні: Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары тақырыбындағы
шығармашылық натюрморт және оны оқыту әдіс-тәсілдері. Бұл натюрморт
құрылымы өз тақырыбына сай зат түрлерінен тұрады. Мұндағы орналасуы да, түр-
түсі де, пішіндерінің ара қатынастары да, тондық түстік ерекшеліктері де
белгілі бір бейнелік өнермен түстік өнер үндестігін шешуге бағытталған.
Сондай-ақ мұнда бейнелік өнермен натюрморттық живопись өнерінің көркем-
эстетикалық тәрбиелік байланысыда қарастырылған.
Дипломдық жұмыс мақсаты: Бейнелеу өнері сабақтарында натюрморт жанрын
оқыту жолдарын, оның көркем образдық негіздерін талдап, оқыту әдістемелерін
негіздеу.
Дипломдық жұмыс орындау міндеттері:
- бейнелеу өнерінің натюрморт жанрына теориялық талдау жасау;
- бейнелеу өнерінің натюрморт жанрын орындау әдіс-тәсілдеріне
теориялық талдау жасау;
- бейнелеу өнерінің натюрморт жанрын оқыту әдістеріне теориялық
талдау жасау;
- натюрморттық живопись өнерінің көркем-эстетикалық тәрбиелік
мазмұны мен мәнін анықтау;
- шығармашылық натюрморт орындау және оны оқыту әдіс-тәсілдерін
анықтау;
Жұмыстың ғылыми-шығармашылық жаңалығы: Біздің дипломдық жұмысымыздың
ғылыми жаңалығы бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанрының оқыту процесіндегі
орнымен тәрбиелік мәнін қарастырып талдау.
Мұнда алғашқы кезеңде натюрморт қойылымын құру жолдары, оқу және
шығармашылық натюрморт мәні мен мазмұны, алатын орны талданып, көрсетіліп
белгілі бір бағыт анықталды. Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары тақырыбында
түпнұсқалық шығармашылық натюрморт жұмысы орындалды.
Натюрморт жанрын оқытуда көркем образдық оқыту әдістемелерін қолдану,
оқушылар көркемдік талғамдары мен шығармашылық қабілеттерін дамытатындығы
анықталды. Шығармашылық натюрморт орындаудың жас өспірімдер көркем-
эстетикалық тәрбиесіне белсенді әсер ететіндігі анықталды. Натюрморт
негізінен оқу және шығармашылық мақсаттарды оқыту- тәрбиелеу процесінде жан-
жақты іске асыру үшін орындалады.
Зерттеу және шығармашылық әдістер:
- ғылыми педагогикалық, психологиялық, эстетикалық әдебиеттерге талдау;
- натюрморт сабағы бойынша сабақ жоспарларына,оны оқыту әдістемелеріне
талдау;
- долбарлар, нобайлар, этюдттер, эскиздер салып орындау;
- графикалық және түстік эскиздер орындау;
- оқушылар бейнелеу жұмыстарын талдау және бағалау;
Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы:
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік практикалық құндылығы болып жалпы орта
мектептерде шығармашылық натюрморт орындау әдіс-тәсілдерін және оны оқыту
жолдарын ғылыми теориялық тұрғыда қарастыру болып табылады. Жалпы орта
мектепте шығармашылық натюрморт орындаудың көркем-эстетикалық тәрбие
берудегі мәні мен маңызы анықталып оны қолдану жолдары қарастырылады. Бұл
теориялық тұжырымдарды оқыту барысында қолдану нәтижесінде оқушылардың
көркем-эстетикалық талғамдары қалыптасып, шығармашылық белсенділіктері
артады.
Сонымен бұл дипломдық тақырып көкейтестілігін, қажеттілігін көрсетеді.
Біздің дипломдық жұмысымыздың негізіне Қазақстан суретшілері
туындыларындағы натюрморт жанрының тәжірибелік және тәрбиелік мәні ерекше
болды. Қазақстан суретшілерінің натюрморттық композициялық шығармаларының
орындалу тәсілдері де, ұлттық ерекшеліктері де, өзіндік түстік құрылымдары
да біздің жұмысымызға құнды деректер беріп жол сілтеп отырады.
Қазақстан суретшілерінің А. Ғалымбаева Дастархан, Ежелгі қазақ
керамикалары, Г.Исмайлова Қымыз, Т.Тоғыспаев Қызыл фондағы натюрморт,
О.Кужеленко Апельсин натюрморт, А.М.Черкасскии Гүлдер, Трезедегі
натюрморт, Э.Бабад Кактус гүлдері, Демалыс, В.Я.Ткаченко Гүлдер,
Ә.А.Жүсіпов шынылы натюрморт, Т.Әбуов Домбырамен натюрморт сыршырайлық
натюрморттары елімізде бұл жанрдың өзіндік ерекше орнын, орындалу мектебін
көрсетеді. Бұл натюрморттардың өнердегі құндылығымен қатар тәрбиелік мәніде
ерекше. Аталған өнер туындылары біздің жұмысымызға негіз болып отырды.
Сонымен қатар біздің жұмысымыздың өзіндік мақсаты түрлі заттарды,
аспаптарды бейнелеудегі өнер үндестіктерін іздеу. Біздің дипломдық
жұмысымыздың мазмұны, бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанрының оқыту
процесіндегі орнымен тәрбиелік мәнін қарастырып талдау.

творчестволық натюрморт мәні мен мазмұны, алатын орны талданып, көрсетіліп
белгілі бір бағыт анықталды. Натюрморт орындау кезеңдері, тәсілдері
қарастырылды.
Жалпы алғанда біздің біздің дипломдық жұмысымыз негізгі шығармашылық
натюрморт картинасынан, қосымша түсініктеме жазбадан тұрады.
Ал түсініктеме хатымыз кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымша көрнекіліктерден тұрады.
Дипломдық жұмыс ғылыми әдебиеттерге, өнер туындыларына, заттар шынайы
құбылысын реалистік бейнелеуге негізделіп орындалған және педагогикалық
тәжірибеден Абай атындағы № 26 мектебінде өтіліп практикада қолданыс
тапқан.
1 Бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанрының және оны
оқытудың теориялық мәселелері
1.1 Натюрморт және оны оқыту негіздері
Тұғырлық живопись композициялық шығармашылықтың жалпы заңдылықтарына
негізделеді. Тұғырлық живописьтің өзіндік спецификалық ерекшеліктерімен
қатар, әр жанрдың ерекше құрылымдық қасиеттері болады.
Басқа жанрларға қарағанда шығармашылық натюрмортта суретші заттарды
композициялық орналастыруда өзін еркін сезінеді. Суретші кез келген
жағдайда натюрморт заттарын еркін орналастырып олардың орнын ауыстыра
алады. Оқу натюрмортында композициялық жұмыс картиналық жазықтықта
натюрморт заттарын, натюрмортты орналастыруға бағытталады. Натюрморт
заттары тобының ерекшеліктеріне байланысты, яғни олардың көлеміне, биіктігі
мен еніне, кеңістік тереңдігіне, заттар түр-түсіне қарай суретші бейнелік
жазықтық өлшемін, форматын, композициялық орталығын, тондық немесе түстік
қатынастарын анықтайды.
Натюрморт термині француз тілінен өлі табиғат деген мағынаны
білдіреді және ол тұрмыс заттарын, жеміс-жиделерді, жан-жануарлар мен
құстарды және т.б. жансыз денелерді бейнелеуді көздейді. Натюрморт адам
өміріне, тұрмысына қажетті заттарды көркем бейнелеу өнерінің жеке бір түрі
және жанры.
Қазіргі кезеңде бейнелеу өнерін оқыту түрлі оқыту әдістемелері мен
жолдарын қарастыруда. 50- 60 жылдары сурет сабақтарын оқытуда негізінен
классикалық академиялық сурет салу жолдары қолданылды. Жалпы орта
мектептерде схемалық, геометриялық салу тәсілдері арқылы заттың өзіне қарап
салу, тақырыптық сурет салу, сәндік суреттерді салу сабақтары өткізілді.
Бұл сабақтар көпшілік жағдайда бір жақта сурет салу техникасына ғана
үйретіп оқушылардың творчестволық дамуына мүмкіншілік бермейді. Бұл сурет
салу жолдары негізінен өлшеу, есептеу, көмекші сызықтар салу тәсілдер
арқылы орындалып оқушылардың сурет салуға деген қызығушылығын төмендетеді.
Сондай-ақ бұл оқу натюрмортында түрлі ережелер, орындау тәсілдері, салу
заңдылықтары, орындау жолдары сақталады.
Ал шығармашылық натюрмортта оқушының, үйренушінің творчестволық
қабілетін, әдет дағдыларын қалыптастыруға қажетті әрекеттер орындалады.
Шығармашылық натюрмортта адам сезімі, жай-күйі, толғаныс, қорқыныш, мұң
т.б. әрекеттер әсер етеді. Шығармашылық натюрморт көркем образдық негізде
орындалуы тиіс.
Мұндай натюрмортта суретші әр- қилы тәсілдер қолданып, адам жан-
дүниесіне әсер ететіндей көркем- образдық шешімдер табуға тырысады.
Кез келген зат тобы натюрморт болып санала бермейді.
Оқу натюрморты да, творчестволық натюрмортта жан- жақты талданып,
белгілі- бір мақсатты көздей отырып іріктеліп қойылуы тиіс. Мұнда
натюрморттағы мазмұнына сай әрбір зат пішіні, түрі, түсі, көлемі т.б.
ерекшеленеді, түрлі қасиеттері ескеріледі.
Заттар құрылымы да натюрморттың идеялық мазмұнына, композиция тақырыбына
сай болуы керек.
Жалпы натюрморт қойылымын дұрыс іріктеп қоя білуде үлкен творчестволық
ізденісті талап етеді. Сондықтанда сурет пәні мұғалімі бұл мәселеге өте
жоғары дәрежеде мән беруі тиіс.
Сондай- ақ натюрморт композициясы барлық заңдылықтарды талап етуді
көздейді. Сондықтан натюрморт қою барысында ол қойылатын орын, кеңістік,
затар көлемі, заттар ара қашықтығы барлығы дерлік ескеріледі. Мұнда сондай-
ақ реалды табиғи кеңістіктің бейнелік кеңістік ерекшеліктері де
ескеріледі. Салу күрделілігін анықтайды.
Натюрморт құру барысында әрбір заттың басқа заттармен үйлесуі, олардың
бір- біріне деген қатынасын, түстік, тондық ерекшеліктерін үйлестіре
ортырып қойылуы тиіс.
Натюрморт құрастыру кезеңінде оның көлемдік,кеңістіктік құрылымы дерлік
дұрыс сақталынуы тиіс.
Композициялық натюрморт қойылымында ондағы негізгі, мазмұнды ашатын,
композициялық ой- түйінін көрсететін орта болуы тиіс. Қойылымдағы барлық
бөлшектерде, заттарда осы орталықта бағындырылып отырады. Яғни
композициялық орталық нақты анықталып қойылуы керек. Жалпы натюрмортта бір
тұтастық қалып сақталынады. Осындай жағдайда ғана натюрморттың көркем
мазмұны анықталады. Қойлымда, немесе бейнеде бірнеше композициялық орталық
болуы композицияның бір тұтастық қалпын бұзады. Бұл жағдайда композицияның
көркем образдық мәселелері орындалмайды.
Натюрморт композициясын дайындау үшін ең алғаш тақырып, тақырыпқа сай ой-
түйін ойластырылып алынады.
Содан соң белгілі мөлшерде іздену суреттері-долбар, нобай, эскиздер,
жорамал суреттер салынады. Яғни бейнелік ізденіс суреттері орындалады.
Эскиз орындау барысында композициялық орталық анықталуы тиіс.
Тақырыптық натюрморт композициясы жоғарғы дәрежедегі эстетикалық талғам
тұрғысынан түрлі орындаушылық міндеттерді талап етеді.
Мысалы кейбір натюрморттар идеялық ой- түйінді көрсету үшін
бірқалаптылық, тепе- теңдік сақтау міндеттері қойылуы мүмкін. Ал кейбір
жағдайда суретші қуаныш, сүйініш, сұлулық әсерді бейнелеу үшін натюрмортта
композицияны қолданып түрлі пішіндер ритімді түрде орналастырылуы мүмкін.
Сондай- ақ басқаша композициялық мазмұнды көрсету үшін контарстық
заңдылықтарды қолдануы мүмкін.
Мысалы түрлі заттар пішінін, түсін т.б. ерекшеліктерін контрастық түрде
салыстыру заттардың, олардың түрлі қасиеттерінің өлшемдік, пішіндік,
тондық, түстік ерекшеліктерін анықтайды.
Сонымен барлық композициялық шығармалардағыдай натюрморт композициясында
да негізгі мазмұнды ашатын, ой- түйнді көрсететін негіз композициялық
орталық, оның белгілері көрсетілуі тиіс. Натюрморттағы барлық заттар,
элементтер осы орталыққа бағынуы шарт. Композициялық орталық өзінің белгілі
бір ерекшелігіне қасиетімен, түр- түрпатымен орналасуы орнымен т.б.
қасиеттерімен анықталуы мүмкін. Ол жай ғана бір элемент немесе белгі бір
нақышты белгі ғана болуы да мүмкін. Бірақ ол ерекше түйін. Композициялық
орталықты анықтуда, композиция мазмұнын шешуде натюрморт композициясының
негізгі мақсаттарының бірі болып перспективалық заңдылықтарды дұрыс қолдана
білу болып саналады. Бұл мұнда сызықтық, ауа перспективаларын, кеңістікті
дұрыс шеше білуді қарастырады.
Осы мақсаттарда алдыңғы шептегі затар бейнесі, келесі шептегі заттар
бейнесін жауып, кейбір бөліктерін көлеңкелеп тұруы мүмкін.
Мұндай композициялық орналастырулар оқушыларды бейнелеу өнеріне
үйретудің алғашқы кезеңдерінде бірталай жеңілдіктер тудырады.
Жаңадан үйренушілер үшін натюрморт қойлымын көпшілік жағдайда сурет
салушының көз деңгейінен төмен орналастырған жөн. Яғни натюрморт
горизонталь жазықтығы перспективалық қысқару күйінде қойылады.
Натюрморттағы кеңістікті, шептерді көрсетуде сызықтық және ауа
перспективсы заңдылықтары ескеріледі. Кеңістікті шеше білудегі негізгі
құрал тәсілдер жарық, тон, түс, түстік- тондық, жарық- көлеңкелік
қатынастар болып есептелінеді.
Көпшілік жағдайда натюрморт фонына көп көңіл бөліне бермейді. Түрлі
жағдайда жазу, көлемді немесе жазық, ашық түсті, қараңғы немесе түсті фон
әрине натюрморттың жалпы күйіне әсер етеді.
Мысалы натюрморттағы соңғы шептегі заттар түсіне сай фон алатын болсақ,
ол сол заттармен түстік үйлесім табады. Бұл әрине заттар ара қашықтығын дәл
көрсетуге әсер етеді.
Жалпы алынған фонның түрі, түсі, пішіні барлығы дерлік натюрморт
нақыштылығына әсер етіп отырады.
Натюрморт салуды драпировкалардың да ролі ерекше. Драпировка да
натюрморт эстетикалық ерекшеліктеріне сай таңдалынып алынады.
Натюрморт идеялық, тақырыптық жағынан алғанда бір тектес, үндес
заттардан құрылуы тиіс. Мысалы натюрморт спорт тұрғысында орындалатын
болса, онда спорт түрлеріне қатысты, оның мазмұнына сай пішіндегі заттар
алынады.
Мұнда осы тақырыпқа сай идеялық мазмұнды ашуға қажетті композициялық
әдіс- тәсілдер, құралдар қолданылады.
Натюрморт салуда оның мазмұндық, пластикалық ерекшеліктері мен қатар
эстетикалық көркемдік жағыда естен шығарылмауы керек.
Натюрморттағы көлемдікті немесе кеңістікті нақты көрсету үшін көпшілік
жағдайда жоғарғы немесе бұрыштық жарық түсіріледі. Бұл жарық сәулелері
натюрморт орындауға көптеген жеңілдіктер береді.
Натюрморт құруда ондағы заттар түрі, формасы, түсі т.б.ерекшеліктерімен
қатар фактуралық қасиеттерінде ескеріп отыру қажет.
Қандай да болмасын натюрмортта адамға қатысты образдық бейне, адам
сезімі, жай- күйі бейнеленуі тиіс. Яғни қандай да болмасын натюрмортта адам
көңіл- күйі, оған қатысты мінез- құлқы, өмір тұрмысы, мұқтаждығы, ойы, іс-
қимылы бейнеленеді.
Нәрсенің өзіне қарап отырып (заттардың нұсқасы бойынша) сурет салғызу
оқушыларды дүниені ұғуға тәрбиелейді. Құбылыстар мен нәрсенің өзіне тән
типтік- белгілерін- пішінін, пропорциясын, көлемін, түсін, нендей
материалдан істелгендігін, кеңістікте қалай орналасқанын қөру және суретте
көрсете білу қабілетін дамытады.
Суретті салғанда ондағы бейнеленетін заттың жалпы көрінісіне тән
ерекшклігін және эстетикалық мәні бар белгілерін анықтаудан бастау керек.
Осы жағдайдың дұрыстығын анықтағаннан кейін ғана әлгі обьектінің жеке
бөлшектерін салуға көшуге, сонан соң суретті біржола салып бітіруге болады.
Заттардың өзіне қарап сурет салғанда, олардың пішінін әрбір белгі
бойынша беруге тырыспай, бірден бүтіндей, сол тұрған қалпында салуға
ұмтылған дұрыс. Қандай нәрсенің болсын суретін салуға кіріскенде ең алдымен
оның шамамен болса да жалпы пішінін белгілеп алып, содан кейін егжей
тегжейлі қарап, ұсақ түйектерін көрсетуге көшу керек. Бұл бейнелеу өнерінде
бүтіндік заңы деп аталады. Сонымен, сурет салғанда жалпыдан жалқыға қарай
көшу принципін ұстанған орынды. Сурет салардың алдында ең алдымен салынатын
суретті қағаз бетіне дұрыс сақтау үшін суретті қандай көлемде салу, қалай
орналастыру керектігін алдын- ала ойластырып алу қажет.
Бұл жұмысты бастағанда әуелі суреттің жоғарғы және төменгі (сол жағы мен
оң жағындағы) шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ қағаздардың жиектерінен
ашық орын қалдырып отырған дұрыс. Сонда сурет жинақы, әдемі болып көрінеді.
Қағаздың шетіне тақап салынған сурет тартымсыз болып шығады. Суреттің
шекараларын анықтаған кезде суретте салынатын объектінің негізгі
пропорцияларын белгілеп алған орынды. Себебі, осы кезде қате жіберілсе, әрі
ол қате дер кезінде түзетілмесе, салып отырған сурет дұрыс шықпайды.
Сондықтан негізгі пропорцияларды белгілегенде өте мұқият болған жөн.
Суреттің жалпы биіктігі мен енін анықтамас бұрын бейнеленетін объектіні
мұқият зерттеп, оның негізгі пропорцияларын белгілеп алу керек. Содан кейін
ғана оның жеке бөліктерінің пропорцияларын белгілеуге көшуге болады.
Сөйтіп, бейнені қағаз бетіне дұрыс орналастыру үшін жұмысты неден бастау
керек, қалай істеу керек деген мәселелердің бәрін жақсылап ой елегінен
өткізіп алғаннан кейін ғана оны жүзеге асыруға кіріскен жөн.
Болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін сурет салушы
шығарманың жоспарын жасайды. Бұл жоспар бәрі үйлесімді, қисынды, әбден
дұрыс болып шыққанша сан рет түзетіліп, толықтырылып, өзгертіліп отырады.
Жоспарды жетілдіру үстінде толып жатқан эскиздер жасауға тура келеді.
Осылайша эскиздер жасау, бейнеленетін заттың негізгі пропорциялары
түпкілікті бегіленгенше, бүкіл шығарманың басты- басты бөліектерінің өзара
байланысы қамтамасыз етілгенше жүргізіле береді.
Осы алдын- ала орындалатын жұмыстарды жоспарлау, яғни суретті үйлестіру
тәсілі суретшілердің тілімен айтқанда, компоновка деп аталады.
Компоновканың түпкі мақсаты бейненің жеке бөліктерін біріктіріп, олардың
біртұтас болып шығуын қамтамасыз ету.
Суреті салынған нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу
үшін ең әуелі қағаздың ортасында бірін- бірі кесіп өтетін вертикаль,
горизонталь сызықтар (координаталар, осьтер), немесе бірнеше вертикаль,
горизонталь, көлбеу сызықтар сызылады. Бұл сызықтар (симметрия осьтерінен
басқалары) нәрселердің көлбеу бұрыштарын анықтау үшін пайдаланылып,
соңынан өшіріліп тасталады.
Сурет салудың алғашқы сатысында заттардың кеңістікте орналасу жағдайын
анықтау үшін визирлеу әдісі деп аталатын әдіс көп қолданылады. Мұның мәнісі
мынада: сурет салушы алға созып, қарындашты көзінің деңгейінде ұстай
отырып, қашықтықта тұрған объектінің биіктігін анықтап, оны басқа заттардың
көлемдерімен салыстырады. Визирлеу әдісі кеңістіктегі заттың шын мәніндегі
орналасу жағдайын анықтап, оны суретте бере білуге көмектеседі. Сонымен
бірге бұл әдістің зиянды жағы да бар, мәселен, көзбен мөлшерлей білуге
үйренуге кедергі жасайды.
Нәрсе бөліктерінің пропорцияларын визирлеу арқылы тексеру, суретті
салмай тұрып емес, салынып біткеннен кейін істеледі. Суретті салмастан
бұрын визирлеу зиянды, өйткені алдын ала өлшеп алуға үйренген суретші көз
мөлшерімен септеуге дағдылана алмайды.
Өнерде пропорция деп әдетте көркем шығарма элементтерінің, сондай- ақ
жекелеген элементтерінің және тұтас алғанда бүкіл шығарманың көлемдерінің
қатынасын айтады. Пропорция тұтас бір заттың жеке- жеке бөліктерінің
арасындағы белгілі бір сәйкестікті білдіреді. Сурет салғанда заттың өзіне
тән ерекшеліктерін, оның пропорцияларын: биіктігінің көлденеңіне, бір
бөлігінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет.
Қандай да бір заттың суретін салуға кіріспес бұрын, ең алдымен шамамен
болса да оның жалпы пішінін белгілеп алып, содан кейін ғана ұсақ- түйек
детальдарды егжей- тегжейлі бейнелеуге көшкен жөн екенін әрдайым есте
ұстаған дұрыс.
Сурет саларда алдымен кескіннің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның
белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауын ойластырып алған орынды. Бұл
үшін суреттің жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағындағы шекараларын
белгілеп алу керек. Бірақ шеттерін қағаз жиектеріне жеткізбей белгілі
мөлшерде ашық орын қалдырған жөн. Өйткені қағаз жиегіне тақап салынған
сурет онша әдемі болып көрінбейді.Салынатын суреттің бөліктерінің өзара
қатысы дұрыс көрсетілмеген болса, перспектива құрылысы, жарық пен бояуының
түсі жақсы берілгенімен сурет дұрыс болып шықпайды. Заттың пропорцияларын
дұрыс беру оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттердің бірі.
Пропорциялық қатынастар дұрыс берілгенде ғана көрушілер салынған суретті
нанымды қабылдайды.
Суреттегі өлшемдер қатынасы нәрсенің өзіндегі өлшемдер қатынасына тең
болуы керек. Қарындашпен шаманы анықтағанда қолды алғы барынша созып тұрып
өлшеген жөн. Олай етпесе, дұрыс өлшенбейді.
Визирлеу әдісіне онша көп әуестенбеу керек, өйткені бұл көзбен
мөлшерлеуді дамытуға кебергі келтіреді.
Егер ұдайы жаттығудың арқасында көзбен мөлшерлеу күшті дамыған болса,
визирлеп өлшеуге қарағанда көзбен мөлшерлеу дәлірек болып шығады.
Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіп тұрған жағы жарық деп, ал екінші,
қарама қарсы жағы көлеңке деп аталады. Заттың жарық көзінен сәулелер
түспейтін жақтарында меншікті көлеңке пайда болады.
Жарық түсіп тұрған заттан екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе
көлеңке деп атайды. Жарықтан көлеңкеге ауысар жері шала немесе жартылай
көлеңке деп аталады.
Меншікті көлеңкенің жарықтау жерлерінде рефлекстер болады. Олар жақын
тұрған заттардан шағылысқан сәулелердің меншікті көлеңкеге түсуінен пайда
болады. Жылтыр немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл дақтарды
көру қиын емес. Бұл заттың өзіне түскен суелелерді ең көп шағылыстыратын
жері. Бұл дақтар заттардың дөңес және ойыс беттерінде сондай- ақ олардың
қырларында көбірек байқалады.
Суретте жарық пен көлеңкені бейнелеуге кірісерде заттың қай бөліктерінде
жарық түсіп тұрғанын, қай жерлері көлеңке екенін, түспе көлеңкелер қай
жаққа қарай бағытталып тұрғанын дұрыс ажырату үшін жарық көзінің қандай
екенін, сондай-ақ жарық сәулелерінің бағытын анықтап алудың маңызы зор.
Суретте, жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі. Суреттің тондық құрылымының
қоюлығы не бәсеңдігі заттың көлеңкелерімен оған түскен жарықтың арасындағы
қатынастарға сәйкес болуы тиіс. Бейнеленуші объектінің түстік қатынастары
суреттегі заттың қатынастары арқылы берілуі керек.
Түстердің және жарық пен көлеңкенің үйлесімін берген кезде ақшыл
нәрседегі (мысалы- гипстегі) көлеңке қара нәрседегі (мысалы, қоңыр матаның
бүктелген жердегі) жарықтан ашығырақ болатынын есте ұстаған жөн. Өңі
берілетін суреттерді салғанда өңдер қатысын салыстырып анықтап алу керек.
Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең жарық
нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға
тырысу керек, әлбетте рефлексті де ұмытып кетуге болмайды. Суреті салынатын
нәрсенің жарық түсіп тұрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарықырақ болуға
тиіс. Суретте өң тұтас берілуі керек. Суреттегі өң нәрсенің формасын түсін
және жарықтың түсуін берудің құралы болып табылады. Заттың сыртқы бетінің
түсі оның өңі деп аталады. Пропорциялар мен негізгі формаларды анықтағанда
түсіп тұрған көлеңкелердің шетінен бастамау керек, өйткені олар затардың
негізгі пропорцияларын да, бедерін де белгілемейді. Тіпті бұл көлеңкелер
кейде заттың формасын мүлдем бұзып, оның көзге түсіп тұрған пропорцияларын
бұрмалап, өзгертіп, бүлдіріпте жібереді.
1.2 Натюрмортты жазықтықта бейнелеу композициясы – көркем
тәрбие негізі
Натюрморт бейнелеу өнерінің өзіндік ерекше жанры болып табылады.
Бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанры адам өмірімен, тұрмыс салтымен, тарихи
дамуы мен тікелей байланысты. Ол адам өмірінің барлық жағдайларымен
байланысты заттар бейнесі арқылы адам сезіміне көңіл күйіне әсер етіп оның
көркем-эстетикалық дамуына зор ықпал етеді.
Көркем-эстетикалық тәрбиенің ерекше ролі бейнелеу өнерінің ішіндегі
жазықтықта бейнелеу композициясын оқытудың еншісіне тиеді. Жазықтықта
бейнелеу тәрбие құралы ретінде баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуына
тікелей әсер етеді. Жазықтықта бейнелеу әрекеті кезінде оқушы өзінің ақыл,
ой, парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйренеді.
Жалпы бейнелеу өнері қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен,
жанашырлықпен қарауды қажет етеді.
Жазықтықта бейнелеу жұмысы барлық оқу проблемаларын қамтиды, сондықтан
оған көбірек көңіл бөлінген. Мұнда заттың өзіне қарап суретін салу,
сюжеттік тақырыптарға арнап сурет салу және табиғаттағы, өмірдегі
көргендерін жатқа немесе елестету арқылы бейнелеу, кітаптарды, деректі
материалдарды көркемдеу, сәндік қолданбалы өнер саласындағы жұмыстармен
шұғылдануға бағытталған мүмкіндіктер құрастырылған. Әсіресе жазықтықты
бейнелеу өнері – бұл адам баласының заманынан заманға рухани, эстетикалық
байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнері тек жеке бір
ғана сала емес, бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған өнер
саласы.
Сондықтан біз бейнелеу өнері сабағының жазықтықта бейнелеу түріндегі
натюрморт жанрында оқыту жолдары мен әдістемелерін қарастырамыз. Натюрморт
жанрындағы оқушылар қызметі бейнелеу өнерінің жазықтықта бейнелеу сабағы
түрінде орын алады. Мұндада, яғни натюрмортты бейнелеуге үйретіп білім беру
педагогикалық процесінде де, бейнелеу өнерінің практикалық сабақ
түрлеріндегі төрт оқу проблемасы тұрақты түрде сабақ жүйесіне еніп отырады.
Олар, натюрморт орындаудағы композиция; түс, түстер үйлесімі; қатынас,
көлем; кеңістік, кеңістік туралы ұғым. Бұл мәселелер натюрморт
тақырыбындағы сабақтардың барлық өн бойында орын алып сабақ жүйесін
қалыптастырады.
Бейнелеу өнері тарихы – бұл адамзат тарихы, оның айналасындағы ортаны
тануына, сана-сезімінің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан
ұрпаққа асыл мұра қалдыруына үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер .
Сурет өнері – жатқан шежіре. Ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, бізге,
жас ұрпаққа жеткізген өнер. Осы арқылы халық әдет-ғұрпын, кәсіби
мәдениетін, табиғаттың өзгермей құлпырған бояуын, жан-жануарлар дүниесін
танып білеміз.
Жалпы өнер біздің қоғамда адамдарды оның ішінде, әсіресе жастарды рухани
эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құрал болып табылады. Жастарды
көркемөнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді.
Бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектепте оқушылардың әсемдік талғамын
көркемдік шеберлік және іскерлік қабілетін дамыту арқылы оларға имандылық,
ізгілік эстетикалық көркемдік тәрбие беретін оқу пәні.
Мектепте бейнелеу өнерін оқыту - өнер туындыларында айналамызды қоршаған
өмір шындығының көркемдік образын жасау ерекшеліктерін оқушылардың жүйелі
қабылдау және өз мүмкіндігінше өзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана
білу машықтарын қалыптастыру принциптеріне негізделген. Жалпы бейнелеу
өнерінің түрлері:
1. жазықтықта бейнелеу
2. мүсіндеу
3. сәндік қолданбалы өнер
4. өмір шындығын және өнерді эстетикалық қабылдау болып мектеп
тәжірибесінде орын алады.
Жазықтықта бейнелеу жұмыстарына мыналар жатады. Сурет композициясында
заттық және мағыналы сюжеттік байланысты айқындап көрсете білу: заттарды
белгілі бір композициялық сюжетте орналастыру. Натюрморт алғаш рет ХVІІ
ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Содан көптеген елдерге тарап,
әсіресе ХVІІІ ғасырдың ортасында бейнелеу өнеріндегі көп тараған жанрға
айналды.
“Натюрморт” сөзі француз сөзінен алынған термин. Қазақша “өлі табиғат”
немесе “тыныш қозғалмайтын зат” деген мағына береді. Натюрморт “өлі
табиғат” немесе өлі зат аталғанымен, сондағы бейнеленген заттар арқылы
табиғи өмірді, заман келбетін тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-
ғұрпын, тарихын танып-білуге болады. Қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш
суретшіміз Айша Ғалымбаеваның “Дастархан” натюрмортын айтсақ болады. Осы
натюрморт арқылы ашық түсті бояулармен қазаққа тән дастархан мәзірін,
халқымыздың қонақжай, ақжарқын кеңпейілділігін аса бір нәзік сезіммен
жеткізе білген. Пейзаждық сурет салғанда, оның мағыналы құрылымының өзегі
болатын композицияны білуіміз шарт. Онсыз ешқандай қызықты, әсерлі сурет
салу мүмкін емес. Композиция суретшінің бейнелеп отырған табиғат көрінісін
немесе картинасын дұрыс, әсерлі құруы, ондағы заттарды, кейіпкерлерді
белгілі бір ретпен ыңғайластырып орналастыруы болып табылады.
Әдетте, әсіресе үлкен живописьтік шығармаларда, суреттерде оқиғаның
өзегі немесе басты кейіпкерлері орналасатын белгілі бір орталығы болады.
Оны композициялық орталық деп атайды. Композициялық орталық суретшінің
шешіміне қарай картинаның кез келген жерінде болуы мүмкін.
Кейбір суретшілердің туындысының композициялық орталығы тура ортасында
орналасса, ал кейбіреуінде ол не оң жағында, не сол жағында орналасады.
Қандай суретті салмайық, оның барлығына ортақ белгілі бір жолы, кезеңі
болады. Сондықтан сурет кезеңдермен (этаптармен) біртіндеп салынып, өрбіп
отырады.
Зат бейнесінің орналасуын анықтау, құрылымын табу, пішінін айқындау
жүйесі композициялық түйін немесе суреттің аяқталуы деп аталады. Енді осы
кезеңдер арқылы белгілі натюрморт көрінісін салудың жолдарын қарастырайық.
1-і кезең. Натюрморт зат бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз –
бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс немесе белгілі бір
мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады. Кейде осы суретті орналастыруды
жөнді түсінбеген немесе білмеген бала үлкен қателік жібереді.
2-і кезең. Табиғат зат, бейнелерінің құрылымын табу.
Жаңа бірінші кезеңде натюрморттың тек жалпы нобайын схема түрінде
көрсетсек, екінші кезеңде аты айтып тұрғандай конструкциялық құрылымын
салумен айналысамыз.
Натюрморт көрінісіндегі заттардың бір-бірінің арақатынасын тексеріп-
өлшеп, олардың әрқайсысының сызықтық қатынасын табамыз. Мұндағы заттардың
арақатынасын өлшеу арқылы жүргізіледі.
Қарындашпен өлшегенде, қалам ұстаған қолымызды толық созып, бас
бармағымызды қаламның бойымен жылжыту арқылы белгілі өлшемді екінші бір
заттың ұзына бойына немесе еніне салып арақатынасын табамыз.
Осы кезеңде суреттің дұрыстығына сенімді болу үшін барлық өлшем
арақатынасын тағы да бір тексеріп шығамыз. Суреттің жарық немесе көлеңке
жағын анықтап, біркелкі бояймыз немесе штрихтаймыз.
3-і кезең. Осы кезеңге дейін заттардың жалпы стильденген формасын,
құрылысын салып келдік. Енді штрихтармен жағу, бояу тоны арқылы көлеңке мен
жарықтың арақатынастарын шешіп, табиғи формасын бейнелейміз.
Қысқаша айтқанда, әр заттың пішінін сандап шығарамыз. Заттарды
штрихтағанда жарық, көлеңке, денеден қалай түскен көлеңкенің айырмашылығын
реттейміз. Натюрморттық суретті салғанда жылт пен рефлекс деген ұғым түрі
бар. Мұны естен шығармау керек.
4-і кезең. Суреттің аяқталуы немесе түйін. Бұл кезеңде суретті мұқият
тексеріп, натюрморттың жарық-көлеңкелік қатынасын реңін бір-біріне
бағындырамыз. Табиғат заттары мол жер арасындағы кеңістіктің тереңдігін
тағы бір қарап тексереміз.
Живописьтік табиғат көрінісі бейнесінде бояу түстерінен тұратын көлеңке
мен жарық арқылы орындалатын жұмыс түрі түс қатынастарын салыстырамыз.
Живописьтік тәсілдермен орындалған, жарық көлеңке арқылы бейнеленген
табиғат көрінісінің жалпы пішінін, көлемін, әсерлі қатынастарын анықтаймыз.
Ал, дәлірек айтқанда жарық пен көлеңке қандай да бір затқа бағытталып оның
бойына әртүрлі болып таралады да, оның формасын, тұтас көлемін көрсетіп
бейнелейді.
Жазықтықты бейнелеу түрлеріне: түстік сыршырайлық жұмыстар да,
декорациялық сәндік безендіру жұмыстары да, графикалық жұмыстар да т.б.
Жазық бетте көркем орындалатын жұмыстар жатады. 5-6 сыныптарда жазықтықта
бейнелеу композициясына үйретуде натюрморт жанрының алатын ролі ерекше.
Натюрмортқа арналған сабақтарда жазықтықта бейнелеу композициясын
оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқыту керек.
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту ісі алдында мынадай міндеттер
қояды.
- Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарын олардың қоғам
өміріндегі мәні туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Айналадағы құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан қабылдай білуге
баулу;
- Балалардың көру мен еске сақтау, бояу түстерін сезіне, ажырата
білу дағдыларын қалыптастыру және бейнелеу жұмыстарында
мәнерлі пайдалана білуге үйрету;
- Оқушылардың шындық пен өмірге деген эстетикалық қатынасын,
қабілетін тәрбиелеу;
- Туған халқының мәдени мұрасымен, сәндік қолданбалы өнерінің
түрлерімен, оның мерекесімен таныстыру;
- Әр сабақта қазақ халқының тәлім-тәрбиелік дәстүрлерімен
тәрбиелеу.
Жалпы орта мектеп бейнелеу өнері бағдарламасында І сыныпта натюрморт
композициялық жұмысы барысында қағаз бетінің пішінін дұрыс пайдалану,
бейнені дұрыс орналастыру жолдарын үйретуге, ІІ сыныпта оқушылар натюрморт
композициясы үшін обьектіні өздері талдап ала білуге бағытталған жаттығу
жұмыстарына, ІІІ сыныпта натюрморттық композиция мен кеңістіктегі
заттардың үйлесімділігін сақтауға көңіл бөлінген. ІV сыныпта натюрморттық
суреттің мәніне байланысты кеңістік қолданып, түс ерекшеліктерін жарық пен
көлеңке заңдылықтарын ескере отырып кескіндеуге үйрету.
Натюрморт жанрында бояумен жұмыс бояу түстерін, реңдерін түсіне, сезіне
білуге баулу-бейнелеу өнері жұмысының негізі оқу тәрбиелік құралы.
Сондықтан бастауыш сыныптарда бұл мәселені меңгеруге көбірек уақыт
бөлінген.
Жалпы орта мектептегі бастауыш сыныптарындағы бейнелеу өнері
сабақтарының негізгі жүйесі: оқушылардың қоршаған өмір шындығы, заттар
пішіні, табиғи дүниенің құбылыстары, жан-жануарлар өмірінің ерекшеліктері,
туған жер сұлулығы туралы түсіндіріп қалыптастыруға және олардың бейнелеу
өнері саласындағы алғашқы көркемдік таным өрісін, білім шеңберін кеңейте
отырып бейнелеу жұмыстарының әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде игеруін
қамтамасыз етуге бағытталған.
Бесінші сыныптан бастап бейнелеу өнері программасының мазмұнын
оқушылардың бастауыш сыныптарда жинақтаған білімін тереңдете дамытуды талап
етеді.
Оқыту барысында оқушылардың тек қана теориялық білімі ғана емес,
практикалық шеберлігін жетілдіру де аса қажет. Ал практикалық шеберлікті
жетілдіру бейнелеу өнерінің натюрморт жанры арқылы жүзеге асады. Осыған
орай жазықтықта бейнелеумен таныстырып үйрету кезеңінде және оны оқыту
процесінде ұстаз оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп оқу-тәрбие
жұмыстарын жүйелі бағытта жүргізуі тиіс. Ол үшін 5-6 сынып оқушыларының жас
ерекшеліктеріне сай натюрмортты бейнелеуде практикалық шеберлікке қатысты
әдіс-тәсілдер қолданады. 10-12 жастағы жасөспірімдер өте сезімтал келеді.
Олардың ой-санасы, талғамы аналитикалық түрде, жан-жақты талдап, ойша
зерттей сурет салғанды жөн көреді. Олар сыныптың бейненің формасын,
мазмұнын терең іздеп талдау арқылы орындап көзделген нәтижеге жетуге
тырысады. Натюрморт тақырыбында жұмыстың көп жылдық зерттеу тәжірибесі,
жұмыстары, әңгіме тәсілі, сондай-ақ оқушылар жұмыстарына талдау жасау 5-6
сынып оқушыларының мынадай негізгі қателіктерін көрсетіп берді:
а) бейнені қағаз жазықтығына дұрыс орналастыра алмау; ә) бейнеде зат
пішінін, көлемін, олардың бөлшектерінің өзара қатынастарын шеше алмау; б)
сызықтық кеңістіктің және ауа перспективаларын білмеу және түсінбеу; в)
бояу түстері арқылы зат формасын, пішінін көшіре алмау; д) сыныптағы
заттарды бейнелік қабылдауда және салынған бейненің өзін қабылдауға бір
жақтылық; е) сурет бояу немесе салу жолдарын, әдіс-тәсілдерін білмеу; ж)
орындалған жұмыста бір тұтастықтың сақталмауы.
Жалпы айтқанда, оқушылардың көпшілігі көркем бейнені өздерінің табиғи
көзқарастарымен салып, өнердің ғылыми мәніне, көркемділігіне,
заңдылықтарына мән бермейді.
Жазықтықта бейнелеу композициясы түрлерін, оның неше түрлі әдіс-
тәсілдерін оқу процесінде пайдалану арқылы оқушыларды жан-жақты саналы
тәрбиелеу әрбір мұғалім міндеті. Композицияда көркем образды сомдау арқылы
оқушылардың көңіл-күйінің, сана-сезімінің өсуіне әсер етеміз.
Ұлттық бейнелеу өнері түрі ішінде жазықтықта бейнелеу өнері түрі
арқылы тәрбие жұмыстарын жүргізу болашақ ұрпақ үшін мәні зор.
Мектеп оқушыларының осы өнер түрімен жеке таныс болмауы оның қырын-
сырын жете түсінбеуінде. Әрине, өнерді жете түсінбеу жастар көркем
мәдениетіне, біліміне, сана-сезіміне әсер етеді.
Жоғарыда аталған 5-6 сынып оқушыларының композициялық бейнелеудегі
негізгі қажеттіліктерін, оны шешу жолдарын нақты мысалдар арқылы көрсеттік.
Қазіргі кезде бейнелеу өнері бойынша жандандырылып зерттеліп жазылған
жоғарғы оқу орындары мен жалпы орта мектеп жоспарлары, эстетикалық,
мәдени, көркем, саяси-идеялық жүйені талап етеді.

құрылымы
Жалпы орта мектептегі бейнелеу өнері сабағы басқа да пән сабақтары
тәріздес өзінің мамандық сапасына байланысты ерекшеленеді. Ол өз мақсат-
міндеттері бола тұрып жүйелі оқу курсын құрады. Бұл сабақта оқушылар
мұғалім көмегі арқылы көркем эстетикалық оқу-білім қажетін, әдет-
дағдыларын қалыптастырады.
Бейнелеу өнері пәнін жүргізгенде бірінші сыныптан бастап оқушылардың оқу-
білімін, шығармашылық қабілеттерін қарастыра отырып, бейнелеуде реалистік
көзқарастарын қалыптастыруға, сурет салу мен дағдыларын үйретуге
жұмылдырамыз. Бейнелеу өнері сабағында оқу, білім беру әдет-дағдыларын
қалыптастыру, тәрбиелеу мен қатар оқушыларды көркем тәрбиеге үйрету,
бейнелеу іс-әрекетіне, өз білім дәрежесіне және оқу-тәрбие процесіне
творчествалықпен қарауына байланысты болады.
Оны қоршаған орта, негізінен- табиғат аясы. Ал оқушылар бейнелеу өнері
практикалық жұмыстарындағы табиғаттың көркем поэтикалық образы, бұл
оқушылар эстетикалық қабылдаушылығымен, образдық ойлау тәрбиесінің,
қабілетінің дамуын көрсетеді.
Біздің еңбегіміз негізінен жас өспірімдер бейнелеу творчествосын зерттеу
жұмыстарын Е.А.Флерина, Н.П.Сакулина, В.С.Мухина, Т.С.Комарова,
Т.Т.Казакова т.б. сондай- ақ оқушылар творчествосын зерттеу жұмыстарын
А.В.Бакушинский, Н.Н.Ростовцев, В.С.Кузин, Е.В.Шорохов, А.Т.Глинская,
Т.В.Лабунская, В.С.Щербаков, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz