Жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

«Жас футболшылардың төзімділікке тәрбиелеу дайындығының әдістемесі»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010800- мамандығы - Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 7

1 ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТӨЗІМДІЛІГІН ТӘРБИЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ . . . 9

1. 1 Футбол ойынының сипаттамасы 9

1. 2 Жалпы төзімділікті тәрбиелеудің жас ерекшеліктері . . . 15

1. 3 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістері мен ұйымдастырылуы . . . 26

1. 4 Зерттеу нәтижелері . . . 31

1. 5 Зерттеу нәтижелерін талқылау . . . 35

2 ЖАЛПЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ . . . 41

2. 1 Ептілікті дамыту жаттығулары . . . 42

2. 2 Икемділікті дамыту жаттығулары . . . 43

2. 3 Жылдамдықты дамыту жаттығулары . . . 47

2. 4 Күшті дамыту жаттығулары . . . 49

2. 5 Төзімділікті дамыту жаттығулары . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 56


КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі . Футболда спорттық жетістіктер айтарлықтай шамада футболшылардың қозғалыс қабілеттерінің даму деңгейімен анықталады. Бұл ретте жалпы алғанда спорттық шеберліктің көрініс табуына, сондай-ақ оларды жетілдіру мүмкіндіктеріне әсер ететін негізгі қимыл қасиеттерінің бірі болып футболшылардің төзімділігі табылады. Жетілдіріле түскен төзімділік бүкіл ойынның ұйымдастырылуына ықпал ететіндігін, ойындағы белсенділікті арттыруға мүмкіндік беретіндігін, техникалық-тактикалық әрекеттердің диапазонын кеңейтуді зерттеп, талдау жасау .

Қазіргі отандық және шетелдік әдебиетте футболшылардың жұмысқа қабілеттілігін, оның ішінде төзімділігін зерттеуге арналған жұмыстардың айтарлықтай елеулі саны жинақталып қалды. Алайда бұл жұмыстар негізінен алғанда әлде ересек футболшылардың, әлде жасөспірім жастағы спортшылардың төзімділігін зерттеуге арналған.

Бізге қол жетерлік әдебиетте төзімділік, оның ішінде жалпы төзімділік туралы, сондай-ақ оны жас футболшыларда тәрбиелеу әдістемесі туралы мәселе толықтай дәрежеде ашып көрсетіле қоймаған. Қазіргі таңда футболда жалпы төзімділікті тәрбиелеудің ең тиімді тәсілдерін анықтау мәселесі бойынша бірыңғай пікір болмай отыр. Бір мамандар спорттың циклдық түрлерінен алынған, жүгірумен даярлау тәсілдерін кеңінен пайдалануды ұсынады, өзгелері жекпе-жекке және ойынға жақынырақ тұрған жаттығуларға басымдық береді. Жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеудің қазіргі қолданылып жүрген әдістерін ұтымды таңдап алу және үйлестіру мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

Спорттық жетістіктердің деңгейі жаттығу жұмысының көлемімен тығыз байланысты болғандықтан, аталған мәселені зерттеу шеберлікті арттыру әдістемесін жетілдіру үшін маңызды болып отыр . Футболдағы жаттығудағы күш салу көлемі өз кезегінде жалпы төзімділікке тікелей тәуелділікте тұр. Оқыту, үйретудің бастапқы кезеңінде жас футболшылардың аэробтық мүмкіндіктерін дамыта отырып, бір мезгілде денсаулықты нығайту (жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерін дамыту есебінен) және арнайы төзімділікті тәрбиелеу үшін негіз жасау міндеттері шешіледі. Сондықтан жас футболшыларда жалпы төзімділікті арттыру мен оны тәрбиелеу әдістемесін жетілдіру мәселесін шешу спорттық шеберлікті арттырудың маңызды педагогикалық резерві болып көрінеді.

Зерттеудің мақсаты . Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы жалпы төзімділікті тәрбиелеу мақсатында 12-13 жасар жас футболшыларда алғаш рет ұзаққа созылған (6 ай) кешенді педагогикалық эксперимент жүзеге асырылғандығында болып отыр. Жалпы төзімділікті арттыру мүмкіндіктерін және оның артуының жас футболшылардың техникалық даярлығына және дене қабілеттерінің дамуына әсерін зерттеу жұмыстары жүргізілген.

Қорғауға шығарылып отырған ережелер:

1) Аэробты-анаэробты сипаттағы қарқынды жүгіру жаттығуларын 12-13 жасар жас футболшыларда төзімділікті тиімді тәрбиелеу үшін пайдаланудың мақсатқа лайықтылығын, көкейге қонымдылығын эксперимент түрінде негіздеу;

2) 12-13 жасар жас футболшылардың организмінің төзімділігі мен жұмысқа қабілеттілігінің әртүрлі көрсеткіштері арасындағы байланыстарды экспериментті зерттеуге педагогикалық талдау жасау.


1 ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТӨЗІМДІЛІГІН ТӘРБИЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Футбол ойынының сипаттамасы

Футбол адамның жан-жақты дамуына ең көп дәрежеде ықпал ететін және сонымен қатар оның организміне ерекше жоғары талаптар қоятын спорт түрлеріне жатады. Физиологиялық сипаты бойынша футбол ойыны қуаттылығы үнемі (максималдыдан қалыптыға дейін) өзгеріп отыратын ациклді, көбінесе динамикалы жұмыс болып табылады. Ойын кезінде қарқындылығы мен ұзақтығы бойынша әртүрлі жаттығулар әртүрлі реттілікпен және қатынаспен, әртүрлі уақыт аралықтарымен кезектесіп отырады /58, 62/.

Футболшының қозғалыс белсенділігі өте алуан түрлі және күрделі болып келеді. Ойыншылар ойын барысында доппен 45-тен 110 ретке дейін кездесіп, оған 40 с-тан 200 с дейін иелік етеді. Бұл кезде ойынның 90 минутында футболшы мыналарды орындайды: оқыс алға ұмтылыстар - 48-ден 78-ге дейін (2, 03-2, 30 мин) ; жылдамдатулар - 40-тан 62 дейін (2, 25-2, 50 мин) ; жүгіріп өтулер - 224-тен 310 дейін (30, 05-32 мин) ; секірулер - 1-ден 15 дейін (0, 03 с) ; доп үшін тартыс - 210-нан 262 дейін (50, 1-53, 5 с) ; тұру - 7-ден 20 дейін (0, 53-1 мин) . Ойыншылар максималды жылдамдықпен өтетін ең жиі қашықтық 7-ден 15 м дейінгі үзіктер болып табылады /65/.

Соңғы жылдардағы футболдың даму тенденциясы ең мықты футболшылардағы жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейімен сипатталады, ол жүгіру жұмысының үлкен көлемін орындаудан көрінісін табады: 90 мин ішінде (жүгірудің әртүрлі жылдамдығымен) 5200 м-ден 7800 м дейінгі қашықтықты өтеді екен, оның 1330-2715 м субмаксималды және максималды жылдамдықпен /64/.

Қазіргі спортқа тән ерекшелік үлкен спорт аренасына балғын спортшылардың шығуы болып табылады. Қазіргі кезде спорттың көпшілік түрінде, оның ішінде футболда да, жаттығу сабақтары біліктілігі жоғары да, балғын спортшылармен де жыл бойы, күніне екі, үш реттен жүргізіледі. Жаттығудың ұзақтығы 3 және одан да көп сағат құрауы мүмкін. Осындай жаттығу сабақтарының, әдетте, мектептегі қарқынды ой жұмысының аясында жүргізілетіндігін атай кеткен жөн. Осының бәрі организмге айтарлықтай шамадан тыс күш түсіріп, денсаулыққа әсерін тигізіп, балғын спортшыларға үлкен спортқа барар жолды жауып тастауы ықтимал.

Ойын барысындағы жас футболшылардың орын ауыстырулары мыналардан құралады: әрқайсысының ұзақтығы 2-4 с болатын, максималды қарқындылықпен 16-20 қысқа, оқыс алға ұмтылыс, бұл жалпы алғанда ойын ішінде 0, 50-1, 1 мин құрайды; әрқайсысының ұзақтығы 3-6 с болатын, орташа қарқындылықпен 25-30 қысқа, оқыс алға ұмтылыс, бұл жалпы алғанда 2, 0-2, 30 мин құрайды; жалпы ұзақтығы 30-36 мин болатын баяу жүгіріс; жалпы ұзақтығы 32-35 мин болатын жүру және бір орында тұру. Ойын ішінде жұмыс картасы мыналарды орындайды: соққылар (аяқпен және баспен) - 28-36 рет, допты тоқтатулар - 8-12 рет, допты лақтыру (жартылай қорғаушылар) -4-6 рет, допты алып жүру - 4-5 рет, алдап өту - 5-6 рет, доп үшін тартыс - 8-10 рет, ойын ішінде доппен жалпы алғанда 1, 20-1, 40 мин өзара әрекеттеседі /119/. Футболшылардағы максималды немесе максималдының маңындағы қарқындылықпен жылдамдатулардың қосынды көлемі спринтер-жеңіл атлеттердің жаттығудағы күш салуларымен пара-пар болып келеді /6, 59, 74, 104, 108, 109/.

Ойын әрекетінің қарқындылығын зерттеулер ойынның 75-80% уақытында жарыста күш салудың аэробты өнімділік аймағында болатындығын көрсетті. Дәл осы жағдай жас футболшылардағы жалпы (аэробты) төзімділікті зерттеу нәтижелерінің өзектілігін анықтап отыр /55/.

Жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеу

Футболшылардың ойын әрекеттерін талдау футболшылардың қимылдарының жекелеген қозғалыстардың бағыты, жылдамдығы, амплитудасы жағынан да, олардың басқа қимылдармен өзара үйлесімінің ұзақтығы мен алмасуы тұрғысынан да алғанда алуан түрлі сипатқа ие болатындығын көрсетіп отыр. Күш салудың қарқындылығы максималдыдан бастап орташаға дейін өте кең шеңберде ауытқиды және ұзақтығы әртүрлі демалыс аралығымен кезектесіп отырады. Мұндай жұмыс футболшылардың организмінен жоғары төзімділікті талап етеді .

Футболшылардың төзімділігі ойыншының максималды жұмысқа қабілеттілікті көрсетіп, техникалық-тактикалық әрекеттердің тиімділігін сақтай отырып, оны белгілі бір ойын режимдерінде ұстап тұруға қабілеттілік ретінде анықталады /4, 12/. Көбірек жетілген төзімділік бүкіл ойынның ұйымдастырылуына ықпал етеді, командаға қарқынды арттыруға, ал жекелеген ойыншыларға дұрыс орынды таңдауды жеңілдетіп, осылайша қарсыласқа ойынның қарқынын және оның жалпы барысын мәжбүр етуге мүмкіндік береді. Онымен қоймай, шаршап-шалдығудың кешірек туындауы нашар координациядан және мүмкін болатын жарақаттанудан сақтайды /4, 40/. Сондықтан жас футболшылардың жаттығу процесінде төзімділікті дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Спорттық практикада жалпы төзімділікті және арнайы төзімділікті бөліп ажыратады. Жалпы төзімділік төзімділіктің көрініс табуының қалған барлық түр тармақтарын тәрбиелеу үшін негіз болып табылады.

Жалпы төзімділік, «бұлшық ет аппаратының көпшілік бөлігінің қызмет етуін қосатын, орташа қуаттылықтағы ұзақ жұмыстарға қатысты төзімділік» /43, 12 бет/.

Жалпы төзімділік жаттығуда күш салудың көп көлемін орындау, жас футболшылардың жұмысқа қабілеттілігін жылдам қалпына келтіру мүмкіндігіне себепші болады, сондай-ақ денсаулықты (жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерін қарқынды ету есебінен) нығайту міндетін шешеді, арнайы төзімділікті тәрбиелеу үшін негіз құрады /22, 38, /.

Бастапқы спорттық мамандану кезеңіндегі жалпы төзімділікті тәрбиелеу тәсілдері мен әдістері

Жас футболшыларды даярлау жүйесі кезең-кезеңмен құрылатын, күрделі көпжылдық процесс болып табылады:

  • бастапқы даярлық кезеңі (8-10 жас) ;
  • бастапқы спорттық мамандану кезеңі (11-15 жас), бұл кезең екі кезеңге бөлінеді - 11-12 жас және 13-16 жас;
  • спорттық жетілдіру кезеңі (16-18 жас) /91/.

Жас футболшыларды даярлаудың көрсетілген кезеңділігі В. П. Филин, Н. А. Фомин ұсынған мәліметтерге негізделеді /15, 10/.

Бастапқы спорттық мамандану кезеңінің негізгі міндеттері болып: дене жаттығуларының алуан түрлі кешендерінің көмегімен балалардың дене қасиеттерін жан-жақты дамыту, оларды техниканың негіздеріне үйрету, сонымен қатар спорттық сабақтарға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру табылады. Педагогикалық және дәрігерлік-физиологиялық зерттеулердің мәліметтері күш салуларды мұқият мөлшерлеу тәсілдері мен әдістерін ұтымды қолдану арқылы, аталған кезеңде төзімділікке бағытталған дене жаттығуларын қолданудың мақсатқа лайықтылығын растап берді /22, 6/.

Арнайы әдебиетті талдау футбол практикасында төзімділікті тәрбиелеудің келесі тәсілдері қолданылатындығын көрсетті:

  1. негізгі жаттығулар - футбол;
  2. қосымша жаттығулар - жалпы дамытатын және арнайы (жүгіру) .

Жекелеген авторлар ұзақ уақыт қозғалумен байланысты жаттығулар- ды - жылдам жүруді, жүгіруді (800-2000 м), кросстарды (3-5 км), шаңғы тебуді, суда жүзуді, велосипед тебуді қолдануды ұсынады /10, 11, 15/.

Сонымен бірге, өзге зерттеушілер баскетбол, шайбалы хоккей және т. б. секілді спорттың ойындық түрлерін кең қолдануды ұсынады /92/.

Жасөспірімдерде жалпы төзімділікті тәрбиелеудің негізгі әдістері болып жаттығудың бірқалыпты, айнымалы, ойындық және шеңберлік тәсілдері табылады /10, 22, /. Жаттығудың қандай да бір әдістерін қолдану туралы пікірлер әртүрлі.

Бастапқы спорттық мамандану кезеңінде жасөспірімдердің төзімділігін дамыту тәсілдері мен әдістерінің тиімділігін зерттеулердің бірқатары балалардың қарқындылығы 60%-дан 90%-ға дейінгі ұзақ уақытқа созылған бұлшық ет жұмысын орындауға деген қабілеттілігінің мұнда жалпы дамытатын жаттығулармен және ұзақ уақытқа созылатын жүгірумен қатар қайталама және ауыспалы жүгіру қолданылатын кешенді жатығудың көмегімен көбірек дәрежеде арта түсетіндігін көрсетіп отыр /110/. Басқа бір мамандар жалпы төзімділікті тәрбиелеудің бірқалыпты және айнымалы әдістеріне басымдық береді .

Жаттығудың бірқалыпты әдісінің бірқатар басымдылықтары бар: біріншіден, организмнің барлық жүйелерінің жұмысқа үйлесімді және біртіндеп енуі үшін қолайлы жағдайлар жасалады; екіншіден, шамадан тыс жаттығу мүмкіндігі төмендейді. Спортшының организмі аэробты режимде жұмыс істейді . Дәл сол уақытта жалпы төзімділікті тәрбиелеу үшін ойын әдісінің мүмкіндіктері, стандартты жаттығулар әдістерін қолданғанға қарағанда анағұрлым төменірек /2/. Зерттеушілердің бір бөлігі барлық әдістерді кешенді қолдану қажет деп есептейді /22, /.

Бастапқы спорттық шеберлік кезеңінің мақсаты - жалпы төзімділікке біршама басымдық бере отырып, жас футболшылардың барлық дене қасиеттерін кешенді дамыту. Бұл кезеңде болашақта табысты спорттық өсу үшін негіз құрылады. Арнайы дене қасиеттерін даярлау көлемінің үлес салмағы жыл өткен сайын арта түседі.

М. Я. Набатникова /8/ көпжылдық даярлықтың әртүрлі кезеңдерінде жалпы және арнайы дене қасиеттерін даярлаудың келесідей арақатынастарын ұсынады (1 кесте) .

1 кесте

Жылдық циклдегі жалпы және арнайы дене қасиеттерін даярлаудың арақатынастары (М. Я. Набатникова /8/)

Спорт түрлерінің топтары
Даярлық кезңдері
Даярлық тәсілдері, %-бен
ЖДҚД
АДҚД
Спорт түрлерінің топтары: Спорттың циклдік түрлері
Даярлық кезңдері:

Бастапқы спорттық мамандану

Тереңдетілген жаттығу

Даярлық тәсілдері, %-бен:

80-70

40-30

20-30

60-70

Спорт түрлерінің топтары: Спорттың жылдамдық-күш түрлері
Даярлық кезңдері:

Бастапқы спорттық мамандану

Тереңдетілген жаттығу

Даярлық тәсілдері, %-бен:

75-70

60-45

25-30

40-55

Спорт түрлерінің топтары: Спорттың ойын түрлері
Даярлық кезңдері:

Бастапқы спорттық мамандану

Тереңдетілген жаттығу

Даярлық тәсілдері, %-бен:

75-65

40-30

25-35

60-70

Спорт түрлерінің топтары: Спорттық жекпе-жектер
Даярлық кезңдері:

Бастапқы спорттық мамандану

Тереңдетілген жаттығу

Даярлық тәсілдері, %-бен:

75-60

45-40

25-40

55-60

Спорт түрлерінің топтары: Қимылдардың күрделі координациясы бар спорт түрлері
Даярлық кезңдері:

Бастапқы спорттық мамандану

Тереңдетілген жаттығу

Даярлық тәсілдері, %-бен:

40-30

30-20

60-70

70-80

Кестеден көрініп отырғанындай, спорттың барлық түрлерінде жалпы дене қасиеттерін даярлауға жылдық күш салудың жалпы көлемінің 30-60%-ын бөлу (тіптен тереңдетілген мамандану кезеңінде де) ұсынылады.

М. Я. Набатникова, Н. А. Фомин және т. б. жас спортшылардың даярлығының спорттық деңгейін арттыру үшін негіз ретінде жалпы төзімділіктің жоғары деңгейінің болуы қажет деп есептейді .

Жалпы төзімділікті тәрбиелеу жас футболшылардың дене қасиеттерін даярлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен бірге, дене қасиеттерін даярлау тактикалық және техникалық даярлықпен ажырамастай байланысқан. Даярлықтың осы жақтарының жаттығу процесіндегі оптималды ара қатынасы туралы мәселе өзекті болып қалуда.

Жас футболшылардың жаттығуындағы уақытты жалпы бөлу мәселесі жөніндегі ғылыми-әдістемелік әдебиетті талдау әртүрлі авторлардың пікірлерінің алшақтап жатқанын көрсетіп отыр. Бір авторлар дене қасиеттерін даярлауға басымдық беруде /3/.

Дәл сол кезде өзге зерттеушілер жас футболшыларды жаттықтыруда техникалық даярлыққа басымдылық беруді мақсатқа лайықты деп есептейді /23, 89/.

Көптеген зерттеушілер жас футболшыларды жаттықтыру барысында олардың дене қасиеттерінің және техникалық даярлығының оптималды үйлесімі қажет дегенге келісіп отыр. Алайда осы ара қатынасты сандық тұрғыдан көрсетуге қатысты бірыңғай пікір болмай отыр /3, 9/.

Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептеріне арналған 2002 жылғы бағдарламада 10-12 жасар спортшылар үшін жалпы және арнайы даярлыққа 155 сағат - 40% және техникалық-тактикалық даярлыққа -234 сағат - 60%; 12-13 жастағыларға - 132 сағат - 35% және 250 сағ. - 65%; 13-14 жастағыларға - 132 сағ. - 35% және 250 сағ - 65%.

Ал 2005 жылғы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі мен Олимпиада резервтерінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне арналған бағдарламада мынанша уақыт бөлінеді /13/:

ЖДҚД
АДҚД
Техника
Тактика
:

10-12 жас

12-13 жас

13-14 жас

ЖДҚД:

51-15

56-13

78-15

АДҚД:

39-11

53-12

72-14

Техника:

226-65

283-65

305-60

Тактика:

30-9

40-10

53-11

Бастапқы спорттық мамандану кезеңінде жалпы төзімділікті тәрбиелеу тәсілдері мен әдістері жөніндегі әдеби мәліметтерді талдау авторлардың көпшілігінде аталған мәселе бойынша бірыңғай пікір жоқ екендігін, 12-13 жасар жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеу бойынша нақтылы ұсыныстар жоқ екендігін көрсетті.

Жас футболшылардың жалпы төзімділігінің дамуына бақылау жасау

Жас спортшыларды көпжылдық даярлауда жалпы төзімділіктің даму деңгейіне бақылау жасау мәселелері зор маңызға ие бола бастады. Спорттық жаттығуды табысты жүзеге асыру көбіне көп шұғылданушылардың даярлығына дұрыс бақылау жасауға байланысты болып келеді. Төзімділікті бағалау үшін тесттердің екі тобы қолданылады: спецификалы емес (тредбанда немесе стадионда жүгіру, велоэргометрде жүгіру және т. б. ) және спецификалы (ойындық техникалық-тактикалық жаттығулар) .

Футболшылардың төзімділігіне жүйелі бақылау жасауды 12-13 жастан, яғни бастапқы спорттық мамандану кезеңінде бастау қажет. Осы кезеңде осыларды жүзеге асыру дәрежесі ойын тапсырмаларын орындаған кезде көрініс табатын, жас футболшылардың потенциалды мүмкіндіктерін көрсететін спецификалы емес тесттерді қолдану мақсатқа лайықты болып көрінеді /9, 107, 125/.

Мектеп оқушыларының төзімділігінің даму деңгейін бағалау үшін Дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институтының жасөспірімдер спортының теориясы мен әдістемесі секторы жасап шығарған тесттерді қолдану ұсынылған - 13 жаста 300 м жүгіріп өту, 14-16 жаста - 600 м, 17-18 жаста - 800 м жүгіріп өту .

Американ мектептерінде ұл балалардағы төзімділіктің өлшемі 600 ярдқа жүгіру болып табылады /4/. Жоғарыда аталған тесттерге сүйене отырып, бірқатар авторлар 5-7 сыныптарда 300 м, вл 8-ші сыныпта - 800 м жүгіруді қолдануды ұсынады. Сонымен қатар төзімділіктің жастық динамикасын анықтау үшін 6 м/с болатын тұрақты жылдамдықпен көшбасшының артынан бірқалыпты жүгіру әдісін қолдану ұсынылады. Біздің ойымызша, кіші жастағы ұл балалар азырақ максималды жылдамдық кезінде ересек мектеп оқушыларына қарағанда оның фонында салыстырмалы түрде көбірек қарқынды жұмысты орындайтын болғандықтан, аталмыш әдісті қолдана отырып, төзімділіктің динамикасын қадағалап отыру мүмкін емес секілді. Осылайша, сыналушылар да бірдей емес жағдайларға қойылатын болады /27 /.

Шұғылданушылардың төзімділік деңгейін анықтау үшін 5 минуттық бақылау жүгірісі қолданылады. 5 мин ішінде 1300 м жүгіріп өткен 10-11 жасар балалар өз құрбыларынан жақсырақ төзімділікпен ерекшеленеді деп есептеледі. 5 минуттық жүгіру жас желаяқтарды іріктеген кезде тест ретінде ғана ұсынылады .

Әртүрлі жастағы төзімділіктер деңгейлерін салыстыру үшін қысқа қашықтықта көрсетілген көп мәрте нәтижені ұзынырақ қашықтықта көрсетілген нәтижемен салыстыру ұсынылды. Бұл ретте, уақыттағы айырма неғұрлым азырақ болса, төзімділік көрсеткіші соғұрлым жоғарырақ /7/.

Дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 2009 жылы шығарған «Жас спортшыларда төзімділіктің даму деңгейін бағалау әдістері» атты әдістемелік хат сыналушылардың жалпы төзімділігінің деңгейін максималдыдан 60% құрайтын, белгіленген тұрақты жылдамдықпен жүгірген кезде олар өте алатын метрлер санына байланысты бағалауды ұсынады. Сыналушының жалпы төзімділігінің деңгейін бағалау келтіріледі:

«Жоғарғы деңгей» - 2000 м және одан көп;

«Орташа деңгей» - 800 м 2000 м дейін;

«Төмен деңгей» - 800 м аз.

Жас футболшыларды даярлау топтарына арналған бағдарламада 13-16 жастағы төзімділікті бағалау үшін 500 м кроссты қолдану ұсынылады. Одан төменірек жастағы жас футболшылар үшін нормативтердің жоқ екендігін атап өтуіміз керек /11/.

Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне арналған футбол бойынша бағдарламаның авторлары 12-13 жасар ұл балалар үшін 6 минуттық жүгруді және одан ересектеу жастағы жас футболшылар үшін 12 минуттық жүгіруді қосатын, дене қасиеттерін даярлау бойынша нормативтерді келтіреді /14/.

Бірқатар жұмыстарда футболшылардың төзімділігін анықтауға кешенді бағалаумен қарайды, бұл бағалау организмнің аэробты-анаэробты мүмкіндіктерін, жылдамдық-күш қасиеттері мен арнайы ептілік көрсеткіштерін қосады /3/.

Әдеби мәліметтерді шолу спорттық практикада жас тұрғысынан алғанда футболдағы төзімділіктің адекватты көрсеткіші болатын тесттің жоқ екендігін көрсетті. Осыған байланысты жасөспірімдер футболының практикасына жалпы төзімділікті бағалайтын және тестілеу теориясының талаптарына жауап беретін тесттерді іріктеп алу және енгізу қажеттігі туындады.

1. 2 Жалпы төзімділікті тәрбиелеудің жас ерекшеліктері

12-13 жасар ұл балалардың жас ерекшеліктері және спортпен шұғылданудың олардың дене қасиеттерінің дамуына әсері

Оқу-жаттығу процесін дұрыс жоспарлау және жүзеге асыру үшін балалар организмінің қалыптасуының жас ерекшеліктерін, жоғарғы жүйке қызметінің, вегетативті және бұлшық ет жүйелерінің заңдылықтары мен даму кезеңдерін, сонымен қатар олардың әрекеттестігін ескеру қажет. Организмнің аса негізгі жүйелерінің жастық дамуының заңдылықтарын ескере отырып, жас футболшыларды үйретудің және жаттықтырудың ұтымды, ең тиімді әдістемесін саналы түрде қолданудың нәтижесінде ғана жоғары дәрежелі футболшыларды даярлау міндетін толықтай шешуге болады /1, 2, 4/.

Әрбір жас кезеңінің организмнің жекелеген жүйелерінің құрылысы мен функцияларында өзіндік ерекшеліктері болады, олар дене шынықтырумен және спортпен айналысуға байланысты өзгеріп отырады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің көпжылдық процесі адам дамуының жас ерекшеліктерін мұқият есепке алған жағдайда табысты жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан қазіргі таңда, бұрынғыдай болып көрмегеніндей, сабақтарды дұрыс, ғылыми негізде жоспарлау және негіздеу, ұйымдастыру үшін жас спортшылардың организмдерінің ерекшеліктерін ескеру қажет /8, 13, /.

11-14 жас жас кезеңінің бірқатар физиологиялық, морфологиялық, психикалық алғышарттары бар /22, /.

Аталған алғышарттар осы жас кезеңінде потенциалдық мүмкіндіктерді ең көп жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатындығынан тұрады. Онымен қоймай, көптеген зерттеушілердің есептеуінше, осы мүмкіндіктерді пайдаланбау барлық потенциялардың жүзеге асырылмай қалуына алып келеді /22, /.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Футбол
Дене жүктемесі, оның футболдағы реттелуі және бақылануы
Дене жаттығуы кезіндегі жүктеме
Футбол добының параметрлері
Қан айналым жүйесі
7-11 жас аралығындағы жас футболшылардың техникалық-тактикалық дайындық әдістемесін оңтайландыру
Жас футболшылардың тактикалық дайындығының ерекшеліктері
Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
Тыныс алу мүшесі
Қанның өкпе альвеолаларында ауамен қанығу процессі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz