Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І-бөлім.
1.1. Оқытудың жалпы
мәселелерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Жеңiл атлетикалық жаттығулар тәсiлiн үйренудегi қатенi түзету мен
алдын алудың
түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.10
1.3. Спорттық жүру әдiстерiн
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 10
1.4. Орташа және алыс қашықтыққа жүгiрудi
үйрету ... ... ... ... ... ... ..15
1.5. Кросқа жүгiрудi
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

1.6. Қысқа қашықтықта жүгiрудi
үйрену ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..19
1.7. Кедергiлерден өтiп
жүгiру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
1.8. Кедергiшiнiң арнайы жаттығулары және жалпы жетiлдiрушi
кешенi ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8

ІІ-бөлім.
2.1. Ұзындыққа секiрудi
үйрену ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.2. Биiктiкке секiрудi
үйрену ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.3. “Қадамдау” әдiсiмен секiру
тәсiлi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .34
2.4. “Лақтырылу” әдiсiмен секiру
тәсiлi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.5. Биiктiкке секерудi"фосбюри-флоп" әдiсiмен секiрiп үйрену ... ... 37
2.6. Сырықпен секiру әдiсiне
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .40
2.7. Үш адымдап секiру тәсiлiн
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .46
2.8. Бiр орында
секiру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 47
2.9.
Қадам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...48
2.10.
Секiру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .49
2.11. Ядро лақтырудың әдiс-тәсiлiн
үйрену ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..51
2.12. Граната лақтыру тәсiлiне
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 61
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..62
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Соңғы онжылдықта оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн
арттырудың жаңа тәсiлдерi мен әдiстерi қарқынды түрде зерттелуде. Бұл бiр
бiрiншi кезекте бiлiм дамуындағы объективтi үрдiспен байланысты
оқитындардың санын үздiксiз көбейту және ғылыми-техникалық ақпарат
көлемiнiң тез өсуi‚ сол сияқты оқу мерзiмдерiн қысқартумен байланысты.
Айтылғандардың бәрi белгiлi мөлшерде дене шынықтыру жаттығуларын үйрету
процесiне қатысты.
Спорттық шеберлiк деңгейi өскен көпшiлiк спорттың дамуын, дене
шынықтыру жаттығуларын үйрету процесiнiң жаңа әдiстерi мен тәсiлдерiн
iздеудi талап етедi. Жалпы және кәсiптiк бiлiм беру процесiн жетiлдiрудiң
көп тараған бағыттарының бiрi бағдарламалық оқыту әдiсi болып табылады.
Оқытудың тиiмдiлiгi бағдарламаның сапасымен ғана емес‚ сонымен бiрге
оның реализацияның әдiстерiмен де анықталатыны көпшiлiкке белгiлi.
Диплом жұмысы спортпен айналысушылардың жаттығуларды өз бетiнше жасауын
жеңiлдететiн басқару жүйесi бар жеңiл атлетикалық жаттығуларды алғашқы
оқыту әдiстемесiне тәрбиелеуге тұңғыш рет әрекет жасап отыр.
Диплом жұмысын талдағанда спортпен айналысуды ендi бастаған
спортшылармен сабақ процесiнде тексерiлген педагогиканың‚ физиологияның‚
спорттық медицинаның қазiргi кездегi мәлiметтерi ескерiлдi.
Жұмыстың мақсаты: жеңiл атлетикадан әртүрлi барлық ақпарат құралдары
(көздерi) бойынша Қазақстанның ұлттық кадрларына көмектесу‚ оқу құралы
қазақ және орыс тiлдерiнде жалпы бiлiм беретiн мектептердегi дене тәрбиесi
пәнi мұғалiмдерiне‚ жоғары оқу орындарының дене тәрбиесi кафедраларына‚ жас
жаттықтырушыға және ендi бастаған спортшыларға‚ жеңiл атлетиканың
түрлерiнiң техникасын өз бетiнше үйренiп‚ меңгерушiлерге арналған. Диплом
жұмысы Жеңiл атлетика және оқыту әдiстемесi пәнiнiң бүкiл курсын оқып
үйретуге ұмтылмайды‚ бар болғаны тар мағынада (қысқаша) жеңiл атлетикалық
курстардың көп түрлiлiгiн және жаттығулар тәсiлiн үйрету әдiстемесiн
көрсетедi.
Оқытудың дәстүрлi әдiстерiнiң кемшiлiктерiнiң бiрi (оның iшiнде дене
шынықтыру жаттығуында) – бiр сабаққа берiлетiн материал көлемiнiң шамадан
тыс көп болуы‚ ал оны меңгеру нәтижесiнiң көлемi көп уақыт аралығында‚
ойланбаған жүйеде‚ элементаралық бағалар негiзiнде өткiзiледi. Бұл
материалды оқыту мен оны спортшының меңгеруiнiң сәйкес келмеуiне алып
келедi.
Меңгерiлмеген бөлiмдердiң (сабақтардың) көбейiп кетуi бағдарламаны
меңгерудi қиындатады және бiлiмдi, дағдыны‚ шеберлiктi практика жүзiнде
қолдануда қателер пайда болуын қалыптастырады. Бұл дене шынықтыру
жаттығуларын үйрету кезiнде‚ орындау кезiнде кемiстiктер‚ жаттығуларды
дұрыс орындамауға әкеледi‚ сондықтан‚ жаттығуды толық тиiмдi орындай
алмайды.
Сонымен бiрге‚ оқыту процесi-бұл мұғалiмдер оқушылардың бiрлескен
мақсатты қызметi‚ онда мұғалiм оқушыларға белгiлi мәлiметтер берiп қана
қоймай‚ сонымен бiрге бiлiм шеберлiк пен дағдыны меңгеру процесiне де
белсендi басшылық жасайды.
Бағдарламалық оқыту әдiстерi кибернетикадан-(басқарудың жалпы
заңдылықтары туралы ғылымнан) алынған. Бұл оқытуға басқарудың жалпы заңдары
тұрғысынан қарауға‚ ақпараттық процестердiң тиiмдiлiгiне‚ оқыту процесiн
мақсатқа сәйкес жеделдету және алгоритмдеуге мүмкiндiк бердi.
Бағдарламалық оқыту мазмұны негiзiнен бiлiмдi меңгеру процесiн
басқаруды жақсартудан тұрады. Бұған былай жетуге болады: бiрiншiден‚
материалды аз “мөлшерлердi” бөлу керек‚ бұл оқушылардың бiр айтқанда
меңгеруiне оңай және осы “мөлшерлердi” жеңiлден күрделiге қарай бiр жүйемен
орналастыру керек. Екiншiден‚ берiлген материалды оқушының қалай меңгерiп
жатқаны туралы мұғалiмге ақпарат беретiн үздiк бақылау жүйесiнiң оқыту
процесiне енуi және талдануы арқылы.
Үздiксiз бақылау маңызды фактор болып табылады‚ ол материалды әрi қарай
оқытудың көлемiне‚ мазмұнына және жүйелiлiгiне тiкелей әсер етедi.
Ақпаратты мұғалiм мен оқушылардың бұлай өзара жеткiлiктi алмасуы басқаруды
жақсартады және оқу процесiнiң тиiмдiлiгiн арттырады.
Бағдарламалық оқытудың негiзгi принциптерi мен әдiстерiн дене шынықтыру
жаттығуларын (оқыту) үйретуге де жетiстiкпен пайдалануға болады.
Адамда қозғалыс дағдыларының қалыптасуы қозғалысты түрде (балаларды
жүруге үйрету‚ бiрнеше тұрмыстық дағдылар бойынша) немесе арнайы
ұйымдастырылған оқыту жүйесi процесiнде өтедi. Соңғысында‚ педагогикалық
және физиологиялық бiлiм беру заңдылықтары‚ қозғалыс дағдыларын және
оқытудың нақты тапсырмаларынан шығатыны‚ түзету мақсатында “адым”
әлементтерiн меңгеру үшiн бақылау жүйесi және жас ерекшелiгi деңгейiнiң
күрделiлiгiн оқытатын жаттығу элементтерiн меңгерудiң жүйелiлiгiн
қарастыратын жүйе талдануы мүмкiн.
Оқу материалын бөлек кезеңдерге бөлу‚ олардың әрқайсысынан тапсырмалар
жасау және олардың меңгеруi үшiн бақылау әдiстерiн анықтау-мiне осылардың
өзi-бағдарламалау деп аталады. Дене шынықтыру жаттығуларын оқытуға
жататындар‚ мұндай мөлшер аяқталған болуы керек‚ жаттығу элементiн бiр
деңгейде қолдануды меңгеруге қарапайым‚ жеңiл түрi жеткiлiктi. Бiр сабақта
оқушыларды мұндай оқу материалының мұндай екi немесе үш фазаларымен
таныстыру ұйғарылады.
Зерттелудің деңгейі. Профессор Н.А.Бернштейн бiрнеше деңгейден тұратын
қозғалыс актiсiн басқарудың топтама-сызбасын ұсынды. Адам ағзасын басқару
қызметiнiң сызбасын басқа ғалымдар да ұсынды. Бұл сызбалардың негiзгi
идеясы мынадай:
Жалпы түсiнiк бойынша ағзаны реттеушi (орталық жүйке жүйесi) және
реттелушi бөлiмдерден (дене бөлiмдерiнен‚ iшкi мүшелерден және т.б.)
бөлiмдерден тұратын өзiн-өзi реттейтiн жүйе ретiнде қарастыруға болады.
Күрделi қозғалыс тапсырмасын күшейту (өрiстету) үшiн көп бұлшық
еттердiң үйлескен жұмысы қажет‚ олардың әрқайсысы‚ өз кезегiнде көптеген
жекелеген “қозғалыс бiрлiктерi-талшықтардан тұрады‚ бұл талшықтар үйлесiмдi
мотонейрондарды басқаруды және қан айналу және тыныс алу мүшелерiнiң
қызметiн өзгерте отырып‚ бұлшық еттi қажеттi қуатпен қамтамасыз етедi”.
Берiлген қозғалысты орындай отырып‚ бiз әрбiр бұлшық еттiң жұмысын‚
әрбiр қозғалыс бiрлiгiн анықтай алмаймыз (қызмет көрсету жүйелерiнiң-
жүректiң жиырылу жиiлiгi‚ тыныс алу жиiлiгi т.б. қызметi сияқты). Жүйке
жүйесiнiң жоғары бөлiгi (үлкен ми сыңарлары) жалпы мағыналы мiндет-әсер ету
бағдарламасын қояды.
Мақсаты мен міндеттері. Ұсынылған жекелеген оқыту әдiстерi өсу
күрделiлiгi тәртiбiмен орналасқан жаттығу элементтерiн жеңiл меңгеруге
арналған “адымдар” жүйесi болып табылады (оқытылатын әрбiр жаттығу келесi
материалға элемент ретiнде енетiн кезде), мұнымен ұсынылған жаттығудың
әрқайсысы бiр кезде және бақылау тапсырмасы-айналысушылардың оқу үлгерiмiн
бақылау әдiсi болады. Мұндай “кадрлiк” бақылау принцип бойынша мынадай
әрекеттердi бақылауға мүмкiндiк бередi:
а) үйреткен материалды (оқытқанды) меңгергеннен кейiн‚ жаңаға көшу
(материалға).
б) егер жаңа элемент меңгеруге қиын болса‚ онда жаттығуларға оралу
керек (қайталау керек).
Кадрлiк бақылау-жеңiл атлетикалық жаттығуларды алғашқы үйреткенде де
маманданған спортшыларда техникасын қалыптастыру процесiнде де қолданылуы
мүмкiн (қозғалыс элементтерiнде қателердiң бөлiнуiне көмектесетiн).
Зерттелудің объектісі. Қозғалыстардың орындалуы және оның қуатпен
қамтамасыз етiлуi реттеудiң ең төменгi деңгейiнде жүзеге асырылады. Кейбiр
қозғалыстарды жоғары бөлiмдердiң қатысуынсыз-ақ жiберуге болады.
Басқарудың мұндай көп деңгейлi құрылуы‚ орталықтандырылғанға қарағанда
тиiмдiрек‚ өйткенi бас мүше әрбiр құрама бөлiмнiң қызметiн дәл белгiлейдi.
Мұндай жағдайда басқарушы мүше күрделi болып жұмыс iстей алмауы мүмкiн.
Мұндай көп-деңгейлi құрылыстан қорытынды шығара отырып‚ Л.В.Чхаидзе iшкi
және сыртқы басқару шеңберiнен тұратын адамның ерiктi қозғалысын реттейтiн
екi-шеңберлi сызбаны ұсынды.
Сыртқы шеңбер төменгi деңгейге берiлетiн бұйрықтардың орындалуына
тiкелей байланысты болады және ағзадан тыс көру‚ есту және сезiну мүшелердi
арқылы керi байланыста болады. Л.В.Чхаидзенiң пiкiрi бойынша‚ сыртқы
шеңбердiң көмегiмен қозғалыстың мағыналық бөлiмiн басқару жүзеге асырылады‚
ал iшкi шеңбер бойынша (ағзаның iшiнде)-қозғалыстарды талдап тексеру жүзеге
асырылады. Сыртқы шеңбер бойынша ағзаға мағыналық қозғалыс бағдарламалары
және жiберу белгiлерi түседi.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2
бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

І-БӨЛІМ.

1. Оқытудың жалпы мәселелері

Басқару нысаны адам болып табылатын басқару процесiн оқытуды
қарастырғанда бiлiм жетiстiктерiнiң шамасы бойынша адамдардың қозғалыс
белсендiлiгiн заңдылықтары жайлы және жекелеген дағдыларының
ерекшелiктерiнiң қалыптасуында оқыту процесi меңгерiледi деп ұйғарылады.
Сондықтан басқару үйлесiмдiлiгi бiрiншi кезекте басқару нысаны үйрену
деңгейiне тәуелдi болады.
Жекелеген әдiстемелерге тоқтамас бұрын дене шынықтыру жаттығуларын
оқыту процесiнiң бiрнеше жалпы мәселелерiне мақсатқа сай тоқталып өту
керек. Жүру‚ жүгiру‚ секiрулер және лақтыру-бұлар белгiлi
автоматтандырылған қозғалыс актiлерiн әртүрлi қайталау негiзiнде құрылған
қозғалыс дағдылары‚ олардың қалыптасу негiзiнде орталық жүйке жүйесiндегi
уақытша байланыстардың құрылуы жатыр.
Мұндай байланыстардың құрылу механизмiн мынадай үлгiмен түсiнуге
болады.
Адамның немесе жануарлардың әрбiр қозғалысының басында бас миы
қабығының белгiлi бөлiмдерiнiң шартты және шартсыз рефлекторлық қозуы
болады. Таныс жаттығуларды қозғалыс дағдысын жасайтын белгiлер-көру
мүшесiнен тiрек-қимыл аппараттан‚ мұғалiмнiң бұйрығы және т.б. баратын
импульстар болуы мүмкiн.
Дағдылы қозғалыстарды орындау кезiндегi қозу және тежелу процестерiнiң
кезектесуi тиiстi қозғалыс орталықтарында ғана емес‚ сонымен бiрге бұлшық
ет жұмысы кезiндегi қан айналу‚ тыныс алу қызметiнiң үйлесiмдiлiгiн
қамтамасыз ететiн вегатативтiк орталықтарында болады. Бұл бейненi
И.П.Павлов динамикалық деп атады‚ ол iшкi және сыртқы ортаның жағдайына
сәйкес белгiлi шекарада өзгерiп отырады. Мысалы‚ жүгiру жолдарының сапасына
байланысты‚ жалпы құрылымын сақтау кезiнде бiрнеше жүгiру қозғалысты
басқару белгiлi үлгi шеңберiнде жүзеге асырылады.
Қайта-қайта қайталау қозғалыстың неғұрлым тиiмдi түрлерiн қайталауға
және қозғалысты автоматтандыру деп аталатын бiрлiгiн таңдап алынған уақытша
байланыстарды нығайтуға әкеледi. Осының арқасында қозғалыстар дәл‚ тез
(ритмi) ырғағы мен жиiлiгi (оптималüды) үйлесiмдi болады.
Табиғи жағдайларда адамдар мен жануарлардың қозғалыс дағдылары
саналатын iздеу қозғалыстары нәтижесiнде қалыптасады‚ онда орындалу
процесiнде қажетсiз қозғалыс элементтерi алынып тасталынады‚ ал тиiмдiлерi‚
нәтижелерi-бекiтiледi.
Жаңа қозғалыс дағдылары бұрын меңгерiлген қозғалыстарды қолдану
негiзiнде қалыптасады‚ (табысқа жеткен) қозғалыс дағдыларының қоры неғұрлым
көп болса‚ олар соғұрлым алуан түрлi‚ адамның қозғалыс сапалары неғұрлым
дамыған болса‚ ол соғұрлым жаңа қозғалыстарды тезiрек меңгередi. Сондықтан
күрделi қозғалыстарды үйретудiң алдында арнайы дайындық және жетiлдiретiн
жаттығуларды меңгерудi қарастыратын жан-жақты жалпы және арнайы дене
дайындығы болу керек.
Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру процесi үш кезеңнен тұрады:
Бiрiншi басқару кезеңiне (топтап қорыту)-үлкен ми жартыларының
қабығындағы қозу процесiнiң кең иррадиациясы тән. Оқу басында оқушылар жаңа
жағдайға түседi. Жүйке жүйесi орталығына ми қабығының әртүрлi аймағын
қоздыратын көптеген әртүрлi қозулар (тiтiркенулер) түседi.
Iшкi тежелудiң салыстырмалы жетiспеушiлiкпен бiрiгуi көптеген қажетсiз
қозғалыстың пайда болуына әкеледi‚ ағзаның жүрек-қан тамырларының‚ тыныс
алу жүйелерiнiң және т.б. әртүрлi жоғары реакцияларына әкеледi. Оқытудың
бұл кезеңiнде қозғалыс аппараты қызметi мен iшкi мүшелер арасында
жеткiлiктi үйлесiмдiлiк жоқ.
Екiншi кезең-қозу және тежелу процестерiнiң қосындысы (шоғырлануы)
жаттығуларды қайта-қайта қайталау кезiнде шартты-рефлекторлық
байланыстардың мамандануы болады‚ сондықтан қозғалыс дәл болады. Оқудың
басында пайда болған артық қозғалыстар тежеледi‚ өзiн-өзi бақылаудың
әсерiмен және мұғалiмнiң көрсетуiмен шеттетiледi.
Бұл кезеңнiң өзiне тән ерекшелiгi-артық қозғалыстың тоқтап қалуы.
Екiншi кезеңде қозғалыс дағдыларының дәлдiгi болады‚ бiрақ ол
жеткiлiктi күштi емес және әртүрлi себптердiң әсерiмен жиi бұзылуы мүмкiн.
Үшiншi кезеңде-тұрақты қозғалыс дағдысының негiзi‚ алдыңғы кезеңде
құрылғандар қалыптасады‚ жаттығуларды орындауды жеңiлдететiн элементтермен
толықтырылады‚ артық бөлшектерден босайды.
Қозғалыс автоматтандырылады-үлкен дәлдiкпен‚ жеңiлдiкпен‚
сенiмдiлiкпен‚ аз қуатпен орындалады‚ оны орындау үшiн бақылау ақпаратын аз
керек етедi.
Бiрақ кезеңде арасындағы айқын шекараны бақыламаса да болады. Жеңiл
атлетиканың жаттығуының келесi элементiн оларды бiрнеше рет қатарынан еш
қатесiз орындағанан кейiн барып‚ кiрiсу (өту) керек. Егер элемент онша
күрделi болмаса‚ оған көп уақыт жұмсап қажетi жоқ.
Қозғалыс дағдыларының қалыптасуы кезiнде құралған орталық жүйке жүйесi
арасындағы байланыстар-тұлғалар қозғалыстың жалпы схемасы тәрiздес.
Жүйке орталықтары мен қозғалыс аппараты аралығындағы қозғалысты орындау
процесiнде айрықша байланыс болады: жүйке орталықтары қозғалысты шақыратын
импульстарды-команданы жiбередi және бiр мезгiлде оның орындағаны туралы
ақпарат әкелетiн керi байланыс-аференттi алады. Мұнымен қозғалысты
басқарудың үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi‚ яғни оның түрлерi мен
өзгешелiгi оны орындау шарттарымен сәйкес келедi‚ алынған нәтижелерде
өзгередi. Мұндай басқару қозғалыс дағдылары құрылып қойған және қозғалыс
автоматтандырылған кездеде iске асырыла бередi.
Оқыту процесiнде ағзаның қабiлеттiлiгiн басқаруға мақсатты түрде
жаттықтыру‚ қалыптастыру керек. Жаттығуларды орындау шарттары (жағдайлары)
неғұрлым тұрақты болса‚ дағдының тұлғасы (тұрақтылығы‚ дәлдiгi‚
қайталануы) соғұрлым мықты болады. Бiрақ iс-тәжiрибе жүзiнде кез келген
жаттығуды басымдықпен дәл қайталау мүмкiн емес‚ яғни оны орындаудың iшкi
жағдайлары өзгередi (желдiң бағыты мен күшi‚ жолдың‚ жабдық т.б. сапасы).
“Өте тұлғалы” қозғалыс дағдысы былай өтедi‚ сыртқы ортаның өзгертiлген
жағдайларында жаттығуларды орындау тиiмдiлiгi қозғалысты iшкi әлсiз басқару
салдарынан төмендейдi. Басқаруды жақсартуға өзгерушi жағдайларда белгiлi
жаттығуларды орындау жолымен жетуге болады (тiке жүгiру‚ бұрылыстар
бойынша‚ тауға және әртүрлi жағдайларда-отырып‚ жатып және т.б. жүгiру).
Қозғалыс бөлшектерiн бақылау және басқару басқарудың сыртқы шеңберiне
жататын жоғары жүйке жүйесiнiң төменгi бөлiмдерiне жүктеледi‚ iшкi
реттеудiң бiрiншi және екiншi шеңберi өзара байланыста болады.
“Тәсiл” түсiнiгiне тек қана қозғалыс түрлерi емес‚ сонымен бiрге басқа
ерекшелiктерi-екпiн‚ ырғақ‚ күш т.б. жатады. Iс-әрекеттiң тиiмдiлiгi мен
нәтижелiлiгi соңғы нәтижемен емес‚ қозғалыс ұқсастығы дәрежесiмен
анықталады.
Жаттығуларды үйрену оқушыларға ең алдымен iс-әрекет туралы дұрыс
түсiнiк беру керек. Iс-әрекеттi басқару процесiнде мұғалiм жаттығуды оның
үлгiсiмен тексерiп қана қоймай‚ сонымен бiрге қатенi жөндеуге де бұйрық
бере алады.
“Дұрыс” немесе “дұрыс емес” деген бұйрықтар бойынша мұғалiм қозғалысты
дұрыс меңгеруге көмектеседi.
Оқушылар спорттық терминологияны бiлмеуi мүмкiн және берiлген бұйрықты
өзiнше‚ дұрыс қабылдамауы мүмкiн. Сондықтан мұғалiмнiң нұсқаулары дәл‚
анық‚ қысқа (ықшам)‚ оқушылардың түсiнуiне оңай болу керек. Айтылғандардан
мынадай қорытынды шығады: автоматтандырылған дағдыны құру процесiнде
мынадай мiндеттер бөлiнедi:
а) Оқушыларда алдағы iс-әрекеттiң дұрыс үлгi-бағдарламасын құру.
б) Iшкi шеңбердiң жеке бағдарламалық құрылымында ұқсас бағдарламаны
құру (Л.В.Чхаидзе).
Қозғалыс дағдысының қалыптасуы iшкi және сыртқы басқару шеңберiнiң
бiрiккен iс-әрекетiмен қалыптасады. Мұнда сыртқы шеңбер қозғалыстың
мағыналық бөлiмдерiмен‚ ал iшкi шеңбер қозғалыстың биомеханикалық
мақсаттылығын қамтамасыз етедi.
Уақытша байланыстарды тұлғалық-үлгi-бағдарламасы тұрақтылығын тудыратын
нығайту деңгейi бойынша шеңбердiң басқарушы әсерi қысқарады және
қозғалыстың жалпы мағыналық жағына саяды. Бұл кезең‚ мiндеттi түрде
қозғалыс дағдысын автоматтандыру жағдайына сәйкес келедi.
Бұл кезеңге мақсатты түрде сыртқы шеңбердiң қозғалыстың ұсақ
бөлшектерiн мағыналық бақылауын қосуға болады. Бұл қозғалыстың нәтижесiнде‚
оған бейiмделмеген‚ автоматтандырудың биомеханикалық мақсаттылығы
айырылған.
Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру кезiнде мұғалiм басқару шеңберлерiнiң
өзара байланыс ерекшелiктерiн ескеруi және жетекшi (басшы) бұйрықтарды
iрiктеу керек (жағдайға сәйкес). Бұйрықтардың ерекшелiктерiне байланысты
мұғалiм қозғалыс дағдыларын автоматтандыру және оқыту процестерiн қысқаруға
немесе бәсеңдетуге болады.
Оқу құбылысын басқаруда тек сөз жүзiнде бұйрық берудi мақсат тұтпай‚
сонымен бiрге оқушыларға жаттығуларды әсерлi орындауын қамтамасыз ететiн
жағдайлар тудыру керек. Оқытушы тек қатенi түзетулермен емес‚ әрi оны
болдырмау тәсiлiн қарастырғаны жөн. Тек осы жағдайда кемшiлiктердi жою
амалдарын жасау қажет.
Жаттығуды дұрыс орындалудың келесi негiзгi себептерiн анықтау.

1 кесте.
қсҚатенiң пайда болу негiздерi Жою жолдары
1 Қимылдың дұрыс бұйрық берiлмеуiнен Үлгiнi сөздi түзету жолымен
немесе ондағы сөздердi дұрыс дұрыстау‚ кинограммамен
қолданбауынан немесе оқушылардың таныс-тыру т.б.
үлгiнi дұрыс қабылдамауынан туатын
қателер.
2 Дене дайындығының жетiспеуi (күш Арнайы-дайындық жаттығуларын
жетiмсiздiгi‚ жылдамдық‚ координацияорындау.
т.б.)
3 Жаңа жаттығуды орындауды меңгере Алдыңғы жаттығуды қайта
алмай тез ауысу. орындау.

Осындай үлгiмен жеңiлатлектика жаттығуларын оқып үйренудi төменгi үш
бөлiкке бөледi:
Бiрiншi (1-2 ай). Жалпы және арнайы дене дайындығы деңгейiнен бiлiм
беру. Бұл кезеңде қатаң бағдарламаны ұстанбайды‚ тек шартты жағдайда
(топтар құрамы‚ дайындық деңгейi т.б.) шикiзат таңдайды. ЖДД бойынша
бақылау жаттығуларымен сайыс өткiзедi.
Екiншi (2-3 ай). Нақты жаттығулармен оқуды бастау (қысқа қашықтықта
жүгiру‚ ядро лақтыру және басқалар). Бұл кезеңде оқып-үйрену бағдарлы
болады және айқын әдiстемемен жүргiзiледi‚ яғни нақты үйрену материалдары
ұсынылады. Кезеңнiң соңында үйренген жаттығулар бойынша сайыс өтедi.
Үшiншi кезең. Көпжылдық машықтану және нақты жаттығулардың қатенi
түзету‚ жеке әдiстердi құру‚ машықтану әдiстемесi‚ сайыстарға қатысу сияқты
түрлерiн меңгердi. Бұл кезеңде оқу iсi жеке ерекшелiктерге бағдарланған
болуы мүмкiн‚ яғни жалпы және арнайы‚ тәсiлдiк‚ еркiн т.б. дайындық
түрлерiнiң спорттық нәтижелерiне бағытталған деңгейiне жоспарланады.
Оқуды түрлi келтiрiлген әдiстермен өткiзуде төмендегi педагогикалық
қағидалар мен ережелердi ұстану керек:
Жаттығуды ұйғарыммен жасауды үйрену.
Бiр дайындыққа 2-3 жаттығудан ендiру.
Дайындық бөлiмiне арнайы-дайындық жаттығуларын ендiру.
Дайындықтың негiзгi бөлiмiн алдыңғы сабақтарда меңгерген жаттығулардың
бiр-екеуiн қайталаудан бастау.
Әр жаңа жаттығуды алғашқыда жеңiлдетiлген түрде (байсалды ырғақта‚ аз
күшпен т.б.) ең басты негiзгi элементке назар аудара үйрену.
Тәсiлдiң негiзiн меңгермей сайыстарға қатыспау.
Жеңiл атлетикалық жаттығулар тәсiлiн үйренудегi қатенi түзету мен
алдын алудың жалпы әдiстемесi.

2. Жеңiл атлетикалық жаттығулар тәсiлiн үйренудегi қатенi түзету мен
алдын алудың түрлерi

Кез-келген жаттығуды әртүрлi бөлiмдерде нәтижелi меңгеру оқу әдiсiнiң
дұрыстығына байланысты. Бұнда өмiршеңдiк үйренушiлердiң жаттығу мiндеттерi
мен оны орындау тәсiлi болып табылады.
Сол үшiн жаттығуды үйренуге кiрiспес бұрын оны оқушыларға осы жаттығу
жөнiнде толыққанды көзқарас қалыптастыратындай етiп‚ толық аяқтап жасап
көрсету қажет. Сосын жаттығулар туралы қысқаша түсiнiк беру керек. Мысалы‚
ұзындыққа секiруде негiзгi күш жүгiрiп өту жылдамдығы мен алға емес жоғары
тебiлуге түсу керек екенiн көрсетедi. Содан кейiн бiрiншi жаттығуды
секiруден бастап көрсетiп‚ оның маңызы мен орындалу әдiсiн үйретедi.
Түсiндiрме жаттығу барысында толықтырылып‚ әрi қысқа да нақты болуы
керек. Мысалы‚ қарапайым жаттығулардағы жүгiру‚ көрсету және түсiндiру
үйренушiлерге жаттығудың өзiн жасап көрсетедi. Бұнымен оларда келесi
жаттығуларда жүзеге асырылатын табиғи қимылдар туындайды.
Көрсетудегi қимылдар үйренушiлерден талап етiлетiндей көрсеткiшке
сәйкес болуы керек. Егер олай болмаса‚ жаттығу туралы оларда қате көзқарас
қалыптасады‚ тек көрсетiлгендi қайталағанда ғана қатесiн жөндейдi. Оқытушы
дайындықта әрбiр оқушының жаттығу орындауын қадағалап‚ егер керек жағдайда
қатенiң қай жерде екенiн‚ оны жөндеу жолдарын көрсетедi.
Ең бастысы оқушылардан талап етiлетiнi‚ бұл-орындау дәлдiгi мен тәсiлдi
меңгеру жаттығулары. Әрине бұған көп уақыт кетедi‚ бiрақ бұл жаңадан
үйренушiлердiң қимыл қателерiн басынан бастап жөндеу үшiн керек. Егер бұл
оқушының әдетiне сiңiп кетсе‚ жөндеуге қиын соғады‚ әрi оқу iсiн
баяулатады‚ яғни спорт шеберлiгiнiң өсуiн қимылдатады.

3. Спорттық жүру әдiстерiн үйрету

Жүру-адам қозғалысының табиғи тәсiлi. Спорттың бiр түрi ретiнде ол
жеңiл атлектикаға енедi және қарапайым жүруден орындалу әдiсiнiң шартты
ережелерiмен өзгешеленедi (ажыратылады). Спорттық жүрiстен жарыстар 3 км-
ден 50 км ара қашықтықта өткiзiледi.
Жүрудiң барлық тәсiлдерiнiң негiзгi белгiсi бiр аяқпен (жалғыз тiреу)
немесе екi аяқпен (екi қатарлы сүйеу‚ тiреу) жердi үнемi тiреу болып
табылады. Жүрудiң жүгiруден негiзгi айырмасы да осында. Жүгiру кезiнде
жалғыз тiреу мен тiреусiз (ұшу кезеңi) кезек кезектесiп отырады. Спорттық
жүрiс кәдiмгi жүруге көп ұқсас және үйлесiмдiлiгi жөнiнен күрделiрек және
жылдамдығы жағынан тиiмдiрек.
Спорттық жүрiс жай жүрiстен жылдамдығы бойынша 2-2,5 есе асып түседi
және бұл жылдамдық адымның ұзындығы мен жиiлiгiне тәуелдi болады. Жай
жүруде адым ұзындығы 1 минутта 80-90 см-дi және жиiлiк 110-120 адымды
құрайды‚ спорттық жүруде адым ұзындығы 1 минутта 115-120 см және жиiлiк 180-
200 және одан да көп адымды құрайды.
Спорттық жүрiстi тiк жағдайда жалғыз тiреу қалпын үйреткен жақсы. Бұл
қалыпта тiрейтiн аяқ түзу тұрады. Бүгiлген сермейтiн аяқ санды маятник
тәрiздi қозғалып сәл биiк және алға шығады.
Жүру кезiнде дене тiк қалыпта болады‚ бiрақ аяқпен тебiлiп, жылжу
кезiнде оның орындалуы оңай болу үшiн алға еңкейедi.
Жүру кезiнде санның тiк осiнен қозғалуының адым ұзындығын ұзартуға
мүмкiндiк беретiн үлкен маңызы бар. Жүру кезiнде спортшының қолы бүгiледi‚
бүгiлу бұрышы әрбiр спортшының жекелеген ерекшелiктерiне байланысты өзгерiп
отырады.
Спорттық жүрiстiң тәсiлiне жай жүрудiң элементтерi берiлген. Сондықтан
кемшiлiктердi (спорттық жүрiстегi) жай жүрудi түзеуден бастау керек.
Кәдiмгi жүрудiң жылдамдығын бiрте-бiрте өсiрiп және кемшiлiктердi жойып‚
еркiн және табиғи жүре бiлу жетiстiктерiне жетуге болады. Осылай‚ спорттық
жүру әдiсiн үйренуге жай жүрудi қалыптастыру арқылы өтуге болады.
Спорттық жүрiс әдiсi толығымен мынадай жалпы талаптарға сай болу
керек: тиiмдiлiк‚ үнемдiлiк және қозғалысы тез‚ қарапайым.
Спорттық жүрiс әдiсiнiң негiзгi ерекшелiктерiтiк те‚ түзу аяқпен жүрiс‚
жамбас сүйектерiнiң және қолдың белсендi қозғалуы.
Спорттық жүрiс локомоторлық‚ оралымдық жаттығуларға жатады. Осыған
байланысты оның әдiстiк талдауы үшiн спортшының бiр оралым iшiндегi-екi
адымының қозғалыс ерекшелiктерiн қарау жеткiлiктi.
Спорттық жүру әдiсiнiң маңызды элементтерiнiң бiрi-тиiмдi алға шығу
және аяқты жерге қою. Кезектi адым жасау кезiндегi аяқты сермеу‚ маятник
тәрiздi қозғалыспен алға қарай жамбас сүйектерiнiң ең басты бұрылу
үлгiсiмен есептеледi. Тiзе буынынында аяқты бүгудiң жүгiруге қарағандағы
айырмашылығы аз болу керек‚ ол тiзе қозғалысы жоғарыға қарағанда алға
көбiрек бағытталады.

Спорттық жүрiс әдiсiн меңгеру мынадай жаттығулардан басталады:
1. Әртүрлi бастапқы қалып жағдайынан дененi алға еңкейту.
аяқтар бiрге;
аяқтар бөлек;
аяқтар бiрге‚ отырып;
аяқтар бөлек‚ отырып.
2. Санды айналып қозғалту.
3. Кез келген қатты немесе жұмсақ жерде өкшемен жүру.
4. Қолды тiзенiң үстiне қойып‚ аяқты толық бүгiп‚ жүру.
5. Тауға аяқты түзу ұстап жүрiп шығу және аяқ бiрте-бiрте толық бүгiп
жүру.
6. Бiр-бiрiнен бiр адым қашықтықта‚ бiр-бiрiмен арқа түйiстiрiп тұрып‚
оңға және солға бұрылып бiр-бiрiне допты беру.
Спорттық жүру әдiсiн үйрете отырып‚ оның әсемдiгiн ұмытпау керек.
Спорттық жүрiстiң жай жүрiстен аз болса да айырмашылығы болуы керек.
Жекелеген элементтерiн үйретуге кiрiспес бұрын‚ спортшыларға спорттық
жүрiстiң әдiсi жайлы толық айту керек‚ содан кейiн барып мынадай
жүйелiлiкпен үйретуге көшу керек.

2 кесте.
Негiзгi Негiзгi құралдар Мөлшерi Ұйымдастырылған
әдiстемелiк әдiстемелiк
мiндеттер көрсеткiштер
I. Буындарда I. Аяқты түзу 2-3х10-15рЖаттығуды тұрып
қоз-ғалысты ұстап‚ алға еңкею.ет орын-дауға болады. Қол
дамыту саусақтарын тiректен
төмен түсiруге тырысу
керек.
2. Гимнастикалық 2-3х10-15 Жаттығуды орындау
орындықта‚ түзу рет кезiнде бұғауды сәл
аяққа еңкейiп‚ көтеру керек.
аяқ-тың ұшы өзiне
қарайды.
3. Әрбiр қадам 2-3х10 Сермейтiн түзу аяқты
жүргенде‚ ұшымен адым бiрнеше айналдырып‚
тұрған түзу аяққа өкшемен тұруына ерекше
дененi еңкейтiп‚ көңiл бөлу керек.
қолды жерге тигiзу
керек.
4. Тұрып‚ аяқтар 2-3х10-15рТербелудi жеңiл орындау
бiрге‚ аяқтың ұшынет керек.
көтерiп‚ өкшенi
көт-ерiп‚ түсiрiп
тербеу.
5. Қолды тiзеге 2-3х15 Қолды тiреу аяғының
қойып‚ еңкейiп адым тiзесiне‚ әрбiр адымда
жѕру. қою керек.
2. Аяқты тiреуге 6. Еденге екi 2-3х10-15 Жай қарқынмен‚ аяқтар
дұрыс қоюды және қолды артқа тiреп рет түзу және тiреуден
баспалдақ арқылы отыру. Айналмалы жоғары.
домалатуды қозғалу: табанды
ѕйрету. жоғары құлашты
бүгу және жазу.
7. Аяқтар бөлек. 2-3х15-20рДененi тiк ұстау‚
Аяқтың ұшынан ет аяқтың ұшын көтеруге
өкшеге домалату. екпiн түсiру.
8. Жѕру кезiнде 2-3х40м Алдыңғы тiреу кезiнде
аяқ-тың ұшын аяқ түзу‚ қол түсiп
барынша көтеру. тұрады.
9. Аяқтың арасын 2-3х20-30 Кезектестiргенде жеңiл‚
ашып‚ аяқтың рет бiр қалыпты орындау
арты-нан бүкiл керек. Аяқтар түзу.
табанмен‚ алдынан
өкшемен тұру. Аяқ
қалпын
кезектестiру.
10. Гимнастикалық 2-3х10-15рАяқ пен дененi түзу
орындыққа арқаны ет ұстау. Еңкейген кезде
сѕйеп тұру‚ аяқтар (жерден) тiреуден аяқты
бөлек. Қолдың ажырат-пау. Жаттығуды
көме-гiмен артқа жай орындау керек.
еңкею. Гимнас-тикалық
қабырғадан 1-1.2м
қашықтықта тұру керек.
3. Аяқты бiрге 11. Шалқасымен Әр жаққа Жай қарқынмен орындау
толық қозғалтып‚ жа-ту‚ қолдар 2-3х15-20
тiк осiнде жан-жақта‚ аяқтар рет
жамбас-ты бiрге. Аяқты
қозғалтуды 900-бұрышқа түзу
үйрету. көтеру және дененi
қозғалтпай‚
оңға-солға түсiру
12. Бiр аяқпен Әр аяқпен Аяқты жан-жаққа бұру
тұру‚ тiзеден 2-3 х кезiндегi құлашқа назар
бѕгiлген аяқ-ты 20-30 рет аударыңыз.
жан-жаққа бұру.
13. Қолдарды 1-2 Басында санды құлашына
кеуде-нiң алдында минутта екпiн түсiру бұру‚
ұстау. Иықпен 2-3 рет сосын қарқынды өсiру.
жамбасты екi
жақтан да
қарама-қарсы бЅру.
14. Аяқтың ұшымен Әр жаққа Қолдар шынтақтан
тұру. Сан тiк 50-60 рет бѕгi-ледi және жѕру
осiнде‚ тiзенi кезiндегi-дей
бүкпей бұру. қозғалады.
15. 14 жаттығуды Әр жаққа Қолдар шынтақтан
тек секiрiп 50-60 рет бүгiледi және жүру
қайталаңыз. кезiндегiдей қозғалады.
16. Орнында тұрып‚2-3х10-15 Санның қозғалысына
дененiң салмағын рет екпiн түсiру.
кезектестiрiп
тiреуiш аяққа
түсiру‚ бос аяқтың
тiзесiн және
(санды) алға
шығару.
17. Санды тiк 2-3х40-50мҚолдар бүгулi‚ аяқты
осiнен екi жаққа өкшемен қою. Қарқынды
бұрып‚ түзу бiрте-бiрте өсiру.
сызықпен кең
адым-мен жүру.
18. 17 жаттығуды 2-3х40м Санның тiк осiнен
қайталау‚ бiрақ оң жан-жаққа қозғалуына
аяқты ортаңғы екпiн түсiру.
сызықтың сол
жағына‚ сол
аяқты-оң жағына
қою.
19. Балтырды жерге2-3х40м Балтырды жоғары
қарама-қарсы көтер-меу керек.
қой-ып‚ жүру.
20. Кең адыммен 2-3х60х80мКiбiртiктеп жүрудiң
жүрумен ұзындығы 50-60см‚
кезектес-тiре жал-пақ адымның
отырып‚ ұзындығы-110-115 см.
кiбiр-тiктеп жүру. Аяқтар түзу‚ сермейтiн
аяқты өкшемен қою.
23. Қолды артқа 2-3х30-40мИыққа күш түсiрмей‚
қойып‚ спорттық және көтермей.
жѕру.
24. Қолды кезекпен2-3х30-40мИыққа күш түсiрмей‚
ортаға және және көтермей.
сырты-мен артқа
қозғалту.
5. Бұрылыс 25. Шеңбердiң 2-3х60-80мЖүруге қарағанда‚ оң
бойын-ша жүру орта-сына дененi қол сыртына көп
әдiсiн үйрету. еңкей-тiп‚ бұрылыс бұрылады‚ қарқынды
бой-ынша еркiн бiрте-бiрте өсiру
спорт-тық жүру. керек.
26. Диаметрлерi 2-3 реттенШеңбер диаметрi 5-6
әртүрлi шеңберлер м-ден 15-20м-ге дейiн
бойынша спорттық
жүрiс.
27. Шеңбердiң инi 2-3 реттенБұрылыстарда жүру
(доға) бойынша ережесiн 5-6 адым солға
спорттық жүру және 5-6 адым оңға
“Ире-леңдеп жүру” жүрiп‚ ұстау. Аяқтар
түзу‚ сермейтiн аяқты
өкшемен қою.
28. Бұрылыс 2-3х80-100Бұрылыстарда бойынша
бойын-ша тiке м тiке жолға шығып жүрудi
жолға шығу‚ қалыптастыру.
спорттық жүруi.
29. Тiке жолмен 2-3х80-100Тiке жүруден бұрылып
спорттық жѕрiп‚ м жүруге өтудi
бЅрылу. қалыптас-тыру
6. (Кедергiлi) 30. Тауда спорттық2-3х100-12Көлденең жазықтықта
Ойлы-қырлы жѕру. 0м жүргенге қарағанда
жерлермен жѕру дененi алға көп
әдiсiн үйрету. еңкейту‚ қолды көбiрек
бүгу.
31. Спорттық 2-3х60-80мАйына 1-2 рет
жүрiс-пен таудан
түсу.
7. Спорттық жүрiс32. 150-200 м-ге 2-3 рет Дененi артқа көп
техникасын бөлiнген жерлерде ауытқыту.
қалып-тастыру. спорттық жүрiс.
33. Санның бұрылу 2-3рет Қолдар еркiн. Адым
құлашын өзгерту ұзындығы 3-4‚5 табан
ѕшiн адым
ұзынды-ғын
бiрте-бiрте
өсiр-iп‚ 150-200
м-лiк бөлiктерде
спорттық жүру.
34. Орташа жарыс 2-3 рет Санның жұмысына және
жылдамдығымен түзу аяқты өкшемен
100-400м қоюға бөлу керек.
бөлiктерде Қолдар 900С бұрышпен
спорттық жүру. бүгiлген.
35. 800-2000 м-лiк2-4 рет Жаттығуды бөлiктерiне
бөлiктерде қарағанда‚ демалыс
спорттық жѕрiс. бөлiк-терi 1-1.5 есе
көп.
36. 200-400 м-лiк 5-10 рет Орташа жарыс
бөлiктерде жылдам-дығынан төмен
жылдам-дықты өсiре жылдам-дық.
отыр-ып‚ 60-тан 90
минут уақыт
аралығында
спорттық жүрiс.
37. 1 км ара Айына 1-2 Жылдамдықты орташа
қашық-тыққа 9-дан рет жарыс жылдамдығына
7 минут сабақтың мiндетiне
жылдамдықпен 4 сәйкес өсiру.
сағатқа созылған
спорттық жүрiс.

4. Орташа және алыс қашықтыққа жүгiрудi үйрету

Орташа және алыс қашықтыққа жүгiрудiң өзiне тән ерекшелiгi-едәуiр
ұзақтығы және жоғары қарқындылығы. Орташа ара қашықтыққа 500-ден 200см-ге
дейiнгi барлық қашықтықтар жатады (ерлер мен әйелдерге арналған)‚ алыс
қашықтыққа жүгiру 3000‚ 5000‚ 10000 м және олардың арасындағы қашықтықтар
жатады.
Жүгiру-жеңiл атлетиканың неғұрлым қарапайым‚ табиғи жаттығу түрi. Бұл
аралымдық жаттығу‚ сондықтан оның әдiсiмен танысуға талдау жасау үшiн бiр
қозғалыс оралымын (тiреудiң екi кезеңiнен және екi ұшу кезеңiнен тұратын
екi аттау) қарастырса жеткiлiктi.
Жүгiрудiң негiзгi сәтi (кезеңi) тебiлетiн аяқпен алға тебiлу және осы
кезде тiзеден бүгiлген сермелетiн аяқты алға шығару болып табылады. Тебiлу
бұрышы орташа қашықтыққа жүгiретiндерде шамамен 46-480‚ стайерлерде-49-500.
Ұшу кезiнде сермелетiн аяқты тiктеп‚ төмен түсiредi‚ ал тепкi аяқты бүгедi.
Санды қозғалту бұрышы 115-1200-ға жетедi. Жерге түсетiн кезде алдымен жерге
табанның алдыңғы бөлiгi‚ соңынан өкше тиедi. Алыс қашықтыққа жүгiруде жерге
алдымен аяқтың ұшы‚ сосын бүкiл табан тиедi. Бұлай түсу аяқты жолға жеңiл
қоюға жеткiзедi (көмектеседi). Тiк кезiнде аяқ буыннан бүгiлген (134-1360-
қа)‚ дене еркiн.
Жүгiру кезiнде дененi еңкейту бұрышы 6-дан 1000-қа дейiн өзгерiп
отырады және жүгiру жылдамдығына тiкелей тәуелдi болады: жылдамдық жоғары
болған сайын‚ дене соғұрлым алға еңкейедi. Қол қозғалысы еркiн және аяқ
қозғалысымен сәйкес‚ бас түзу‚ табиғи қалыпта тұрады.
Орташа және алыс қашықтыққа жүгiрудi шартты түрде төрт кезеңге бөледi:
Ссөре (бастапқы қалып).
Сөрелiк қарқын және сөрелiк үдеу.
Ара қашықтықтар бойынша жүгiру.
Мәреге жету.
Жүгiру сөреден түрегелiп шығу қалпынан басталады‚ оның екi нұсқасы бар:
қолды тiреп (“А” нұсқасы) және тiреусiз (“Б” нұсқасы). Бiрiншiсi негiзiнен‚
орташа қашықтықтарда‚ екiншiсi-алыс қашықтықтарға қолданылады.
“Сөреге” (“На старт”) деген бұйрық берiлiсiмен‚ спортшы бастапқы
қалыпқа келедi. Сөре (Старт)-бұл спортшының сөре сызығында келесi бұйрықтар
мен қимылдарды орындау үшiн ыңғайлы орналасуы. Бұл бұйрық бойынша бүкiл
дене үш тiреу нүктелерi аралығында бiрдей бөлiнедi-қолдар және аяқтар (“А”
нұсқасы) немесе дене салмағы алда тұрған‚ әдетте‚ күштi аяққа түседi (“Б”
нұсқасы)
“Алға” деген команда бойынша (сөре тапаншасынан ату немесе басқа да
дыбыстық белгi) жүгiру қозғалысы орындалып‚ еңкейiп‚ жолдың жиегiнен
ыңғайлы қалып алу үшiн‚ жоғары жылдамдық алу үшiн‚ жүгiрушi бiрте-бiрте ара
қашықтық бойынша жүгiруге өтедi.
Мәрелiк үдеу‚ оның ұзындығы және жылдамдығы жүгiрушiнiң жаттығу және
жылдамдық мүмкiншiлiктерiне байланысты.
Жоғары жылдамдықты меңгерген спортшылар 100-1500м-гi орташа қашықтықта
жүгiрудi бастайды‚ 400-600м қашықтық үшiн алыс қашықтыққа жүгiруде мәреге
дейiн басталады.
Арнайы төзiмдiлiктi меңгерген жүгiрушiлер мәрелiк үдеудi бұрын бастайды
(орташа қашықтыққа жүгiретiндер-250-300м‚ стайерлер 600-1000 м).
Ара қашықтыққа жүгiрудi аяқтағананнан кейiн‚ бiрден тоқтауға болмайды‚
жүгiрудi (инерция) екпiн күшiмен бiртiндеп жүруге ауыстыру (өту) керек.
Орташа және алыс қашықтыққа жүгiрумен танысып болғасын‚ жүгiру әдiсiн
меңгеруге кiрiсуге болады‚ ұсынылған жүйелiлiктi сақтай‚ ұстана үйренедi.

3 кесте.
N Негiзгi Негiзгi жаттығулар Мөлшерi Әдiстемелiк
әдiстемелiк көрсеткiштер
мiндеттер
1 Дұрыс жүгiру 1. Қатты бұрылған 30-60м Қолдар еркiн төмен
қозғалысын үйрету.санды артқа тѕсiрiлген. Дене мен
лақтыр-ып‚ жүгiру. бас түзу‚ бiр
сызықты құрайды.
2. Иық белдеуiндегi30-60м Дене және тiрек аяқ
бұлшық еттердi түзу сызықты
босаң-сытып жүгiру. құрай-ды.
3. Тiзенi жоғары 30-40 м Жаттығуды отырып
көтерiп‚ азырақ немесе тұрып жасауға
алға қозғалтып‚ болады.
жүгiру.
4. Қолдарды 10-15
қозғал-ту‚ жүгiру сек
кезiндегi-дей
қолдардың жұмысы.
2. Жүгiру кезiнде 5. Табанмен 30-40м Негiзгi екпiн‚
тебiлуге үйрену. тебiлiп, алға аяқтың ұшымен емес‚
жылжу. табан-мен тебiлуге
түсiрiл-едi.
6. Тiзеден бүгiлген30-40м Негiзгi екпiн‚
сермейтiн аяқты аяқтың ұшымен емес‚
бел-сендi түрде табан-мен тебiлуге
алға-жоғары шығару‚ түсiрiл-едi.
және тебiлетiн
аяқты тiктеу.
7. Екiншi аяқтың 20-30м Жаттығуды орнында
(қарсылығын) немесе алға жылжып
кедер-гiсiн жеңе орындауға болады.
отырып‚ бiр аяқпен
секiру.
3. Түзу жолмен еркiн 8. Тең қарқынмен 100-150 Жүгiру қозғалысының
“сермеп” жүгiрудi жүгiру. дұрыс үлгiсiн
үйрету. сақтау.
4. Бұрылыстармен 11.Жолдың iшкi 50-60м Барлық өзгертулер
жүгiрудi үйрету. жие-гiне дененi аяқты жолға қоюда‚
еңкейтiп‚ бұрылыс дененi еңкейтуде
бойынша жүгiру. қол-дың жұмысы
жүгiру жылдамдығы
сияқты бұрылу
радиусина тәуелдi.
Бұл үшiн сол иық
салмақ тепе-теңдiгiн
сақтау үшiн алға
шығады.
12. Оң аяқтың
таба-нын iшке
бұрып‚ бұрылыс
бойынша жүгiру.
13. Оң қолды iшке
белсендi қозғалтып‚
бұрылыстар бойынша
жүгiру.
14. Әртүрлi 14-жаттығуды алаңда
радиус-пен орындаған жөн.
бұрылыстар бой-ынша
жүгiру.
15. Бұрылыстар
бой-ынша түзу жолға
шығып жүгiру.
16. Тiке бұрылумен
жүгiру.
5. Жоғарғы сөреден 17. Тiке‚ 40-60 Б.Қ.-табандар
жүгiруге және жылдам-дықпен қиылыс- пайды‚ тұлға
жыл-дамдық алуға жүгiру. алға ұмтылып‚ қолдар
үйрету. түсiрiлген.
18. 17 жаттығу‚ 40-60см Аяқ арасы 2-2.5
бiрақ б.қ.-күштi табан
аяқ алда.
19. Қолға тiрелмей‚40м Сөре сызығы арасы
жоғарғы сөремен және алда тұрған аяқ
жүгiру. 1.5 табан.
20. Қолға тiрелiп‚
жоғарғы сөреден
жүгiру.
21. Жоғарғы сөреден40м Жоғарғы сөреден екi
бөлек жолдарға нұсқамен жүгiру.
бұрыла жүгiру.
22. Жалпы сызықта 40м Негiзгi
жоғары сөреден мiндет-жыл-дамдық
жүгiру. алу және тiреуiште
ыңғайлы орын табу.
6. Мәреге жетуге 23. Соңғы 100-150м Екпiндi ұлғайтып‚
үйрену. жылдамдықпен еркiндiктi сақтап‚
жүгiру. жүгiру қимылын
дұрыстау.
24. Соңғы 120-150м
жылдамдықпен жүгiру

5. Кросқа жүгiрудi үйрету

Крос-бұл ойлы-қырлы жерлермен жүгiру. Ойлы-қырлы жерлермен жүгiру әдiсi
орта және алыс қашықтықтарға жүгiру әдiсiне ұқсас. Бiрақ‚ жолда кездесетiн
кедергiлер спортшыдан жүгiру әдiсiн сәл өзгертудi және ол қиындықтарды аз
қуат жұмсап және жылдамдықты сәл ғана бәсеңдетiп‚ жеңу керек.
Топырағы қатты түзу жолдарда “сiлтеу” адымы қолданылады: қаттырақ
жерлерде адым қысқарады‚ қозғалыс жиiлiгi өседi‚ ал аяқ жерге бүкiл
табанымен қойылады.
Түсу кезiнде аяқ өкшемен қойылады‚ дене мен иықтар артқа сәл еңкейедi‚
адым ұзындығы өседi‚ ал қолдар тепе-теңдiктi сақтайды.
Биiктiкке көтерiлгенде‚ табанды аяқтың ұшымен қояды‚ дене едәуiр алға
еңкейедi‚ қол жоғары құлашпен қозғалады.
Өте iрi төмен түсулер мен көтерулер мақсатқа сәйкес және ирек адыммен
жасалады.
Шағын шұңқыр‚ ор‚ жылғалардан (енi 2-м-лiк) жылдамдықты бәсеңдетпей‚
кәдiмгi секiру адымымен өтуге болады‚ егер топырағы ыңғайлы болса‚
мүмкiндiгiнше кедергiден өтер алдында жылдамдықты өсiру керек. Онша биiк
емес шарбақтардан 50-70 см қабырғаларды “кедергiлiк адыммен” өту керек‚
биiктеу кедергiлердi бiр аяқты тiреп немесе тiреусiз қолмен өтеуге болады.
Кедергi жерлерден өтiп жүгiру әдiсiн орташа және алыс қашықтыққа жүгiру
әдiсiн меңгергеннен кейiн оқыту керек. Жекелеген элементтердi үйретуге
кiрiспес бұрын үйренушiлерге жүгiру әдiсi туралы дұрыс толық түсiнiк беру
керек және содан кейiн барып ұсынылған әдiстемелiк жүйелiлiк бойынша
оқытуға кiрiсу керек.

6. Қысқа қашықтықта жүгiрудi үйрену

Қысқа қашықтықта жүгiру немесе спринтерлiк жүгiру жылдамдық жаттығуы
болып табылады. Яғни аз ғана уақытқа негiзделген (60 дейiн) және жоғарғы
дәрежедегi қарқынды (10мсек) жұмыс жүгiрудi басты құрамы белсендi
екпiндiлiк болып табылады‚ (артқа тебiлу) яғни сермеу аяғымен тiзенi бүгiп
жылдамдықпен алға-жоғары басумен байланыстыру. Ұшу кезеңiнде сермеу аяғын
туралап қояды және табанның алдыңғы бөлiгiн оцмт-а құрылысына қарай төмен
түсiредi (12-15см) ал сермеу аяғын бүгiп алады. Сермеу аяғы жанасу кезiнде
тiзе бүгiледi. Табанды жолға‚ түзу ұзыннан қойып‚ қорғаныс аяғы тiземен
бүгiлiп‚ кеуденi алға қарай икемдеп‚ барлық дененi босатып және келесi
екпiнге дайындау.
Жүгiрудi шартты түрде 4 кезеңге бөледi:
Сөре (жүгiрудi бастау алдындағы дайындық жағдай).
Спортшының жақын қашықтықта жоғарғы сөреде жылдамдық алуы (13-15 жүгiру
қадамы).
Арақашықты сақтай жүгiру.
Мәре.
Жүгiру спринтте төменгi сөре деп аталатын дайындық қалпынан басталады
және жоғарғы тез жылдамдық алу мүмкiндiгiн беретiн сөре тiректi қолданады.
Iс-тәжiрибелiк үйрену сөре тiрегiн қоюдан және сөре қалпына
бейiмдеуден басталады. Сөре сызығының алдында тұрған жүгiрушi бiрте-бiрте
белгiленген қалыпқа келе бастайды. “Сөреге” бұйрығы берiлгенде сөре
тiрегiнiң алдына келiп‚ сөре сызығына қолын тiреп және тiрек алаңындағы
алдыңғы тепкiге аяғын толық орналастырады. Сосын артқы тепкiнiң тiрек
алаңына келесi аяғын қойып‚ осының барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі мектептегі дене тәрбиесі
ҚР дене тәрбиесі мен спорттың дамуын жоспарлау
Баланың жалпы дене дамуын бағалау
Мектепке дейінгі мекеме,бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарда және әр түрлі типтегі мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Жеңіл атлетика жаттығуларынының құрылымы
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құрылымдары
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Пәндер