Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
ТҮЙІНДЕМЕ
Дипломдық жұмыс Көшпенділер мекені тақырыбында табиғат жанрында
орындалған.
Түсініктеме хатта табиғат жанрын оқыту, көркем эстетикалық тәрбие
мәселері талданып көрсетілген
Түпнұсқалық жұмыста тау көрінісі бейнеленіп, оның ерекшеліктері
көрсетілген. Жұмыс көркем образдық тұрғыда орындалған.
Түсініктеме хат кіріспеден, үш тараудан, жеті бөлімнен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
Жұмыс өлшемі 100 х 80, майлы бояу, кенеп.
Түсініктеме хат барлығы 60 бет.
АННОТАЦИЯ
Дипломная работа выполнена в пейзажном жанре на тему Край
кочевников.
В пояснительной записке освещены вопросы обучения пейзажному жанру,
проблемы художественно-эстетического воспитания. В картине изображен горный
пейзаж ее особенности.
Работа выполнена на художественно-образной основе.
Пояснительная записка состоит из введения, трех глав, семи разделов,
заключения, списка использованной литературы.
Размер работы 100 x 80 см,холст,масло.
Пояснительная записка всего 60 стр.
ABSTRACT
Degree work is executed in landscape genre to subjects "Edge nomad".
In explanatory note lit questions education to landscape genre, problems
artistic-aesthetic education. In picture is expressed mountain landscape to
her(its) particularities.
Work was run for artistic-figurative base.
The Explanatory note consists of introduction, three chapters, seeds of
the sections, conclusions, list of the used literature.
The Size of the work 100 x 80 refer to,canvas,butter.
Explanatory note whole 60 p.
Мазмұны:
Кіріспе. ___________________________________ _______________ 3
1. Қазақстандағы бейнелеу өнерінің даму тарихы. ___________ 5
1.1 Қазақстанның кәсіби живопись өнері. ____________________ 5
1.2 Пейзаж жанрының қалыптасуы. _________________________10
2. Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту ____________________ 14
2.1 Бейнелеу өнері пәнінің әдістемесін зерттеу________________ 14
2.2 Бейнелеу өнері пәні арқылы тәжірибелік-эксперименттік
жұмысы ___________________________________ _______________ 20
2.3 Бейнелеу өнері пәнінің пәнаралық байланысы _____________ 25
2.4 Оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшелігі ______________ 32
2.5 Бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанрының алатын орны ____ 50
3. Көшненділер мекені шығармашылық жұмысының
орындалу барысы. ___________________________________ _
55
3.1. Тақырыпқа байланысты ізденіс нобайлары. ________________ 55
3.2. Түстік шешімдегі этюд. _________________________________ 55
3.3. Шығарманың материалда орындалуы. ____________________ 56
Қорытынды. ___________________________________ ___________ 60
Әдебиеттер. ___________________________________ ___________ 62
Кіріспе
Адамның рухани дамуына тікелей әсер ететін және олардың көркемдік
талғамын қалыптастыратын өнер – бейнелеу өнері.
Бейнелеу өнері – айналамызда қоршаған өмір шындығын қоғам, адам
өмірінде өтетін оқиғалармен құбылыстардың бар болмысын жазықтық бетінде
немесе кеңістікте көлемді түрде көрнекті кескіндерді адамдардың көру арқылы
түйсіне, сезіне алатын өнер.
Бейнелеу өнерімен айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық
дағдыларын ғана меңгеріп, творчестволық ойларын жүзеге асырып қана
қоймайды, сонымен бірге ол өзін талғампаздыққа тәрбиелейді, үйреншікті
нәрселерден сұлулықты таба білу қабілетіне ие болады, көргенін есте ұстау
және қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап, жоспарлауға, білгенін
жинақтауға үйренеді. Ал мұндай қасиетттер барша адамға қажет. Адамзат
қызметінің сурет сала білу, ауқымды форма мен түсті сезіну қабілеті кәдеге
жарамайтын саласын атау қиын. Кез-келген кәсіптің адамы егер ол бейнелеу
өнері құралдарын игерсе және оны пайдалана білуге машықтанса, жақсы жұмыс
істейді.
1. Зерттеудің көкейкестілігі: Бейнелеу өнерінің қоғамдағы тәлім
тәрбиелік мәнін, бейнелеу өнерінің, пейзаж жанрының ұрпаққа беретін тәлім-
тәрбиесін, қоршаған ортаны танып-білуін ескере отырып таңдап алдым.
2. Зерттеудің мақсаты: Кәзіргі кезде Бейнелеу өнері пәнінің оқу
бағдарламасында пейзаж жанры бойынша өтетін сабақтарды қызықты болып өту
үшін пейзаж тақырыбы туралы әдістемелер қолданады. Диплом жұмысының мақсаты
пейзаж жанрындағы шығармашылық жұмыстардың маңыздылығын зерттеу.
3. Зерттеудің нысанасы (объектісі): Диплом жұмысының тақырыбы
бойынша әдебиеттер қарастырып, қажетті материалдарды алып пейзаж тақырыбы
бойынша зерттеу жасау. Сыршырай өнерінің техникасы мен технологиясы туралы
мәліметтер. Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихы және еліміздің
мәдениетіне елеулі үлес қосқан атақты суретшілер.
4. Зерттеу пәні: Табиғат жанрында Көшпенділер мекені картинасын
орындау және табиғат жанрын, оқыту әдіс- тәсілдерін талдау.
5. Зерттеудің ғылыми болжамы: Мектеп оқушыларын табиғат жанры арқылы
эстетикалық тәрбиеге баулу, туған табиғаттың әсерлі бейнесін, көркем сипаты
мен көріністерін, жақсы түсінуге негіз салады. Оқушылардың бейнелеу, сурет,
түстер, сызықтардың тамаша келісті үйлесімдігін таңдай білу қабілетін
дамытуға жәрдемдеседі.
6. Зерттеудің міндеті: Ғылыми әдебиеттерге талдау арқылы табиғат
жанрының оқыту тәсілдерін көрсету:
- табиғат жанрында картина орындау;
- табиғат жанрында теориялық және практикалық ізденіс жұмыстарын
орындау.
7. Зерттеу жұмысының әдіснамалық теориялық негізі:
Суретшілеріміздің еңбектерінде туған табиғат сұлулығы патриоттық тұрғыда
жырланып ұлттық өнерімізге өз үлесін қосып келеді.
Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы Көшпенділер мекені табиғат
көрінісі. Жұмыс бояумен кенеп матада орындалған. Жұмыс өлшемі 109х77
см мөлшерінде. Дипломдық жұмыс бірнеше кезеңдік ізденіс, дайындық жұмыстары
негізінде орындалды.
8. Зерттеудің базасы: Табиғат жанры живописьі осы мақсаттарды шешу
үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Мұғалім осы пейзаждық жанрды шеберлікпен
меңгеруімен қатар оны оқыта, үйрете алатындай және сол арқылы оқушыларды
көркем, тәрбиеге баули алатындай дәрежеде оның әдістемелік негіздерін жан-
жақты меңгеруі тиіс.
9. Зерттеу әдістері:
- ғылыми әдебиеттерге талдау жасау;
- оқушылар, суретшілер жұмыстарына талдау;
- сабақ барысын талдау т.б.
10. Зерттеудің ғылыми жаңалыңы мен теориялық маңызы: Табиғат жанрын
оқыту әдістемелері жүйеленіп талданды және Көшпенділер мекені тақырыбында
көркем образдық композициялық шығармашылық түпнұсқасы орындалды.
Дипломдық жұмыс түпнұсқалық Көшпенділер мекені табиғат жанрында
орындалған жұмыстан және теориялық бөлімнен тұрады. Түсініктеме хат
кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен,
қосымшадан тұрады.
11. Зерттеудің практикалық мәні: Дипломдық жұмыс тақырыбы
Көшпенділер мекені. Дипломдық жұмыс пейзаж жанрында орындалды.
12. Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы Көшпенділер мекені
тақырыбында орындалған негізгі шығармашылық жұмыстан және оның жазбаша
орындалған теориялық түсініктеме бөлімінен тұрады, онда: кіріспе, негізгі
үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен әскиздік
ізденіс материалдары берілген.
1. Қазақстандағы бейнелеу өнерінің даму тарихы.
1.1 Қазақстандағы кәсіби живопись өнері.
Жер бетінде тіршілік пайда болғалы бері бейнелеу мәдениеті осы уақытқа
дейін эстетикалық тәрбие ретінде пайдаланылып келе жатқан өнер түрі.
Бейнелеу өнерінің тарихын жалпы адамзат тарихы деп айтуға болады. Оқушының
айналадағы ортаны тануына, сана сезімінің жетілуіне, эстетикалық тәрбие
алуына, келесі ұрпаққа асыл мұра қалдыруға үлкен үлес қосқан өзектес өнер.
Бейнелеу өнері бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем
тарихын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір
куәгер. Біз осы куәгер сурет арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің
тынысын, адамзаттың әдет-ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен
барша қайғы мұңы мен таңдай қақтырар, тамсантар, дәуірлеп гүлденген шағын,
табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан-жануарлар дүниесінің алуан-түрлілігін
танып білеміз.
Қазақ жерндегі табылған көне мұралар арқылы ғасырлар көлеміндегі
адамзаттың әдет ғұрпын, тіршілігін, кәсібі мен мәдениетін, оның бастан
кешкен қиындықтары мен дәуірлеп өркендеген кезеңін танып біле аламыз. Ұлан
байтақ қазақ даласынан табылған асыл мұралар ғылымға көп жаңалық әкелді.
Ежелгі заманда қазақ жерін мекендеген адамдардың жасаған өнер шығармалары
өзінің бейнелілігімен, айтар ойының тереңдігімен ғалымдар мен
археологтардың көңілін аударып отыр.
Халық шеберлерінің қолымен жасалған сан алуан туындылар ежелден ақ
жоғары бағаланып келеді. Олардың құндылығы көпшіліктің кәдесіне жарап,
тұрмыста қолданылады дейміз. Бұл күндебритан музейінің меншігіне айналған
айтулы Әмудария қазынасы, Есік қорғанына келіп паналаған Алтын киімді
адам, Қарғалы мүрдесіндегі Алын диодемалар, Эрмитаж қазынасындағы Сібір
алтындары археологиялық қазба нәтижесі, әрі әлемде теңдесі жоқ қол өнер
туындылары да емес пе?
Тастағы суреттер. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей
қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар,
ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен
жануарлар, күнбейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас
көріністерін салған. Бұл – адамның рухани мәдениеті және оның дүниетанымы
жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан –
жартастары суреттер – петроглифтердің саны және әр алуандығы жөнінен
әлемдегі ең бай жерлердің бірі.
Таңбалы мен Ешкі өлместің, Қаратау мен Маймақтың, Тарбағатай мен
Бөкентаудың байлығы жағынан таңғажайып тамаша суреттерін археологтарымыз
әбден байыптай зерттеп, олар дүние-жүзі мәдениетінің қазыналы қорына
қосылды.
Ғалымдар қола кезеңіне бірқатар суреттерді, сюжеттер мен
композицияларды жатқызады. Андроновшылардың жартастардағы суреттерінде жиі
кездесетін бейне – образдың бірі - өр мүйізін алға кезеп, шоқтығы
күдірейіп, алып денесі шиыршық атып, әулетті аяқтары мен жер тіреп тұрған
турдың - жабайы бұқасының суреті. Олардың әуелгі бейнесі неолит дәуірінде
пайда болған.
Бейнелеу өнері ұзақ уақыт бойы дамуы жағынан басқа ұлттық мәдениет
түрлеріне қарағанда айтарлықтай артта қалып отырды бұл қазақ халқының
революцияға дейін қондырғылы (станокты) өнерден хабардар болмауы сияқты әр
түрлі себептер еді. Шоқан Уалиханов салған суреттер оның ғылыми еңбектеріне
байланыст этографиялық сипатқа ие болғанмен, өзінің көркемдік деңгейі
жағынан кәсіптік өнерге жатпайды. Қазақ халқының көшпелі өмірі, құлдық пен
кедейшілік, діни ұғымдар бай мен патша саясатын қолдап, халықты өз уысында
ұстауға қолайлы еді. Осының бәрінде бейнелеу өнерінің кәсіптік даму
мүмкіндіктерін шектеді. Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың бейнелеу
шығармашылығы қолданбалы, сәндік өнер түрінде қалды. Өмір ағымының
өзгеруіне қарай халықта жаңа мәдени талаптар мен сұраныстар пайда болды.
Жетпіс жыл – кескіндеме мәдениетінің дамуы үшін, әсіресе бұл салада
кескіндеме мектебінің қалыптасуы үшін, көп уақыт емес. Алайда, республика
көркем өнерінің қазіргі жағдайы ол жерде байсалды әрі жан-жақты пікір
айтуға лайықты.
Бір кездері діні ұйымдардың ықпалы мен үзіліп қалған кескіндеме
дәстүрі бірден тез қалпына келіп, жоғары дәрежеге жете қоюы мүмкін емес
еді. Бірақ, 30-40 жылдардан бастап Қазақстанның көркем өнері барған сайын
біртіндеп қалыптаса берді. Басқа республикалардан, Москва мен Ленинградтан
келген суретшілер бұған көп жәрдемін тигізеді. Жалпы жағдайда, әрине, онша
еместі, творчестволық күштерде өте бытыраңқы болатын, әйтседе 1933 жылы
Қазақсан суретшілер одағының Ұйымдастыруы бюросы құрылды, оған В.Сладков,
Ә.Исмаилов, Ф.Болкоев кірді, ал 1940 жылы республика суретшілерінің бірінші
съезі өтті.
Қазақстан көркем өнері дамуының екінші кезеңінде 50-60 жылдарда –
оның бүкіл совет көркемөнерінің жалпы дамуымен тығыз байланысы нығайды,
творчестволық күштері қалыптаса түсті. Бұл кезде республика суретшілерінің
творчествосында натураға яки табиғатқа, болмысқа, заттың өзіне көбірек зер
салу, соны бейнелеу тән болса, 60 жылдарда – бейнелеу публицистикасына бой
ұру, қатаң стильде ұлттық тұрғыдан игеру, жаңа кейіпкерді іздеу тән
деуіміз керек. Ал 70 жылдардағы көркемөнер – бұл жаңа, анағұрлым күрделі
кезең. Бұл кезеңнің ерекшелігі дараланған трактовкалардың (өзінше
бейнелеудің) мәнерлер мен стильдердің, заманымыздың көкейкесті
проблемаларын әр қилы шешетін жарқын творчестволық тұлғалардың өте
көптігінде.
Қазақстан кескіндеме өнерінің бастауы осында 1879 жылы келген орыс
суретшісі Н.Г.Хлудовтың есімімен тікелей байланысты. Ол өте ықтиятты және
өмірдің әр алуан көрінісіне көз тоймас құштарлықпен сүйсініп, өнерге жан-
тәнімен берілген адам еді.
Еуропаның ХІХ ғасырдағы реалистік сурет өнері мектебі Қазақ жерінде
өзінің жалғастырушыларын табуға орыс суретшісі Н.Г.Хлудовтың ықпалы зор
болды. Суретші Орта Азия мен Қазақстанды көп аралап халқының күнделікті
тұрмыс-тіршілігі туралы мағлұматтар жинақтай отырып өзінің кескіндемелік
туындыларына арқау етті. Қазақстан мен Қырғызстанның алғашқы суретшілеріне
Н.Хлудовтың студиясында кәсіби дайындық жасалғанын ұмытуға болмайды.
Ә.Қастеев, А.Бортников, Н.Савельев, С.Чуйков сияқты әйгілі суретшілеріміз
сол студиядан сурет пен композицияның негіздерінен дәріс алды. Соның ең
құндысы – олардың бойына адам мен табиғатқа деген махаббатты қалыптастыру
болды.
ХХ ғасырдағы 20-30 жылдар коллекциясы негізінен шынайы көңілмен
орындалған аз ғана акварель мен суреттер. Ә.Қастеевтің, А.Исмаиловтың,
К.Ходжиков пен Х.Ходжиковтердің жұмыстары сол уақытты кейіптейтін терең
ішкі сезімге толы шынайы туындылар.
Қазақ тақырыбына алғаш дендеп енген, ерен еңбек еткен Николай Хлудов.
1850 жылы туылған 1935 жылы қайтыс болған 1875 жылы Одессада оқыған 1879
жылдан бастап Верный (қазіргі Алматы) орта мектебінде сабақ берді. Жетісуда
сызушы және жер өлшеуші болып жұмыс істеді қызмет бабымен қазақ ауылдарында
болды.
1886 жылы Хлудов ғылыми экспедициясына қатысты орыс география
қоғамының белсенді бір мүшесі онымен қатар осы кездерде сыршырай саласында
жетісті еңбектер жазды. Алғашқы жұмыстарынан композициялық тиянақтылық бояу
үйлесімін көрушіні баурап алар шеберлігі айқын сезіледі.
Мемлекеттік музей қорында Хлудовтың 100 ден аса туындысы сақтаулы.
Хлудовтың үздік шығармалары Тайынша мінген бала, Түнгі барымта,
Дауылда қалғанда т.б.
1920 жылы Верныйда жастар үшін 1 – ші жастар студиясын ашады.
Қазақ мәдениетіне үлкен үлес қосқан алғашқы кәсіби суретші Әбілхан
Қастеев 1904 жылы қаңтарда қазіргі Алматы облысы Шежін ауылында туған
(Панфилов) ауданы.
Әке шешесі дихандықты кәсіп етіп еңбегін емген жарлы-жақыбайлар
әкеден тым ерте айырылады 8 жасында сиыр бақты Ә.Қастеев қазақ
мәдениетіндегі үлкен құбылыс. Ол республикамызда тұңғыш рет Қаз ССР інің
халық суретшісі деген атаққа тұңғыш ие болды.
Профессионал суретші атанған кезде ол 40 жаста еді.
1929 жылы 25 жастағы Ә.Қастеев Түркісіб жұмысшысы Алматыға оқуға
аттанады. Осындағы Николай Гаврилович Хлудовтың көркемсурет студиясына
қабылданады. Алматыдағы бірден бір кәсіпқой суретші ретінде төңірегінде
жиналған талантты суретшіге, жастар тобына Хлудовтың игі әсері болды.
Қастеевтң сыршырай саласынан алғаш орындаған ауқымды жұмысы 1934 жылы
салынған Шөп шабу болып есептеледі. Кейінірек жазылған Жайылымда, Бие
сауу, Колхоз сүт фермасы, Колхоз тойы картиналары қазіргі заманғы
қойшылар тұрмысы мен еңбегін демалысын бейнелейді.
Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев 1925 жылы Қостанай облысындағы шаруа
семьясында он төртінші бала болып дүниеге келдеді. Молдахмет туғаннан соң
оның ата анасы Алматы маңына көшіп келіп, Әліби Жангельдиннің ақыл-
кеңесімен басқа кедейлермен бірге ауыл шаруашылығы комунасына ұйысады.
1941 жылы Кенбаев жетінші класты бітіріп, Алматы театралды –
көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Ол кезде мұнда А.М.Черкасский мен
Л.П.Леонтьев сияқты тамаша суретшілер мен педагогтар сабақ беретін.
Молдахметтің дипломдық еңбегі Сүйінші (1948) картинасы оқытушыларға
да суретшілерге де көрермендерге де ұнады.
Қызғалдақтары көз жауын алатын көктемгі далада аттарын соқтыра
желдіріп, қыз бен жігіт келеді. Сүйінші - Жеңіс хабаршысы. Салт
аттыларда, құлпырған қызғалдақтар да көңіл қуанышы мен салтанатты паш
етеді. Дала бейнесі сәтті шыққан.
Кескіндеме арқылы табиғаттың ғажайып көркін, ең алдымен, даланың
шалқар кеңістігін ең бастысы, оның әсемдігін бере алатынымды сезінген
кезде, - деп еске түсіреді суретші.
Тың жерде болу Кенбаевтің творчествосында маңызды роль атқарды. Нақ
осында, сұлу көкше жерінде, шопан еңбегі жайлы кескіндемелік полотно жасау
ойы туады.
Шопан әні (1956) эпикалық әрі өзіндік бір сырластығы бар дүние
болып шығады. Суретші талай рет көріп, түйсінген қарапайым, үйреншікті
көрініс ерекше бір пластикалық шешім тауып, монументалды образ болып
шыққан. Пейзажды көрсетуде, кемел суретшінің қолтаңбасы сезіліп тұр, жарық
ауа перспективасы бойынша аптапты ауа қалай дәл көрсетілген аспан мен
жердің нәзік колориттік үйлесімі қандай. Осының бәрі табиғатың ерекше
поэтикасын көрсетеді.
Айша Ғарифқызы Ғалымбаева 1917 жылы 29 декабрьде Алматыға таяу
жердегі Есік селосында туған. 1943 жылы Алматы көркемөнер училищесін
бітірген соң ол 1949 жылы бүкілодақтық мемлекеттік кинематография
институтында суретші – көркемдеуші деген мамандық алып шығады.
А.Ғалымбаеваның көптеген сюжетті шығармаларында пейжаз, көңіл күйге
орай табиғат образдары атасып келіп отырады. Көбіне-көп оларда тіркес
тіркес тау жоталары, адырлы алыс қиырлар, боз жусан мен бүрген өскен жазық
далалар суреттеледі. Суретші Болашақ совхоз (1964) деген шығармасында
тамаша лирикалық пейзаж жасады. Онда таң алдында тыныстап маужыраған дала
бейнеленген. Кейде суретші пейзаждары, мысалға, ай сәулесі түскен кең дала
төсінде бір топ әйел бейнеленген Әйелдер арманы (1965) немесе Қала
(1975), Мазарлар (1975) сияқты шығармалары Ыстықкөл төңірегіндегі көне
ескерткіштерді көре отырып, яғни өмір шындығының әсерінен тусада ертегі
сияқты сипат алып, құпия тылсымға, романтикалық сарынға толы болып келеді.
Қ.Т.Телжанов 1927 жылы Омбы қаласында туған. Оның өмір жолы оңай
болған жоқ, әкесінен жастай жетім қалды, қоршаудағы Ленинградта анасы
қайтыс болды. Ленинградтың мектеп оқушыларымен Киров облысына көшірілген ол
интернатта тәрбиеленеді, содан соң Алматыға келіп, көркем сурет училищесін
бітірді. 1947 жылы ол Ленинградтың И.Е.Репин атындағы кескіндеу, мүсіндеу
және архитектура институтының студенті болып, М.И.Авилов шеберханасында
сурет салу өнерімен шұғылданды.
Қ.Т.Телжанов тақырыптық суреттің шебері. Ал оның творчествосындағы
басқа жанрлар оның негізгі кескіндеме өнерімен қатар сабақтасып келеді. Ол
таза табиғат көрінісін сирек суреттейді. Оның көбісі – этюд сипатындағы
еңбектер. Нақты табиғат көрінісін суретке салғанда (Сенеж көлі, Москва
іргесінде) суретші табиғаттың сыртқы әсерлі қалпын дәл түсіріп алуға
ұмтылмайды, қайта сол пейзаж мотивтірінің тұрақты сипатын айқындап беруге
ұмтылады. Тіпті шағын ғана этюдтің өзін суретші шетсіз-шексіз кеңістіктің
қуатты лебіне кенелте алады. Көбінесе табиғат көрінісі арқылы белгілі бір
көңіл күйді түсіндіруге тырысады. Суретші табиғаттан өз көңіл күйіне
үндестік іздейді (Пейзаж 1961). Ондай табиғат көріністерінен шебердің
табанды қажыр қайратын шабытын толық сезінесіз. Осы шабыт бояу жағудың
мәнерлі тәсілінен де байқалады.
Телжанов табиғаттан кейде салтанатты тіпті қаһармандық көріністе
іздейді (Атамекен, Көкпар, Ұшқын, Таң сәрі). Табиғат оның
еңбектеріндегі қаһармандардың сол сияқты автордың өзінің көңіл күйін
білдіреді. Табиғат адамдардың реніш қуанышының қайнар бұлағы, айнасы.
Суретші – Кескіндемеші Қонысбек Егізбаев 1936 жылы Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы, Гродеково селосында дүниеге келген. 1959 жылы алматыдағы
Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітіріп шыққан. Сурет салумен
бала кезінен айналысады. әсіресе қазақ халқының ертегі кітаптарын
кескіндеп, безендіруде шығармашылық жаңа кескіндеп, безендіруде
шығармашылық жаңа қырынан көрінді.
Түлкі мен бөдене, Қаңбақ шал, тағы басқада кітаптарды көркем
кескінедеуде ешкімге ұқсамайтын өз қолтаңбасын таныта білді.
Әрбір қылқалам иесінің өнерге келуінің өзіндік жолы болады десек,
онда Мағауияның танымал суретші атануына қазақтың сар даласының орыны бөлек
деуіміз дұрыс.
ҚазПИ – дің көркемсурет факультетін бітірген соң Мағауия Аманжолов
сурет өнеріне мықтап ден қойды. Ол 1979 жылы білек сыбанып бар іске бекем
кірісті, Ақтабан шұбырынды картиналарын содан бері салып келген. Мұның
ұзақ еңбекпен келген Құйын, Айтақырдағы көш және басқа суреттері
орталық музейдің жоңғар шапқыншылығына қатысты қорында тұр.
Серғазы Байжұмаұлы 1957 жылы Қытайда Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы
Фукац қаласында дүниеге келген. Шыңжаң ауданының көркем өнер институтының
сурет факультетін бітірген. Оның Түйеші, Қыз қуу, Қыс, Саятшы,
Туған жер, Күзгі жел, Ана, Сағыныш, ҚҰмдағы қайық, т.б.
картиналарынан қазақтың ұлттық характері, бітімі, мінез болмысы менмұндалап
тұрады.
Жеңісбек Әбдіраман 1954 жылы Қызылорда облысында туған. 1980 жылы
Шымкенттегі сурет училищесін, 1990 жылы Алматы мемлекеттік университетінің
көркемграфика факультетін бітірген. 1988 жылдан бері Қазақстан суретшілер
одағының мүшесі. Жеңісбектің Жаға жай, Кешкі әуен, Күрең кеш деген
картиналары бар.
Суретші Ержан Сағынтайұлы Сүлейменов 1997 жылы Абай атындағы Алматы
мемлекеттік университетінің көркемсурет және бейнелеу өнері факультетін
бітірген. Қазір Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-
интернатында сурет пәнінен сабақ береді. Оның ең басты картиналарының бірі
Қалмақ қырылған шайқасы (ХҮІІІ).
Меіржан Нұрғожин 1971 жылы туған 1990 жылы Гоголь атындағы Алматы
көркемсурет училищесін, 1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын
бітірген. Суретшінің Кешкі әуен, Жарыс, Шайқас деген картиналары бар.
Айжан Өмірбаева 1978 жылы туған 1995 жылы Гоголь атындағы Алматы
көркемсурет училищесін, 1999 жылы Алматы мемлекеттік университетінің
көркемсурет-графика бөлімін бітірген. Оннан астам әртүрлі көрмелерге
қатысқан Шығыс сазы, Ауылдағы үй атты картиналар жазған.
Ақтоты Смағұлова Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік театр-көркемсурет
институтын бітірген. Шабыт-Миллениум фистивальінің, Жастар одағы
силығының лауреаты. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Суретшінің
Қалыңдық, Отау, Саят, Құс пен қыз, Айлы түн, Түс атты
картиналарында нәзік сезім сырлары мен бояу үйлесімділігі қамшының
өріміндей жымдасып кеткен.
Нұрлан Қилыбаев 1969 жылы туған. 1995 жылы Абай атындағы Алматы
мемлекеттік университетінің сурет-графика факультетін бітірген. Қазір осы
университетте, сурет кафедрасында оқытушы болып қызмет істейді. Оның Таң,
Ақнұр атты туындылары бар.
1.2 Пейзаж жанрының қалыптасуы.
Адам әу бастан ақ табиғат көрінісін салған. Бірақ көпке дейін белгілі
бір оқиғамен адамның тұлға – тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде
пайдаланып келген. Тек ХҮІІ ғасырда ғана бірыңғай табиғат көрінісін
бейнелейтін картиналар туа бастады.
Яғни, пейзаж – қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелі
түрде көрсету. Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны, шындық өмірді
әсерлі, нақты береді.
Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Пейзаж өнері өте әр
алуан. Кейбір пейзаждар өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе,
енді біреулер суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың қай-қайсысын
да суретшілер табиғаттың мінез құлқын айнытпай беруге тырысады.
Пейзаж (Paysade деген франсуз сөзінен шыққан) – бұл ландшафты,
табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және
басқа Шығыс елдерінде (ҮІІ – Х ғасырларда) Еуропадан ертерек қалыптасты.
Еуропалық живописьте ол ХҮІІ ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал
содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың
гүлденуі ХІХ ғасырдың соңына тұспа-тұс келеді (И.Левитан, К.Коровин,
Н.Рерих және басқада көптеген суретшілер).
Пейзаж – қайсібір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес онда
суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам
өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді.
Бұлт торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген,
мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір
өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше
бейнелейді.
ХҮІІ ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі
дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын
іңкәрлікпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз-сауда мен жұмыс орны,
тіршілік қарекетін іздестіретін кеңістік. Бірақ атақты маринисіміз
Айвазовскиде теңіз - әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы
тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар тіпті
кемелердің өзі де – осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай,
дәрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке,
романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.
Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға,
басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл күйін
береді.
Оның үстіне, мәңгілік табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа
әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Теміржолдар,
автомобиль жолдары, жоғары вольтті электр желілерінің сорайған діңгектері
мен сымдары, аспанда ұшқан реактивті самолеттің будақтаған ізі – осының
бәрі бүгінгі күннің көрінісі. Мұны кәзіргі заманғы суретші аңғармай тұра
алмайды.
Пейзаж және натюрморт, әлбетте тақырыптық картинаның құрамдас
бөліктері де болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауда белсенді
қосалқы роль атқарады.
Бейнелеу өнерін дамытудағы зор қызметі үшін 1944 жылы Әбілхан
Қастеевке Қазақ ССР халық суретшісі деген құрметті атақ берілді. Қастеевтің
творчествосы жан-жақты. Түрі – ұлттық, мазмұны – социалистік болып келетін
оның терең реалистік шығармаларында портреттерде, тарихи және жанрлық
суреттерде, табиғат көріністеріде көп кездеседі. Қастеевке тән бір
ерекшелік – сериалы суреттер салу.
Алматы маңындағы биік таудағы Медеу мұз айдыны әсемдігімен даңққа
бөленді. 1954 жылы Қастеев Биік мұз айдынында, Мұз айдынына баратын жол
деген живописьтік суреттері мен Мұз айдыны, Биік таудағы мұз айдыны,
Медеудегі мұз айдыны атты акварельдерін салды.
Қастеев табиғат көріністеріне арналған суреттерінде нағыз шеберлікпен
образды бейнелеудің шыңына көтеріледі. Ол салған табиғат көріністері дәлме-
дәл бір мекеннің портреті, болып шығады.
Нәзік лиризмге толы мұндай суреттер өзіндік бейнелеу тәсілімен
еріксіз таңырқатады.
Бояудың бір-біріне қарама-қарсы түстерін пайдаланудан қашып, суретші
өзі салатын жердің ауасы мен бедерін мұқият зерттеп және живописьтің
полотнодағы мүмкіндіктерін алдын ала есептеп алады. Суреткерліктің үнемі
жаңа бір қырлары мен қыбын аша отырып қастеев Советтік Қазақстан,
Қазақстан жерінде, Тың жер сияқты бірқатар пейзаждық-тақырыптық
сериялар тудырды.
Жусанды даланың көз жеткісіз кеңдігін ол қарапайымда, айнытпай
бейнелейді; күн күйдірген шөптер мен ыстық сағым көмкерген аспанды әдемі
суреттеп, алтын астықты дала мен жаңа техника туралы әңгімелейді. Бұл
серияға оның Ғұмыр колхозы, Қызыл отау, Таулы жердің тыңын көтеру,
Шалкөде жайлауы, Егін орағы, Алтын дән, тағы басқа шығармалары енген.
Олардың бәрі ой тереңдігімен, табиғат жағдайын нәзік көрсете білуі мен
көңіл аударады.
Табиғат көріністерінде көбіне-көп адамдар бейнеленбейді, бірақ
суретші сол арада адамдар барлығына еріксіз илантады. Кез келген тақырыптық
көрмеге сол тақырыпты өзіміз қажет еткен деңгейде көрсете алатын және
экспозицияға негіз бола кететін шығармаларды Қастеев мұрасынан әрқашан
қиналмай табуға болады. Қастеев дарын табиғатына өнерпаздық қабілетіне,
бейімділігіне қарағанда ең алдымен шебер пейзажшы болып табылады.
Суретші творчестволық жолын 30-шы жылдарда қарабайыр суреттер салудан
бастап, күрделі пейзаждық композицияларға дейінгі үлкен өнер жолынан өтті.
Жанатай Шарденов – қазақ суретшілерінің орта буын өкілі. Ол 1927 жылы
4 сәуірде Ақмола облысының Ковыль селосында дүниеге келген. Алматы
көркемсурет училищесін, содан кейін Ленинградта ұлттық студияны бітірген.
Ол өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан республикамыздың дарынды
живописьшілерінің бірі. Оның бояуларды үйлестіруінде, түр-түсін қапысыз
таңдауында мін жоқ деуге де боады.
Қазақ ССР өнерге еңбегі сіңген қайраткер Жәкеңнің қала пейзаждарын,
тау көріністерін, жалпы табиғаттың төрт мезгілін бейнелеуінен басқаларға
ұқсамайтын бояулар құлпырысын, түс пен түстің жарысын теңдесе түсуін анық
аңғаруға болады.
Ыстық көл, Медеу, Қысқы бақ, Түнгі тау сияқты пейзаждарына
қарап отырып, суретші жаратылыс құбылыстарын, оның стихиялық бастауларын
қалай бере білген деп бас шайқайсыз.
Түрлі түстер арқылы адам жүрегін шым еткізуі қандай! Жарық пен жылу
үндестігі жөнінен онымен парапар келетін суреткер қазір бізде кемде-кем
депте батыл байлам жасауға болады. Сондықтан американ пейзажының хас
шебері, Алясканың жыршысы Рокуэлл Кенттің көзі бірден Ж.Шарденовтың
пейзаждарына түсті. Оның өзімен иық тірестіре алатын живописьші екенін
таныды.
Ж.Шарденовтың индустриялық полотнолары, еңбек озаттарының
портреттері, натюрморттары да бар. Бірақ оның оңтайлы, оң жамбасына келер
машығы – пейзаж жанры, тылсым табиғат.
Бексейіт Түлкиев (1955-1998) Қазақстан суретшілер одағының мүшесі,
жастар одағы силығының лауреаты Б.Түлкиев өзінің қысқа ғұмырында көп іс
тындырып, ұлттық рухани қазынамызға мол үлес қосып кетті.
Оның Ұлы көш, Иірім, Әже мен немере, Өмір күрес, Шыбын жан,
Кешкі қасқасу, Ата баба мекеті, Көктем күні картиналары бейнелеу
өнеріндегі шоқтығы биік туындылар екені анық.
Бексейіт Түлкиев Москвадағы В.Суриков атындағы көркемсурет
институтының түлегі. Ол кейінгі толқын, дарынды жас қазақ суретшілерінің
өкілі. Талантты шебердің палитрасы бояу-нақыштарға бай. Оның ауылға
арналған тақырыптық пейзаждары өзіндік сыр сипатымен басқалардан дараланып
тұрады. Сол табиғат көріністерін тура мағынасында пейзаж деуге де келмес,
шартты түрде сюжеттік, фантастикалық, керағарлық – парадокстік пейзаждар
деуге болар.
2 Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
2.1 Бейнелеу өнері пәнінің әдістемесін зерттеу
Жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісінде болашақ бейнелеу өнері
мұғалімдерін Бенйнелеу өнері пәнін оқытуға дайындау әдістемесінің
ұтымдылығын зерттеу мынадай міндеттерді анықтауға мүмкіндік туғызды:
1. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бенйнелеу өнері пәнін оқытуға
дайындау арқылы көркемдік білім беру үдерісін ұйымдастыру, бейнелеу
өнерінен оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оны талдау туралы білімдерін
меңгерту қажеттігін көрсетті. Студенттерді арнайы әдістемелік білім мен
іскерліктерін менгерту дайындығынан өткізу қажеттігі туындады.
2. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудағы
шешуші фактор Өнер пәнін оқыту әдістемесі атты болашақ мұғалімдерге
арналған элективті курсты ұйымдастыру болып табылды.
3. Элективті курстың мазмұны Бенйнелеу өнері пәнін мектепте оқыту
әдістемесін теориялық және тәжірибелік тұрғыда оқытудың бағыттары,
көркемдік білім берудің тарихы, өнерді мектепте оқытудың мақсаттары мен
міндеттері және осы заманғы дидактикалық талаптары, өнер шығармаларын
қабылдаудың өнертанымдық негіздерін ұйымдастыру әдістері болып негізгі төрт
бағытты қамтитынын көрсетті.
Әдістеме саласындағы ғылыми еңбектерді талдау мен жүргізілген тәжірибелік
эксперименттік зерттеу нәтижелерін сараптау негізінде мынадай қорытынды
жасауға мүмкіндік туындады. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бенйнелеу
өнері пәнін оқытуға дайындау әдістемесі студенттің белгілі бір әдістемелік
іс-әрекетінің мазмұнынан, бенйнелеу өнері пәнін оқыту білімдері мен
іскерлігінің жиынтығынан құралған, оларды тәжірибеде қолдана білуімен
анықталатын мәнді тұлғалық қасиетінің қалыптасуын кұрайтын, өнер пәнін
оқытуға дайындауға негізделген әдістемелік іскерліктер мен дағдылар жүйесі
болып табылады.
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу өнері пәнін оқытуға
дайындаудың дидактикалық шарттары оқытудың мазмұндық, ұйымдастырушылық,
әдістемелік, материалдық жағынан қамтамасыз етуді көздейді. Мазмұндық
қамтамасыз ету: Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы, Бейнелеу өнерін
оқыту әдістемесі пәндерінің бағдарламаларына қосымша бағдарламалар жасау
арқылы дәрістік, тәжірибелік сабақтар өткізу; Педагогикалық іс - тәжірибе
бағдарламаларына қосымша бағдарламалар енгізу арқылы мектептегі бейнелеу
өнері пәні сабақтарымен сабақтан тыс тәрбиелік іс шараларды ұйымдастыру;
бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесі атты элективті курс бағдарламасын
жасау және оның сабақтарын өткізуді қамтамасыз ету карастырылады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша: дипломдық жұмыс, курстық жұмыс,
өнер мұражайларына экскурсиялар ұйымдастыру, тренинг, тест тапсырмалары,
өнер туралы пікір алысу, баяндама, нұсқау, кеңес беру, сауалнама,
конференция, семинар, дебат, көрме жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету
танылады. Әдістемелік қамтамасыз ету бойынша: оқу бағдарламалар, оқулықтар,
көрнекілік құралдар, электрондық оқулықтар, дидактикалық материалдар,
оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың қамтамасыз етілуі
көзделеді. Материалдық қамтамассыз ету: оқу үдерісі кітапхана қорымен,
интерактивті тақта, видео, компьютерлік сыныптар оқу материалдарымен
жабдықталуының қамтамассыз етілуі жоспарланады.
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу өнері пәнін оқытуға дайындауда
келешек маманның бойында жалпы көркемдік білім, бейнелеу өнері пәнін оқыту
әдістемесі білімдерін қалыптастыру және тәжірибелік тұрғыдан іс шаралар
ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді. Ол үшін болашақ бейнелеу өнері
мұғалімдерінің бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесі пәнінде игерген
теориялық білімдерінің нәтижесін дағды мен іскерлікті қалыптастыратын
семинарлық, тәжірибелік, элективті курс, оқытушы мен студенттің өздік
жұмысы және бейнелеу өнері пәнінен жаңа буын оқулықтары мен
бағдарламалардағы теориялық материалдардың берілуіне назар аудару,
студенттерді мектеп тәжірибесіне толық енгізу қажет екендігі көрінді.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау мен эксперименттік зерттеу
нәтижелері болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындығының құрылымдық
моделін анықтауға негіз болды. Болашақ мұғалімдердің әдістемелік
дайындығының құрылымдық моделі үш компоненттермен (мотивациялық, мазмұндық,
іс - әрекеттік) анықталады.
Мотивациялық компоненттер: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу
өнері пәнін оқытуға дайындауда болашақ мұғалімнің өнер тарихы мен
теориясына, шет ел өнеріне, Қазақстан бейнелеу өнері тарихына
қызығушылығының болуымен, ұлттық өнер мен эстетикалық тәрбие үлгілеріне
көркем мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарауы, ұлттық өнердің түрлері мен
эстетикалық тәрбие үлгілерінің көркемдік білім беру мүмкіндіктеріне оң
көзқарасының болуымен айқындалады.
Мазмұндық компоненттер: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу өнері
пәнін оқытуға дайындау болашақ мұғалімдердің бейнелеу өнері пәнін оқыту
әдістемесін, көркемдік тілін, тиімді оқытудың әдіс-тәсілдерін оқытуды
жоспарлау, ұйымдастыру және талдау әдістері туралы білімдерімен, олардың
көркем-өнер саласындағы шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту арқылы көркемдік
білім беру білімдерінің, рухани-эстетикалық тұрғыда даму, көркемдік
құралдар, көркемдік білімнің мақсат-міндеттері мен мүмкіндіктері жөнінде
теориялық білімінің болуымен; бейнелеу өнерінің тарихы, суретшілер
шығармаларын талдау, қолөнердің түрлері мен бұйымдары, қолөнер шеберлері,
қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері туралы білімдерінің болуымен
анықталады.
Іс-әрекеттік компоненттер: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу
өнері пәнін оқытуға дайындау, бейнелеу өнері туындыларына талдау жасау,
олар туралы өз түсініктерін бере білу, бейнелеу өнері шығармаларының
тарихына, көркем теориялық талдау жасау, эстетикалық тәрбие беру, бейнелеу
өнері үлгілеріне талдау жасау іс әрекеттері мен дағдыларының болуымен;
жоғары сыныптағы өнерді оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру, дидактикалық
шарттарды орындау, эстетикалық, өнертанушылық, педагогикалық, әдістемелік
жұмыстарды орындау іс әрекеттерінің болуымен сипатталады.

дайындау әдістемесін зерттеу нәтижесінде болашақ мұғалімдердің әдістемелік
дайындығының денгейлері жоғары, орта, төмен болып анықталды:
Жоғары деңгей студенттері көркемдік білім беру барысында бейнелеу өнері
пәнін оқыту әдістерін, тәсілдерін меңгеруге деген он көзқарасы, бейнелеу
өнері пәнін оқытудағы әдістемелік білімдерінің болуы, бейнелеу өнері пәнін
оқытуда қолданатын әдістердің сапалы, өнер пәнін оқытуды ұйымдастырудың
іскерліктері мен дағдыларының жоғары болуымен сипатталады.
Орта деңгей студенттері бейнелеу өнері пәнін оқытуға деген он көзқарасы
бар, өнерді оқыту арқылы адамзаттық рухани мәдениеттілікке бағыттау, өнер
үлгілерін тереңдете оқыту, өнерді ұлттық мәденеттің бір бөлігі ретінде
таныта алатын, өнердің тәрбиелік үлгілері туралы білімдері бар, сонымен
қатар әлем халықтарының мәдениетін түсінетін, өнердің эстетикалық,
өнертанушылық, білімін меңгерген, педагогикалық әдістемелік іскерліктері
мен дағдыларының жеткілікті болуымен айқындалады.
Төменгі деңгей студенттері әлемдік өнермен ұлттымыздың мәдениетін, өнерін
келер ұрпаққа жаңа көзбен жетілдіріп жеткізуде білім беру үлгілеріне оң
көзқарастарының болуымен, бірақ бұларды көркем мәдениеттің бір бөлігі
ретінде түсінбеуімен, көркемдік білім туралы ақпараттық-интеллектуалдық
ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын
білімдерінің жеткіліксіздігімен, бейнелеу өнері пәнін оқыту үдерісіндегі
әдістемелік іскерліктері мен дағдыларының төмендігімен ерекшеленеді.
Зерттеу нәтижесі болашақ мұғалімдерді әдістемелік қызметке дайындау туралы
мынандай тұжырымдар жасауға болады: бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
сабақтарында өнертанушылық, педагогикалық, тарихи этнографиялық,
әдебиеттерді зерделей білуге дағдыландыру; пән бойынша қолданылған оқу
бағдарламаларына, оқулықтарына, үйірме мен факультатив жұмыс жоспарларын
таныстыра отырып, оларды талдауға, өзіндік жұмыстар жасауға талпындыру; оқу-
әдістемелік әдебиеттерге, мектеп құжаттарына, дидактикалық, көрнекілік-
бейнелі материалдарға талдау жасау; бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектері
арқылы көркемдік білім беру мәселесіне; өнер шығармаларын қабылдауға;
суретшілер өмірі мен шығармаларын таныстыру оқу материалдарын сараптау;
студенттермен бақылау, сауалнама, сұхбат, әңгімелер жүргізу; көркем тәрбие
жұмысын ұйымдастыру, іс жүзінде жүзеге асыра отырып, оларды салыстырмалы
талдау жасау бойынша болашақ мұғалімдерді алғашқы әдістемелік дайындықтан
өткізу қажеттігі анықталды. Оқу-әдістемелік көмекші құралдармен, қажетті
әдебиеттермен, оқулықтармен тиімді жұмыс жасауға даярлығын ұйымдастыруға
негізделген болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарламасы мен әдістемесін
айқындау қажеттігі көрінді. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін
оқытуға дайындау әдістемесінің мазмұны, өз бетімен белсенді жұмыс жүргізу,
олардың әдістемелік білімге, іскерлікке және машықтылыққа шығармашылық
қатынасы мен ойлау қабілетін дамыту мүмкіндіктерін қамтуы тиіс екендігі
танылды.
Студенттердің бұл салада алғашқы дайындық деңгейін белгілеу мақсатында
педагогикалық эксперимент Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институтында, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті базасында орындалды.
Зерттеу кезеңінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу өнері пәнін
оқытуға дайындау барысында көркемдік білім берудің қазіргі жағдайы, оқу
үдерісін ұйымдастыру әдістеріне дайындау деңгейлері теориялық, тәжірибелік
тұрғыда тексерілді. Эксперимент жұмысына 202 студент (102-і эксперимент,
100-і бақылау тобында) қатысты.
Зерттеудің анықтау эксперименті барысында сауалнама, тест, әңгіме, бақылау,
өнер туралы пікір алысу әдістерін қолдану негізінде болашақ мұғалімдердің
көркемдік білім деңгейлерін, оған қызығушылығын (өнертану саласынан
түсінік-ұғымы, оқыту мүмкіндіктеріне сенімі, ғылыми әдістемелік зерттеу
жұмыстарында пайдалануы, өз ұлтының рухани мұралары арқылы көркемдік білім
беру ерекшеліктері, қоршаған орта сұлулығын эстетикалық қабылдануы) анықтау
көзделді. ҚР БжҒМ-нің бұйрығымен бекітілген жаңа буын оқулықтары, базистік
және типтік оқу жоспарымен дайындық деңгейінің білім мазмұнымен мектептің
жоғары сыныбындағы өнер сабағын өткізуге қойылатын талаптары талданды.
Зерттеудің анықтау экспериментінің келесі кезеңінде бейнелеу өнері пәнін
оқытуға дайындау барысында студенттердің көркемдік білімді меңгере
білулері, қазіргі таңдағы қоғам тапсырысы екендігіне көркемдік білім
эстетикалық тәрбие беруде маңызды роль атқаратынына аса мән
бермейтіндіктерін, терең теориялық әдістемелік білімдерінің аздығымен,
арнайы әдістемелік жүйенің болмауынан оларды педагогикалық тәжірибеде аз
қолданатындықтарын көрсетті. Зерттеуді жандандыру барысында берілген
сауалнамаларға қайтарылған жауаптар мынадай ортақ пікірге тоғысты;
а) бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесі атты элективті курс арқылы
көркемдік білім беру, эстетикалық тәрбиені дамыту мүмкіндіктерінің мол
екендігін мойындау;
б) оқушылардың өнерге деген эстетикалық қызығушылығын дамыту жүйелі түрде
қолға алынбай келе жатқандығы;
в) өнер шығармаларының өмірде қажеттігін түсіну;
г) өнердегі әсемдікті, сұлулықты көріп, оны бағалай білу үйрету қажеттігі;
д) болашақ мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орындары оқу
бағдарламаларының мазмұнында мұндай мәселелердің қарастырылмауы;
ж) болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу өнер пәнін оқытуға қазіргі
инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы дайындаудың
қажеттігі айқындалды. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының бейнелеу өнері және
сызу мұғалімдерін даярлайтын факультеттерінде оқытылатын пәндердің типтік
бағдарламаларында бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесі ұғымдарын жүйелі
оқытуды мақсат етіліп қойылмауы, ғылыми негіздегі қажетті оқу-әдістемелік
құралдардың жоқтығы, эстетикалық тәлім-тәрбие негізінде мектептегі бейнелеу
өнері пәнінің өз деңгейінде оқытылмауы, мамандардың жоқтығы аталған
мәселелердің қатарына қосуға болады.
Зерттеу нәтижесінде болашақ мұғалімдерді педагогикалық қызметке дайындауға
арналған бағдарлама мазмұнындағы бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесін
теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы қажетті білімдері мынандай басты
бағыттарды қамтитындығы анықталды:
а) бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесі элективті курстың мазмұнын ашу
және оның басқа да арнайы ғылымдармен байланысын тереңірек қарастыру;
студенттерді жаңа буын оқулықтармен таныстыру;
ә) өнер арқылы көркемдік білім берудің тарихына шолу; көркемдік білім
берудің жүйесін айқындау;
б) өнер пәнін оқыту мақсаттары мен міндеттері және осы заманғы
педагогикалық талаптарға байланысты меңгеретін білімдері: оқыту әдістерімен
тәсілдерін белгілеу және олардың құрылысы; оқытудың қазіргі әдістерімен
таныстыру;
в) өнерді оқытудың өнертанымдық негіздері; студенттерді өнер арқылы
оқушыларға көркемдік білім беруге дайындау; болашақ мұғалімдердің өнертану
білімдері мен өнертану дағдысын қалыптастыру;
г) бейнелеу өнері пәнін оқытудың әдістемелік негіздері; оқыту әдістемесінің
әдіс-тәсілдері және теориялық білімімен тәжірибелік білімін меңгеру тиімді
жолдары;
д) бейнелеу өнері пәнін оқытудың принциптері, оқыту үрдісінің тиімділігін
арттыруға қажетті дидактикалық талаптар мен олардың түрлері;
ж) бейнелеу өнері пәнінің мазмұны; сабақ жоспарларын құрастыру; мұғалім
және оқушының сабақтағы қызметі; өнер сабағын ұйымдастыру және оқыту әдісі
мен оның өзіндік ерекшеліктері; өнер пәнінен сыныптан, мектептен тыс
жұмыстарды ұйымдастыру, өнер пәніне арналған оқу кабинеттерін жабдықтауға
қойылатын талаптарды біріктіреді.
Анықтау экспериментінің нәтижелері жоғары оқу орындарының бейнелеу өнер
мұғалімдерін дайындау үдерісіне жүргізілген талдаулар біздерге болашақ
мұғалімдердің өнер пәнін оқытуға дайындау барысында қалыптастыру
экспериментін жүргізу қажеттігін тудырды. Бейнелеу өнері пәнін оқытуға
дайындау экспериментінің мақсаты - студенттерге әдістемелік және
тәжірибелік даярлықтарының деңгейін арттыру. Бейнелеу өнері пәнін оқытуға
дайындаудың қалыптастыру эксперименті үш кезеңде жүргізілді.
Бейнелеу өнері пәнін оқытудың педагогикалық білімдерін, іскерлік пен
дағдыларын қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде болашақ бейнелеу
өнері мұғалімдерін бейнелеу өнері пәнін оқытуға дайындау жұмысы үш бағытта
жүргізілді. Олар бірінші-негізгі базалық және мамандандырылулардың арнайы
пәндері Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы, Бейнелеу өнерін оқыту
әдістемесі, Қазақстан бейнелеу өнері тарихы және Педагогикалық іс-
тәжірибе бағдарламаларына қосымша бағдарламалар енгізіліп, оқу-тәрбие
үдерісінде сынақтан өтті. Нәтижесінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің
көп бөлігі бейнелеу өнер пәнін оқытуға деген қызығушылықтары, өнердің
түрлерін оқытуды жандандыруды, қазіргі заман талабына аса назар аударуының
басты себептерін білетінін, өнерді бойына сіңірген бала қоғамдағы өз орнын
таба білетін тәрбиелі азамат болуына дұрыс ықпалының, бірақ өнер
шеберлерінің еңбектері арқылы көркемдік білім беру мүмкіндіктерін жете
білмейтінін, бейнелеу өнерін оқыту барысында өнер шығармаларын қабылдаудың
өнертанымдық негіздерін пайдаланбайтындықтары анықталды.
Бұл кезеңнің зерттеу нәтижесі: біріншіден – көркемдік білім берудің
мақсатын айқындау, екіншіден – бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесі, оқыту
әдістерін меңгеруге бағытталған өнер пәнін оқытудың іс-шараларын жоспарлау
мен ұйымдастыру әдістерін менгерудегі жаттығу жасау мен оның орындалуын
қамтитын кемшіліктері байқалды. Бұл талдаулар болашақ мұғалімдерге арналған
Өнер пәнін оқыту әдістемесі атты элективті курс бағдарламасын жасау
қажеттігін айқындады.
Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде бейнелеу өнері пәнін оқытуға
дайындау экспериментінің мақсаты жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісінде
болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу өнері пәнін оқытуға дайындау
әдістемесі қажетті болашақ мұғалімдерді теориялық, тәжірибелік
дайындықтарын қамтамасыз ету бағдарламасы мен оның әдістемесін сынақтан
өткізу болды. Олардың міндеттері болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін
бейнелеу өнері пәнін оқытуға дайындау үшін бейнелеу өнері пәнін оқыту
әдістемесі атты элективті курс бағдарламасын жасап аппробациядан өткізу,
жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінде болашақ мұғалімдердің теориялық
білімдерін бекіту, көркемдік білім берудің озық үлгілерін пайдалана білу
іскерліктерін дамыту және оны өз бетінше дербес тәжірибеде пайдалануға
дағдыландыру болып табылды. " бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесі" атты
элективті курс бағдарламасындағы оқытушының көмегімен студенттердің өз
бетімен жұмыс жасауы апробациядан өткізілді. Элективті курстың мақсатына
болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудағы
болашақ мұғалімдерге көркемдік білім берудің өзіне тән мазмұндық
ерекшеліктері мен тағылымдық мүмкіндіктерін меңгерту, өнерді оқытуды
ұйымдастырудың әдістемелік білімдерін және іскерлік пен дағдыларына
дайындау болды. Курс мазмұнында өнер пәнін оқытудың қазіргі заман
мектептеріне қойылып отырған талаптарға сай, оқушыларға көркемдік біліммен
эстетикалық тәрбие беру үдерісінде нәтижелі пайдалануын қамтамасыз ету
жоспарланды.
Курс бағдарламасында мынадай міндеттерді шешу көзделді:
болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу өнері пәнін оқытуға деген
қызығушылығын арттыру, өнертану білімдері мен өнертану дағдысын
қалыптастыру;
бейнелеу өнері арқылы оқушыларға көркемдік білім беру барысында өнер
бұйымдарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz