Жеңіл атлетика жаттығуларынының құрылымы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны және құрылымы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .5
І ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .9
1.1 Дене тәрбиесі және жеңіл атлетикалық жаттығулардың педагоги-калық
мәні
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Жеңіл атлетикалық жаттығулардың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.3 Жеңіл атлетикалық жаттығулардың
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... .26
ІІ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... .36
2.1 Жеңіл атлетика жаттығуларының жүру, жүгіру және секіру техникасының
әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..36
2.2 Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын талдау ... ... ... ... ..45
2.3 Ядро итеру және найза лақтыру техникасының
тәсілдері ... ... ... ... 52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік білім беру кеңістігіне
бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай,
білік пен дағды арқылы дербес, ізденімпаз, дені сау, өзгермелі өмір
жағдайына белсенді және білімін қажетті жағдайда шығармашылықпен
пайдалана алатын жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында” педагогикалық қоғамдастықтың алдында ауқымды міндет
тұрғандығы, яғни - білім берудің жаңа моделін құрып, оны сынақтан өткізу,
тәжірибеге енгізудің негізгі принциптері көрсетілген. Тұжырымдамада
мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары
білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру
қажеттілігі айтылған [1].
Талаптарды орындау үшін жоғары оқу орындарында кәсіби білікті мамандар
даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың
үлгісі жүзеге асырылатын болады.
Аталған талаптар тұрғысынан келгенде қазіргі заманғы білім берудің,
яғни жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың негізін құраушылар оқыту, тербиелеу,
дамыту біртұтастықта ұйымдастырылады. Мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетінде
бұл процестердің бөлінбейтіндігінің, олардың үйлесімді болуын қамтамасыз
етудің кепілі болып және білім беру процесінің тиімділігін қамтамасыз етуді
көздейді. Ал, білім берудің тиімділігі, табысты болуы, қоғам талаптарына
сай нәтижелер алуы негізінен оқытудың технологиясын, әдіс-тәсілдерін және
құралдарын жетілдіруге тәуелді болады [2].
Халық даналығы да осы маңызды міндетті меңзейді: Тәні саудың – жаны
сау. Себебі дені сау, денсаулығы мықты, дене күші, дене мәдениеті
қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-әрекетін өмірлік маңызды
міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге
қабілетті. Сондықтан дене тәрбиесі жасөспірімдерге білім мен тәрбие беру
саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты
дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы
бәсекелестікке және Отан қорғауға даярлауға қызмет етеді.
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне және
жалпы дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына тікелей байланысты. Өйткені,
дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту,
тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық іс-шаралардың бірі бола
отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын
нығайту, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті
мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-
өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі
мектеп мұғалімінің жеке басы мен оның жоғары оқу орнындағы теориялық және
тәжірибелік даярлығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай
мектептегі дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ
мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде
қарастыру керек.
Қазақстан Республикасының негізгі құрамасы, олимпиадалық және жастар
құрамаларының сәтті ойын көрсетуінің басты шарты барлық оқыту-машықтандыру
процесін жеңіл атлеттердің арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған
тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып жетілдіру.
Көпжылғы өткізіліп келген барлық педагогикалық эксперименттік байқаулар
жеңіл атлеттердің жалпы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық
шеберліктерінің нашарлауын көрсетіп келген.
Осыған орай, бұл мәселелер ғылыми дәрежеде, әсіресе жасөспірім
кезеңдегі жеңіл атлеттердің дене қабілеттерін тәрбиелеуде педагогикалық
тәсілдерді пайдалануды зерттеу жұмысы барысында айқындалуы тиіс. Олай
болатын себебі жеңіл атлеттердің дене қабілеттері мен спорттық шеберлігінің
қарқынды өсуі дәл осы сатыда, яғни олардың жасөспірім кезеңінде байқалады.
Дене қасиеттерін тәрбиелеудің маңыздылығы - жеңіл атлеттердің жаттығу
тәсілдерін дұрыс өңдеп, қабылдай алу қабілеттілігінде, яғни мағлұматтарды
өңдеу арқылы олар өз дене қабілеттері мен спорттық шеберліктерін шыңдай
алады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қамти отырып, ғылыми зерттеу жұмысы
жасөспірімдердің жылдамдық-күш қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан
қарай отырып, олардың дене қабілеттері мен спорт шеберліктерінің артуына
септігін тигізбек.
Қазақстандағы дене тәрбиесі ілімін және дене мүмкіндіктерін дамыту ісін
ұйымдастырып саралауда дұрыс бағыт ұстауымызға арқау болды: мұнда
Б.М.Досқараевтың, Қ.И.Адамбековтың, М.Сапарбаевтың, Ж.Бекбатчаевтың,
Б.А.Тойлыбаевтың, Ж.К.Оңалбектің, Е.Уанбаевтың, Ә.Ж.Тастановтың
Б.Қ.Мухамеджановтың, Ш.Б.Оразовтың, Ә.К.Әбділлаевтың, Е.Д.Оразбаевтың,
Ө.Ж.Тұрысқұловтың, О.Қ.Дүйсеновтың және т.б. ғалымдардың еңбектері дене
мәдениеті және спорт саласында мамандар даярлау үдерісіне
арналған[3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13, 14,15,1,6].
Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстары қазіргі таңда Қазақстандағы дене
тәрбиесі саласында пайдаланылуда.
Алайда негізделген ғылым мен практиканың сабақтастығы бір дағдыда
қалмайтындығы тағы да белгілі. Практика әрдайым жетіліп, ұшталып отырады,
ол ғылыми тұрғыдан тұжырымдарды қажет етеді. Осы тұрғыдан қарағанда, соңғы
уақытта салауатты өмір салты ғылыми тұрғыдан дамыды, өсті, сауықтыру
кешендерінде практикалық тәжірибелер жинақталды, тәрбие мен үйретудің
коммуникативті бағыттағы стратегиясы мен тәсілі анықтала түсті жаңа
ізденістер пайда болды.. Осы қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын анықтап,
тақырыпты Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны және құрылымы деп
таңдауымызға себеп болды.
Зертеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты жас жеңіл атлеттердің
ерекшеліктерін теориялық және әдістемелік негіздерін ашып, іс-тәжірибелік
құндылығын дәлелдеу.
Зерттеу нысанасы. Жоғары оқу орындарындағы студенттерді дене тәрбиесі
және спорттық іс-әрекеттер арқылы кәсіби даярлау жүйесі.
Зерттеу пәні. Студенттердің дене тәрбиесі және спортттық іс-әрекеттер
арқылы дағдыларын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан-2030 стратегиялық даму бағдарламасы,
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы
жолдаулары, Білім туралы Заң, философиялық, педагогикалық, психологиялық
ғылыми еңбектер, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы дене
тәрбиесі және спорт саласындағы кешенді бағдарламасы.
Зерттеу әдістері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерге, оқу-тәрбие жөніндегі құжаттар мен бағдарламаларға оқу
әдістемелік құралдарына талдау жасау, студенттердің оқу іс-әрекетін байқау,
спорттық жарыстар өткізу, сауалнама, әңгіме өткізу алынған нәтижелер
өңделінді.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы
ХҚТУ-нің Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алушы 1-4 курс
студенттері және спорт секцияларына қатысушылармен жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны мен зерттеу жолдарының
ғылыми бағыттары, қазіргі күйі теориялық жағынан зерделенді.
2. Зерттеу нысанасы негізінде жеңіл атлетикалық жаттығулардың
ұғымдарының педагогикалық-психологиялық мәні анықталды.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінде
пайдалануға болады.
Жүргізілген зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағиданың жүзеге
асуы, оқытудың формалары мен әдістерін жетілдіру, студенттердің
белсенділіктерін арттыру үшін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану, оқытушының
педагогикалық шеберлігін, оның шығармашылық мүмкіндігін жетілдіру сияқты
көкейкесті проблеманы шешуге мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеу
тақырыбының көкейкестілігі негізделіп, проблема қойылады, ғылыми жаңалығы,
теориялық және практикалық мәнділігі анықталады, мақсаты қойылып,
міндеттері белгіленеді, болжамы мен жетекші идеясы тұжырымдалады,
зерттеудің негізгі кезеңдері қысқаша баяндалады.

І. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ.

1.1 Дене тәрбиесі және жеңіл атлеткалық жаттығулардың педагогикалық мәні

Жеңіл атлетика денешынықтыру тәрбиесі жүйесіндегі спорттың негізгі
түрлерінің бірі. Жеңіл атлетикамен милиондаған адамдар айналысады. Жеңіл
атлетикалық жаттығулардың әр түрлілігі және жүгіру мен жүрудегі лақтыру мен
секірудегі жүктемені түрлендірекей мүмкіндіктер береді.
Мектептерде дене тәрбиесі мұғалімдері оқушыларға дене жаттығуларын
үйрету мен бірге балаларды физикалық жақтан жан-жақты тәрбиелейді.
Мұғалімнің негізгі міндеті: оқушылардың денсаулығын нығайту үшін әртүрлі
әдістерді қолданып балалардың денесін дамыту және жоғары дәрежелі еңбек
әдістерін үйретуден тұрады. Ол әр оқушының дамуының өзгешеліктерін, ерік
сапасын, ақылдылық өзгешеліктерін есепке алып, сабақ кезінде оқушылардың
іскерлігін дұрыс ұйымдастырып отырады[17].
Дене тәрбиесі сабағы кезінде оқушыларға бағдарламада берілген теориялық
мағлұматтар хабарланады. Мазмұны бойынша бұл мағлұматтар төмендегі
негіздерді басшылыққа алады:
□ адамдардың жан-жақты дамуы үшін дсне жаттығуларының маңызы;
□ оқушыларға ата-бабаларымыздың және ұлы ғалымдардың дене
тәрбиесіне, жалпы тәрбиеге деген көзқарастары;
□ дене тәрбиесінің көмегінде қалайынша дене сымбатын, салауаттылықты
жақсартуға және ақыл іскерлігін дамытуға болатыны.Оқушыларға таңертеңгі
гимнастиканың, дем алу жаттығуларының. жүзудің, жүгірудің маңызы
тусіндіріледі.
Нақты мысалдар арқылы әлем, Республика көлеміне белгілі спортшылар туралы
және олардың спорт жолындағы жетістіктері туралы әңгімелер өткізіп
ынталарын ояту жұмыстары жургізіледі.
1. Гигиеналық білім туралы, жұмыс істеу және дем алу
тәртібі, тамақ, киім гигиенасы туралы түсінік беріледі.
Жеке күрестерде, топтық ойындардағы әрекет техникаларын және тактикаларын
қолдану, сайыс ережелері туралы түсінік береді.
2. Сабақ және жаттықтырулар кезінде дене дайындығы күшті,
шыдамдылықты, шапшаңдықты дамыту және дене
жұмыстарын, жаттығуларды орындау әдістері
туралы түсінік береді.
Оқушыларға дене тәрбиесі туралы білімін қалыптастыру арқылы олардың ақыл-
ойының дамуына әсер жасалады.
Белсенді әрекет іскерлігін барлық уақыт адам миының функционалдық
дамуына әсерін тигізеді, оқушылардың іскерлігін жоғарылатады[18]. Жаңа
жаттығуға үйрену уақытында ақыл іскерлігі бұлшық ет іскерлігіне қарағанда
белсенді болады. Сондықтан дене тәрбие сабағы уақытында мұғалімнің
тапсырмасын ойланып, түсініп орындауға, үйретуге көңіл бөлінеді.
Дене тәрбие сабағының негізгі міндеттерінің бірі - бұл оқушыларда дене
тәрбие және спортқа, әрекет мүшелерінің анатомиясына, әрекет іскерлігінің
физиологиясына тұрақты кызығушылықтарын тәрбиелеу.
Әсіресе дене тәрбие және спорт мәселелері бойынша қызықты мағлұматтарды
таңдап алу ақпаратына көбірек көңіл аудару керек. Ал сабақтың уақыты аз
болуына байланысты ақпарат материалдардың кабырға газеті түрінде спорт
сарайларында іліп койған жөн. Сабақ уақытында мүмкіншілігі болғанша
кинобағдарламалардың бейне таспаларын көрсетіп түсіндірген дүрыс.
Дене тәрбиесі мұғалімінің негізгі міндеті, оқушының мінез-құлқының,
қалыптасуына, адамдарға жақсы қатынаста және сабаққа саналы түрде қатысып
маңыздылығын қалыптастыру, сонымен бірге, оларды Отанды сүюшілікке
тәрбиелей отырып патриоттық рух беру. Оқушылардың шыдамдылық, шешім
қабылдау, ерік сапасын қорықпай әрекет ету дағдыларын тәрбиелеуде
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар көлемі мен қиыншылығы
бойынша орындай алатын болуы тиіс. Көпшілік болып жаттығуды орындаған
уақытта оқушылардың ережені дұрыс сақтауын, бір-біріне қатынасын, басқа
оқушылар алдында жауапкершілігінің жоғары болуын бақылау қажет. Әрине
сонымен бірге мұғалім барлық уақытта оқушылар алдында әрқашан ұлгі болып
көрінуі тиіс. Сондықтан мұғалім өзін-өзі барлық уақытта бақылап жүруі
керек. Оқушылармен өз-ара қарым-қатынасты жоғары педагогикалық этиканы
орынды пайдалануына отырып бәріне теңдей мейірімді қатынаста болуы тиіс.
Сонымен қатар талап коюшылық, өзінің шешіміне сенімді болып, талаптарын
іске асыра алуы керек[19].
Оқушылардың өзіндік шешімдерін, ұсыныстарын дүрыс бағалай алуы керек.
Ол үшін мұғалім жоғары дәрежелі (деңгейлі) білікті маман болуы тиіс.
Балаларға өзінше әрекет етуге, ойлап шешуге мүмкіншілік беру керек. Бұл
оларда саналылықты, белсенділікті, өзін-өзі жетілдіруді тәрбиелейді.
Тәжірибелі мұғалімдер барлық оқушыларды ойын басшысы, төрелік ету және тағы
басқа қоғамдық жұмыстарға басшылық етіп және берілген тапсырмалар мен
қоғамдық жұмыстарды үлкен жаукапкершілік пен ұқыптылықпен орындауларын
талап етуі керек.
Оқушыларды Қазақстан Республикасы спортшыларының дүниежұзілік
Халықаралық олимпиада ойыны жарыстарында қол жеткізген табыстарымен
таныстыру арқылы мұғалім оларға ерлікті, табандылықты, достықты, басқа
халықтарға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.
Дене тәрбие сабағын оқушыларға еңбекті сүюді, еңбек, етуді пайдалану
мүмкін. Әсіресе дене тәрбие сабағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне жақсы
әсерін тигізеді. Оқушылардың дене құрылысы мен сымбатын, әрекет
координациясын, қозғалыстарын жеңіл және әдемі орындауға тәрбиелейді.
Сондықтан мұғалім оқушылардың жан-жақты дамуына әсер ететін жаттығуларды,
амалдарды, әдістерді таңдап қолдануы қажет.
Жеңіл атлетикалық лақтыруды орындау тәсіліне байланысты, ол үш түрге
бөлінеді:
1) бастан асырып лақтыру (найза мен гранат)
2) бұрылып лақтыру (табақша (диск), балға)
Лақтыру тәсілдері жабдықтардың яғни, снариадтардың формасы мен салмағына
байланысты. Ұстауға ыңғайлы, жеңілснариадттарды түзу сызықты жүгіріп келіп,
басынан асыра лақтыруға болады: ауырлау снариадттарды бұрыла отырып
лақтыруға болады[20].
Көпсайыс-жүгіру, секіру және лақтырудың әр түрлерінен тұрады.
Көпсайыс онымен айналысушыларға өте жоғары талап қояды. Жоғары техникалық
шеберліктен басқа, оларға спринтердіңшапшаңдығы, лақтырушының күші,
секірушілік пен секірушінің ептілігі, тосқауылдан секірушінің батылдығы,
орташа арақашықтыққа жүгіруші желаяққа төзімділігі қажет.
Көпсайыспен айналысу –дененің жан-жақты дамуы мен жаңадан бастаған жеңіл
атлеттер үшін тамаша жол.
Жеңіл атлетика жаттығуларына талдау жасау.
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі
жасөспірімдерді тәрбиелеуде олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене
мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті тұлға ретінде
қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр жасөспірімнің денсаулығы жеке байлық
қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі
үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтын басты шарты-
мәдени орта, салауатты өмір салты.
Білім беру жүйесінің алдында маңызды міндеттерінің бірі – салауатты
өмір салтын қалыптастыру мәселесі.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркеңиетке, демократиялық дәстүрге
өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар
мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін
сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін
қалыптастыру өзектілігі артуда.
Спорт пен денсаулық қазіргі заманның ең маңызды да, өзекті
мәселелерінің бірі. Жасөспірімдердің аз қозғалыстағы тірішілік бейнесі
олардың өскелең өмір жолдарында рухани және дене дамуына кері әсерін
тигізеді. Сондықтан мектеп оқушыларын спорттық қызмет жүйесіне баулу және
де олардың жан-жақты дамуына, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортпен
айналысуына мүмкіндік жасау қажет.
Қазақстан Республикасында дене тәрбиесінің негізі ретінде ойындар мен
жарыс сипатындағы қимылды жаттығулар тек дене күштерін арттыру ғана емес,
ата-бабаларымыздың ұлттық психологиялық болмысы мен тәлім-тәрбиесін, рухани
адамгершілік сипаттары мен мәдени құндылықтарын өзара ішкі бірлікте
денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздеген[21].
Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтудың бірден-бір жолы
дене шынықтыру және қозғалыс белсенділігі. Елімізде жас ұрпақтын дене
тәрбиесіне өте үлкен көңіл бөлініп, мектептерде дене шынықтыру сабақтарымен
ғана шектеліп қоймай, спорттық үйірмелер көптеп қолға алынуда. Сондай-ақ
мектеп оқушыларының жан-жақты дамуына, сондай-ақ дене шынықтыру мен
спортпен айналысуына мүмкіндік жасалуда.
Қазіргі кезеңдегі мектептердегі дене тәрбиесінің жүйесі жастардың
денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы ұлттық тәрбиенің жан-жақты
жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын
дамытуды негіздейді. Мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру теориялық қана
емес, сондай-ақ практикалық бағыттауда қарастырылу керек.
Себебі, студенттің кәсіби тұлғалық білім мен шеберлік қасиеттерінің
қалыптасуына тікелей ықпал етуі тиіс. Сондықтан оқушы жастардың дене
тәрбиесі процесі педагогикалық қызмет саласындағы жасөспірім үшін болашақта
жеке тұлғаның қарым-қатынас мәдениетінде көрініс алады және де жастарға
дене тәрбиесін беруші оқытушылардың рухани санасы мен дене мәдениеті жоғары
талапқа сай болуы тиіс[22].
Қазіргі таңда спорттың дамуының жаңа сатысында спорт жетістіктерінің
жоғары деңгейде өсуіне байланысты жоғары мамандандырылған спорт ойыншыларын
дайындау бүгінгі күннің негізгі талабы. Спорттың жеңіл атлетика түрі -
жүру, жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын біріктіретін және көп сайысты
спорт түрі. Жоғары дене шынықтыру оқу орындарында жеңіл атлетика – оқу -
ғылыми пән ретінде және спорттың осы түрінің теориясын және практикасын,
сондай-ақ оның оқыту әдістемесін қамтиды.
Атлетика сөзі грек тілінен келіп шыққан және ол - күрес, жаттығу
дегенді білдіреді. Спорттың бұл түрі бойынша жарыстар Ежелгі Грецияда
олимпиада ойындарында болып өткен. Ежелгі Грецияда атлеттерді дене күші
мен, ептіліктермен жарысқан спортшыларды атаған. Бүгінгі таңда атлеттер -
күшті, денесі жақсы дамыған спортшылар.
Жеңіл атлетика - ауыр атлетикаға қарама - қарсы жеңіл атлетикалық
жаттығуларды жеңіл орындаудың сыртқы әсерге негізделген - шартты атауы.
Франция, Румыния, Оңтүстік Америка елдері сияқты бірқатар елдерде жеңіл
атлетиканы жай атлетика немесе жолда және далада орындалатын жаттығулар деп
таниды[23]. (АҚШ, Зеландия, Австралия, Англия).
Жүгіру, секіру жаттығулары жасөспірімдерді физикалық жақтан
дайындаудың негізі. Жеңіл атлетика бес бөлімнен: жүру, жүгіру, секіру,
лақтыру мен көпсайыстан тұрады, ол өз кезегінде көптеген түрлерге бөлінеді.

Жеңіл атлетикалық жаттығулар адамның ағзасына (организміне) жан-жақты
ықпал етеді. Ол жаттығулар күшті, жылдамдықты, төзімділікті, буындардағы
ширақтықты жақсартады, ерік қасиетін тәрбиелеуге, қимыл дағдыларының
шеңберін күшейтуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда денені шынықтыру
дайындығы әсіресе жас кезде қажет. Сабақтарда жеңіл атлетикалық
жаттығуларды кеңінен пайдалану ағзаның жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруға
жоғары жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етеді.
Жүру - адамның қозғалуының жай тәсілі, барлық жастағы адамдар үшін
арнайы дене шынықтыру жаттығуы. Ұзаққа созылған және ырғақты жүру кезінде
дененің барлық бұлшық еттері жұмысқа тартылады, ағзаның жүрек-тамыр, тыныс
алу және басқа да жүйелерінің қызметі күшейе түседі, зат алмасуы артып,
сауықтыру мәні зор болады.
Әрбір тұлға жүруге жас кезінен үйренеді, бірақ одан әрі барлық адамдардың
дұрыс, әдемі жүре білуі қажет.
Жай жүруден басқа, оның алуан түрлері: жорықтық, саптағы, спорттық және
бүгілу жүрістері болады.
Жеңіл атлетика түрлерінің басқа спорт түрлерімен қарым-қатынасы.
Жеңіл атлетикалық жаттығулардың түрлерінің бірі – жүріс. Жарыстарда
спорттық жүріс түрі өткізіледі, ол – техникасы бойынша ең күрделі, сонымен
бірге ең тиімдісі. Спорттық жүріс жай жүруден жоғары қарқындылықты, сондай-
ақ жоғарылатылған энергетикалық шығынды талап етеді. Осыған байланысты
спорттық жүру саябағы спортшының ағзасына айтарлықтай ықпал етеді, оның
ішкі орындары мен жүйелері нығайып, күштің дамуына жағымды әсер етеді,
әсіресе төзімділікті, ерік-жігерді тәрбиелейді. Спорттық жүрісте жоғары
жетістікке ерісу үшін дұрыс техникаға байланысты бір адамның қозғалысының
қадамы 0,27-0,33 секундта орындалады. Спорттық жүрістің тездігі 2-2,5 рет
жай жүрістен көтеріледі. Ол қадамның жиілігі және ұзындығына байланысты.
Жай жүрісте қадамның ұзындығы 80-90см, ал спорттық жүрісте 105-120см,
қадамның жиілігі жай жүрісте минутына 110-120 қадам болса, ал спорттық
жүрісте минутына 180-200 қадам және оданда көбірек. Жүрістің жоғары темпіне
қарамастан, жүрушінің қадамы ұзынырақ болуы керек. Бірақ қадамның өте
ұзындығы энергияның көбірек жұмсалуына, техниканың төмен меңгерілуіне алып
келеді[24].
Жүру бойынша жарыстар ашық алаңның жолында және жай жолдарда (даңғыл,
қала, ауылдық жерлердегі жолдарда) 3-км, 50км қашықтықта өткізіледі.
Жүру бойынша жарысқа қатысушылар спорттық жүру техникасының
ерекшеліктерін - жолға жанасуды бір сәтте де жоғалтпау керек. Бұл ережені
бұзған жағдайда төреші тарапынан спортшы жарыстан шеттетіледі.
Жүгіру - спорттың көптеген түрлері кіретін (футбол, баскетбол, қол
добы және т.б.) ең көп таралған дене шынықтыру жаттығуларының түрі.
Жүгірудің алуан түрлерінің айтарлықтай саны жеңіл атлетикалық әртүрлі
түрлерінің органикалық бөлігі болып табылады. Жүгіру кезінде бүкіл
организмнің жұмыс істеу қабілетіне жоғары талаптар қояды, өйткені жұмысқа
барлық бұлшық ет топтары тартылады, жүрек-тамыр, тыныс алу және басқа да
жүйелердің қызметі күшейіп, зат алмасу айтарлықтай артады.
Жүгіру жылдамдығы мен арақашықтықтың ұзындығын өзгерте отырып,
төзімділік, жылдамдық, шапшаңдықтың дамуына ықпал етеді. Жүгірумен сабақ
үдерісінде спортшылар өзінің күшін есептей білуі, кедергілерді жеңумен
бірге ерік қасиеттері тәрбиеленеді.Жеңіл атлетиканың барлық спорт
түрлерінің ішінде жүгіру – барлық мүмкіндіктерді қамтитын
денешынықтыру жаттығуы. Жеңіл атлетика бойынша жарыстарда жүгіру мен
эстафеталардың әртүрлі түрлері жетекші орын алады.
Жеңіл атлетикада жайдақ жүіру,кедергіге және қолжауғаулы (эстафета)
мен табиғи жағдайдағы жүгіру сияқты түрлері болады.
Жайдақ жүгіру белгілі бір арақашықтық пен уақытта (сағат тіліне қарсы
қозғалу ) жүгіру жолында шеңбер бойымен өткізіледі. 400м-ге дейін жүгіру
әрбір желаяқ үшін жеке жолдар бойынша өткізіледі. Белгіленген арақашықтықты
жүгіріп өтуге жұмсалған уақытты электрохронометр немесе секундомерге жазып
алады. Сағаттық немесе екі сағаттық жүгірудегі жүгіру ұзақтығы уақытпен
шектеледі, ал нәтижесі осы уақыт ішінде өткен, метрдегі арақашықтықтың
ұзындығымен анықталады.
Тосқауылдармен, жүгірудің екі түрі бар:
1. Арақашықтық бойынша біркелкі қойылған бір типті тосқауылдармен 50м-ден
400м-ге дейін жолда тосқауылдармен жүгіру
2. Стадионның секторларының бірінде суы бар шұңқыр және тосқауыл қойылған
жүгіру жолдарында тосқауылдармен (стипль-чез) 3000м-ге жүгіру.
Қолжалғаулы жүгіру ( эстафеталық ) –бұл арақашықтығы кезеңдерге
бөлінеген командалық жүгіру. Қолжалғаулы жүгіру мақсаты-ең жоғары
жылдамдықпен қолжалғауды (эстафетаны) сөреден мәреге дейін, бір-біріне бере
отырып, алып өту. Кезеңдердің (ұзындығы біркелкі (қысқа және орта
арақашықтық) және әртүрлі (аралас арақашықтық) ұзындықта болуы мүмкін.
Қолжалғаулы жүгіру көбінесе стадионның жолында өткізіледі, және кей кездері-
қаланың көшелерінде өткізіледі.
Табиғи жағдайдағы жүгіру 15км-ге дейінгі арақашықтықта өткізіледі, ал ең
ұзын ара қашықтық-жолдарда, даңғылдара өткізіледі. Жеңіл атлетикадағы ең
үлкен арақашықтық-марофондық (42км 195м), сондай-ақ елді мекендер арасында
дәстүрлі жүгіріс өткізіледі, мысалы: Тарасовка-Москва (28км), Пушкин-
Ленинград (30км).
Секіру кедергілерден өту тәсілі ретінде қысқа мерзімді, бірақ барынша
жүйке-бұлшық ет, күштерімен сипатталады. Жеңіл атлетикалық секіру
сабақтарында өзінің денесін игере білу мен күш салуын жетілдіру, күш,
жылдамдық, ептілік және батылдық дамытылады. Секірулер-аяқтың және дененің
бұлшық еттерін нығайту ең теңдамулы жаттығулардың бірі және жеңіл атлеттер
үшін өте қажет секіре, қарғи білуді бекітеді, ол басқа спорт түрлерінің
өкілдері әсіресе футболл, волейболл, баскетболшылар үшін өте қажет.
Жеңіл атлетикалық секіру екі түрге бөлінеді: 1. тік тосқауылдар арқылы
биіктікке секіру және сырықпен секіру; 2. көлденең тосқауылдар арқылы-
ұзындыққа секіру және үш дүркін секіру. Секірудегі жетістіктер метр мен
сантиметрмен өлшенеді. Жүгіріп келіп секіруденбасқа, жаттығу кезінде бір
орыннан биіктікке секіру, ұзындыққа және үш дүркін секіру пайдаланылады.
Үш дүркін секіру және сырықпен секіру жарыстарға әйелдер қатыспайды:
өйткені оларды орындау кезінде әйелдердің ішкі орындарында ауытқулар болуы
мүмкін.
Лақтыру-арнайы снарядтарды (жабдықтарды) серпу мен лақтырудағы жаттығулар.
Лақтыру нәтижелері метр және сантиметрмен өлшенеді. Лақтырулар қысқа
мерзімді болуымен сипатталады, бірақ барынша жүйке-

бұлшық ет күші жұмсалады, оған қолдың иықтық белдеудің, кеуде мен
аяқтардың бұлшық еттері тартылады. Жеңілатлетикалық жабдықтарды ұзаққа
лақтыру үшін күштің, жылдамдықтың, ептілік пен өзінің күшін үйлестіре,
жұмылдыра білуді дамытудың жоғары деігейі қажет. Лақтырумен айналысу осы
жоғарыда айтылған маңыздықабілеттерді дамытып қана қоймай,сонымен бірге
дененің бұлшық еттерінің дамуына септігін тигізеді.

Жеңіл атлетикадағы жаттықтыру негіздерін талдау.
1. Жүріс бөлшектерінің техникасын үйрету, толық жүріске үйрету
2. Жеңіл атлетика түрлерінің техникалық негіздері.
Жеңіл атлетика жаттығуын орындап көрсету және түсіндіру оқушыда жаттығу
туралы жалпы түсініктің қалыптасуы мақсатында көрсетіледі.. Оқушы
мұғалімнің әрекеті қалай орындалғанын бақылау арқылы өзінде сол жаттығу
туралы ой пайда етеді. Кейін тәжірибе турінде орындалады, бұл оқушының
білімін нақтылайды. Жаттығуды орындау кезінде жіберілген қатені мұғалім
уақытында тұзетіп беруі керек. Күрделі жаттығуларды орындаған кезде мұғалім
қауіпсіздікті сақтау үшін қасында бақылап тұрады.
Координациясы күрделі жаттығулардың бөлектеп (әлементтерге) бөліп
үйреткен дұрыс. Оқушы жаттығуды толық орындағаннан кейін мұғалімің
көмегімен жаттығу таңдалады, жіберілген қатенің себебі және оны түзету
жолдары анықталады[25]. Қатені төмендегіше түзету мүмкін:
• жаттығудың орындалуын қайталап көрсетіп оны оқушыдан қайталап көрсетуді
талап ету;
• дайындық, көмекші жаттығуларды қайталау жолымен техникалық құралдарды
пайдалану жолымен т.б.
Үйретудің үшінші басқышында үйретілген жаттығуды көндігу деңгейіне
дейін бекітілуі тиіс. Көбінесе оқушылар өз бетінше қайталайды, ал мұғалім
басшылық етеді. Жаттығулардың орындалу жағдайын өзгертіп бару арқылы әрекет
қабілетінің динамикасын жоғарылатуға болады. Мысалы, биіктікке секіру
кезінде биіктікті өзгертіп бару т.б.
Әрекет көндігуін жетілдіру бұл жаттығулардың дұрыс орындалуы, тездіктің
өсуі, нәтижені жоғарылату мақсатында қозғалыстарды үнемдеп пайдалануы,
жаттығуларды техникасымен шебер орындау т.б. Бұлар үздіксіз жаттықтыру
жұмыстарын ұйымдастырумен іске асырылады. Дене тәрбиесі сабағында уақыттың
аз болуына байланысты көрсетілген тапсырма толық (көрсетілмейді)
шешілмейді, тек тұрмыста пайдаланатын жүру, жүгіру, секіру, лақтыру,
өрмелеу сияқты жаттығулар орындалады. Сондықтан оқушыларға тапсырма беру
және өз бетінше орындауды талап ету арқылы оларда жақсы көндігуді
қалыптастыру мүмкін.
Балалардың бір жастарында қарапайым және күрделі
қозғалыс әрекеттерін үйрену әдісі жоғары болады. Бұл жас
балалардың бас миының барлық бөліктерінің және арқа ми
жүйкелерінің тек дамуына және әрекетті сезу мүшелерінің
жетілуіне байланысты, сонымен қатар ептіліктің, шапшаңдықтың,
шыдамдылықтарының дамуына байланысты болады. 12-13 жастарда дене
жаттығуларын кеш бастаған балаларда әрекет координациясы кем дамиды және
бұлшық ет күшінің, дене массасының өсуі сәйкес келмейді.
Бұл жағдайда осы жаста жыныс және эндикрон жүйелерінің жетілуіне сәйкес
келеді. Оқушылардың жаңа жаттығуларды тез істеуі олардың дене дамуының
дәрежесіне байланысты.
Мектептегі дене тәрбиесі жүйесі – дене және рухани күшті дамытуға
бағытталған арнайы жаттығулар мен спорттық әрекеттер жүйесі. Дене мәдениеті
дамытушылық, тәрбиелік, білімдік, сауықтыру – гигиеналақ қызметтерді
атқарады. Салауаттылық санасы: дене мәдениетінің мәнін, оның өмірлік
қажеттілігін, барлық дамудың (ақыл ой, еңбек, адамгершілік, эстетикалық,
экономикалық) табиғи негізі ретіндегі мәнін түсіну, дене шынықтыру және
спорт тарихы, теориясы мен практикасы туралы білімнен тұрады және
адамдардың дене шынықтыру, спорттық – ойындық әрекет білігі мен
дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді. Практикалық сабақтар барысында
балалардың дене шынықтыру – спорттық ойлауы; техникалық шеберлігін
жетілдіруге даяр болуы, уақытқа, кеңістікке және ойын жағдайына
бағдарлануы; спорттық – ойындық міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан
келу қабілеттері дамиды. Мұның бәрі олардың бойында денсаулығын сақтауға
қажеттілікті, ұйымдасқан дене әрекетін, дене шынықтыру мен спортты әдеттегі
күнделікті ісіне айналдыруын қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру санасы
өзіндік ағартушылық, ынталандырушылық, бақылаушылық және тежегіштік
(спорттық жетістіктерге жетуде адамгершілік – құқықтық нормаларды ұмытпау)
қызметтер атқарады.
Сол үшін қимыл-әрекеттің техникасын үйрену кезінде оқушылардың
ұқыптылық мүмкіншіліктерін есепке алуды талап етеді. Әр сыныптың негізгі
топтары жақсы дамыған немесе қанағаттандырарлық деңгейде дамыған балалар
топтарынан тұрады, бұлар жаңа жаттығуларды жеңіл үйренеді. Кейбірі
жаттығуларды үйренуде көп қиналады. Себебі олар уақытты, дұрыс игере
алмайды және олар әлсіз болады. Әдетте олар мұғалімнің көрсеткен
жаттығуларына көңіл аудармай оларға қарапайым әрекеттерді үйретуде көп
уақытты талап етеді. Олар күшті, темпті, әрекет тездігін, жалпы қимыл-
әрекетті дұрыс басқара алмайды. Ал денесі жан-жақты дамыған оқушылар
ақылды, жылдам, тез түсініп, саналы, көрсетілген жаттығуларды тез ұғып
алады[26].
Үйрету - мұғалімнен педагогикалық шеберлікті талап ететін, күрделі
жұмыс. Үйрену үшін үйрететін оқушымыз әрекеттерді алғашқы үйренуге дайын
болуы тиіс.
Мысалы, 6-сыныптың бірінш тоқсанында жеңіл атлетика сабағы кезінде
қолдарын бүгіп және созып орындайтын жаттығуларды бергені дұрыс. Себебі бұл
болашақта оқушыларға арқанға өрмелеу, тартылу, жүкті көтеріп қою
жаттығуларын орындауға көмегін тигізеді.
Екінші тоқсанда жүгіру сабағында бір аяқта секіріп жүру түрлерін,
жүресіне отырып жүру және т.б. енгізуді талап етеді.
Үшінші тоқсанның соңында көктемгі жүгіру, секіру, лақтыру
жаттығуларына даярлау мақсатында әр түрлі жаттығулар беріледі.
Оқушылардың үйретуге дайындығын тест көмегімен, бақылау және бұрын
үйренген жаттығуларды қайталап орындату арқылы анықтаймыз. Үйретуге
кірісумен міндетін анық түсіндіру талап етіледі.Үйретілген жаттығулардың
маңызын түсіндірген дұрыс болады.
Мұғалім үйрету жұмысын өзіндік әдістерімен түсіндіруі тиіс. Мысалы,
көрсету, түсіндіру, көмекші жаттығуларды беру, орындап көруі, үйренгенді
бағалау.
Орындап көрсету анық болуы тиіс, әрекеттің негізгі бөлектері
түсіндіріліп беріледі. Кейін жаттығу қарапайым болса оқушыдан толығымен
орындау талап етіледі, ал күрделі болса бөліп орындау ұсынылады.

1.2. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны

Балалардың әрекет мүмкіншілігі табиғи өз бетінше ойнау және мектепте
мақсатқа бағдарланған шынығуларды орындату арқылы дамиды. Әрекет сапасы
балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әр дәрежеде дамиды. Сондай-ақ жыныс
ерекшеліктеріне де байланысты. Осыларды есепке ала отырып, дене тәрбиесі
пәні мұғалімі оқушыларда әрекет сапасын дамыту жұмыстарын ұйымдастыруы
тиіс. 10-13 жастағы балаларда ми іскерлігінің сезуі (көруі) мүшелерінің
мүмкіншіліктері үлкен адамдардың көрсеткішіне жақын дамиды, ал жүйке,
бұлшық еттерінің қимылы үлкен адамдармен бірдей болады. Бұл шапшаңдықтың
дамуына ұнамды жағдайды пайда етеді. Мысалы, жаңа әрекеттерді тез үйренуі,
әр түрлі жағдайда әрекет іскерлікті орында пайдалануды тез шешу т.б.
Шапшаңдықты екі жолмен дамытуға болады:
1. Мектеп бағдарламасындағы бағдарламаны үйреткен кезде олардың денеге
әсер ету мөлшерін қайталауын жалғастыруын таңдап анықтау арқылы
жылдамдықтың дамуына әсер етуі мүмкін. Әрине әрбір жаттығу құрылымы бойынша
жылдамдыққа әсер жасау ерекшеліктеріне ие.
Гимнастикалық жаттығулар көпшілік жағдайда оқушыларда кеңдік, күш
ұқыбын дамытады, ойын өзгермелі жағдайда әрекеттерді бақылау, тез орындау,
зейінін дамытады. Оқушыларды үйрету жұмысында әрекеттерді жиіе ,
қиындастырып бару керек Сондай-ақ шапшаңдықты дамыту әр түрлі жағдайда
түрлі әрекеттерді орындауды талап етеді. Бір орында тұрып ұзындыққа секіру,
жүгіріп келіп ұзындыққа секіру т.б. Әр бір сабақта жалпы дамыту
жаттығулардың ішіне мүмкіншілігі барынша акробатикалық жаттығуларды
енгізген дұрыс болады Әр сабақтың соңында әрекетті ойындар үшін бірнеше
минут бөлген пайдалы болады.
2. Шапшаңдықты дамыту үшін әрекеттерді таңдап алуы қажет.
Көпшілік жағдайда ол уақыт және кеңдікті сезуді, бұлшық ет керілуін
жетілдірумен байланысты. Шапшаңдықты дамытуға әр түрлі жаттығулар
пайдаланылады. Бұлардың міндеті денені дұрыс ұстау (мұғалімнің көрсеткені
бойынша), әр түрлі жағдайда секіріп белгіленген орынға түсу, ойланып
орындалатын жаттығуларды иілуді (қол, аяқтарды тіреп күш алатын
жаттығуларды т.б. көбірек орындату талапқа сай болады) [27].
Сонымен қатар оқушылардың координациялық ұқыбы дамиды. Олар жаттығу
күрделілігінің өсіп бару жағдайында орындау арқылы жетілдіріледі.
Циклді әрекеттердің координациясы жүру және жүгірудің түрлерін орындау.
Қол әрекеттерінің бір уақытта бір бағдарға қарай орындалуы. Мысалы, екі
қолды алға, оңға, солға, жоғарыға созып әрекет ету.
Қолдардың бір уақытта әр түрлі бағдарға әрекет етуі. Мысалы, оң қол алға,
сол қол кейінге және керісінше.
Қолдарды реттестіріп әр бағдарға әрекет етуі. Мысалы, оң қолды оң жаққа,
сол қолды сол жаққа созу, оң қол жоғарыға, сол қол жоғарыға, оң қол немесе
сол қол төменге әрекет етуі. Сондай-ақ оң қол оң жақка, сол қол сол
жаққа, оң қолды алдыға созып әрекеттің орындалуы, оң қол жоғары сол қол
төменге, т.б. әрекеттердің орындалуы.
Әр түрлі бағдарда айланба бағдар әрекетті орындау. Мысалы, екі қолды
созып кеудемен оңға, солға айналмалы әрекеттер т.б.
Мұғалімнің жаттығуларды көрсетуі, мұғалім оқушыларға қарап тұрып әртүрлі
әрекеттерді орындап көрсетеді, оқушылар көрсетілген әрекеттерді бәрге
орындайды. Бұл жаттығулар оқушылардың координацияны және назар аударуды
талап етеді. Алғашқы жаттығулар жаймен орындалады, кейін жылдамдығы
асырылады.
Қол, аяқ әрекеттерінің реттесуі, шапшаңдық белгілерінің бір орында тұрған
кезде тең салмақтықтың сақталуы. Бұндай әдістерді дамыту үшін гимнастикалық
скамейканың үстінде тік тұру, жүріп бара жатқанда әр түрлі жаттығуларды
орындау, бір аяқтың үстінде отырып жаттығуларды орындайды.
Шапшаңдықты дамыту жаттығулары сабақтың негізгі бөлімінің басында беріледі.
Себебі сабақтың даярлық бөлімінде бұлшық ет жаттығуларына дайындалмайды,
балалардың назар аударуы күшті және дене шаршамаған кез. Оқушылардың
көбірек, уақытын сезушілік әрекеттер координациясын тұтас дамытуға бөлу
қажет. Сабақ үстінде шапшаңдықты жан-жақты дамытатын жаттығуларды таңдап
алып пайдаланған мақұл болады және оларды күрделендіріп жылдам орындалуын
талап етіп бақылап барған дұрыс болады.
Дене даярлығы дене тәрбиесінің белгілі бір іс-әрекет түріне сәйкес
дене қабілетін жетілдірудің қолданбалы бағыттағы түрі. Дене тәрбиесі ерте
заманда қоғамның адамдарды еңбекке даярлау сұранысына сәйкес пайда болды.
Қоғам дамыған сайын адамның қозғалыс мүмкіндігін қалыптастырушы фактор
ретінде дене даярлығына қойылатын талап та күшейтілді. Бертіндеп келе
аталған мақсаттағы дене даярлығы жалпы дене даярлығы деген мағынаға ие
болуы (ЖДД). Сонымен қатар, спорт саласында жалпы және арнайы даярлық
ұғымдары пайда болды. Қорыта
айтқанда, дене даярлығы дегеніміз - өмірлік маңызды және қолданбалы білік
пен дағдылар деңгейі.
Дене дамуы ағза функциясының өзгеру заңдылығы. Бұл процесс сапалық
және сандық өзгерістермен анықталады. Сандық өзгеріс дегеніміз- дене бітімі
мен дене салмағы көрсеткіштерінің өзгеруі.
Сапалық өзгеріс – белгіленген дене қасиеттерінің (күш, жылдамдық,
шыдамдылық, жұмысқа деген қабілеттің өзгеруі)
Ағза үздіксіз жас эволюциясына ұшырайды. Адам өмірінің әр кезеңіне
сәйкес, дене дамуының өзіндік көрсеткіштері тән. Бұл көрсеткіштер
прогрессивтік өзгеріс немесе ағзаның физиологиялық қартаюына әкелетін
регрессивтік өзгерістер болуы мүмкін.
Балалық және жасөспірімдік шақ адамның барлық органдары мен
жүйелерінің дамуы және белсенді зат алмасуымен ерекшеленеді.
Дене дамуы әлеуметтік, биологиялық факторларға да қатысты. Осы
факторлар әсерінен дене жан-жақты немесе үйлесімсіз дамуы мүмкін. Дене даму
көрсеткіштері қоғамдағы өмір сапасына тікелей ықпал етеді. Дене дамуы туу
көрсеткіші, ауру және өлім көрсеткішімен қатар, қоғамдағы әлеуметтік
саулықтын басты белгісі болып табылады.
Ағза үздіксіз жас эволюциясына ұшырайды. Адам өмірінің әр кезеңіне
сәйкес, дене дамуының өзіндік көрсеткіштері тән. Бұл көрсеткіштер
прогрессивтік өзгеріс немесе ағзаның физиологиялық қартаюына әкелетін
регрессивтік өзгерістер болуы мүмкін.
Балалық және жасөспірімдік шақ адамның барлық органдары мен
жүйелерінің дамуы және белсенді зат алмасуымен ерекшеленеді.

Спорттың жүру техникасын талдау және оның әдістемесі.
Оқу материалдарын сабақ бойынша және бір жылға жобаластыру алғашында әр
сыныпта өтілетін оқу материалдары білімдерінің ізбе-іздігі сақталып график
түрінде істеледі.
Жобаластыру кезінде мектептен материалдық және жергілік ауа райының
жағдайы есепке алынады. Әр тоқсан үшін сабақтар саны бағдарламасында
берілген. Бірінші тоқсанда жеңіл атлетика жаттығулары үйретіледі. Осыған
байланысты бірінші тоқсанда оқу жұмысының міндеті оқушыларды күш, тездік
сапасы мен шыдамдылығын дамыту. Бұл үшін 10-12 сабақ берілуі мүмкін. Қазан
айының ақырынан бастап спортзалда өткізіледі (мектепте спортзалы болса).
Бұл жерде спорт ойындары баскетбол, волейбол үйретіледі. Екінші тоқсанда
бағдарламаның гимнастика бөлімі үйреніледі. Міндеті әрекеттің
координациясын, күшті және күш шыдамдылығын дамыту. Спортзалы жоқ
мектептерде гимнастикаға бөлінген сағаттар жеңіл атлетикаға беріледі[28].
Сабақта оқушылардың жұмыстарын басқару міндетіне төмендегілер кіреді:
• оқушыларды сабақта максималь іспен қамтамасыз ету;
• тәртіпті сақтау.
Оқушылардың жұмыстарын ұйымдастыруда әдетте фронталдық әдісі
жаттығуларды бастапқы жалпы дамытушы жаттығуларды орындауды, қарапайым үй
тапсырмасын тексеруге қолданылады. Ол барлық оқушыларға жалпы тапсырма
беруде және олардың мұғалімнің тікелей қадағалауында орындаудан тұрады.
Мұғалім жаттығуды бастауға сигналды балалардың тапсырманы түсінгеніне көзі
жеткең соң береді. Егер жаттығулар бұрыннан таныс болса оны көрсетпеуге
және түсіндірмеуге болады.
Әр бір оқушы тапсырманы қалай орындағаның анық көру үшін мұғалім залда
немесе алаң өзіне қолайлы жерді таңдайды. Ең қолайлы жер залдың ортасы
немесе алаңның бүрышы. Жақсы бақылау үшін скамейканың үстіне шықса болады.
Оқушылар жаттығуды дүрыс орындамағанын білсе мұғалім Тоқта! бұйрығын
береді және қатесін түсіндіреді. Егер қателер қарапайым болса жаттығу
соңында түсіндіруге болады.
Оқушылар еркін жағдайда иеленбегенше еш қандай жаттығуды бастауға
бұйрық беруге болмайды. Олардың дұрыс тұрғанын қадағалау тиіс.
Әрекеттің темпі мен ритмін мұғалім дауыс арқылы гимнастикалық таяқпен
полға ұрып микрофон немесе магнитофон арқылы білдіреді. Сондай-ақ
магнитофонға жазылған музыка арқылы.
Мезгілді әдіспен әрекеттердің орындалуын бақылау керек болғанда
қолданылады. Бір бөлігі жаттығуды орындайды, ол екінші әрекетін дұрыстығын
қадағалап отырады. Мысалы, мүндай әдісті жатып қолды созу және жию тестін
орындағанда пайдалануға болады. Оны әр бір орындаушыға көмек керек болғанда
пайдаланады. Мысалы, гимнастикалық скамейкада отырып денесін көтеру және
түсіру жаттығуын орындағанда аяғынан үстап отыру. Барлық жағдайда тапсырма
фронталь ұсынылған сияқты бәріне теңдей. Тек қана барлығы бірдей орындамай
топ ұл балалары мен қыздары ізбе-іздікте орындайды. Сабақтың тығыз
ұйымдастырылуы фронталь ұсылындағы сияқты. Себебі екі жағдайда да
оқушыларға жаттығулар арасында демалыс қажет. Айырмашылығы бірінші жағдайда
сыныптың жартысы демалып, екіншісі де кезекпен демалады.
Топ әдісі бұл жаттығуды ізбе-із барлық оқушылар орындайды және де бұл
барлығы үшін бірдей. Бұл әдіс орындауға көп уақыт талап етпейтін жеңіл
өткеретін ұқыпқа ие снарядтардағы тапсырмада пайдаланылады. Топ әдісінде
фронталь және мезгіл әдісіне қарағанда сабақтар онша тығыз болмайды. Себебі
әр бір оқушыға кезек күтіп тұруға уақыт қажет. Бұл жағдайда топ әдісі
қолайлырақ болады. Мүнда 2-3 снаряд қойы.лады, ал оқушыларды керекті болған
топтарға бөледі. Солай етіп сабақтың тығыздығы өседі. Тапсырманы бақылап
баруға мүмкіншілік пайда болады.
Топ әдісін әр қайсысы біраз уақыт талап ететін 2-3 жаттығуларды үйрету
қажет болғанда сабақта ұйымдастырьілады. Әр бөлімнің жұмысын командир
басқарады. Әдетте бұл командирге көмектеседі. Ал мұғалім тапсырмасы ауыр
бөлімде болады. Сонымен бірге мүғалім басқа да бөлімдердің жұмысын тексеріп
отырады. Оқытушының белгісі бойынша бөлімдер орындарын ауыстырып
тұрады[29].
Топтық әдіс оқушылардың өз бетінше істеу ұқыбын арттырады, бір-біріне
көмектесуді дамытады. Ол оқу бағдарламасьінда да пайдаланылады. Бірақ
топтық әдіспен оқыту біраз төмендейді. Себебі мұғалім барлық бөлімдерге
қатынаса алмайды. Соның үшін қауіпсіздік азаяды. Бұл кемшіліктерді бөлім
командирлерін жақсы дайындау және сабақ өтетін жерді паролон матрацтармен
қамтамасыз ету арқылы жөндесе болады. Жоғарыда аталған әдістің бір түрі бұл
айланыс әдісі. Ол сабақ бөлімдері санының өсіуінен тұрады. Барлық бөлімдер
бағдарламадағы жаттығуларды орындап басқышпа-басқыш бір станциядан екінші
станцияға өтіп барады. Жаттығуларды мақсимум темптен 50-70% айырмашылықпен
еркін атқарады- 2-3 минут ішінде (экстенсивтік жаттығу әдісі) немесе
максималь темпте 30-40 секунд ішінде атқарады (интенсив үсылы). Барлығы 2-4
айналым аралығы 30 секунд, 2-1 минут. Топтық және айналыс әдісінде топтарға
тапсырманы карточкаға жазып берген дұрыс болады. Бұны жоспарлау арқылы
оқытуда қолданады. Айналыс әдісі жеке жүктемелерді жоспарлағанда және
еріскен табыстардың өсуін бақылау да қолданылады. Әрбір оқушы алдын-ала
максималь тестін орындайды, соңынан осыдан жүктеме пайызын есептеп
шығарады.
Әр бір сабақ тапсырманы асырып барады. Уақты-уақтымен пульсін өлшеп
және жазып барады. Әдістің негізгі мағынасы осыдан құралады. Әр қайсысының
жеке әдісі әрбір оқушыға бөлек тапсырманы берілгенін білдіреді. Бірақ
әдетте мұндай тапсырманы барлығына берместен немесе жаттығуларды меңгеру
білмеушілерге немесе артта қалыушыларға, немесе керісінше спорт
мектептерінде жаттығушыларға беріледі.
Бірақ жоғарыда айтылғандай оқушыларға жеке қатынасты фронталь мезгілді
және топтық әдісінде іске асыруға болады. Басым көпшілігіне тендей тапсырма
болғанда, оқушылардың біразына оларды жеңілдетіп немесе керісінше
қиындастырса болады. Мысалы есектен секіруде айырымдарына есекті жақындатса
болады, ал айырым оқушыларға ұзақтастырып қойса да болады.
Жеңіл атлетика жаттығу түрлерінің техникасы .
1. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру
2. Күш алатын арнайы жаттығыулар
Мұндай секіруге үйретуден бұрын оқушылардан барлық секіру техникасына
байланысты таныс әрекеттерді қайталау талап етіледі. Осы мақсатта тартылған
жіптен бірнеше рет секіру қайталанады (жіптің биіктігі оқушылардың
тақырыбына сай белгіленеді). Биіктікке секірудің бөлімдерін үйреткен кезде
оқушылардың көрген түскен кездегі салмақтың сақтау үқыбын дамытуға көбірек
көңіл бөлінуі тиіс. Секіруді үйрену үшін төмендегі жаттығуларды орындау
ұсынылады.
1.Күш алатын арнаиы жаттығыулар бас және аяқты жоғары көтеріп сермеп
жаттығуларды орындау (гимнастикалық дуалға жақындап бір қолымен ұстап
асылып тұрып орындаса да болады).
2. 1-3 аттап жүгіріп 60-41 см биіктікке секіру, жаттығуды
орындағанда сермейтін аяқтың жоғары көтерілуіне зейін
берілуі тиіс.
3. Жүгіріп келіп күш алушы аяқтың түсетін орнын
белгілеу. Осы белгілері бойынша 3 қадам аттап жүгіріп
бір қалыпты істеп үйрену.
4. Жүгіру күш алып секіру үшін тартылған жіпке 35-45
бұрыш жасап орындалады. Кейінгі екі қадамды аттағанда
аяқтар жерге койылғанда өкшеден басуға үйрену. Секіру
үшін тартылған жіптен немесе планкадан өтуге үйрену.
Планкадан өту үшін скамейкадан аяқтың ұшы мен тізе
планка жаққа бұрылған болуы тиіс. Бұл бөксенің
планкадан тез өтуіне көмегін тигізеді.
Бір орында тұрып кішкене допты ұзаққа лақтыру. Негізгі міндет
оқушыларды сабырлықпен қол сермеуге, аяқтарын кеуденің тұру жағдайын үйрету
және допты лақтырғаннан кейін сызықты баспай тұрып қалуды қалыптастыру.
Кішкене допты лақтыруды үйрету үшін төмендегі жаттығуларды қолдануға
болады.
1. Лақтыратын жаққа қарап тұрып допты лақтыру.
2. Оңға жартылай бүрылып тұрып лақтыру.
3. Лақтыратын жаққа қаптталдап түрып лақтыру.
Бұл жаттығуларды орындаған кезде оқушыларға қолды кеңінен сермеуді және
кеуденің серппелілігін пайда етуді түсіндірген жөн болады. Лақтыру
жаттығуларын нысана белгілеп спорт сарайларына баскетбол тақтайына лақтырып
үйрету мүмкін. Негізгі қателер алғашқы жағдайының дұрыс емес болуы, қолдың
шынтаққа көбірек иілуі, дене салмағының алдыңғы аяққа толық түспеуі, аяқ
пен кеуде күштерінің бірден тұтас іске косылуы т.б.
Тосқындықтардан өту сабақ кезінде алған ұқып пен көндігуді бекіту және
жетілдіру үшін тосқындықтардан өту жаттығулары қолданылады. Бұл
жаттығуларға мыналар кіреді: ұзынына қойылған ұзындығы 5 м биіктігі 60-70
см ағаштың үстінен жүру, кеңдігі 1,5 м ойдан өту, 10 м қашықтыққа
орнатылған нысанаға допты лақтыру т.б. Тосқындықтардан өтуге арналған
жаттығулар бөліктерге (элементке) бөліп үйретіледі.
Толық үйретілгеннен кейін тұтастырылып орындалады. Үйрету кезінде
оқушылардың назарын өтудің дұрыс әдістерін таңдап алуға бағдарлау қажет.
Оқушыларды тосқындықтардан
өтудің барлық әдістерін үйренгеннен кейін орындау тездігін кем-кемнен
жоғарылатуға болады.
VІ-сыныпта секіруді үйрету кезінде XІ-X сыныптарда қолданылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күш күштің түрлері
Баскетбол: допты торға түсіру техникасын үйрету әдістемесі
Жеңіл атлетика жаттығуларының әдістері
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Жеңіл атлетиканың түрлері (көпсайысқа мінездеме)
Жеңіл атлетиканың түрлері
Жалпы білім беру мектепте жеңіл атлетиканың оқу сабақтарының негізгі түрі - сабақ
Ядроны итермелеу техникасын жетілдіру
Жеңіл атлетика жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрі
Жеңіл атлетика спортының топталуы
Пәндер