Тауық жұмыртқаларын инкубациялаудың режимі


КІРІСПЕ
Құс шаруашылығы-мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді саласы. Бұл саланың өркендеуіне тиісті жағдайлар жасалса, аса қысқа уақыттың ішінде еңбекті де, азықты да, қаржыны да аз жұмсап, жұғымдылығы жоғары өнімі-етті және жұмыртқаны жылдың төрт мезгілінде де көп мөлшерде өндіруге болады.
Жұмыртқа әр түрлі қоректік заттарға бай келеді. Сондықтан ол жұғымдылығы да, сапасы да жоғары өнімдердің қатарына қосылады. Дені сау тауықтан алынған жұмыртқа өте таза болады. Сондықтан одан ауру тарамайды. Құстан жұмыртқасы мен еті диетикалық тағамдарға жатқызылады. Олар адам организміне өте жақсы сіңеді. Тамаққа жұмыртқаны пайдаланғанда ол заттың дұрыс алмасуына ықпал етеді, нерв жүйесін нығайтып, организмнің әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.
Жұмыртқада адамға қажетті жеңіл сіңіретін қоректік заттар болғандықтан, оның құрамында құнды белоктар, майлар, көмірсулар, жиырмадан астам минералдық заттар және оннан астам дәрумендер бар.
Жұмыртқаны ұзақ уақыт сақтау үшін, жұмыртқаны ұнтаққа немесе мұздатылған қоспаға айналдырады, яғни белогы мен сарысын өз алдына бөлек-бөлек өңдейді. Жұмыртқа халық шаруашылығының басқа салаларында кеңінен пайдаланылады. Жылтыр және хром былғары жасаған кезде кептірілген белок қолданылады.
Тоқыма өнеркәсібінде ондай белок матаның түсіне нәзік рең беретін бояулардың тез өңіп кетпеуі үшін қолданылады, бекіткіш ретінде белок баспахана бояуларында, фотография өнеркәсібінде пайдаланылады, ал шарап жасағанда оған белок қосса, ол мөлдір болады. Жұмыртқаның сары уызы терілердің ерекше сортын илегенде, сабын қайнатқанда және косметикалық өнеркәсіпте қолданылады. Медицина және мал дәрігерлігі өнеркәсібінде сарысу, вакциналар және бактериялық құралдар дайындаған кезде, фармакологиялық дәрі-дәрмектер жасағанда да жұмыртқа пайдаланылады.
Құс еті маңызды диеталық тамақ болып есептеледі. Оның құрамында құнды белок, май, минералдық заттар мен дәрумендер мол. Сондықтан оны, әсіресе балалар мен науқас адамдарды тамақтандыруға пайдаланудың маңызы зор. Құс етінің басқа еттерден айырмашылығы онда протеин көп және дәнекерлік тканьдер аз, бұлшық еттердің ара-арасында май қабаты болмайды.
Құс етінде орта есеппен 22-24% белок бар. Құсты ет үшін өсіргенде өндіріс интенсивті сипат алады. Осыған байланысты жұмсалған қаржы шошқа етін өндіруге жұмсалатын қаржыдан 3-4 есе, ал сиыр етін өндіруге жұмсалатын қаржыдан 8-9 есе тез өтеледі.
Құстың қосалқы өнімдері-қауырсыны мен мамығы да өте пайдалы. Жұмсақ, жеңіл серпімді және көпке шыдайтын болғандықтан одан мамық жастық, шашақ көрпе, құс төсек т. б. жасалады. Құрғақ қауырсын шірімейді, иісі болмайды және оны бөгде заттардан оңай тазартуға болады. Сондықтан қауырсын мен мамық галантер бұйымдарын жасағанда кеңінен пайдаланылады. Сапасы төмен қауырсындардан азықтық ұн дайындалады. Мұндай ұнда 80-85% протеин мен витамин болады.
Құстың саңғырығы-бағалы тыңайтқыш. Ондай тыңайтқыш әсіресе жеміс-жидек және көкөніс дақылдарына қажет-ақ. Құстың сағғырығында көңге қарағанда азот 3-4 есе, ал фосфор 5-6 есе көп болады. Сонымен қатар тауық саңғырығынан мочевина алады. Ол фармацевт өнеркәсібінде пайдаланылады.
Құсты өңдегенде қалатын қалдықтарды (ішектері, қаны, бассирағы) мал азығы ретінде пайдалануға болады.
Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне орай өсімтал келеді. Оларды топ-тобымен ұстап, ұдайы өнім алып тұруға, бұл үшін жемді және өндірістік қорларды тиімді пайдалануға, сөйтіп көп табыс табуға болады.
Егер дұрыс күтіп, дұрыс азықтандырып отырса, тауықтың қазіргі жұмыртқалағыш тұқымдары жылына 260 жұмыртқаға дейін тіпті одан да көп жұмыртқа салады. Соған орай жылына бір тауықтан 120 балапан алуға болады.
Өндіріс интенсивтендірмейінше және мамандандырынбайынша құс шаруашылығын өнеркәсіптік негізде дамыту мүмкін емес. Мұның өзі құс шаруашылығын екі бағытта жұмыртқа және ет өндіру бағыттарында өркендету, асыл тұқымды құс шаруашылықтарын, инкубатор станцияларын және механикаландырылған фермалар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Диплом жұмысында «Шымкент құс» фабрикасында инкубациялық жұмыртқада өндірістік режимі, биологиялық ерекшеліктері мен тауық жасына байланысты кездесетін өзгерістерді зерттеп айқындауды басты мақсат тұтқан болатынбыз.
I. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Жұмыртқа шығаратын құс шаруашылығында қазіргі уақытта родонит тауықтары өсіріледі. Өндірістік жұмыртқа алу үшін гибритті құстарды пайдаланады, қортындыда алынған будандар тармақта мамандандырылған.
Инкубациялық жұмыртқаның сапасы-факторлар ішіндегі ең маңыздысы, жіктелетін және инкубацияның сәттілігі, шығарылған төлдің өміршеңдігі, құстан шыққан азық-түлік сапасы. (Отрыганьев Г. К. және Отрыганьева А. Ф және Копыловская Г. Я және Кушнер Х. Ф т. б. ) . Сондықтанда зерттеушілер көп уақытын инкубациялауға жұмсайды.
Жұмыртқаның сапасын инкубациялағанда жемістілігі мен шығарылымы мінезделінеді. Инкубаторға салынған жұмыртқаның саны жемістілік жемістік процентпен түсіндіріледі. Шығарылым-денісау төлдің проценті, жемістік жұмыртқа ішіндегі шығарылым. Жақсы жемістілік 95-95% және жоғары болып есептеледі. (С. И. Сметнев) . Жұмыртқаның шығарылымы көптеген факторлардан тәуелді-генетикалық және тұқымқуалаушылық емес. Жоғарғы шығарылым тұқымқуалағыштық мінездемені қажет етеді.
Жұмыртқалағыш тауықтар шығарылымның 85-92% көрсеткішіне ие болады. Зерттеушілер қатары көрсетеді, сапалы инкубациялық жұмыртқа салмағы жағынан әр түрлі.
Осылай, Ю. Н. Владимирова дәлелдеген, ірі жұмыртқа өнімділігіне қарай 4, 29 және 8, 6%жоғары, орташа және майдаларға қарағанда, шығарылымыда 2, 3 және 5, 23% жоғары. Майда жұмыртқаларда үсіген эмбриондар және шірігендер 11, 9 және 38, 05%-ке аз болады, орташалар мен ірілерге қарағанда, инкубациялық жалғастырылым мерзімінде қысқаша айтқанда3, 1 және 13, 1 сағат шамасында.
Шығарылым жалпы заңдылыққа бағынады-өте ірі және майда жұмыртқа төменгі шығарымға ие. Кориляция коэффициенті жұмыртқа салмағымен шығарлымы керісінше (r=-0, 20-0, 19) Н. П. Третяков және Г. С. Крок айтқандарындай. Шығарылымға көп кедергі жасайтын ата-аналар үйіріндегі тауықтар жасы.
Белгілі, жұмыртқаның салмағыда инкубациялау сапасына кедергі жасайды. К. В. Зючевской және А. В. Отрыганевой зерттеулері бойынша көрсетеді. Өте жақсы шығарылым инкубациялық орташа салмақбойынша бақыланады. Ең жақсы тұқым үшін мінездеме, тармақтары, құстың жасы есептелінеді. Жоғарғы сапалы инкубациялық жұмыртқа орташа және жақсы салмақты сол үшін берілген үйір.
Жұмыртқа бағытындағы тауықтар өнімділігі көрсеткендей жұмыртқаның орташа салмағы 57-58г ал ет бағытындағы өнімдік 60-65г (А. А. Заболтников, С. И. Сиетнев) .
Дені сау балапан шығарылым сапасы үш негізгі фактормен анықталады: мекиен жас аралығы, жұмыртқаның орташа салмақтылығы, инкубациялау мерзімінің ұзақтылығы.
Қортындысында алынатын дені сау төлді инкубациялауға салынатын жұмыртқаны сұрыптау тез арада морфологиялық көрсеткіштері: салмақ; қалып; қабығының бояуы және сарыуыз, белок жағдайы, қабық құрылымы, ауа камерасының қозғалымы және т. б. (Волков А. А, Кушкер Х. Ф. және Г. Я. Копыловская, Отрыганьев Г. К. және Отрыганьева А. Ф, Треттьяков Н. П. және Крок Г. С, Владимирова Ю. Н. ) .
Ең төменгі шығарылым шеткі салмақтылық жұмыртқа кластары бақылауға алынады, жас тауықтан алынғандар. Бүгіндей жас тауықтың шығарылым тенденция көрсеткіші төмендесе бақыланады, егер жұмыртқаны инкубациялау режиміне жақындау, әр жастағы тауықтан алынған, оның салмағы шамасы, инкубациялық 8-10% коэффициентке жоғарлатуға болады. Ата-аналар жастарының әсер етуі сапалы ауылшаруашылық малдардан алынған ұрпақ бұрында да зерттеушілердің көңілін бөлген. Биологиялық және зоотехникалық әдебиеттерде мәліметтер бар, куәландіруі үшін бірінші жылғы жұмыртқа бағытындағы жас төл өнімділікте көп жұмыртқа береді. Кәрі тауыққа қарағанда, айтарлықтай тауықтың жасы ұлғая келе жұмыртқалағыштығы төмендейді.
2005-2006жылдары Арменияда мал шаруашылық және ветеринариялық экспериментарлы базасында екі мәрте тәжірибе жүргізілді. Сапалы жұмыртқаны инкубациялауға ата-аналар жасына әсерін анықтайтын болады. Балапанның бойы және дамуы, тағы да мекиен-тауықтардың жұмыртқалағыштығы. Бірінші тәжірибеде жұмыртқа өнімділігіне әр жастағы ата-аналар әсері белгіленді, балапан шығарылымы, жұмыртқа салмағы және тәуліктік балапан әрі қарай өсуі және жас төлдің дамуы. Екінші тәжірибеде жасы және тауықтың тірілей салмағының әсері жатады және мекиеннің жұмыртқалағыштығы мен салмақтылығы.
Осы тәжірибенің қорытындысында: үлкен жасты ата-аналарға қарағанда, 8-9 ай жастағы ата-аналардан профент есебімен өнімділік көп мөлшерде жұмыртқа шығарылымы болады. 2, 5-3 жастағы тауықтан алынатын жұмыртқа салмағы 4-5%-ке көп, жас тауықтан алынатын тауықтарға қарағанда тәуліктік жас төлдің орташа тірілей салмағы 2, 3-4, 2% шамасында көбірек болады.
Жасы ұлғайған сайын тауықтың жұмыртқалағыштығы азая түседі, бірақ олардың тірілей салмағы мен жұмыртқаның саомағы да ұлғая түседі. Бір тұқымдағы тауықтан алынған жұмыртқа салмағы мен тірілей салмақ корреяциялық қатынасында кездеседі. Белгілегендей жоғарғы салмақты корреяция арасында бірінші жұмыртқа және келешектегі жұмыртқа салмағы (r=0. 57-0. 55) және бірінші жұмыртқа мен тауықтың тірілей салмақ арасында ара қатынас айтарлықтай үлкен емес. (r=0. 18-0. 09) (Портной Л. Я. ) . Жұмыртқа салмағы тәуліктік балапан салмағымен тығыз өзара байланыста (Ю. Н. Владимиров. А. Ф. Отрыганьева. ) . Көбірек ара қатынас инкубатордан бірінші шыққан балапан көрсеткіштері бақыланылады. (r=0. 88) азырағы екінші сатыда (r=0. 38) . А. Ф. Отрыганьев берілгені бойынша коэффициент корреляциясы жұмыртқа салмағы арасында және балапан салмағы шығарылымнан кейін бірнеше сағаттан кейін айқын төмендейді. Егер 6-8 сағаттық балапан корреляция коффициенті r=+0. 89 болса, онда 20 сағаттан соң r=+0. 77-ге төмендейді. Жақсы арақатынас балапанның салмағымен жұмыртқаның салмағы сақталады және одан да арықарай да сақталады.
Ауыл шаруашылық құстарының (тауық, күрке тауық, қаз, мысыр тауығы және бөдене) жұмыртқасы биологиялық бағасы жоғарғы тез қорытылатын тағамдық өнім. Жұмыртқа негізінен үш бөліктен тұрады, оның 54-60% ақ зат 28-32% сары уыз және 11-14% сатындағы жұқа қабықшасы мен сыртқы қабығы. Қабықтың құрамында 90%-тен артық көмір қышқылды және фосфор қышқылды кальциі сондай-ақ фосфор қышқылды магниі бар әктен құрылады да, тек 3-6% ғана коллаген типтес органикалық заттар құрайды. Қабықтың түсі құстың түрі мен тұқымына байланысты, жұмыртқа тұқымды тауықтардың жұмыртқасы ақ, ал ет тұқымдыларынікі сары түстен қоңырға дейін әр түрлі келеді. Үйрек пен қаз жұмыртқалары реңі әрқалай ақ түсті болса, күрке тауықтарынікінде шашыраған қоңыр дақтар болады. Жұмыртқа қабығында көзге көрінбейтін ұсақ саңылаулар (пора) болады, олар арқылы газ алмасу және сұйықтық буға айналып сыртқа шығады. Сондай-ақ олтесіктер арқылы жұмыртқаның ішіне микробтардың енуі де ықтимал. Жұмыртқаның жұмыр жағында ауа камерасы (пуга) орналасқан, бұл жерде ұсақ саңылаулар көп болады. Тауық жұмыртқалап, жұмыртқасы суған соң қабығы ұсақ тесіктері арқылы сұйықтықтың буға айналып, жұмыртқа ішіндегі заттардың азайуына орай лезде ауа камерасы пайда болады. Жұмыртқаны сақтаған кезде ауа камерасы бірте-бірте үлкейе береді, демек бұның өзі жұмыртқа балаусалығының қандай дәрежеде екенін көрсетеді. (Т. Телеуғали 98)
Ақзат-жұмыртқаның негізгі қоректік бөлігі. Ол төрт қабаттан тұрады, атап айтқанда: сыртқы-сұйық, ортаңғы-тығыз, ішкі сұйық және ішкі-градинкіленген. Соңғысында белгілі бір мерзімге дейін жұмыртқаның сарыуызын орнында (ортада) ұстап тұратын, грандинкилар (халоздар) орналасқан. Жұмыртқаны сақтаған мезгілде ақ заттың тығыз қабаты сұйылып градинкалармен байланысты босаңдауына орай сары уыз орнынан жылжып жұмыртқаның қабығына жанасып кебеді, бұның өзі жұмыртқаның балаусалығы мен сапа көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Жаңа алынған жұмыртқа ақ затының pH-7, 2-7, 6 болса, сақтаған кезде ол 8, 2 дейін көтеріледі, демек шіріткіш микробтардың өсіп өнуіне жақсы жағдай туады. (Мустафин О және т. б. 93)
Сары уыз-пішіні шар тәріздес жұқа мөлдір қабықшаның ішінде жатқан қою зат болғандықтан ақ затпен араласпайды. Құстың жеген жемінің құрамындағы каротиноидтерге байланысты сары уыздың түсі солғын-сары мен күңгірт-сарының аралығында болады. Сары уыздың ашық және күңгірт қабаттары кезекпен орналасқан ұрықтанған жұмыртқада ақ түсті дөңгелек (3-5мм) болады, ал ұрықтанбағанда оның көлемң кішрек. Балауса жұмыртқаның сары уызының сутегі ионының концентрациясы 4, 8-5, 2 болады. (Қырықбайұлы 98)
Жұмыртқаның ақ заты өте тиімді, демек оның құрамында алмаспайтын амин қышқылдарының барлығы бар. Ақ заттың фракцияға бактерицидтік қасиеті бар лизоцим кіреді. Жұмыртқаның құрамында А, Д, Е, В 1 , В 2 және РР витаминдері, күкірт, фосфор, натрий, калий, кальций, темір, мыс. т. б. минералды заттар, сондай-ақ ақ заттық майлылық және амилометикалық ферменттер бар. Сатуға тек тауықтың (анда-санда мысыр тауығының) жұмыртқасы шығарылады. Суда жүзетін құстардың жұмыртқаларын өндірістік өңдеу үшін дайындайды күрке тауықтар аз жұмыртқалайтын болғандықтан оларды балапан шығаруға пайдаланады. Жұмыртқаның товарлық жіктелуі 27583-88 МС (мемлекеттік стандарт) талабына сай тауықтың жұмыртқасы сақталған мерзімі мен сапасына қарай диеталық және асханалық деп ажыратылады. (Е. Байбарақов 1977)
Туғаннан кейін екінші күні жұмыртқаны сорттайды (таңбалайды) осы күннен бастап 7 тәулік бойы сақталғанын диеталық жұмыртқаға жатқызады. Асханалық жұмыртқаның сақталу мерзімі 25 тәуліктен аспауы керек. Тоңазытқышта жұмыртқаны 1-2 о С суықтықта сақтайды. Осы МС көрсетілген диеталық және асханалық жұмыртқалардың сақталу мерзімдері республиканың Министрлер Кабинетінің шешімімен қысқартуға болады. Сауда орнына диеталық жұмыртқа ретінде жеткізіліп 7 тәулік ішінде сақталып болмағандарын асханалық категорияға аударады.
Құс фабрикаларында тағамдық тауық жұмыртқаларын туғанына бір тәулік толар толмастан сорттайды (таңбалайды) . Тұтыну кооперациясының ұйымдарымен дайындалған жұмыртқаларды 10 күнде бір рет сорттау пункітіне жеткізіп, асханалық деп бағалайды. Пунктке әкелінген жұмыртқаларды 2 тәуліктен қалдырмай сорттайды (таңбалайды) . Диеталық және саханалық жұмыртқаларды салмақтарына қарай таңдаулы, бірінші және екінші деп 3 категорияға ажыратады. Таңдаулы категориясына жататын бір жұмыртқаның салмағы 65г 10 жұмыртқанікі 660г ал 360 жұмыртқанікі 23, 8кг кем болмауы керек, осыған сайкес бірінші категориялық жұмыртқаның салмағы 55, 560 және 20, 2 екінші категориянікі 45, 460 және 16, 6.
Ауа камерасы, сары уыз және ақ заттың жағдайлары бойынша жұмыртқа стандарттың талабына сай және саханалық жұмыртқалардың қабықтарын таза және бүтін болулары шарт. Деген мен диеталық жұмыртқаның қабығының үстіне бірен-саран нүктелер немесе жолақтар, ал асханалықтардыкінде дақтар мен нүктелер және жолақтардың (жұмыртқаның қапастың еденімен немесе оны жинайтын транспортермен жанасқан пайда болған жерлеріндегі іздер) көлемі қабық үстінің 1/8 бөлігінен аспауы керек. Бірақ қабық үстінде қан мен қидың дақтары болмауы тиіс. Сонда орнына түскен тауықтың тағамдық жұмыртқалары осы айтылған талаптардың қанағаттандыруы қажет.
Диеталық және асханалық категориялардағы жұмыртқаларды сорттағанда таңдаулысын-“О”, біріншісін-1, екіншісін-2 деп белгілейді. Диеталық жұмыртқаның әрқайсысына қызыл, ал асханалығына көк бояулы диаметрі 12мм дөңгелек пішінді немесе көлемі 15х10мм сопақша пішінді таңба басады. Диеталық жұмыртқаны штамплегенде оның категориясын және сорттаған уақытын (күні мен айы), ал асханалықтікінің тек қана категориясын көрсетеді.
1. 1. Жұмыртқада кездесетін жұқпалы аурулардың мүмкіндік
көзі.
Жұмыртқа әр түрлі жұқпалы ауруларды жұқтырушы және таратушы болуы мүмкін. Тауықтың жұмыртқасы арқылы сальмонеллез, туберкулез, стрептококкоз, пуллороз, пастереллез, колибактериоз, індетті ларинготрахеит, микоплазмоз, орнитоз, ньюкасл ауруы, тұмау т. б. аурулардың қоздырғыштары тарайды.
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жұмыртқа қабығының сыртынан және ішінен де табады. Атап айтқанда, жұқпалы ларинготрахеиттың қоздырғышы қабықтың сыртында болады. Демек, жұмыртқа ауру немесе денесінде вирусы бар құстың несебі немесе қиымен ластанғанын көрсетеді.
Ньюкасл, тұмау және басқа вирустық аурулармен ауырып жазылғандарына 15-20 күн, тіпті 2-3 ай толған тауықтардың жұмыртқаларында жоғарғыдағы айтылған аурулардың қоздырғыштары кездеседі. Ал туберкулезге көбнесе тауықтар шалдығады. Ауру құстардың қиы және жұмыртқасымен ауру қоздырғышы жан-жаққа тарайды. Пастерелла жұмыртқаның сыртқы қабығының үстінде 48 сағат ал өліп қалған эмбрионда 30 күнге дейін тіршілік қабілетін сақтайды. Әсіреск, жиналған жұмыртқалар алғашқы екі тәулік бойына қауіпті. Респираторлы микоплазмозының қоздырғышы жыныс жолының шырышты қабаттарында ұзақ уақыт сақталады. Жұмыртқа тұқым жолымен өткенде микоплазмалармен залалданады. Жұмыртқаның сыртқы қабығының үстінде микоплазмалар 5 тәулікке дейін тіршілігін сақтайды. Осындай залалданған жұмыртқалар инкутаторға түскен жағдайда, микоплазмозбен ауыратын балапандар жарыққа шығады. (С. Қырықбайұлы 1998)
Ортинозбен ауырып жазылған құс ұзақ уақыт ауру жұқтырады. Жұмыртқа ауру құстың зәрі мен қиы арқылы залалданады. Пуллороз қоздырғышы әдетте жұмыртқаның сары уызында немесе қатты қабығының үстінде тіршілік етеді. Ақ зат көпшілік жағдайда микробтан таза болады. Үйрек пен қаз негізінен сальмонеллез ауруын жұқтырады. Демек суда жүзетін құстардың жұмыртқалары адамдар арасында тағамдық аурулар туғызады.
Инкубациядағы жетістіктер технологияның қатаң сақталуына және жұмыртқалар сапсына байланысты.
Инкубациялық жұмыртқалардың сапасы олардың ұрықтануымен шығымына қарай сипатталады. Жұмыртқалардың ұрықтануын инкубацияның 6-7 тәулігіне қарап, анықтайды. Ұрықтары көрінбеген жұмыртқалар ұрықтанбаған болып табылады. Ұрықтану күтіп-бағудың тәсіліне, еркек пен ұрғашы құстарға, жыл маусымына, құстарды асылдандыру жұмыстарына байланысты. Құстардың жасы ұлғайған сайын олардың ұрықтану қасиеттері төмендейді. Өндірістік жағдайларда балапандардың шығу пайызын инкубаторға салынған жұмыртқалар санынан есептеп шығарады.
Инкубациялық жұмыртқалардың сапасына асыл тұқымды құстарды азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайлары әсер етеді. Асыл тқұымды құстардың рационында қоректік заттар мен витаминдер мөлшерге сайкес болуы керек.
Күтіп-бағудың қажетті тәртібін (отырғызу тығыздығының жоғарлылығы, төмен және өте жоғары температура, ауа ылғалдылығының жоғары және төмендеуі, ауа алмасуының болмауы) сақталмаған жағдайда құстардың зат алмасуы нашарлап, олар азықтың қоректік заттарын, әсіресе А, В 2 , Е витаминдерін және микроэлементтерді нашар сіңіреді. Соның нәтижесінде бұндай құстардан инкубацияға жарамайтын, биологиялық сапасы кем жұмыртқа алынады.
Ауыл шаруашылығы құстарының инкубациялық жұмыртқаларына қойылатын талаптар. Жұмыртқалар сапаларына ата-аналық табынның еркек және ұрғашы құстарының жасы мен жыныстық қатынастары әсер етеді.
Өте ұзақ және дұрыс сақталмаған жұмыртқаның шығымы 20-30 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Нашар оралу, дұрыс тасымалданбау жұмыртқа сапаларын төмендетеді, жұмыртқалардың сынып, шытынауы, шайқалуы, ауа камерасының қозғалуы және т. б. ақаулар пайда болады.
1. 2. Жұмыртқаларды инкубаторға тасымалдау шаралары және оларды бағалау.
Инкубациялау үшін жұмыртқалар физиологиялық кемелденген дені сау құстардан алынады. Тауық, күрке тауық, мысыр тауықтары жұмыртқаларын 2-3 сағат, ал үйрек және қаз жұмыртқаларын 1 сағат сайын таза, дезинфекцияланған арнаулы картон қораптарға жинайды. Содан соң олар жәшіктерге салынып инкубация цехына жіберілетін жұмыртқаларға құстардың тұқымын, нәсілдерін, тізбектерін, құс қора номерін, жұмыртқа санын көрсететін құжаттар жасалынады. Жұмыртқаларды тасымалдауда жұмыртқалардың шайқалуына, аса суып кетуіне немесе аса қызуына жол берілмеуі керек. Қора жолдардағы көліктің қозғалу жылдамдығы 30 км/сағ, ал асфальтталған жолда 50 км/сағ. аспауы керек. Суық жерден жылы жерге әкелінген жұмыртқаларды тез қызып кетпес үшін 3-4 сағатқа сол әкелінген ыдыста қалдыру тиімді.
кесте. Құстарды пайдалану мерзімі мен жыныстық ара қатынасы.
Тауықтар:
Жұмыртқа
Бағытындағы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz