Каратэ-до жекпе-жек өнерінде қол және аяқ соққыларын жетілдірудің әдістемелік негіздері
Каратэ-до жекпе-жек өнерінде қол және аяқ соққыларын
жетілдірудің әдістемелік негіздері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
МАЗМҰНЫ
І-тарау. Каратэ
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..3
1.1. Каратэнің басты
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 10
1.2.
Тұрыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.3. Соққы
техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .18
1.4.
Қозғалыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ІІ-тарау. Дене
қыздыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .31
2.1. Физикалық
дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 39
2.2. Психореттегіш
жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .47
2.3. Қазіргі заман каратэсінің
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
49
2.4. Оңтүстік Қазақстан облысындағы каратэ-до спортының даму
тарихы ... ... 54
2.5. Жылдың басты жоспарына дайындықтың үлгі-
моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... .57
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .61
І-тарау. КАРАТЭНЫҢ ТАРИХЫ
Каратэ тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде
жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын
ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д. шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың
сақалды Бодхидхарма (жапонша Да Мо) "Сақалды варвар" Қытайға келеді. Ұзақ
уақыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына
тоқтайды, онда ол әрбір тірі жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы
туралы өзінің білімін үйретеді. Бодхидхарма Будда әрбір адамда, кез-келген
затта болады, оны тек өмірге ояту керек деп тұжырымдайды. Бірақ монахтар
негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді
және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы
қабырғамен ойласып және өзін-өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргендігі
баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт қимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен
айрылады, бірақ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын
қалпына келтіреді.
Да Мо монахтардың денсаулығының әлсіздігінен көп сағатты медитацияларға
шыдай алмайтындығын байқады, содан кейін "ар хат қолдарының 18 қимылы" атты
психофизикалық жаттығулар жүйесін енгізуді шешті (архат - Оңтүстік
Үндістандағы Будда пантеонының жартылай бұты). Кешен әдісі монахтардың күші
мен рухын ұзақ діни лауазымдарда сутра оқу кезінде және рухани-медитациялық
тәжірибе дене жаттығуларымен ауысып жатқанда, сондай-ақ аспан астындағы
жолында сенімді қорғаныс құралымен қызмет етуі қатаюға бейімделді.
Бодхидхарма бүгінгі күнге жеткен өйгілі қоян-қолтық ұрыс өнері у-шу
жүйесін жасаушы болып саналады. Кейінірек XI-ғасырда: жылан, айдахар,
тырна, бағылан және жолбарыс.
Бодхидхарманың Үндістаннан Қытайға әкелген тәсілінің түрлері "Шаолинь
кэмпосы" атымен таралды және бірте-бірте қытайшаға айналды.
Монах жекпе-жекшілері туралы сөз Шаолинь монастырынан бүкіл аспан
астына аты шыға бастады, артынша сол жерге басқа жақтардан монахтар келе
бастады.
Шаруалар соғысы және азаматтық булік кезінде Бодхидхарма орт үстікте
қаза болады, ал тірі қалған бірнеше "Бес Баба" Фукиен провинциясында қайта
құрылған Оңтүстік Қытайдағы Оңтүстік Шаолиные кетеді.
Осылайша "Шаолинь кэмпосы" ұрыс өнері Империя төріне шығады және
ешқандай да құпиялылығын қалдырмады.
607 жылы Суй династиясы заманында Қытай Рюкю архипелагымен жақсы сауда
қатынасын жасады. Архипелаг бірнеше ұсақ аралдар тобынан тұрады. Сакисима,
Окинава, Токара және Амали аралдары.
Аралдар сызбасы. Окинава - аралдардың ішінде қатты созылып жатқан,
көлемі шамамен 1254 шаршы шақырым ең ірі арал. Орта есеппен аралдың ені 10-
13 шақырым, ал ұзындығы шамамен 108 - 110 шақырым болады.
Көптеген ірі елді мекендер аралдың оңтүстік бөлігінде топталған. Бұл
Наха, Сюри және Томари қалалары. Ең ірі порт-Наха қаласы. Ол аралдың
елордасы болып табылады.
Қытайдың жағалауына дейінгі арақашықтық тікелей 600 шақырымнан асады.
Архипелагтың этникалық халқы жапондықтармен туыстас, диалектілерде Рюку
деп айтылады.
1372 жылы Окинава әміршісі Сацудо Мин династиясының императорлық
ауласынан вассалъды қатыстьшықты мойывдады. Екі ел арасында лауазымды
түлғалармен алмасу болды және 1392 жылы Окинавада түрып жатқан Қытай
отбасылары Кэмпо аралына өкелінді. 1429 жылы Окинаваның ұлығы Се Ха Си
өзінің қол астында аралдарды біріктірді және қарудың барлық түрлерін
ұстауға тиым салды, өйткені тұрғындарда қарудың болуы ерте ме, кеш пе
қарулы көтеріліске әкелуі мүмкін.
Бұл жоғары атақтылар және өкілеттік шенеуніктерге бола жасалды.
Халық шенеуніктер мен өскерлердің озбырлығынан, сондай-ақ аралдың
орманды тауларывда жасырынған қарақшы тобынан қорғансыз болды. Бұл шаралар
көптеген шаруалардың қарусыз күйде қоян-қолтық ұрыстан рухтың қатандығын,
күш-еркін, жаттығу бұлшықеттердің болаттығын қаруға қарсы қою мақсатында
көмек іздеуіне алып келді.
1606 жылы бірнеше мың жауынгерлер самурайлар қолбасшы Симадзудьщ
басшылығымен Окинаваға түсірілді. Аралдың қару-жарақсыз тұрғындары қарсы
тұра алмады және арал қоршауға алынды, басып алынды. Окинава Жапон
империясының протекторатына айналды. Халық алым-салықпен салықтанды,
қатыгез дискриманациямен тартылды. Жауап ретінде шаруалар салық
жинаушыларды өлтірді, ұсақ самурай қарауылшыларын талқандады.
Сонда 1609 жылы жапон наместнигі қару ұстауға тиым салу туралы екінші
қатаң екім шығарды. Суық қаруды жасырған шаруалар, қалалықтар сондай-ақ
монахтар өлім жазасына кесілді. Он жыл ішінде әрбір ауылда тек бір ғана
үлкен пышақты селоның орталық алаңында байланған аңдар мен балықты кесу
үшін қалдыруға келіп жетті. Әл келмейтін салық саясаты мен басып
алушылардың озбырлығы ұйымдасқан қарсы шығу ошағының пайда болуына әкелді.
Жағалай көтеріліске жете қоймаса да, шектен шыққан самурайлармен
соқтығыстар жиі болып тұрды. Окинава халқы құпия қоғамдарға біріге бастады
және деревнялар мен селоларда өзін-өзі қорғау одақтарын құрды.
Осылайша екі бағыт дүниеге келді. Біріншісі "Тэ" деп аталды, оны
жергілікті аристократтар мен қалалықтар тәжірибеледі. Екіншісінің алғашқьща
ешқандай да аты болмады. Тек уақыт өте келе оған "кобудо" деген ат берілді,
оны шаруалар мен балықшылар тәжірибеледі.
Сол Окинава-тэ стилі қалаларға бөлінді: Наха-тэ, Сюри-тэ және Томари-
тэ. XVII жүзжылдық ағымда мектептер терең астыртын әрекет жасады. Барлық
шәкірттер өз қанымен құпияны сақтауға ант берді. Егерде кімде-кім туыстарын
жапондық өкілдерге зорлықпен сатып қойса, онда ол сатқынды әшкере өлім
жазасы күтіп тұрды. Оны қайықпен теңіздің терең жеріне алып кетіп, жеңіл
тілгілеп байланған күйінде суға лақтырған. Қанның иісіне ақулалар жиналады
және мысық-тышқан ойынынан кейін қылмыскердің антын жеп қояды.
Окинавалықтардық самурайлармен соқтығысынан кейін өз кәсібінің барлық
бірлігінен тіс қаққан тәжірибелі жауынгерлермен араласуға тура келді.
Жеңіске деген мүмкіндік үлкен емес, соңца да бұл мүмкіндікті кез-келген
құнмен болса да алу керек болды. Осыдан барып Иккэн хисацу принципі жарыққа
шықты ("бір соққымен сеспей қатыру").
XVII-XVII ғасырлар арасында "Тэ" және "кобудо" стильдері архипелагтың
әйгілі аралдарында қытайлық жекпе-жек жүйесінің фрагменттерімен (то-тэ)
бірікті, содан барып "Окинава-тэ" ("қытай қолы") деп аталатын әйгілі жаңа
өнер дүниеге келді.
"Спорттық" жекпе-жектерде қарсыластар арасында әдетте у-шу нәтижесіне
келтіретін.
Қажырлы жаттығулар кезінде қол мен аяқты қирату күш қаруына, айлалы әрі
айтқысыз бағдарлама бойынша әрекет ететін қаруға айналдырды.
Ерекше қажырлылық қол мен аяқты шынықтыру үшін жасалды, тек болат қол
ғана панцирьді ұра алады немесе самурай шлемін уатады.
Жұдырықты алғашында жай ғана макивареде шынықтырады (сабанмен оралған
вертикалды тақтайша), самурай қылыштарына қарсы қорғану құралы ретінде
шаруалардың еңбек құралын пайдалану тәжірибесі де осымен қатар іске
асырылды. Бірнеше онжылдықта кэмпо шеберлерін дайындау құпия қоғамының
аясында және өзін-өзі қорғау одағы қатаң құпия түрде жүріп жатты. Сол
кездегі бірде-бір ұстаздардың, бірде-бір мектептердің аттары қалмаған.
XVII ғасыр ортасында бірнеше жыл Қытайда тұрған және сонда цуань-шу, бо-
дзюцумен айналысқан, Акатадан шыққан қандай да бір Сақутава отанына оралып,
Сюри қаласында каратэ-но-Сакугава жеке мектебінің негізін қалағаны белгілі.
Бұл "кара" ("қытайша") иероглифінің мектеп атауы ретінде қолданылуының
бірінші жағдайы еді.
XX ғасырға дейін Окинавада каратэ сөзі екі иероглифпен жазылатын: кара
сөзінің баламасы "Тян династиясын" басқаруы кезіндегі "Қытай" мағынасын
білдіреді, бірақ кейде "Ұлы Қытай" және тэ-"қол" түсінігін беруде кең
мағынада да қолданады.
XIX ғасырдың 30 жылдарының басында Сакугаваның шәкірті Сокон Мацумура
Серидзи-Рю Гокону каратэ мектебін құрды ("Шаолинь стиліндегі каратэ Отавды
қорғау үшін"). Бұл мектеп кейіннен пайда болған Окинавалық стильдер мен
мектептердің негізгі өзегі болды.
1871 жыддан бастап Жапония Окинаваға өздерінің заңын және білім жүйесін
енгізе бастады, ал корольдіктің өзі автономиялы мемлекеттерден 47-ші
империя префектурасына айналдырды.
Бұдан басқа, 1872 жылғы буржуазиялық реформалардың арқасында самурайлар
өздерінің күшінен айрылды және басқа сословиялардың құқыларымен теңесті.
Осы шаралардың нәтижесінде окинавалықтар мен самурайлар арасындағы
соқтығыстар токтатыдды. Бірақ құпия қоғамдар сақталды әрі олардың мүшелері
каратэмен және кобудомен қажырлы айналысуды жалғастырды Окинавалықтар
бұлардан енді ұлттық рухқа күш беретін қайнар көзін көрді.
Осылайша Окинавада жекпе-жек өнерінің астыртын дамуының ұзақ мерзімі
бітті.
XVII ғасырдың соңына қарай шақыру пункттеріндегі және бұйрық беру
өкілдері тэ жүйесінде айналысып жүрген Окинавалық денесі жақсы шыныққан
шақырылдарғандарға көңіл бөлді. Бұл тексерудің қорытындыланған берілгендері
Окинаваның кейбір оқу орындарына эксперимент тәртібінде каратэны оқу пәні
ретінде енгізу негізделді.
Мемлекеттік мекемелерде каратэні ашық түрде оқытатын ұстаз, ескі
Окинава стилі Сюрк-тэ Ясуцуне Итосу болды. Ғажайып техник, жекпе-жекші және
тамаша ұстаз Окинаватэның Окинавадағы бастауыш мектебінің оқу
бағдарламасына 19001 оқу жылынан бастап енгізілді. Ежелгі Окинавалық
қоян-қолтық ұрыс мектебін негізгі екі топқа: "Серин-рю" (Сюри-тэ және
Томари-тэ стилін өзіне енгізуші) және "Серэй-рю" (Наха-тэ стилі) бөлу
жалпыға бірдей қабылданған.
Жалпы айтқаңда, "Серин" және "Серэй" терминдері әртүрлі мағынада
қолданыла алады. Қытай стилі "шаолинь-цюань" (монастырь атауы бойынша "жас
орман жұдырығы") Окинавада белгілі болған кезде Серин термині де қытайлық
сөзінің "Шао-линь" Окинавалық айтылуымен пайда болды, ал Серин-рю атауы
"жас орман мектебін" білдіреді. Бірақ бұдан басқа "се" деп оқылатын
иероглиф бар, бірақ ол "жас" емес "емен" деген мағынаны білдіреді, мұны
өзінің мектебінің аты ретінде Итосу Ясуцунэ қолданған. Оның "Серин-рюі"
"еменді орман мектебі" мағынасын білдіреді.
Ал "Серэй" термині "Шаолинь" иероглифінің оқылуының жергілікті
вариантын ұсынады және Наха аймағы диалектінде "жас орман" мағынасын
білдіретін.
"Кэмпо" термині "цуаньфа" қытай иероглифінің Окинавалық оқылуын
білдіреді ("жұдырық әдісі" немесе "жұдырық заңы") өте ертеде XV ғасырда
Окинавада белгілі болған алғашқы Қытай у-шуының мектебін осы "Кэмпо"
сөзімен атаған.
Жапоңдықтарға каратэні таныстырудың алғашқы әрекетін 1886 жылы
Жапонияға сапар шеккен Окинавалық шебер Азато Анко жасады. Ол өзінің 59
жаста екеніне қарамай дәстүрлі ұрыс өнерінің көптеген шеберлерін, атап
айтсақ Сакудзиро Екояманы, мықты дзюдошы Сайго Сиродан кейінгі Кодокананды
жеңген. Бірақ Азатоның бұл тамаша жеңісі айналасындағылардың ешқандай
қызығушылығын туғызбады. Екінші әрекетті 1915 жылы Окинавалық дәрігер
Читосэ Цуеси жасады, бірақ оның да әрекеті байқалмай өтті. Үшінші өрекет
Гитин Фунакоси атымен байланысты. Білім министрлігінің шақыруымен 1917 жылы
Гитин Фунакоси Киотоға келеді, онда ол Бутокукайда таныстырылады (ұрыс
өнерінің Жапондық одағы).
Жапонияда каратэның таратылуы Осакаға Окинавалық шебер Мотобу Чоки
келген 1921 жылы бастадды. "Еуропалық каратэның әкесі" Анри Пле (Франция)
айтқандай Мотобу Чокисіз каратэ Жапонияда ешқашан танылмас еді, онда жекпе-
жек өнерінің ұстаздары Окинавалық "то-тэге" терең қарайтын еді.
Мотобу ұрыс өнерінің өзінің шеберлерімен бірге әйгілі отбасыдан шыққан,
отбасылық стиль "Го-тэн-тэ" немесе "Мотобу-тэ" деп аталған және Мотобу
Чохеден бастау алған. Мотобу Чоки "Го-тэн-тэден" басқа Серин-рю бағытының
бірнеше стилін үйренді. Алып дене күші бар Мотобу өте тез арада Окинаваның
ең әйгілі жекпе-жекшілеріне айналды. Ал өзінің айтқысыз қимылдары үшін
Чокуға "маймыл" деген ат қойылды. "Кумите" тәжірибесінде Мотобу Чоки стилі
қатаң байланысты болды және өзінің мақсаты-нокаутты алға қойды. Осыдан
Чокидың тағы бір аты шығады-"тейдзикун" (Окинавадан аударғанда "сеспей
қатыратын жұдырық" мағынасы). Мотобу Чоки көрсеткішті шығулары және өз
қалауымен ұрысқа шыққысы келгендермен болған жекпе-жегі арқылы өз өнерін
насихаттады, Жапонияда каратэны бекітуді бастады және Гитин Фунакосиге баға
жетпес көмек көрсетті.
1921 жылы 6-наурызда кронпринц, болашақ император Хирохито Еуропадағы
сапарынан келе сала, Окинавалық каратэның жетістігін көзбен көруді қалады.
Ол үшін Сюри ғимаратында ката, тамэшивари және кумите ұйымдастырылды. Принц
жіңішке денелі болғанымен ұрыс әрекетіне таң қалды. Бұл каратэның тағдырына
оң ықпал етті. 1922 жылы көктемде Білім Министрлігі Токиода спорттан
алғашқы ұлттық көрмені өткізді. Осы іс-шараны ұйымдастырушылардың
шақыруымен Гитин Фунакоси каратэның оқулығының үш томын алып кедді.
Кітаптың гранкалары мен қолжазбалары Токиодағы жер сілкінісі кезінде
опат болды, кейіннен жаңа кітап ("Дене мен рухты шынықтыру, сондай-ақ
каратэ арқылы өзін-өзі қорғау" кітабы) жазылды ("Рэнтан госин каратэ-
дзюцу"). Таққа отырған жаңа император-Хирохито Г.Фунакосидың шығармасымен
танысып, оның жетістігін жоғары бағалады. Кано Дзигароның (қазіргі дзюдоның
әкесі) және кэндоның шебері Накаяма Хакудоның шартымен Фунакоси бірнеше
шәкірттерімен Токиода қалады.
19 жасынан Фунакоси бастауыш мектепте ұстаз болады Окинава және Жапон
тілдерінен басқа Қытай тілін де еркін меңгерген. Ол поэзиямен (оның лақап
аты "сето"-"Емен мен толқын"), философиямен, каллиграфиямен айналысқан
тәрбиелі, инабатты адам болған. Шебер Фунакоси 15 жасында Сюри-тэ стилін
үйренуді бастаған. Алғашқыда оның ұстазы Азато Анко баласы, содан кейін
патриархтың өзі болды. 1890 жылы ол Итосу Ясуцинге оқуға түседі. 1924 жылы
Г.Фунакоси Мэйсэй-Дзюкудағы жатақханадан бірінші клубты ашады және
насихаттаумен айналысады, астаналық университеттерде каратэны енгізеді.
Кейінгі жылдары Г.Фунакоси өзінің "Каратэ-до кехан" кітабын шығарады
және сонымен бірге Сетокан-рю стилінің шыққаны туралы хабарлайды.
Сетокан эмблемасына қызыл күн мен аппақ жарты ай белгіленеді, тотемдік
рәмізі-оң аяғын көтеріп тұрған жолбарыс және оның үстінде "ке" иероглифі
"үйрену" бар.
Дөл осы үйрену қазіргі каратэның мектептерінің, бағыттарының,
стильдерінің әр алуандығына қарамай бірыңғай бәрін қамтитын дәстүрдің
негізі болады.
Ұрпақтардың ғибратына шебер техникалы құралдан бөлек "Каратэшіге өсиет"
атты үндеуін қалдырды:
-"Бу-додан "бу" иероглифі жазуда қару ұрысын доғаруды рәміздейді.
Каратэ Бу-доға қарайтын болғандықтан, бұл ең алдымен жекпе-жекке шықпас
бұрын жақсылап, ойланған жөн және қажетсіз жерде жұдырықты ала жүгіруге
болмайтындығын біддіреді.
Жастық-бұл әділдік пен албырттық. Албырттық ұрыс онерімен қыздырынады
және қайырымдылыққа, ал кейде зұлымдыққа да құйылып жатады. Егер каратэ
жолымен дұрыс жүретін болса, онда адамның мінезін жақсартады және ол
еділдіктің нағыз қорғаушысы болады. Зұлымдыққа пайдаланылған каратэ
қоғамдық бастауға және адамға қарсы болуы мүмкін.
Күшке адамдық пен әділдік басым болмаған жағдай жүгінеді. Егер де
жұдырықты ойланбай жұмсасаң айналадағыларға деген қарым-қатынасты
жоғалтасың және өзіңе нашар қарым-қатынасты тудырасын. Игі рухты бозбала
өмір жолының басында өз сөзі мен ісіне байсалды болғаны жөн.
Абыройынды сақтай білу керек, бірақ қатыгез болмауда қажет. Ұрыс
өнеріне адамды көтеру жатады. Айналадағы адамдарды ренжітіп, ақылсыз,
ойланбастан әрекет етуге болмайды. Шеберлер мен әулиелер кейде қарапайым
болып көрінеді, тек өзімсінген ақымақтар өздерінің қандай да бір ұрыс
өнерімен айналысатындығын жер-жаханға жар салады". Фунакоши өзінің
мектебімен астанада мықты бекітілгенімен, көпшілік ұсынған Бірінші ұстаз
болғанымен бірге оның жерлестері, серіктері каратэ-до майданында ұмытлуды
ұмытқан жоқ.
Окинавалық шебер Кэнва Мабуни (1893-1957 жж.) Осакада Сито-рю стилінің
негізін салды.
Стильдің алғашқы атауы Ханк-рю болды. К.Мабуни тек атын ғана емес,
сондай-ақ көне стильдің техникасын Окинавалық басқа стильдермен,
тәсілдермен, мықты күшті Наха-тэ стилімен байытты.
Стиль қатаңдығымен күшімен, қимылдардың ішкі концентрациясымен,
шапшандығымен, сондай-ақ Сетокан классикалық бастамасымен Окинавалық
техниканың көптігімен ерекшеленеді.
Наха-тэның басқа әйгілі шебері Тедзюн Мияги (1888-1953) Годзю-рю стилін
жасады ("қаттының жұмсақпен сай келуі").
Т.Мияги қолымен өгіздің жанын тесіп өту қабілетін және аяғымен
тақтайшаны теуіп сындыруды игерген. Бұл стиль алдыңғысына қарағанда
анғұрлым қатал, биік тұрысты, иілгіш ауысулар және күшті фронтальды
соққымен біріккен қарсы блоктар және белсенді қорғанысты.
Медицина докторы Хиронори Оцука (1892-1982) 1939 жылы қазіргі каратэның
әйгілі стилі Вадо-рюдің негізін салды ("Әлем жолы")-Бала күнінен
классикалық ұрыс өнерімен айналысқан Оцука каратәге дзю-до, айки-до және
кен-до тәжірибесін енгізді. Вадо-рю тиімді техникасымен, жұмсақ кету
басымдылығымен және шапшаң қатты соққылардың үйлесуіндегі блоктармен
ерекшеленеді. Техникалық бөлігі джиу-джитсуден енген, барлық ставка күшпен
және қаттылықпен емес, шапшандықпен, иілгіштікпен, айлалы қимылдармен,
финттермен және кетумен жасалынады.
1936 жылы "Рюкю Симпо" газетінің ұйымдастыруымен болған Окинавалық
каратэ шеберлерінің конференциясы жекпе-жек өнерінде рухани бастаманың
приоритетін ("до") жар салатын каратэның жаңа концепциясын бекітті. Сондай-
ақ атауды өзгерту туралы шешім қабылданды: "кара" иероглифы "қытайша"
немесе "Тян дәуіріндегі Қытай" мағынасын "кара"-"бос" мағынасына
ауыстырылды. Осылайша "қытай қолы" өнері "бос қолдың жолына" айналды.
Дене және психологиялық тренинг өдісін, стратегиясы мен тәсілді
философия мен өткеннің моралін қорытындылай келе Фунакоси мен оньщ
серіктері өлемге каратэны ашты және әлем оған таңданды. Ежелгі даналардың
ұмытылған трактаттары болмыс жұмбағына берілетін кілт өмірдің мәнін
айқындайтын ұлы жаңалықпен айтылды. Әлемнің әр еліндегі каратэның
миллиондаған табынушылары үшін заңның есте сақталатыны былай айтылатын
Сетокан жарғысымен сызба пайда болды:
- "Адамдық мәнді жетілдіруге ұмытлу";
- "Әділдік жолмен жүруге ұмытлу және оны қорғау";
- "Өзіңнің бойында еңбеккерлік рухын және қажырлылықты
тәрбиелеу";
- "Әдептілікті құрметтеу";
- "Басқыншылықты болдырмау".
II дүниежүзілік согыстың алдында Жапондық каратэ-доның ірі төрт стилі
болды: Родзю-рю, Сито-рю, Сетокан және Вадо-рю. Осылар көптеген басқа
стильдер мен мектептердің құралуы үшін негіз болды. II дүниежүзілік соғыс
Жапондық каратэге ескі мектептерді жаңаша модернизациялауға жетелей отырып,
көптеген өзгерістер енгіздірді.
50 жылдардың соңына қарай каратэ-до біржолата бекітілді, ал 60
жылдардан бастап бүкілдүние жүзіне кең түрде тәжірибеленді.
Жоғарыда көрсетілген әйгілі стильдерден басқа келесі стильдер,
мектептер, бағыттар да бар: Сето-кай, Сюко-кай, Санкю-кай, Сериндзю-рю
Кэнко-кай каратэ-до, Кекусинкай ("абсолютты шыңдық қоғамы" немесе "жетілу
шьщьша жол"), Сенки-кай, Сэйсин-кай, Хаяси-ха, Тани-ха және т.б.
Жапондық каратэ ассоциациясы 1955 жылы негізденді, оның құрметті
президенті Г.Фунакоси болды. 1957 жылы өткізілген каратэның бүкілжапондық
чемпионатынан бастап осы ежелгі ұрыс өнерінің жаңа спорттық өмірі
басталады.
Каратэның танымалдылығының өсуімен байланысты әр алуан стильдердің
бірігу әрекеті және каратэның олимпиядалық мойындауға қол жеткізу үшін
күрес басталды.
1965 жылы каратэның Еуропалық Одағы құрылады (EKU). Президенті болып
Жак Делькур (Франция) сайланады. 1966 жылдан бастап каратэден Еуропа
чемпионаты жыл сайын өткізіледі.
1969 жылы Ж.Делькур және жапон миллиардері сол кезде каратэның жапондык
федерациясын басқарған Сасагава 1970 жылы Токиода болған каратэден 1
әлемдік чемпионатын өткізу туралы келісім-шартқа қол қояды.
Осы чемпионатта 33 елдің өкілдерінің конгресі каратэны ұйымдастырудың
дүниежүзілік одағын (WVKO) құру туралы шешімді қабылдайды. Қазіргі уақытта
WVKO дүниежүзілік каратэ федерациясы WKF болып қайта құрылды.
1976 жылы WVKO құрамынан Сетокан стилінің әйгілі шебері өзінің дәстүрлі
жеке каратэ ұйымын (ITKF) құрған Нишияма Хидэтаки шықты және олимпиядалық
ойындарда каратэны жеке өзін ұсыну құқық үшін күресті бастады. Бұл шебердің
беделі мен әсері жоғары болғаны сонша дүниежүзілік каратэ екі лагерьге
бөлінді. Халықаралық Олимпиядалық комитет каратэны мойындауды екі ұйымның
бірігуі шартымен қойды. Нишияма мен Делькур арасындағы келісімге келу 20
жылдан астам уақытқа созылды.
1998 жылы желтоқсанда EKF және WKF президенті Антонио Эспинос (Испания)
сайланғаннан кейін Халықаралық олимпиядалық комитет WKF-ты мойындады,
каратэ 2004 жылы Афиныда өтетін Олимп ойындары бағдарламасына енгізілді.
Каратэден жарыс ерлер мен әйелдер арасында екі негізгі бөлім бойынша
өткізіледі:
1. Кумитэ-спортшылардың негізгі тәртіппен соққы беруде жіберілетін
байланыс сатысын анықтайтын жекпе-жегі. Спортшылар бірнеше салмақ
категориясында жеке және командамен сайысады. Жеңімпаз жинаған ұпайлары
бойынша анықталады.
2. Ката (жапонша "форма")-дәстүрлі каратэ тәсілдерінің техникалық
кешені, олардың орындалуы тұрақты критерилермен бағаланады. Жеңімпаз
орындалу формасы мен спасына қарай анықталады. Сайыс жеке және командалық
түрде өткізіледі.
1.1. Каратэнің басты әдістері
Каратэ өнері жүздеген жылдардан бері қалыптасып келе жатыр. Бұл өнердің
де аздаған қателіктері бар. Бұл өнерді игеру үшін қиын және ұзақ уақыт
кетті.
Каратэ-бұл ете қатаң метод. Каратэ өнерін игеру үшін қатаң төртіп және
табандылық қажет. Қиын физикалық жаттығуларға әркім төзе бермейді.
Физикалық жаттығулар арқылы адамның денсаулығы да нығая түседі.
Каратэмен айналысатын киелі жер-жаттығу залы (доджо). Жаттығу залына
кірерде барлық проблемаларды және уайым-қайғыны ұмыту керек. Барлық ықылас-
ынтамен жаттығуға кірісу керек. Залдан тек қана мұғалімінің рұқсатымен шығу
керек. Мұғалім каратэ әдістерін түсіндіріп жатқан кезде, оқушылардың барлық
ой-ықыластары мұғалімде болуы тиіс. Оқушыда каратэ өнерін үйренуден басқа
ешқандай ой болмауы керек.
Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас этикетке сай болуы керек.
Әрбір жаттығу бас иго арқылы басталады және аяқталады.
Оқушылар басты айла-әдісті үйрену үшін оларға екі ай уақыт беріледі.
Бұл уақытта оларды толық үйреніп шығу мүмкін емес. Оқушылар күнбе-күн
жаттығу жасап тұруы керек, және барлық ынта-ықыластарын жаттығуға жұмсауы
керек.
Егер жаттығу дұрыс жасалмаса және жүргізілмесе онда көздеген мақсатқа
жету мүмкін емес. Каратэ сабақтары ғылымдық салада және физикалық,
физиологиялық әдістерге сай болуы керек. Каратэ сабақтарын оқушы бастапқы
кезде қалай түсінсе, ары қарай іс жүзінде де солай орындайды.
Каратэ өнерінде оқушы өзін-өзі басқара білуі және күш-жігерін игере
алуы шарт. Каратэ өнерінде мына басты қағидаларды ескеру керек:
Ауырлық тепе-теңдік
Каратэ әдіс-айласын игеру үшін физикалық, физиологиялық және
психологиялық әдістерді игеру керек. Бұл әдіс-айланы іс жүзінде орындаған
кезде ажырату мүмкін емес. Спорт өнерінде үздік формалар осы каратэден
шыққан.
Денедегі барлық мүшелер жаттығу жасағанда бір-біріне байланысып тұруы
керек. Денедегі үш тұрақты фактор: салмақ, ауырлық орталығы және тепе-
теңдік.
Салмақ еденге тікесінен тұрғанда сол жердегі салмақ-салмақ орталығы
болып табылады. Алаңның көлемі ұлғайған сайын дене кішірейе береді. Салмақ
орталығыны білу үшін аяқты иықпен бірдей қашықтықта ашу керек. Сол кезде
салмақ түскен жер-салмақ оралығы болып есептеледі. Мұндай жағдайда барлық
салмақ екі аяққа түседі. Салмақты бір қалыпты сақтап тұру үшін және сергіп
жүру үшін аяқты ұшымен секіріп жүру керек. Мұндай жағдайда қолды да, аяқты
да еркін қимылдатуға болады.
Күш, жылдамдық, концентрациясы
Бір ғана күшті игеру спортта көп жетістіктереге жеткізе қоймайды. Күшті
дер кезіңде қоддана білу керек. Күшті жай, қатты немесе жылдам жаттығулар
бұл ауыр нәрселерді көтергенде қолданылады.
Каратэ өнерінде жылдамдық үлкен роль атқарады. Жылдамды күш жұмсаудағы
басты элементтердің бірі болып есептеледі. Қол және аяқ жылдам қимылдауы
тиіс бұлшықеттер мықты болуы тиіс. Бірақ бастапқы кезде өте жылдам
қимылдаса аяқ жағында қылжиып қалады. Себебі бастапқьща өте жылдам жасалған
жаттығулар бұлшық еттерді шаршатып және босатып тастайды.
Қайтадан контакт болған кезде бұлшықеттер іске кіріседі, және азырақ
болса да күш беруі үшін. Бұл периодта күшті салмақ түсіруден және
басқарудан бұлшықеттер өте қызу іске кіріседі. Мұны практика жүзінде де
көруге болады.
Күшті және жылдамдықты арттыру үшін барлық уақытта және үзбей жаттығып
жүру керек. Жиі және үзбей жаттығып жүрген адам өзін-өзі жақсы қорғай
алады.
Қарсыласының ішкі ойын және қимыл-қозғалысын бақылап отырады. Бір ғана
бағытқа бағытталған соққылар бұлшықеттердің әлсіз болуына әкеп соқтырады.
Әр түрлі бағыттарға бағытталған соққылар-қимылдар бұлшық еттердің ширап,
күшейіп, нығая түсуіне әсер етеді.
Денедегі барлық жүйелерді сол бағытталған бағытқа жұмсау және бар күш-
жігерді сол жаққа бағыттау-жетістіктерге жетелейді.
Ритм
Дұрыс орындалған қимыл-қозғалыс каратэде ритмсіз болмайды. Үйренуші
үшін ритм-бұл әрбір әдісті үйрену үшін өте қажет, әсіресе басты әдісте
(кихон).
Ритм басты формальді жаттығуда ("ката") үлкен роль атқарады.
Төмендегіше элементтерге басты назар аудару керек: Әртүрлі жылдамдықтар
және жәй және баяу қимылдар, күш салу және босаңсу. Дұрыс тыныс алу,
психофизикалық жағдайлардың әсері. Бұл талаптар ритмсіз болады.
Тыныс алу
Каратэде іштен төмен тыныс алу керек. Мұндай тыныс алу көкірек
бұлшықеттерін сақтауға мүмкіндік береді жене ол техникалық әдістерді
(қимылдарды) орындауға аса қажетті. Сонымен бірге төменгі тыныс алу бірден
қарын бұлшықеттерін "кимэ" жұмысының барысында іске кірісуте, сонымен қатар
көкірек пен ішті тез тарту, соққы беру жағдайда өзіне үлкен күштілікпен
әсер етеді. Жапондықтардың айтуы бойынша адам жаны еркінді және күштің
басты беліктерімен бірқалыптылықты қамтамасыз ету қажеттілігін есте сақтау
керек. Төменгі тыныс алу ішкі органдардың жұмысын реттейді.
Тыныс алуды бақылау қарынның төменгі бөлігіне көңіл аударып
концентрациялау тыныштық пен сенімділікті қамтамасыз ететін жағдай.
Қарсыласыңа шабуыл жасамастан бұрын тыныс алу керек, шабуыл жасаған кезде
тыныс шығарып "ки-ай" деп айқайлау керек. Тез тыныс шығарып, бұлшықеттердің
күшімен (энергиясымен) қарсыластың бетін кайтару керек. Тынысты ішке
тартқан кезде бұлшықеттер созылып денесін бос тастайды. Бұл сәт шабуылға
қолайсыз. Бір жағынан осы сәтте қарсыласын да тыныс алып, шығарғанын білуің
және саған қарай шабуыл жасағанда тыныс алуын бақылау керек.
Ес және еркіндік
Жеңіс ең алдымен өз-өзінді жеңуден басталады. Яғни бұл үшін ең алдымен
шектен шығып кетпей, ішкі жан дүниеннің тыныштығын сақтау керек. Егер
басыңызды қатерге тіге отырсаңыз да бірқалыпты бейқам болуыңыз керек. Сонда
ғана сіз жеңіске жете аласың. Егер Сіздің жаныңызда қорқыныш пен ашу
буырқанып тұрса, онда Сіздің барлық күш-жігеріңіз қарсыласыңызға өтеді.
Сіздің өміріңізде қандай да бір жағдай болмасын, яғни, Сіздің рухыңыз
әрқашан да жоғары дәрежеде болуы керек. Сондықтан каратэде ең қиыны осы.
Осының салдарынан сан қилы жылдар өтеді.
Тек осы жағдайда Сіз шеберлікті меңгеріп ішкі тербеліске ие боласыз.
Өзін еркін ұстау, тепе-тендікте бола білу кез-келген қарсыласыңды жеңе
білудің жолы. Қажырлы еңбек және тұрақты ішкі жұмыс процесінде қарсыластың
іс-әрекетін, ойын аңғаруға болады.
Арақашықтық соққы кезінде берілген сәт
Арақашықтық ұзындықтың бөлігіне қатысты, соққының бөлігі мен мақсатын
білдіреді. Әрбір соққының өзінің бағыты бар. Егер арақашықтық өте үлкен
болса-соққының күші жоғалады, осы жерден бір қалыптылық жоғалып, саған
қарсы шабуыл жасауға мүмкіндік туады.
Егер арақашықтық өте жақын болса, соққы қатты күшпен келмей, бұл жерде
көп қимыл болмайды. Егер Сіз қарсыласыңызға өте жақын тұрсаңыз, оның Сізді
ертерек соққыға жығуы мүмкін.
Макиварадан жұмыс барысында соққының қуаты аяқ және қол ұзындығы
бойымен жалғасады.
Каратэде қарсылаетар әдетте бір-бірінен бір қадам болса да алшақ
тұрады, яғни осылай тұрса соққы беру ыңғайлы болады дене қимылының
шапшаңдығымен қосымша қимыл жасай алады. Бұл арақашықтықтар тәжірибеде
"кумитэ" ретінде қабылданады.
Дұрыс арақашықтық мынадай факторлардан тұрады:
1.Сіздің тұрысыңыз (стойка).
2. Қолданьюған (орындалған) жаттығулар.
3. Физикалық мінез-құлықтар сондай-ақ Сіздің қарсыласыңыздың ойы. Егер
де сіз қимыл жасайын деп тұрған қарсыласыңыздың жылдамдығы мен қимылын
бақылап тұруыңыз қажет. Бұл іс-әрекет сіз қарама-қарсы келе жатқан
қарсыласыңыздың белгілі-бір нүктесіне соққы берудегі іс-әрекеті.
Егер қарсыласыңыз өте жақын тұрса, оған күшті соққы беру мүмкін емес,
ол үшін сіз артқа немесе жаныңызға қарай жылжып, арақашықтық сақтап, соққы
беруге болады.
Соққы беретін кезде өте қажетті үш факторды білуіміз керек. Олар:
1. Сіздің күшіңіздің сәттілігі.
2. Сіздің және қарсыласыңыздың арақашықтықтарыңыз.
3. Қарсыласыңызға шабуыл жасаған кезде оның техникасын бақылау керек.
Тайминг осындай жаттығулары сіздің шабуыл жасайын деп жатқан кездегі
сіздің іс-әрекетіңізді былай талдауға болады.
а) Сіздің қарсыласыңыз сізге шабуыл жасауға дайын. Ол сізді соққыға
жығатын сәтте, өзіне соққы тиерін ойламайды. Осы уақыт сізге ете қолайлы
болып табылады.
ә) Сіздің қарсыласыңыз сізге шабуыл жасаған сәтте көп күш
жұмсағандықтан, ары қарай әлсіреп қалады.
б) Сіздің қарсыласыңыз сізге соққы бергеннен кейін бір қадам артқа
немесе шетке қарай шегінеді. Осы кезде ол сізге ешқаңдай қарсылық көрсете
алмайды.
в) Сіздің қарсыласыңыз 1-соққыға түскеннен кейін келесі соққыға жығуға
ат салысасыз.
г) Осы сәтте ол әрекетін тоқтатын күшін жоғалтыл, әлсірейді.
д) Қарсыласыңыз демалып немесе демін шығарған кезде халі нашарлайды.
е) Қарсыласыңыз осы кезде тепе-теңдігін жоғалтып, тұрысын өзгертіп,
өзін-өзі қорғайды. Осы кезде сіздің шабуылға шығуыңыз үшін жол ашылады.
Турасы (қорыта айтқанда)
Энергияньщ жоғалуының ең басты себебі осы сіздің күшіңіз қарсыласыңыз
нақты бір көздеген нүктесіне тигізу керек.
Сіздің кездеген мақсатыңызға жұдырықпен соққы беру үшін белгілі
әдістерді пайдалану керек. Осы әдістер арқылы көздеген мақсатыңызға жете
аласыз.
Осы әдісті каратэде былай қолданады. Мысалы: қарсыласыңыздың бетіне
ұрған кезде жұдырығыңыз әрқашан бәксенің жанында болып, саусағыңыз жоғары,
содан соң жарты айналым жасайсыз (осы кезде саусағыңыз төменге бағыт алады)
және үлкен күшпен көздеген нүктеңізге жеткізуіңіз керек. Енді бір жағынан
қарасақ осы уақыттағы соққыңыз күйреуші соққы болып келеді.
1.2. Тұрыстар
Алғашқы деректерге сүйенсек, қытайда "Бу" сөзі екі мағына-қадам және
тұрысты білдіретінін білуге болады. Расында да тәжірибелі спорт шебері
қарапайым адамдар үшін түсініксіз шапшаңдықпен бір тұрыстан екіншісіне
"қадам жасайды".
Біз өмірімізде бір ғана тұрыс-60-70 см. Тең қадамды білеміз, сол
себепті де қозғалғанда кез-келген қалыпсыз жағдайда өте икемсіз каратэның
негізгі дұрыс, тиімді техникасын құруда алғашқы дәрежелі маңыздылығын дене
мен аяқ атқарады. Дене нығыз болу керек, сонымен бірге тез қимылдау керек.
Сондықтан ауырлық нүктесінің тез ауысуын жасайтын саусақтардың, сирақтардың
тізенің серпімділігі, сондай-ақ санның бұрылуы арқылы табан әр аяққа салмақ
түсіреді. Денені түзу қалыпта ұстау керек, омыртқа бастан аяққа дейін түзу
болады. Табан арқылы жасалған параллелограм арқылы өтетін бір тік түзуде
бас пен ауырлық нүктесі де болу керек.
Кеуде бұрылған иықпен жазылу керек, бұл диафрагманы босатады және тыныс
алуды жеңілдетеді.
Ішін саңдардың ортасына келтіріп, (аз ғана күш жұмсаған іш
бұлшықеттерімен) және ауырлық нүктесін төмендету үшін төменге қарай
сығымдау керек. Тыныс алу іштен басталады.
Бет босаңсыған күйде болады, ауыз жиырылуы керек. Сілекей секрециясын
жеңілдету үшін, көмейдің құрғап қалмауын сақтап қалу үшін тіл жоғары
таңдайға жанасу керек. Бұлшықеттерді босаңсыту қажет. Ішкі қуат ки басты
түрде ауырлық орталығына көңіл аудару керек. Тыныс алу-ки көзі ретінде
терең, түзу болып, кеуденің жоғарғы бөлігінен емес, іш пен диафрагма арқылы
өтсді.
Тұрыстар "шабуылдайтын" және "қорғанатын" болып бөлінеді, бұлар
"ауыспалы" тұтас қозғалмалы жүйелілікке байланысады. Қозғалысқа үлкен
потенциалды тұрыстар болады және айланы шектейтін жағдайдағы жұмысқа
арналған тұрыстар болады.
Ең бастысын білген жен: "тұрыс" түсінігі уақытқа қатысты, егер
геометриялық параметрлерді алатын болсақ, мысалы, "шабуылдайтын" тұрыс тек
соққы беруде қолданылады. Содан кейін не "қорғаныс" түріне, не басқа
қимылға ауысады, не алдыңғы қалпына келеді.
Әр түрлі тұрыстарды біріктіретін басты нәрсе-бұл тұрақтылық, кез-келген
жағдайда баланстың сақталуы, тұрысты мезетінде таңдау және қолдану, бірдей
қалыптасатын жағдайлардың түсінігі, ең ақырында орындалатын тәсілге дене
бұлшықеттері арқылы жоғары күшті жұмсау мен қалыптастыруға жағдай жасайды.
Еркін спарринг үшін екі тұрыстың біреуін таңдау мектептен, спортшының
дара ерекшеліктерінен: оның күшінен, спарриште қозғалу жылдамдығынан,
ұрысты жүргізу әдісіне байланысты.
Біз үйреніп және іске асыру үшін келесі тұрыстарды ұсынамыз:
- Тәйджи-дати (Т бейнелі тұрыс)
Табандар "Т" әрпінің қалпына орналасады (артқы табан біршама ішке қарай
бұрылады). Олардың арасы 30 см. Бүкіл дененін салмағы екі аяққа бөлінеді.
Ренодзи-дати (L-бейнелі тұрыс) Табаңдар "L" әрпінің қалпында
орналасады, алдыңғы табанның орта сызығымен фронттен артқа жүргізілген
сызық артқы аяқтың өкшесінің артқы бөлігінің жанымен өтеді.
Фронтальды бағытта тұрыстың, ені шамамен иық пен санның еніне сәйкес
болады. Бүкіл дене былайша бөлінеді: 60-70% алдыңғы аяққа және 30-40% артқы
аяққа. Артқы аяқ аз ғана бүгіледі әрі 45% бұрышта шабуыл сызығына сыртқа
қарай жазылады.
Арқаны түзу, ал дененің жоғарғы бөлігін жерге перлендикуляр ұстау
керек. Кеудені алға қарай түзу жазады немесе ханмига (жартылай фронтальды
бағыт) тұру керек. Мұндай жағдайда сан мен иықты 45 градус бұрышта фронтта
ұстау керек, тек алға қарай қарау керек. Тұрыс блоктауда және алдыңдағы
шабуылға тиімді.
Кокуцу-дати (артқы тұрыс)
Екі аяқтың өкшесі шамамен бір сызықтың бойында тұрады, дененің салмағы
артқы аяққа ауысады (60-70%). Бұл қорғаныс тұрысы деп есептеледі. Санның
негізгі қалпы-ханми.
Фудо-дати немесе Сочин-дати (1 сурет. Түбірлі тұрыс) Классикалық ұрыс
тұрысы, Киба-дачи мен Дзентуцу-дачи арасындағы аралықтағы қалып. Екі аяқ та
бүгіледі, табан 45 градус бұрышқа иіледі, корпус жартылай жазылады.
Тұрыс мықты шабуылды блоктау үшін және шапшаң қарсы шабуылды жүргізуде
тиімді болып табылады.
1-сурет
Неко-аши-дати (2 сурет. "Мысықтарша" тұрыс) Кез-келген басқа тез
қимылға ауысуды немесе қимылдың бағытын ауыстыруды жасайтын ауыспалы тұрыс.
Аяқтың табаны 45 градус бұрышта болады. Алдыңғы аяқ бір табанның
аралығындағы артқы өкшемен бір сызықтың бойында. Артқы аяқ дененің 80-90%
салмағын көтереді.
Екіншісі алдыңғы аяқтың ұшымен өкшесі жерден көтерілген 10-20 %
көтереді.
Хангецу-дати (3 сурет. "Жарты ай" тұрысы) Дзенкуцу-дачи мен санчин-дачи
арасындағы тұрыс.
Табанның қалпы Дзенкуцу-дачидегі сияқты, бірақ табаңдардың аралығы
қысқарақ. Тіземен ішке қарай иілу әдісі Санчин-дачимен ұқсас. Бұл тұрыс
шабуыл үшін де, қорғаныс үшін де қажет.
3-сурет 4-сурет
Санчин-дати (5 сурет. Құмсағат тұрысы)
Дененің жұмыс істеу принципі Хангецумен бірдей, бірақ тұрыс негізі
едәуір төмен, табан иықтың еніне тең болып жазылады, дененің салмағы екі
табанға балама түрде үлестірілген. Тізе шамамен 45 градусқа бүгіледі,
табанның басы мен тізе ішке қарай иіледі. Окинаваның барлық стилі тыныс
катасы Санчинді үйренеді, мұнда атгас тұрыс-негізгі.
Жарысқа дербес вариант ретінде "спорттық тұрыс" қолданылады. "Спорттық
тұрыста" дененің салмағы екі аяққа теңдей түседі, аяқтың өкшесі еденнен аз
ғана көтеріледі, негізгі салмақ саусақтардың ұшына түседі. Алдыңғы табан
тізе шаты жауып тұратындай орналасады. Тұрыстың ені-иықтың енімен, тұрыстың
ұзындығы-жекпе-жек барысында теңеседі.
5-сурет
Біз ұсынған кез-келген тұрыс шабуыл ретінде де қорғаныс ретінде де
қодданылады. Тұрыстардың қорғаныс және шабуылға бөлінуі шартты және ауырлық
нүктесінің жағдайымен байланысқан. Көптеген тұрыстарда ауырлық нүктесінің
қозғалуынан қорғанудан шабуылға немесе керісінше ауысуға болады.
Кез-келген тұрыс еркін спаррингте қозғалмалы, яғни жекпе-жек барысында
туындаған жағдайға байланысты өзгеріп отырады және басқасына ауысуы сирек
кездеспейді.
Тәжірибелі спорт шеберлері қарсыластардың күші тең болғанда екеуінің
тұрыстың көп түрін, сонымен бірге шабуыл және қарсы шабуыл қимылдарына
сәйкес тұрыстың біреуінен екіншісіне ауысуды білетіні жеңеді деп
есептеледі.
Міне сондықтан әр түрлі тұрысты (ережені) мұқият үйрену және олардың
қозғалуы, бірінен екіншісіне ауысу еркін спарринг үшін өте маңызды.
Негізгі тұрыстардың жаттығу әдісі:
- Бір тұрыста ұзақ уақыт (бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін) оның
геометриясын өзгертпей тұру.
- Дененің күш жұмсауының изометриялық алмасуы мен геометриясын
өзгертпей толық босаңсуы. Күш жұмсау уақыты 6 секундтан аспауы керек.
- Бір тұрысты қабылдау, содан кейін ("қадамдау") осымен байланысқан
тұрысқа ауысу, ал егер бір орында болса, онда табанды көтермей санның
айналуы.
- Дененің барлық бөлігі қимылды бір уақытта бастап және аяқтау керек.
Аяқтың өкшелері қимылдың кез-келген нүктесінде шабуылдау үшін еденде
тайғанайды.
- Тұрысты үйренуде қорғаныс пен шабуылдың осы тұрысты орындау ыңғайлы
болатын тәсілдерін үйренген жөн.
1.3. Соққы техникасы
Қол, аяқ және дененің басқа да бөліктерімен соққы түрлері жеткілікті.
Кептеген ғылыми-танымалы басылымдарда олардың орындалуы мен техникасы өте
мұқият көрсетілген. Сондықтан да бұл оқу құралында оларды қайтадан қайталап
жазудың қажеті жоқ. Спорттық каратэде қолданылатын соққы түрлері шектеулі.
Осыған байланысты біз тек кейбіреулерін ғана ұсынамыз.
Қол
Сэйкен-"тура жұдырық". Базалық техникадағы негізгі форма. Жұдырықты
дұрыс қолдану үшін келесі нәрселерге сүйенуді ұсынамыз: алақан мен саусақты
алға созу, алдымен кішкентай саусақты қатты майыстырып, кейін бірте-бірте
қалған саусақтарды майыстыру арқылы алақанды жұдырық етіп түйістіру қажет.
Дұрыс жиналған жұдырық өте мықты әрі қатты болу қажет.
Саусақты майыстырып қысқаннан кейін, бірінші қатарда үлкен саусақ
майысады және басқаларын күшпен басады. Саусақтар білезіктің үстіңгі
бөлігімен сүйір бұрыш жасауы қажет. Жұдырық білектің жалғасы болады.
Сонымен бірге сынықты болдырмау үшін білезік майыспауы қажет. Жұдырықтың
соққыда қолданылатын нүктелері сұқ және ортаңғы саусақ (кэнто) негізі болып
табылады.
Тура соққылар
Ои-цуки-бұл қол жұдырығының тура соққысы мен бір уақытта алға
жіберілген аяқпен шабуыл. (6,7,8 сурет).
Дзен-куцу қалпы тіреуіш аяқты көтермей, артқа қалдырылған аяқты алға
қарай жылдам аустыру. Қозғалатын аяқтың еденге жанасуы кезінде өте қатты
соққы жұдырықпен берілуі тиіс. Сонымен бірге жартылай айналу болады,
жұдырықтың қозғалу траекториясында тұрақтылықты және соққының дәлдігін
арттыруды қамтамасыз етеді.
Бастапқы жағдайда алға жіберілген қол жылдам артқа тартылады, бұл
реактивті қозғалыс соққының мықтылығын күшейтеді.
Сол жақтық тұрыстан оң жақтыға ауысудың нәтижесінде мықын 90 градусқа
бұрылады, бұл соққы күші болып табылады.
Ои-цукиді орындау техникасында келесі жағдайларды орындау маңызды:
- сымбат ( бастың орналасуы, түзу тік арқа);
- қимылға берілетін алғашқы күш;
- өкшенің ауысуы үйлестігінің дұрыстығы, соққының шешуші фазасында
санның айналуы;
- қатты баланс және соққы энергиясын алып тастаудың іргетасы ретінде
дұрыс ақырғы тұрыс;
- биомеханикалық және психикалық құрамалардың дәл фокусировкасы.
Гияку-цуки-"кері соққы", негізгі қарсы шабуыл соққысы. Қолмен, немесе
бір орында, немесе алға қозғалуда әр түрлі атпен алға жіберілген аяқпен
орындалады. (9,10,11,12,13 сурет).
Орындалуы. Хидари-фудо-датидың бастапқы жағдайында сол қол адда болады,
оң аяқта тізеден түзулей, ауырлық ортасы алдыңғы аяққа аз ғана жылжиды,
дзенкуцу-датихе ауысады.
Мұнымен бірге бір уақытта санның айналуы, сол қолдың артқа бір қырына
қарай тартылуы және оң қолдың соққысы басталады. Барлық қимылда бір уақытта
аяқталады.
Аяқ
Коси-саусақтың негізі.
Куби-өкшенің көтерілуі.
Маи-гери-тура алдындағы фронтальды соққы. Соққының сырты-коси.
(14,15,16 сурет)
Орындалуы: Фудо-дати оң табаннан еденнен бірден итеріліп, аяқты созады
және тізені барынша көтереді. Соққы беретін аяқтың табаны еденге параллель,
қорғаныс аяқ тізеге аз ғана иіледі. Ары қарай жоғары көтерілген аяқтың
тізесі жылдам жазылады, ал табан тура траекторияда көзделген нүктеге
барады. Аяқтың қысқа мерзімді белгісінен кейін соққының ақырғы бөлігінде ол
бірден соққы алдындағы жағдайға тартылады.
Маваси-гери-алдыңнан көлденең айналып, қатты тиетін соққы. Дзедан,
Чудан деңгейі, табанның көтерілуі арқылы орындалады. Әр түрлі тұрыста,
бастапқы тұрыстағы алдыңғы және артқы аяқпен ауысуда өткізіледі. (17,18,19
сурет).
Орындалуы: Бастапқы жағдайы-Фудо-дати тізені шетке нақты көтереді,
сирақ санға қарай қысылған, ал табан соққы беруге дайын, тура бағытталады.
Бір уақытта иінді тізенің қозғалуына қарай қарсы айналдырып, сирақты бүкпей
шабуыл сызығына соққы беретін тізені алып шығады. Иық пен жамбастың өзара
барынша бұралуы кезінде соққы беретін аяқтың саны мен сирағы шеңбер жасап
көтеріледі (айналу ортасы тізе болады), нүктені "сабалап", жылдам өкше мен
бөксеге қайтарады, ал жамбастың бір жағы төмендейді.
Одан ары тізе қалыпты жағдайына келеді.
Ура-маваси-гэри-"кері" шеңберлі соққы. Дзедан деңгейі бойынша табанмен
орындалады. (20, 21 сурет).
Егер маваси-гэри соққы алдындағы жағдайда қатты бүгілгеннен кейін
түзуленетін аяқты түсірсе, ал ура-мавасиде бәрі керісінше: соққының алдывда
аяқ жіберілген, ал аяқталған кезенде-өзіне өкшемен соққы бере отырып бірден
тез бүгіледі.
Орындалуы: Бастапқы қалпы-Дзию-каме (еркін тік тұру).
Оң аяқпен алдында сермеу жасайды, қиғаш бағытта солға жоғарыға қарай
аяқ жазылады. Соққы беретін табанды көлденең жағдайда, өкшенің көлденең
жазықтықтағы солға-оңға қарай өзіне өкшені шеңберлі қимылдармен қысып,
санды бүгетіндерді жұмысқа тез қосу қимылымен бір уақытта дамытады. Сирақты
аралықтағы қалыпқа келтіру. Бастапқы тұрысты қабылдау. Маваси-гэри, Ура-
маваси сияқты аяқты алға артқа қозғау арқылы орындалады.
1.4. Қозғалыстар
Жекпе-жек кезде (бос спаррингте) тиімді атыс (қарсы шабуылда) кезінде
карсыласына жақындау керек немесе оған тиімсіз арақашықтықта болу керек.
Бір тік тұрудан екінші жаққа ауысу, алға жылжу, шегіну, бұрылыстар-жекпе-
жектегі ең қауіпті кездер, қарсыласың осы кездерді пайдаланып, шабуыл
жасауы мүмкін.
Сондықтан осындай барлық жағдайларды еске алу керек, барлық қозғалыстар
шапшаң, элементтерді сақтай отырып істеу керек. Қозғалыс кезінде міндетті
түрде мына талаптарды орындау керек:
- қозғалыс кенеттен ("қоңыраусыз") және жылдам болуы керек;
- қозғалыстың барлық фазасында абсолюттік қатал баланыстарды сақтау
керек;
- дене қозғалысының нақты фиксациялық қалпы сақталуы керек;
- дененің толық салмағын сақтау;
Егер ауырлық орталығы жабдықталған болса, онда бұл жағдайда өткізілген
атыс әлсіз болады.
Негізгі қозғалыс бағыты қолданылады: алға, артқа, сол жаққа, оң жаққа,
алға-солға, артқа-солға, алға-оңға, артқа-солға.
1. Алға-артқа қозғалып секіру ("челнок") солға-оңға. (22 сурет).
Тұрған бойда ("фудо-дати") аяқты алмастырмай орындау. Екі аяқты полдан
секіру арқылы бір мезгілде итеру арқылы іске асады. Алға-артқа, солға-оңға
қозғалу бағытында.
2. Тұрған бойда алмасып секіру (сол жақтан оң жаққа немесе керісінше).
Атыстан кету кезінде немесе қарсыласын алмасу кезінде шатастыру үшін
қолданылады.
3. Секірудегі қозғалыста (окури-аши). Жылдам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz