Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

«Жасөспірімдердің жаттығу процесі кезінде жас

ерекшеліктерінің алатын орнын зерттеу әдістемесі»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке

дайындаудың әдістемелік жүйесі ……… . . . … . . . 11

  1. Дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби білім берудің көп деңгейлі

және көп басқышты дайындық жүйесі . . . . . . 11

  1. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге

асыруға психологиялық тұрғыда дайындаудың мазмұны . . . ……. . … . . . 20

  1. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене мүмкіндіктері мен

қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ескере отырып дайындаудың

педагогикалық шарттары … . . . . . . 33

2. 1 Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене мүмкіндіктері мен

қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ескере отырып дайындаудың

педагогикалық шарттары… . . . . . . 33

2. 2 Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ

мұғалімдерді дайындаудың әдістемесі . . . … . . . 45

Қорытынды . . . . . . . . . …. …… . . . 76 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . …. . …… . . . … . . . …. . 79

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Ғылым, техника, мәдениет және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеулеріміз қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін сапалы даярлауда олардың болашақ кәсіби әрекетінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.

Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекшілік рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.

Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман дайындаудың маңыздылығы артуда.

Оқушылар мен студент жастардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау болған М. Таникеев, Т. А. Ботағариев, Б. А. Тойлыбаев, Ж. К. Оңалбек, Қ. Т. Жанабаев, Б. М. Сапарбаев, Е. Мұхитдинов, А. Қарақов, А. Б. Нұрлыбекова т. б. Ал жоғары оқу орындарында болашақ маман даярлау мәселелері бойынша маңыздылығы жоғары зерттеу жұмыстары орындалған (Қ. Бөлеев, Б. К. Момынбаев, С. С. Смаилов, Н. Д. Хмель, М. Ә. Құдайқұлов, О. С. Сыздықов, Л. С. Сманов, М. Н. Сарыбеков, Е. Омар, Л. Байсерке, А. А. Саипов, А. А. Жолдасбеков, В. А. Сластенин т. б. )

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік ортаның мәні туралы (А. Ғ. Қазмағамбетов, Л. К. Керимов, В. А. Ким, К. Ж. Қожахметова т. б. ) білім мазмұнын жаңарту және оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту (Қ. Ералин, Т. С. Садыков, А. Е. Әбілқасымова, Б. Т. Кенжебеков, Ш. Таубаева, С. М. Кеңесбаев, С. А. Әбдіманапов, К. М. Беркімбаев, А. Қ. Аренова т. б. ) мәселесін зерделеген зерттеулер бар.

Ал, Қ. И. Адамбеков, С. И. Қасымбекова, В. В. Сериков, А. С. Иманғалиева, Т. Т. Галиев т. с. с. қазіргі кездегі педагогтар болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың психологиялық - педагогикалық негіздеріне көңіл бөлген.

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.

Демек, жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды кәсіби дайындау денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты даярлау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі-халықаралық білім жүйесіне ену.

Жоғары білімді дамытудың жаңа ұлттық тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоғары білімдегі құрылымдық өзгерістерге байланысты білім мазмұнына оның жаңаша педагогикалық негіздерін енгізу қажеттігі туды, біздің зерттеуіміз дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындау үдерісі тұрғысынан қарастырылды.

Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды даярлаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр.

Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру - денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.

Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік даярлығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді дайындау ісін кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.

Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т. б. ), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімі, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т. б. ) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар даярлау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды зерттеулердің қажеттілігі байқалады.

Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда талданбауы және болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін педагогика ілімінде аталған мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар орын алып отырғаны байқалады.

Зерттеу пәні. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау.

Зерттеудің мақсаты - оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындап, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасау және оларды тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, қорытындысын шығару.

Зерттеудің міндеттері:

1. Мектеп оқушыларының дене мүмкіндіктерімен қозғалыс қимылдарын ескере отырып дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау мазмұнын сипаттау.

5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің дайындығын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау.

6. Қазіргі кезеңде оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу.

Зерттеудің жетекші идеясы. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың теориялық-әдіснамалық және ғылыми - әдістемелік негізін жасау ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген, болашақ ұрпақты салауаттылық пен дене мәдениетін рухани тұтастықта қарастыратын тәрбие кеңістігін құру еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану, мәдениеттану және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; жоғары оқу орындары мен мектептегі оқу-тәрбие үдерісін бақылау; сауалнама, тест алу; әңгіме жүргізу; зерттеу проблемасы бойынша арнайы курс ұйымдастыру және оны талдау; педагогикалық эксперимент нәтижелерін статистикалық тұрғыдан өңдеу.

Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, “Білім беру туралы” Заңы, ҚР “Қазақстан - 2030” даму стратегиясы, “Дене тәрбиесі” тұжырымдамасы т. б. ), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімдік баспа материалдары, бағдарламалар, педагогикалық іс-тәжірибелер және автордың жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың ғылыми - әдістемелік жүйесі жасалды.

6. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың тиімділігі тәжірибелік эксперименттен өткізіліп, тексерілді.

Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:

- зерттеудің практикалық мәнділігі ұсынылған қағидалардың жүзеге асуына, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, оқытушының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру т. б мәселелер болашақ кәсіби мамандарды дайындау аясындағы маңызды көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік беретіндігімен байланысты.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- мектептегі дене тәрбиесіне болашақ мұғалімдердің даярлығы нақты айқындалған психологиялық, педагогикалық, физиологиялық, әлеуметтік-шығармашылық шарттар арқылы қамтамасыз етілуі.

- дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық ұсыныстарды жоғары мектеп тәжірибесінде пайдаланудың мазмұндық сипаттамасы болашақ маман дайындауда мәнділігімен көрінуі.

- болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін олардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдарын ескере отырып жүзеге асыру арқылы кәсіби дайындау мазмұнының оң нәтиже беруі.

- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімді дайындау үдерісі алдын-ала белгіленген ғылыми-әдістемелік жүйе арқылы жүзеге асады.

Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының теориялық тұжырымдарға сәйкестігімен, зерттеу жұмыстарының және оның нәтижелерінің жүйелі талдануымен, зерттеу пәніне сәйкес кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен, мәселенің шешімін табуда арнайы тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын өткізумен және оң нәтижелерге қол жеткізумен қамтамасыз етілді.

I. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке дайындаудың әдістемелік жүйесі

1. 1 Дене тәрбиесі мұғалімдерінің кәсіби білім берудің көп деңгейлі және көп басқышты дайындық жүйесі

Соңғы уақыттарға дейінгі педагогикалық білім мазмұны мен ұйымдастырылуындағы, экстенсивті әдістер оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуына, мұғалім тұлғасының бүтіндей қалыптысуына толық әсер етпейді, себебі студенттердің пәндік жүйесіз даярлығына соқтырады, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз бетімен оқуына, педагогикалық зерттеуге ынталандырмайды, мұғалім даярлығының типтік жүйесі мен оның қызметінің жеке-шығармашылық сипаты арасындағы маңызды қайшылықты шеше бермейді.

Мектеп мұғалімі - студент - жоғары оқу орнының оқытушысы жүйесі бойынша, мұғалімнің кәсіби дайындығына көзқарасының өзін өзерту қажеттігі туындауда.

Қажетті өзгерістердің ықтимал жолдары қандай? Бізге бірнеше жолы белгілі:

Талапкерлердің, студенттердің, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің үздіксіз қалыптасуын, ерте кәсіби бағдарын, мұғалім дайындау барысында негізгі және іс жүзіндегі бірлігін қамтамасыз ететін ғылыми-оқу педагогикалық кешенінің құрылуы.

Оқуды автоматты түрде бақылау, басқа құралдармен бірлестіктегі, жеке оқытудың техникалық құралдары, өз бетімен оқу, анықтамалық ақпарат көздері сияқты бірнеше бағытта барынша мүмкіндік беретін компьютер техникасын қолдану.

Оқу әдістерін жандандыру: шығармашылық жеке жұмыстар жүйесінің нақтылы бағыт бойынша қолданылуы (Мысалы, «Оқушы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері». Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету бағдарламасын жасап, сынып жетекшісі нашақорлықтың алдын алу, маскүнемдікпен күрес т. б. және дене тәрбиесі құралдары бойынша дене тәрбиесі жұмысының жоспарын құрғаны жөн) .

Біртұтас педагогикалық кешендегі даярлық: педагогикалық лицей - педагогикалық колледж - педагогикалық университет - іс жүзінде кәсіби өзін-өзі айқындауынан кәсіби даярлыққа дейін басталатын және дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби тұлғалық қалыптасуымен аяқталатын тұтас білім берудің маңызды қыры болуы тиіс.

Біздің педагогикалық зерттеуіміздің осы кезеңдегі басты мақсаты педагогикалық жағдайдың анықталуы мен негізделуі болып табылады, онда мектеп оқушылары дене тәрбиесінің жүзеге асуы, дене тәрбиесі мұғалімінің қызметін таңдауында айқындаушы шартқа айналады.

Бұл құрылым міндетті минимум есебінде келесі дидактикалық бірліктерді білдіреді:

  1. теориялық дайындық;
  2. әдістемелік сауаттылық;
  3. валеологиялық даярлық;
  4. дене шынықтыру даярлығы;
  5. қозғалыс әзірлігі;
  6. кәсіпке дейінгі даярлық.

Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін оқытудың гуманистік бағыттылығы оқу барысына түрліше құралдардың, соның ішінде танымдық ойындар мен әлеуметтік-психологиялық тренингтердің енгізілуін қарастыруы тиіс.

Танымдық ойындардың кәсіби мәні, оқу қызметі үшін де үлкен маңызы бар. Түптеп келгенде, оларды студенттердің түрлі кәсіби сапаларының, сондай-ақ оқу материалдарын сан алуан түрінде ұсыну шеберлігінің жүйелі қалыптасуына әсерін тигізуі керек.

Мұғалімнің кәсіби біліктілігін қалыптастыру - күрделі мәселе, сан қырлы және кәсіби оқу жүйесінің өзін жетілдіру қажеттігі туындауда. Бірақ мәселенің күрделілігі оны шешу жолын табу мүмкіндгінен айырмайды.

Дене тәрбиесі мұғалімі үшін бір ақиқаты, өзінің оқушылармен қатынасын мәдени қызмет ретінде қарау маңызды, ондағы адами, гуманистік бастау қатынас рухын құрайды. Осы қатынастың нысанасы, оның эмпирикалық мәні оқушының дене тәрбиесі мен денсаулығы, оған саналы қатысы болып табылады.

Педагогикалық гуманистік қарым-қатынастың нысаны оқушы да, мұғалім де бола алады. Оқушыға педагогикалық қатынастың нысаны ретінде қарау тұжырымдамасының болуы, бүгінгі дене тәрбиесі факультетінің студенті, болашақ мұғалім ұмтылатын ең басты мақсат болуы тиіс.

Мұндай тұжырымдама мұғалімнің рухани-адамгершілік бейнесінің жетекші құрамдасы, оның кәсіби біліктілігінің маңызды бөлігі болып табылады. Болашақ мұғалімнің мұндай біліктілігі, оның оқу қызметін қамтитын мәдени даярлықтың кең ауқымында жүреді.

Гуманитарлық бағдарлардағы кафедралар философиялық-мәдени бағыттардағы: өркениет тарихы, философиялық антропология, этика мен эстетика курстарының оқылуын қамтамасыз етеді. Демек, тұлғаның рухани-адамгершілік құрылымына бағытталған оқушының дене тәрбиесін дамыту бағытындағы жаттығулар, моральдік теңдік негізінде, екі жақтың субъективті (белсенді) қатынастарында құралады.

Мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижелілігі көптеген жағдайларға байланысты, соның ішінде, ағзаның кәсіби қызметін атқаруға дене дайындығы мен жағдайына тәуелді.

Мұғалім кәсібін кеңейтілген функционалдық еңбек кәсібіне жатқызады. Осындай кәсіптердің негізгі жүйке, дене ерекшеліктері есебінде психикалық тұрақтылығын, назарын, жалпы төзімділігін бөліп көрсетеді (В. А. Кабачков, С. А. Полиевский) .

«Жалпы төзімділігі» ретінде тек аэробтық қуатын ғана емес, дене жұмысқа қабілеттілігін де түсінген жөн, оған антропометриялық көрсеткіштер: анаэробтық қуаттылық деңгейі бұлшық еттерінің күші мен төзімділігі, тірек-қозғалыс аппаратының үйлестірілуі кіреді.

Осындай міндеттерді шешудің тиімділігі көбіне-көп оқу процесін ұйымдастыру мен әдістерін таңдаудың дұрыстығына байланысты.

Студенттердің жұмысқа қабілеттілік деңгейін көтеруге әсерін тигізетін тәсілдердің бірі ретінде - дене жаттығуын тануға болады. Осы жаттығудың жүгіру мен күш жаттығуларының негізінде эксентивті, интервалды жұмыс түрінде қолданылуы, студенттердің жылдамдық-күш қабілетінің, күші мен төзімділігі сапаларының, үйлесімділік көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсартылуына мүмкіндік береді.

Оқу тәжірибесінің негізгі міндеті-студенттің мектеп жасындағы оқушылармен жұмысқа дайындық деңгейінің айқындалуы болып табылады. Сынақ сабақтары болашақ маманның оқу кезеңінде жинақталған өзінің білімі мен қабілеттерін көрсетуіне және жаттығу жүргізген кезде ұйымдастырушылық қабілеттерін танытуына мүмкіндік береді.

Соңғы екі жылдағы сынақ сабақтарының нәтижелерін талдай отырып, студенттерді дайындаудағы келесідей негізгі кемшіліктерді атап өткен жөн:

- басқа теориялық және практикалық пәндермен байланысты табу мен қолдануға икемсіздігі;

- сабақ жүргізгін кезде арнаулы көмекші құралдардың жеткіліксіз пайдаланылуы;

- жаттығулардың ерекше жағдай мен ортада жүйесіз жүргізілуі, бұл оқу үшін және қателіктерді түзетуге әдістемелік тәсілдердің таңдауына әсер етеді.

Біздің пікірімізше, осы кемшіліктердің негізгі себебі: 3-курста оқу практикасына бөлінетін сағаттардың аздығында болып отыр. 1-2 курстардағы уақыттың басым бөлігі студенттердің дене мүмкіндіктері мен қабілеттерінің техникасының дамуына бөлінеді. Сонымен қатар, қозғалыс техниканың қарапайым элементтеріне үйрету және 1-2 курстардағы сабақ бөліктерін өткізу бағытындағы әдістемелік зерттеулердің орындалуы, студенттердің оқу практикасына дайындық деңгейінің артуына оң әсерін тигізген болар еді.

Спорттық жарыстар оқушылардың дене тәрбиесінің жетекші түрлерінің біріне айналып келеді. «Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасындағы спорттық жарыстарды ұйымдастырудың мазмұны мен ұйымдастырылуы» жөніндегі әдістемелік нұсқаулар да осыған бағытталған.

Кейде «жаңаша ойлайтын мұғалім неге және қалай оқытады?» деп сұрап жатады. Олардың еңбектерін талдау көрсеткеніндей, өзінің түлектерімен бірге ол; әрбірінің тұлғасы тиімді дамитындай жағдайлар туғызумен айналысады. Мұнда ең бастысы - білімге, шеберлікке, дағдыға, өзін жетілдіруге қол жеткізу тәсілдеріне үйрету, өзінің қызметін талдауға үйрету.

Мектептердегі көпжылдық бақылаулар көрсеткендей, мұғалімдер мен студент-практиканттермен бірлескен жұмыстардың, спорттық жарыстардың жоғары ағартушылық және тәрбиелік тиімділігі тек әдістемелік жағынан сауатты даярланып, өткізілген жағдайда ғана болмақшы.

Мектеп оқушылары спорттық жарыстарға: 1-3 сынып оқушыларына арналған «Жеңіл атлетика. Кросс», «Наурыз», «Алтын күз», «Достық» сайысына әрқашан қанағаттанушылықпен қатысады. Мектепте әруақытта «Үміт сөресін», «Көңілді сөрелерді» өткізуге мұқият әзірленеді, ондағы балалардың құштарлығы, бір-бірінің көмегін сезінуі, командадағы ең әлсіз ойыншыны қолдаудаудың өзі, жоғары нәтижелерге жетуден гөрі аса маңыздырақ. Балалар дербес жаттығуларға дағдыланып, разрядтық нормаларын орындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы мен әдістері
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі, қоғамдағы мұғалімнің қызметі
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Оқушыларды коньки спортына тәрбиелеу жолдары
Дене шынықтыру шаралары
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz